Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ресей қазақтары

Басты бет | Ресей қазақтары | 20 жыл бойы бие сауып, қазақтың салт-дәстүрін сақтап келеміз - Омбы тұрғыны Зәуреш Асанова

20 жыл бойы бие сауып, қазақтың салт-дәстүрін сақтап келеміз - Омбы тұрғыны Зәуреш Асанова

    Омбы қаласы әкімшілігінің қолдауымен жыл сайын омбылық қазақтар Достық қаласы мерекесі аясында бие байлап, тегін ұлттық тағамдар таратады.  

      Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы президентінің көмекшісі Зәуреш Асанованың айтуынша, бүгінгі таңда Омбы облысында 100 мыңнан астам қазақ тұрады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

      Өңірлік қазақ ұлттық мәдени автономиясында сегіз қоғамдық қазақ бірлестігі бар.

     «Қымызмұрындық мерекесіне биыл осымен үшінші жыл қатысып отырмыз. Өзімізбен бірге қымыз ала келдік. Біз де өз жерімізде ұйымдастырылатын мерекеге орай алтыбақан құрып, киіз үй тігеміз. Балаларға ана тіліміз бен салт-дәстүрімізді үйретеміз. Ата-енем өмір бойы ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанып келген. Келін болып түскеніме 20 жыл болса да бие саууды тоқтатқан емеспін. Тіпті, кейде литрін 600 теңгеден саудаға қоямыз», - дейді Зәуреш Асанова.

     Ресейде жұмыс істей бастаған алғашқы этно-мәдени бірлестіктердің бірі Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясы 1999 жылы құрылған. Ұйымның жанынан «Омбы қазақтары» атты басылым шығады.    

     Еске сала кетейік, қалалық демалыс және мәдениет саябағында өтіп жатқан халықаралық  Қымызмұрындық мерекесіне Ақмола, Қарағанды, Алматы өңірлері мен Ресей, Қырғызстан елдерінің делегациясы қатысуда.  

 http://www.inform.kz/kz/20-zhyl-boyy-bie-sauyp-kazaktyn-salt-dasturin-saktap-kelemiz-omby-turgyny-zauresh-asanova_a3028146

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті