Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ресей қазақтары

Басты бет | Ресей қазақтары | Қолдаудан қағыс қалмайды

        «Егемен Қазақстан» газетінде Сенат депутаты Қуаныш Айтахановтың Үкі­мет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа де­­­путаттық сауал негізінде дай­ын­дал­ған «Шүй қазағының» тілі немесе атажұртқа айтар наз» мақаласы жа­рияланған болатын. Депутаттық сау­ал­­ға орай Премьер-Министрден жауап келген еді. Онда былай делінеді:
       «Сіздің «Егемен Қазақстан» газетінде шық­қан «Шүй қазағының» тілі немесе атажұртқа ай­тар наз» мақаласына қатысты депутаттық сау­алыңызды қарап, мынаны хабарлаймын.
    Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдеріне мә­де­н­и және рухани қолдау көрсету жұмыстарын жүр­­гізуде.
     Атап айтсақ, жыл сайын әлемнің жиыр­ма­дан астам елінде тұратын шетелдік қан­дас­тарымыздың, оралмандардың, қазақ зиялы қау­ым өкілдерінің және шәкірттер қауымының қа­­тысуымен халықаралық өнер фестивалі өт­кізіледі. Фестиваль аясында көрмелер мен ақындар айтысы ұйымдастырылады. Со­ны­мен қатар, Дүниежүзі қазақтарының қау­ым­дастығы арқылы жіберілетін «Туған тіл» аль­манағы басып шығарылады. Бұған қоса, шет­елдегі қазақ диаспорасының тұрмысы туралы әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізіліп тұрады.
     «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында жыл сайын қазақтардың «кіші» құрылтайы өтеді, оның мақсаты – Еуропа елдері мен Түркия, АҚШ, ҚХР және Моңғолия елдерінде тұратын қазақтармен байланысты нығайту, сонымен бірге, оларға ана тілін зерттеуге және мәдениетін сақтауға әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету. Құрылтай шеңберінде қазақ тілін меңгеруі бойынша дөңгелек үстелдер, ғылыми тә­жі­рибелік конференциялар және әртүрлі бай­қаулар өткізіледі. Үстіміздегі жылдың 22-25 маусымы күндері Астана қаласында Дү­ние­жү­зі қазақтарының V құрылтайын өткізу жос­пар­ланып отырғанын атап өткен жөн, онда қа­зақ диаспорасының маңызды мәселелері тал­қыланатын болады. 
     Ресей мектептерінің қазақстандық оқу­лық­тар мен оқу әдістемелік кешендерді қол­да­нуына қатысты осы білім ұйымдары жыл сай­ын Ресей Федерациясына Білім және ғы­лым, Сыртқы істер министрліктері арқылы жі­бе­рілетін барлық қажетті оқу - әдістемелік әде­би­етпен қамтамасыз етілгенін хабарлаймыз.
      Осыған орай, қазіргі уақытта Білім жә­не ғылым министрлігі, басқа мүдделі мем­ле­кет­тік органдармен бірлесе отырып, Ресей Фе­дерациясы Білім басқармасы тарапынан осы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің заңға сәйкестігін тану туралы жұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, қазақстандық оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың Ресей білім беру стандартына сәй­кес­­тігіне сараптама жасау (сағаттық жік­те­ме, материал мазмұны бойынша), оларды Ре­сей стандартына бейімдеу мүмкіндігі, әр­түр­лі ұйымдастырушылық рәсімдерді қар­жы­ландыру тәртібі, көздері мәселелері пы­сық­талуда.
     Сондай-ақ Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер министрліктері мен басқа да мүдделі мемлекеттік ор­ган­дар­ға аталған мәселе бойынша Ресей Фе­де­ра­циясындағы уәкілетті мемлекеттік орган­дармен келіссөздер жүргізу және тиісті екі­жақты халықаралық шарт немесе келісім жа­сау қажеттігі туралы мәселені пысықтау жө­нінде тапсырма берілді». 

 https://egemen.kz/article/qoldaudan-qaghys-qalmaydy 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті