Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Моңғолия қазақтары

Басты бет | Моңғолия қазақтары | Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты

Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото


      Моңғолиялық «Naad» бренді пластиктен жасалған ойыншық киіз үйлерді сатылымға шығарды, деп хабарлайды Gogo.

     «Naad» брендінің негізін қалаушылар келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру және көшпенділер мәдениетін бүкіл әлемге паш ету мақсатын көздейтін бұл жобаға үш жыл бойы зерттеу жүргізіп, осы айдың басында ғана алғашқы өнімдерін шығарған. Пластиктен жасалған құрастырмалы ойыншықтар MiMo деген атаумен шығарылуда.

       MiMo – бұл киіз үйдің 11 есе кішірейтілген нұсқасы. Салмағы 1 кг жуық (900 грамм) ойыншық жалпы 225 элементтен тұрады. Ал, ойыншықтың қорапшасы халықаралық стандартқа да сәйкес келеді.
Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото
       "Моңғолияға келген әрбір шетелдік турист киіз үйге кіріп көргісі, тамашалағысы келетіні жасырын емес. Оларды көбіне киіз үйдің жалпы құрылысы және тұрмысқа икемділігі қызықтырады. Сол себепті біз туристерге және келер ұрпаққа арнап ойыншық-конструктор құрастыруды қолға алдық. Біздің негізгі мақсатымыз – ойыншықтарды сатып пайда табу емес, көшпенділер мәдениетін әлемге таныту”, – дейді «Naad» брендінің негізін салушы Саиханбаяр.
Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - ФотоМоңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото

Моңғолияда құрастырмалы ойыншық киіз үй сатылымға шықты - Фото


























         Дереккөзі: https://ca-news.org

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті