Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Өзбекстан қазақтары

Басты бет | Өзбекстан қазақтары | Өзбекстандағы қазақ қария: арманым қазақ болып өлу

      

      Тағдырдың сан талқысымен, ғасырлар шаңдағында адасып, ғаламға шашылған қазақы қанды бауырларымыз бүгіндері 42 елде тұрады екен. Солардың бір парасы һәм көп бөлімі Өзбек елінде ғұмыр кешуде.

       «Алаш жолымен» деп аталған ғылыми-танымдық эеспедициясының тобында Ташкентке жасаған сапарымызда біраз жайларға қанығып, көптеген қандастармен кездесіп, сұхбаттасудың орайы түсті.

      86 жастағы қария – Еркінқұл Мәуленқұлұлы басындағы қилы тағдырлар жайлы қысқаша әңгімелеп берді. Әсіресе, өзінің және өзі сияқты неше жүз мыңдаған қандастардың құжаттарында ұлты деген анықтамаға «өзбек» деп жазылып кеткенін, енді оны қайда барса да өзгерте алмай жүргенін айтып, налыды.

«Бабаларымыз Қарқаралы өңірінен келген дейді. Өз әулетімізді таратсақ, Көшкінбай, Көшкінбайдың баласы Ахметқұл, Ахметқұлдың баласы Мәуленқұл, Мәуленқұлдың баласы мен Еркінқұл болып келеді. Ташкент іргесіндегі Қашқар махалласында туып-өскенмін. Өзбек мектебін оқып, кейін орысша жалғастырдық.

      Ташкент университетін топограпия мамандығы бойынша бітіріп, сонда жұмыс ічтеп, пенсияға шыққамын. Қызым дохтыр, ұлым менеджер, ол ПОЛИТЕХ-ты қызыл дипломмен бітірген.

       Ташкентте 1960 жылдары бізге жер берді. Сол кезде там соғып, сонда өмір сүрдік. Оны кейіннен 90-шы жылдары қабат үйге ауыстырып алдық. Қазір кемпірім екеуіміз пенсияда, ол 82 жаста, бірқалыпты өмір сүріп жатырмыз.

Мұнда бізге ең ауыр тиіп жүргені – барлық құжаттарымызда ұлты «өзбек» деп жазылған. Әкелеріміз жақсы білетін еді, біз ол кезде жас баламыз, білмейміз, бәрімізді «өзбек» деп жазған. 1922-24 жылдары Ташкенге таласқанда солай болған дейді. Мұнда тұратын бәлен мың қазақтың ұлты солай ауысып кеткен. Бәлкім, бұл да сол болшевизмнің секреті болса керек.

     Қазеқ Елінде туыстарым, жиендерім бар. Шардарада әкемнің інісінің баласы тұрады. Оларға да сәлемдесіп, барып-келіп тұрамыз.

Қысқасы, менің қазіргі бар арманым – арғы дүниеге қазақ болып бару», дейді ақсақал.

  https://baq.kz/kk/news/zhahan_kazaktari/ozbekstandagi_kazak_kariya_armanim_kazak_bolip_olu20170525_115300

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті