Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Өзбекстан қазақтары

Басты бет | Өзбекстан қазақтары | Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығына - 25 жыл

 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы  Төрағасының бірінші орынбасары      Талғат Мамашевтың Өзбекстандағы республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы Серік Үсеновке жолдаған құттықтауы

 

       Құрметті Серік Назарұлы!

 

     Жанарларды жаулаған, көңілдерді арбаған Шығыстың шырайлы қаласында өтіп жатқан Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының 25 жылдығына арналған мерекелік жиын талай жүректерге жылылық сыйлайтыны кәміл шындық. Алып бәйтеректің қатар өскен қос бұтағындай қазақ пен өзбек ұлттарының ортақ тарихына сан мәрте куә болған Ташкенттегі мерекелік көңіл-күйді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығындағылар жақсы сезінеді әрі қуана қолдайды. Туыстас екі ел руханиятының жақындаса түсуіне, достығының нығаюына жол ашатын жиынға байланысты Сіздердің бойларыңыздағы қуанышты сезімді атажұрттағы барлық қандастарыңыз да шынайы ағайындық көңілмен бөліседі, деп білеміз. Өзбекстандағы қазақ диаспорасы өздерінің шығыс халықтарына тән менталитеті, еңбекқорлығы, ізденгіштігі арқасында ұлтымыздың өнер-білімінің, мәдениетінің гүлденуіне, ұлттық салт-санамыздың, дәстүрлеріміздің жан-жақты баюына қызмет етуде. Бұл іске құрылғанына 25 жыл толып отырған Өзбекстан қазақ мәдени орталығының қосқан үлесі өлшеусіз. ҚР Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғанындай, ұлттық кодымызды сақтау жеке адамдардың рухани биіктеуіне бастайтын жол десек, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы бұл бағытта шынайы істерімен көрініп келе жатқандығы біз үшін қуанышты жайт. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға қоныс аударушы диаспора өкілдерінің негізгі бөлігін Өзбекстан қазақтары құрағаны көп нәрсені аңғартады. Бұл екі ел бауырластығының, дәстүр-салт пен тіл жақындығының белгісі. Бұл достық, бауырластық екі ел басшыларының 1998 жылы Ташкентте қол қойылған Мәңгілік достық туралы, 2013 жылы Астанада қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы келісім-шарттары негізінде берік беки түсті. Үстіміздегі жылдың 22-23 наурыз күндері Өзбекстан Президенті Ш.М.Мирзияевтің  Астанаға ресми сапары кезінде біздің мемлекеттеріміздің аймақтық, халықаралық маңызы бар мәселелерде ортақ ұстанымға келуі екі ел арасын тіптен жақындатты. Қазір Ташкентке, Самарқанға төте қатынайтын күре жолдар қайта ашылып, Ұлы Жібек жолы бойындағы екі ел арасындағы сауда-саттық, кәсіпкерлік ынтымақ, мәдени қарым-қатынас жаңаша қарқынмен дами бастады. Осыған байланысты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен оның ең іргелі бөлімшелерінің бірі саналатын Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы атқарар істер ауқымы да барынша кеңейді. Бұл міндеттерді шешу, жүзеге асыру жолындағы Сіздердің жақсы істеріңіз алдағы күндері де жалғасын таба береді деп сенеміз.

      Сіздерді Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы құрылуының 25 жылдығымен құттықтаймын! Сіздердің сан-салалы, игілікті істеріңіздің табысты, дендеріңіздің сау, отбастарыңыздың аман болуына, қасиетті қара жер бетіндегі сапарларыңыздың ұзақ та мағыналы түрде жалғасуына тілектеспін!

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті