Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Өзбекстан қазақтары

Басты бет | Өзбекстан қазақтары | Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері жаңа оқу жылында 1300 Өзбекстан қазағымен толықпақ

    Қазақстан жоғары оқу орындарының Өзбекстанда танымалдығы арта бастады. Оған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ы ұйтқы болуымен «Қазақстанның білім беру күндері» деген атпен 22-23 мамыр күндері Ташкент қаласында ұйымдастырылған шара өз ықпалын тигізуде.

       «Өзбекстанда тұңғыш рет өтіп отырған бұл шараға Астана,  Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Шымкент қалаларынан 37 жоғары оқу орны қатысты. Көрме жұмысының нәтижесінде Өзбекстан қазақтарының 1300-дей өкілі жаңа оқу жылында қазақстандық жоғары оқу орындарының студенті атануға қызығушылық білдірді. Олардың арасында Қазақстан мен Орталық Азия ғана емес, күллі ТМД аумағында теңдесі жоқ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті де бар. Бұл жоғары оқу орнын 27 колледж бітірушісі таңдады»,  – дейді Өзбекстандағы республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының Білім және ғылым бөлімі төрағасының орынбасары Клара Садырбаева. Оның айтуынша, қазақстандық жоғары оқу орындарын таңдаған Өзбекстан қазақтарының саны осымен шектелмейді. Алдағы уақытта олардың қатарын Қазақстандағы дайындық бөлімінде оқып жатқандардан бөлек, өз бетімен келіп құжат тапсырушылардың қатарымен әлі де толыға түсуі мүмкін.

       Өзбекстанның Новаи облысы қазақтарының ұлттық-мәдени орталығына көп жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан К. Садырбаеваның сөзіне қарағанда, мұндай білім көрмесін маусымның 10-ы күні Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Новаи облысында өткізді. Ресми стастистика бойынша бұл аймақта 57 мың қазақ тұрады. Олар үшін мұнда 71 қазақ мектебі жұмыс жасайды.  

     Жалпы қазіргі таңда Өзбекстанда тұратын қазақ диаспорасының саны ресми статистика  бойынша 1,5 миллион, ал бейресми деректер бойынша 2 миллионнан асып жығылады. Онда олардың  371  қазақ мектебі бар. Дегенмен бұл білім мекемелері толық орта білім бермейді.

       «Оқушылар өз білімін жалғастыру кезінде түрлі кедергілерге тап болуда. Мәселен олар әлі күнге дейін Қазақстанда  жалпы білім беретін мекемелерге де,  жоғары оқу орнына да бірден түсе алмайды. Бұл үшін алдымен колледж бітіру керек, ал оларда көп жағдайда ана тілінде білім алу мүмкіндігі шектеулі. Новаи облысы сияқты кейбір аймақтарда бірде-бір қазақ колледждері жоқ. Бұл мәселеден Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі де, Өзбекстандағы Қазақстан Елшісі де хабардар»,  – дегенді  айтуда Өзбекстанның Новаи облысы қазақтарының ұлттық-мәдени орталығына көп жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан Клара Садырбаева.

         Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті