Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Моңғолия қазақтары

Моңғолия қазақтары

                      

      Бүгінгі таңда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында 102 мыңға жуық қандасымыз тұрады. Қазақтар жиі қоныстанған аймақта қазақ радиосы мен баспасөзі, телеарнасы бар екенін білеміз. Сондай-ақ, бұл өлкеде 1948 жылдан бері қазақтың көне жәдігерлерін жинақтаған мұражай жұмыс жасайды.

      Баян-Өлгей аймақтық мұражайының директоры Айшагүл Азаматқызының айтуынша, қазіргі таңда аймақтағы ұлттық музейде 5500-ге тарта көне мұра сақтаулы екен.

– Біздің Баян-Өлгей аймақтық мұражай 1948 жылы құрылған болатын. Содан бері халық арасынан көне жәдігерлерді жинау, оны халыққа көрсету және зерттеу жұмыстарын жасап келеді. Қазір мұражайымызда 5500-ге жуық көне жәдігер бар. Музей Этнографиялық зал, Тарих залы, Табиғат залы, Құрбандарға арналған зал және Білім-танымдық залынан құралған. Тарихи жәдігерлердің 90 пайыздан астамы қазақ мұраларын құраса, қалғандары ұранхай, тубат, дөрбіт ұлттарының жәдігерлерін қамтиды, - дейді музей басшысы.

     Баян-Өлгей аймақтық мұражайының 9 ауылда қосмша жұмыс жасайтын мәдени орталықтары бар екен. Музей қызметкерлері аймақтағы көне жәдігерлерді халықтан жинау, оны зерттеу және олардың білімін жетілдіру бағытында да жұмыс жасайтын көрінеді.

– Ең алдымен біз мұражай қорын байытуға күш саламыз. Осы бағытта халықтың қолында сақталған көне жәдігерлерді жинақтап, оларды зерттеумен айналысамыз. Мысалы, өткен жылы қорымыз 100-ден аса жәдігермен толықты. Жинақталған жәдігерлерге ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу де аса маңызға ие. Жинақталған жәдігерлерді мемлекеттік электронды тіркеуге аламыз және 4 жыл сайын санақ жүргізіп отырамыз. Бұдан бөлек, жас ұрпақты көне ұлттық мұрамен таныстыру мақсатында қысқы және жазғы демалыстарын пайдаланып жәдігерлермен танысу сабақтарын өткіземіз. Онда салт-дәстүр жайлы сабақ өтіліп, қазақ қолөнерінен шеберлік сыныптарын, түрлі үйірмелерді ұйымдастырамыз. Балаларға ұлттық ойындарды үйретеміз, - дейді Айшагүл Азаматқызы.

      Қандастарымыздың тарихи мұраларын жинақтаған бұл қазақ мұражайы Моңғолия еліндегі жәдігері ең мол музейге жатады екен. Мұражайды тамашалайтын шетелдік саяхатшылардың қатары да көп сияқты.

– Мұражайымызды жылына 20 мыңға жуық ел іші-сыртынан келген кісілер тамашалайды. Моңғолия бойынша этнографиялық жәдігерді ең көп жинақтаған мұражай болып отырмыз. Осы жұмыстарымызды жетілдіру, әріптестікті арттыру үшін Алматы Орталық мұражайы және Қастеев атындағы өнертану мұражайымен 2013 жылы келісім-шарт жасастық. Жәдігерлердің ортақ ғылыми анықтамасын жасау, заттық және рухани мұраларды зерттеуде бірігіп жұмыс жасау мақсатында 2016 жылдың аяғында ҚР Ұлттық музейімен ортақ меморандумға қол қойдық, - деді мұражай директоры.  

Ағаш төсек, 1973 жыл.
Көнек, 1960 жыл.
  
 

толығырақ

Қазақ балуаны Моңғолияның «Лашын» атағын жеңіп алды

    Моңғолия халық революциясының 96 жылдығына арналған ұлттық мерекегеорай өткен балуандар бәсекесінде қандасымыз Серік Бердімұратұлы «Лашын» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды KAZNEWS сайты.

    Баян-Өлгей аймағының тумасы Серік Бердімұратұлы белгілі моңғол балуаны Т.Баасанхүүді жығып, мемлекеттік «начин» (лашын) атағына ие болды.    

Қазақ балуаны Моңғолияның «Лашын» атағын жеңіп алды

    Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы өткен жылғы мемлекеттік мерекедегі жарыстың бесінші кезеңінде Моңғолия  чемпионы  Э.Оюунболд-дан жеңілген болатын.     

     http://www.inform.kz/kz/kazak-baluany-mongoliyanyn-lashyn-atagyn-zhenip-aldy_a3044844

толығырақ

a3bab2e0c195c4bb459f4896079d2bcb.jpg

      2006 жылы Улаанхус сұмын өлкесіндегі Пазырлық қорғандарының бірінен 2500 жыл бұрын өмір сүрген «суыр ішікті, құсты бейнелеген киіз малақай киген» мұздатылған муми және Алтанцөгц сұмын өлкесінен XIII ғасырдан сыр шертетін құнды жәдігер табылған.  Бұларды жергілікті музейге орналастыру туралы пікірін музей әкімшілігі Білім, мәдениет және ғылым министрлігіне жеткізіп отыр.

      Бұл жәдігерлер қазір Улаанбаатар қаласындағы Археологиялық институтында сақталып тұр. Әзірге министрліктен еш қандай шешім шыққан жоқ.

      Естеріңізге салсақ, Баян-Өлгий аймағының музейі алғаш 1948 жылы орнаған, 1988 жылы жаңа құрылысы пайдаға берілген. Стандартқа сай салынған құрылыста тарихи және мәдени жәдігерлерді сақтауға мүмкіндік зор. Құнды жәдігерлер арқылы Баян-Өлгийге келетін туристердің санын арттыруға болады. – дейді музей директоры Айшагүл Азаматқызы.

Музейдегі құнды жәдігерлер

     Тұлба сұмынының Қызыл басты деген жерінде болған 1921 жылғы Тұлбакөл шайқасы үлкен панарама болып жасалған. Панораманың ішіне Тұлбакөл шайқасы болған жерден табылған бұйымдар бар.

    Этнография бөлімшесіде 1960 жылдары қойдың терісінен қолмен кестелеп тіккен жарғақ тонды атауға болады өте көне құнды зат. Сонымен қатар, алтынның буына ысталған күміс әшекейлі ер-тоқым, келі келсаптар, кебіс мәсілер, шапандар, қолмен әсемдеп кестелеген орамалдар, төсек сырмағы, киіз үйдің ішіндегі ағаш жүкаяқтар, қайқыбас төсектер көне құнды жәдігерлерге жатады.

        http://kaznews.mn/news.php?nid=963

толығырақ

fce244c46f5bfc3da58f1067a9014e8f.jpg

      Биыл Баян-Өлгий аймағы бойынша 1682 түлек мектеп бітіреді. Соның ішінде 1302 оқушы 14 маусымда өтетін Мемлекеттік бірыңғай тестілеу сынағын тапсырады. Бұл туралы аймақтық Білім, мәдениет, өнер басқармасының маманы А.Еркегүл хабарлап отыр.

      Мектеп бітірушілер саны өткен жылғы көрсеткіштен 200 оқушыға артық. Сондай-ақ 380 оқушы Ресей мен Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына түспек. 

       http://kaznews.mn/news.php?nid=964

толығырақ

da27c372b55f66fe981c5c3b48016e1c.jpg

     

      Қазақстан қазір қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі бағытында. Олар  - саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғырудың жолы. Әрине, бұл бүгіннен емес, тәуелсіздіктің ақ таңы атқан кезеңнен басталған жұмыс. Жыл басындағы халыққа жолдауында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады.

      Ал жақында Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты жаңа көзқарасымен бөлісті. «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім», деді.

        Әуелі мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы ұлттық санаға тоқталады. «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық», деп көрсетті Президент.

       Мемлекет басшысы таяу жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынды. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауды тапсырды. «Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», деді президент.  Тарихқа жүгінсек, қазақ тілінің әліпбиі тамырын тым тереңнен алады. VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Президент 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісу керектігін» мәлімдеді. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі де латын әліп­биімен шыға бастауы тиіс. Осы орайда мемлекет басшысы үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырды. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты.Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», деп атап өтті Назарбаев. Сөйтіп 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданатын болды. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандар мен орта мектептерге арналған оқулықтар дайындала бастайды. Осылайша алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.

       Бір сөзбен айтқанда, жаңа әліпби арқылы Қазақстан әлемдік өркениетке аяқ басады. Оның үстіне, латын әліпбиінің түбі бір туыс елдермен өзара байланысты арттырудың да жолы.

        Нұрсұлтан Назарбаев тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап көрсетті. Және бірінші бағыт ретінде бәсекелік қабілет аталды.  «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында», дейді президент. Сондықтан халықты ХХІ ғасырдың талаптарына даярлайтын бағыттар ретінде «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды көрсетеді. Білімнің салтанат құруына баса мән беріліп отыр. Қазақстан білімге бөлі­нетін бюджет шығыстарының үлесі бойынша әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санаты­на қосылды.

      Таяу жылдардағы міндеттердің енді бірі ретінде президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Президент оны былай түсіндіреді: «Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді». Жас ұрпақ туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзенінің тарихына қанығып, аңыздары мен ел есінде сақталған біртуар перзенттерін біліп өсуге міндетті екенін айтты Назарбаев. «Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс», деп көрсетті президент Нұрсұлтан Назарбаев.

   «Туған жер» бағдарламасы кәсіпкерлердің, шенеуніктердің, зиялы қауым өкілдері мен жастардың кіндік қаны тамған жеріне қамқорлық жасап, қолдау көрсетуіне, патриотизмді қалыптастыруға қолайлы мүмкіндік береді.

        Хайрат Ахмет

      http://kaznews.mn/news.php?nid=948

толығырақ

        Өткен аптада Астанаға Баян-Өлгийде тұратын азғана қазақтың рухани тізгіні – БАҚ саласын басқарып отырған Оспан Нәбиұлы келген болатын. Баян-Өлгий аймағыың Бұқаралық радиотелевидениесін басқарып отырған әріптесімізбен осы өңірдегі ақпараттық ахуалдың жайын білмекке аздап әңгімелесудің сәті түскен болатын. Атажұрттан жырақтағы ағайынның ақпараттық саладағы қызметі басталғалы ғасырға жуық уақыт болды дейді Оспан Нәбиұлы.
     -  Бүгінгі таңда Баян-Өлгийде қанша қазақ тілді БАҚ бар?

    - Моңғолияда қазақтар негізінен Бай-Өлке аймағына шоғырланып қоныстанған. Баян-Өлгей аймағы алғаш орнаған сонау 1941-жылдан бастап «Өркендеу» атты жергілікті газет басылып шығумен мұнда баспасөздің ірге тасы қаланған деуге болады. 1957-жылдан «Шұғыла» атты әдеби журнал, 1965-жылдан жергілікті радио тарату торабы іске қосылған. «Өркендеу» газеті, «Шұғыла» журналы, жергілікті қазақ радиосы аймағымызда журналистика саласының өркендеуіне өз үлесін қосты. Аймағымыздан туып шыққан қарымды қаламгерлер, танымал журналистер осы баспасөз құралдарында қызмет атқарды. Бүгінгі таңда аймағымызда бұқаралық қазақ радиосы өз қызметін жүргізіп келеді. «Өркендеу» газеті кейіннен «Жаңа Өмір» болып, бүгіндері «Жаңа дәуір» деген атпен тұрақты түрде өз оқырмандарына жетіп жатыр. «Шұғыла» журналы шығуына 60 жыл толуын атап өткелі отырмыз. Осы алпыс жылдың ішінде 193 саны жарық көрді.

      Ал телеарналарға келер болсақ, аймақ орталығында «Дербес», «НАЗ», «Саян», «ТВ-4» қатарлы төрт телеарналар өз көрермендеріне тұрақты қызмет атқарып келеді.

    - Сөз бостандығы, тіл еркіндігіне мен ділді, мәдениет пен руханиятты дәріптеу мәселесі БАҚ-та қалай жүріп жатыр?

     - Моңғол елінің Негізгі заңында және ақпарат құралдары туралы заңдарында сөз бостандығына, тіл еркіндігіне шектеу қойылмаған. Бұқаралық ақпарат құралдары дербестігін сақтап, азаматтардың сөз бостандығы, көзқарасы мен пікірін еркін білдіру құқығын мейілінше қолдап қызмет атқарады. Қазақ тіліндегі БАҚ-тар еліміздегі және әлемдегі болып жатқан келелі мәселелерді халық назарына ұсынумен қатар аймағымыз өңіріне қатысты ақпараттарды жедел және нақты түрде көпшілікке ұсынады. Сонымен қатар қазақ ұлтының тарихы, тілі, мәдениетіне қатысты танымдық ақпараттар, ұрпақ тәрбиесіне қатысты, ұлт мүддесіне қатысты рухани тақырыптарды талқылауда өзіндік қолтаңбалары бар деуге болады.

     - Қазақстанмен ақпараттық байланыс қалай, Қазақстандық баспасөз құралдары Баян-Өлгейге жете ме?

     - Аймағымызда Қазақстанның барлық телеарналарын тамашалап отырмыз. Бұдан 25 жылдың алдында Қазақ еліндегі барлық жұрналдар мен газеттерді аймағымыз халқы жаздырып оқып келген. Бұл үрдіс Моңғол еліндегі аз қазақтың тілін, мәдениетін сақтауына, Қазақ елінің тыныс-тіршілігіне етене жақын болуына, Қазақ елі жайлы танымының терең болуына ерекше әсер етті. Содан да болар, бәлкім Қазақ елі тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап ат-көлігін сайлап, ата жұртқа көш тізгінін Моңғолия қазақтары бастап кетті.

     Өкінішке қарай, тәуелсіздікке дейін бөгетсіз келіп жатқан қазақ баспасөзі тәуелсіздік жылдарында бізге келуін тоқтатты. Қазақ баспасөзі, оқулықтар, ақын-жазушылардың кітаптары тек Моңғолиядағы ғана емес, әлемдегі қазақ ұлты шоғырланған өлкелерге тарап тұрса, олардың тілін, мәдениетін сақтауына үлесін қосары сөзсіз. Бұл мәселе алдағы Дүниежүзілік қазақтарының құрылтайында талқыланатын тақырып болар деп ойлаймын.

       - Ардагер журналистерді, жазушыларды дәріптеу қалай жүріледі?

     - Аймағымыздан Моңғол еліне, Қазақ еліне танымал көптеген ақындар мен жазушылар туып шықты. Аз қазақтан туып шыққан жазушылардың еңбегін моңғол Үкіметі үнемі жоғары бағалап, мемлекеттік дәрежедегі атақтармен марапаттап отырды. Биыл туғанына 120 жыл толып отырған ақын Ақтан Бабиұлы, жазушы-драматург Құрманхан Мұхамәдиұлы, Халық жазушысы Мағауия Сұлтанияұлы, Даниял Дәукейұлы, Имашхан Байбатырұлы, кеше ғана Астанада 70 жылдығы аталып өткен Кәкей Жаңжыңұлы, Арғынбай Жұмажанұлы, Яки Ілиясұлы, Солдатхан Орайханұлы, Жәмлиха Шалұлы, Егеухан Мұхамәдиқызы, Солтан Тәукейұлы бастаған т.б. сан ондаған қаламгерлер елімізге ғана емес барша қазаққа таныс болды. Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер атағымен жазушы Шынай Рахметұлы, ақын Сұраған Рахметұлы қатарлы қаламгерлеріміз сыйланды. Танымал қаламгерлеріміздің есімі аймағымыздан көшелерге, мектептерге беріліп оқушыларға қаламгерлердің шығармаларынан тәлім оқытылып тұрады.

       - Ата жұрттан алыстағы қазақтың рухани мұқтаждығы бар ма?

      - Руханият дегеніміз аса кең ұғым. Рухы биік, саналы ұрпақ тәрбиелеу қай ел, қай жерде мекендегеніне қарамастан әрбір ұлттың басты мақсаты болса керек. Ұлт тұрғысынан алғанда рухымыз биік, төрт құбыламыз сай деп айтуға келмейді. Қазақ тілді ақпараттың тапшылығы, Қазақ елінің ақын-жазушыларының туындыларымен еркін танысу мүмкіндігінің шектеулілігі келешекте ұлтымызды рухани жұтаңдыққа әкелмесе игі еді. Аймағымыздан туып шыққан ақын, жазушылар, ұлт зиялылары Қазақ еліне көптеп қоныс аударды. Тәуелсіздік қарсаңында қалыптасқан қарымды журналистердің бір буыны қазір Қазақ елінде орналасып барлық ақпарат құралдарында еңбек етуде. Бұл әрине біздің мақтанышымыз және рухани байлығымыз деп білеміз.

       - Атажұрттан жырақтағы ағайынның аңсары не?

     - Әрине, әуелі осы киелі топыраққа жету – олар үшін ең басты арман екені айтпаса да түсінікті жағдай. Алайда оған қазіргі жағдайда түрлі себептер кедергі келтіріп отыр. Дегенмен, қазақ қай жерде де қазақ. Сондықтан, Тәуелсіздіктің 25 жылдында Қазақ елі ел іргесін бекемдеп, дамудың сара жолына түсті. Әлемдік қауымдастыққа өзін мойындатты. Әлемдік деңгейде бәсекелестікке түсе алатын қуатты өндірістер пайда болды. Өз қолы өз аузына жетіп, өзге елдерге экономикалық жәрдем жасап, қолдау көрсетіп жатады. Енді алдағы уақытта Қазақ елі тарапынан шетелдегі қазақтар шоғырланған өлкелерге көңіл бөліп инвестция енгізетін толық мүмкіндігі бар. Біздің аймағымызға ет өндірісі, тау-кен өндірістеріне қаржы енгізсе мұндағы жұмыссыздықтың азаюына, екі елдің қатынасының нығаюына, Бай-Өлкенің экономикалық мүмкіндігі жоғарлауына ықпал етер еді. Және қаржы енгізген кәсіпорындарға да пайдалы болар еді деп ойлаймын.

      Әңгімеңізге рахмет!

 https://baq.kz/kk/news/ashikangime/ospan_nabiuli_kazakstandik_baspasoz_alemnin_kai_tukpirinde_kazak_bolsa_sogan_zhetip_zhatui_kerek20170523_171200

толығырақ

Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото


      Моңғолиялық «Naad» бренді пластиктен жасалған ойыншық киіз үйлерді сатылымға шығарды, деп хабарлайды Gogo.

     «Naad» брендінің негізін қалаушылар келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру және көшпенділер мәдениетін бүкіл әлемге паш ету мақсатын көздейтін бұл жобаға үш жыл бойы зерттеу жүргізіп, осы айдың басында ғана алғашқы өнімдерін шығарған. Пластиктен жасалған құрастырмалы ойыншықтар MiMo деген атаумен шығарылуда.

       MiMo – бұл киіз үйдің 11 есе кішірейтілген нұсқасы. Салмағы 1 кг жуық (900 грамм) ойыншық жалпы 225 элементтен тұрады. Ал, ойыншықтың қорапшасы халықаралық стандартқа да сәйкес келеді.
Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото
       "Моңғолияға келген әрбір шетелдік турист киіз үйге кіріп көргісі, тамашалағысы келетіні жасырын емес. Оларды көбіне киіз үйдің жалпы құрылысы және тұрмысқа икемділігі қызықтырады. Сол себепті біз туристерге және келер ұрпаққа арнап ойыншық-конструктор құрастыруды қолға алдық. Біздің негізгі мақсатымыз – ойыншықтарды сатып пайда табу емес, көшпенділер мәдениетін әлемге таныту”, – дейді «Naad» брендінің негізін салушы Саиханбаяр.
Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - ФотоМоңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото

Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото


























         Дереккөзі: https://ca-news.org

толығырақ

     Биыл Астана қаласында өтеді деп жоспарланған Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы аясында шетелде өмір сүрсе де, қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырған Моңғолиядағы қазақ композиторы Ақыби Момбай әндерін орындаудан студенттер арасында ән байқауы өтті.
        Байқау Ховда университетінің залында өтті.

«Байқаудың мақсаты ұлтық этнографиялық және қазақы құндылықты сіңірген сазгер Ақыби әндерін дәріптеп, студентерді қазақ өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру мақсатында жүргіздік», – дейді музыка пәнінен дәріс беретін ұстаз Бибігул Ләтфқызы.

      Ән байқауына Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығының өкілі ретінде Қабсаттар Омар құрметті қонақ ретінде қатысса, жоғары оқу орнының директоры, доктор Гаура Сәбихан, ұстаз Сағым Бейбітшілік және Рәзия Ақыбиқызы әділқазылық жасады.

        Бұл байқауда 16 студент бақ сынап, жанды дауыспен ән айтты.

      Қазылар шешімімен 1-орын Айтолқын Бақытқызына, 2-орын Нұржан Бақытханқызына, 3-орын Алтынгүл Асылбайқызына бұйырды.

      Сазгер әулеті байқауға қатысқан барлық студентке сый-сияпат жасады. Жергілікті сазгерлердің шығармасын насихаттауға сіңірген еңбегі үшін аймақтық мәжіліс төрағасы Бауыржан Дәлел арнайы алғыс хаттармен марапаттады.   

толығырақ

      Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор: ...сен қазақ болған соң қазағыңа тартып барасың ғой», деп басын қос қолдап ұстап, қатты ренжіді. Ақыры Моңғолия Мәдениет министрінің алдына барып жүгініп, ол «екі жыл Абай атындағы опера және балет театрына келісімшартпен қызмет істеп қайтсын» деген үкімді әрең шығарып берді.

    – Сіздің Моңғолия елін­дегі өте қадірлі азамат бол­ғаныңызды сипаттап жаза­тын тарихшы-профессор Зардыхан Қинаятұлының әдемі естелігі бар. Сіздер тәу­елсіздік ала сала, алғашқы толқынмен атажұртқа орал­ғандарыңызда, моңғол ми­нистрінен «Қазақтарын кө­шіріп алып жатыр деп бізге ренжіп жүрген жоқсыңдар ма?» деп сұрағанда, моңғол министрі: «Әр азаматтың өз орны бар ғой, бірақ Қабылаш пен Зардыханның кеткені біз үшін ауырлау болды» деген екен. Ондағы ағайындарыңыз да, моңғол бауырларыңыз да «Қабылаш салған әндер-ай» деп әлі күнге тамсанып айтатын көрінеді...
       − Қазақстанға қылшылдап тұрған қырықтың ішінде келіп едім. Елге оралғаныма биыл тұп-тура 25 жыл болды. Қазақ елі тәуелсіздік алып жатқанда, шынын айтайын, шыдап отыра алмадық. Бұл кезде менің жиырма жылдан бері Ұлан Батордың академиялық опера және балет театрының жетекші әртісі әрі бар атағын түгел иеленіп, абырой биігінде жүрген кезім. 1991 жылы қазақ елі талай ғасыр аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, бір жағы мәре-сәре, бір жағы тұралап қалған экономикадан тауқымет шегіп қиналып жүрген кезінде Х.Уртнасан деген әріптесіміз екеу­міз Абай атындағы опера және балет театрының ша­қыруымен гастрольдік сапарға келіп, «Травиата» және «Тоска» операларына қатысқан едік. Ол кездегі Мәдениет министрі Еркеғали Рахмадиев, орынбасары Әшірбек Сығай, театр­дың директоры Базарғали Жаманбаев еді. Сол сапарда Мәдениет ми­нистрлігімен де, театр әкімші­лігімен де екі жыл қызмет жасайтын болып, келісімшарт жасастық. Бірақ Моңғолияға келген соң бұл келісім туралы ешкімге тіс жарып айта алмай, талай уақытқа дейін іштен тынып жүріп қалдым. Рас, моңғол елі мені төбесіне көтерді, өнерімді сүйді. Бірақ, менің өз Отаным бар. «Тәуекел, естіртейін» деп елге кету жөнінде өтінішімді жазып едім, театрдың директоры Эрденбулган естіген бойы тулап шыға келді. Екеуміз біресе ұрсысып, біресе татуласып, қызылкеңірдек болып айтысып, күн ұзаққа ырғастық. «Сен айтшы, Қабылаш, театр ұжымы осы күнге дейін сені қазақ деп алалап, шеттетіп ренжіткен кезі болды ма? Талантыңды, өнеріңді бағалауда әділетсіздік көрсеткен жеріміз бар ма? Бар болғаны, сен қазақ болған соң қазағыңа тартып барасың ғой», деп басын қос қолдап ұстап, қатты ренжіді. Ақыры Моңғолия Мәдениет министрінің алдына барып жүгініп, ол «екі жыл Абай атындағы опера және балет теа­трына келісімшартпен қызмет істеп қайтсын» деген үкімді әрең шығарып берді.
      – Сіз Қазақстанға опера тү­гілі, ой, сана еңбегінің бә­рі далада қалып, «балапан ба­сы­­мен, тұрымтай тұсымен» дей­тін тар кезеңде келдіңіз. Са­ғынып, өз көңіліңіздің ала­бұртқаны болмаса, ауырт­па­лық­тармен арпалысып жү­р­­ген мұндағылар «Қа­былаш келіп қалыпты» деп құшағын аша қоймағанға ренжіген жоқ­сыз ба?
      − Құдайшылығын айтайын, сол қиыншылық туған елдің топырағына табанымыз тиген қуаныштың жанында түкке тұрмайтын еді. Қуаныш құшағында жүргенде сол қи­ындықтардың бәрі білінбей өте береді екен. Мәдениет ми­нистрлігіне қарасты жатақ­хананың екі бөлмесінде тұрсақ та, сол қуықтай бөлмеге елге белгілі адамдарды қонаққа ша­қырып, әңгімесін тыңдағанға мәз болып, мәре-сәре болып жататын едік. Несіне намыс­танамын? Менің еліме келген қуанышымның жанында тір­шіліктің тауқыметі деген не тәйірі? Тап сол күндерде Моң­ғолияның баспасөзі «Қа­бы­лашты Қазақстаны қа­был­дамапты да» деген желсөзді жариялап жатыпты. Мейлі, айта берсін, жаза берсін, ең бас­­тысы, бақытты екенімді өзім білемін ғой. Ол жақта солай жазылып жатса, бұл жақта «Біз тұрғанда сонау моңғол елінде қаңғып жүрген қазақты несіне алып келді?» деген сөзді де құлағымыз естіді. Ең ауыр­ы, осы болды. Сабырмен қара­ған жанға Жаратқанның сыйы бар. Бәрі де орнына келді. Қазақстандық өнер ортасынан құрмет пен қошемет таптым. Алғаш біз келгенде театрдың белді әртістері шет елге кетіп жатты. Сол қиын шақта олардың орнын толтырдық, жоқтатпадық деп ойлаймын. «Ер Тарғын», «Абай», «Евгений Онегин», «Қарғаның мәткесі», «Тоска», «Травиата», айта берсек толып жатыр, осы опералардың бәріне мен дайын болып келдім.
     – Сіз Еуропада білім алған қазақ екенсіз. Моңғолияның сонау бір түкпірінде қоңыр­төбел қазақ отбасынан шық­қан қарадомалақ бала София кон­серваториясында білім алу­ға қалай қол жеткізіп жүр?
     – Осы сауалды маған жиі қояды. Бірақ бұл сауалға жауап бермес бұрын, алдымен, кіріспесін айтайын. Мен өнерге бала күнімнен жақын болып өсіппін. Бірақ «өнерді сүйеді екенмін-ау» деп ол кезде ойламадым. Жөргекте жатып жы­лағанда, нағашыларым домбыра тартып, сыбызғы ойнап жұбатады екен. Мүмкін, сол дыбыстар құлағыма әбден сіңді ме, Алла тағаланың өзі икемдеп, табиғатымды жақын етіп жа­ратты ма, өмір жолымды өнерге қарай бағыттай беріпті. Бұлт сүйген Боғда тауларының батысында жатқан Бай-Бесікте балалығым өтті, кейін ішінде біздің де отбасымыз бар, 4-5 үйді бөлектеп, Моңғолияның ішкері жағына қарай көшірді. Мен таза моңғол мектебінде оқыдым, қа­зақша үйде ғана сөйле­семіз, сон­дықтан ана тілі­ме шорқақ болдым.
     Кейін біздің үй Баян Өл­гейге қайта көшіп кетті де, мен жаңадан құрылып жатқан опера және балет театрының хор класына қабылданып, Ұлан Баторда жұмыс жасап қал­дым. Бірақ ән айтуға көңілім соқпады. Театрдың жұмыстан босат­пайтынын білдім де, қу­лыққа көштім. «Үйіме жөн­деу жұмысын жүргізу керек еді, әке-шешемнің жағдайы келмейді, мен барып жасауым керек» деп рұқсат алдым. Бірақ менің есіл-дертім театр емес, әкемнің жанында автобазада жүргізуші болып істеу еді. Дәнекерлеуші болып істейтін әкем мені жұмысқа кіргізіп те қойды. Сөйтіп, жүргенде партия комитетінен «Қабылаш қашып кетті, тез келсін» деген шақырту келді. Заңнан хабарым жоқ мен жайбарақат жүрген едім. Зиядабек деген өте зиялы ағам қайту керегін түсіндірді, мен «бармаймын» деп азар да безер боламын. «Ендеше, шу-шұрқан басылғанша сен Өл­гейдің қазақ халық театрында істей тұр» деген кеңес айтты. Сөйтіп, жүргізуші боламын деген арманым адыра қалып, тағы да театрға қайтып оралуға тура келді. Менде ешқашан «әнші болайын, классикалық өнердің туын ұстайын» деген арман болған емес. Жұмыс істеп жүргеніме 2-3 жыл болған кезде Моңғолия жас­­тарының ХV съезіне Өл­гей жастарының құра­мында деле­гаттыққа ұсын­ды. Сонымен қатар, Қазақ­станда Моңғолияның мәдениет күндері өтетін болып, Мәдениет ми­нистрлігінен шақырту алдым. Екі оқиға қатар келсе де, мен Қа­зақстанға баруды жөн деп шештім.
       – Осы сапар сіздің тағды­рыңызда шешуші рөл болыпты ғой?
      – Мен бірінші рет шет елге сапарлап шықтым. Онда да атын естігеннің өзіне мәз болып қалатын аңсаған атажұртыма сапар шектім. Біз Қазақстанға жазушы және әншілерден құ­ралған шағын құраммен келдік. Жа­зушылар одағында үл­кен кездесу өтті. Онда қазақ әде­биетінің Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұс­тафин бастаған ірі ақын-жазу­шыларының бәрі болды. Солардың ішінде менің есім­де қалған кәдімгі Сәбең – Сә­бит Мұқанов еді. Басында сол баяғы ақ тақиясы бар, алпысты алқымдап қалған кезі. Аз-кем әңгімелесіп, жағдай сұра­­ды да: «Сен бала, әлі жас екенсің, оқып, білім алуың керек. Алматы консерватория­сында оқығың келе ме, біз саған қолымыздан келгенін аямай көмектесеміз», деді. Менің төбем көкке екі елі жетпеді. Атақты адамның осыншама кіші­пейілдігі, мейір­бандығы мені қатты тол­қыт­ты. Бірақ елге келгеннен кейін Сәбеңнің тілегінің, менің қа­лауымның орайы келмейтін болды. Себебі, Моңғолия консерваториясы мен Құрманғазы атындағы кон­серваторияның арасында келісімшарт жоқ екен. Есесіне, Болгария астанасы София қала­сының консерваториясымен екіжақты келісім бұрыннан бар болып шықты. Сөйтіп, мен Еуропаға оқуға аттандым.
      – «Қабылаштың кеудесі үл­кен, тынысы кең». Бұл пікір сізді табиғатынан тыны­сы кеңірек болып келетін еуропалық опера әншілерімен салыстыруға жетелейді. Ма­мандар да сіздің ән мекте­біңіз­дің бөлек екенін, кей­бір мық­ты деп саналатын ән­ші­лерден әлдеқайда ерек­ше­лігіңіздің бар екенін айтады.
     – Мен студент болған 1970 жылдардың өзінде Еуропада да жақсы ұстаздар тапшы еді. Менің бағыма ұстазым опера­ның отаны Италияда оқып, білім алған халық артисі, профессор Христо Брьмбуров болды. Италия операсы мектебінде шыңдалған ұстаздардың соңғы буынының бірінен тәлім алу мен үшін бақыт еді. Атақты шебердің қойып берген дауы­сының арқасында өмірлік мақ­сатымды орындап келемін.
     – Сізді Қазақстаннан ең алғаш танып, талантыңызды бағалаған белгілі өнер шебері Дүйсен Қасейінов екен.
   – Біз үшін аса қадірлі Дүйсен Қасейінов консерваторияның ректоры болып жүргенде-ақ «бізге Еуропадан білім алып шыңдалған мамандар керек» деп мені консерваторияға шә­кірт тәрбиелеуге шақырып жү­ре­тін. Жалпы, жақсыны тану, ұлтқа қажетті пайдалы дүние­ні көре білу Дүйсекеңе тән қа­сиет. Шүкір, қазір өзімнің де та­лантты шәкірттерім өсіп келеді. Жас та болса талантты Расул Жармағамбетов Бибігүл Төлегенованың халықаралық конкурсында Гран-при алды.
       – Жазушыны қаламы, етік­шіні бізі асырайтыны се­кілді, әйгілі Ермек Серкебаев та «менің связкам қырық жыл­дан бері асырап келеді» дейді екен. Қанша қашсаңыз да, айналдырып әкеліп өнер жолына салған «связкаңызға» сіздің де өкпеңіз жоқ шығар?
     – Менің дауысым – лири­калық баритон. Алғаш театрға келгенімде Еуропа компо­зи­торларының шығармаларын түпнұсқа тілде орындау туралы басшыларға ұсыныс жасадым. «Көрермен түсінбей қалады» деген қауіп бекер, оны аударудың қажеті жоқ. Өйткені, классикалық өнердің бір-ақ қағидасы бар: мәселе тілде емес, операны тыңдағысы келетін адам – тыңдайды, қабылдағысы келмейтіні – қабылдамайды. Сол ұсынысымның әсері болды ма, осыдан кейін театр шет елдің классикалық шығармаларын түпнұсқада қойып келе жатыр. Дүние жүзі театрларының тә­жірибесі мұның дұрыс еке­нін қуаттап отыр. Мысалы, «Ев­гений Онегинді» қазақша тәржімаласа, әнші дауысын ша­рықтатып, ұзақтау ұстап тұра­тын жерінде қазақша баламасы сәйкес келмей қалса, ол әнге нұқсан келтіреді.
      – Сіз әлемнің көптеген сахналарында ән салдыңыз. Біздің ұлттық операмыздың әлеуетін қалай бағалайсыз, басқасын айтпағанда, өзіңіз жақсы білетін Моңғолия театрымен салыстыра айтқанда...
     – Екеуі де көшпенді ха­лық, екеуі де ән-жырға құ­мар, сауықшыл халық және сырт­тан келген адамға ерекше байқа­ла­тыны, қазақ – интел­лек­туал халық. Кез келген жа­ңа­лық­ты өте жылдам қа­был­дайды. Гру­зин, әзер­байжан, өзбек сияқты өзімізбен одақтас болып келген ұлттардың ішінде орыс тілінде өте таза сөй­лей­тін қазақтан басқа қандай халық бар? Мектепті моңғол тілінде оқып-бітірдім. Мінсіз білемін десем, өтірік емес. Моңғол тіліндегі операларды бір моңғолдай-ақ шырқадым. Сол сияқты мұндағы әртістер де кез келген тілдегі операны жылдам меңгеріп айта алады. Қай елдің сахнасына апарса да, ұялмай көрсетуге болады. Әсі­ресе, соңғы жылдары жақсы дамып келеді. Әрине, «ешкім­нен кем емеспіз» дейміз ғой. Бірақ кемшіліктер жоқ емес. Бі­ріншіден, классикалық шығармаларды қоюшы режиссер тапшы. Жақсы дирижер жетіспейді.
    – Дж.Вердидің «Риголетта» операсын қою үшін дирижерді Италиядан арнайы шақырып отырғаны сол екен ғой?
     – Оның басқа да себебі болуы мүмкін. Бірақ «Риголетта» мүлде жаңаша келбетпен сах­наға дайындалды. Моңғолия опера және балет театрында өзім де Риголеттаны ойнағанмын. Жалпы, Риголеттаның партиясы, әні сондай әуезді, айту­ға ың­ғайлы болғанымен, баритон дауысты әншілердің мүм­кіндігін қатал сынайтын, та­биғи физикалық күші мен шы­дамдылығын көрсететін, әншілігінен бөлек актерлік қабілетін жоғары деңгейде шың­дайтын рөл. Талай жылғы тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, кей әншілердің дауысы зор, күшті болғанымен, актерлік жағы кемшіндеу болып, сахна қозғалысы сай келмейді. Ал, кейбір әнші актерлік жа­ғына көбірек көңіл бөліп, эмо­цияға беріліп, дауыстың тең­дігіне, музыкалық жағына мән бермей, ақсап жатады. Осы себеппен «Риголетта» опе­ра­сының репетициясына қатысып, әншілерге кеңес беріп, бір­лесе жұмыс істеп жатырмын. Мысалы, М.Төлебаевтың «Бір­жан-Сарасы» – ұлттық опера өнеріндегі ең кәсіби тұрғыда жазылған дара шығарма. Бірақ тұлғалар азайған соң «театрға тек Біржанды ғана көру үшін келдім», «сахнаны жарқыратып тұрған тек Біржан ғана» дей­тіндей Біржан әзірге шықпай жатыр.
      − Ғаламтордан Батыс елде­рінің сахналарындағы операларды тамашаласаң, заманауи техника мүмкіндігімен жарақ­тандырылып, кең ауқым­­­да қойылған спектакль­дер дра­малық жағынан күр­делен­діріліп, тартысты, шы­тырман оқиғалы кино көр­гендей әсер­де қалдырады...
     − Шет елде әрбір жаңа спек­­такльді сахнаға қоярда өте кір­пияз қарайды. Ал, орыс мек­тебі үлгісіндегі театрларда солис­тер дирижердің жоғары-төмен қалықтаған таяқшасына қарайлай береді. Дирижер пәрмен бермесе, әнші тіпті дауысын ала алмай қалады. Батыс елдерінде сәл басқаша, дирижер әншінің жетегінде жүреді. Әнші сахнада еркін, дирижер оның сол еркіндігіне еріп кетеді. Мысалы, ілгеріректе жасым отызды енді орталап қалған кезде, мені «Болгарияда оқыған» деді де, сол елде қойылатын «Ка­р­меннің» операсындағы Эс­ка­мильо рөліне ойнауға ша­қырды. Олардың жаңа қо­йы­лыммен қалай жұмыс істей­тінін сонда көрдім. Операға қатысатын барлық әншілер, хор әншілерінің сыртында сол операға жауапты режиссер, дирижер, көмекші режиссерге дейін бүкіл партия­ны сөзімен жатқа білуі тиіс екен. Дирижерге телміріп тұрған бірде-бір әншіні көрмедім. Қызық болғанда, Карменнің рөлінде ойнайтын әнші Чехословакиядан дәл уақытында келе алмай қалды. Сонда жап-жас дирижер жігіт Карменнің партиясын бастан-аяқ француз тілінде жатқа айтып тұрды. Дирижер әншіден оқ бойы озық тұруы тиіс. Қалай дегенмен, Батыста операның дамығанына бес жүз жылдан асты, ал тарихы сексен жылды енді құраған қазақ опера театрын олармен салыстыруымыздың өзі оғаш. Кештеу дамыса да, үлкен өнердің соңынан ілесіп келе жатыр. Бұл үлгі аларлық мысал.
     – Театрда тұлға болуы ке­рек. Кешегі Ермек ағамыз бүкіл қазақ операсының айбыны сияқты еді, сол қатар сирей бастаған соң классикалық өнерде де салқынқандылық сал­танат құрғандай. Ал тұл­ғасыз жерде өнер де тұлдыр жетім сияқты болмай ма?
     – Халық әртісінің бәрі тұлға емес. Ал, Ерекең, Ермек Серкебаев нағыз тұлға еді. Өзі өте талантты, сәні де, салтанаты да келісті адам еді. Бірде-біреудің көңілін өсіріп, жақсы сөзін айтып, көңілін көкке самғатып жіберетін, ұнамаса, біреулерге қарсы шығып, бетің, жүзің бар демей, айтып салатын. Өнерге қазір осындай мінез жетіспейді. «Көп айтса, көнді, жұрт айтса, болды», жаялық болып төселіп, алдына түсіп алып, жорғалайтын жігерсіз адамдар тұлға туралы түсінікті де жоюға шақ тұр. Әншейін мақтағаннан өнер адамы өспейді. Болгарияда бірге оқыған моңғолиялық әріптес­терімнің шеберханасынан білім алған 25-30 жас аралығындағы баритондар бүгінгі күні дүние жүзінің театрларын жаулап алып жатыр. Бәрінің кеудесі ашық. Ең дарынды опера әншілері саналатын халықаралық байқауларда солар жүлденің басын бермейтін болды. Классикалық өнерде, әсіресе, опера өнерінде тұлға көп болуы керек, себебі, олардың сахнада сомдайтын рөлдерінің өзі тұлғалардан тұрады ғой. Тұлға қоғамнан биік тұруы тиіс. Ой азаттығымен, сана сергек­тігімен. Өз басым тіл мәсе­лесіне өте жауапты, өте кірпияз қараймын. Сондықтан болар, бес балам бес тілдің маманы болып, өмірден өз орындарын тапты.
      Әңгімеңізге рахмет.
             Әңгімелескен  Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»
      
           Толығырақ: https://egemen.kz/article/enh-bastysy-baqytty-ekenimdi-oezim-bilemin

толығырақ

     Баян-Өлгий аймағының азаматы, Дэлүүн ауылының жалпы білім беретін мектебінің қолөнер пәнінің мұғалімі, суретші Д.Солтаншәріптің соңғы екі жыл бойы сызған суреттері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін «Арман мен ой» атты онлайн сурет көрмесіне қатысуға шақырту алды.

       Нью-Йоркта биылғы жылы сәуірдің 16 мен 23 аралығында өтетін көрмеге Солтаншәріптің арнайы жолдаған 6 суретінің екеуі қойылатын болды.

       Солтаншәріп бұған дейін аймақ көлемінде өткен суретшілер байқауының алтын медаль иегері. Ол суретшілікті бастаған 1995 жылдан бері қазақ халқының ұлттық ерекшелігін танытатын көптеген туындыларды дүниеге әкелді.

Суреттер: bayan-olgii.gov.mn

 

толығырақ

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж (оң жақта) Ақсолтан Қылышұлын Наурыз мерекесімен құттықтай келіп отыр. Улаанбаатар, 22 наурыз 2017 жыл.

     Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж (оң жақта) Ақсолтан Қылышұлын Наурыз мерекесімен құттықтай келіп отыр. Улаанбаатар, 22 наурыз 2017 жыл.

       Моңғолия президенті Цахиагиийн Элбэгдорж наурыздың 22-сі күні Улаанбаатар қаласында тұратын 76 жастағы Ақсолтан Қылышұлының үйіне барып, сол елдегі қазақтарды тікелей эфир арқылы наурыз мерекесімен құттықтады.

       Ақсолтан Қылышұлы 53 жылдан бері Моңғолияның білім саласында, ғылым академиясы мен университетінде жұмыс істеп келеді. Қазір жергілікті университеттердің бірінде дәріс оқитын ақсақал ол кездесуде президентпен не туралы сөйлескендерін айтты.  

      – Үйіңізге Моңғолия президенті келетінін қанша уақыт бұрын білдіңіз?

      – Екі күн бұрын айтты. Сол екі күн бойы президенттің келуі кезінде атқарылатын шараларға дайындалдық «қай жерге кім қалай отырадыдан» бастап. Есіктен кірген кезде президент менімен қазақша төс түйістіріп амандасты. Содан кейін қазақ дәстүрімен шашу шашылды. Бұл қалада жасы менен де үлкен қазақ ақсақалдар тұрады. Бірақ не себепті менің үйімді таңдағанын білмеймін. Шамасы, президенттің жанында жүрген жігіттер жөн сілтеген болу керек.

       – Президент үйіңізге келген сәтте түсірілген көріністердің бірінде шақша алмастырып отырған сәттеріңізді байқадым. Бұл «шақша алмастыру» дәстүрі нені білдіреді?

      – Бұл дәстүр тек моңғол жұртына ғана емес, қазақ халқына да тән дәстүр болатын. Қазақтың «бір атым насыбайдан көңілі қалатыны» осы дәстүрге негізделген. Мағынасы – «жылдан жылға аман-есен жетіп, шақшамызды алмастырып тұрайық» дегенге саяды. Бұл – тек осындай үлкен мерекеде ғана адамдардың бір-біріне көрсететін ізет-құрметі.

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж (ортада) сол елде тұратын қазақ Ақсолтан Қылышұлының жұбайымен шақша алмасып отыр. Улаанбаатар, 22 наурыз 2017 жыл

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж (ортада) сол елде тұратын қазақ Ақсолтан Қылышұлының жұбайымен шақша алмасып отыр. Улаанбаатар, 22 наурыз 2017 жыл

       – Президент пен екеуіңіздің араңыздағы әңгіме қай тақырыпта өрбіді?

      – Алғашқы аман-сәлемнен кейін президент осында тұратын қазақ халқына арналған құттықтау сөзін тікелей эфир арқылы жолдады. Құттықтауды жолдау үшін жергілікті бес телеарна өкілдері алдын ала келіп дайын тұрған. Содан кейін дастархан басында менің өмірбаяныма қатысты сұрақтар қойды. Наурыз күні қазақ халқы атқаратын дәстүрлердің барлығын президентке көрсеттік.

       – Әдетте кей елде президент халықпен кездесетін кезде сөйленетін сөз, айтылатын әңгіме, қойылатын сауалдар алдын ала әзірленеді. Сіздерде ондай дайындықтар болды ма?

    – Жоқ. Маған тек наурыз күні орындалатын ұлттық салт-дәстүрлерге дайындалуым керек екенін ескертті. Дастархан басында жеке басқа қатысты әңгіме ғана өрбіді. Саясатқа, осында тұратын қазақтар мәселесіне қатысты сөз қозғамадым. Өйткені бұл ресми кездесу емес.

     – Моңғолияда Элбэгдоржыға дейінгі президенттердің қазақтардың үйлеріне барып, Наурызбен құттықтаған оқиғалары болып па еді?

     – Иә, болған. Элбэгдоржының алдындағы президент Намбарын Энхбаяр деген азамат та дәл осылай қазақ отбасына барып, сол жерден Моңғолиядағы қазақтарды ұлттық мерекесімен құттықтаған еді.

       Цахиагиийн Элбэгдорж бір елдің төрағасы, былайша айтқанда патшасы ғой. Оның қазақ ауылына, қазақтың үйіне, біздің шаңыраққа келуі үлкен қуаныш болды.

     – Сұхбатыңызға рахмет.

     http://www.azattyq.org/a/mongolia_kazakhs_and_president/28393808.html

толығырақ

f63f727eaa5286fa4d795f7600b33c1c.jpg

      Моңғол еліндегі қазақ халқы, Құрметті Баян-Өлгейліктер!

     Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, күн мен түн теңелген көктемнің алғашқы күнінде Қазақ халқының талай ғасырдан жалғасын тапқан ұлттық мерекесі, Шығыс халықтарының жыл басы НАУРЫЗ мерекесіне байланысты Отанымыздың әр жерінде өмір сүріп жатқан, қоғамның сан саласында қызметтеп отырған Қазақ халқы сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

     Наурыз мерекесі- қыстан қысылмай, көңілді көктемге жеткеннің, кешіріммен, сыйластығын арттырған, ақсақалдарынан ақыл естіп, бата алған, өткенінен үлгі алып, болашағын айқындаған, ұлттық құндылықтарын дәріптеп, күмбірлетіп күй төгілткен, аламан айтысты қыздырып , ұлттың тамаша биі «Қара жорға» - ны мың бұрала билеген, ырыc пен берекені арқауы еткен мереке. Осындай дәрежеде тойлануы Моңғолиядағы қазақ халқы өз ана тілін, салт-санасын, дәстүрін қастерлеп, қаз-қалпында сақтағандығының айқын дәлелі.

    Ата-бабаның ізін жалғап, ақылын тыңдаған қай кезде де еңсесі биік, ынтымақшылда бірлікшіл, талапты да еңбекқор Қазақ халқы еліміздің тәуелсіздігіне, дамуына, өркеніне өз үлестерін қосып келген. Олардың ортасынан елімізге танымал тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, даңқты адамдар туып шыққаны туралы Наурыз мерекесінің бұл күндерінде мақтанышпен айта аламыз. Еліміз үшін Қазақ халқының берері мол, жасампаз істері көп екеніне сенімдімін.

      Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлатып жатқан қазақ ағайындарымызға Ақтан ақынның жырлаған Ақиық қыранындай қырағы, шанағынан күй төгілген домбыраның үніндей жігерлі болып, тарихы терең Тұлба көліндей жайылған ақ дастархандарыңыз молшылықта, шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толы болуын тілеймін.

    Моңғол елінің Премьер-Министрінің орынбасары Ухнаагийн Хүрэлсүх.

    http://kaznews.mn/news.php?nid=921

толығырақ


eb0912d42b34fba8593fb653de144119.jpg

 

      Құрметті оқырман қауым "Әсерлі әңгіме" бағдарламасының екінші санында журналист Нұрбота Білімқызы Моңғолия қазақ әйелдері "Арулар" одағының төрайымы Айнагүл Сарайқызымен әңгімелесті. 

       Естеріңізге салсақ, "Әсерлі әңгіме" бағдарламасы ТВ4 телеарнасы және KazNews порталы арқылы айында бір мәрте назарларыңызға ұсынылып келеді.

       http://kaznews.mn/news.php?nid=917

толығырақ

a7ababb457d8cde36cf71d27f93c421c.jpg

        

      Мінсе – көлік, жесе – ас, ішсе – сусын болған жылқы көшпелі халықтың бар керегіне жараған. Заман өте келе бұл төлге деген ерекше сүйіспеншілік пен қадірлеу әлі де сақталып келеді. Киелі жануардың еті, қазы-қарта, жал мен жаясы, қымызы дастархан төрінен орын алатыны белгілі.

 Отандық жылқы шаруашылығының бүгінгі халі қандай? Жылқы экспорты жүзеге асып отыр ма, мал басы қанша, саралап көрелік.

       Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Баян-Өлгий аймағында мал саны 2 млн 167 мың 413 жеткен. Оның ішінде жылқы саны 85793 ғана. Жалпы жылқы саны еліміз бойынша 3 млн-ның шамасында. Мамандардың айтуынша, жылқы малын тірідей емес, ет комбинаттарын іске қосып, өңделген етті экспортқа шығарған жөн.

       Бұл сөзді Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнер кәсіп вице министрі Сәуле Жәнімханқызы растап отыр. Оның айтуынша,  «Жылқы малын тірідей экспортқа шығаруға тиым салып отырмыз. Мал етін өңдеу арқылы экспортқа шығаратын өндірістерді қолдаймыз.» - деді.

         Сонымен қатар, Сәуле Жәнімханқызы, Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнер кәсіп министрлігі тарапынан "1 миллиард төгрөг"  Баян-Өлгий аймағының шағын және орта өнер кәсіпті дамытуға бөлінгенін айтты.

         http://kaznews.mn/news.php?nid=890

толығырақ

ad66a23db29ad275bc3b9022bb05d0d7.jpg

         Ф.Бержан әндерінен «Ел көшкенде» атты байқау өтеді. Аталмыш байқауға байланысты М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрының әншісі, жоба ұйымдастырушыларының бірі Ләйла Смағулқызынан Kaznews.mn ақпараттық порталының тілшісі өткізген қысқаша сұхбатын ұсынамыз.

         KAZNEWS: Байқау туралы оқырманға мәлімет берсеңіз?

         Ләйла Смағулқызы, жоба ұйымдастырушы:

      «Ел көшкенде» байқауына тіркеу жүріліп жатыр. 17 ақпанда аяқталады. Сайыс 18-19 ақпанда М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрында жүріледі. 20 жастан төмен емес адамдар қатыса алады. Бірақ, кәсіби әншілер қатыса алмайды. Байқаудың шарты тек ғана Бержанның әндері орындалады.

          Байқаудың мақсаты не?

       Ләйла Смағулқызы: Байқаудың мақсаты Бай-Өлкелік композитор Бержан Файзоллаұлының әндерін халыққа дәріптеу, керей әуендерін сақтап қалу болып табылады.

       Байқаудың жеңімпаздарына қандай сый тағайындалды?

         Ләйла Смағулқызы: Бас жүлде 500,000 төгрөг. 1 – орынға 300,000 төгрөг, 2 –орынға 200,000 төгрөг, 3 – орынға 100,000 төгрөг беріледі.

          Толығырақ мәліметтерді 95961771, 99419222 телефондарынан алуға болады.

     Бержан Файзоллаұлы 1954 жылы Өлгий қаласында туған. Музыкалық білім алған. Аймақтық қазақ музыкалы драма театрында ұлттық оркестрдің бас дирижері болып қызмет істеген.

Елге танымал көптеген әндер шығарған сазгер. Белгілі ақын Мұрат Пұшатайұлымен бірлескен шығармашылық ізденістері нәтижесінде он шақты ән дүниеге келген. 

 

 

 

толығырақ


 

        Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында туып-өсіп, саналы ғұмырында талай өнер туындысын өмірге әкелген композитор, марқұм Ержан Файзоллаұлының әндерінен «Ел көшкенде» атты байқау өтпекші, деп хабарлайды qazaqtimes.kz.

        Байқауды ұйымдастырушылардың бірі, М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрының әншісі Ләйла Смағұлқызының KAZNEWS тілшісіне берген мәліметіне сүйенсек, байқау 18-19 апқан күндері Баян-Өлгий қаласында өтеді. Оған 20 жастан жоғарғы әуесқой өнерпаздар қатысып, бақ сынайды. Байқаудың шарты бойынша олар тек Ержан әндерін ғана орындауы тиіс. «Байқаудың мақсаты Бай-Өлкелік композитор Бержан Файзоллаұлының әндерін халыққа дәріптеу, керей әуендерін сақтап қалу» дейді Ләйла. Айта кетерлігі, байқауға қомақты жүлде қоры тағайындалған.

      Бержан Файзоллаұлы 1954 жылы Өлгий қаласында туған. Музыкалық білім алған. Аймақтық қазақ музыкалы драма театрында ұлттық оркестрдің бас дирижері болып қызмет істеген.

       Ержан – елге танымал көптеген әндер шығарған сазгер. Белгілі ақын Мұрат Пұшатайұлымен бірлескен шығармашылық ізденістері нәтижесінде он шақты ән дүниеге келген. Оның «Ел көшкенде» әні елеулі тарихи оқиғамен – 1990 жылдардың басында Қазақстанға үдере көшкен Баян-Өлгий қазақтарының қоныс аударуына байланысты туған ән. Туынды халық арасына кең тараған.

 
         

толығырақ

b5866733cf5c40d4fb84a78359a13814.jpg

         Ақын Сұраған Рахметұлымен кездесіп, әдебиет төңірегінде әңгімелестік. Әдеби процесс туралы субъективті пікірін ортаға салды. Бұл сұхбатта негізгі екпін поэзия жанрына түсті.  
     – Тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетіне қандай шығармалар жаңалық әкелді? Жалпы адамзаттық көзқараспен өмірді тануға бағытталған еңбектер жазылды ма?

       Тәуелсіздік дегеніміз – ешқандай тышқан мұрнын қанатпай, қазақ әлеміне Құдай-Тағаланың берген сыйы. Жиырма бес жылдық тарихи түреннің ішінде көптеген шығармалар дүниеге келді. Шығармашылық топқа тәуелсіздік көп нәрсе берді. Әлемдік деңгейдегі таңғажайып шығармалар еншімізге тиді. Еркіндіктің ең басты игіліктерінің бірі – біз бұрынғы социалистік реализм деген құрсаудан шықтық. Яғни, біз басқаның шеңгелінен алыстап, өзімізді-өзіміз тануға келе жатырмыз. Өзіміздің шығармамызды өзіміз таңдайтын үлкен мүмкіндіктің алдында тұрмыз. Біздің әу бастағы мақсатымыз осымен орындалды.

       Ал, енді тәуелсіздік жылдарында қандай шығарма алға шықты деген сұрағыңыз, өте орынды. Тәуелсіздік болмай тұрғанда да бізде тәуелсіз жазушылар болған. Олардың барлығы осы тәуелсіз күнге жету үшін қалам тербеді. Олардың қаламынан төгілген жанайқайының барлығында қазақ еліне азаттық орнасын деген бұлқыныс сезіліп тұрды. Бұл ұран қазақ дәуірінен бергі, неше мәрте басымыздан өткен дүниені еске салатын. Сол үшін бұл тәуелсіздікке тағзым етеміз. Біз осы ширек ғасырда жазылған шығармаларды түгелімен тәппіштеп бере алмаймыз. Бірақ түрен, айқай салған шығармалардың көшбасында Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран», «Тазының өлімі», «Қыпшақ аруы», «Құмырсқа қырғыны» деген шығармалары болды. Бұл бір жазушыға аз жүк емес. Ұлы классиктің жанайқайы әлі де жалғасып жатыр. Әр тілде тәржімаланып әлемдік үлкен сахнаға шықты.

      Мен Мұхтар Мағауиннің бүгінгі тағдырын сонау француздың алыбы Виктор Гюгоның басынан кешкендерімен салыстыра қараймын. Тірі кезінде анық бағасын алған қазақ жазушысы өте аз болуы мүмкін. Сол Виктор Гюго өмірден өткен кезінде қоштасуға екі миллионнан астам адам жиналған көрінеді. Бұны жазушыға берілген баға деп түсінесіз бе, қоясыз ба, ол қадірлі оқырманның өз еншісіндегі іс. Жалпы тәуелсіз елдің әдебиетіне басқа бір елдің мәдени жорығы ықпал етпейтін болса тиімді. Менің азаттығым – менің әдебиетім. Менің әдебиетім – өз елім.

       – Жалғыз автормен шектеліп қаламыз ба?

      Жоқ. Тағы да таңғажайып қаламгерлер баршылық. Жас буын ретінде жасамыстардың соңынан келіп қосылған Таласбек Әсемқұлов әйгілі жазушы болатын. Ол басқа кеңістіктің иығы кеңге түскен жазушыларымен, зиялысы көп, азаттықтың дәмін білетін байырғы ұлы елдердің қаламгерлерімен деңгейлес ойлайтын еді. Қазақ қоғамында орнын тапқанымен, мойындалмай кетті.

    Сонымен қатар біздің арамызда жақсы ақындар жүр. Тыныштықбек Әбдікәкімұлы сонау Семейдегі ауылында жатыр. Ол да Астанаға келгісі келеді, әрине. Бірақ, мен Тыныштықбек қай жерде болса, поэзияның төрі сол жерде деп білемін. Мойындау керек, осы замандық әлемдік поэзияда өзінің орны бар алты ақын болса, соның біреуі қазақ ақындарының еншісіне бұйырары хақ.

     Армия болғаны жақсы-ақ, алайда қазақ ақындарының қосыны болған тіптен жақсы, бірақ біздегі мақсат ол емес. Бүгінгі әдебиетте өз (onyma) үні бар жазушы керек. Баққожа Мұқайдың үні өзінше болатын. Оның ізі қазақ прозасында бөлек сайрап жатыр. Өкінішке қарай, біз құмның үстіндегі алтынды көрмей, табанға басып өте шығамыз. Немесе оны әдейі байқамағандай боламыз. Қасында жүріп жақсылығын айта алмаймыз. Соны шығармаларды байқату үшін тиімді механизмдер керек. Біздің рухани мәдениетіміздің өрісі кең, көршілес көне түркі тілді туысқандардың көне тіліне, өткеніне, этногенезіне, жағырафиялық жағынан өте жақынбыз. Солардың бәрін қамту – тек қазаққа ғана тән артықшылық.

         – «Тиімді механизмдерді» қалыптастыру үшін не істеу керек?

      Ол үшін текті, элиталық деңгейдегі, екі көзі сол шығарманы сараптап, жіліктеп беретін оқырман қажет. Қуатты оқырманның күшімен насихат жұмысы жүргізіледі. Билік оянады. Оқырманның тегеурінді күшімен билік қаламгерлерді шетелге насихаттайды. Мұхтар Мағауин, Төлен Әбдік, Баққожа Мұқай, Рахымжан Отарбай сынды қаламгерлер мемлекеттің қолдауымен ғана әлемді мойындата алады.

      Соңғы кезде мистикалық сарында қалам тербеп жүрген Қойшыбек Мүбәрәк атты жас жазушыны оқыдым. Әрине, өте қызық. Жазушыларды тікелей қолдайтын Жапония мен Қытайдың әдебиеті қазір қарқынды дамып келеді. Жапония Ясунари Кавабатаны қалай биікке көтерді?!

    – Сіз айтып отырған Рахымжан Отарбаев бізге берген сұхбатында Мұхтар Мағауиннің шығармашылығы туралы субъективті пікірін айтып, әдеби ортаны дүрліктіріп еді...

      Бұл субъективті наз. Әлем жазушыларының арасында күнде болып жатқан құбылыс. Сыншының сыншыға, бәсекелестің бәсекелесіне айтатын жай бір пікірі. Жаңалық дей алмаймын, бірақ қоғамдық ой туғызған пікір. Оған құрметпен қарау керек. Дүние әлем соңғы кезде шамшыл, кінәмшіл болып бара жатыр. Неге тек қана біржақты мақтау болу керек? Бұл сұхбатта мақтаудың шегі түгесіліп, хаки көзқарас ашық айтылды. Басқа ештеңе де емес.

       Одан не көрінді? Қоғамда ой туды, біреу алқады, біреу қатты сөз айтты, көл толқыды, сең бұзылды. Енді жас жазушылар да бір-біріне деген пікірін ашық айта бастайтын болады. Біз демократиялы елде өмір сүреміз ғой. Бұндай салмақты сын-пікірлер айтылу керек. Кез-келген бұлақтың көзін ашқан кезде одан лай аралас су шығады. Одан кейін нағыз таза тұма атқақтайды. Соңында барып су тұнады. Бұл заңдылық. Екеуі де қазақтың бетке ұстар алыптары. Түсінікті дүниені түсініксіз етіп көрсетудің еш реті жоқ. Екі биікті жаныстыруға, шағыстыруға болмайды. Биік демекші, биіктік өлшемін беретін де, жоятын да саналы оқырман. Ал сын көтерген жазушы ол – өз уақытындағы өз ағаттығының куәгері ғана бола алады.

     – Соңғы кездері шетел әдебиетіне зерттеу жүргізіп, талдау еңбектерін жарыққа шығардыңыз. Әдебиеттің өзі ұлттар арасындағы мәңгілік марафон ғой. Қазір қай елдің әдебиеті алға шықты?

       Француздар тарихта әлем әдебиетінің алдын бермей тұр. Қиын қыстау кезеңдерде қуғынға түсіп, Парижден Америкаға кеткен келімсек жазушылар мен ақындар бар. Солардың түрені бөлекше шықты. Әлем әдебиетін жаңартып жіберді, толқынға айналдырды.

      Жалпы, әлемдік әдебиет соғыстан кейінгі жылдары толқу үстінде болды. Соғыстан бұрын қудалауға түскен қаншама ақындардың түрені өзгеше көтерілді. Соғыстан кейін қаншама ақындардың дауысы өшті.

       Ақында екі өмір жоқ. Оның өмірі биологиялық ғұмыры тоқтағаннан кейін басталады. Француз әдебиетінің көрнекті өкілдері әлі күнге дейін пәк, қуатты қалпыменен біздің санамызда өмір сүріп жатқан жоқ па? Қанша уақыт өтсе де әлем әдебиеті сол күйі думандатып, тоқырамай жарысып келе жатыр. Сағи Жиенбаевтың: «Мен жығылып қалмасын деп абайсыз, қайран далам келе жатты бірге ұшып» деген таңғажайып өлеңі бар. Сол сияқты үлкен сілкіністің алдында француз әдебиеті келе жатыр. Бірақ, бізге әсіре батыстық, әсіре еуроцентристік танымға бағынудың керегі жоқ. Біздің азиялық кеңістігіміз бар. Ол көшпелілердің аңызда көрсетілген психологиясынан, бұрынғы салт-санасындағы ең бір нәзік қалтарыстарынан, ішкі мұңынан сыр беретін дүние. Сол үшін қазақ әлемі осы үлкен ұлы түреннің алдыңғы қатарында. Болмысымызды аша түсуіміз тура. Рухани баю тағы да керек. Қытайдың әлеуметтік бағыты дұрысталғаннан кейін ғана бұл ел әдебиетке көңіл бөле бастады. Оның нәтижесін жақын арада көре бастауымыз мүмкін. Мүмкін басқа жағдайда да.

      Әлемдік әдебиеттің үздік үштігіне Жапония кіреді. Қандай ғажап! Бір ғана Мацуо Басьёнің өзі неге тұрады? Оның өлеңдерінде таза лирика, мадригальдар жатыр. Лирикалық өлшемдері пәлсапалық санамен астасады. Ол көне әлемнен шыққан жаңа әлем. Оны бүгін оқыңыз, ертең тағы... Бірақ, бір аптадан кейін тағы оқуыңызды сұраймын. Сонда дәмін сезінесіз. Алдыңғы реттен мүлдем басқаша бояуға кенелуіңіз де сөзсіз. Түр мен бояудың бірінің екіншісіне қалай сіңісетінін Басьё көрсете алды.

       – Бізде әлемдік деңгейдегі құндылықтар аз емес. Алайда, әлемді таңдандырған туындылар әлі де кемшін...

       Біздің ұлы Абай қандай деңгейде тұр? Әлем оны тани ма? Біздің басты сұрағымыз осындай болу керек. Абай бізді алға сүйрейді. Әлемдік үлкен кітапхананың ішінде Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан басқа қазақ шығармалары жоқ болуы мүмкін.

        Ақын-жазушыларымыздың шығармалары испан, ағылшын, француз тілдеріне аударылса, олардың айтайын деген ойы өзге елдің әдебиетшілеріне үлкен «жем» болады. Соның алғашқы мысалы ретінде Мұхтар Мағауин «Бес ғасыр жырлайдысын» орыс тіліне аударып, шығарды. Славяндықтар таң қалды.

       «Аз и Я» кітабы арқылы Олжас Сүлейменов жарылыс жасады. Олжасты кім бүгін қазақ дүниесіне жат деп таниды? Орыстар Олжасты менікі деп айта ма? Орысша сөйлесе де, жыласа да менікі деп айтпайды. Ол – қазақтікі. Оның трагедиясын бетіне баса берудің керегі жоқ.

       Қазақтың жаны қайда деп шырылдап жүрген Тұрсынжан Шапай мен Марат Қабанбай кезінде қалай жазды?! Осыларды француз, испан, ағылшын тілдеріне аударып жіберсең, керемет оқырманын табар еді. Тұрсынжан Шапайды түсіну үшін Зигмунд Фрейдті оқып шығуымыз керек пе деймін.

       Біз бүгін Мұхтар Мағауиннің шығармасын толық игергіміз келсе, Тойнби мен Шпенглердің шығармашылығымен етене танысуымыз керек. Әйтпесе Мағауиннің тереңіне бойлай алмаймыз.

       Шопенгауэр шығармашылығында аяни құбылыстар туралы жақсы қисындар бар. Француздар соны төбесіне көтереді. Ал бізде аян туралы қаншама дерек бар?! Аян туралы біздің жазушылар баяғыда айтып кеткен...

     – Қазақ ақындарының арасында сіздің үніңіз бөлек шықты. Осындай қатарға бірнеше ақынды жатқызуға болады. Қазақ өлеңіне жаңа бағыт әкелген ақындарға жанама түрде көптеген ақындар қаулап келеді. Қарапайым оқырманға аталған екі ұғымның ара-жігін кім ажыратып береді?  

      Қазақ әдебиетінің көшін бастайтын үлкен ақындар қалыптасып келе жатыр. Бірақ, бізде сол ортаның басын құрайтын «штаб» бар ма? Мәскеуде Горький атындағы әдеби институт бар. Социализм кезінде Кеңестік үкімет материалдық тұрғыда әдебиетке бәрін жасады, - дейді... Хош. Тәржіма, сын, сатира сияқты әдеби жаңалықтардың барлығын сол жанрдың таланттарына жазғызып отырды. Шедевр туғызудың соңында биліктің адамдары жүрді. Бүгін бізде осы бар ма? Қазақ елінде ең кемінде Мәскеудегі әдеби институт сияқты орталық құру керек. Сосын сол жерден аударманың, сынның, проза мен поэзияның қай деңгейде екенін сараптап шығару ісі кезекте тұрады. Қазақ әдебиетінің аз уақытта қандай белеске шығатынын содан кейін көруге болады. «Болашақ» бағдарламасының бір тетігін осыған жұмсау керек. Сол кезде еліктеп, солықтап жүрген адамдар ығысады. Оқырманды еш уақытта ақымақ санауға болмайды. Біздің кейбір ақындарды жұрт «түсінбейміз», - деп әдейі көзқарас танытады. Бұл қаламгердің кінәсі емес, оқырманның жарымбақтығын көрсетеді. Өнер анық әрі түсінікті болған кезде өзінің құнын түсіреді. Өлеңнің күңгірттігінде, ішкі өңінде, ішкі қозғалысында жұмбақтар жасырынып тұрылуы тиіс. Параллельді ойлар жүру керек. Ақын болу – өзіңді тану, ашу, таңдау. Барлық оқырманға түгел түсінікті жазу мақсат емес. Қысқасы – ақынға еркін ойлау қажет. Оларды бір үлгіге қарай мәжбүрлеуге болмайды.  

        – Қазір біржақты баяндайтын ақындар көп қой?

     Иә, ол жөнінде сізбенен келісемін. Жалпы, өлеңнің техникасы мен технологиясы қандай болу керек, әлемдік деңгейдегі шарты қандай деген сұрақтарға жауап табу үшін ғылыми негізде сараптамалар керек-ақ. Ондай сараптама жасайтындар аталмыш біз тілге тиек еткен институттан ұшып шығу қажет.

       Бізде Мәскеудің алақанында жүргенде сын-сараптама бағытымен оқып, бітірген кім бар? Айгүл Кемелбаевадан басқа ешкім есіме түспей отыр. Айгүл қатарлылар енді өзінің қисынды ойларын жүйелеп, оқығанын әдебиетке беру үшін сол баяғымен жүруге болмайды. Мұнда өз алдына үлкен институт құрылып, қаржылық мәселе шешімін табу керек. Біз біреудің 50, 60, 70 жылдығы мен 80 жылдығын құттықтауды сын жанрымен шатастырып алдық. Екеуі екі бөлек ұғым. Әртүрлі ойлар айтуға болады, бірақ ой дегеніміз сандырақтан емес, нақты дәлел-деректен туу керек. Өз ойың – өз бедерің, қаржың!

       – Ақын өзі табиғатынан ерекше жаратылыс. Осы ретте өлеңде дараланбай қалған бір үлгі, бір ізділік жөнінде не айтасыз?

    Біздің қазіргі ісіміз әдеби ортада түрен көтерген авторлардың үздік шығармаларынан үлгі алумен айналысу. Үлгі алу деген – түгелімен өзіңе қотарып ал деген сөз емес. Мысалы, Омарғазы Айтанның, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы мен Мұқағали Мақатаев қолының іздері басқа бір жас ақыннан табылып жатса оған құрметпен, һәм сын көзбен қарау да керек шығар.

      Жұмекен Нәжімеденов өлеңдерінің ішінде керемет жарылыстар бар. Мысалы, «Атақ деген немене ақжорға ма деп қалам, Әр тақымға бір шауып, бір қазыққа тоқтаған. Байлық деген немене сараңдық па деп қалам, Жайған қолға тоқтамай, жұмған қолға тоқтаған. Бақыт деген немене сұлу қыз ба деп қалам, Әр жігітпен бір билеп, бір жігітке тоқтаған» - деген өлеңі бар. Енді осыдан артық қалай айтуға болады?

      Модернизмнің басты өкілі деп ешкім айтпайтын Тұманбай Молдағалиев қандай ғажап ақын. «Куә бол» деген әнді білесің ғой. Сөзі қандай! «Көзімді жұмсам да көрем сені» - дейді. Соған әуенді қос, екі үйлесімді үнсіз отырып тыңда! Бұдан асқан қандай постмодернизм, ағым керек? Қарапайым қазақтың сөзін ойнатуды сол Тұмағаңнан түсінсек?! Жалпы поэзияның құдіреті адамдардың сана-сезіміне күшпен ену және де күшпен енгізу. Адамның ойлау қабілетіне күш қолданатын жалғыз дүние – поэзия. Әрбір елдің ойлы азаматы өз ақындарының өлеңдерін жатқа білмесе де, шамалап білуі тиіс. Соны орта мектептерден бастап талап ету керек. Ол үшін орта мектептегі қазақ әдебиет пәні ұстаздарының басын әлсін-әлсін «зарядтап» отыру – заман талабы.

          – Поэзияны элиталық, тобырлық деп бөлуге бола ма?

      Поэзияны бөлуге болмайды. Оқырманды бөлу керек. Текті көзқарасы бар, сараптама жасай алатын топ және оны түсінсе де онша қажетсінбейтін топ, үшіншісі – поэзияны мүлдем түсінбейтін топ деп қарастыруға болады.

      Поэзия – көркем әдебиеттің көнеден бері қалыптасқан үлкен бір саласы. Айталық, өлең, жыр түрінде шығарылған әдеби шығармалар үлгісі қаншама?! Көне бабаларымыздың бәрі өлеңмен, өлең тілінде сөйлеген. Көркем ойлаудың шегі – поэзия.

        – Әннің мәтінін поэзияға жатқызуға келе ме?

      Еш уақытта келмейді дей алмаймын. Кейбір жақсы ақындар бар, бірақ нан табу үшін эстрадалық, рок бағытында даңғыр-дүңгір ән жазып жүр. Әннің сөзі – әуеннің жаны болуы жөн.

       – Сіз әлемнің атақты ақындарына тәржіма жасадыңыз. Поэзиядаға тәржіма жөнінде түрлі көзқарастар бар. Бұл туралы сіздің ойыңыз да бөлекше болуы мүмкін?

      Тәржіма жөнінде айтар болсақ... (ойланды). Өлеңді тәржімалаудың сан-мың тәсілі бар. Мысалы, Тан дәуіріндегі әдебиеттің алты тілде аударылған нұсқалары көп. Соның барлығын оқып, салыстыру – басқа мәселе. Өлеңді аудару өте күрделі. Кейбір өлеңдерді сөзбе сөз аудару керек шығар, кейбірінің мағынасын терең түсіну жағына кемшінбіз. Ақынның не айтқысы келгенін жан-жақты зерттеу қажет. Ешқандай аударманың ығына жығылмайтын өлеңдер болады. Соны қайтадан түпнұсқадағы тіліне аударып көрсе мүлде өлең болмай шығуы мүмкін.

      Поэзияда «аударма таңдау» деген үрдіс қалыптасып келеді. Мысалы, мен Борхестің өлеңдерін аударып көрдім. Атақты «Ауытқу» деген өлеңі қағаз бетіне төгілген қара сөз сияқты түсті. Ақ өлең кейпіне еніп кетті. Қалайда өлең болғызудың тетігін табуға ұмтыласың. Батыстың ақындары бүгін өлең жазса, орыстар өздеріне ертеңіне аударып беріп отырады. Жетістік қой. Бірақ, жақсы аударылды ма, жаман болды ма оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Жалпы көркем шығарма түпнұсқадан аударылуы қажет.

        Драма мен киноның арасында шатақ бар

       – Әңгіме жалпы әдебиеттің жанрлары тұрғысынан талқыланып жатыр ғой. Осы ретте қазіргі қазақ драмасының хал-ахуалына диагноз қойып кетсеңіз?

      Мен соңғы жылдары драма саласын байқап жүрмін. Бұл салада не түрлі көзқарастар бар. Жетістіктері мен кемшіліктері де жетерлік. Біз бұл салада әлі күнге дейін мүмкіндіктеріміздің барлығын пайдаланған жоқпыз және де жақсы туындыларға орын бермедік. Оны елемедік. Мысалы, өткен жылы ғана Оралда Мұхтар Әуезов театрының қойған «Бейбарыс сұлтан» драмасын сол ұжымның режиссерлері мен актерлері әлемдік деңгейге бір-ақ шығарды. Оны көрген көремендердің екі көзі төбесінен шықты. «Бейбарыс сұлтан» оншақты жылдан бері қойылып келе жатыр.

       Виктор Гюгоның «Аластатылғандары» мюзикл ретінде Лондон мен Нью-Йоркте 20 жылдан астам үздіксіз қойылған ғой. Осындай деңгейдегі 10 драманы аударып әлемге ұсынсақ қандай болар еді?.. Біз жаттанды, таптаурын, жуас күйімізден шыға алмай келе жатырмыз. Ал, енді драма мен киноның ортасында шатақ бар. Сахнаның әртістері киноға қарай жамырап кетті. Кинодағы сөз саптау мен сахнадағы кейіпкердің арасы жер мен көктей ғой. Бейнелеп айтсақ, түземдегі ақ кемпір мен қара шал сахна тілінде сөйлемейді. Олардың арасындағы бала да басқаша сөйлейді. Кино мен сахна өнерін қосып жіберуге болмайды. Актерлар көзіне көрінген кинода ойнайтын болды. Көзіне көрінген образды сомдайтын болды. Қуандық Қыстықбаевтан басқа кинода өз образымен көрермендерді тәнті етіп жүрген кім бар? Басқалары сахнадан келген. Бұлай болмайды.

       – «Ақын болатын адам прозадан бұрын, өлең оқыса жетеді» деген пікіріді жиі еситін болдым. Ақын ретінде, ізденудегі тәжірибеңізді айтып кетесіз бе?

      Жалпы ақында талант, білім, түйсік, сезім, мұң, шер – бәрі болу керек. Соның ішінде талап қойылатын қатаң дүние – ақынның жан-жақты білімді болуы. Ақын күллі әдебиетті шамалауы дұрыс емес пе? Барлығын білуге мүдделі. Тек қана өзінің төрт жол өлеңіне тамсанып, ертеңінде әлеуметтік желіде тағы бір жақсы досының өлеңіне сүйсініп жүретін болса, ол ақын алға қарай жүрмейді, ол ұшқыр ақын, біраздан кейін болдырады. Ақын білімсіз, түртіншек болса ұлы поэзия иісініп кетпей ме?!

      – Сонда талантының арқасында жазылған алғашқы өлеңдеріне малданып, халық алдында ақынмын деп жүре береді ғой?

        Иә, тек қана талантының арқасында біраз уақыт жүреді. Оның заряды біткен күні бәрі бекер болып қалады. Прозаны оқу деген сөз – ол бізді үлкен әдеби ортаға, зерттеулерге апарады.

         – Бізде әдеби ортаны ұйымдастыратын, зерттейтін бүтін Одақ отыр емес пе?

      Жазушылар одағы отыр ғой, олар бар ғой. Гамлеттің «боламыз ба, әлде болмаймыз ба?» деген сауалын білесің бе? Жазушылар одағы қазір сондай күйде отыр.

       – Сұраған аға, жарты ғасырдан астам уақыт Моңғолия мемлекетінде өмір сүріп, қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қостыңыз. Қазақстанға қоныс аудару жоспарыңызда бар ма?

        Ешқандай жоспар жоқ. Елге тура тарту – ойда. Бұдан басқа жолды көріп тұрған жоқпын. Маған басқа ашық тұрған есік жоқ. Әрине, туған жердің топырағы ыстық, қимайсың. Бірақ одан да үлкен қимайтын құндылықтар бар. Қазақтың әдеби қара шаңырағы қайнап жатқан Астананың маңына келу арман!

       – Шығармашылық орта салыстыруды жақсы көреді. Осы орайда Моңғолияның әдебиеті жайында, бүгінгі бет-бейнесі жайында аз-кем білгіміз келеді?

        Әрине, ол өте күшті әдебиет. Прозасы, поэзиясы, әжептәуір драмасы бар. Бірақ олардың көбі ұлттық деңгейдегі дәстүрлік бағытты ұстанады. Ал енді әсіребатыстық бағыттағылары да бар. Бір бөлігі шығыстық, тибеттік, үндіқытайлық бағыттағы әдебиетті тұтынады. Әрқайсысының өзіндік айтайын дегені бар. Олар өз арасында қарқынды бәсекелеседі. Сын мәдениеті жақсы дамыған. Өйткені қалайда болсын, олардың 100 жылға жуық тәуелсіздігі бар. Бізге қарағанда, қаншама жыл бұрыннан бері өзінің ана тілінде сөйледі, өз дегенін айтты. Моңғолияда жариялы ашық әдебиеті, төл басылымдары қалыптасқан. Соны оқып, соған қуанады. Олар да қазақтар өткен үлкен қиыншылықтарды бастарынан өткерді.

       –  Ақын ретінде өзіңіздің бағаңыз берілді деп ойлайсыз ба?

       Баға ақынға тірі уақытында соншама беріле қоймайды. Сараң кәделік! Оның өзінің қатаң табиғаты бар. Бұл қоғам ақынға тірісінде баға бермей-ақ қойсын, бірақ ренжітпей жүрсе болғаны. Мысын құртпай, сағын сындырмай жүрсе, баға бергеннен артығы сол деп ойлаймын. Қазір ақындардың мысын құртып, сағын сындырумен айналысатын топ бар. Олар ақындардың үнін өшіруге өмір бойы әрекет жасайды. Хакилықтан қаңқу сөзді жақсы көретін, ұнататын оқырман пайда болса қауіпті!

        –  Өлең жазғанда аударманың ығына жығылып кетпейсіз бе?

      Жоқ. Мен көп жағдайда кітап оқып жүрген кезімде немесе аударма жасаған кезде өлең жазған емеспін. Қалай ауытқып кеткеніңді өзің де байқамай қалуың мүмкін.

         –  Ақын елге ақыл айта ала ма?

      Күллі адамзатқа ақыл айтып, мораль оқитын ақынның өлеңі уақыт өте келе кәдеге жарамай қалады. Адамдарды қор санап, өзін көсемдікке шығарған ақын ақын болмайды. Оның қасіреті де сол. Ақынға ең қауіпті әрекет – өзіне-өзі тамсану.

       –  Қандай адамдарды еркіңізден тыс жек көресіз?

      Екіжүзді, мысықтілеулі пенделер аса қауіпті. Олар фәни дүниедегі барлық харамдықты игерген ең қатерлі вирустар.

       -  Әдеби әңгімеңізге көп рахмет!

       Сұхбаттасқан Бағлан Оразалы

    adebiportal.kz/kz/news/view/2736

толығырақ

faf6f02ed2c83c19dba511cea4e97392.jpg

     KazNews Ақпараттық агенттігі Баян-Өлгий аймағының Статистика бөліміне сілтеме жасай отырып, аймағымыздағы демографиялық ахуалдарға қатысты деректерді жариялады.

     Баян-Өлгий аймағының халық саны 2015 жылы 2770 адамға өсіп, 95 мың 401 адамға жеткен болса, 2016 жылы 2831 адамға өсіп, 97 мың 816 адам болып отыр.

      Статистикалық деректерге сүйексек, өткен жылы жаңадан пайда болған жұмыс орыны 1113 болғанымен, жұмыссыздық деңгейі 16,9%-да тұр. Аймақтағы инфлияция деңгейі 1,8 пайызды құрап отыр.

       http://kaznews.mn/news.php?nid=866

толығырақ

3c2a08ba5d6b29ed602d860dc8b57854.jpg

      

    2017 жылғы 8 ақпанда Улаанбаатар қаласында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстанда жарияланған ауқымды саяси және экономикалық реформалар мәселелері бойынша брифинг өтті.

     Шара барысында Елші Қалыбек Қобландин Қазақстан Президентінің 2017 жылдың 25 қаңтардағы билік тармақтардың арасындағы өкілеттілігін қайта бөлу бойынша Үндеуінің және 2017 жылдың 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты халыққа жолдаудың негізі қағидаларымен журналистерді таныстырды.

     Қазақстандық дипломат аталған реформа Қазақстанды қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы шара болып табылатындығын атап өтті. Атап айтқанда, мемлекет басшысының құзырына мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынаста жоғарғы төреші рөлі және стратегиялық функциялар кіретін болады.

      Президент сондай-ақ сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс мәселелеріне назар аударады. Сонымен қатар шараға қатысушыларға биыл 1 қаңтардан бастап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі қызметін бастағаны, Сирия мәселесін шешу жөнінде Астанада келіссөздер ұйымдастырылғаны туралы мәлімет берілді.

толығырақ

811e00476b92d1a25cec9aeaf5975015.jpg

     

     Улаанбаатар қаласында 7-12 ақпанда бокстан жастар арасындағы ел біріншілігі болып өтті. Аталмыш жарысқа 247 спортшы қатысты.

    60 келі салмақта А.Қабдылмажид барлық қарсыластарын ұтып, жастар арасында ел чемпионы атанды. Сонымен қатар жарыстың «Үздік спортшысы» деп танылды.

       Естеріңізге салсақ, өткен жылы жасөспірімдер бір алтын, бір күміс және үш қола жүлде ұтып алған болатын.

        http://kaznews.mn/news.php?nid=877 

толығырақ

879e551b25661f0974c48c329b5e6682.jpg

        Белгілі қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бәкей Ағыпарұлы Моңғолия ғылым Академиясының академигі болып сайланды. Бұл туралы МҒА-ның вебсайтында хабарлады.

       Бәкей Ағыпарұлы бұл жоғары ғылыми атаққа мал шаруашылығының тиімділігін арттыру, экономикалық және менежменттік бағытта 30 жыл ғылыми зерттеулер жасап, Моңғолияның ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының стратегиялық бағыты, малшы отбасының экономикалық шешім қабылдау процессі, жайылым жерлерді ұтымды пайдаланудағы менежменттік үлгісін жасау мәселері бойынша еңбектері үшін ие болды.       Бәкей Ағыпарұлы – Моңғолия Парламентіне Баян-Өлгий аймағынан екі рет сайланып, Моңғолия Парламентінің Табиғат, қоршаған орта, ауыл шаруашылығы жөніндегі және Мемлекеттік құрылымдары жөніндегі тұрақты комитеттерін басқарған. Ауыл шаруашылығы университетінің проректоры қызметтерін атқарған.

        Қазір Моңғолия Ауыл шаруашылығы Академиясының вице президенті.

     http://kaznews.mn/news.php?nid=851

 

толығырақ

16174666_1225192357600147_3899068462136749066_n
        Моңғолиядағы қазақтар арасыда Баян-Өлгей қаласында аймақтық ақындар айтысы өтті.  Аталмыш сөз сайысын аймақтық Азаматтар Өкілдері Құрылтайы, Аймақ Әкімінің Іс- Басқармасы және МБЖО-ның Баян-Өлгей аймағындағы бөлімшесі, ТВ4 телеарнасы ұйымдастырған.
      Рухани жақтан шөлдеген халық қасиетті өнердің қадірін ұғынып, бір серпіліп қалғандай болды. Айтыс басталмас бұрын аймақтық Музыкалы драма театр көрерменге лық толуы халықтың өнерге деген қызығушылығы қандай дәрежеде екендігін айқын көрсетті.

16105602_1225192204266829_8303395735031970392_n

     Айтыс басталған кезден театрға сыймаған халық, отырған көрерменнің екі жағына тізіліп, кейбірі есіктің алды-артында ақындардың жыр додасын тамашалауға асықты. Айтыс 5 сағатқа жалғасса да зал толы көрермен айтыстың соңғы мәресіне дейін орнынан тұрмай тамашалауы айтыстың қаншалықты қызықты болғанының куәсі деп ұғындық.

16114317_1225193290933387_4056633298120226634_n

      Айтысқа барлығы 19 ақын қатысып өз ойларын ортаға салып, халықтың ықласына бөленді.

16105776_1225194207599962_6938844504798283334_n

       Сонымен айтыстың 1-орыны белгілі ақын Серік Қунғанұлына бұйырса, 2-орын Айдос Рәшатұлы, 3-орын Сәтжан Класханұлы, 4-орын Қадылбек Сүйенішұлы, 5-орын Аманжол Қуантханұлы және Серуен Әзімұлы қатарлы ақындарға бұйырды. Ақындардың сыйлығын аймақтық АӨҚ-ның төрағасы Бауыржан Дәлелұлы, аймақ әкімі Ғылымхан Әйіпұлы және ұйымдастырушы азаматтар табыс етті.

16195163_1225192934266756_6360217375502717555_n

        Бұл жолғы айтыс ел есінде қалған ерекше бір айтыс болды. Ақындарымызға шығармашылық табыс тілейміз. Халқымыздың төл өнері — АЙТЫС ӨНЕРІ өркендей бергей!

Өмірбек БИҚҰМАРҰЛЫ, Тарих ғылымының докторы

        WWW.AITYSKER.ORG   

толығырақ

c2625f0a3428c140d1d3c9e2421a5901.jpg

      

     Бокстан Еркін Жамантайұлы жаттықтыратын «Хилчин» спорт клубы 2017 жылғы ел біріншілігінде  көрсеткен нәтижесі бойынша үздік атанды.

      «Хилчин» спорт клубы 2017 ел біріншілігінде 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған. 

     http://kaznews.mn/news.php?nid=847

толығырақ

 

        Қазақтан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аталып өткен 2016 жыл тарих қойнауына сіңіп бара жатқан шақта Моңғолияда тұратын азғана қазақтың арасынан шыққан танымал заңгер, Моңғолия журналистер одағының мүшесі, Моңғолиядағы қазақ әйелдеріне арналған "Арулар одағының" Төрайымы, "Арулар жұлдыз" журналының Бас редакторы Айнагүл Сарайқызымен сұқбаттасудың сәті түскен еді. Жыл соңындағы жағымды әңгіме барысында Айнагүл апайымыз Тәуелсіздік мерейтойымен тұспа-тұс келген Арулар одағының 10 жылдығын да тілге тиек етті.

        - Өзіңіз басқарып отырған Арулар одағының жалпы мақсат-міндеттеріне тоқталсаңыз?

          - Атажұртта сырт елдерде тұрып жатқан қазақтардың бір бөлігі Моңғолияда. Олар Моңғолия қазақтарының орталығы атанған Баян-Өлгий аймағынан басқа, ел астанасы Ұлан-Батыр қаласы мен Ховда, Төв, Хэнтий, Дархан уул, Орхон, Сэлэнгэ сияқты орталық аймақтарда да қоныс тепкен. Біз ішкері аймақтардағы қандастарымызбен көбірек жұмыс жасауға тырысамыз. Онда одақтың алдына қойған мақсат-міндеттеріне сай іс-шараларды қала тұрғындары, студент жастар ішінде ғылыми конференция, кездесу түрінде өткіземіз. Мәдени іс-шараларды, әдетте, басқа ұйымдармен және ондағы кәсіпкер ағайындармен бірігіп тек қазақ тілінде жүргіземіз. Бұл осындағы аз ғана ағайын сол елдің тіліне, дініне кіріп кетпесін, өзіміздің қазақтығымызды, салт-дәстүрімізді сақтасын деген оймен жасалады. Сондай-ақ, салт-дәстүрді, қолөнерді насихаттау үшін, әсіресе, шебер әйелдердің кездесуі мен солардың көрмелерін ұйымдастырамыз. Бұдан бөлек жыл сайын ұлағатты ұрпақ өсіріп, тәрбиелеп, отбасының ұйытқысы болып, ел мәртебесін көтеруге сүбелі үлес қосқан аналарды «Ару ана» атағымен марапаттаймыз. Оған ие болғандарды «Ару жұлдыздар» журналы мен Моңғолия ұлттық телеарнасындағы «ТВ-Толқын» бағдарламасы арқылы бүкіл жұртшылыққа таныстыруды дәстүрге айналдырдық.

         - Арулар одағы немен айналысады?

        - Бұл одақтың жұмысына үш ұрпақтың өкілдерін түгелдей қатыстыруды көздейміз. Мысалы әжесін, шешесін және қызын үшеуін де осы одақтың жұмысына, одақта атқарылатын іс-шараларға араластыруға тырысамыз. Әсіресе жастарды, қыздардың тәрбиесіне көп көңіл бөлеміз. Және Моңғолиядағы қыздардың, әйел-аналардың ғана емес, осы елде тұратын азғана қазақтың қал-жағдайы қалай, олар немен айналысады, қалай күн көріп жатыр, қандай жетістіктерге жетті, болашақта нені есте сақтауымыз керек, қай салада несі жетіспей жатыр деген секілді мәселелерге үнемі араласып отырады. Осы мәселерге қатысты әлеуметтік талдаулар, зерттеулер жасап Моңғолияның өзге де қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп арнайы сараптамалық жиындар өткізіп отырады. Және біз студенттерге степендия тағайындаймыз. Жағдайы төмен, күн-көрісі нашар отбасыдан шыққан немесе көп балалы отбасында тәрбиеленген, жетім балаларға сабағын үздік оқыған жағдайда одақ атынан арнайы степендия беріледі.

    - Арудар одағы сонда Моңғолияның барлық өңірінде республикалық деңгейде жұмыс істейді ғой?

      - Иә, Ұлан-Батырда жекелеген мекемелермен, арнайы қорлармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істесе, Қобда, Баян-Өлгей секілді аймақтардың әрбір сұмындарында (ауыл – ред.) Арулар одағының бөлімшелері бар. Әрине, бұл жерде Моңғолияның қай аймағында қазақ ұлты өмір сүріп жатқан болса, сол өңірде одақтың арнайы өкілдігі жұмыс істейтінін айтқан дұрыс. Ал елдегі 21 аймақтың барлығында бірдей қазақ азаматтар тұрмайды. Жұмыс жасап келе жатқанымызға биыл 10 жыл толыды, бүгінгі таңда Моңғолияда Арулар одағын, «Ару жұлдыздар» журналын білмейтін қазақ жоқ деуге болады.

       - Жаңа айтып отырсыз, Арулар одағының құрылғанына 10 жылдың жүзі болды деп, осы 10 жылда атқарған шаруалырыңызға қысқаша тоқталып кетсеңіз?

       - Шынын айтсам, осы он жылдың көлемінде біз бүтін бір институтың атқаратын жұмысын жасаған екенбіз.

        «Арулар» одағы 2006 жылы 11 мамырда құрылды. Одақтың атын Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Сұлтан Тәукейұлы ұсынды. Үкі мен ою әшекейленген ұйымның таңба белгісін «Адмон» компаниясының дизайнері Табиғат Абдоллаұлы жасады.

         Бұл қоғамдық ұйым Моңғолиядағы азғана қазақтың, соның ішінде Ұлан-Батыр қаласы мен орталық аймақтағы қандастарымыздың тілін, дінін, салт-дәстүрін насихаттау, келешек ұрпаққа жеткізу және түрлі салада еңбек ететін қазақтың қыздары мен әйелдерін Моңғолия көлемінде және өзге де шетелдерде таныту әрі олардың тілек-армандарын тиісті органдарға жеткізу, басқа да бейресми ұйымдармен бірігіп жұмыстануды өзіне мақсат етіп қойды. Біз Моңғолия көлеміндегі осы бағыттағы басқа да бейресми ұйымдармен бірігіп жұмыс жасаймыз. Бұл елдегі 50-ге жуық бейресми әйелдер ұйымдары арасында қол жеткізген жетістіктері, қоғамдағы абыройы мен беделі жағынан «Арулар» одағы көшбасшылар қатарынан көрініп жүр.

       Сонымен қатар одақ жанынан «Ару жұлдыздар» журналын үзбей шығарып келе жатқанымызға да 10 жыл болды. Бүгінге дейін журналдың 50-ден астам номері жарық көрді. Моңғолияда дүниеге келіп, әлемнің түкпір-түкпірінде беделді қызметтер атқарған 100-ден астам әйел-аналарды, қыз-келіншектер кірген «Қазақтың маңдай алды әйелдері» жинағы осы одақтың бастамасымен шықты. Моңғолияның көптеген заңдарын қазақ тіліне аудардық, соның ішінде гендерлік заң, Моңғолиядағы қазақ ұлтының құқығына байланысты заңдар қазақ тіліне аударылды. Және осы ұлттық құқыққа байланысты көлемді зерттеу жасалып, ауылдағы мал баққан ағайындарға түсінікті тілде шағын жинақ болып жарық көрді.

        - Одақ Қазақстаннан басқа шет елдермен байланысып тұра ма?

        - Қазақстандағы «Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы» арқылы әлемнің 40-тан астам елімен ресми байланыс орнаттық. Талғат Мамашев, Ботагөз Уатқан қатарлы осы қауымдастықта қызмет атқаратын әріптестеріміздің, аға-апайларымыздың арқасында дүниежүзіндегі қазақ қандастарымыздың арасында да біздің «Арулар» одағы танымалдылыққа ие болып келеді. Соның нәтижесінде біз қазір қай елде қазаққа, ұлтқа қатысты іс-шара өтеді, содан хабардар болып, соған қатысуға мүмкіндік алдық.

      - Бар қазаққа ортақ қуаныш, бар қазаққа ортақ мереке, Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Әрине, атажұрттан жырақта болсаңыздар да осы қарашаңырақтың әр қуанышына, әр жетітігіне мақтанып, марқайып отыратындарыңызды, әр кемшілігіне, әр олқылығына опынып отыратындарыңызды білеміз. Ал осы аталы мерекеде «Арулар одағы» ұлық мерекеге қандай тарту жасады?

       - Иә, Қазақстанның Тәуелсіздігі әлемнің түкпір-түкпіріндегі иісі қазаққа мақтаныш екені анық. Біз де өз қал қадерімізше алыста жүрсек те Атажұрттың қуанышына үн қосып жатырмыз деп айтуымызға болады. Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Қазбек Қобландиннің бастамасымен жақында ғана «Моңғолия қазақтары» деген энциклопедиялық жинақ жарыққа шықты. Сол кітапқа «Арулар одағы» атынан редакция мүшесі ретінде қатыстым. Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстан мен Моңғолияға еңбегі сіңген азаматтардың өмірбаяны мен қызметтік жолы, еткен еңбегі жазылған жинақ болды. ("Арулар" одағының атқарушы директоры Зәуреш Хайсақызы суретте)

      Мұнан бөлек Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры, Конрад Аденауер атындағы қордың бастамасымен Алматыда өткен "Азаматтық және этникалық топтар" Халықаралық конференциясына Моңғол еліндегі Конрад Аденауер қорының демеушілігімен Қазақ әйелдерінің Арулар одағының атқарушы директоры Зәуреш Хайсақызы қатысты. Осы жиында әріптесіміз "Моңғолия қазақтарының этникалық жағдайы" тақырыбында баяндама жасады.

         Сонымен қатар, Қазақ елінің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жүргізілген іс-шараның бірі – Астанада өткен "Әйелдердің бизнесін қолдау саласындағы Қазаxстан және Германия елінің тәжірибесі" атты xалықаралық жиынға қатысып, Моңғол еліндегі әйелдердің бизнес саласындағы еңбегі, «Арулар одағы» жайында баяндама жасадым. Осы жиын барысында «Арулар одағы» Қазақстанның "Азия" кәсіпкер әйелдер одағымен бірлесіп, xалықаралық деңгейде әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

         Ал Моңғолиядағы Қазақ әйелдерінің «Арулар одағының» атқарушы директоры Зәуре Хайсақызы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі: бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумына қатысты.

      Сондай-ақ өз тарапымыздан, Қазақстан Тәуелсіздік алған 25 жылда Моңғолияда тұратын қазақтар Қазақстанмен байланыс арқылы қандай жетістіктерге жетті, Қазақстан Тәуелсіздігі бір ғана Моңғолия емес, әлемге тарыдай шашырап кеткен қазақ қандастарымыздың өміріне қалай әсер етті деген тұрғысынан шағын ғана деректі фильм жасаудамыз. Және «Арулар одағы» жанынан шығатын «Ару жұлдыздар» журналының бір санын осы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнадық.

        Қазақ елінің тәуелсіздігі биылғы жылмен ғана бітпейтіні белгілі. Ата-бабаларымыздың армандаған азаттығын даталы мерекесінде ғана атап өтіп, басқа уақытта ұмытып кету деген болмауы керек. Алдағы қаңтар айында «Арулар одағының» жанынан шығатын «Ару жұлдыздар» журналының жарық көргеніне 10 жыл толуына байланысты арнайы жиын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы жиын барысында да біз Қазақ елінің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арнайы тоқталатын боламыз.

         - Атажұртқа оралмайсыздар ма?

       - Иісі қазақтың мәдени орталығына айналған, Қазақ елінің жүрегі болған Астана - арман қала. Алыс-жақындағы бойында қазақы қаны бар пенде бұл қалаға тым болмаса бір рет келіп, өз көзімен көруді армандайды. Бұны осы деңгейге жеткізген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 25 жылдың ішінде Қазақстанды ғана әлемге танытып қойған жоқ, ол қазақ деген ұлтты дүниежүзіне танытты. Атажұрттан жырақта жүрсек те Қазақ елі Тәуелсіздігін алғанда қатты қуандық. Қазақ деген ел, қазақ деген ұлттың жеке мемлекеті, тәуелсіз елі болса екен деген ата-бабамыздың арманын Нұрсұлтан Назарбаев орындап берді.

        Ал ата жұртқа дәл қазіргі күнде өзіміз келе алмасақ та ұрпағымыз ат басын бұратын болады. Осы елдің, қабырғасын қазақ ұлты қалаған елдің бір кірпіші болып қаланатыны анық. Шетте жүрген әр қазақтың ұрпағы Атажұртқа табаны тисе көшедегі жәй ғана көптің бірі емес, осы елдің өркендеуіне, осы елдің дамуына елеулі үлес қосатын азамат болуы керек. Себебі олардың ата-бабасы осы елде тұруды, осы елде өмір сүруді, Қазақтың дербес ел болуын армандап өткен. Ал ата арманын жүзеге асыру ұрпақтың парызы. Сондай арманды Нұрсұлтан Әбішұлы күллі қазаққа орындап берді. Енді осыған өз үлесін қоса алмаса ұрпаққа сын болары сөзсіз.

       Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі қазақ ол қай елде, қай жерде болса да білімді, рухани бай, намысты, қазақы болмысқа бай ұрпақ тәрбиелеу керек. Сонда ғана әлем қазақпен санасады. Өзінен біліміміз артылса ғана өзгелер бізді мойындайтын болады.

        - Әңгімеңізге рахмет! Жаңа жыл құтты болсын!

       - Рахмет! Қазақстанның тәуелсіздігі баянды болып, күллі қазаққа абырой бола берсін! Жаңа жылдарыңызбен!

толығырақ

       

     "Ұлы Дала елінің 25 жылдық Тәуелсіздік ұлы мейрамымен шеттегі ағайын - біз де шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіздік үшін не бір қасыретті тағдырды бастан кеше отырып көрген Азаттық қазаққа оңай келген жоқ. Тәуелсіздікті қорғап, аялап ұстау одан бетер қиын екенін де түсінеміз.

        Қазақ елінің Елбасының да Тәуелсіздік алып, оны қорғап, өркендете білген жасампаз ерлік еңбектері біздің көз алдымызда болып жатты. Нағыз ерлік деуге тұрарлық еңбек. Әлемдік дағдарыс салдарынан болып жатқан экономикалық қиыншылық пен әлемдік құрлық аралық саяси ойын - қатыгез соғыс, діни қақтығыс, ұлт аралық алауыздық, бұның бәрінен айланып өтіп, өз елінің азаматырының басын қатерге байламай, бейбіт түрде елін өркенді дамысқа бастап бара жтақан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты да шын жүрегімізбен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мейрамымен құттықтаймыз.

        Біздің жанұямыз бастап, аймағымыз халқы аяқтаған 25 жылдық тойға 25 тауға шығу жобамызды сәтті аяқтаған едік. Тәуелсіздік қарсаңында күллі Ұлы дала еліне және Елбасыға «Шығар шыңдарыңыз аласармасын, Тәуелсіздігіміз әрқашан біздерді биік мақсатқа жетелесін!» деген тілекпен осы бір кішкентай тарумызды ұсынамыз.

         Атажұрттағы ағайынға деген құрметпен Жанарбек Ақыби" - деп жазыпты алыстағы ағайын өз хатында.

Сонымен қатар, таушы жігіт өз хатында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шыққан тауларынан видеоролик жасап жіберген екен.

 

толығырақ

    Моңғолия қазақтарының өнер ордасы, қара шаңырағы, рухани орталығы болған аймақтық Музыкалы Драма театрының орнауына 60 жыл толып отыр.

     Музыкалы Драма театрының Көркемдік кеңесі 60 жылдық мерейтойға арналған бағдарламасын ұсынады. Мұнда,

      «Театр 60» ғылми конференция – Аймақ әкімдігінің мәжіліс залында 2016.11.21 күні 10:00 сағатта ұйымдастырылады.

·         Б.Мұратбек «Батыл бұзау» - 2016.11.21 15:00 сағатта МДТеатрында

·         Н.Ганхуяг «Сүйкімді сұлу мұғалім» - 2016.11.23 17:00 сағатта МДТеатрында

·         Б.Муратбек «Қалқаман Мамыр» - 2016.11.25 19:00 сағатта МДТеатрында ойналады.

 

Мерейтойдың ашылу салтанаты – 26 қарашада 11:00 сағатта МДТеатрында,

Мерекелік жиналыс – 15:00 сағатта,

Мерекелік концерт – 18:00 сағатта,

Мерекелік дастархан – «Нұр» тойханасында 20:00 сағатқа жоспарланған.

      Музыкалы Драма театрының 60 жылдық мерей тойына орай байғазы ұсыну үшінгі ашылған есепшот, 5197008666, ХААН БАНК

Байланыс телефоны: 99071977

толығырақ

         6 қазан күні Ақтөбе қаласындағы«Қоныс» спорт сарайында гір көтеруден әлем чемпионаты өткен болатын. Дүбірлі додаға әлемнің 31 елінен 400-ден аса спортшы қатысқан, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.
         Осы додада Моңғолияның атынан сынға түскен Сұлтан Амантай есімді қандасымыз Әлем чемпионында 4-орын иеленді. Сұлтан Амантай Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Денешынықтыру және спорт» факультетін 2012 жылы бітірген.

«Бұл алғашқы қатысқан Әлем чемпионатым. 2010 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен әлем чемпионатына қатысуға жолдама алып тұрып, визам бітпей, бара алмай қалған едім. Осы жолы да Қазақстан атынан қатысуым керек еді, Моңғолия азаматы болуыма байланысты сол елдің атынан қатыстым» - дейді Сұлтан Амантай.

     Осы жолғы көрсеткіші бойынша ол Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған Сұлтан Амантай Моңғолия тарихында гір спортынан алғашқы жоғары дәрежедегі жетістікке жеткен жалғыз азамат.

«Бұған дейін Моңғолияның спорт тарихында гір спортынан мұндай жетістік болған жоқ. Осы спорт түрінің негізін қалаушы да, осы спорт түрін халықаралық деңгейге көтеріп, нәтижеге жеткен де алғашқы спортшы мен екенмін. Бұл Атажұрттан алыстағы азғана қазақ үшін үлкен мәртебе» - дейді бауырымыз.

 https://baq.kz/kk/news/mongoliya_kazaktari/mongoliyalik_kazak_alem_chempionatinda_4orin_ielendi20161109_092500

 

толығырақ

Фото: Жанарбек Ақыби

         Өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 550 тауға шығу акциясын бастаған Моңғолияда тұратын қандасымыз, әлемдік деңгейдегі альпнист Жанарбек Ақыби биылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Моңғолиядағы ең биік деп саналатын 25 тауға шығуды ұйымдастырыпты, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

         Өткен аптада Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында халықаралық бүркітшілер сайысы өткен болатын. Бұл сайысқа Қазақстан тарапынан да құсбегілер барып, өз өнерлерін көрсеткен еді. Жанарбек Ақыби бастаған акцияның нүктесін елімізден барған бүркітшілер қойды. Яғни, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай басталған 25 тауға шығу акциясының соңғы тауына екі ел азаматтары бірге шықты.

        Баян-Өлгей қаласынан 70 шақырымдай шалғайда жатқан Цамбагарав тауын бағындыруға 25 азамат аттанды. Теңіз деңгейінен 4200 метрдей биік тауды бағындырғандардың алды 60 жаста болса ең кішісі 7 жасар жеткіншек.

       Елімізден «Бүркітші-2016» халықаралық фестиваліне құсбегілерді бастап барған ҚР бүркіт баптаудан бас жаттықтырушы Барабек Күнтуғанұлы шың басына шыққандағы әсерімен бөлісті.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне тарту жасап жатқан бауырларымыздың әрекетіне сүйсіндім. Және өзімде Көкшетаудай асқаралы таулардың ортасында өскендіктен тау басына шыққандағы әсерімді айтып жеткізе алмаймын. Құс салып, түлкі қуып, талай тау-тасты кезіп жүрген бүркітшілеріміздің өзі осынша биікке шыққандарына разы болды» - дейді қолына құс қондырған құсбегі.

       Жанарбек Ақыбидің жол көрсетуімен шың басына шыққан 25 адамның қатарында Баян-Өлгей аймағының әкімшілік құрамы толықтай болды десек болады.

«Атажұрттағы ағайынның қуанышына сүйініп, қиыншылығына күйініп отыратын азғана қазақ осы Моңғолиядағы қандастарыңыз. Тәуелсіз Қазақстанымыздың азаттығымен құттықтап, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жылы ілебізімізді білдіру үшін осы 25 тауға шығу акциясын қолға алған едік. Бүгін соның соңғы шыңына Атажұрттан келген азаматтармен бірге шыққанымызға қуаныштымыз. Бар қазақтың бір ғана қара шаңырағына айналған Қазақ елі мәңгі жасай берсін!» - дейді аймақтық құрылтай Төрағасы Бауыржан Дәлелұлы.

https://baq.kz/kk/news/mongoliya_kazaktari/mongoliyadagi_kazaktar_tauelsizdiktin_25_zhildigina_orai_25_tauga_shikti20161005_104600  

толығырақ

4983918ff9644653e3389db6c645531f.jpg

          Ғалым С.Зульфикар Монғолияның Басқару Академиясының басшысы қызметіне тағайындалды.       

толығырақ

      Биыл 2 қазанда Моңғолия қазақтарының арасынан бірінші боп Моңғолияның халық батыры атанған Ікей Мәзімұлының туғанына 100 жыл толады.  Мемлекет қаһарманының есімін ұлықтау мақсатында, 1980 жылы Өлгий қалалық №1 мектеп ауласына ескерткіші орнатылып, 2006 жылы 16 тамызда Үкіметтің №193 үкімі бойынша бұл білім ордасына оның есімі берілген еді. Ал Баян-Өлгей аймақтық Азаматтар өкілдері хуралының  2015 жылы 14 мамырдағы № 80  қаулысы бойынша Өлгий қаласының орталық алаңы да Ікей Мәзімұлының есімімен атала бастады.  

         Ікей Мәзімұлы 1911 жылы Баянөлгей аймағының Бұлғын ауданының Ұлақшын деген жерінде дүниеге келді. Еңбек жолын 15 жасында жүн жуу орнынан бастаған ол, 17 жасында қара танып, 20 жасында Қобда қаласындағы мұғалімдер мектебінде білімін жетілдіреді. Ал келесі жылы Ұлан-батыр қаласындағы Әскери жоғары оқу орнына түсіп, оны 1934 жылы аяқтап шығады. Сонда жүріп 22 жасында Халық әскерінің 1-дивизиясының 2-полкінде взвод командирі қызметіне тағайындалған. Ал 1939 жылы Жапония әскері Моңғолияға басып кіргенде, Халхин-Гол өзені бойындағы соғысқа 6-атты әскер дивизиясының 15-полк командирі ретінде қатысып, 24 шілдеде ерлікпен қаза табады. 

      Алдымен «Соғыс Қызыл Ту» орденімен марапатталған І.Мәзімұлының Отанды қорғау жолындағы ерен ерлігі «Боевой пост», «За Родину» сияқты газеттерде Кеңес Одағы мен  Моңғолия әскер басшыларының түрлі естелік жазбаларында  көп жазылған. Ал 1979 жылы оған Моңғол Халық Республикасының батыры атағы берілді. Ікей моңғол-жапон соғысында Моңғолияның халық батыры атанған 14 адамның арасындағы жалғыз қазақ болатын.

            Ғаламтордағы мәліметтер бойынша дайындаған Ерлік Ержанұлы. 

толығырақ

990e619aad0a73cb4089254db45951b6.jpg

         Баян-Өлгий аймақтық азаматтар өкілдері Хуралы аймақтың жаңа әкіміне Ғылымхан Айыпұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.

    Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты және НИК компаниясының Баян-Өлгий аймағындағы филиалының директоры болып жұмыс жасаған Ғылымхан Айыпұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды. 

       http://kaznews.mn/news.php?nid=689

толығырақ

2c79bb47eaee465bdf5b83b1025d3cf1.jpg

         Биыл Баян-Өлгий аймағында  2681 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы аймақтық Білім, мәдениет басқармасы хабарлайды.

      Аймағымызда 1 қыркүйек күні 23310 оқушы мектепке барады.  Олардың 6267 оқушы бастауыш сыныпта оқиды. Аймағымызда 43 мектеп болса соның 13-і Өлгий қаласында, қалғаны сұмындарда орналасқан.

        2015-2016 жылғы оқу жылында 22626 оқушы білім алып, 1600 оқушы мектеп бітірген болса, аймағымыздағы 42 балабақшада 6832 бүлдіршін тәрбие алған екен.

         2015-2016 жылғы оқу жылында мемлекеттік және жергілікті жердің қаражатымен салынған, салынып жатқан нысандар:

1. Алтай сұмынында жатақхана құрылысы

2.Жалпы білім беретін 1-мектеп құрылысының қосымша корпусы /Өлгий/

4.Өлгий сұмынында  13,14,15,16 балабақша құрылысы

5. Сагсай сұмынында жатақхана құрылысы

6.Улаанхус сұмыны Көкмойнақ орта мектебінің жатақхана құрылысы

7.Улаанхус сұмыны Соғақ орта мектебінің жатақхана құрылысы

8.Цэнгэл сұмыны 3-балабақша құрылысы  пайдаға берілген болса, Өлгий сұмынында Жалпы білім беретін 2 -  мектептің құрылысы, спорт залымен салынып жатыр.

         Сонымен қатар 2015 жылы білім қызметкерлерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі басты назарда болып, барлық ұстаздарға компьютер берілген.

         http://kaznews.mn/news.php?nid=706

толығырақ

DSC_0152-2

           Аттаныс

       «Тауда екі арқар сүзіссе, төмен­дегі арқардың мүйізі сырқырайды» дегенді бағзы бабалар текке айтып кетті ғой деймісіз. Моңғолиядағы Қобда өзені жағасындағы Баян-Өлгей аймағын топан су басып қа­лып, жергілікті тұрғындарды ора­­сан зор шығынға ұшыратты. Су тас­қыны салдарынан 700-ге жуық адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты деген суыт хабар бү­кіл қазақ­стандықтарды дүр сілкін­дірді. Өйткені, осы өлкеде қазақ бауыр­ларымыз көп екенін бәріміз біле­міз. Сондықтан да алыстағы аға­йын қиын жағдайда қалғанда ата­жұртта отырған қандастардың жүрек­тері ауырмауы мүмкін емес еді. Бұған ең әуелі Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың өзі қатты алаң­­дады. Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті Моңғолияға шұ­ғыл аттандырды.

         Малы суға кетсе де салы суға кетпеген өр қазақ қанша қиындық көрсе де жасымапты. Елдіктің, өрліктің, ел болмақтың үлгісін танытып Премьер-Министрге аппақ арғымақ сыйлады. Иығына шапан жапты. Қазақшылығымызды таныт­ты. «Е, бәсе!» деп үйде оты­рып қуандық. Жанарларға шық қонақ­тады. Бауырластығын қай жағ­дайда білдірмесе, қазақ қазақ болар ма? Шіркін, қан деген­ді қой­саңшы бұл.

       Премьер-Министр Қазақстан тарапынан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін, сондай-ақ, жастардың білім алулары үшін гранттар бөлінетінін жеткізді. Атамекеніне келіп білім нәрімен сусындаған қандастарымыздың арманы жоқ-ау, сірә, деп те ойладық. Осы сапарда Кәрім Мәсімов Баян-Өлгейдің жергілікті атқару органдарымен бірге осы аймақтардан Қазақстанға көшіп барған оралмандар үшін салынатын балалар бақшаларының құрылысы, зейнет­ақыларын реттеу, екі ел ара­сын­дағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін де талқылаған. Демек, барыс-келіс жеңілдейді деген сөз бұл. Енді бұған қуанбағанда неге қуанасың? «Бір қайғының бір қуанышы болады» деген бәлкім, осы шығар.

        Баян-Өлгейдегі қайғылы жағ­дай оңтүстік жұртшылығын да бейжай қалдырмады. Облыс жас­­тары үндеу қабылдап, қоғам бел­сен­­ділері үн қосып, облыс әкім­­­дігінің қызметкерлері де бір күн­дік жалақыларын көмек қорына аударған. Оңтүс­тік Қазақ­­стан об­лы­сының әкімі Бейбіт Атам­құлов­тың қолдауы­мен гумани­тар­лық көмек қандастарымызға аттанды.

       Оңтүстік халқының көмегімен ұн, басқа да азық-түлік, киім-кешек жиналды. Бейбіт Бәкірұлы Моң­ғолияның Баян-Өлгей айма­ғына аттанғалы тұрған қоғамдық делегацияны қабылдап, сәт сапар тіледі, алыстағы ағайынға дұғай сәлем айтты.

        Шымкенттен шыққан автокеруен Моңғолияны бетке алды. Осы делегациямен бірге «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы ақпараттық қолдау көрсету үшін делегация құрамына енді. Айта кетейін, Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов, Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамыт­беков делегациядан өз сәлем­де­ме­лерін беріп жіберуді ұмытпады.

      Аягөз асып Өскеменнен өткен соң, Ресейдің Рубцовск, Змейно­горск, Барнаул, Таулы Алтай қалаларын артқа тастап, Моң­ғолиямен шекаралас жат­қан Қосағаш ауданына да жет­тік. Өлгейдің кіре берісінде Алтай­ға ел қондырған Жәнібек Бердәулет­ұлының ескерткіші орнатылыпты. Қос бөріні қасына ерткен Ер Жәнібек Ресей, Моңғолия, Қытай елдеріне тараған ұрпақтарына «Бірігіңдер!» деп тұрғандай. Шымкенттен Баян-Өлгейге дейін 4000 шақырым жол жүрдік.

DSC_0076Тасқыннан түнек төнсе де…

       Расында, төтеннен болған тасқын үлкен қасірет әкеліпті. 1500 адам баспанасыз қалған. Қираған үйінділер үстінде тұрғындардың дүние-мүлкі шашылып жатыр. Су үстінде қалқып жүрген заттар да көзге шалынады. Судың деңгейі белден асыпты. Тұрғындар дүние-байлыққа қарамаған. Олар тек жан амандығын Құдайдан тілепті.

         Менің ойыма 1991 жыл түсті. Шы­ғыс Қазақстан облысының Зай­­сан ауданында болған үлкен зіл­зала естен шығар ма? Зайсан­дағы зілзала кезінде үш жасар Бір­жан есімді сәби қаза тапқан еді ғой. Міне, сонда ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаралы отбасына арнайы барып, отағасы мен отанасына көңіл айтқан болатын. Бұл Елбасымыздың азаматтық бейнесінің, адамгершілік деңгейінің қаншалықты биіктігін паш еткен оқиға еді.

        Баян-Өлгейде де үш жасар сәби Ақтілек Бейсенбекұлы алапат тасқынның құрбаны болыпты. Әке-шешесі ұлы дүние есігін ашқанда ырымдап есімін Ақтілек қойғаны белгілі. Тағдыр кейде адамдардың тілеуін қабылдай бермейді. Иә, жазмышқа не шара? Қаралы отбасына арнайы соғып, көңіл айтып, мына жарық дүниенің есігін ашып үлгермей жатып о дүниелік болған арман бала – Ақтілектің рухына құран бағыштадық.

       Қами Жусанбайқызы – 76 жас­тағы кейуана. Онсыз да денсау­лығы сыр беріп жүрген ол тасқыннан соң тым төмендеп қалыпты. Үй-күйінен айырылған оның бүгінгі тіршілігін көріп, жүрегіміз сыздады. Атамекен деген үлкен құдірет екенін осында сезінгендей болдық. Қами әжей өзінің осы күйіне қарамастан атажұрттағы туыстарының амандық-саулығын бір Құдайдан сұрап отыр. «Ел аман ба, жұрт тыныш па?» дейді ол. Біз қарт әжеге Қазақстандағы хал-ахуалды, көреген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясаты арқасында қарыштап алға басып келе жатқанымызды, Тәңірі жазса, дамыған 30 елдің қатарына қосылар күн таяу екенін, келесі жылы Отанымызда ЭКСПО көрмесі өтетінін мүмкіндігінше ұғы­нықты тілмен айтып бер­дік. Осыны естіп Қами әже қамық­қанын қойып, марқайып қалды. Туған жердің құдіреті деген, бәлкім, осы шығар.

      Сынған домбыраны қолына ұстап тұрған Олжас деген баланың суреті әлеуметтік желіде тарап кеткені белгілі. Осы балаға таяуда ғана ат ауыстырып мінген еліміздегі танымал азаматтардың бірі Берік Уәли жаңа домбыра сыйлаған болатын. Олжастың жанарынан жалт еткен жалын көрдік.

      Қазақстандық делегацияны Баян-Өлгей аймағы Құрыл­тайы­ның төрағасы Бауыржан Дәлелұлы мен Баян-Өлгей аймағының әкімі Дәрмен Құзыкейұлы қабылдап, қиын-қыстау кезеңде қолұшын созған қандастарға алғыс сезім­дерін жеткізді. Аталған екі азамат атынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атам­құлов­қа Алғыс хат дайындап, бізге сәлемдемемен бірге беріп жіберді.

    Баспанасыз қалып, киіз үйлерді паналап отырған баянөлгейліктер қазақстандық делегацияға дән ризашылығын, алғыстарын біл­діріп жатты. Біз азық-түлікпен қоса, қар­жылай да көмек апарған едік. Олар жаңа үй салу үшін ағаш керек­­тігін құлаққағыс етті. Біз олардың өтініштерін қанағат­тан­дырдық. Жергілікті билік аса мұқтаж отбасыларына азық-түлікті теңдей таратып берді.

         Тасқыннан түнек төнсе де қаймықпаған қандастарымызға разы болдық.

Сағыныш түбі – сүйініш

         Алыстағы ағайынға деген сағынышымыз бір басылмай-ақ қойды. Ондағылар қазақы салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты берік сақтапты. Жергілікті тұрғындар көшелерде қазақы шапан мен тақия киіп жүреді. Ер кісілер былғары етік киеді. Халқы сондай қонақжай. Кісі жатырқамайды. Олар атакәсіппен мықтап айналысады екен. Мұнда ауыл шаруа­шы­лығы өркендеген. Дүкендерінде түйе жүнінен тоқылған киімдер мен түлкі тымақтар, былғары аяқ киімдер, мүйіз сапты бәкілер толып тұр. Кей шаруаның қорасынан 3 мыңға дейін ірі қара өріске шығатын көрінеді.

      Алыстағы ағайын ұлттық өнер­дің отын өшірмепті. Мұнда ақын­дар айтысы, жыр мүшәйрасы, балуандар күресі, аламан бәйге, көк­пар, қыз қуу, бүркітшілер са­йы­сы жиі өтіп тұрады екен. Жастардың бәрі домбырамен ән айтады. Ән салғанда дауыстарынан елге деген сағыныш лебі есіп тұрғандай әсерге бөленесіз. Шіркіндердің домбыра шертістері қандай? Әуезді әндері қандай?!

         Баян-Өлгей аймағына барып тұрып, осы өңірдің тыныс-тір­ші­лі­гімен таныспай кету мүмкін бе?

       Баян-Өлгей аймағы (моңғолша Баян-Өлгий аймағы, қазақша балама аты – Бай-Өлке, Байбесік) – Моңғолияның 21 субъектісінің батыстағы ең биік таулы аймағы. 1940 жылы құрылған. Аймақ орталығы – Өлгий қаласы. Аймақ 13 сұмы мен 90 бақтан тұрады.

       Баян-Өлгей аймағында 91 мың 470 халық тұрады. Халқының 93 пайызы қазақтар, қалғаны моңғолдың ұраңқай руы мен тыва ұлтының өкілдері. Өлгей қаласындағы халық саны – 34 мың. Моңғолиядағы қазақтар ең көп шоғырланған аймақта басқа ұлттардан тывалар, моңғолдың дөрвөд этностық тобы және ұран­қай мен халха моңғолдар бар.

       Музыкалық драма театры, кітапханалар жұмыс істейді. «Жаңа дәуір», «Моңғол Заман», «Білім» басылымдарының таралымы 3-4 мыңның төңірегінде. Моңғол телеарналарымен қатар, Қазақстан Үкіметінің қолдауымен қазіргі таңда аймақ халқы «Қазақстан», «Хабар», «Астана», «КТК», «Жетін­ші арна», Kazsport, «Асыл арна» және «31 арна» арналарын көре алады екен. Сондай-ақ, Моңғол ұлттық радиосының аймақтық бөлімшесінің қазақ тілін­дегі 1 сағаттық бағдарламасы тара­ты­лады. Аймақ орталығында 4 FM радио стансасы, қазақ тілінде «Дербес», «Наз», «МНВ Баян-Өлгий» телеарналары, KAZNEWS, BAIOLKE веб-порталдары жұмыс істейді.

     Баян-Өлгей аймағының негізгі саласы – мал шаруашы­лығы. Ай­мақта 11 мың шамасында шаруа­шылық бар. Жыл сайын­ғы өндірі­летін 200 мың тонна ет, 900 тоннаға дейін қой жүні, 300 мың данаға дейін әртүрлі малдың терісін өткізе­тін шаруашылығы аймақ халқының сұранысын қанаға­т­тандыра алады.

       Аймақ бойынша 43 білім беру мектебі бар. Олардың 38-і қазақ тілінде, екеуі моңғол және тыва тілінде білім береді. Өлгей қала­сында 12 жылдық бес орта мектеп, Дарын, Билгэ Тегін орта мектебі, Бастама мектебі, Зайд мектебі, Моңғол-Түрік бірлескен лицейі, Қобда университетінің филиалы және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филиалы жастарды білім нәрімен сусындатады.

      Сағынышымызды арқалап елге оралып келеміз. Ойымызға Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты Жолдауындағы «Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тең және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар арманы айқын көрінеді», деген сөздері еске түсті. Елбасының осы ой­лары «100 нақты қадам» Ұлт Жос­па­рын­да одан әрі жалғасын тапты.

        Біз «әр қазақ менің жалғызым» деп өмір сүргенде ғана Мәңгілік Ел болу арманын жүзеге асыра алатын боламыз.

        Баян-Өлгей сапарынан көңілге түйгеніміз осындай ойларға жетелеп еді.

          Дулат ӘБІШ, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты

         https://egemen.kz/2016/08/13/56279

толығырақ

Фото: zhebe.com

       10-11 шілде күндері Монголияның қазақтар қоныстанған Баян-Өлгий аймағында толассыз жаңбыр жауып, соның салдарынан аймақ орталығына сел түскен болатын. Сол селден зардап шеккен 300 отбасының тұрғыны – 700 адам баспанасыз қалған еді. Бүгін осы жандарға Оңтүстік Қазақстан облысынан арнайы көмек керуені аттанды – деп жазады BAQ.kz порталы.

        Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Баян-Өлгий, Шымкент, ОҚО      Бұған дейін қазақстандық белсенділер арнайы қор құрып, атажұрттан алыстағы қандастарға көмек қолын созған болатын. Алыстағы қандастарға алғашқы көмек өткен аптада Астанадан жолданған. Қоғам белсенділері Аятжан Ахметжан мен Амангелді Құрметұлы өз қолдарымен тапсырып беру үшін Баян-Өлгийге жол тартқан.

        Ал бүгін шырайлы Шымкенттен аттанған керуен облыс кәсіпкерлерінің демеушілігімен 7 тоннаға жуық ұн, 1 тонна макарон, 1000 банкі маринадталған қияр, 5000 дана шұлық және тағы басқа да азық-түлік тауарларды артып кетті.

       Сонымен бірге, еріктілердің облыс тұрғындарынан жинаған 3 млн. теңгесі селден зардап шеккен ең тұрмысы нашар деген 5 отбасыға тұрғын-үй салу үшін құрылыс материалдары сатып алынады деп жоспарланған.

    Гуманитарлық көмекті Баян-Өлгей аймағына «Бізбен бірге» қоғамдық қорының төрағасы А.Аңдабаев өзі табыстап қайтатын болады.

       Атажұрттан жырақтағы қандастардың жағдайына алаңдаған облыс әкімі Б.Атамқұлов өз тарапынан қолдау көрсетсе, облыс әкімдігінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын қандастарымыз үшін аударған. Және бір айта кетерлігі әкімшілік кедендік құжаттарды рәсімдеуге, Баян-Өлгийге апаратын жүкті тиейтін көлік мәселесін және басқа да ұйымдастырушылық жұмыстарға қолдау көрсетті.

толығырақ

        

    Моңғолияның батысында орналасқан Баян-Өлгий қаласында болған төтенше жағдайларға байланысты қазақстандық белсенді жастардың алғашқы көмегі 20 шілдеде жолға шықты – деп жазады BAQ.kz тілшісі.

       10-11 шілде күндері қатты жауған бұршақ салдарынан Моңғолияда тұратын қандастарымыз орналасқан Баян-Өлгий қаласында сел түсіп, 700 адам баспанасыз қалған болатын. Және 300 үй жарамсыз деп танылған еді. Осы оқиғаға байланысты қазақстандық белсенді жастар арнайы қор құрып, ата жұрттан алыстағы қандастарымызға көмектесуді көздеген еді. Жаңа ғана жолға шығып кеткен осы қордың басы-қасында жүрген Аятжан Ахметжанмен хабарласып, мән-жайды толығырақ білген едік.

      «Алла бұйырып, бүгін жолға шығып барамыз. Әзірге Халық банкте ашылған шотқа - 1 520 647 теңге, Qiwi әмиянға 213 112 теңге, ал қолма қол ақша ретінде - 160 000 теңге жиналды.

      Мұның сыртында Даниядағы қандастар: 1000 доллар, Ирландиялық қандастар: 600 доллар, Германиядағы қандастар: 100 еуро аударды. Қазіргі жағдайда қолымызда жалпы сомасы 2 461 759 теңге бар» - дейді алыстағы ағайынға жол тартқан жігіт

       Бұл қаржының ол жаққа барғанда таратылуы, нақты селден зардап шеккендердің қолына жетуі қалай болады деген сұрағымызға Аятжан Ахметжан қысқа ғана «Сол жердегі ақсақалдармен ақылдаса отырып шешетін болдық» деді.

        Аятжан Ахметжанмен бірге белгілі журналист Амангелді Құрметұлы осы қаржының нақты зардап шегушілердің қолына тиюіне көмектесу үшін бірге аттанды.

толығырақ

Masimov

          Моңғолияға келген Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Өлгей қаласына барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. 

         Естеріңізге салсақ, Премьер-Министр 15 шілде күні Ұлан-Батыр қаласында өтетін XI АСЕМ саммитіне қаты­су үшін Моң­ғолия­ға кел­ген болатын.

       Өлгей қаласы орналасқан аймақ ха­л­қының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайтынын атап өткен жөн. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7 пайызын қазақ­тар құрайды.

       Кәрім Мәсімов Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сыр­масымен Үкімет Өлгей қала­сын­дағы селден зардап шеккен отба­сы­ларға қаржылай көмек көрсе­тетінін атап өтті.

        Премьер-Министр жақын күн­дері көрсетілетін қолдау қан­дас­тары­мызға табиғи апат сал­дарын жою­ға жәрдемдеседі деген үмітін білдірді.

          Айта кету керек, Моңғолия­ның Өлгей қаласында 10 шілде күні сел жүріп, соның салдарынан тұрғын үйлер қирап, су астында қалған еді.

         Бұдан кейін Кәрім Мәсімов Баян-Өлгей аймағының өлке­тану мұ­ра­­жайы­на барды.

         Аймақта мәдени сала жергілікті қазақ диаспорасының арқасында дамып отыр – қазақ драма театры жұмыс істейді, жыл сайын Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтіп, бүр­кіт­шілер арасында жарыстар ұйым­дастырылады.

        Осыған орай, өлкетану мұра­жайының экспозициялары да жер­гілікті тұрғындардың тұрмыс-тір­шілігіне арналған. Мұражай 1948 жылы құрылған. Қазіргі кезде оның қорларында 5200-ден астам экспонат бар.

        Мұражайды аралаған К.Мә­сім­ов мұндағы экспозиция­лар­мен та­нысып, оның басшылы­ғымен, жер­гілікті қазақ зиялылары­ның өкіл­дерімен әңгімелесті.

         Премьер-Министр Кәрім Мәсім­ов Өлгей қаласында болған­да Баян-Өлгей округінің әкім­шілік ор­­т­а­­лы­ғындағы №1 қазақ мектебіне барды.

         Баян-Өлгей округінің әкімші­лік орталығындағы №1 қазақ мектебі 2014 жылы ашылған. Сол кезде Қазақстан Үкіметі білім меке­месін мектепке қажетті керек-жарақтармен және оқу құрал­дары­мен қамтамасыз еткен болатын.

         Білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық Қазақстан Респуб­ли­касының Білім және ғылым министрлігінің және Моңғолия­ның Білім, мәдениет және ғылым министрлігінің арасындағы келісім аясында жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн.

       Жыл сайын ҚР БҒМ шетелде мекен­деп жатқан қандас­тары­мыз­дың балалары өз халқы­ның та­ри­хын, мәдениетін және тілін оқып-үйренуі үшін оқу-әдіс­те­мелік құралдарды жіберіп отырады.

        Мәселен, 2016 жылы Моңғо­лия­дағы қазақ мектебі 7-8 сы­нып­­тардың оқушылары үшін Қазақ­станнан 4 мыңға жуық оқулық мен оқу-әдістемелік материал алды.

         Сонымен қатар, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім саласындағы байланыстар дамуда. Атап айтқанда, біздің еліміздің азаматы болып табылмайтын қазақ студенттеріне квота бойынша білім грантын алу үшін конкурсқа және Қазақстан азаматтарымен теңдей жалпы конкурсқа қатысу мүмкіндігі беріледі.

        Тек 2015 жылдың өзінде квота­ны Моңғолиядағы 44 этнос­тық қазақ пайдаланып, елімізде білім алу мүмкіндігіне ие болған. 2001 жылдан бастап Баян-Өлгей­де С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің фи­лиа­лы ашылған. Жыл сайын Білім және ғылым министрлігі ШҚМУ үшін Моңғолия азаматтарына арнап 25 мақсатты грант бөледі.

          Сондай-ақ, Премьер-Министр жергілікті музы­калық драма театрында болып, шетелдегі қазақ өнері­нің дамуы­на өз бағасын берді.

        XI АСЕМ саммитіне қатысу аясын­да Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Моңғолиядағы «Шың­ғыс­хан мүсіні» туристік кешенін аралады.

          Ескерткіш Ұлан-Батыр қаласы­нан шығысқа қарай 53 шақырым қашықтықта ор­на­ласқан. Алып ескерткішті жасау үшін 250 тонна болат жұмсалған. Ескерт­кіштің тұғырынан төмен тұсында Шың­ғыс­ханнан кейін Моң­ғолия­ны биле­ген 36 ханды білдіретін 36 колонна бар. Ескерткіштің жоғар­ғы бөлігінде 30 метрлік биік­тікте айналаны барын­ша шолу­ға мүм­кін­дік беретін үлкен алаңқай бар.

          К.Мәсімов кешен ішіндегі мұражайды аралады.

       Ондағы негізгі экспонаттардың бірі – символдық алтын қамшы болып табылады. Аңызға сүйенсек, Темуджин (болашақ Шыңғысхан) мүсіні орналасқан нақ осы жерде табыстылықтың белгісі болып саналатын қамшы тауып алған. Бұдан соң оған моңғолдарды бір халық ретінде жұмылдыру мүмкін болған деп саналады.

           Сонымен қатар, Моңғолия сапары аясында Үкімет басшысы К.Мәсімов байырғы түркі бабаларымыздан жеткен асыл мұра – Тоныкөк ескерткішіне бар­ды. Бұл туралы ол өзінің твиттер­дегі ресми парақшасында жазды. Айта кету керек, бұл жерде түркиялық профессор Аxмет Ташағыл жетек­шілік ететін маман­дар қазба жұ­мыс­­тарын жүр­гізіп жатыр.

         Бүгін Премьер-Министр Ұлан-Батыр қаласында өтетін ХІ АСЕМ саммитіне қатысады.

         «Егемен-ақпарат»

       https://egemen.kz/2016/07/15/51323

толығырақ


       Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осы елдегі Баян-Өлгей аймағындағы өлкетану мұражайына барды, деп хабарлайды pm.kz.

        Аймақта мәдени сала жергілікті қазақ диаспорасының арқасында дамып отыр - аймақта қазақ драма театры жұмыс істейді, жыл сайын Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтіп, бүркітшілер арасында жарыстар ұйымдастырылады. 

       Осыған орай, өлкетану мұражайының экспозициялары да жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне арналған. Мұражай 1948 жылы құрылған. Қазіргі кезде оның қорларында 5200-ден астам экспонат бар.

        Мұражайды аралаған К.Мәсімов мұндағы экспозициялармен танысып, оның басшылығымен, жергілікті қазақ зиялыларының өкілдерімен әңгімелесті. 

       Мұражайдың аймақтың табиғатына, тарихы мен этнографиясына арналған бөлімдерінде жергілікті қазақ диаспорасының қайталанбас өнер үлгілері мен ескерткіштері, оның тарихы туралы мәліметтер қойылған.

         Жыл сайын мұражайға 10 мыңнан астам тұрғындар мен туристер келеді.

         Естеріңізге салсақ, ҚР Премьер-Министрі 15 шілде күні Ұланбатыр қаласында өтетін XI АСЕМ саммитіне қатысу үшін Моңғолияға келді.

толығырақ

арулар одағы

        Мамыр айында Моңғолиядағы қазақ әйелдерінің «Арулар» одағының құрылғанына 10 жыл толды. Біз осыған орай Моңғолиядағы қазақ әйелдерінің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен олардың қоғамдағы орны туралы одақ төрайымы, «Ару жұлдыздар» журналының бас редакторы Айнагүл САРАЙҚЫЗЫН сұхбатқа тартып едік.

      – Айнагүл Сарайқызы, «Арулар» одағы қашан және қан­дай ой-мақсатпен құрыл­ғанын баяндап берсеңіз?

       – Моңғолиядағы қазақ әйел­дері­нің «Арулар» одағы 2006 жылы 11 мамырда құрылды. Одақ­тың атын Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Сұлтан Тәукейұлы ұсын­ды. Үкі мен ою әшекейленген ұйымның таңба белгісін «Адмон» компаниясының дизайнері Табиғат Абдоллаұлы жасады. 

       Бұл қоғамдық ұйым Моңғолия­дағы азғана қазақтың, соның ішінде Ұлан-Батыр қаласы мен орталық аймақтағы қандастарымыздың тілін, дінін, салт-дәстүрін насихат­тау, келешек ұрпаққа жеткізу және түрлі салада еңбек ететін қазақ­­­тың қыздары мен әйелдерін Моң­ғолия көлемінде және өзге де шетелдер­де таныту әрі олар­дың тілек-арман­дарын тиісті орган­дарға жет­кізу, басқа да бейрес­ми ұйым­дар­мен бірігіп жұмыс­тану­ды өзіне мақ­сат етіп қойды. Біз Моңғолия көле­мін­дегі осы бағыт­тағы басқа да бейресми ұйымдармен бірі­гіп жұмыс жасай­мыз. Бұл елдегі 50-ге жуық бейресми әйелдер ұйым­­дары арасында қол жеткізген жетіс­тік­тері, қоғамдағы абыройы мен беделі жағынан «Арулар» одағы көш­­бас­шылар қатарынан көрініп жүр.

       – «Арулар» одағының үніне айналған «Ару жұлдыздар» журналы қашан дүниеге келді?

       – Бұл әдеби-көркем журналдың шыға бастағанына да биыл 10 жыл толып отыр. «Ару жұлдыздар» басы­лымында да өз мақсатымыз бойынша Моңғолиядағы қазақ әйелдерінен шыққан ғалымдар, жазушылар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен халыққа үлгі-өнеге болатын аналарды насихаттаймыз. Таралымы 1000-1500 дана көлемінде. Осыған қарамастан журналымыз тек Моңғолияда ғана емес, Қазақстан, Қытай, Түркия, АҚШ және Еуропа елдеріндегі қан­дас­тарымыз арасында да өз оқырмандарын тауып жатыр. Бүгін­гі күні журналдың 41 саны жарыққа шықты.

      – Осы арада «Арулар» одағы мен «Ару жұлдыздар» ұйытқы болған шаралардың ауқымы туралы да аз-кем айтып өтсеңіз?

       – Атажұртта сырт елдерде тұ­рып жат­қан қазақтардың бір бөлі­гі Моң­ғолияда. Олар Моңғолия қазақ­­­тары­ның орталығы атанған Баян-Өлгий аймағынан басқа, ел ас­т­анасы Ұлан-Батыр қаласы мен Ховда, Төв, Хэнтий, Дархан уул, Орхон, Сэлэнгэ сияқты орта­лық ай­­мақтарда да қоныс тепкен. Біз іш­кері аймақтардағы қан­дас­тары­мызбен көбірек жұмыс жасау­ға тырысамыз. Онда одақтың алдына қойған мақсат-міндеттеріне сай іс-шараларды қала тұрғындары, студент жастар ішінде ғылыми конференция, кездесу түрінде өткіземіз. Мәдени іс-шараларды, әдетте, басқа ұйымдармен және ондағы кәсіпкер ағайындармен бірігіп тек қазақ тілінде жүргіземіз. Бұл осындағы аз ғана ағайын сол елдің тіліне, дініне кіріп кетпесін, өзіміздің қазақтығымызды, салт-дәстүрімізді сақтасын деген оймен жасалады. Сондай-ақ, салт-дәстүрді, қолөнерді насихаттау үшін, әсіресе, шебер әйелдердің кез­десуі мен солардың көрмелерін ұйым­дастырамыз. Бұдан бөлек жыл сайын ұлағатты ұрпақ өсіріп, тәр­биелеп, отбасының ұйытқысы болып, ел мәртебесін көтеруге сүбелі үлес қосқан аналарды «Ару ана» атағы­мен марапаттаймыз. Оған ие бол­ғандарды «Ару жұлдыздар» жур­налы мен Моңғолия ұлттық телеар­насындағы «ТВ-Толқын» бағ­дар­ламасы арқылы бүкіл жұрт­шылыққа таныстыруды дәстүрге айналдырдық.

       – Моңғолияның әйелдер одағы сияқты өзге қоғамдық ұйым­дар мен құзырлы мекемелер­мен қарым-қатынастарыңыз қалай?

       – «Арулар» бүгінгі таңда 90 жыл­дан астам тарихы бар Моңғолия әйелдер одағының белді бір мү­шесі. Әйелдердің құқығы, гендер мәсе­лесі, жанұядағы зоракерлік, қай­шылықтан туындайтын келеңсіз жағдаймен күресетін, одан алдын ала сақтану барысында жұмыс жасайтын көптеген ұйымдармен бірігіп жұмыстап келеміз. Біз, сонымен қатар, Моңғолдың ұлттық адам құқы комитетіне де мүшеміз. Сол себепті үкімет деңгейінде болып жатқан іс-шараларға да қатысып, «Арулар» одағының атынан өз ойымызды жеткіземіз.

      – Жастармен тәлім-тәрбие жұмысы жүргізіле ме?

     – Одақ жанында жастардың «Береке» деген клубы жұмыс істейді. Бұл қазақ жастары­ның қазіргі тыныс-тіршілігімен жақы­­ны­рақ танысып, ондағы өзгеріс­тер­ден хабардар болып отыруға мол мүмкіндік береді. Жас­тары­мыздың өзінің ана тілін, діні мен ділін сақтауы қандай деген мәселелер бойынша осы клуб­пен бірлесіп, түрлі шаралар өт­кізіп тұрамыз. Мәселен, жаңа оқу жылының басында Ұлан-Батырда оқитын 1-курс студент қыздарымен кездесу өткізіп, тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргіземіз. Онда жас қыздарға өзіне таныс емес үлкен қалада өзін қалай алып жүрудің тәртібі мен жөн-жоралғысы туралы кеңес беріледі. Мәселен, Баян-Өлгийден келген жастарымыз моңғол тіліне шорқақ болса, ішкері аймақтағы бала­лар қазақ тілінде сөйлей алмай­ды. Сол себепті жоғары оқу орын­дарының оқытушылармен бір­лесіп оларға қазақ тілінде курс аштық. Жоғары оқу орнында салт-дәстүрі­міз­дің сақталуы қандай деген тақы­рып бойынша ғылыми конференция жасадық.

       Сондай-ақ, Толғойттағы Омар мешітінің жанындағы «Ел бірлігі» бейресми ұйымымен бірлесіп қандастарымыз көптен мекендейтін Налайх ауданында бірқатар жұмыс атқардық.

       – Мерейтойға арналған іс-шаралар қалай жүріп жатыр?

      – «Арулар» одағының 5 жыл­ды­ғын­да Мұқағали Мақатаевтың сөзі­не жазылған Т.Төлендиевтің «Арулар» әніне бейнебаян түсір­ген едік. Ал Баян-Өлгий ай­ма­­ғы­­ның 70 жылдық мерейтойы­на «Қа­зақ­тың маңдайалды арулары» атты жи­нақ шығарып, оны жұрт­шы­лық­қа тарту еткенбіз. Бұл кі­тапта 1930-2010 жылдар аралы­ғын­да айм­ақ пен еліміздің дамуына қазақ әйел­дері­нің қосқан үлесі паш етілді.

      Ұлан-Батырда қазақ әйелдері арасында Олимпиада ойындарына ең алғашқы болып қатысқан Алданыш Рамазанқызы деген апайымыз тұрады. Оған Моңғолияға еңбек сіңірген спортшы деген атақ әперу туралы Президентке хат жазып, тиісті ұйымдармен байланысып жатырмыз. Бұған дейін Алданыш апамыздың «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталуына өз үлесімізді қостық.

      Енді 10 жылдық мерейтойға жоспарланған 10 үлкен шараның қатарында, одақ жанындағы жас­тар­дың «Береке» клубы «Жас­тар­дың үні» атты форумды Ұлан-Батыр қаласында, «Біз қазақтың ұрпа­ғы­мыз. Тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді ұмытпайық» атты кездесу сұхбатты Дархан-Уул аймағының Шарынгол сұмы­нында өткізілді. Налайх ауданында «Қыздармен сырласу», «Бата сайысы», «Тілімізді, мәде­ниетімізді құрметтейік», «Сұрақ. Жауап. Сұрақ» атты қазақ мақал-мәтелдерінің сайысы ұйым­дас­тырылды. Баян-Өлгий аймағында «Сағындырған әндер-ай» концертін ұйымдастырып, «Көктемнің көрікті аруы» атты ару қыздар сайысы өтті. Кешікпей «Қазақ қызы» деген әнге бейнебаян түсіріп, «Арулар – 10 жылда» деген деректі фильм жасауға ниеттеніп отырмыз.

          Әңгімелескен Ерлік ЕРЖАНҰЛЫАЛМАТЫ

        https://egemen.kz/2016/07/14/51122

толығырақ

       Екі-үш күнге созылған Баян-Өлгий қаласындағы селден зардап шеккендерге қол ұшын беруді қазақстандық белсенділер де қолдауда.
      Баспаналарын сел ағызып кеткен қандастарымызға көмек көрсету мақсатында танымал блогер, әрі ұстаз Аятжан Ахметжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына:

          «Қадірлі ағайын:

        Əр қазақ менің жалғызым, - деп Сабыр ағам айтпақшы, жер бетіндегі бар қазақтың тілеуі де ниеті де бір ғой. Кешегі Баян өлгейдегі су апаты бәріміздің жанымызды ауыртты. Ел қиналғанда бір жағынан шығыспасақ елдігіміз қайсы, - деп қол үшін беруді жөн көрдік!

      Қазақтың осындайда көп түкірсе көл, - дейтіні тағы бәр ғой соны еске алып өз атымыздағы есеп шотты пайдаланып Елдегі қазақтың жүрегі сырттағы қазақ үшін қашанда дайын екенін көрсетпек ниетіміз бар.

        Көп екенімізді, ел екенімізді көрсетелік:

Халық банк:

4402 5775 0180 1032

ИНН: 860718399050

      Ал, қолдап жіберейік, бір тиын болсада сол елге жеткізуді азаматтық борыш еттік!

       Шот жеке менің өз атымда, əр түскен тиын Монғолиядағы қазақтарға жол тартады!

      Ағайын, қолдап бөлісіп жіберіңіздер! Бұл менің ғана емес осындағы көп жігіттердің бірігіп көтеріп жатқан шаруасы, бір жағынан шығысалық!» - деп жазады.

       Қоғам белсендісінің ұсынысын қолдап, Атажұрттан алыстағы ағайынға көмек көрсетуге құштар жандардың саны артып келеді.

        https://baq.kz

толығырақ

      Қандай бір ойын-таласта бірі жеңеді, бірі жеңіледі. Ол заңдылық. 29 маусым күні Еліміз халқы өз таңдауларын жасап, Парламент депутаттарына дауыстарын берді. Еліміз өткен 2012-2016 жылдары экономикалық дағдарыс, баға өсімі қатарлы қиындықтарды бастан кешіріп, халық тұрмыс-тіршілігі біршама төмендеді. Алайда бұл экономикалық дағдарыс тек ғана бізде ғана емес әлем елдерінің көбінде байқалғанын айта кетейік. Еліміз экономикасы бәсендегенімен аймақтың экономикасында өсім байқалды.

      Барлық аймақтарда сайлаушылардың 75,5, ал астанамыз Улаанбаатарда 68 пайызы өз дауыстарын бергені өткен яғни 2012 жылғы Парламент сайлауымен салыстырғанда сайлаушылардың белсенділігінің артылғанын көрсетті.    

      Орталық сайлау комитетінен жариялаған мәліметтер бойынша, Парламент депутатына Моңғол халық партиясынан – 65, Моңғолия Демократиялық Партиясынан –9, Моңғол Халық Революциялық Партиясынан – 1, және 1 дербес ат ұсынушы сайланды.

     Бұл Моңғол Халық Партиясы үшін толағай жеңіс болса Моңғолия Демократиялық Партиясы үшін қатал жеңіліс болды. Әрине, бірінің жеңіп, келесісінің жеңілетінін барлығымыз білдік. Бұл даусыз халықтың таңдауы. Қай партия да, үміткер де оны кұрметтеуге тиіс.

      Алайда, биылғы сайлау жеке тұлғаны емес партияны таңдаған сайлау болған сыңайлы сезіле береді. Себебі Демократиялық партияның «арқасында» талай мықты, білікті, білімді, елінің ертеңін ойлаған азаматтар орта жолда, орындалмаған арманмен қалды десек қалт кеткендік болмас. Бірақ халық таңдауына сөгіс айту құқығы бізде жоқ.

      Алдымызда 4 жыл күтіп тұр. Моңғол халық партиясы осы жеңісті берген халқының үмітін ақтап, сайлауалды бағдарламаларын сөзсіз орындауы тиіс.

        Бірақ Моңғол халық партиясы осы 4 жылда елдің, халықтың жарқын болашағы үшін адал да әділетті қызмет етпесе оларды да таразыға салатын күн келеді. Бұл 4 жылды халық партиясы үшін сынақ деп білеміз.

        Моңғолия Парламентіне Баян-Өлгий аймағының 4-аумағынан Солтан Гомбыжайұлы, 5-аумақтан Бәделхан Қабдісламұлы, 6-аумақтан Мұрат Дәкейұлы сайланды. 

        Осы ағаларымыз еліміздегі азғантай қазақ ағайындарымыздың ұлттық мүддесін қорғап, рухани байлағын арттыру үшін еңбек етеді деп сенеміз.

       Жеңіске жеткен депутаттарды құттықтап, ақ-қызыл деп бөлінбей, елдің, жердің гүлденуі, халықтың игілігі үшін шын жүректен еңбек етуді сұраймыз.

        Б.Бота

      http://kaznews.mn/news.php?nid=666

толығырақ

Моңғолиядағы қазақ тілі пәні мұғалімі Айгүл Қали (арғы қатарда оң жақтан бірінші тұр) мен шәкірттері.

Моңғолиядағы қазақ тілі пәні мұғалімі Айгүл Қали (арғы қатарда оң жақтан бірінші тұр) мен шәкірттері.

         Қазақ тілі олимпиадасында жеңімпаз атанып, оқу гранттарын иеленгендер арасында Моңғолиядағы қазақ жастары да бар. Бірақ ол оқушылардың ұстазы елдеріндегі қазақ тілінің болашағына алаңдайтынын айтады.

      KATEV халықаралық қоғамдық қоры биыл өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасында бас жүлде алып, жоғары оқу орындарының грантына ие болған оқушылардың тізімін жариялады.

      Қазақстандағы бірнеше университетте тегін оқу мүмкіндігіне ие болған 40 шақты баланың арасында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тұратын қазақ оқушылар да бар. Биылғы «Жарқын болашақта» моңғолиялық қазақ жастарының бесеуі жеңімпаз атанған еді.

       Сол оқушылардың бірінің ұстазы, Өлгий қаласындағы №1 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Қали Моңғолиядағы қазақ тілінің жайы, ондағы қандастарының тұрмысы туралы әңгімеледі.

       Азаттық: - Оқушыларыңыздың Қазақстанда өткен жарыста көп жүлдеге ие болғанына қарағанда, Баян-Өлгий аймағындағы мектептерде қазақ тілін оқыту сапасы жақсы сияқты ғой?

      Айгүл Қали: - Биыл «Жарқын болашақ» олимпиадасынан балаларымыз бес алтын, төрт күміс, бір қола әкелді. Жалпы бұл ғана емес біздің аймақтың оқушылары жыл сайын Қазақстанда өтетін «Дарын» халықаралық қазақ тілі олимпиадасынан да үнемі грант жеңіп алады, яғни бұл оқу сапасының жаман еместігін дәлелдейді. Алайда қордаланған мәселелер жоқ емес. Қазақ тілін оқыту Баян-Өлгийде бұрынғыға қарағанда орташа деңгейде. Себебі, қазақ тілі пәніне бөлінетін сағат саны азайған, бағдарламаны әрең сыйғызамыз. Қазақ тілі мен әдебиетінің жылдық бағдарламасын Моңғолия білім министрлігінің оқу бағдарламасына лайықтап өзіміз дайындап алғанбыз. Аймақтық білім басқармасында қазақ тілін жауаптанған бір әдіскер жұмыс істейді. Және Улаанбатарда білім министрлігінің қасында «Қазақ балаларын оқыту секторы» жұмыс істейді. Соның бір әдіскері аймақтық білім басқармасында қызмет етеді.

Моңғолиядағы қазақ тілі пәні мұғалімі Айгүл Қали мен шәкірттері.

Моңғолиядағы қазақ тілі пәні мұғалімі Айгүл Қали мен шәкірттері.

          Олардың басшылығымен аймақ орталығындағы мектептерде істейтін алты мұғалім кеңесші топ дегенді құраймыз. Қазақ тіліне қатысты түрлі іс-шараларды, семинар, оқулық жазу, олимпиадаларды ұйымдастырамыз. Билік тарапынан белгілі дәрежеде қолдау бар. Десе де салмақ ұстаздарымыздың мойнында.

        Азаттық: - Сіздер Моңғолияда қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқулықтарын қайдан аласыздар? Қазақстанда басылған мектеп оқулықтары бойынша оқытасыздар ма, әлде Моңғолияда шығара ма?

       Айгүл Қали: - Оқулық жеткіліксіз. Қазақстанның мектеп бағдарламасы бізге толық сәйкес келмейді. Бірақ соған лайықталған кітаптарды жинақтап пайдаланамыз. Кей сыныпта бірнеше түрлі оқулықпен оқып жатқан жағдай бар. Оған қоса Қазақстаннан да бұрынғыдай оқулықтар келмейді. Алтыншы және жетінші сыныптарға арналған қазақ тілі оқулықтарын өзіміз дайындап, оны Моңғолия білім министрлігі екі жыл бұрын бастырып берген. Одан кейін қаржы таппай, ол ісімізді жалғастыра алмадық.

        Азаттық: - Баян-Өлгийдегі қазақ мектептерінің оқушылары қазақ тілі мен әдебиетінен өзге пәндерді қай тілде жазылған оқулықтар бойынша оқиды?

        Айгүл Қали: - Басқа пәндердің оқулығы түгелдей Улаанбаатарда моңғол тілінде басылады. Бұл оқулықтар жеткілікті. Бастауыш сыныптардың біраз оқулығын да Улаанбаатарда қазақша бастырып жүрген еді, соңғы кездері ол да азайып қалды. Бастауыштағы балалар моңғолша түсіне бермейді, мұғалім сондықтан моңғолша оқулықты қазақша үйретуге мәжбүр.

          Орта сыныптан бастап барлық пәндер моңғол тілінде өтеді. Жеке меншік мектептердің кейбірінде қазақ тілі сабағы мүлде жоқ. Мысалы, Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласындағы кей мектептерде сабақ үш тілде – ағылшын, түрік, моңғол тілдерінде оқытады. Жалпы, қазақ тіліне сұраныс аз, қысым да бар.

        Азаттық: - Қазақтар тұратын аймақта қазақ тіліне сұраныс азаюының себебі не? Қандай қысым бар?

Мемлекеттік емтихан, жоғары оқу орындарына түсердегі конкурс– бәрі моңғол тілінде. Осының кесірінен біздің аймақтан барған балалар конкурста төмен балл жинайды. Сол себепті ата-аналар соңғы жылдары балаларын моңғол мектептеріне көп беріп жатыр.

       Айгүл Қали: - Мемлекеттік емтихан, жоғары оқу орындарына түсердегі конкурс– бәрі моңғол тілінде. Осының кесірінен біздің аймақтан барған балалар конкурста төмен балл жинайды. Сол себепті ата-аналар соңғы жылдары балаларын моңғол мектептеріне көп беріп жатыр. Балаларын Қазақстаннан оқытқысы келетіндер болмаса, қазақ тіл деп жүгіретіндер аз. Өзара сөйлесу қазақша болған соң, Баян-Өлгийдегі қазақтар қазақ тілінің бағасын білмей жатқан шығар. Бірақ осылай моңғолшаға бет бұра берсек, біраз жылдан кейін бұл аймақтағы қазақ тілінің тағдыры қиындау болар деп қорқамын.

         Азаттық: - Моңғол үкіметінің елдегі этникалық азшылық – қазақтарға қатысты саясаты қандай?

          Айгүл Қали: - Жалпы біздің аймақты моңғолдар бөлекше қабылдайды. Бізге келгендері «шетелге келгендей әсер аламыз, өйткені тіл, дәстүр, киімдеріңнен бастап бәрі бөлек»деп жатады. Бұл біздің аймақтың өзіндік ерекшелігін танытса керек. Осыдан-ақ елдің саяси көзқарасын аңғаруға болар.

         Баян-Өлгийге елдің басқа аймақтарынан көшіп келіп қоныстанып жатқан моңғол азаматтары да біршама болып қалды. Себебі біздің аймақта тіршілік ету негізі жеңіл, үш елмен – Қазақстан, Қытай, Ресеймен тікелей араласып тұрамыз, соған қызығады. Аймақтың дамуы жаман емес. Қазақ шаруашыл елміз ғой, көштен қалмай келе жатырмыз. Халықтың жағдайы да пәлендей нашар емес, дегенмен ел болған соң ала-құла бола береді ғой.

Жайлауда отырған Монғолия қазақтары. 13 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Жайлауда отырған Монғолия қазақтары. 13 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

         Азаттық: - Аймақтарыңыздағы қазақ тіліндегі ақпарат құралдарының жағдайы қалай? Моңғолиядағы қазақтар ата-мекендеріндегі – Қазақстандағы оқиғалардан хабардар болып отыра ма?

        Айгүл Қали: - Баян-Өлгийде күнде кешке бір сағаттық радио хабар қазақша жүріледі. Үш-төрт жеке меншік телеарна да бар. Өлгийдегі қазақ тіліндегі бірнеше газет үздік-создық шығып тұрады. Ал Қазақстанның барлық телеарналарын көре аламыз. Малшылар да Отау ТВ не басқа да спутниктік каналдар арқылы Қазақстанның және Қытайдың қазақша телехабарларын көре алады. Ал қазақстандық газет-журналдарды тапсырып алдыратындар бар. Өзім де жүрген-тұрғаннан алғызып тұрамын.

        Мұндағы қазақтар Қазақстанда болып жатқан маңызды оқиғалардан үнемі хабардар болып отырады. Мысалы, соңғы кездері сөз болған жерге қатысты дауды да естідік. Ешкім көңіл бөлмей қалмайды ондай жағдайда. Әлеуметтік желі арқылы пікірлерін білдіріп жатады.

        Азаттық: - Сұхбат бергеніңізге рақмет!

         Ермек ТІЛЕГЕН

        http://kerey.kz/?p=7610

толығырақ

       Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Ибагимұлы Қобландин 3 маусымда Ұлан-Батырдағы қазақ қандастар өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Моңғолиядағы Қазақстан Елшілігінің сайтында жарияланды.

         Кездесуге Ұлан-батырдағы қазақ қоғамдастығы төрағасы А.Рәміш, қоғамдық қайраткерлер мен жазушылар С.Тәукей және И.Қабыш  және басқалары қатысты.

     Елші қатысушыларға Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық  және саяси салалардағы өзекті мәселелер, 9-шы Астана экономикалық  форумы, ЭКСПО-2017  және 2017 жылы өтетін қысқы Универсиада, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы барысында Елбасы ұсынған бастамалар және «Әлем. XXI ғасыр» манифесті туралы ақпарат берді. Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында қолға алынатын шаралар туралы пікір алмасылды.

           Өз кезегінде моңғолиялық қазақ қандастар өкілдері Қазақстан аумағынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтарға деген Елшілік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға алғыстарын білдіріп, олардың бүгінгі таңдағы көкейтесту мәселелері мен жетістіктеріне тоқталды.

толығырақ

Моңғолиядағы қазақ тілі пәні мұғалімі Айгүл Қали (арғы қатарда оң жақтан бірінші тұр) мен шәкірттері.

       KATEV халықаралық қоғамдық қоры биыл өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасында бас жүлде алып, жоғары оқу орындарының грантына ие болған оқушылардың тізімін жариялады.

      Қазақстандағы бірнеше университетте тегін оқу мүмкіндігіне ие болған 40 шақты баланың арасында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тұратын қазақ оқушылар да бар. Биылғы «Жарқын болашақта» моңғолиялық қазақ жастарының бесеуі жеңімпаз атанған еді.

     Сол оқушылардың бірінің ұстазы, Өлгий қаласындағы №1 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Қали Моңғолиядағы қазақ тілінің жайы, ондағы қандастарының тұрмысы туралы әңгімеледі.

      Азаттық: - Оқушыларыңыздың Қазақстанда өткен жарыста көп жүлдеге ие болғанына қарағанда, Баян-Өлгий аймағындағы мектептерде қазақ тілін оқыту сапасы жақсы сияқты ғой?

       Айгүл Қали: - Биыл «Жарқын болашақ» олимпиадасынан балаларымыз бес алтын, төрт күміс, бір қола әкелді. Жалпы бұл ғана емес біздің аймақтың оқушылары жыл сайын Қазақстанда өтетін «Дарын» халықаралық қазақ тілі олимпиадасынан да үнемі грант жеңіп алады, яғни бұл оқу сапасының жаман еместігін дәлелдейді. Алайда қордаланған мәселелер жоқ емес. Қазақ тілін оқыту Баян-Өлгийде бұрынғыға қарағанда орташа деңгейде. Себебі, қазақ тілі пәніне бөлінетін сағат саны азайған, бағдарламаны әрең сыйғызамыз. Қазақ тілі мен әдебиетінің жылдық бағдарламасын Моңғолия білім министрлігінің оқу бағдарламасына лайықтап өзіміз дайындап алғанбыз. Аймақтық білім басқармасында қазақ тілін жауаптанған бір әдіскер жұмыс істейді. Және Улаанбатарда білім министрлігінің қасында «Қазақ балаларын оқыту секторы» жұмыс істейді. Соның бір әдіскері аймақтық білім басқармасында қызмет етеді.

Моңғолиядағы қазақ тілі пәні мұғалімі Айгүл Қали мен шәкірттері.

Моңғолиядағы қазақ тілі пәні мұғалімі Айгүл Қали мен шәкірттері.

       Олардың басшылығымен аймақ орталығындағы мектептерде істейтін алты мұғалім кеңесші топ дегенді құраймыз. Қазақ тіліне қатысты түрлі іс-шараларды, семинар, оқулық жазу, олимпиадаларды ұйымдастырамыз. Билік тарапынан белгілі дәрежеде қолдау бар. Десе де салмақ ұстаздарымыздың мойнында.

        Азаттық: - Сіздер Моңғолияда қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқулықтарын қайдан аласыздар? Қазақстанда басылған мектеп оқулықтары бойынша оқытасыздар ма, әлде Моңғолияда шығара ма?

      Айгүл Қали: - Оқулық жеткіліксіз. Қазақстанның мектеп бағдарламасы бізге толық сәйкес келмейді. Бірақ соған лайықталған кітаптарды жинақтап пайдаланамыз. Кей сыныпта бірнеше түрлі оқулықпен оқып жатқан жағдай бар. Оған қоса Қазақстаннан да бұрынғыдай оқулықтар келмейді. Алтыншы және жетінші сыныптарға арналған қазақ тілі оқулықтарын өзіміз дайындап, оны Моңғолия білім министрлігі екі жыл бұрын бастырып берген. Одан кейін қаржы таппай, ол ісімізді жалғастыра алмадық.

        Азаттық: - Баян-Өлгийдегі қазақ мектептерінің оқушылары қазақ тілі мен әдебиетінен өзге пәндерді қай тілде жазылған оқулықтар бойынша оқиды?

        Айгүл Қали: - Басқа пәндердің оқулығы түгелдей Улаанбаатарда моңғол тілінде басылады. Бұл оқулықтар жеткілікті. Бастауыш сыныптардың біраз оқулығын да Улаанбаатарда қазақша бастырып жүрген еді, соңғы кездері ол да азайып қалды. Бастауыштағы балалар моңғолша түсіне бермейді, мұғалім сондықтан моңғолша оқулықты қазақша үйретуге мәжбүр.

       Орта сыныптан бастап барлық пәндер моңғол тілінде өтеді. Жеке меншік мектептердің кейбірінде қазақ тілі сабағы мүлде жоқ. Мысалы, Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласындағы кей мектептерде сабақ үш тілде – ағылшын, түрік, моңғол тілдерінде оқытады. Жалпы, қазақ тіліне сұраныс аз, қысым да бар.

        Азаттық: - Қазақтар тұратын аймақта қазақ тіліне сұраныс азаюының себебі не? Қандай қысым бар?

Мемлекеттік емтихан, жоғары оқу орындарына түсердегі конкурс– бәрі моңғол тілінде. Осының кесірінен біздің аймақтан барған балалар конкурста төмен балл жинайды. Сол себепті ата-аналар соңғы жылдары балаларын моңғол мектептеріне көп беріп жатыр.

      Айгүл Қали: - Мемлекеттік емтихан, жоғары оқу орындарына түсердегі конкурс– бәрі моңғол тілінде. Осының кесірінен біздің аймақтан барған балалар конкурста төмен балл жинайды. Сол себепті ата-аналар соңғы жылдары балаларын моңғол мектептеріне көп беріп жатыр. Балаларын Қазақстаннан оқытқысы келетіндер болмаса, қазақ тіл деп жүгіретіндер аз. Өзара сөйлесу қазақша болған соң, Баян-Өлгийдегі қазақтар қазақ тілінің бағасын білмей жатқан шығар. Бірақ осылай моңғолшаға бет бұра берсек, біраз жылдан кейін бұл аймақтағы қазақ тілінің тағдыры қиындау болар деп қорқамын.

       Азаттық: - Моңғол үкіметінің елдегі этникалық азшылық – қазақтарға қатысты саясаты қандай?

     Айгүл Қали: - Жалпы біздің аймақты моңғолдар бөлекше қабылдайды. Бізге келгендері «шетелге келгендей әсер аламыз, өйткені тіл, дәстүр, киімдеріңнен бастап бәрі бөлек»деп жатады. Бұл біздің аймақтың өзіндік ерекшелігін танытса керек. Осыдан-ақ елдің саяси көзқарасын аңғаруға болар.

      Баян-Өлгийге елдің басқа аймақтарынан көшіп келіп қоныстанып жатқан моңғол азаматтары да біршама болып қалды. Себебі біздің аймақта тіршілік ету негізі жеңіл, үш елмен – Қазақстан, Қытай, Ресеймен тікелей араласып тұрамыз, соған қызығады. Аймақтың дамуы жаман емес. Қазақ шаруашыл елміз ғой, көштен қалмай келе жатырмыз. Халықтың жағдайы да пәлендей нашар емес, дегенмен ел болған соң ала-құла бола береді ғой.

Жайлауда отырған Монғолия қазақтары. 13 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Жайлауда отырған Монғолия қазақтары. 13 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

       Азаттық: - Аймақтарыңыздағы қазақ тіліндегі ақпарат құралдарының жағдайы қалай? Моңғолиядағы қазақтар ата-мекендеріндегі – Қазақстандағы оқиғалардан хабардар болып отыра ма?

       Айгүл Қали: - Баян-Өлгийде күнде кешке бір сағаттық радио хабар қазақша жүріледі. Үш-төрт жеке меншік телеарна да бар. Өлгийдегі қазақ тіліндегі бірнеше газет үздік-создық шығып тұрады. Ал Қазақстанның барлық телеарналарын көре аламыз. Малшылар да Отау ТВ не басқа да спутниктік каналдар арқылы Қазақстанның және Қытайдың қазақша телехабарларын көре алады. Ал қазақстандық газет-журналдарды тапсырып алдыратындар бар. Өзім де жүрген-тұрғаннан алғызып тұрамын.

      Мұндағы қазақтар Қазақстанда болып жатқан маңызды оқиғалардан үнемі хабардар болып отырады. Мысалы, соңғы кездері сөз болған жерге қатысты дауды да естідік. Ешкім көңіл бөлмей қалмайды ондай жағдайда. Әлеуметтік желі арқылы пікірлерін білдіріп жатады.

        Азаттық: - Сұхбат бергеніңізге рақмет!

        http://www.azattyq.org/a/kazakhstan_mongolia_kazakhs/27739891.html

толығырақ

       Хакім Абай «Әннің де естісі бар, есері бар» дейді. Сол сияқты әншінің де естісі бар еді... Ендеше, солардың бірі ғана емес бірегейі өткен ғасырдың үні, қазақтың әйгілі әншісі – Жәнібек Кәрменов. Кешегі арқа дүлдүлдері Біржан сал, Ақан сері, Әсет, Ыбырай тәрізді ақын, әншілердің жалғасы болған Жәнібек жаратылысы ерекше жан еді.         Олай дейтініміз, 1990 жылдың басында Бай-Өлкеде біздің өлкеде (Моңғолия) болған өнер сапарында дүйім жұртты таң қалдырып таңдай қақтырғаны кеше ғана болған секілді. Сахнада бұлбұлдай сайраған әніне тәнті болмаған адам қалмады. Ол кезде біз жеткіншек бала кезіміз болса да әлі есімізде. Кеше ғана болғандай. Жәкең ұлы Абай топырағында туған әншілігі мен қатыр ақын да еді. Оның айғағы қазіргі Р.Стамғазиев орындап жүрген өмір жайлы толғауын естіген жан елең етпей терең түсінбей қоймас.

Опасыз мына дүние,
Тұтқа болған кімдерге.
Өмірдің соңы өкініш,
Санамен ойлап білгенге,
Қадірі болмас адамның,
Ортаңда тірі жүргенде,
Орны қалар ойсырап,
Бір күні көрге кіргенде.
        Пай, пай, осыдан артық қандай айту бар?! Ақындық деп осыны айтса керек. Иә, бүгінгі біздің өркениетті деген заманымызда да «күн үшін жүрген қулар» аз ба?.. Бұл толғаудағы бірер шумақ төңірегіндегі мысал ғана әйтпегенде әрбір жолының өзі асыл қазынаға толы.
      Қиыннан қиыстырып қана қоймай жүректі дөп басып айтатын толғаудағы әр сөз қазір әр қазақтың жүрегінің түбінде. Қарауылда туған қас қыранның мұнша тебіреніп толғаған толғауын тыңдаған жан Абай келіп қалғандай күйге енеді немесе дана Абайдың өзінен тәлім алған шәкірті ме деп қалардай. Біздегі қазақ радиосы алтын қорында сақтаулы болса өзгенің емес Жәкеңнің өзінің дауысымен сол толғауды қайта бір естігім келіп-ақ тұратынын қайтейін. Мен ғана емес ән сүйер қазақ баласы да терең ықыласпен қабылдаған ерекше назды да сазды тұсын ауызбен айтып жеткізудің өзі қиын. Жоғарыдағы айтқан толғауындағы бір шумақта:
Қарашада қара үй тұр
Қарайлай жүр артыңа, - деген жері кездеседі. Қандай тереңдік, шеберлік, мұхиттай шексіздік. Поэзия әлеміне емін-еркін еніп кеткендей. Жәкең әнші ғана емес, зерттеуші де болғанын кейін білдік. Жәкеңнің өнер тақырыбына, өнер саласына арналған «Ақылбайдың әні», «Ғашықтың тілі», «Махаббат әні» қатарлы кітаптары көзі тірісінде жарық көріпті. Небәрі қамшының сабындай 43 жыл өмір сүрген ғұмырында артына өшпес мұра өнер қалдырып кетті. Ұрпаққа ұлағат боларлық іс жасады. 1992 жылы көгілдір экраннан Жәкең мен Ақселеу Сейдімбековтің тамаша сұхбаты шықты. Сонда аяулы әнші Әсет ақынның Кемпірбайдың науқастанып жатқанында көңілін сұрай барып, бақұлдасатын қос алып ақынның соңғы сәтін тамаша жеткізе білді. Сол тұста тебіренбеген қазақ жоқ еді. Кейін қаншама әншілер жайлы зерттеулер берілсе де Жәнібек Кәрменов жайлы көп айтылмай жүргені көңілге мұң ұялатады. Ардақтыны – ардақты деу лайық. Бұлбұлдай сайраған бұл әнші біздің елімізге яғни Бай-Өлке топырағына келіп ән салған сапарында, менің әкем (Боқаш) қатты тамсанып қалып еді. Ол өзгеше үні, өзгеше мәнері, өзгеше мәдениеті бар әнші еді. Бозбала кезімізде өзімізше еліктеп-солықтап жүруде де шығарған едік. Кейін әке-шешем қатарлы ауыл ақсақалдарына дейін Жәкең әншінің біраз әндері мен өмір туралы толғауын айтатынымды біліп, маған үнемі ән салдыратын. Бірақ ол әндерді мен ғана емес менен гөрі бүгінде Қазақстан елінде өмір кешіп жатқан ағам ұшақ-командирі Мұрат Дөтейұлы деген азамат тамаша орындайтын. Жәкеңнің әсіресе «Домбыра» әнін орындау мәнері ерекше сазды да назды сағынышқа толы мұң еді.
Саған ғана жан сырымды ашайын,
Саған ғана маржанымды шашайын.
Сен сөйлесең тербіреніп домбырам,
Қоңыр кеште қоңыр әнге басайын.
        Бейне қара домбыраның өзі сөйлеп кеткендей әсер аласыз. Одан әрі де төгілте жөнеледі.
        Қайырмасына келген аққу үндес әнші дауысы естіген елтіген жанды еріксіз далалық сезімге, даналық сезімге бойлатады.
Ән домбырам, сән домбырам,
Толқытшы бір жанымды.
Аққу сазым, көңіл назым, (Келесі бір қайырмасында «Қоңыр қазым» деп жүреді)
Шырқашы бір әніңді.
         Қандай керемет терең толқу, тебірену. Әнші ән құдіретіне өзі ғана еніп кеткендей. Бір өзі әнгі, домбыраға айналып кеткендей көрінетін еді...
        Ал, онан басқа да әндері кілең бірінен-бірі өтеді. Десе де «Даламдай дархан көңілі» деп басталатын қарттарға арналған әнін кешке қарай мал қоралап болған соң әкем марқұм маған көп орындататын. 
Даламдай дархан көңілі,
Көктемдей жомарт жандар-ай
Сәуледей аппақ-ау пейілі,
Қазақтың қайран қарттары-ай,
Өзіңе мәңгі қарыздар,
Ұрпақтарың арттағы-ай, - деп алыстан тербеп келетін жолдарымен қатар ауыл ақсақалдарының әрекетін дөп басатын да тұсы бар.
      Жәкең ән салса байырғы қазақ даласы сөйлеп кеткендей болады. «Қыдыртып қойып шақшасын» - дегендей Жәкең өзі де шақшасын жанынан тастамайтынын көрдік, біздің өлкеге келген сапарында. Және ашық жарқын әсіресе қарияларға жақын кіммен де болса тіл табысып кететін жан екен.
        Театр сахнасында Жәкеңмен жүздескен қазір біздің өлкеде мекендейтін жандар көптеп кездеседі. Тіпті ақын Қызай Бақтыбайұлы кезінде Жәкеңе арнап «Сырымбетке шырқашы» деген өлең де жазыпты. Жәнібек аға жайындағы ескірмес естеліктер біздің өлкеде жетерліктей. Бірақ, бәрін айтуға мүмкіндік болмады. Кейінірек толықтап берермін деген үміттемін.
      Әкем той-томалақта қариялармен бас қоса қалса болды осы әнді айтқызатын-ды. Кейіннен білдім, Жәкең марқұм сол әндердің мәтіні мен сөзін өзі шығарыпты-ау. Қандай талант. Шексіз дарын десеңізші. Әттең-ай, ғұмыр жасы жетпеді-ау. Әйтпегенде, халқына берер рухани қазынасы мол-ақ еді дейсің де қоясың іштей. Олай дейтінім, 1992 жылы ағама ілесіп Атажұртқа бардым. Менің кеудемде Жәнібек Кәрменовтай әнші болсам, сол ағама бір кезіксем-ау деген сағынышқа толы бір арман болды. Бірақ сол жылдың маусым айында ол кісі өмірден өткендігін кейін естіп білдім. «Өкінішті, көп өмір кеткен өтіп...» дегендей мен әнші болмадым, өзімше ақын болдым. Әншілігім ауыл арасындағы «алты ауыз» болды. Қарапайым малын баққан ауылдың баласы едік. Бірақ, ән өнерін, әсіресе дәстүрлі ән өнерін ерекше қастерлейтінбіз. Бірер әндерді кішігірім той-томалақтарда айтып та беруге дайын тұрам. Әсіресе Жәкеңнің әндері еріксіз жүрек тербеп тұратынын қайтерсіз. Кейде Жәнібек Кәрменовтың өзіндей ұрпақтары әке жолын жалғасырды ма екен деп те ойланасыз. Соңғы жылдары ақпарат саласында Шаһ-керім атты бір ұлын көріп қуанып қалдық. Сол ұлы әке жолын жалғап әнші болмаса да әкесіндей абыройлы болын деп тілекші болдық. Жәкең халықтың Жәкеңі. Жәкеңмен тұстас Қайрат Байбосыновтай біртуар ағамыздың да ертеден бері алыста жатсақ та әсем әндерін сүйіп тыңдаймыз. Жәкеңнің соңын жалғаған бірегей әнші Бекболат Тілеуханов та жақсы әнші. Толғанбай Сембай, Рымазан Стамғазиев, Еркін Шүкіман, Ербол Айтбаев, Ерлан Рысқали, Ықылас Ожайұлы қатарлы әншілер де қазақтың әншілігмен қоса болмыс-бітімі жатыр. 
        Жәнібек жайлы сөз мұнымен бітіп пе?! Енді Жәкеңнің өзінің айтқан әніндерін телевизор, радио хабарларынан беріліп тұрса деген ақжолтай тілегіміз де бар, атажұрттан. «Адам боп келдім өмірге, адам боп өтсем тілегім...» деп өзі айтқан абыройлы да әйгілі әнші Жәнібек Кәрменовтың рухы ән көгінде мәңгі қалықтай бермек.

          Жанат Боқашұлы, ақын, тарихшы  
          Моңғолия, Бай-Өлке уәлияты 

         Baq.kz

толығырақ

0fc26a2d35b7bf5f9cd9cf39654c0d18.jpg

    Баян-Өлгий аймағының Денешынықтыру және спорт басқармасы елімізде үздіктер қатарынан көрінді. Анығырақ айтсақ бұл ұжым еліміздегі 31 Денешынықтыру және спорт басқармалары арасынан үздік шығып  «Өте жақсы» деген бағамен  2-орын иеленді.

   Баян-Өлгий аймағының Денешынықтыру және спорт басқармасы бастығы Қайнар Қайсанайұлы аймағымыздың спортшыларының жетістіктері туралы оқырман қауымға танысытырып берді.

 

Баян-Өлгий аймағының спортшылары 2013 жылы  16 алтын, 18 күміс, 24 қола, барлығы 58 медаль, 2014 жылы 19 алтын, 21 күміс, 32 қола, барлығы 72 медаль,  2015 жылы 22 алтын, 19 күміс, 37 қола медаль, барлығы 81 медаль иеленген болса оның 45 медалын ел біріншілігінен жеңіп алған. Яғни соңғы үш жылда  211 медаль аймағымызға тиесілі болды.

Соның нәтижесінде аймағымыз спортшылары арасынан  спорт шеберіне кандидат 24, спорт шебері 23, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 4 спортшы жаңадан туып шыққан.

 

      http://kaznews.mn/news.php?nid=623

толығырақ

        20th Century Fox Animation студиясы ең жас бүркітші ретінде күллі әлемге танылған Моңғолиядағы қазақ қызы туралы жастар аудиториясына арналған шытырман оқиғаға толы деректі фильмнің ремейкіне құқықты сатып алу бойынша келіссөзді аяқтап қалды, деп хабарлады Hollywoodreporter.com.

      Фильмге құқықты сатып алу ерекше қадам ретінде бағалануда, 20th Century Fox Animation студиясының бәсекелесі - Sony өзінің Sony Pictures Classics лейблінің көмегімен деректі фильмге солтүстікамерикалық құқықты сатып алды. Бұл мәміле 2 млн доллар деңгейінде бағалануда. Сондай-ақ Латын Америкасы, Германия, Австралия, Жаңа Зеландия, Скандинавия және Азияға тарату құқығын қамтиды.  20th Century Fox Animation ремейк түсірілімінің әлеуетін қарастырды. Студия деректі фильм желісімен ертегі түсіруді жоспарлауда, қазір келіссөздер жүріп жатыр.

       Режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntres» деректі фильмі ата-баба дәстүрін жалғастырып, бүркітшілік кәсіпке ден қойған қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып туралы болмақ.

      Отто Белл Ұлыбритания режиссері, бірақ Нью-Йоркте жұмыс істейді. Ол 15-ке жуық қысқа метражды фильм түсірген. Айшолпан әкесімен бірге фильмді көрсету үшін  Моңғолиядан АҚШ-қа келген.

     




         http://www.inform.kz/kaz/article/2891736 

толығырақ

09ff9a7882fca5c67432c92c34f02dd6.jpg

       Улаанбаатар қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі аяқталды. Бұл додаға Баян-Өлгий аймағынан қатысқан атлеттер екі алтын, бір күміс және екі қола жүлдені қанжығаға байлады.

 

- 41 келідегі салмақ дәрежесі бойынша Б.Қызыр алтын медаль,

- 62 келідегі салмақ дәрежесі бойынша Т.Ибрахим алтын медаль,

- 77 келідегі салмақ дәрежесі бойынша Д.Сабырбол күміс медаль,

- 51 келідегі салмақ дәрежесі бойынша Т.Арай қола медаль,

- 50 келідегі салмақ дәрежесі бойынша М.Алтынбек қола медаль иеленді.

http://kaznews.mn/news.php?nid=613

толығырақ

b6e67394021210f28a7b4618d25aef43.jpg

      Моңғолияда тұратын 38 жастағы этникалық қазақ Алаубек Әбділұлы 1994 жылы ондағы мемлекеттік университеттің математика факультетін бітірген соң ғылыммен шұғылданған. Германияның Дармштадт техника университетінде информатика саласында доктор атанған азамат кейін бизнеске кетіп қалған. Ол Азаттыққа берген сұхбатында ғылым мен бизнестің бір-бірімен байланысы жайлы да айтты.

         Азаттық: - Алаубек мырза, әңгімемізді балалық шағыңыздан өрбітсек? Қандай сәттер есіңізде қалды?

       Алаубек Әбділұлы: - 1978 жылы мен туғанда әке-шешем Моңғолияның астанасы Улаанбаатардағы «Дэнжийн мянгат» ауылында пәтер жалдап тұрыпты, одан кейін «100 ауыл» деген жерде киіз үйде өмір сүріпті. Мен ес білгенде әке-шешем бір бөлмелі пәтер алған.

     Өскен ортам тек моңғол ұлтының өкілдері болды. Сол себепті ана тілімде аздап қиналатыным бар. Мектепке жеті жасымда бардым, оқуға озат болдым. Мектепте математика, физика пәндеріне жетік болдым. 9-сыныпта оқып жүргенімде 10-сыныптың есептерін қиналмай шығара беретінмін. Соны білетін ұстаздарым университетке құжат тапсыруға кеңес берді. Сол себепті 9-сыныпты бітіргеннен кейін бірден 10-сыныптың емтихандарын тапсырып, куәлік алдым. Өз қатарластарымнан бұрын орта мектепті аяқтап, 16 жасымда Моңғолия мемлекеттік университетіне студент боп қабылдандым.

      Азаттық: - Моңғолияда экономикалық ахуал нашарлаған 1990 жылдары студент болу қиын соқпады ма?

      Алаубек Әбділұлы: - 1990-жылдардың басы анық есімде. Тамақ аз, ақша жоқ, нанға май жағып, үстіне себетін қант тапсақ торт жегендей болушы едік. Әсіресе өтпелі кезеңдегі мен сияқты жастар үшін тіпті қиын. Студенттер арасында сабаққа көңіл бөлгендер аз, мұғалімдер сабақ үйрету мен сауда жасаудың арасында теңселіп қалған. Оқуға толығынан мойынсұнып, қозғалмай сабақ жаттайтын мүмкіндік аз болды. Математика – тұрақты оқып, көп ойлап, аз сөйлеуді талап ететін пән. Менің мінезім де соған сәйкес – ауыр, аз сөйлейтін, шұқшиып көп ойланып отыруды жақсы көретінмін.

       Азаттық: - Университетті аяқтаған соң ғылыммен шұғылданған екенсіз. Ол салада қандай жетістікке жеттіңіз?

        Алаубек Әбділұлы: - Университет бітіргеннен кейін өзім білім алған оқу орнында, сондай-ақ менеджмент академиясында сабақ бердім.

      2001 жылы қызметімді тастап Германияға кетуге бел будым. Өйткені ғылым жағынан Германия университеттері – Еуропаның алдыңғы қатарында. Оның үстінде университетке ілесіп шыдасаң, оқу тегін. Тіл үйрену, зерттеу жасау негізгі мақсатым еді. Дюссельдорф қаласындa неміс тілінің жедел курсында тіл үйрендім. 2003 жылы Бонн университетіне арнаулы зерттеуші болып жұмысқа қабылдандым. 2004 жылы Дармштадт теxникалық университеттің информатика факультетінде зерттеу жұмысымды бастап, 2009 жылы жаратылыстану ғылымдарының докторы (Doctor of Natural Sciences – Dr.rer.nat) дәрежесін қорғап шықтым.

       Азаттық: - Бірақ осыншама ғылыми ізденістен кейін бәрін тастап бизнеске кетіпсіз. Оған не себеп болды?

      Алаубек Әбділұлы: - Менің ізденістерім, ғылым зерттеулерімнің барлығы бизнеспен тікелей байланысты. Бизнес деген тек алу мен сату емес, ол жерде де толып жатқан есеп бар. Ғылыми ізденістерімді практика жүзінде пайдаланып көргім келді. Анамның сонау нарықтық экономика басталған жылдары өз қолымен іргетасын қалаған «Дакал Фарма» компаниясын әрі қарай дамыту керек болды. Сол себепті 2012-2013 жылдары Голландияның (Нидерланд - ред.) Роттердам Эразмус университетінің менеджмент мектебін бизнес басқару магистрі мамандығы бойынша оқып шықтым. 2013 жылдан бастап компанияда директор орынбасары, қазір директоры қызметін атқарып келемін. Компаниямыз орташа ғана. Негізгі қызметі – ауруханаға қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді жеткізіп беру.

     Азаттық: - Отбасыңызда өзіңізден басқа ғылыммен  шұғылданатын адам бар ма?

    Алаубек Әбділұлы: - Жұбайым Раиса Каирдегі Америка университетінің бакалавриатын, Лондон университетінің шығыстану және Африканы зерттеу институты магистратурасын тәмамдаған, Роттердам менеджмент мектебінде қаржылық басқару магистрі мамандығын алған. 2015 жылдан бері Улаанбаатардағы халықаралық орта мектепте басқарма мүшесі.

     Екі балам бар. Үлкені – тоғызда, кішісі – бір жаста.

      Азаттық: - Сұхбатыңызға рахмет.

     http://kaznews.mn/news.php?nid=607

толығырақ

056b2fbf225987bc75b959173279abf1.jpg

 
       

      Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген қайраткері, Біріккен Ұлттар ұйымының әлемдік әншісі, Қазақстан жастар сыйлығының иегері, актер әрі әнші Нұрлан Албан, шәкірті «Қазақстан дауысы-2015» байқауының жеңімпазы Мұратбек Қайроллаұлымен бірге Баян-Өлгий аймағында ойналатын концерті өтті.

     http://kaznews.mn/news.php?nid=599

 

толығырақ

3fb37bbf88c34f638e2c27be5b11a617.jpg

         Наурыз мейрамы қарсаңында елбасы бірқатар азаматтарға мемлекеттік атақ, орден, медальдар табыстады.

      «Еңбек сіңірген спортшы» құрметті атағымен Бодибилдингтен әлем чемпионы Нұрлан Жүнісұлы марапатталды.

     -       Бодибилдинг спорты бойынша алғашқы еңбек сіңірген спортшы атандыңыз. Құттықтаймыз.

       Рахмет. Моңғолия бодибилдинг спорты тарихында алғашқы еңбек сіңірген спортшы атағымен марапатталғаныма өте қуаныштымын. Моңғолияның төрт дүркін чемпионы атандым. Бұл спорттан алғаш рет әлем чемпионы  деген атақпен елге оралдым. Көптеген еңбек сіңірген спортшылар бұл спорттан туып шығуына тілектеспін. Барлық спортшыларға тек ғана жеңіс тілеймін.

       Сөз соңында барша қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

толығырақ

       Баян-Өлгийлік жас публицист Барбол Қашуұлының «Баян-Өлгий Аймағының Балуандары» атты кітабы жарық көрді.Кітапта Баян-Өлгий аймағы ресми құрылған 1940 жылдардан бері халықаралық, мемлекеттік, аймақтық жарыстарда топ жарған атақты балуандар жайлы жазылған. Аталған балуандардың түрлі атақ-дәрежесі, тіпті әскери шендері де бар.
Қазірше моңғол тілінде жарық көрген басылым оқырмандар арасында жақсы сұранысқа ие болуда екен. Автордың өзі аталған еңбегін жақында қазақ тіліне аудартып, қалың оқырманға тіпті де кеңірек таныстырғысы келеді. 
    Сонымен қатар, алдағы уақытта кітабын Атажұрт Қазақстанға да жеткізіп, Алматы мен Астана қаласы және өзге облыстардағы оқырмандарға ұсынбақ. 

     Baq.kz 

толығырақ

     Баян-Өлгийде алғаш рет аз уақатта 1 миллион сомның кітабы сатылып кетті.

     Аңдатпа: Анау жолы Алтайға кәпірлерді кіргізбеймін-деп жан таласып соғысып жанын берген ұлы тұлға Оспан Исламұлы жайлы зарттеп жазған, сосын ғылыми еңбек қорғаған Сұраған Рақметұлының құнды кітабы шығыпты- деп жар салғанымыз естеріңізде болар.

     Тарих: (Оспан зертеушілер үшін тарихи күн) 3 наурыз күні Оспан батыр Бәйтіктегі Алатөбе маңында Монголия тарапымен кездескен, келісімге келген тарихи күн:

     Бүгін: Сұраған Рақметұлы осы бір даталы күнге орай Оспан батыр жайлы зерттеп жазған кітабының тұсаукесер салтанатын 3 наурызға туралап ұйымдастырған екен. Кітаптың ашылу салтанатына шағын ғана адам келсе де, 1 миллион төгрөгтің (шамамен 170 мың теңге)  кітабы сатылды.

      Статистика: Аймағымыз тарихында аз уақытта 1 миллион сомның кітабы сатылып кетіуі тұңғыш рет болып отыр. Бір кітаптың құны 20 мың төгрөг болған.

      Ал Сұраған Рахметұлының аталмыш кітабының құрамы былай.
      Бірінші бөлімде: Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы, Шыңжаңдағы ахуал. Аз ұлттардың азаттығы үшінгі талпынысы.
   Екінші бөлімде: Моңғолия жерін мекендеген қазақтардың қоғамдық өмірінің әрқилы нәзік тұстары кестеленеді. Сонымен қатар Моңғолия қазақтарының басынан өткен оқиғалары яғни Жалама оқиғасы, «Кенжебек айдаған» 30-шы жылдардағы оқиғалар және Сталиндік қудалау қатарлы көптеген көмес қалған тарихнамалардың нақты деректері ашылады. Сонымен қатар Өр Алтайдан бері асқан қазақтар, Өр Алтайға қарай көшкен ел-жұрттың жай-күйі һәм басынан өткендерінен мағлұматтар өріледі.
     Үшінші бөлімде: Батыс шекарадағы орын алған саяси-әскери оқиғалардың бір парасы нақты деректермен беріледі. Сындарлы маршал, Үкіметбасы Хорлоогийн Чойбалсан Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының бас қолбасшысы Оспан батыр Ісләмұлының кездесулеріне қатысты тың деректер осы бөлімде егжей-тегжейлі сараланады.
     Кітаптың соңғы бөлімінде: Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тығырыққа тірелу кезеңі баяндалады. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан тұлғалар Құрманхан Мұқамәдиұлы, Қамқаш Исаұлы, Ноғай Шымшырұлы қатарлы тарихтағы нақты тұлғалардың ғұмырнамасына қатысты деректерді осы кітаптан оқуға болады.
 
   Жанарбек Ақыби, http://www.qazaquni.kz/?p=47957

толығырақ

    Моңғолия Ислам Діні Бірлестігінің төрағасы Аманкелді Қуанышұлы Қазақ елінде іс сапармен болып қайтты. Осы сапар барысында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы діни басқармасының төрағасы бас Мүфти Ержан хажы Мәлғажыұлымен кездесіп бірлестіктің құрылу мақсаты, жақын аралықтағы бағыт-бағдарлары жайлы толық таныстырып, ақыл кеңестер алды. 

     Қазақстан діни басқармасы пәтуа бөлімінің орынбасар басшысы Сансызбай Құрбанұлы мырзамен жолығып діни іс қызметі, салт-дәстүр сабақтастығы, жастар тәрбиесі туралы кең көлемде әңгімелесіп нәтижелі табыстарға бірге жету тұрғысынан пікір алмасты. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы бірден-бір діни жоғарғы оқу орны саналатын «Нұр- Мүбарак Египет ислам мәдени университеті» ректорымен жолығып, университет тарихы, бүгінгі жетістіктері жайлы мағлұматтар алды. Университет елімізден талапкерлер қабылдап діни кадрлар дайындап беруге мүмкіндіктерінің бар екендігін жеткізді. Мұнан әрі Астана қаласында «muslim.kz» сайтының басшылары, «Хикмет» студиясы өкілдерімен кезігіп елімізде тұсауы кесілген «muslims.mn» сайты туралы кең көлемде таныстырып, бір бағытта интернет жүйесі арқылы бірігіп жұмыстау туралы ортақ пікірге келді. Сонымен қатар төраға Астана қаласында орналасқан «Хазірет Сұлтан» мешітінде болып, іс қызметтерімен танысты.
      Астана Хазірет Сұлтан» мешіті туралы ҚМДБ-ның жалпылама және жастар бөлімі меңгерушісі Алтынбек Ұдысханұлы таныстырды. Ол өз сөзінде: «Хазрет Сұлтан» мешіті Астана қаласында орналасқан, дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат үйі. Ол Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан. Рухани орын 13 га. Жерді алып жатқан аумақта орналасқан, мешіттің жалпы аумағы 17,7 мың шаршы метрді құрайды. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерімен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып классикалық ислам үлгісінде орнатылғандығын жеткізді.
    Қорыта айтқанда, әлемдік деңгейде барлық қоғамда дерлік қате түсінік ретінде қалыптасқан өкінішті жағдайлардың бірі МҰСЫЛМАН+ТЕРРОРИСТ деген ұғым. Ислам құқығында басқалардың тыныш өміріне қол сұғып қоғам берекесін ыдырату, билікке қарсы шығу, өз ойын басқаларға күш қолдану арқылы мойындату сынды бей-берекетсіздікке үндеуге қатаң тиым салынғандығын және қан төгіс, атыс-шабыс, зорлық-зомбылық сынды ұғымдар қасиетті дінімізге мүлде жат екендігін ұғынатын мезгіл жетті деп ойлаймыз. Біздің мақсатымыз саналы ұрпақ тәрбиелеп, ұлт болашағына өзіндік үлесімізді қосу.

    Моңғолия Ислам Діні бірлестігінің баспасөз қызметі 

толығырақ

    Британиялық фотограф Джимми Нельсон «Әзірге олар жойылған жоқ» (Before They Pass Away) деп аталатын жоба құрды. Оның бұл жобасында Моңғолияның Баян Өлгей аймағында тұратын қазақтардың тұрмыс тіршілігін көрсететін суреттер де бар.  

           «Мен үш жыл бойы әлемнің 44 елінде 29 сирек кездесетін тайпалармен бірге болдым. Олардың қару-жарақтарын, рәміздерін, зергерлік бұйымдарын, киімдерін суретке түстірдім. Қазіргі кезде осылардың бәрін құжаттандырып жатырмын», – дейді ол «Metro» сайтына берген сұхбатында.  

 

        Baq.kz

толығырақ

8e02ab4f521517ded5e72647724d34cb.jpg

           Улаанбаатар қаласында бокстан жастар арасында өткен ел біріншілігінде қарындасымыз Нұржамила Батырбекқызы чемпионы атанды. Ол 48 келіде өзінің барлық қарсыластарынан басым түсті. Сонымен қатар жарыстың үздік спортшысы атанды.  

    Айта кетейік, бұл сайыста 51 келі салмақта өнер көрсеткен C.Гүлдәурен қола жүлде иеленді.

 
        kaznews.mn       

толығырақ

abfa70fe53173a6f3203d29bf7df6ef0.jpg

 
        Улаанбаатар қаласында пауэрлифтингтен Моңғолия чемпионаты болып өтті. Бұл сайысқа елімізден 300 ге жуық спортшы қатысты. Пауэрлифтингтен Әлем чемпионы Сайфолла Тілеубердіұлы -120 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, 320 келі салмақты бағындырып, еліміздің рекордың жаңартты.

       Бұл - қыруар  еңбек, өлшеусіз төгілген маңдай тердің нәтижесі. Бұл еңбектің арқасында Сайфолла бұған дейін 6 рет ел чемпионы атанып, Азия және Әлем чемпионатының биік тұғырынан көрінген болатын.

       «Менің салмағымда 9 спортшы болды.  Штангыны жерден көтеру санаты бойынша 320 келіні көтеріп, барлық салмақтың рекордын жаңарттым» - дейді Сайфолла Тілеубердіұлы.

     Ол, жүрелеп көтеруден 375 келіні бағындырғанын айтады. Алайда төрешілер есептемеді. Бірақ алдағы күндері төрешілер алқасы бейне жазбаны қайталап көріп, шешімдеріне өзгеріс еңгізуі мүмкін дейді.

       Сонымен қатар, Сайфолланың шәкірттері Дінәділ Мұстафин 66 келіде жүрелеп отырып көтеру түрінен 255 келіні бағындырып, қола медаль иегері атанса, Н.Учрал 74 келі салмақта күміс жүлде иеленген. 

     kaznews.mn 

толығырақ


   
      Мыңдаған жылдық тарихы бар, әйгілі Шыңғыс ханның тұсында да дәстүрлі мереке ретінде атап өтілген, белгілі жиһангез Марко Полоның жазбаларынан лайықты орын алған ұлық мереке – Шағанды моңғол жұрты халықтың қаһарлы қыс құрсауынан құтылып, жаймашуақ көктеммен аман-есен қауышу, жаңғырып жаңару мерекесі, жаңа жылдың басы ретінде тойлайды. Сонымен қатар аталмыш мейрамның жас ұрпақты үлкенді құрметтеуге, мейірбан, жанашыр болуға баулитын тәрбиелік маңызы да зор.

         Халқымыз биылғы Шаған мерекесін туған аймағымыздың өркеніне елеулі үлес болып қосылған қомақты табыс, жетістіктермен қарсы алып отыр. Жан санымыз 2,2 пайызбен артып, 95 мыңға жетті. Малшыларымыз аймағымыздың 75 жылдық тарихында алғаш рет 2 миллион 21 мың басты мал санатты. Бұл өткен жылмен салыстырған 137436 баспен артық көрсеткіш болып отыр. Осынау қажырлы еңбектің нәтижесінде биыл Сагсай сұмынының 4-бағының малшысы Ақыбиұлы Бақытбек, Буянт сұмынының 3-бағының малшысы Гөлгөний Мягмар, Толбо сұмынының 6-бағының малшысы Нұқжазарұлы Ораз, Цэнгэл сұмынының 1-бағының малшысы Шоқыбайұлы Қайыпхандар мемлекеттік «Саңылақ малшы», Булган сұмынының малшысы Мәжекұлы Болысхан, Алтай сұмынының малшысы Сұраубайұлы Азаттар «Алтын төл» иегері, Баяннуур сұмынының диханы Биекеұлы Қуаныш мемлекеттік «Озат дихан» мәртебесіне ие болды.


        Сонымен қатар өткен 1 жыл ішінде 450 балалық 3 мектеп жатақханасы, 275 балаға мектепке дейін білім беруге мүмкіндік беретін 5 балабақша құрылысы жаңадан салынып, 1 аурухана құрылысы бой көтерді. Еліміздегі саяси тұрақсыздық салдарынан жұмысы уақытша шегерілген Тұлба-Қобда, Ақкөл-Қызылүй бағытындағы 189,7 шақырым асфальт жол салу жұмысының тендері жарияланып, атқарушы компаниясы сыналтылып, алдағы көктемде құрылыс жұмысы басталуға әзір болдырылды. Әлемді шарпыған экономикалық дағдарыс салдарынан еліміз уақытша қаржылық қиындықтарды бастан кешіріп жатса да аймағымыздың экономикалық өсімі еліміз орташасынан жоғары, яңни 6,2 пайызды көрсетіп, Ішкі жалпы өнім мөлшері 100 миллиард төгрөгке жетті. Жергілікті бюжеті кірісі 16,1 пайызбен асыра орындалды. Осы мөлшерде азаматтардың кірісі артып, банктердегі жинақ ақшасының жалпы көлемі аймақ тарихында алғаш рет 56,2 миллиард төгрөгке жетті. Бұл – аймағымыздың 3 жылғы бюжетіне тең сома.
     Үкіметтің жаңа сұмын жобасы аясында Цэнгэл сұмынында 5 миллиард төгрөгпен жасампаздық істер атқарылып, ел игілігіне ұсынылса, өкімет пен жеке меншік компанияның бірлескен қаржыландыруымен Улаанхус, Дэлүүн сұмындарының орталықтары бірікккен жылу жүйесіне қосылды. Осылайша аймағымыз 1 жыл ішінде «Үлгілі сұмынды» болып, алдағы уақытта тағы да аталған 2 сұмынды осы деңгейде дамытуға қажетті алғышарттар жасалды. Аймағымыз бойынша 1551 жұмыс орны жаңадан пайда болып, Еңбек бөліміне тіркелген жұмыссыз азаматтар саны 410 адаммен, яғни 26,7 пайызбен азайды.
      Өткен қой жылында аймағымыз халқының жеткен ірі жетістіктерінің бірі – қылмыс-қайшылық санының азаюы болды. Соңғы 3 жыл қатарынан төмендеген қылмыс-қайшылық 2013 жылы 25,3 пайызбен, 2014 жылы 17,8 пайызбен, 2015 жылы 2,8 пайызбен азайды. Соның ішінде ішімдікке байланысты орын алған қылмыстар деңгейінің 21 пайызбен төмендеуі – халқымыздың заңды құрметтеуінің, иманға бет бұрғанының, білім деңгейінің көтерілгендігінің айғағы болмақ. Аталған көрсеткіш бойынша аймағымыз бүгінгі таңда батыс аймақтардан озып шығып, еліміздің өзге өлкелеріне үлгі болып отыр.
       Келесі бір жеткен жетістігіміз - әр жылдары аймағымызда үздіксіз қымбаттап келген жанармай бағасы тұрақталды. Үкіметтің бензин бағасын арзандату саясатының нәтижесінде Баян-Өлгийде АИ-80 маркалы бензин 11 пайызбен, А-92 маркалы бензин 13 пайызбен, дизель отыны 8 пайызбен арзандап, базардағы күнделікті тұтыныс тауарларының бағасының төмендеуіне өз ықпалын тигізді.
       Сондай-ақ, 2015 жылы МҰҚ-дан қарапайым халықтың тұрмыс тіршілігіне аса қажетті біршама заңдар мақұлданып, өз күшіне енді. Мәселен, Бірлескен зейнетақы заңы, Бала бағу даяшылығы туралы заң, Шаруашылық бірліктерінің кіріс салығы туралы, Қосымша құн салығы туралы, Экономикалық жариялылықты қолдау туралы, Рақымшылық жасау туралы заңдардың бекітілуі азаматтардың өмір тынысына оң әсер ете бастады. 2016-мешін жылында да осынау табыс, жеткен жетістіктеріміз еселеніп, аймағымыз дамысы ілгерілей түсетініне сеніміміз зор.
      Жыл шыға аймағымыздың кейбір өлкелерінде қыс жағдайы ауырлағанымен басшылық тарапынан қолдан келер тиісті шаралар қолданылып, аймақтық қордағы шөпті тегін, мал жемін малшыларға 50 пайыз жеңілдетілген бағамен беру жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Алдағы күндерде де еліміздің Төтенше жағдайлар бас басқармасынан аймағымызға 500 тонна мал жемі тартылып, малшыларға жемді несиеге беру мәселесін аймақ әкімі, аймақтық Төтенше жаңдайлар комиссиясы кепілдеме беру арқылы шешу жұмыстары қарастырылуда. Бұл уақытша қиындықтарды да береке бірлігі жарасқан, еңбекшіл халық – өздеріңізбен бірлесіп жеңетіндігімізге сенімім зор.
     Көктем мерекесі – Шаған мейрамы құтты болсын, ағайын! Жаңа жыл отбасыларыңызға амандық, мол бақыт, халқымызға береке, елімізге тыныштық әкелсін. Жақсы тойлаңыздар!
      Құрметпен,  аймақтық азаматтар өкілдері құрылының төрағасы Ләззатхан Бұраңұлы

       Аймақ әкімі Дәрмен Құзыкейұлы 

       kaznews.mn

толығырақ

     Моңғолияның аймақтық ТВ-4 арнасында 2016 жылы 5-ақпан күні жергілікті сағат 20:00-21:00 арасында тікелей эфирде ақындардың  «жекпе-жек»  айтысы өтеді.  Бұл шараға Моңғолия журналистері біріккен одағының Баян-Өлгий аймағындағы бөлімшесі қолдау көрсетіп отыр.

      Моңғолия журналистері біріккен одағының Баян-Өлгий аймағындағы бөлімшесінің басшысы Өмірбек Биқұмардың сөзіне қарағанда, «Жекпе-жектің» алғашқы жұбында Улаанхус сұмынынан халықаралық ақындар айтысының жүлдегері Сүйеніш Жеңсікбайұлы мен Алтай сұмынының тумасы Ерлан Дәулетұлы бақ сынайды. Екі ақынға MobiCom желісінің нөмері 140165 арқылы мессежі/sms/-мен дауыс бере аласыздар. Онда Сүйеніш Жеңсікбайұлын қолдаймын десеңіз 1 санын, ал  Ерлан Даулетұлын қолдаймын десеңіздер 2 санын 140165 нөмерге жіберуіңізге болады.

      «Айтыс өнерінің өресін көтеру, аймақ ақындарының өнерін шыңдау, халықаралық айтыстарға қатыстыру мақсатында жүрілгелі отырған бұл сайыста жеңу, жеңілу басты мақсат болмайды. Жекпе-жек айтыстың қорытындысы юойынша ақындардың дәрежесін анықтап, 10 ақынды қыркүйек айында өтетін «Моңғолия Қазақтарының тірлігі мен бірлігі» атты халықаралық ақындар сайысына қосамыз. Халықаралық айтысқа Қазақстан, Ресей, Қытай елдерінен белді ақындарды, сондай-ақ төреші Жүрсін Ерман ағамызды шақыруды жоспарлап отырмыз», - дейді Б.Өмірбек.

            Ерлік Ержанұлы 

толығырақ

Моңғолиядағы қазақ баласы бокстан қарсыластарын бет қаратпады

     Моңғолияда өтіп жатқан республикалық бокс турнирінде Баян-Өлгилік Ерболат Төлекұлы 91 келі салмақта бас жүлдені жеңіп алып, алтын медаль еншіледі деп жазады baq.kz. 

       Бұл Ерболаттың екі рет Моңғолия мемлекетінің чемпионы болуы. 1990 жылы туған спорт шебері ауыр салмақтағы бокста барлық қазақ жастарының арасындағы таңдаулы спортшы деуге әбден болады. Оның жетістіктері бұл ғана емес. Боксқа спорттың күрес түрінен келген ол, бапкері Қайнар Қайсанайдың баптауында тез арада қалыпқа түсіп, жақсы нәтижеге жете бастаған.
       Оның жеңістері туралы қысқаша тоқтала кетсек, Ерболат былғары қолғап киген алғашқы айда-ақ жастар арасындағы ел біріншілігінде 81 келі салмақта қола медаль алып үлгереді. Ал, 2010 жылы студенттер арасында өткен ел біріншілігінде күміс медаль, 2011 жылғы ересектер арасында өткен ел біріншілігінде күміс медаль, 2011 жылы Қазақ елінде өткен Исатай мен Махамбет батыр атындағы халықаралық турнирде күміс медаль, ал, 2012 жылы қаңтар айында өткен ересектер арасындағы Моңғолияның ел біріншілігі мен 4 жылда бір рет болатын Бүкіл халықтық 13-шы Спартакиада алтын медаль алады. Моңғолияның үздік 10 боксшысының қатарына кіретін бауырымыз енді міне тағы да жеңістің биік тұғырынан көрініп отыр.
       Бұл жолғы жарыс Моңғолиядағы қандастарымыз үшін табысты өтті деуге негіз бар. Себебі, осы додада тағы бір қазақ баласы Т.Ыбырайым аламан жарыста күміс медальға қол жеткізді.
      Дереккөз: BAQ.KZ

Толығырақ: http://alashainasy.kz/box/mongoliyadagyi-kazak-balasyi-bokstan-karsyilastaryin-bet-karatpadyi-78883/

толығырақ

08bd0874644e443855c5399dcb973256.jpg

      GoGo.mn порталы хабарлағандай, Моңғолия бокс федерациясы әр түрлі салмақ дәрежелеріндегі 2015 жылдың ТОП-10 боксшының есімін жариялады.

     Боксшылар тізімінде 580 ұпаймен 49 келі салмақта өнер көрсететін Г.Ган-Эрдэнэ көш басында тұр.

           ТОП – 10 боксшылар тізімінде екі Баян-Өлгийлік боксшы бар.

      Нұрлан Асқарұлы: 190 ұпай. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ұлттық құрама мүшесі. 2015 жылғы ел біріншілігінің қола жүлдегері. Халықаралық «А» дәрежедегі турнирден 1 күміс, 2 қола медаль иеленген.

      Ерболат Төлекұлы: 190 ұпай. Спорт шебері, Алдар спорт клубының спортшысы. 2015 жылғы ел чемпионы.  Халықаралық «А» дәрежедегі турнирден 2 күміс медаль иеленген. 

       http://kaznews.mn/news.php?nid=471

толығырақ

2d776537334e9c850092865a2d15676d.jpg

       2015 жылдың 25 желтоқсан күні Баян-Өлгий аймағының Азаматтар өкілдері Хуралы мен аймақ әкімінің кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

     Мұнда биылғы жылдың үздіктері анықталды.  Ауыр атлетикадан Ел біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері Ибрагим Талғатұлы «Жыл оқушысы» атанды. Ол 1999 жылы Өлгий қаласында туған. Өлгий қалалық жалпы білім беретін №1 орта мектебінде 11 сыныпта оқиды.

-       2011, 2012, 2013 жылдары Жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінің жеңімпазы

-       2014 жыл Ұлттық құрама сапында Тайландтың Бангсан қаласында өткен Азия чемпионатында V орын

-       2015 жылғы ел біріншілігінің қола жүлдегері

-       2015 жылы өткен V Балалар спартакиадасының қола жүлдегері

-       2015 жылы Баян-Өлгий аймағында өткен Р.Даривхан атындағы Жастар арасындағы ел біріншілігінің жеңімпазы атанған.

-       Моңғолияның Ауыр атлетика федерациясының «Келешегі зор спортшы» атағымен марапатталған.

      Сонымен қатар,  «Жыл оқушысы» атағына Буянт сұмындық Елік Нұрлан лайық деп танылса, Ернұр Ануар-Садетұлы «Жыл студенті» атанды.

       http://kaznews.mn/news.php?nid=473

толығырақ

6348ebff61e3afe4e1c6f16178113e72.jpg

 
         Моңғол елінің Ұлттық бостандық және тәуелсіздік қайта жанданған күні қарсаңында елбасы бірқатар азаматтарға мемлекеттік орден, медальдар табыстады.

      «Еңбек сіңірген экономист» құрметті атағымен Моңғолия Ұлы Хурал (Парламент) мүшесі, Мемлекеттік құрылымдары жөніндегі тұрақты комитет төрағасы Бәкей Ағыпарұлы марапатталды.

      Марапатты бүгін Елбасы Цахиагийн Элбэгдорж табыс етті.

      «Моңғолияға еңбек сіңірген қайраткер» құрметті атағы қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік, денсаулық сала өкілдеріне мемлекеттке сіңірген зор еңбегі үшін беріледі.

         Бәкей Ағыпарұлы 2012 жылы Баян-Өлгий аймағынан Моңғолия Ұлы Хурал (Парламент) мүшесіне екінші рет сайланып, Мемлекеттік құрылымдары жөніндегі тұрақты комитет төрағасы қызметін атқарып келеді.

         Бұған дейін, 2009-2012 жылы Ауыл шаруашылық университетінде Проректор, 2006-2008 жылдары Моңғолия Ұлы Хурал (Парламент) Табиғат, қоршаған орта, ауыл шаруашылығы жөніндегі  Тұрақты комитет төрағасы қызметі, 2004-2008 жылдары Моңғолия Ұлы Хурал (Парламент) мүшесі, 2000-2004 жылдары Ауыл шаруашылық университетінің Ректорының бірінші орынбасары,  1997-2000 жылдары Ауыл шаруашылық университетінің Экономика факультетінде декан, директор қызметін атқарып келген. 

      http://kaznews.mn/news.php?nid=475

толығырақ

      Жарты жылға созылған еліміздегі айтулы ән додасы - «Қазақстан дауысының» III маусымы өз мәресіне жетіп, Моңғолиядан келген қандасымыз Мұратбек Хайролда жеңімпаз атанды. Мұратбектің әкесі Хайролда Қабанұлы журналист Сәбет Насырұлына берген сұхбатында жас әншінің кішкентайынан әнге әуес болғандығын айтты.  

       «Өзім Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы Баяннуур сұмынында туып, өстім. Сонда білім алдым. Армия қатарында болдым. 1992 жылы атамекен Қазақстанға қоныс аудардық. Ол кезде Мұратбек 2 жаста болатын. Қазақстанға көшіп келіп, Ақмола облысына қоныстандық. Мұратбек осында оқып тәрбиеленіп шықты. Орта мектепті бітіріп, Астана қаласының Музыка коллежін тәмамдады. Қазір Қазақ ұлттын өнер университетінің 3-курс студенті», - деп баласы жайлы баяндаған әке отбасын таныстырды.

      «Зайыбым Мафиза математика пәнінің мұғалімі. Өзім Ауылшаруашылық басқармасында қызметте болдым. Елге келген соң Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Химия, биология факултетін бітірдім. Қазір Астана маңындағы №20 Қоянды орта мектебінде анасы математикадан, мен биология пәнінен сабақ беремін. Атажұртқа оралғанымызға 23 жыл болды. Балалар осында ержетті. Қазақ елінің азаматтары болып, әртүрлі сайыстарға қатысып, ел қатарлы жүріп жатырмыз», - дейді Хайролда Қабанұлы.

      Баласына өнердің қанмен келгенін айтқан Хайролда Қабанұлы Мұратбектің жеті жасынан әнге әуес болғанын байқаған екен.

     «Мұратбектің өнерлі болып шығуы, біріншіден, тегінен деп ойлаймын. Біздің аталарымызда күйшілер, аздап ән айтатын адамдар болған. Моңғолияда Қытайбай деген арғы атамыз күйші болған. Әкеміз Қабан деген кісі үлкен сахналарға шықпаса да, әнді керемет айтатын. Мұратбектің анасы да өнерге жақын. Аудандық сахналарда өнер көрсетіп жүрді. Ал, Мұратбек 2-сыныптан бастап әнге құмар болды. Өнерге тәрбиледік. Сондықтан болар, бүгін бір белесті бағындырып жатыр»,-деп сөзін түйіндеді.

      Айта кетейік, «Қазақстан дауысының» III маусымының соңғы кезеңіне 16 әншінің ішінен көпшіліктің көңілінен шығып, көп дауыс жинаған Рүстем Нұржігіттің тобынан дара шыққан Қытайдан келген қандасымыз Жәннат Әділханқызы, Мәдина Сәдуақасованың шәкірті - Ербол Тәжібаев, Нұрлан Албанның шәкірті Мұратбек Хайролда, ал Алмас Кішкенбаевтың шәкірті Диана Исмаилова қатарлы 4 өнерпаз ғана шықты. Ал, ақтық сында Жәннат Әділханқызы мен Мұратбек Хайролда бақ сынасқан болатын.

     BAQ.kz

 

толығырақ

8469a52f82bcc6eee113e86cf1d9348c.jpg
 
        Өлгий қаласының 8 бақ аумағынан қоғам қайраткері, демократия қозғалысының алғашқы қарлығашы Қари Әлімтайұлының есімі берілді.

      Көшенің ашылу салтанатына зиялы қауым, қала тұрғындары жиналды. Ең әуелі аймақтық Демократия одағының төрағасы Қайсанай Қабдыразақұлы сөз алып, Қари Әлімтайұлының аймағымыздағы демократиялық қозғалысына қосқан өлшеусіз еңбегіне тоқталса, Баян-Өлгий аймағы әкімінің орынбасары Санатбек Нұрахметұлы қоғам қайтаркерінің Баян-Өлгий аймағының экономикалық – әлеуметтік дамуына қосқан еңбегіне жан жақты тоқталды.

    Сондай-ақ, аймақтық АӨХуралының хатшысы Баймурат Кәлекұлы, Өлгий қаласы АӨХуралының төрағасы Оңғар Сейсенбайұлы, Қала әмірі Қабай Өнерханұлы, аймақтық Қазақ радиосының директоры Сұраған Рахметұлы қатарлы зиялы азаматтармен, ағайын туыстары сөз сөйледі.

     Ағайын-туыстары атынан Нұрқанат Қариұлы сөз алып, Әкесінің үкіметке сіңірген еңбегін жоғары бағалап, атақ данқын еске алып, қалалық Азаматтар Өкілдері Хуралы мен әкімінің іс басқармасы тарапынан шешім шығарып, Өлгий қаласының 8-ші бақ аумағынан көше атын беріп, әке есімін мәңгілікке қалдырып жатқанына туыс туғандары, ұрпақтары атынан алғысын білдірді.

      Қари Әлімтайұлы – 1958 жылы Баян-Өлгий аймағының Дэлүүн сұмынында дүниеге келген. 1980 жылы Улаанбаатар қаласында Ауыл шаруашылық университетін ауыр өндіріс саласының инженері мамандығымен тәмамдаған. 1996 жылы ҚХР-ның Пекин қаласында өзінің саяси және экономикалық білімін жетілдірген. 1981-1983 жылы Дархан қаласының Азық түлік өндірісінде инженер, директор қызметін атқарып, 1983 -1985 жылы Ховда аймағының Буянт сұмынында, 1985-1987жылы Баян-Өлгий аймағының Азық түлік өндірісінің бас инженері, директоры, 1987-1994 жылы Баян-Өлгий аймағының Құрылыс трестінде инженер, директор, 1994-1996 жылы аймақтық Жер сілкінісін бақылау станциясында директор, 1996-2000 жылы Баян-Өлгий аймағы әкімінің орынбасары қызметін абыройлы атқарып, 2000 жылдан өмірінің соңына дейін аймақ әкімінің іс басқармасында әлеуметтік саясат бөлімінде аға маманы қызметін абыройлы атқарған.

     Ол, 1993 -1998 жылдары аралығында Аймақтық Демократиялық одақтың төрағасы қызметін атқарып, Өлгий сұмындық АӨХуралының мүшесі, басқарма мүшесіне 2 рет және аймақтық АӨХуралының мүшесі, басқарма мүшесіне 2 рет сайланып, саяси білімі жоғары тұлға ретінде халықтың сеніміне ие болған.

толығырақ

     Мекей Әбішұлы Моңғолиядағы аз қазақтың абыройын асқақтатып, даңқын көтерген, ғылымға аса зор үлес қосқан, әлемдік  математика  ғалымдарын  мойындата білген көрнекті ғалым, бір туар дара тұлға. Күллі қазақ халқы мен Моңғол елінің мақтанышы болған  ұлағатты ұстаз әйгілі ғалым. Сан мыңдаған студенттерді білім нәрімен сусындатып ұзақ жылдар бойы Моңғолияның Ұлттық Университетінде оқытушы, бөлім меңгерушісі, декан қызыметтін нәтижелі атқырған Моңғолия Ғылым Академиясының толық мүшесі, Академик, математика ғылымының доктор, профессоры (Sc.D). Моңғолияның «ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ». Сонымен қатар  «ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ» деген ұлы атаққа Моңғолия қазақтары ішінен тұңғыш рет қол жеткізген тарихи тұлға.

 Мекей Әбішұлының өмір жолы

         Жастайынан білім қуып талаптанып, қажымай-талмай бар ынта-жігерін оқу мен тоқуға арнаған Мекей Әбішұлы 1940 жылы Баян-Өлгей аймағының Тұлба сұмыны Жыраты деген жерде дүниеге келген. 1959 жылы Баян-Өлгей аймағының 1-10 жылдық орта мектебін үздік тәмәмдап Моңғолдың Мемлекеттік Университетінің (ММУ) Физика-Математика Факультетіне (ФМФ) қабылданып 1963 жылы Математика мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Сол жылдан яғни 1963-1978 жылдары ММУ-де мұғалімдікке қабылданып қызмет атқарған. 1978-1990 жылдары ММУ-нің ФМФ-нің деканы, 1990-1997 жылдары ММУ-нің ғылым, шет ел қатынасын жауаптанған орынбасар ректоры, 1998 жылы мұғалім, 1999-2009 жылдары ММУ-нің магистрантура-докторантуралық оқу ісін жауаптанған бөлім бастығы, сонымен қатар 1999-2010 жылдары Мемлекеттік Математика Институтының директоры, 2000 жылдан ғұмырының соңына дейін аталмыш Университеттің бөлім меңгерушісі қатарлы қызметті абыройлы атқарып саң мыңдаған шәкірттерді білім нәрімен суарған ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым.

      Ол 1969-1972 жылдары Ресей мемлекетінде М.В.Ломоносов атындағы Москва Университетін механика-матемаитка факультетінің аспиратурасында оқып  «Фейіттің шарты қойылған сақина және Херстейн көп мүшелігі» атты тақырыппен дисертация қорғап ғылым кандинаты (Ph.D) атағын, 1994 жылы сол Университеттің докторантурасын тәмәмдап 1995 жылы «Шекті сақинамен туған многообразия (туыссақиналар) критикалык және экстермал қасиеттер» тақырыпта физика-математика ғылымының доторы (Sc.D) атағын қорғаған. 1981 жылы доцент, 1992 жылы профессор дәрежесін, 2004 жылы Моңғолия Ғылым Академиясының академигі, Моңғолияның «Еңбек Сіңірген Ұстазы», 2012 жылы «Халық Ұстазы» атағын алған.      

    Ә.Мекей тек ғылым саласында ғана айналыспаған. Мемлекеттік және қоғамдық көптеген мәселелерді шешуге үлкен үлес қосқан қайраткер, белгілі ғалым. Осы атқарған қызметтері жайында қысқаша тоқталсақ:

Моңғолия Президентінің кеңесшісі /1992-1994 /

Моңғолдың математиктер қауымының төрағасы /2003-2013/,

МҒА-ның үлкен мәжілісі және математика, физика, химия бөлімінің кіші мәжлісінің мүшесі /1997 жылдан/,

ММУ-ін бітіргендер мен қолдаушылар қауымының төрағасы /1993-1999/,  

ММУ-нің ғылыми кеңесінің мүшесі /1972-2010/,

Физика-Математика, Математика ғылымының кандидаты /Ph.D/ дәрежесін қорғататын ғылыми кеңестің хатшысы, бастығы және мүшесі /1978-2010/,  

Физика-Математика,  ғылымының доктор дәрежесін қорғататын кеңесінің мүшесі /1996-2013/,

Моңғолдың Математика Олимпиада Коммитетінің мүшесі /1965-1990/, бұдан 5 жыл бастығы болған, Халықаралық Олимпиаданың  жюри мүшесі болып 5 жыл, 

Улаанбаатар қаласының депутатына 3 рет /1984, 1987, 1991/.

ММУ-нің партия комитетінің бюро мүшесіне 3 рет  сайланып жұмыстаған.  

     Мекей ғалым ағарту министірінің бұйрығымен 1984-1998 жылдары орта мектептің математика пәнінің мазмұнын анықтайтын программа жасау және жаңадан жазған оқулықтардың мазмұнын тексеріп басуға рұқсат беретін комисияның бастығы, сонымен қатар  МЕЕСҰ-ы, Проф. Д.Шагдар мен бірге математиканың барлық оқулықтарына редакция жасайтын бас редактордың ісін атқарған.

      Ұзақ жылдар бойы 12 жылдық мектептің математика пәнінің мазмұнын анықтайтын программа жасау комиссиясының мүшесі болған. 1990 жылдардан кейінгі жоғарғы оқу білім саласындағы өзгеріске сай Университетте жаңадан басталған магистр, доктор дәрежесінің оқу ісін 10-нан астам жыл басқарып, шет ел университтерінің деңгейіне жеткізу үшін А.Мекей профессор өте елеулі үлес қосқан. Профессор А.Мекей 1990-1992 жылдары елімізде ғылым саласын жаңаландыру, ғылыми зерттеу ісін проект жасау жолмен өркендететін мемлекеттік комиссиясының жаратылыс ғылым бөлімінің қатшысы болып жұмыстап, арнаулы  ереже, бағыттарды   қолма қол жасаған ғалымдардың  бірі болған. Әрине бұл айтылған деректер Академик ағамыздың Моңғол елінің ағарту және ғалым саласында қаншалықты еңбек еткенінің айқын дәлелі болмақ..

        Мекей Әбішұлының ерен еңбегінің нәтижесінде Моңғолияның оқу ағарту саласы соның ішінде математика ғылымы, орта мектеп оқушыларына жаңаша стандартпен жүйелі түрде сабақ үйрету үшін 10, 11 жылдық орта мектеп оқушыларына арнап 1984 жылдардан бастап 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-сынып оқушыларына  Алгебра, Алгебра және анализдің бастамасы оқулықтарын, әсіресе 11 жылдық мектептің жаңа стандарты бойынша 8-ден жоғарғы сыныптардың барлық оқулығын, конкурске дайындалушыларға арналған көптеген оқулықтармен ғылыми кітаптарды  бірлесіп жазған. Бұл оқулықтар мен кітаптар 2-5 рет қайта басылған. Қысқасы  бұл  ұстаздан 1984-2010 жыл аралығында оқыған 5-сыныптан жоғарғы сыныптың барлық оқушысы сабақ алған. Мысалы: 1984-ші жылдан 2010 жыл арасындағы 27 жылда тек 8 сыныпты оқыған орта шамамен 1350000 оқушы ол ұстаздың Алгебра 8  кітапынан дәріс алған шәкірітер.

      Қазақ балаларға арнап 10 жылдық мектептің 3-сыныптың, 12 жылдық мектептің 1, 2 сыныптардың математика оқулығын аударып, 11 жылдық мектептің 1-ші сынып әліппесін редакторлап, мектептен қол үзген балаларға арналған оқулық және 11 кітап аударып бастырған. Сонымен қатар ол кісі Моңғолдың және халықаралық математика олимпиадасына арнап көптеген есептер жасаған. Кейбір есебін олимпиадға шығартатын 6 есептің біріне ретінде (жюри сайлап алып), 3 есебі жюри мүшелері ішінен 6 есеп сайлап алатын 36 таңдамалы есептерге сыналған екен. Жоғарғы оқу орындары, универистеттегі студенттерге, магистранттарға арнап «Жоғарғы математика», «Жоғарғы алгебра», «Сызықтық алгебра және геометрия», «Алгебра және Топология лекциялары» қатарлы 8  оқулықты жеке және бірігіп жазып 30-дай кітап редакторлаған. 

       Бұл айтылған көрсеткіштер Ә.Мекей елімізде  қаншама адамға ұстаз болғанын көрсетеді. Бұл кісі 50-дей жыл ММУ-де оқытушылық қызыметін үздіксіз атқарғанда  Математикалық логика, Сақиналар теориясы, Категория теориясы, Модулдер теориясы, Ли алгебрасы, Гомология алгебрасы, Жалпы алгебра, Алгебра және топология, Компьютерлік алгебра, Криптография  сияқты 10-нан астам пәндердің программасын жасап, алғаш рет үйреткен ғалым.   

       Ә.Мекей математикадан ғылым доктор дәрежесін қорғап, академик болған еліміздегі көрнекті ғалымдардың бірі. Ол кісі  Монгол еліне ғылымның  екі  саласын  Сақина және Модульдер теориясын  және  Криптография ғылымын дамытқан ғалым. Тіпті Мекей «теориясы» деп аталып кеткен теориялық есептерде бар. Ғалымның осы салада шәкірттерінен  академик 2, ғылым доктор 2 /Sc.D/, доктор /Ph.D/ 4, магистр 10-нан астам туған. Ғалыми зерттеу ісіне жетелеп үйреткен студенттерінің ішінен студенттердің ғылыми жұмыс жарысына қатысқан шәкірттерінен  5 студент 1-ші орын иеленіп  алтын медаль, 2 студент күміс, 2 студент қола  медаль, 3 студенті дипломмен сыйланып,  2 студент халықаралық сыйлық алған. 20 дай студенеттің диплом жұмысын жетектеп, 10-ға жуық диссертацияға  оппонент /сыншы/ болған. Бұл кісі өзі болып жетектеген алгебра группасы ғылыми зерттеу жұмысының  табысымен  ММУ-нің  2-ші /1976/ дәрежелі, 1-ші /1981,1985, 2002/ дәрежелі сыйлыққа ие болған. Ә.Мекей 1963 жылдан өз ұстазы МЕЕСҰ  Ү.Санжмятавпен бірге  топтар теориясының, 1973 жылдан кейін шәкірттерімен бірігіп Сақиналар теориясының ғылыми семинарын 40-тай жыл жүргізіп келеді. «Сақиналар теориясының кей мәселелері» проект, «Сақиналар теориясы мен криптографияның кей мәселелері»  атты тақырыпты  ғылыми зерттеу проектісінің жетекшісі болып 20-дан астам жыл жұмыстаған. Моңғолияның Қысқаша Энциклопедиясының ғылыми редакторының бірі болған. Мекей Әбішұлындай 200 ден астам еңбек жазып жариялаған көрнекті де білікті ғалым бұл күндері саусақпен ғана санарлық екені айтпасақта белгілі . 

      Әлемдегі ірі ғалымдардың ғылыми еңбектері қандай журналдарда жарық көрді, қандай ғылыми семинар, конференцияларда баяндалды, істеген жаңалықтары сол салада зерттеу жүргізетін әлемдік ғалымдардың назарына жетті ме, жоқ па, ғалымдар оған қандай баға бергендігімен әйгілі болмақ. Сондықтанда Мекей ғалымның ғылыми еңбектері жайлы бірер деректер келтіруді жөн көрдім.

      Ә.Мекей  ғылыми зерттеу жұмысымен көптеген шет ел университеттеріне, ғылыми зерттеу институтарына ғылыми жолдамамен барып жұмыстап, көптеген халықаралық ғылыми жиналысқа қатысып, өзінің ашқан жаңалықтарынан баяндама жасаған. Атап айтсақ: Москва университетіне 6 рет /1976, 1980, 1982, 1985, 1990, 1994/, Варшава университетіне /1987/, Германияның Дюссельдорф, Биелефельді университеттеріне /1993, 1998, 2001/, Хөх хоты университетіне /1993, 2007/, АНУ-ын Техас университетіне /1996/, Оростың ҒА-ның Новосибирскідегі математика институтына /1977,2011/, Иркутскі университетіне /1995/, Әлемдік математиктер Конгрессіне /Варшав 1982, Беркелей 1986/, Сақине, алгебра және модульдер теориясының  симпозиумына /Молдав. Кишинев 1971/, Собет Одағының алгебра конференциясына /Новосибирск, 1977/, Алгебраның халық аралық конференциясына /Новосибирск, 1989, 2011/, Модульдер теориясының амалы конференцтясына /Герман, Овервольфах, 1993/, Алгебраның халықаралық конференциясына /Гонконг, 2002/, Математика халықаралық конференциясына /Улаан-Үд, 2000, 2004/, Математика тарихының халықаралық конференциясына  /Хөх хот, 1991/, Алгебраның халық аралық конференциясына / Жаңа Зеландия, 2010/  қатарлы көптеген мемлекеттерде ғылыми баяндамаларға қатысумен қатар лекция жасап, өзінің жасаған теориясын дәлелдеп, сабақ өткізген. Сонымен қатар Мекей ғалым Моңғол елінде 4 рет /1990, 1997, 2001, 2005 жылдары/  Математикадан халықаралық конференция ұйымдастырған. Ғылыми зерттеу ісінің нәтижесінде ассоциатив сақиналар теориясына көптеген жаңалықтар кіргізген әйгілі ғалым.

        Міне осылай ғылымға сүбелі үлес қосып ұзақ жылдар бойы жұмыстап, нәтижелі қызмет атқарған бір туар дара тұлға Мекей Әбішұлы 2013 жылы 30-қарашада пәниден бақиға өтті. «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» дегендей өзі дүниеден өтсе де артына өшпестей құнды мұра, ұмытылмас үлгі өнеге қалдырып кетті.

       Мекей ағаның жарқын бейнесі, ақ жарқын мінезі, адамгершілік қасиеті, қарапайым қайрымдылығы, қайсар табандылығы, ұлтына деген асқақ сезімі халық көңілінде терең сақталып, асқақ рухы мәңгі жасай бергей!

       Шынарбек Сейітханұлы, тарих ғылымының магистранты

толығырақ

       Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы өкілі, саясаттанушы Қабсатор Омарұлымен арадағы әңгімеміз Баян-Өлгийдегі қазақтардың рухани жағдайы, арман-мүддесі тұрғысынан болды.

      – Қабсатор Омарұлы, Моң­ғо­лияның қазақтар шоғырлана ор­на­­ласқан аймағы – Баян-Өлгий ай­ма­ғындағы қандастарымыздың ру­хани әлеуметтік жағдайы қалай? Жалпы, қанша қазақ өмір сүреді?

      – Жалпы біздің есебіміз бойын­ша, Моңғолиядан 100 мыңдай қазақ атамекеніне қоныс аударды. Соның өзінде, 150 мыңдай қазақ өмір сүреді. Соның жүз мыңдайы Баян-Өлгий аймағын мекен етеді. Тағ­дырдың жазуымен шетке кеткен қазақ­тардың ішінде еш қиыншылық көр­меген, ұлттық тұрғыдан шетқақпай болмаған қазақтар – осы Моңғолия қазақтары деп айтылады. Ол – шындық. Соның арқасында, бұндағы қазақтар демографиялық тұрғыдан өсіп қана қойған жоқ, ұлттық бет-бейнесін, рухани келбетін сақтап қала алды. Қазіргі өркениет заманында жаһандану салдарынан қазақтың жақсы салт-дәстүрін, ықылым заманнан жалғасып келген өнерін, ибалылығы мен этикасын жоғалтып бара жатқан жағдайы бар. Қазақтың үйінің сән-салтанаты, түйелі көші, жайлауының өзі қан­дай еді. Қазақтың келіндерінің әдебі, үлкенді сыйлауы, т.б. толып жат­қан салт-дәстүрлерінің бәрі қазақ­тың бренді екен ғой. Сол брендті біршама сақтап қалған ел – Моңғолия қазақтары. Енді осы байлықты сақтап қалу мәселесі туындап отыр. Қазір шетелдік саяхатшылар осы Баян-Өлгийдегі жайлауларға, бүркітшілердің фестиваліне жиі келетін болды. Бірақ салт-дәстүрмен бірге рухани, мәдени өмір де өз арнасын табуы керек еді. Алайда өкінішке қарай, осы руханияттың жұтаң тартып тұрған жайы бар. Қазір ақындық өнерден өзге өнер қанатын кеңге жая алмай отыр. Мәселен, кезінде қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестрінен кейінгі ұлт аспаптарынан құралған фоль­­клорлық ансамбль Баян-Өлги­й­де болған еді. Сондай-ақ, халық өне­рін дамыту мақсатында құрылған ша­ғын «Бозінген», «Мұрагер» деген ансамбльдер бар болатын. Қазір осының бәрі нарықтың жұ­мы­рына жұтылып кетті. Қазір баянөлгийліктердің рухани­ сұранысын қанағаттандырып отыр­ған күніне бір сағат эфирге шығатын Қазақ радиосы мен «Шұғыла» журналы және «Жаңа дәуір» деген газеттер. Оның өзінде бюджеттен қаржыландыру болмаған соң, кейде өз мерзімінде жарық көре алмай қалатын кездері де болады.

       – Ал қазақ тілінің халі қалай?

       – Соңғы кезде қазақ тілінен гө­рі моңғол тіліне жаппай ден қою­шы­лық байқалады. 2005 жылдан бастап, Қазақстанның жоғары оқу орындарына 250-300-ге дейін балалар келіп оқи бастаған еді. Қазір соның саны да күрт азайып, жүзге жетер-жетпес болып қалды. Қазір балалардың көбі Моңғолияның ішкі ЖОО-ларында білім алатын болды. Бұған әсер етіп отырған факторлар аз емес. Соның бірі, көші-қон про­цесінің азаюы, екіншісі, оқу ақысының қымбаттығы. Баян-Өлгий көлемінде қырықтан аса мектеп бар. Соның ішінде ресми түрде моңғол тілінде білім беретін мектеп біреу ғана. Алайда қазақ мектептерінің аты қазақ болғанымен, заты моң­ғолданып барады. Ондағы қазақ тілі мен әдебиеті сағаттарының өзі азайып кетті. Одан өзге пәндердің бәрі моңғол тілінде жүргізіледі. Оның үстіне, Моңғолияның жо­ғары оқу орындарына оқуға түсу үшін, қойылатын талап күшейді. ЖОО студенті атану үшін әуелі талапкерлер моңғол тілінен емтихан тапсырады. Оның ең төменгі балы – 400 ұпайдан төмен болмауы керек. Дәл осы талап қазақ мектебін бітірушілерді былай қойғанда, моңғолдардың өзіне қиын тиіп жатыр. Осы емтиханнан сүрінбей өткеннен кейін ғана, қабылдау емтиханын тапсыруға жолдама алады. Бұл талап қазақ балаларының қазақ тілінде білім алудан саналы түрде бас тартуына алып келуде.

       – Моңғолиядағы ұлт­тық саясат қалай бағыт алуда? Ежелден тату-тәтті тұр­ған ел едіңіздер, бұрынғыдай ынты­мақ­тасып жүрсіздер ме?

       – Жалпы мемлекеттік тұрғыдан ұстанып отырған саясатта мін жоқ. Бірақ жекелеген адамдардың оспадар қылығынан қазақтардың ұлттық намысына тиетін кейбір мәселе қылаң беруде. Оның ең бастысы, билікте отырған партия көсемдерінен бастау алады. Мәселен, 2012 жылғы Парламент сайлауынан кейін билікке демократиялық күштер келді. Содан кейін Баян-Өлгийдегі лауазымды орындарға, күштік құрылымдарға, ішкі істер органдарына басқа аймақтан моңғол ұлтының өкілдерін әкеліп тағайындады. Қазіргі президент Цахиагийн Элбегдорж Баян-Өлгий аймағына «Ұлы тауларды ұлықтау» деген Моңғол дәстүрі бойынша келіп, Бесбоғда тауына шықты. Сонда сөйлеген сөзінде ол: «Мына жердің негізгі халқы – урианхай, тува, дөрбеттер, яғни жоңғарлар, көшіп келген, кірме қазақтар тату тәтті өмір сүруде» деген еді. Осы «көшіп келген, кірме» деген сөз екі халықты бөлудің басы болды. Қазіргі президенттің саясатына қазақтар наразы. Оның негізгі лауазымды орындарға өзге ұлт өкілдерін тағайындауына қарсылықтарын білдіріп, кейбіреулерін ауыстыруға дейін жетті. Ел басшысы, президенті халқын осылай бөліп атағаннан кейін бұл осындағы қазақтардың көңіл күйіне кері әсер етуде. Тіпті, соңғы бірнеше ай көлемінде осында бірнеше әскери база әкеліп орнатты. Мен бұл мәселелерді тегіннен тегін айтып отырған жоқпын. Қазақстан өзінің жырақтағы бір отауының, қандастарының қысым көріп отырғандығы жайында білсін деп отырмын. Путин «Орыс қайда болса, біздің мүддеміз сонда» деп ашық мәлімдеме жасады. Қазақстан да бізді осылай қанатының астына алса деген үміттеміз. Біз ол жақта да қарап жатқан жоқпыз «Қазақ мүддесі» деген одақ құрып, қазақтың қазіргі көңіл күйін жоғары билікке дейін жеткіздік. Кейбір партиялар бұны қолдап та отыр. Мысалы, біздегі сот орындаушылар мекемесі деген бар ғой, соның бастығы моңғол адам келіп, мекеменің ішкі ережесіне «Бұл мекемеде қазақша сөйлеуге болмайды» деп жазып, іліп қойыпты. Ресми іс жиынның сыртында тұрмыстық тұрғыдан сөйлеуге тыйым салып отыр ғой. Соған қатты қарсылық көрсетіп жүріп, ол адамды орнынан кетірдік.

        – Жалпы, моңғолдар түркі-моңғол­дардың бірге туғандығын мойындай ма?

        – Батыс Моңғолия бұл туыстықты мойындамайды, мойындағысы да келмейді. Біз ғұн, сақ, көне түркі кезінен бергі тарихты тарата келіп, бір түбірден екендігімізді айтамыз. Мысалы, осыдан бір-екі жыл бұрын Моңғолия мемлекеттігінің 2200 жылдығын тойлады. Сонда олар өз тарихын сонау Мөде заманынан бастайды да, Көк түріктерге келгенде оны аттап кетеді. Атамайды. Жалпы, бір нәрсені айта кеткім келеді, Моңғолияның мемлекеттік саясатында түріктермен ортақ тарихынан бас тарту, қазақтарға қырын қарау секілді мәселе жоқ. Бұл билік басына келген жекелеген адамның ісі.       

        – Сонда, сіздіңше, қазақтарға қы­рын қарау ісі қай уақытқа дейін жалғасуы мүмкін?

        – 2017 жылы билік жаңаруы мүмкін. Сайлау өтеді. Сол уақытпен бұл саясаттың да күні батады деген ой­дамыз. Қазір билікке талпынып жүрген және жеңіске жетеді деген толық сенімге ие партиялар бар.

       – Атажұртқа көш мүлдем тоқта­ды ма?

       – Көштің тоқтауына әсер еткен бірнеше фактор бар. Оның біреуі екі жылдан бері талқыланып жатқан «Халықтың көші-қоны туралы» заңның сөзбұйдаға түсуі. Екіншісі, екі ел арасындағы «Зейнетақы төлемдерін төлеу туралы» келісімнің 2013 жылы тоқтатылуы. Бұрынғы келісім бойынша Моңғолиядан келген адамдардың зейнетақысын Қазақстан төлеуді өз мойнына алған екен. Қазір осы келісім тоқтағаннан кейін, Моңғолияда жұмыс істеп, жұмысын Қазақстанда жалғастырғысы келген қазақтардың зейнетақысы мүлдем аз болайын деп тұр. Осы факторлардың себебінен бүгінде көш тоқтап тұр десе де болғандай. Мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Баян-Өлгийдегі бөлімшесінің бастығымын. Былтырға дейін бері маған хабарласып, көшуге ниет білдірушілердің саны көп еді. Сол зейнетақыға қатысты келісім-шарттар тоқтаған соң, көшем деушілер де сап тиылды. Біз осы зейнетақы мәселесі жайында Моңғолияның әлеуметтік қамсыздандыру министрлігіне хабар­ласып, олар оны қамсыздандыру бө­лімінде талқылап, хаттама енгізіпті. Онда бұл мәселені Қазақстанмен сөйлесу туралы айтылған екен. Бірақ былтырдан бергі дағдарыс ол мәселеге қайта айналып соғуға мүмкіндік бермей қалды.

       – «Халықтың көші-қоны ту­ралы» Заң жобасы Мәжілістен өтіп Сенатқа кетті. Ондағы дау­ға айналған баптың бірі – келе­тін елінен сотталмағаны туралы анықтама әкелу. Ондай анық­таманы алу сіздерде қиын ба?

      – Ол да оңай емес. Өйткені демократия заңдылығы бойынша, адамның бұрынғы өмірі оның келесі өміріне зиянын тигізбеуі тиіс. Ол адам тиісті жазасын өтеді, енді ол туралы анықтаманы берудің қажеті қанша делінеді.

        – Баян-Өлгийдегі қазақтардың Қазақстаннан күтетіні бар ма? Көші-қоннан өзге.

         – Жоғарыда айтып өткен саяси ахуал биліктің құлағына тисе деп ойлаймын. Бұл біздің арқа сүйер тірегіміздің бар екендігі. Қазақстан деген алып мемлекеттің қандастарын дала­ға тастамайтындығын сезін­ге­німіз. Екіншіден, кейбір дипло­ма­тиялық каналдар арқылы осы мәселені жылы ескертіп қойса деген ниет. Екіншіден, рухани тұрғыдан жұтаңдыққа ұшырап барамыз. Әдеби, ресми тілден қалып бара жатырмыз. Қазақстаннан таратылатын барлық телеарналарды көріп отырмыз. Дегенмен, оқығандағыдай ләззат ала алмайды екенсіз. Осы тұрғыдан кешенді шаралар жасалып, көмек қолын созса.

        – Әңгімеңізге рахмет!

        Әңгімелескен Есенгүл Кәпқызы

        http://turkystan.kz/suhbat/7586

толығырақ

      Бүгін Моңғолия Біріккен Журналистер одағы Баян-Өлгий аймақтық бөлімшесінің жиналысы өтті. Аймақтың 31 журналисі қатысқан бұл алқалы жиында 2012 жылдан бері бөлімше төрағасы болып жұмыс атқарып келген Совет Нәсірұлы  өз өтінішімен қызметінен босатылды. Одақ мүшелері жаңа төрағаны сайлау кезінде  «Моңғол-Заман» газетінің бас редакторы Асылбек Рахатұлы, «Дербес» телеарнасының тілшісі Айнакөз Зұлпықарқызы, түркітанушы Өмірбек Биғұмарұлын үміткер ретінде ұсынған болатын. Дауыс беру шарасы кезінде 21 дауыспен Өмірбек Биғұмарұлы жеңімпаз атанып, Моңғолия Біріккен Журналистер одағы Баян-Өлгий аймақтық бөлімшесінің жетекшісі атанды.

      Баян-Өлгий аймағында алғашғы ұлттық баспа бөлімшесі 1941 жылы ашылған болатын. Одан кейін қазақ тілінде «Өркендеу» газеті, «Үгітші дәптері» журналы шыға бастады. Ал 1965 жылы Өлгий қаласында радиостанция ашылды. 

толығырақ

      Моңғолияның Көкпар, теңге ілу және жамбы ату федерациясының төрағасы, Баян-Өлгей аймақтық Спорт басқармасының бас маманы Ром Әуесханұлы бұдан бұрын бізге берген сұхбатында: «Баян-Өлгейде түркі халықтарының ат үсті ойындары өте жақсы дамыған. Қазақтың төл мерекелері тойланған кезде міндетті түрде ұлттық спорттарымыз ойналады. Наурыз тойы, Моңғолдың тәуелсіздік күні сияқты үлкен мерекелерде біз ұлттық спорттарымыздан өнер көрсетіп, өз арамызда дәріптеп қана қоймай, моңғол жұртшылығына танытып отырамыз. Ел ішінде де үлкенді-кішілі ұлттық ойынның сайыстары өтіп тұрады»,-дей келіп, моңғолиялық спортшы қандастарымыздың байрақты бәсекелерде жақсы нәтиже жаратып жүргендігін жеткізген еді. Бүгін оқырман қауымға спорт жанашырының ulttyqsport.kz сайтына берген сұхбатын ұсынамыз.  

      – Ассалаумағалейкүм аға, алдымен Моңғолиядағы қазақтың ұлттық спорт түрлері жайында тоқталып өтсеңіз.
       – Әу басында қазақтың ұлттық спорт түрлері көшпенді елдің ойындары ретінде еді. Ауыл болып, ел болып, жиын-тойларда асыр салып ойнап жүрген еді. Кейін Қазақ елінің бастауымен осы ойындарымыз ұлттық спорт түрлеріне айналды. Бұл спорттан Моңғолия да қалысқан жоқ. Көкпар, аударыспақ, теңге ілу, асық ату, тоғызқұмақ сияқты көптеген спорт түрлері жақсы дамып келе жатыр. Мысалы, көкпарды бұрын жаппай тартып жүрсек, қазір жаңа бекітілген ережеге сай жүреді. Бұл басқа да спорт түрлеріне қатысты. Жалпы, құдайға шүкір, жағдайымыз жақсы.
       – Моңғолия қазақтары арасындағы ат спортының жай-күйі туралы кеңірек айта отырсаңыз.
         – Алдыменен көкпар жайында айтайын. Көкпар атам заманнан бері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ойын. Және де бізден кейін де жалғасады. Өйткені Моңғол қазақтары жаз болсын, күз болсын, жылдың қай мезгілі болсын дала жүреді. Балаларымыз кішкентайынан көкпарға бейім болып өседі. Бұл өміріміздің бір салты десек қателеспейміз. Бірақ, соңғы кездері көкпарды кәсіби ереже бойынша тартып жүрміз. Мұны да айта кету керек. 2013 жылы Қазақ елінің бастауымен көкпардан алғашқы Азия чемпионаты өтті. Қатыстық, үйрендік, көп сабақ болды. Әлемнің тоғыз мемлекетінен келген командалар бақ сынады. Біз Түркия мемлекетін ұтып кеттік.
      Енді аударыспақ жайында айтсақ, бұл Моңғолия қазақтарының ішінде кенжелеп қалған ойын түрі болатын. Десе де бар күшімізді салып, ел арасында кәсіби ережеге сәйкес аударыспақты насихаттап жүрміз. Осының нәтижесінде былтыр өткен Азия чемпионатына Ережеп Нұрболат есімді шәкіртім 90 келі салмақ дәрежесі бойынша келіп қатысты. Екінші орын алып, жүлделі болып қайтты. Бұл да үлкен жетістік деп санаймыз.
      – Әрине. Сонда аударыспақ қалың бұқараның арасына енгізілді дейсіз ғой.
      – Ия. Жастар аударыспақпен шұғылданып, Моңғолияның әлемге белгілі палуандары осы спорт түрімен айналысуда. Елдің назарында жүрген спортшыларға еліктеп білекті, күшті басқа да жастарымыз аударыспаққа ден қоюда. Ең бастысы қызығушылық бар.
       – Әңгімені саятшылық жайында жалғастыра отырсақ.
     – Саятшылық басқа елдермен салыстырған да тең дамуда. Басқа ел деп Қазақстан мен Қытай елін айтып тұрмын. Моңғолияның өзінде екі федерация бар. Бірі қыркүйек айында, екіншісі қазан айында арнайы үлкен фестивалін өткізеді. Бұл үшін шетелден туристер келіп, басынан аяғына дейін қызықтап көріп, екі мыңнан аса адам жиналады. Екі-үш күнге жалғасқан ұлан-асыр той болады. Жалпы, бізде саятшылық дамыған спорт түрі. Бізден өтіп, алыс-жақын шетелге де жайылып жатыр десек артық айтқанымыз емес.
        – Қазақстанмен байланыстарыңыз жайында да айта отырсаңыз.
      – Қазақ мемлекетінің Ұлттық спорт түрлері қауымдастығымен кең қолтықта бірігіп жұмыс істеп отырмыз. Шақырған жерінен қалмаймыз, еш сайысынан қалысып көргеніміз жоқ. Олардың жасаған ережелері бойынша жарыстарға дайындалудамыз. Қазақтың Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы алыстағы ағайынға көмектесіп жатыр. Жетпегенімізді алып беріп, сұрақтарымыз болса жауап беріп үнемі көмектерін аямауда. Сайыстарға өз қаражатын бөліп алдырады. Бұл бізге үлкен көмек. Біз де, халқымыз да дән риза.
       – Болашақтағы жоспарларыңызбен бөлісеңіз.
     – Жоспар көп. Қайсы бірін айта бересің. Ең маңыздысы 2017 жылы Экспоға орай ұлттық спорт түрлерінен әлем чемпионаты өткізіледі екен. Сол іс-шараға жатпай-тұрмай дайындалу үстіндеміз.
      Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан осындай ұлттық құндылықтарымыз да кейінгі буынға қалдыру басты мақсат. Сондықтан Моңғолияда азғантай қазақ болсақ та ұлттық спорт түрлерін дамытып жүрмекпіз. Өзімнің бір арманым бар еді, мүмкіншілікті пайдаланып айта кетейін. Қазақ елінің бастауымен біз үшін, яғни Моңғолия жерінде арнайы ипподром салып берсе тамаша болар еді. Ерте ме, кеш пе бұл арманым да орындалады деген сенімдемін.
    – Рахмет!

       Әңгімелескен Рүстем Нүркен

        BAQ.kz 

толығырақ

ERA_9715+

     Қазақ хандығының 550 жылдығын Астанада атап өту салтанатына алыс-жақын шетелдегі қандастарымыз да көп келді. Олардың бірі – шетелдік қазақ ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, әйгілі Орхон ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның қолдауымен ғылыми айналысқа енгізуге атсалысқан, «Моңғолдың құпия шежіресін» қазақ тіліне аударып, оны түркі шежірелерімен салыстыра отырып 50 жыл бойы зерттеген, сонымен қатар «Қазақ қауымы», «Моңғолия қазақтарының тарихы», «Керейлер керуені» тарихи зерттеулері, «Ұрпағың үзілмесін» роман-трилогиясының және т.б. әдеби еңбектердің авторы, Моңғолия Ғылым академиясының академигі, профессор, жазушы, түрколог Ислам ҚАБЫШҰЛЫ. Ислам ағамыз түркітектес 230 миллион халықтың соңғы 2200 жылдағы тарихын саралап, «Тұран әлемі» атты еңбек жазған. Осы еңбегі үшін оған «Әлем тарихшысы» атағы берілген және оның «Моңғолия ғылымына еңбек сіңірген қайраткер» атағы бар. Мерейтой күндерінде бізге осы ағамыздан сұхбат алудың сәті түсті.

         – Сіз Қазақстанмен ғылыми тұрғыда тығыз байланыста болсаңыз да өзіңіздің өміріңіз туралы мұндағы қандастарыңыз жақын білмейді. Сондықтан, өз өміріңіз туралы қысқаша әңгімелеп берсеңіз…

          – Мен Моңғолияның Бай Өлке аймағында дүниеге келген қазақпын. Қазақтар Алтайдың арғы, бергі бетіндегі туған жерінде алма-кезек көшіп-қонып жүргенде, Абақ Керейдің Жантекесінен шыққан бізді Көбеш деген батыр бабамыз Қобда өзенінің бетіне қоныстандырған екен. Бұл кейін Моңғолияның жері деп танылды ғой. 1924 жылы Моңғолияда социалистік мұратты ұстанған халық өкіметі орнағанын білесіздер. Оның басы-қасында Кеңес Одағының ғана емес, бүкіл Коминтерннің өкілі болып Тұрар Рысқұлов ағамыз жүрді. Моңғол елінің мәнжілер билеген заманында салынған Дахұрээ дейтін қаласын астана етіп, атауын «Улаан батыр» деп өзгертуге үлес қосқан да сол ағамыз. «Улаан батыр» дегеннің мағынасы «Қызыл батыр» деген сөз. Оны қазір қазақтар «Ұлан-Батыр» деп жазып жүр.

       Мен Бай өлкеде 1941 жылы өмірге келген екенмін, ал өлкені Қазақ автономиясы сияқты етіп 1940 жылы құрған. Ол кезде Моңғолияның үкімет басында Батыр атағын екі мәрте алған маршал Х.Чойбалсан отырған. Міне, осы кісінің шарапатымен Қазақ өлкесі өз алдына аймақ болып құрылды. Қазір ол Моңғолияның 21 аймағының бірі, 13 сұмыннан (аудан) тұрады. Біз әкеміз Қабыштан үш бала: екі ұл, бір қыз тараймыз. Үлкен апайымыз Рабиға Цэнгэл сұмында өмір бойы сауыншы болып істеген көп балалы ана. Ал інім Пушкей Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын бітірген маман. Кейін сол Мәскеуден Жоғары партия мектебін де бітіріп, Моңғолияның Дорноговь және Хобда аймақтарында партия комитетінің екінші хатшысы сияқты лауазымды қызметтер атқарды.

      Өзім 1947 жылы мектеп табалдырығын аттадым. Ол кезде біздегі оқудың бәрі Қазақстан мектебінің бағдарламасымен болатын. Сондықтан, Қазақстанды да, оның оқулыққа енгізілген шығармашылық адамдарын да жақсы білдік. Бұл үрдіс 1986 жылға дейін жалғасты, тек 1987 жылдан кейін ғана біздегі мектептер басқа бағдарламамен оқуға ауыс­ты. Осыған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының әсері болды ғой деймін. Ол кезде Моңғолия билігі Кремль түшкіріп қалса, «жәрекім» деп отыратын еді ғой. 1987 жылы КОКП ОК «қазақ ұлтшылдығы туралы» деген қаулы алуымен бізде де қазақтарға деген көзқарас өзгерген сияқты болды.

      Бала күнімде қозы жайып жүрген ұсақ балаларға ағайынымыздың үшінші сыныпты бітірген баласы өлең оқыды. Әлгіге қызығып кетіп, тағы да айтшы, бізге де үйретші десек, сендер үйрене алмайсыңдар, хат танымайтын адам ұқпайды деп кекірейеді. Сонда да соңынан қалмай, қайта-қайта айтқызып, жаттап алдық. Бұл Абайдың «Қыс» деген өлеңі екен. Бірақ авторының кім екенінде біздің шаруамыз жоқ, тек сөздерінің құдіреті баурап алды. «Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды». Қыстың әрі мылқау, әрі дию-пері сықылды қорқынышты қалпын қалай әдемі суреттеген. Мектепке оқуға түскен соң тек осындайларды үйретеді екен ғой деп тұспалдаймын. Осы өлеңге құштарлық мені мектепке тартты да тұрды. Сол жылы әпекем Рабиға мектепке баратын еді, жасым толмаса да мен де барамын деп безілдеп қалдым. Алайда мені жасы толмайды деп алмады. Бұған сірескен әке-шешем Рабиғаны да мектепке бермей қойды. Содан мұғалімдердің өзі келіп, екеумізді де мектепке алып, интернатқа орналастырды ғой.

        – Өскен ортаңызда тілге, әдебиетке, тарихқа деген махаббат қандай еді?

        – Мен туып-өскен ортада өлең, жыр-дастандар көп айтылатын. Ол кезде радио-телевизор деген жоқ. Кітап оқитын адамдар да шамалы, сондықтан көңіл көтергісі келген адамдар өлең, жыр айтатын адамдарды іздейді. Ауылымызда Әбілқас деген шежіре ақсақал болды. Сол «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», «Арқалық» және т.б. сияқты жырларды ұзақ таңға талмай айтып бере алатын. Тарихи әңгімелер мен шежірелерді де сол айтып, ұғатын жастардың бәріне білгізіп отыратын. Абылай хан туралы әңгімелерді, әз Жәнібек пен Ақыр Жәнібекке дейінгі батырлардың ерлігін, Бұқар, Үмбетей сияқты жыраулардың сөздерін де бізге осы Әбең білгізді. Өзі біздің ұлы атамыз Жеңсікбайдың қасына еріп, бойындағы барлық өнерін содан сіңірген екен. Жекеңнің өзі ақын, сал-сері болған адам. Ол туралы Ақыт қажы Үрімжіұлы деген белгілі ақынның: «Жекеңдей жел сөзінен самал ескен, Кім бар еді орақ тілде одан өткен…» деген жыр жолдары қалған.

        Міне, соның бәрін бізге Әбілқас атамыз білдіріп, әңгімелеп, жырлап беруші еді. Солардың біразын біз де жаттап, қызығып айтып жүретін едік. Менің өлең-жырға, сөзге, тарихқа, көп білмекке деген махаббатымды алғаш осы кісі оятты десем, артық емес. Ал өз әкем Қабыш марқұм жылқы баққаннан артық өнері жоқ еді, алайда жылқының сырын жақсы білетін. Оларға ат қойғыштығы да ерекше болатын. Әкем атап кеткен «Сұркөжек», «Елпек сұр», «Қулық құла» сияқты атаулар сол жылқыға жабыса кететін.

        – Туған жер, атамекен Қазақстан туралы қашан естідіңіз? Барғыңыз келген жоқ па?

       – Мектеп бағдарламасы Қазақстандікі болғанымен, біздің Отанымыз – Моңғол Халық Республикасы деп оқытты ғой. Өзіміздің қазақ екенімізді білгенімізбен біз өз Отанымызда өмір сүріп жатырмыз деп ұқтық. Қазақстан туралы алғаш рет үшінші сыныпта жүргенде естідім. Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, қойылатын концерттерден қалмайтынмын. Сондағы өнерім – өлең оқу. Абайдың «Қыс» туралы өлеңін нәшіне келтіріп, қимылмен айтамын. Мысалы, «Ұшпадай бөркін киіп оқшырайтып, Басын сіліксе қар жауып, мазаңды алды» дегенде екі қолымды басыма апарып, бөрік қылып кигізіп, одан басымды сілкіп, түскен қарды көрсететін қимылдар жасаймын. Отырғандар соның бәріне мәз болып, мені сахнаға қайта-қайта шақырады. «Репертуарымдағы» екінші өлең де Абайдікі. Бұл жолы ақылман ақсақалдың образына еніп, «Ғылым таппай мақтанбаны» дәл бір абыздай күңіреніп айтамын. Қаршадай баланың бұл қылығына да тыңдармандар мәз болады.

       Бір күні шетелден қонақтар келіп, солардың алдында концерт қойдық. Соңын ала кезегім келген маған мұғалимам: «Қазақстаннан қонақ отыр, жүрексінбей, әдемілеп, нақышына келтіріп оқы», деді. Бірақ ол кезде ұялу, қымсыну деген сияқтыларды біле қоймайтын кезім ғой, қылтиып сахнаға шыға келіп, Абайдың өлеңдерін өзім білетін нақышпен айтып бердім. Ел ду қол шапалақтап, құрмет көрсетіп жатыр. Сахна шымылдығының саңлауынан қарасам, дәл алдында отырған зор денелі біреу орындығынан ұшып кете жаздап, алақанын қатты соғып отыр. «Е, әлгі Қазақстан дегені осы екен ғой», деп ойладым да қойдым. Түнде интернатта шырт ұйқыда жатсам, бағанағы мұғалимам алқынып келіп, жұлқылап оятып жатыр. «Ойбай, Ислам, жүр тезірек, бағанағы қонақтар сені алып кел, өлеңін тағы бір рет естиміз», деп жатыр дейді. Сөйтсем, «Қазақстан» деп отырған қонақ аға Семей ет-комбинатының директоры екен. Ол кезде бұл комбинат Моңғолиядан да мал алып, етін өңдейді ғой. Соның жұмыстарымен бізге келген болып шықты.

       Мені дедектетіп апарып, қонақтарды күтіп жатқан үлкен залға кіргізіп жіберді. Үстелдің үсті ас мәзіріне толып тұр, арақ-шарап та суша ағылуда. Мені алып келген мұғалимам номерімді жариялап еді, мен орындықтың үстіне шығып, «Қысты» тағы да нәшіне келтіріп айтып бердім. Әлгі «Қазақстаным» деген ағам орнынан атып тұрып, бетімнен сүйіп жатыр, сүйіп жатыр. Қысқасы, сол жерден үлкен сыйлықтар беріп, зор құрметпен аттандырды. Содан бері менің жүрегімде «Қазақстан» деген алып, жомарт, кең пейілді аға екен деген түсінік қалыптасты… Міне, менің «Қазақстанды» алғаш көргенім осылай болды. Өсе келе әрине, Қазақстан туралы түсінігіміз артып, танымымыз кеңейді. Тіпті, «қазақ тілі» мен әдебиеттен беретін кейбір мұғалімдеріміз Алматыдан оқып келгендер болып шықты. Алыстан сағымдай болып бұлдырайтын Қазақстанның әйгілі адамдары туралы ақиқат пен аңыздар да сан түске боялып, құбылып жетіп жататын. Барлық баспасөз құралдары да бізге бөгетсіз келіп тұрды. Қазақ жазушылары Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, әншілер Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев және т.б. біз ешқашан бөтен елдікі деп емес, өзіміздің ақын-жазушыларымыз, өнерпаздарымыз деп таныдық. Арманымыз бір, асуымыз биік деп білдік.

Улан-Батор--irybinsk.ru

        – Мектептен кейін қайда оқы­дыңыз? Моңғолия коммунистік партия­сының орталық органы – «Үнэн» (қазақша «Шындық», КСРО-ның «Правдасының» атауы секілді) газетіне қалай жұмысқа орналасып жүрсіз?

       – Мектеп бітірген соң Ұлан-Батырдың университетіне түсіп, журналистика және тарих факультетінде оқыдым. Оны қызыл дипломмен бітірдім. Моңғол, орыс тілдерінен басқа ағылшын, қытай тілдерін де үйреніп, бір кісідей сөйлей білетін халге жеттім. Жазу-сызуға студент кезімнен әуес болдым. Алғаш Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» деген әңгімесін моңғол тіліне аудардым. Осы жұмыспен жүргенімде бір күні қызық оқиға болды. Қазір есімі белгілі тарихшы болған ғалым, мектепті моңғол тілінде бітірген Зардыхан Қинаят менімен қатар, екі курс жоғары оқыды. Сол жатақханадағы бөлмеме жүгіріп келіп, моңғол радиосынан беріліп жатқан бір хабарды тыңдатты. Әңгіме моңғол ұшқышы Шагдарсүреннің ерлігін мадақтауға арналған екен. Оның Қытайдан бері өтпек болған Оспан батырдың жасақтарын бомбалағаны, сөйтіп Моңғолияның шекарасын күзетуде «жауды қырып салғаны» мақталып баяндалуда екен. Осыны естіген соң біз әрі намыстанып, әрі қазақты қырдық дегенге жанымыз ашып, күйіп кеттік. Мынаған қарсы мақала жазбасақ бұлар біздің бәрімізді «Оспанның қалдықтары», «қашқан-пысқан қазақтар» деп кемсітуін қоймайды. Сен соған қарсы мақала жаз, мен оны моңғол тіліне аударып Орталық жас­тар комитетіне шағынайық, деді ол. Мен ойланып қалдым, Өйткені, қарсы мақала жазсам, моңғолдың шекарасын бекемдемек болған өкіметтің ресми саясатына қарсы шыққан болмаймын ба деген ой келді. Ал саясатқа қарсы шықсам, «ұлтшыл» атандырып оқудан шығарып жіберуі мүмкін. Сондықтан, қарсылықты басқа жолмен жасамақ болып шешіп, 1939-1945 жылдары Кеңес Одағы қолдаған Моңғол Республикасының жағында жапондарға қарсы соғысқа қатысқан, атақты қазақ ұшқышы М.Зайсановтың ерлігі туралы мақала жазып, оны орталық газетке ұсынайық дедім.

       Осы ақылым дұрыс болып шықты, менің мақалам үлкен сенсация тудырып, қазақтан моңғол жерін қорғаған ұшқыш батыр шыққаны, оның Моңғолияның төрт адамы қатарында алғашқы генерал атағын алған адамның бірі екендігі жалпақ жұртқа жария болды. «Жақсыдан шарапат» деген емес пе, осы мақаланың арқасында мен жазғы практикамды «Үнэн» газетінде өткізу құрметіне ие болдым. Елдің батысындағы үш аймаққа тілші болып, бір айда жазған-сызған дүниелерімнің бәрі оның бетіне үздіксіз шығып тұрды. Оның үстіне өзім де жақсы оқып, ұстаздарымның көзіне түсіп жүрдім. Бізге «очерк жазу шеберлігі» пәнінен дәріс оқыған Моңғолия жазушылар одағының бастығы, халықаралық «Лотос» сый­лығының лауреаты Содомын Удвал ханым да өзінің бір баяндамасында журналистика факультетінде болашағынан үлкен үміт күттіретін үш үздік студент оқиды деп солардың қатарында мені де атапты. Міне, осындай себептердің арқасында газет басшыларына әбден танылып, диплом алған соң Орталық комитеттің шешімімен «Үнэн» газетіне қызметке тұрдым. Айта кететін жайт, бұл қызметке жолдаманы МХРП Орталық комитетінің бас хатшысы Ю.Цеденбалдың өз қолынан алдым. Бұл 1966 жылдың 30 маусымында болған оқиға еді. Қалың халқа-моңғолдардың қолы зорға жететін осынау қызметке аз қазақтың арасынан қол жеткізгенім – үлкен жетістік қой деп ойлаймын. Осы қызметті мен 30 жыл атқарып, әлемнің біраз жерін шарлап шықтым. Халқының жалпы саны сол кезде 1,6 млн. ғана болатын Моңғолияға 180 мың тиражбен тарайтын «Үнэн» газеті елдегі ең басты басылым еді. Ол Моңғолияның барлық түкпірі ғана емес, аудармамен алыс-жақын шетелдерге де шығып тұратын.

         – Жоғарыдағы бір сөзіңізде моңғол басшылығы Кремль түшкірсе, «жәрекім» деп отыратынын айттыңыз. КОКП-ның кері кесапаттары сіздерге де тиіп тұрды ма?

        – Әрине, тек қана біздікін дұрыс дейсіңдер, тек қана біздің жолмен жүресіңдер деген саясат «сары аяққа бал құйып, сабынан қарауыл қарағандай» жүргізіліп тұрды ғой. КСРО-да болған барлық саяси науқандардың бәрі Моңғолияда айна-қатесіз қайталанатын. Мәселен, сіздер әліпбиді үш рет өзгерткен болсаңыздар, бізде де дәл солай болды. Ақыры кириллицаның негізіндегі қазіргі моңғол әліпбиін қолданып жүрміз. Мұндайлар түгіл өзіміздің дербес саясат ұстанғымыз келген барлық бастамаларымызды тамырынан қырқып отырды. Мысалы, 1962 жылы Моңғол Ғылым академиясы Шыңғыс ханның туғанына 800 жыл толуын атап өту туралы бастама көтеріп, ғылыми-практикалық конференция өткізген болатын. Туған өлкесі Хэнтий аймағындағы Бурхан халдун тауының баурайына ескерткіші орнатылып, астына Шыңғыс ханның: «Құлаш денем құласа құлай берсін, құраған елім құламасын» деген сөздерін де жазып қойған еді. Бұл моңғол халқының рухын көтеріп, ұлттық сана-сезіміне шоқ тастаған оқиға болды. Алайда, бұл істер Кеңес өкіметінің идеологтарына ұнамай қалыпты. Олар Шыңғыс ханның дүниежүзіне белгілі даңқын көре алмай, орыстан асып кеткендігіне іштеріне пышақ айналмай қалса керек. Дереу бұл істі қатты сынап, Шыңғысхан қанішер, адамзаттың прогресін тежеген жауыз деген мағынадағы солақай айыптарын төгіп берді. (Дәл сол кезде нағыз қанішер болған өздерінің Грозный патшаларын дәріптеп жатқанын да біліп отырдық). Осындай сындардың нәтижесінде МХРП Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Л.Төмөрочир жұмыстан қуылып, көптеген ғалымдар «ұлтшылдық» қамытын киді. Бірақ осындай жағдайдың өзінде мен ғұлама ғалым болған ұстазым, әлемнің 16 тілін білген, ұлты бурят Ринчен Бямбаевтың бастамасымен «Моңғолдың құпия шежіресін» қазақ тіліне аударып, ұлы жиһангер бабамыздың даңқын туған халқыма таныстырғанымды өз өмірімдегі үлкен жетістіктің бірі деп санаймын. Керей қазақтың ханы Тұғырылдың оны қолдап, әкелік қамқорлық жасағанының арқасында ғана Шыңғыстың абыройы артып, әлемге танылғанын қандастарымыздың көбі алғаш рет осы еңбектен білді. Сондықтан да бұл еңбекті Қазақстандағы ғалым бауырларымыз ғана емес, Қытайда тұратын тарихшы ғалым Нығмет Мыңжани, Түркияда тұрған діндар ағамыз Халифа Алтайқажы, Германияда тұратын Хасен Өралтай түрлі жолдармен алдырып, қазақ, араб, латын әріптерімен тергізіп, еселеп көбейткенін мен артынан білдім.

        – Қазір моңғолиялықтар Шыңғыс ханның есімін тіпті ішетін арағы мен сырасына, тартатын шылымына дейін беретін болыпты ғой…

        – Оныңыз рас, осындай асыра сілтеулер ұлы есімнің қадірін түсіріп жіберуі де мүмкін. Бұл мәселені Моңғолдың орталық билігі де біліп отыр. Бір кезде оның есімін қадірлі жерлерге ғана беру керектігі туралы шешім шығатын шығар деген үмітім бар.

       – Ислам аға, сіздің 1967 жылы Моңғолияға барған Сәбит Мұқановтың қасына еріп, бірнеше күн бірге болғаныңыз жайлы тамаша естелігіңізді «Жұлдыз» журналынан (№1., 1987 жыл) оқығанбыз. Сәбеңнен басқа Қазақстанның қандай атақты адамдарымен аралас-құралас болдыңыз?

       – Бәрімен деу артық болатын шығар, бірақ қазақтың біршама аймаңдай азаматтарымен жақын араласқанымды мақтаныш көремін. Әлкей Марғұланмен алғаш рет 1973 жылы, ол кісі Моңғолияға келген сапарында таныстым. Ол кісі маған Моңғолиядағы қазақ тарихына қатысты дүниелерді жинай беру туралы тапсырма берген еді. Енді өзімнің Қазақстанға алғаш рет қалай келгенім туралы айтып берейін. Мен Мәскеу, Берлин, Прага және т.б. әлемдік қалаларға жиі барып жүрсем де өзіміздің Алматыға жолым түспей-ақ қойды. Соған өкініп, қашан жол түсер екен деп КСРО-ға келген сайын уайымдап кететін едім. Ақыры, 1976 жылы бұл сапардың да сәті түсті.

         Социалистік елдердің журналистер ұйымының халықаралық орталығы Прага қаласында болатын. Сол қаладағы жиналысқа барған бір сапарымда «Социалистік Қазақстан» газетінің сол кездегі редакторы Сапар Байжановпен танысудың сәті түсті. Сол кісі менің тарихпен шұғылданатынымды естіген соң ғылыми байланыс орнату мақсатымен Қазақ КСР Ғылым академиясынан шақырту жібертіп, соның арқасында туған жерге табаным тиді. Алатаудың баурайына мен мінген ұшақ төмендеп келе жатқанда Жаратқанға мың да бір шүкіршілік айтып, көзімнен жасым шығып кетіп еді-ау…

       Мені ұшақтан Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының сол кездегі директоры, академик Ақай Нүсіпбеков ағамыздың өзі қарсы алды. Содан академияда, университетте басқа да оқу-ғылым ордаларындағы кездесулерде болып, қазақтың нелер бір қасқалары мен жайсаңдарымен танысып, табақтас болдым. Менің үйімде Нұрғиса Тілендиевтің сыйлаған домбырасы тұр. Бертін барғанымда Дінмұхаммед Қонаев ағамызбен де танысып, үйінде әңгімелескенім бар. Әңгіме барысында оның КСРО-ның Үкімет делегациясы құрамында 1974 жылы Моңғолияға келгенін де еске алған едік.

         Сол алғашқы келген сапарымда «Социалистік Қазақстанның» редакторы Сапар Байжановтың қабылдауында болып, оның тапсырысымен сол кездегі жас тілші, бүгінгі «Егемен Қазақстанның» басшысы Сауытбек Абдрахманов інім менен сұхбат алып, бас газетке жариялаған болатын. Бұл туралы 2010 жылы Бай Өлкеге барған сапарынан кейін «Мәңгілік сен қаласың, сағынышым» атты мақаласында Сауытбектің өзі де жазды. («ЕҚ», 28.07.2010 жыл).

         Манаш Қозыбаев, Әбдуали Қайдаров және т.б. атақты ғалым, өнер адамдарымен жақын танысып, дәмдес болдым. Бүгінгі Қазақстанда мен білмейтін тарихшы ғалым жоқ десем артық айтқандық емес.

        – Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты айтпағым бар деген едіңіз, енді сол туралы әңгіме қозғасақ…

         – Бұл тақырыпта менің айтпағым ұлан-ғайыр. Алайда, сөзімді қысқартыңқырап, біздің халықтарымыздың бағына тарих тарту етіп, елдігімізді сақтаған үш даңқты тұлғаға тоқталғым келіп отыр. Олар Шыңғыс хан, Мұстафа Кемал Ататүрік және Нұрсұлтан Назарбаев.

        Мұндай лидерлер ғасырлар тоғысында патшалықтардан әл кеткенде, саусақпен санарлықтай ғана болып туады. Тағдырдың тәлкегімен әкесіне у беріп өлтірген татарлардың қанды ісіне қапаланып, одан көшкен жұртта жалғыз қалған жетімектің көзін құрту үшін тайчуудтардың қанқұйлы әрекетінен зорға құтылып, әлдісі әлсізін құртқан заман зардабын тартып жүріп, қар жас­танып, мұз төсеніп жүріп азғана ру-ұлыстың басын қосқан бала Тэмуджин 1189 жылы моңғол туырлықтылардың, 1206 жылы жалпы көшпенділердің империясын құрып, тарихта өшпес із қалдырды. Күншығыстан ежелден қырқыса беретін ата жауларын ығыстырып, аз ғана моңғол тайпасына қол үшін берген Керейдің Тұғырұл (Ван) ханы. Жетім Тэмуджинге мұның аты осыдан былай «Жеңіс хан» болсын деп бата бергені де тарихи құжаттарда дәлелденген дерек. Содан кейін дуалы ауыздан шыққан бұл сөз «Жеңіс хан» – «Шыңғыс хан» болып аталғаннан бері де 8 ғасыр өтіпті. Шыңғыс хан туралы әлемнің мыңға жуық ғұлама ғалымдары, тарихшы зерттеушілері үздіксіз жазумен келеді. Моңғол әулетінен басқа Орталық Азияда олармен қанаттас өмір сүріп, қатарлас өсіп-өнген халықтың бірі – қазақ халқының ғұлама ғалымдары Еуропаның «Евроцентризміне», Азияның «Күнзизміне» төтеп берген ұлы һәкім Абай, ұлық тұлға Мағжанға дейінгі ғұламалары «Шыңғысхан – хандардың Ханы» деп бағаласа, ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан: «3000 жылдық тарихы бар, 45 ру-тайпадан құралған қазақ елі әйгілі халық. Соның бір ғана бұтағы Керей мен Наймандар моңғолдардан әлдеқашан бұрын өз мемлекеттігін құрған» деп жазды.

        Шыңғысханның басқа патшалардан артық ұлағатты ісі – өзара қырқысқан қалың тайпалар мен руларды бір тудың астына жинап, хандық құрып, көшпенділердің тұңғыш мемлекеттігін құрғаны.

       Ендігі ұлы тұлғамыз Мұстафа Кемал Ататүрік. Ол да 500 жыл дәуірлеген Осман империясынан әл кетіп, «алыстағы бауырлар» (Мағжанның сөзі) дербес ел ретінде жер бетінен жойылуға шақ қалған алас-қапас кезеңде тарих сахнасына шықты. Өздерінен әлдеқайда мықты жауларының алдында бас имей, қасқая тұрып, ұлттың рухын көтеретін «Не өмір, не өлім!» деген ұранмен түрік ағайындардың намысын жанып, жауға қарсы көтеріп, мемлекетінің дербестігін сақтап қалды және алдыңғы қатарлы даму жолына түсіре білді. Сондықтан бұл адамның есімі де исі түркі халықтары үшін ұлы тұлға деген атауға лайық.

         Үшінші ұлы тұлғамыз КСРО-ның шашылып қалған жұртынан халқының рухын көтеріп, қазақты дүниежүзіне танымал ел қылған Нұрсұлтан Назарбаев.

          Қазір Назарбаев десе Қазақстан, Қазақстан десе Назарбаев болып, ажырамас тұтас ұғымға айналып, елдің даңқы әлемнің сегіз қиыр шартарабына тарады. Ғасырға татырлық ғажайып істер тындырған Елбасына соңғы 25 жыл ұдайы Қазақ елі сенім жүктеп, үлкен үміт артып отыр. Елбасының билік басындағы басқа әріптестерінен ерекшелігі сонда, ол өз халқы тарихының білгірі, тарлан тарихшысы, сегіз қырлы, бір сырлы болуында. Қазақ пен орыс халқының тарихы мен мәдениетін жетік меңгерген ол осы егіз елдің сиқырын да, сырлы тілін де майын тамызып сөйлегеніне таңдай қағып таңданасың.

         Н.Назарбаевтың алдымен тарих жылын жариялап, артынан Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға шешім қабылдауының астарында үлкен мән бар. «Еуропацентризмнің» уымен уланған шовинистер осыншама ұлан-ғайыр жерді мекендеген елдің өткен тарихын бұрмалап, көшпенділер дегенді көшіп-қонуды ғана білетін, мәдениетсіз, қырқысқан қырық рулы елдің бірі деп түсіндірді. Олардың адамзат мәдениетіне қосқан айтулы үлесін жоққа шығарып, Еуропа мен Америка жазу-сызудың не екенін білмеген кезде, бұдан 2200 жылдан астам уақыт бұрын қытайдың ақ қорғанын салуға мәжбүрлеген көшпенділердің ғұн империясын, олардан көп бұрын сақ тайпасының болғанын, олар өз жазу-сызуымен қисса-дастандарында қағазға да, тасқа да қашап жазғанын мойындамады. Бұдан 15 ғасыр бұрын жарты әлемді бағындырған Көк түріктің бел баласы Күлтегін Білге мен абыз ғұлама Тоныкөктердің түп төркіні қазақ дегенге сенбегенімен қоймай, 1206 жылы көшпенділердің ұлы империясы құрылғанда соның алтын арқауы үйсін, қаңлы, найман, керей, жалайыр, қоңырат, қыпшақ, меркіт, сәнби, қарақидан сияқты ру-тайпалардың бәрі қазақтың ертеден бері келе жатқан ұлыстары екенін ешқашан елемей келгені озбыр патшалықтардың өрескел саясатының кесірі еді. Азияның сайын даласы мен алып Алтайдың баурайында 3000 жылдай өмір кешкенде «мың өліп, мың тірілсе де» осы өлкеде тапжылмай тұрған қайсар да қаһарман халықты орыс пен мәнжіден арылтып жазу қылмыс болып есептелген заманда қазақты қор санап, өздерін зор санаған тарих толқындарының қатпарында қандай зұлымдықтың жатқанын Нұрекең жақсы білгендіктен тарих жылын, одан Қазақтың төл хандығының 550 жылдығын жариялауы үлкен сұңғылалықтың белгісі еді.

        1999 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолияға екінші рет келген сапарында Президент Нацагийн Багабандимен еркін әңгімелесіп, барлығымыз Орталық Азиядан өрбіген киіз туырлықты, ағаш уықты көшпенділер әулетіміз, әдет-ғұрып, салт-санамыз ұқсас, қазақ халқы Жошының мавзолейін 8 ғасыр бүлдірмей, қиратпай сақтаған ел деген. Содан Президент Н.Багабанди Нұрекеңді әуежайға шығарып салған жолында жолай тарих институтына келіп, «Моңғол тарихын» дереу жаңадан жазуға тапсырма бергенін баспасөздер жамырап жазғаны бар. Асыққан істің шалалығы болғанымен сол дүмпумен моңғол тарихының қазақпен жақындығы біршама ашыла түсті.

          Міне, осындай істері үшін Нұрсұлтан Назарбаевты ұлағатты жолы Шыңғысхан, Мұстафа Кемал Ататүріктен кейінгі ғасыр тудырған замана перзенті, Қазақстан ғана емес жалпы түркі-моңғол халықтарының тарихындағы ұлы тұлғасы деп тарих парағына алтын әріппен жазылуға тиісті деп санаймын.

          – Отбасыңыз туралы да айта кетсеңіз…

          – Менің төрт ұл, екі қызым бар еді. Үлкен ұлым Бақытжан және кемпірім Шолпан осы биыл дүниеден өтіп, зор қайғыға ұшыратып кетті. Қалған ұлдарымның ішінде Бауыржан бір үлкен компанияның басшысы болып істеп жүр, Арманым – мемлекеттік қызметте. Кіші ұлым Абай тарихи Отанына оралған, қазір Алматы қаласындағы төтенше жағдайлар басқармасында қызмет істейді. Қыздарым Назгүл мен Бибігүлдер де отбасыларымен бірге тарихи Отандарына оралып, Астана мен Көкшетау қалаларының мектептерінде мұғалім болып жүр. Бәрі де балалы-шағалы, құдайға шүкір, немере-жиендерім аман-сау өсіп келеді. Менің жолымды қуып ғылым жолына түскен үлкен ұлым Бақытжан еді, ол моңғол университетінде сабақ берген, сұм тағдар ерте алып кетті. Біздің отбасымыз қайда жүрсек те екі еліміздің де амандығын, алға өрлеуін тілеп отырудан жаңылған емеспіз.

         – Қайтыс болғандардың артының қайырын берсін. Әңгімеңізге рахмет, аға.

        Әңгімелескен Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

          http://egemen.kz/2015/10/14/2217

толығырақ

f4ea5f7a3ebda33864a35ee7206238d1.jpg

     Моңғолияда тұратын қандасымыз Жанарбек Ақыбиұлының бастамасымен  Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Моңғолия қазақтары 550 тауды бағындырды.

     Белгілі альпинист, халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің бастамасы бүгінде бүкіл әлемдегі қазақтардың қызу қолдауына ие болды. Көктемнен бері жүздеген адам өздерінің еліндегі ең биік тауларға шығып, фотосуреттерін әлеуметтік желіде арнайы ашылған парақшаға салды, - деп жазады kaztrk.kz.

         Жанарбек Ақыбиұлы тәжірбиелі альпинист. Дүниежүзіндегі ең биік шыңдарды бағындырып жүрген белгілі cпорт шебері. Ол Моңғолиядағы ең биік тау - Бесбоғда шыңында 60 рет болып қайтыпты. 


толығырақ

25eabdea4f3c6528a1adaf7adfa8d8cf.jpg
 
       “Баян-Өлгий 2015” кіші олимпиадасы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздары анықталды.

     Естеріңізге сала кетсек, кіші олимпиада қыркүйек айының 11-14 аралығында өткізіліп, оған аймағымыздың барлық сұмындарынан 25 команда, 1300 ге жуық спортшы спорттың 10 түрінен бақтарын сынаған болатын.

     Бір апта бойы тартысты өткен бәсекенің жеңімпаздары анықталды. 

     Сонымен, бірінші орынды Цэнгэл сұмыны, екінші орынды Өлгий сұмынының 9 –шы бақ командасы, үшінші орынды Өлгий сұмынының 8–ші бақ командалары иеленді. 

     Жеңіс шыңынан көрінген Цэнгэл сұмындық құрама командасы спорттың 4 түрінен дойбы (әйелдер мен ерлер арасында), дзю-до (66 келі) және ұлттық күрес түрінен I орыннан көрінген. 

     II орыннан көрінген Өлгий сұмынының 9 бақ құрама командасы тоғызқұмалақ (ерлер арасындағы), дзю-до(60 келі), баскетбол (қыздар арасындағы) бәсекелерінде топ жарған болса, баскетболдан ерлер командасы екінші орын иеленген. 

     III орыннан көрінген Өлгий сұмынының 8 бақ құрама командасы тоғызқұмалақ (қыздар арасындағы), теннис (ерлер арасындағы) және волейбол (ерлер арасындағы) –дан алдына жан салмады.

    Кіші олимпиада жеңімпаздары дипломдар мен кубоктар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

толығырақ

Көшпенділер  әлеміне ынтықпын...

     Арман ӘЛЕН:

      Жазушы, продюсер,  режиссер Арман Әлен – Ұлан-Батырда дүниеге келген қазақ баласы. Моңғол ортасында кино, әдебиет саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған халықаралық дәрежедегі танымал тұлғалардың бірі. «Mercy Cor» ұйымы жүргізген зерттеу бойынша, 2005 – 2006 жылы эфирге шығарған «Шетсіз, шексіз шырмауық» атты 26 сериялы туындысын 400 мың адам тамашалаған.
     Танымы терең, жаңашылдығы зор қандасымызды Қытай мен Жапония мемлекеті өз тарихын бедерлейтін фильм түсіруге қайта-қайта шақырып, арнайы ұсыныс жасап отырғаны оның мықтылығын мойындағандары болса керек.

     Арман бала кезінен шежіре мәліметтерді қызықтап, көне тарихтың қатпарлы құпия­ла­рына үңіліп өсіпті. Тіпті 5 сыныпта оқып жүр­ген кезінде оқушылар арасында өткен та­рих пәнінен білгірлік таныту жарысында суы­рылып алға шығып, көзге түседі. Кейі­ні­рек саясаттану және тарих факультеттерін қа­тар бітіріп шыққаны кино өнерінде көп сеп­тігін тигізгенін айтады. Сондай-ақ көш­пен­ділер әлемін әсерлі таспалауға үлкен әсер еткенін жасырмайды. 

      Бала кезінен тарих пен өнерге ынтыққан Ар­ман әдебиет саласында да бақ сынап кө­ріпті. 1991 жылы Ресейде өткен «Green Pea­ce-2» байқауында «Ана көңілі», «Маймылдар» атты әңгімелері жеңіс туын желбіретіп, ол­жамен оралады. Осы байқаудан кейін өзі ын­тық болған өнер түрлерімен бел шешіп ай­налысады. Қоғам өміріне белсене ат­са­лысу­ды да естен шығармады. Моңғолияның мер­зімді баспасөзінде дүмпу жасаған жұмыс­сыздарды қолдау мақсатында шығарылған «Жұ­мысқа қабылдаймын!» газеті, осы елдің ең ірі радиоарналарында жүрген «Келе­шек­тен келген малшы» көп бөлімді қойылымы, те­левизия саласына жаңа бетбұрыс жасаған «Сіз кімсіз?», «Ашық есік» ток-шоулары оны ел алдындағы абыройға бөлеп, өзінің ең үл­кен ар­маны – кино әлеміне алып келді.

«Ана көңілінен» басталған жол


      Арман ең әуелі әрқайсысы 26 бөлімнен тұра­тын «Кім кінәлі?», «Жәбірленушілер», «Бұ­­зылмасын» радио пьесаларын жазады. Қыл­мыстық кодексті түсіндіруге арналған «Кім кінәлі?» радио қойылымы 2005 жылы Моң­ғолия радиосының «Жылдың ең үздік бағ­дарламасы» ретінде танылып, «Алтын қор­­ға» енеді. Сонымен қатар «Хан мәңгілік кү­­лімсірейді», «Махаббат салоны» сияқты те­лепьесалар жазып, көрермен ықылысына бө­ленеді. 
     Бұдан кейін 26 сериялы «Шетсіз, шексіз шырмауық», 22 сериялы «Жеңімпаз» фи­ль­мін жарыққа шығарды. Бұл туындылардың бар­лығы көшпенділер кеңістігін көре білетін Ар­манға толайым табыс әкелді. Қытай мен Жа­пония киноиндустриясы ұсыныстар жасап, Арманның қолынан шыққан тарихи фильмді көруге асық екенін жасырмады. 
      – Жапония мен Моңғолия тарихында бай­ланыс бар. Шындап кіріссем, Қытайға ба­рып жұмыс істеу де аса қиындық тудыр­май­ды. Алайда мен кейбір дүниелерді жіті тү­сін­бегендіктен, әзірге бұл ұсынысты қа­былдаған жоқпын. Ойланып жүрмін. «Өзге елдің мәдениетіне жұмыс істеудің нәтижесі не болады, бұл келісімшарттың маған және артымда қалатын балама не пайдасы тиеді?» деп түбегейлі сараптаймын. Ұсыныс келді екен деп қуанып, әр жіптің басын ұстаудан ши­кі дүниелер көп жасалады. Өз басым шы­ғармашылығымда шикілік болғанын қа­ламаймын. Мен үшін әр фильмнің шикі әрі ша­ла болып шығуы кешірілмес дүние, – дей­ді кейіпкеріміз. 

«Кіші хандар дәуірі» 

    2013-2014 жылы режиссерлік һәм продю­серлік бабына келген Арман көшпенділер әлемін бейнелейтін «Кіші хандар дәуірі» деп аталатын туындыны қолға алады. 20 серия­дан тұратын еңбек моңғол тарихына негіз­делген. Фильм экранға жол тартқан бойда халық қызығушылық туғызып, көп ұзамай үздік фильмдер қатарына қосылыпты. 
– Қазір халық екі-үш сағаттық көркем фи­льмнен гөрі, көп сериялы фильмдерді қа­рағанды дұрыс көреді. Сондықтан біз те­лесериал арқылы тарих пен мәдениетті, өнер мен дәстүрді насихаттауды ұйғардық. 2006 жылы Ұлы Моңғол империясының орнаға­нына 800 жыл мерейтойы атап өтілгенде, «әлемнің жартысын жаулаған Моңғол елі қа­зір неге осындай әлсіз күйге түсті?» деген сұрақ туындады. Осы мәселенің тарихи жауа­бын біз жастарға түсіндіруіміз керек бол­ды. Биліктен кеткен қателік алдағы уа­қытта ел дамуына үлесін қосар деген оймен «Кіші хандар дәуірі» фильмін жарыққа шығардық. Ешқандай мемлекеттік тапсырыс алмай, 20 серияны өз қаражатымызбен бір ай мерзімінде аяқтап біттік. Шығыны аса үлкен емес.
      «Кіші хандар дәуірі» фильмінің тез уақытта түсірілуінің өзіндік себебі де бар. Себеп – Моңғолия табиғаты және жер­гілікті халықтың тұрмыс-тіршілігінің көш­пенді қалыпта сақталғандығы. Яғни натура іздеп қиналмайсыз, тарихи фильмдерге қажетті бұйымдар, киіз үй, ат-тұрман, мың­ғырған мал, ат құлағында ойнайтын каска­дер, мың қол әскерді бейнелейтін топ-топ адам іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Мал шар­уа­шылығын кәсіп етіп, күні бүгінге дейін кө­шіп-қонып, көшпенді өмір салтын ұстанып, осы арқылы әлем туристерінің ағы­лып ба­ратын жеріне айналған Моңғолия аума­ғының дені – тарихи кино түсіруге дайын тұр­ған алаң. Сондықтан фильмнің негізгі түсіріліміне қаржы өте аз жұмсалады. Деко­рацияны қолдан құрастырып, тапсырыспен жасатып, сырттан актер шақырудың қажеті болмады. 
     Оның үстіне, тарихи фильмді 1000-ға жуық телеарна жарнамаларын, 50-60 моң­ғолиялық және шетелдік әншілердің кон­церттерін, 200-ден астам бейнеклип, де­ректі фильмдер, бағдарламалар мен көр­кем фильм­дерді жарыққа шығарған «Ес Ти» се­кілді өз киностудиямызда түсірдік. Өз күші­міз бен өз техникамызды пайдаландық. Бү­гінгі таңда шығармашылық бірлестігіміз АҚШ пен Оңтүстік Корея елдерінің ки­ноал­пауыттарымен тығыз қарым-қатынаста, – дей­ді Арман.
       – Қазақ, моңғол, түрікмен, қырғыз ха­лық­­тары ат мінеді, киіз үй тігеді. Тоқым ба­­сып, қылыш, найза ұстайды. Киімдері де өте ұқсас. Еңбекті сүйеді, бір жерде қол қу­сырып отырмайды. Егер ма­ған «сіз көш­пен­ді­лер тарихын білесіз бе?» деген сұрақ қойыл­­­са, «көшпенділер тарихы – менің та­ри­­хым. Ата-бабамның тарихы, алпыс екі та­­мырыма туа біткен қаным» деп жауап бе­ремін. 
     Ресейдің қоғам, тарих, антропология са­ла­сының әйгілі ғылымдарының өзі «көш­пен­ділер өздерін табиғатта сіңіріп, өзін-өзі жа­саған халық. Егер олар болмаса ел, жер деген болмайтын еді» деп қорытындылаған. Бұл тұжырым – біз үшін үлкен мақтаныш! – дей­ді Арман Әлен.
      Әңгімелескен Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

     http://aikyn.kz/ru/articles/show/13163-k_shpend_ler_lem_ne_ynty_pyn_

толығырақ

      6a0334f19c80777e0d82446786a42a8a.jpg

      19 тамызда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Қ.Қобландин Моңғолия мұсылмандар ұйымы одағының кезекті семинарына қатысушы имамдар өкілдерін қабылдады.

      Қабылдау барысында Елші Қазақстан Республикасының Астанасында жуықта өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі туралы кеңінен әңгімелеп, жастарды діни төзімділік, отбасылық құндылықтарды қадірлеу және имандылыққа тәрбиелеудегі діннің маңыздылығына тоқталды.

      Елші Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасы мен Моңғолия мұсылмандар ұйымы одағының ынтымақтастығын нығайту жөнінде пікір алмасты. 

толығырақ

962b1e8f19c669706d5070762ac96315.jpg

         Жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, олардың талантын шыңдау мақсатында 2 жыл сайын аймақтық  спартакиадасын ұйымдастырып тұру туралы шешім Аймақтық Азаматтық Өкілдері Хуралынан қабылданған болатын. 

      Осыған сәйкес аймақ әкімінің 2015 жылғы №437 өкімімен «Өлгий кубогі-2015» аймақтық  спартакиада ұйымдастыру комиссиясы тағайындалып, қазір дайындық жұмыстары жүріліп жатыр. Аймақ әкімі Іс басқармасының бастамасымен алдағы қыркүйек айының 11-14-і күндері өтетін бәсекеге ұлттық күрес, дзю-до, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғыз құмалақ, дойбы, садақ ату және бұқаралық дене шынықтыру қатарлы спорттың 11 түрі бойынша аймағымыздың барлық сұмындарынан командалар мен жеке спортшылар қатыспақ. 

        Қазіргі таңда спартакиаданың негізгі ұйымдастырушылары ретінде еліміздің Денсаулық сақтау және спорт министрлігі, Аймақ әкімі Іс басқармасы, Улаанбаатар қаласындағы Баян-Өлгий аймағының Жерлестер алқасы, Моңғолияның Ұлттық олимпиада комитеті жұмыстап жатса, Баян-Өлгий аймағының Дене шынықтыру, спорт басқармасы, сұмын әкімшіліктері, аймақтық спорт федерациялары, «Хөгжлийн эрч» клубы мен Жастардың даму орталығы іс-шараны ұйымдастыруға белсене ат салысуда.

      Естеріңізге сала кетсек, аймақ әкімшілігінің бастамасымен болашақ спортшыларды дайындау, жастарға саламатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың денсаулығын жақсарту, аймағымызды өлге өлкелерге таныту мақсатында бүгінге дейін бокс, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресінен халықаралық бәсекелер, ұлттық күрес, самбо, т.б. спорт түрлерінен батыс зоналық, мемлекеттік біріншіліктер ұйымдастырылған болатын.

толығырақ

     Моңғолия қазақтарының Өлгий қаласында 2010 жылдың 23-шілдесінде алғашқы саны жарық көрген шыққан «Монгол Заман» газетіне 5 жыл толды. Қоғамдық, танымдық, әлеуметтік, тарихи және әдеби бұл басылым 15 күнде бір рет жарық көреді.

         Газет ұжымы алғашқы мерейтойларын қыркүйектің аяғында атап өтпек. Бас редакторы Асылбек Рахатұлының сөзіне қарағанда, бұл шараға ел астанасы Улаанбаатар қаласы мен  Дархан-Уул, Орхон, Сэлэнгэ, Дорнод, Увс, Ховд, Завхан, Говь-Алтай аймақтарындағы қазақтардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатыспақ. Құрметті қонақтар арасында сондай-ақ, Қазақстан, Қытай, Ресей және Түркия қазақтарының уәкілдері де болады деп жоспарлануда.

      «Монгол Заман» Моңғолия қазақтарының санаулы мерзімді басылымдарының ішіндегі ең жасы саналады. Олардың ең үлкені 1940 жылы Баян-Өлгий аймағы құрылған соң 1 жылдан кейін жарық көрген «Жаңа дәуір» газеті. Бұдан бөлек 1957 жылдан бері шығатын «Шұғыла» деп аталатын әдеби журнал бар.

толығырақ

69345fc8aba19be52502e4170a2a489c.jpg
          Өткен ғасырдың аяқ шенінде аймағымызда тіршілік етіп, аудармашы, журналист, публицист, лектор болған Насыр Тәукейұлының туғанына 80 жыл толуына орай "Шамшырақ" атты естеліктер жинағы мен оның көзі тірісінде өзі жасаған қазақша-моңғолша-орысша үш тілдік төрт сөздігін біріктірген "Атаулар сөздігі" және "Теңізден терген меруерт" атты нақыл сөздер жинағы қайтадан басылып, оқырмандардың қолына тиді.

      Моңғолия журналистер одағының мүшесі, орыс тілінің мұғалімі, аудармашы, лектор, журналист, публицист, Тәукейұлы Насыр 1935 жылы наурыз айының 17-күні Баян-Өлгий аймағы Цэнгэл сұмынының Жыланды өлкесінде дүниеге келген.

      1957 жылы Улаанбаатар қаласында Мемлекеттік Педагогикалық институтты орыс тілі пәнінің оқытушысы, аудармашы мамандығымен бітірген. 1957-1959 жылдары Өлгий қалалық 1-онжылдық, 1965-1966 жылдары 2-онжылдық орта мектепте мұғалім, 1959-1972 жылдары аймақтық баспахананың орынбасары және «Жаңа өмір» газетінің жауапты хатшысы, 1972-1978 жылдары аймақтық партия комитетінде баспасөз, радио ісін жауаптанған лектор, 1978 жылдан өмірінің ақырына дейін Мемлекеттік баспасөз бен әдебиет басқармасының аймағымыздағы өкілі болып жұмыстады. 

     Т.Насыр «Орысша-қазақша сөздік», «Моңғолша-қазақша-орысша атаулар», «Моңғолша-қазақша-орысша қоғамдық-саяси атаулар», «Орысша-қазақша-моңғолша терминдер мен атаулар» қатарлы сөздіктер жасап, «Саяси анықтама», «Теңізден терген меруерт» кітапшаларын бастырып шығарды. Ол көптеген саяси және әдеби кітаптарды орыс, моңғол тілдерінен қазақ тіліне, қазақ тілінен моңғол тіліне аударып, редакторлық жасады. Т.Насыр қоғам өміріне белсене араласып, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне елеулі үлес қосты. Ересектерге арналған орыс тілінің курстерін ұйымдастырып, газет, радиодан орыс тілі сабақтарын жүргізіп тұрды. 

     Сондай-ақ ұйым-мекемелерде және қыр сұмындарды аралап, қоғамдық саяси, тәрбиелік, танымдық дәрістер оқып, халықты ағарту, зиялы қауымнан қарапайым малшы, жұмысшыларға дейін халық-бұқараның білімін жетілдіріп, саяси сауатын ашып, тәрбиелеуден аянбады. Күнделікті газет пен радиоға да мақала, репортаж,, очерк жазып, журналистік, лекторлық, аудармашылық және ағартушылық қызметпен айналысты.

      Бұл кітаптар аймақтық байланыс орнының 1-қабатындағы "Жібек жолы" кітап дүкенінде сатылуда.

 

толығырақ

    fd8ecbc8b9a71d776b1ecec7db5d3d12.jpg

       Маусымның 14 күні Сагсай сұмыны Ботамойын өлкесінде ат спортынан аймақ біріншілігі жүріліп өтті.

      Өткен жылы бәсекеге 16 жылқышы қатысқан болса, биыл ауқымы кеңейіп 24 жылқышы қатысты.  

     Олар қамшы ілу, шалма салу және асау үйретуден өзара бақтарын сынады.

     Қамшы ілуден М.Жанарбек (Ногооннуур), асау үйретуден С.Жеңісбек (Сагсай), шалма салудан Наурызхан (Сагсай)- дар үздік деп танылды.

     Жер жерден келген жылқышылар тартысты өнер көрсетіп, қорытынды бойынша сагсай сұмындық Жеңісбек Серікұлы үздік деп танылып, шілденің 12 күні Улаанбаатар қаласында өтетін ел біріншілігіне жолдама алды.

     2014 жылғы ел біріншілігінде Баян-Өлгийліктердің абыройын дәл осы асау үйрету сайысында тағы бір Жеңісбек есімді азамат қорғап, ел біріншілігінде топ жарған болатын.

толығырақ

 465cd116452b6e881f7c15994cc39870.jpg
 

      Қыркүйек айының аяғында белгіленетін, Моңғолия қазақтарымен Баян-Өлгийліктерге арналған қоғамдық, танымдық, әлеуметтік, тарихи және әдеби 15 күндік басылым «Монгол Заман» газетінің 5 жылдық тойына шақырулар таратыла бастады.

    «Монгол Заман» газетінің бас редакторы Асылбек Рахатұлының айтуынша: - Аталмыш тойға, Түркия, Қазақстан, ҚХР және Ресей қазақтарымен еліміздің астанасы Улаанбаатар және Дархан-Уул, Орхон, Сэлэнгэ, Дорнод, Увс, Ховд, Завхан, Говь-Алтай аймақтарындағы  андастармен бірге баспасөз өкілдері мен журналистер қатысуға ниет білдірген.  Тойдың дайындық жұмысына ел азаматтары байғазы ұсынып, көмектерін көрсетуде.

     Бұл басылымның алғашқы саны 2010 жылдың 23 - шілдеде шыққан. Бүгінге дейін газеттің 120 саны жарық көрген.

        http://kaznews.mn/news.php?mid=2&nid=252 

толығырақ

       Моңғолиядағы қазақ диаспорасы Ұланбатыр мен Астана арасын байланыстыратын «алтын көпір» міндетін атқарады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Моңғолия Ұлы Құрылтай (Парламенті) мүшесі Тілейхан Әлмәлікұлы айтты. 

     «Моңғолиядағы қазақ диаспорасы екі ел ара қатынасына дәнекер, «алтын көпір» болып отыр. Біз қазақ ұлтының құрамдас бір бөлігі болғандықтан, Қазақстанның атақ-абыройының асқақтап, экономикасының дами беруіне тілектеспіз», - деді ол.

     Осы орайда Ә.Тілейхан Моңғолиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Қалыбек Қобыландинге алғысын айтты. «Қ.Қобыландин біздің қазақ диаспорасына байланысты зор істерді атқаруда. Сондықтан осы істерді әлі де пәрмендендіруге Қазақстан елі тарапынан қолғабыс жасалса біздің ары қарайғы қатынасымыздың нәтижесі мол болмақ», - деді ол.

     Әлмәлікұлы Тілейхан 1955 жылы Баян-Өлгий аймағында туылған. 1976 жылы Моңғолия Мемлекеттік Университетін Өндірістік жылумен қамтамасыз ету инженері мамандығы, 1989 жылы Экономикалық кешкі университет Өндірістік экономист бойынша тәмамдаған.

     2008-2012 жылдары Моңғолия Парламентінің Әлеуметтік саясат, білім, мәдениет, ғылым мәселелері бойынша тұрақты комитетінің бастығы болды.

    1991 жылы Халық Революциялық 70 жылдық медалі, 1993 жылы Энергетика саласының озат қызметкері, 2001 жылы Халық Революциясының 80 жылдық медалі, 2005 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталған. 2014 жылы Моңғолияның Өнеркәсіп саласының қайраткері атағын алған.

           Садық Әкіжанов  

         http://baq.kz/kk/diaspora/1354

толығырақ

     15 мамырда Ұлан-Батырда өткен «Қазақ хандығының 550 жылдығы аясындағы Қазақстан-Моңғол тарихының көкейкесті мәселелері» атты дөңгелек үстелге Моңғолияның зиялы қауым өкілдері үлкен қызығушылық танытты. Осы шараға қатысқан Моңғолия Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, аудармашы, публицист, драматург, Халықаралық түркі-моңғол зерттеу орталығының президенті, Моңғолиядағы қазақ диаспорасының «Алтын орда» мәдени орталығының бас директоры Ислам Қабышұлымен тілдесудің сәті түскен еді. 

     - Ислам аға, Қазақ хандығының 550 жылдығы, сондай-ақ осы тақырыпқа арналған Сіздің еңбегіңіз туралы не айта аласыз?

     - Моңғол мен қазақтардың тарихы сабақтас. Қазақ хандығының 550 жылдығын айтпас бұрын біз Түркі қағанатын еске алуымыз керек. Әлкей Марғұлан қазақтың 3 мың жылдық тарихы бар деп айтудан жаңылмаған ғой. Бірақ Кеңес Одағының кезінде ол бұл үшін қудаланды. Ермұхан Бекмаханов Қазақ хандығы туралы жазып, қудалауға ұшырады. Мен 1962 жылдан бастап моңғол мен қазақ тарихын салыстыра зерттеген адаммын. Тек түркі шежіресімен ғана шектелетін болсақ, біздің көшпенділеріміздің тарихы толық ашылмайды. Сондықтан моңғол тарихының орны бөлек. Осы тарихтың дәуірлеуі Шыңғыс ханның көшпенділер империясын құрған 1206 жылдан басталады. Сол империяның құрамында болған ұлт пен ұлыстардың біреуі - қазақ елі, соның ішінде қыпшақ, керей, найман, жалайыр, қоңырат деп келеді. Бұның барлығы «Құпия шежіре» (қытайша - «Юань Шао-биши» кітабында 1240 жылы жазылған. Осы кітапты «Моңғолдың құпия шежіресі» деп қазақшаға аударып, оны 50 жылдай түркі шежірелерімен салыстыра зерттедім. Бүгінгі таңда әлемде түркі тектес 28 ұлт пен ұлыс, 7 тәуелсіз республика бар, соның біреуі - Моңғол елі. Кеңес дәуірінде, де бертінде де түркі-моңғол халықтарының тарихы деп оқытатын. Түркілер мен моңғолды бөлетіндігінің бір себебі - бұл будда дініне қарайтын ел. Осы қазіргі Моңғолия жерінде 3 мың жылдан бері (сақ және ғұн дәуірінен бастап) өмір сүрген халықтың ең біріншісі - қазақ халқы болып есептеледі.

        Моңғолдар ғұн дәуірінің 2226 жылдығын бекітеміз деп отыр, бірақ біздің ғалымдар бір кезде осы тайпаның негізін Орта Азия халықтары, әсіресе көшпенділердің өзегі болған қазақ халқы құрады деп айтатын. Дегенмен, 2226 жыл бұрын Мүдде Сайын (қазақ тарихында да бар) мемлекет құрды. Одан кейін Көктүріктің Күлтегін мен Білгенің орнатқаны Қар-Қорымда тұр. Одан бұрын Қар-Қорым жері - Найман мемлекетінің астанасы болған. Ұлан-Батырдан 28 шақырым жерде, Налайх қаласының ар жағында, Тоныкөктің ескерткіші тұр, оның бер жағында Керей мемлекетінің астанасы болған.

      «Құпия шежірені» зерттеп, 1206 жылы көшпелілер империясы құрылғанда Найман мемлекетінің хатшысы Тататұнқа ұлы орданың іс-қағазын басқарып, Шыңғыстың туған інісі Хасырға хат танытып, ұстаз болғанына көз жеткіздім. Сондай-ақ бұл шежіреде моңғолдардың күні бүгінге дейін мұғалімді - «багш» дейтінін, бұл қазақтың «бақсы» деген сөзінен туындағанын білдім. Шыңғыс хан және оның кейінгі әулеті көне түркі тілінде сөйлеген. Мәселен, Темүжин деген аттың өзі кейінде «Жеңіс хан» деген сөзден өрбігенін, оның төрт сардарын «төрт төбет» деп жазғанын, моңғол зерттеушілері ерте заманда түркілер еркек итті «төбет» дегенін, мен күні бүгінге дейін қазақтар солай атайтынын жарияладым. «Құпия шежіренің» алғашқы нұсқасының қырық пайызы көне түркі тілі болғанын, оның төркіні бүгінгі қазақ тілі екенін ғылыми тұрғыда айналымға енгіздім. Сол дәуірде найман шежірешісі Тататұнқа мен керей шежірешісі Шынағай Чинсан екеуі бірлесіп, «Құпия шежірені» жазуы мүмкін дегенді де айттым. Оған ғылыми дәлелдер де келтірдім.

        - Сонда, ежелгі түркінің нағыз бел баласы қазақ деп түсінуге бола ма?

     - Иә. Өйткені түркітектес халықтың ана жұрты - қазақ, ата жұрты - түрік деп есептеймін. Мұны Еуропа тарихшылары түркология ғылымы аясында зерттеп зерделеген. Түркологияны білген адам моңғолтануды білмеген. Моңғолдар алтай тілімен сөйлеген киіз туырлықты, ағаш уықты ел болған. Негізінен 8 түрлі көшпенділер болса, соның классикалық үлгідегісіне қазақ, моңғол, қырғыз кіреді.

       Мұның бәрінен бұрын сақ деген ел болған. Бәріміз осыдан тараймыз. Қазақ деген сөз меніңше осы сақ деген сөзден шыққан. Қазақ сөзі «қассақ» - «нағыз сақ» - дегеннен шықты дегенге мен дәлел айтамын. Кеңестік дәуірде Қазақстанда бұған қосылатын Әлкей Марғұлан, Ермұхан Бекмаханов, Мұсатай Ахынжанов сынды 2-3-ақ адам болған.

      Менің екі үлкен ұстазым болды. Біреуі - «Құпия шежіресін» моңғолшаға аударған академик Цэндийн Дамдинсурэн, екіншісі - академик Ринчэн Бимбаев. Олар түркі моңғол бірлігі турасында өз еңбектерінде: «Біз түбіміз бір, киіз туырлықты, ағаш уықты, тегіміз бір халықпыз», - деген.

     Университетте студент кезімде Шыңғыс ханның «Ұлы Яса» заң кодексін жазған адамдар негізінде түркітектес халықтар, қазақтар деп жазғанмын. Мен бүгін де, еңбектерімде «моңғол» дегеннің «мың қол» деген сөзден шыққан жауынгер ел болғандығын дәлелдеп отырмын. Бұрындары «мыңғыт» деген тайпаның әйелдеріне дейін қанжар асынып, ерлерше киініп жүреді екен. Өйткені ер азаматтары мыңға жетпесе, оларға бөлек аймақтық ат берілмейді екен. Қашан да мың қол шығаратындықтан, моңғол деген ат осыдан шықса керек.

       - Қазіргі кезде Шыңғыс ханды біреуі моңғол, біреуі қазақ, біреуі татар деп дауласып келеді. Сіздің пікіріңіз қандай?

      - Осындай дау-дамай бар. Дей тұрғанмен, Шыңғыс ханнан қалған бірден-бір ұрпағы қазақта ғана бар. Қазақтың белгілі сәулетшісі Шот-Аман Уәлиханов Шыңғыс ханның 23-ші, Жошының 22-ші ұрпағы болып табылады. Арғы атасына үңілсең, қазақтың басын қосқан Абылай, оның 18-ші ұрпағы. Ал, бері келгенде, қазақ ғылымының көшбасшысы Шоқан Уәлихановтың ұрық-жұрағаты болып саналады.

     Қазақстан егемен ел атанғаннан кейін, Моңғолия империясының 800 жылдық тойында дүние жүзі ғалымдарының алдында Шыңғыс ханның тұқымы Жошының әулетін сегіз ғасыр сақтаған қазақтардың қандай ұлағатты, пейілі дархан даладай кең ел екендігін БАҚ арқылы да, жиын барысында да қалың елге жеткіздім. Айта кететін басты нәрсе - Моңғолиядағы Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясы жер бетінде жалғыз сақталған Шыңғыс ханның баласы Жошының әулетінен тараған ұрпағы Шота Уәлихановқа Шыңғыс хан академиясының Құрметті академигі атағын берді. Сонымен қатар аталмыш академияның Құрметті президенті дипломымен және Шыңғыс ханның алтын ромбысымен марапаттады.

      Бірақ Шыңғыс ханның әулеттері «сен қазақсың, сен моңғолсың» деп айтпаған. Ол қалың руларды біріктіріп, бір мемлекет құрған ғой. Соның құрамында ең шұрайлы жерінде сол қазақтар (қыпшақтар атымен) тапжылмай жүрген. Дегенмен, моңғол империясында ең мәдениеттісі және тарихшылары мол ел керей мен найман болған.

        - Сіз Моңғолия мемлекетінің Ғылымға еңбек сіңірген қайраткерісіз. Сонда бұл дегені моңғол ғалымдары мен билігі Сіздің тұжырымдамаларыңызды қолдайтындығының белгісі ме? Еңбектеріңіз жөнінде айта кетсеңіз...

     - Тарихшылар қашанда әділдігін айту керек, тарихқа жүгініп, оны дәлелдеуге міндетті. Мен Шыңғыс ханның «Құпия шежіресін» терең талдадым, «Әлем қазақтарының тарихы», «Керейлер керуені», «Моңғолия қазақтарының тарихы», «Шыңғыс хан және көшпелілер», «Түркі тектілердің түбі бір», тағы басқа еңбектерімді ғылымға қосылған аз да болса үлес деп есептеуге болатын шығар. «Қазақ қауымы» атты кітабымнан қазақ халқы туралы мол мағлұмат алуға болады. Сонымен қатар, Азияны мекен еткен тәуелсіз түркі тектес жеті мемлекеттің отыздай елінің тарихын ұзақ жылдар зерттеп, зерделеп жазған қазақша «Тұран әлемі», моңғолша - «Тураны Ертөнц» кітабым Моңғол империясының 800 жылдығына орай үкіметтің қаражатымен моңғолша басылып, мемлекеттік сыйлыққа ие болдым.

      Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин, Сәбит Мұқанов, Қалмақан Әбдіқадыров, Жұбан Молдағалиев, Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменовтің, сондай-ақ Дінмұхамед Қонаевтың естелігі мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» және «Сындарлы он жыл» атты кітаптарын моңғол тіліне аударуға жетекші болдым. Сонымен қатар, Ұлы Абайдың 150 жылдығына орай оның толық жинағын моңғол тіліне аударып, қазақтың асыл мұрасы болып табылатын «Қыз Жібек» фильмін моңғолша сөйлеттім. Бұл фильмнің қытай, корей тілдеріне аударылуына бастамашы болдым.

       1997 жылы Күлтегіннің ескерткішін Жапонияның Осака қаласында сканермен қалыпқа келтіріп, оның көшірмесін Қазақстан үкіметі оның ақиесі болушы Астананың төріне (кезінде шекарадағы кеңес әскерлері ескерткішке оқ боратып мылтығының түзулігін сынаған), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне апарып қойдыруына түрткі болдым.

      Қазіргі кезде біз Тұрар Рысқұловтың есімін Ұлан-Батырдың бір көшесіне беруге ат салысып жүрміз.

          - Тұрар Рысқұловтың Моңғолия тарихындағы орны жайлы әңгімелеп берсеңіз...

          - Ұлан-Батырдың атауын Тұрар Рысқұлов қойдырған ғой. Ол 1920 жылдары Лениннің тапсырмасымен Моңғолиядағы Коминтерн уәкілі болып тұрғанда 1924 жылы Моңғол Елінің ата заңын жазысып, ел астанасын осылайша атапты. 1974 жылы Моңғолия тәуелсіздігінің 50 жылдық тойына КСРО басшысы Леонид Брежнев, Сыртқы істер министрі Андрей Громыко, Қорғаныс министрі маршал Родион Малиновский мен Орталық Азиядан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев келіп, Моңғолияның байрағына Ленин ордені тағылған еді. Қонаевқа Брежневтің өзі телефон шалып: «Мен Моңғолияның Конституциясы қабылдануының және тәуелсіздігінің 50 жылдық тойына сені де ерте барайын деп отырмын. Сол елдің алғашқы негізгі заңын жазысып, тәуелсіздігін жариялауға Тұрар Рысқұловтың атсалысқанын өзің де білесің. Және ол елде қандас қазақ бауырларың тұрмай ма, қарсы болмасаң бірге барсақ қайтеді», - деген соң 1974 жылы 24 қарашада сол 50 жылдық мерейтойдың қонағы болып Д.Қонаев барған болатын.

       - Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаудың маңызы қандай деп ойлайсыз?

        - Нұрсұлтан Назарбаевтың бір үлкен ғажайып ерлігі және жетістігі - тарихқа бетбұрыс жасағаны, қазақ тарихының жылын жариялағандығы. Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілетінін жариялады. Демек, Қазақ елі - өзінің 3000 жылдық тарихында ежелгі ұлан-байтақ жерінен айырылмай бес түлік малын өрбітіп, тілін, ділін, дінін, әдет-ғұрпын сақтаған әлемдегі аз елдердің бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның «Нұрлы Жол» бағдарламасымен төрткүл дүниені тәнті етсе, Ұлытаудағы ұлағатты сөзі арқылы Қазақстаннан алыс шалғайда тұратын зиялы қауым - біздерді де төтенше толғандырған еді.

         Қазақта «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, өзін ғана білген ұл құлағы мен жағын жер» деген сөз бар. Қазақтай жеті атасын жаттап өскен елге әлем тарихшылары мен жаhaнкездері таңданып, Қазақ шетінен шежіреші, тарихшылар елі, олардың үздік шежірешілері 70 атасына дейін біліп, ел тарихын ән-күй, қисса-дастан болдырып жырлайды екен деп таңданыпты. Бір атаны 30 жас деп есептесек, 70 ата 2100 жылды қамтиды. Өзін ғана білген ұл құлағы мен жағын жер дегені, өзгені де өзегінен теппей түсіне біл, басқаның жақсы әдетінен үйрен, жаман әдетінен жирен дегені.

      Қазақ халқы ешбір елді жаулап, дауламаған ел. «Қазақ тарихында еш ұялатын іс болған жоқ», - деген Нұрекеңнің аталы сөзі бар. Мен оның бұл сөзін өте құптаймын. Қазақ халқы барлық ұлттарды бауырына тартқан өте ұлағатты бауырмал ел. Осындай ұлттар бірлігінің ұйытқысы болған Елбасы әлемге қазақ халқының даңқын асыруда. Тарихты таразылауда бір халықты зор етіп, бір халықты қор етіп көрсету кешірілмес күнә. Өйткені халық тарихы - қасиетті тақырып.

        Орталық Азиядан түркі-моңғол халықтардан әлем тарихына өшпес із қалдырған үш ұлы тұлғаның біріншісі деп XIII ғасырдағы Шыңғыс ханды атауға тиіспіз. Екіншісі бес ғасыр дәуірлеп ақыры көзге түрткі болып құлдыраған Осман сұлтандығының басын қосып, бір тудың астына біріктірген Кемел Мұстафа Ататүрік екенін дәлелдеу артық болар. Ал үшіншісі қазақ халқына тиесілі деп тарихшы біздер тайсалмай айта аламыз. Олай дейтін себебім ұлан байтақ даласы үшін мың өліп, мың тірілген қасиетті ата-баба қонысында әртүрлі ұлт пен ұлыстарды ұйыстырып, Қазақ деген елдің ерлігі мен егемендігінің кереметін төрткүл дүниеге тәнті еткен Нұрекеңдей перзент тудырған Қазақ елінің тарихы әлем тарихының ажырамас бөлігі болып жазылатыны сөзсіз.

       - Әңгімеңізге рахмет!

      Автор: Садық Әкіжанов 

     ҚазАқпарат

толығырақ

 10eca89f7b247bfb2b864c8cd8bff6b8.jpg
 

    Бокстан ел біріншілігі аяқталып жаңа ел чемпиондары анықталды. Улаанбаатар қаласында бокстан халық ұстазы, Моңғол еліне еңбек сіңірген жаттықтырушы Д.Банди атындағы ел біріншілігі мамырдың 31 күні басталған болатын.

     Бұл айтулы додаға жерлестеріміз арасынан +40 келі салмақ дәрежесінде 2014 жылғы аймақ біріншілігінің күміс жүлдегері Оралман Рахымжанұлы ел чемпионы атанды.

     Сонымен қатар, 34 келі салмақ дәрежесінде 2013, 2014 жылғы аймақ біріншілігінің жеңімпазы Сабидолда Нұрбекұлы, 42 келіде 2014 жылғы ел біріншілігінің күміс жүлдегері  Жандос Асқарұлы және 48 келі салмқа дәрежесінде 2014 жылғы аймақ біріншілігінің күміс жүлдегері Еламан Қайратұлы  қола жүлдені қанағат тұтты.

     http://kaznews.mn/news.php?mid=4&nid=251 

толығырақ

    Моңғолиядағы қазақтардың саны 130 мыңнан асады. Олардың тыныс-тіршілігі, мұқтаждықтары, сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қарым-қатынастары қандай? Осы және өзге де мәселелер жөнінде Моңғолия Ұлы Құрылтайының (Парламенті) мүшесі, Мемлекеттік құрылым жөніндегі тұрақты комитетінің басшысы, Ұлан-Батыр қаласындағы Баян-Өлгий аймағының Жерлестер алқасының төрағасы Бәкей Ағыпарұлы ҚазАқпаратқа берген сұхбатында әңгімелеп берді. 

      - Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қарым-қатынас туралы не айта аласыз?

      - Моңғолия мен Қазақстан ежелден киіз туырлықты көрші халық. Көршілес екі елдің тарихы мен тағдыры терең, әрі ұқсас. Сондықтан да олар бір-бірін қолдау, қоян-қолтық қарым-қатынаста болу бүгінгі таңда ауадай қажет. Моңғолия халқының 5 пайызы (шамамен 130 мың адам) - қазақтар, оларды екі ел арасындағы «дәнекер» деп айтуға болады. Жақында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мырза бастаған делегация келіп, Моңғолия үкіметімен келіссөздер өткізіп қайтты. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, ілгері бастыруға үлесін қосатын сапар болды.

       - Моңғолиядағы қазақ диаспорасының жағдайы қандай?

     - 1990 жылдары 65 мыңға жуық қазақ Қазақстанға қоныс аударды. Қазіргі кезде жоғарыда атап айтқандай Моңғолияда 130 мыңға жуық қазақ ағайындар өмір сүреді. Бұның басым көпшілігі, яғни 100 мыңға жуығы, Баян-Өлгий аймағында қоныстанған. Баян-Өлгий аймағындағы қазақ ағайындардың негізгі тіршілік көзі - дәстүрлі мал шаруашылығы. Соңғы кезде тау-кен, шағын және орта өндіріс, құрылыс, қызмет көрсету секілді салалар қарқынды түрде өркендеуде. Халықты жұмыспен қамтуда мал шаруашылығы, өндіріс және қызмет көрсету салаларының үлесі жоғары. Моңғолия қазақтарының арасынан мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, өнер саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізген азаматтар көп шыққан. Олардың кейбірі өмірден өткен, кейбіреулері атамекенге қоныс аударған, қалғандары осында. Баян-Өлгий аймағының алғаш шаңырағын көтеріскен Б.Қаби, Ш.Ноғай, олардың ізбасарлары А.Жәмила, Д.Жеңісхан, М.Қашқынбай, Қ.Мусахан, А.Сарай, Б.Құрметбек, Қ.Қызырхан, К.Мизамхан ағаларды мақтан тұтамыз. Сонымен қатар мемлекет қайраткері, тарихшы атақты ғалым Қ.Зардыхан (Қазақстанда), Моңғолия халық әртісі әйгілі әнші Ә.Қабылаш (Қазақстанда), математика ғылымдарының докторы, академик Ә.Мекей ағайларымыздың орны бөлек.
     Моңғолияның өкіметтік ісін басқаратын жоғары органы - парламентте - 2-3 қазақ азаматы үзілмей сайланып келеді. Қазір Тілейхан Әлмәлікұлы екеуіміз екі мәрте сайланып, халықтың мүддесін арқалап қызмет атқарудамыз. Сонымен қатар, Моңғолияның жол және көлік министрінің, сондай-ақ өнеркәсіп министрінің орынбасарлары біздің қазақ азаматтар. Министрліктерде департамент және бөлім бастығы деген сияқты әр түрлі қызмет атқарып жүрген қазақ азаматтары баршылық. Жоғарғы оқу орындарында, ғылым және өнер саласында да біздің майталмандарымыз бар.

      Мысалы, олардың кейбірін атасақ, Моңғол елінің еңбек ері, халық дәрігері, денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген қайраткер Хайрулла Жәлелұлы, Моңғолия мәдениетіне еңбек сіңірген, әрі ғалым, әрі дипломат, әрі жазушы Сұлтан Тәукейұлы, тағы басқа көптеген ардагерлерімізді мақтанышпен атай аламыз. Олардың ішінде құрылыс, тау-кен, мал шаруашылық, спорт салаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізгендер де көп.

     Ұлан-Батырда біздің «Баян-Өлгий аймағының жерлестер алқасы» деген қоғамдық ұйымымыз бар. Осы ұйым жыл сайын астанамыз - Ұлан-Батыр қаласында көптеген мәдени іс-шаралар өткізіп келеді. Биыл біз ұйымдастырған «Домбыра әуені - 2015» атты мерекелік концертке Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж 4-ші рет қатысты. Осындай іс-шаралардың арқасында біздің халқымыздың өзінің ата салт-дәстүрлерін сақтап қалуға бағытталған құлшынысы жақсы деп айтуға болады. Бірақ бізде проблемалық мәселелер де бар. Мысалы, қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий және Хобда аймағында, сондай-ақ, Налайх, Дархан, Шарынғол, Эрденет сияқты елді мекендерде тіршілік еткен қазақтар арасында жұмыссыздар саны аз емес. Бұл, әрине, тек қазақтардың басындағы ғана проблема емес, жалпы еліміз көлеміндегі қиыншылық болғандықтан біз көппен бірдей көріп келеміз. Сонымен қатар, Ұлан-Батырда, Хобда аймағында және де жоғарыда атаған ішкі өлкелерде тіршілік ететін ағайындардың балаларын ана тіліне үйрету, ұлттық салт-дәстүрлерін сақтауға бағытталған қолайлы жағдай үкімет тарапынан әлі ұйымдастырылған жоқ. Осыған біз назар аударуымыз қажет.

 

- Қазақстан тарапынан Моңғолиядағы қандастарымызға қандай көмек керек, әрі сондай мұқтаждық бар ма?

      - Әрине, бар. Аллаға шүкіршілік, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері Орта Азия елдері ішіндегі экономикалық дамуы жағынан көш басында келе жатқан ел болды. Ал енді осы жағдайда Моңғолиядағы қандастарына қол ұшын берсе, әсіресе, рухани жағынан қолдаса нұр үстіне нұр болар еді. Мысалы, Баян-Өлгий аймағында қазақ театры, кітапхана, мұражай бар. Қазіргі нарықтық жағдайда театрымызды дамытуға Қазақстанның көмегі ауадай қажет болып тұр. Енді осы саладағы Қазақстанның үлкен жетістіктеріне, артықшылығына сүйене отырып, біздің талантты да өнерлі жастарымызды қолдасақ жақсы болар еді. Атап айтқанда, театр мамандарын оқыту, олардың мамандығын жетілдіру, сондай-ақ Моңғолиядағы орта мектептерді қазақ тіліндегі оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің білімін жетілдіру сияқты өзекті мәселелер бар. Өткен жылы Қазақстан бізге қазақ тіліндегі біраз оқу құралдарын берді, оған рахметімізді айтамыз. Сонымен қатар, Қазақстан сауда-экономикалық жағынан да Баян-Өлгий аймағында шағын-орта бизнесті дамытып, заманауи технологиясы бар өндіріс орнын ашса, бұл екі елдің қатынасын жақсартуға, халық арасындағы жұмыссыздықты азайтуға өз үлесін тигізер еді деп ойлаймыз.

     - Моңғолия қазақтарының рухани өмірі, соның ішінде әдебиеті жайлы әңгімелеп берсеңіз...

     - Баян-Өлгий аймағында Моңғолия қазақтарының әдеби-көркем, танымдық «Шұғыла» журналы (1957 жылдан шыға бастады), «Монгол Заман» (2010 жылдан бастап) қатарлы көптеген газет, журналдар шығады, қазақ тілінде радио, теледидар жұмыс істейді.

    Ақтан Бабиұлы (1897-1973 жж.) және Құрманхан Мұхамәдиұлы (1923-1964 жж.) аталарымыз Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылар болып табылады. Олардың жолын қуған және әдебиет саласында ізін қалдырған ағайындарымыз көп, солардың ішінде Б.Имашхан, Қ.Дайын, Д.Даниял, С.Мағауия, Ш.Жәмлиха, Ж.Кәкей, Ш.Зұхай, Т.Сұлтан, Р.Шынай, Р.Сұраған және тағы басқа атақты ақын-жазушыларымыз бар. Шығармасын моңғол тілінде жазатын Моңғолхүү Бестайұлы қазақ мақал-мәтелдерін алғаш рет монғол тіліне аударды. Марқұм Мұрат Пұшатайұлы ағамыз Қазақстанға Моңғолия қазақтары алғаш көше бастағанда «Ел көшкенде» деген атақты әннің сөзін жазған (бұл ән әнші Меруеш Башайқызының орындауында елге әйгілі болған).

     Өмірден озған тарих ғылымдарының докторы, жазушы Биқұмар Кәмалашұлының 400-ге тарта әдеби шығармалары, публицистикалық мақалалары жарық көрген. Ол қазақ халқының төл өнері «Құсбегілікті» зерттеп ғылыми айналымға еңгізген бірден-бір адам. Қ.Биқумар қазақтың көнерген дәстүрі «Жамбы ату», яғни садақ ату дәстүрін де зерттеп, оны қайтадан жандандыруға атсалысқан. Ол «Бүркітшілер және Садақшылар» қоғамының негізін қалаушы. Көпшілікке танымал болған «Қазақтар», «Қанды шеңгел» атты романдарының авторы. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты еңбегі 2013 жылы жарық көрді. Бұл туынды қазақтың бүгінгі жас ұрпағы үшін салт-дәстүрді насихаттап, ұлттық өнерді игеруге, дәстүрлік болмыс түсініктерді бойына сіңіріп өсуіне, ата-баба мұрасын дүниелерді зерттеп тануға танымдық маңызы мол.

      - Осы жолы Қазақстан мен Моңғолия сыртқы істер министрліктері арасында өткен саяси консультациялар барысында қазақстандық тарап Баян-Өлгийде өзінің консулдық қызметін ашуды ұсынды. Сіздің бұл туралы пікіріңіз қандай?

    - Қандай да мемлекеттік іс халыққа жақын болуы тиіс. Адам өмірінде қуаныш, жақсылық, қиыншылық деген сияқты әр түрлі жағдай болады. Қазақстан азаматтары Баян-Өлгийге жиі барады, жолаушылар мәселелерін уақыт создырмай тез арада шешу керек. Егер Баян-Өлгий аймағында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызметі ашылатын болса, бұл жәйт ең бастысы қарапайым халықтың басындағы істі жеңілдетуге өзінің үлесін тигізер еді. Сондықтан, бұл жақсы хабар деп санаймыз.

     - Әңгімеңізге рахмет!
      
Сұхбаттасқан: Садық Әкіжанов 

     ҚазАқпарат

толығырақ

1a494be8b05330e93e4f34146dd6f6a7.jpg
    

     Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын анимациялық фестиваліне Моңғолия жоғарғы оқу орындарының 180-ге жуық анимация шеберлері қатысып бақ сынады.  Олардың арасында Сити университетінің 3 - курс студенті Нұрбол Даниялұлының жасаған «Болдоггүй бор өвгөн» яғни «Қыңыр шал» анимациялық туындысы үздік деп танылып, гран-при жүлдесін жеңіп алды.

     "Фестиваль 21 мамырда өтті. Бұл жарысқа алғаш рет қатысып отырмын. «Болдоггүй бор өвгөн» яғни «Қыңыр шал» анимациялық туынды мобильді құрылғыларға арналған. Ертегі — баланың ең жақын досы. Сондықтан бұл анимациялық туынды балалардыңсана сезімінің өсіп дамуына көп әсерін тигізеді деген ойдамын. Келер жылғы фестивальге дайындықты бүгіннен пысықтауға кірістім. Мақсатым 2016 жылғы фестивальде үздік атану үшін 3D анимациялық туынды ұсынамын", – деді Нұрбол Даниялұлы.

     Бұдан бөлек ол, студенттер арасында өткен Golden Mouse сайысында екінші орын иеленгенін атап өтті.

      http://kaznews.mn/news.php?mid=8&nid=231 

толығырақ


    Моңғолия мемлекеттік ғылым және техникалық университетінің ұшқышсыз ұшу аппараттары зертханасында жұмыс жасайтын Манас Саниязұлы ұшқышсыз басқарылатын жүк тасымал ұшағын жасауда.  

    Манас Саниязұлы 1985 жылы Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Моңғолия мемлекеттік ғылым және техникалық университетін авиация инженері мамандығы бойынша бакалавр мен магистратурасын тәмамдаған қазақ азаматы осы оқу орнындағы ұшқышсыз ұшу аппараттары зертханасында 2010 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бұл күнде Киевтегі Ұлттық авиация университетінде аспирантурада білім алатын ол Ұланбатырдағы жұмысынан қол үзіп кеткен жоқ. Қайта, Германия, Франция, Испания, Ресей, Украина, Қытай, Жапония сынды елдердің сынынан өтіп, тәжірибесін меңгерген жас жігіттің қолынан шыққан ұшқышсыз ұшақтар жүк тасымалдауға жарай бастады.

     «Біз зертханамызда Жапонияның ғалымдарымен тізе қоса отырып квадрокоптер, тапографиялық ұшақ және жүк тасымалдайтын ұшақ сияқты ұшқышсыз ұшу аппараттарын жобалаймыз, құрастырамыз және оларды құрылғылармен басқарамыз. Қазір сынақ ретінде 5кг. жүкті 15 км. қашықтыққа жеткізетін ұшқышсыз ұшақтарды сәтті пайдаланудамыз. Қыркүйек айына дейін 70 кг. жүкті 100-200 шақырымға тасымалдайтын осындай ұшу аппаратын қолданысқа шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланып көптеген жұмыстарды істеуге болады. Тіпті, адамның қолынан келмейтін кей шаруаны осылар тындыратын мүмкіндікке ие. Сондай-ақ, алдағы уақытта кубсат жасауды да қолға алсақ деген ойдамыз»,-дейді Манас.

    Авиация инженерінің осы сала бойынша жұмыс бастауына қашықтықтан басқарылатын ойыншық ұшақтар түрткі болған екен. «Әлі есімде, 2-курс оқып жүрген кезім болатын. Жатақхананың терезесінен маңайдағы балалардың пультпен басқарылатын ұшақтарды ойнап жүргенін көзім шалды. Соларды бақылап отырып осындай ұшу аппараттарын неге күнделікті қажеттілікке қолданбасқа деген ойда болдым. Содан бері ұшқышсыз ұшақтарды зерттеумен келемін», - дейді ол.

     Манас Саниязұлы ана тілінен өзге ағылшын, орыс және моңғол тілдерін жетік меңгерген. Оның студент кезінде жасаған пепси құтысына шақ келетін спутнигі осыдан 3 жыл бұрын өткен CanSat халықаралық байқауында алтын жүлдені еншілеген екен.

     Атажұрты Қазақстанға да талай мәрте табаны тиген қандасымыздың өз саласы бойынша қазақ үшін жаңалық жарату ойының жоқтығы бізді таң қалдырды. 
     Техниканың тетігін меңгерген азамат бұл жөнінде қысқа қайырды: «Қазақстанға барып жұмысымды жалғастыру туралы ойлап көрмеппін. Барлығымыздың көздегеніміз инновациялық жаңалық ашу ғой. Егер қазаққа керек болсам, әрине, қызмет етуден бас тартпас едім».

       Майгүл СҰЛТАН

       http://baq.kz/kk/diaspora/1331

толығырақ

      Моңғолия Қаржы министрлігі Кеден басқармасы бастығының бұйрығымен Баян-Өлгий аймағындағы Кеден басқармасының бастығы лауазымына Заңғар Есентайұлы тағайындалды.

      Осы қызметке тағайындалғанға дейін ол, Баян-Өлгий аймағындағы Кеден басқармасының бастығының орынбасары лауазымында 4 жыл қызмет атқарған болатын.

     http://kaznews.mn/news.php?mid=3&nid=211   

толығырақ

8c1dee730e71f711a345f3eec57f2d1f.jpg
      

        Өлгий қаласының орталық алаңына Ікей батыр Мәзімұлының аты берілді. 

       Биыл Моңғол Халық Республикасының батыры Ікей Мәзімұлының 100 жылдық мерей тойы аталып өтпек. Осыған орай Аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралының 2015 жылғы 14мамырда 80 –ші қаулысы шыққан. Мұнда «...Өлгий қаласының орталық алаңына МХР-ның батыры Ікей Мәзімұлының аты берілсін» - делінген.

      Бұдан бұрын, 2006 жылы 16 тамызда Моңғолия үкіметінің 193 үкімі бойынша Өлгий қалалық жалпы білім беретін 1 –ші мектеп Ікей батыр атымен аталған. Мектеп ауласына 1980 жылы батыр ескерткіші орнатылған болатын.

      Ікей батыр Мәзімұлына Халхин-гол шайқасында көрсеткен ерлігі үшін 1979 жылы Моңғол Халық Республикасының батыры атағы берілген.

 

толығырақ

         Әлемдегі ең алғашқы ұшқышсыз басқарылатын жүк тасымал ұшағы моңғолияда жасалатыны туралы бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда.

       Ұшқышсыз басқарылатын ұшақты қолданысқа еңгізу үшін еңбектеніп жүрген, инженер ол - жерлесіміз Ғылым, технология университетінің Механикалық факултетінің ұстазы Манас Саниязұлы.

       Ол, 1987 жылы Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. Моңғолияның Ғылым, технология университетін Авиация инженері мамандығы байынша 2010 жылы тамамдаған.

        Манас Саниязұлы - Біз бұл жолғы инновациялық жобалар байқауына әлемдегі ең алғашқы ұшқышсыз басқарылатын жүк тасымал ұшағы және зерттеу мақсатында пайдалануға болатын аппарат, қашықтықтан басқарылатын әуе камерасы қатарлы үш жобамен қатысып отырмыз.

      Әлемдегі ең алғашқы деп атауға болатын ұшқышсыз басқарылатын жүк тасымал ұшағын біз жапон ғалымдарымен бірлесіп отырып жобаладық. Ұшақ ұшу алаңында түрлі жүкті өзі тасымалдайды, қанша шақырым және қай жерге қону қатарлы мәліметтер ұшақта автоматты түрде орнатылған. 

     Ұшақтың ұзындығы шамамен 5 метр, бір реткі жүк тасымалында 70 кг-га дейінгі жүкті тасымалдайды. Нақтырақ айтсақ 100 шақырымға, 70 км сағат жылдамдықпен ұша алады.

      http://kaznews.mn/news.php?mid=6&nid=170

толығырақ

f93f82ebfcec4f4f62871c50f14f7382.jpg
      

      Тимур Санатұлының туындысы "Мен сені сүйемін" деп аталады. 

    Фильмнің тұсау кесері ертең яғни мамырдың 19 күні 17:30 да Медициналық университетінің өнер залында өтеді. Тимур Санатұлының мамандығы актер. Бұл оның алғашқы туындысы болып отыр.

     Қазіргі заман жастарының достық қарым-қатынас, сүйіспеншілік, ғашықтық сезімі туралы баяндалады. Жастар мәселесі оны көптен мазалап жүрген болатын. Ақыры сәтін салып, оның ойлары  фильм түрінде дүниеге келді.

     Фильмде басты рөлдерді жас актерлер Жандаулет Көпжасарұлы мен Жұпар Муратбекқызы ойнайды. Олардың сомауындағы бейне қазіргі замандағы жастардың шынайы бет пердесін алға тартып, жеткізеді.

         Айта кету керек фильм режиссердің өз қаражатына  түсіріліпті. Фильм 1 сағат 15 минутқа жалғасады.   Туындысы халықтан оң баға алып жатса жас режиссер болашақта басқа да тақырыптарда кино жасамақ.

      http://kaznews.mn/news.php?mid=8&nid=176

толығырақ

fdd1387b87cd9b1fedcf858b6b8d1615.jpg
    

      15 мамырда Улаанбаатарда Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі және Моңғолия Ғылым академиясының жанындағы Халықаралық қатынастар институтының бірлесе ұйымдастыруымен «Қазақ Хандығына 550 жыл: Қазақстан-Моңғолия тарихының өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.  Бұл туралы ҚР-ның Моңғолиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

      Шара барысында Қазақ хандығының құрылуы тарихының негізгі аспектілері талқыланып, Қазақстан мен Моңғолия мемлекеттерінің даму тарихы, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін ұлттық бірлікті сақтау мәселелері туралы пікір алмасылды.

     "Дөңгелек үстел" жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары тарих ғылымдарының докторлары, профессор Т.Жұмағұлов пен Г.Меңдіқұлова, Моңғолияның ғылыми-зерттеу мекемелері, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері  қатысты.

      Елші Қ.Қобландин шараның мемлекеттер тарихын тереңірек зерттеудегі алар орнына тоқтала отырып,  Қазақ хандығының 550 жылдығы мәселелерінде түркі-моңғол империясы, Алтын Орда және Қазақ хандығы тұрғысынан қазақ-моңғол тарихи сабақтастығының маңыздылығын атап өтті.  

      Моңғолия Ғылым академиясының жанындағы Халықаралық қатынастар институтының директоры Ж.Баясах аталған шаралардың ұйымдастырылуы қазақ тарихы, жалпы моңғол-қазақ тарихының дамуы туралы түсінікті кеңейтетіндігіне тоқталды. Оның пікірінше, бұл шаралар екі ел арасындағы гуманитарлық-мәдени салалардағы қарым-қатынастардың ілгерілеуіне оң ықпалын тигізбек.

      Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралы (Парламент) депутаты А.Бәкей  Қазақ Хандығының 550 жылдығы аясындағы шараның маңыздылығына тоқтала келе, тарихы тереңнен басталатын моңғол-қазақ қоғамы қатынастары қазіргі таңда берік экономикалық, ғылыми, мәдени және рухани байланыстарының тұрақты түрде дамуда екендігін атап өтті.

     Тарих ғылымдарының докторы О.Батсайханның қазақтың біртуар ұлы, партиялық және мемлекеттік қайраткер Тұрар Рысқұлов туралы білдірген пікірі қатысушылардың назарын өзіне аударды.  Моңғол ғалымы Т.Рысқұловтың бастамасымен  Моңғолия астанасының Улаанбаатар (аудармасы «Қызыл батыр») деп аталғанына назар аудара отырып, Моңғолия мемлекеті  тарихындағы оның алар рөліне жоғары баға берді.  

     Дөңгелек үстел нәтижесінде екі ел ғылыми топ өкілдері шараның Қазақстан мен Моңғолия тарихының өзекті мәселелерін талқылауда пайдалы алаң болғандығы туралы ортақ пікірге келді. Аталған сындарлы және жан-жақты талдаулар мемлекеттер арасындағы достық пен өзара сенім негізіндегі қарым-қатынастардың одан әрі ілгерілеп, дамуына игі ықпалын тигізетіндігі туралы қорытынды жасалды.

толығырақ

       Көк тудың желбірегені,

      Жаныма қуат береді...

      Иә, әрбір «қазақ» деп соққан жүректің лүпілі осыған сай келер десек артық айтқандық болмас. «Қазақстан», «Қазақ елі» деген ұғымдар менің алғаш ес білген шағымнан жадымда қалыпты. Өз елімізден жырақ жүргенімізді де тым ерте түсінген едім. Өйткені ес біле сала естіген есімдердің бірі – Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Иә, «Қазақ елінің ханы – осы кісі» деп түсіндіретін әкем. Осы орайда сан мәрте жеңіске жеткен Қазақ елінің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, барша қазақ халқын Моңғол елінің топырағындағы ат төбеліндей азғана қазақтың атынан құттықтағым келеді.

      26-сәуірде біздің де жүрегіміз лүпілдеп, сайлау қалай өтер екен деген сезімді бастан кешірдік. Халық теледидарды Қазақстанның ұлттық телеарналарына қойып, жаңалықтарды қалт жібермей тамашалап отырды. Себебі басқа елде түтін түтетіп отырсақ та қазақ елінің тағдырына бей-жай қарай алмаймыз. «Қазақ» деген ұғым – біздің  қанымыз, арымыз, болашағымыз. Ол ұғым – біздің  тіліміз бен діліміздің символы. Ендеше осындай құндылықтарға ие киелі ұғымды кемелдендіретін бірден-бір тұлға, ол – ел президенті. Елдің бірлігі мен бүтіндігі елбасына тікелей байланысты. Сондықтан да тек Қазақстанда тұратын қандастарымыз ғана емес, бүкіл әлемдегі қазақ елі, оның ішінде біздің де Қазақстанның болашағына алаңдауымыз қалыпты құбылыс деп білемін. Жиырма төрт жыл ел басқарып, Сарыарқа төсіне алып шаһар тұрғызып, барша қазақты бір тудың астына жинап, ел экономикасының өрлеуіне ат салысып, «Қазақ» деген елді әлемге мойындатқаны үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа айтар алғысымыз шексіз. Бұл жолғы сайлауда басым дауыспен жеңіске жетуі – ол өзінің еңбегіне халықтың берген бағасы болар. Әділ басшы, сарабдал саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеңісі – барша қазақтың жеңісі, ұлт рухының жеңісі дер едім...

         Бірде Қазақстан ұлттық арнасынан «Өлең ғұмыр» бағдарламасынан ақын Алмас Ахметұлының  шығармашылық және өмір жолы жөнінде арнайы репортажы беріліп жатыр екен. Бұл кісінің өлеңдерін сүйіп оқитын едім. Әсіресе «Көк тудың желбірегені» өлеңін. Ақын өлеңнің шығу тарихына тоқталды. Қытай елінде туып өскен ақын басынан өткен мына бір жайды баяндап берген еді...

     «Қытай еліндегі қандастарымыз алғаш Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдары болса керек ауылда өңді теледидары бар бір үйге жиналып, «Ту қабылдау» салтанаты рәсімін тамашаламақ болған. Сөйтіп 1992 жылы мамырдың 22-жұлдызында тәуелсіз елдің көк туы қабылдану тарихи сәтін  ауыл адамдары бір үйде жиналып отырып куә болған. Ақынның айтуынша жиылған барша ауыл адамдары Көк туы желбіреп, қазақ елінің өз патшалығы құрылғанына қуанумен бірге елбасы байрақты тізерлеп тұрып сүйгенде көз жастарына ерік береді. Ал, ақын қуанышты сәтте өз сезімін сәтті шыққан

 «Көк тудың желбірегені,                                                             

Бақыттың елжірегені,

Қиырда қалған қазақтың

Азат отанға жете алмай

Көзінің мөлдірегені» деген өлең жолдары арқылы өре білген.

     Бірақ неге екенін қайдам, дәл осы бағдарламадан соң себепсіз ебіл-дебіл жыладым. Не үшін?! Бәлкім тағдыры талайға түскен ұлтым үшін. Қолдан жасалған аштықтан қырылған, жазықсыз нәубет құрбаны болып жапа шеккен, пайдасы жоқ отан соғысына қатысып опат болған, бас сауғалап дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған қазақ үшін. Иә, өгей ұлт болып өзге елде жүргеніміз үшін, болашағымыздың бұлдыр тарта бастағаны үшін. Айта берсем себеп көп сияқты. Ақынның өлеңі менің көңіл пернемді дәп басты. Бүгін қуанышты күн... Қазақ елінің хан тағында 24 жыл отырған елбасы қайта сайланғаны біз үшін де зор қуаныш. Ірі реформалар жасалынып, қазақ елі тіпті кемелдене түседі дегенге сеніміміз кәміл. Осы орайда көші-қон туралы заңға тың өзгерістер еніп, шет мемлекеттердегі қандастарды бір тудың астына жинаса деген тілегімізді де жеткізгім келеді. Қазақ елі кемел ел болу үшін бір төбеде, бір мемлекетте яғни қасиетті қарашаңырақ Қазақстанда болуы шарт. Себебі Қытайдағы қазақ белгілі бір уақытта қытайланып, Моңғолиядағы қазақ моңғолданып, Ресейдегі қазақ тіпті түп төркінімен орыстанатын шақ та алыс емес. Оны дәлелдеп жатудың өзі артық шаруа. Қазір барлық елдердегі қазақ диаспораларының жағдайы мәз емес екенін тілге тиек ету артық болмас. Қош, сонымен Қазақ елінің, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі құтты болсын! Ел іргесі тыныш, босағасы берік болсын!  Қазақ елі мәңгі жасасын!!!

    Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгий аймағының Қазақ радио- телевизиясының тілшісі Айбота Әлейханқызы.

толығырақ

db1abb0891e2ea380c580280d280093b.jpg
      АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан Ogilvy Entertainment студиясы Қазақ халқының салт дәстүрін дәріптейтін және әлемдегі ең жас бүркітші 13 жасар Н.Айшолпан туралы«Айшолпаның өмірі» атты деректі фильм жасауға кіріскені туралы Kaznews.mnхабарлаған болатын.

    Өткен жылдың желтоқсанында Н.Айшолпан Абу Даби қаласында болып, жыл сайын өтетін әлем елдерінің Саятшылық фестиваліне қатысып, режиссоры Отто Беллмен жолығып, фильм туралы келісімді үш тілде жасасқан.

    Олай болса, Баян-Өлгий аймағында орналасқан Монгол  - Турк мектебінің әкімшілігі Н.Айшолпанды өз мектебіне қабылдап, оқу төлемінен рұқсаттағаны туралы Э.Цэрэндолгор атты фейсбүүк қолданушы өз парақшасында хабарлады.

     http://qazaq-alemi.kz/more?page_id=25&id=1625 

толығырақ

    Моңғолия Республикасы Баян-Өлгей аймағының әкімі Дәрмен Құзыкейұлы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлаудағы кезекті жеңісімен құттықтап хат жолдады.  

     «Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қаймана қазақ халқының сан мыңдаған жылғы арманы болған тәуелсіз Қазақстан Республикасын құру, оны қысқа мерзім ішінде әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосу жолындағы ерен еңбегіңіз бен халықаралық зор беделіңізді Баян-Өлгей халқы аса жоғары бағалайтындығын жеткізе келе, Сізді сайлаудағы кезекті жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын!» деп басталатын хатта тағы былай делінген:
   «Өзіңіз шаңырағын көтерген жас мемлекет – Қазақстан бүгінде әлемнің әр түкпірінде тұрмыс кешіп жатқан иісі қазақтың қасиетті қара шаңырағына айналса, Сіз бастаған «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсат аясында тоғыстырып отыр. Күллі қазақтың Отаны, атамекеніміз – егемен Қазақстан Республикасының Елбасымен бірге жаңа белестерді бағындырып, әлемнің ең өркениетті отыз елінің қатарына қосылатындығына сенімім зор. 
     Сізге зор денсаулық, қызметіңізден табыс тілеймін. Қазақстан Республикасының халқы әрқашан бақуатты, тәуелсіздігі баянды болсын!».
    «Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қаймана қазақ халқының сан мыңдаған жылғы арманы болған тәуелсіз Қазақстан Республикасын құру, оны қысқа мерзім ішінде әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосу жолындағы ерен еңбегіңіз бен халықаралық зор беделіңізді Баян-Өлгей халқы аса жоғары бағалайтындығын жеткізе келе, Сізді сайлаудағы кезекті жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын!» деп басталатын хатта тағы былай делінген:
    «Өзіңіз шаңырағын көтерген жас мемлекет – Қазақстан бүгінде әлемнің әр түкпірінде тұрмыс кешіп жатқан иісі қазақтың қасиетті қара шаңырағына айналса, Сіз бастаған «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсат аясында тоғыстырып отыр. Күллі қазақтың Отаны, атамекеніміз – егемен Қазақстан Республикасының Елбасымен бірге жаңа белестерді бағындырып, әлемнің ең өркениетті отыз елінің қатарына қосылатындығына сенімім зор. 
     Сізге зор денсаулық, қызметіңізден табыс тілеймін. Қазақстан Республикасының халқы әрқашан бақуатты, тәуелсіздігі баянды болсын!».

      http://baq.kz/kk/diaspora/1308

толығырақ

      Өмірбек БИҚҰМАРҰЛЫ, Моңғолия ғылым академиясының Баянөлгей аймағындағы бөлімшесі, Қоғамдық экономика зерттеу орталығы Тіл-тарих бөлімінің меңгерушісі, Биқұмар Камалашұлы атындағы түркологиялық орталықтың төрағасы:

     - Ғылыми-зерттеу орталығының жұмыс барысы қалай? Қандай зерттеу жұмыстармен айналысады және бүгінгі күнге дейінгі жасаған басты жұмыстары қандай?

    - Моңголия ғылым академиясының бөлімшесі және Түріктану орталығы Қазақ халқының тарихы, археологиясын зерттеумен айналысады. Моңғол тарихы, көне түрік тарихы, адамзат тарихы т.б. жан-жақты саламен айналысып жатырмыз. 2013 жылы 1000 беттен тұратын «Моңғолия қазақтарының салт-дәстүрі» деген кітапты бастырып шығардық. Бұл жинақта Биқұмар Кәмалашұлының 30 жылдай Баянөлгей аймағынан жиып-терген қазақ халқының салт-дәстүріне қатысты мәліметтері берілген. Қазір сол кісінің әртүрлі жанрда жазған мақалалары, ысқақ әңгімелері, пьеса, драмаларын жинақтап, кітап дайындап қойдым.

      - Ғылыми зерттеу орталығында қанша адам бар?

    - Бұл орталықта 16 адам бар. Біз соңғы кезде археология саласымен көбірек айналысып жүргендіктен, 2009 жылы «Моңғолияның батыс өлкесіндегі тарихи-мәдени ескерткіштер» деп аталатын әлемнің бес тіліндегі кітапты шығардық. Бұл кітапқа сақ дәуірі, қола дәуірі, арғы тас дәуірі, ғұн дәуірі, түркі дәуірі, моңғол дәуіріндегі мәдени ескерткіштерден мәліметтер алынып, реттеліп кірген.

    - Археологиялық қазбаның соңғы жұмыстарында қандай жаңалықтар бар?

    - Министрліктен археологиялық салаға 5 орынға ғана рұқсат беріледі. 2004 жылдан бастап Баянөлгейде  қазба жұмыстары жүргізілді. Ал 2014-жылы Баянөлгейде түркі дәуірінің бейіттері қазылды. Сондай-ақ 2004 жылдан бері Франция-Моңғолия біріккен экспедициясы сақ дәуіріне зерттеу жасап келеді. Қола дәуіріндегі зираттарды қазды. Қай тайпа, қандай ру, қандай адамдардың өмір сүргені зерттеп жатыр. Олардың кейбіреуі ақсүйектер, кейбірі қарапайым адамдар, кейбіреулері кейінгі тайпалардың негізін қалағандар. Жерлеу салтына байланысты олардың кейбір тарихы анықтала бастады. Сақтардың зираттарынан Қазақстаннан табылған Алтын адамға жетпесе де, Алтын адамның дәрежесіндегі кейбір әбзелдері табылып жатыр. Оны көбіне моңғол ғалымдары зерттегендіктен, моңгол тілінде жазылады. Ал біздің Баянөлгейдегі бөлімше соны қазақ тіліне аударады. Сөйтіп Қазақстанға, түркі әлеміне насихаттауға үлесімізді қосып жатырмыз. Ат әбзелдері, өмілдірік, құйысқандар, ердің қасы, сондай-ақ кейбір адамдардың киімдері, сол киімдердегі белдеулер, қазіргі қазақтар қолданатын күміс белбеу болмаса да, сол күмістің құймаларын ағаштан жасап ойып, өрнектеп қадап берген. Сақ дәуірін зерттеу барысында шашты өру, шаштың сыртына кигізетін шашқап, шошақ тымақтар, құс тымақтар, шашты әртүрлі желім қолданып тігінен тікірейтіп жөндеу, шашқа шашбаулар тағу, т.б кездесті. Бұл сақ дәуірінің мәдениетін айқындайды. Қазіргі қазақтар «орыстар, еуропалықтар, жалпы шетелдіктер адамды табытқа жерлейді» деп айтып жүр. Қарағайдың ішін астауша қылып ойып, соның арасына адамды киім-кешегімен жатқызып, бас жағына құмыра, малдың белдемесі т.б. әбзелдерді бірге салып қақпағын жауып, кей жағдайда темірмен қырсаулап жерлейтін дәстүр болған екен.  Баянөлгей аймағында Қобды деген өзен бар. Қазақтың үй жиһаздарында қобдишақ деген атау қолданылады. Қобды дегеніміз - алғашында бесіктің бір үлгісі болған. Батыс өлкесіндегі түркі тектес кейбір тайпаларда қобыл дейді. Яғни бесіктің көне атауы. Тал бесіктен жер бесікке дейін адамның баратыны -  осы бесік екендігін біздің ата-бабаларымыз біліп, адамның мүрдесін жерге тастай салмай, оны құрметтеп бесікке бөлеп, жер қойнауына беретін дәстүр бар екендігін байқадық. Ғылым академиясы, Моңғол ғалымдары Баянөлгейге ат басын бұрып, көптеген зерттеулер жасап жатыр. Тас құралдар, тас мүсіндер (біз кісітастар деп атаймыз), бұғы тастар, тасқа салынған суреттер – көшпелі тарихты зерттеуге, соның ішінде, қазақ тарихын сүзіп алуда маңызы зор.  Себебі кісі тастарда сол қолына құс қондырып, белбеу буынып, шапан киініп, басында тымағы бар бейнелер көптеп табылады. Олардың биіктігі 2 метрге жетеді. Біріншіден, ата-бабаларымыздың діні – Көк Тәңірге сыйынушылықтың басым екендігін, екіншіден, сол арқылы біз өзіміздің көне тарихымызды қайта жандандырып, қандай шапан киді, қандай белбеу буынды, қандай шаруашылықпен айналысты, қандай дүниетанымда болды т.б. көптеген сұрақтарға жауап табуда археологиялық ескерткіштердің маңызы зор. Қосымша айтар кетер мәселе, Қазақстан ғалымдарын осы Моңғолияда тәрбиелеу керек. Қазақ ғалымдары моңғол тілінде дайындалатын болса, моңғол тілінде жазылған кейбір тарихи, мәдени ескерткіштерді, қазақ, түркі тарихына байланысты мәліметтерді тікелей өзі ала алады. Қазір арада аудармашы ғалымдар болса да, керек мәліметтерді дұрыс жеткізе алмауы мүмкін. Екі елдің арасына ғылыми жік салып жүргендері де бар. Мысалы, Моңғол ғалымдары қазақ жеріндегі Шыңғыс ханға, оның ұлдарына қатысты кейбір тарихи құжаттарды оқу, зерттеу жүргізуге өздері құмартып отыр.  Осы тұрғыдан екі елдің ғалымдарын бір-біріне дайындау  немесе Моңғолияның батыс өлкесіндегі қазақ тілді, моңғол тілді ғалымдарды пайдаланып, бірлесіп жұмыс жасаса, тарихтың үзігін жалғайма деп ойлаймыз.

     - Табылған заттардың ішінде киім-кешектер, кестелі дүниелер бар ма?

     - Шапандар, белбеулер көптеп табылып жатыр. Түркі дәуірінде адамдарды тастардың арасына, үңгірлерге жерлейтін салт болған. Аяқ киімдер, тымақтың үлгілері көптеп табылып жатыр. Біздің ата-бабаларымыз сақтар, ғұндар, түріктер Тәңірге сыйынғандықтан, бойлары ұзын болса да, өзінің тымағымен одан ары биік көріну үшін Тәңірге бағышталған шошақ бөріктерді көп киген. Ертеректегі тымақтың үлгісі – құстың терісін кептіріп киюден қалыптасқан дәстүр. Олар сол кезде әлеммен байланысты болуға ерекше мән берген. Сақтардың шашы жауырын, жонына қарай түспеген, төбесінде тікірейіп тұрған. Малдың бас сүйектерінен қайнатқан желімдер арқылы қатырып, ағаш қыштаулармен бекітіп, антена ретінде пайдаланған. Бұл – сол кездегі тәңіршілдік бақсыларының өзара қатынасуы немесе ақсүйектердің өзгелерден ерекше көрінуінің бір айғағы. Кейінгі қазақтардың айдарды жоғары көтеріп қоюы осыған байланысты болса керек.

     - Екі мемлекетте табылған жәдігерлер арасындағы ұқсастық қандай, ерекшелігі неде?

      - Бұл - бір ғана аумақты қамтиты сақ мәдениеті. Сақ мәдениетінің шығыс өңірі осы Алтаймен шектеліп жатыр. Сіздер жақтан табылып жатқан мәдениетте сақ дәуірімен ұқсастау. Қазақстанда да көбіне ақ сүйектері, отырықшы би-төрелері мекендеп, біз жақта мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысатын қарапайым адамдар көбірек болған ұқсайды. Зираттарды қазған кезде біздікі кішірек келеді, диаметрі 13-18 метр, төмен қарай 4-5 метр тереңдікте жатады. Атпен жерлеу дәстүрі сақ дәуірінде басталған. Кейін түркі дәуірінде өркендеген. Сақ мәдениеті ат-әбзелдерінің өркениетіне қатысты көптеген мәліметтер береді. Мысалы, сақтардың дәуірінде үзеңгі болмаған. Олар көбіне үзеңгіні қайыстан жасап қолданатын болған. Нақты темір, металлдық үзеңгілерді пайдаланбаған. Себебі олардың территориясының щектеулі екендігін, алысқа көп бара бермегендігі байқалады. Кейін ғұндар дәуірінен бастап үзеңгілер шыға бастаған, оның батыс Еуропаға дейін жаулап алуының негізі осы үзеңгіге де қатысты ма деп ойлаймыз.

         - «Мықтың үйі» деген ұғымға нақты анықтама беріңізші?

       - Мықтың үйі дегенді қазіргі қазақ ғалымдары әртүрлі айтады. Қазақтың атақты Әлкей Марғұлан секілді мықты ғалымдарының деректеріне қолымыз жетпеді. Десек те, өзімізден шыққан ғалымдардың пікірінің бірінші нұсқасы – мықтылардың үйі деп, екінші нұсқасы – мықтап бекіткен деген мағынаны білдіреді деп тұжырым жасаған. Мықтылардың үйі дейтін себебі кейбір қорғандардың диаметрі 200 метрге дейін жетеді. Оның үйінді тасының өзі 10 шақты метрге жетеді. Оны иен далаға істегендіктен, арбалармен тастар әкеліп оның үстінен үйген. Сондықтан бұл жай адам емес, қарапайым адамдар мұндай жерлеу салтын атқара алмайды. Сондықтан мұны мықтылар жерленген, мықтылардың үйі деп атайды. Ал екінші нұсқамыз – мықтап бекіту. Көшпенді дәстүр бойынша бір империя дәрежесіндегі қағанат құрылып, ол жойылған кезде алғашқы тайпа оның мәдениетіне нұқсан келтіріп отырған. Жер дүние мен көк дүние мәңгі. Біз ешқашан өшіп жоғалмаймыз. Біздің осы дүниедегі жұмысымыз бітсе, о дүниеде де жалғастыра береміз дегендіктен, арнайы жерлеу орындарын мықты қылып бекіткен. Моңғол жерінен табылған ғұндардың зираты төменге қарай 18-24 метр. Бұл жер астындағы пирамидаға сәйкес келеді. Ағаштан, тастан жасалған табыттар жер астынан табылып жатыр. Сонда бұл өздерінің мықтап бекіту деген түсініктерінен қалыптасқан. Мықтың үйінен кейінгі кішірек түрлерін бізде бейіт деп атайды. Моңғолдар бош деп атаса, ал біз оны пазырык мәдениеті деп жүрміз. Пазырық деген сөздің өзін кейбір ғалымдар Ресейдегі Пазырық өлкесінен табылғаннан кейін солай аталған деп тұжырым жасап жүр. Тва тілінде бастырғы деген сөз. Бізде бастыру. Түбір сөзін қуатын болсақ, өзіміздің көне түркінің атауы – басып тастау, көміп тастау, бейіт деген атауды білдіреді екен.

      - Қазақстанмен археологиялық сала бойынша байланыстарыңыз қандай?

     - Моңғол ғалымдары Қазақстан жерін зерттеуге қызығып отыр. Көне тарих осы жақта болғандықтан да, ол кісілердің де қызығушылықтары бар. Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан деген азамат келіп, кейбір мәселелерді қозғап, зерттеп жүрді. Екі ел аралық ғылым саласындағы байланыс 1997 жылы Иманғали Тасмағамбетов мырза келген кезде бекітілген. Одан кейінгі жылдарда байланыс үзіліп қалды. 2014 жылы жақсы бастама болып жатыр. Арқанғай аймағында моңғол тілінде «Құтығұл», қазақ тілінде «Құтты тау» деген жер бар. Тоныкөк, Білге қағандарға жақын жерде Қазақстан-Моңғолия біріккен экспедициясы 2009 жылы жұмыс бастады. Бұл экспедицияда мен де бармын. Оған Қазақстаннан атақты археолог Зейнолла Самашов ағамыз келіп қатысты. Моңғол ғалымдарының ұсынысы – Қазақстандық археологтармен тікелей байланыста жұмыс жасау. Екі елдің арасын бізге көшіп келген адамдар байланыстырады. Бірақ оны кейбір моңғол ғалымдары жақтыра бермейді. Ресейдің мектебінен өткен ғалымдардың ізімен жүрген Қазақстандық археолог, зерттеуші ғалымдар келсе, оларды ешкім кеудеден итермейді.

    Моңғолдың ортағасыр тарихы, Шыңғыс хан тарихы Қазақстанда болғандықтан, моңғол ғалымдары да Қазақстандық ғалымдармен біріге жұмыс істеуге ынталы. Моңғол ғалымдары уақытқа, қаржыға байланысты Қазақстанда болатын археологиялық жұмыстарға көп қатыса алмайды. Қазір шекара мәселесі шешіліп келеді. Қазақстанға бару үшін виза аштыру қиындық тудырады. Сол визаның уақытында дайын болмауына байланысты көптеген ғалымдар ғылыми конференцияларға бара алмай жатады.

    - Алтай – Түркілердің бесігі. Осы өңірдегі түркология саласындағы зерттеулер қай деңгейде? Нелер зерттелді, алда қандай жұмыстар жасалу керек?

    - Моңғол ғалымдарды зерттеуді Алтайдан бастап жатыр. Моңғол өлкесінің батысы, төрт Алтайдың шығысында да қазақтар өмір сүріп жатыр. Қазақтар дегеніміз – көне түркілер. Көк түріктің кейінгі ұрпақтары – қазақтар Моңғол жерінде көп шоғырланған. Моңғолияда түркология саласымен айналысып жүрген ғалымдардың жұмыстары бір ізге түскен. Баянөлгейдің өзінде 200 кісі тасты, 86 бұғы тасты, 150-дей тайпа таңбаларын, 6000-ға жуық  мықтың үйін тізімге алдым. Моңғол үстірті мал жаюға, аң аулауға қолайлы, тіршілік етуге ыңғайлы болғандықтан, осы жерде түркі мәдениетінің шоғыры болған. Шығыс түрік қағанатының орталығы да осы Моңғол өлкесінде болған. Түркі елінің кейбір тайпалары осы күнге дейін өмір сүріп жатқандықтан, бұны Қазақстан, жалпы түркі әлемі болып бірігіп зерттейтін болса, көптеген ғылыми еңбектер жазып, кітаптар шығаруға болатын еді. Біз шамамыз келгенше зерттеп келеміз. Кейде методикалық біліміміз, кей жақтарына экономикалық шамамыз жетіспей жатады. Көбіне зерттеуші ғалымдардың саны аз болғандықтан, кейбір тарихи деректердің басы қылтиып көрініп жатса да, оны дамытып зерттеу мәселесі кемшін. 2013 жылы Түркі дәуірінің адырнасы табылды. Моңғол ғалымдары тапқандарын «яты, ятық» деп атады. «Ятық» қазақша жетіген деген мағынаны білдіреді. Яты дегеніміз – жеті деген сөз. Сол жетігенді өздерінің ұлттық музыкалық аспаптарына кіргізіп, жалпы түркінің мәдениеті, түркі дәуіріндегі ескерткіш деп ерекше құрметтеп, мемлекет тарапынан, мәдениет, білім министрлігі тарапынан көптеген шаралар ұйымдастырды. Бұдан көретініміз – моңғол ғалымдары да түркінің тарихын, мәдениетін, түркі әлемінің жеткен жетістіктерін мойындайды. Оны ғылыми тұрғыдан әлемге насихаттап жатыр. 2013 жылы Моңғолия мәдениеті жылында ерекше насихаттады.

        - Табылған дүниелердің ғылыми айналымға енуі қалай?

      - Әрине, орынды сұрақ. Біздің қазақ тарихы оқулықтарға ене бермеген. Себебі қазақ ғалымдары ерекше мән беріп, зерттемеген. Қазақтың жаңа тарихына көп басымдық берді да, көне тарих зерттелмей қалды. Менің мақсатым – сол көне тарихты зерттеу, болашақта оқулықтарға енгізу. Мен біраз жыл ұстаздық еттім. Сонда байқағаным, 7-8-сыныптың Моңғол тарихы оқулықтарында түркі тарихы 2-3 бет, ұйғыр тарихы - 2 бет. Бұл – моңғол ғалымдарының қателігі емес, зерттеудің жоқтығы. 1975 жылғы моңғол ғалымы Серетчоптың «Көне түріктер» деген кітабынан басқа түркі тарихына қатысты кітаптар күні бүгінге дейін жарыққа шыққан жоқ. Моңғолиятану, салт-дәстүртану журналдарында түркі, сақтарға қатысты, жалпы көне тарихқа қатысты материалдар өте көп. Мұны келешекте аударып, оқулықтарға енгізу керек деп ойлаймын. Қазір түркі, араб, шығыс әлемімен байланыстарды жақсартып келе жатқандықтан, келешекте жүйелі түрде оқулықтарға енеді деп ойлаймын.

      - Моңғол тарихы оқулықтарының ішінде қазақтардың тарихына қатысты деректер бар ма?

    - Баянөлгейде бастауыш сыныптардың оқулықтарына кірген. Жеке оқулық кітаптар жаздық. Мемлекет тарапынан шығатын оқулықтарға әлі ене қоймады. Қазақтардың тарихын зерттеу барысы жақсы жүргізіліп келе жатыр.

        - Тағы бір ауқымды тақырып – қазақ этнографиясы. Қазақтың болмысы, дүниетанымы, материалдық және рухани мәдениетінің көбі сақталып келді. Ол уақыттың өтуімен жойылып кетуі немесе өзгере беруі мүмкін. Сондықтан осыған қатысты дүниелерді зерттеп, сақтап қалу жағы қалай?

     - «Моңғолия қазақтарының салт-дәстүрі» деген кітап 1995 жылы шықты. Бұны менің әкем Бегмар Кәбәләшұлы жазып шығарған. Баянөлгейдегі этнография саласын зерттеп жүрген бірден бір ғалым – сол кісі. Этнографиялық зерттеулер жасаған кезде қағазға түсіріп қана қойған жоқ, экспонаттарды жинады. Қазір бізде бірталай экспонаттар бар. Моңғолияда қазақтың дәстүрін, мәдениетін, көне заттарды сақтайтын үлкен мұражай бар. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар күні бүгінге дейін қазақтың киіз үйін сақтап, қолданып келе жатыр. Киіз үй, мал шаруашылығы болған жерде қазақтың этнографиялық мәдениеті жақсы сақталады. Соңғы жылдары киіз үйдің белдеулері қытайдың арқандары, керегенің көгі қытайдың жібі болып кеткен. Ақ биенің терісінен жасайтын сабалары қытайдың торсығына айналып кеткен. Осындай дүниелерді ұлттық айналымға кіргізу үшін кейбір ұлттық өнімдер жасайтын адамдарға ұсыныс айтып жатырмыз. Кейбір жайлауларға шетелдіктерді ертіп барғанда, олар қатты таң қалады. Бір ауылдың өзінде 50-100 аралығында киіз үй тұрады. Қазақстаннан кейбір археолог ғалымдар келді. Олар зерттеулерін өз еңбектерінде жазды. Соны ары қарай насихаттау турасында жұмыстар әлі жүргізілген жоқ. Бұны Қазақстан мен моңғолиядағы қазақтар бірлесе отырып ары қарай дамытатын мүмкіндіктер бар.

      - Көнекөз қарттардан, әкеңізден естіген, өз көзіңізбен көрген қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, ұстанымындағы кілт өзгеріп бара жатқан қандай дүниелерді атай аласыз?

      - Салт-дәстүрге байланысты әкемнің бір сөзі бар еді: «Балаңды қазақ қылып, салт-дәстүрге жетік қылып тәрбиелеу үшін әке-шешеңе асырат» деген. Мен ата-әжемнің қолында өстім. Күні бүгінге дейін әкеміздің қызметін жалғастырып, қазақтың салт-дәстүріне ақырындап мән беріп келе жатырмыз.

     Бізде рухани жағынан олқылықтар болып жатыр, ал материалдық жағдай жақсы. Мал шаруашылығы – жайлауы, қыстауы, күзеуі бар жерде киіз үйіміздің қазығы мығым болмақ. Бабалардың тарихын білу, аңыз әңгімелерді айту, бала тәрбиесін қалыптастыратын бесік жыры секілді ауыз әдебиеті үлгілерінің өзгеріске ұшырап келе жатқаны жасырын емес. Ол неге байланысты десеңіз, ғылыми, әдеби еңбектердің көпке жетпеуі, басшылар, ауқатты кәсіпкерлер тарапынан қолдау жоқтығы, кітап болып елге тарамауы, үгіт-насихаттың аздығы салдарынан деп ойлаймын.

      - Бүгінгі таңда қызды ұзатудан келін болып үйге кіргізуге дейінгі үйлену дәстүрі қалай атқарылады? Өз көзіңізбен көріп жүрсіз бе?

    - Өз көзіммен көріп жүрмін. Біз этнографияға жақын, салт-сана, әдебиетті зерттеп жүргендіктен, ауылдағы тойларды қатты құрметтеймін. Сондай тойларға барғанда үш-төрттен киіз үй тігіп, бір үйге үлкендер отырып, бір үйге ұл мен келіннің достарын жиып, солардың арасында ойындар ұйымдастырып, әңгімелер айтылып, ән шырқалып жатқанын көргенде қазақтың байырғы дәстүрінің күні бүгінге дейін сақталып қалғандығын көріп сүйсініп қайтамыз. Киіз үйге көшпенділер бір әлем ретінде қарап, қастерлеп келгендіктен, қазақтың дәстүр-ғұрпы киіз үймен бірге жалғасып келе жатқандай. Оның ішінде айтылатын әңгіме-дүкен, шырқалатын ән, құрылатын кеңес, әзіл-қалжыңның орны бөлекше. Біздің Баянөлгей - біріншіден, отырықшы жер, екіншіден, аумағы шағын, үшіншіден, ағайын-туыс мол болғандықтан, Қазақстанда болмайтын той бізде болады. Мысалы, 5-6 үлкен той сарайлары бар. Олардың біреуінің ішіне 600-ден 800-ге дейін адам сыяды. Ал Қазақстанда ондай қауым жиылатын тойды мен әлі көрмедім. Бір өлкеде тұратын тамырлас, рулас ағайынның үйінде той болса, сол халықтың бәріне шақыру таратады. Бастапқыда бұл үрдіс біз үшін таңсық игі іс болып көрінетін. Кейін мұндай тойлардан қашатын болдық. Себебі үйреншікті, бір сыдырғы бағдарламамен жүргізіледі. Асабалардың да айтатын сөздері жаттанды болып қалған. Асабалар өз біліктіліктерін дамытып, салт-ғұрыпқа тереңдей қарап, соны нәрселерді іздеуге ұмтылмайды. Бір сарынмен кететіндіктен, келушілердің қызығушылығын әлсіреткен. Бұл – салт-дәстүрден алыстап, жаңа заман ағымына қарай ауып бара жатқанымыздың айғағы. Қазір де жоқ емес, қырдағы малшы ауылдарда, орта дәулетті адамдар арасында қазақтың байырғы киіз үйде жасайтын тойы жалғасып жатыр.

     - Қызды ұзатқан кезде сыңсу, көрісу, жоқтау секілді ғұрып жырлары айтыла ма?

      - Қырдағы ауылдарда бұл ғұрып бар. Менің әкемнің 1995 жылы жарық көрген кітабында да жазылды. Сыңсу, ел-жұртпен қоштасу, ұрын бару сықылды қазақ салттары қырдағы кейбір ауылдарда сақталған. Бір айта кететін жайт, Қазақстанда бұрмаланған кейбір дәстүрлер бар. Мысалы, қыз ұзату кезіндегі бұрын болды десе де, қазір бұрмаланып, ақша бопсалауға көбірек ұқсап кеткен есік көру секілді ырымдарды Қазақстанға барып келген осындағы ағайындар дәл солай қайталап, ел арасына таратып жатыр. Сырт көз сыншы демекші, біз үшін бұл – ерсілеу. Қазақстандағы бұрмаланған дәстүрлерге осы өлкедегі ағайындардың еліктеуі белең алып барады.

    - Қызды сән-салтанатымен, жасау жабдығымен тойын жасаған соң ұзатады. Оның алдында «қыз танысу» деген салт болған. Қазір Қазақстанда түнгі 12-ге жеткізбей, қол-аяғын жерге тигізбей алып кету деген үрдіс белең алды. Сіздерде да бар ма?

      - Қазақ менталитетінде адам деген өте құнды болған. Адамды адам өлтірсе, құн төлеткен, қалың малға алған қызға әмеңгерлік жасаған. Бұрынғы моңғолдардан қалған сөз «әмеңгерші» - тірідей сол адамның көзі дегенді білдіреді. Қазір де бұл қазақтардың арасында жақсы сақталған, алдымен қызды сұрау, алдынан өту, сосын той күнін белгілеу, киіт-кепсігін апару сияқты өз жосынымен ретті түрде жүргізіледі. Қызды асығып бере салмайды. Моңғолия қазақтары өздері саны аз болғандықтан, кімнің кім екенін сырттай тексеріп біліп отырады. Кейінгі кезде тағы бір байқалатыны, сырға салу, алдынан өту сияқты қосымша, төтеден қосылған дәстүрлердің бұзыла бастағаны байқалады. Алайда қыр малшыларының арасында бұл дәстүр қаймағын бұзбаған.

       - Есік-төр көру, құдалық, жыртыс той дегендер бар ма?

     - Жыртыс тойды білмеймін. Ол болмаған болу керек. Ал соңғы кездері құда шайы, қайтарма шайы, тойтарма шайы дегендер пайда болды.

      - Қызды ұзату тойынан кейін қанша уақыттан кейін ұзатады?

     - Әртүрлі. Жағдайға қарай, 14 күн, кейде 1 ай, кейде күздің аяғы болып қысқа қалып кететін жағдайда жазғытұрым дегендер бар.

       - Ұзату тойының түнінде алып кету деген жоқ па?

      - Ондай салт жоқ.

      - Қазір бізде мынадай жағай қалыптасты: кейбір кісілер қыздың бетін екі рет ашады: үйде, сосын кафеде тағы ашады. Одан бөлек, үйде ашпай тойханада ашатындар да бар. Сіздерде қалай?

     - Келінді әкелгенде киіз үйге түсіреміз. Келін түскен соң әдеттегі тіршілігіне кіріседі. Ертесінде мейрамханаға барғанда тағы да бетін ашамыз. Әлбетте, бұл – теріс қылық. Қазақ келіннің бетін бір рет ашқан. Меніңше, дәстүрді сақтау керек.

       - Қыз алып қашу деген бар ма?

   - Ертеректе болған. Қазіргі уақытта Моңғол елінде өмір сүргендіктен, заңға бағынамыз. Қазіргі заң бойынша қызды алып қашқан жағдайда 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып қалуы мүмкін.

       - Қалың мал ала ма?

     - Қалың мал деген жоқ. Теңің тапса, тегін бер деген ұстаным бар. Қазақстаннан айырмашылығымыз – қызымызды бұлдамаймыз. Жетек деген болады. Аты болса атын, болмаса үкісін апарып тағады. Жас жұбайлар жарасып кеткен соң екі жақ жастарға еншісін бөліп береді. Қалың мал берілмеді деп, қыздың дүниесін апармай қою жоқ. Сырт көз сыншы. Ата-анасы шамасы жеткенше төсек-орнын жеткізіп береді. Заманына қарай адамы. Ертеректегідей кебеже, сандық, қайқы бас төсекті апарамыз. Заманауи техника – тоңазытқыш, кір жуатын машина, мүмкіндігі жетсе көлікті де сыйға тартуды Қазақстандықтардан үйрендік.

     - Құдаласудың көптеген түрлерін өзіңіз білесіз. Атастыру, сүйек жаңғырту дейміз. Жекжаттардың арасында бұндай жағдайлар болып тұрады. Бел құда болайық, бесік құда болайық деген ұсыныстар болады. Балалардың есі кіріп қалғанда көңілі ауып, басқамен қосылып жатса оған ешкім ренжімейді.

        - Ажырасатындар көп па?

     - Ол бар. Бірақ бізде ажырасу фактісі аз. Өйткені сүйек сындыру әке-шешенің бетіне таңба болатынын жас жұбайлар жақсы түсінеді. Бойжеткендер барған босағасында қалуға тырысады. Сондықтан бұл жақта неке аз бұзылады.

       - Неке бұзылмаса, жетім бала да болмайды ғой...

    - Өзіңіз байқаған шығарсыз, көшемізде қайыр сұрап жүрген бала жоқ. Ішіп көшеде домалап жатқан адам да жоқ. Моңғолиядағы қазақтар дәстүрге берік. Тіпті Ұлан Батырдан келген ғалымдар «Сіздерге таңғаламыз, ұл-қыздарыңыз иманды» деп ризашылықтарын айтып кетеді.

      – Сұхбатыңызға рахмет! Ісіңіз ілгері бассын!

     – Сізге де рахмет!

      Сұхбаттасқан: Жарқын Сәленұлы

      Дайындаған: Сандуғаш Түсен

       Баянөлгей – Алматы

       http://www.ulas.kz/kk/maqala?id=442#.VT2-eNLtmko

толығырақ

5e8c134d22ef8785567793a00b6e1b16.jpg
      Ата-бабамыздан қалған киелі өнерді тамаша, жеттік игеріп, мына заман, бүгінгі буынға жеткізіп, солар арқылы ертеңге аманаттап жүрген ұлт рухының жебеушілері – аға буын құсбегілеріміздің алдында қалай бас исең де жарасады. 

       Осындай аға буын өкілдерінің бірі де нағыз бірегейі – қарт құсбегі Бәйтей Бабиұлы. Ойғыр, Xобда, Сақсай, Тұрғын – төрт өзенді алабына сыйғызып, бұлдырап жатқан кең өлкеде туып-өсіп, тәңірінің берген ырыздық-несібесін терген Бәйтей ақсақалдың осы бір киелі өнерге жуықтығы қанмен келген қасиет дер едік. «Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге» – дегендей, Бәйтей ақсақалдың арғы-бергі аталарында өнердің әр түріне жуық жандар көп болған екен. Қазақи жөнмен таратқанда, Бәйтей ақсақалдың жұрты – Орта жүз, Керейдің Абақ бөлімінен тарайтын Шеруші руы – ежелден егіншілігімен аты шыққан жұрт. Алтай бетінде Ертістен арық тартып, ақ тары егіп, аста-төк байлық жиып, жұртын ел санатына қосқан ата кәсібін Хобда бетте жалғастырған Бәйтей аға социалистік дәуірде республикалық «Саңлақ егінші» атағына неше мәрте қол жеткізгені өзі өз алдына бір тарих. Қажырлы еңбегінің арқысында талай алыс-жақын шет елге саяхаттап келді, үкімет еңбегін бағалап, кеудесіне таққан орден-медалын біз санап тауыса алмаспыз. Бұл жолы тек әккі құсбегіден естіген құстың жайы мен құсбегілікке байланысты ел есінде ұмыт қалған дәстүрлерді, салт-сананы жаңғырта өрбіткенід жөн көрдім. Көзі ашық, көкірегі ояу оқырманға ой салсақ деген ниет қой біздікі.
      Бәйтейдің ұлы атасы Тұрсынбай да құсбегі адам болған екен. Көнелердің айтуынша, біреудің ала жібін аттамайтын, жаны жайсаң, көпшіл адам болса керек. Тұрсынбайдың інісі Исабай жасынан сал-серілікке бет бұрып, кейіннен Хобда бетіне танымал емші атанған кісі. Бір қызығы, сол кездегі халық сөзімен айтсақ, жын ұрған, пері қағып кеткен жандардың басына бүркітін қондырғанда, бүркіттің қарымды саусағы басын бүргенде бойын жайлаған жын-шайтаны жайында қалып, әлгі қырыспа аурудан құлан таза айығып кететіндерді көзбен көргендер бертінге дейін жыр қылып айтушы еді, – дейді Байтей ақсақал. Тұрсынбайдың баласы Шалша да әкесінен қалған мұраны жалғастырып, балдағына құс қондырған саятшы болды. Шалшаның құсбегілік өнердің қызығына берілгені сонша ауыл келіндерінің өзі ат тергегенде «Бүркітші ата» атайтын болыпты. Шалша мықты сыншы да болған. Сол кезде құстың жайын алыс-жақыннан келіп Шалшадан сұрап, тіпті құстарын әкеліп сынатып алады екен. Бұны бостандыққа қоя бер десе, екі сөзге келмей қоя беретін еді. Өте аңғарымпаз сыншылдығын дүйім жұрт қаты құрметтейді екен. Айтқан сыны тура келетін.
      Ал Бабидан туған немересі Бәйтей – ата мирасын бүгінгіге жеткізуші. Кешегі саф өнерді бүгін жалғастырған, бүркітшілік десе ішкен асын жерге қоятын біздің кейіпкеріміз – қазыналы қария Бәйтей ақсақалдың бір ерекшелігі Алтай-Қобдадағы бұрын-соңды қыран баптаған әйгілі құсбегілерді, олардың қырандарды қалай қолға түсіргендігін, «Салбырауын» мен «Қансонар» саяттағы қуаныштары мен өкінішті жайлары туралы таңды таңға ұрып айтатын әңгімешіл. Ақсақалды тыңдап отырып сөзіміздің басында айтқан, бүркітшіліктің кәсіп емес, шынайы өнер екендігіне, осы жолда талай ерлердің малы мен басын бәйгеге тігіп, артына ізгі өнеге қалдырғандығын бағамдайсың да ұл өнерін, салт-дәстүрін ХХІ ғасырға жеткізуші осындай тұлғаларға басыңды иіп құрметтеп, игі істеріне сүйсінесің.
      Бәйтей ақсақал бүркітші бабалары жайлы былай еске алады. Қытайдан моңғол жеріне бұрынырақ кеткен ағайындарына тартып Хобда бетіне келсе Қызылқайыңның аралындағы жайлауында Сағынғанның үйінде 15 бүркіт көгендеулі тұрғанын көріп есі кетіп таң қалыпты. Басқалары бас-басына бір-бір бүркіт ұстап, тау-тасында түлкі өрген жаңа қоныстары құт болып, бұл өлкенің қазақтарының жағдайы жақсы екенін келе байқапты. Сағынған «Әй, жігіттер! Әнеу, қосақ шетіндегі ақ балапанды сендерге бердім, қайырып салыңдар!» – депті. Көшіп келгеннің ерулігі санаса керек. Анасы оған ашуланып, «Жұрт жаңалап, елден ел асып келіп жатқанда ірі қара мал атағанның орнына жүні үрпиген торғай бергені несі?» деп шамданыпты дейді. Бірақ қазаққа қансонар қызықтан артық не бар! Хобда бетіне танымал күйші әрі құсбегі Сағынғаның ұсынысын хош көріп Қаныкей ақ балапанды қолына алыпты. Жаңа жұртты, елді танып-білу үшін бүркітерін алып күнде өлкеде саят құрып, бойларын үйрете бастапты. Көп өтпей Қаныкейдің ақ балапаны қасқырға түсіп, дүйім елді өзіне қаратқан екен. Түз тағысына қаймықпай түскен қайсар қыранның көрімдігіне Қаныкейге мал атап, құсты тамашалап көрушілер қаптап ағылғаны бір таңдық әнгіме. Сонда жарықтық анасы «Сағынғаның бір торғайының өзін көру үшін мына жұрт бір қора мал беретінін қайдан білейін» – деп ағынан жарылыпты. Кейін бұл әнгімені айтқан үлкендер «Қаныкейдің бұл ақ балапын басына құт болды. Қытайдағы қазақтарға қайта барып шешелерінің қалың малының орына өздерінің сұрауымен сол қыранды берген еді» деп тамсанып отыратын.
     Бәйтейдің нағашылары да құсбегіліктен құралақан емес. Әліпбай нағашысы қас қыранды 10 байталға бағалап сатып алып, сол дәуірде алыс-жақынға құсбегілігімен даңқы шыққан жан болса керек. Әліпбайдың ата-бабалары да бүркіт ұстап, саятшылық құрған екен.
      Бәйтей ақсақал жиырма жасынан бастап құс салып, саят құрыпты. Бәйтейге қыран баптау жайлы арнайы талдап ешкім үйретпеген. Үлкендердің бүркіт меншіктеп бергенін тосып жүрген. Оған деиін тор құрып бірнеше бүркітті ұстап үлкендерге әеліп беріп көзге түскен. Бәйтейге соңғы ұстап әкелген бүркітті «өзің баптап сала ғой» – дегенде қуанышында шек болмапты. Аз уақытта-ақ бүркітін қолына алып саятқа шыққан Бәйтей құсбегілікке ептілігімен үлкендердің ризашылығына бөленеді. Болашақ жас құсбегінің құрметіне жеңгелері оған меншіктеп берген құстың иығына үкі тағып әспеттеп, дәстүр бойынша құрмет көрсетсе, ауылдағы апалары шашу шашып ақ жолтай тілепті.
       Содан бері үздіксіз 60 жыл бүркіт баптап саят құрып келе жатқан Бәйтей ақсақал қазір сексенді алқымдаса да әлі қыранын қолына қондырып, көк тұлпарын тебініп сай-салаға кетіп бара жатады. Қанына сінген баба өнері – саятшылықтың қызығына тояр емес. Осы жылдар ішінде 32 бүркіт баптаған екен. Ең ұзақ ұстаған бүркіті 7 жыл қолында болып, кейін аяғына белгі байлап бостандыққа қоя беріпті. Әр бүркітінің ерекшелігін, өң-түсіне дейін біледі. Кейбір қырандарының мінезін сараптайтынын қайтерсің. Ұлағатты бабаларын қатты құрмет тұратын Байтей ақсақал салт-дәстүрді берік ұстанған, сонау шет-жағасын өзі көрген қазақы салт-сана бұзылмаған өмірдің ұстанымдарын есінен шығарған емес. Жиын-тойда немесе бас қосуда жастарға соның бәрін әңгімелеп беруденде жалықпайды. Кезінде бүркітін ұстап кез-келген ауылға барса шашу шашып қарсы алатын. Қазанға өзіне арнап сойылған ісектің басы асылып, ет бабына келгенше ауыл болып бүркітін сынайды. Бұндайда келіннің ақылдылығын, ұлдың зеректігін ауыл болып байқап қалады. Әр кім бүркітті көріп сынын айтады. Қолындағы бүркітіне қарап өзін де сындап жататын сол дәуір адамдарының зерек де алғырлығын сол әлі ұмыта алмай сағынышпен еске алады. Қазіргі бүркіт ұстағандар солардай сыншыл болмаса да, тым болмағанда бүркітке жан тәнімен беріліп баптаса ғой деп уайымдайды.
     Салбырауында үйден тым алыс кеткенде жолындағы тау-жоталарда мекен етіп жатқан қойшылар аулына құдайы қонақпын деп бара қалса үй иесі малын сойып, кешке бүркітшінің құрметіне ауыл жастарын жиып, ән-күйге ерік беріп шағын той жасайды. Үй иесінің өтінішімен бүркіті үйге кіргізіліп сойылған малдың етінен ауыз тигіздіртіледі. Сосын бүркіт босағаға қойылып, иығына үкі тағылатын да, келесі иығына сүт тигізіп, тұғыры майланатын. Сондай салт болған. Бұл бүркітшіге және самғау көктің әміршісіне көрсетілетін құрмет еді. Бұл күні әңгіменің тиегі ағытылады, әнмен шашу шашылады, жан дүниені қозғар күмбір күй тартылады. Құсбегінің салбырауын саятшылғы осылай ду-думанға айланатын кез жиі болады. Бәйтей ақсақал домбыра тартып қара өлеңді өзі құрап жыралудан кенде емес. Бұлар ауылымен Алла өнерді аямай берген тума таланттар. Ал ертеңгі таңда құсбегі олжасын қонған үйге қалдырып, қолына қыранын алып тауларды бөктерлеп саятын жалғастыра беретін.
      Бәйтей ақсақалдың ұзақ жыл бүркіт салғанда баптаған екі бүркіті қасқырға түсіпті. Бірінде Қаратаудың Үдіке шоқысында қыран шүйліп келіп бүргенде қорымтасқа жетіп үлгерген қасқыр тас қуысына шегіншектеп кіріп кетіп, тұмсықтан жабысқан қыран шырылдап отырып айырылып қалды. «Бір ай сол бір жан беріп жан алысқан шайқас көз алдымнан кетпей, ұйықтай алмай жүрдім» – дейді.
     Келесі бүркіті Жүгенбайдың сүр шоқысының басынан томағасын тартқанда-ақ қасқырды көзін шалып қайқаң етіп жоғары шарықтап көтеріледі де, төмен қарай құлдилай құлап бөктерде бүлкілдеп бара жатқан қасқырды бүреді. Бүркіті барып тарпа бас салған аңның түлкіден үлкен екенін айыра қойған аңшы дала көкжалына тайсалмай барып түскен қыранының ерлігіне разы болып кетіп, қанжығадағы қытырлағын ала сала асығып төмен тұра жүгіреді. Аяғы тиген тастар бірін-бірі қуалай құлдилап дүркірей домалайды. Құс келіп бүргенде шеңгеліне шыдамай есінен анған қасқыр дабыра дыбыстан есін жиіп аяғымен тырмалай жанталасып, басын шайқап жұлқынып жүріп бүркіттің шенгелінен шығып зытып отырады. «Артынан білдім, бүркіт қасқырға түссе жанына мейлінше дыбыс шығармай жетіп, ішін жарып жіберу керек екен» деп жастық шақтағы қапы қалған кездерін еске ала сөйлеген ақсақалдың ғажап әнгімесінің ішінде өзің де болғандай сезінесің.
      «Бүркіт үлкен аңға түскенде өзінің жаратушы берген шабуылдаушы әдіс-тәсілін жетік қолданады әрі өте жылдам шешім қабылдап қарсыласын құрықтайды. Бұл деген бүркіттің жансыз оқ емес, аңға салар құс болса да сезімнің күш-қуатымен әрекет ететінін сол кездері жан-дүниеммен сезіндім. Қыранымды өзінен үлкен қандай аңға салсам да қаймықпай түсіп олжа қылатынына сендім. Соған анық көзім жеткенде қыраның шексіз өжеттігі мені қатты ойландырды. Дегенмен, онан кейінгі саятшылықта, талай күн-түн қатқан салбырауында өзім көрмей еш қашан қыранымды аңға жібермедім. Ұстатар аңымды өзім көріп барып қыранымды жіберетін болдым. Бұл мен үшін заң болып қалыптасты. Қыранға деген шексміз сүйіспеншілігімнен шықан шешім еді» – деді қарт құсбегі.
      Бәйтей ақсақалдың өмірінде бір жылда 30-дан асырып түлкі алған кезі 3 рет болыпты. Екі жыл 15 түлкі алса, қалған кездері жылына 6-8 түлкі алып жүріпті. «Ана бір жылы сәтін салып үш қағушы ертіп шыққан едім, түлкі де жақсы кезігіп, қыраным да бабында болып бір күні 5 түлкі алып, 3 қағушыға бір-бір түлкі байлап, өзім екеуін қанжығалап келгенімді қайдан ұмытайын» деген ақсақалдың жадыраған әжімді жүзіне қарап еріксіз қызығасың.
     Ақсақалдың әнгімелеуі бойынша, қазақ құсбегілері қолындағы қыран құсы өлгенде кәдімгідей жылап, қайғыланған. Қазақ құсбегілері қыран құсы өлгенде кез-келген жерге көме салмаған. Өлген құстың сүйегін аяқ жетпейтін биік таулардың басына не өзі түлеп ұшқан ұясының маңына арулап жерлеп отырған екен. Десе де құсының қолында өлгенін құсбегілер қаламаса керек, баптаған бүркітін ең ұзағы 8 жылдан кейін босатып жіберіп отырған. Ол ұрпақ таратып, қалған өмірін еркін өткізу керек екенін қазақ құсбегілері заңды ереже санап, орындап келген. Бұл көненің көзі қарт құсбегінің бүгінгі жас буын құсбегілерге де тапсыратын аманаты.
      Бәйтей ақсақалдың шаңырағында Моңғолия қазақтарының құсбегілігі жайлы мақала, еңбек жазғысы келгендер айлап жатып әңгімесін тыңдап, жазып алып кетіп жүретінін бала жастан білетінмін. Өзім де соңғы 20 жыл әңгімесін тыңдап жүрмін. Бірақ сусыным қанған емес. Тыңдай бергің келеді. Қазақтың шешендік өнерінің не бір үлгісін осы бір абыз қарттың бойынан байқайсың. Бойында шешендік өнер, дарын мен таланты мол. Әңгімені ұйытып айтады. Сипаттайды, суреттейді, әр кейіпкерінің роліне еніп керемет шешен де жаттық тілмен жеткізе біледі. Соңғы жылдары Бәйтей құсбегіні іздеп келіп әңігмесін жазып, деректі филім жасамаған ел жоқ-ау. АҚШ, Корея, Австралия, Канада, Жапония мамандары талай фильм жасаса, еуропалықтар одан асып түсті. Ғаламтордағы Байтей құсбегінің суреті бір төбе болса, басқалардыкі бір төбе.
     Бәйтей ақсақалдан бүркіттің жасын таратып беріңізші деп сұрадым. Құсбегілік тым ертеден келе жатқан өнер, әр руда мұраға қалып жалғасқан көнеден келе жатқан өзіндік баптау әдіс-тәсілі бар. Ежелден-ақ бүркіттің жасын 20 жасқа дейін таратып айтып жүр. Бірақ әркім әртүрлі атайтын. Қазір де бір тоқтам-жүйеге келген жоқ. Әр өңірде әр түрлі айта береді. Ол деген қазақ құсбегілерінің тағы бір ерекше қыры мен сыры. Және әр өңірдің ауа райы, табиғатының да атау қалыптастыруға әсері болады. Моңғолиядағы қазақ құсбегілерінде негізі 12 жасқа дейін мынандай екі нұсқа көп айтылады деп таратып берді:
1-түрі
1 жас- Балапан;
2 жас – Қан түбіт
3 жас – Тірнек
4 жас- Тастүлек
5 жас – Мұзбалақ
6 жас- Көк түбіт
7 жас – Қана
8 жас – Жаңа
9 жас – Май түбіт
10 жас – Барқын
11 жас – Баршын
12 жас – Шөгел
2- түрі
1 жас- Балапан
2 жас – Тірнек
3 жас – Тас түлек
4 жас- Ана
5 жас – Қана
6 жас- Жаңа
7 жас – Құм түлек
8 жас – Сұм түлек
9 жас – Қоңыр түлек
10 жас – Кәрі түлек
11 жас – Ақ түлек
12 жас – Ақырғы түлек
     Құсбегілер бабалардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген салт-дәстүрін заман талабына сай жалғастыру мақсатында үкілетіп, ерекше құрметпен қарайды. Қыран баптап қолға ұстау, үйрету, баулып аңға салу кім көрінгенің пешенесіне жазылмаған ерекше қадірлі де, киелі дарын. Дәстүрлі қазақ қоғамында Құдай берген бұл ерекше сыйды басқаға телу, сатуға құлық таныту былай тұрсын, құсбегіліктің қыры мен сырын бөгдеге үйрете бермейді. Рулық, әулеттік сипаттағы бұл өнердің қыр-сырын өз ұрпағына ғана мұқият аманаттап үйретіп, қолданған құрал-жабдықтарын мұрагерлікке қалдыратын. Киелі өнерді жалғастырушы көненің көзі, бүгінгі абыз қарт Бәйтей Бабиұлымен әңгімеміз таусылмақ емес. Есіне түсіртіп, ара-тұра келіп сұхбаттасып жүргенімізге 23 жыл болыпты. Абыз қартың әнгімесінен түйген қазақ өнерінің шексіз тереңдігін, сан ғасырлық әдет-ғұрыптардан бізге жеткен салт-дәстүрлерді әлі де жазатын боламыз. Біз естігенді емес, көргенді жаздық. Кеңесіп, сырласып білгенді жаздық. Қазақ баласы атанған біз самғау көктің падишасы мен жердің алпауыт тағысын бір-бірімен айқастырып тамашалаған ұлы халықтың ұлдарымыз. Бұл өнерді ғасырдан-ғасырға жеткізуші кейпкерміздің бірі Бәйтейдей еті тірі, көкірегі ояу абыздың өз ұлтының өнерін сабақтастыра білгеніне айғақ, куә болдық. Нағыз ұлтжандылықты өмірімен сабақтастырған қазақ ұлын көрдік. Қазақ барда қазақтың ғажайып өнері жалғаса беретіні осы емес пе, құрметті қауым!

      Жанарбек Ақыби

       http://kaznews.mn/news.php?mid=10&nid=39

толығырақ

c57626eb72b907cd27167ba760e80285.jpg
 
         Бүгінде Моңғолияда 120 мыңнан астам қазақ тұрады. Моңғолия қазақтары арасынан 24 ғалым, 61 ғылым кандидаты, 26 Еңбек ері, 71 еңбек сіңірген қайраткер, 8 мемлекеттік сыйлықтың иегері шықты. Өмірбек Биқұмарұлы – тарих ғылымдарының докторы. Моңғолиядағы мұғалімдер жоғарғы мектебін тарих-әдебиеттанушы мамандығы бойынша тәмамдаған ол бүгінде Моңғолия Ғылым академиясының Баян-Өлгей аймағындағы бөлімшесі Қоғамдық-экономикалық зерттеу орталығының тарих және тіл бөлімінің меңгерушісі. Сондай-ақ, ғалым Биқұмар Камалашұлы атындағы «Түркітану» ғылыми-зерттеу ұйымының төрағасы.  

    – Өмірбек, атажұрттан жырақта қазақ пен түркінің тарихын зерттеп жүрген жайың бар екен…

     – Әкем осы орталықтың құрылуына мұрындық болып, еңбек сіңірген. Әкемнің аманатын арқалап жүрмін десем де болады. Ұйым 2000 жылы құрылғаннан бастап, күні бүгінге дейін Моңғолия қазақтарының салт-дәстүрін зерттеумен айналысады. Тегі түркі жұрттың тарихын зерттеген 1700-ге тарта кітап дайын болды.

       – Тарихты қадірлеу жат жердегі барлық жастарға тән қасиет пе?

    – Орынды сауал. Өкінішке қарай, мені жастардың арасындағы ғылым-білімге деген талаптың аздығы қынжылтады. Әрине, бәрі бірдей тарихшы болсын демеймін. Бірақ, өздерінің ата-баба дәстүрін сақтаса, тарихты біліп, салт-дәстүрді ұстанса деймін. Олар мұны онша мақсат тұтпайды. Көбі сауда-саттықты төңіректеп кетті.

       – Орталықтың арқалаған жүгі қандай?

     – Моңғолиядағы қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеу – негізгі нысанамыз. Көне түркі дүниесін ғылыми айналымға түсіргіміз келеді. Қазіргі таңда марқұм әкемнің «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты академиялық басылымын жариялауды мақсат тұтып отырмын. Көне көк түркінің атамекеніндегі тарихи, мәдени ескерткіштерді зерттеумен айналысудамыз. Моңғол жерінде кісі тастар, сынтастар, сына тастар, бұғы тас, көргісүрлер, жартастарға қашап салған сұлба суреттер көп-ақ. Мұның әрқайсысы бір-бір тарих екені даусыз. Жалпы түркітектес тайпалардың этнографиясы мен тарихы сан қатпарлы, аса бай, зерттей білсең тылсымына тарта беретін қызықты сала.

        – Баян-Өлгейлік жастар немен айналысады? Олардың болашаққа деген көзқарасы қандай?

     – Біразы мал шаруашылығымен айналысады. Ал шамасы жеткен жұрт балаларын шетелде оқытуды жөн көреді. Оқығандар сол елдерде қалып, тіршілік етуде. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде де көптеген студенттер оқып, білім алуда. Семей, Өскемен, Алматы, Астана қалаларына жыл сайын 150-200-ге тарта бала барып, оқиды.

    Алайда оқыған мамандығы бұл жерге сәйкес келмегендіктен, моңғолша тіл білмеушіліктен Қазақстанға кері қайтып жатқан жастарымыз көп. Бұл бір жағынан, жақсы болар. Бірақ, ата-анасы Моңғолияда, өздері қазақ елінде, екіге бөлініп күн көруде. Жастарымыздың көбі астанамыз Ұланбатардан оқып келгендер. Моңғол азаматымен тең құқықта білім алғандар.

     Жастардың болашаққа деген үміті зор. Моңғол ұлысында оқығандар келешекте осы елде тұрақты, жоғары жалақылы жұмыс атқарғысы келеді. Ал Қазақстанда немесе басқа елде оқыған азаматтар шетелде жұмыс істеуді дұрыс көреді. Бірақ олардың бәріне бірдей ондай мүмкіндік жоқ.

       – Оқу-білім іздегісі келетін жастарға жағдай жасалған ба?

     – Оқу-білім іздегендерге жол ашық. Моңғолия – демократиялық жолды таңдаған ел. Англияның, АҚШ-тың стандарттарын білім саласына енгізіп отыр. Қазір мемлекет тарапынан шетелде оқығысы келетіндерге қаржылай қолдау көрсетіледі. Үкімет жастарды кейбір елдерде арнайы оқытуда.

        – Моңғолия басшылығының қазақтарға деген көзқарасы қандай?

     – Моңғолия басшыларының көзқарасы оң. Олар түбі бір туыстас ел екенімізді біледі. Моңғол ұлысының Ұлы құрылтайында, Үкіметте қазақ азаматтары бар. Басқа да жоғарғы лауазымда қазақтар баршылық.

        – Қазақ жастары өздерін қандай салада жақсы жағынан көрсете алуда?

      – Жастар өздерін бизнес саласында танытып жүр. Саясатпен айналысатындар да бар.

        – Баян-Өлгейлік жастардың қазақстандық жастармен қарым-қатынасы қандай?

      – Қазақстанмен байланыс соңғы жылдары үзіліп қалғаны рас. Бұрын Шығыс Қазақстан облысы Семей мемлекеттік институтымен және ШҚЖО-мен бірлесіп Баян-Өлгейде екі жылдай ғылыми-конференция ұйымдастырғанбыз.

     Қазақстаннан ақпаратты күнделікті алып отырамыз. Жастарымыз интернет арқылы жүзеге асып жатқан жобаларды біліп отырады. Қазір Қазақстан 2025 жылға дейін латын алфавитіне көшу туралы айтып отыр. Бұл, әрине, Қазақстанның өз ісі. Бірақ біз атажұрттағылардың латын әрпіне көшуіне қарсымыз. Себебі біз кириллицамен жазамыз. Барлық оқу құралы, кітап осы қаріпте. Моңғол ұлысы да кириллді қолданады. Қытайдағы қазақтар да төте жазуды қолданатыны белгілі. Олар кириллицаны оқи алмай, қиналып жүргенде енді латынға көшсе не болмақ? Моңғолдар бүгінгі таңда өздерінің көне жазуы Хуучин бичиг/көне бітік жазуын қатар қолдануда. Олар мемлекеттік іс қағаздарын, құжаттарды екі қаріпте, яғни кириллица мен ескі жазу түрінде жазады. Бұл Президенттің жарлығымен бекітілген. Моңғолдардың құжаттарға өз жазуын қолдануын халықаралық қауымдастық та құптайды. Осы ретте атажұртта көне көк түркі жазуы – руникалық бітікті неге қолданбасқа?

        – Баян-Өлгейлік қазақ жастарының қазақ тіліне ықыласы қандай?

     – Мемлекеттік тіл – моңғол. Ал қазақтардың өз тілінде еркін сөйлеп, жазуына заңдық мәртебе берілген. Сол себепті Білім және ғылым министрлігінің құрамында мемлекет тарапынан қазақ балаларына көмектесетін Қазақ зерттеу секторы жұмыс істейді. Олардың атқаратын ісі – қазақ балаларының білім алуына қолдау көрсету.

        – Алдағы мақсатың қандай?

    – Қазақстан мен моңғол ұлысының арасында әлі күнге ғылым мен білім саласында ынтымақтастық келісім-шарты жасалмаған. Сол себепті жастарға ғылым саласында жол ашылмай отыр. Екі ел арасында осы салада қарым-қатынас артса екен деп армандаймын.

      Әңгімелескен Гүлшат Әбжәлелқызы 

      Kaznews.mn

толығырақ

    Моңғолияны мекендеген қазақтар - дүние жүзі қазақ қауымының бір бөлігі. Абақ Керейден тараған Моңғолиядағы азғантай қазақ бұрынғы ұлы көшпенділердің бүгінгі тірі жалғасы және куәсі. Олар алғаш Алтайдың теріскей бетіне ауа көшіп, Моңғол жеріне қоныстана бастағалы міне 145-155 жылдың жүзі болды. Осылайша ат төбеліндей азғана қазақ малға жайлы, шөбі шүйгін, суы тұнық Қобда өлкесіне қоныс аударып, қазақтардың ұлттық аймағын құрып, шаңырақ көтерді. Осындай қарбалас заманда шаңырақ көтеріп, ұлттық аймақ орнату азғана қазақтарға әрине оңай болған жоқ. Міне бұған, біріншіден жаратқанның жәрдемі тиді десек, екіншіден аз қазаққа ұлан байтақ жер бөліп беріп, дербес ұлттық аймақ орнатуға зор қамқорлық көрсеткен Моңғол үкіметінің салиқалы саясаты, кең қолтық, жақсы қасиетінің арқасы, атажұрттағы қазақ ағайындардың көмек қолын созып, қол ұшын беруінің нәтижесі еді. 

     Моңғолиядағы қазақтар яғни Абақ керейдің бір тобы Алтайдың теріскей бетіне, яғни Қобда өлкесіне қоныс аудару мәселесі жайлы біздің тарихшыларымызда көптеген зерттеулер жасап бір қатар еңбектер жазды. Дәл қай жылдардан қоныс аударғандығы жайлы дөп басып айтатындай анық дәлел жоқ. Бұл жайлы құнды деректер Моңғолияның батыс өлкесіне саяқат жасап Қобда өлкесіндегі қазақтардың көші-қоны, тұрмыс-тіршілігі жайлы арнайы зерттеу жасап өткен Ресей саяхатшылары, тарихшы этнограф ғалымдары Г.Н.Потанин, Г.Е.Грумм-Гржимайло, А.М.Позднеев, В.В.Сапожников, сауда миссионері А.В.Бурдуковтың кейбір еңбектерімен күнделіктерінде жазылған.
     Дәлірек айтсақ 1852-1864 жылдар аралығында Мәнжу-Чин үкіметі қазақтардан алатын түрлі алым-салықты молайтып, сондай-ақ жайылым қоныс тарылу салдарынан аз ұлттар арасында түрлі көтерілістер шығып, қамал қорғаныс салуға «кісі алымын» алып оларды ақысыз-пұлсыз жұмыстатып осындай саяси, экономикалық, әлеументтік ахуалдың ауырлауынан болып қазақтардың бір тобы Керей, Уақ, Найман руларының кейбір ықпалды адамдары өз руларын бастап Алтайдың теріскей бетіне ығысып әуелі жаз жайлап, күзде мал отарлатып, қыста Алтайдың күнгей бетіне қайта келіп жүріп 1870 жылдың басында түбегейлі қоныс аударған көрінеді. Моңғолия қазақтары жайлы зерттеу жасап алғаш рет 1960 жылы ғылыми туынды жазған тарихшы Ә.Мініс, А.Сарай «алғаш қазақтар Алтайдың теріскей бетіне мал отарлата жүріп 1868-1869 жылдардан бастап түбегейлі қоныс аударған» [ Ә.Мініс, А.Сарай. БНМАУ. Баян-Өлгий аймгийн казах ард түмний түүхээс. УБ. 1960, 8-бет] - деп жазса, Моңғолия ғалымы Цэвэн Жамсранов «Қазақтар 1860 жылдары Алтайдың бергі беті Қобда өлкесіне мекендей бастаған екен»[ Цэвэн Жамсранов. Дархат, Хөвсгөл нуурын Урианхай... Хасаг, Хамниган нарын гарал үндэс өгүүлэл. УБ.,1927, 132-бет] - деген деректі мәліметтерден тыс белгілі тарихшы Зардыхан Қинаятұлы «Абақ керейдің бір тобы XIX ғасырдың соңғы жартысы, тұспалдап айтқанда 1860-1870 жылдардан бастап Моңғол жеріне мал ортарлатып, қоныс аудара бастағанына көз жеткізе аламыз»[ Зардыхан Қинаятұлы. «Моңғолиядағы қазақтар», Алматы.,2001, 69-бет.] - деп түйіндеген. Сондай-ақ Моңғолия үкіметінің ұлттық мұрахатындағы (архив) материалда Моңғолия үкіметінің 1924 жылғы құрылтайына қазақтар атынан өкіл болып қатысқан Дәуітбай Тауданбек ұлының сөйлеген сөзінде «Қазақтар Моңғолия жеріне алғаш мекендегелі, міне 60 жыл болды»[ БНМАУ-ын Анхдугаар их хурал. Дэлгэрэнгүй тайлан. УБ. 1984, 216-бет.] депті. Сонда бұл 1864 жылдар шамасы болып отыр.
    Осылайша Моңғолия қазақтары Қобда өлкесіне отырақтанып, ұлттық аймақ құрған уақытқа дейін біраз ауыр күндерді де бастан кешіріпті. Сонау 1911–1912 жылдары қанқұйлы халмақ Дамбийжанцан момын халықтың үрейін ұшырып, аздырып тоздырғаны тарихта «Жалама лаңы», «Жалама айдаған» жылдар атанды. Одан 1930-1940 жылдары Сталиндік нәубаттан өзге зұламатқа ұшырамай моңғол жұртымен терезесі тең өмір кешіп келеді. Ал Моңғол үкіметі осынау қиын күндерде 1940 жылы қазақтың дербес Баян-Өлгий аймағын орнатты. Қазақ әкім тағайындады. Рухани тұрғыдан айытсақ, салт-дәстүр, тіл мен дінімізге айырықша көңіл бөліп отырды. Ұлттық театр, мәдени орда, музейлер ашылып, барлық елді мекендерде орта мектептер пайдаға беріліп, қазақ тілінде оқу ағарту ісін жүргізді. Осылайша мәдениет пен өнеріміз тарихи сындарға төтеп беріп, қиын-қыспақ кезеңдерден, асу-асу белдерден асты. Ұлттық тіл, салт-сана, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнердің қаймағы бұзылмай бүгінгі күнге жетті. Бұл халқымыздың күрескер, намысқой мінезі мен аға буындылардың жан кешті еңбегінің жемісі. Моңғолия үкіметінің салиқалы саясаты, кең пейілділігі, қамқоршы Қазақстанның бауырмашыл жан ашырлығы, жан-жақты қол үшін беруінің нәтижесі деп бағалаймын. Осы орайда Моңғолия қазақтарының рухани әлемі жайлы сөз қозғасақ ол да бір терең сырлы дүние. «Қазақ сахарасынан өрбіген халықтардың ішінде Моңғолиядағы қазақтардың ұлттық мәдениет қорына қосқан үлесі ұшан теңіз аса сүбелі»[ Сұлан Тәукейұлы. «Ұлт мәдениетінің ұлағатты ордасы» Бес Боғда журналы, УБ.2011, 6-бет]. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнері шалқар дария десек, Моңғолия қазақтарының жасаған материалдық және рухани мәдени байлығы сол дарияға құйатын арналы өзендей.

Қасиетті дініміз

     Ислам дінін берік ұстанып ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрптары мен ислами қағидаларын орындап бүгінге күнге дейін рухани санасын шөлдетпеген халықтың бірі Моңғолия қазақтары екеніне тарихышыларымыздың еш таласы жоқ. Ата-бабаларымызда қиын-қыстау талай-талай тарихы кезеңдерді бастан кешсе де әр дайым көкірегінен «Алла – бір, Пайғамбар – хақ, Құран – шын» деген ұлы сенімін өшірмей бүгінгі күнге жетіп қасиетті дініміз қайта мәуелеп өркен жайып отыр. XX ғасырдың басында ойпыл-тойпыл қиын замандарда асыл дінге деген халықтың сенімі өте жоғары болған. «Моңғолия қазақтары арасынан 1908, 1926 жылы екі топ, жаназа намазын оқытып, ағайынмен арыздасып қоштасып қажыға аттаныпты»[ Зардыхан Қинаятұлы. «Моңғолиядағы қазақтар», Алматы.,2001, 128-бет.]. «1880-1990 жылға дейін қазақтар Қобда бетіне Өр Алтайдан асып келіп, ел ағалары, би моллалары бастап мешіт салдырып бала оқыта бастаған екен»[ Моңғолия Мұсылман Ұйымдар Одағы. «Имандылық қайнары» УБ.2010, 14-бет]. Осы тұста Керей қазақтары арасынан шыққан белгілі ағартушы, діни ғұлама Ақыт қажы Үлімжі ұлы (1867-1940) халықтың санасын оятып, ел арасына рухани насихаттар жүргізді. «Ақыт қажы Үлімжі ұлы Қобда бетіндегі ауылдар арасында моллалық істеді, бір топ діндарды Мекке, Мединеге ертіп барды. Әсіресе Ақыттың қазақ әдебиетін дамытудағы діндарлық өлең, қиссалар жазып Ислам дінін таратудағы орны бөлек»[ Шынай Рахмет ұлы. «Моңғолиядағы қазақ халқы», УБ. 2007, 221-бет]. Бір қатар деректерден халық арасында қасиетті дініміз үшін аянбай тер төккен молла, діндар адамдардың да көп болғанын байқаймыз. Моңғолияда 1937-1938 жылдары етек алған «эсэргүү» деп аталатын саяси нәбет басталып дінді жоюу бағытындағы социализм атанған дәуірдегі идеология, асыра сілтеушілік Ислам дінінің мешіт, медіреселері мен діндар аға буынға қырғидай тиіп моллалар, дін жанашырлары болған көптеген адамдар жазықсыз жазаланып құрбан болды. Осындай ауыр күндер кешсе де қасиетті дінімізді, ислами жосындарды қарапайым халық жоймады, жүрегін де сақтап, санасында тоқыды. 1990 жылдардан демократиялық жаңаша өзгерістер діни орындарды қайта құруға мүмкіндік туғызып, дінге деген наным, дінімізді қайта бекіте түсті. 1990 жылы Моңғолия Мұсылман Қоғамы (ММҚ) құрылды. Дінімізді қайта жандандырып, имандылыққа бет бұрыс жасауға аталмыш қоғамның қосқан үлесі зор. ММҚ-ын құруға бірден-бір себепкер болған азамат дипломат Сайран қажы Қадырұлы болды. Қазіргі таңда Улаанбаатар, Баян-Өлгий аймағында және барлық сұмын орталығында мешіт, медіреселер қызмет жасайды. Улаанбаатар қаласындағы «Ел Бірлігі» бейресіми ұйымының атқарушы әкімі Жеңісбек қажы Қабидолдаұлы қатарлы азаматтардың бастамасымен Түрікия мемлекетінің халықаралық қайрымдылық қорымен бірлесіп 2009 жылы Улаанбаатар қаласына, 2010 жылы Налайх қаласына зәулім мешіт салып жамағаттың ислами шарттарын орындауға мүмкіндік жасап қызмет атқаруда. Жоғардағы барлық діни ұйымдарда көпдеген шәкіріт тәрбиеленіп, діни білім игеруде.

Оқу, білім

    «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай Моңғолия қазақтары XIX ғасырда «Сулы жәзит», ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсыновтың «Арабша төте жазуын», 1930 жылдары «латин», 1940 жылдан «криллше» қазақ ғарыпын пайдаланып сауатсыздық қаранғылығына ұшырамай көзі ашық болды. «Моңғол үкіметінің 1939 жылы 28-ақпан күнгі жиналысы және мемлекеттік кіші құрылтайдың 17-қаулысы бойынша Қобда аймағындағы қазақтардың білім, мәдениет ісін Қазақстанның жаңа латин жазуы арқылы жүгізу туралы шешім қабылдаған. Қазақтар бұдан бұрын істі араб жазуымен жүргізіп келген болатын»[ Зардыхан Қинаятұлы. «Жылаған жылдар шежіресі», Алматы, 1995. 112-бет]. Ол кездегі бала оқытудың басты жүйесі–үйде оқыту болды. Сонымен қатар мектеп ашып, ауыл балаларын біріктіріп те оқытты. Мәселен,Тұлба сұмыны жерінде Бардам би 1890 жылы мектеп ашып, Ақыт Үлімжіұлын шақырып әкеліп, балаларға сабақ бергізеді. Осының нәтижесінде хат танитын адамдар саны өсіп, халық сауатын ашуға көп пайдасы тиеді. «1929 жылы Бұғы бастауыш мектебінде 60, Ботағара хошуунының Тұлбадағы бастауыш мектебінде 40-тай бала оқиды. 1930 жылы Қазақстаннан Шәріп Өтепов, Абай Қасымов, Бердіқожа, Қайырбай және Шәріп пен Абайдың зайыптары бірігіп алты адам келеді. Олар келісімен Улаанхусқа көптеген балаларды жинап, мектеп ашып, Қайырбай, Шәріп, Баймұқамет молла сабаќ үйретеді. Осы жылдардан бастап, қазақ жастарын оқуға аттандыра бастайды»[ Хурметхан Мұхамадиұлы. «Моңғолиядағы қазақ этникалық тобының қалыптасуы мен дамуы», Алматы, 2000. 206-бет] 1931 жылдардан қазақ тілінде айлық курстер, мектептер ашыла бастаған. «Мектеп саны жыл сайн өсіп отырды. 1941 жылы аймақ көлемінде 695 оқушысы бар 11 бастауыш мектеп жұмыс істеді. 1942 жылы аймақ орталығында мұғалімдер даярлайтын қысқа мерізімді курс ашылып, осы курсқа және келешек орта мектептерге мұғалімдер даярлау мақсатымен Қазақстаннан білікті мұғалімдер шақырылды. Қазақстандық бұл мұғалімдер қазақ мектептерінде және театрда 1950 жылдың орта шебіне дейін қызмет атқарды»[ Зардыхан Қинаятұлы. «Моңғолиядағы қазақтар», Алматы.,2001, 189-бет.]. Қазір криллге негізделген қазақ және Моңғол жазуларын қоса, жеттік меңгереді. «Баян-Өлгий аймағында 40-тан астам орта және бастауыш мектептерде 1000-нан астам ұстаздар қызмет жасап, 24000-нан астам оқушыларға ұлттық-қазақ тілінде дәріс беріп оқу ағарту ісін жүргізіп ортыр»[ Сұлан Тәукейұлы. «Ұлт мәдениетінің ұлағатты ордасы» Бес Боғда журналы, УБ.2011, 10-бет]. Бұл ұлттық тілімізді сақтап қалуға айрықша әсер ететіні белгілі.


Ауыз және жазба әдебиетіміз

      Моңғолия қазақтары арасында сурып салма ақын, аузы дуалы шешендер мен көзі ашық көсемдер, күміс көмей, жез таңдай әншілерде аз болған жоқ. Ақын Қ.Тауданбек, Б.Төлебай, І.Оңашыбай. Б.Ақтан, Қ.Мешел, Ш.Жеңсікбай, Т.Бұрқасын, күйші М.Бердібай, А.Исабай, С.Сағынған, Қ.Доламбай, сыбызғышы Ш.Құмақайлар XIX-XX ғасыр алмасу дәуірінде Қобда қазағының ішінде өмір сүріп сол халықтың жоғын жоқтап, жырын жырлаған жандар.
      Моңғолия қазақтарының жазба әдебиеті 1940 жылдан басталып, 1950 жылдары Б.Ақтан, М.Құрманқан, Қ.Махфуз, Д.Даниял, Ж.Арғынбай, С.Мағауия қатарлы ақын жазушылар көш басы болса, 1960 жылдары Ж.Байыт, Қ.Шабдарбай, І.Яки, Б.Имашхан, Қ.Дайын, Ш.Зуқай сияқты орта буын өкілдері жалғасып, 1970 жылдары Ж.Кәкей, Ш.Жәмлиха, О.Солтақан, Қ.Тойлыбай. Т.Сұлтан, А.Ақын, Р.Шынай, М.Зүлькафиль, Т.Бодауқан, Р.Сұраған, Қ.Байыт қатарлы келесі толқындар толықтырып, жазба әдебиетінің жаңа замандық озық үлгісін жасады. Ауыз және жазба әдебиетін зерттеуші ғалым Қ.Қабидаш, Ж.Қуанған, Ж.Қиналған сияқты ғалымдар туып шықты. 1955 жылы Өлгийде әдеби үйірме құрылып, 1968 жылы ол Моңғолия Жазушылар Одағының бөлімі болып, одан осы ұйым 1957 жылдан «Жаңа талап», 1970 жылдан «Шұғыла» атты көркем әдеби журналы шығаруы Моңғолиядағы қазақ әдебиет саласының дамуына зор үлес қосты.

Баспа және ақпарат

      Алғаш 1941 жылы Баян-Өлгий аймағының азаматтарына хат таныту мақсатымен қазақ баспасының бөлімі орнауы қазақ тілінде газет шығаруға үлкен ықпалын тигізді. 1941 жылы 19-желтоқсанда қазақ тілінде еліміздің тұңғыш газеті жергілікті газеті «Өркендеу» 500 данамен жарық көрді. 1942 жылдан «Үгітші» журналыы және үгіт насихат парақтарын шығара бастаған. «1947 жылы қазақ баспа сөзі үшін елеулі екі бірдей оқиға болды. Осы жылы Улаанбаатар радиосынан аптасына бір рет қазақ тілінде радио хабар беретін болып, оның бас редакторына сол кезде Партияның жоғарғы мектебінде оқытушы қызметін атқаратын С.Қабышай тағайындалса, Улаанбаатар қаласында мемлекеттік баспаханасының жанында қазақ тілінде кітап, газет шығаратын бөлім орнады»[ М.Зүлькафиль. «Баян-Өлгий аймағының бұқаралық баспасөзі және оның көкейтесті мәселелері», Тарлан Тағзым журналы, №1, 6-бет.]. 1957 жылдан «Өркендеу» газетін «Жаңа Өмір» деген атпен шығарылып аймағымыздың барлық сұмындарында таратыла бастады. 2002 жылдан «Жаңа Дәуір» газеті деген атпен шыға бастады. Осы газеттің жанында 1944 жылы алғаш рет қазақ жазушыларының көркем әдебиет үйірмесі орнап жетекшісіне әйгілі ақын Ақтан Бабиұлы тағайындалды. 1956 жылдан «Жаңа талап» (1969 жылдан «Шұғыла» атанған) атты әдеби-көркем журналы шыға бастаған.
       1961 жылы Чехословакия елінің көмегімен Баян-Өлгий аймағына байланыс кешегінің ірге тасы қаланып 1964 жылы 365 м биіктікте антенна орнатылды. 1965 жылы Өлгей қаласында Радио станциясы орнап, күн сайын бір сағат, қазақ тілінде хабар жүргізіп келеді. Бұл тек аймағымызда ғана емес еліміздегі тұңғыш жергілікті радио станциясы еді. 2004 жылы Өлгий радиосы мен «Жаңа дәуір» газеті, «Шұғыла» журналы, ТВК-10 телевизиясы біріккен басшылыққа өтіп «Ақпарат баспасөз орталығы» деген атпен жұмыстайтын шешім қабылданады. Соңғы жылдары Моңғолия қазақтары Қазақстан, Шынжан телевизиясының қазақ тілінің арналарымен қатар халқаралық әр тілдегі теле арналарды қабылдайтын толық мүмкіндікке ие болды. Қазіргі жағыдаймен еліміздің Ұлттық бұқаралық радио телевизиясының Баян-Өлгий аймағындағы бөлімі, яғни аймақтың радио хабар редакциясы, 2006 жылы орнаған ULTV жеке меншік телевизиясы, 2010 жылдан «Дербес», «Наз» телевизиясы қатарлы бұқаралық ақпараттық құралдар қызмет атқаруда. 2008 жылы Моңғолдың Ұлттық телеарнасынан «ТВ толқын» атты тележурналын аптасына бір рет жарты сағат уақытымен тұрақты шығара бастаған-ды. Бірақ соңғы жылдары әр түрлі себептерге байланысты осы тележурналды жауып 2012 жылдан бастап БҰҰ-ның ЮНЕСКО-ның қолдауымен жүргізілген жобаның нәтижесінде Моңғолдың Ұлттық телеарнасының екінші арнасы арқылы аз ұлт, өкілдерінің ана тілінде хабар жүргізе бастағаны ұлт өкілдері үшін өте жақсы бастама болды. Қазір аптасына бір рет ұлттық теле арнасынан және радио хабарынан жарты сағаттық «ТВ толқын», «Толқын» бағдарламасы және күн сайын моңғол тіліндегі хабарларды қазақшаға аударып 10 минуттық қысқа хабарлар беріп отыр. Баспа ақпарат саласындағы жеткен жетістіктер Моңғолия қазақтарының рухани талабына сай ұлттық тілде әр жақты хабар, ақпарат қабылдау құқығын туғызып отыр.

Сахналық өнер

     1940 жылы ұлттық Баян-Өлгий аймағы орнаған кезден аймақтық клубтың ірге тасы қаланып, осы клубтың алғашқы менгерушісі болып Ақтан Бабиұлы жұмыстады. Одан 1956 жылы Баян-Өлгий аймағында Музыкалы Драма Театры орнап қазақтың ұлт аспаптар оркестірі құрылуы ұлттық өнеріміздің биікке самғауына күшті ықпал көрсетті. Содан бері, ұлттық әнші, күйші, сыбызғышы, биші, маманды актер, музыканттардың бірнеше легі өсіп жетілді.
     Баян-Өлгий аймағының ұлттық Музыка Драма Театрының киелі саханасынан Моңғолияның Халық артистері: Ж.Қибатдолда, Ә.Қабылаш, А.Моңғолхан. Моңғолияның Еңбек сіңірген артистері: Т.Дүйсенбі, Б.Қайжамал, Ж.Қаду, Ж.Төлеуқан, Д.Құсайын, Қ.Чапай, Қ.Өсерхан қатарлы өнердің шамын жаққан не бір бұлбұлдар туып шықты. Олардың өнерін келесі бірнеше буын із басарлары жалғастырды. Аймақ театры Моңғолия, Қазақстан авторлары мен әлемнің классикалық көптеген драмаларын саханаға қоюуы еліміз бен ұлтымыздың зор мақтанышы болды. Қазақ деген аса әнші халық күйші халық. Моңғолия қазақтарының арасында айтылатын халық әндері көп-ақ. Сазгер күйші Қабыкей Ақмерұлы, ақын Имашхан Байбатырұлы, сазгер Мұсайф Құсайынұлының жинақтап басқаруымен 1965, 1972, 1983 жылдары Баян-Өлгийде жарық көрген «Моңғолия қазақтарының халық әндері» атты жинаққа 400-ге жуық ән кірген. Қобда қазақтарының әндерінде қазақ халқының қара өлең сарыны, ел-жерін аңсау, артта қалған ата-анаға, туыс туғандарға арнау, заман ағымын, айттырған жарды, жақсы ат пен қыран құсты, ірге тепкен жаңа мекенің мақтауы басым. Көпшілігінің әні жалпы қазақтың халық әні де, сөзі Қобда бетіндегі қазақтар өміріне тән. Бұл, әрине қазақ қай елде, қай бұрышта жүрсе де жалпы қазақтың рухани өмірінен қол үзбегеннің белгісі.
     Мінеки ағайын! Аз ұлтымыз әр дайым басқадарға бодан болмай өзінің асыл дінін ардақтап, ана тілін қастерлеп, қазақи салт-сана, әдет-ғұрпын биік ұстап, мәдениет пен өнердің қаймағын бұзбады. Қарапайым тұрғыдан айтсақ халқымыз рухани жақтан еш шөлдемеді, сол заманнан бері материалдық тұрмысымыз да «көппен көрген ұлы той» дегендей ойдағыдай жақсы. Моңғол ағайындармен тереземіз тең. Ассақ төрінде, қалсақ сырмақ шетіндеміз. Ғасырлар бойы ата – бабаларымыз ұлтымызлың «жақсысын асырып, жаманын жасырып», салт-сана, әдет-ғұрпын, асыл дінін, ана-тілін ардақтап сол үшін басын бәй тігіп, бәз қалпында сақтап, қастерлеп келді. Басқаға бодан болмай намыс туын биік ұстады.
     Ендігі үлес бізге аманат! Бұл біздің елдігіміз бен теңдігімізді көрсетіп тұратын сара жол, ұлт жандылық намысқой мінезіміз бен қайсар қасиеттеріміздің куәсі деп ойлаймын. Осы қаймағы бұзылмай бізге жеткен рухани байлығымызды жоймай, келешек жастардың жырғаулы тіршілігі мен жарқын болашағы үшін асыл дініміз бен ана-тілімізді қастерлеп, әр дайым береке-бірлікте болып, ұлтымызды қорғай білейік, ардақты Ағайын!
      Қазағымның рухы биік болып, күн сайын өркендей берсін! Аллаһ сәтіне жазғай!

      Шынарбек Сейітханұлы, Тарих ғылымының магистранты 

        http://baq.kz/kk/diaspora/1286

толығырақ

Байыт Қабанұлы суреті.

Байыт Қабанұлы суреті.
    Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойына орай Байыт Қабанұлы Монғолия елінің Президенті Ц.Элбэгдорждың 17-наурыздағы №47 Жарлығы бойынша мемлекеттің ең үлкен сыйлықтарының бірі «Еңбек жемісі» атты орденмен марапатталды.
     "Ешқашан атақ-даңқ, сыйлыққа ие болайын деп өлең туынды жасап жүрмесем де оқырманға жеткен азды көпті туындыларыма өкімет оң көзбен қарап жатса неге қуанбасқа. Бұл әрине Монғолия еліндегі қазақ әдебиетінің кішкентай отауына берілген үлкен баға", - дейді марапат иесі әлеуметтік желіде өз қуанышын бөлісіп.

толығырақ

Сурет 002

      Екібастұзға жолсапарға барған сайын Парамоновка ауылының тұсынан өтіп жүремін. Біртүрлі жүрегім ауырады. Мейрам аға көзі тірісінде: «Өзім алып барамын, ол ауылдың ағайындары бәрі менің туыстарым болып кетті. Моңғолиядан өзім алып келген соң», – дейтін. Баршагүл мен Дәуітхан ылғи да ойымда жүретін. Бір нәрсеге бір нәрсе себепші. Осы жақында «Ауылдың, мектептің аты өзгермей тұр…» деп ұзақтау жазылған хат келді. Оралман ағайындар тұратын Парамоновка ауылынан екен. Содан, келе сала таныстарымды іздедім.

    – Баршагүл аман-есен осы ауылда. Жақын бөлімшеге ағылшын тілінен сабақ беруге кетті, – деді мектеп директорының орынбасары Гүлнәр Байезова.

      Марқұм Мейрам Балтабайұлы әңгімешіл еді. Екібастұздың ауылдарын аралаған бір жолғы жолсапарымызда қасымызда жүріп, нағыз газетке сұранып тұрған тақырыптарға сай әңгімелердің шетін шығарып айта бастайтын. Содан кілт тоқтап екінішісіне көшетін. Сонда бәрін айтып үлгермейтінін білгендей екен. Оларды кейін бір келгенде жазарсың, сен әуелі мынаны тыңдашы деп, Моңғолиядан ағайындарды қалай көшіріп әкелгендері жайлы аңыздай ғып айтатын еді. Осы күнгі Бәйет ауылының әкімі Доқтырханмен де, Әділханмен де Мейрам аға таныстырған. Өмірден өтерін білгендей танысып қалсын деді ме екен. Осы айтпақшы болып отырған кейіпкеріміздің отбасы жайлы ерекше пікірде еді. Өзім алып барайын, олар Парамоновка деген ауылға көшіп кеткен. Моңғолияда орыс тілінен сабақ берген. Баршагүл мен Дәуітхандар жайлы жаз деуші еді. Сонда бір таңғалғанымыз бар. Әлгі, шет жақтан келген қазақтар білімсіз, бейімдеу керек деген түбірімен қате, білімділері бар. Мысалы, Баршагүл Свердловскіде, Дәуітхан Мәскеуде оқыған, Доқтырхан дегенің политолог, бұлар және шетінен «технарлар». Мәскеуде техникалық, медициналық оқу орындарын бітіргендер. Екібастұзға келген ағайындардың біразы орыс тілін жақсы біледі, – дейтін. Бірақ, әттең не керек, Дәуітханның отбасымен танысуға жол түспеді. Мейрам ағамыз кенеттен жүрегі ауырып, өмірден өтті. Өзі­мен бірге қаншама әңгімелер кетті. Әңгімелер дегенде-ұлтымызға, елдікке, қазақ тіліне, тарих­қа қатысты жиған-тергендерді айтып отырмыз.

    Енді, міне, қарсы алдымда Баян-Өлгейдің қызы Баршагүл отыр. Арғы аталары бір қауым елді бастап сонау дүрбелең жылдары Қытайдан Моңғолияға өтіпті. Кішкентайларынан атамекен деп аңсаумен ғұмыр кешкендер Баршагүл сияқты шетте өскен жастардың мәңгілік естерінде қалды. Алыста атамекен, Қазақ елі бар деген елес қана мұнартатын. Таудан ассақ жетерміз деген үлкендердің аңсары ауған атамекен ол кезде қандай алыс еді. Үйде ана тілінде сөйлеп өскендерімен, орта мектепті моңғол тілінде бітірді, моңғол балаларымен бірге ойнап, бірге ержетті.

    – Мен 1979 жылы моңғол тілінде мектеп бітіріп, Улан-Батордағы шет тілдер институтына түстім. Орыс тілі пәнінің мұғалімі деген мамандық алдым. Ресейдің Свердловск қаласында білімімді толықтырып, жолдамамен Қобда ауданының Буянта деген ауылына келдім. Моңғолияда ол кезде шет тілі ретінде – орыс тілі оқытылатын. Сол жерде моңғол, қазақ балаларына орыс тілінен сабақ бердім. Әрине, көпшілік жұрт таңғалуы мүмкін. Өйткені, Моңғолиядан келген біздер туралы әртүрлі сөздер естіп жүреміз. Бірақ, бұл елдің сол кездегі саясаты солай болды ма, біздер қазақ балалары бәріміз де орыс тіліндегі үйірмелерге бардық. Орыс тілін білуге талпындық қой. Мұғалімдікпен қатар сумын дейді, біздіңше аудан, әйелдер ұйымының төрайымы, сумын депутаты болып сайландым. Буянта шалғайдағы ауыл саналады. Ауылдың, әсіресе, әйелдердің тұрмыс жағдайларын, көп балалы аналарға қолдау, денсаулықтарын жақсарту жолдары және жалпы қоғамдық жұмыстарға белсене араластым, – дейді Баршагүл.

     Жастық күндерде, студент кезде таудың арғы бетіндегі Қазақ елі, атамекендері барын біле бастаған, түсіне бастаған уақыт та келіп жетеді. Қазақ жастары бас қосқан кештерде ән арқылы сағыныштарын басатын. Студент жастар бірлесіп, «Ұшқын» атты ұйым құрады. Қосыла ән шырқап, туған жер Атамекенді көруді, қазақтың ортасына жетуді жастар да армандай бастаған кез. Моңғолия жаққа қалай, неге келгендерін біліп алған соң, олар таудың арғы бетіне жетуге асыға бастады. Баршагүлдер құрған студенттердің «Ұшқын» ұйымының мақсаты – жастардың ана тілдерін ұмытпаулары, салт-дәстүр, жөн-жоралғыларды сақтап қалу еді.

    Өйткені, әке-шешелері бір қауіптен қатты сақтанды. Ол қазақ отбасылары моңғолша, орысша оқыса да жастарымыз туған тілдерінен айырылмасын деген берік ұстаным еді. Еліміз тәуелсіздік алған күнді естігенде олардың көздерінде жас, жүректері атамекен деп соғыпты.

   Қазақ елінің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шеттегі қазақтарға «Отанға оралыңдар!» деген сөзі бойтұмардай жүрегімізге мәңгілік жазылып қалды. Елбасына ризамыз. Сол күнгі қуанышты сәтті, көз жасымыздың төгілген сүйіншілеген күйін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ұсынылған үлкен қызметтерге де, үй-жай, ештеңеге қараған да жоқпыз, атамекенге жетуге асықтық, дейді Баршагүл.

      Бұлай дейтіні, жолдасы Дәуітханның мамандығы болса агроном. Ғылыми-зерттеу инс­титутында ғылыми қызметтер атқарды. Сол бір 1991 жылдың күзінде Францияда сарымсақтың жаңа түрі бойынша кандидаттық қорғауға бармақшы болса, Баршагүл ағылшын тілін оқып үйреніп, толық курсын бітіріп шығады. Өйткені, сол екі арада Қобдаға таудың арғы бетінен бірінен соң бірі жүк мәшиенелері келе бастайды. Марқұм Мейрам Балтабай бастаған екібастұздық әкімдік мамандарымен бұ жақтағы жұрт кәдімгідей дауыстап, жылап көрісіпті. Сөйтіп, көші-қон атамекенге жол тартты. Ол кезде Екібастұзда Даниал Ахметов әкім болып тұрған кез екен.

    – Қазақ тілін жақсы білесің, – деп, Мейрам ағаны ағайындарды алып келетін топты бас­қаруға , алыс жолға аттандырған да Ахметов.

      – Қобдаға жеттік пе дегенде, жүрек толқып, көзге жас келді. Бір минутта шыдап тұра ал­мадық, бізді құшақтаған қазақтың ой бауырымдап, көріскендері жанға қатты батты, – деп еді Мейрам аға.

     – Алғашында Екібастұздың Өлеңті ауылына келдік. Үй берді. Қорамызға мал салды. Барлық жағдай жасады. Қазір өзіңіз көргендей Ақсу қаласына қарасты Парамоновка ауылында тұрамыз. Елге оралған ағайынмен орта толды.

      Ауыл мектебінде ағылшын тілі пәнінен сабақ беремін. Баршагүл Баян деген аты-жөнім бар қарапайым мұғаліммін. Сіз сұрап отырған ғалым, агроном – жолдасым – Дәуітхан шағын жеке шаруашылығы бар, қиындықтар да болды, бірақ бәрін жеңді. Ал, көп тіл білгеннің артығы жоқ. Иә, ана тіліңе ештеңе жетпейді. Қызымыз Алтынай да – шет тілінің мұғалімі, ұлымыз Еркетай – заң маманы, Алтыннұр – психолог, үшеуі де жоғары оқу орындарын бітірді. Кезінде Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романын моңғолша оқыдым. Қазір өз тілім – өзегім, өз жерімдемін, балаларымызды ата-баба аманат еткен-атамекенге жеткіздік. Бұдан басқа арман жоқ. Кенже ұлымыз Исатай атамекенде туды, ұрпақ жалғасы, «Ұшырған ұясынан балапан қаз» деген осы, – деді Баршагүл қоштасарда.

      Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан».

     Павлодар облысы,  Ақсу қаласы, Парамоновка ауылы.  

     http://egemen.kz/2015/02/25/50831

толығырақ

     20 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, қазақ балаларының оқып, білім алуына көп септігін тигізген Бәкей Ағыпарұлы бүгінде Моңғолия Парламентінің депутаты. Ағамызды сөзге тартып, арнайы сұхбаттасқан едік.

      – Бәкей аға, өзге елде үлкен қызметте жүрген аз қандасымыздың бірісіз. Саяси карьераңыз қалай басталды, аз-кем тоқталып өтсеңіз?

     - Мен Монғолияның жоғарғы оқу орнында, халыққа білім беру саласында 20-дан астам жыл қызмет еттім. Негізінде білім саласының адамымын. 2000-шы жылдан бастап біздің қазақ ағайындар шоғырланып тұратын Монғолияның батыс өлкесі Баян-Өлгей халқы «сіз білімді, оқыған адамсыз. Енді елдің кәдесіне жарау үшін саясатқа араласып, Монғол елінің мемлекеттік шешім, бағыт-бағдар шығаруда қазақ ағайындардың мүддесін қорғауға ат салысыңыз» деген ұсыныс қойды. Халықтың бұл ұсынысын қабылдап алып, 2004-шы жылы Мемлекеттік Ұлы Құрылтай яғни Монғолия Парламент сайлауында депутаттыққа атым ұсынылып, халықтың сенімін алып сайландым.

   2004-2008 жылы Мемлекеттік Ұлы Құрылтай мүшесі және де, 2 жыл Парламенттегі Табиғат ортаны қорғау және азық түлік, ауыл шаруашылық тұрақты комитетінің төрағасы іс қызметін қоса атқардым. Саяси карьерам 2004-шы жылы депутаттыққа сайланған кезден басталды деп айтуға келмейді. 1990-шы жылдардың басында қоғам өзгеріп, социалист системадан нарықтық экономика және азаматтық демократиялық қоғамға ауысқан кезде мен Ауыл шаруашылық университетінде жас мұғалім болатынмын. Монғол елінің малы сол кездегі Ауыл шаруашылық бірлестігі, Қазына шаруашылығы, жалпылай малдың 90 пайыздан астамы мемлекеттің меншігі боп саналатын. Сондықтан 90-шы жылғы қоғам өзгерісінің басынан бастап малды малшыларға беру керек деп бастама көтерген азаматтардың бірі болдым.Малшылар үшін қозғалыстың да белсенді мүшелерінің бірі болып, малды үкіметтік меншіктен малшыларға қайтарып беру ісіне өз үлесімді қостым. Саяси карьерам дәл осы кезден басталды деп айтуға болады. 2012-шы жылы Мемлекеттік Ұлы Құрылтай депуnаттығына екінші рет сайланып, қазір Монғол елінің Мемлекеттік құрылым жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы қызметін үшінші жылда атқарып келе жатырмын.

    – Моңғолияның саяси жүйесі салыстырмалы түрде демократиялық ел атанып жүрген көп мемлекеттен оқ бойы озық тұр. Жалпы демократияға икемділік халықтың бойында болуы шарт па, әлде биліктің реформасы қажет пе?

     - Моңғолия елі бұрынғы социалистік жүйеде болған елдермен салыстырғанда ең алдыңғы қатардағы демократиялық жолды таңдап алған және де демократиялық ұлы істі ең жақсы түрде іске асырып келе жатқан тәжірибелі елдердің бірі деп саналады. Әлемнің көптеген елі соныңішінде АҚШ, Германия, Жапония т.б демократиялық жүйені нақты түрде жүзеге асырған алып мемлекеттердің өзі мойындап, үлкен баға беріп отыр. Себебі Моңғол елі, Моңғолия халқының XII, XIII ғасырдан бастап өзінің жеке дара мемлекеттік жүйесі болған. Осыған байланысты мемлекеттіқадір тұтатын қанына сіңген үлкен қасиеті бар ел деп көруге болады. Адам баласының рухани құндылығының бірі бас бостандығы деп танылады. 1990-шы жылғы қоғамдық өзгеріске Моңғолия ешбір көтеріліссіз яғни бейбіт жолмен өтті. Және де демократиялық осы жолды жүзеге асыру үшін 1992-шы жылы Моңғолдың жаңа Ата заңыбекітілген. Бұл Ата заңда Моңғолдың негізгіқоғам жолы азаматтық демократиялық қоғамға көшеміз деген үлкен мақсат қойған. Бүгіндері осы мақсатты өте табысты атқарып келе жатыр. Моңғолияда барлық заң, үкіметтік іс шараға халық белсене қатысады. Халықтың қатысуынсыз ешбір заң бекітілмейді деп айтуға болады. Осындай үлкен демократиялық жетістікке жетуде халықтың рөлі, белсенділігі орасан зор деп білемін. Онымен қатар жаңа көшбасында демократиялық қозғалыстың кемеңгерлері де өз үлесін қосты деп көріп отырмыз. Сондықтан Моңғолияның демократиясы бекем ірге тасын қалады. Әлі де талай жетістікке жететін мүмкіндік бар. Қазір Моңғолияныңәрбір азаматы адам құқын қастерлейтін қоғамда тіршілік етіп отырғанын ерекше мақтан тұтады. Демократиялық жетістіктердің бірі — Монғолиядағы сөз бостандығы. Моңғолияның әрбір азаматы басшылардан, басшылық ұйымнан ешқандай именбей, өз ойын ашық екі, әділетті түрде халыққа жеткізе алады. Мысалы мемлекеттік ұйымдар жанында ешбір бұқаралық ақпараттық құралдар болмайды. Барлығы жеке меншікте. Сондықтан бұқаралық ақпараттық құралдар өз сөзін, ой пікірін еш бөгетсіз халыққа жеткізуге толықтай мүмкіншілігі бар.

       – Ел аралайсыздар, жергілікті қазақтардың қал-жағдайы қалай?

    - Моңғолия Парламент депудаттары Мемлекеттік Ұлы Құрылтайдың мәслихат үзілісі қарсаңында сайлаушыларымен кездесіп, халық көпшіліктің тұрмыс жағдайымен танысып, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, Парламент бекіткен заңқараларды таныстыру, олардың орындалуына бақылау қою сияқты мақсатпен халыққа етене жақын қызмет атқарамыз. Біздің Моңғолияда 120 мыңнан астам қазақ ағайындар тіршілік етеді. Бұның басым көпшілігі яғни 100 мыңға жуығы Баян-Өлгей аймағында өмір сүреді. Баян-Өлгей аймағындағы қазақ ағайындардың негізгі тіршілік көзі – мал шаруашылығы. Соңғы кезде тау кен, шағын өндіріс, құрылыс қатарлы салалар қарқынды түрде өркендеуде. Негізгі жұмыс орны мал шаруашылығымен өндіріс саласы деп айтуға болады. Бұндағы ағайындардың тұрмыс-тіршілігі жаман деп айтуға келмейді. Әрбір малшы жанұяда 100 бастан астам мал бар. 1000, 1000-нан астам малы бар ауқатты малшылар да көп. Бірақ бұнымен барлық ағайындардың тіршілігі жақсы деп айтуға келмейді. Біраз қиыншылықтарда бар. Баян-Өлгей аймағы Моңғол елінің астанасы Улаанбаатардан алыс шалғай орналасқандықтан барып келуге жол қаражаты қымбат, жанармай бағасы қымбат дегендей әртүрлі қиыншылықтар бар. Осы қиыншылықтарды шешу үшін Моңғолүкіметі тарапынан көптеген саяси бағдарлама ұсынып, іске асыруда.

    – 90-жылдары Моңғолиядағы қазақтар атажұртына жаппай көшкенде қандай сезімде болдыңыз?

      - 1990-шы жылдың басында жалпы дүниежүзінде үлкен өзгеріс болды. Бұл өзгеріс, бетбұрыс капиталистік және социалистік жүйе арасындағы көпжылға созылған өзара жауластық қатынас жұмсарып, демократиялых желдің лебі білінген кез болды. Осы шақта Совет одағы ыдырап Қазақстан өзі жеке дара тәуелсіз, дербес ел болды. Бұл қуанышқа тек қана қазақстандықтар ғана емес, шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақ ағайындар да қуанды. Сондықтан өзіміздің тарихи атажұртқа барып қоныстансақ екен дегенсезім көп азаматтың жүрегінде болды. Алғашында Моңғолиядан еңбек шартымен көптеген азаматтар Қазақстанға кетті. Бұған іле-шала Қазақстанның азаматтығына кіру үшін де бұл көш жалғасты. Менің де талай жақындарым, досжарандарым, туған туыстарымнан да көшкендер де болды. Ол кезде өз ағайын, дос жаранымыздан екі бөлініп қалу бұнда қалып жатқан біз үшін әрине оңай болған жоқ. Көші-қон жөнінде Баян-Өлгейлік ақын Мұрат Пұшатайұлы ағамыз “Ел көшкенде” деген жақсы бір өлең шығарған еді. Ән бүгінге дейін айтылып келе жатыр. Бұл жерде де біз қазақ ағайындар Моңғол үкіметінен, монғол жұртшылығынан қиыншылық көрген жоқпыз. Бұл Отанда да жақсы өмір сүріп келдік. Дейтұрғанмен ағайындар екі айырылып жатқанда оңай болған жоқ… Бейбіт жағдайдағы көш болғандықтан Қазақстанға барып қоныстанған ағайындарымыз сол елдің халық санын молайтып, жаңа мемлекеттің іргесін нығайтуға өз үлестерін қосты деп білемін. Ең соңғы статистикалық көрсеткішке сүйенсек 1990-шы жылдан бастап осы күнге дейін Қазақстанға барып қоныстанған оралмандар саны 1 миллионға жеткен. Тек қана Моңғолия емес Қытай халық республикасы, әлемнің түкпір-түкпірінен көшіп барып қоныстанған ағайындарымыз Қазақстан елін нығайтуға өз үлесін қосып жатыр деп түсіну керек. Моңғолиядан Қазақстанға қоныс аударған ағайындарымыз бүгіндері екі ел ара қатынасына дәнекер болып отыр.

 

– Қазақстанға көшіп жатқандар әлі де бар ма?

- Көш әлі күнге дейін жалғасуда. Бірақ соңғы4-5 жылдыңішінде сәл баяулап қалды. Баяулауына әртүрлі себеп бар сияқты. Бастапқыда көшіп барған қазақ ағайындарға Қазақстан үкіметі тарапынан баспана, квота беріп, ақшалай жәрдем көрсетті. Соңғы кезде бұл іс жүзеге аспаған сияқты. Сондықтан ба қандайда бір себеппен көшбарысы баяулап қалған. Моңғолияға қайта көшіп келіп, қоныстанып жатқан азаматтарда бар. Кейбіріне жер, су сәйкеспейді, кейбіреуі туған жерін аңсайды,кейбірі осы жақта қалған туыс туғандарын, бала шағасын сағынады, кейбіріне ол жақта жұмыс орны жақсы табылмайды деген сияқты себептер әрбір азаматтын өз басындағымәселелергебайланысты. Бұның бәрі азаматтарымыздың жеке мәселесі болғандықтан тура баға беруге келмейді.

    – Енді сіздің елге келсек. Моңғол ұлтын ұйыстырып тұрған қандай жағдай? Өткен тарихы ма, қазіргі жай-күйі ме әлде болашаққа мақсаты ма?

     - Жоғарыда айтып кеттім. Моңғол елі, моңғол халқы – ежелден өзіндік бөлек мемлекеті болған, мемлекетке деген ерекше көзқарасы қалыптасқан ұлт. Қазіргі жағдайдаМоңғолияны дүниежүзіндегі ең үлкен держава деп айтуға болады. Қытай халық республикасымен Ресей арасындағы география жағынан ерекше жағдайда территориясы орналасқан ел. Тарихтың сан қилы кезеңдерін бастан кешірсе де өз мемлекеттігін, тілін, салт дәстүрін, салт санасын барлығын сақтап келген жұрт. Әрбір моңғол азаматының бойында сан ғасырлар бойы жалғасып келген мемлекетке деген ерекше құрметі елдің бүгінге дейінгі жағдайына жағымды әсерін тигізіп келді ме деп ойлаймын. Ал енді өткен тарихын қарасақ, Монғол елі ежелден тарихы мол ел. Ұлы қолбасшы Шынғысханның тұсынан бастап күні бүгінге дейін талай тарихи үлкен қиыншылықты да басынан кешірген. Дей тұрғанмен, қазір енді жағдайы дүние жүзі адамзатының негізгі жолы болып табылатын демократия жолымен елін өркендету мақсатын жақсы атқарып келе жатқан мемлекеттердің қатарына қосылды деп айтуа болады.

        - Қазақстандағы қандастарыңызға тілегіңіз…

    - Қазақстандағы қандастарыма деген тілегім ең біріншіден, Қазақстан жаңа заманның арқасында дербес ел болып, қазіргі ұлы мақсаттарды жүзеге асырып келе жатқанына біз де шетелде отырып қуанып отырамыз. Сондықтан Қазақстан елініңіргесі одан ары бекем болып, дүниежүзіндегі бет беделі өсіп, жоғары дәрежеде дамыған елдердің қатарына қосылуына тілектеспіз. Қазақстан тарапынанары қарай шетелдерде тіршілік етіп жатқан қандастар үшін, қазақ ағайындар үшін белгілі мөлшерде әсіресе рухани жағынан қол үшін беру аса қажет деп көремін. Атап айтсақ, қазақ тілі, діні, әсіресе қазақ салт-дәстүрін сақтап, өнерін өркендетуге қол үшін беретін болса біз ерекше қуанышпен қарсы аламыз деп айтқым келеді.

   Бұл жөнінде мысалы Баян-Өлгей аймағының қазақ театры 1990-шы жылдарда қиын-қыстау кездерде ерекше төмендеп кеткен. Осы театрды ары қарай нағыз осы заманға сай театр болғызуға бірден бір сүйенішіміз Қазақстан болып табылады. Және де жалпы білім беретін орта мектептердің оқу құрал жабдығы қазақ тілі пәні бойынша оқу құралдары ауадай қажет. Жалпы екі елдің арасында рухани мәдениет саласындагы қарым-қатынасты ерекше жандандыруымыз қажет. Осы орайда Монғол еліндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Қалыбек Ибрагимұлы Қобыландин мырзаға алғысымды жолдағым келеді. Себебі Қобыландин мырза Монғолияға елші болып келгеннен бері біздің қазақ диаспорасына байланысты көптеген нақтылы игілігі зор істерді атқаруда. Сондықтан осы істердіәлі де пәрмендендіруге Қазақстан елі тарапынан қолғабыс жасаса біздің ары қарайғы қатынасымыздың нәтижесі мол болмақ.

     Баршаңызға бақыт пен жақсылық тілеймін. Аман болыңыздар!

    – Әумин, Бәкей аға! Әңгімеңізге рахмет! Сіздің де еңбегіңізге жеміс, отбасыңызға амандық тілейміз!

      Сұқбаттасқан Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

       http://baq.kz/kk/diaspora/1257

толығырақ

     Моңғолиялық әуесқой фотограф Баяр Балганцэрэннің Баян-Өлгий аймағынан түсірген суреттерінің екінші топтамасы ұсынылады. Онда жергілікті қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті бейнеленген.

1 Жүк артқан үш түйені жетекке алып келе жатқан адам.
2 Су жағасында отырған қазақтар.
3 Малшылар.
4 Баян-Өлгий қазақтарының балалары.
5 Түйе мінген адам
6 Су жағасында аты мен итінің жанында отырған адам.
7 Жайлауда.
8  Киіз үй ішінде отырған қазақ отбасы.
9  Доп ойнауға бара жатқан балалар.
10  Доп ойнап жүрген балалар
11 Томағасы бар бүркітті қондырған биялай киген қолын ердің алдыңғы қасындағы балдаққа тіреп ат үстінде отырған құсбегі.
12 Көкпар тарту.
13  Екі бала мінгескен тайлақты жетекке алған түйе мінген ер адам.
14 Томағасы бар бүркіт ұстаған салт атты құсбегі
15 Екі түйеге мінгесіп келе жатқан адамдар.
16 Қолына биялай киген адам аяқбауы бар бүркітті аң алуға баулып жатыр.
17 Баян-Өлгий аймағында тұратын қазақтар.
18 Бүркітшілер құстарымен бірге.
19  Құсбегінің биялай киген қолында қанатын жайып отырған бүркіт.
20 Бүркітшімен әңгіме.
21 Ат тағалау.
22  Ат тағалап жатқан адамдар.
23 Көкпаршылар додасы.
24 Саятшылар сайысына қатысушылар.
25  Ат және түйеге мініп әңгімелесіп тұрған адамдар
26 Салт атты құсбегілер
27 Бүркітші
28 Құсбегілер.
29  Бүркіт ұстаған салт атты құсбегі.
30 Томағасы бар бүркітті қондырған биялай киген қолын ердің алдыңғы қасындағы балдаққа тіреп ат үстінде отырған құсбегі.
31  Жайлаудағы киіз үйлер.
32 Ұлттық киім киіп, атпен шауып келе жатқан әйел адам.
33 Көкпар тартысы.
34 Жайлаудағы киіз үй маңындағы жылқы табыны
35 Өзен жағасында отырған қазақтар. 
36 Жайлаудағы тойға тігілген киіз үйлер.

толығырақ

      Моңғолиялық әуесқой фотограф Баяр Балганцэрэн негізінен пейзаждық суреттерді түсіреді. Оның Баян-Өлгий аймағынан түсірген суреттерінде жергілікті қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті бейнеленген.

1 Саятшы қазақтар. Баян-Өлгий, Моңғолия, 2014 жыл.
2 Бүркіт салып тұрған саятшы. Баян-Өлгий аймағы, Моңғолия, 2014 жыл.
3 Түйе жарысы. Баян-Өлгий аймағы, Моңғолия, 2014 жыл.
4 Жайлаудағы шопан үйі. Баян-Өлгий аймағы, Моңғолия, 2014 жыл.
5 Бүркітші. Баян-Өлгий аймағы, Моңғолия, 2014 жыл.
6 Қодас сауып отырған әйелдер. Баян-Өлгий аймағы, Моңғолия, 2014 жыл.
7 Қыз қуу. Баян-Өлгий қазақтары, Моңғолия, 2014 жыл.
8 Түйе мінген балалы әйел. Баян-Өлгий аймағы, Моңғолия, 2014 жыл.
9 Салт атты әйел мен бала. Баян-Өлгий қазақтары, Моңғолия, 2014 жыл
10 Баян-Өлгий көрінісі. Моңғолия, 2014 жыл

толығырақ

   Баян-Өлгий аймағының шеткері әрі ең биік жері, яғни Көкмойнақ өлкесінде мекендейтін құсбегі Аязбай Сансызбай ақсақалды арнайы іздеп барған едім. «Өмірімнің 50 жылдан астам уақытын бүркіт салуға арнадым. Ата анадан 13 баланың жетеуі ұл еді деп» өз өмірінен сыр шертті. «Құсбегіліке қалай құмартыңыз» деп сұрағаныма. Ол кезде ақсақалдардың көбісі құсбегілікпен айналысушы еді, той томалаққа жиналғанда әңгіменің көбісі кімнің қыраны қанша түлкі алды, қалай тұсті, қасқырға түскен қырандар жайлы болушы еді. Мені сол әңгімелер қызықтырды. Содан бүркітші болуды мақсат еттім. Бірақ өлкедегі қарт құсбегілер атадан балаға жалғасып келе жатқан құсбегілік құпиясын ешкімге айтпайтынды.

    Не біз секілді жастарға бүркіттерін бермейді. Себебі өздері әбден қызығып алған, әйтпесе бөтен пендешілік ой жоқ ты. Сонымен өзіме қалай бүркіт тауып алсам деп басым қатып жүргенімде бірде Анамның тезек теріп жүріп далада құрылып тұрған торды көргенін, қызықтап жанына барғанын, ішінде қояның өлексесін жатқанын тәпіштеп айтып берді. Сонымен анашыма жалынып сол көргеніңіз бойынша тор істеп беріңіз деп өтіндім. Баласының асқақ арманынан ана бас тартсын ба? Менің іштей қиналып жүргенім анама да батса керек келісті. Бірақ, торды неден істейміз? - деп біраз ойландық, ақыры, апам екеуіміз суықтың өтінде міз бақпай жайылып жүре беретін сарлық сиырдың құйрығынан, жылқының жалы мен құйрығын қосып жіңішке жіп есіп тор істей бастадық. Алғашқы торымызды бітірдік арасында бірнеше қоян дайындап қойған едім, соны ішіне салып торды құрып тастадым. Күнде барып жүрдім. Менің бұл әрекетімді анам байқап қалып, “балам құс көкте жүреді, олар сені тым алыстан байқайды. Cен торға жиі-жиі бара берме,құс сескеніп келмей қояды”-деді. Екі күнде бір барып немесе алыстан дүрбі тартып байқап жүрдім. Бір күні торым тұр, ішіндегі қоян жоқ,тағы бір қоянды әкеп қойдым бүркіттер торымның ішіне тік шаншылып түсіп қоянды өлексесінен тағы іліп әкетті. Содан, торымның аласа екені білдім. Қайта қосып, кіндіктен асатындай биіктеттім. Қақпан құрып тірі қоян ұстап, ішіне байлап қойып, тағы да күн аралатып барып, құрған ауымды алыстан дүрбілеп, бақыладым.

   Ақыры бүркіт түсті-ау, дәнікен бүркіт қоянды іліп алып жүгіріп ұшам дегенде торыма оралып қалыпты. Бүркітті шапаныма орап үйге әкелген күні анам екеміз түнімен ұйықтағамыз жоқ. Май шамның жарығымен бүркіттің жанында өткен-кеткенді айтып, таң атқанша әңгіме өрбіткеніміз есімде. Келесі күні тошал үйге жүгіріп барып, қойдың бір жамбасын әкеп, турап бердім. Жастау тірнек екен. Қалай баптауды білмесем де жем беріп сыйпалап бойымды үйрете бердім. Іле шала таудан бір құлжа атып әкеліп, соның етін бере бастадым. Бір айдан соң жуасып мені көрсе жем әкелді деп талпынатын болды. Жем алып барғанымда жемді қолыма ұшып келіп, қонып жейтін дәрежеге жетті. Содан далаға шығарып шала жансар қоян әкеп берсем ұстамайды, тіпті қарамайдыда. Сүйтсем, қойдың етімен, құлжаның етіне тойдырып тастаппын, қайдан аңға түссін! Ақыры тамақты аз беріп өзімше баптай бастадым. Апам ақылшым бүгін тоқ не аш екенін түріне қозғалысына қарап айтып қоямыз. Осылай алысып жүріп қақпанға түсіріп, әкеліп берген қоянды көрген жерден тырп еткізбей бас салатын болды. Түз қояндарын бүркітім үшін тірі ұстай бастадым. Ақыры түлкіге алып шықтым. Құдай сәтін салып жотадан түлкіні де көріп жібердім. Қалықтап барып жалп еткізіп алып ұрды. Қуанғанымнан дүрсілдеген жүрегім кеудемді жарып шығардай толқыдым бұндай сәтте қалай қуанбассың. Бірақ бүркітім түлкіні маған бермей қызғанбасы барма? Бүтін күн алысып жүріп бүркітті түлкіден әрең айырып алдым. Соның өзінде басының мылжа-мылжасын шығарып тілін жұлып жеп қанжоса қылды. Оған қарағам жоқ алғашқы түлкіні анашыма апарып бергенімде көзіне жас алып жылап жіберді. Сол күні-ақ анашым жақын, жан ашыр, туыс-туғанды шақырып, кебеженің түбінде сары майдай сақтаған дәмдінің бәрін шығарып менің құсбегіліктегі тырнақ алдымды тойлатып, таң атырып думандатқанмыз әлі есімде.. Қақпанмен талай-талай аң алсам да тіпті талай үлкен аңды атып әкелсемде осылай ел қызықтамап еді (Бүркіті түлкіге түсіпті деген)- лезде елге тарап кетті. Бүркітімді көрушілер келе бастады. ”Әй жарайсың” - деп арқамнан қақпағандар жоқ ау бұл өңірде. Өзім де бүркітімнің жанынан шықпайтын болдым.

Бүркітті қалап алу

    Бір күні өлкеге танымал құсбегі Мысахан Тұрдықан менің бүркітімді қалап, келді. Кезінде өзінен бүркіт жайлы сұрағынымда мандытып ештеңе демеп еді. Енді менің бүркітімнің атағы шыға бастап еді, сұмаң етіп жетіп келгенін жақағам жоқ. Осы бір шалдардың тілемсек мінезін қиын жек көріп тұрмын, бере алмаймын деуге аузым бармай, құсбегілікпен танымал үлкен адамнан бата алмай ”қайтсем болады”-деп тарығып шешеме қарап едім. Шешем үлкен адам ғой “кәріне ұшырап қайтесің бере сал” - деді. Артынан шешем тәпештеп оның мәнісін түсіндірді. Қазақ құсбегілік дәстүрінде үлкендер бүркітін қалап сұраса жастар бүркітін сол заматта беру керек екен. Үлкендер ең мықты және ең зерек жастардың құсын қалап сұрайды екен, оның өзі сол жастардың мықты құсбегілігіне разы көңілділік екен. Ол сенің тағы да құс ұстап баптай алтыныңды мойындап кеп отыр ғой - деп жігерлендіріп қойды. Бабалардан ұласқан сан ғасырлық дәстүрден аттап қайда барам?, бүркітімді қалап келген шалға бүркітімді бере салдым да ол кеткен соң қызғаныштан ішім күйіп куні-түні далаға шықпай жатып алдым. Екі-үш күннен кейін Мысахан шал ішін түсірем, келсін депті. Шалдың бұл қылығын іштей құптамасам да шақырғанын сылтау қылып бүркітімді көріп қайтайын деп бардым. Мысаханның үйінің сыртында бүркітім жоқ. Үйіне кіріп барсам, сол жоқ босағаға тұғырына қондырып қойыпты. Ассалауды бүркітіме қарап айттым. Сәлемімді Мысахан шал алды, дереу “ішін түсірем көріп ал” - деді. Іш түсіргені несі деп қоям. Содан бастап мені нағыз бүркіттің қыры мен сырын ұқтыра бастады. Байқаймын мен ойлағандай емес бүркіт баптау өте күрделі екенін күн сайын білімін кеңейіп ұға бастадым көп кешікпей әжептәуір құсбегілік жайлы мағұлмат алып та үлгердім. Әлгі бүркітімді қалап алған Мысаханнан мұнша ілім үйренем деп кім ойлаған. Бүркіт баптау деген тұнып тұрған қырағы зерек бапкердің жұмысы екенін сол кісіден ұқтым. Мен таяз ойлаппын. Құсбегі болу үшін сан ғасырдан жинақталған қазақы құс баптау тәжірибиені толық меңгерген жандар құсбегі дейтінін өз тәжірибиемнен ұғындым. Бар зейініммен Мысахан атаның айтқанын зер сала жаттап алам. Тіпті, үйден аттап шықсам болды Мысахан шалдың не істеп жүргенін аңдып жүретін болдым. Жастар албырт аңғармайды екенбіз ғой!. Осы бір қазақы шалдың әр ісі тұнып тұрған ілім екенін сезбепіз.Мысахан ата “Бүркіт әлсіз болса қызылмен қансоқтаны көп беру керек. Сенің бүркітің қызылмен қансоқтаны көп жеген екен, енді қоясын түсірелік” - деді (Бүркітке аңның етін беруді және кез-келген аң, мал етін кесіп беруді қызыл дейді екен. Қызыл-бүркітің қылғытуына оңтайлы кесілген ет қызыл сол қалпы қанымен болады. Қансоқта дегені: – Аңның немесе малдың туралмаған, қаны сорғалаған кесек етін айтып отыр. Сосын, қоясы не екен деп таң қалып қарап отырмын. Жуып дайындап қойған кішкене кигізді майға орады да бүркіттің аузын ашып жұтқызып жіберді. Содан, бүркітті далаға шығарып байлап қойды. Содан барып білдім, әлгі, кигіз құстың ішіндегі барлық аңның терісін жегендегі қылшық ба әйтеу ішектегі барлық қоқты алып түседі екен. Мұны қоя түсіру дейді екен. Бүркітімді қалап келген кезде бере салғаныма енді разымын. Айналайын анашым бұның бәрін сезген екен ғой. Жалпы үлкендерді сыйласаң, кем болмайсыңдар! - деп айту өзімнің айтып жүрер тәмсілім болып алды.

     Содан қайта апам есіп берген тұзағымды құрып бүркіт қарадым, тағы да сарыла күтіп жүріп, күнде тауға барып жүріп, бір қара тірнек ұстадым да баптай бастадым. Ол да түлкі көрсе қоймайтын болды. Қарт құсбегілерден қалысқам жоқ. Таң атпай бүркітімді көтеріп аңға шығып кетем кешкісі қанжығым майланып ораламын. Құсбегілік атағым өз өлкемізге жыр болып жайылды. Ақыры аң терісінің норматибін орныдай алмаған аңшылар менен түлкі терісін алатын болды. Үкімет пұшпағын кеспеген түлкіні 22 төгрөгке,(сол кездің ақшасымен) ал пұшпағы кесілгенін 18 төгрөгке сатып алатын еді. Аға пұшпағы кесілгені несі, ол не? - деп едім: - Керейдің пұшпақ тымағы атанған шалдардың тымағын көрдің бе? соны түлкінің сирақ терісінен істейді. Сол сирақ теріні пұшпақ дейді. Пұшпақ жинап қой! - деп елден өтініш, тілек келеді. Соған сай сирақ терісін кесіп аламыз да, теріні үкіметке сатып жібереміз – деп, әңгімесін өрбітті.

Бүркіттің иесініне бауыр басқаны

    Бір бүркітті ең көп 8 жыл ұстап қоя беріп жүрдім. Бірде тойындырып күзде қоя берген бүркітім жазғы тұрым кезінде мал қорамның басында отыр. Елу шақырым жерге көшіп кетсек те артымыздан іздеп тауып келген ғой. Басына баспана салып беріп бос қойып жемдеп жүрдім. Бір айдан соң кетіп қайта оралмады. Құста болса өз иесін сағынатын сияқты.

    Тағы бірде құдамыз “бүркіт ұстап берсін” - деп қолқалап болмаған соң бір бүркіт ұстап баптап үйретіп 150 шақырым жүріп, апарып бердім. “Тілегімді орындадың, ауылға бүркіт келді!” - деп ақ сарбасын сойып, той жасап қарсы алды. Ертеңінде қайтып кеткен едім, аз күннең соң «кигіз үйміздің шаңырағына бір бүркіт ұзақ айланып жүр» - деп балалар айтқан соң шықсам, ана күні құдама апарып берген бүркітім өзімді іздеп келіпті. Шырғаға шақырып ұстап алдым. Құдама басқа бүркіт ұстап беріп, өз аулында қонып жатып баптап үйретіп ана өзімді іздеп келген бүркітті өзім баптадым. «Міне қарғам құс та болса қандай зерек деші. Ауылды қойып бір көрген адамды да таниды бұл пәтшағарларың» - дейді Аязбай ақсақал.

Қыңыр бүркіт

    Бірде мәлін ұстап жеп отырған бүркітті байқап қалдым. Үркітіп қуып жіберіп, сол мәлінге қақпан құрып тастадым. Ертенінде ақ қақпаныма әлгі түз қыраны түсіп қапты. Ауылға әкеп талқыға салдым. Ұзақ уақыт жуасып бермеді. Бірде ұзындау байлап қойсам, сарылық сиырдың басынан ұстап тырп текізбей жабысып тұр. Бір болсаң керемет қыран боларсың ау! - деп жалықпай баптай бердім. Ол жуасыйтын түрі жоқ. «Бүркіт қанша бағып баптасаң да, қанша айтқанымен тұз тағысы ғой, шырғаға баулимын» - деп босатып қалғанымда сол қалпы ауып ұшып, ауыл шетіндегі бір ауылдастың баласына түсіп жазым ете жаздады. Кейде қыңырланғанда өз балағыма да жармаса берген соң біреуді жазым етер деп ойлап, ақыры босатып қоя бердім. Ондай баптауға көнбейтін қыңыр мінезділері де кездеседі. Қанша айтқанмен құс әлемінің падишасы, тентек мінезді құс қой. Мұндай қыңырлар талқыға да көнбесе қоя берген абзал. Ондай құс қатты кекшіл болады, өзіңе шаппаса да елді мертіктіруі мүмкін.

Қарға оранып бүркіт ұстау әдісі

     Аязбайға Мысақан ата айтып берген әңгімесі екен. Мысақан ата жас кезінде бұл өңірдің атақты қамшыгері Кеңесбай келіп “тор құрсам быт-шыт талқандап кетеді, тоятын аңдиын десем ілген аңын тау басына алып кетеді. Мені мазақтап, ойнап жүрген бір бүркіт бар. Сен бала маған көмектесші” - деп ертіп алды. «Үлкендерді сыйлау керек! Тілегін екі еткем жоқ, еріп алдым. Қос аттымыз біразға жететін азық-түлік арытқан жетекте түйе. Бұл жолғы сапарымыз біразға ұласатын құсайды. Алтай таулардың биік тауы Бесбоғда тауының етегіндегі Бітеу Қанастың қарағайлы саласына келдік.Қара қосты тігіп кешкі тамақты асып жан-жаққа дүрбі тартып Кеңесбай айтқан бүркіт қайдан шығар екен? - деп аңдып отырмыз. Үсті мәңілік мұз басқан Бесбоғда тауының етегіне жақын болғандықтан ба?, бұлт басып жан-жағымыздан ештеңе көре алмадық. Қара қоста екі кун шыға алмай жатып қалдық. Бірде таң ертең бір бүркітті көрдім және төбемізден ұшып кетті, жүр - деді ешкінің ақтерісін алып алдық, мұны не қылады деп түсінгем жоқ, басыма қойдың елтірісінен теріс қаратып, ақ өңді тері жағын теріс қаратып кигізді ішікті қылшық жағын ішіне қартып ақ тері жағын сыртына қаратып шалбарды да, тіпті етігімді де солай-ақ термен қаптап тастады. Қолыма үлкен бота мойын бялайды кигізді. Содан дөңестеу жерге өзі әкеп тыстаған жемнің жанынан қарды қазды да осында жат деді бағанағы ақ ешкінің терісін астыма салып берді. Бүркіт осы етті жегей келеді, сол кезде шап етіп ұстап ал қыбыр етпей жатып жылдам сып етіп ұстамасаң сескеніп қалса қайта келмейді еңбегіміз еш кетеді деді. Содан қарға оранып жатып бүркіт ұстау әдісі екенін енді білдім. Өзіндік күш қайратым бар. Бәлем, келсін! - деп мен жатырмын. Көп өткен жоқ, жалп етіп қарды сықыр-сықыр еткізіп бүркіт келді де жемге бас қойып бір жақ шетін аяғымен басып тұрып, аузымен тартып жұлқылап жей бастады. Сәл тосып тұрдым да біраз асап-асап жіберген соң, мен де шап етікізіп аяқтан ұстай бере орынымнан атып тұрдым. Аяқ асты сап еткен не екенін ұқпай қалған бүркіт қанатын сабалап мені алып ұшатындай жұлқылап әкетті. Бүркіттің үлкендігін айтпа мен орыныман неше көтеріп неше түсірді. Ауыр ішік киіп тұрсамда анда санда теуіп қалғанда теңселіп кетіп тұрмын. Өмірі осындай қармаулы бүркіт көрмеппін. Кеңесбай аытқандай шамам келсе бүркіттің алақанына жоламай балтырына қарай сығымдай ұстап жібермей мен тұрмын. Алыстан бақылап отырған Кеңесбай да шауып жетті. Шапанның үстіне жауып, қас-қағымда екі жақтап жүріп бүркіттің қанатын жиып байлап, орап алдық. Бүркіттің үлкендігін айтпа қуанышымызды шек жоқ, суық күнді елемей разы қош болып Шарноқайтыдағы Кеңесбай ауылына бардық «Бесбоғаданың ақ иығын ұстады» - деп ауыл болып жиылып, ақ сарбас сойылып, таң атқанша ән-думанмен дүрілдетіп тойлатып, сыйға шапанымды киіп қайтқан едім, одан қайтып елдің қарға оранып жатып бүркіт ұстапты дегенді сирек естідім. Артынан естісем ол бүркітті Кеңесбайдан тағы біреу қалап алып кетіпті».

    Осы Мысахан құсбегі өзінің дарынды шәкірті Аязбайға біраз жабдығын мұра қылып қалдырып кеткен екен. Аязбай құсбегілікпен бірге керемет мерген аңшы. Бұл өңірдің сай саласының аң мекен етер жердің білмейтін жері жоқ. Өлкенің мақтан тұтар аңшы аталардың бірі. Асқар Алтайдың ең биік тауы Бесбоғда қойнауында құс салып қазақтың саят өнерін жалғастырып жүрген қарт құсбегіге амандасып, жылда барып тұрамын. Қай кезде де барсам да бүркітінің жанында жүретін атай көзіме жылы көрінеді.

       Жанарбек Ақыби, этнограф, тау спортының шебері, Моңғол Ұлысы, Баян Өлгий аймағы, Өлгий қаласы.

       http://baq.kz/kk/diaspora/1251

толығырақ

Блогер Жанарбек Ақыби. Сурет жеке мұрағатынан алынды.

Блогер Жанарбек Ақыби. Сурет жеке мұрағатынан алынды.

     Лашын Жанарбекқызы – Баян-Өлгий аймағының орталығында орналасқан Ікей батыр атындағы №1 мектептің тоғызыншы сыныбында оқиды. Ол үшінші сыныпта оқып жүргенде блог жүргізе бастаған.

     «Маған алғаш блог жүргізуді әкем үйретті. Ол кезде қазақ тілді сайттар жоқ десе де болатын еді ғой. Тіпті әлеуметтік желіні де көп ешкім біле бермейтін. Өз жазғанымды өзім оқып мәз болатынмын» деді Лашын Азаттыққа.

     Кішкентай блогер wordpress блог-платформасындағы жазбаларынан бөлек қазақ тілді қолданушылардың арасында соңғы жылдары кең тарап бара жатқан Facebook әлеуметтік желісінің интерфейсін қазақ тіліне ерікті аударушы болып жүр.

    «Әлеуметтік желідегі әрбір ағылшын тіліндегі термин сөздерді қазақшалап жүрмін. Жақында Facebook желісі қолданатын тілдер бөліміне қазақ тілі қосылды. Қазір 100-ден аса белсенді фейсбукшілер жабылып жүріп 94 %-ын аудардық» дейді ол.

Блогер Жанарбек Ақыби.Блогер Жанарбек Ақыби.

     Лашынға блог жазуды үйреткен әкесі 40 жастағы Жанарбек Ақыбиұлы – Баян-Өлгийдің Сақсай ауылында туған Монғолияға танымал альпинпист. Негізгі мамандығы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Жары Ділдә – Монғолия қазақтары арасынан шыққан жазушы Кәкей Жаңжұңұлының қызы.

    Жанарбек Ақыбиұлы Азаттық тілшісіне отбасымен бірге блог жүргізуді қалай бастағанын әңгімелеп берді.

ТІЛ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

   «1990 жылдары Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған соң екі ел арасындағы мәдени байланыстар тоқырады. Оған дейін «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» секілді әдеби газет-журналдарды тапсырыспен алып тұратын едік. Енді олар көзден бұлбұл боп ұшты. Балалар өсіп келе жатты. Сосын газет-журнал оқымаса да өз ойларын ана тілінде еркін жеткізе алатын деңгейде болсыншы деген мақсатпен алғаш рет жеке блог жүргізе бастадым. Балаларымды блог жазуға машықтандырдым. Кейін үлкен қызым Сұңқар, одан кейін екінші ұлым Нұрбек, сосын қара танып, хат жаза алатын деңгейге жеткен кезде үшінші балам Лашын да өзінің жеке блогын жүргізе бастады» дейді Жанарбек.

    Жанарбек өзін отбасына ғана емес, Монғолиядағы қазақ жастарының осы саламен айналысуына да ықпал тигіздім деп есептейді.

     «Өзімізше қазақ тілді блог жазып, блогерлер қатарынан табылуға отбасымызбен талпыныс жасадық. Тіпті өсіп келе жатқан жастарға блог ашып бердік, жөн сілтедік, интернет байланысы бар ауылдарға арнайы семинарлар жасадық» дейді ол Азаттық тілшісіне.

    Қазір Ұланбатырда оқитын Сұңқар мен Нұрбек тек жазғы каникул күндерінде ғана блог жазумен айналысады екен.

    Сұңқардың бастауыш мектепте оқып жүріп жазған блогтарынан дүниетанымдық пайымдаулары байқалады. Ойын ана тілінде барынша анық жеткізуге тырысқан шеттегі қазақ диаспорасының жас өкілі жазған блогтар уақыт өте келе тіл қолданысы жағынан жақсарып, күрделене түскен. Балалық жазбаларында Сұңқар өрмекшіден қорқатынын, тіс дәрігеріне қалай барғанын, інісінен шахмат ойнаған сайын неге жеңіле беретінін баяндайды. Ал бокспен шұғылданатын Нұрбек wordpress блогында ара-кідік спорттағы жетістіктері мен жақсы көретін қазақ әндерін жариялап отырады.

ҚАЗАҚСТАН АЛЬПИНИСТЕРІН ІЗДЕУ

     Балаларын ана тілін үйрету үшін блогқа үйір еткен Жанарбектің өзі блогтары мен әлеуметтік желілердегі постылары арқылы қазақстандық альпинистермен байланыс орнатуға талаптанып келеді. Кавказ, Тянь-Шань мен Алтай тауларындағы бірнеше шыңға шыққан халықаралық дәрежедегі кәсіби тау спортшысы екенін айтқан Жанарбек қазір Монғолияға келетін шетелдік туристерге жолбасшы болып жаз бойы тау-тас аралайды.

Блогер Жанарбек Ақыби. Сурет жеке мұрағатынан алынған.Блогер Жанарбек Ақыби. Сурет жеке мұрағатынан алынған.

   «Жан-тәніммен қазақ елінің таушыларымен (альпинистерімен – ред.) байланысқым келді. 2003 жылы Азия таушылар ұйымы 2-құрылтайында Қазақстанның 6 мың 400 метрлік «Мәрмар қабырғасына» өрлеуді жоспарлады. Міне, қазақ елімен байланыс жасаудың мүмкіндігі осы екенін түсіндім, өз қаржыммен бардым. 6 мың 400 метр биік мұздаққа ізімді қалдырдым» дейді ол.

   Моңғолиялық қазақ әуесқой альпинистің тарихи атажұртындағы өзі сияқты спортшылармен хабарласуына көп жағдайда тілдік кедергі бар екені байқалады. Өйткені қазақстандық кәсіпқой және әуесқой альпинистердің ортасы дәстүрлі түрде орыстілді болып келеді. Өз блогтарында Жанарбек альпинизм хикаяларынан бөлек, Моңғолия қазақтарының өмірі мен этнографиялық ерекшеліктерін, Баян-Өлгийдің сұлу табиғатын сипаттайды. «Біздің өлкедегі ең ұзын өзен – Қобда. Жағасын Алтайдың жалаңаш таулары басып жатыр. Бір қызығы осы тауларға табиғат өңді аямай-ақ шашқан. Қане, өздеріңіз көріп жіберіңіздер!» деп жазады ол бір блогында Ховд өзені туралы.

     Моңғолияда жарты миллион шамасында интернет қолданушы бар. Үш миллионға жуық халқының басым көпшілігі мал шаруашылығымен күн көретін және шашыраңқы тұратын елде интернет таралымы әлі баяу. Елдің батыс аймағындағы Баян-Өлгий ауданын мекендейтін жалпы саны 100 мыңнан асатын қазақ диаспорасы соңғы жылдары интернетті белсенді түрде игеріп, бірнеше танымал ақпараттық-танымдық вебсайт ашты.

     http://www.azattyq.org/content/mongolia_kazakh/26697091.html

толығырақ

Ақжол Серікхан. Сурет Facebook парақшасынан алынды.

      2011 жылы Қытайдың Гуаньчжоу қаласында есте сақтау ой спорты бойынша (World Memory Championship) өткен жарыста «грандмастер» дәрежесін алған 21 жастағы моңғолиялық қазақ Ұланбатыр қаласында тұрады.

Моңғолия қазағы Ақжол Серікханның «грандмастер» атанған сәті (2011 жыл). Сурет автордың рұқсатымен Facebook парақшасынан алынды.    Моңғолия қазағы Ақжол Серікханның «грандмастер» атанған сәті (2011 жыл). Сурет автордың рұқсатымен Facebook парақшасынан алынды.

    Ол – есте сақтау бойынша монғолиялық бес грандмастердің бірі һәм осындай атақ иеленген жалғыз қазақ. Ақжол 1993 жылы Алматы облысының бұрынғы Нарынқол ауданында дүниеге келген екен. Қазақ тілінде кібіртіктеп сөйлейтін ол Азаттық тілшісіне сыпайы түрде: «Бір жасымда ата-анам Ұланбатырға қоныс аударыпты. Содан бері моңғол ұлтының өкілдерімен араласып келем. Балабақшада, мектепте оқу моңғол тілінде болды. Сондықтан кейбір ойларымды жеткізе алмай жатсам, кешіріңіз» деді.

Әйткенмен Ақжолдың айтар ойын қазақша барынша түсінікті етіп жеткізуге тырысатыны байқалады. Ол биылғы желтоқсан айында Қытайдың Хайнань қаласында өтетін есте сақтау бойынша әлем чемпионатына дайындалып жатқанын айтты.

   2011 жылы Қытайдың Гуаньчжоу қаласында өткен әлем чемпионатында моңғолиялық қазақ жігіт берілген тапсырмаларды 120 секунд ішінде орындап, «грандмастер» дәрежесін иеленген. Ақжол осы ой спорты бойынша Монғолияның екі мәрте чемпионы екен.

   1991 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан әлемдік есте сақтау чемпионатына қатысушы 10 түрлі тапсырма бойынша ұпай жинайды. Ақжолдың сөзінше, өң-түс, тарихи оқиғалар, екілік сандық жүйе, адам және күнтізбе атаулары, әуенді цифрлар сияқты тапсырмалардың бірінен 90 атау беріледі. Қатысушы соны екі минуттың ішінде жаттап, айтып шығуы керек.

Азаттық тілшісі Ақжолдан күнделікті өмірде, оқуда мұндай есте сақтау қабілетінің пайдасы қаншалықты тиетіні туралы сұрады.

   Ол осы қабілетінің арқасында университетте екі мамандықты қатар игеріп жатқанын айтты. Ақжол түрлі халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу үшін сабағынан жиі қалуға мәжбүр. Бірақ бұл мәселе де ерекше жады иесі үшін көп қиындық туғызбайды.

Ақжол Серікханның «грандмастер» дәрежесін иеленгені жөніндегі сертификаты.Ақжол Серікханның «грандмастер» дәрежесін иеленгені жөніндегі сертификаты.

     «Емтиханға бір ай қалғанда тақырыптарды меңгеруге бір-ақ күн жұмсаймын. Бір күннің ішінде әр тақырыпты жан-жақты оқып, талдап айтып бере алам. Сабақтан қанша қалсам да, осы уақытқа дейін оқытушылардан бірде-бір рет сөгіс алып көрмеппін» деп күлді ол.

    Ақжолдың әкесі Серікхан Тоқилаұлы жеке компанияда менеджер болып қызмет істейді. Отбасында бес баласы бар. Ақжол балаларының ортаншысы екенін айтқан әкесі «Ол мектепке алты жасында барды. Мектепті алтын медальға бітірді. Төрт жасынан бастап шахмат ойнауды меңгерді. Ал 11-сыныпты бітірген соң «memory» өнерімен айналыса бастады» деп Ақжолдың өмірбаянын қысқаша әңгімелеп өтті.

   Ақжол қазір Ұланбатыр қаласындағы Ғылыми зерттеу және технология университетінде «жол құрылысы» мамандығы бойынша 2-курста оқып жүр. Ол Моңғол мемлекеттік университетін «электрондық автоматика» саласы бойынша да бітіріп шыққан.

    Есте сақтау қабілеті бойынша әлем чемпионатына әзірше Қазақстаннан ешкім қатысып көрмепті.

 http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_memory_grandmaster_from_mongolia/26714537.html

толығырақ

      Жалпы, танымал болу үшін, ең кемі, жастайыңнан шелектеп тер төгіп, жанкештілікпен еңбек етіп, талантыңды шыңдап, өнеріңді жұртқа паш етіп, талайдың таңдайын қаққыза білуің керек. Өзіңнің қатарластарыңа, оның ішінде ішіне шынтақ айналмайтын көреалмас дұшпандарыңа да еріксіз мықтылығыңды мойындатып, артқы буынға үлгі болып, ал аға буын арқаңнан қағып, риясыз «азаматсың» дейтіндей күнге жеткенде ғана кім-кім болсын өзін белгілі бір деңгейде танымалмын дей алар.

     Бірақ бұлай бола беруі шарт емес екен. Нәресте шыр етіп, дүние есігін ашқан сәттен бастап бүкіл ел басына көтеріп, барлық телеарналардан ол туралы бағдарламалар беріліп, оның атына ғимараттар салынып, есімін бір сәтте бүкіл ел танып жатқанын естісеңіз, таңғалмаңыз. Өмірде ондай да оқиға болады екен. Біздің кейіпкеріміздің басынан дәл осындай жағдай өткен.

      Кезінде Ер Жәнібек бабамыз Түркі баласының ата жұрты - Алтайға бастап барған Керей руының ұрпақтары бүгінде Қытайдағы - 2 миллионнан астам, Моңғолиядағы - 200 мыңдай қазақ диаспорасын құрап отыр. Одан кейін де түрлі замандарда бұл елдерге басқа да руларға жататын қазақтар барып қоныстанған. Әсіресе, Моңғол Халық Республикасында Керей, Найман, Уақ руларының өкілдері көптеп кездеседі.

            1988 жылы осы Моңғол елінің Бағанур қаласында бүкіл моңғол халқы үшін есте қаларлық ерекше оқиға болды - жан саны аз саналатын дархан халықтың екі миллионыншы нәрестесі өмірге келді. Сахара халқы, қазақы теңеумен айтсақ, бөркін аспанға атып қуанды. Бір қызығы бұл сәби қазақ отбасында - Қибекейұлы Оралбек есімді ағамыздың шаңырағында дүниеге келді.

     Моңғол елінің дәрігерлері бұл қуанышты жаңалықты біраз уақыт бұрын болжап, Оралбек Қибекейұлы мен оның жұбайы Гүлсара Қуанбайқызын ескертіп қойыпты. Бір қызығы, бала дәл болжанған күні туса, ол осы елдің екі миллионыншы нәрестесі һәм азаматы саналатындықтан, оның есімі Саямандах аталуы керектігін де күн бұрын хабарлаған. Қазақ тіліне аударғанда бұл сөз «миллион жаса» дегенді білдірсе керек.

     Сонымен Гүлсара жеңгеміз Моңғол Республикасының ең ұлы мерекесі - Тәуелсіздік күні саналатын шілденің 11-ші жұлдызында таңғы 9:45-те балпанақтай ұл баланы дүниеге әкеледі. Елдің бұқаралық ақпарат құралдары шулап қоя береді. Баланың атына неке сарайы ашылады. Ол жер әлі күнге дейін Саямандах деп аталып келе жатқан көрінеді. Оған қоса жаңа бой көтеріп келе жатқан кеншілер шаһарынан су жаңа үш бөлмелі пәтер сыйға тартылады. Балаға жеке дәрігер тағайындалады. Ол ол ма, анасына және нәрестеге елдің екі миллионыншы азаматы болып туғаны үшін алтыннан медаль тағады. 18 жасқа дейін елдің қай жеріне барам десе де тегін жүретін құқық беріледі. О кезде тек шенді-шекпенділердің үйінде ғана үй телефоны болады-мыс, ұзынсонар кезекке де қарамастан ағамыздың отауына қала басшылары үй телефонын орныттырады. Айта берсе көп, Саямандахты түгелдей бір ел басына көтереді.

      Қарапайым кенші қазақтың баласы осылайша хан тағына мұрагерден кем күн кешпей өсіп жатады. Уақыт өткен сайын оның денінің саулығын, амандығын арнайы адамдар бақылап отырады. Бірақ Қазақстан деген ел атажұрты екенін, ол тәуеліздік алған күні көштің басын елге бұру керектігін жүрек түкпірінде парыз деп білетін шеттегі қазақ баласы 1991 жылдан бастап атамекенге қарай ағылып қоя береді. Сол кезде көптің қатарында үйін де, жұмысын да тастап, Оралбек ағамыз Павлодар облысы Баянауыл ауданына еңбек шартымен көштің басын бұрады. Ондаған жыл Майкөбе көмір кен орнында жұмыс істейді. Ал 2006 жылы Ақмола облысы Новомарковка ауылына қоныс аударады.

    Негізі, Ақмола өңірінің байырғы қазақтары Новомарковка ауылының бұрынғы атауы Мыңшұңқыр деседі. Бірақ орысша атау әне-міне ауысады дегенмен, әзірге еш жаңалық жоқ.

     Ал біздің кейіпкеріміз болса ел қатарлы елордада тірлік кешіп жатыр. «Ол жақта жүрсең осы күнге дейін барлық материалдық жағдайыңды жасап бергендей екен ғой» десем, «өз елімде ұлтан болғаным артық қой», - дейді күліп. Қалай келіспейсің?!

      Ербол Жанат

       http://baq.kz/kk/diaspora/1248

толығырақ

     Нұрлан Жүнісұлы – 1973 жылы Ұлан-батыр қаласында туған. Бодибилдинг спортымен шұғылданады. Аталмыш спорт түрінен Моңғол елінің 8 дүркін жеңімпазы және Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанған қазақ баласы. Нұрлан бауырымыз өткен жылдың соңы, желтоқсан айының 5-10 аралығында Үнді елінің Мумбай қаласында жалауын көтерген әлем чемпионатында 40-49 жастағы ерлер арасында 85 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп алтын медал және барлық жас бойынша қола медалға ие болып, жеңістің биік тұғырынан көріне білді. Яғни, бодибилдинг спорт түрі бойынша әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Осы орайда, алыста тұратын азаматпен тілдесіп, мән-жайды біліскен едік.

     – Нұреке, жеңісіңіз құтты болсын, қай жылдардан бастап бодибилдингпен айналыстыңыз?
     – Рахмет. Мен бодибилдингпен 1992 жылдан бастап айналыстым, бірақ арасында екі жылдай тастап етіп, 1995 жылдан бері тұрақты шұғылданып келемін. Алғаш айналысқан жылдары менің салмағым бар-жоғы 60 келі шамасында болды. Қысқасы, бұл спортпен айналысқаныма 20 жылдың жүзі болды. Жалпы бодибилдинг спорты өте көп еңбек етуді қажетсінеді. 
      – Бұл спорт түрін таңдауыңызға не себеп? 
    – Жасы үлкен таныс ағай бар-тын. Ол кісі бодибилдинг, фитнесс спорты жайлы кітап-журнал жинайтын. Осы журналдардағы бұлшық еттері буылтықтанған адамдарға қарап қызығушылығым оянды. Содан жоғарыдағы ағай екеуміз журналдағы суреттерге қарап қажет құрал-жабдықтарды қолдан жасап алдық. Ескі қирап қалған жылу қазандығының ғимаратын жөндеп зал жасадық. Алғашқы жылдары қазіргідей құнарлы витаминдер тапшы, құнарлы тағамдар табылмайтын. Бұндай қиындыққа мән бермей су көжемді ішіп, бауырсаққа тойып алып тер төгетін едім. Бұл спорттың басты ерекшелігі – жас талғамайды. Көп жағдайда спортшылар 30 жастан кейін жетістікке жетіп жатады. Тек ерінбей жаттығу жасау керек. Адамдар ойлайтын шығар: темір көтеріп ширығып шыға келуге болады деп. Олай емес, тамақтың өзін арнайы жоспармен ішесіз, тұзды, майлы, тағам жеуге болмайды. Жаттығу барысында өте көп күш-қуат жоғалтасыз. Сол себепті, арнайы дәрумендер қажет. Олар қымбат тұрады. Сондықтан да, бұл спортпен екінің бірі айналыспайды. 
    – Алғашқы жетістігіңіз, яки, төккен тердің өтеуі нәтиже бере бастаған сәттер жайлы айта отырғайсыз? 
    – Алғаш рет 1991-1992 жылдары ішкі ел чемпионатына қатысып бағымды сынадым. 2000 жылға дейін айтарлықтай нәтижеге көрсете алмадым. 2001 жылы ішкі чемпионатта қола медалға қол жеткізіп, «Болашақ мистер» деген арнайы жүлде алдым. 
      – Ауыр жаттығулардан бетіңіз қайтып, «бұл спортқа бекер ұрындым-ау» деген кезіңіз болды ма? 
    – Ондай жайттар болды. Бірақ дәл тастап кету жайлы ойым болған жоқ. Егер ондай ойдың жылт еткен ұшығы болғанда қазіргі үлкен жетістікке жетуім екі талай еді. Өйткені, екіұшты ой бүтін биікке жеткізбейді. 
      – Нұреке сіз Мумбайда өткен әлем чемпионатында өз жасыңыз бойынша (40-49 жастағылар) алтын медаль ала отырып, барлық спортшыларға ортақ сайыстан қола жүлде алған көрінесіз. Яғни, сіз бір чемпионаттан бір алтын, бір қола медалға қол жеткізген екенсіз, солай ма?
      – Дұрыс айтасыз, солай болды. Менің жетістігім Моңғол елі үшін жаңа парақтың беті болды. Маған дейін бұл елде бодибилдингтен ешкім мұндай атаққа қол жеткізген жоқ. Үнді елінің үлкен қаласы Мумбайда өткен жарысқа әлемнің 50 мемлекетінен 550 спортшы келіп қатысты. Әрбір сайыс жоғары деңгейдегі бәсекелестік жорасын көрсетті. 
    Мен алтын медалға қол жеткізе отырып, ересектер арасында 80 келіден жоғары сайысқа қатысып, қола жүлдеге қол жеткіздім. Болашақта осы түр бойынша да әлемді бағындыруға болады-ау деген үмітім оянды. 
      – Салмақ көп қуасыз ба?
    – Көп салмақ қумаймын, үнемі бір қалыпта сақтауға тырысамын. Сол себепті, жылдың төрт мезгілінде үзбей жаттығу жасаймын. Әлем чемпионатынан кейін салмағым өсіп, 95 келіге барып қалды. 
     – Жалпы бодибилдинг спортын бағалаудың негізі шарттары қандай?
   – Төрешілер спортшы дене бітімінің бірдей шынығуын басты талап деп көреді. Мысалы, аяғың шидей, кеудең талыстай болса, бұл дұрыс емес. Тері астында май болмауы тиіс. Одан кейін әрине, бұлшық еттердің жиырылу, серпілу, жиналу әрекеттерін назарға алады. 
      – Спорт сізге не берді?
     – Өмірде шынайы күресе білуге үйретті. 
      – Шәкірттеріңіз бар ма?
    – Бұл спорттың ерекшелігі сондай, өзің айналысып жүріп, екінші бір адамды жаттықтыру мүмкіндігі өте аз. Десе де, бір-екі шәкіртім бар. Бірде жақын досым жас баланы жетектеп алып келіп: «Нұрлан мына баланы тәрбиелеп көрші» деп өтінді. Өзі де жанып тұрған азамат екен менің істегенімді жасап үйренді. Оны Азия біріншілігіне ертіп бардым. Шәкіртім фитнесс түрі бойынша күміс жүлде алды. 
      – Жалпы бұл спортпен айналысуышлар сіздің елде көп пе?
    – Аз. Жастар келеді, бір-екі жылдан кейін төзімі жетпей тастайды. Одан кейін шығыны көп спорт бұл. Қаржы болмаса, қайдан болсын.
     – Үкімет тарапынан арнайы қамқорлық жоқ па? 
    – Бодибилдинг олимпиадалық спорт түріне жатпайтындықтан үкімет соқыр тиын бөлмейді. 
       – Шетелге жарысқа қалай барасыздар?
      – Өз басым барлық қаржы-қаражатты қалтамнан шығарамын.
       - Бодибилдинг, фитнесс спортымен айналысушыларға жас шектеу деген бар ма?
      – Жаста шектеу жоқ. 60-70 жасқа дейін айналысуға мүмкіндік бар. 
    – Сіз бодибилдингтен басқа пауэрлифт спортымен де айналысады деп естідік? 
    – Пауэрлифтингтің жаттығулары негізінен бодибилдингпен бірдей. Өз басым 2005-2006 жылдары пауэрлифтингтен ел біріншілігіне қатысып, екі дүркін чемпион атандым. 
       – Әлемге әйгілі бодибилдингшілерден кімді үлгі тұтасыз? 
     – Әлемдік дәрежеде танымал Арнольд Шварценеггер үлгі тұтуға лайық адам. Ал, өз басым әлемнің 10 дүркін чемпионы Малайзия азаматы Сазали Самадты ерекше қадырлеймін.

      – Әлем чемпионы болған сәттегі көңіл-күйіңізді білсек...

   – Жарыстың қортындысын таныстыру үшін әділқазылар 5 спортшыны таңдап сахнаға шақырды. Соның бірі ретінде менде сахнаға көтерілдім. Сыйлықты соңғы 5-ші орыннан бастап жариялады. Әуелгіде атым шықпаған соң қола бұйыратын шығар деген үмітте болдым. Үшінші орын қола жүлдені жариялады. Атым шықпаған соң, «Құдайға шүкір күміс бұйырды» деп қуанып тұрдым. Менің қасымда әлі есімі жарияланбаған Бразилия спортшысы тұрған еді. Оның қолын қысып құттықтап тастадым. Біз кезде екінші орын күміс жүлде деп бразилиялықты шақырып жатыр. Сонда бары