Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ресей қазақтары

Басты бет | Ресей қазақтары | Омбыда «Қымыз мерекесі» болады

       

   Ресейдің Омбы қаласындағы Көрме саябағында 17 маусым күні «Қымыз мерекесі» бірінші фольклорлы-этнографиялық фестивалі өтеді. Оны «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдениеті орталығы ұйымдастырып отыр.

         Жоба идеясы қала аумағында этномәдени кеңістік құру қажеттілігінен туындады. Оны жүзеге асыру атмосфера қалыптастыру арқылы  этно мәдени тарихи дәстүрлердің өміршеңдігіне және қазақ халқының тарихи мұрасы мен мәдени құндылықтарына қызығушылық пен құрметті қалыптастыруға; ұлтаралық қарым-қатынасты үйлестіру мен түрлі этникалық қоғамдастықтар өкілдері арасындағы сұхбатқа ықпал етеді.   

          «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдениеті орталығы Ресейдегі федеральдық қазақ ұлттық мәдени автономиясының Омбы облысындағы ең бір белсенді ұйымы болып табылады. Оған Алтынай Жүнісова жетекшілік жасайды. Омбы облысында 100 мыңға жуық қазақ диаспорасы бар. Олар аймақтың саяси, қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени тыныс-тіршілігінде өз орнын тапқан.   

    Ерлік Ержанұлы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті