Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Өзбекстан қазақтары

Басты бет | Өзбекстан қазақтары | Студенттер қатары Өзбекстан қазақтарымен толығады

      Бүгінде қазақстандық жоғары оқу орындарының Өзбекстан еліндегі таны­м­ал­дылығы арта бастады деуге болады. Бұған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйытқы болуымен 22-23 мамыр күндері Ташкент қа­ла­сында ұйымдастырылған Қазақ­стан­ның білім беру күндері шарасы ықпалын тигізуде.
       «Өзбекстанда тұңғыш рет өтіп отыр­ған бұл шара­ға Астана,  Алматы, Ақтау, Ақ­төбе, Қарағанды, Қызыл­ор­да, Пав­ло­дар, Семей, Тараз, Түркістан, Шым­ке­­нт қа­ла­ларынан 37 жоғары оқу орны қа­тыс­ты. Көрме жұмы­сы­ның нәти­же­сінде Өзбекстан қазақ­та­рының 1300-ге тарта өкі­лі жаңа оқу жылында қазақ­стандық жо­ғары оқу орындарының студенті атануға қы­з­ығушылық білдірді. Олардың арасында Қазақстан мен Орталық Азия ғана емес, күллі ТМД ау­­мағында тең­десі жоқ Қа­зақ мемлекеттік қыз­дар педа­го­гикалық уни­вер­­­­ситеті де бар. Бұл ж­о­ғары оқу орнын 27 колледж біті­ру­шісі таңдады», дейді Өз­бекстандағы рес­пуб­ли­калық қазақ ұлт­тық мә­дени орталығының білім және ғылым бөлімі төра­ға­сының орынбасары Клара Садырбаева. 
    К.Садырбаеваның айтуынша, қазақ­стан­дық жоғары оқу орындарын таңдаған Өз­бекстан қазақтарының саны мұнымен шек­тел­мейді. Алдағы уақытта олардың қатары Қа­зақ­стан­дағы дай­ын­дық бөлімінде оқып жат­­­қандар жастардан бөлек, өз бе­тімен келіп құжат тапсырушылар есебінен де толыға түсуі мүмкін.
     Өзбекстанның Науаи облысы қа­зақтарының ұлттық-мәде­ни орта­лы­ғына көп жылдан бері же­тек­шілік етіп келе жатқан К.Садыр­ба­е­ва­ның сөзіне қарағанда, мұндай білім көр­месін таяуда Тараз мем­лекеттік педагогикалық уни­­вер­ситеті Науаи облы­сын­­да өткізуді жос­парлап отыр. Ресми статистика бойынша бұл аймақта 57 мың қазақ тұрады. Аталған аймақта 71 қазақ мектебі жұмыс істейді. 
      «Оқушылар өз білімін жалғастыру кезінде түрлі кедергілерге тап болуда. Мә­­­се­лен, олар әлі күнге дей­ін Қазақ­стан­да  жалпы білім бе­ретін ме­кемелерге де,  жо­ғары оқу орнына да бірден түсе алмайды. Бұл үшін алдымен колледж бітіруі керек. Ал көрші елде көп жағдайда ана тілінде білім алу мүмкіндігі шектеулі. Науаи облысы сияқты кейбір аймақтарда бір­де-бір қазақ колледжі жоқ. Бұл мә­се­ле­ден Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі де, Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі де хабардар», дейді Клара Садырбаева.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті