Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Ресей қазақтары

Ресей қазақтары

      Жақында Астанада дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті. Оған әлемнің 39 елінен келген 350 қазақ диаспорасы қатысты. Маңызды жиынға Елбасының өзі қатысып, шетелдегі қандастарымыздың мәселесін шешу үшін мемлекеттік органдарға арнайы тапсырма берді. Құрылтай барысында Baq.kz тілшісі Ресейдегі қандастарымызды қандай мәселелер толғандыратынын зерттеп көрді.

       «Мен Орынбор облысында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Мәскеу қаласында тұрамын. Онда 10 мың қазақ тұрады. Мұндағы ең өзекті мәселе – қандастарымыздың өз тілін ұмытуы. Мысалы, бізде қазақ тілін үйрететін сауатты мұғалімдер мен сабақ өткізетін тиісті орын жоқ. Қазақ тілінде басылымдар жетіспейді. Бір өкініштісі Мәскеуде өсіп келе жатқан қазіргі ұрпақ қазақ тілін мүлдем білмейді. Сондай-ақ, олардың қазақ мәдениетінен хабары жоқ. Бірақ шамамыз келгенше осы мәселені өз күшімізбен шешудеміз», - дейді Мәскеудегі «Мұрагер» қазақ мәдени бірлестегінің өкілі Гүлжанат Халмұхамедова.

      Ал Омбы қаласынан келген Торғын Ашенова Ресейдегі қазақтілді БАҚ-тың халі мүшкіл екенін айтты.

«Мен 4 жылдан бері «Омбы қазақтары» деген жастар ұйымын басқарамын. Омбы қаласында 100 мыңдай қазақ тұрады. Біз 2014 жылдан бері «Омбы қазақтары» деген газет шығарамыз. Алғашында бізде 3 газет болды. Қазіргі таңда бір-ақ басылымды шығарып отырмыз. Оның өзінде біршама қиындық бар. Мысалы, газеттің бас редакторы мен журналистер тегін жұмыс істейді. Газетіміз алғаш шыққан кезде қала билігі бізге арнайы грант беріп, 100 мың рубль бөлді. Бірақ ол газеттің 5 нөмірін шығаруға ғана жетті. Соған қарамастан газетті шығарып келеміз», - деді ол.

      Торғын Ашенованың айтуынша, аталмыш газетті шығару үшін жергілікті қазақтар өз табысының бір бөлігін осы басылымға жұмсайды екен.

«Газетті шығару үшін өзіміздің тапқан ақшамыздың бір бөлігін басылымға бөлеміз. Сондай-ақ, газетімізге жазылған біршама оқырманымыз бар. Олардан да азда болса қаржы түседі. Бірақ біз газеттің форматын кішірейттік. Бұрын газеттің тиражы 2000-3000 болса, қазір ол 300-ге дейін азайды», - деді ол.

     Осы мәселеге байланысты Ресейде тұрып жатқан қандасымыз Қазақстандағы әріптестерінен көмек сұрайды.

«Біздің облыс Қазақстанмен шектеседі ғой. Сондықтан көптеген келісімге қол қойылған. Нәтижесінде бізде Омбы мемлекеттік университетінің жанынан қазақ тілін оқытатын арнайы орталық ашылды. Оны Қазақстан қаржыландырады. Бірақ БАҚ-қа тиісті қолдау көрсетілмейді. Себебі, ол өте қымбат. Біз ақша сұрамаймыз. Тек бізге қазақтілді журналистер көмек көрсетсе екен», - дейді Торғын Ашенова.

толығырақ

        «Егемен Қазақстан» газетінде Сенат депутаты Қуаныш Айтахановтың Үкі­мет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа де­­­путаттық сауал негізінде дай­ын­дал­ған «Шүй қазағының» тілі немесе атажұртқа айтар наз» мақаласы жа­рияланған болатын. Депутаттық сау­ал­­ға орай Премьер-Министрден жауап келген еді. Онда былай делінеді:
       «Сіздің «Егемен Қазақстан» газетінде шық­қан «Шүй қазағының» тілі немесе атажұртқа ай­тар наз» мақаласына қатысты депутаттық сау­алыңызды қарап, мынаны хабарлаймын.
    Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдеріне мә­де­н­и және рухани қолдау көрсету жұмыстарын жүр­­гізуде.
     Атап айтсақ, жыл сайын әлемнің жиыр­ма­дан астам елінде тұратын шетелдік қан­дас­тарымыздың, оралмандардың, қазақ зиялы қау­ым өкілдерінің және шәкірттер қауымының қа­­тысуымен халықаралық өнер фестивалі өт­кізіледі. Фестиваль аясында көрмелер мен ақындар айтысы ұйымдастырылады. Со­ны­мен қатар, Дүниежүзі қазақтарының қау­ым­дастығы арқылы жіберілетін «Туған тіл» аль­манағы басып шығарылады. Бұған қоса, шет­елдегі қазақ диаспорасының тұрмысы туралы әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізіліп тұрады.
     «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында жыл сайын қазақтардың «кіші» құрылтайы өтеді, оның мақсаты – Еуропа елдері мен Түркия, АҚШ, ҚХР және Моңғолия елдерінде тұратын қазақтармен байланысты нығайту, сонымен бірге, оларға ана тілін зерттеуге және мәдениетін сақтауға әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету. Құрылтай шеңберінде қазақ тілін меңгеруі бойынша дөңгелек үстелдер, ғылыми тә­жі­рибелік конференциялар және әртүрлі бай­қаулар өткізіледі. Үстіміздегі жылдың 22-25 маусымы күндері Астана қаласында Дү­ние­жү­зі қазақтарының V құрылтайын өткізу жос­пар­ланып отырғанын атап өткен жөн, онда қа­зақ диаспорасының маңызды мәселелері тал­қыланатын болады. 
     Ресей мектептерінің қазақстандық оқу­лық­тар мен оқу әдістемелік кешендерді қол­да­нуына қатысты осы білім ұйымдары жыл сай­ын Ресей Федерациясына Білім және ғы­лым, Сыртқы істер министрліктері арқылы жі­бе­рілетін барлық қажетті оқу - әдістемелік әде­би­етпен қамтамасыз етілгенін хабарлаймыз.
      Осыған орай, қазіргі уақытта Білім жә­не ғылым министрлігі, басқа мүдделі мем­ле­кет­тік органдармен бірлесе отырып, Ресей Фе­дерациясы Білім басқармасы тарапынан осы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің заңға сәйкестігін тану туралы жұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, қазақстандық оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың Ресей білім беру стандартына сәй­кес­­тігіне сараптама жасау (сағаттық жік­те­ме, материал мазмұны бойынша), оларды Ре­сей стандартына бейімдеу мүмкіндігі, әр­түр­лі ұйымдастырушылық рәсімдерді қар­жы­ландыру тәртібі, көздері мәселелері пы­сық­талуда.
     Сондай-ақ Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер министрліктері мен басқа да мүдделі мемлекеттік ор­ган­дар­ға аталған мәселе бойынша Ресей Фе­де­ра­циясындағы уәкілетті мемлекеттік орган­дармен келіссөздер жүргізу және тиісті екі­жақты халықаралық шарт немесе келісім жа­сау қажеттігі туралы мәселені пысықтау жө­нінде тапсырма берілді». 

 https://egemen.kz/article/qoldaudan-qaghys-qalmaydy 

толығырақ

       Қазақтар батыс өңіріндегі ежелден ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Ресейдің Астрахан облысында бұл күнде дәл емес есептерге қарағанда, 200 мыңнан астам қазақ тұрады. Керек десеңіз, Қазақстанмен іргелес, көрші жатқан Құмөзек, Володар, Красный Яр, Харабайлы, Икрян аудандарында бірыңғай қазақтар тұратын ауылдар да бар. Олар сонау XIX ғасырдың ортасы, XX ғасырдың басынан бергі ежелгі Жәнібек хан билеп, Асан Қайғы жөргегін жуған, Доспамбет пен Қазтуған төрге озып, жыр төккен, Бөкей сұлтан көш түйесін шөгеріп, хан атанған атажұртта балық аулап, төрт түлігін түлеткен, егін салып, елдің саяси-мәдени өмірі, басқару ісіне араласып, атақ емес, арды ойлаған, халқының қамын жеген арда азаматтар.
       Сондықтан да олар өздерін өзге елдегі диаспора санамайды, кіндік қандары тамып, тұсауын кескен туған жерде жүріп жатырмыз деп есептейді. Бірақ төбелеріндегі ту алтын күн астында қыран қалықтаған көк аспандай көгілдір емес, ағы, көгі, қызылы бар өзге байрақ. Дегенмен, сол бір қандастарымыздың бүгінгі таңдағы өмір сүру дағдысы негізінен жоғарыда айтқанымыздай дәстүрлі ауыл шаруашылығы саласы, сонымен қатар қазіргі заманғы құрылыс, мұнай мен газ, өндірістің басқа да бағыттары, әлеуметтік болмыс болып келеді. Қандастардың өзге жұртта ұлт ретінде басын қосатын бір-ақ ұйым бар. Ол өңірде 1990 жылы құрылған «Жолдастық» атты қазақтардың тіл және мәдениет қоғамы. Алғашқыда қоғам Никита Сейітұлы Ысқақов сынды ұлтжанды азаматтардың бастамасы, Басқұншақта қазақтар арасында өскен Астрахан облысының губернаторы, марқұм Анатолий Петрович Гужбинның қолдауымен қолға алынып, әр ауданда қоғамның филиалдары ашылды. Тіл, діл бағытындағы ұлттық құндылықтарды қайта жандандыру, өсіруде көп жұмыстар жүргізді.

      Ал, сол үрдіс бұл күнде қалай жалғасуда? Бұл сұраққа жауап алу үшін Астрахан өңіріне жол тарттық. Өкінішке орай, қоғам төрағасы, Нариман ауданы әкімшілік басшысы Нұрлан Маянұлы Қандықовты өңірде өтетін сайлау науқанына орай жұмыс орнынан таба алмай, оның орынбасары, өзімізге бұрыннан таныс Өмірзақ Қабылұлы Бекмұқановқа жолықтық, кеңінен әңгімелестік, түйгеніміз мынау:

       Алдымен, төрағаның орынбасары жайлы бірер сөз.

Өмірзақ Қабылұлының айтуы бойынша, аталары Астраханның Құмөзек ауданының Застенка ауылына 1913 жылы қазіргі Атырау облысының Забурын елді мекенінен көнкөріс дағдысына орай қоныс аударған. Негізгі кәсіптері балықшы. Әкесі Қабыл сол балықшылықтан жаңа өкімет тұсында сауат ашып, белсенділер қатарына қосылады, қызмет бабында ұжымшылар басқармасы төрағасына дейін көтеріледі.

      Осы арада тарихи әдебиеттерде кездесе бермейтін бір жай еске оралады. Жиырмасыншы жылдары жаңа қоғам талаптарына сай, одақтас республикалар шекараларын белгілеу кезінде ұлттық құрамда қазақтар саны көбірек Астрахан облысының шығыс бөлігін (Еділдің сол жақ беті) Қазақстанға беру туралы әңгіме қозғалады. Бірақ XVI ғасырдың тұсынан бері бауыр басып, жерсініп, мал-жаны мидай араласқан аймақтан қол үзгісі келмеген Ресей басшылығы бұл мәселеде тұрлі айла-шарғыға көшеді. Әуелі өңірдегі қазақтардың санын азайту ниетінде Бөкей ордасын Астрахан губерниясына бөліп, Оралға қосып жібереді. Содан соң қазақтар көп орналасқан ауылдарда (аудандарда) ұлттық мектептер ашып, оларға қажетті ұстаздар дайындау ниетінде педагогикалық училище де қызметін бастайды. Аудандық, өңірлік қазақша газеттер шығатын болды. Әр ауылда мәдени-көпшілік мекемелер ашылып, түрлі шаралар өткізілді. Басқару жүйесіне ұлттық кадрлар көбірек тартылды. Орталық комитеттен бұл істі бақылап, жүргізіп отыру Н.К.Крупскаяға тапсырылды. Ақыры 1928 жылғы облыс, аудандарды территориялық жағынан нақтылану кезінде Астраханның Қазақстанға беріледі деген аудандары қойболдымен міні құрамай сол күйінде Ресей қарамағына қала барды.

      Бірақ аталған облыстағы әлеуметтік сала жұмыстары – ұлттық мектептердің жұмыс істеуі, газеттер шығару, қазақ тіліндегі мәдени-көпшілік шаралар, өз іштеріндегі іс-қағаздары қазақ тілінде жүріп, 1961-1962 жылдарға дейін жалғасты. Өмірзақ Қабылұлы солардың соңы болып ауылындағы қазақ тіліндегі мектепті бітірді. Кейін сауда саласының маманы атанып, 40 жылға жуық еңбек етті. 2008 жылдан «Жолдастық» қоғамының Құмөзек аудандық филиалының төрағасы болса, 2015 жылдан бастап қазірде жаңаша аталатын «Жолдастық» қазақ мәдениетінің Астрахан өңірлік қоғамдық ұйымы Кеңіс төрағасының бірінші орынбасары.

       Біз Өмірзақ Қабылұлымен әңгімеде сонау елуінші жылдары ұжымшылар төрағасының жалғыз баласы екендігі, кеңес дәуірінде сауда қызметінде ұртынан уыз төгілген басшылық қызметте болғандығын ескеріп, алғашқы сұрағымызды «Өмірде қиындық көрдіңіз бе?» деуден бастадық Өмекең дұрыс жауап берді.

       Көрдім, — деді ол – бірақ тұрмыстан емес, отбасындағы жалғыздықтан. Әйтсе де, оған ата-анам кінәлі емес. Әкем Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан. Анам да егде жастағы адам болатын. Мен солардың есейген тұсындағы соңғы тұяқпын. Соған сай жанымда бірге ойнайтын сыңарым, ой бөлісетін іні-қарындастарым болмады. Әке-шешем жұмыста, мен күні бойы үйде. Мектептен тыс уақытта қора, малдың астын тазалау, отын-су қамы, ағаш жару. Ертеңгі сабаққа әзірлік, сонымен еркелікке де қолы тие бермейтін жалғыз ұл едім. Сол жалғыздығыма өкінемін.

         — Көп ұлтты, тілі, ділі, діні әрқалай ортада өстіңіз. Бірақ қазақы әдет-ғұрыпты жақсы сақтаған жан сияқтысыз. Бұл үлкендердің ықпалы ма, әлде өзге ұлттардың қысастығына қарсы әрекетіңіз бе?

       — Екеуі де бар. Біз Астрахандағы 30 ұлттың біріміз. Ең алдымен әке-шешеме алғысым көп. Қарияларға қарыздармын. Солар бізді құшағына қысып, уыстарынан шығармады, қазақы тәрбие берді. Өйткені, өзге ұлт өкілдерінің тек арасы емес, қыспағында қиындықпен өстік. Олар бізді көбіне өсіруге емес, өшіруге ынталы еді. Сәл нәрседен кемсітіп, кейін итеретін. Біз болсақ, керісінше, олардан қалмауға, алға ұмтылып, көрінуге тырыстық. Мен еңбек жолымды 18 жасымда сауда саласында тергеушіден бастадым. Саудада арыстандар мен қасқырлар бар. Осалдық танытсаң жеп қояды. Абырой болғанда, айналамда өмір тәжірибесі мол аға буын өкілдері көп еді. Олардың менің қалыптасуыма тигізген әсері мол болды. Отызыншы, қырқыншы жылдардың қиындықтарына қақталған ағалар мені адалдыққа, адамдарды қадірлеу, сыйлау, өзіңмен бірге өзгені тәрбиелей білуге үйретті.

        — «Жолдастыққа» қалай келдіңіз?

      — Мен отыз жеті жыл сауда саласында, он жыл туризмде жұмыс істедім. Бір қарағанда, бәрі де халыққа қызмет көрсету. Әкем менің құлағыма «Не істесең де еліңе, халыққа пайдам тисін деп істе. Адамдардан алған алғыс абыройға бөлейді» дегенді құйды. Уақыт өте келе анам «халыққа қызмет көрсетіп келе жатсың ғой. Жамбасың жерге тигенше сол халықтан айырылма. Көппен көрген ұлы той, бөлінгенді бөрі жейді» деуші еді.

      Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары облыста «Жолдастық» қоғамы ашылды. Оның негізгі мақсаты — өңірде туған тіліміздің өрісін кеңейту, ұмытылып бара жатырған салт-дәстүр, мәдениетімізді жаңғырту болғандықтан, оған өзімді белсене араласуым керек деп ойладым. Ол үшін маған ешкімнің соқыр тиын төлемейтінін, тіпті «Жолдастыққа» да бюджеттен қаражат қаралмайтынын жақсы білдім. Бірақ қол ұшын беруім керек және оған өзгелерді де тартқан дұрыс деп ойладым. Бәрінен бұрын қазағым деген халқым аман болсын.

      Әуелгі жұмысым «Жолдастық» коғамының аудандық филиалында кеңес мүшесі, тексеру комиссиясында болдым. Уақыт өте аудан басшылығы төраға адам болса да жауапкершілікті көбіне одан емес менен сұрап, соған сай көбірек жұмыстануыма тура келді. Сөйтсе де, бәрі де ортақ ақылдасу, келісіп істеудің нәтижесі ғой. 2008 жылдан филиал төрағасы, 2015 жылдың маусым айынан бастап облыстық қоғам төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келемін.

      Жоғарыда айтқанымдай, қай-қайсысы да қоғамдық негізде, бәрі де қандастарымыз үшін істеліп келе жатырған жұмыс қой деп санасып жатырған біз жоқ. Керек болса тәуліктің қай мезгілінде ойдан да, қырдан да табылуға тура келеді.

         — Сонда «Жолдастықтың» айта қаларлықтай не істер атқарылды?

    — Әңгімені өз ауданымнан бастайын. Алдымен Айданның әр қазағы, қажет болса, әр тұрғыны «Жолдастық» қоғамы әу баста қандай мақсатта құрылды, кімге қызмет етеді және олар қандай қызмет екенін білу керек. Ол үшін ауыл-ауылды аралап, адамдармен кездесіп, қазақ болсаң, ана тіліңді ұмытпа, мәдениетіңді, ежелгі салт-дәстүріңді сақта, арыңды таптатпа, намысты бол. Өзге елдің аспаны астында жүрсің, қандасыңа қайырымдылықты ұмытпа. Мүмкіндігің жетсе, жұмысқа орналастыр, үйрет, абыройын асыр. Қариясына сәлем бер, баласын бауырыңа тарт дегенді ұғындырдық. Сөйтіп, ауданның 11 ауылында «Жолдастықтың» бастауыш ұйымын құрдық. Ісіміздің алға басуына менің осы өңірде түрлі басшылық жұмыстарда және әр кезеңде аудандық кеңеске депутат (әлі де депутатпын) болғандығым көмекке келді. Қай ортада да сөзім өтіп, нәсілдестерімді қатарыма тарта білдім.

     Біздің бұл ісімізге қарсылықтар да болмай қалған жоқ. Кейбіреулер, тіпті орындығы мықты басшылықтағылардың өзі «қазақтар неге өздерінің қай елде өмір сүріп жатқандықтарын білмейді, үй ішінен үй тігіп отырғандары несі? Қаражатты қайдан алып отыр, бәріне бақылау орнату қажет» деген әңгімелер таратты. Біз оларға «саясатта ісіміз жоқ. Бөлінуден де аулақпыз. Бар-жоғы ұлттық құндылықтарымызды жойып алмау әрекеті. Өзге этностардың өнегелі дәстүрлерін үйренейік, өз өнегеміздің өзгелерге үйретейік, жастарымыз жайдақтанбасын, жасымыз жалғызсырамасын, бәріміз бірлесе жұмыс істейік» дегенді айттық.

      Іні-қарындастарымызды ортаға алдық. Үйленсе, келінге сырға салып, бетін аштық. Тәтті шайын ішіп, бесік тойын тойладық. Ұлын сүндетке отырғызып, қызын үкіледік. Үлкендерін төрге отырғызып, бата алдық. Ұлттық мерекелерді атап өтіп, айт шалдық. Наурыз тойын ауыл болып тойладық.

      Әр ауылда «Жолдастық» арнаулы орнын ашып, оған кез-келген қазақтың қалаған уақытында бас сұғып, сырласар ортаға айналуына күш салдық. Не болмаса қарапайым мысал, ауданның түрлі елді-мекенінде тұратын бір қандасымыз жұмыс бабымен аудан орталығына келді делік. Бірақ, түске дейін шаруасы бітпей, түсқайтаға қалды. Не істеуі керек? Сондайда ол «Жолдастық» орналасқан үйге бас сұғып, ондағы қызметкерлер дайындаған күрең шайын құшырлана ішіп, әңгіме-дүкен құрады. Қазақша газет-журналдармен танысып, кітаптар оқиды. Видео таспалардан ән-күй, «Отау ТВ» арқылы Қазақстанның қалаған облысының жаңалықтарын тыңдай алады. Сайп келгенде, бұндай дәстүр тек Құмөзекте ғана емес, Астрахан қаласындағы облыстық ұйымда да жүзеге асуда.

      Құмөзек ауданындағы кеңсемізде әдейі журналист отыр. Ол бастауыш ұйымда атқарылған жұмыстың барлығын қағазға түсіріп, қордың тарихын қалыптастырады, қажет болса БАҚ-на береді, арнаулы кітап дайындайды. Аудан тарихы, айтулы адамдар жайлы бірнеше жинақ шығарылды. Бір қарағанда, бұл Астрахан қазақтарының өлмес тарихы, келешекке қалар қайырлы мұрасы.

      Филиал жанында арнаулы заңгер бар. Ол әлімсақтан заң-законға шорқақ қазақтардың арыз-шағымдары болса қарап, құқығын қорғайды.

       Қорғау дегеннен шығады, шет жерде жүрген қазаққа қай жағынан да қорғаны керек. Алдымен біз сол қазақтың намысын қорғауды міндет санаймыз. Ол үшін тыста жүрсек те, ұлттық салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді, өнерімізді өлтірмей, ұрпағымызға қалдырған дұрыс. Сондықтан, ағалар мен жас буын арасында байланыс артып, ортаға алғанды қалаймыз. Олар да ата-бабалары сынды әрдайым есігі ашық, төрі мейманына арналған қонақжай болса екен дейміз.

      Бір қарағанда, «Жолдастықтың» жұмысы тікелей халықпен, қазақтармен жұмыс. Бірақ біз қанша дегенмен Ресей мемлекетінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, іс-қимылдарымыздың бәрін қазақша, қазақи құндылықтар негізінде жүргіземіз деу қиын. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, 1960-1962 жылдардан бері мұнда жастарға білім беру тек орыс тілінде жүреді.

       Тоқсаныншы жылдардың басында облыстың 92 мектебінде қазақ тілін жүргізу қолға алынған. Ресей үкіметі өткен жылдан бастап ондай ұлттық тілдерді мектептерде шектеу тәртібін енгізді. Соған сай, қазір облыстың тек 27 мектебінде ғана қазақ тілі түрлі деңгейде жүргізіледі. Ал, балабақша, мәдениет ошақтарындағы жұмыстар тым әлсіз, баяу жүреді. Өйткені, бұрындары білім, мәдениет министрліктері (Ресейде облыстық басқармалар министрліктер деп аталады) жекелеген этностық шараларға әжептәуір қаражат бөлетін. Қазірде оның жолы тіптен тарылды.

         Өңірде жастарды жұмысқа орналастыру жайы қалай?

     Бұл мәселені ұлтқа бөліп қарау қиын. Бірақ ауыр екені айдан анық. Оның үстіне қазіргі кезеңде қай жерде де тәжірибесіз маманды жұмысқа алмайды. Дегенмен билікке араласып, біраз жасты орналастырып келеміз.

      Басқа жердегі сияқты Астрахан өңіріндегі жастар арасында теріс бағыттағы діни ағымға електеушілер бар. Осы жылдың басында ондайлардың саны 73 деп есептелетін. Әйтсе де, облыс бойынша дәстүрлі емес жат ағымдағы теріс әрекетке бақылау күшті. Елді мекендерде ондайлардың әрбір іс-әрекеті құқық қорғау органдары, күштік бақылау ұйымдарының ерекше назарында, Мектептерде әлгіндей әрекетке бейімі бар оқушы сыныптарға жіберілмейді.

       — Әңгімені біз тек Құмөзек ауданы емес, жалпы Астрахан өңіріне қарай аударып келеміз. Ендеше, «Жолдастық» қоғамының бүгінгі іс-қимылында айта қаларлықтай оң өзгеріс бар ма? Өйткені, сіз аудан үшін байырғы басшы болғанмен, облыста жаңа адамсыз ғой.

     — Өткен жылы қоғам басшылығы тұтастай жаңарды, оның дені жастар. Бұл жолы қоғам төрағасы болып жасы отыздан енді ғана асқан жігерлі жас Нұрлан Маянұлы Кандыков сайланды. Жастар жаңалыққа құштар және ұзын арқан, кең тұсауға жоқ қой. Бірақ өзгерістер бар, ол қуантады.

      Алдымен, Астрахан қазақтары үшін негізгі проблема тіл болса, мұнда биылдың өзінде тілге арналып:

  1. Қазақ тілі пәнінің оқу-тәрбие ісіне арналған семинары;
  2. Оқушылардың қазақ тілінен олимпиадасы;
  3. Мектеп оқушылары арасында Абай, Жамбыл оқулары;
  4. Концерт жүргізушілер мен асабалар тілі тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды.

      Өңірде қазақ тілінің дамуына айтарлықтай ықпалы бар құрал

    Алғашқы санының шыға бастағанына биыл 25 жыл толған «Ақ арна» газеті. Ол қазақ және орыс тілдерінде шығады. Әуелгіде тазақ қазақ тілінде шығатын газет қаражат қиындығына орай сапасы төмендеп, таралымы да азайған еді. Биыл газетте де басшылық өзгерді. Мүмкіндік жақсарды. Басылым айдарлары жаңартылып, материалдардың мазмұнына мән берілді. Қазір ол облыстың түкпіріндегі ауылдарға жеткізіліп, кез-келген қарияның қолында жүр. Таралымы 40 пайызға өсті. Есесіне, облыс қазақтары қазақстандық газет-журналдарды да ала алмайды. Каталог бізге жетпейді. Жасыратын несі бар, жергілікті қазақтар арасында ұлтсыздану белең алуда. Қариялар мен орта буын болмаса, мектеп жасындағы, балабақшадағы балалар қазақ тілін білмейді.

      Өткен жылы облыста бірінші рет өңірде тұратын қазақтардың «Жолдастой» деп аталатын мерекелік шарасы өтіп, онда еңбектің барлық саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізген озаттар, еңбек ардагерлері (қариялар), оқуда озат студенттер марапатталды. Аталған шараға алты мыңдай қандастарымыз қатысып, соңында ат жарыс, атан жарыс, спорттың басқа да түрлерінен, өнер саласы бойынша сайысқа түсті.

      «Жолдастой» биыл да, қыркүйек айының екінші онкүндігі басында мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі алдында аталған дәстүрді жалғастырды. Бұл жолы қазақтар мерекесі Икрян ауданындағы Жакеев ауылында өтті. Оған Ресейдің Қалмақ Республикасы, Сартау, Волгоград, Самара, қазақстанның Атырау, Орал, Ақтау қалаларының өкілдер, өнер ұжымдары қатысты. Болашақта дәстүрге айналып, қандастарымыздың көз қуанышына айналады деп отырған бұл мереке биыл да үлкен белсенділікпен жақсы өтті. Болашақта Астрахан қаласының өзінде шаһар қазақтарымен жұмысты жандандыру үшін «Жолдастықтың» үш жерде жаңа қосындарын ашқалы отырмыз. Оның өзі қандастарымыздың үлкен елді мекенде бейтарап қалмай, бір-бірімен қоян-қолтық араласып, бірігуі, патриоттық әрекеттерінің оянуына негіз қалайды деген ойдамыз.

     — «Жолдастықтың» облыстағы өзге этностық мәдени бірлестіктерімен байланысы қандай?

      — Облыста 17 этно мәдени бірлестік бар. Бәрімен ұдайы байланысамыз. Олар біздерде өтіп жатырған келелі шараларға қатысып, Наурыз тойларын бірлесіп те өткізіп жатамыз. Бәрі де біздің қонақжайлығымызға ерекше таң қалады. Сондай-ақ, біздің тарихи отанымыз – Қазақстанмен де тығыз байланыстамыз. Оларда өтіп жатырған шараларға да бой көрсетіп, өнер додаларында бәйге төрінен көрінген сәттеріміз бар. Атырауда өткен 1000 адамдық домбыра оркестрі құрамында Алтынжардағы Құрманғазы атындағы мәдени орталықтың оркестрі де өнер көрсетті. «Жолдастықтың» Құмөзектегі филиалы жанындағы «Ажар» дуэті Ақтөбе қаласында өткен өнер сайысында бірінші орынды иеленсе, жақында Қырымда өткен халықаралық іргелі сайыста тағы да шеберлік биігінен көрініп, алғашқы орынмен оралды.

       Астрахан – Ресей бойынша қазағы көп облыс. Соған сай өнерлі жастарымыз да жетерлік. Оған негіз де жоқ емес. Кешегі қазақтың төкпе күй өнерінің жарық жұлдыздары – Құрманғазы мен Дина, Ерғали Есжанов мен Сейтектердің біраз өмірі осы өңірде өтті, жамбастары жерге тиді. Шора Үмбетәлиев, Люция Төлешева, Амангелді Тәжібаевтар да осы топырақта туып-өсті. Саңлақтардың ізбасарлары өсіп келеді. Олардың бәрінің бірдей болашақта Қазақстанға қоныс аударуларына мүмкіндік жоқ. Бірақ тарихи отандарында өтіп жатырған өнер додаларына қатысқысы, нағыз шеберлерді өз көзімен көргісі, үйренгісі бар. Ол үшін Қазақстан тарапынан қң ниет, шақыру мүмкіндіктері болса екен дейді.

      — «Жолдастықтың» жоғары басшылық, үкіметтік ұйымдармен байланысы қандай?

    — Бұл сұрағыңызды мен екі жақты түсініп отырмын. Біріншісі, тарихи Отанымыздың билік органдарымен байланыс, екіншісі, жергілікті басшылықпен қарым-қатынас. Ешқашан қандай қоғамда да ешкімге тәуелсіз пенде, тәуелсіз ұйым жоқ. Мейлі ол материалдық, болмаса моральдық (саяси) жағынан болсын. әйтеуір басы байлаулы. Бұл санатқа біздің қоғам да жатады. Тарихи отанымызда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен ұдайы қарым-қатынастамыз. Олар қолдан келген көмегін аямайды. Жұмысымызға бағыт-бағдар береді. Ұйымдастырып жатырған келелі жиындарына шақырады, қатысамыз.

      Жергілікті биліктің қандайымен де тікелей байланыстамыз. Қажет болса, облыстың бірінші басшысы А.А.Жилкинге, одан кейінгі әкімшілік басшысы Қ.З.Шантеміров, білім және мәдениет министрліктерімен ұдайы бірлікте жұмыс жүргіземіз. Әрине, олардан бізге келер материалдық көмек аз. Бірақ аудандық, ауылдық, қажет болса қалалық, облыстық атқарушы органдарымен бірлеспей жұмыс жүрмейтіні белгілі. Былайша айтқанда, «тауларды аласартпай, даланы гүлденту» (О.Сүлейменов) біздің қашанғы абыройлы борышымыз. Немесе қазақтың қара баласы, мейлі ол қызғалдақты қырқада, биік шыңды тауларда, жасыл желек бауларда жүрсе де күмбір домбыраның үнін, боз жусанның иісін, сарыарқа даласындағы ақ сақалды бабалары алақанының жылуын ұмытпауы керек. Бүгінгі ұрпақ қазақ деп аталатын үлкен үй – ұлы шаңырақтың бір-бір уығы. Кереге кең, аспаны биік болсын! Біз сол үшін қызмет істеп жүрміз.

       Әңгімеңізге рахмет! Қазақ деп соққан жүрегіңізге тек қана адалдық тілейміз!

      Өтепберген Әлімгереев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Атырау филиалының басшысы

      https://baq.kz/kk/news/resei_kazaktari/astrahan_edil_zhailagan_kazaktar_zhusan_iisin_umitpaidi20170607_094700

толығырақ

       

   Ресейдің Омбы қаласындағы Көрме саябағында 17 маусым күні «Қымыз мерекесі» бірінші фольклорлы-этнографиялық фестивалі өтеді. Оны «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдениеті орталығы ұйымдастырып отыр.

         Жоба идеясы қала аумағында этномәдени кеңістік құру қажеттілігінен туындады. Оны жүзеге асыру атмосфера қалыптастыру арқылы  этно мәдени тарихи дәстүрлердің өміршеңдігіне және қазақ халқының тарихи мұрасы мен мәдени құндылықтарына қызығушылық пен құрметті қалыптастыруға; ұлтаралық қарым-қатынасты үйлестіру мен түрлі этникалық қоғамдастықтар өкілдері арасындағы сұхбатқа ықпал етеді.   

          «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдениеті орталығы Ресейдегі федеральдық қазақ ұлттық мәдени автономиясының Омбы облысындағы ең бір белсенді ұйымы болып табылады. Оған Алтынай Жүнісова жетекшілік жасайды. Омбы облысында 100 мыңға жуық қазақ диаспорасы бар. Олар аймақтың саяси, қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени тыныс-тіршілігінде өз орнын тапқан.   

    Ерлік Ержанұлы 

толығырақ

      Омбы қаласының тұрғыны Болат Смағұлов «Ареке» атты қазақи тақиялар желісін іске қосты. Жас кәсіпкер ұлттық нақыштағы бұйымдардың алғашқы легін нарыққа шығарып үлгерді.
      Идея авторлары авторлық бұйымдар жасалатын шеберханаға «Ареке» атты қазақи атау беріліпті.

«Біздің шағын кәсіпорын стартап негізінде ашылды. Дегенмен, бұл атқаратын жұмыстарымыздың бір парасы ғана деп білеміз. Ұлттық нақыштағы бұйымдарды жасауға ден қойғаныма ағам сеп болды. Ағам Омбыда қазақи дөңгелек үстел, тұмарлар, ұлттық ойыншықтар жасаумен айналысады. Қиялымыздан туған дүниелер омбылық қазақтардың арасында ғана емес, өңірімізге туристік сапармен келген азаматтар арасында да жоғары сұранысқа ие», - дейді Болат Смағұлов.

       25 жастағы кәсіпкердің негізгі мамандығы – су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану жөніндегі инженер. Техникалық мамандық иесі болса да, ауылы шығармашылықтан алыс емес. Бір сөзбен айтқанда, жүрегі «қазақ» деп соққан азамат.

«Ағам ұлттық бұйымдарды жасаумен айналыспас бұрын, қазақ халқының қолөнерін зерттеген. Сондықтан, ұлттық бұйымдарды жасауда салт-дәстүрлерімізді сақтауды ұмытпаймыз. Дәстүрлі бас киімдерімізді тігуді қолға алғым келді. Әсіресе, оны жастар арасында сәнді ғана емес, мәнін арттырғым келеді. Ұялмай, абыроймен киетіндей жағдай жасауды көздедік», - дейді кәсіпкер.

       Кәсіпкердің айтуынша, бастапқыда хобби болған іс бүгінде табыс көзіне айналған.

«Менің ата-анам шығармашылықтан кенде емес. Олардың қолөнер бұйымдарын бала кезімнен көріп өстім. Қазіргі уақытта шығармашыл жастардың басын қосып, «Ареке» желісін іске қостық. Ұлттық брендімізді Ресей және Қазақстанға танытқымыз келеді. Алдағы уақытта тақиямен шектелмей, естелік және интерьер заттарын шығармақпыз», - дейді Болат Смағұлов.

      Бүгінде шеберлер тақия, қоржын қалта, көрпе-жастық, сонымен қатар, тойбастарға қажет ұлттық бұйымдарды жасайды. Барлығы - он сайсағы мауысқан шеберлердің қолынан туған дүниелер.

 

       Еске сала кетейік, қазіргі таңда Омбы өңірінде 80 мыңнан астам қандасымыз бар.

    https://baq.kz/kk/news/kogam_aimak/ombi_kazagi_ulttik_takiyalar_shigara_bastadi_20170602_153800

толығырақ

20 жыл бойы бие сауып, қазақтың салт-дәстүрін сақтап келеміз - Омбы тұрғыны Зәуреш Асанова

    Омбы қаласы әкімшілігінің қолдауымен жыл сайын омбылық қазақтар Достық қаласы мерекесі аясында бие байлап, тегін ұлттық тағамдар таратады.  

      Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы президентінің көмекшісі Зәуреш Асанованың айтуынша, бүгінгі таңда Омбы облысында 100 мыңнан астам қазақ тұрады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

      Өңірлік қазақ ұлттық мәдени автономиясында сегіз қоғамдық қазақ бірлестігі бар.

     «Қымызмұрындық мерекесіне биыл осымен үшінші жыл қатысып отырмыз. Өзімізбен бірге қымыз ала келдік. Біз де өз жерімізде ұйымдастырылатын мерекеге орай алтыбақан құрып, киіз үй тігеміз. Балаларға ана тіліміз бен салт-дәстүрімізді үйретеміз. Ата-енем өмір бойы ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанып келген. Келін болып түскеніме 20 жыл болса да бие саууды тоқтатқан емеспін. Тіпті, кейде литрін 600 теңгеден саудаға қоямыз», - дейді Зәуреш Асанова.

     Ресейде жұмыс істей бастаған алғашқы этно-мәдени бірлестіктердің бірі Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясы 1999 жылы құрылған. Ұйымның жанынан «Омбы қазақтары» атты басылым шығады.    

     Еске сала кетейік, қалалық демалыс және мәдениет саябағында өтіп жатқан халықаралық  Қымызмұрындық мерекесіне Ақмола, Қарағанды, Алматы өңірлері мен Ресей, Қырғызстан елдерінің делегациясы қатысуда.  

 http://www.inform.kz/kz/20-zhyl-boyy-bie-sauyp-kazaktyn-salt-dasturin-saktap-kelemiz-omby-turgyny-zauresh-asanova_a3028146

толығырақ

Орынборға сапар

    Ресей Федерациясындағы Орынбор қаласы туралы айтқанда толқымайтын қазақ жоқ шығар, сірә?! Олай болатын реті де бар. Іргетасы қаланғанына 260 жылдан асқан шаһар ең алдымен кеңестік дәуірде Қазақ автономиялы социалистік Республикасының бірінші астанасы болғандықтан ыстық. Оның бер жағында Алаштың небір жақсылары мен жайсаңдары білім алып, үлкен өмірге қанат қаққан мекен.
        Қазіргі күнде көрші Ресейдің Приволжье федералдық округі құрамында 126 ұлт пен ұлыстың өкілдері қоныстанған аттас облыста екі миллионға тарта халықтың 578 мыңы өңір орталығында тұрады. Жалпы облыста 13 қалалық округ, 29 муниципалды аудан, 447 селолық елді мекен бар. Қазақстанның Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарымен шектесіп жатқан өңірде кен барлаушылар 75 түрлі пайдалы қазбалар бар екендігін анықтаған.

    Бұдан бұрынғы жылдарда­ғы­дай Ақтөбе облысының Орынбор облысындағы күндері сәуірдің соңғы аптасында жүзеге асырылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған, құрамында кәсіпкерлер, шығармашылық қызмет адамдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы­на қарасты этномәдени бір­лестіктер өкілдері бар үлкен делегация Орынбор жерінде екі күн болып, ауқымды шараларды сәтті өткізді. Әлемнің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин атындағы алаңда Алға, Хромтау, Әйтеке би, Қарғалы, Қобда, Мәртөк аудандары, «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы, «ҚазақОЙЛ–Ақтөбе» ЖШС, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті арнайы киіз үйлер тігіп, қала ажарын ашып жіберді. Бұдан өзге маңдайшасында «Ұлы дала мұрасы» деген жазу бар киіз үйге келушілер халқымыздың бай ұлттық салт-дәстүрлері мен өткен сан ғасырлық жолдарынан жан-жақты мәлімет берерлік жәдігерлерді тамашалады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Орынбор облысының губернаторы – Үкімет төрағасы Юрий Берг салтанатты іс-шарада құттықтау сөз сөйледі. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер көрмесін, Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы дайын­даған концерттік бағдарла­маны, аудандардан келген өнер ұжымдарының сахналық көрініс­терін қызықтаушылар тәуелсіз Отанымыздың бүгінгі көркем келбетінен ұмытылмастай әсер алды. Орынбор қаласындағы университеттерде оқып жүрген ақтөбелік студенттермен кездесу қатысушылар зердесін тың деректермен байытты. Көрші екі мемлекет делегацияларының бірінші басшылары экономикалық-мә­дени достықты одан әрі нығайту ба­ғытында меморандумға қол қойды.
    Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ­делегациясы құрамындағы украиндардың «Оксана» халықтың хорының, славяндардың «Коляда» ­фоль­­клор­лық ансамблінің, татар-баш­құрттардың «Язгы моннар» ән-би ансамблінің, немістердің «Фаильхен» халықтық хорының өнері көпшілікті тәнті етті.
      Біз сапар барысында Ақтөбе об­лыстық тілдерді дамыту басқар­ма­сының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің басшысы Қайрат Сұлтанәлин мен басқарма жанындағы тілдерді оқыту орталығының директоры Клара Серғазина бастаған арнайы топтың тамаша шараны қолға алғанына куә болдық. Топ құрамында бас мамандар Нүргүл Бертілеуова, Бақтыгүл Әбиева, Маржан Жанасова және орталықтың оқытушылары бар.


      Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Тіл және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті тарапынан Қазақстанмен шекаралас Ресей аймақтарының қазақтары туралы зерттеу жүргізілген. Зерттеу барысында орынборлық қандас бауырларымыздың қазақ тілінен, тәрбиелік тағлымы зор ұлттық салт-дәстүрлерден бейхабар болып бара жатқаны анықталды. Өңірде 125 мыңнан астам қазақ тұратынына қарамастан бірде-бір қазақ мектебі жоқ.
    Бұл жай Ақтөбе облыстық тіл­дерді дамыту басқармасы ұжымын (басшысы Гүлайым Төлебаева) ойландырды. Нәтижесінде өткен жылдан бастап «Шет елдерде тұратын қазақ диаспораларымен байланыс» атты жоба қолға алынды. Тың жобаны облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі қолдап, жұмысты әрі қарай жүргізуге жағдай туғызды, бірлескен іс-шаралар жоспары жасалды. Сөйтіп, өзге мемлекеттердегі қаракөз бауырларымызға қазақ тілін үйрету өріс алды. Өткен жылы ұйымдастырылған шеберлік сыныптары қатысушылардың көңілінен шықты. Әрине, соншама қашықтықтағы аймаққа шекара асып, дүркін-дүркін барып қайтудың қисыны келе бермейді. Сондықтан басқарма жанында 2007 жылдың 12 қаңтарында құрылған тілдерді оқыту орталығының сайтына «Қашықтан оқыту» айдары кіргізілді. Қарапайым базалық және орта деңгей бойынша тапсырмалар, аудио және бейнематериалдар енгізілді. Мемлекеттік тілімізді оқып үйренуге ынталы адам алдымен сайтқа тіркеледі, арнайы үлгідегі арыз бланкісін толтырады, үш жұмыс күні ішінде хат күтеді, скайп арқылы орталықпен хабарласады, тағы да тапсырмалар алады.
    Бұл жолғы сапарда ақтөбелік тіл үйретушілердің жұмыс істеуі үшін Орынбор мұнай-газ барлау техникумының ғимараты ыңғайластырылған. Тамаша ұйымдастырушы, әділет генерал-лейтенанты Александр Николаевич Садчиков басшылық ететін арнаулы орта оқу орнының ұжымы сәуір айының 17-сінде техникумның ашылғанына 45 жыл толғанын атап өткен, мұндағы мұғалімдер игілікті іспен келген меймандарды шын ықыласпен қарсы алып, еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік жасады. Ғимараттың мәжіліс залында Ақтөбеден әкелінген соңғы үлгідегі оқыту құрал-жабдықтары іске қосылды, стенділер орнатылды. Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары «Отанды сүю отбасынан басталады», «Астана – Қазақстанның елордасы», «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» тақырыптары бойынша ашық сабақтар жүргізді, қазақ тілінің мұғалімдеріне арналған «Елтаным» саласы бойынша оқылым бөлігінің тапсырмаларын жүйелеу, меңгеру жолдары ұғындырылды. Сабақтарға арнайы Дамбар, Соль-Илецк, Ақбұлақ, Орынбор және басқа қазақтар жиі шоғырланған аудандардан келген мектеп оқушылары мен мұғалімдерге 400-ден астам оқу құралдары, электрондық оқулықтар, балалар журналдары тегін таратылды. Сабақты өткізу барысында белсенділік көрсеткен ұстаздар мен шәкірттерге арнайы мадақтау қағаздары тапсырылды, техникум басшылығына ескерткіш сыйлық табыс етілді.


     Ежелгі қаланың бізге айрықша ұнаған бір көрінісі – «Ұлттық ауыл» деп аталатын мемориалды кешен, яғни ондаған ұлттардың мәдени-демалыс ғимараттары бір алаңда орналасқан екен. Осындағы «Шаңырақ» мейрамханасының ғимаратында «Орынбор қазақта­рының қауымдастығы» облыстық қоғамдық ұйымы үшін жұмыс кабинеті жасақталған. Қауымдастық төрағасы Жәнібек Иткөзовтің мамандығы экономист екен. Бізбен әңгімесінде ол 2008 жылдың 27 ақпанынан бергі уақытта қазақ тілінде «Жаңа Айқап» газеті мың жарым дана таралыммен шығарылып келе жатқанын айтты. Бір өкініштісі – Жәнібек сауалдарымызға орысша жауап берді. Екінші бір қоғамдық ұйым «Дом дружбы народов» деп аталады. Жетекшісі – Сәуле Тайкешова, Жамбыл облысы Мерке ауданының тумасы болып шықты.
    Біз техникумда сабаққа өз ықыла­сымен келіп қатысқан бірнеше қандастарымызбен әңгімелескен болатынбыз.
      Әйгерім Бижанова, Орынбор ауданындағы Чебеньки поселкесінің тұрғыны:
    – Мен Қызылорда облысының Арал ауданынанмын, руым Төртқара. Ақтөбе гуманитарлық колледжінде музыка пәнінен дәріс беріп жүргенімде нағашы жеңгем Айсұлудың інісі Ерланмен танысып, осы Чебеньки ауылына келін болып түстім. Қолымызда ата-енеміз бар. Отағасы жақсы тәрбие алған жігіт.Құдайға шүкіршілік етеміз – алды алты жаста үш сәбиіміз өсіп келеді. Ауылымыздағы екіжарым мыңнан астам тұрғынның арасында сан жағынан қазақтар екінші орында тұр. Жыл сайын Ораза, Құрбан айтты бірге мерекелейміз. Мешіт ашылып, тұрақты жұмыс істеуде. Қынжылатынымыз – ­Наурыз мерекесі бірте-бірте ұмытылып барады. Орта мектеп бірыңғай орыс тілінде дәріс береді. Келесі оқу жылында тұңғышымыз Аяжанды бірінші сыныпқа беруіміз керек. Балаларымның келешегін ойласам жаным күйзеліп кетеді. Меніңше, Қазақстан мен Орынбор облысының Үкіметтері, екі жақтағы тиісті министрліктер өзара келісімшартқа отырып, қазақ балалары үшін қазақ мектептерін немесе жұмыс істеп тұрған орыс мектептерінде ана тілімізде дәріс беретін сыныптар ашса, яғни бюджеттен осы мақсатқа арнайы қаржы бөлінсе дейміз. Бұл шаруадан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшылығы да сыртқары қалмауы тиіс.
      Рас, бұдан бірер жыл бұрын Орынбор қаласында демеушілер көмегімен қазақша оқыту сыныбы ашылып еді, көп ұзамай жабылып қалды. Өзім үйімде тоғыз балаға домбыра тартуды үйретіп жүрмін, бала санын бұдан көбейтуге болар еді, әттең, бөлме тарлық етеді, өзге ғимараттың реті жоқ.
      Алтынай Дүйсенбаева – Орынбор облысы Чулошников ауылының тұрғыны:
     – Негізгі мамандығым ­бойынша география пәнінің мұғалі­мі­мін, ауылдық муниципалитет депутатымын. Қазіргі күнде өзім де, күйеуім Елемес те кә­сіп­керлікпен шұғылданамыз. Мектебіміз бірыңғай орысша. Қазақ тіліндегі кітаптар қолымызға мүлде түспейді. Бүгін ақтөбеліктер әкелген кітаптарды, жур­нал­дарды алып мәз болдық. «Отау ТВ» телеарнасы арқылы қазақ тіліндегі бағдарламаларды көруге мүмкіндік туды. Әсіресе мектептің үшінші сыныбында оқитын балам Ерәлидің өз ұлтына деген сүйіспеншілік сезімі көтеріліп қалды. Менің тындырған ісім – өз ықыласыммен ауылда ­этно­г­­рафиялық үйірме ашып, сабақ жүргізіп келемін. Шәкірттерімнің аудандық, облыстық байқаулардан жүлде алып оралғаны – еңбегімнің нәтижесі деп ойлаймын.
     Түйіндеп айтқанда, бұл сапардан алған әсеріміз мол.

       Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ, Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі.   Ақтөбе–ОРЫНБОР–АҚТӨБЕ

    http://anatili.kazgazeta.kz/?p=42766

толығырақ

%d0%b0%d0%b8%d0%b4%d0%b0         

      Бүгінде  басшылық жасау,  саяси ше­шім  қабылдау  ер азаматтардың  жұ­мысы болудан қалды. Қазірде басқару орын­дарында әйелдердің үлес салмағы басым­дыққа  ие  болып  отыр. Олар  табыс­ты дамып отырған жеке бизнес­терін ұйымдас­тыруға да  күш таба білді, яғни, өздерін кәсіп­керлік  салада  да  көрсете алды.  Ха­лықтың экономика­лық  ахуалының  негізгі  тірегі  болып  тұрған   нарық  базарын   бү­гінде уысын­да  ұстап  отырған да  әйелдер  екенін  ешкім  жоққа  шығара алмайды.

      Ұлы дала тарихында қайраткер әйел­дер, ақылды аналар, ержүрек қыздар  мен әлемді табындырған арулар аз болмаған. Біздің бүгінгі  замандас­тарымыз да осы дәс­түрді жалғастырып отыр және экономи­калық, әлеуметтік құрылымдарға өзінің қатысуымен Қазақстанның болашаққа қарай табысты жылжуының сенімді негізін жасауда. Бүгінде   әйелдерді  қоғамдық  басқару  органдарының  барлық  буы­ны­нан  көруге  болады.

       Мемлекеттік  қызметтің негізгі  қоз­ғау­шы  күші де бүгін – әйелдер. Қазіргі  кезде  қазақ   қыздары өздерінің  тарихи  Отаны­нан  тыс  жерлерде де белсенді  саясатқа араласуда. Оларды  ғылыми  ортадан да,  қоғамдық  ұйымдардан да, саяси  тартыс­тың  бел ортасынан  да  кө­руге  болады.  Бүгінде  олардың бірқа­тарын  халықаралық  беделді саяси ұйым­дардан да көре  ала­мыз. Қазақ қыздары Монтеррей халық­аралық  зерт­теу институтында,  Поляр­лық зерттеу  институтында да қызмет атқа­рып жүр. Олардың алды өткен жылы Польшада өткен президент сайлауында бағын  сынаса, биыл тағы бір қазақ қызы  Чехияда  өтетін  президент  сайлауына  түспек.

       Өткен  жылы  Ресей  Мемлекеттік  дума­­сына  сайлау  өтті. Сол  сайлауда Ресей  «Жа­сылдар  партиясының»  аты­нан орын­борлық  қазақ  қызы  Аида  Байдәулетова  бағын  сынады. Біз  бүгін­гі  әңгімемізді  сол саяси  додада өзін  белсенді   саясаткер  ретінде  көрсете  білген қарындасымыз  туралы айтуды  жөн  көрдік.

      Ол – Мемлекеттік  думаға  барлық  партиялар  арасынан  федеральдық  тізімге  ілінген  бірден-бір  кандидат  бо­лып та­нылды. ХХ ғасырдың бас кезін­дегі  Ресей­дің  қоғамдық-саяси өміріне  қарасақ, сол  дәуірдегі  саяси  әлеу­меттік  ірі оқиға – Мемлекеттік  дума­ның  шақырылуы болды.  Ол –  аймақ­тардығы  ұлт-азаттық  қозға­лысы өкіл­дерінің   бас  қосқан,  маңызы  зор мәсе­ле­лерді талқылайтын  бірден-бір  өкілет­ті  форумына  айналды.  І және ІІ Мемлекеттік  думадағы  қазақ  депутат­тары­ның  саяси-қоғамдық  белсенділігі мен даму бағыты, олардың саяси  көз­қарас­тары,  думада  ұстанған  позиция­лары айбарлы  болды. Діні  мұсылман  халықтардан  депу­таттар  сайлау –  сол  кезде де жалпыға бірдей  болған  жоқ.  Негізінде,  аз  халық­тар  шын  мәнінде  сайлауға  қатыстырыл­мады.  1907 жылы  3  маусымда  ІІ Мемле­кеттік  дума  тара­тылды. Осыдан  соң,  ар­найы  жарлық­пен  қазақ  елінен депутаттар  сайлан­байтын  болды. Міне,  содан  бері арада  110 жыл  өтсе де, Ресей  Федера­ция­сында   тұратын  қазақ  ұлтының  өкіл­дері  аз  ұлттар  қатарына да, көп  ұлттар  қатарына да  жатқызылмай  келеді.  Осыған  дейін   Ресей  Федеральдық  жиналысына да,  Мемлекеттік  думаға да  саны  жағынан 1,5  миллионға  жуық тұра­тын  қазақ  ұл­ты­ның  өкілі сайлан­ған  емес. Ал олардың  арасында  саны жағынан 300 мыңнан  асатын  қалмақ, шешен, авар,  эвенкі,  хакас  ұлтының  өкілдері  бар.

        Сонымен,  былтыр  Ресей думасын  дүрліктірген жас  саясаткер  кім?!

     Аида  Байдәулетова – 1990 жылы Орынбор  облысы,  Беляев ауданы, Рож­­дественка  ауылында  дүниеге  келген. 2012 жылы  Орынбор  Мемле­кеттік  универси­тетін бітірген. Маман­дығы  бойынша  жур­налист. Бүгінгі таңда  Ресей  «Жасылдар» партиясы «Как люди» қоғамдық  ұйы­мының  төрайымы.

      Кез-келген  мемлекеттік  қызметкер­дің  жұмысы,  мақсат-міндеті  мемлекет­тік  сая­сатты  жүзеге  асыруға, жүргі­зуге  жұмыл­дырылған.  Сол  себепті  оның саяси  және  кәсіби  көзқарасы  астарлас келеді. Бірақ,  мемлекет ісіне жаны ашыған адамның  көңілі де, көзқарасы да мемлекеттік  қыз­меттің  бүгінгі  деңгейіне толмайды.  Өйтке­ні, мем­лекет ісінде олқылықтар көп.   Саяси және  құқықтық жағдай  басқару  қаты­настарын­дағы  қайшылықтардың, төменгі  мемлекеттік  органдардағы  жауап­сыздық  пен пәрменсіз­діктің  себебі  болып  отыр. Экономикалық және әлеуметтік  шара­­лардың  әлсіздігі  мен  тиімсіздігі  осы­дан туындайды. Сондықтан  жас  саясат­керлер жергілікті және өкілетті басқару орган­дарының  жұмысын  жетілдіре­тін   саяси және құқықтық  реформа  қажет­ті­гін  алға тартады.

     Университетті  бітірген соң,  орын­борлық қазақ қызы Аида Байдәулетова  Ре­сейдің Жалпыресейлік халықтық  майда­нына  қызметке  алынады.  Ресей­дің  «Сы­байлас  жемқорлыққа  қарсы 1-кана­лында»  кәсіби  мамандығына  сай журна­лист болып  қызмет  жолдарынан  өтеді. Өжет қыз  бір жылдары өзінің тарихи  Ота­нына  келіп,  «Қазақстан» телевизиялық  каналында  да  қызмет  атқарғаны бар.

      Журналист  – қоғам  өкілі.  Оның  наза­рынан қоғамда  орын  алып жатқан кез-келген  оқиға  тыс қалмайды.  Бірде ол Халық  майданы қозғалысында  жүргенде  бір топ  мәскеулік  азамат­тар­дан  хат алады. Хат  мазмұны иесі жоқ  қаңғыбас  жануар­ларды қорғау  мәселесіне  саяды. Оларды  қорғау мәсе­лесінде қажетті заңдылықтың бол­мауынан келеңсіздіктің белең  алып  отырғандығы белгілі болады. Осыдан соң,  Аида  Байдәулетова  «Жасылдар» пар­тия­сына  кіріп, партия жанынан  «Как  люди»  атты  зоологиялық қорғау  қоғамдық  ұйы­мын  құрып,  оның төр­айымы болып  сай­ланады. Осы мақ­сатты  жүзеге  асыру  үшін, елдегі  қалып­тасқан  саяси  идео­логияны  тасымалдайтын  партия атынан  емес, үй  жануарларын қорғаушылар  мүд­десін көздейтін қоғамдық ұйым  атынан  Мемлекеттік дума сайлауына  түседі.

       Жалпы,  «Жасылдар» партиясы  Ресей­дегі экологиялық  ескі партиялардың  бірі.  Ол – 1994 жылы «Кедр»  қозғалысының  негізінде  дүниеге  келген. 2014 жылы  му­ни­ципальдық  сайлауда партия депутаттық қажетті  қос мандатқа ие болып,  алдағы  сайлауда  муниципальдық  фильтрден өтуден  босатылады.

       Бүгінде  адам факторы – ең  басты  талап  болып  отыр. Ал  адами  капи­талдың  даму деңгейіне ықпал ететін негізгі  фак­тор­­лар ретінде  білім,  ден­саулық және  адам өмірінің ұзақтығы аталады.  Жас  сая­саткер Ресей  қоға­мында  адами  капи­талдың даму  деңгейі  қандай,  осы  уақыт­қа  дейін  қол жеткен жетістіктер   мен  кем­шіліктерге  жауап  іздейді. Адами  капи­талдың  дамуына  тежеуіш  болып  отырған өткір  мәселе­лердің  шешімін  қарастырады.  Адами капиталды құрайтын факторлардың  барлығын,  атап  айтқанда,  қоршаған  орта­ны  қорғау  сапасын,  институттық  ортаны  жақсарту   жолдарын  ұсынады.

     Ресей  Федерациясы Қоғамдық  пала­­тасында «Жасылдар»  партиясының өкілі  Аида Байдәулетованың  ұйымдас­тыруымен «Мәскеу  қаласындағы  бақы­лаусыз  қал­ған   жануарлардың  санын  реттеу  және  қала  тұрғындарының  қар­жысы  қайда  жұм­салуда?» атты  дөң­гелек  үстел  өткі­зіледі.  Оған  зооло­гиялық  қорғау  ұйым­да­рының,  уақыт­ша  қабылдау мекеме­лерінің  еріктілері,  Бас прокуратураның  өкілі, бюджеттік ұйым өкілдері қатысады. Қаралған мәселе  бойынша Бас про­куратура  өкілі  қараусыз  қалған  жануар­лардың  жағ­дайларының сын көтермейтінін  баян­дап,  оған  Мәскеу  үкіметінің  жұмыс регламентіне  түзету  енгізілуін қатаң  талап  етуіне әкеліп  соқтырады. Сол тұста  жас  саясаткер   Мемлекеттік  дума депутатта­ры­нан  жануарларды  зәбір­леген  жандарға қатаң  жазалау қажеттігі  жөніндегі  заң  қабылдау  керектігін  айтып, мәлімдеме  жасайды. Оның  бұл  үнқатуы  өзіне  саяси  дивиденд алып келеді. Дөңгелек  үстел  қорытындысы  бойынша  қалалық  ком­муналдық шаруашылық  департамен­тіне, Мәскеу  префектурасына,  Мемле­кеттік  думаға ұсыныс талап  беріледі. Осы  оқиға­дан соң оның  танымалдығы  артып,  сайлауға  түсуге ұсыныстар  түсе бастайды. Орынборлық қорғаушы сөйтіп,  жалпыфе­дералдық  тізім бойын­ша  үшінші  болып тіркеледі.  Жалпы,  орынборлықтар  тари­хында  федералдық  тізім  бойынша  бірде-бір  партия  осын­шама лидерлікке көтеріліп  көрмепті. Бірақ,  «Жасылдар»  партиясы  Мем­лекеттік  думаға  барар  жолдағы 5 пайыздық  өлшемді  бағындыра  алмады.

      Ресейде менталитет басқаша. Әйел адам­дар саясатқа араласқанмен, биік дең­гейден көріне алмайды. Сондықтан  сая­сатта әйелдің бағы жана бермейді. Бір жағы­нан ұзақ жылдарғы  қалып­тасқан  мен­талитет  әйелдердің адымын тұсап, ерлермен иық қағысып, тең дәрежеде жүріп-тұруларына жібер­мейді.

       Гендерлік тепе-теңдікпен тығыз сабақ­тасып жататын «феминизм» деген ұғым қалыптасқан. Бұл саланы зерт­теушілер «феминизм» ұғымының осы құбылыс өріс алған соң, жүз жылдан соң пайда болғанын айтады. Оны айна­лымға енгізген әйгілі жазушы Алек­сандр Дюма  болатын. Ол бұл сөзді XІX ғасырдың аяғында, қоғамда феминизм елеулі мәселе болып тұрған кезде қолдан­ған  еді.  Феминизмнің тамырын ілге­ріден тартатын тарихы бар. 1791 жылы жазушы Олимпия де Гуж жазған «Әйелдер мен азаматшалардың құқық­тарының дек­ларациясы» феминизмнің алғашқы мани­фесі болып саналады. Осы құжатта тарихта тұңғыш рет заң алдында әйел мен еркектің тең құқық­тылығын белгілеу мәселесі ашық айтыл­ды. Бірақ,  ол  айтылу  күйінде  ғана  қалды, қалғаны  көзбояушылық.

       Бүгінгі проблема – бүкіл қоғамның проблемасы. Оны шешу бәрімізге ортақ міндет. Ал саясаттың  жанында, Ген­дерлік стратегия оны шешуге, әйелдер көш­бас­шы­лығы мектептері арқылы қоғамды демо­кратияландыруға, әйел­дердің ерлермен тең дәрежеде еңбек етіп, бәсекеге түсуіне жағ­дай жасауы  құр  қиял  ғана болып  отыр.

      Саяси-сындарлы (политкорректный) Америкада, жасыратыны жоқ, әсіресе, “тікелей эфирдің королі” Ларри Кинггің қонақтары да айылын жимай  жатады.  Аида  Байдәулетованың  Ресей  каналында  сайлау  алдындағы дебаттық  айтыста  Ресей  идеологиясының  белгілі  бунтары  В. Жири­новскиймен  ой  қақ­ты­ғысына  түсіп,  өз көзқарасын белгілі бір  бағытқа  бұрып,  оны  қорғай білуі  болашақта  Ресейдің  саясат  тақтасында  үлкен бір  саясаткердің  шығатынына  сенім  ұялатады, біз  оны  өз  көзімізбен  көрдік.

      Аида  Байдәулетованың  көкейге қо­нымды тағы бір пікірімен келіспеске бол­майды. Ол қыз-келіншектердің ерлерге қара­ғанда іске тиянақты, қоғам мүлкіне жанашыр, өзгенің қайғысына сезімтал келе­тіндігін айтуы  болды. Ол – рас, қазақ тегіннен-тегін мейірбан­дылық пен қайы­рым сияқты түсініктерді ана жүрегімен салыстырмасы анық. Оның экологиялық мәселелерді бірінші кезекке қойып, әлеуметтік қызметті көтеру, өндірістік жауапкершілікті арттыру қажеттігін  айтуы да осымен  еншілес.

       Әлеуметтік кеңестің мемлекеттік саясат шеңберіндегі қордаланған жәйттерді иінін  қандыра талқылайтын диалог алаңына айналдырудағы   жаңа­шылдығы  да  басым.

      Ресей  сияқты  алып  елде  жүріп, мил­­лион­даған  саясаткерлердің ортасы­нан жарып тұрып  көзге  түсіп  жүрген  қаракөз  қазақ  қызы өзінің  осы  сала­дағы  жинаған  білімі мен  тәжірибесін  туған  Отаны  – Қазақстан  жастарымен  бөлісуге әрқашан  дайындығы  байқа­лады.

        Ермек  ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

       http://almaty-akshamy.kz/2017/04/18/

толығырақ

       Иісі қазақ Алтай өңіріндегі 3 мыңнан астам мектеп оқушысы «Қазақ тілі» пәнімен қош айтысуы әбден мүмкін. Ал 20 мұғалім жұмыссыз қалмақ.

        Қандастарымыздың жан-айқайын Ресей Федерациясы Алтай өңірі қазақ ұлттық орталығының президенті Ерболат Бегенов жеткізді. Бар кілтипан оқулықтар сертификатының жоқтығына байланысты туындап отыр. Алтай қазақтары балалардың туған тілдерін меңгере алмай қалады деп алаңдап, ұлттық құндылықтар үшін жандарын салып күресуде.

«Тарихи Отанымыздан жырақта жатсақ та, ана тіліміз бен мәдени құндылықтарымызды ұмытпақ емеспіз. Қазақ тілін де көздің қарашығындай қорғаймыз. Келер ұрпақтың бойына ата-бабадан мирас қалған рухани байлығымызды сіңіруді мектеп партасынан бастау керек. Бұл – заңдылық. Алайда, бұдан да қол үзіп қалуымыз мүмкін», - дейді Ерболат Бегенов.

      Қазіргі таңда Алтай Республикасында 12 мыңнан астам қазақ бар. «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін орта білім беру мектептерінде 3 мыңнан астам оқушы оқиды. Білім беру үрдісіне қажет кітаптар Қазақстаннан жеткізіледі. Алайда, бірнеше жыл бұрын оқулықтар сараптамадан өте алмай, Ресей Федерациясы мектептерінде оқытылуға қажет федералды тізімнен алынып тасталған. Сараптамалық жұмысты кітаптарды шығаратын тарап жүргізу қажет.

«Кітаптардың барлығы Қазақстаннан әкелінетіндіктен, біздің өңірде заңды күшінен айырылған. Сараптамадан өтпегені де сондықтан. Яғни, Ресейді бұл оқулықтардың көмегімен білім алуға рұқсат жоқ. Осыған орай, үстіміздегі жылғы сәуірден бастап «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері алдын ала тарификация бойынша факультатив ретінде оқытыла бастады. Бұл сабақ сағаттары азайып, штаттық бірлік қысқарады деген сөз. Бүгінде 32 оқытушы қазақ тілінен сабақ беріп жатса, олардың 10-ы ғана жүктемелерін сақтап қалуы мүмкін. Ал тіл меңгеріп жатқан 3 мыңнан астам баланың 500-і ғана факультативке жазылып, туған тілдерін меңгеруі мүмкін. Бұған жол бермеуіміз керек», - дейді орталық президенті.

      Бүгінде Алтай өңірінде 7 қазақ мектебі бар. Егер мәселе шешімін таппаса, мұғалімдер жасаған білім беру жүйесінің қажеттілігі де болмай қалады. Ресей аймақтарында тұратын қазақтардың арасындағы байланыс та үзіліп қалуы мүмкін.

«Осы жылдың наурыз айында Алтай өңірінде ұлттық мәдени орталықтың бастамасымен Алматы қаласындағы Орталық Азия университетінің профессорларының қатысуымен халықаралық конференция ұйымдастырылды. Нәтижесінде біз резолюция қабылдап, ҚР Білім және ғылым министрлігіне кітаптарды сараптамадан өткізу туралы өтініш білдірдік. Ал Алтай Республикасының министрлігі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері үшін бағдарлама жасауды ұсынып отыр. Дегенмен, бұл бағдарламаны жазатын докторлар мен профессорлар жоқ. Сәйкесінше сертификациядан өте алмайды», - дейді Ерболат Бегенов.

        Айта кетейік, Ресейде қазақ тіліннен бөлек, неміс, қытай, француз және өзге тілдерде де кітаптар бар. Бірақ, ешқандай мәселе жоқ.

«Бұл – Алтай қазақтарының ғана емес, Ресейдің өзге аймақтарын жайлаған қазақтардың ортақ мәселесі. Жуырда Алтай Республикасы білім беру министрлігінің мұрындық болуымен отырыс өтті. Отырыс барысында «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерінің сағаттары сақталатыны айтылды. Бірақ, екі жылға ғана. Екі жылдан соң бұл пәндер факультативке айналады», - дейді Ерболат Бегенов.

      Ұлттық мәдени орталықтың мақсаты – қазақ тілі мен мәдениетін дамыту, ұлттық ойындардың дамуына сеп болу. Бүгінде «Нұр Алтай» газеті де шығарылады.

толығырақ

Әнші Салтанат Бегулина. Сурет Facebook желісінен алынды.

    Қазақстанда туған Салтанат Бегулина Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұрады. 5 жыл бұрын жұбайы Қайрат Баянбаевтың оқуына байланысты Петербургке қоныс аударған ол көшкенге дейін Қазақстандағы «Салтанат» ән-би ансамблінде, Тараздағы «Алатау» жастар ансамблінде эстрада әншісі болып қызмет еткен. Үш баланың анасы Салтанат Бегулина Петербург қазақтары жайлы әңгімелеп берді.

    – Қазақстаннан барып қызмет етіп жүрген қазақтар көп пе?

      – Петербургтің өзінде шамамен бес мыңға жуық, ал Ленинград облысында мыңға жуық қазақ тұрады. Келіп-кетіп жүретін студенттерді алып тастағанда, барлығы сол бес мыңдай қазақ бар. Бірақ қазақтардың негізгі бөлігі - оқу іздеп келіп, қоныстанып қалғандар. Әлеуметтік жағдайлары өте жақсы. Сізге сұхбат берерге дейін осындағы қазақтар жайлы біршама зерттеп көрдім. Сонда олардың арасынан қара жұмыс іздеп келгендері жоқтың қасы. Тіпті аспаз болып жүрген немесе сауда орталықтары мен базарларда сауда жасап тұрған қазақ көрмейсің. Қазір менің алдымда жергілікті қазақтардың қызметі жайлы тізім жатыр. Соған қарап отырсам, ғылымда жүргендері өте көп, сосын кәсіпкерлік пен медицина саласында, әскери салада қызмет етіп жүргендер көп. Мысалы, Петербургтегі халықаралық экономика институтының ректоры Ерлан Искаков деген азамат тәрізді жоғары қызметте жүргендері бар.

     – Петербург қазақтары жиі бас қосып тұра ма?

   – Биылғы Наурызда осындағы қазақтардың басын жергілікті қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып қостық. Оған қоса, менің жеке шығармашылық кешім өтті. Осындағы қазақтардың есебін сол кезде жасаған едік. Сонда шамамен бес мың деген санға тоқталдық. Жалпы Петербургте Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келгендер өте көп. Мәселен Қырғызстаннан келгендердің ресми есебін - 40 мың, ал Өзбекстаннан келген азаматтарды 60 мың деп көрсеткен. Бұлар - ресми түрде тіркелгендер. Ал тіркелмей жүргендер бұдан көп болуы керек. Өзбек азаматтары қара жұмыс істесе, қырғыз азаматтары бірыңғай сауда жағында жүреді.

    – Өткендегі жарылыстан кейін жергілікті тұрғындардың орталықазиялықтарға деген көзқарасы өзгеріп кеткен жоқ па?

     – Сізді танымайтындар бұрында сыртыңыздан сезіктеніп қарайтын. Ал жақсы танитындар сырт айналған жоқ.

      – Сұхбатыңызға рахмет.

   http://www.azattyq.org/a/russia_kazakhs_saltanat_begulina/28422338.html

толығырақ

    Ресей Федерациясының Қостанай облысымен іргелес Челябі облысында біраз қандастарымыз тұрады. Олардың арасында ұлттық салт-дәстүріміздің, ана тіліміздің ұмытылмауы үшін қазақ диаспорасының «Азамат» ұлттық-мәдени бірлестігі біршама жұмыстар жүргізіп келеді. Біз оның жетекшісі Қанат Сейтіковпен жолығып, әңгімелескен едік.

    – Қанат Хакімұлы, алдымен «Еге­ меннің» оқырмандарына Челябі облысындағы қандастарымыздың саны, орналасуы туралы айтсаңыз.

     – Челябі Ресейдегі өндірісті және ауыл шаруашылығы да, ішкі-сыртқы нарығы да дамыған, ірі облыстарының бірі болып саналады. Қазақтар негізінен облыстың Қостанаймен шекарасына жақын Нағайбақ, Троицк, Бреды, Қызыл, Чесминский, Верхний Уральск аудандарына орналасқан. Сонымен қатар Қарталыда, Варнада, басқа аудандарында да шашырап кеткен қандастарымыз бар. 2015 жылғы санақ бойынша Челябі облы- сында 34 мыңдай қазақ бар деп есептейміз.

    – Тарихқа көз жүгіртсек, қазақтар Челябі жерінен ағатын Жайық бойын бұрыннан жайлап келеді.

   – Оныңыз рас. Халқымыздың «Қыз Жібек» эпосының оқиғасы осы Жайық өзенінің бойында, қазіргі Магнитогор қаласы, Нағайбақ, Верхний Уральск ау- дандары орналасқан өңірде өткенін осы жырды жаттап өскен қазақтың бәрі біледі. «Әуелде түскен жерім Жағалбайлы, жылқысын көптігінен баға алмайды» деп Жібектің айтқанындай, Жайық бойын қазақтар қазір де жайлап отыр. Сонымен қатар, қандастарымыз Қазақстанның Ресеймен іргелес облыстарынан заманның өкпек желі соққан жылдары да Челябі жеріне ауып барғаны белгілі. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары Магнитканың құрылысына да көп қазақ барған. Ол кезде КСРО-дағы ұлт саясатының дұрыстығын көрсету мақсатында Челябі облысындағы қазақтар шоғырланып орналасқан ауданда, Магнитогор қаласының маңында қазақ тілінде білім беретін мектептер болған, тіпті «Магнитогор жұмысшысы» деген атпен қазақ тілінде газет те шығып тұрған. Мұндай жағдай сол кезде татар, башқұрт секілді аз ұлттардың барлығы үшін жасалыпты.

       – Ұлт саясаты демекші, қандаста­ рымыздың бүгінгі жағдайы туралы не айтар едіңіз?

    – Әрине, қазақтар тұрмысын Ресей Федерациясының тұтас халқынан бөле жарып қарауға болмайды. Селода тұрғандары ауыл шаруашылығымен айналысады, мал ұстайды, егін егеді. Қалалықтар өндірісте, бизнесте жүр, жоғары оқу орнында оқып жатқан қазақ жастары да аз емес. Әркім өзінің хал-қадерінше өмір сүріп жатыр. Бизнесте, білімде, ауыл шаруашылығында, басшылық қызметтерде жүрген, облысқа танымал қазақтар да бар. Қайырбек Сейілов ағамыз Нағайбақ ауданын көп жылдар бойы абыройлы басқарып, зейнеткерлікке шықты. Адай Кенжебаевты челябіліктер экономика, техника саласындағы ірі ғалым, Оңтүс­тік Урал өңіріндегі кәсіпкерлікті алғаш бастағандардың бірі ретінде де біледі. Ол соңғы жылдары Челябі халықтарының ассамблеясы кеңесін басқарды. Техника ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Шерязевтің, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкер Айдархан Қарсақбаевтың есімі де челябіліктерге жақсы таныс.

     Қандастардың бүгінгі жағдайын қай тұрғыдан сұрап отырғаныңызды да түсінемін. Қандастарымыз арасында тіл, дәстүр-салттың сақталу мәселелерін меңзедіңіз ғой. Әрине, бұл тұрғыдан айтар өзекті әңгіме баршылық. Челябі немесе Оңтүстік Урал жеріндегі қазақтардың соңғы үш ұрпағын алайық. 60-шы жылдарға дейін болған қазақ мектебінде оқып үлгерген атасы қазақшаны таза біледі, бірақ олар табиғаттың заңымен қартайып, қатары селдіреп барады. Ал оның балаларының арасында қазақ тілін шамалап сөйлейтіндер бар, бірақ аз деп білем. Немерелер қазақ тілін білмейді, ептеп түсінеді. Сол немерелерден тараған ұрпақ қазақ тілін ұмытатыны анық. Сон­да мұрнына ана тілінің иісі де бармайтын ұрпақ өзін қазақпын деп қалай айта алады?

     – Әңгіме сонда ғой! Енді солай бол­мас үшін Челябі облысы қазақтарының арасында қандай да бір әрекет бар ма?

    – Екі қолды бос қойып, қарап отыр- ғанымыз жоқ. «Азамат» ұлттық-мәдени бірлестігі мен көрші Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасы арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған еді. Басқарма басшысы Жанболат Үмбетов «Азамат» тарапынан ұсынылған ұсыныстардың барлығын ұлтжандылықпен қолдады. Біз сол жұмысты жалғастырып келеміз. 2009 жылдан бастап осы басқарманың бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова бастаған мамандар Челябіге келіп, қазақ тілін оқытуға, үйретуге тілек білдірген белсенділер үшін семинар өткізеді, оларға тіл үйретуге рұқсат – сертификат береді. Қостанайдағы Тіл үйрету орталығының мамандары қазақ тілін үйренудің шетел қазақтарына арналған арнайы бағдарламасын жасаған, ресейлік қазақтар сол бағдарламаны пайдаланады. Қазір сабақтар әлгінде айтқан қазақтар біршама шоғырланған аудандарда, Магнитогор, Челябі қалаларында өткізіледі. Облыстық білім министрлігімен келісіп, қазақ тілін факультативтік сабақ ретінде жүргізетін 5 мұғаліміміз айлық жалақы алып отыр.

    – Тіл үйретудің нәтижесі қалай?

    – Нәтиже болмай қалмайды деп ойлаймын. Осы жұмыс басталғалы Верхний Уральск және Агапов аудандарында «Үздік оқытушы» атты байқау өткізілді. Семинарлар тек Челябі облысында ғана емес, Қостанайда, шекарадағы Қарабалық ауданында да өткізіліп жүр. Сабаққа балалар, тіпті ересектер мен өзге ұлт ба- лалары да қатысады. Әрине, тілді таза меңгеріп кетпесе де, сабақ жас баланың есінде қалады, ана тіліне, ұлтына деген қызығушылығы, патриоттық сезімі оянады, санасында тілдің, ділдің іргетасы, қаланады деп сенемін. Балалар арасында «Абай оқуларын» өткіздік. Студенттердің басын қосып, концерттік бағдарламамен аудандарға шығып тұрдық.

    Біз челябілік қазақтар проблемасына шама келгенше жергілікті басшылықтың назарын аудартуға тырысамыз. Өткен жылы Челябіде «Қазақ тілі: проблемалар, перспективалар, дамуы» атты дөңгелек үстел мәжілісін өткіздік. Оған аудан- дардан келген қазақ тілі мұғалімдерімен бірге Челябі облыстық әкімдігінен, Челябі облысы халқы ассамблеясынан кісілер қатысты. Қазақ тілін үйрететін мұғалімдерді нағыз тіл, ұлт жанашыры деп атар едім. Олар оқушыларға тілді жанын салып үйретеді.

     – Қандастарымыздың ана тілді, дәстүрді ұмытпауы үшін жүргізілетін жұмыстарда қандай қиындықтар бар?

     – Облыс үлкен, қандастарымыз оған шашырай орналасқан, олардың басын қосу, ұлттық-мәдени шараларды жиі өткізу оңай емес. Барлығы да қаржыға келіп тіреледі. Күнделікті шаруаның, күнкөрістің соңындағы жұртты мазалай бере алмайсың. Біздің Қазақстан тарапы- на ризашылықтан басқа айтарымыз жоқ. Көп нәрсе сырттағы қазақтардың өзіне байланысты болып отыр. Тілді де, ділді де балаға отбасындағы тәрбие қалыптастырады деп білемін. Қазір Челябі өңіріндегі қазақтар бас қосқанда тек ересектер, аға буын өкілдері ғана жиналады, жастарды көрмейсің. Тойларын да үлкендер бөлек, жастар үшін бөлек өткізеді, бұл ұрпақ арасындағы байланыс үзіліп қалғандай әсер береді. Челябіде қазақ жастарына арналған «қазақ-пати» апта сайын өтеді. Бұл енді аты өзгерген жастар дискотекасы ғой. Онда ешқандай ұлттық шараның иісі шықпайды. Челябілік қазақтар арасын- да ұлттық дәстүріміз мүлдем жоқ десек, шындыққа сәйкес келмес еді. Олар да құда түседі, қыз ұзату, келін түсіру тойын жасайды, Наурыз мерекесін шама келгенше өткізеді. Алайда тіл ұмытыла бастаған соң, дәстүрдің де көмескі тарта беретінін тағы жасыра алмаймыз.

    Алдағы уақытта Челябі қаласындағы оқу орындарында оқып жатқан қазақ студенттердің басын тағы қоспақшымыз, сол үшін ептеп жұмыс та жүріп жатыр. Мұндағы оқу орындарында Қазақстаннан келіп білім алып жүрген жастар бар, со- лар мен жергілікті жастардың араласуы үшін шаралар өткізсек деген мақсатымыз бар. Бұл челябілік жастардың тілге деген қызығушылығын оятар деген үміттеміз. Ендігі жұмыс тек жастармен жүргізілсе деп армандаймын.

       Әңгімелескен Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ – ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ

      https://egemen.kz/article/til-umytylsa-dastur-de-koemeski-tartady 

толығырақ

В столице России провели День казахской культуры

      На Воробьевых горах в Московском дворце пионеров в рамках Московского детско-юношеского фестиваля национальных культур «Мой дом - Москва» прошел День казахской культуры, посвященный весеннему празднику «Наурыз мейрамы».
   В столице России провели День казахской культуры
         Организаторами Дня казахской культуры выступили РОО «Казахская национально-культурная автономия в городе Москве», Московское общество казахской культуры «Мурагер», СО НКО фонд содействия развитию дружбы народов и национальных культур «Астана», СО НКО «Память», СО НКО Московский фонд «Казахская диаспора», Информационно-культурное сообщество «Достар» и Объединение казахстанских студентов вузов России «Жас тулпар» при поддержке и содействии Департамента национальной политики и межрегиональных связей, Департамента образования города Москвы и ГБПОУ «Воробьевы горы».
В столице России провели День казахской культуры
   «Мы избрали Наурыз в качестве обобщающего и наглядно раскрывающего казахскую культуру праздник. Обновление природы, весеннее настроение, чувство теплоты и дружбы - все сконцентрировано в этом празднике. И мы решили приурочить проведение фестиваля национальных культур к этому общему для многих народов празднику и заодно продемонстрировать казахскую культуру и традиции, как его празднует казахский народ», - рассказала об идее мероприятия молодая чета Леран и Гульжанат Алмухамедовы, являющиеся соорганизаторами Дня казахской культуры.     
В столице России провели День казахской культуры
     «Проводя это мероприятие, мы параллельно узнаем наших юных участников, их возраст и интересы для того, чтобы в перспективе иметь представление как можно расширить и развить подобные программы, которые полезны и нужны в плане воспитания и приобщения молодого поколения к культуре и традициям нашего казахского народа», - добавили они.
    Традиционно празднующийся казахским народом с особой яркостью и настроением весенний праздник «Наурыз» и на этот раз поразил своей красотой и разнообразием: выставочные экспозиции интерьера юрты и предметы казахского быта, сувениры и изделия прикладного искусства, а также богатый праздничный стол с национальными блюдами, где гости мероприятия отведали баурсаки, курт и Наурыз коже.
     Гости праздника также смогли посостязаться в национальных казахских играх - «Тогыз кумалак», «Туймеалу» и «Асык», поучаствовать в мастер-классах по народным промыслам, декоративно-прикладному искусству. Среди прекрасной половины праздника проведен конкурс блюд национальной кухни «Кулинарные традиции в моей семье».
    Для юных гостей проведены мастер-классы по изготовлению карнавальных масок, конкурс детских рисунков «Весна моими глазами».
     Все это культурное многообразие украсила богатая и красочная концертная программа, в которой приняли участие коллективы художественной самодеятельности казахской общины, продемонстрировавшие театрализованные представления, где были показаны национальные обычаи и традиции. Гости праздника смогли насладиться песнями в исполнении лауреатов Московского молодежного фестиваля казахской песни «Алтын куз», популярными произведениями инструментальной музыки Ансамбля домбристов «Шабыт», казахскими национальными танцами в исполнении фольклорно-хореографического ансамбля «Томирис» и группы «Яксарт». По завершении концертной части состоялось торжественное награждение участников концертной программы, а также победителей конкурсов детского рисунка и блюд национальной кухни.                Победителями в конкурсе детского рисунка на тему «Весна твоими глазами» в номинации «графика» стала Алия Капанова (10 лет), в номинации «живопись» - Лаура Тасмаганбетова (12лет). Победителям, РОО «Московское общество казахской культуры «Мурагер» были вручены подарочные сертификаты на двух недельный отдых в Республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен» (Боровое).
     Как отметил президент РОО «Московское общество казахской культуры «Мурагер» Ерназар Нуриев, поощрение и стимулирование интереса подрастающего поколения к истории и традициям своего народа является важной и ответственной задачей.
     «Молодое поколение казахов, живущее и растущее в России должно знать свои корни, традиции и обычаи. Поэтому, надеюсь, этот подарок будет достойным вкладом в развитие культурных ценностей и традиций казахского народа, ведь дети - это наше будущее», - сказал он, выразив при этом благодарность Всемирной Ассоциацией казахов за поддержку и содействие в организации путевок в Республиканский учебно-оздоровительный центр «Балдаурен» для победителей детского конкурса рисунков.

толығырақ

газет 1

 «Шүйдің нұры» газетінің 1991 жылы шыққан алғашқы саны

    Шүй бойындағы Қосағаштың көл-көсір қуанышын жұртқа бірінші болып, қазақ тілінде жеткізетін «Шүйдің нұры» газетіне — 25 жыл толды. Ұлтымыздың жанашыры Әуелхан Жазитұлы бастаған Шүй бойының арыстарының қолтаңбасы қалған қадірлі басылымның №1 саны 1991 жылдың 8 ақпанында Монғолияның Баян-Өлгей аймағының баспасынан жарық көрген. Алғашқы басылымдары айына бір рет жарық көріп тұратын болған. Газеттің екінші саны 1991 жылдың 19 көкекте басылғаннан соң қоғам өзгерісіне байланысты біраз жыл ортаға уақыт салып шықпай қалды. Қоғам өзгеріс дегеніміз 1991 жылдың көктемінде Қазақстанға көші-қон да басталып кетті емес пе? Әйтеуір көшпенділі қазақтың маңдайына жазғаны демекші, біздің ауданнан да көше бастағандар болды. Қалай дегенмен де «Шүйдің нұры» газетіміз оңайшылықпен қалыптасып, дүниеге келген жоқ. Бүгінде осының бәрі, әрине өткен тарих боп қалды.

      Еліміз тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен қол үзіп кетпесінші деп, ұлт жанашыры Әуелхан Жазитұлы бастаған Шүй бойының ұлтшылдары Пионер Солтанұлы, Әнуарбек Көгедайұлы, Мұрат Қанапияұлы, Әскер Мақымжанұлы (Әскер Мұрзағұлұлы), Қабылақат Әбілқасымұлы, Алтай Қараұлы, алғашқы газеттерге сурет түсірген Сабыр Жаңажылұлы сынды азматтар жұмыла кірісіп «Шүйдің нұры» газетін шығарды. Газеттің алғашқы редакторы Әнуарбек Көгедайұлы Исанов болды. Осылайша, газетіміздің келесі саны 1996 жылы 5 мамырда Жаңаауыл ауылының 10 жылдық мерейтойына арналып басылды. Дейтұрғанмен қазіргі заман басқа, қоғам бізге пайдасын тигізердей өзгерді. Араға үш жыл салған «Шүйдің нұры» газетінің тағдыры аудан әкімі Әуелхан Жазитұлының арқасында аудандық бюджет қорынан қаржыландыру мәселесі шешіліп, 2000 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қосағашта үздіксіз басылып тұрды. Ағымдағы 2014 жылдан бастап Бийск қаласындағы «Катунь» типографиясында басылады. Бүгіндері жаңарған Алтай Өлкесінде тұратын қазақ елінің бас басылымдарының біріне айналып отыр десек артық айтқандық емес.

      Алғаш Қосағашта басылып шыққан кезде редколлегия мүшелері болғандар: Мұхтасыров Пионер Солтанұлы, Смағзамов Айдос Кәтекұлы, Игісінов Асхат Маратұлы, Батталов Есіл Тілекұлы, Жатқанбаева Бесайдар Алашқызы, Әлкенова Айсара Қантайқызы.
          Осылайша әуел бастан-ақ «Шүйдің нүры» газеті өз бағдар-мұратын ұлт жолына жұмсап, ауданымыздың барша қазақ зиялыларын тынымсыз соғылған қоңырау сынды халықтың қалғи бастаған рухын оятып, ұмытылып бара жатқан ата дәстүр, ұлттық өнерін, тілін, дінін өздеріне қайтарып беріп, жаңғырту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Азды-көпті 25 жыл болған «Шүйдің нұрында» талай Шүй алыптарының қолтаңбасы қалды. Содан осы күнге дейін жергілікті ақын-жазушылардың, журналистердің мақалалары мен шығармалары, өлеңдері жарық көріп тұр. Сондай-ақ Қазақстанда болған аса ірі оқиғалар, жалпы қазаққа қажетті үлкен жаңалықтар газетке бірінші жарияланады.
        Қадірменді оқырмандар, міне сіздердің назарларыңызға қысқаша қазақ газетіміздің өмір жолымен таныстырдым. Ендеше, сөзімнің қорытындысын былай жасайын: “Газеттің пайдасын білімді, өнерлі халықтар көбірек біледі. Сондықтан халқымыз неғұрлым білімді, өнерлі болып, ана тілінің қадірін біліп, құрметтеп жанын ашытса соғұрлым ауданымызда қазақ тілінде басылымдар көп болады. Бір сөзбен айтқанда, қазақ ұлтының қажеті мен қатесін айтатын нағыз жанашырлардың мақаласы шығады мұнда. Басылым басшысын жастардың қағаз оқудан қалып бара жатқаны қынжылтады. Ұлт ұлы болмай газет ұлы болмайды ағайын!».

       Арқалық Рысбекұлы, «Шүйдің нұры» газетінің арнайы тілшісі

         http://altai-kazahy.ru

толығырақ

       «Мен барда, сіз барда, тарихи Отаным – Қазақстаным барда, жақындарым барда, жалпы жүрегі қазақ деп соғатын Таулы Алтайды мекендеген Шүй қазағы тұрғанда Ана тілім, сен ешқашан өлмейсің», дейді Қосағаштан хабарласқан қандас бауырымыз, Ресей Федерациясы Журналистер одағының мүшесі ақын-жазушы Арқалық СОЛТАНОВ.
       – Арқалық Рысбекұлы, Қос­ағаш­ты мекендейтін қандас ба­у­ырларымыз туралы сырттай көп еститінбіз. Мұндағы аға­й­ын­дар өзара қазақ тілінде ғана сөй­леседі екен. Рас па?
     – Әр халықтың ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзі­нің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ халық ұлт болып өмір сүре ал­майды. Сондықтан, кез келген ха­лық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қор­ғайды.
     Сол қорғаушылардың қатарына біз­дің Шүй қазағының ерлігі ба­ғалы. Ата-бабамыз басынан қан­ша қа­сіретті өткізсе де, діні мен тілін жат­қа баламады. Біздерге алтын­ның сынығындай жеткізіп, аманат қылып табыстады. Шүй қазағы – әлем бойынша тарыдай шашылып жатқан қазақтардың арасында та­за ана тілінде сөйлеу жағынан бә­рі­нен жоғары тұрған бірден-бір жұ­рт. Қанша қилы заманды басынан өт­кер­г­ен біздер ана тілімізді сақтап қа­луға бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз.
     – Шүй деп отырғаныңыз жер­дің атауы ма?
    – Осы Шүйді ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бері мекен­де­ге­лі тіліміздің тағдырын ойлаған Шә­кіртқажы бабамыз бастаған, бер­тін келе тілімізге сара жол а­шып берген Союз Шәкерұлы, Мұ­рат Өтепұлы сынды ағаларымыз қош­таған небір тұлғалардың есі­мі еліміздің есінде мәңгілік қал­ды. Ал осы күнде қазақ тілінің тір­ші­лігі үшін Әуелхан Жазитұлы бас­та­ған біраз азаматтар мен қазақ ті­лі пәнінің ұстаздары күресіп жүр. Қа­зіргі дамыған заманның талабы­на кө­ніп, мұғалімдеріміз мектеп оқу­шы­ларына оқулық жазуға мәжбүр бо­лып отыр. Ресейдің Таулы Алтай өңі­ріндегі Шүй қазағы қандай тағ­дыр­дың тәлкегіне түссе де, тілінен ешқашан айырылмаған, мұнан кей­ін де айырылмақ емес.
       – Оқулықты мұндағы бел­сен­ді азаматтардың өздері жазады дедіңіз бе?
     – Қосағаш ауданында 10 мың ғана қазақ тұ­ра­ды, ал республика бойынша 12 мың­нан асады. Төлеңгіттермен өза­ра береке-бірлікте, бауырласып өмір сүріп жатырмыз. Ал оқулық жай­ына келсек, мектептерімізде қа­зақ тілі сабағы пән ретінде өті­леді. Арнайы қазақ мектебі жоқ бол­ған­мен, соның өзінде тіліміздің тағ­дырына бей-жай қарай алмаймыз. Осы орайда атажұртымыз Қазақ­станға, Елбасына шексіз риза­шы­лы­ғымызды жеткізгіміз келеді. Біз­ге, шалғайдағы, шет елдегі қан­дастарына деген көзқарасы ерек­ше екеніне көзіміз жетті. Оқу­шыларымызға оқулықтарын те­гін жі­берді алдық. Бірақ сол оқу­лық­тар шаңға батып, қойма түбінде қор болды. Күніне бір емес, бірер рет ашып көріп, «Қашан беттерін ба­лаларымыз астарлар екен» деп ар­мандап отырған жайымыз бар. Оның себебі, жергілікті биліктің за­ңы бойынша бұл оқулықтар сарап­та­мадан өтпейінше, қолданысқа тый­ым салынды. Соның салдары­нан шынын айтқанда, тіл өте түйт­кіл­ді мәселе болып отыр. 
     Сондықтан, атажұртымыз Қа­зақ­­­станның оқулықтарын ба­л­а­­­­ла­рымыз оқуға Ресей заңы бой­­­ын­­ша рұқсат етілмесе де, өзі­міз оқу­лық жазып кәдемізге жа­­рату­дан басқа амал таппай отыр­­мыз. Ал Шүйдегі қалған қа­­зақтар осы адамдарға қолдау көр­сетіп, ті­лі­міз­дің жанашыры бола біл­геннен бас­қа шара қалмай барады. Оқулықтарды құрап жазып алсақ та, оның жарыққа шығуы қалай болады деген күдік тағы бар.
      – Ол үшін не істеу керек?
    – Оқулық құраудың жұмысы қан­шалықты маңызды екені баршаға мәлім, Ресейден қазақ тілін білетін ғалымдарды тауып, сараптамадан өткізу ісі қиындық ту­ғызуда және мемлекеттің қол­дау­ынсыз мұны жүзеге асыру мүм­кін емес. Осы орайда ата­жұ­ртымыз Қазақстанның Білім жә­не ғылым министрлігі Ресейдің Бі­лім министрлігіне осы тіліміздің мә­селесі жайлы үн қатса, біздің ар­манымыз орындалар ма еді деп, кеу­демізде жылғаның көзіндей жыл­тыр үміт алға жетелейді... Мүм­кін, сол дайын Қазақстанның оқу­лықтарын оқушыларымыздың емін-еркін пайдалануына жол ашып берер.
    Бұл тек Ресейдің Алтай Ре­с­пуб­­ликасында тұратын 12 мың қа­зақ­тың мәселесі емес, бүкіл Ре­сей Фе­де­рациясында тіршілік етіп жат­қан миллионға жуық қазақ қан­дас­та­рымыздың мәселесі...
      – Бұл туралы тағы қандай мекеме, ұйымдарға өтініштеріңізді жеткіздіңіздер?
     – Мектептегі оқулық туралы Ре­сейде тұратын қазақ мәдени орта­лық­т­арына, ұйымдарына, диас­по­ра­ларына шықтық. Онымыздан нә­ти­же болмады. Қазақстанға іргелес бол­са да, олардың да жағдайлары біз­бен деңгейлес болып шықты.
   Осы қазақ тілі оқулығы тура­лы Қазақстанның Ресейдегі ел­ші­лігіне де хабар беріп, үндеу жаз­дық. Дүниежүзі қазақтары қау­ым­дастығының арқасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзіне жеткізуге талпындық. Алтай Республикасына Қазақстаннан ар­найы өкіл ат басын тірегенде, Алтай қазақтарының атынан өті­ні­шімізді жеткізген едік. Бұл өті­ні­шіміз де өкінішке қарай жауапсыз қалды.
     Қосағаш ауданында 10 мың ға­­на қазақ тұ­ра­ды, ал республи­ка бойын­­ша 12 мың­нан асады. Төлеңгіттермен өз­а­­ра береке-бірлікте, бауырласып өмір сү­­­ріп жатырмыз. Ал оқулық жай­ына келсек, мек­теп­­терімізде қа­зақ тілі сабағы пән ретінде өті­­леді.
     Ресей мемлекеті, Алтай Рес­пуб­ли­к­а­сының білім мини­стр­лігі біз­ге ту­ған тілдеріңді оқы­май­сыңдар деп қысым жасап отырған жоқ. Ресей­дің за­ң­ында, «Егер мек­тептерде оқы­ты­ла­тын пән­­дер­дің оқулықтары жоқ бол­с­а, сол пән жабылуға ұшырайды», деп жа­зыл­ған. Осы заң ғой бізге ке­дер­гі кел­тіріп отыр­ған. Сол үшін телефон ар­қылы сіз­дермен осы ойымды бір­ге бөлісуді жөн санадым.
     – Ресейде қазақ тілінде оқу­лық­тар шығарыла ма?
     – Осы ойымның соңғы түйіні: мек­тептерімізде қазақ тілінен оқу­лықтар болмаса, Ресейдің заңы бой­ынша қазақ тілі сабақтарын күз­де, жаңа оқу жылында факульта­тив етіп тастауы мүмкін. Егер де солай бо­латын болса, «Шүйдің қазағы» де­г­ен атымыз өшпей ме? Тілімізді қор­ғай алмасақ, ата-бабамыздың аруағы разы болмас. Бұл мәселені тілдің қадірін түсіне білген адам ғана терең ұғына алады.
     Сол себептен, әлемдегі алты мың­ға жуық тілдердің ішіндегі қол­дану жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, ора­лымдығы жағынан алғашқы он­дықтар қатарында тұрған ана ті­лі­мізді сақтап қалуға Шүй қазағы жа­нын салуда. Осы пікірімді тари­хи Отанымнан басқа кімге жолдаймын?! Мүмкін тіл тағдыры үшін көп­теп күресіп жүрген қандас аға­ла­рымыздың қолұшы тиер деп, ті­лімнің тіршілігін көзіме жас алып отыра осылай жеткізуге мәж­бүр­мін.
      – Өзіңіз немен айналысып жүр­сіз?
    – Алтай Республикасында жал­ғыз қазақ тілінде тарайтын «Шүйдің нұры» газетінің ре­дак­т­о­­рымын, http://altai-kazahy.ru сайтының әкімшісімін.
     P.S. Мұрынын шүйіріп ана тілін менсінбей жүрген кейбір отан­дас­та­рымызға ой түйгізерлік ресейлік қандас бауырымыздың жанайқайы шетелдік қандастарымыздың көкейіндегі бәріне бірдей ортақ күй, ортақ наз деп қабылдадық... Қай елдерде қазақ тілі пән ретінде өтіледі?
     Оларда қазақ тіліндегі оқулықтардың мәселесі қалай шешілген? Жалпы, шетелдік қандастардың рухани мұң-мұқтажына біздің елімізде қаншалықты көңіл бөлініп отыр?
     Екіншіден, оларға Қазақстан тарапынан қандай қолдау, көмектер көрсетілуде? Таулы Алтайды мекендеген мына азаматтың әңгімесіне құлақ түрсек, бұл тұрғыда әлі де бізде шешімін тауып үлгермеген мәселелер баршылық сияқты. Бұл іс екі елдің білім министрліктері арасындағы бірлескен мәмілеге келіп тірелері сөзсіз. Сөзіміздің түйіні: Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі қосағаштық қандас қаламгердің өтінішіне құлақ асып, Алтайдың арғы бетіндегі ағайындардың үмітін аяқсыз қалдырмауға, отандық оқулықтардың кедергісіз оқытылуына, болмаса қазақ тілі пәні бойынша арнайы оқулықтармен толық жабдықталуына ықпал ете алса екен деген тілек бар.
           Әңгімелескен  Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Толығырақ: https://egemen.kz/article/shuy-qazaghynynh-tili-nemese-atazhurtqa-aytar-naz
!

толығырақ

      К заключительному празднику Наурыз мейрамы, который  назвали всероссийским готовились и он состоялся в Ершове 1 апреля.     Наурыз мейрамы является символом весеннего обновления, каждый раз он празднуется в регионе по-новому. В этом году праздничная неделя продолжалась во всех муниципальных районах области и впервые состоялась на территории Пешеходной зоны Саратова. Ведь прошло всего несколько месяцев,   как торжественно открыли   эту красивую улицу. Огромная благодарность Вячеславу Володину и партии «Единая Россия» за  инициативу и поддержку обустройства этой улицы.                            

      При поддержке и участия Правительства Саратовской области и муниципальных образований, общественных организаций и жителей  заволжский посёлок Ершов украсился   в степное стойбище кочевников и  молодые всадники – жигиты передали огонь Наурыза и единения народов саратовской губернии следующему Краснокутскому району. Самые лучшие представительницы  Города Саратова: Баянслу Бадамшина, Зарина Даулетжанова, Ботагоз Телеуова на конкурсе   «Мисс Наурыз-2017 г»показали талантливое творчество и национальные наряды. 

Фольклорный коллектив «Жазира» Саратовского казахского центра открывал торжественный  концерт в ДК Ершова.

       Саратовскую юрту оживила  весёлая творческая  молодёжь Саратовского «Культурного центра «Казахстан» и Ансамбля татарской музыки «Тургай» песнями, танцами, они  были красивы, приветливы и  гостей коллектив встречал дружным приветствием «Салеметсизбе» (на фото)

         Приятно, что на праздник пришло так много жителей и гостей нашего и соседнего регионов.  Возрождённый из небытия,   уже 19 год  в Саратове и в области приходит традиция отмечать Наурыз мейрамы. Из года в год укореняясь, краше расцветая ,приобретая новых друзей, взаимодействуя с соседними регионами Республики Казахстан, расширяя границы  дружбы многонациональных народов наших стран, мы поддерживаем  Договор о дружбе, сотрудничестве и взаимной помощи между Российской Федерацией и Республикой Казахстан от 25 мая 1992 года. Символично отметить, что в год 25 летия  важного документа в приграничных наших территориях  есть реальная практика взаимодействия и дружбы. По приглашению губернатора Саратовской области В.В.Радаева , Участие приняли Западно-Казахстанской и Атырауской областей во главе с Кульгиновым Алтай Сейдировичем – аким   Западно-Казахстанской области, Дюсенбаев Токтарбай Кадыргалиевич  Президент Федеральной национальной автономии  казахов России,  он же - член  Совета при Президенте Российской Федерации по межнациональным отношениям. С чувством благодарности он обратился к организаторам столь значимого мероприятия для российских казахов и пожелал крепнуть дружбе между Россией и Казахстаном.   Вице-губернатор Пивоваров Игорь Иванович  от имени губернатора выразил благодарность гостям и пожелал укреплять дружбу и сотрудничество между регионами.

          Казахская    пословица учит    «Жақсыны асырып, жаманды жасырыпО хорошем деянии  в обществе говори с преувеличением, а  о плохом  умолчи» В июне этого года состоится очередной V Всемирный Курултай казахов в Астане. И российской делегации во главе с Дюсенбаевым Т.К.  будет возможность поделится, как  расширяя полиэтническое  пространство региона,  мы живём на саратовской земле, создаём семьи, здесь растим детей. Постигая русскую культуру и других народов Поволжья, мы пропагандируем лучшие традиции казахского народа, искренне желая народам   приграничных регионов нашего края   мира, благоденствия и процветания.   Пожелания народу   нашей области   «Коктем Наурыз – Весенний Наурыз» пусть принесёт богатый урожай, достойную жизнь, дружные и правильные выборы руководителя области.

     В 1998 г наша общественная организация одной из первых возрождала этот праздник с горсткой единомышленников.

     Меня переполняет гордость нынешнего положения праздника, когда  при поддержке Правительства Саратовской области и лично губернатора В.В.Радаева проходит масштабное этнокультурное мероприятие.   Нам всем вместе   работать только для стабильности и  реального формирование  мнения  многонационального  регионального согласия и стабильности  в российском обществе.  

      У.М. Джунельбаева Председатель  Саратовской областной общественной организации «Культурный центр «Казахстан»                       

      г. Саратов  02.04.2017г.

 

толығырақ

     С приходом Наурыза – марта народы Востока и Средней Азии встречают Новый год, весну и солнце. И конечно к такому празднику тщательно готовятся. Об этом светлом празднике мы долгое время мы умалчивали. Его как старый ковер свернули и запрятали подальше. А когда его достали и развернули, все просто ахнули. Настолько этот праздник оказался ярким, красивым, веселым и вечно молодым.

     Наурыз мейрамы является символом весеннего обновления, каждый раз он празднуется в регионе по-новому. В этом году праздничная неделя продолжается во всех муниципальных районах области и впервые состоялась на территории Пешеходной зоны Саратова. Прошло всего несколько месяцев,   как торжественно открыли   эту красивую улицу.        

    Саратовский  Арбат утром встретил нас пасмурным, но тёплым дождём.  Кстати , во время торжественно – развлекательных мероприятий дождь перестал. 

    С раннего утра на площади, у  раритетного трамвая красовалась  казахская юрта с надписью «Қош келдіңіздер - Добро пожаловать»

     Спортивно-молодёжный фонд «Достар – Друзья» установил  ещё с вечера  зтническое жильё кочевников которое украшалось  охотничьими  трофеями, коврами и национальными костюмами,   выставкой блюд национальной кухни и сувениров.          

Пешеходная зона стала красивой, яркой, функциональной, удобной. И главное – она поистине стала украшением нашего города. Огромная благодарность Вячеславу Володину и партии "Единая Россия за  инициативу и поддержку обустройства этой улицы.

     Приятно, что на праздник пришло так много жителей и гостей нашего города. Все они отметили, что Саратов становится краше, благоустроеннее.        

В программе праздника: выступили творческие коллективы Саратовского областного «Культурного центра «Казахстан», Коллектив  танца «Тулпар»  ДД «Прилужненский», по инициативе  Лауры Утешевой – студенты консерватории – ансамбль «Артель», участники народного творчества Городского Дома культуры национального творчества. С  показательными выступлениями выступили  самбисты тренера Асербекова О.Н.  В нарядных  национальных костюмах женщины предлагали угощения  блюд казахской кухни: наурыз коже  на молоке, как символ светлой и жизненной силы человека с добавление пяти  злаковых компонентов прорастающих в нашем  регионе, курт и баурсаки. Под народные и современные ритмы танцевальный флешмоб увлёк и стар, и млад. Лидеры национальных объединений тепло поздравили  с праздником. В этот день считалось обязательным получить добрые пожелания от высокоуважаемых земляков.

       С приветственными словами выступил Зюзин Сергей Юрьевич - министр – председатель комитета общественных связей и национальной политики Саратовской области.

      Приветственный адрес  Сараева Валерия Николаевича  - Главы  Администрации  города Саратова  зачитал Данилов Михаил Викторович – и.о. зам. главы Администрации  г.Саратова по общественным и национальным отношениям. С пожеланиями добра и благополучия к собравщимся обратились  общественники: Джунельбаев Есен Тлеубаевич -   почетный  председатель «Культурного центра «Казахстан»,  доктор  сельскохозяйственных наук, Борис Леонидович Шинчук - председатель регионального отделения Ассамблеи народов  России, Зуев Александр Пулатович – заместитель председателя Ассоциации национально-культурных объединений Саратовской области. Утешев Ербулат Темербулатович, Гатаулин Тарих Сарсенгалиевич от Спортивно-молодёжного фонда «Достар» пожелали  всем благополучия  и  молодым заниматься больше  спортом.   

Джунельбаева У.М. Председатель  СООО «Культурный центр «Казахстан»          

толығырақ

       Алматының «Қайрат» клубы Ресейде дүниеге келген 20 жастағы шабуылшы Самат Сәрсеновпен үш жылдық келісімшарт жасасты. 

       С.Сәрсеновті өткен жылы Алматыда «Қайрат» пен Ресейдің «Оренбург» командалары жолдас­тық кездесу өткізгенде көргенбіз. Сол кезде аз-кем сұхбаттасып, пікірін де білген едік.

      – Новотроицк қаласының тума­сымын. Футболмен жеті жасымнан айналыстым. Бала кезімнен-ақ осы спорт түрін жақсы көрдім. Өзге ба­ лалар секілді мен де ала доп ойнауды ауладан бастадым. Кейіннен мектеп­те қыр-сырын үйрендік. Сосын спорт мектебіне бардым, – деп еді ол.

     Футболшы карьерасын 2013 жылы өзі туған қаладағы «Носта» командасынан бастаған. Ал соңғы үш жылын «Оренбург» клу­бының дублінде өткізіпті. Биылғы жылы дубльдің капитаны болды. Жасөспірімдер лигасында бес матчта үш гол соққан.

    «Қайрат» клубының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойын­ша, Сәрсенов бірінші лигада ой­найды. Биылғы маусымда «Қайрат Академия» бірінші лигаға жолдама алған еді. Чемпионат 15 сәуірде басталады.

      Айта кетерлігі, Самат Сәр­ сенов – құжат бойынша Ресей азаматы. Қазақстан чемпионатында ол легионер болып саналады. Тіп­ті, біздің елдің азаматтығын алса да, ұлттық құрама немесе жас­тар құрамасы сапында бір ойын өткізбесе, легионер болып қала береді. Себебі, ол «Қазақстан фут­болының түлегі» емес.

      Бек ТӨЛЕУОВ, журналист

толығырақ

  Омбыда Наурыз-шоу өтеді

      РФ Омбы облысында қазақтың Наурыз мерекесін атап өтеді, деп хабарлады om1.ru.
      Мерекелік шара Называевский ауданында өтеді. Қазақ диаспорасы гір спорты, армрестлинг, арқан тарту, күрес жарыстарын қамтыған бағдарлама әзірлеген. Мерекенің шарықтау шегі бәйге болмақ.
     Басты шара 23 наурызда Омбы филормониясында өтеді. «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдениетінің орталығы «Наурыз-шоу» концертін ұйымдастырады. Онда Омбы және Омбы облысының шығармашылық ұжымы және Қазақстаннан Асқар Наймантаев пен Базарбай Мұрат  өнер көрсетеді.
      Атап өтсек, ЮНЕСКО көктемнің шығыс мерекесін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізген, ЮНЕСКО күнтізбесінде ол Наурыз халықаралық күні деп аталады.

толығырақ

       Қазақ пен қалмақ — ежелден ат үстінде қатар желіп, алысып та, табысып та ғұмыр кешкен халықтар. Олардың тарихи атқонысы моңғолдармен іргелес болса да, біраз бөлігі соңғы үш ғасыр жарым уақыттан бері әуелі Еділ-Жайық өзендері арасын мекендеп, одан Еділден әрі өтті. 1771 жылдан бастап Ставрополь өлкесінің бір пұшпағы, Вологда облысының іргелес Астраханының батыс өңіріндегі кең даланы түбегейлі қоныс етіп келеді.

        Бір кездері Астраханьды бас қаласы санаған олар кеңес дәуірінде әуелі Автономиялық облыс (04.10.1920 ж.), кейін Автономиялық республика (04.11.1935 ж.) мәртебесін иеленді. Астанасы – Элиста қаласы. Қазір он­да рес­публикада тұратын 150 мың тұр­ғын­ның 70 мыңы мекендейді. Негізгі тұр­ғы­ны қалмақтар, тағы да қазақ, орыс, дар­ғын, украин, татар, басқа да ұлт өкіл­дері бар.

        Республика халқы негізінен ауыл шаруашылығы, оңтүстік бөлігі балық өнеркәсібі, егін шаруашылығымен айналысады. Жері қызыл қоңыр, қоңыр топырақты құмдауыт сортаң, көбіне-көп жусан, бидайық шөптер өседі. Өзен-көлдері жоққа тән. Соған сай, тұрғындар жерасты суын пайдаланады. Тіпті, Элистаның өзінде күнделікті қолданыстағы су көзі техникалық, ауыз суды тасып ішеді.

       Республика халқының бір бөлігін (4,5 мың) қазақтар құрайды. Олар негізінен Яшкул, Юстинская, Лаган, Черноземель аудандарында тұрады, көбінесе мал шаруашылығымен айналысады.

       Қазақтар мен қалмақтар – әуелден аралас-құралас халықтар. Бірақ қалмақ да­ласына қандастарымыз екі түрлі себеппен қоныс аударған. Алғашқысы – бас­қа жердегі сияқты отызыншы жыл­дар­ғы Қазақстандағы колхоздастыру, байларды тәркілеу кезінде қолдағы мал-мүліктерінен айырылып, күнкөрісі қиындаған шекаралас облыстардың қазақтары осы аймаққа көше бастаса, екінші себеп, Ұлы Отан соғысы жыл­­дарында депортация жасалынған қал­­мақтар жеріне тағы да көршілес об­­лыстардың, соның ішінде ауыл ша­­руашылығы саласындағы малшы қазақтарды отбасымен өкіметтік тәр­тіппен күштеп орналастырылды.

       Кейін 1943 жылы (27.12) үкі­мет қаулысымен таратылған Қал­мақ ав­тономиялық республикасы қай­та құрылып (29.02.1958 ж.), де­пор­­та­ция­ланған қалмақтар тарихи отандары­на орала бастады. Осы кезде біраз қа­зақ от­басы өз елдеріне оралып, кей­бі­рі қал­мақ даласын жерсініп, тұрып қал­ды. Біз сол қазақтардың бүгінгі жай-күй­ін бі­лу мақсатымен жолға шықтық. Қа­­сы­мыз­да ауыл шаруашылығы сала­сы­ның ардагері, республиканың еңбек сіңірген қызметкері, жазушы Өмірзақ Қажымғалиев, Астрахань қа­зақ­­тарының «Жолдастық» тіл және мә­дениет қоғамы төрағасының бірінші орын­басары Өмірзақ Бекмұқанов және жол­серігіміз Аслан Мұқашев бар.

        Қалмақ елінің шекарасы Астрахань­ның іргесінен басталады екен. Көсілген жа­зық дала. Ұзыннан ұзақ созылған ала­са дөңдер бір-біріне иек артып, ал­дың­нан әлсін-әлсін жарқыраған айдын көл­дер шығады. Әуелгіде үзік-үзік то­ғандар ғой, балығы көп-ау деп мәз болсақ, көктемгі өр суы кезінде ре­сейлік ағайындар Қазақстанға бағыт ал­ған Еділ суын осылай бұрады екен. Сол кезде мына айдындар бір-бірлеп лы­қылдап, жалғасады. Бірақ жаз ортасы ауа буланып бөлінеді, шағын-шағын сорға айналады, былайша айтқанда ащы сулы шағын тоғандар.

      Әуелі алдымыздан Колькутта ауы­лы, одан сәл әрі жылжығанымызда Утта, тағысын-тағы елді мекендер бірі­нен соң бірі кезікті. Бір кезде тағы бір ауыл­­­­дың қарасы көрініп еді, жанымыз­да отырған астраханьдық Өмірзақ Қа­был­ұлы «Мынау Яшкул селосы. Бұл Кал­мыкияның ең үлкен ауданының орта­лығы» деп таныстырды. Сөйтсе, ауыл шетінде бір топ азаматтар күтіп тұр екен. Ортасындағы екі иығына екі кісі мінгендей еңгезер жігіт өзін Асқар Бақтығалиұлы Тілемісовпін деп та­ныстырды. Осындағы қазақтардың «Жерлестер» қоғамының төрағасы екен. Бұрындары мал фермасын бас­қар­ған. Кеңес өкіметімен бірге кеткен кең­шардан соң әлдебір мекеменің есігін бақ­қан күзетші көрінеді. Жанында та­ғы да үлкенді-кішілі он шақты қазақ бар. Көңілі ғой, бізді шағындау дәм­х­а­налардың біріне кіргізіп, құрғақ қара шаймен әңгіме бастадық. Қан­дастарымызда әкетіп бара жатқан жұ­мыс жоқ, бірі жүргізуші, екіншісі құ­рылыс саласы, тағысын тағы барып кел, алып келдің адамдары көрінеді. Өйт­кені, ауылда тұрақты жұмыс жоқ. Бұ­рынғы мал, егін саласындағылар зейнетке шыққан. Кейінгілер екі қолға бір күрек табылса, оған да мәз.

        – Ауданда ұзын саны 1100 қазақ тұра­ды. Барынша ұлттық салт-дәс­түрімізді ұмытпауға тырысамыз. Соңғы 35 жылдан бері Наурыз мерекесін тойлап келеміз. Бірақ ол дәл күнінде емес, сәуірдің аяғында өт­кізіледі, – дейді ауылдың 67 жастағы тұр­ғ­ыны Қайып Берқалиев.

         Біз болсақ, «дәл күнінде өткізілмеген ме­рекенің қандай қызығы бар?» дейміз.

        – Бізде 22 наурызда күн салқын, сон­дықтан Ұлыстың ұлы күнін жер арқ­а­сы қыз­­ғанда атап өтеміз, – дейді ол.

        – Ауылымызда мешіт жоқ. Балала­ры­­­мыз дінсізденіп бара жатыр, – дейді 83 жастағы Ақмыш Боқанов ақсақал.

        – Теріс ағымдағы жастарыңыз бар ма?

      – Мешіті жоқ жерде дін бола ма? Әзір­ге одан аманбыз, – дейді қария.

        – Немерелеріңіз қай тілде білім ала­ды?

       – Тек қана орыс тілінде. Мұнда қазақ түгілі қалмақтың өзінде ана тілінде мек­тебі жоқ. Ұрпағымыз түгелдей орыс­танып барады. Аралас неке көбейіп кетті. Дінсіздік ұлтжандылықты азайтады екен. Балаларымыз орта мектепті бітіргенде жоғары білімді Қазақстан емес, Мәскеу, Санкт-Петербург, Ростов, Одесса қалаларынан алғанды жақсы кө­ре­ді, – дейді қария.
       Ойланатын, тіпті қиналатын жағдай екен. Даусыңды шығарып, уәж айту да қиын. Ақыры іштей тынып, атқа қондық.

       Ендігі бағыт – Элиста. Онда бізді қа­зақ мәдениетінің республикалық қо­­ғам­ының төрағасы Қатимолла Ыды­р­ы­­с­ов қарсылап, қалмақтардың ді­ни­ ұс­танымы – ламаизм ғибадатханасы – ху­рулға алып барды. Әуелгіде біз бұл үрдісті түсінбей қалдық. Сөйтсе, әң­­гіме діндарлық емес, хурул үйінің Элис­тадағы ең үздік сәулет құрылысы еке­нін және сол арқылы қалмақ мәде­ние­тін көрсету мақсаты екен. Айтса айт­­қандай, ғибадатхана құрылысы аса шеберлікпен жүргізілген, еңселі, да­лиып жатыр. Келушілерді бірден бау­рай­­ды, имандылық ұйыған жер, құл­шы­лық төрі. Бұл үйді тұрғызуда рес­пуб­ликаның бұрынғы басшысы Кирсан Илю­мжиновтің еңбегі көп көрінеді.

       Бұдан әрі қалада тұратын бір топ қан­дастарымызбен кездестік. Кездесуді қо­ғам төрағасының өзі ашып, Қалмақ қы­рында (қазақтар Қалмақ жерін осылай атайды) тұратын нәсілдестеріміз ту­ралы айта бастады.

        Республиканың дамуында қазақ­тар­дың үлесі мол. Тіпті, сонау 20-30-жыл­дар­ғы қалыптасу кезеңінде де бас­қа­ру орындарында біраз қандасымыз ең­бек етті. Ұлы Отан соғысының қыз­­ған шағында Астраханьға бағыт ал­­ған жауға алғашқы және соңғы соқ­­қы Коль­кутта асуында берілді. Кей­ін Ке­ңес Одағының Батыры атағы бе­ріл­­ген Қарсыбай Сыпатаевтың осы ұрыстағы ерлігі көпке үлгі. Келешекте рес­­публика жұртшылығы аталған ба­тыр­ға Шарнут кентінде ескерткіш қою ние­тінде.

         Республика бойынша 13 аудан бол­са, олар кезінде түгелге жуық мал ша­руа­шылығының барлық түлігін өсірді. Олар­дан басқа аздаған мұнай, балық, тұз өнеркәсібі бар. Бірақ бүгінгі тірлік қиын. Жұмыссыздық өскен. Қолынан іс келетін, оқыған жастар түгелге жуық өз­ге өндірістік қалаларға кеткен.

       Элистада бір-ақ университет бар. Он­­да әлемнің отыз елінен жастар оқи­ды. Соның бірі – Қазақстан. Қазір онда 75 қандасымыз мамандық игеруде. Жа­тар, тұрар орындары қолайлы. Біз де онда болдық, көрдік, ризалық сезім ту­ғызды.

        Республикада қазақтардың 5 тіл жә­не мәдениет қоғамы бар. Өткен жы­лы олар поэзия алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына ар­нап, республикалық деңгейде үлкен ша­ра өткізді. Оған көршілес Астрахань об­л­ы­сы­ның қазақтары да қатысты.

        Кездесуде Марат Әдесов, Ғалиолла Оқасов, Бисен Дүйішев, Айбар Мыр­за­беков, Алтынай Садықова, Сәбит Дүйсә­лиев, Өмірзақ Қажымғалиев, Өмір­зақ Бекмұқановтар сөйлеп, қал­мақ жеріндегі қандастарымыз өз тір­лік­те­рі­нен хабар берсе, астраханьдық өкіл 200 мыңға жуық нәсілдестер тұратын өңір­де қазақ атын өшірмеу бағытындағы жұмыстар, ал, Өмірзақ Қажымғалиұлы келешекте әлемдегі ең озық отыз елдің қа­тарына қосылу жолында еңбектеніп жат­қан Мәңгілік Ұлы Дала елінің – Тәуелсіз Қазақстанда жүргізілген игі қа­дамдар жайлы әңгімеледі.

        Қалмақ қырындағы қазақтар берісі 70-80, әрісі 100-150 жылдан бері сонда тұр­ып жатыр. Сонда ата-бабаларының бейіттері бар. Әкелерінің ізі қалды, өздерінің балалығы өтті. Отау құрды, ортан қол түтін түтетті. Өздері де біраз жас­қа келді. Соған сай үйреніскен жер­лерін тастап кеткісі жоқ. Бірақ олар­дың мында қалып жатқан бала­лары та­ғы жоқ. Өйткені, мұнда олардың өмір сүру дағдысына сай жұмыс та­былмайды. Қыр асып, ел кезіп, ту­ған ошақтан жырақта қоныс тапты. Кө­бі ана тілінен ажырады, өзге тілде шүл­дірлейді. Шүлдірлейді дегеннен шы­ғады. Біз Утта ауылында болғанда Сағындық Темірғалиұлы Көбенов деген 69 жастағы қарияны кездестірдік. Өзі Дың­ғызылдың Батпақшағылынанмын дейді. Бұл жаққа тым жастай Бәйбектен ке­ліпті. Бізді Колькуттадағы үйіне алып барды. Төргі бөлмесі жөндеуде екен, сенегіне тізе бүктік. Тамара Ед­жи­­гараевна деген кемпірі қалмақ қы­зы екен, қазақ тілінде есіп тұр. Был­қы­тып ет асып берді. Күрең шайын да еселей жет­­кізді. Қолымызға отыздан асың­қы­рап кеткен ұлы Салауат су құй­ды. Біз «ба­лаң қайда, өзің неге құя­сың?» деп едік, сөйтсе әлі отау құр­мап­ты. Бұдан үл­­кен тағы да ағасы бар екен. Ол да үй­л­ен­беген.

        – Ата-аналарың үлкейді, келін алып, қолдарын ұзартпайсыңдар ма? – де­сек, ол бейтараптанып бетімізге қа­райды. Біз де қараймыз. Сөйтсе, ол біздің айт­қа­нымызға түсінбей тұр екен. Ол-ол ма? Әкесі мұсылмандық жол­­мен ислам дінінде алақанын жайса, анасы лама-пұтқа табынады. Ал Са­лауат болса, екеуінде де жоқ. Міне, қал­мақтар арас­ындағы қандастарымыз осын­дай. Бірі­нің әкесі қазақ, екіншісі бас­қа ұлт. Қыз­дары қыр асып, дарғын, да­ғыс­тан­дық­тарға әйел, діннің не екенін біл­мей­ді. Жаһанданумен жұтылып, ұлт­сы­зд­ану ауруына ұшыраған.

      Солай… Бірақ күдер үзіп, күңіренуге ерте шығар. Онда да ел бар, қазақ бар. Үл­кендері үгітіліп біткен жоқ, кішілері кө­геріп өсіп келеді. Жас өспей ме, жарлы байымай ма?..

        Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВДүниежүзі қазақтары қауымдастығы Атырау филиалының басшысы

       https://www.egemen.kz/2017/02/28/105221

толығырақ

      Казахский народный ансамбль танца «Айгуль» и казахский народный театр моды «Маржан» созданы при Самарской региональной общественной организации Национально-культурной автономии казахов «АК ЖОЛ» в октябре 2003 года на базе Государственного казенного учреждения Самарской области «Дом дружбы народов». В их составе более 50 человек  в возрасте от 3 до 35 лет. В 2009 году ансамбль получил звание «Народный коллектив».

     Руководители коллектива – хореограф Жалелова Айгуль Наримановна и музыкант Султанов Салауат Аскарович. Айгуль Наримановна  и Салауат Аскарович очень преданны своей любимой работе. В своих воспитанниках они ценят трудолюбие и терпение, помогают каждому из них раскрыть их талант, учат их красиво танцевать, умело одеваться, изучают с ними этнографию, национальные костюмы, орнамент, быт, обряды, традиции казахского народа.      Они - мастера своего дела, талантливо и грамотно подбирают репертуар, разнообразные формы воспитательной работы в коллективе. Благодаря этим качествам в работе они достигли больших результатов.

      В 2010 году они были награждены Почётными грамотами Министра культуры Российской Федерации А.А.Авдеева, также награждены Почетными грамотами Губернатора Самарской области и Самарской Губернской Думы. Они стремятся развить в людях любовь к музыке, к богатой и прекрасной культуре казахского народа.

     Салауат Аскарович и Айгуль Наримановна получили звания «Заслуженные деятели культуры Республики Казахстан» от Министерства культуры Республики Казахстан. 

     В 2016 году Айгуль Наримановна получила звание "Заслуженный работник культуры Самарской области".

      Казахский народный ансамбль танца «Айгуль» и казахский народный театр моды «Маржан» участвовали во многих мероприятиях, фестивалях и победители многих конкурсов в городах Самара, Самарской области, г. Уральск, г.Алматы, г.Актобе Республики Казахстан. Участники коллектива интересные, увлеченные, яркие и творческие личности, любящие танцевать, фантазировать, шить, моделировать, умеющие продемонстрировать модели одежды во всей красе. 

      В репертуаре казахского народного ансамбля танца «Айгуль» есть не только казахские танцы, но и танцы Средней Азии и Востока. Театр моды «Маржан» - один из нескольких театров мод, создающих коллекции на основе казахского национального костюма по всей России.

     Деятельность коллективов направлена на пропаганду сохранения и развития казахской национальной культуры не только в Самарской области, но и по всей России, и за рубежом.

      Казахский народный ансамбль танца «Айгуль» и казахский народный театр моды «Маржан» - украшения многих мероприятии, фестивалей и конкурсов, а также они являются визитной карточкой казахов Самарской области.

      2017 год для ансамбля начался с участия в Международном конкурсе "Мой путь", где наши девочки одержали победу и были награждены тремя дипломами лауреатов 1 степени сразу в трех номинациях хореографии и театра моды. Солистка коллектива Маржан Султанова получила диплом лауреата 1 степени в номинации "соло" за прекрасное исполнение казахского танца.

       В феврале в Самаре прошел Всероссийский конкурс "Метелица", в котором наш казахский народный ансамбль танца «Айгуль» одержал победу и награжден дипломом лауреата 1 степени в номинации "Народный танец", а Маржан Султанова стала лауреатом 3 степени.   Молодцы!

       14 февраля наши девочки участвовали в конкурсе детской и молодежной моды "Самарский стиль" и заняли 1 место. В номинации "Юный стилист" участвовала и четырехлетняя малышка Айя Султанова и заняла 3 место. Она была в костюме принцессы, эскиз к которому она нарисовала сама.

        Маржан Султанова солистка коллектива получила диплом Гран-при всего конкурса. Маржан дефилировала на сцене в образе сакской царицы Томирис и покорила всех членов жюри и зрителей своей неповторимой грацией и обаянием, жюри похвалило ее старания, дизайн и необычность костюма. Маржан выступает на сцене с 1,5 лет и за это время обрела огромный опыт выступлений, она победительница многих всероссийских и международных конкурсов по театру моды и народным танцам.

      Поздравляем коллективы казахский народный ансамбль танца «Айгуль» и казахский народный театр моды «Маржан» и их руководителей -

       Жалелову Айгуль Наримановну и Султанова Салауата Аскаровича с Победой на конкурсах и желаем дальнейших творческих успехов!

          ГКУ СО «ДДН»

 

толығырақ

Ресей қазағы Жанат Бекмағамбетов (ортада). Сурет жеке мұрағаттан алынды.

     Ресей қазағы Жанат Бекмағамбетов (ортада). Сурет жеке мұрағаттан алынды.
     Ресейдің Омбы облысындағы қазақ азаматы қазір мектепте ана тілі қосымша оқытыла бастағанын айтады. Оның сөзінше, жергілікті кәсіпкерлер де қазақ тілін үйренгісі келеді.

      Ресейдің Омбы облысындағы қазақ мәдени орталығының президенті Жанат Бекмағамбетов 1975 жылы сол өңірде дүниеге келген. Он шақты жыл полицияда қызмет еткен, кейін жеке кәсіппен шұғылданған азамат қазір қоғамдық жұмыспен айналысады, қазақ және орыс тілдерінде «Жас жұбайлар» атты журнал шығарады.

      Жанат Бекмағамбетов Азаттық тілшісімен сұхбатында Омбыдағы қазақ тілінің ахуалы туралы айтты.

        Азаттық: – Сізді жерлестеріңіз сыртыңыздан «Омбыдағы қазақ жастары арасынан шыққан алғашқы депутаттыққа үміткер» деп таныстырды. Ол аймақта сізден кейін саясатқа қызыққан жастар бар ма?

Ұлттар мәдениеті фестивалінде отырған Ресей қазақтары. Ресей, Омбы, 24 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ұлттар мәдениеті фестивалінде отырған Ресей қазақтары. Ресей, Омбы, 24 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

      Жанат Бекмағамбетов: – Омбыдағы қазақтар арасынан саясатқа ынта білдірген және кейінгілерге жол көрсеткен жалғыз адаммын. Бір рет депутаттыққа үміткер болып көрдім. Сенсеңіз, бұл – өте қиын жұмыс. Содан кейін денсаулық, білім және мәдениет саласына қатысты жұмыстармен айналысуды жөн санадым. Ал кейінгі жастар маған қарайды. Бізде саясатқа араласқысы келетін жастар өте аз, бірақ бастамашыл жастар шыға бастады.

       Азаттық: – Ресейдегі қазақтар көп әрі Қазақстанмен шекаралас Омбыдағы қазақ тілінің жағдайы қандай?

Жасым 42-ге келгенде қазақ тілін енді-енді үйреніп жатырмын. Өйткені жастық шағымда қазақ тілі бізде тек «алып кел», «алып кет» деген секілді «ас үйдің» тілі ретінде қолданылды.

        Жанат Бекмағамбетов: – Жасым 42-ге келгенде қазақ тілін енді-енді үйреніп жатырмын. Өйткені жастық шағымда қазақ тілі бізде тек «алып кел», «алып кет» деген секілді «ас үйдің» тілі ретінде қолданылды. Мектепте мүлдем оқытылмады. Сол себепті қазір біз мектепте кәсіби мамандардың оқытуын қолға алып жатырмыз. Мәселен, биыл қаладағы 130-мектептің жоғарғы сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Өйткені бізде қазір қазақстандық компаниялармен стратегиялық қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқан компаниялар бар. Оларға қазақ тілінде құжаттар толтыратын мамандар қажет.

         Азаттық: – Сіз басқаратын қазақ мәдени орталығы тіл үйретуге байланысты қандай жұмыс атқарып жатыр?

     Жанат Бекмағамбетов: – Дәл қазіргі сәтте Омбы қазақтарының мәдени орталығы тіл үйренуге байланысты жұмыстармен айналысып жатыр. Қазір біз мектепте тіл үйренуге қатысты екі жобаны қолға алып жатырмыз. Мектепте біздің оқытушыларға арнайы штат енгізіліп, директор өзі қадағалап отыр. Оларға білім департаментінен жалақы төленеді.

Жанат Бекмағамбетовтің жергілікті сайлау кезіндегі насихат плакаты. Сурет жеке мұрағаттан алынды. Омбы, 2016 жылдың қыркүйегі.

Жанат Бекмағамбетовтің жергілікті сайлау кезіндегі насихат плакаты. Сурет жеке мұрағаттан алынды. Омбы, 2016 жылдың қыркүйегі.

       Өйткені ақылы түрде курс ашқаныңмен, халық бәрібір келмейді. «Ақша жоқ» дейді, ал тегін ашсаң, «уақыт жоқ» деп шығады. Мәдени орталықтың жетекшісі ретінде менің өзім де мектеп оқушыларымен бірге тіл үйреніп жүрмін.

      Тек оқушылар ғана емес, көптеген кәсіпкерлер де қазақ тілін үйренгісі келеді. Өйткені Қазақстан бізбен шекаралас мемлекет болғандықтан арадағы алыс-беріс те жиі болып тұрады. Олар Қазақстаннан келген азаматтармен өз тілдерінде еркін сөйлескісі келеді.

        Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

      http://www.azattyq.org/a/kazakhstan_kazakhs_in_russia_in_omsk/28253893.html

толығырақ

     Жанұя қазақ халқы үшін өте маңызды. Ең бастысы рухани тәрбиені, салт-ғұрпымызды, ата-бабаларымыздан қалған қасиеттерді, ата-тегімізді осы жанұядан аламыз. Оны бұрыннан және осы күндерге дейін дұрыс түрде жеткізіп келе жатқан ата-әжелеріміз, әке-аналарымыз.
      Солардың бірі деп біздің Бөке ауылындағы Битуған ақсақалдың бәйбішесін айтамын. Сол ардақты ана 24 баланы дүниеге әкелген. Қазіргі заман өлшемімен екі мәртебе «Ер ана» иесі. Кім екен сол ана?
        Ол апамыздың есімі Сүйкім (1873-1943 ж.ж). Бөке ауылына келін болып түскеннен кейін ел Кішкенебас деп атап кетіпті. Себебі біріншіден, басы кішілеу болса керек (әйтеу, қазақ ат қойғанға аса шебер ғой), екіншіден, Битуғанның әкесінің аты Сүйінбай болған. Қайынатасының аты аталмасын деп Сүйкім есімі Кішкенебасқа ауысқаны осы. Өмір бойы Кішкенебас атанып 24 баланы құрсағына көтеріп, соғыс кезінде қайтыс болыпты. Қазіргі Шоқай көпірінің төменгі жағындағы бейітке жерленген екен.
     Балаларының көбі ертерек, кішкентай кезінде шетінеп дүниеден өткен көрінеді.
      Осы Сүйкім апайдың тұңғыш баласының аты Молдағали 1892 жылы Шаған ауылында туыпты деген архивте бар. Бірақ, бұл мәлімет дұрыс болмауы керек. Себебі, Сүйінбай ақсақалдың мекендеген жері қазіргі Шаған-Бұрғызы. Сонда Шаған-Бұрғысы деген, Шаған ауылы (орысша Чаган) деп жазылып кетуі әбден мүмкін. 1938 жылы 19 желтоқсанда халық жауы деп атылыпты. Молдағалидан қалған ұрпақ Құмарбек, Өмірбек (Томан), Алаш.
       Екінші баласы Әбуғали (Абатай) – 1895-1976 ж.ж.. Балалары Сәния, Нұрбике, Бекбол.
      Үшіншісі Қасымхан 1897 жылы туыпты балалары Имамәди, Шеке (Шернияз), Күлшара.
       Төртінші баласы Тұрқан 1899 жылы дүниеге келіп, соғыс кезінде қайтыс болыпты. Балалары Қинаубай, Мәйса (Мадінов Класс деген адамның әйелі болған).
       Бесінші баласы Батау (1901-1937ж.ж.) Одан қалған ұрпағы Қазез.
       Ең кенже ұлы Құрманғали (Құмаш) (1906-1976ж.ж.). Балалары Дәрмен (Әлібек), Анал, Айып, Ләтиза, Рәпік, Қосай.
        Кенже қызы Кенжетай (1911-1995ж.ж.) Бұл адамды Төбелерде Ақтас-бабушка деп атаған. Кенжетайдан кейін тағы екі қыз бала болыпты, біреуі Мәути. Ол адамнан туған Пушлан (Нүкеева. Жаңауылда).
       Басқа балаларынан хабар аз, нақтылап айту қиын. Ал, Битуған ақсақалдың өзі кең мінезді, балаларына жайлы қарап, бір де бір қатты сөз айтпайтын адам болыпты. Ашуы келіп ең қатты ұрысқаны «шайтан» деп қана қояды екен.
       Ата-әжелеріміздің өмір сүргені кездері сонау 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басы еді. Сол тұстағы халықтың бастан кешкен тарихи оқиғалары: орыс — жапон соғысы 1904ж., орыс революциясы 1905ж,. Столыпин реформасы, бірінші Дүниежүзілік соғыс 1914-1918ж.ж.. Міне, осындай тарихи оқиғалар Шүй қазақтарына өз кесерін, соққысын тигізді. Онымен қатар жер сұрағы толық шешілмепті, Алтайдың арғы жағынан көшіп келген қазақ орнықты орналаса алмаған көрінеді. Мұның барлығы аз болғандай «Жұт жеті ағайынды» дегендей, Шүйде шешек ауыруы деген үлкен бәле болыпты. Осы дерттен де Битуғанның бірғанша баласы шетінепті.Қандай қиыншылық бастарынан кешіп, қайғы, жоқшылықты көрсе дағы өмірге деген, артымызда қазақтың ұрпағы қалсын деген сезімдерін биік ұстап өткен ата-бабаларымызға мың да бір рахмет. Бұл біз үшін үлкен ерлік.
       Осының барлығы қазағымыздың, ағайын-туыстың ауыз бірлігі, татулығы. Қиын-қыстау кезінде бір-біріне сүйеніш, тіреу болып, қолдап-қорғап барлық күш-қайраты мен білім-жігерін жұмсап, еңбек етіп, дұрыс түрде рұхани тәрбие берген ата-әжелерімізге, әке-аналарымызға ризашылығымыз шексіз екенін білдіріп, бас иеміз.
      Ақсақалдарымыздың ұрпаққа берген тәлім-тәрбиесін өмірдің нақты жолы деп есептеуіміз керек.
      Бұл жүрде осы тәрбиелік жолды дұрыс ұстап бізге жеткізген ата-ағаларымды әңгімеме қоса кеткім келеді. Олар: Нұрсәли ақсақал, Абатай ақсақал, кейінгі уақыттарда Құмарбек, Қазез, Класс ағаларымыз. Әрине, басқалары да өз үлестерін қосты ғой. Оны бір жолда бір мақалаға сыйғызып жазуға мүмкін емес.
       Ал, әңгімені жалғастырмақ бұрын оқырманға осы ата-ағаларым жайлы біраз түсіндірме берейін. Егер, Абатай Битуғанның баласы, Құмарбек пен Қазез немерелері деп таныстырсам, Нұрсәли мен Класс кімдер болған екен дерсіздер?.
      Бабамыз Сүйінбайда үш ұл болыпты: үлкені Әубәкір, ортаншысы Бақырбай, кішісі Битуған.
       Бақырбайдан туған ұлдары: Нұрсәли, Солтақан, Жабатай, Биғали.
     Солтақанның балалары: Класс, Елеш, Пункт, Қайша (Ибрагимова), Армия (Сәбитова). Ал, Нұрсәли Бақырбайдан туғанымен өмір бойы баласы болып саналмапты суық бауыр болып, Битуғанға ағасына жақын жүріп, бар қамқорлығын әке борышындай осы адамға өтеген екен. Осылай деп отырғаным Битуғанға әкесі Сүйінбай: «Нұрсәли сенің інің» — деп тағайындағанда Нұрсәлидің жасы 20-дан асқан, үйленген, өз мал-мүлкі мол, аяғына нық тұрған кезі екен. Сол себептен Битуған інісіне қамқоршылық емес, қайта Нұрсәли інісі көбірек қамқор көрсеткені анық. Бұл жерде ешқандай артықшылық жоқ. Әкемнің айтқанынан, ағаларымнан өз құлағыммен естігенімді жазып отырмын. Тіпті, Нұрсәли ақсақалды қартайған шағында көрген Елеш ағамыздың айтуы бойынша, Нұрсәлиді жұрт «Дәлдең» деп атаған екен. Себебі ерте тұрып, атқа мініп ауыл маңында не болып жатқанын, қай жерде гүбір-дүбір, қай жерде аң-құс, бейтаныс нәрселердің жүргенін елден бұрын біліп отыратын жан болыпты. Сонда жұрт бірдеңе болса, «Дәлдеңе бар, Дәлдең біледі, сол ақсақал көрген шығар» деп отырады екен. Битуғанның жалпы малына ие болып, асырап-сақтап, әсіресе жылқы малын барымтаға жібермей өз мықтылығын көрсеткен. Осы қамқоршылы үшін ағасы да ризашылығын білдіріп «қолғанатым» деп, қайталаудан жалықпапты. Бәйбішесі «Еркем» деп ат қойып, өмір-бақи сыйлап, құрметтеп өтіпті. Бір ісі бітпей қалса, «Еркемді шақырыңдар» -дейді екен.
       Жоғарыда «іні болып тағайындалғанда» деп жазып жатқаным, ол бір бөлек әңгіме.

        Ол былай болған екен. Сүйінбайдың үлкен ұлы Әубәкір үйленгеннен кейін қайтыс болады. Әйелі Шашу деген адамды сол заманның ғұрпы бойынша қайыны Бақырбайға қаратады. Бірер жылдан кейін ұл туады. Ал Бақырбайдың өз әйелі Жанасылда әлі бала болмапты. Сонда екі әйел келісе алмай Шашу басқа елге кетеді.
      Бір жастағы баланы Нұрсәлиді Сүйінбай атасы бауырына алып, келініне бермей, өзі асырап, еншісін береді. Сонда мал-мүлкін екі ұлы Бақырбайға, Битуғанға және Нұрсәлиға тең бөліп берген екен.
        Шәшу апамыз кетсе де ұзаққа бармапты. Себебі, келесі барған ауылы тағы Бөке, Сүйінбай ақсақалдың туысқан Тектібайдың балалары Мұқан, Жақан деген адамдардың балаларының біріне барыпты. Бала-шағалы болып, атты көтеріп жүре беретін керемет бір балуан туыпты. Басқа мәлімет аз, ол адамдар Шүйде тұрмаған көрінеді.
      Келесі кезектегі атамыз Абатай жайында айтатын болсам, мықтылардың бірі болса керек. Өзінің адамгершілігі, сауаттылығы үшін ағайын Жақсыаға атапты. Осы кісінің айтқан ақылы, сөздері елдің құлағында қалған, афоризмге айналған. Батылдығы мен балуандығы жайында үлкен бір әңгімені келешекте жазармын.
      Ал тапқырлығы мен өзіне сенімділігі жайлы анықтайтын біраз дерек келтірейін. 1930-1931 жылдары аудан көлемінде көптеген қазақтарды тұтқынға алып «халық жауы» атаған уақытта Абатай Қосағаштың құрылыс бөлімінің меңгерушісі болған, алдынғы уақыттарда шекара арасында жүк тасыған. Ол адам да көзге түспеді дейсіздер ме? Көре алмайтындары да болған. Бірақ тапқырлығының арқасында құтылып отырған. Абатай аңдығандардың өздерін ұстап алып таяғын беріп, құлақ түбінен жарақаттандырып қоя бергені бар. Оларды жұрт Абатайдың «Таңбалылары» атапты. Сол «Таңбалылар» аяғы арам әрекеттерін қоймай 1936 жылы амалын тауып, Абатайды 5 жылға соттатып тынып тауыпты. Сонда да бірер жылдан кейін ауылына қайтып келгенде дұшпандардың бірі, — «Абатай отқа да жанбайды, суға да батпайды» — деген екен. Ұлы Отан соғысына да қатысып еліне аман сау оралған ардагер. Өмірінің соңына дейін «Жақсыаға» атанып, ағайын-туысына тіреу болған ағамыз 1976 жылы 81 жасында қайтыс болды.
      Ал Құмарбек ағамыз жайлы айтатын болсам, ағайын-туыс Құмақай аға деп құрметтей алдық па? Кім біледі? Бөкенің келіндері Төреаға атап сыйлай алды ма екен? Осының барлығына лайықты адам еді. Ағайынның ауызбірлігін сақтап, бауырмашылдығын керемет көрсетті. Туыстарымыздың қайғысы мен қуанышын бөліскенде көзіне мөлтілдетіп алған жасы әлі көз алдымда. Көңілінің бостығы соншалық көз жасына билік бере алмайтын. Бауыр еті елжіреп, езіліп бөліп берерге даяр тұрғандай. Менің өз басыма Күлияш апамыз екеуінің жақсылығын еш қашан ұмытпаймын, балаларым біледі, немерелеріме жеткіземін. 6 жыл Құмақай ағамыздың отбасында оқу оқыдым, тәрбиелендім. Мені өз балаларындай көрді, сол үшін алғысым зор. Құмақай ағамыз болмаса Құмаш, Тәліп (Нұрсәлидің ортаншы ұлы) аталарымыздың ұрпағы үзіліп кетеме еді деп ойлаймын. Тәліп атамыз қазіргі Белово қаласында еңбек әскерінде міндетін атқарғаннан кейін, қал-жағдайы нашар болса да заңсыз ұстап жібермей қойғанда Құмақай өзі барып тұрып алып келген. Ал Құмаш атамыз соғыстан нашар келе жатқанда алдынан Имамәди ағамыздан аткөлік жіберіп тұрып алдырған жағдайы да болған. Құмақай атамыздың туғанға деген жанашырлығы, бауырмашылдығы осы арада анық көрінеді. Аллаға шүкір осы күнде Құмаш пен Тәліп ағамызда ұрпағы бар.
        Қазез, Класс ағаларымыз ағайынның тойы мен өлімін атқарысып, бас болып белсене қатысты. Өз істеріне мықты, сөздеріне тұрақты жандар болды. Ер азаматтың қасиетін көрсете білді. Осы ағаларымыз ағайынның татулығын сақтап, барлығымызға тәрбие көрсетті десем артық айтқандығым емес.
        Қадірменді оқырман, ардақты Сүйкім анадан бастаған бір әулеттің тарихын сіздердің назарларыңызға осылай жеткізіп отырмын. Мақала сіздерге ұнап қандайда бір әсер етсе, пікірлеріңізді тыңдауға мен ризамын.

       Төбелер ауыл тұрғыны, Тілек Сүбебаұлы Нұрсалиев

толығырақ

dsc_0141

      2017 жылы 6 қаңтарда Қосағаш ауылының «Жұлдыз» кафесінде Алтай Республика қазақтары автономиясы алқалы жиын өткізді. Бұл жиынның мақсаты Таулы Алтай Республика қазақтыры автономиясының президенті, Қосағаш аудан қазақтыры ұйымының төрағасы бір жылдық атқарылған істі қорытындылап, есеп беру және дінімізге, салт-дәстүр мен мәдениетімізге байланысты өзекті сұрақтардың бір шешімін қабылдап, келер жылға жаңа бағыт бағдар жасау болды.

      Жиылысқа Алтай Республика мұсылмандарының Бас мүфтиі Жанболат қажы Аятбекұлы, Қосағаш аудан әкімі Әуелхан Жазитұлы, Қосағаш аудан депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары Аманжол Ешетайұлы, жұртшылықпен байланыс жасаудың жетекші маманы Е.В. Тихонов, Ақтас ауылының қазақтары, және ауыл имамдары түгелдей қатысты. Жалпы, жиылысқа 90-ға жуық адам үлес қосты.
      Алтай Республика қазақтары автономиясының президенті Тоқтаұл Стаханұлы жиынға басшылық жасап, өзі жүргізді.
        Жиынның күн тәртібі:
1. Автономия президентінің жылдық есебі және атқарылған істердің нәтижесін қорытындылау;
2. Дініміздің өркендеу мәселесіне байланысты ауыл имамдарының ұсыныстары және алдыңғы үндеулер бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылау;
3. Дін, салт-дәстүр, мәдениетке байланысты өзекті сұрақтар;
Алтай Республика қазақтарының басшысы Тоқтаұл Стаханұлы алғаш сөзін тіл мәселесінен бастады. Бұл мәселе ескірмейтін, өзектілердің бірі болған, болады, болуға тиісті. Себебі, баланы туған тілінің нәрімен тәрбиелеп ер жеткізу басты мәселе. Қазіргі күнде мектеп оқушыларын арнайы оқулықтармен қамтамасыз ету жағдайы шешімін таппай келе жатқан сұрақ. Осы сұрақтың түбіне жетуге ұлтжанды, болашағын болжаған біраз азаматтар ғана табандарын тоздырып жүр. Түбіне келгенде екі елдің Президенттерінің үлесісіз шешім болмайтынына көзіміз жеткендей болып отыр. Осы жағдайды тереңінен түсіне білген Тоқтаұл Стаханұлы Мәскеуде Ресейдегі қазақ диаспора басшыларымен өткен кездесуі туралы біраз мәлімдей отырып, халық атынан оқулық мәселесі туралы жазылған үндеуді Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Кеңесші-елшісі Марат Сыздықовтың қолына табыс еткенін айтты. Марат Сыздықов өзі Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ресейдің Президенті В.В. Путинмен кезіккенде қолына табыс етерін анығымен жеткізіпті. Әр іс бірталай уақытты талап етері анық. Сондықтан да шешімі созылған істің соңы жемісті боларына сеніміміз мол.

dsc_0122

dsc_0121
     — Осы күнде Ұлаған, Усть-Кан аудандарының және Таулы Алтай қала қазақтары құрған автономиялар толық түрде федералдық дәрежедегі автономия қатарларына тіркелді. Ал, Қосағаш қазақтары автономия емес, жергілікті ұйым болып автономия қатарларына тіркеліп отыр. Бұлай болудың заңға қатысты себептер болды. Автономиямыз Қазіргі уақытта Ресейдің 32 өңірлерінде 50-ден астам түрлі қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктері жұмыс істеуде, олардың басты міндеттері туған тілді, мәдениетті және салт-дәстүрін сақтауменен дамыту болып табылады. Сондай-ақ біздің де автономияның басты мақсаты осы, — деді Тоқтаұл Стаханұлы атқарған автономияның ісін қорытындылап.

dsc_0150
       Келесі сөз кезегін алған Қосағаш қазақтарының жергілікті ұлттық-мәдени ұйымының басшысы Тілеухан Серкешұлы жиылған жұртқа неліктен Қосағаш қазақтарына автономия дәрежесі берілмеген жағдайын анықтап түсіндіріп, осы ұйымның да құқысы, дәрежесі құрылған автономиялардан кем емес екендігін айтты.
      Әрбір сұрақ түпнұсқасынан басталып алдымен мәдениетке тірелді. Мәдениет дегенде алдымен Ресейдің әр бөлігінде тұратын қазақтармен қолтықтасып халықаралық түрде Абай оқулары, тоғыз құмалақ, өзіміздің жас өнер Азамат Есімов қатысып бас жүлдеге ие болған «Алтын Күз» сияқты фестивалдар және қазақша күресін өткізуге Ресей Федерация қазақтары автономиясының президенті Тоқтарбай Дүсенбаев қол үшін беріп, қолдауға әзір екені жайлы сөз қозғалды. Одан республика көлемінде және Қосағаш ауданында өтетін Наурыз мейрамы жайлы біраз ұсыныстар өрбіді.
        Қазақтың Наурыз мейрамы және той-томалағы жайлы мәдениет қызметкері Дария Айтпасқызы біраз сарлап өтті.
        — Жалпы айтқанда Чаға, Масленица, Наурыз сияқты ұлттық мейрамдарды өткізуге әр қайсысына аудан қаржысынан 20 мың рубль бөлінеді. Наурыз мейрамын өткізгенде оның өзі сахнаны безендіріп, ұлттық киімдерді тігуден аспай қалады. Сонда бізге үнемі көмекші болып жүрген жекеменшік кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз. Олар: Марал Шаншарханұлы, Меделхан Бегінбеков, Ерлік Бегенов, Айнагүл Пұшпақова, Света Мұрзағулова, Вера Аспенбитова, ДРСУ ұйымы, Вера Қаймышева, Манарбек Күләрханұлы, Янис Айдынов, Орал Қожанов, Гуля Ақтанова, Людмила Малчинова т. б.
        Сонымен қатар, өнерлі жастарымыз да көп. Ресейдің ірі қалаларына барып өнерлерін паш етуге әркез қаржының жоқтығы кедергі болып тұрады. Осы жағдайдың бір шешімі болса деп ойлаймын. Себебі, қаншама жас таланттарымыз ауыл арасынан шыға алмай сөніп жатыр. Ал, қазағымыздың жасап жүрген той-томалағы қанатын кеңінен жайып алды. Екі жас қосылғанда бір емес, 4 той жасалатын болып алды. Келінді кіргізген күні кафеде тілеу деп өткіземіз, бірақ үлкен той, одан қыз ұзату деген бар, одан төсекорын, одан барып нақ үйлену тойын жасап жүрміз. Мұның барлығы әйелдер қауымына тікелей байланысты. Осының бәрін бастайтын, қостайтын да әйелдер. Сонда осы жиында әйелдер алқасын (женсовет) құруға нұсқау жасаймын. Бала тәрбиесіне жауапты әйел, той-томалақты өрбітетін әйел болса, тікелей әйелдер қауымымен жұмыс жасайық, — деген Дария Айтпасқызының сөзін жиылған қауым бір сөзден қолдап, өздерінің де ұсыныстарын жасады.
     Алтай қазақтарының ұлттық мерекелерін өткізу, талаптыларымызды талпындыру сияқты істерге әр қазақ жанұядан шамасын шарлай 100 рубльден жинасақ деген ұсыныстар да жасалды. Бірақ бұл бұрыннан келе жатқан жағдай. Оны әр жанұялардан жиып алу және халықтың санасына сыйдырып алу деген мүмкін емес. Қазақтың ақыны Мұқағали «Беретін де халық, алатын да халық» деген. Сол сияқты халық ұлтым үшін берем десе, беріп тынады, алам десе, алып тынады. Сондықтан да 12 мың қазақтың 90-ны ғана отырып бұл істі жүзеге асырам деген өтірік сөз дегенге тіреді ауыл ақсақалдары мен автономия басшылары.
     Бұл мәселелер жайлы бұрыннан бері ел қамын ойлай білген аудан әкімі Әуелхан Жазитұлы ақ пен қарасын ажыратып отырып, халық назарына толық жеткізіп берді. «Осы күнде салт-дәстүрімізге байланысты істердің бірінде ерлеріміздің құқысы жоқ, барлығы әйелдердің қолында. Ерлерде тек қана бір жұма шайға отырып әумин айту мен қосбастан басқа қатысар жерлері жоқ. Қалғанының барлығын алып қойған. Әжелеріміз ақ шылауыш не екенін ұмытып барады, ұрпағына да ұмыттырды деген сөз. Сол себептен, қазір тек қана дінмен қана түземесе басқа жол көрініп тұрған жоқ»-деді. Бұл ағамыздың сөзін төменде жеке мақала ретінде ұсынып отырмыз.
     Ал, Алтай Республика қазақтарының ұлттық-мәдени орталығының президенті Ерболат Бегенов: «Шариғатта әйел біледі деген жазылған жоқ. Әйелдің иесі бар, ол қасындағы ері деген. Осы күнде әйел емес, аз да болса ақыл айтар ақсақалдар қайда? Ақыл айтар ақасақалдар да сиреп қалғандай. Және де осындай жиындарда ұлттық рұхты көтеріп, ұлттық киімдерімізді неге киіп шықпасқа. Дін деп жүрегімізді елжіретеміз, сонда Алла ризалығы үшін жаназаны текке неге шығара салмаймыз. Құранда жаназаға ақы ал деген жоқ емес пе?» — деді.
     Бұл адамдардың сөзіне қосылып діндар Сарқытпай ақсақал мешітте әйелдер қауымына бір ұстаз керегін жеткізді. Сол ұздаздарынан діни білім алса, салтымызға, дінімізге көп әсер етерін айтты. Шын мәнінде бұл ақсаладың айтқан сөзінің жаны бар. Қазір әйелдер мешітке аз барады. Өздері білгендері бойынша Аллаға құлшылық етіп жүр. Бір арнаға салып, шариғатты түсіндіретін діни білімі бар әйелдің көмегі керегі анық.
     Дінімізге қайшы келетін жағдайлардың барлығына Бас мүфти Жанболат қажы Аятбекұлы тікелей жауабын берді.
     — Жарайды, жаназа текке шығарылсын десеңіздер текке шығарайық. Құранда ақысына жаназа шығарсын деген жоқ, ол дұрыс. Бірақ, ауылды жерлердегі айлық алмайтын имамдардың күн көрісін түсінгеніміз тағы да жөн болар. Бұрынғы халыққа жазған үндеуде 1 қойдың бағасы болсын деген шешімге келген болатынбыз. Жұртшылық оны орындап жатыр. Ал, имамдар жаназаға таласып жатыр деген болмаған, болып көрмеген. Тек қана ақиелері анаған ұйғарып, мынаған ұйғарып келеңсіз жағадайларды өздері жасайды. Бұл жерде ешбір имам кінәлі емес.
       Мәйітті жанашырлары жуындырса деп жатырмыз, ол жерлеріңіз де дұрыс. Бірақ сол жанашырлары таза, дұрыс түрде жуындыратын болса жақсы еді. Жұртшылыққа осы арада айта кететін жағдай, мәйіт жатқан үйден шай ішпеуге тырысайық. Оны медицина саласы да талқылап жатыр. Қонағасына, науқанға, жұма шайға өткен адамға құран бағыштауға барамыз. Ол жерде өсек-аяң, күлкі-жыртың болмауға тиісті. Мәйітке жеңіл болу үшін, тек қана шариғат айтылып, құран оқылу керек. Ал, жұма шайды кафеге дейін беретін болып үрдіттік. Тіпті алты айлық деген бірдеме шығарып алдық. Ысырапшылықты керемет жасап жүрміз. Бір тойдың адамдарын жиып жұма шай беру деген шариғатта жоқ. Жұма шай дегенде өткен адамға дұрыс түрде құран оқылу керек. Мағынасы көп адам жиылып ас ішуде емес.
      Бізге білімді имамдар керек деп жатырсыздар. Оларыңыз да дұрыс, білім керек, жастарды да оқытайық. Олар келгеннен кейін ауылды жерге барып имам болатынына кімнің сенімі бар. Қазіргі күні мешіттерді қатырмай, ішін тазалап, бес уақыт намазын өтеп жүрген имамдарға шүкіршілік етіп, рахметімізді айтайық. Діни білім алу, имамдардың біліктіліктерін арттыру деген мүфтияттың басты назарында – деді Бас мүфти.
      Мүфтидің сөзіне қосылып Қосағаш ауданының бас имамы Ерік қажы Үкіметұлы, Келтен Бектайұлы, Жақсыгелді Аятбекұлы, Тілек Сүбебайұлы, Серікжан Мәжетқанұлы сынды азаматтар негізгі мәселелердің бірнешесін талқыға салды. Үйлену тойларында үлкен адамдармен қатарласып кішкентай және мектеп оқушылары көп жүретіндігіне ерекше назар бөлінді. Шынында кафеде өтетін тойлардың тең жарымы балалар деуге болады. Оны тұғырыққа әкелу үшін аудан әкіміне үндеу жазылып, заңның бір саласына тіреп бақылау жасалатын болды.
      Үш сағатқа созылған жиын қорытындысына әрең келді. Жиылған халықтың айтар назы да, ұсынысы да көп болды. Барлығы қағаз бетіне түсіріліп, қолға алынып, халықпен тікелей жұмыстар атқарылатынына тұра келді. Әйелдер кеңесі құрылып, салт-дәстүр мен мәдениетке біраз өзгерістер енгізіледі. Дінімізбен араласып дәстүрге айналып бара жатқан ысырапшылықты тоқтатып, халықтың ауыз бірлігіне ерекше назар аударылады. Алдағы маусым айында үлкен құрылтай өткізуге жоспар құрылды.
     Бұл бас қосу Республика қазақтарының берекесін арттырып, мерейін үстем қылатын жиын болды. Олай дейтінім көш басында жүрген азаматтар ауыз бірлікке келіп, «Бөлінгенді бөрі жейді» деген ұранды алға қойды. Ендеше келген жаңа 2017 жыл берекенің жылы болсын, Шүй елінің бағы өрлеп, еңсесі көтерілсін деген тілек сөздермен аяқтаймын.

       Рысмағанбет Рысбеков

толығырақ

0Ойлаңыздар, той балалардың қызық көретін жері ме?
     
    «Кафеде, тойханаларда өтетін үйлену тойы, құда шай, мерейтой сияқты үлкендердің жиындарында мүлде бала болмасын, қатыспасын» — деген мәселе жуықта өткен республика қазақтары автономиясының жиылысында (құрылтайында) көтерілген еді. Содан аудан әкіміне жеткізіліп заңға қатысты бір шара қолдану бұйырылған болатын. Міне содан Алтай Республикасының 13.01.2015ж. №5 «О мерах по защите нравственности и здрорвья детей в Республике Алтай» и ограничение нахождения детей в ночное время местах массового скопления людей (свадьбы, юбилеи, праздники) – деген заңын орындауға тұра келді.

     Ойласаңыздар, үйлену тойына бала апарып қызық көру, не көрсету деген дұрыс жағдай ма? Қосағашта болатын тойлардың қайсысына барсаң да 30 пайызы аяққа оралған балалар жүретіні шындық. Онымен қатар, тойлар өте жай басталады. Сонда баланың ұйықтайтын уақытында тойда жүру деген келеңсіз жағдай. Тойға келген бала не қызық көреді, бақал көтеріп тос айтып, шарап ішкендер мен мас болып би тепкен адамдарды көрмесе басқа не көреді. Қосағаш қазақтары жиылыста бұл сұрақты дұрыс көтерген. Енді бізде балаларды тойға апарып алып ортаға шығарып, би билетіп, ән айттырып қалған жұртқа қол соқтырып қоятынды дәстүрге айналтып алыппыз. Сонда бұл не сұмдық, қаршадай баланың психологиясы мен тәртібін бұзған. Балаларын тойға апарған ата-аналар балалары той көріп, қызыққа кенеледі деп ойлайтын шығар. Түсінген адамға мүлде олай емес. Жалғыз бір күн үшін баланың күн тәртібін бұзуға жарамайды. Оның үстіне қазақта көз деген бар. Жалпы, мұндай балалардың тойға шығып, өнер көрсетуіне қарсымыз. 21.00 сағатта бала түнгі ұйқыға жату керек. Ал, Қосағаштың тойлары иәк осы уақытта басталады. Дұрысын айтатын болсақ, қазір аяқ басқан баладан бастап, мектеп оқушыларына дейін тойда жүреді. Қай ағайынның тойы болсын біздің қазақ бала-шағасымен сонда жүреді. Өзің жүр, ағайыныңа болыс, қызығын көр, тойла, бірақ баланы ондай жерге әуес қылу керек емес. Ең алдымен ол баланың ағзасына кері әсерін тигізеді. Түн ұйқысы дұрыс болмайды. Тойда шаршайды, тоңады. Екіншіден, баланың психикасына кері әсер етеді. Тойдағы түрлі жағдайды көреді. Ішкен адамдар, төбелес, келіспеушіліктер.
      Бұрын 80-90 жылдары қайсы бір тойдан мектеп оқушыларын көруші едік. Бірде-бір ата-ана баласын апармайтын. Қазіргінің бәрі алтынмен жалатқандар ма, қолдан түсірмей көтеріп болсын, немесе жетелеп тойға апарып жайғастыратын. Бұрын мектеп оқушылары мұғалімі жүрген жерде аяқ баспайтын. Және де, мектепте мұғалімдер оқушыларына тәрбиені осындайдан бастап, той-томалақта аңдуға шығып ертеңгісі тойда жүргендерді мектеп директоры алдында сазайын тарттыратын. Ал қазір, заман балаларды ерекше қорғап, бүкіл құқыны (право) соларға беріп тастаған. Мұғалімдері «әй» деп ұрсуға тайсанады. Бала тәртіп бұзса да, мұғалімдер сенікі жөн деп айтпасқа амал бар ма? Себебі, ата-аналары балалары үшін мұғалімді соттатып жіберуге әзір.
    Ендеше, балаларын ата-апасына, ағайынына тастамай тойға апарар алдында, оның денсаулығын, психикалық және рұхани дамуы жайлы терең ойлаған дұрыс. Комиссия бұл мәселенің қырына шығу бағытында көптеген шараларды қолдану жайлы шешім қабылдаған. 24 сағаттан әрі той жүргізетін мейрамханалардың иелеріне айыппұл салып, доғартатын заңды… Бірақта комиссия мүшелері бұл мақсатты көздеген жоқ. Ал, адамды заңға бағындыру үшін протокол жасау мәселені шешудің жалғыз жолы болмақ. Бұл мәселе жайлы заң бар, оны түсінген адам талқылап керек жоқ. Тек, баланың тәрбиесі жайлы терең түсіне білсек, баршамыз жұмыла ат салысқанымыз жөн.

       http://altai-kazahy.ru 

толығырақ

KHAPIZOV ERMEK

      Жырақта түтін түтетіп жүрген омбылық қандасымыз, жас та болса талантты сәнгер Ермек Хапизов есімі тек Ресейге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де жақсы таныс. Өткен жылы «Ресейдің ең үздік жас шығармашылық қайраткері» атанған ол осы ел үкіметінің «Өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс-хатымен марапатталған болатын. Ресей Суретшілер одағының, Халықаралық Суретшілер одағының мүшесі, «Ресейдің болашағы» қоғамдық сыйлығының иегері атанып отырған Ермек қай жұмысын бастаса да ұлттық нақышты танытуды мақсат тұтып отырғаны сүйсінтеді. Омбыда туып-өскен өрен 13 жасынан бастап дизайн және сән өнерінің әліппесін меңгеріп, көптеген халықаралық конкурстарға қатысып танылады. Мектепте оқып жүріп Мәскеуге шақырту алып, Вячеслав Зайзевтің де шеберханасында қызмет етті. Әсіресе, «Бигайша ана», «Рубаи» атты этностильдегі топтамалары көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп отыр. Сән әлемінде өзіндік орнын қалыптастырған азамат 31 қаңтар күні Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі жанында KHAPIZOV ERMEK сән үйін ашты. Осылайша, Ресейде сән үйін ашқан тұңғыш қазақ дизайнерімен әңгімелесудің де сәті түсті.

KHAPIZOV ERMEK

          – Жаңа бастамаңыз құтты болсын! Тұсаукесер рәсімі қалай өтті?
     – Бұл Омбы қазақтары үшін үлкен мереке болды. Себебі, бар­лық ұлттық мейрамдарда елшілік жанында, осы Шоқан Уәлиханов көшесінде жина­лып, мерекені тойлаймыз. Сондықтан дәл осы көшені таңдауым да кездейсоқ емес еді. Омбыдағы «Мөлдір» атты қазақ мәдениетінің Сібір орталығы да бұл баста­мамды қолдады. Оны 28 жыл­дан бері ҚР еңбек сіңір­ген қайраткері Алты­най Жүнісова апайымыз басқа­рып келеді. Ол қазақ тілін, мәдениетін дәріптеу жолын­да қыруар жұмыстар атқа­рып келе жатқан ұлтжанды апайларымыздың бірі. Ашылу салтанатында сол орта­лық­тан «Әйгерім» би ансамблі өнер көрсетті. Ал лентаны қиюды өзімді тәр­бие­леп өсірген ардақты ата-анама тапсырдым. Жиылған халық қарасы көп болды. Кел­ген қонақтар соңғы топтамам­мен танысып, тапсырыстар бергендерде табылды.
       Бұл сән үйін ашу – менің көп­тен бері ойлап жүрген арманым еді. Расында бір Омбының өзінде 300 мыңға жуық қазақ тұрады. Алайда ұлттық киімдер мен ұлттық дүниелерді шығаратын өндіріс орны жоқтың қасы. Сон­дықтан бұл бірінші кезекте ұлттық брендті қалыптастыру мақса­тында ашылған сән үйі. Бес түрлі бағытта жұмыс істейміз. Бірінші, жеке тапсырыспен киім тігу бөлімі, екінші, этникалық стиль­дегі киімдер дүкені болса, үшінші, ұлттық зергерлік бұйымдар жасау, төртінші, үйге арналған ұлттық стильдегі бұйымдар бөлімі. Ал соңғы бөлімде тері мен был­ғарыдан жасалған бұйымдарды дайындаймыз.
KHAPIZOV ERMEK          – Омбыда 300 мың қазақ тұ­рады екен. Қандастарымыз ата-дәстүріміз мен тілімізді қанша­лықты біледі?
       – Мен – қазақтың баласымын. Ата салтымыз бен ұлттық мәде­ниетімізді тереңірек зерттеп, бар­ша әлемге ұлттық киімдерімізді танытуды мақсат тұттым. Мені алаңдататыны, әлі күнге дейін Ресейде қазақ мектебі ашылған жоқ. Ресейдің Білім және ғылым министрлігінің заңнамасына сәйкес, қазақ тілі, Қазақстан та­рихы тек қосымша курс ретінде ғана оқытылады. Осындай жайт­тар қазақ баласының өз ана тілін, тарихын білуіне кедергі келтіреді. Ресейде көптеген ұлт пен ұлыстар тұрады. Қай ұлтты алып қарасаңыз да, бір-бірімен өз тілінде тілдесе­тінін көріп таңданасыз. Ал бізде жағдай мүлдем бөлек. Сондықтан қазақ қазақтығын сақтау керек. Омбыда «Мөлдір» атты қазақ мә­дениетінің Сібір орталығы да бар. Қолдан келгенше, барлығымыз қазақ­тықты сақтауға атсалысып ке­леміз. Бірақ ең бірінші «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген ұранды негізге алу қажет. Жасыратыны жоқ, жастардан бұрын апталдай азаматтардың өзі ұлттық киімдеріміздің атауларын дұрыс білмейді. Міне, осының өзі менің ұлт­тық дүниені жаңғыртуыма сеп болды. Ұлттық киім­дерімізді жаңғыртып, қайта шығарсақ қана бүгінгі өске­лең ұрпақ оның мән-маңызы мен тарихын ұғы­натыны айдай анық.
       Омбы қаласында мектеп­те оқитын оқушыларға арнап «Қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбында лекциялар өткізіп тұрамын. Қазақтың өзге ұлттарда жоқ ерекшелігі – жеті атасын сақтауы. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген көнеден қалған сөздің аста­рында үлкен пәлсапа жатыр. Атасының ғана емес әулетінің шежіресіне қанығып өскен бала­ның ата тегін қадір тұтатыны бел­гілі. Сонымен қоса, жаһан­ның медицина қызметкерлері мен генетик ғалымдары жеті атадан қыз алыспаудың ұрпақ ден­саулығы мен қан тазалы­ғының кепілі екенін жамыра жар салуда. Сондықтан қазақ халқының мұндай тектілігін қай жерде жүрсек те ұмыт­пағанымыз абзал.

KHAPIZOV ERMEK

        – Қазақтың ұлттық киімдеріне Ресейде сұраныс бар ма?
     – Біздің әрбір салт-дәс­түрімізден бастап, ұлттық киімдерімізге дейін өзге ұлт өкілдерін таңдандыратыны ақиқат. Тіпті қазақтың оюлан­­ған барқыт камзолына тапсырыс беретін орыс қыз­дары да жетеді. Олар тіпті ұлт­тық оюларымыздың әрқайсы­сының өзіндік мән-мағынасы бар екеніне қызығады. Бірақ айта кететін жайт, көптеген сәнгерлер оюларымызды орынсыз пайдала­натынын байқап жүрмін. Яғни, қолданылу орнын ажырата алмайды.
        Қазақтың оюларының көпші­лігі мүйізге негізделген. Атап айтсақ, «қошқармүйіз», «арқар­мүйіз», «бұғымүйіз», «қырық­мүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «төртқұлақ», «түйе­табан», «сыңарөкше», «қо­салқа», «құс қанаты», «қаз-табан» деп жалғаса береді. Сонымен бірге, базарларда қырғыздың оюланған камзолдары мен көйлектері тұрады. Ал мұны айырмаған адамдар қазақтың оюы деп сатып алады. Киім тігу де – өнер. Ал ұлттық киім үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Этникалық стильді таңдаған сәнгер ұлттық тарихпен танысып шығып, әрбір бедер мен оюды дұрыс пайдалана білсе құба-құп.
      Жуырда Алматыда болдым. Бірінші кезекте отандық дизай­нерлердің дүкендерін аралап шықтым. Сонда байқағаным, маталардың көпшілігі Қырғыз­станнан әкелінген. Тіпті қыз ұза­туға арналған салтанатты көйлек­тердің өзінен қырғыз хал­қының нақышы байқалады. Бұл да үлкен қателік. Қазақы оюды ажырата алмағандықтан осындай кемшіліктер орын алып отыр. Ал жеңілдікпен алы­натын көйлек 100 мың теңгенің шамасында тұрады. Мұндай киімді әркім сатып ала алмайды. Осылайша, біз ұлттық дүниені бүгінгі заман­мен үндестіріп, халыққа таныс­тыра алмайтыны­мыз анық. Сон­дықтан Қазақ­станда жеңіл өнер­кәсіпті да­мытып, тікелей киім тігу саласына субсидиялар бөлін­се деген тілегім бар. Отандық өндірісті дамыту өте маңызды. Ал арнайы гранттар бөлу бұл салаға жаңа дем беретіні анық.
        – Әңгімеңізге рақмет!

      Сұхбаттасқан Ақбота ИСЛӘМБЕК

      https://aikyn.kz/2017/02/04/2777.html

толығырақ

Ermek

      Шалғайда жүрсе де қазақ екенін мақтан тұтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген қандастарымыз аз емес. Осындай ұлтжанды азамат­тар­дың бірі Ресейдің Омбы қаласында тұратын талантты сәнгер Ермек Хапизов есімі бүгіндері тек Ресейге ғана емес, шет мемлекеттерге де жақсы таныс. Өткен жылы «Ресейдің ең үздік жас шығармашылық қайраткері» атанған ол осы ел  Үкіметінің «Өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс хатымен марапатталды. Ресей Суретшілер ода­ғы­ның, Халықаралық Суретшілер одағының мүшесі, «Ресейдің бола­шағы» қоғамдық сыйлығының иегері атанып отырған ол қай жұмысын бастаса да ұлттық нақышқа баса мән береді.  Жас та болса сән әлемінде өзіндік орнын қалыптастырған азамат таяу күндері Омбы қаласында «KHAPIZOV ERMEK» сән үйін ашқалы отыр. Алматыға келген өнер иесімен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түсті. 

      – Ең әуелі әңгімемізді Сіздің өмір жолыңыздан бастасақ. Шығар­ма­шылықтың бұл саласына қалай келгеніңіз жайлы айтсаңыз.

        – Мен 1992 жылы Омбы қаласында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келдім. Біздің әулетте өнер мен шығармашылыққа бет бұрған бірінші адаммын. Ата-анам бала күнімнен еңбекқор, адал ­болуды бойыма сіңірді. Сол кезден бастап спортпен, орниталогиямен де айналыстым. Ал 13 жасымда сәнгерлікке қызығушылығым оянып, «фитодизайн» курсына жазылдым. Бір жыл осы студияда тәлім алған соң, қазақтың ұлттық мәдениетін, өнерін дамытуға өз үлесімді қосамын деп мақсат қойдым. Өмірімді өнерсіз елестете алмайтынымды ұғындым. Содан Омбы қаласындағы көркем сурет мектебінде білім алдым. Ал мектеп бітірер шағымда, менің бес қосымша дипломым болды. Атап айтсақ, «Фитодизайн» студиясынан флорист-дизайнері, Өнер мектебінің көркем сурет бөлімінің түлегі, ­интерьер дизайнері болдым. Бұған қоса Томск Радио электроника жүйесін басқару университетінде қашықтықта оқып графикалық бағдарламаларды меңгеріп шықтым. Алған білімімнің барлығы қажетіме жарап жүр. ­Сонымен, 2007 жылы Омбы қаласындағы «Фитодизайн» студиясында алғашқы киімдер топтамасын шығардым. Ал 2008 жылы екінші топтамамның тұсауын кестім. Облыстық байқауда үздіктер қатарынан көрініп, Туниске ЮНЕСКО фестиваліне қатысуға жолдама алдым. Онда еңбегім жоғары бағаланып, ЮНЕСКО-ның ­халы­қ­аралық мектебінің дипломымен ­марапатталдым.

     2009 жылы Владивосток қала­сын­да анамның құрметіне «Биғайша ана» деп аталатын топтамамды таныстырдым. Ұлттық бояуы қанық бұл топтамам көпшіліктің көңілінен шығып, көрші халықтың үлкен қызығушылығына бөленді. Міне, осы уақыттан ­бастап ұлттық өнерімізді, дәстүрімізді тереңірек зерттеп, ­этностильге келдім. Бұл топтамамды шақыртумен Мәскеу жұртшылығына да таныстырдым.  

2     Ресей халқы ұлттық топтамамды жоғары бағалап, кейін Омбы қаласында да көрсетілім ұйымдастырдық. 2010 жылы алғаш рет этностильдегі ер адамдарға арналған киімдер жасау ісін қолға алып, «Жаңа дәуір» топтамасын шығардым. Бұл жалпы Орта Азия халықтарының ұлттық киім үлгілерін негізге ала отырып бүгінгі дәуірмен үндестік тапқан жұмыс болды.

     2010 жылы Омбы мемлекеттік сервис институтына оқуға түстім. Ал 2012 жылы «Alfarabius» деп аталатын философия­лық топтамамды дайындадым. Бұлай атауымның өзі де кездейсоқ емес еді. Шығыс халықтарының мәдениеті мен әдебиеті осы топтамамның дүниеге келуіне түрткі болды. Бұл топтамадағы әр киім үлгісінде терең философиялық сыр жатыр. Мәскеудегі «Этно-Эрато» байқауына қатысып, Үкімет үйінің үлкен залында болған ақтық сынға жолдама алған үздік ондықтың қатарынан көріндім. Ресейдің ұлттық Дельфий кеңесінің Омбы облысындағы делегаты болып, лауреаты атандым. Бұнымен қоса Франциядағы атақты «Пьер ­Карден» сән үйіне тағылымдамадан өту жолдамасын жеңіп алып, білімімді сонда шыңдай түстім. 2012 жыл өмірімде шешуші сәттерге толы болды. Мәскеуге қоныс аударып, авторлық ательеде қызметімді бастадым. Сонымен бірге оқуымды Мәскеуде жалғастырдым. Жанна Фриске, ­Маргарита Дробязка, Анфиса Чехова, Прохор Шаляпин, Марина Орлова, Мария ­Арбатова сынды белгілі өнер адамдарының тапсырыстарын дайындадым. Атақты дизайнер Вячеслав Зайцевпен танысып, бірге жұмыс істей бастадық. Сөйтіп, 2014 жылы Мәскеудегі Вячеслав Зайцевтің Сән үйінде «Hafiz» атты ерлерге арналған киімдер топтамасын шығардым. Кейін Волгоградта Дельфий ойындарында да осы топтамамның көрсетілімі болды. Топтама таза жүннен жасалған бас киімдерімен ерекшеленіп, көздің жауын алады. Ал өткен жылы шығармашылығымның 10 жылдығына орай «Рубаи» атты жаңа киім топтамасын жасадым. Өзінің аты да айтып тұрғандай, шығыс халықтарының поэзиясы арқау болған топтамадан ұлттық қамзолдар, кең етек көйлектер және кимешектің бүгінгі заманға сай үлгісін көруге болады.
      – Ұлттық нақышты жаңғыр­туыңызға не себеп болды?
      – Өнердің бұл саласына келуімнің өзі де кездейсоқ емес. Мен – көшпенді қазақтың баласымын. Атадәстүріміз бен ұлттық мәдениетімізді тереңірек зерттеп, барша әлемге ұлттық киімдерімізді танытуды мақсат тұттым. Омбы қаласы мен облысында 300 мыңға жуық қазақ тұрады. Бірақ әлі күнге дейін мұнда қазақ мектебі ашылған жоқ. Ресейдің Білім және ғылым министрлігінің заңнамасына сәйкес, қазақ тілі, Қазақстан тарихы тек қосымша курс ретінде ғана оқытылады. Міне, осындай жайттар қазақ баласының өз ана тілін, тарихын тануға мүмкіндік бермейді. Ресейде көптеген ұлттар тұрады. Қай ұлтты алып қарасаңыз да, бір-бірімен өз тілінде тілдесетінін көріп таңданасыз. Ал бізде жағдай бөлек. Сондықтан қазақ қазақтығын сақтау керек. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген ұранды осындағы барша жастарға айтып жүремін. Шынын айту керек, жастардан бұрын апталдай азаматтардың өзі ұлттық киімдеріміздің атауларын дұрыс білмейді. Міне, осының өзі менің ұлттық дүниені насихат­тауыма ­сеп болды. Ұлттық киімдерімізді жаңғыртып, қайта шығарсақ қана бүгінгі өскелең ұрпақ оның мән-маңызы мен тарихын ұғынатыны айдан анық.1
     Омбы қаласында мектепте оқитын оқушыларға арнап «Қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбында лекциялар өткізіп тұрамын. Қазақтың өзге ұлттарда жоқ ерекшелігі – жеті атасын сақтауы. Атасының ғана емес әулетінің шежіресіне қанығып өскен баланың ата тегін қадір тұтатыны белгілі. Сондықтан қазақ халқының мұндай тектілігін қай жерде жүрсек те ұмытпағанымыз абзал.
      Омбыда «Мөлдір» атты қазақ мәдениетінің Сібір орталығы жұмыс істейді. Оны 28 жылдан бері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жүнісова апайымыз басқарып келеді. Ол апайы­мыз қазақ тілін, мәдениетін дәріптеу жо­лында қыруар жұмыстар атқаруда. Мәдени, әдеби кештер ұйымдастырады. Омбы қазақтарының басын да қосатын мәдени орталықтардың бірі. Сол кісінің ұсынысымен мен өткен жылы Ресейдің ең үздік жас қайраткері атағын алған едім. Сонымен бірге Ресей Үкіметінің «Өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» деген Алғыс хатымен де марапатталдым. Бұл мен үшін үлкен жетістік.
       – Қазақтың ұлттық киімдері Ресейде қаншалықты танымал?
     – Біздің ұлттық киімдерімізге, мәдениетімізге таңдана қарайтындар көп. Өзге ұлт өкілдері ұлттық оюларымыздың әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар екеніне қызығады. Қазақтың барқыт қамзолына тапсырыс беретін орыс қыздары да аз емес. Әр оюдың өзінің қолданылатын орны болған. Ал қазіргі сәнгерлер мен тігіншілер бұл ерекшелікті сақтамай, оюды орынсыз қолданатынын байқап жүрміз. Сонымен бірге базарларда қырғыздың оюланған қамзолдары мен көйлектері тұрады. Ал мұны айырмаған адамдар қазақтың оюы деп киіп жүреді. Киім тігу де өнер. Ал ұлттық киім үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Этникалық стильге келген адам ұлттық тарихпен танысып шығуы қажет.
     Қазақстанға келгенімде отандық дизайнерлердің дүкендерін аралап, жаңа туындыларымен танысамын. Сонда байқағаным, маталардың көпшілігі Қырғызстаннан әкелінген. Тіпті қыз ұзатуға арналған салтанатты көйлектердің өзінен қырғыз халқының нақышы байқалады. Бұл да үлкен қателік. Қазақы оюды ажырата алмағандықтан орын алып отыр.
      Ал ең арзан және жеңілдікпен деген көйлек 100 мың теңгенің шамасында тұрады. Мұндай киімді әркім сатып ала алмайды. Бұл бір адамның жеке кәсіпкерлігі болғандықтан, оның бағасы да қымбат болатыны түсінікті. Алайда осылайша біз ұлттық дүниені бүгінгі заманмен үндестіріп, халыққа таныстыра алмайтынымызды түсінген жөн. Сондықтан жеңіл өнеркәсіпті дамытып, тікелей киім тігу саласына субсидиялар бөлінсе деген ойым бар. Отандық өндірісті дамыту өте маңызды. Ал арнайы гранттар бөлу бұл салаға жаңа дем беретіні анық.
         – Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз.
     – 31 қаңтар күні Омбы қаласындағы Шоқан Уәлиханов көшесінде «KHAPIZOV ERMEK» сән үйін ашамыз. Ұлттық мейрамдар болғанда Омбы қазақтары осы Шоқан Уәлиханов көшесіне жиналамыз, елшілік те жанында. Бұл жерді таңдағаным да бекер емес. Сән үйі бес түрлі бағытта жұмыс істейді. Бірінші жеке тапсырыс­пен киім тігу бөлімі, екінші этникалық стильдегі киімдер дүкені болса, үшінші ұлттық зергерлік бұйымдар жасау бөлімі, төртінші үйге арналған ұлттық стильдегі бұйымдар бөлімі. Ал соңғы бөлімде тері мен былғарыдан жасалған бұйымдарды дайындаймыз. Омбыда ұлттық киімдер мен кәдесыйлар дүкендері баршылық. Алайда тікелей өндіріс орны, жаңа дүние шығаратын алғашқы бастама болмақ.
      Биыл Астанада өтетін Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысамын. Аманшылық болса жаңа туындыларымды да әкелуге дайынмын.
       – Әңгімеңізге рақмет!

    Әңгімелескен Ақбота ИСЛӘМБЕК

        http://anatili.kazgazeta.kz/?p=40788

толығырақ

           Өткен жылы «Ресейдің ең үздік жас шығармашылық қайраткері» атанған омбылық дизайнер Ермек Хапизов Омбыда өз атымен аталатын «KHAPIZOV ERMEK» сән үйін ашты. Осылайша ол Ресей қазақтарының ішінде бірінші болып сән үйін дүниеге әкеліп отыр.

      Омбы қаласында ағаш ұс­тасы­ның отбасында дүниеге кел­­ген Ермек Елубайұлы мектеп қабыр­ғасында жүріп-ақ дизайн және сән өнерінің әліппесін меңгере бастайды. Алғашын­­да спортпен әуес­тенген жігіт 14 жасында «Фито­дизайн» сән студия­сына жазылады.

       Өнердің бөлек бір саласы­на бет бұрған баланың қызығу­шылығын байқаған ата-анасы оған «Зингер» тігін машинасын са­­тып әпереді. Ермек осыдан ке­йін қиялындағы киім үлгілерін жо­­ба­­л­ап, пішіп, тіге бастаса керек.

        Ісмер талант одан кейін жеке топтамаларын жасау барысын­да электрмеханикалық тігін ма­шинаға да қол жеткізеді.  9-сы­нып­та оқып жүргенде үш бір­дей халықаралық фестивальда бақ сынайды. Соның біріншісі – Мәс­кеудегі «Этно-Эрато» бай­қауы. Оған ұлттық нақыштағы жеке топтамасымен қатысып, Үкі­мет үйінің үлкен залында бол­ған ақ­тық сынға жолдама ал­ған үздік он­дық­тың қатарынан табылады.

      10-сыныптан бастап  киім дизайны мамандығы бойынша Омбы мемлекеттік сервис инс­ти­тутына түсу үшін әзірлікке кіріс­кен ол, 11-сыныпта табыс табу үшін әйелдерге ар­нал­ған «Сібір Атлантидасы», ерлерге арналған «Жаңа дәуір» деп аталатын коммерциялық топтамаларын  жасайды. Еңбегі ақталып әйелдерге арналған киімдері  толықтай, ал ерлерге арналған топтамасының төрттен үші тұтынушысын табады.

      Бар болғаны 19 жасында Жан­на Фриске, Маргарита Дробязка, Анфиса Чехова, Прохор Шаля­пин, Марина Орлова, Мария Арбатова сияқты өнер май­тал­мандарын өз клиентіне айнал­дырған Ермек Елубайұлы дипломдық топта­ма­сын Вяче­слав Зайцевтің сән үйін­де көр­сетіп, сәтті қорғап шы­­ға­ды. «Сән зертханасында» ди­­зайн-жобалар жетекшісі бо­лып, жас дизайнерлерді оқыт­қан ол бүгін­де ұстаздық қызметін Ха­­лық өнері жоғары мектебінің Ом­бы филиа­лын­да жалғастырып жүр.

      Қазақ жігіті өткен жылы қара­­ша­­ның аяғында Омбы об­лыс­­­­тық мемлекеттік «Либеров-Центр» көркемөнер музейінде «Рубаи» деген тақырыппен кешін өткізді. В.Зайцев,  М.Ар­батова, М.Орлова, П.Шаля­пин, М.Дробязко, П.Вана­гас сияқ­ты өнер майтал­мандары шақы­рыл­ған бұл кеште автор өзінің әйелдерге арналған «Рубаи» атты жаңа топтамасының көр­сетілімін жасады.

       Ерлік ЕРЖАНҰЛЫжурналист.  АЛМАТЫ

толығырақ

img_9100

      Нағайбақ ауданы Челябі облысындағы өндірісті Магнитогор қаласынан 50 шақырымдай бүйректе жатыр. Қазақтар шоғырланып отырған Арсланбай ауылы Нағайбақ ауданының орталығы Фершампенуаз селосынан қозыкөш қана жерде орналасқан. Одан бес шақырым жерде Нағайбақ селосы бар. Осы Нағайбақ ауылында немере інісі Абай Жапаровтың қолында тұратын Жібек Тұрласова әжеміз өткен қарашада 90 жасқа толды. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» дегендей, бір көзінің ауырып, көрмей қалғаны болмаса, әлі өңі тая қоймаған, сөзі де мірдің оғындай. Көненің көзіндей шежіре қария әңгіме айтқанда, өткен уақыт суреттерінің бәрін тізілдіріп көз алдыңа әкелгендей болады. Әңгімеміз бірден жарасты.

       – Бұл өмірден көргенім де көп, білгенім де мол еді. Кәрі­лік кімді тұсауламады дей­сің, қарағым. Тоқсаның да аяй­ын деп тұрған жоқ, бірақ бала кезімдегі көріністер жадымнан тым өше қоймаған секілді.

      – Онда алыс жылдардың естелігін ести отырайық, әже.

      – Қазақстаннан келсеңдер Сәбит Мұқановты білетін шы­ғар­сыңдар. Атағы жер жарды ғой. Сол кісінің алдында отырып, тақпақ айтқаным бар еді бала жасымда.

          – Әже айтыңыз, мұнан артық қандай әңгіме керек!

       – 30-шы жылдары мен ойын баласы едім, өткен ғасырда. Әкем жастай өлді, жетім өстім. Жоқшылықтан он жасқа дейін мектеп көрмедім. Дәл қай жылы екенін ұмыттым, бірақ сол 30-шы жылдардың ортасы екені анық. Менің 9-10 жасар кезім болатын. Бірде ауылға «жазушы Сәбит Мұқанов келді» дегенді естісімен, ауыл­дың тайлы-таяғы қалмай дау­рығып, оны көргенше асықтық. «Қызыл қазақ» ауылында ылғи қазақтар тұратын. Сауыққой ауыл еді. Мен бала жасымнан естігенімді қағып алатын зерек болып өстім. Ауылда алаңсыз өлең айтылады. Соның барлығын жаттап алатынмын. Еститінім тек Сталин туралы өлеңдер болушы еді. «Сталин – көсеміміз, Сталин деп өсеміз біз» деп ауыз жаппай айтып жүреміз.

        Аты жер жарып тұр­ған Сәбит Мұқанов Ысқақ Божақов деген кісінің үйіне түс­ті. Ол кезде қазақтарда қа­зір­гідей кең сарайдай үй қай­да, тұқыл жер баспаналар ғой. Ысқақтың сондай үйінде Аға­жай деген әйелі дастарқан ә­зірлеп жүрді. Анам мені ертіп барғанда дөңгелек жүзді, қараторы, ажарлы, қырықтың о жақ, бұ жағындағы кісі төрде отыр екен. Баламын ғой, ауыл ақсақалдары маған «ағаңа өлең айтып бер» деп итермеледі. Сәбит Мұқанов мені шақырып алып, оң тізесіне отырғызды. Сонда: «Келемін жоғарыдан маң-маң басып, қолымда шие баулы күміс қасық. Сәбеттің өкіметі құрылған соң, жарыққа жаңа шықтық көзді ашып» деп бас­тап тақпақ айтқаным есім­де. Алдымдағы ересек балалардан үйренген тақпағым болса керек. Өлеңнің кімдікі екенін, қалған шумақтарын ұмы­тыппын. Сәбит менің арқа­мнан қағып, «бәрекелді!», деп мақтау сөздерін айтты. Содан ауыл­дың адамдары қау­қыл­­да­сып, қо­нақпен дастарқан ба­сын­да бол­ды. Біз балалар ой­ы­нға шы­ғып кеттік.

         – Сәбит Мұқановтың ауыл­да қанша уақыт болғанын білесіз бе?

      – Ол кісі Қызыл қазақ ауылында бір-екі күн аялдады бі­лем. Өйткені, Сәбитті жа­ғал­байлылар бірден жібер­меді. Оны ауылда Ысқақ кө­ке­мізден кейін «Қызыл қа­зақ» колхозының төра­ғасы Сәтен Боранбаев, бухгалтері Жұ­матай Ноқаев, менің әкем­нің інісі Хасен Жапаров деген ауылдың ірі-басты к­і­сі­лері үйіне шақырып, қона­ға­­сы берді. Баламыз ғой, біз­­­ді үлкендердің қасына кім­ жіберуші еді? Әйтпесе, Сә­би­т­­пен қаншама әңгіме ай­ты­лғаны хақ қой. Кейін, хат та­ныған соң Сәбит Мұ­қановтың шығармаларын қ­ы­зыға оқыдым.

         – Жібек әже, бір сөзіңізде Кү­ләшті де айтып қалдыңыз ғой?

      – Иә, сол 30-шы жылдардың ішінде Магнитогор металл комбинатына Күләш Байсейітова да келіп, концерт берді. Тура қай жылы келгені есімде жоқ, бірақ сол 30-шы жылдардың ішінде, бәлкім, аяғына қарай шы­ғар. Соғыстан бұрын. Жетім қыз сонау Магнитогорға, Кү­ләш­тің концертіне қайдан бар­­сын. Ол кезде қазіргідей зыр­ғыған автобус, машина қайда? Ауылдан шамасы жете­тін­дердің барлығы шұбап атпен, арбамен барып келді. Содан кейін татар (нағайбақ) тіліндегі жергілікті «Сталин йолы билән» газетіне Күләштің суреті, оның концерті туралы мақала басылды. Мен содан оқыдым. Шашын маңдайдан қақ жарып тастаған, дөңгелек жүзді, сұлу әйел екен. Күләш Магнитогорға келіп-кеткеннен кейін «Қызыл қазақтың» бар қызы «Гәккуді» айтып, ауыз жимайтын болды. «Қобыз бен домбыраның арасында, балқыған қорғасындай қайран Гәкку» деп шырқайтынымыз есімде қалыпты.

      Тілші шегінісі: «Сталин йолы билән» газеті демекші, Нағайбақ ауданын жайлап отырған тілі татар тіліне өте жақын, діні бөлек нағайбақ халқын Кеңес Одағы кезінде «татар» деп жазатын. Кеңес Одағы тарағаннан кейін олар­дың өз алдына халық, ұлт бо­лып тіркелуіне көп еңбек с­іңір­ген осы «Қызыл қазақ» ауылы­ның түлегі Қайырбек Сейілов есім­ді қандасымыз екенін де айта кетудің артық­тығы болмас.

       Жалпы, Жайық бойын жай­­лаған қазақтардың тарих-тағ­дыры арнайы мақаланың жүгі дер едік. Жібек әженің әңгі­ме­­сінен Жайық бойындағы қазақ­тар­дың өмірі қай уақытта да мал­дың жайылымы, жер үшін күреспен өткен.

      – Жібек әже, әңгіме бары­сын­да жетім өскеніңізді қай­та­ладыңыз. Балалық ша­ғы­­ңыз ауыр кезеңдерге тап кел­ді ғой?

      – «Қыз Жібек» қи­сса­сын­дағы Жібектің: «Әуелде түскен жерім Жағалбайлы, жылқысын көп­тігінен баға алмайды» дей­т­іні бар ғой, сол рас. Ата­ла­­ры­мыз­дың бай болғанын қай­т­ей­ін, рахатын өздері көрді, сол мал­дың бар қорлығын балалары – біздер тарттық. Одан он беске енді шыққанымда соғыс басталып кетті де, көр­ме­генім жоқ. Несін айтайын, кө­рікті едім. «Ақ Жайықта та­ғы бір Жібек өсіп келеді» дей­ді екен ауылдың үлкендері мен туралы. Уақыт жібегін жүн қып жіберді, қарағым. Қазақ­тың қай әйелінің де шері өлең­мен шыққан ғой. Мен де: «Дүниенің қызығына кімдер тойған? Түріндей текеметтің ою ойған. Қыз Жібек арманына жете алмаған, Атымды әкем неге Жібек қойған?..», деп жылап алатын едім.

       Соғыс кезінде аштан өліп бара жатқан соң, күнім үшін ауылдағы біреуге тұрмысқа шықтым. Ол мені адам емес, мал қатарында ұстады. Осы жердің ағашы қалың болушы еді, қасқыры жаудай. Өзі үйде жатып, мені отынға, шөпке жалғыз жібереді. Құдай аяған шығар, ол бір жарым жылдан соң кенеттен өлді де, одан кейін Молдабай деген жігітке өзім қалап шықтым. Көзім ашылды, жақсы тұрдық. Қуандық атты ұл, Қарапа атты қыз тап­тым. Бірақ тағдыр маған Молдабайды да көп көрді, одан 33 жасымда жесір қал­дым, ауырып қайтты. Нашар­лап жатып марқұм: «Жібек, сені жанымнан артық көріп ұна­тып едім, енді кім құшақтар еке­н?» деді. Ол бұл дүниеден баз кешіп жатқанын, бетінің о дүниеге қарағанын айтып қа­мықты, балаларды да­йындады. Сосын мен өмір бойы оған деген адалдығымды сақ­тай­тынымды айттым. Сол с­ө­зімді ұстадым да. Әйтпесе, ма­­ған қызыққандар көп болды. Еш­кім­ге мойын бұрмадым, екі балам­ды өсіріп, аяқтандырдым. Бірақ тағдырдың жүгі мойнымнан ақыры түспеді. Ұлым қайтыс болды, қызым қазір инсульт алып, оны жалғыз қызы қарап отыр. Мені немере інім қолына алды. Әттең, дүние-ай, деймін.

        – Сонда тоқсан жаста өмір­ден не түйдіңіз?

       – «Өлгеннің артынан өлмек жоқ» деген ғой халқымыз. Әйел соны ұстануы керек екен. Мен жарыма адалдық таныта­мын деп, өмір бойы өзімді бұ­ғау­ладым. Сонда не таптым? Баладан қалдым, өмірімді қиын­даттым. Ер болсын, әйел бол­сын Алланың берген сыйын бұл өмірде толық жара­туы керек екен, өмірдің жал­ға­сатынына пейіл салмаппын. Әр адамның тағдыры, қа­телігі кейінгіге сабақ болсын, қарағым.

         Әңгімелескен Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,  «Егемен Қазақстан»

 ҚОСТАНАЙ – НАҒАЙБАҚ – ҚОСТАНАЙ

        https://www.egemen.kz/2017/01/10/90157

толығырақ

Канат Тасибеков

      Автор самой популярной методики изучения казахского языка Канат Тасибеков не филолог, а коневод. 

       Казахский язык Канат Тасибеков начал учить в возрасте… 50 лет. Причем не по учебникам, а просто повторяя за другими казахские слова и фразы. Так, как это делают дети.

       В процессе обучения он понял, что сам того не ведая, изобрел новую методику. Решив, что его система изучения языка будет интересна широкому кругу, он написал сначала одну книгу «Ситуативный казахский», а затем и вторую. Сегодня эти книги являются самыми продаваемыми в Казахстане.

        В редакцию портала 365info.kz Канат пришел, чтобы представить третий том учебника и рассказать о своем видении изучения казахского языка.

О чем думают российские казахи?

       — Канат, давайте поговорим о ваших достижениях. Вы недавно вернулись из поездки в Россию. Вас приглашали казахи Тюменской области. Наш портал об этом немного писал. Насколько сильна потребность у казахов Тюменской области в изучении казахского языка?

     — Учить и знать язык хотят все. Я уверенно говорю об этом, потому что везде стараюсь провести опрос аудитории, иметь обратную связь. Когда я был в Тюмени, не предупреждая принимающую сторону, то попросил раздать опросники. Всего было 5 вопросов, и один из них: «Хотите ли вы знать казахский язык?». Почти все ответили, что хотят.

       — Но у них есть проблемы. Старшее поколение хорошо говорит, а вот молодое…

      — Да, молодые хуже знают родной язык. Но единодушие было в том, что они хотят учить казахский и выступают за союз России и Казахстана.

Даже была приписка: «Боюсь, что после ухода Назарбаева отношения Казахстана с Россией испортятся»

  Почему нет хорошего русско-казахского словаря?

    — Ваша методика отличается от всех, что нам предлагали. Расскажите о третьей книге. С первыми двумя читатели хорошо знакомы. Они в форме учебников. Примечания, словарики. Третья книга выполнена в форме своеобразного словаря — фраза, и эта же фраза на другом языке.

      — Первая книга «Ситуативный казахский». По совету Герольда Карловича Бельгера, я дал ей подназвание «Мир казахов».

        — Бельгер сказал, что этим названием вы принизили свой труд. Надо было назвать «Мир казахов»…

      — Второй том называется «Диалоги», поскольку диалоги являются основным инструментом изучения языка. Третий том — «Ситуативный казахский. Словарь». Что здесь имеется в виду? У нас есть много словарей. До Тюмени меня приглашала московская диаспора, национально-культурная автономия казахов Москвы. Я обходил в Москве книжные магазины. Каких только словарей нет! Словарь говоров Поволжья, словари сочетаемости слов и другое. У нас есть отраслевые словари. Допустим, для прокуратуры, для сельского хозяйства. А хорошего словаря по моей теме нет!

Фразеологический русско-казахский словарь, который был выпущен еще в советское время, не покрывает потребностей

       Его делали филологи. А я дилетант. Я не филолог. И считаю, что это моя сильная сторона, так как я имею некую отвлеченность. Когда мы хотим перевести фразу, то не думаем, что это — фразеологизм или идиома, междометие или цитата из фильма «Мимино». Мы ее просто употребляем, потому что она пришла на ум. Когда я сам учил язык, понял, что есть необходимость в таком словаре. Это мой пройденный путь. Словарь предназначен в основном для русскоязычных людей. Они мыслят на русском. Ассоциации к нам тоже приходят на русском языке — речевые штампы, идиомы или цитаты.

Задача: с языка, на котором думаете, мгновенно перевести фразу на язык, на котором хотите говорить

В студии 365info — импровизированный урок казахского языка

Кому ты скажешь «Көрмегелі не заман!»?

       — То есть идея словаря — найти идентичный речевой оборот?

       — Вы должны как можно более точно донести свою мысль на этом языке. Вы автоматически переводите все, что вам пришло в голову. Но переводить дословно – это нонсенс.

У каждого языка своя логика: прямой перевод не передаст смысл выражения

      Английское I have – я имею.

      — I have two eyes. Я имею два глаза. Это из школы, простите… 

     — Есть же притча во языцех: Айналайын, сенің арқанда күн көрем. Смысловой перевод «милый, я существую благодаря тебе». А если прямой перевод, то «кружусь вокруг тебя, на твоей спине солнце вижу». То есть была задача найти эквиваленты этих выражений.

— Давайте какой-нибудь пример.

      — Вы давно не видели своего товарища и вдруг встретили. У вас в голове возникает восклицание: «Сколько лет! Сколько зим!»

      — Қанша жыл! Қанша қыс! Звучит глупо.

       — Открываете мой словарик.

«Сколько лет! Сколько зим!» — «Көрмегелі не заман!»

     Абсолютный аналог. Это обороты, по которыми я испытывал затруднения в процессе изучения языка. Это мой личный опыт в соответствии с моим уровнем образования и языковой подготовкой. Этот ситуативный словарь именно мой.

карикатура про взяточников

«Глаза боятся, руки делают» — «Көз қорқақ, қол батыр»

«Океан казахского речества огромен»

      — А еще?

      — «Сколько волка ни корми, он в лес смотрит» — «Қасқырды қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды». «Ему говори, не говори – все равно» — «Оған айт, айтпа – бәрі бір».

      Абсолютный аналог и смысловой, и по набору слов. Есть аналоги, которые по набору слов и передаче мысли совсем другие, но означают то же самое. «Как корова языком слизала» — «Жылан жалағандай» (Змея слизала). Абсолютный аналог, но отличается по словам. В моем словаре есть вещи, которые абсолютно отличаются. Они даны с переводом. А когда незначительно отличаются, как в последнем примере, то даю только перевод слова жылан — змея.

Основной принцип словаря – ищите то, в чем испытываете затруднения

       — Тогда словарь должен все время дополняться.

    — Да. Хорошо, что вы задали мне этот вопрос. Как говорил Герольд Карлович Бельгер, «…океан казахского речества огромен». Он действительно огромен. Часто говорят о богатстве языка, приводят миллионы слов. У слова может быть и 20, и 50 синонимов. Поэтому речевых выражений очень много. Мой отец Тасибеков Галым родился в 1916 году 16 октября. И эту книгу я решил посвятить его памяти.

       — Ну, что же! Көп рахмет! Будем следить за вашим творчеством. Смотреть, как будет развиваться этот ребенок. Думаю, пределов нет.

        Видеоверсию смотрите здесь

     https://365info.kz/2017/01/perevodit-s-russkogo-na-kazahskij-doslovno-nepravilno-tasibekov/?utm_campaign=7258170&utm_medium=banner&utm_content=24588545&utm_source=news.mail.ru

толығырақ

      

    Сыр өңіріне барған белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы AlashInform.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ресей астанасының атауы Мәскеу қазақ жігітінің құрметіне қойылғанын айтты.

     «... Сізге бір ғана мысал айтайын. Болгар тарихшысы Киевский русьті Сұңқар деген қазақ басқарыпты деген мәліметті тапқан. Оған Соколов, Станислав деген ат қойған. Ол сол елде тұрып, орыс қызына үйленген. Ресейдің мемлекеттік жүйесін құрып, жасаған осы қазақ болған. Кейін осыны жасырып қалу үшін Киевтің ұлы князі Владимир Мономах жазбалардың бәрін өшіріп, көзін жойып, орнына жалған құжат жасаған екен. Біз осыған 1860 жылдан бері сеніп келдік. Сөйтсек бұл өтірік екен. Бұны Болгар тарихшылары айтып берді», - дейді ғалым.

      Оның айтуынша, Мәскеуді 1088 жылы Асат Мосқау деген жігіт билеген. Мәскеудің халқы оны жақсы көргеннен оның атын Мәскеу дегенге айналдырып жіберген көрінеді.

«Сонда орыстың астанасының аты Мәскеу қазақтың есімінің құрметіне қойылған және орыстың мемлекеттік жүйесін Сұңқар деген қазақ құрған.

      Дәл қазіргі уақытта біз ұлы Абайды барынша тануға күш салып, құлдық санадан арылуымыз керек. Ресейдің мұрағаттарында бізге қатысты құжаттарды жойып тастауында үлкен мән бар. Кеңестік билік қазақтың басын көтертпей, бақылауында ұстап отырды. Шын мәнісінде біз қанымыз таза, ойымыз сергек, дүниетанымы өте терең халықпыз», - дейді Мекемтас Мырзахметұлы.

https://baq.kz/kk/news/kogam/mekemtas_mirzahmetuli_resei_astanasinin_ataui_kazak_zhigitinin_kurmetine_koiilgan20161230_145500

 

толығырақ

%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%bd%d0%b0-%d0%be%d1%80%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%b0-2

       Галина ОРЛОВАҚалмақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, Республика білім  министрінің кеңесшісі:

     Қазақстан өзінің  Тәуелсіздігінің  25 жылдық ме­рейтойын  атап өткелі отыр. Әлемге құшағын ашып, достық пейілін ұсынудан басқа ниеті жоқ еліміз әлем елдерімен ынтымақтаса қарым-қатынас жасаудың озық үлгісін қалап, үздік  елдердің  қата­рына еніп отыр. Ішкі саясаттағы тұрақтылық пен сырт­қы саясаттағы табысы­мызға, негізі, өзгенің қадір-қасиетіне  сыйлас­тықпен қарағанның, оларға  құрмет көрсетудің, бірлік пен тыныштыққа барын­ша байыпты қарауымыздың арқасында қол жеткіздік.

       Бұл Тәуелсіздік таңының  атуында зор рөл  ат­қарған еліміздің тарихи ерен тұлғасы – Қазақстан Президентінің осы жылдар бойы ұстанған саяса­тының, қажырлы еңбегінің  арқасы. Егемен еліміз­дің осынау мерекесі  қарсаңында біздің еліміз және оның Президенті туралы әлем елдерінің қайрат­керлері өз пікірлерін білдіруде. Жақында іссапар­мен Қалмақстан Республи­касында болғаны­мызда  осы елдің бұрынғы премьер-министрінің орын­басары Галина  ОРЛОВАМЕН сұхбаттасқан бола­тынбыз.

Мен өзімнің  Қазақстанда  туғанымды мақтан  етемін

      – Галина  Намсынқызы, биыл Қазақстан Республикасы өз  Тәуелсіздігінің  25 жылын  тойлағалы отыр. Тарихи тұрғы­дан алғанда, Сізге бұл өте көп уақыт болып көрінбеуі де мүм­кін. Алайда, бұл жас мемлекетіміздің қалыптасуы мен өркен­деуі үшін аз уақыт емес. Бүгінде Қазақстан Президен­тінің қажыр-қайратының арқасында  еліміз ішкі және сыртқы сая­сатта ауқымды жобаларды жүзеге асырып отыр. Бұлардың бәрінен Сіздің, яғни, біздің жерлесіміздің хабары бар ғой деп ой­лаймыз. Қазақстанның бүгінгі таңда қол жеткізген табыстары Сізді несімен қызықтырады?

       – Қазақстан  тарихының әр парағы мен үшін әрі ыстық, әрі қымбат. Қазақ халқының мейірбандылығы, жігерлілігі, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәңгілік мектеп. Қазақ халқы – тарихын өрлікпен, ерлікпен, қайсар­лықпен жазған халық. Мен өзімнің осы өлкеде туғанымды мақтан етемін. Менің әкем де, анам да осы жерде дүниеге келді. Әкем Қазақстанда  тыңды көтеруге қатысты. Ол ұзақ жылдар Солтүстік Қазақстан облысында шаруашылық басқарып, мемлекеттік үлкен марапаттарға қол жеткізді. Еңбек Ері атағына да ұсынылды. Өткен ғасырдың 60-жылдары осында өз еркімізбен көшіп келіп, тұрақтап қалдық. Сон­дықтан  елге, Қазақстанға аңсарым ауып отырады.

     Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, бұл – барша қазақстандықтар үшін де, оны айнала қоршаған көршілері үшін де ұлы мереке. Қазақстан Президентінің  халықаралық баста­маларына үнемі қолдау білдіремін. Олардың әрқайсы­сының өз маңызы, атқаратын рөлі бар. Олардың қатарына  ядролық қарусыздану, терроризммен күрес, адам құқығын қорғау, қоршаған ортаны сақтау, ғаламдық экономи­каны дамыту бағыттарында көтерген бастама­ларын жатқызуға болады. Мені Қазақстан көшбасшысының  діл туралы, ел мен жер туралы  тол­ғамдары мен парасатты тұжырымдары, ел ертеңін ойлайтын көреген басшы екені  таңдан­дырады. Қа­зақстан  Президентінің  Мәскеуде болған­да Ресейлік БАҚ-на берген сұхбаттарында оның өмір, қоғам, заман шын­дығы туралы айтқандары бізді таңқалдырады. Оның саясат са­ласындағы күрделі мәселелердің шешімін табу тұстарына замана биігінен көз тастауы әлемдік кикілжіңді ауыздықтауға  апаратын бірден-бір ақыл таразысы. Қазақстан ширек ғасыр­лық тарихында ішкі саясаттағы  басымдықтар – этни­кааралық татулық, қоғамдық келісім, саяси тұрақтылыққа қол жеткізді. Ұлт саясатын жүзеге асыруда әлемде теңдесі жоқ институт – Қазақстан  Халқы ассамб­леясын құрып, ол тұрақты қызмет  етіп келеді. Елдегі диаспоралардың мүддесін қорғау мақ­сатында  ассамблеяның тоғыз өкілінің Парламент Мәжі­лісіне арнайы сайланатыны да өзгелерге үлгі болуы тиіс. Мұндай сая­си механизм унитарлы ұлттық мемлекеттердің ешқай­сы­сында жоқ.

      Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойы қазақ жұрты үшін ғана емес, Еуразия­ның орталығында орналасқан барлық бауырлас халықтар үшін де маңызды. Олардың ішінде біздің  қалмақ халқы да бар. Бүгінде Қазақ­стан Еуразия идеясын және интеграция­лық үдерістерді ілгері­летуде көшбасшы болып тұр. Бұрынғы кеңестік кеңістікте жүріп жатқан интеграциялық үдеріс­тердің тарихи-фило­софиялық негізі бар. Еуразия идеясына қысқаша анықтама берер болсақ, оған «алтын орта» деген  ұғымды беруге болады. Яғни, бұл – әлеуметтік философия ұғымында қоғам мен адамның арасындағы үндестік, үйлесім бар деген сөз. Қазіргі таңда Еуразия идеясының жарыққа шығуын жаһанданудың өзі талап етіп отыр.

     Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазақ елі тарихының өзекті мәсе­лелері мен Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің әлеуметтік-мәдени байланыстарын дамыту мақсатында өз ұсыныстарын ортаға салуы бізді қызықтырады. Ол ұсыныстар Казақстан Республи­касының әлемді ядролық қарудан азат ету және тұрақтылықты сақтау бағытындағы жаһандық бастамаларын қолдау, тең құқылы, ерікті және сын­­­дарлы әріптестік негізінде еуразиялық инте­грацияны күшейтуге жағдай жасау, Еуразия аумағындағы білім және ғылыми мекемелерде Қазақ елі және Еуразиялық Экономи­калық одақ (ЕАЭО) елдерінің тарихын пәнаралық зерттеу бойынша ғылыми зерттеу жобаларын жасау және жүзеге асыру, ынтымақтастық елдерінің ғылыми орталықтары мен жетекші білім беру мекемелеріне Еуразия халықтары ара­сында толеранттылықтың еуразиялық үлгісін  жасауға жол ашады.

      Еуразиялық интеграцияны дамыту туралы идеяны Казақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым көтеріп келе жатыр. Еуразия кеңістігіндегі өңірлік интеграция Қазақстанның сыртқы сая­сатындағы басты басымдық­тарының бірі екенін  үнемі  айтып келеді. Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін алған жылдардан бері посткеңестік кеңістіктегі барлық интеграциялық үдерістердің, бастамалар­дың, жо­балардың бастамашысы болып келеді. Қазақстан 90-жыл­дардағы қиындықтарға қара­мастан, қарышты дамыған елге айналғанына дүние жүзі елдерінің көзі жетті. Казақстан ірі еуразиялық мемлекет ретінде «Бірыңғай экономи­калық аймақ» атты ғаламдық жобаны да алға  сүйреп келеді.  Жалпы, еуразиялық интеграциялық үдерістерді Қазақстансыз елестету әсте мүмкін емес.

     Бүгінде әлемдік геосаясаттың ракурсын «жасанды» түрде өзгертуге бағытталған   түрлі амалдар кездесетінін, ал олардың алдын алу үшін қауіпсіздікті нығайтудың жаңа тетіктерін  ойлап табу қажеттігі – қазіргі таңда еуразиялық инте­грация мәселесінде халықаралық-құқықтық және мемлекеттік-құқықтық байланыс жандана түскенін айтуымыз керек. Ал бүгінде Қазақстан «интегра­циялық схемаларды» іздеу жолында үлкен бастамалар көтеріп келеді. Бүгінде бұл интегра­цияның бір қалыбы – Еуразиялық экономикалық одақ. Бұл Қазақстанның ауқымды бастамаларының бірі. Одақты құру туралы идеяны Казақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1994 жылдың наурыз айында М.В.Ло­моносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі өзінің лекциясы кезінде көтерген болатын.

      Әлем елдерінің басым көпшілігінде экономи­калық қарама-қайшылықтар байқалуда. Халық­аралық сауда-саттыққа шектеулер, санкция­лар енгізіліп, әскери қақ­тығыстар өрши түсуде. Ал мұндай жағдайда Қазақстан Прези­денті страте­гиялық маңызы бар бастамаларды  көтеруден тыс­қары қалған емес. Мұның өзі оның әлем мен адам­заттың болашағы үшін алаңдаушылығын білдіреді.

Қазақстан этносаралық келісім және бірлік жағынан  ғаламдық инноваторға айналып отыр

         – Қазақ халқында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз бар. Дана бабала­рымыздың ұрпақ тәрбиесіне қалдырған ұлы мұраттарынан нені өзіңізге үлгі еттіңіз?

     – Кішкене кезімнен әке мен ана бауырында өскендіктен, олардың тағылымды әңгімелері санама сіңіп, көкейімде жатталып қалыпты. «Әркімнің туған жері өзіне жұмақ» деп  жатады ғой. Қайда жүрсем де жұдырықтай жүрегім атамекен деп соғады. Мен үшін оның әр тасы, әр талы ыстық. Шыны керек, осы жаққа келген соң біразға дейін үйіренісе алмай, туған-туыста­рымды, құрбы-құрдастарымды қатты сағын­ғаным рас. Бірге ойнап-күлген ыстық кездер еске түсіп, көз жасымды сығып алған кездерім  де болды. Жасыл желек жамыл­ған алтын бесігім, ауыл жанынан сылдырай аққан өзендер мен көкпеңбек көлдер түсіме еніп жүрді. Бірақ, «адам үйреніскенше, жылқы кісінес­кенше…» демей ме? Бірліктің, ынтымақтың және рухымыздың беріктігінің арқасында біз, жер-жерде шашырай қоныстанған қалмақ ұлтының өкілдері, жиналып,  өз алдымызға дербес шаңырақ көтеру бақытына ие болдық. Бұл кезең ел тарихында дәуір­лік оқиғалармен өлшенетін ұлттық  тұтасудың шежіресіне айналды.

     Біздің  елімізде де  этносаралық татулық пен дінаралық сыйластыққа толы жарасымды келісім бар.  Мәдени саясаты­мыз  да  үлкен табанды­лықпен  жүзеге асырылып келеді. Көп­этносты мемлеке­тіміздің тұтастығы мен мызғымас кепіліне айналған  жасампаз жобаларымыз бар.

     Қазақстан Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерзімі ішінде қоғамда келісім, бірлік, тұрақ­тылық орнату арқылы  бәсекеге қабілеттігін сенімді түрде дәлелдей алды. Өркениетті елдер­дің қатарына қосылу мықты, жауапкершілікті, креативті ұлттық лидерлерге тікелей байла­нысты. Қазақстан үшін мұндай Тұлға – Нұр­сұлтан Назарбаев. Қазақстан Президен­тінің саяси күш-жігері, даналығы арқа­сында Қазақ­стан халқы азаматтық қоғам аясында жұмыла білді.

        Мәселен, экономикалық өлшем бойынша халықаралық қоғамдастық  инвестиция мен технология жағынан донор болса, ал адами өлшем бойынша Қазақстан этносаралық келісім және бірлік жағынан ғаламдық инноваторға айналып отыр. Бұл – біздің еліміз үшін үлгі болмақ.

      – Бүгінгі күні Сіз еңбек  демалысына шықсаңыз да білім  министрінің  кеңесшісі болып қызмет  ат­қарады  екенсіз. Ке­шегі  ұстаз, ми­нистр  ретінде  Қазақ­стандағы  білім  беру  жүйе­­сі­мен  таныс  боларсыз?

      – Көптеген  қазақстандық талапты жастардың «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдердің жоғары оқу орын­да­рында білім алғанын  білемін. Қазақстан  Президен­тінің сол бағдарламасы ел дамуының негізгі кезеңіндегі ілкі қадам бол­ды. «Болашақ» бағдарламасы на­рық талабына  сай, ескі сүр­леуді ысырып, жаңа жол тапқанынан да  ха­барым бар. Бұл  мақ­саттағы стипендияның, негізі­нен, экономикалық және гуманитарлық сала мамандарына берілуі де  құптарлық. Алғашында  қазақ жастарының бірден  АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Фран­ция оқу орындарында оқуы бізді таңқал­дыр­ды. Мұның  өзі Қазақ елінің бірден  өркениет жолына түске­нін көрсетеді.

       Бүгінгі күні айналасы он жылға толмаған уақыт ішінде Қазақстандағы Назарбаев зияткер­лік мектептері жүйесіне кіре­тін 20 білім ұясының елдің барлық өңірінде жастарға  сапалы білім беріп, саналы тәрбие үйретуі білімге ұмтылған  қазақ­стандық  жастарға жасалып отырған керемет қамқорлық  деп  білеміз.

      Назарбаев зияткерлік мектептері ғылым, білім, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы оқу көрінеді. Бұл – екі модель, яғни, жараты­лыстану, мате­матика, физика, химия, биология пәндерін тереңдетіп үш тілде оқытады екен.  Бұл әдіс 35 жылдан астам тарихы бар, дип­ломын әлемнің 102 елі қолдап, 1300-ден астам универ­сите­ті мақұлдаған Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Йель, Сорбонна сияқты аттары әлемге әйгілі білім ордаларында орныққан  тәжірибе.  Мұндай тәжірибе әлемде  некен-саяқ.  Бұл – әлем­ге Тәуелсіз Қазақстан  деп жар салып жүр­ген көреген  Көш­басшы Нұрсұлтан Назарбаев­тың тынымсыз тірлігінің,  ерен еңбегінің жемісі мен жеңісі деп айдаладағы  біз қуанып  отыр­мыз.

         Сондықтан,  Қалмақстан халқы Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметпен қарайды, еңбегін  жоғары бағалайды.

 «Әлем  ХХІ  ғасыр манифесін» бүкіләлемдік  оқу  құралына  айналдыру  керек

 

       – Әлем Қазақстанның бүгінгі кезеңін «Назар­баев дәуірі» деп атап отыр. Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXІ ғасыр» манифесінің идеясына халықаралық  қауымдас­тықты жұмылдыруға ниетті. Осы жөнінде не айтар едіңіз?

       – Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың Ва­шингтонда жария еткен манифесі БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңе­сінің арнайы құжатына айналды. Ол Қа­зақстанда ғана емес, шет елдерде де үлкен қоғамдық резо­нанс тудырды.

     Қазіргі таңда әрқайсымыз және әрқайсы­мыздың отба­сымыз үшін болашаққа деген сенім қажет. Алайда, бұл сенім бейбіт өмірге келіп тіреледі.

       Себебі, бүгінде бейбітшілік пен тұрақтылық мәселесі өте өткір тұр.

          Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі әлеу­меттік-эко­номикалық саладағы жетістіктері, сондай-ақ, Қазақстан­ның  халықаралық деңгейде мойындалған бастамаларына қолдау білдіремін.  Биылғы жылы Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Әлем. XXІ ғасыр» манифесін бүкіләлемдік оқу құралына айналдыру қажет. Бұл – Қазақстан­ның бейбітшілік пен жасампаздыққа айнымасты­ғының  жарқын дәлелі ретінде қызмет етіп, бүгінгі күннің шындығына объективті баға беретін бүкіл адамзатқа арналған ашық  шақыру. Айтпақшы, Қазақстан Президен­тінің  «Мәң­гілік Ел» идеясы да бізді қатты қызықтырады.  Міне, көрдіңіз бе, Қазақ­стан  басшысының қай бастамасы да бейбіт өмірге, жалқыға емес, жалпыадамзаттық құнды­лық­қа арналған.  Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мықты Мәңгілік Ел болу үшін Қа­зақ­станда  бәрі бар. Тәуелсіз елде туып, қазақ елінің перзенті болу қандай бақыт. Мен Қазақстанның жарқын болашағына, тың мақсаттарына азат оймен, биік біліммен  жете беруіне тілектеспін!

         – Әңгімеңізге рахмет!

         Әңгімелескен  – Ермек  ЖҰМАХМЕТҰЛЫ.

      http://almaty-akshamy.kz/2016/11/26

толығырақ

       2 ноября 2016 года в преддверии Дня народного единства в Москве состоялся I Форум народов России и Евразии.
    Председатель правления Саратовской областной общественной организации «Культурный центр «КАЗАХСТАН»Джунельбаева  Умуткан Макзумовна приняла участие в работе Форума.

     Форум собрал представителей разных народов, населяющих нашу многонациональную страну, делегации от Ассамблеи народа Казахстана, Ассамблеи народа Кыргызстана, Ассамблеи народов Молдовы, делегации Республики Беларусь, Республики Армения и других стран, ведущие эксперты федерального и регионального уровней по национальным отношениям, взаимодействию бизнеса и государства, предпринимательству, привлечению ресурсов, развитию гражданского сектора.
        Цель Форума – совместное обсуждение важнейших вопросов многонационального государства – национальной идентичности и развития уважительного отношения к людям разных национальностей, а также вопросов развития международного гуманитарного сотрудничества и общественной дипломатии стран-партнеров по евразийскому региону, формирования механизмов взаимодействия.
       Особый акцент в рамках Форума был сделан на гражданских инициативах по сохранению и гармонизации межнациональных отношений, формированию механизмов пропаганды дружбы народов и евразийской интеграции.
       Предложения участников Форума после экспертного анализа и систематизации войдут в резолюцию мероприятия и затем в виде практических рекомендаций будут представлены в органы федеральной власти для формирования новой национальной повестки дня.
      Одна из задач Форума – утверждение проведения Съезда народов Евразии в начале июня 2017 года в Государственном Кремлевском Дворце, избрание состава руководителей и членов международного организационного комитета по подготовке будущего Съезда, а также составы организационных комитетов стран – участниц Съезда.
       В рамках Форума был дан старт проекту III Международной высокоширотной экспедиции в Арктику «Полюс Мира и Дружбы» – в апреле 2017 года, как символа международной солидарности и дружбы народов разных стран.
        В рамках Форума народов России и Евразии состоялся гала-концерт, на котором был дан старт Фестивалю-конкурсу национальных культур народов России и Евразии «Мелодии единства».
         Именно творчество, понятное без перевода на другой язык, всегда объединяло сердца разных народов нашего многонационального государства! А это так важно и нужно в нынешнее непростое время, когда многое разъединяет и отчуждает людей друг от друга.
        По словам Председателя Совета Ассамблеи народов России Светланы Смирновой, «мы, собравшиеся на этом Форуме, становимся рабочей группой больших общественных свершений: созыва Первого Съезда народов Евразии, создания Ассамблеи народов Евразии, которая призвана стать международной общественной организацией с представительством всех стран континента для сохранения идентичности народов, развития дружбы и сотрудничества между ними, выражать волю народов для поддержания и укрепления международного мира и безопасности».
       Форум внес серьезный вклад в формирование на евразийском пространстве «сообщества общих ценностей и интересов».

       В рамках визита делегация АНК приняла участие в пленарном заседании Форума народов России и Евразии. В приветственном слове к участникам Форума Ералы Тугжанов поздравил россиян с праздником - Днем народного единства Российской Федерации, а также отметил, что «Казахстан и Россия – это страны, которые связаны не просто отношениями стратегического партнерства и дружбы, но и отношениями простых людей. Миллионы казахов живут в России, миллионы русских живут в Казахстане, и каждый из них – это живая связь братства, доверия и уважения между народами Казахстана и России».

толығырақ

      Омбыда «Ару қыз-2016» дәстүр, талант және сұлулық байқауының финалы өтті, оған 10 қыз қатысты, деп хабарлайды Вaq.kz.

      «Омбы қазақтары» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымы «Ару қыз-2016» дәстүр, талант және сұлулық байқауын осымен үшінші рет қатарынан ұйымдастырып отыр. Биыл қазақ диаспорасының ең сұлу қызы атану үшін 19-26 жас аралығындағы 10 ару финалда бақ сынады. Байқауға қатысушылар өз халқының ұлттық киімдерін таныстырып, сал-дәстүрін қаншалықты білетінін паш етіп, өнерлерін ортаға салды.

         «Омбы қазақтары» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымы «Ару қыз-2016» дәстүр, талант және сұлулық байқауын осымен үшінші рет қатарынан ұйымдастырып отыр. Биыл қазақ диаспорасының ең сұлу қызы атану үшін 19-26 жас аралығындағы 10 ару финалда бақ сынады. Байқауға қатысушылар өз халқының ұлттық киімдерін таныстырып, сал-дәстүрін қаншалықты білетінін паш етіп, өнерлерін ортаға салды.          

          Алтына Құсайынова

        Байқауда 20 жасар кәсіби әнші Алтына Құсайынова жеңімпаз атанды. Бұл туралы байқаудың «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. Ол «Азали» ансамблінде өнер көрсетіп, балаларға хореографиядан сабақ береді екен.

Айнұр Дүйсекенова

Бірінші вице-мисс титулы Айнұр Дүйсекеноваға бұйырды.

Әлия Смағұлова

Ал екінші вице-мисс тәжін Әлия Смағұлова алды.

        Үздік шығармашылық нөмір үшін арнайы жүлдені 22 жастағы Аина Шортанбаева иеленді.

Фото, видео: ngs55.ru

  
 
 
 
 

толығырақ

Жолдастық

     Қазақстанның батыс өңіріндегі ежелден ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Ресейдің Астрахан облысында бұл күнде дәл емес есептерге қарағанда 200 мыңнан астам қазақ тұрады. Керек десеңіз, Қазақстанмен іргелес, көрші жатқан Құмөзек, Володар, Красный Яр, Харабайлы, Икрян аудандарында бірыңғай қазақтар тұратын да ауылдар бар. Қандастардың өзге жұртта ұлт ретінде басын қосатын бір-ақ қоғамдық ұйым бар. Ол өңірде 1990 жылы құрылған «Жолдастық» атты қазақтардың тіл және мәдениет қоғамы. Алғашында қоғам Никита Сейітұлы Ысқақов сынды ұлтжанды азаматтардың бастамасы, Басқұншақта қазақтар арасында өскен Астрахан облысының губернаторы, марқұм Анатолий Петрович Гужбиннің қолдауымен қолға алынып, әр ауданда қоғамның филиалдары ашылды. Тіл, діл бағытындағы ұлттық құндылықтарды қайта жандандыру, өсіруде көп жұмыстар жүргізді. 
       Ал сол үрдіс бұл күнде қалай жал­ға­суда? Біз бұл сұраққа жауап алу үшін Астрахан өңіріне жол тарттық. Өкініш­ке орай, қоғам төрағасы, Икрян ауданы әкімшілік басшысы Нұрлан Маянұлы Кандыковты өңірде өтетін сайлау науқанына орай жұмыс орнынан таба алмай, оның орынбасары, өзімізге бұрыннан таныс Өмірзақ Қабылұлы БЕКМҰҚАНОВҚА жолықтық, кеңінен әңгімелестік.

          – «Жолдастыққа» қалай келдіңіз?
        – Мен отыз жеті жыл сауда саласында, он жыл туризмде істедім. Бір қарағанда бәрі де халыққа қызмет көрсету. Әкем менің құлағыма «Не істесең де елге, халыққа пайдам тисін деп істе. Адамдардан алған алғыс абыройға бөлейді» дегенді құйды. Уақыт өте анам «Халыққа қызмет көрсетіп келе жатырсың ғой. Жанбасың жерге тигенше сол халықтан айырылма. Көппен көрген ұлы той, бөлінгенді бөрі жейді» деуші еді.
       Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары облыста «Жолдастық» қоғамы ашылды. Оның негізгі мақсаты – өңірде туған тіліміздің өрісін кеңейту, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр, мәдениетімізді жаңғырту болғандықтан оған өзім де белсене араласуым керек деп ойладым. Ол үшін маған ешкімнің соқыр тиын төлемейтінін, тіпті «Жолдастыққа» да бюджеттен қаражат қаралмайтындығын жақсы білдім. Бірақ қол ұшын беруім керек және оған өзгелерді де тартқан дұрыс деп ойладым. Бәрінен бұрын қазағым деген халқым аман болсын.
     Әуелгі жұмысым «Жолдастық» қоға­мы­­ның аудандық филиалында кеңес мүшесі, тексеру комиссиясында болдым. Уақыт өте аудан басшылығы төраға өзге адам болса да жауапкершілікті көбіне одан емес менен сұрап, соған сай көбірек жұмыстануыма тура келді.
       – Айтыңызшы, сонда «Жолдастықта» айта қаларлықтай қандай істер атқа­рылды?
       – Әңгімені өз ауданымнан бастайын. Алдымен ауданның әр қазағы, қажет болса, әр тұрғыны «Жолдастық» қоғамы әу баста қандай мақсатта құрылды, кімге қызмет етеді және олар қандай қызмет екенін білуі керек. Ол үшін ауыл-­ауылды аралап, адамдармен кездесіп, қазақ болсаң, ана тіліңді ұмытпа, мәдениетіңді, ежелгі салт-дәстүріңді сақта, арыңды таптатпа, намысты бол. Өзге елдің аспаны астында жүрсің, қандасыңа қайырымдылықты ұмытпа. Мүмкіндігің жетсе, жұмысқа орналас-тыр, үйрет, абыройын асыр. Қариясына сәлем бер, баласын бауырыңа тарт дегенді ұғындырдық. Сөйтіп, ауданның 11 ауылында «Жолдастықтың» бастауыш ұйымын құрдық. Ісіміздің алға басуына менің осы өңірде түрлі басшылық жұмыстарда және әр кезеңде аудандық кеңеске депутат (әлі де депутатпын) болғандығым көмекке келді. Қай ортада да сөзім өтіп, қандастарымды қатарыма тарта білдім.
        Біздің бұл ісімізге қарсылықтар да болмай қалған жоқ. Кейбіреулер, тіпті орындығы мықты басшылықтағылардың өзі «қазақтар неге өздерінің қай елде өмір сүріп жатқандықтарын білмейді, үй ішінен үй тігіп отырғандары несі? Қаражатты қайдан алып отыр, бәріне бақылау орнату керек» деген әңгімелер таратты. Біз оларға «Саясатта ісіміз жоқ. Бөлінуден де аулақпыз. Бар-жо­ғы ұлт­тық құндылықтарымызды ­жойып алмау әрекеті. Өзге этностардың өне­гелі дәстүрлерін үйренейік, өз өнегемізді өзгелерге үйретейік, жас­та­­рымыз жайдақтанбасын, жасамыс­тар жалғызсырамасын, бәріміз бірлесе жұмыс істейік» дегенді айттық.
     Іні-қарындастарымызды ортаға алдық. Үйленсе, келінге сырға салып, бетін аштық. Тәтті шайын ішіп, бесік тойын тойладық. Ұлын сүндетке отырғызып, қызын үкіледік. Үлкендерін төрге отырғызып, бата алдық. Ұлттық мерекелерді атап өтіп, айт шалдық. Наурыз тойын ауыл болып тойладық.
     Әр ауылда «Жолдастық» арнаулы орнын ашып, оған кез келген қазақтың қалаған уақытында бас сұғып, сырласар ортаға айналуына күш салдық. Не болмаса қарапайым мысал, ауданның түрлі елді мекенінде тұратын бір қандасымыз жұмыс бабымен аудан орталығына келді дейік. Бірақ, түске дейін шаруасы бітпей қалды. Не істеуі керек? Сондайда ол «Жолдастық» орналасқан үйге бас сұғып, ондағы қызметкерлер дайындаған күрең шайын құшырлана ішіп, әңгіме-дүкен құрады. Қазақша газет-журналдармен танысып, кітаптар оқиды. Бейнетаспалардан ән-күй, «Отау ТВ» арқылы Қазақстанның қалаған облысының жаңалықтарын тыңдай алады. Сайып келгенде, бұндай дәстүр тек Құмөзекте емес, Астрахан қаласындағы облыстық ұйымда да жүзеге асуда.Жолдастық
        Құмөзек ауданындағы кеңсемізде журналист отыр. Ол бастауыш ұйымда атқарылған жұмыстың бәрін қағазға түсіріп, қордың тарихын қалыптастырады, қажет болса, БАҚ-қа береді, арнаулы кітап дайындайды. Аудан тарихы, айтулы адамдар жайлы бірнеше жинақ шығарылды. Бір қарағанда, бұл Астрахан қазақтарының өлмес тарихы, келешекке қалар қайырлы мұрасы.
     Тоқсаныншы жылдардың басында облыстың 92 мектебінде қазақ тілін жүргізу қолға алынған. Ресей үкіметі өткен жылдан бастап, ондай ұлттық тілдерді мектептерде шектеу тәртібін енгізді. Соған сай қазір облыстың тек 27 мектебінде ғана қазақ тілі түрлі деңгейде ғана жүргізіледі. Ал балабақша, мәдениет ошақтарындағы жұмыстар тым әлсіз, баяу жүреді. Өйткені бұрындары білім, мәдениет министрліктері (Ресейде облыстық басқармалар министрліктер деп аталады) жекелеген этностық шараларға әжептәуір қаражат бөлетін. Қазірде оның жолы тіптен тарылды.
     – Әңгімені біз тек Құмөзек ауданы емес, жалпы Астрахан өңіріне қарай аударып келеміз. Ендеше, «Жолдастық» қоғамының бүгінгі іс-қимылында айта қаларлықтай оң өзгеріс бар ма? Өйткені сіз аудан үшін байырғы басшы болғанмен облыста жаңа адамсыз ғой.
      – Өткен жылы қоғам басшылығы тұтастай жаңарды, оның дені жастар. Бұл жолы қоғам төрағасы болып жасы отыздан енді ғана асқан жігерлі жас Нұрлан Кандыков сайланды. Жастар жаңалыққа құштар. Біраз өзгерістер бар, ол қуантады.
      Алдымен Астрахан қазақтары үшін негізгі проблема тіл болса, мұнда биыл­дың өзінде тілге арналып: қазақ тілі пәні мұғалімдерінің оқу-тәрбие ісіне арналған семинары; Оқушылардың қазақ тілінен облыстық олимпиадасы; Мектеп оқушылары арасында Абай, Жамбыл оқулары; Концерт жүргізушілер мен асабалар тілі тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды.
      Өңірде қазақ тілінің дамуына айтар­лықтай ықпалы бар құрал – алғашқы санының шыға бастағанына биыл 25 жыл толған «Ақарна» газеті. Ол қазақ және орыс тілдерінде шығады. Әуелгіде таза қазақ тілінде шығатын газет қаражат қиындығына орай сапасы төмендеп, таралымы да азайған еді. Биыл газетте де басшылық өзгерді. Мүмкіндік жақсарды. Басылым айдарлары жаңартылып, материалдардың мазмұнына мән берілді. Өткен жылы облыста бірінші рет өңірде тұратын қазақтардың «Жолдас­той» деп аталатын мерекелік шарасы өтіп, онда еңбектің барлық саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізген озаттар, еңбек ардагерлері (қариялар), оқуда озат студенттер марапатталды. Аталған шараға алты мыңдай қандастарымыз қатысып, соңында ат жарыс, атан жарыс, спорттың басқа да түрлерінен, өнер саласы бойынша сайысқа түсті.
      – «Жолдастықтың» облыстағы өзге этностық мәдени бірлестіктермен байланысы қандай?
     – Облыста 17 этно мәдени бірлестік бар. Бәрімен ұдайы байланыстамыз. Олар біздерде өтіп жатқан келелі шараларға қатысып, Наурыз тойын бірлесіп өткізіп жатамыз. Бәрі де біздің қонақжайлығымызға ерекше таң қалады. Сондай-ақ біз тарихи отанымыз – Қазақстанмен де тығыз байланыстамыз. Оларда өтіп жатқан шараларға да бой көрсетіп, өнер додаларында бәйге төрінен де көрінген сәттеріміз бар. Атырауда өткен 1000 адамдық домбыра оркестрі құрамында Алтынжардағы Құрманғазы атындағы мәдени орталықтың оркестрі де өнер көрсетті. «Жолдастықтың» Құмөзектегі филиалы жанындағы «Ажар» дуэті Ақтөбе қаласында өткен өнер сайысында бірінші орынды иеленсе, жақында Қырымда өткен халықаралық іргелі ­сайыста тағы да шеберлік биігінен көрініп, алғашқы орынмен оралды.
      Астрахан Ресей бойынша қазағы көп облыс. Соған сай өнерлі жастарымыз да жетерлік. Оған негіз де жоқ емес. Кешегі қазақтың төкпе күй өнерінің жарық жұлдыздары – Құрманғазы мен Дина, Ерғали (Есжанов) мен Сейтектердің біраз өмірі осы өңірде өтті. Шора Үмбетәлиев, Люция Төлешева, Амангелді Тәжібаевтар да осы топырақта туып-өсті. Саңлақтардың ізбасарлары өсіп келеді.
        – Әңгімеңізге рақмет!

           Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Атырау филиалының басшысы

      http://anatili.kazgazeta.kz/?p=39840

толығырақ

      Мәскеуде өткен қазақ тiлi мен мәдениетi және тарихына арналған олимпиада «Елiм менiң» деп аталды. Бiлiм бәйгесi ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай џйымдастырылды. Онда Ресейдегi қазақ диаспорасының өкiлдерi және жергiлiктi студенттер бақ сынады. Сондай-ақ, тоғыз жастағы қатысушылар да қарым-қабiлеттерiн байқап көрдi. Олим- пиаданың алғашқы кезеңi мамыр айында өткен. Ал, қазан айында өткен ақтық сынға үздiктерi iрiктелдi. Олардың бiлiм деңгейiн Ресей Ғылым, филология және әдебиет академиясының оқытушылары бағалады. Сөйтiп, жеңiмпаздар мен жүлдегерлер анықталып, Мәскеу лингвисти калық университетiнде марапатталды. «Қосымша жүлделi орындар болғанда 23 қатысушының жартысын марапаттайтын едiк. Себебi, олардың жџмыстары жоғары бағаға лайық. Қазақ тiлiн жан-жақты меңгерген екен», — дейдi байқауды ұйымдастырушы Роза Тадинова.

     Тiл олимдиадасына қатысушылар қазақ тiлiндегi бiлiм-қабiлеттерiн байқап көрудi мақсат еттi. Олар алғашқы нәтижелерiне риза екендерiн айтады. Келешекте Өз тәжiрибелерiн шыңдай түсетiн болады. Тiл олимпиадасына қатысушылардың арасында Мәскеу қаласында оқып жатқан қандастарымызбен бiрге өзге ұлттың да өкiлдерi бар. Қазақ тiлiн меңгеру арқылы сол ұлттың Өткен тарихы мен мәдениетi, ана тiлi туралы мол мағлұмат алуға болатынын жақсы түсiнген жастар құнды деректердi қазақ тiлi арқылы iздестiруге болатынын айтады.

    "Алматы ақшамы" газеті 4 қараша 2016

толығырақ

Орынбор қаласында тұратын этникалық қазақ Дария Сұбханқұлова (сурет Дария Сұбханқұлованың жеке қорынан алынды).

Орынбор қаласында тұратын этникалық қазақ Дария Сұбханқұлова (сурет Дария Сұбханқұлованың жеке қорынан алынды).

     Ресейдің Орынбор қаласында тұратын 23 жастағы этникалық қазақ Дария Сұбханқұлованың мамандығы – жобалау дизайнері. Орынбор мемлекеттік университетінің "Құрылыс архитектурасы" факультетін 2015 жылы бітірген Дария кейін Финляндияға, Испанияға барып, тәжірибеден өткен. Қазір құрылыс компаниясында дизайнер болып жұмыс істейтін қазақ жасы Алматыда өткен өнер фестиваліне қатысты.

         Азаттық: – Алматыға әкелген туындыңыз «Орынбор – қазақ елінің алғашқы астанасы» деп аталады екен. Неге осы тақырыпты таңдадыңыз?

     Дария Сұбханқұлова: – Тарихтан белгілі, Орынбор қаласы 1920-1925 жылдары қазақтың астанасы болғаны. Біз Ресей мемлекетінде өмір сүргенімізбен, қазақтың ежелгі мекенінде тұрамыз. Қазір бұл тарихты көп жастар біле бермеуі мүмкін. Сондықтан өзге елден келсем де, қазақ жерінен екенімді білдіру үшін осы жұмысты дайындап әкелдім.

Дария Сұбханқұлованың "Орынбор - қазақтың алғашқы астанасы" деп аталатын жұмысы (Сурет Дарияның жеке қорынан алынды).

Дария Сұбханқұлованың "Орынбор - қазақтың алғашқы астанасы" деп аталатын жұмысы (Сурет Дарияның жеке қорынан алынды).

        Азаттық: – Мүсіншілік хоббиіңіз бе, әлде бұл өнерді де оқыдыңыз ба?

       Дария Сұбханқұлова: – Мүсіншілік – ермегім. Кішкентайымнан керамикамен, балшықпен, пластилинмен жұмыс істегенді жақсы көрдім. Жалпы, маған бұл өнер үлкен атам Хабибулладан келген болу керек. Өйткені ол кісі – зергер, алтын ұстаған адам. Атамның көзін көрген кісілер таланты мен талабының маған аздап болса да жұққанын айтып жатады.

       Азаттық: – Орынбордағы өзіңіз қатарлы жастардың ана тілін меңгеруі қалай?

     Дария Сұбханқұлова: – Осыдан біраз уақыт бұрын қазақ тілін үйрену практикалық тұрғыда мүмкін емес болатын. Сол себепті бізде қазақ тілін білетін жастар өте аз. Тіпті жоқ десем де болады. Бірақ қазір бізде қазақ тілі курсы жүргізіледі. Бір жыл бұрын «Қазақ тілі» дейтін орталық құрылды. Олар орынборлық қазақ жастарына тіл үйретумен, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаумен айналысады. Қазір орынборлық студенттер, жастар тіл үйреніп жатыр. Бірақ курстың тіл үйрету кестесі біздің жұмыс уақытымызбен тұспа-тұс келетіндіктен, қиыншылықтар бар. Бірақ сонда да ілгері басамыз деген ойдамыз.

         Азаттық: – «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшаңыздан орынборлық жастарды тіл үйренуге шақырған хабарландыруыңызды оқыдым. «Қазақ тілі» орталығының ұйымдастырушысы өзіңіз бе?

Орынбор қаласында тұратын қазақ қызы Дария Сұбханқұлова (сурет Дария Сұбханқұлованың Facebook парақшасынан алынды).

Орынбор қаласында тұратын қазақ қызы Дария Сұбханқұлова (сурет Дария Сұбханқұлованың Facebook парақшасынан алынды).

        Дария Сұбханқұлова: – Мен ғана емес, сол Орынбор қаласында тұратын қазақ жастары. Бұл – біріккен жұмыс. Бұған дейін де Алматыға келдім, Астанаға, Бурабайға барып қайттым. Тарихи отанымыз ретінде осында жиі келуге тырысамыз. Бірақ кей-кейде ана тілімізді білмегенімізге сәл қиналамыз. Сондықтан да Орынбордан осындай орталық ашып, студент жастарды өз ұлтының мәдениеті мен тілін үйретуге тырысып жүрміз. Қазір аптаның төрт күнінде қазақ тілін үйрену курсы жүргізіледі. Бұл сабақты жүргізетін – Әсия Дарабаева есімді қазақ қызы.

        http://www.azattyq.org/a/kazakhstan_russia_kazakh_language_in_orenburg/28087700.html

толығырақ

     Ресей Федерациясы Федералды жиналысының алтыншы шақыруының Мемлекеттік Думасы депутаты О.Н. Смолин «Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференция атына құттықтау хатын жолдады.

         Атап айтқанда, хатта депутат былай деген: «Біздің жеріміз мұнда ұлтаралық қаскөйлік пен өшпенділік салдарынан қантөгістің болмағанын мақтан тұта алады. Қазақ халқы ата-бабаларының салты мен дәстүрін аялап сақтай отырып, әрдайым бейбіт өмір сүруге ұмтылды. Бүгінгі күні омбы жерінде 80 мыңнан астам қазақ өмір сүріп жатыр. Олар туған жері мен елінің игілігі үшін еңбек етіп жүр. Құрметті конференцияға қатысушылар, Сіздерге жемісті жұмыс тілеймін және өз тарапымнан Ресей федерациясында қоныстанған әрбір халық біздің кең байтақ еліміздің тең құқылы азаматы екендігін сезінуге барлық мүмкіндікті жасайтыныма уәде беремін, мемлекетіміз, қайсыбір ұлттан болмасын әрбір жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына жағдай жасаса екен деймін».

         Конференция Омбы қаласында қазан айының 19-20 күндері өтті.

     Конференцияның Бас серіктесі «Самұрық Қазына» АҚ және әлеуметтік серіктесі болған «Samruk-Kazyna trust».

 ***

    Приветствие депутата  Государственной Думы

      Депутат Государственной Думы Федерального собрания Российской Федерации шестого созыва О.Н. Смолин направил в адрес Международной научно-практической конференции  «Казахи в Евразии и их вклад в укрепление межнационального согласия» приветственное письмо.

     В частности, депутат подчеркнул: «Наша земля может гордиться тем, что здесь не проливалась кровь на почве межнациональной вражды и ненависти. Казахский народ всегда стремился жить мирно, бережно храня традиции и обычаи предков. Сегодня на омской земле проживает более 80 тысяч казахов, которые трудятся на благо родного края и страны. Желаю вам, уважаемые участники конференции, плодотворной работы и со своей стороны обещаю, что сделаю все возможное, чтобы каждый народ, населяющий Российскую Федерацию, чувствовал себя равноправным гражданином нашей огромной страны, чтобы государство создавало все условия для всестороннего гармоничного развития личности, к какой бы национальности она не принадлежала».

        Конференция состоялась 19-20 октября в городе Омске.

         Генеральным спонсором выступило Акционерное общество «Самрук-Казына». 

толығырақ

57f63ca4e15ae1475755172.jpg        

    В Тюмени (РФ) презентована выставка "Астана – сердце Евразии", передает Kazpravda.kz со ссылкой на столичный архив.

     Открытие экспозиции о главном городе Казахстана стало ярким событием в культурной жизни Тюмени. С особым воодушевлением приезд столичной делегации был встречен представителями местной казахской диаспоры.

57f63bccde0171475754956.jpg

        Для наиболее полноценного представления казахской культуры выставка включала в себя демонстрацию ряда национальных обычаев. В частности, торжественное открытие началось с обряда "шашу", который прошел в казахской юрте. Она была установлена Национально-культурной автономией казахов Тюменской области у входа в здание архива. После этого юные жительницы Тюмени в казахских национальных и русских костюмах угостили гостей баурсаками и хлебом-солью.



Приветствуя гостей выставки, Почетный консул Казахстана в Тюмени Сеялхан Макаш назвал символичным тот факт, что днем раньше в Астане состоялся Форум приграничного сотрудничества с участием президентов Казахстана и России. 

57f63be569d5f1475754981.jpg

       К участникам выставки также обратился депутат областной Думы Юрий Конев, председатель Национально-культурной автономии казахов Тюменской области Есмкан Жантасов и директор ГАСПИТО Елена Долгушина – уроженка Северо-Казахстанской области. Она отметила, что ей особенно приятно встречать на российской земле своих земляков.

      В рамках мероприятия состоялся показ фильма об Астане, подписано соглашение о сотрудничестве между НКА казахов Тюменской области и ГБУТО ГАСПИТО. Также здесь выступил тюменский ансамбль казахской песни "Мерей". 

      Среди экспонатов выставки – материалы, связанные с приданием Акмолинскому поселению статуса окружного города, об открытии ярмарок, больниц, школ, банков, развитии торговли, промыслов и т. д.

        Автор: Азамат Сыздыкбаев

толығырақ

       Ресейдегі Чесмен ауданында өңірлік «Туған жер» фестиваль-байқауы өтті. Оған Челябі облысының 13 аумағы, сонымен қатар Қостанай облысы Меңдіқара ауданының делегациясы қатысты, деп хабарлады u24.ru.

        Мерекеге шамамен 10 мың қонақ барды.
     Фестивальде оннан астам түрлі байқау мен жарыс өтті. Оның ішінде күрес пен бәйге бар.  

         Киіз үй және ұлттық бұрыш байқауларына алты аудан қатысты. Троицкідегі «Арман» қазақ орталығының өкілдері жеңіске жетті. Үздік ұлттық бұрышты Уйск ауданының өкілдері ресімдеді.          

null

           Қазақ шығармашылығы байқауында 30-дан астам ұжым бақ сынасты. Мерекелік концертте сахнаға 150 артист шықты. Гран-при Қызыл ауданының намысын қорғаған Айша Кенжеболатоваға бұйырды.

        Қазақтың жеті ақ жаулықтысы бас жүлде үшін таласты. Олардың жасы 65-тен 80 жасқа дейін. Нағайбақ ауданының өкілі Қыным Ішімова жеңіске жетті.

         Мерекеде қонақтар ұлттық тағам - бесбармақтан дәм татты. Ауданның үздік аспаздары бір тонна ас әзірлеген.

          http://www.inform.kz/kz

толығырақ

    Павлодарда облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйым­дастыруымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолда­нудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла­ма­сының аясында бірқатар шаралар атқарылуда. 

    Мәселен, аталған бағдарла­мадағы «Шетелдегі қазақ диаспо­расының өкілдері ана тілін меңгеруі үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету» тармағы шеңберінде және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ресейдегі Омбы қаласының «Омбы Қазақтары» ұйымының өкілдеріне 2016 жылдың 5-14 қыркүйек аралығында қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылуда. Курстың мақсаты – Ресей Федерациясында тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.
    Оқытуға қазақ диаспорасынан 50 өкіл тартылып, қазақ тілін оқытумен қатар қазақ салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары үйретілетін болады.

      http://anatili.kazgazeta.kz/?p=39008

толығырақ

     9-10 сентября в городе Уральске прошли торжественные мероприятия, посвященные празднованию Дня города Уральска.

       В праздничных мероприятиях приняли участие делегации из Саратова, Самары, Оренбурга, соседних городов Казахстана. В составе саратовской делегации в празднике приняли участие председатель правления общественной организации «Саратовский областной центр казахской культуры «Казахстан» Умуткан Джунельбаева, председатель Совета Саратовской областной казахской национально-культурной автономии Марат Бисенгалиев, председатель СМЦ «Достар» Ербулат Утешев.

      В юбилейный год Независимости Казахстана и в День своего города уральцы устроили большой праздник для жителей и гостей. В рамках празднования прошли спортивные мероприятия, открытие новой площади и «Дома дружбы», открытие памятника осетру и выпуск осетров в реку Урал, праздничный концерт с участием звезд казахстанской эстрады, а также ретро-концерт с участием звезд российской эстрады. На площади Абая прошел фестиваль цветов, большую часть цветочных композиций которого флористы посвятили 25-летию Независимости Казахстана. Национально-культурные объединения Уральска на центральной улице представили свои площадки, где радовали гостей национальной музыкой, танцами, кухней.

       «Мы рады, что город Уральск процветает», - сказала в своем выступлении Умуткан Джунельбаева на торжественном приеме, организованном Акимом города Уральска Нариманом Турегалиевым, – «Мои родители в 1933-м году были вынуждены уехать из Уральска, так сложилась жизнь. Бывая на родине моих родителей, отмечаю, как Казахстан поднялся за 25 лет. С праздником, Казахстан! Желаю крепнуть Дружбе России и Казахстана!»
      Умуткан Джунельбаева подарила уральцам красочную книгу о Саратовской области «Золотое сердце Поволжья» и журналы Саратовского «Культурного центра «Казахстан». Саратовские общественники отметили, что такие гуманитарные связи между приграничными областями, участие общественных организаций, представителей бизнеса и культуры в мероприятиях соседей являются залогом укрепления дружбы, межгосударственного сотрудничества и являются эффективным средством публичной дипломатии.

       Справочно: Уральск, помимо Саратовской области, граничит еще с четырьмя российскими областями: Астраханской, Волгоградской, Самарской и Оренбургской. Сотрудничество и дружба связывают приграничные регионы России и Казахстана многие годы. Между Саратовской областью и Западно-Казахстанской областью налажены крепкие экономические и гуманитарные связи. Это сотрудничество в сфере торговли, сельского хозяйства, в вопросах безопасности, а также совместное празднование национально-культурных праздников, организация спортивных, патриотических мероприятий для молодежи и многое другое. 

толығырақ

kme_5711-1

        1 қыркүйек күні Омбыдағы №130 орта мектебінде Қазақ тілін оқыту орта­лы­ғының тұсаукесері өтті. Бұл – облыс­та соңғы екі жылда ашылған жетінші орталық.

     Қазақ тілін оқып-үйренгісі келетін оқушылар орталыққа екінші сыныптан бастап аптасына екі рет, ал жоғары сынып оқушылары үш рет келетін болады. Аталған мектептің директоры Вячеслав Шестаков бұл тәжірибенің табысты болатынына сенімді.

       – Біз із салушылармыз, біздің мек­тебіміз – қазақ тілі екінші шет тілі секілді оқу бағдарламасына енгізілген қала­дағы тұңғыш мектеп. Бұл – үйірме емес, бұл – оқу жоспарының пәні. Өткен сәуір айында балалар мен олардың ата-аналары алдағы оқу жылында екінші тіл ретінде қай тілді оқып-үйренетіндерін таңдады. Егер сыныпта 20 оқушы болса, 10-ы қазақ тілін, ал қалғандары неміс пен француз тілдерін таңдады. Біз балалардың көршіміздің тілін тұрмыстық деңгейде емес, іскерлік қарым-қатынас деңгейінде оқып-үйренгенін қалаймыз. Мұндай мамандарға сұраныс өте жоғары. Іскерлік қазақ тілі бүгінде айтарлықтай жақсы даму үстінде. Мәселен, Қазақстанда оны Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқып-үйренеді. Бізге жақын осындай оқу ошағы Петропавлда орналасқан, енді сондағы мектеппен ынтымақтастық шартын жасауды жоспарлап отырмыз, – дейді В.Шестаков.

      №130 мектеп қазақ диаспорасының өкілдері айтарлықтай жиі қоныстанған 108 «б» шағын ауданда орын тепкен. Жалпы, мектепте 14 ұлттың өкілдері білім алса, жартысы қазақ отбасыларының балалары. Бірақ орыс балаларының арасында да қазақ тілін оқып-үйренгісі келетіндер аз болған жоқ. Өйткені, олар өздерінің болашақтарын мұнай химия­сы, құрылыс салаларындағы инженер мамандықтарымен байланыстырады.

         Бүгінде Қазақстан мен Омбы облы­сының арасындағы жылдық тауар айналымы 360 миллион АҚШ долларын құрайды. 200-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

        Достық үйінің директоры На­та­лья Степанова қазақ тілін оқып-үйрену түлектерге жақсы перспектива береді деп есептейді.

    – Омбы облысының басшылығы Қа­зақстанның бірқатар әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол қойған. Бизнес білікті аудармашы­ларға зәру. Қазіргі таңда Қазақстанда үштілділікке басымдық берілген. Әкім лауазымына негізінен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білетін адамдар тағайындалып жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілін оқып-үйренудің дәл осы 130-шы мектепте бағдарламаға енгізілуі де кездейсоқтық емес. Мек­тептің кіреберісіндегі Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арнал­ған естелік тақтада Александр Волин мен Ермұрат Досжановтың есімдері жазылған. Бұл мектепте ізгі көршілестік дәстүрі бұрыннан қалыптасқанын және заңды жалғасын тауып келе жатқанын көрсетеді, – дейді Н.Степанова.

      Бағдарламаға жаңа пән енгізу туралы идея мектепті дамыту бағ­дарламасын жасаған кезде пайда болыпты. Әр оқу орнының өзіндік ерекшелігі болуы тиіс, деп тұжырымдаған көрінеді педагогтар. Ал 130-шы мектептің ерек­шелігі – білім беруде қазақ тіліне екпін түсірілуі. Бұл жаңалық айтарлықтай дайындықты қажет етіпті. Мектепті оқу құралдарымен Қазақстанның Омбы облысындағы консулдығы қамтамасыз етсе, консул Эльдар Қонаев жанды көмек жасаған. Қазақ тілінен сабақты енді базалық филология білімі бар педагог жүргізеді екен.

      Қазақ тілін оқыту орталығының тұсау­­кесер рәсімінде орыс киімін киген оқушы қыз бала мен қазақша киінген ер бала халықтар достығы туралы тақпақ оқып, қазақша және орысша мағынасы бірдей мақал-мәтелдерден мысалдар келтірді: «Алыс туысқаннан жақын көршің артық», «Достық – баға жетпес құндылық», т.б. сияқты.

      Оқу орнының директоры В.Шестаков мек­тепті дамыту бағдарламасын жасауда көмек көрсеткен әріптестері: «Омскнеф­техимпроект» ЖАҚ-тың бас директоры Игорь Зуга мен Қазақ ұлттық-мәдени орталығының президенті Жанат Бекмағамбетовке өзінің ризашылығын білдірді.

      И.Зуга №130 орта мектеп жаңа істе кез­дейсоқ пионер атанбағанын атап көрсетті:

      – Қазақ тілін оқыту орталығы түлек­тері үстіміздегі жылы тамаша нәтиже көрсеткен мектепте ашылып отыр. Демек, бұл оқытудың сапасы жоғары екенін ай­ғақтайды. Қазақ тілін оқып-үйрену балаларымызға жастайынан бір-бірімен достық қарым-қатынас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрине, кім-кіммен де достық қарым-қатынас орнатуға болады, бірақ, ең бастысы, көршіңмен дос болғанға не жетсін! Екінші тіл білу өзіңнің мүмкіндігіңді де арттыра түседі. Мұндай жайт 130-шы мектепті Омбыда білім берудің көшіне шығаратын болады, – дейді И.Зуга.

     Сібір мұсылмандары діни басқармасы мүфтиінің орынбасары Дәулет Балтабаев Қазақ тілін оқыту орталығын ашуды ұлт­аралық, конфессияаралық және мемлекетаралық қарым-қатынастардағы үлкен оң қадам деп атады.

   – Бәз біреулер біздерді конфессия­лық белгілеріміз бо­йынша бөлуге қанша тырысқандарымен, бүгінгідей оқиға­лар бірлігіміздің бекемдігін, бейбіт­сүйгіштігімізді көрсетеді. Біз бір-бірі­мізбен достықта, ізгі көршілестікте өмір сүріп келеміз, – дейді Д.Балтабаев.

     Бұл сөзімізді «Центральный-6» аумақтық қоғамдық  өзін өзі басқару комитеті (АҚӨК) ардагерлер кеңесінің төрағасы Владимир Васильев қазақша сөйлеп айғақтай түсті. Өйткені, ол Қазақ­станда туып-өскен және тіл бойынша емтиханды да «өте жақсыға» тапсырған-тын.

       Шоқан Уәлиханов атындағы Орыс-қазақ достығы қорының төрайымы Бағ­лан Оразова 130-шы мектеп оқу­шы­ларына осы қоғамдық ұйым баста­машылық танытатын барлық іс-шараға қатысуды ұсынды.

       Тұсаукесерді шығармашылық нөмір­лер: Радмира Сұлтанованың қазақтың қара домбырасымен тартқан күйі және Жанар Омарованың мың бұралып билеген биі айшықтай түсті.

       Ал Қазақ тілін оқыту орталығының салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының консулы Эльдар Қо­наевтың және Омбы әкімшілігі өкіл­дерінің қатысуымен 15 қыр­күйекте өтеді деп жоспарланып отыр.

       https://egemen.kz/2016/09/14/61535

толығырақ

        Омбы облысының тарихи мұрағатында «Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі ашылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
      Экспозиция Астана қаласының мемлекеттік мұрағатымен ұйымдастырылды және ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылған.

      Көрменің ашылуында Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулы Эльдар Қонаев, Омбы облысының мәдениет вице-министрі Людмила Чекалина және Астана қаласы мемлекеттік мұрағатының директоры Балқия Баймағанбетова сөз сөйледі. Салтанатты шара барысында дәстүр бойынша шашу шашылды. Омбы Достар үйінің ұлттық музыкалық ұжымдары мен өңірдегі қазақ диаспорасы қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

     «Астана – Еуразия жүрегі» экспозициясы – мемлекетаралық мәдени-тарихи жоба, оған қазақстандық мұрағатшылар ерекше ықыласпен дайындалды. Шараның мақсаты Омбы тұрғындары мен қонақтарын Астананың тарихымен таныстыру және Қазақстан мен Ресейдің мәдени мекемелерінің арасындағы байланысты нығайту болып табылады. Көрмеге 100 астам экспонат қойылған. Экспозицияның әрбір бөлімінде қаланың Акмолинск деп аталған 1832 жылдан бастап елорданың қалыптасуының барлық кезеңдері көрініс тапқан. Мұнда жәрмеңкелер, ауруханалар, мектептер, банктер және басқа да тіршілікті қамтамасыз ету үшін маңызды мекемелердің ашылуына қатысты материалдар, сондай-ақ, Акмолинск қаласының фотосуреттері ұсынылған. Тың игеру кезеңіндегі қаланың тыныс-тіршілігі туралы әңгімелейтін экспонаттар да бар.

       Тіпті, тың игеруге жіберу туралы жазылған өтініш, Акмолинск қаласына келген алғашқы тың игерушілердің ақ-қара фотосуреттері де қойылған. Бұдан бөлек, ҚазКСР Жоғары Кеңесі президиумының тың игеру өлкесі Акмолинск қаласын Целиноград қаласы деп атау туралы жарлығы, КСРО Министрлер Кеңесінің «Целиноград қаласын дамыту туралы» қаулысы, 60-жылдары қаланы салу барысының суреттері де көпшілік назарына ұсынылған. Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы бөлек экспозиция жасалған. Көрмеге келушілер қаланы қайта атау туралы жарлықпен, елорданы салу барысы туралы материалдармен, қаланың төлқұжатымен, бас жоспарымен, Астананың суреттерімен және т.б. таныса алады.

      Қазақ халқының қолданбалы өнер бұйымдары мен тұрмыстық заттары көрмеге ерекше көрік береді: әйелдің ұлттық киімі, авторлық зергерлік бұйымдар, панно, музыкалық аспаптар – домбыра, қобыз. Сонымен қатар, қонақтар отандық нумизматтардың коллекциясынан алғашқы қазақстандық банкноталарды, мерейтойлық монеталарды, қазақстандық филателисттердің пошталық маркаларын көре алады. Қазақстандық мұрағатшылар Омбы облысының мәдениет министрлігінің атынан алғыс хаттармен марапатталды. Өз кезегінде, астаналық әріптестер ресейлік тарапқа елордалық Мәдениет және мұрағаттар басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті.

      «Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі 26 тамыз – 26 қыркүйек аралығында өтеді. Омбы облысының тарихи мұрағат қызметкерлерінің айтуынша, көрмеге келушілер саны күн сайын артып келеді.

        https://baq.kz/kk/news

толығырақ

          Ресейдің Челябі облысында «Туған жер» атты қазақ мәдениетінің фестивалін ұйымдастырушылар бір тонна ет тамағын асып, келген жұртты ел-сел етті.

       Ата-бабамыздың көзіндей болып келе жатқан бұл қазақша ет мерекеге қатысушылар мен қонақтарға молынан жетті. Одан 10 мыңнан астам адам дәм татты.

        Челябі қазақтарының алғауы­мен өткен фестиваль­де сондай-ақ әндер мен ұлттық киімдер үлгілерінің конкурсы керуен керді. Оның қорытындысында «2016 жылдың үлгілі әжесі» атағына Қыным Ішімова деген зейнеткер кісі ие болды. Ал үздік киіз үйлер сайысында Троицк қаласының «Арман» қазақ орталығы жеңіске жетті. Сол сияқты үздік киімдер жөніндегі бәсекеде Бредин ауданында тұратын қазақтар алдарына жан салмады.

       Мерекенің соңы ат жарысымен және қазақ күресі турнирімен аяқталды.

       https://egemen.kz/2016/08/10/55532

толығырақ


        Ресейдің Орынбор облысындағы «Жаңа Айқап» қазақ газеті 25 жылдығын атап өтті.

       23 шілдеде облыстық кітапханаға басылымды мерейтойымен құттықтау үшін жергілікті органдар өкілдері, Мәскеу, Астрахань, Қорған, Омбы, Орынбор, Самара облыстарының және Татарстандағы қазақ ұлттық-мәдени бірлестіктерінің басшылары мен белсенділері, қазақстандық және ресейлік басылымдардың журналистері келді.

      Жиында Қазақстан мен Ресей журналистік қауымының өзекті мәселелері мен міндеттері, олардың ынтымақтастығының бағыттары «Жаңа айқап» басылымынң 25 жылдығына арналған «Қазақтар мен орыстардың БАҚ-тары екі тілді ортада: ахуалы мен болашағы» халықаралық дөңгелек үстелінде талқыланды. 

        Дискуссия алаңын Орынбордық қазақтар қауымдастығы мен Орынбор облысының халықтар Ассамблеясы, «Еуразия халықтар достастығы» ОХА ұйымдастырды.

      Келесі күні 24 шілдеде орынборлықтар мен қала қонақтары басылымның мерейтойына арналған мерекелік концернтті тамашалады.

толығырақ

Фото: Валерий Бугаев

       Ресейдің Волгоград облысынанда тұратын ағайындар Екібастұз өңірінде ауыл шаруашылығын дамытуға дайын - деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

       Екібастұз ауылдық аймағында кәсібін табысты дөңгелеткен шаруашылықтардың бірі – «ЭМПК» серіктестігі. Соңғы жылдары мұнда мал басын асылдандыру жұмыстарына баса мән берілуде.

        "Жем-шөп базасын нығайту – басты міндеттердің бірі. Ет бағыты бойынша жұмыс атқарып жатқандықтан, мал азығының сапасы назардан тыс қалмауы тиіс. Бұл ретте, 540 гектар суармалы алқапты іске қостық. Мал шаруашылығымен қатар, өсімдік шаруашылығын дамытуды жоспарлап отырмыз. Соңғы жылдары «Қазагроқаржы» серіктестігі арқылы жаңа технологияларға қол жеткіздік. Мәселен, «Reinke» маркалы суарғыш машинасы сатып алынды. Түйе өсіріп, шұбат өндірісін жандандырудыда мақсат етудеміз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды анық сезініп отырмыз, - дейді «ЭМПК» ЖШС-нің директоры Татьяна Шрайнер.

         Мұнда Ресейдің Волгоград облысынан қоныс аударып, мал шаруашылығымен айналысуды мақсат еткен азаматтар аз емес. Солардың бірі - Сембай Ысқақов. Оның айтуынша, Ресейдегі қандастарымыз (шамамен 10 отбасы) Отанына оралып еңбек еткісі келеді. Барлығы да зоотехник, агроном жәнемеханизатор мамандары бойынша білім алғандар, дейді ол.

        Облыс әкімі Болат Бақауов өңірде бірқатар ауыл шаруашылығы мамандарының тапшылығы байқалатынын айтты. Бұл ретте, Ресейде жүрген дайын қандас мамандарды елге шақырып, жұмысқа орналастыруға бар күшін салатынын жеткізді.

толығырақ

       
       Түмен облысы Құрылтайға дайындық үстінде. Құрылтай сенбі күні, 9 шілдеде Қазан ауданында өтеді, - деп хабарлайды t-i.ru.

         Өңір басшысы Владимир Якушев - ұлттық мерекелердің белсенді қатысушысы.

       «Бұл мерекенің тарихы терең. Ертеректе Құрылтайға түрлі аймақтан, түрлі ру мен тайпадан жиналып, саяси және экономикалық мәселелерді талқылаған: кіммен тату, кіммен соғысу керек, хан сайлау, жайылымдық жерді бөлісу секілді шаруашылық мәселелер қаралған. Маңызды отырыстан кейін дастархан басына жиналып, аламан бәйге өткізіп, той-думан жасаған», - дейді  ұлттық-қоғамдық бірлестіктерді үйлестіру кеңесі президиумының  мүшесі және «Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымының президенті Есенғали Ибраев.

     Бүгінде қазақтар үшін Құрылтай маңызды мерекелердің бірі. Жыл сайын Түмен облысында үлкен Құрылтай өтеді. 2015 жылы Құрылтайды Есіл ұйымдастырды, оған 4 мыңдай халық жиналды. Биыл Қазан ауданына 85 жыл толғандықтан (Оның үстіне, аумақ Қазақстанмен шекарада орналасқан) Құрылтай Қазан ауылында өтетін болды.

     Жыл сайын Түмен құрылтайына Қазақстан өкілдері қатысады. Бізде солтүстікқазақстандық Қазақстан халқы Ассамблеясымен келісім жасалған. Олар да атсалысады.

      Құрылтай 9 шілдеде Қазан ауылында өтеді, басталуы 11:00-де.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2922487

толығырақ

20160620_180800

        Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығына орай сапарға шыққан «Алтай мұрасы» автоэкспедициясы Ресейдің Таулы Алтай республикасы Қосағаш ауданындағы сапарын маусымның 19-20-сы күндері осы ауданға қарасты Жазотыр ауылында жалғастырды.

       Қосағаш ауылынан қарт Алтайдың ақ қар жамылған Табын Боғда, Үкек және Мұзтау сынды әйгілі шыңдарын бетке алып жолға шыққан экспедиция 20 шақырымдай жүріп тау етегіне жақындай бере, Тархата өзенінің солтүстік-батыс жағында орналасқан біздің заманымыздан екі-үш мың жыл бұрынғы тылсым мегалиттік кешенге атбасын тіреді. Жергілікті халық Қабайтас деп атайтын, төрт босағалығында төрт үлкен петроглифті және ұсақ тастардан қаланған бұл кешен ерте заманда осында мекен еткен белгісіз халықтың тәңірге, табиғатқа, Күн мен Айға тәу етіп, тасаттық беретін киелі кешені болған. Бізді осында бастап келген Таулы Алтай республикасының Мәдени-тарихи мұралар агенттігінің Дәстүрлі аумақтарды пайдалану дирекциясының әдіскері Рашит Сергеевич Матиевтің айтуынша, Ресей ғалымдары тарапынан шартты түрде «Кіші Стоунхендж» деп аталып кеткен бұл кешен бірнешелеген математикалық және астрономиялық межелерге (есептерге) сай құрылған. Бұдан бұрын археолог-тарихшылар біршама зерттеулер жүргізгенімен, осынау тылсым кешеннің тұңғиық сырын әлі күнге толық аша алмапты. Біз де атүсті айналып-үйірілгеніміз болмаса, жөпелдемеде не қорытынды шығара қояйық?

      Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия сынды төрт елге бірдей тірек болған географиялық Алтай дүние жүзін баяғыдан осындай тылсымдарымен таңғалдырып келеді. Күнгей Алтайдағы Берел, Күршім қорымдары, Шеміршек мәдениеті, Шіңгілдегі Үшкөл үйген тас кешені, Үкек ханшайымы, Пазырық көне қорғандары, т.б. тарихи-мәдени ескерткіштер Алтай тарихының тым ертеден бастау алатынын, әрі оның адамзат өркениеті бесіктерінің бірі екенін дәлелдей түседі. Оның үстіне, ерте және орта ғасырларда әлемге танылған көшпенділердің үш үлкен империясы − Ғұн, Көне Түркі және Моңғол империя­лары осы Алтайдан жер жүзіне қанат жайған болатын. Алтайдың тау мен тасы, өзен-көлдері, жерасты байлықтары, өсімдігі мен аң-құсы туралы әңгіме тіптен бөлек. Демек, Алтайға әр жолғы сапар − өзінің әуелгі табиғи болмысын, тазалығын сақтаған ғажайып өлкені ашу, түрлі мәдениеттерді, дәстүрлер мен тұрмыс-салттарды ашу. Бірақ бұл осында сапар шеккен әр адам үшін ең әуелі өзін-өзі ашу, жаңаша тыныстау, өзін жаңаша сезіну. Айтып-айтпай, Алтайдың төрт мемлекетті түйістірген биік тау-шыңды аймағы дәл осы тұста орналасқан еді. Әлемге әйгілі Обь, Ертіс секілді ұлы дариялар бастауын осы тұстан алады. Яғни, Алтайдың күнгей бетінен Ертіс, теріскей бетінен Обь құралады. Олар ұзақ ағып мұхитқа құяды. Онда әлемдік мұхит айдынымен табиғи байланыс бар. Бірақ кейін келе адам қолымен жасалған қиянаттар Алтайдың осынау әлемдік экозонамен болған байланысына кедергі келтірді. Соның бір мысалы − мұнда балықтың түрлері күрт азайып кетті. Ұлы мұхиттардан қайтып келіп, өзінің туған бұлағының басына жетіп уылдырық шашатын балықтар бетон бөгендерден өте алмайтын болды.

      Сол секілді, Алтайды ата-бабасынан бері мекендеп келе жатқан қазақтар да шекара сызықтарымен төртке бөлініп қалды. Соның бір мысалы, ертеректе мынау біз бағыт алып келе жатқан Жазотыр Қатонқарағай елінің жайлауы болған. Үкекке қыстыгүні жылқышылар жылқы отарлатып, жас жігіттер шаңғымен тұлыптарын сүйретіп қатынап тұрған. Кейін келе, Кеңес өкіметі бұл жақ шалғай әрі қатынасы қолайсыз деген сылтаумен 30-жылдары Жазотырды Ресейге қаратып жіберген.

      Қатонқарағай мен Қосағаш қазақта­рының тарихи байланысы туралы осы уақытқа дейін ел аузында аңыз болып келе жатқан сан тарау оқиғаның бірі – «Қамар сұлу» хикаясы. Қамар сұлу Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы аттас поэмасының бас кейіпкері. Автор бұл шығармасын 1914-1915 жылдары Қатонқарағайдағы Шыңғыстай болысында бала оқытып жүргенде ғашық болған Бағила сұлуға арнап шығарған. Бағила Шыңғыстайдың болысы Әбдікәрім Ережептің әлпештеп ұстаған қызы болатын, Қосағаштағы Бұқарбай байдың Ақсұлтан деген ұлына бесіктегі кезінде атастырып қойылған еді. Сұлтанмахмұт Бағилаға қанша ғашық болғанымен, екі жас түптің түбінде дәстүрлі қазақ салтынан аттап кете алмайды. Өзін Әбдікәрімнің емес, атасы Ережептің қызымын дейтін Бағила ұзатылып бара жатып: «Әкем айтса көнбес едім, атам айтқан соң көндім», деген екен. Бұл оқиға әрі екі жақтағы қазақтардың бұрыннан тағдырлас, тыныстас болып, бірге өсіп, біте қайнасып келгенін көрсетеді. Бергі Шыңғыстай мен Шабанбайдағы елдің Қосағаш пен Жазотырдағы туыстарымен ара қатынасы туралы П.Мұхтасыровтың «Фолиант» баспасынан шыққан «Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы» атты кітабында жан-жақты баяндалады. Мұзтау мен Үкектің қос қапталын тел емген қазақтар кешегі Кеңес Одағы ыдырағанға дейін арадағы тау жолымен әрі-бері қатынап, бір-бірімен әдеттегідей байланысып тұрыпты. Бүгінде мұндай барыс-келіске қатаң шектеу қойылған. Өйткені, шекараның аты шекара. Сол себепті арғы, бергі беттегі ағайындар бір-біріне жету үшін мыңдаған шақырым жол жүріп кеден айналуға тура келеді. Біздің де аталған шекаралық аймаққа жетуіміз үшін алдын ала рұқсат алуымызға тура келді.

       Осы тұста еріксіз бар шындыққа жүгінуге тура келеді. Атап айтқанда, қанша жерден бауырым десек те, қос­ағаштық ағайындар атамекенімен бірге өзге елдің құзырында. Заңы, тәртібі басқа болғандықтан ағайындар ерікті немесе еріксіз түрде сол елдің қоғамдық жағдайына, менталитетіне және тіліне бейімделе беретіні сөзсіз. Оған Қосағаш ауданындағы ауылдарды аралаған кезімізде көз жеткіздік. Қазақтар басым орналасқан ауылдардың өзінде балалар орыс тілінде оқиды. Осы жайды көңіліне ауыр алды білем, қасымда отырған осы өңірдің тумасы, академик Рахметқажы Берсімбаев ағамыз: «Енді біраз жылдан кейін мұндағы ұрпақтың тағдыры не болар!?» – деп күрсініп жіберді. Мұндайда қол ұшын беретін бір ғана нәрсе − ол еліміздің іші мен сыртындағы әр қазақтың қазақтығы, ар-намысы мен патриоттығы…

        Жазотырға дейінгі 142 километрлік асфальтсыз тау жолы біздің көліктер үшін тым жайлы болғаны соншалық, қарлы жондар мен орманды шатқалдарды артқа сыдырып, бірқалыпты жылдамдықпен зымырап отырдық. Рахметқажы ағамыз бұл жолдың әрбір ой-шұқырын жатқа біледі екен. «Осы жолдың бойымен ауыл мен ауданның арасында атпен ара қонып жететін кездерім әлі есімде», – дейді ол. Рахметқажы Берсімбай бүгінде әлемдік деңгейдегі ғалымдардың бірі. Өзінің ғылыми ізденістерінің арқасында әлемнің көптеген елдеріне танымал болып, Ұлыбританияның ұлттық медициналық зерттеулер институтында, Ганновер медициналық ғылыми-зерттеу институтында, Еуропа молекулалық биология зертханасында, Астон университетінде, Жапонияның Ұлттық биомедициналық инновациялар институтында ғылыми зерттеулер жүргізді. Ағамыздың негізгі ғылыми еңбектері жануарлар мен өсім­діктер геномының функционалдық құбылыстары заңдылығының молеку­лалық механизмдерін, гендік реттеуіш жүйелерді жасушалық және тіндік дең­гейде зерттеуге арналған. Ол генети­калық тұрақсыздықтың, өсімдіктер генетикасының арнайы мәселелерін зерттеп, ген активтілігінің каскадтық жолмен реттелуін дәлелдеді. Сөйтіп, немістің атақты Гумбольдт стипендиясының, Ұлыбритания Корольдық қоғамының П.Капица атындағы сыйлығының лауреаты атанды. Демек, бұл жолдар оны жастайынан шынықтырған, жігерін жаныған жолдар еді. «Жақсыдан шарапат» демекші, Рахметқажы ағамыздың осы жолы өзі жұмыс істейтін ұжымымен бірге туған ауылына келе жатуының өзінде үлкен тағылымдық мән-мағына жатыр десек болады.

         Жазотырға келе жатып ағаның айтуымен жол-жөнекей тағы екі жерде көне дәуірдің тас молаларына, қазақ­тардың қарағайдан бұраған ескі ағаш бейіттеріне аялдадық. Бірыңғай тас қорымдардан тұратын көне дәуір молалары пошымы жағынан түркі дәуіріне өте жақын. Онда өңделмеген балбал тас­тарды және бір-бірімен қатарластыра орнатылған қада тастардың тізбесін кездестіруге болады. Бұған қарағанда, осы өңірге кезінде көне түркілердің төмен дәрежелі шаттары, елтабірлері немесе еркіндері, тархандары иелік еткен болуы мүмкін. Ал ағаш бейіттерге келсек, ол ХІХ ғасырға тән жалпы Алтай қазақтарындағы жерлеу дәстүрінің бір көрінісі. Қайтыс болған адамға қарағай бөренелерден қиюластырып қорған немесе кесене тұрғызу Алтайдың күнгей бетіндегі қазақтарда кең тараған. Мұндай зираттардың түрлерін, салыну әдістері мен ауқымын, дәрежесін, таралған жерлерін, санын және олардың тарихын анықтау да зерттеушілер жіті назар аударуға татитын мәселе.

         Жазотыр ауылында бізді ауыл басшысы, қазақ жігіті Александр Зеленок қарсы ала шықты. Ұлттық киімдер киген қыз-келіншектер орыс, алтай және қазақ тілдерінде құттықтау сөздер айтып, Жазотыр жерінің дәм-тұзын ұсынды. Сол жерде қарсы алу дастарқаны жайылып, аудан өнерпаздары, «Керуен» тобының әншілері ән мен күйден шашу шашты. Экспедицияның өзге мүшелері қонақ үйге жайғасып, жасы үлкендер академик Р.Берсімбайдың туып-өскен қара шаңырағына – осы ауылды 30 жылға жақын басқарған ағасы Мұхаметқажы Берсімбаевтың үйіне түстік. Осында Аянбек, Ермұхан, Қанжарбай және Иіс қатарлы ақсақалдармен болған әңгіме-дүкен ауылдың өткен-кеткен тарихы мен қазіргі жағдайы, Қазақстанмен қарым-қатынасы, ұлттық дәстүр, тіл мен діл, рухани құндылықтар жайында өрбіді. Қариялар Қазақ елінің 25 жылда жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы сая­сатына, сырттағы ағайындарға деген көңіліне дән риза екендіктерін айтып өтті. Кішкентайынан осы өңірдің тау-тасымен бірге жасасқан, туған жерге ту тігіп, бауыр басқан Иіс ақсақал өз көңіл-күйін өлеңмен әуендете, тақпақтата жеткізді.

        Ертеңіне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов бастаған автоэкспедиция мүшелері алдымен Жазотыр ауылындағы М.Берсімбаев атындағы мектепте болып, мектеп кітапханасына кітаптар мен түрлі кәдесыйлар тарту етті. Ұстаздар мен оқушылар алдында сөз сөйлеген Е.Сыдықов жас жеткін­шектерге Қазақ елін жан-жақты таныстыра келіп, оларды келешекте Рахметқажы аталарының жолын қуып, ел үмітін арқалаған білімді де білікті азамат болуға шақырды. Ауылдағы тарихи-этнографиялық мұражайды тамашалау барысында Жазотыр қазақтарының тарихымен танысып, олардың ата-бабасынан кәсіп етіп келе жатқан ат әбзелдері мен ыдыс-аяқтарын, жасау-жабдықтарын көріп көзайым болдық.

        Мәдениет үйінде ауыл тұрғында­рымен болған кездесуде Қосағаш ауда­нының әкімі Әуелхан Жатқанбаев автоэкспедицияның келуін қосағаш­тықтар үшін игі іске балап, алдағы уақытта Қазақ елімен қарым-қатынастың жиілеп, дәстүрге айналуынан үміт етті, сондай-ақ келешекте Алтайды айнала қоныстанған Ресей, Қытай, Моңғолия қазақтары өнер­паздарының Астанаға біріккен гастрольдік сапарын ұйымдастыруды жос­парлап отырғандарын айтты. Сөз кезегі экспедиция жетекшісі Е.Сыдықовқа келгенде, ол ең әуелі қиыр жайлап, шет қонған ағайынға атамекеннің, ел ордасы Астананың ыстық ықыласқа толы сәлемін жеткізе келіп, олардың бөгде елдің құзырында отырып-ақ өздерінің ана тілі мен дәстүрін көзінің қарашығындай сақтап, ұрпақтарын қазақы рухта тәр­бие­леп жатқанына ризашылығын біл­дірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта Еуразия университетінің Жазотырдағы М.Берсімбаев атындағы орта мектеппен ұдайы байланыста болып, осындағы жеткіншектердің заманауи әрі ұлттық үлгіде тәлім-тәрбие алуына қолдан келгенше көмек қолын созатынын жеткізді.

        Бұдан соң экспедиция мүшелері Алтай республикасы «Сайлюгем» ұлттық паркінің Жазотырдағы кеңсесінде болып, Таулы Алтай өңірінен Ресейдің «Қызыл кітабына» кіретін жануарлар мен өсімдіктерді қорғап қалуға арналған парк қызметімен танысты. Парк қызметкерлері өз қызметінің басты бағыты Жазотырды жарып аққан Орғыты өзені аңғарындағы таулы, орманды алқапты мекендейтін қар барысы мен осындағы тау арқарының «арғалы» деп аталатын түрін айрықша қорғауға алу, өңірдің өсімдіктері мен жануарларын ұдайы қадағалап отыру екенін атап өтті. Бұл ғана емес, Ресей үкіметі, тіпті, өздеріне қарасты тұтас Алтай өңірін айрықша қорғауға алған. Олардың Алтайға біртұтас тарихи-мәдени, табиғи экоаймақ ретінде қарап, соған орай іс-қимыл жасай бастағаны көрініп тұр. Бүгінде өн бойы қазынаға толы Алтайдың біздің қазақстандық бөлігіне де мемлекет тарапынан осындай қамқорлық қажет-ақ. Себебі, елімізде Алтайдың біздің төл тарихымыз бен бүгінгі өміріміздегі орны мен рөлі, мән-маңызы әлі де болса толық ескерілмей келеді. Ендеше, Алтайға жақындау ол біздің түп-тегімізге, рухани құндылықтарымызға жақындау болып табылады. Сонда ғана біз өз-өзімізді қайта тауып, тарих алдындағы өз миссиямызды қайта қолға алатын боламыз. Президенттің дамыған 30 елдің қатарына кіру бастамасы да осындай үлкен пассионарлық идеядан туындаған.

           Жазотырдан кері қайтқанда 650 километрден астам жол жүріп, кешкісін әлемге әйгілі Алтынкөл бойындағы «Эдем» қонақ үйіне келіп жайғастық. Алтынкөл таулы Алтайдан шыққан Обь өзенінің екінші бір бастау саласы болып табылатын Бие өзенінің жоғарғы жағында орналасқан. Оған құятын өзендердің аңғары алтын кеніне бай болғандықтан көл аты да солай аталған деседі. Ұзындығы 78 км, енінің кеңдігі 0,6-5,2 км, орташа тереңдігі 174 метр болып келетін ақша бұлттар астындағы осынау әдемі айдын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени және жаратылыстық ескерткіштері тізіміне кіреді. Оған келмей кету Таулы Алтайды көрмей кеткенмен бірдей. Сол себепті біз де «Пионер» атты кемемен көлді ұзына бойына бір шолып қайттық. Бір қызығы, көлге құйып жатқан ұлылы-кішілі өзендердің, сарқырамалардың бірсыпырасының атауы құлаққа жағымды естіледі, мысалы: Аюкешпес (Аю кечмес), Аққорым (Ак­курум), Шилі (Чили), Жайлау (Яйлю), т.б.

       Осылайша біздің Таулы Алтайға жасаған автоэкспедициямыз Алтайдың алтын алқасындай табиғаттың осынау ғажайып жаратылысын көріп таң қалумен, әсерленумен және ой түюмен аяқталды. Шынымен солай болуға тиіс те еді. Өйткені, құдіреті күшті Жаратушы осының бәрін адам үшін, адамның игілігі үшін, оның саналы әрекеті үшін жаратқан. Егер қадірін білсек, ата-бабамыз биік шыңдарына тәу етіп, Көк Тәңірмен тілдесіп, мың жылдар бойы жарасымды тірлік еткен қарт Алтайдың бізге әлі де бергенінен берері көп.

       Маусымның 25-і күні экспедиция Алтай өлкесінің орталығы Барнаул қала­сында аялдап, осында Азия универ­ситеттері қауымдастығының жалпы жиынына қатысты. Аймақтағы елдердің жоғары оқу орындарындағы білім беру ісінің сапасын жақсарту, бірыңғай стандарттар мен тәжірибелерді бірлікте пайдалану, жаңа интеграциялық үдерістерге сай басым бағыттарды айқындау мақсатында 2012 жылы Қазақстан, Ресей, Қытай, Армения, Моңғолия, Тайланд, Қырғызстан, Тәжікстан қатарлы елдердің бастамасымен құрылған бұл ұйымға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2014 жылдан бастап мүше. Алтай мемлекеттік университетінде өткен Қауымдастықтың бұл жолғы жалпы отырысында Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов оның президенті болып сайланды. Бұл біздің тәуелсіз елімізбен бірге есейген Еуразиялық университеттің 20 жылдық белесінде қол жеткен табыстары мен әлемдік аренадағы бет-беделін мойындау болып табылары да сөзсіз.

        Тұрсынхан ЗӘКЕН, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

          https://egemen.kz/2016/07/02/49686

толығырақ

Аман Тулеев: Казахстан – родина моих предков

        В нашей стране хорошо знают и гордятся достижениями своего соотечественника – губернатора Кемеровской области РФ Амангельды Тулеева. В рейтинге эффективности губернаторов России он прочно входит в первую пятерку самых лучших управленцев.

     Бандиты и кадры

      – Аман Гумирович, вы уже в шестой раз возглавили Кемеровскую область. С чем вам пришлось столкнуться в начале губернаторства и какие проблемы приходится решать сейчас?

      – В 1997 году в Кузбассе был практически полный развал производства. 43 закрытые шахты, 150 тысяч человек уволены. Промышленность остановлена, упадок в сельском хозяйстве, заброшенные земли. Постоянные митинги, народ стоит на площадях, шахтеры стучат касками у Белого дома, перекрыт Транссибирский ход. Большинство кузбассовцев фактически находились на грани выживания в полном смысле этого слова! Пенсий нет, зарплаты не выплачивали месяцами, а детские пособия вообще годами! А если и выплачивали, то не деньгами, а продукцией: утюгами, чайниками! Немыслимые очереди за хлебом, за молоком…

      Как только не называли тогда Кемеровскую область: и “экономической дырой”, и “пороховой бочкой России”! Говорили: “Если Кузбасс чихнёт, то во всей России насморк”. Вспоминать об этом страшно! Самое страшное – у людей не было доверия к власти, ни к федеральной, ни к региональной.

       В тот момент, когда я возглавил регион, надо было справиться с двумя главными угрозами. Во-первых, это надвигавшаяся нищета и разруха. Многие люди были почти в отчаянии. Помню, как я не спал ночи, думал, где найти деньги, чтобы выплатить зарплату учителям, врачам, как помочь нашим ветеранам элементарно выжить, ведь их грошовой пенсии не хватало даже на хлеб и молоко, да и ту не платили!

       Во-вторых, это криминал.

    Корень обеих этих угроз был в бедственном положении базовых отраслей кузбасской промышленности – в неплатежах, мутных посреднических схемах, нарастающих убытках, неэффективной и нерациональной организации производства.

    Нужно было, не распыляясь, вытянуть наши базовые отрасли – угольную, металлургическую, химическую. Закрутится промышленность – пойдут отчисления в бюджет, наполнится казна. Тогда и будут деньги на образование, здравоохранение, на поддержку детей, ветеранов.

     Первым делом убрали так называемых посредников. На ряде крупнейших предприятий Кузбасса были заменены недобросовестные собственники и управленческие команды, которые своей безответственностью и воровством наносили огромный ущерб экономике как предприятий, так и региона в целом. День за днем, шаг за шагом мы наводили порядок, искали пути выхода, подключали все резервы, чтобы выплатить долги по зарплатам, пенсиям, чтобы запустить остановленные предприятия.

    Постепенно были выстроены справедливые и открытые правила игры. Возникла эффективная система государственно-частного партнерства.

     Начали поднимать село. Ликвидировали беспризорность. Подняли престиж профессии учителя, врача. Наша первая программа так и называлась – “Учитель. Врач. Село. Тепло”.

      – Говорят, что в 1995 году во время руководства Законодательным собранием области, вы не побоялись пойти на переговоры с террористом Евгением Жеренковым, который захватил людей на автовокзале и угрожал взорвать бомбу. Чем вы руководствовались, когда решились на переговоры? И чем они завершились?

       – Да, был такой случай. 17 августа 1995 года в заложники были захвачены 18 пассажиров междугородного автобуса, который отправлялся с Кемеровского автовокзала в город Ленинск-Кузнецкий. Террорист, как впоследствии выяснится, 23-летний Евгений Жеренков, житель города Белово, вел себя до странности сердобольно – сразу выпустил женщин и детей. Потом стариков. Оставил троих мужчин и водителя. И потребовал доставить родных.

      Поговорив с ними, террорист выдвинул новые требования: передать ему четыре тысячи долларов США, предоставить самолет в Москву и… пригласить иностранного корреспондента, которому он собирался дать платное интервью.

      Когда я приехал, снайперы уже были расставлены по точкам. Им была дана команда стрелять на поражение. Я решил сделать еще одну попытку переговоров, на что руководитель операции заявил, что это рискованный, опрометчивый и ненужный шаг: “Если пойдешь к террористу, я официально снимаю с себя всю ответственность”. Пришлось брать ответственность на себя.

      Вместе с оперативником, оператором кемеровской телекомпании NTSC и сотрудником одного из американских издательств, который согласился сыграть роль иностранного корреспондента, вошли в автобус. У парня в руках нож и боевая граната Ф-1, на теле – взрывчатка с гайками и болтами. Рядом огромный пес. Он рычал и не давал сделать ни шага. В глазах парня были страх и обреченность, руки сильно тряслись. Он вопросительно смотрел на всех и как бы искал подсказки: что делать?

     Я сказал ему: “Из автобуса выходим обязательно вместе. Иначе тебя застрелят! Видишь, вон снайперы”. Кажется, Жеренков поверил мне. Я пообещал дать письменное обещание родителей устроить на работу, позаботиться о сестренках.

      У него было изъято самодельное взрывное устройство мощностью более четырехсот граммов в тротиловом эквиваленте и боевая граната. Когда саперы вывезли и взорвали эту гранату вместе со всей конструкцией Жеренкова, обложенную покрышками от грузовиков, тяжелый резиновый шалаш разбросало на десятки метров. От взрыва образовалась воронка глубиной тридцать сантиметров и диаметром более двух метров. А если б взорвалось в автобусе с людьми? К счастью, инцидент закончился без жертв.

     Евгений Жеренков был признан медиками психически невменяемым и позже по решению суда был направлен на принудительное лечение.

     Ну  а если рассуждать, в чем вина этого парня? В том, что он хотел помочь своей семье, своим сестрам? Он оказался психологически не готов к тем испытаниям, которые приготовило правительство российскому народу, проводя реформы. И что же, за это его нужно было расстрелять? Я очень рад, что он остался жив.

        Свое обещание о помощи семье я сдержал и в дальнейшем постоянно интересовался судьбой Евгения. После окончания лечения он вернулся в свой город и больше не совершал противоправных поступков.      

Губернаторские будни

    – В начале 90-х годов вы поддерживали областную филармонию, организовали даже международный фестиваль музыки. Проводится ли он сейчас?

     – Доброй традицией стало проведение у нас в Кузбассе концертов в исполнении одного из лучших музыкальных классических коллективов мира – симфонического оркестра Академического Мариинского театра (Санкт-Петербург). Художественный руководитель театра, его главный дирижер – народный артист России, Герой Труда Российской Федерации, почетный гражданин Кемеровской области Валерий Абисалович Гергиев.

      Вот уже несколько лет подряд Кузбасс становится главной площадкой уникального музыкального фестиваля “Крещендо”, а по сути, столицей музыкального искусства. Такой масштабный фестиваль с участием звезд мировой классической музыки проходит в нашей стране с 2005 года. На одной сцене филармонии выступают и прославленные солисты, такие  как выдающийся пианист, которого во всем мире называют “виртуозом великой русской музыкальной школы”, народный артист РФ Денис Мацуев, и наши талантливые ребята – юные дарования Кузбасса.

      Я всегда подчеркиваю, что поддержка нашей культуры, образования  – это самые надежные инвестиции в будущее Кузбасса и России. Мы постоянно укрепляем материально-техническую базу наших учреждений культуры, оснащаем их самым современным оборудованием, проводим реконструкцию кузбасских домов и дворцов культуры.

      – Говорят, что все премии и другие средства вы направляете на поддержку мало-обеспеченных семей и детей-сирот, которые хорошо учатся в учреждениях профес-сионального образования. Что вы об этом скажете?

      – Да, это так. Уже многие годы. В 2014 году почти 2,4 миллиона рублей, а это половина моего годового дохода, я перевел на счета малообеспеченных детей, студентов-отличников. Это доходы за звания “Народный губернатор” и почетный гражданин Кемеровской области, городов Кемерово, Новокузнецк и других городов нашей области.

       – Аман Гумирович, не могу не спросить, а какой самый тяжелый момент был в вашей губернаторской жизни?

      – “Рельсовые войны” 1998 года. Трагическая гибель моего сына Андрея.

     Во время шахтерских забастовок в автомобильной катастрофе в Ташкенте погиб мой младший сын Андрей.

      Когда дети хоронят родителей, это всегда больно, но, как ни парадоксально звучит, естественно, нормально. “Нормальность” здесь заключается в том, что в детях продолжается жизнь родителей, продолжается раз и навсегда заведенный природой порядок. Но вот когда родители хоронят своих детей, это дико, больно, противоестественно!

      Не знаю, как я выдержал все это. Но, считаю, “рельсовая война” меня, по сути, и спасла. Потому что находился в цейтноте: надо было постоянно встречаться с людьми, обсуждать различные вопросы, вести переговоры, принимать ответственные решения. Голова постоянно занята. На личные переживания времени просто не оставалось.

       Андрей ушел от нас в ту пору, когда, как мне казалось, многое стал понимать, когда в нем зрел мужчина. Ушел нелепо, случайно, на пороге жизни, полный сил, энергии. Его смерть – даже не трагедия. Это сплошной, всё парализующий ужас, который разрывает сердце своей необратимостью. Появилась неизбывная щемящая боль, которая теперь всегда со мной, она стала частью меня самого. Слово “никогда” держит меня в тисках и не отпускает. Говорю с шахтерами и понимаю, что вот с сыном я уже никогда не поговорю…

          – А самые светлые страницы в вашей работе?

      – Светлых страниц, к счастью, было немало. Открыли новое предприятие, Дворец спорта, новую школу – радуюсь. Построили новый дом для кузбассовцев – тоже радость. Открыли храм – опять радуюсь. Нашел деньги для новых льгот ветеранам, детям, студентам – радуюсь! Все они – светлые дни в моей жизни.

 В Сибири народ другой, по пустякам ссориться не любит

       – Аман Гумирович, в 2015 году мы праздновали 70-летие великой Победы. Ваш отец, казах Молдагазы Колдыбаевич погиб на фронте. Вас воспитывал отчим, русский по национальности. Не кажется ли вам, что мы стали утрачивать интернационализм, который в нас воспитывали в советское время?

        – Конечно, для всех нас распад  многонационального Советского  Союза стал трагедией. Была страна, в которой мы, где бы ни находились, чувствовали себя как дома, среди родных и близких людей. Конечно, мы отличали одну национальность от другой. Но отличали так, как отличают, предположим, творчество дагестанского поэта Расула Гамзатова от творчества украинского поэта Тараса Шевченко. То есть с интересом, с любопытством, не то чтоб одно хуже другого, а просто разное все это. Во всем были искренность, доверие и взаимопонимание.

       Разве в годы Великой Отечественной войны наших солдат и офицеров спрашивали, какой ты национальности, когда они подставляли себя под пули, ценою собственной жизни спасали людей? Когда бываю в Москве, обязательно приношу цветы к Могиле Неизвестного Солдата.

       Вы знаете, знаменитая Панфиловская дивизия, которая насмерть стояла у рубежей столицы, формировалась в Казахстане, и в ее рядах плечом к плечу бились и казахи, и русские, и татары… Когда двадцать восемь бойцов этой дивизии разных национальностей бросались с гранатами на танки, ни один из них не сказал: “Я не буду защищать русскую столицу”. Поэтому я считаю каждого из панфиловцев своим дальним родственником.

       До перестройки мы и горя не знали с национальным вопросом в нынешнем его проявлении. Этническая и расовая пестрота, культурная многоукладность не мешали нам ладить друг с другом, жить общим домом, что на Ставрополье, что в Башкирии, что в Кузбассе.

      К сожалению, сегодня многое утрачено. Посмотрите, что делается на Украине, в Прибалтике, Молдавии. Такая межнациональная рознь! И национальная карта продолжает разыгрываться. Действует принцип “разделяй и властвуй”, а национальность – самая беспроигрышная карта в этом вопросе.

     Кузбасс – многонациональный регион. На территории нашей области проживают представители более 150 национальностей: русские и чуваши, немцы и украинцы, татары, армяне, белорусы, таджики, узбеки, евреи, шорцы, телеуты и многие другие национальности и этнические группы.

     К счастью, в Кузбассе нет межнациональной розни, конфликтов на национальной почве. Во-первых, мы долго жили в многонациональном Советском Союзе со своими братскими традициями. Во-вторых, в Сибири народ другой. Сказываются суровость климата, особенности экономики Кузбасса – это в основном шахтеры и металлурги, а они не любят ссориться по пустякам. Они ценят жизнь во всех ее проявлениях.

     – В 1999 году в Чечне вас приговорили к смертной казни за то, что вы якобы приняли христианство. Как вы отнеслись к этому? Ваше отношение к религии вообще?

      – Да, был такой случай. В июле 1999 года мне был объявлен смертный приговор за якобы отречение от ислама и принятие христианства. Считаю, это было грубой политической провокацией. Эта провокация имела широкомасштабный характер и была средством устранения меня с политической арены перед думскими выборами. Я и тогда заявил, что не поддамся никаким запугиваниям и буду продолжать твердо и без колебаний следовать избранным курсом.

      Что касается моего отношения к религии, то я разделяю судьбу десятков миллионов моих соотечественников. У меня, как и у каждого, свой путь к Богу.

     Убежден, какой бы веры ни придерживался человек, Бог должен быть в душе. Человек, не верящий ни во что, – безнравственный. У него нет стержня-ограничителя, который не позволяет совершать дурные поступки. Как раз сегодня многим такого ограничителя и не хватает.

    Мне запомнилось высказывание знаменитого французского философа, писателя, выдающегося математика, физика Блеза Паскаля (XVII век), суть которого в следующем: если вы верите в Бога, а его на самом деле НЕТ – вы ничего не теряете. А если не верите, а Бог ЕСТЬ – вы теряете ВСЁ!

О политических лидерах

    – Пятнадцать лет назад вы защитили докторскую диссертацию по политологии по теме “Политическое лидерство. Региональная специфика и механизмы реализации”. Что такое политическое лидерство в вашем понимании? Кто может стать политическим лидером?

     – Политический лидер – это прежде всего крупная харизматическая личность, человек, имеющий твердые принципы, убеждения, концепцию развития страны. Это человек, способный отстаивать свои идеи в открытой полемике и борьбе. Это прекрасно образованный человек, глубоко разбирающийся в вопросах политики, экономики, истории, философии и многих других.

       Чтобы не быть голословным, посмотрите на нашего президента Владимира Владимировича Путина. Вот конкретный пример политического лидера современного мира. Он умен, образован, твердо убежден в правоте своего дела, самое главное, он обладает даром убеждения. Он обладает огромным авторитетом во всем мире. Люди ему верят. Потому что его слова – его дела. Сказано – сделано. Главное – он государственник, державник. Вот это и есть политический лидер.

      – И в продолжение предыдущего вопроса – следите ли за событиями в Казахстане?

       – Конечно слежу. И по долгу службы, у нас ведь сложились многолетние крепкие производственные связи, и потому что Казахстан – родина моих предков. Меня всегда волнует всё, что там происходит. Я искренне радуюсь успехам Казахстана и переживаю, если возникают проблемы.

      – В свое время вам неоднократно предлагали приехать к нам и возглавить либо область, либо одно из министерств. Почему не согласились?

        – Я благодарен и руководству республики, и людям, которые обращались ко мне с такими предложениями. Но так получилось, что практически всю жизнь я прожил в России, в Кузбассе. Родился я в Туркмении, в Красноводске. Сейчас этот город называется Туркменбаши. Мое детство прошло на Кубани. Учился в Тихорецком железнодорожном техникуме в Краснодарском крае, работать начал в Мундыбаше Кемеровской области, служил в Забайкалье, после армии вернулся в Кузбасс да так здесь и остался. И потом, где бы я ни оказывался, самым большим желанием было купить обратный билет в Кемерово. Вышел на трап самолета, вдохнул запах родного коксохима – всё – я дома. Здесь я состоялся как хозяйственник, политик, здесь мне оказали большое доверие, избрав губернатором в самое сложное время. Я никогда не смог бы предать своих земляков.

Мое имя Амангельды, что означает “вернись здоровым”

       – Аман Гумирович, у казахов принято знать свою родословную до седьмого колена. Знаете ли вы своих прадедов?

      – Отец мой по национальности казах, мать – наполовину татарка, наполовину башкирка. Так сложилось, что родного отца я не знал. Мать, Мунира Файзовна, сразу после войны уехала к родственникам в Башкирию. Жили в Кумертау – маленьком городке в двухстах километрах от  Уфы.

       Корни свои мама чтила и меня воспитывала в таком же духе. С интересом читала книги казахских и татарских писателей, смотрела кинофильмы об истории этих народов. Рассказывала об истории героического казахского рода адай, к которому принадлежали все мои предки, деды и прадеды. Она мне не раз говорила: казах обязательно должен знать свою родословную, свое историческое и духовное наследие. Позднее я прочитал интересное высказывание одного авторитетного ученого, что казахи – этно генетическая смесь всей планеты. В крови этого народа есть гены, сходные с народами Юго-Восточной Азии и Старого Света, в том числе Британских островов.

        Мама рассказывала, как во время просмотра в кинотеатре фильма “Амангельды” у нее начались схватки, а спустя несколько часов, уже в больнице, на свет появился я. Наверное, под впечатлением того фильма мама и назвала меня Амангельды. В Казахстане был такой легендарный герой, революционер. Его именем, кстати, названы города, поселки, улицы. На Востоке это имя такое же распространенное, как в России Иван. У всех имен разные корни: греческие и еврейские, славянские и персидские, латинские и тюркские. И мы подчас не задумываемся, что они обозначают, какой в них заложен смысл. Мое имя Амангельды, по сути, является именем-пожеланием и в переводе означает “чтобы вернулся здоровым, невредимым, благополучным”.

      – Общаетесь ли вы с кем-нибудь из казахстанских политиков? Как вы их оцениваете?

        – С Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым меня связывают годы работы и в Совете Федерации, и в министерстве по сотрудничеству с государствами – участниками СНГ, и на посту губернатора Кемеровской области.

     Я считаю, что это один из ярких харизматичных лидеров, который пользуется огромной поддержкой своего народа. Он обеспечивает продвижение Казахстана по пути динамичного и поступательного развития, совершенствования демократической правовой государственности и укрепления межнационального согласия.

        Особой признательности заслуживает его неизменная приверженность укреплению евразийской интеграции, с которой народы наших стран связывают самые искренние надежды и чаяния.

          – Каковы, на ваш взгляд, перспективы Казахстана?

       – Считаю, темпы экономического и социального развития Казахстана вызывают уважение и позволяют народу республики с оптимизмом смотреть в будущее и по праву гордиться своей страной.
     Источник:http://www.caravan.kz/gazeta/aman-tuleev-kazakhstan-rodina-moikh-predkov-88715/?utm_campaign=6478295&utm_medium= banner&utm_content =21721477 &utm_source =news.mail.ru 

толығырақ



       Омбыда «Миллион рубльдің тойы» байқауындағы бас жүлдеге 38 жұп таласты. Сайыста 22 жастағы Саян Бешкенов пен 21 жастағы Әлия Андамаз жеңіске жетті, деп хабарлады жергілікті БАҚ     

       Байқауды «Жас Отау» той журналы мен «Мәке мен Жәке» мереке студиясы ұйымдастырды. Байқау Омбы қаласында сәуір айының соңында ұйымдастырылып, финал 15 маусымда «Малибу» мейрамханасында өтті.

      Қатысушылар бір жарым айда төрт кезеңнен өтті. Онда үздіктері іріктелді. Басты сыйлық жалпы сомасы бір миллион рубльді құрайтын сертификаттар жиынтығы мен сыйлықтар болды.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2916652

толығырақ

    Ресейдің Қорған облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясында жаңа Президент сайланды. Қорған қаласында өткен «Қорған облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» аймақтық қоғамдық ұйымының IV есептік-сайлау конференциясында жүзеге асты. Конференцияда қатысушылардың қолдауымен Қайрат Науанұлы Оралов Қорған облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының Президенті болып сайланды. Бұған дейін Қорғандағы 15 мың қазақтың жетекшісі қызметін 2005-2016 жылдары Асет Шакенұлы Биисов атқарып келген болатын.

      Оңтүстігінде Қазақстанның Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесетін Қорған облысында 861 мыңнан астам адам тұрады. Қазақтар онда жаны саны жағынан орыс, татар, башқұрттар кейінгі орында тұр.  Қорған облысындағы қазақтар тығыз орналасқан аудандар: Петуховский, Половинский, Макушинский, Куртамышский, Звериноголовский, Целинный. Қорған қазақтарының ішінен  шыққан көрнекті тұлғалардың қатарында Кеңес Одағының Батыры Әбу Досухамбетов, Социалистік Еңбек Ері Өмірбек Бимоканов, Ленин орденінің иегерлері Жанқуаныш Оразалинов, Шаймахмет Бикеев, Еңбек Қызыл Ту орденің иегерлері Элеман Мұқанов,  Ахметхан Сүлейманов,  Мухамеджан Сұлтанғареев,  Күләш Мүсрепова,  Ережен Шарыпов  және тағы басқа да көптеген азаматтарды қосуға болады.

      Ерлік Ержанұлы

толығырақ

      Осы күні Ресей елінде бір миллионға таяу қандастарымыз өмір сүріп жатса, олардың басым бөлігі өздерінің ата-бабалары мекен еткен туған жерлерінде, ата қоныстарында орналасқан. Омбының қазақ ауылдарындағы ескі зираттарға бірнеше ғасыр болғанын ақсақалдардан көп естідік.

      Сондықтан ол жақтағы қандастарды диаспора емес, ирредент деп атағанымыз орынды жəне əділ болмақ. Қазақтар қоныс еткен шұрайлы алқаптар бүгінде басқа мемлекеттің еншісінде. Тағдыр солай шешті. Күн тəртібінде тұрған ендігі мəселе – ормандай орыстың ішінде қалған қазақтың ұлттық болмыс-бітімін сақтап қалу, тілі мен салт- дəстүрін жоғалтпауға жəрдемдесу, түптің-түбінде оларды қазақ сапынан жоғалтып алмау. Ассимиляциялық үрдістің жүріп жатқаны айдай анық.

         Оның объективті себептерін көрсетуге болады. Көрші мемлекет соңғы уақытта ұлттық саясат ісін қатты қолға алып, аймақ басшысы атауынан президент деген лауазымды қысқартуды ұйғарды. Ресейдің ұлттық автономиялық аймақтарында жергілікті тұрғындардың көңіл-күйі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындай емес. Соңғы жиырма жыл ішінде Омбы қазақтарының да, əсіресе қалалық қазақтардың сана-сезімдерінде біршама өзгеріс байқалады.
        Қазір Омбының іргелі оқу орындарын бітірген жастардың кейбірі Қазақстанға көшуге асыға қоймайды. Іштерінде Қазақстанның, əсіресе Астананың қарқынды дамып жатқандығын естігендер, көргендер, осы жаққа көшуді ойлайтындары бар. Дегенмен, Қазақстанға келіп алып, тұрақты жұмыс таппай, үйсіз, күйсіз жүріп, Омбыға қайтып оралған таныс қазақтарды да білеміз. Мұндайда тағы да сананы тұрмыс билейді дегеніміз орынды болар. 2009 жылы Омбыда өткен «Казахи России: история и современность» атты халықаралық ғылыми конференцияда ғалымдардың келтірген деректері бізді ойландырып тастады. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бері Ресейден Қазақ еліне ресми квотамен көшкен бауырларымыздың саны РСФСР-да тұрған қазақтардың бес-ақ пайызын құрайды дегенін естідік. Оның себебі неде? Ресей қазақтары Қазақстанға неге жаппай көшіп келмеді? Оларды не ұстап қалды? Ресейдің қазақтарында атамекен деген ұғым болмады ма? Біздіңше, ол жағдайдың бірнеше себебі бар. 
      Біріншіден, жоғарыда атап өткеніміздей, Ресей қазақтары, соның ішінде Омбыдағы қандастар ата-бабалары мекен еткен ескі жұртта өмір сүріп жатты. Əсіресе, жасы үлкен адамдар ата-бабасының моласын тастап, туған жерден алыс кетуге құлықсыз болды. 
     Екіншіден, Ресей мен Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттер. Екі жақтың тұрмыс-тіршілігіндегі, əлеуметтік жағдайындағы, адамдардың қарым-қатынасындағы айырмашылықтың көп еместігі, тілдік тұрғыдан кедергінің болмауы, яғни орыс тілінің екі жақта да еркін қолданыста жүргендігі – Қазақстан мен Ресейдің бір-бірінен айырмашылығының соншалықты көп болмағанын байқатты. Қазақстанда бар дүниені, өмір сүруге қажетті жағдайды Ресейден де табуға мəлім секілді болды. Кеңестік заманда Қазақстан телеарнасын көруге, қазақ радиосын тыңдауға құмар омбылық ағайын ол мəселені де тез шешіп алды. Ендігі кезде арнайы қондырғыны сатып алып, жер серігі арқылы қазақтың əн мен күйін тыңдай да, көре де алды. Оның сыртында, интернет жүйесінің дамыған заманында қызықтырған бар мəліметті ғаламтордан табуға мүмкіндіктері шықты. 
      Үшіншіден, Ресейде тұратын қандастар бүгінгі таңда əлеуметтік жəне материалдық тұрғыдан алғанда, өмір сүрулеріне қажетті дəрежеде күн кешеді. Бірі кəсіпкерлікпен айналысса, енді бірі үкіметтің берген жалақысын, əлеуметтік жəрдемін қанағат тұтып, күндерін көріп отыр. Тіпті Қазақстанның аулымен салыстырғанда, Ресей деревнясының жағдайы тəуір секілді. Себебі ауылда тұрып, мектепте жұмыс істейтін болсаңыз, сіздің қыс бой жағатын отыныңыз да, көміріңіз де үкіметтен тегін беріледі. Ресейдің басқа аймағын білмейміз, өзіміз жиі барып тұратын Омбы жеріндегі жағдай солай. Жаңа туған балаға Ресейде берілетін ірі төлемақы, баланың ата-анасына жасалатын əлеуметтік жеңілдіктер, материалдық көмек, сондай-ақ, зейнет жасының төмендігі, зейнеткерлерге қосымша үстемақылар т.б. жеңілдіктер – қазақстандықтарды қызықтыратыны жасырын емес. 
      Мысалы, Омбы облысында шаңырағында үш-төрт бала сүйген біздің туыстарымыз бар. Олар жаңағы айтылған жеңілдіктерді толық көріп отыр. Тіпті Омбыдан көшіп келіп, Қазақстанның азаматтығын алған кейбір таныстар 55, 57 жасқа келген кезде азаматтықтарын ауыстырып, бірақ Қазақстанда қала беріп, Ресейден зейнеткерлікке шығып жатыр. Осындай жағдайдың барлығы бүгінгі таңда қазақтарды Ресейде, соның ішінде Омбыда ұстап отыр. Алайда бізді алаңдататыны – шетелде қалған қазақтардың ұлттық бет-бейнесінің жойылып бара жатқандығы. Ол жақтағы қазақтар жыл озған сайын тамырынан ажырап, туған салт-дəстүрін, ана тілін жоғалтып жатқандығы. Əсіресе қалада туып- өскен қазақ бауырларымыздың бойында барған сайын ұлтымызға тəн мінез, қасиет жоғалып барады. Балабақшадан бастап жоғарғы оқу орнына дейін жат тілде білім алып, тəрбие көріп отырған ол ағайындарымызды кінəлауға дəтіміз бармайды. Ащы шындықты мойындай отырып, Қазақ елі тарапынан алда істелетін нақты жұмыстардың жоспары жасалса деген ойдамыз.
      Жалпыға мәлім объективті жағдайлар Омбыдағы қандастарға байланысты ұлттық мәселеде белгілі бір қиындықтарды туындатып отыр. Осы орайда біздер елшілік тарапынан тиісті органдар мен ведомстволарға ұсыныс, пікірлерімізді жолдасақ деген ойдамыз. Өйткені, біріншіден, дәл бүгін шетелден, оның ішінде Ресейден сонша халықты Қазақстанға көшіріп әкеле алмаймыз. Оған қазақтар мекендейтін мемлекет те қарсы, қандасарымыз да түгел ниетті емес. Бұл – үлкен саяси іс. Екіншіден, ондай жүкті көтеруге қазір Қазақстан да қауқарсыз. Сондықтан әзірше Қазақ елі еңсесін көтерген қуатты мемлекетке айналғанша, азаматтарын жұмыспен толық қамтамасыз етіп, олардың әлеуметтік тұрмысын түзегенше, Ресейдегі, оның ішінде Омбыдағы қазақтардың ұлттық келбетін сақтаудың нақты жолдары, біздің пікірімізше, төмендегідей: 
        • Ресей қазақтарында атамекен, атажұрт, үлкен ұғымдағы туған жер, туған ел, Отан секілді қасиетті түсініктер туралы жан-жақты насихат жұмыстарын жүргізу. Ол шараларды мәдени, ағартушылық, гумманитарлық бағыттағы қарым-қатынастар барысында өткізу. 
      • Ғаламтор жүйесі арқылы Қазақ елінің жетістіктері мен табыстарын кең тарату. Осы бағытта арнайы сайттарды көбейту. 
        • Қазақтар қалың қоныстанған аймақтарға қазақстандық телеарналарды таратуды мемлекеттік деңгейде қолдау. Жер серігі арқылы таратылатын телеарна құралдарын Ресей қазақтарына жеңілдікпен жеткізу. 
        • Үкімет тарапанан көп қаржыны Ресейден отбасыларды көшіріп әкелуге жұмсамай, нақты көмекті Қазақстанның жоғарғы оқу орнына түскісі келетін жастарға беру. 
      • Қазақстан үкіметі шеттен келген мектеп бітіруші қандастардан емтихан алғанда оларға қатысты жеңілдік жолдарын қарастыру. Ол көмекті тест жұмыстарының жеңіл формасы, немесе арнайы квота т.б. түрінде ойластыру. 
      • Ресейде қазақтар оқитын мектептерде (Омбыдағы ресми билік оларды ұлттық компоненті бар мектеп дейді) факультативтік жолмен «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту. 
      • Сыртта тұратын қазақ жастарына, мектеп оқушыларына, студенттерге Қазақстанды кең таныстыру. Оларды маусымдық, сессияаралық демалыс кезінде Қазақстанға тегін шақырып, елдің тарихи, мәдени орындарын көрсету. Мысалы Бурабайдағы «Балдаурен» демалыс лагеріне Республиканың түкпір-түкпірінен келетін талантты балалармен бірге омбылық қазақтарды да шақыру, Астананы тегін көрсету, Түркістанға саяхат жасау т.б. шаралар ұйымдастыру. 
     • Баспасөз мәселесінің оң шешімін табу. Омбыға Қазақстанның ресми басылымдарын, қазақ тіліндегі газет-журналдарды таратуға рұқсат алу. 
      • Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірген Ресей қазағына мейлінше жеңілдіктер жасау. Осы жауапты істе бюрократиялық кедергілерді жою. 
      • Қазақстаннан Ресейге ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттайтын мәдениет, өнер, қайраткерлерін, кино жұлдыздарын жиі шақырып, жергілікті қазақтардың ұлттық рухын көтеру. Қалада Қазақстанның белгілі театрларының фестивалін өткізіп отыру. 
     • Ресей қазақтарының әдеби, мәдени, тілдік мұрасын, өнер туындыларын, жалпы тарихын Қазақстан тарапынан кешенді зерттеу. Мысалы «Омбы қазақтары: библиографиялық анықтамалық», «Омбы өңірі қазақ ақындарының антологиясы» сынды басылымдарды жарыққа шығарамын деген ғалымдар, ізденушілер бар. Соларға жәрдем жасау. 
       • Омбыдағы қазақ ауылдарының орындарына белгі тас қою, атаулы мерейтойларды өткізу, көрнекті тұлғаларға ас беру, танымал қазақ мектептерінің тойын өткізу шараларына Қазақ елі мүмкіндігінше жәрдем көрсету. Ол өтетін шаралардың бір жыл бұрын тізімін белгілеп, соған сай нендей қолдау, көмек көрсету керектігін білдіру. 
      • Омбыда оқыған, қызмет істеген қазақ халқының көрнекті тұлғалары, соның ішінде алаш қайраткерлеріне байланысты Омбы жерінде ескерткіш тақталар орнату, олардың мерейтойларына арналған ғылыми конференцияларды ұйымдастыру, есімдерін ұлықтауға бағытталған шаралардың өтуіне себеп болу. 
    • Омбыда жұмыс істейтін қазақ тілін оқыту, қазақ мәдениетін насихаттау орталықтарына оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды тегін беру. 
      • Омбы қаласында және ауылдарында қазақ мәдениетін, салт-дәсүрін, ұлттық өнерін насихаттап, дамытып жүрген жергілікті өнерпаздарға, қайраткерлерге Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы тарапынан марапат жасау. Оларды Қазақстанда өтетін мәдени және өзге де шараларға шақырып отыру. Жалпы Омбы қазақтары бұл күнде ана тілін түгел ұмытып, ұлттық салт-дәстүрінен, құндылықтарынан мүлде ажырап қалды дей алмаймыз. Әлі күнге дейін ол жақтағы қандастарымыз үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, кішіге ізет көрсету, ағайыншылықты жоғалтпау, кішіпейіл болу сынды ұлтымызға тән асыл қасиеттерді сақтап отыр. 
     Қазақтың ұлттық ойындарын, Наурыз мейрамын, құрбан айт шалуды, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бес парызын өтейтін қандастарымызды Омбыда кездестіре аламыз. Әсіресе, ауылдағы ағайын отбасында балаларымен қазақ тілінде сөйлесіп, ұлтымызға тән салт-дәстүрлерді мүмкіндігінше сақтап отырғанын айтуға тиіспіз. Қазақтар мекен ететін үлкен ауылдардың көбінде мешіттер жұмыс істеп, шариғат жолымен неке қию, өлген адамды жерлеу рәсімдерін бұрынғыша жүргізуде. Қыс болса, соғым жығып, оның біраз бөлігін ағайын-туысқа, құда-жекжатқа таттыру қонақ келіп жатса, қорадағы қойын сойып тастау – ол жақтағы қазақтардың баяғы қонақжайлығын, көңілінің дархандығын байқатады. Басқа ұлт өкілдерінен үйлену, немес қыз алу жағдайы сирек кездеседі, ал жеті атаға дейін қыз алыспау салтына қандастарымыз мейлінше берік. 
      Қазақтың домбырасы ұлттық мерекелерде, жиын-тойларда күмбірлеп, ұлттық әндеріміз шырқалып жатады. Омбыны мекен ететін қалың қазақтың тағдыр-талайы Қазақстандағы ағайынды алаңдатады. Бір заманда Омбы қаласы дала қазағына білім беріп, Омбы жері Қазақстандағы ашаршылықтан босқан қандастарымызға пана болғанын тарихтан білеміз. Сегіз сері, Шоқан Уәлиханов, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы, Ережеп Итбайұлы, Жақып Ақпайұлы, Отыншы Әлжанұлы, Мұқан Айтпенұлы, Райымжан Марсекұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Сәкен Сейфоллаұлы, Нығмет Нұрмақұлы, Бекмұхаммед Серкебайұлы, Асылбек Сейітұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Шайбай Айманұлы, Дінше Әділұлы, Смағұл Садуақасұлы, Мұхтар Саматұлы, Бірмұхаммед Айбасұлы, Жұмабай Шаяхметов, Шапық Шокин, Пазыл Кәрібжанов, Балташ Тұрсынбаев, Жәнібек Кәрібжанов, Сейілбек Исаев, Шәбкен Бектұров және өзге де көптеген қазақ халқының біртуар мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, көрнекті ғалым азаматтарының есімі Омбымен тағдырлас. Олардың біразы Омбы жерінде туып-өссе, көбі сонда білім алып, қызмет істеді. 
        Сондықтан Қазақ елі бүгін тәуелсіз мемлекет болып дүниежүзіне танылып жатқан заманда ол жақта өмір сүріп жатқан қандастарымызды қазақ қатарынан жоғалтып алмаудың, олардың ұлттық бет-бейнесін сақтаудың кешенді бағдарламасын мемлекеттік деңгейде бекіткені орынды әрі әділетті болмақ деп есептейміз.

      Қайырбек КЕМЕҢГЕР, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ əдебиеті кафедрасының доценті 

толығырақ

           Бүгін Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінің ықпалдасуымен қазақстандық өнімдердің дүкені ашылды.      

null

    Бұл «Бауырсақ» бөлшектік сауда желісінің бесінші дүкені. Ресейлік нарықтағы 4 жылда бұл желі  ірі қазақстандық сауда марка өкілдерімен ынтымақтасуда. Барлығы 30-дан астам қазақстандық өндірушімен байланыс орнатқан.    

null

   «Қазақстанда туғанмын, Мәскеуде тұрып жатқаныма 20 жыл болды. Үйде жеген тағамдарды жиі еске алатынмын.  Отаныма барғанда Мәскеуге азық-түлік әкелетінмін. Кейін Мәскеуде қазақстандық өнімдердің дүкенін ашу ойыма келді», - деді «Бауырсақ» сауда желісін ұйымдастырушы  Елена Қондақова.        

null

      Е.Қондақованың сөзіне қарағанда, бастапқыда қазақстандық өнім көрмелерге қойылған. Кейін қазақстандық өнімді бағалаған сатып алушылар тауарды үнемі жеткізіп тұруын сұрады.  Нәтижесінде дүкендер ашыла бастады.

         http://www.inform.kz/kaz/article/2899700

толығырақ

     Мәскеуде 25 сәуір күні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірініш орынбасары Талғат Мамашев Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжинмен кездесті. Онда Ресей қазақтарының және олардың ұлттық мәдени орталықтарының қазіргі жай-күйі мен болашағы талқыланды. Бұл кездесуге Ресей қазақтарының федералдық ұлттық мәдени автономиясының президенті Тоқтарбай Дүйсенбаев пен Мәскеу қазақтарының «Мұрагер» ұйымының жетекшісі Ерназар Нұриев қатысты.

         Ресми деректер бойынша қазір Ресейде тұрып жатқан қазақтардың саны 1 миллионға жуық адамды құрайды.  Олар негізінен Қазақстан шекарасына таяу Алтай, Новосібір, Омбы, Челябі, Қорған, Орынбор, Саратов, Волгоград, Астрахан облыстарында тығыз орналасқан. Ал еуропалық бөлігіндегі қазақтар негізінен қалаларда тұрады және олардың саны айтарлықтай көп емес. 

         Ресейдегі 30-дан астам ұлттық-мәдени автономиялар арасында 18-інші болып құрылған Ресей қазақтарының федералдық ұлттық мәдени автономиясының құрылғанына келесі жылы 10 жыл толғалы отыр. Сондықтан мамыр айының алғашқы жартысында М. Тәжин Т.Дүйсенбавты арнайы қабылдап, Ресей қазақтарының Қазақстанмен мәдени және экономикалық қарым-қатынасын жандандыру жайын бірлесіп талқылайтын болады.

         Ерлік Ержанұлы

толығырақ

2

 
          Наурыз күні көршім әзірбайжан қыз: «Бүгін тек қана әзірбайжанның өнімдерін сатып әкелдім. Нан да, тіпті, аскөк пен көк пияз да әзірбайжандікі», – деп мақ­танды. Мәскеуде бизнесін дөңгелетіп, біраз жерлесіне жұмыс тауып берген әзір­байжан көп. «Қазы, құрт, жалпы, қазақстандық азық-түліктерді сататын Мәскеуде де дүкен болса ғой. Тіпті, әлі күнге өз елімізде бизнесмен­дердің арасында бәсекелестік жоқ» деп ойладым.

       Таяуда «Мәскеудің ВДНХ ауданында қазақ өнімдерін сататын дүкен бар» дегенді естідім. «ВДНХ» сауда үйінің бір бұрышында ілініп тұрған Қазақстанның кішкентай екі жалауына көзім түсіп, қуанып кеттім. «Дүкен» деп ауыз толтырып айтуға келмейді екен. Бір қуанарлығы, қазы, жайма, кеспе, «Қазақстан» шоколады, «Рахаттың» кәмпиттері, бұқтырылған ет, басқа да Қазақстан­нан әкелінген азық-түлік сатылады екен. Сатушы – астраханьдық қазақ Сұлушаш Бағысбаева.

        – Мәскеуде тұратын қазақтардың көпшілігі қазақстандық азық-түлік сататын дүкен бар екенін білмейді. Қазыны сағынған қазақтар елден алдырып жатады. Жалпы, бұл дүкеннің иесі кім?

        – Мәскеу мен Мәскеу облысында қазақ өнімдерін сататын жеті дүкен бар. Бұл дүкендердің иесі – Елена Кондакова. Қазақстанда туып-өскен, кейіннен Ресейге көшіп келген Елена осы бизнесті қолға алып, фирмасын «Бауыр­сақ» деп атады. Бірде Еленадан «Неліктен «Бауырсақ» деп атадың?» деп сұрадым. Ол: «Қазақтар – өте қонақжай халық. Осы атаумен қазақтардың қонақ­жайлығын, дархандығын көрсеткім келді», – деп жауап берді. Білуімше, Елена дүкен­деріне тек қана қазақтарды жұмысқа алады.

          – Азық-түліктің қай түріне сұраныс көп?

      – Қазыны орыстар көп алады. Олардың көпшілігі кезінде Қазақстанда тұрған, қазақтың дәмін сағынады. Олар менен қазы, жайма сатып алып, қазақтың ұлттық тағамын жасап, жейді. «Қазақ­стан», «Астана» шоколады, «Рахат­тың» кәмпиттері жақсы өтеді. «Жамбо» шайының дәмі жақсы» деп мақтап, алып жататындар көп. Мәскеуліктер ұн мен кеспені, «Халал» тұшпарасын көп алады. Сатып алушылардың бәрі де «Қазақ­станның азық-түліктерінің сапасы жақсы» деп мақтап кетеді.

      – Қазақша жақсы сөйлейсіз. Астраханьдағы қазақ жастары ана тілінде жақсы сөйлей ме? Мысалы, бала­ларыңыздың қазақшасы қалай?

       – Бес балам бар. Қазір зейнет жа­сын­дамын. Бұған дейін кассада жұмыс істедім. Мен қатарлы қазақтар­дың көпшілігі ана тілінде жақсы сөйлейді. «Тіпті, салт-дәстүрді Қазақ­стандағы қазақтардан жақсы ұста­намыз» десем, өтірік емес. Наурыз мейрамында наурыз­көже, бауырсақ пісіріп, Айт мерекесінде бір-біріміздің үйімізге айттаймыз.

     Үлкен балаларым қазақша жақсы біледі, кішкентайлары ана тіліне шорқақтау. Олардың бәрі атамекенін жақсы көреді.

         – Қазақстанға соңғы рет қашан бардыңыз?

       – Жас күнімде Қазақстанда Орта­лық банкте бір жыл жұмыс істедім. Анамды сағынып, Ресейге қайтып кеттім. Қазақстанға соңғы рет бес жыл бұрын бардым.

         Әңгімелескен – Аягүл МАНТАЙ, Мәскеу

       "Алматы ақшамы"  газеті 

толығырақ

      10 сәуір күні Батыс Қазақстанмен көршілес Волгоград облысы Волжск қаласындағы орталық саябақта Наурыз мейрамы тойланды.

      Оған Жәнібек ауданының делегациясы да арнайы қатысты. Келушілер қос киіз үйдегі қазақ халқының ұлттық киімдері мен тұрмыстық бұйымдарын тамашаласа, енді біреулері тайқазанға пісірілген наурыз көжеден дәм татты. Палласов ауданы Эльтон ауылында тұратын Смағұл Монтаевтың жеке киіз үйі де жиналғандардың назарын аударды. 

     Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені (директоры Ғайса Махимов) «Бөкей ордасының құрылу тарихы және өркендеуі», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл», «Құтты болсын Наурыз мейрамы» атты көрмелерін көпшілікке ұсынды. 

     Волжск қазақтары қоғамдық ұйымының төрағасы Ерсайын Назаров пен Волжск қаласы әкімшілігінің басшысы Игорь Воронин жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 
        Концертке ресейліктермен қатар Жәнібек ауданының өнерпаздары қатысып, мереке мерейін өсіре түсті. Сол секілді гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тарту, қазақ күресі сынды спорттық шараларға жәнібектіктер де белсене атсалысып, жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінді. 
        Еске сала кетейік, бұдан бұрын 3 сәуірде Саратов облысы Александров Гай ауданында да БҚО делегациясының қатысуымен Наурыз мейрамы кеңінен аталып өткен болатын.

null null null null 

           http://www.inform.kz/kaz/article/2891646

толығырақ


       3 сәуір күні БҚО-мен көршілес Саратов облысы Александров Гай ауданында Наурыз мейрамы кеңінен тойланды. Оған осы өңірдің барлық  аудандары мен қалаларынан, сондай Батыс Қазақстан облысынан арнайы делегациялар қатысты.

       Наурыз мейрамына Саратов облысындағы қазақ ұлтының өкілдері барынша көбірек келіп, бір-бірімен құшақтаса көрісіп, ұлттық салт-дәстүр мен өнерімізді қадірлеп, қастерлейтінін көрсетті. Жалпы, Батыс Қазақстанның Қазталов ауданымен шектесетін Александров Гайда 18 мың халық тұрса, соның 52 пайызы - қазақтар.

      Делегациялар мен құрметті қонақтарды Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев пен аудан басшысы Сергей Федечкин қабылдап, құрмет көрсетті. Содан кейін орталық алаңдағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздікпен еске алынды.

     Қараөзен жағасында орын тепкен орталық саябақ ішіне жағалай тігілген жиырмаға жуық киіз үйде наурыз көже мен басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды. Жәрмеңке, көрмелер де ұйымдастырылды. Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр бастаған аудан делегациясы да киіз үй тігіп, Наурыз мейрамына өз үлестерін қосты.

      Орталық алаңда концерттік бағдарлама қойылып, онда негізінен қазақтың әндері орындалып, билері биленді. Жұртшылықты Саратов облысының басшысы В.Радаев пен БҚО әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Концерт барысында Саратов облысының шығармашылық ұжымдарымен бірге Батыс Қазақстаннан барған Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілері, Оралдағы «Яик» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Қазталов ауданының өнерпаздары, Жалпақтал ауылындағы «Қыз Жібек» термешілер ансамблі сахнаға көтеріліп, өз өнерлерін көрсетті.
     http://www.inform.kz/kaz/article/2888818   

толығырақ

Мәскеуде 8 жасар қазақ қызы күтпеген жерден

 Фото: vk.com

 Мәскеудегі "Орыс сұлуы" байқауының ақтық кезеңінде көрермендер тосын жайттың куәсі болды. Ұлттық сайыстың шешуші сәтінде 8 жасар қазақ қызы Ақнұр Маратова жеңімпаз атанды, деп хабарлады Dni.ru


      Қазақ қызының Томирис патшайым кейпіндегі образына тамсанған қазылар алқасы Ақнұрдың сұлулығына тәнті болған. Орыс ұлттық байқауының мәресіне қазақ қаракөзінің шыққанына бүлдіршіннің ата-анасы да таңданып қалған.

Мәскеуде 8 жасар қазақ қызы күтпеген жерден

Фото: vk.com

      "Өзіміз де есеңгіреп қалдық. Тәжірибе жинау үшін келіп едік, күтпеген жерден жеңіске жеттік. Қайдағы "орыс сұлуы", біз - қазақпыз", - деді Гүлнәр Оспанова.
     Сұлулық байқауының соңын да вице-мини-мисске диплом беріліп, тәж кигізілді. Қаржылай жүлдені де қанжығасына байлаған жеңімпаз келешекте ресейлік сұлулық байқауларына тегін қатысуға мүмкіндік алды.
       Әйтсе де, байқаудың ресми сайтында Ақнұр Маратованы есімі көрсетілмеген. Жеңімпаз ретінде Волкова Аринаның аты жазылған.

толығырақ

      Ресейдің Омбы қаласында тұратын 24 жастағы Талғат Байғожинов жергілікті халық арасында талантымен көзге түсіп келе жатқан жастардың бірі. Жұрт оны Омбыдағы 12 арнаның таңертеңгі «Жаңа таң» (Новое утро) бағадарламасы арқылы жақсы таниды. Талғаттың туған жері – Украина. Отбасы Донецк облысында тұрған. 1996 жылы Ресейге қоныс аударады. Талғат сондағы Ф. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетіндегі Мәдениет және өнер факультетінің реижссерлік кафедрасында оқиды. Ол телеарна саласына былтырдан бері ден қоя бастаған. Бүгінде ол өзі жүргізетін бағдарламаның көрермендер үшін қызықты, бірін-бірі қайталамайтын тың мазмұнды болуы жолында барын салып жүр.

     «Әр адамда арман бар. Арман көп болғанымен ішінде біреуін ғана ардақ тұтасың. Мен осы уақытқа дейінгі саналы ғұмырымды Ресейде, Омбы қаласында өткіздім. Өз жұмысым ұндайы, ұжымымды жақсы көремін, бағалаймын. «Омск мемлекеттік теле-радио компаниясы» Орал аумағы бойынша ірі медиа ұжымдардың бірі болып саналады. Әрине, адам болған соң одан да үлкен биіктерді бағындырғың келеді. Мен алдағы уақытта өзімді қазақстандағы теле арналарда сынап көргім келеді әрі аңсаған ана тілім – қазақ тілін үйренгім келеді» дейді жас тележүргізуші.
       Ол Қазақстанға бірнеше рет келген. Жаңа Астананың футуристік сұлулығына тәнті болған жас ендігі өмірін осы қаламен байланыстырғысы келеді.

        Мақала total.kz сайтынан ықшамдалып аударылды

       Фото: total.kz

      Baq.kz 

 

толығырақ

      Орынбор қаласындағы «Атамекен» қазақ ұлттық-мәдени автономиясы Наурыз мерекесін 1 ай бойы тойлауда. Мәселен, 12 наурызда Ақсақалдар кеңесінің 3-мәжілісі өтіп, онда жас ұрпақты рухани-өнегелік тәрбиелеу шараларының жоспары талқыланды. 13  наурызда Халықтар достығы үйімен бірге «Бесбармақ-фест 2016» этногастрономия фестивалін өткізді. Оған Қазақстанның ұлттық  өнер ұжымдары мен артистері де қатысты. 16 наурызда «Атамекен» қазақ ұлтты-мәдени автономиясы президенті ұлттық-мәдени бірлестіктердің мемлекеттік органдармен және мунципиалдық билікпен өзара әрекеттестігі жөнінде брифинг өткізді.  

        Енді 19-наурызда Халықтар достығы үйімен бірлесіп  Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай «Ленинградтық өрендерім менің!» деп аталатын әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырмақ. 24 наурызда «Наурыз-шоу 2016» мерекелік музыкалық кеші болады. Оған Қазқсатның ұлттық өнер ұжымдары мен артистері қатысады деп жоспарлануда. Ал 30 наурызда қазақ қоғамдастығының жиыны өтеді. Онда адамның ғарышқа алғаш рет көтерілгенінің 55 жылдығына арналған балалардың үздік суреттері бйақауының қорытындысы шығарылады. Бұл шараны  Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің бастамасымен «Атамекен» қазақ ұлттық-мәдени автономиясы мен  «Бәйтерек» қайырымдылық қоры ұйымдастырған болатын.

      Орынбор қаласындағы «Атамекен» қазақ ұлтты-мәдени автономиясы 1991 жылы құрылған болатын. Оның жетекшісі Руслан Сапарғалиұлы Чукеев, Кеңес төрағасы Сәуле Совхозқызы Таикешева, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бесенғали Ғаббасұлы Кутлеев.

     Ерлік Ержанұлы

 

толығырақ

     Мәскеуде қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиясы үкіметінің жетекшісі, публицист, ғалым және аудармашы Әлихан Бөкейхановтың мерейтойына арналған еске алу шаралары өтті.
     Оған ресейлік халықтар достығы университетінің студенттері мен Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қолдау көсретті. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО қамқорлығымен аталып өтілуде. Әлихан Бөкейхановтың мәйіті Дон зиратында жерленгені туралы жақында ғана белгілі болды. Соңғы пайда болған ақпараттарға үңілсек, ол 1937 жылы 27 қыркүйек күні атып өлтірілді. Қазақ публицисі, саясаткер Нығмет Нұрмақовпен бірге жерленген екен. Ұрпақтары мен жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері алдымен қоғам қайраткерінің зиратына барып, гүл шоқтарын қойды.

       Нұрым Бөкейханов, «Станкин» ММТУ профессоры:

     - Мұндай шаралардың ұйымдастырылуын бірінші рет көріп отырмын. Әрине, зиратқа бірең-саран адам келіп тұратын. Бірақ осындай ауқымды шара алғаш рет өтіп жатыр. «Алаш» партиясының арқасында Қазақстанның аумағы сақталып қалды. Қазақ автономиясы үкіметін басқарған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың оған қосқан үлесі зор.

   Ербол Молдажанов, Ресей халықтар достастығы университетінің магистранты:

     - Шетелде жүрсе де, жанын шүберекке тиіп, қазақ үшін еңбек еткен. Біздің бүгінгі осы шараны ұйымдастырып, дәріптеп жатқанымыздың негізгі мақсаты - өзіміз сияқты шетелде оқып жатқан жастар осы жауапкершілікті сезінсе екен, Әлихан атамыз сияқты ел үшін аянбай қызмет етсе, мемлекетіміздің ертеңі жарқын болатынына сенемін. Әлихан Бөкейхановтың қалдырған мұрасы Ресей тарихшылары бас қосқан жиын барысында да кеңінен талқыланды. «Алаш» партиясының жетекшісі өз заманының саясатын жетік меңгерген», - дейді ғалымдар. Көрегендігінің арқасында ол Қазақстанның аумақтық және саяси тұрақтылығын сақтап қалуға зор үлес қосты.

     Анар Гаджиева, М.В.Ломоносов атындагы ММУ-дың Азия жане Африка елдері институтының аға оқытушысы:

      - Әлихан Бөкейхановқа халқымыз үлкен алғыс айтып, оны жадымызда тарихи тұлға ретінде сақтауымыз керек. Қазақ үшін Ә.Бөкейханов түріктердегі Ата түрік сияқты тұлға болып табылады. Көрнекті саясаткер Әлихан Бөкейханов ату жазасына кесілгеннен кейін ақталды. Алайда ол үшін жарты ғасыр уақыт қажет болды. Айта кетейік, қылмыс құрамы болмағандықтан, 1989 жылы оған тағылған айып негізсіз деп танылды. 
      24.kz

толығырақ

 
        Астрахан облыстық филармониясында белгілі қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай салтанатты шара өткізілді.

      Мәдени шараны Астрахандағы «Жолдастық» қазақ мәдени қоғамы ұйымдастырды. Оған Астрахандағы Қазақстан Республикасының консулы А. Сыздықов, Ресейдің Волгаград, Қалмақия, Саратов және Тюменьдегі қазақ этномәдени берлестіктерінің жетекшілері, «Жолдастық» қоғамының мүшелері, қаладағы мемлекеттік органдардың, ЖОО, ұлттық-сәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

       «Ақмарал» би ансамблі би билеп, Жамбыл Жабаевтың туындылары орындалды.

       Кеште Жамбылдың өмірінің түрлі кезеңдері мен творчествосына қатысты мұрағаттық видеожазбалар көрсетілді.

        http://www.inform.kz/kaz/article/2875862     

толығырақ

                                                                   На тонком срезе Орской яшмы,                                                                                       Живой и яркой, как рассвет,                                                                                        Всегда находишь день вчерашний.                                                                                И часто  –   будущего след.

 

      Мы  не знаем, как давно появилась у человека любовь к цветному  камню.   А  мастер Сансызбай Буркутбаев о камнерезном деле знает не по наслышке. За спиной - 30 лет работы с Орской пестроцветной яшмой и другими, не менее ценными минералами. Учеников камнереза по всей области не счесть. Не сосчитать и кол-во шедевров, выполненных его  сильными руками.

    Буркутбаев  Сансызбай Курманбаевич  – российский художник по камню.  Свободный художник – мозаист по твердым камням. Участник городских, областных и международных выставок в области камнерезного искусства. Создатель великолепных каменных картин и икон с использованием орской яшмы и других благородных камней Урала. Кроме этого, Сансызбай увлекается поэзией, сочиняет стихи на философские темы.

     Каменные произведения Буркутбаева хранятся в архивах известных политиков, в том числе Президента Казахстана Н.А. Назарбаева, с которым автор имел личные встречи.

       Недаром человек наделён чувством прекрасного,которое  открывает путь к познанию, открывает целесообразность  и совершенство природы ,побуждает брать её в пример ,творить и наслаждаться творчеством.

       Одна из работ мастера - портрет Ходжа Ахмет Яссауови был подарен на российско-казахстанских переговорах акиму Е.Н.Сагиндыкову и находился , одно время, в областном краеведческом музее Актобе, в главном зале музея. Подарок этот в числе, самых  ценных.      Посетителям  музея объясняли, что  работа российского мастера, выполнена в стиле «Флоренской мозаики».

      Позже, портрет Ходжа Ахмет Яссауови был отправлен  главе государства РК и, по слухам,  в настоящее время находится в Туркестане, в международном институте. Рамка и сам портрет и выполнены из полудрагоценных камней. Потому вес работы достигает 15 килограммов.

        В бескрайней Оренбургской степи состоялось открытие мазара известному казахскому деятелю Дербисалы Беркимбаеву. Он прославился многими добрыми делами: выполнял особые поручения императора среди казахов, осуществлял судебные разбирательства в аулах, вёл большую работу в оренбургском отделе географического императорского общества, разводил скаковых лошадей в районе Старой Биофабрики и поставлял их царскому двору. О его меценатской деятельности слава дошла и до наших дней. Дербисалы на свои средства проводил национальные праздники для населения, а в 1900 году построил каменную мечеть в Орске, которая действует до сих пор. Мечеть — центр консолидации мусульман не только Орска, но всего Восточного Оренбуржья. Здесь часто бывают гости из Татарстана, Башкортостана, Казахстана. На этот праздник прибыла и делегация из Казахстана –Актюбе.

        Орский художник Сансызбай Буркутбаев преподнёс в дар  Актюбинской делегации  из Казахстана портрет Дербисалы Беркимбаева, выполненный из знаменитой орской яшмы. Портрет Дербисалы был на многих выставках и сейчас   находиться  в   музее Актобе. А высокие гости в память о знаменательном событии посадили березы — дерево, символизирующее нерушимую дружбу народов.  Вот   так свою роль ,  в истории дружбы и культурных взаимоотношений наших стран оставил след  художник Буркутбаев.

        Работы орского мастера находятся в частных коллекциях даже за рубежом. Он работал с администрациями президентов: России, Башкирии, Татарстана и Казахстана.  В холле калифорнийской виллы главы дома Романовых Георгия Михайловича на самом почетном месте висит картина: изображающая утопающий в зелени белый особняк- саму виллу. Внизу- чистейшей голубизны вода, вверху , словно ее отражение, лазурное небо. Гости дома восхищаются: "Какой талантливый художник нарисовал такую картину?" Хозяева загадочно улыбаются: "Это... мозаика из камня." Немая сцена. А где-то в уголочке стоит автограф орского мастера: Буркутбаев.

        Каждый художник стремится сказать свое «я» в искусстве, – говорит Буркутбаев. – Яшма, опал, гранит, кварц и еще множество других, не менее ценных камней, с которыми я работаю, – через них, на мой взгляд, художник может самовыразиться. Список камней, которые можно применять в своем творчестве, велик. Но более подробно всегда хочется остановиться на яшмовом камне. На эксклюзивные вещи спрос невероятно мал. Но мозаика из камня очень актуальна в наше время.

        В настоящее время Сансызбай работает в одиночку. Диву даешься, познакомившись с его изделиями! Чтобы описать их хотя бы частично, нужны тома, а не газетные полосы. Достаточно назвать 30 иконных работ и каменное панно «Богатство Великой Степи» из камней-самоцветов Казахстана, выполненное для приемной президента Н. Назарбаева.

        Бережной любовью к истории казахского народа  и фанатичным вдохновением  в работе с  природным камнем, свою роль в истории дружбы и культурных взаимоотношений наших стран оставляет след  художник  С.К.Буркутбаев.

         Жаль конечно, что в Орске сегодня некому поднять народный промысел яшмы на подобающую высоту. К яшме относились с особым почтением впонии. В тех случаях, когда посылали гонца с каким-либо поручением, или в знак приветствия к ветке дерева адзуса обязательно привязывали яшму. Яшма таким образом, символизировала человеческую жизнь.   Отсутствие  материала и мастерской мастера держит в жёстких  рамках. На хороший камень нужны деньги, а то, что создано, создано на голом энтузиазме и фанатичной преданности делу. Судьба пока не свела с современным Саввой Мамонтовым или Третьяковым. Об этом переживает и Сансызбай  Буркутбаев, но верится, что яшма, этот «веселый камешек с Ори», как называли его когда-то кочевники, в творчестве художника  украсит современные замыслы и идеи меценатов из Казахстана.  

        А пока…  поэты посвящают  ему  стихи :                                                           «На тонком  срезе  Орской яшмы,                                                                        Живой и яркой, как рассвет,                                                                                Всегда находишь день вчерашний                                                                               И часто – будущего след.

Резцом тончайшим, словно кистью,
Глотая каменную пыль,
Из яшмы вырезаешь  листья
Рябины кисти и ковыль.
Когда все тайные чертоги
Откроются перед тобой,
Найдёшь вдруг на краю дороги
Осколок яшмы голубой».

         У.М. Джунельбаевой, г. Саратов

толығырақ

  

      ҚР Президентінің Жарлығымен Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ибраев пен оның орынбасары, автономияның ана тілі мен мәдениеті бойынша үйлестіруші Гүлбайра Қалиева «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.            

     Марапаттау рәсімі 24-желтоқсанда Қызылжар қаласында Солтүстік Қазақстан облдысы әкімдігінің мәжілісінде өтті. Онда мемлекеттік награданы түмендік қандастарымызға облыс әкімі  Ерік Сұлтанов табыс етті. 

толығырақ

Евразиялық университет

 
 
        Жақында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ғылыми кітапханасында тарихшылардың ұлттық конгресінің ұйымдастыруымен «Омбы облысының қазақтары» атты орыс тіліндегі энциклопедияның тұсаукесер рәсімі өтті. Мәдени шара қазақтың ұлы ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы мен Омбы қаласының 300 жылдығына арналған.

      Бүгінгі таңда Омбы аума­ғында өмір сүріп жатқан қалың халықтың 4%-ға жуығын, яғни 80 мыңдайын қазақ ұлты құрайды екен. Олар да өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына өз үлестерін қосып келеді. Қазақтар басқа жұрттан қонақжайлылығымен, ақпейілдігімен, басқа этнос өкіл­дерімен бейбіт тіл табыса алуларымен ерекшеленеді. Олар тарихи Отаны Қазақстанның жетістігіне елеңдеп, жақсысына сүйініп, жаманы болса күйініп жатады.

     Бұрынғы ортақ Отанға үлкен еңбек сіңіріп, құрметке бө­ленген көптеген омбылық қазақ азаматтарының есімдері Қазақстанға әлі күнге кең танымал емес. Алайда, соңғы жылдары атақты қандастарымыздың есімдерін жаңғыртуда біршама ілгерілеушіліктер бар. Солардың ішінде «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаевтың Омбы өңіріне барып Кеңес Одағының Батыры атағын алған немесе ұсынылып, ала алмай қалған қандастарымыздың есім­дерін 2015 жылы жаңғыртуы бұл істе үлкен табыс болды. Ал мына энциклопедия сон­­дай істерді жалғастырып, атақ­­ты қандастарымыздың есімдерін тарихи Отанының біле түсуіне септігін тигізері хақ. Энциклопедияда Омбы өңірінен шығып Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері атағын алған қазақтар, түрлі дәрежедегі орден-медальдардың иегерлері, белгілі ғалымдар, айтулы спортшылар мен қоғам қайраткерлерінің есімдері көрсетілген. Олардың бәрін жинап, үлкен еңбек еткен жан жергілікті өлкетанушы И.Тұрсынов екен. Еңбектегі кейбір деректер сәулетші С.Құсайынов, тарихшы З.Қабылдинов, филолог Қ.Кемеңгер, өлкетанушылар Ш.Кәрібаев пен Х.Жармұқанов және т.б. ниеттестер тарапынан толықтырылыпты.

        Айта кетейік, Омбы қа­ласы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қа­зақтың көрнекті өкілдері бас қос­қан үлкен ша­һар болды. Онда Әлихан Бөкей­хан, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Мір­жақып Дулатұлы, Айдархан Тұр­лы­бай­ұлы, Отыншы Әл­жанұлы, Жақып Ақпайұлы, Мағ­жан Жұмабайұлы, Сәкен Сейфуллин, Қошке Кемеңгерұлы, Смағұл Сә­дуақасұлы, Ғаббас Тоғ­жан­­ұлы, Әбілқайыр Досұлы, Бек­мұхаммед Серкебайұлы, Нығ­мет Нұр­ма­құлы және басқалар оқып, еңбек етті. Бұлардың жарқын есімдері қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлес қосқан айтулы тұлғалар екені мәлім. Осындай ардақты ағаларымыздың ізі қалған киелі топырақтың бүгінгі тынысы мен тірлігінен оқырман қауым мына энциклопедия арқылы көптеген деректер алады.

         Аян ӘБДУӘЛИ.

      http://egemen.kz/2015/12/24/13507

толығырақ

  
       Алматыда таяу күні ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы үйінде осы қауымдастықтың «Атажұрт» баспасынан шыққан кітаптардың тұсаукесері өткен болатын. Бұл баспада негізінен шетелдегі қазақ диаспораларының тарихын, өмірін, қоғамдық және этникалық жай-күйін, тарихи Отанмен байланысын көрсетуге арналған шығармалар шығады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрген 4 кітаптың екеуі осы тақырыпқа арналды. Солардың бірі - Ресейдің Саратов облысында өзінің адам саны және әлеуметтік орны жөнінен орыстардан кейін екінші орындағы этникалық топ болып саналатын қазақ диаспорасының өкілі, тарих ғылымдарының кандидаты Геннадий Ташпековтің «Саратов облысының қазақтары: тарих және қазіргі заман» атты кітабы осы кезге дейін зерттелмеген тың тақырыпты қозғауымен құнды болып отыр. Осыған орай, «ҚазАқпарат» тілшісі кітап авторын әңгімеге тартып, шетелдегі қандастарымыздың әлеуметтік жағдайы, тарихи отанмен байланысы және Елбасының Жолдауы жайында пікірі жайында сұрап, сұхбат алған болатын.

     - Геннадий Александрович, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда өзінің «Қазақстан жаңа жаhандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын жариялады. Осыған қатысты өзіңіздің пікіріңізді білдірсеңіз. 

      - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - болашақты болжай білетін көреген саясаткер. Қазір әлемді жайлаған дағдарыс күшейіп келе жатыр. Сондықтан, Елбасы уақыт күттірмей, өз Жолдауын жариялап, халықтың көңіліне болашаққа деген сенім ұялатты. Бұл тарихи құжатта жалаң сөздер жоқ, онда нақты атқарылатын шаралар көрсетілген. Бұл Жолдау сонысымен ұтымды. Бюджеттік салада еңбек ететін қызметкерлердің жалақысы өсетін болды. Ал жалақының өсуі біз - Ресей қазақтары үшін қол жетпес арман. Бізде қатаң үнемдеу режімі орнаған. Ал Қазақстанға шетелдік инвестиция қарқынды түрде келіп жатыр. Бұл тамаша нәтиже. Өйткені, сол инвестицияға салынған өндіріс нысандары Қазақстанның игілігіне жұмыс істейтін болады. Инвесторлар оларды арқалап кетпейді ғой. Бұл Жолдаудың маңыздылығын сонау ел басына күн туған шақта - 1941 жылы И. Сталиннің Кеңес халқына арнап: «Достарым, бауырларым мен қарындастарым» деп сөйлеген баяндамасының маңыздылығымен ғана салыстыруға болар. Жолдаудың арқасында халықтың дағдарысты еңсеретіндігіне көзі жетті. Жалпы, менің байқағаным, Қазақстанда дағдарыс аса бір меңдеп тұрған жоқ. Бұл, Елбасының көреген саясатының арқасында мүмкін болып отыр деп санаймын. Дағдарыстар қашанда болып тұрады. Меніңше, бұл жаңару, жаңғырудың жолы. Біз, Саратов облысының қазақтары, тәуелсіз еліміздің бар екендігін мақтан тұтамыз. Тарихи отанымызда болып жатқан өзгерістер жайында қашанда құлағдар болуға тырысамыз.

      - Елбасы өз Жолдауында 2017 жылдан бастап, «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы қолға алынатындығын жариялады. Осы жөнінде не айтар едіңіз?

      - Мен дәл осы саланың маманы ретінде бұл бастаманы қолдаймын! Өйткені, қазір жоғары білімі бар, бірақ жұмыссыз жүрген жас мамандар - заңгерлер, қаржыгерлер, экономистер көп. Олар қолмен ештеңе жасай алмайды. Бізде де қазір кәсіби-техникалық мамандықтарға деген сұраныс артып жатыр. Бұл өте дұрыс қадам. Бұл тәуелсіз Қазақстанға үлкен олжа әкелетін қадам. Барлық адамға жоғары білім алу міндет емес. Орташа кәсіби-техникалық мамандық иесі болып та жақсы өмір сүруге болады. Қазір оларға сұраныс үлкен. Сондықтан гуманитарлық білімі бар мамандарды көбейте берудің қажеті жоқ. Экономиканың материалдық игіліктер өндіретін нақты саласына бет бұру керек. Тағы да айтарым, сіздерде «Болашақ» деген бағдарлама бар. Бізде ондай бағдарлама атымен жоқ. Ал қазақстандық жастар шетелге барып, жетекші жоғары оқу орындарында сапалы білім алып қайтып жатыр. Қазақстан өзінің мұндай білімді, дарынды жастарымен болашаққа нық қадам жасайды. Өткен жылы Астанаға Саратов облысынан арнайы делегация келді. Оның құрамында мен де болдым. Сонда жергілікті колледждерді аралап, материалдық-техникалық базаларының өте жоғары деңгейде екендігін көріп, таң қалдық. Олар заманауи қондырғылармен жарақтанған. Ал бізде ондай емес, бізде теория жағына көп көңіл бөлінеді. Ал практиканы студенттер өндіріске барып бір-ақ үйренеді. Сөйтіп, тағы да бір-екі ай бойы қайта үйренулеріне тура келеді. Ал мұнда дуальды білім жүйесі енгізілген. Бұл өте қуанарлық жағдай. Қазақстанда колледж студенттері өндірісте де тәлім алып, сертификат алады. Осылайша, олар өздері тәжірибеден өткен компанияның басқа елдерде орналасқан филиалдарына барып, қызмет істеу мүмкіндігіне ие болады. Мен өзім сол сапар барысында көп жайтқа қанықтым. Енді алған білімімді өзім істейтін техникумда да жүзеге асыруға күш салатын боламыз.       

         - Геннадий Александрович, Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялады. Содан бері 24 жыл өтті. Сол кез есіңізде ме? Бұл жаңалықты естігенде қандай күйде болдыңыз? 

       - Ой, бұл есте қалған жыл болды ғой. Сол жылы 19 шілдеде менің үйлену тойым болды. Кейін, тамызда аты-шулы «ГКЧП» болды. Мен ол кезде Орал қаласындағы педагогикалық институттың КОКП тарихы кафедрасында оқытушы едім.  Жағдайлар күрт өзгеріп жатты. Содан одақ тарай бастады. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Біз мұны тағатсыздана күттік. Сол кезде қуанышымызда шек болмады! Бұл тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасырлар жырлаған, аңсаған арманы еді ғой! Соған, ешқандай қақтығыссыз, қантөгіссіз жеткеніміз тегін емес. Бізді ата-бабамыздың рухы қолдады. Мен кейде ойлаймын. Тәуелсіздік бізге өте қымбатқа түсті. Сонау жоңғар, қалмақ шапқыншылығы, отаршылық саясат, қызыл террор, 20-шы және 30-шы жылдардағы жантүршігерлік ашаршылықтар, қуғын-сүргін жылдары, Ұлы Отан соғысындағы қыршан кеткен боздақтардың қаны, кешегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, міне қазақ халқының тәуелсіздік үшін, еркіндік үшін шеккен азабы орасан. Сол үшін тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтайық! Қазақстандықтарға денсаулық, бақыт және толағай табыстар тілеймін! Қазақстан әрқашанда өсіп-өркендей берсін! Ең бастысы, қазақстандықтар өзіне сенім артсын. Ешқандай шетелдік ұйым, тіпті Дүниежүзілк сауда ұйымы келіп, экономиканы дамытып бермейді. Бақытты болу өз қолымызда! Сондықтан, менің тілерім, қазақстандықтар Елбасымен бірге алға баса берсін! Жасасын, Қазақстан!

      - Геннадий Александрович, Саратов өңірінде тұратын қандастарымыздың өмірі мен әл-ауқаты жайында білгіміз келеді.

       - Біз Бөкей ордасының ұрпақтарымыз. Біздің ата-бабаларымыз ХІХ ғасырдың екінші жартысында Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы Сарытау аумағын мекендей бастаған. Кейін, Жәңгір хан бұл жерді Саратов губернаторынан жалға алған. Өйткені, халық саны мен мал басы көбейе бастаған. Қазір онда қазақша Байқожа, Сұлтанбек деп аталатын елді мекендер баршылық. Қазір Саратов өңірінде қазақтардың саны 80 мыңға жуықтайды. Қазақтар негізінен Еділ өзенінің сол жағалауын мекендейді. Ол Батыс Қазақстан облысымен шектеседі. Ұзындығы 500 шақырымдай. Міне сол аймақтың ауылдық жерлерінде негізінен қазақтар тұрады. Олар мал шаруашылығымен айналысады. Кеңес заманында қазақтар өте бай тұрған. Ол кезде волга машинасы аудан хатшысы мен қазақ шопандарында ғана болған. Ал 90-шы жылдары жағдайлары қиындады. Қазақтардың бір бөлігі Қазақстанға, Орал қаласына көшті. Ал жастарлың көбісі Саратов, Энгельс, Балаково, Ершов сынды қалаларға ағылды. Онда ер азаматтарымыз негізінен жеке кәсіпкерлікпен айналысады немесе жүргізуші болып еңбек етеді. Ал қыздарымыз дүкендерде, мейрамханаларда, дәмханаларда және басқа да қоғамдық тамақтандыру орындарында еңбек етеді. Дегенмен, білім саласында қазақтар баршылық. Отыз шақты бауырымыз жоғары оқу орындарында оқытушы, 60 шақты адам аудандық және ауыл мектептерінде директор болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, қазақтардың арасынан мықты фермерлер шығып жатыр. Мысалы, Сырем Байзульдиновты айтуға болады. Ол ірі шаруа қожалығы - «Трудовой» асыл тұқымды мал зауыты» жабық акционерлік қоғамын басқарады. Оның 2 мың асыл тұқымды сиыры бар. Одан басқа Бисембай Шарлапаев «Зоринское» ірі шаруа қожалығын басқарады. Қой шаруашылығымен айналысады және қымыз өндіреді. Бізде, Саратов қаласында қымыз сатылады. Сонымен қатар, Қазақстанға да келіп, бизнеспен айналысып жүрген жастарымыз бар. Төрт ауданда қазақтардың демографиялық ахуалы жақсы. Мысалы Александров Гай ауданында қазақтардың үлес салмағы 60 пайызды құрайды. Сондай-ақ, Перелюб, Озинский және Ровенский аудандарын да айтуға болады. Мысалы, Ровенский ауданында ноғай қазақтар тұрады. Кезінде Жәңгір хан оларды қазақтардың қатарына қабылдаған. Сөйтіп, олар қазақ болып кеткен. Бірақ жүзге кірмейді. Төре, төлеңгіт, қожа секілді өз алдына бөлек ру.          

      - Сіздерде орта мектептер бар ма?

       - Жоқ. 1930 жылдан 1973 жылға дейін Александров Гай ауданында бір мектеп болған. Қазір ол жоқ. Ата-аналар балаларын орыс мектептеріне береді. Біз астрахандықтар мен орынборлықтарға қызыға қараймыз. Оларда қазақ мектептері бар. Бізде факультатив ретінде бар, яғни міндетті түрде оқытылмайды. Егер қазақ тілі міндетті пән ретінде енгізілсе, құба-құп болар еді. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елші-кеңесшісі Марат Сыздықов Саратов облысының білім министрімен кездесті. Сонда осы мәселе көтерілді. Енді оң шешімін тауып қалар деген үміттемін..

      - Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығынан сіздің кітабыңыз жарық көрді. Ол не жайында?

        - Бұл кітап «Саратов облысының қазақтары: Тарих және қазіргі заман» деп аталады. Онда Саратов өңірінде өмір сүретін қазақ қауымының өмірі мен тарихы, қазіргі хал-ахуалы жайында сөз болады. Маған бұл кітапты жазуға екі себеп түрткі болды. Мен Саратов өңірінде қазақ жастарын үнемі әңгімеге тартып жүремін. Сонда олардың қазақ тілінде мүлдем сөйлей алмайтындығын, өзінің жеті атасын, тіпті өз руын да біле бермейтінін естіп, қатты күйзелдім. Көңілімде реніш пайда болды. Біз аға ұрпақ әрине тарихымызды жақсы білеміз, бұл өңірге қазақтардың қалай, қандай себептермен келгені әрқашан жадымызда. Тілімізді білеміз. Ал бүгінгі жас ұрпақ, өкінішке қарай, білмейді десе де болады. Мысалы, қазақ жігіті қазақ қызымен танысып қалса, сонда руларын білмей тұрса не болғаны?! Екінші себеп - менің әріптестерім: «Қазақтар жайында кітап жоқ. Олардың бұл өңірге келу тарихын сен жазбасаң кім жазады?», деп дем берді. Шынында бұл тақырыпта біздің жақта, кітапханаларда қазақтардың тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жайында әдебиеттер жоқтың қасы еді. Сөйтіп, мұрағаттардан құжат жинап, өткен ғасырдың 30-шы жылдарында жарық көрген газеттерді парақтап, басқа да әдебиеттерден іздестіріп, осы кітапты жазып шықтым. Кітапқа материал іздеу барысында Жәңгір ханның Саратов губернаторына жерді жалға алу бойынша жазған хатын таптым. Ол бұған дейін еш жерде жарық көрмеген! Ал Саратовта Жәңгір ханның тіпті өз алдына бөлек үйі де болған екен. Мұнда кеңес заманы да қамтылған. Саратов облысынан 5 қазақ «Социалистік Еңбек Ері» атанған. Кітапты шығаруға туысқан ағам мен бір әріптесім демеушілік көрсетті. Сонымен қатар осы кітапты шығаруға атсалысқаны үшін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына шексіз ризашылығымды білдіремін. Енді Саратов қаласында облыс басшылығын шақырып, кітаптың тұсауын кесеміз.

       - Геннадий Александрович, өзіңіз жайлы әңгімелеп берсеңіз.  

      - Мен 1962 жылы Саратов қаласында тудым. Әкем Бақтыгерей Оңғарұлы Ташпеков. Шеркеш руынан. Әкем Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы Ташпек ауылында туып өскен. 1930 жылдың қаңтар айының соңында бір күні Оңғар атамыздың үйіне оның ауыл советте істейтін туысқан інісі келіп: «Оңғар, қаш! Сен кулактардың мүлкін тәркілеу тізіміне ендің. Ертең таңертең біз саған келеміз» - дейді. Атамыз мықты орта шаруа адамы болған ғой. Содан малдарды тарататынын таратып, соятынын сойып, жолға азық жинап, үлкен екі шанаға отырып, шекара асып кете барады. Әжеміздің екі інісі де бірге кетеді. Сатқындар біліп қоймасын деп, үйдегі майшамды өшірмей кетеді. Содан, «сығандық өмір» басталды. Қыста Еділдің мұзынан өтіп, Николаевск қаласынан бір шығады. Аттың сауырында өмір сүрді десе де болды. Волгоград, Воронеж және Саратов облысының аумағында көшіп-қонып жүрген. Жазда егін жинауға жалданса, қыста қалаға келіп, арбакеш, кіреші болып күн кешкен. Тұрақты мекен-жайлары болмаған. Ал анамның отбасының да тағдырысы осы тектес. Тек бір айырмашылығы, нағашы бабам отбасымен Мәскеу облысына қашады. Анам сол жақта - Серебряно-пруд ауданында туған. 1918 жылдан 1941 жылға дейін Еділ бойы немістерінің автономиялық республикасы деген болған. Онда қазақтар да тұрған. Кейін соғыс басталып, майдан шебі жақындаған соң, немістер Сібір мен Қазақстанға жер аударылады. Сол мезетте Мәскеу облысында тұратын қазақ қауымы түгелімен сол немістер тұрған өлкеге қоныстандырылады. Немістердің бос қалған үйлеріне орналасқан. Сонда анам айтып отыратын - көшіп келгенде елді мекендер азан-қазан болып жатыр екен. Сауылмаған сиырлардың, басқа да аш малдардың дауыстарынан құлақ тұнған. Содан 1960 жылы әке-шешем бір-бірімен танысып, үйленеді. 1962 жылы мен тудым. Алты жасыма дейін Волгоград облысында Камышин ауданында ата-әжемнің қолында өстім. Орыс тілін білмейтінмін. Кейін, Саратовқа әке-шешемнің қолына келген соң, мектептке бардым. Саратов мемлекеттік университетін тәмамдаған соң, жолдама бойынша Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласының педагогика институтына келіп жұмыс істедім. Осында үйлендім. 1995 жылы кандидаттық диссертация қорғадым. Қазір, Саратов химия-технологиялық техникумы директорының орынбасары болып қызмет атқарып жатқан жайым бар. Бір ұл, бір қызым бар. Төлқұжатымда мен - Геннадий Александрович Ташпековпын. Неге дейсіз ғой? 1934 жылы Кеңес одағында төлқұжаттау науқаны жүргізілген. Ол кезде атам Волгоград облысында тұрады. Бір күні төлқұжат алайын деп «селсоветке» барады. Сөйтсе, ондағы орыстар: «Оңғар Шерденұлы, сіз бүкілодақтық староста - Михаил Иванович Калининді білесіз ғой, ыңғайлы болуы үшін сіздің аты-жөніңізді де сол кісінің аты-жөні секілді етіп жаза салайық. Михаил Иванович Ташпеков боласыз. Айтуға өте оңай», - депті. Атам: «Жарайды», - деп қолын бір-ақ сілтепті. Ал әжемді Анна Захаровна деп жазған. Әкем - Бақтыгерей Оңғарұлы - Александр Михайлович болып жазылды. Бүгінде мен - Ғұбайдолла Бақтыгерейұлы Ташпеков - Геннадий Александрович Ташпековпын. Енді, аты-жөнімді өзгерту қиын емес. Мұны алдағы уақытта көре жатармыз. Болашақта тарихи отанымызға көшіп келсек деген ойымыз бар. Мұны да енді уақыт көрсетеді.

       - Әңгімеңізге рахмет.

толығырақ

   
       
      Сургутта тұратын еркін күрестен спорт шеберіне үміткер Қымбат Тәкенова Түменде өткен қазақ сұлуларының облыстық байқауында «Мисс сұлу қыз-2015» атағына ие болды.

       Биылғы жылы сұлулық байқауы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, оған сегіз бойжеткен қатысты. Олардың арасында Қазақстан азаматшасы - Түмен мемлекеттік университетінің жаңа тарих және әлемдік саясат факультетінің магистратура студенті, алматылық Мереке Жақыпбек болды. Ол бұл байқауда вице-мисс атанды.

        «Сұлу қыз» байқауы Түменде 2010 жылдан бері өткізіліп жатыр. Шараның басында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Түмендегі Құрметті консулы Сейілхан Мақаш 2015 жылдың Қазақстан және әлемдегі барлық қазақтар үшін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының басталуына жол ашқан және Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілген жыл ретінде маңызын атап өтті.

      Байқаудың қатысушылары Қазақ хандығының негізі қалануы тақырыбына көріністер дайындады. Бойжеткендер Жәнібек пен Керей хандар, Қасым хан мен Тәуке хан, Абылай хан мен Есім хандар туралы баяндады. Олар дайындаған театрландырылған көріністерге достары қатысты. Экранда Қазақ хандығы тақырыбындағы сюжеттер көрсетілді. Аталымдар арасындағы үзілістерде көрермендердің алдында Түмендегі «Мерей» қазақ ансамблі мен би топтары өнер көрсетті.

     Байқаудың бас жүлдесі автомобиль болды. Сұлу қыз атағына ие болған Қымбат Тәкенова Түмен мұнай-газ университетінде білім алуда. 

       http://www.inform.kz/kaz/article/2851835

толығырақ

 «Орынбор өңірлік қазақ ұлттық-мәдени  автономиясы»  облыстық қоғамдық ұйымына

       Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Орынбор облысында алғашқы қазақ қоғамдық ұйымының құрылғанына 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтай отырып, өңірлік қазақ ұлттық-мәдени автономиясының, басшыларына, белсенділері мен мүшелеріне ұлттық құндылықтарды сақтау, қазақ тілінің өркендеуі, қазақ халқының ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын дамыту игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге жаңа шығармашылық табыстар тілейді!

        Облыс қазақтарының тарихына біздің көптеген замандастармыздың есімі алтын әріппен жазылды: олар Мырзатай Тасмурзин, Аяған Нұрманов, Бану Байдәулетова, Нұрмұхамед Өксікбаев, Атамұрат Есқазиев және басқа да орынборлық патриоттар.

       Аталған кісілердің бастамалары, табандылығы, еңбекқорлығының арқасында         қазақ тілі курстары және факультативтері ашылды, жергілікті орындарда мәдени орталықтар мен фольклорлық ансамбльдер құрылды, «Жаңа айқап» газеті өмірге келді, Қазақстанмен гуманитарлық байланыстар нығайды.

       Сіздің ұйым Орынбор облысы Үкіметі және Орынбор қаласы әкімшілігінің тарапынан мықты қолдау тауып отыр! Сіздермен «Бәйтерек» қайырымдылық қоры табысты серіктестік жасауда. Ресей қазақтарына арналған федералдық деңгейдегі шара өткізуге Орынборлық қазақтардың барлық негізі бар.

        Осы күндері қазақстандықтар мен шетелдегі отандастарымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдығын кеңінен атап өтуде. Сіздерді осынау баршамызға ортақ мерекемен құттықтаймын! Орынбор қазақтарының жоғары жасампаз әлеуеті Ресей мен Қазақстанның мәңгілік достығы үшін жаңа шығармашылық табыстарға ықпал етеді деген сенімдемін!

 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Төрағасының бірінші орынбасары                                              Талғат  Мамашев

               Алматы қаласы, 15 желтоқсан 2015 жыл

толығырақ

      Орынборда 17-желтоқсанда Орынбор аймақтың қазақ ұлттық-мәдени автономиясы белсенділерінің басқосуы өтті. Оған Астрахан қаласындағы Қазақстан Республикасының Консулы Асхат Сыздықов пен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Талдау орталығының директоры Күлғазира Балтабаева құрметті қонақ ретінде қатысты.

         Жиында көтерілген басты мәселе Орынбор өлкесіндегі қазақтарға қазақ  тілін оқытудың жай-күйі болды.  Пікірсайысқа қатысушылардың айтуынша, қазақтардың ана тілінде білім алуы мен мен оны меңгеруіне ешқандай да заңдық кедергілер жоқ. Барлық мәселе отбасындағы тәрбиеге байланысты болып тұр. Сол себепті ата-аналар отбасында қазақша сөйлеп балаларына ең алдымен өздері үлгі көрсетуі керек. Қазір қазақстандық телеарналар Орынборда көрсетіледі және онда қазақ тілін оқыту бағдарламаларына деген қажеттілік бар.  «Қазақ тілінің 40 дәрісі» сияқты оқулықтар қолдан-қолға өтіп жүр. Олар тіпті қазақ тілін өз еркімен меңгеруге талаптанып жүрген орыстар арасында да кең қолданыс табуда.  

      «Жастарға қоғамдық бірлестікте бас қосуға үндеу тастаған кезімізде ең бірінші боп қазақшаға судай бір орыс жігіті келді. Оның алдында біз өзіміз қатты ұялдық.  Қазір ол Астанада тұрады. Орск қаласында қазір қазақтардың 4 депутаты. Бұл біз үшін үлкен жеңіс»,  – дейді «Жас қанат» ұйымы жетекшілерінің бірі Руслан Чукеев.

      Ресейдегі 2010 жылғы ресми халық санағы бойынша Орынбор облысында қазақтардың үлесі жалпы тұрғындардың 23,7 пайызын құраған болатын. Олардың орта жасы 29,2.  Өңірдегі 120 мыңнан астам қазақтың 21,8 пайызы қалаларда, 78,2 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Ресей қазақтары арасында саны жағынан орынборлықтар Астрахан облысынан (150 мың) кейін екінші орында тұр.  

        Ерлік Ержанұлы

толығырақ

 
       РФ Президенті Владимир Путин Кремльде көзге түскен ресейліктерге мемлекеттік наградалар ұсынды.  Олардың ішінде Геннадий Хазанов, Никита Михалков, Юрий Соломин, Дмитрий Хворостовский, Жорес Алферов, Леонид Бокерия бар, деп жазды РИА Новости.

       Шарада «Отан алдындағы еңбегі үшін», Александра Невский, Ерлік, Құрмет және Достық үшін ордендері, медальдар мен төс белгілер табысталды.

         Марапатталғандардың ішінде Ресей Федерациясының Батыры атағының иегері бар. Ғарышкер Сергей Рязанский құрмет титулына Халықаралық ғарыш стансасында көп уақытқа созылған ұшуы кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін лайық деп танылды.  Ал полковник Серік Сұлтанғабиев -  әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін марапатталды. Ол 2014 жылы оқу-жаттығу шаралары кезінде әскериді граната жарылысынан құтқарды.

       "Ұзаққа созылған ғарыш экспедициялары қатысушылардан сабырлықты, рухани күш пен ерлікті талап етеді. Мұндай шара - бұл ерлік, аса үлкен қауіп. Осындай ұзақ ұшуда міндетін сәтті орындағаны үшін Ресей Батыры атағына  Сергей Николаевич Рязанский лайық деп танылды", - деді РФ президенті.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2848696

толығырақ

фото-1 - копия

    Мәскеудің Ұлттар сарайында Ресей қазақтарының ұлттық-мәдени автономиялары өкілдерінің кездесуі өтті.

     Қазақстан Республикасының Ре­сей Федерациясындағы елші­лігі ұйымдастырған отырысқа Ре­сейдің аймақтарында қызмет ететін 35-ке жуық осы ел қазақ­тары қоғамдық ұйымдарының өкіл­дері, еліміздің Ресейдегі консулдық меке­мелерінің басшылары және Ре­сей Федера­циясы Ұлттар істері жөнін­дегі федерал­ды агенттігінің өкіл­дері қатысты.

     Кездесу барысында Ресей қа­зақтары қоғамдық бірлестіктері­нің өкілдері өз қызметтері жайлы жан-­жақты хабардар етті. Іс-­ша­ра қа­тысу­шылары Ресей Федерациясы аумағында тұрып жатқан қандастарымыз арасында қазақ тілін, дәстүрін, мәдениетін сақ­тау және насихаттау жолында ал­дағы бірлескен жұмыс жүргізу бағыт­тарын талқылады.

      Жиналыс аяқталған соң Ре­сей­дің астанасында бас қосқан қан­дас­тарымыз Қазақстан елшілігі жәр­демімен Мәскеу қазақтарының қо­ғамдық ұйымдары және қазақ­стан­дық студенттер бірлестігі ұйым­дас­тыр­ған «Алтын күз» бай­қау-фес­тиваліне қонақ болып қатысты.

 «Егемен-ақпарат».

толығырақ

  
       20 қараша күні Мәскеуде жастар арасында ІІІ «Алтын күз» қазақ әндері байқауы өтті. Шара қазақтың музыка өнерін, жастар арасында достық пен бауырластық құндылықтарын насихаттауға, Ресей мен Қазақстан халықтары арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

     Фестивальді мәскеулік «Мұрагер» қазақ мәдениеті қоғамы және «Қазақ диаспорасы» қоры өткізді, оған Қазақстан және Ресей елшіліктері, Еуразиялық экономикалық комиссия тәрізді ұйымдар қолдау көрсетті.

       Іріктеу турының нәтижелері бойынша ақтық сынға өткендер арасында алтайлық Азамат та болды. Онда 15 ресейлік және қазақстандық бақтарын сынады.

         Байқау қорытындысы бойынша оның жеңімпазы 20 жасар Алтай Республикасының тумасы Азамат Есімов атанды. Ол 1995 жылы Алтай Республикасының Кош-Агач ауданының Жана-Аул ауылында туған. Бұдан бұрын да бірқатар байқауларға қатысқан.

          http://www.inform.kz/kaz/article/2841907

толығырақ

       
   «Базалық элемент» компаниясының басшысы, Алматы тумасы Гүлжан Молдажанованың есімі Forbes журналының жыл сайынғы рейтингінде Ресейдегі ең қымбат 25 компанияның қатарына кірді.

     6 млн. доллар табыс жинаған Гүлжан Молдажанова 17-ші орын алды. «Базалық элемент» компаниясы басшысының үздік 25 басшының рейтингінде жалғыз әйел екенін атап өту керек.

     Гүлжан Молдажанова 1966 жылдың 11 маусымында Алматыда дүниеге келді. Білімі бойынша физик. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін үздік тәмамдаған. Одан кейін Мәскеудегі аспирантурада білім алу үшін Қазақстаннан кеткен. 27 жасында ғылым кандидаты атанды, ал 1994-1995 жылдары ММУ-де ғылыми жұмыспен айналысты.

Білімі: Қазақ мемлекеттік университеті, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы.

Еңбек жолы:

1995 - «Алюминпродукт», хатшы

1995-1999 - «Сібір алюминийдің» есепшісі, қаржылық менеджер, коммерциялық директор;

2000-2004 - «Русал» компаниясының сату және маркетинг бойынша директоры, стратегия және бірлескен даму бойынша директор;

2004-2005 - алюминий бизнесі бойынша басқарушы директор, «Базалық элемент» компаниясы бас директорының бірінші орынбасары;

2005-2009 - «Базалық элемент» компаниясының  бас директоры;

2009-2011 - «ЕСН» тобының бас директоры; 

2012 жылдан бастап - «Базалық элемент» компаниясының  бас директоры.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2840856

толығырақ

Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Тоқтарбай Дүйсенбаев.
Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Тоқтарбай Дүйсенбаев.
 
     Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Тоқтарбай Дүйсенбаев Азаттыққа берген сұхбатында ондағы қазақтардың қандай көмекке мұқтаж екенін айтты.

       Азаттық: – Сіздер Ресей қазақтарының Самара облысында өткен кіші құрылтайында (3-5 қазан) Ресей қазақтары мен Қазақстан арасында ынтымақтастық жөніндегі ұзақ мерзімдегі бағдарлама жасауды ұсындыңыздар. Мұндай бағдарлама жасауға не себеп болды?

      Тоқтарбай Дүйсенбаев: – Бұл бағдарлама біріншіден Ресей қазақтары мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайта түсу үшін керек. Екіншіден, қазақ тіліне байланысты саяси көмек сұраймыз. Ресейде тұрамыз, өстік-өндік – осы күнге дейін қазақ тілінің мәселесі шешілмей келеді. Өйткені Қазақстанға керегі жоқ тілдің басқаға да қажеті жоқ. [Ресейде] Қазақстан елшілігі бар. Бірақ «сол елшіліктің қажеттілігі бар ма, жоқ па» деген ой да бар бізде.

         Азаттық: – Неге?

       Тоқтарбай Дүйсенбаев: – Өйткені біз, Ресей қазақтары, Қазақстан елшілігіне керек емеспіз. Әсіресе қазіргі жалпы дағдарыс белең алып тұрған кезде бізбен жұмыс істейтін бір маман да жоқ ол жерде. Жалпы, Қазақстан елшілігінің бұл жақта немен айналысып отырғанын да түсінбейміз. Өйткені олар бізге: «Сендер – Ресей азаматысыңдар. Өз жерлеріңде тұрып жатырсыңдар. Өз мәселелеріңді өздерің шешіңдер» деп жауап береді. Олар тек Ресейде тұратын Қазақстан азаматының мәселесін шешуге ғана көмектеседі.

       Азаттық: – Ресейдегі қазақтар Қазақстаннан қандай мәселелер бойынша жәрдем күтеді? Жуықта өткен құрылтайда ол шаруаларды шешу үшін көршілес екі ел арасында кемінде облыстық деңгейдегі келісімдер жасалған жоқ па?

Ресей қазақтары ұлттар фестивалінде өнер көрсетіп отыр. Омбы, 24 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)Ресей қазақтары ұлттар фестивалінде өнер көрсетіп отыр. Омбы, 24 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

       Тоқтарбай Дүйсенбаев: – Әрине, біз – Ресей азаматымыз. Бірақ қазақ болғаннан кейін тілдік мәселерімізді Қазақстанға қаратып айтамыз. Әйтпесе Қазақстаннан тамақ сұрап отырған жоқпыз. Ел қатарлы өмір сүріп жатырмыз. Бізде қазақ тілі тек отбасылық тіл деңгейінде қалып бара жатыр. 2011 жылғы өткен құрылтайда қазақ тілінің мәселесін көтерген болатынбыз. Онан бері төрт жыл өтіп кетіпті. Бірақ шешілген бірде-бір нәрсе жоқ.

     Қазақстанның шекаралық аймақтарындағы облыстармен аздап мәдени-гуманитарлық бағытта жұмыстар істейміз. Батыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының әкімшілігі өз шамаларынша мәдени қарым-қатынас жасап, Қазақстан деген ел бар екенін білдіріп қояды. Ал республикалық масштабта алғанда ауыз толтырып ештеңе айта алмаймыз.

     Азаттық: – Ресейдегі қазақтардың тіл мәселесінен басқа тағы қандай уайымдары бар?

      Тоқтарбай Дүйсенбаев: – «Ресей мен Қазақстан – мәңгілік дос» деп айтады. Бірақ Ресейдің қазақтар ең көп шоғырланған жерінде бірде-бір қазақ мектебі жоқ. Өйткені бұл тақырыпқа Қазақстан жағынан ешқандай құлық жоқ. Әйтпесе Ресейдің 10 облысында ғана қазақтар тұрады. Сол өңірлердің бір-екеуіне мектеп салып тастауға қаражат жетеді ғой. Егер шыққан шығынның 50 пайызын Қазақстан жағы көтеріп алса, 50 пайызын өзіміз табар едік. Бұл – тек менің ғана пікірім емес, Ресейде тұратын барлық қазақтың пікірі. Тіл жойылса, одан кейін бұл жерден қазақтық та кетеді.

      Бұл жерде саяси шешім қажет. Өз тілін қорғауды Қазақстан Ресейден үйренуі керек. Мәселен, Ресей сыртта тұратын өкілдеріне арнап мектеп салып жатыр. Қазақстан да осындай бір жүйемен жұмыс істеуі керек. Біз тек мерейтойларда ғана еске түсеміз, құрылтайда бас қосамыз. Болды, содан кейін ұмытып кетеді – тек бес жыл өткен соң еске бір-ақ түсеміз.

Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумында отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Атырау, 30 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет)Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумында отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Атырау, 30 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

        Азаттық: – Ресми есеп бойынша, Ресейде қазір қанша қазақ бар?

     Тоқтарбай Дүйсенбаев: – Ресейдегі қазақтардың ресми санын қазір 700 мың шамасында деп жүр. Бірақ біздің есебіміз бойынша 1 миллионнан көп. Өйткені қазір Ресейде жеке бас құжатына ұлты жазылмайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын алып тастаған. Егер жаз деп мәжбүрлесең ғана жазып береді. Сондықтан құжаттарына біреу ұлтын жаздырады, біреу жаздырмайды, негізінен «Ресей азаматы» деп қана жазылады. Сол себепті ресми есепті шындыққа келеді деп айту қиын.

        Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

      http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_kazakhs_in_russia/27327431.html

толығырақ

Серик Тойгаммбаев

 
        Қазақ хандығының 550 жылдығы тойын киелі Тараз жерінде күллі әлемнің назары мен көңілі ауатындай дәрежеде өтті. Айтулы мерекеге дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған қандастарымызбен қатар, тұтас кеңістікте қатар дамып, саяси-экономикалық қатынасты жандандырып отырған мемлекеттерден де көп қонақ қатысты. Осы тарихи мерейтойдың қонағы К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы, Мәскеу қаласындағы қазақ диаспорасы қоғамдық бірлестігінің І вице-президенті Серік ТОЙҒАМБАЕВПЕН сұхбаттасудың реті түскен еді. Өзге елде де өз қабілетімен қазақ деген ұлттың жақсы атын шығарып жүрген ғалым қандасымызбен болған әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.

       – Серік Көкібайұлы, арамызды шекараның сызығы бөлгені болмаса, іргелес Ресеймен әуелден қарым-қатынасымыз, тыныс-тіршілігіміз қызу өрбіп отырғаны әмбеге аян. Десек те, жалпы Ресейдегі бүгінгі қазақ кім, оның орыс қоғамындағы орны қандай деген сұрақпен әңгі­мемізді бастасақ деп отырмын?

     – Бүгінгі таңда Ресейде миллионға жуық қазақ тұрады. Оның көбі сол шекара маңында, орысқа қарасты болған Астрахань, Саратов, Вол­гоград, Түмен, Орынбор, Омбы секілді бұрынғы қазақ жерінде қалып қойған қандастарымыз. Ал, Мәскеуде кезінде оқуға келіп, қызмет барысында орнығып қалған мыңға жуық қазақ тұрады. Оның сыртында үш жарым мыңдай қазақстандық студенттер бар.

      Менің өзімнің де сол Мәскеуде тұрып жатқаныма 27 жыл болды. Бір қуанарым, орыс жеріндегі қазақтардың осалы жоқ. Бәлкім, бұл ұлтымыздың тектілігінен, қабілеттілігімізден болар, әйтеуір Ресейдегі қазақтардың көбі жақсы қызметтерде және тұрмысы өзгелерге қарағанда айтарлықтай жақсы. Орталық Азияның өзге елде­рінен келген ұлттар құсап қазақтар арзан жұмыс күші ретінде әртүрлі шаруаға тартылып жатқан жоқ. Тіпті, тұрғылықты орыстар да, құқық қорғау қызметі де, тұрмыстың қандай саласы болмасын мемлекеттік шенеуніктер қазақтарға мінез көрсете алмайды. Бізді сауатты, іскер және абыройлы ұлт өкілі ретінде қабылдайды.

      Осы ретте айта кетейін, мәселен, Қазақстандағы белгілі зиялы да зияткер әулет Серік Қирабаев ағамыздың шаңырағынан шығып Ресей ғылым академиясының корреспондент-мү­шесі, ғылым докторы, Мәскеудегі әй­гілі Халықтар достығы универ­си­те­тінің ғылым саласы бойынша про­ректоры қызметін атқарып отыр­ған Нұр Қирабаев, Бауман атын­дағы университеттің кәсіби деңгейді көтеру факультетінің деканы Рахым­бай Мыңжасаров, РФ Үкіметі жанын­дағы Қаржы академиясының доценті Талғат Мықтыбаев, профессор Асыл­бек Төлешов, физика-математи­ка ғылымдарының кандидаты Болат Жа­малов, жазушы-журналист Омар Айшақ, жазушы Әсел Омар, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Жанна Оспанова, әлеуметтік ғылымдардың кандидаты, ғалым әрі бизнес өкілі Гүлжан Қожамжарова, ҚР еңбек сі­ңір­ген өнер қайраткері, Ресейдегі «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Әбу­ислам Тұрсынбаев, «Қазақ тілі» газе­тінің бас редакторы, педагогика ғы­лымының кандидаты Орынбасар Қуан­дықов және басқалар бар. Қазақ­с­тан Жазушылар одағының Ресей Жазу­шылар одағындағы өкілі, Саха-Яку­тия елінің еңбек сіңірген мәдениет қай­раткері, ақын Тұрсынай Оразбаева апай­ымыз болған еді, ол кісі биыл көк­темде бақилық болды. Міне, осын­дай азамат ағаларымыз бен апа­ла­ры­мыздың көрнекті еңбегінің арқа­сында орыс жеріндегі қазақтың еңсесі биік. Бұдан өзге, Қазақ елінің бүгінгі саяси бағдары мен Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың ел басқару ісіндегі көре­гендігі, саяси салмағы да ресейлік қазақ­тардың ілгері басуына, шоқтығы биік болуына зор ықпал етеді. Мен ғы­лым саласында жүрген адам ретінде орыс ғылыми ортасы мен халқының Қазақс­танға деген, Назарбаевқа деген ерек­­ше құрметін үнемі көремін. Сол сияқ­ты, Мәскеуге мәдени сапар­мен ке­ліп қазақ өнерінің жауһар таби­ға­тымен, ұлттық ән-күйімен сусында­тып жүрген дәстүрлі музыка мен эстр­а­да жұлдыздары, сондай-ақ қазақ әде­бие­тінің айтулы тұлғалары ақын Ол­жас Сүлейменов, ТМД төңірегінде Шо­лохов сыйлығын тұңғыш иеленген жа­зушы Сәбит Досанов секіл­ді қалам­герлеріміз де сырттағы қан­дас­та­р­ы­мыздың ауызбірлігі мен жемісті, же­ңісті болуына үлкен әсерін тигізіп келеді.

      Бір айта кетер болсам, мынау Ресей халқы егер сенің өнерің, ғылымың мен білімің болса, онда сені төбесіне шығарып сыйлайтын жаны момын, қарапайым халық. Қай ұлттың өкілі болмасын, кісіні қабілетіне қарап мойындайтын, өзіне лайық бағасына қиянат жасамайтын мінезі бар.

     – Ақпараты аласұра тарап, әр­бір ісі қолға ұстағандай анық бай­қалатын ұшқыр заманда атажұртқа – Қазақ еліне қарайлап бағдар алатын шығарсыздар?

     – Әрине, сырттағы қазақ Қазақ­станның әрбір абыройлы ісіне, жетіс­тігіне қарап бой түзейді. Жылт еткен жақсылығын көрсе, оны дәріптеп, сол ісі арқылы өмірі мен тіршілігіне шабыт енеді. Ресей жеріндегі қазақ­тардың санасына сілкініс жасап, ұлттық мәртебесін тағы бір саты биіктеткен жайтты айтайын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ мін­берінде өзіміздің ана тілінде сөйлеуі – біздерге, ресейлік қазақтарға үлкен серпіліс әкелді. Шынын айту керек, халықаралық мәселелердің тағдыры шешілетін ең биік мінберден қазақтың қасиетті тілінде мәлімдеме жасау, бұл елімізге, ұлтымызға әлемдік ұйымдардың назарын ерекше аудартып, қазақтың ғана емес, адамзат дамуы тарихында мәңгіге сақталатын айтулы қадам болды. Тек сырттағы қазақтар ғана емес, күллі түркі дүниесі әлемдік саяси сахнадан қазақтың тілінде сөз сөйлеуін Мемлекет басшысының ірі ісі деп қабылдады.

      Мен ғылыми ортамен тығыз бай­­­ланыста болғандықтан орыс ға­лымдарымен, оқыған-тоқы­ғандарымен ұдайы сұхбаттасамын. Сонда ресейлік ғалымдар Қазақстанның озып тұр­ғандығын мойындайды. Мәселен, жоғары оқу орындарында Болон жүйесін енгізген, ҰБТ, тағы басқа білім саласында Қазақстан ТМД аумағында ең алғашқы болып халықаралық білім тәжірибесін өз жүйесіне қосқан ел ретінде орыстың ғылыми ортасы үнемі сөз етеді. Бұл құрғақ мақтау емес, орыс сарапшыларының сүзгісінен өтіп, Қазақстанды терең зерттеген толайым ғылыми пікір. Сонымен қатар, мен Ресейді іс барысында аралаған секілді, Қазақстанға да жұмыс сапарымен келіп, жылда еңбек демалысымда болып еркін аралаймын. Сонда салыс­тырмалы түрде қазақ пен орыстың тыныс-тіршілігіне дейін баға беріп, екі ел халқының тұрмысына да зер сала қараймын. Қазақтардың көп істе биік тұрғанын көремін.

     Мемлекет үшін 24 жыл деген нә­ресте қалып. Осы аз ғана уақыт ішінде мынадай жетістікке жету, экономика, саясат, руханият, мәдениет пен өнер саласында жедел түлеу, заманға сай бейімделу және ұлттық реңк пен әдепкі сарынды қайта табу, міне, бұл үлкен жетістік. Дүрк етіп бәрі өз алдына тәуелсіз боп кеткеннен кейін, өзімізбен тағдырлас жас респуб­ликаларды айтпағанда, әуелден өз саяси ұстанымы мен іргетасы нық қаланған Ресейдің өзі Қазақстанды мойындау, қазақ қоғамының даму жолындағы қадамдарына баға беру, қазақтардың қабілет-қарымына тәнті болу, бір сөзбен айтқанда, қаны бір қалың қазаққа ортақ мақтаныш, ортақ баға. Біз осыны өзіміз де шынайы сезініп, өз бағамызды, парқымызды салмақтай білуіміз керек.

       – Ресей жеріндегі қазақ диас­порасының бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Сыртта жүрсе де Қазақ елінің дамуына, өзгемен тең тұруына нендей істер атқарып жатырсыздар?

     – Мәскеудегі қазақ диаспорасы әуелден қалыптасып, ұлтымызды сол кездегі кеңестер кезеңіндегі тұлғалы ел ретінде таныту, одақ көлемінде ең шұрайлы да қасиетті топырақтың иесі ретінде алғы шептен көрсету секілді қоғамдық-мәдени жұмыстармен белсене араласқаны, көп ұлтты кеңістікте өзіндік ұстынын қалыптастыру ісін сауатты жүргізгені мәлім. Сол дәстүрді жалғастырушы әрі заңды мұрагері бүгінгі ресейлік қазақтар, оның ішінде мәскеулік орта.

      2006 жылы Ресей тарихында ал­ғашқы болып «Қазақ тілі» деген екі тілде газет шығаруды бастағанбыз. Қазақ ұлтының мәдениетін, дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін орыс қоғамына насихаттау, өзге ұлт өкілдерімен рухани қарым-қатынасты жандандыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып отыр. Ресейде Ұлтаралық және дінаралық мәселелер жөніндегі комитет бар, оған барлық диаспора өкілдері кіреді. Ай сайын Мәскеуде, жалпы Ресейде өткізілетін іс-шаралар ретін тапсырып, қазақ мәдениетін насихаттайтын басқосулар өткіземіз. Осындай игі істерге өз тарапынан үлес қосып, демеушілік жасап жүрген Ринат Абсеитов, Қанат Төлегенов, Жанарбек Ақбаев, Оразгүл Елікбаева, Бахыт Ермекбаев секілді үлкен жүректі бауырларымыз бар.

    Айта кететін ерекше оқиғаның бірі – наурыз айында халықаралық Ресей Жазушылары одағының ұйым­дастыруымен және біздің қоғамдық бірлестіктің, «Қазақ тілі», «Мұрагер» қоғамдарының қолдауымен қазақтың белгілі жазушысы Сәбит Досановтың 75 жасқа толуына орай үлкен шығар­машылық кеш өтті. Оған орыс мәде­ниетінің көрнекті тұлғалары Людмила Шипахина, Нина Попова, Юрий Бон­дарев, Феликс Кузнецов, жазушы әрі генерал-лейтенант Соколов, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстанның айтулы жазушылары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Бұл дегеніңіз, қазақ ұлтына, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген құрмет пен халқымыздың рухани құндылығын әлемге паш ете білген жазушымызға деген ерекше ілтипат қой. Міне, осындай іс-шараларды атқарып, өз ұлтымызға тамшыдай болса да үлес қосуды мақсат етеміз.

     – Қазақ хандығына 550 жыл тол­ды деп еліміз әлемге жар салып ұлы тойды атап өттік. Өзіңіз де бұл ме­рей­лі шараны көзбен көріп, орта­сын­да болдыңыз. Көңіліңізге не түй­діңіз, қандай әсер алдыңыз?

       – Қазақ елінің ұстыны болған Астана қаласындағы Тәуелсіздік са­райында қыркүйек айының 11-інде Қазақ хандығының құрыл­ғанына 550 жыл толуына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан үлкен жиын болды. Сол тарихи кездесуге қатысып, Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың дүйім ел алдында, күллі дүниеге қаратып сөйлеген сөзін естідім, қазағымның әлемдік абыройы мен халықаралық беделінің биік екендігіне куә болып, ерекше тебірендім. Одан кейінгі тарихи той киелі Тараз жерінде өтіп, қазақтың туын тұңғыш тіккен, елдігіміздің іргесін бекемдеп, мемлекеттілігімізді қалыптастырған Керей мен Жәнібек бабаларымызға арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатыстым. Кеше­ден бастау алып, бүгінге жеткен қилы тарихымызды паш етіп, өзінің биік тағында мығым отырған Керей хан мен Жәнібек ханның бейнесі кім-кімді де тебірентіп, әр қазақтың рухын көтеретіні, осындай дана да дарқан ұлттың өкілі екендігіңді шын сезініп, тілмен айтып жеткізе алмастай сезімде болатының рас.

     Батыр да хан бабаларымыздың ескерткішін ашып тұрып Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хандықтың қалып­тасқаны 550 жыл деп атап өткені­мізбен, біздің түп тарихымызға, осы ұлан­-ғайыр жердің қожасы ре­тінде әзелден келе жатқанымызға еш­кім­нің шүбәсі жоқ. Біз талай шап­қын­шылықты, үркіншілікті көрген елміз. Жерімізді жауласа – ол өзіміздің алау­ыздығымыздан, жауымызды жеңсек – ауызбіршілігімізден жеңдік. Батыр, дана, кемеңгер бабаларымыз анталаған жаудың біріне ес боп, біріне сес боп жүріп іргетасымызды бекемдеп кетті. Сондықтан да біз ұлт боп ұйысып, ел боп тұтаса білсек – бағындырмайтын биігіміз, алмайтын асуымыз жоқ!» деп айтқаны бар қазақтың көңіліне қонды, жүрегін тербеді.

     Қазақ хандығының 550 жылдығы бізді, Қазақ елін күллі әлем алдында тарихи статусымыз бен ұлттық бет-бейнемізді сапалы қырынан айқын­дады. Әлемнің әртүрлі елінен келген журналистер жазып, түрлі елдердің телеарнасынан көрсету еліміз үшін ғана емес, кез келген дамыған қоғам үшін де үлкен абырой. Міне, бұл ұлттық шараның тарихи салмағы саясат кеңістігінде де аса жоғары.

      550 жылдықты атап өту ке­зін­де өткізілген тарихи-мәдени іс-ша­ралардың өзі ауызбен айтып та­уыса алмайтын үлкен әңгіме. Осы­ның бәрі елдің ауызбіршілігі мен тұрақтылығының, мәдениет, руха­ният, ғылым саласындағы зор ізде­нісі мен ілгері басуының жемісі. Ата­жұртымызда, Қазақ елінде осындай игі шаралар атқарылуы сырттағы қара көздеріміз үшін ұшан-теңіз еңбек, сөзбен айтып жеткізе алмайтын қолдау. Еліміздің, Елбасымыздың мұндай бас­тамасын қолдап қана қоймай, шетте жүрсек те қазақ ұлтының перзенті ретінде үлес қосамыз, қолдаймыз.

       Хандықтың мерейлі тойына Ресей жерінен бірқатар бауырларымыз ке­ліп қатысты. Олардың қатарында Мәскеудегі «Мұрагер» деп аталатын қоғамдық бірлестіктің президенті Ерназар Нуриев, «Астана фонд» қоға­мының басшысы Жарқын Өтешова секілді белсенді қазақтар бар. Бұл ұлы той ресейлік қазақтарға да дем берді. Бұйыртса, біз де Мәскеуде ресейлік өзге ұлттарды қонақ етіп ұлтымыздың бай тарихы мен мәдениетін насихаттайтын боламыз.

      – Ұлт пен рухты ұлықтап, іш­кі жан дүниеңіздегі елге деген ма­хаб­батыңызды бөліскеніңізге оқыр­мандар атынан алғысымызды жет­кіземіз, рахмет.

      Әңгімелескен Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан».

      http://egemen.kz/2015/10/23/3637

толығырақ

12.10.2015 QOS

        Ресей қазақтарының құрылтайы өтті. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауы талқыланды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

12.10.2015 QOS-1

     Ресей қазақтардың кіші құрылтайы аясында өткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол—болашаққа бастар жол» Жолдауы тақырыбына арналған дөңгелек үстел мәжілісінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бұл маңызды құжатта айтылған қадау-қадау мәселелер, бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы жөнінде және теңгенің еркін айналымға жіберілуіне орай  елде жүзеге асып жатқан істер жөнінде айтып берді.

12.10.2015 QOS-2

      Ресейлік қандастардың кіші құрылтайына арнайы келіп қатысқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыстар комитеті төрағасының орынбасары Ербол Нұрғалиев Елбасы Жолдауындағы бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамын қандастарға егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Пікір алмасуға ресейлік қандастарымыз да белсене қатысты.

12.10.2015 QOS-3
       Саратов облысында тұратын қандасымыз, тарих ғылымдарының кандидаты Геннадий Ташпеков: «Елбасы Жолдауының Саратов облысына да қатысатын жері бар екенін мақтанышпен айтқым келеді. Гамбург-Шанхай тас жолының бір учаскесі Саратов облысы өңірінен өтеді. Нұрекең экономиканың қозғаушы күші шағын және орта бизнес екенін бұрыннан айтып келеді. Осы бизнеске Қазақстан мемлекеті тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа тек қызыға қараймыз. Ресейлік кәсіпкерлер жылдық 6 пайыз үстемемен беретін несиені тек түсінде ғана көреді» деді.

12.10.2015 QOS-4 

       Осы дөңгелек үстел мәжілісінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы шығарған «Қазахская диаспора и репатриация. 1991-2012» атты монографиялық еңбектің тұсаукесері болды.

12.10.2015 QOS-5

        Кіші құрылтай аясында өткен тағы бір дөңгелек үстел мәжілісінің тақырыбы «Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысы: тәжірибе, міндеттер, сабақтар» деп аталды. Онда Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысы жетекшілері мен белсенділерінің тәжірибе алмасуы, диаспораның бірігуін, нығайту, ата жұртпен байланысын дамыту және ресейлік қандастарға қазақ тілін оқыту мен оның шешімін табу жолдары секілді тақырыптар төңірегінде сөз болды. Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Тоқтарбай Дүсенов Ресейдің  әр шалғайындағы қандастар   жүргізіп отырған  жұмыстарға, олардың өзекті  мәселелеріне тоқталды.

12.10.2015 QOS-6

      Жалпы кіші құрылтай жұмысына, оның ішінде осы   дөңгелек үстел мәжілістеріне Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы консулы Асхат Сыздықов қатысты, ол Ресейдің 20 өңірінен келген қандастарымыздың талап-тілектерін тыңдап, оларға жауап берді. Шекаралас Батыс Қазақстан облысынан келген делегация мүшелерінің Самара облысымен жұмыс тәжірибесі тыңдалды.

           Нәзира Жәрімбетова.

          Дерек, сурет: egemen.kz

толығырақ

     На торжественном открытии  Малого курултая казахов России в городе Самара Первый заместитель председателя Всемирной ассоциации казахов Талгат Мамашев  зачитал Указ Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева  о  награждении юбилейной медалью «20 лет Конституции Республики Казахстан» Токтарбая Кадыргалиевичу Дусенбаева – президента Федеральной национално-культурной автономии казахов России (г. Самара) и Ерназара Бейсеновича Нуриева - руководителя Московского общества казахской культуры «Мурагер» (г. Москва). Под аплодисменты зала им была вручена юбилейная медаль.

     Почетной грамотой Всемирной ассоциации казахов награждена Осипова Надежда Петровна – руководитель управления национальной и конфессиональной политики Департамента мониторинга общественного мнения Администрации Губернатора Самарской области РФ за большой вклад в сохранение и развитие казахской национальной культуры и языка в Самарской области.

        Благодарственные письма Талгат Мамашев вручил Мухамбетову

      Кажмукану Каершеевичу – руководителю филиала «Кен Ел» Кинельского района, Сабирову Бисенгали – активисту филиала общества «Туған жер» Больше-Черниговского района и  Шуриеву Ибрагиму –  активисту  филиала общества «Канат» Красноярского района за большой личный вклад в сохранение и развитие казахской национальной культуры, языка,  традиций и обычаев казахского народа в России.

        Кулгазира Балтабаева

толығырақ