Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Қырғызстан қазақтары

Қырғызстан қазақтары

       Мемлекеттің Негізгі Заңы – құқықтық жүйенің ядросы, бүкіл заңнамалық құжаттар негізделетін фундамент, мемлекеттің демократиялық дамуының тірегі мен мемлекеттік құқық өзгерістерінің процесі. Ол қоғамдағы тұрақтылықтың негізі. Осы мәселелерді шешудегі ең басты фактор болып мемлекет және оның құқықтық, моральдық нормаларына сүйенген институттары саналады. Ал саяси тұрақтылық мәселесі қоғамның модернизациялануы үдерісінде маңызды орынға ие.

      Конституция – мемлекеттік құрылыстың бүкіл пирамидасының іргетасы. Сондықтан әрбір мемлекет өзінің қалыптасу кезеңінде Консти­туцияны қабылдау және оны елдің ең басты құжаты ретінде дамыту кезеңін бастан өткереді.

     Конституция мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесін айқындайды. Өз халқының тарихына, салт-дәстүріне, саяси мәдениетінің деңгейіне және ең бастысы, менталитетіне неғұрлым толық сәйкес келетін саяси жүйе мен конституцияның үлгісін таңдайды.

     Қазір дүниежүзінде 192-ден астам мемлекет бар десек, сол мемлекеттердің дені өздерінің құқықтық жүйесін күнделікті өміріне бейімдеп жасап алған. Кез келген мемлекеттің заңы алғаш­қы кезекте адамның құқын, сол елдің ұлтының мүддесін қорғауы тиіс. Жаңа шаңырақ көтерген жас отбасының да өзіндік заңдылықтары болады, өзіне тән қағидалары болады. Бұл – өмір талабы.

      Өз тәуелсіздігін жариялаған мемлекеттердің қалыптасу кезеңдерінде көптеген экономикалық, геосаяси ахуалға қатысты елді барынша жұмыл­дыру қажет болды. Мұндай дәстүр бүкіләлемдік тәжірибеде бар. Демократиялық өзгерістердің алдында әрқашан авторитарлық жүйе болуы қажет. Ол заңды. Ал коммунистік немесе дәстүрлі қоғамнан тікелей демократиялық процестерге көшу өте қауіпті еді. Мысалы, Азия – Африка елдеріне ағылшындар бірден демократиялық жүйе орнатқанда қоғамда бірден азаматтық соғыс белең алды. Тұрақсыздық пайда болды. Барлық елдер осы жолдан өтті. Алғашқы жылдары Қазақстан үшін де геосаяси жағдай өте ауыр болды. Алайда барлық билікті өз қолына шоғырландырған президенттік билік жүйесі өзін-өзі ақтады.

     КСРО тарағаннан кейін посткеңестік кеңіс­тікте пайда болған тәуелсіз мемлекеттер алғашқы кезекте өздерінің конституцияларын қабылдады. Мысалы, Өзбекстан – 1991 жылы, Түркіменстан – 1992 жылы, Қырғызстан және Ресей Федера­циясы – 1993 жылы, Беларусь, Молдова және Тәжікстан – 1994 жылы Әзербайжан, Армения және Грузия 1995 жылы, ал Украина – 1996 жылы қабылдады.

     Бұл елдердің бәрінде де өздерінің құрылуына себеп болған оқиғалар нәтижесінде таңдап алынған мемлекеттік және қоғамдық құрылысты баршаға жария етіп, заңдастыруда Конституция шешуші маңызға ие болды.

     Алғашқы қабылданған Конституция мемлекет іргетасын қалаған ең қажетті құқықтық механизм­дерді бекітті. Оған сол республикалардағы білікті құқықтанушылар тартылды. Солардың қатарында біздің жерлесіміз, білікті құқықтанушы Серіқұл Қосақов Қырғызстан Республикасының Негізгі Заңын жасаушылар қатарынан табылды. Ол 1993 жылы 5 мамырда қабылданған Қырғыз Республи­касының тұңғыш Конституциясының авторы – тәуелсіз елдің Конституциясын жазу үшін ұйымдастырылған арнайы жұмысшы топтың жетекшісі болды.

   Қырғызстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмір өзгерістері байқала түсті. Бұрынғы уақытта «өкімет-қоғам» формуласы іс жүзіне асырылса, енді керісінше, «қоғам-өкімет» негізге алынады. Мемлекеттік басқару органдары­ның халыққа қалтқысыз қызмет ету арқылы құқықтық мемлекет пен еркін нарықтық эконо­микаға негізделген алдыңғы қатарлы азаматтық қоғам қалыптастыру қажет болды. Қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани қатынастар конституцияға байланысты реттелетіні айқын. Әрине, ТМД елдері үшін Конституция қабылдау өте қиын болғаны белгілі. Өйткені ол жылдарда экономикалық-әлеуметтік проблемалар шиеленісіп, қылмыс көбейіп, авторитарлы тәртіп­тің нығаюына ықпал ететін өзге де факторлар өршіп, адамның ақыл-ойына төңкерістер жасалып жатты. Осындай сындарлы сәтте халықаралық стандарттарға сай адам құқығы мен бостандығын барынша қамтамасыз етуге бағытталған Қырғызстан Республикасының Конституциясын дайындау өте ауыр болды. Бірақ тәжірибелі құқықтанушы бұл жолда жаңылыс­пады. Себебі, Серіқұл Қосақұлы бұған дейін Қырғызстанның «Мемлекеттік Тіл туралы», «Қыр­ғызстанның суверенитеті туралы», «Азаматтық туралы» (1989 – 1993 жылдар аралығында) заң­дарын жазуға қатысқан болатын.

      Ол – Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жаңа тұрмыс ауылында 1945 жылы дүниеге келді. Туған ауылында 7 жылдық мектепті бітірген соң, көршілес Бішкек қаласында тұратын ағасына шайтанар­бамен барып, осында оқуын жалғастырады. Қырғызстан астанасындағы бірден-бір айтулы қырғыз ұлттық гимназиясын үздік дипломмен бітірген оған қырғыз ағайындар ортасында өмір сүруге жазады. Баласағын атындағы Қырғыз университетінің Заң институтында Конститу­циялық құқық факультетінің деканы, Әділет министрінің бірінші орынбасары, Республикалық Төрелік сот төрағасы лауазымында жауапты қызметтер атқарады.

      Туған жерден өкшесі көтерілген ұл, туыс­тарынан жібін үзген емес. Әр жылдары туған жерге келіп, тағзым етуді ұмытпаған. Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасы, Қырғыз­стан халық Ассамблеясы төрағасының орынбасары ретінде өз ұсыныстарын Қазақстан үкіметіне беріп отыруды да ұмытпаған. Бұл ретте, әсіресі, 1995 жылы Астанада өткен Дүниежүзілік қазақтардың құрыл­тайында қазақ-қырғыз бірлескен университетін ашып, оған Қазақстан Президентінің есімін беру туралы өтінішінің жауапсыз қалғанына налып-ақ өтіпті. Бұл күнде Серіқұл ағамыз ортамызда жоқ. Өмірінің соңында Бішкек қаласындағы Манас көшесіне Мұхтар Әуезовке мемориальдық тақта орнат­қаннан кейін 2013 жылдың 15 шілдесінде дүниеден өтіпті.

       Өзі дүниеден озғанымен, есімі есте қалатын аяулы адамдар болады. Себебі, ол адамның кісілік келбеті, тіршілігінде біреулерге жасаған жақсылығы, көрсеткен қызметі, тигізген шапағаты ұмытыл­майды. Кім болсын, жақсыны жадында сақтайды, мінез-қасиетін айтып жүреді. Біз білетін ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор Қырғызстан Республикасының Конституциясын әзірлеушілер тобының жетекшісі, әрі негізгі авторларының бірі Серіқұл Қосақов осындай тұлға еді.

     Сырт қарағанда, жақсы адамдардың мінезі бір-біріне ұқсас сияқты. Адамгершілік, кішіпейілділік, адалдық, қарапайымдылық – жақсылардың бәріне ортақ. Ал үңіле қарасаң, осы қасиеттердің әр адамның бойынан көрінуі, жеке бір оқиға, факт арқылы танылуы әрқилы. Адамды ірі танытатын да, оның ұсақтығын байқататын да оның қылығы, мінез-құлқы болса керек.

       Ол, сірә, ең алдымен – кішілік! Өзіңді қандай жағдайда да қарапайым ұстап, жұртшылық арасында емін-еркін отырып, әңгіме айта білу, тыңдай білу һәм тыңдата білу. Біз жырақта жүріп, бір мемлекеттің Негізгі Заңын қалыптастыруға қызмет еткен ғалымның өмір жолдарына қарап, кісілік деген өмір формуласының бір белгісін аңғарғандай болдық.

       «Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болғандықтан, ол адам бақыт не екенін білуі қажет және өзінің мақсатына ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуі тиіс екенін біліп алуы қажет», деген екен атақты ойшыл ғалым бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби. Сол айтпақшы, Секең бақытқа жету үшін не істеуі тиіс екенін нақты білді және аянбай еңбек етіпті.

       Өмірлік бай тәжірибе, дағдыға айналған талап­шылдық, өзіне талап қоя білуі, жасын салмақтап наз көрсету дегеннен ада қасиет, үлкен-кіші демей ағайынды, жолдасты құрмет тұту үлгісінде көрсетіпті. Ол мінезі сол тұстағы Қырғызстан президенті Асқар Ақаевқа кеңесшілік жасағаннан жұғысты болған іспетті.

       Қазіргі заманның ерекшелігі – бұрынғы кез­дерде бірнеше жылдар жүзінде болатын оқиғалар мен қоғамдық құбылыстар әлдеқайда қысқа мерзім ішінде өтіп жатыр. Қоғам оған да үйрене бастады.

      VІІ ғасырда өмір сүрген Шығыс ғұламалары­ның бірінен «білім артық па, байлық артық па» деп сұрағанда: «Білім сені бағады. Байлықты сен бағасың. Білімді іздей берсең, көбейеді, жұмса­ғанмен азаймайды. Байлықты жұмсай бастасаң, азаяды. Білімнің артықтығы содан» депті.

     Ол кеңестік дәуірде ержетіп, білімі мен білігін тиянақтап, өзінің таным-түйсігімен, уақыт тала­бын сергек сезіну қабілетімен жастайынан атқа мініп, мемлекет басқару ісіне араласты. Алысты жақындатты, ауырды жеңілдетті.

        Басшы болу – айналаңдағы жұртыңды жарқын істерге жұмылдыра білу. Ісіңмен де, сөзіңмен де, қауымға үлгі-өнеге болу. Тақтан таяр күн жет­кенде көпшілік соңыңнан жиіркенішті сөзін емес, жылы лебізін білдіріп жатса, азамат үшін ол – үлкен мерей, бақыт. Ал, істің нәтижелі болуы – сол азаматтың батыл да жігерлі болуында, айтқанын орындата білуінде жатыр. Ешкім де оқып-тоқып тумайды. Өмірден, айналадан, өскен ортасынан жақсы-жаманды үйренеді. Осылай адам болмы­сының негізін қалайтын қасиеттер қалыптасады. Иә, ол жақсыларға жанаса білді, ұлықтардың сөзін естіді.

     Қазақта «Жақсы болсаң өзіңнен, жаман болсаң өзіңнен» деген мәтел бар. Секеңнің қызметтік өмір ағымы осы айтылған сындарлы сөздің ақиқатымен сабақтаса білді. Болмы­сындағы табиғат берген сыпайылық, үлкен-кішіге бірдей ізеттілік, жүзіне ұйыған жылы сезім, дүниеге байыпты көзқарас, ұстамды мінез жас жігітті жүрген-тұрған ортасына тез танытып, халыққа жағымды етті. Еткен еңбек зая кеткен жоқ. Қыр­ғызстанның еңбек сіңірген юрисі, Қырғызстандағы қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш юстиция генерал-майоры, КСРО-ның, тәуелсіз Қырғызстанның бірнеше мемлекеттік марапаттарына ие болған жерлесіміздің алған асулары бір басына жетерлік.

     Өмірде көп көріп, бойына көп тәжірибе жиған адамдар әрдайым мейірбан болады деген аталы сөз бар. Бұған «біреуді жақсы жолға түсірген адамның өзіне де осы жолға түскен адамға бұйырар сауап жазады» деген баталы сөзді де қосуға болады. Өскен жері мерейін асырып, өсіп, өркендеп, көркеюіне қолайлы жағдай жасады. Қайрат­керлік ісімен, өнегесімен өзі білім алған елге бар қабілетімен тиісті үлесін қосу жолында өзін барынша танытып үлгерген сондай байыпты да байсалды ер азаматтың біріне айнала білді.

     «Жер басқанға мәз болма, жерде ізің қалмаса. Ел қамына бола тусаң, арқаң қара нардай жауыр болсын. Мінезің қара жердей ауыр болсын, өкпең жоқ, бәрі бауыр болсын» деген даналарымыздың қағидалы сөздерін әр кез жадында сақтады.

      Егер, адам баласы өлшеулі өмірінде айна­ласына тек жақсылық сыйлап өткен болса, оңдай жандардың екінші бір ғұмыры көз жұмғаннан кейін де жалғасады екен».

     Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар. Бірақ тер төккен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Дәл осындай адами асқақ қасиетке қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар. Әйтсе де өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету оның жарасымды мінезі болыпты.

     Серіқұл ағамыздың бейнесін көз алдыңда көтеріп, тұлғаландырып, асқақтатып әкеткенін оның осы салтанатынан көресің.

     Иә, әр заманның өз батырлары болады, сол батырлар есімі ешуақытта ұмытылмауы тиіс. Олай болса, асыл азаматты мәңгілік есте қалдыру үшін туған жерінде атына көше беріп, ұлықтап жатса дейміз.

     Ерлік ешуақытта ұмытылмауы тиіс.

     Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ 

    http://almaty-akshamy.kz/2014/08/27/

толығырақ

     Жақында Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы Қырғызстан халық Ассамблеясында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Мерекелік іс-шараға мемлекеттік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, Ассамблеяның құрамындағы ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілері қатысып, өздерінің құттықтауларын, Қазақстанның жетістіктері туралы пікірлерін білдірді.

       Дөңгелек үстелдің ашылуында Қырғызстан қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Тілеуқор Бошымова Қазақстанның ширек ғасыр ішіндегі өткен жолы туралы кеңінен баяндап берді. Ал Қырғызстан халық Ассамблеясы кеңесінің төрағасы Тоқан Мамытовтың құттықтаумен бас­талған сөзін жұрт ұйып тыңдады. Мемлекеттік үлкен қызметтерде болған елге сөзі өтімді тұлғалардың бірі Т.Мамытов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еге­мен­­діктің алғашқы жылдарында Қазақстанның ядролық қарудан өз еркі­м­ен бас тартқанын, мұның тіпті әлем­дік қоғамдастықта мәні аса зор оқиға болғанын атап көрсетті. Екін­ші­ден, деді ол, Н.Назарбаев сарабдал саясаткер, кемеңгер Көшбасшы екенін айқын танытты. Бұлай деп отырған себебім, Қазақстан дер кезін­де жүргізілген экономикалық, саяси, мәдени-рухани реформаларының арқасында үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстанның өсіп-өркендегені қазақстандықтар үшін ғана емес, ай­мақ елдері үшін, оның ішінде біздің Қырғызстан үшін де аса маңызды. Қырғыз бен қазақ ділі де, тілі де, діні де бір, бір өзеннен су ішкен халық, барсақ – базарымыз, көмілсек мазарымыз да ортақ.

        Дөңгелек үстел басында сөз сөй­леген басқа да адамдар, қазақ диас­порасының өкілдері өздерінің Қазақ еліне деген тілеулестігін білдірді. Жиынға Бішкек қаласынан отыз шақырым жердегі «Озерное» ауылынан арнайы келген 92 жастағы Қани Алтынбеков Қазақстанның толағай табыстары өзін әрқашан да қуанышқа бөлейтінін жеткізді. Өмір бойы диқаншылықпен айналысқан ақсақалдың ата-анасы Қырғызстанға 1932 жылы қоныс аударыпты. Қария Қазақстанды әрдайым алға тартып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің аталық ақ батасын беріп, Қазақстанды өсіп-өркендету жолындағы еңбегіне жеміс тіледі.

         Назарбек БАЙЖІГІТОВ, республикалық «Қырғыз Туы» газетінің жауапты хатшысы

        https://www.egemen.kz/2016/12/24/86485

толығырақ

             Қазақстанның ұлттық академиялық кiтапханасы қырғыз елiнiң астанасы Бiшкек қаласында қазақ әдебиетi және мәдениетi орталығын ашты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
       Қазақ әдебиетi және мәдениетi орталығы Алықұл Осмонов атындағы ұлттық кiтапханада ашылды.

"Бүгiн егемендi елiмiздiң тарихындағы маңызды күндердiң бiрi деп айтуға болады. Бауырлас қырғыз елiнде ұлттық кiтапхананың төрiнде бiздiң қарым-қатынасымызды нығайтатын қазақ әдебиетi мен мәдениетi орталығын ашып жатырмыз. 100-ден астам кiтап сыйға тарттық. Орталық қоры алдағы уақытта толықтырылады. Кезiнде Мұхтар Әуезов ағамыздан "Неге сонша қырғыз елiн жақсы көресiз?" деп сұрағанда, ол "Егер өмiрге қайта келетiн болсам, қырғыз елiнде туар едiм, себебi елi мен жұрты жайлы, шабыт беретiн осы елдi ерекше құрметтеймiн" деп жауап берген екен. Бiздiң тарихи қарым-қатынасымызды келер ұрпаққа аманат ету керек", - дедi орталықтың ашылу салтанатында ҚР ұлттық академиялық кiтапханасының бас директоры Үмiтхан Мұңалбаева.

        Орталықтың ашылуына Қазақстан тарапынан Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, "Қазақконцерт" директоры, жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдiмбектiң қызы Салтанат Сейдiмбек, "Есiк" тарихи-мәдени қорық-музейiнiң басшысы Гүлмира Мұхтарова, ҚР еңбек сiңiрген қайраткерi, профессор Жанғали Жүзбай, сондай-ақ Қазақстанның қырғыз елiндегi елшiлiгi, қазақ диаспорасының өкiлдерi қатысты.

    "Кiтап деген өте киелi, ал кiтапхана руханияттың бәрiн сақтап отырған жер болғандықтан, қазақ әдебиетi орталығының ашылуы заңды деп ойлаймын. Қазiр әлемде мәдениеттердiң жақындасуының он жылдығы жүрiп жатыр. Қазақстанның бастамасы бойынша осындай қарар қабылданған болатын. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы. Осы мақсатта көптеген iс-шаралар атқарылып жатыр. Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай бүгiн ашылып отырған орталық үлкен мерекелiк тарту деп айтуға болады", - деп атап өттi Дархан Мыңбай.

      Өз кезегiнде қырғыздың мәдениет, ақпарат және туризм министрiнiң орынбасары Фархад Бекманбетов қазақ елiмен ынтымақтастықтың тамыры тереңде жатқанын сөз еттi.

     "Қазақстанмен байланыс бiз үшiн барлық салада - саяси, сауда-экономикалық, рухани-мәдени жақтан аса маңызды. Бiздiң елдер арасындағы көп жақты қарым-қатынаста гуманитарлық ынтымақтастық басты бағыттардың бiрi болып табылады. Мәдени, ғылыми, бiлiм және адами байланыстың тарихи тамыры тереңде жатыр. Олар бай дәстүр мен бiздiң халықтардың тәжiрибесiне негiзделедi. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени байланыс музыка, театр, кино, бейнелеу өнерi, кiтапхана және музей iсiнде дамып келедi", - деп атап өттi ол.

       Жиынға қырғыздың белгiлi ақын-жазушылары, сыйлы ақсақалдары да келдi. Олар қазақ әдебиетi және мәдениетi орталығының бауырлас халықтарды жақындастыра түсетiнiне сенiм бiлдiрiп, зор құрметi менн алғысын жеткiздi.

      Алдағы уақытта қырғыз әдебиетi мен мәдениетi орталығы бiздiң ұлттық академиялық кiтапханада ашылатын болады. Бүгiн екi кiтапхана арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

       Сондай-ақ жиында ҚР ұлттық академиялық кiтапханасының бас директоры, педагогика ғылымдарының докторы Үмiтхан Мұңалбаеваның "Кiтапханалық педагогика. Тарих. Теория. Практика" кiтабының тұсаукесерi өттi. Кiтапханалық педагогика бойынша нақты практикалық мысалдар жазылған бұл жұмыс кiтапханашылардың қызметiнде үлкен көмек болмақ.  

 
 
 
 

толығырақ

    Қырғыз қазақтары 13 наурызда Бішкек қаласындағы Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында Наурыз тойына арналған мерекелік шара өткізді. Ол Қырғыз Республикасының Тарих және мәдениет жылына орай  Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасы Еркін Бөлекбаевтың 55 жылдығы мен Қырғыз Республикасы мәдениетінің үздігі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Ержан Мусиннің шығармашылық кешіне арналды.    

    «Биылғы жыл ерекше  мерекелік шараларға толы. Қырғыз және Қазақстан Республикаларының тәуелсіздігіне  25 жыл толады. Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұнға 1000 жыл, Тайлақ батырға 210 жыл, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерлісіне 100 жыл. Қырғыз автономиялы республикасына 90 жыл, Қырғыз КСР-іне 80 жыл болады. Сондықтан Тарих және мәдениет жылына орай Наурыз мерекесі қарсаңында әдебиет, өнер лауреаттарын анықтауды ұсынамын», – деген Е.Бөлекбаев Наурыз мерекесінің бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтаудағы маңызы мен рөліне ерекше тоқталды.      

   «Наурыз – шығыс халықтарының жыл бойы сағына күтетін ерекше мейрамы. Біздің Қазақстанның батыс өңірінде Наурызды тойлау басталып кетті. Оны – Көрісу   деп айтады. Баяғыда  көшіп-қонып, алты ай қыс бірін-бірі көрмеген бабаларымыз малдың аузы көкке, бала-шағаның аузы аққа енді жеткен кезде наурызда бірімен-бірі көрісіп, құшақтасып, сағыныштарын басып, тойлап жатады екен. Бұл содан қалған дәстүр. Биыл Қазақстанда халық бұл мерекеде 5 күн демалады»,  – деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев       

    Ал Қырғызстандағы Қазақстан Елшісінің кеңесшісі Ербол Ахметов: «Наурыз айының аяғында Қырғызстан театрлары, өнерпаздары қазақ театрының қара шаңырағы саналатын Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өзінің қойылымдарын бастайды. Ол да екі бауырлас халықтардың арасындағы туысқандықтың белгісі деп санаймын» дегенді айтты.

        Ерлік Ержанұлы

толығырақ

   Бішкек қаласында 13 наурызда Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында салтанатты концерт болды. Ол Қырғыз Республикасының Тарих және мәдениет жылына орай  Наурыз мерекесіне және Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасы Еркін Бөлекбаевтың 55 жылдығы мен Халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Ержан Мусиннің шығармашылық кешіне арналды.  Оған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастаған қазақстандық делегация арнайы барып қатысты.

      Қырғыз қазақтары қауымдастығы ұйымдастырған бұл шара Қырғыз Республикасының Тарих және мәдениет жылына орай өткізілген алғашқы мерекелік жиын болды. Ән әуелеп, күй күмбірлеп, мың бұрала билеген қыз-жігіттердің өнерін тамашалауға халық көп жиналып, филармония  залын лық толтырды. Онда тек Қырғызстан ғана емес, Қазақстаннан да бірқатар өнер шеберлері арнайы келіп  өз өнерлерін паш еткен болатын. Салтанатты шара соңында сөзін Қиялбек Урманбетов жазып, Назарбак Байжігітов қазақшалап, Рафаэл Сарлықов әнін шығарған «Алаш балалары» алғаш рет орындалып, ол Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы әнұраны деп жарияланды.

 Алаш балалары

Қазақпын Алатауда тұрып қалған,

Биікте асқақ көрініп.

Егіздей байқаламыз ұлттардан,

Тіліміз бірге өріліп.

 

Әуезов жалындаған жүрек болып,

Біздерге жарық шашқандай.

Айтматов рухымызға тірек болып,

Біздерге ашық аспандай.

 

Қайырма:

Қазақстан менің жүрегімде,

Тілегім ортақ екі елге.

Қырғызстан қымбат бұл өмірде,

Айналған біздің мекенге,

Алмаспан ешбір шетелге!

 

Алаштың ұрпағы боп тарадық біз,

Айырма бізден сезілмей.

Әуелден жүрегі бір қазақ-қырғыз,

Домбыраның екі шегіндей.

 

Жанасып жұлдыздарға аспан елім,

Биіктен осы түспегін!

Маңдайда жанып тұрсын қос жанарым:

Астана мен Бішкегім!  

 

толығырақ

 
          Қазақ хандығының 550 жылдығы әлемдегі бар қазақты біріктіретін ұлы мереке. Осындай ойын Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығының төрағасы, ҚР қоғам қайраткері Эркин Бөлекбаев бөлісті. 

      Оның айтуынша, мұндай ұлы той қиырда жүрген қазақтардың отаны жайлы бір еске түсіріп қоюға мүмкіндік беретін уақиға. Алыс-жақын шетелдерден 2 мыңнан аса адам қатысатын дүбірлі той жүрегі «қазақ» деп соғатын кез-келген азаматтың патриоттық сезімін оятары хақ.

      «Біз, жырақта тұратын қазақтар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы және ішкі саясатын қолдаймыз. Ол барлық халықтарды, мәдениеттер мен дәстүрлерді бір жерге ұйыстырып отыр. Мұндай үлкен мереке Қазақстанды айдай әлемге танытаныны аян», - деді ол.

     Қазақтар қауымдастығының төрағасы Таразда өтіп жатқан мерекеге көңілі толатындығын жеткізді. Кеше облыстық театрда қазақтар туралы пьеса сахналанған. 

      «Қазақ хандығының 550 жылдығы шын мәнінде ауқымды аталып өтіп жатыр. Күн сайын түрлі саладағы азаматтармен пікірлесіп жатырмыз. Тарихқа енетін маңызды оқиғаның бір бөлігі болғанымызға өте қуаныштымыз. Мәселен, бүгін Жәнібек пен Керей ханның ескерткішін салтанатты түрде ашады. Қазақ хандығының кіндігі болған қасиетті мекенде өткен мен бүгіннің арасында дәнекер болып жүргенімізге бақыттымыз», - деді Э.Бөлекбаев.

     http://www.inform.kz/kaz/article/2826170

толығырақ

   Бішкектегі Тоқтоболот Абдымомунов атындағы Қырғыз ұлттық драма театрында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына арналған  спектакльдің тұсауы кесілді. Драмалық шығарма «Ер достығы  – егіз, ел достығы – теңіз» деп аталады.

      Спектакльде Нұрсұлтан Назарбаевтың және оның қырғыз досы Марат Ақматаевтың Үшқоңыр жайлауында, шекаралас қырғыз ауылдарында өткен балалық шағы, кейін Украинаның Днепродзержинск қаласында екі достың басқа да құрбыларымен бірге кәсіптік білім алғаны шебер суреттеліп, болашақ елбасының жас кезіндегі ерекше бейнесі ашып көрсетілген. Екі достың ата-аналарының қарым-қатынастары, жайлаудағы жылқышылардың тұрмысы, кейіпкерлердің сөз саптауы арқылы драмада өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ-қырғыз халқының этнографиялық болмысы сәтті көрініс тапқан. Пьесаның авторы және режиссері Қыр­ғызстанның белгілі журналистерінің бірі, кейінгі жылдары драматургия саласында істеп, Қырғыз-Түрік Манас университетінде студенттерге драма жанры бойынша тәлім-тәрбие беріп жүрген – Аманбек Жапаров. «2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың қырғыз досы Марат Ақматаевпен жолығып, көп естеліктерді жазып алғанмын. Соның негізінде Елбасының 70 жылдығына арнап пьеса жазып, оны сахнаға алып шықпақ болғанбыз. Пьеса жазылды, бірақ «ойлаған ойды қыстаған тұрмыс жеңіп», оны сол кезде сахнаға шығара алмадық. Ештен кеш жақсы, енді Нұрекенің 75 жылдығына үлгердік. Осы арада Марат Ақматаевтың өзі өмірден өтіп кетті. Өзі өтсе де сөзі, жазылған хаты (естеліктері) осы шығармада қамтылды. Қазақ-қырғыз достығын нығайтуға қомақты салымын қосып отырған Нұрсұлтан Әбішұлына қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Дегенмен, негізгі мақсатымыз – екі елдің ежелден жалғасып келе жатқан бірлігін шыңдау, жас буын өкілдеріне үлкен адамдардың достығын үлгі ету», – деп ой бөлісті Аманбек Ділденбайұлы. Пьесаны сахнаға қойған режиссер – Қыр­ғызстанға еңбегі сіңген әртіс Марат Қозы­кеев. Пьесаны қоюға 30-дан аса әртіс қатыс­ты. Нұрсұлтанның әкесі Әбіштің рөлін Қырғыз­станның халық әртісі Дүйшөн Байдөбөтов, Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесін театрдың жас әртісі Эржан Осмонов сомдаған. Бішкекте Аманбек Жапаровтың «Ер достығы – егіз, ел достығы – теңіз» деп аталған кітабы қырғыз, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Елбасының замандастарының әңгімелерімен бірге мұнда пьесаның мәтіні де кіргізілген.

      Назарбек БАЙЖІГІТОВ.

      Қырғыз Республикасы. Бішкек қаласы.

      Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/07/07/69177 
 

толығырақ

    Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында 19-маусымда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын Жолдауын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел жиыны өтті. Оған Қырғыз қазақтары қауымдастығының белсенділері мен Қырғыз қазақтары қауымдастығы кеңесінің мүшелері және Қырғыз Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісінің 1-орынбасары қатысты.        

      Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев онда «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасының жүзеге асырылуының барысын және оның басым бағыттарының «Нұрлы жолда» қалай көрініс тапқанын баяндап берді. Сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі қазақ диаспорасымен байланысының және ондағы қазақ мәдени орталықтарының жай-күйімен таныстырып, дөңгелек үстел жиынына қатысушылардың түрлі сауалдарына жауап берді.

      «Статистикаға қарайтын болсақ бүкіл Қырғызстанның бюджеті Алматы қаласының бюджетінен де аз екен. Ал Қазақстанның бюджеті бүкіл Орталық Азия мен Кавказ елдерінің бюджетімен пара-пар екен. Осыған қарап-ақ екі елдің жағдайын өздеріңіз салыстырып көрулеріңізге болады. Әрине оның бәрі оңаймен келген жоқ. Қазақстан қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға әлі жеткен жоқ, жетпейтін нәрселер әлі де жеткілікті. Оның бәрі Жолдауда айтылған», – деген Т. Мамашев Қазақстандағы көші-қон саясатындағы өзгерістерді түсіндіріп өтті. Заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен түзетулердің жаңа редакциясындағы жаңалықтармен таныстырды. Сондай-ақ Парламент Мәжілісі қарауына ұсынылған жаңа заң жобасының жыл соңына дейін қабылданып, ҚР Президентінің қол қоюына ұсынылуы мүмкін екенін жеткізді.             

       ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі төрағалық жасайтын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басты міндеті шетелдегі қазақ диаспорасының тілі мен салт-дәстүрін ұмытпай оны ары қарай дамыта түсуіне жағдай туғызып, оған қолдау көрсету екені айтылды. Бұл бағытта қазақ ұлттық мәдени орталықтарының маңызы мен рөлі зор екені сөз болды. Алайда кейбір мәдени орталықтар өздерінің қаржылық мәселесін Қазақстан шешу керек, бірақ олардың ішкі ісіне араласпау керек деп ойлайды. Бұл қате пікір. Мемлекеттің шетелдегі қоғамдық ұйымдарды қаржыландыруы заңға қайшы келеді.

       «Қазақ диаспорасының әлеуетін біз әлі толық пайдалана алмай жүрміз. Шетелдегі қазақтардың әлі нақты есебі жоқ. Біз әрбір елдің ресми статистикасы мен ондағы мәдени орталықтардың есебіне ғана сүйеніп жүрміз. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді үкімет алдына қойғанбыз. Алайда қаржыландырудың жоқтығынан бұл іс әлі күнге дейін қолға алынбай отыр. Сол сияқты біз шетелдегі студенттерді де есепке алғымыз келеді. Біз шет елдердің жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақ диаспорасы өкілдері туралы мәдени орталықтарға қанша сұрау салсақ да 3-4 жылдан бері ешқайсысы мәлімет бере алмай отыр. Олар жоғары білім алғаннан кейін Қазақстанға келетін болса оларға мемлекетік грант беруге дайын», - деді Талғат Асылұлы.

         Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/kyirgyiz-kazaktaryi-kauyimdastyigyinyin-V-cyez-ott-70762/ 

толығырақ

Қырғыз қазақтары қауымдастығының V cъезі өтті

        

      Бішкектегі Қырғыз мемлекеттік тарих музейінің мәжіліс залында 20-маусым күні өткен Қырғыз қазақтары қауымдастығының V съезіне жиналушылардың көпшілігі бұл шараға екіұдай сезіммен келген болатын. Өйткені 2013 жылы Қырғыз қазақтары қауымдастығы төрағасы Серікқұл Қосақов қайтыс болғаннан кейін, оның орнына жаңа төраға сайлауда қауымдастық мүшелері бұған дейінгі алқалы жиында бір шешімге келе алмай тарқаған еді. Сондықтан Қырғыз еліндегі 34 мыңға жуық қазақ диаспорасы ұйымының төрағасы міндетін атқару уақытша Ерғали Абдиакимовке жүктелген болатын. Сол себепті бұл съезде де олардың «бір жағадан бас, бір жеңген қол шығара алмайтындығы» туралы сәуегейлік жасаушылар аз болған жоқ. Дегенмен мерейтойлық съезді ұйымдастырушылардың еңбегі өз жемісін берді. Көптен күткен бұл жиынға қатысатын делегаттардың тізімі облыстық аудандық, қалалық деңгейде өткен алқалы жиында анықталған болатын. Қауымдастықтың құрметі төрағасы Еркін Бөлекбаевтың айтуынша, ұйымдастыру органындағы тізім бойынша делегаттар саны Баткен мен Нарын облыстарынан бір-бірден, ал Ош қаласынан - 2, Ош облысынан – 3, Жалалабад облысынан - 5, Талас облысынан – 17, Ыстық көл облысынан – 40, Бішкек қаласынан – 56, Шу облысынан – 76 адам болды. Делегаттар тізіміне енбей қалған Кеңестің өзге төрт-бес мүшесі де бұл күні қауымдастық ережесі бойынша жаңа төрағаны таңдау кезінде өз дауыстарын беруге мүмкіндік алды.

        Төрағалыққа ұсынылған 5 үміткердің екеуі тіркеу барысында өз өтініштері бойынша тізімнен сызылып қалды. Дегенмен қалған үшеудің ешқайсысы 1-турда қажетті 90 дауысқа қол жеткізе алмады. Сол себепті ең көп дауыс алған екеуі 2-турда қайта сайлауға түсіп, онда басым түскен Еркін Бөлекбаев жеңімпаз деп танылып, төраға атанды. Жарғыға енгізілген жаңа өзгерістер бойынша Е.Бөлекбаев бұл қызметке 4 жыл мерзімге сайланып отыр.

           Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ.

        Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/kyirgyiz-kazaktaryi-kauyimdastyigyinyin-V-cyez-ott-70762/

 

толығырақ

     Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар ақын Бауыржан Қарағызұлының өлеңдер жинағы қырғыз тіліне аударылып, «Топырақ демі» деген атаумен басылып шықты. Авторы – қырғыз елінің жас ақыны Қалиша Жақыпова.

     Қалиша былтырғы жылы «Әдебиет порталы» арқылы онлайн өткізілген XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша «Поэзия» аталымына қатысып, лауреат атанған болатын.

     Аталған кітаптың тұсаукесері Бішкек қаласындағы Т.Әбдімомынов атындағы қырғыз ұлттық академиялық драма театрында өтті. Жинаққа ақынның бүгінгі күнге дейін жарық көрген, кітаптарына енген өлеңдерімен қоса жаңа өлеңдері де енгізілген. Жыр жинағы 500 данамен жарық көрді.

толығырақ

     Ұлтымыздың ұлы перзенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының  Президенті болып қайта сайлануы Қырғызстан қазақтарының да мерейін көтерген үлкен оқиға болды. Қазақ қауымдастығының мәдени істерін үйлестіруші қатары республиканың қазақтар шоғырланып орналасқан ауылдарына жиі-жиі барып тұрамын. Қайсы өңірде – Ыстықкөл облысында бола ма, Талас, Ош, Чүй (Шу) облыстарындағы ауылдарда ма, отандастарымызбен кездесулерде атажұртымыз – Қазақстанның жетістіктері, әлбетте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы да әңгіме өрбиді. Нұреке жөнінде сүйіспеншілікпен айтылған жылы лебіздерді ғана есітіп келемін. Сайлаудан кейін қауымдастықтың кеңсесіне де, қол телефонға да алыстағы ауылдардан Елбасының жеңісімен құттықтаған қоңырау соғулар көп болды. Қырғызстандықтар бір-бірімізді қуана құттықтап жаттық.

    Елбасымыздың қызметке кірісуіне байланысты ұлықтау рәсімін Қырғызстанға таралатын телеарналардан көріп, бір жасап қалдық. «Бүгінгі мерейлі сәтте маған берілген сенім мандаты – мемлекеттілігімізді нығайту жолындағы қыруар істеріміздің бағасы! Қазақстанды ең қуатты елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсатқа берілген халқымның ақ батасы!», - деп айтты Нұрсұлтан Назарбаев салтанатта сөйлеген жолдауында. Шетелдің азаматы болғандықтан  дауысымызды бере алмасақ та, Қырғызстанның қазақтары, біз де Нұрсұлтан Әбішұлына ақ батамызды береміз.

     Елбасы Қазақстанның алға қарай дамуындағы 5 жаңа сыртқы сын-қатердің қауіп төндіріп отырғанын айтып, төртіншісін – тұрақсыздықтың Орталық Азияның шекараларына да тым жақын келіп тұрғанын, Орталық Азия әлемдік опырылудың жаңа желілеріне ілігуі ықтимал екендігін, сондай-ақ, Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде Қазақстан өңірдегі қауіпсіздік пен экономикалық дамудың ортақ архитектурасына қолдау көрсететінін және Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ең жақын әріптестер – Ресеймен, Беларусьпен, Қырғызстанмен және Армениямен қатынастардың айрықша болатынын қадап айтты. Қазақстанның қолдауы Қырғызстан үшін өте маңызды екенін біз жақсы білеміз.

    Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі «Қадірлі халқым! Қазақстанның жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын! Елдіктің туы биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»- деп белгілегендей, бұл лебіз –  «қадірлі халқым» дегені Қазақстаннан сыртта жүрген қазақ халқының барлық перзенттеріне қарата білдірілген тілек деп қабыл алдық. Мерейің аса берсін, Елбасы, таңың арайлы ата берсін, қазақ елім!

    Ізгі тілекпен Тілеухор БОШЫМОВА,  Қырғызстан халық ассамблеясындағы Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасының орынбасары, Қырғызстанның авиациясына еңбек сіңірген қызметкер

толығырақ

Ерғали ӘБДІҚАЙЫМОВ, Қырғызстан қазақтары қауым­дастығы төрағасының міндетін атқарушы:

      – Мерейлеріңіз үстем бола берсін! Тым жырақта болмасақ та, шетте жүрген соң атажұртымыз бізге ыстық. Тарихи Отанымызда не болып жатқанына зер салып, байқап отырамыз. Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау болады дегенде, оған біз құрметтеген Нұрсұлтан Назарбаев талапкерлігін өзі де қойса деп тілек еткенбіз. Ол тілегіміз қабыл болғанына бір қуанған едік. Енді Нұрағамыздың мерейі үстем болып, мемлекет тізгінін қолынан шығармай, ісін бұрынғыдан да жігерлі қайта жалғастырғанына тағы да қуанып отырмыз. Қырғызстанда тұрып жатқан қазақтар ғана емес, түпкілікті ел қырғыздар да Нұрсұлтан Назарбаевтың қадірін жақсы біледі. Ең бастысы, Нұрсұлтан Әбішұлы көрші елдерге мемлекеттің дамуының орта және ұзақ мерзімдік жос­парлы, эволюциялық жолмен дамуындағы игіліктің үлгісін көрсетіп берді. Қырғызстан халқы Ассамблеясының құрамындағы Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы – бүгінгі күнде республиканың барлық облыстарындағы қазақтардың басын біріктірген ұйым. Қауымдастықтың мүшелері қырғыз жерінде түтін түтеткен 33 мың 700 қазақтың атынан атажұртымыздың бұдан әрі де қарыштап өсіп-өркендеуін қалап, мәртебелі Елбасына және сайлауда дұрыс таңдау жасаған отандастарына құттықтау лебізін «Егемен Қазақстан» газеті арқылы білдіріп қоюды жөн көрді.

         Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/04/30/60113

толығырақ

   

    Бейбіт ИСАБАЕВ, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі:

   – Елші мырза, жақында Қырғыз Рес­пуб­ликасының президенті А.Атамбаевтың Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары болатыны белгілі. Қазіргі таңда біздің елдеріміз арасындағы байланыстар қандай деңгейде?

     – Иә, расында ертең Қырғыз Рес­публикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары басталады. Сапар аясында Қа­зақстан Республикасы мен Қырғыз Рес­публикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-отырысы болады деп күтілуде. Соңғы жылдары біздің елдеріміз ара­сын­дағы саяси диалог үдерісі ерекше қар­қын ала бастады. Елбасы Н.Назар­баевтың Қыр­ғызстанға, Қырғыз президенті А.Атам­баевтың Қазақстанға ресми сапармен келіп кетті. Халықаралық сахнада қазақ-қырғыз стратегиялық одақтастығын нығайтудың маңызды факторы – жаһандық және аймақтық күрделі мәселелер мен негізгі проблемалар бойынша бірдей немесе ұстанымдары ұқсас дер едім. Экономи­калық салада Қазақстан - Қырғыз Рес­публикасының жетекші сауда-эконо­ми­калық және инвестициялық әріп­тестерінің бірі. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық статистика комитетінің ресми мәліметтері бойынша, Қырғызстанның тәуелсіз даму жылдары оның экономикасына біздің еліміз – 1,5 миллиард АҚШ долларынан аса қаржы салды, ал сыртқы сауда айналымында Қытай мен Ресей секілді мемлекеттерден кейін үшінші орынды нық иемденіп келеді. Осы орайда, 2012 жылы Қазақстан мен Қырғызстанның өзара саудасында тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бұған қоса, біздің ел бауырлас Қырғыз­стан­ға тұрақты түрде пәрменді материал­дық-қаржылық және техникалық көмек көрсетіп отырады. Мысалы, 2010 жылдың сәуірі мен 2014 жылдың қыркүйегі аралығында бұл көмектің жалпы сомасы 35 млн АҚШ долларынан асты. Аталған қаржының қомақты бөлігі Ош, Жалалабад қалалары мен республиканың осы аттас облыстарын 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан кейін қалпына келтіруге, Қырғызстан экономикасын дамытуға бағытталды.

       – Сіз екіжақты ынтымақтастыққа қазақ пен қырғыз халықтары арасында ғасырлар бойы қалыптасқан байланыстардың игі ық­палын айттыңыз. Осы орайда, қазіргі уа­қыт­та екі елдің арасындағы мәдени байланыстар және осы бағытта елшілік тарапынан атқа­ры­лып жатқан шаралармен таныстырып өтсеңіз? 

    – Екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық тақырыбын ұзақ әңгі­ме­леуге болады. Егер оған қысқаша тоқталар болсақ, бұл бағытта мәдениет, өнер, білім беру және тағы басқа салалар бойынша байланыстың қарқынды түрде дамуын айтуға болады. Олардың ішінде 2007 жылы басталған Қазақстан мен Қырғызстан зия­лы қауымы форумының жұмысын ерекше атап өту қажет. Бұл бағытта екі елдің мә­дениет министрліктерінің келісімі бо­йынша және біздің елшіліктің қолдауымен, 2012 жылы Бішкекте және Қырғызстанның бірқатар қалаларында «Қазақстанның Қырғызстандағы мәдени күндері» үлкен табыспен өтті. Бұл іс-шара форматында мыңдаған қырғызстандықтар қазақ кино­сының апталығына қатысты, қазақстандық қылқалам шеберлерінің көркем туын­дыларымен, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жас­өспірімдер театрының, Жамбыл облы­сының қазақ және орыс драма театрла­рының жаңа қойылымдарымен танысты, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің концертін тамашалады. Сонымен қатар өткен жылы елшіліктің бастамасы бо­йынша, Қазақстан Республикасының жаңа елордасының 15 жылдық мерейтойы құр­метіне 6-26 маусым аралығында Астана қала­­сында «Астана Қырғызстан суретші­лерінің өнерінде» атты қылқалам шебер­лерінің Бірінші халықаралық көрмесі өтті. Аталған іс-шара астаналықтар мен Елорда қонақтары тарапынан жоғары оң бағасын алды. 

       – Қазақстан мен Қырғызстан әріптестік байланыстың құқықтық базасын 150 жуық құжат құрайды. Оның ішінде екі келісім ерекше орында тұр: олар 1997 жылдың 7 сәуіріндегі Мәңгілік ынтымақтастық туралы және 2003 жылдың 25 желтоқсанындағы Одақтастық туралы шарттар. Қазір екі ел арасындағы алыс-берістің деңгейін қалай бағалайсыз?

   – Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қыр­ғызстан арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық және тең құқылы әріптестік рухында дамып келеді. Мұның басты себептері қатарына біріншіден, екі халық­тың ғасырлар бойы тату көршілестігі мен шыңдалған бауырластығы себеп болса, екіншіден, біздің мемлекеттер арасында барлық өзекті мәселелер бойынша ұқсас көзқарас және екі ел басшыларының жеке байланыстары игі әсерін тигізуде. Оған қоса, жан-жақты ынтымақтастықты нәтижелі дамыту үшін бірлескен жұмыс органдары құрылған, атап айтқанда – Жоғарғы мемлекетаралық кеңес, Үкімет­аралық кеңес, Сыртқы істер министр­ле­рінің кеңесі, сондай-ақ ведомствоаралық бірлестіктер. ҮАК аясында Мүліктік және басқа да реттелмеген мәселелер және Шекара маңы ынтымақтастығын дамыту бойынша комиссиялар тұрақты түрде қызмет атқарады. Бірлескен жұмыстар нәтижесінде өзара қызығушылық туды­ратын барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық күшейе түсті.

   – Халықаралық сахнада қазақ-қырғыз стратегиялық одақтастығын нығайтудың маңызды факторы – жаһандық және ай­мақ­тық күрделі мәселелер мен негізгі проб­лемалар төңірегі туралы пікіріңізді білгім келеді. 

      – Осыған дейін айтып өткенімдей, ҚР Ұлттық статистика комитетінің (ҰСК) ресми мәліметтері бойынша, Қырғыз­станның тәуелсіз дамуы жылдары оның эко­номикасына біздің еліміз – 1,5 мил­лиард АҚШ долларынан аса қаржы салды, ал сыртқы сауда айналымында Қытай мен Ресей секілді мемлекеттерден кейін үшінші орынды нық иемденіп келеді. Оларды оң үдерістің жағымды және жағымсыз аспек­тілері ретінде қабылдағанымыз дұрыс болар еді деп ойлаймын. Бұл процестің даму барысы қарқындаған сайын, оның ерекшеліктері де соғұрлым күрделеніп көріне бастайды. 

     Осыған қарамастан, әр нәрсенің ба­йыбына жетіп, мәселенің квинтэссен­циясын анық көрсету немесе нақтырақ айтқанда, оның тоқетерін айқындау қажет. 

    Біздің жағдайымызда, бүгінгі қазақ­қырғыз қарым-қатынастарында қағидатты келіспеушіліктер жоқ екендігін атап өткім келеді. Бұл Қазақстан мен Қыр­ғызстанның достық пен ұзақ мерзімді болашаққа негізделген стратегиялық әріп­тестікті нығайту бойынша өзара бай­ла­ныстарының мызғымас желісі болып табы­лады. Алайда, ортада бірлесіп шешуді қа­жет ететін әлеуметтік-экономикалық си­паттағы бірқатар мәселелер бар екені рас. Олар, ең алдымен, Қырғызстанның Кеден одағы (КО) елдерімен, оның ішінде осы ұйымның мүшесі ретінде Қазақстанмен қарым-қатынастарына байланысты. Бұл негізіне қырғыз еңбек мигранттарының КО елдерінде болуының құқықтық және әлеуметтік-экономикалық аспектілеріне қатысты. Өйткені Қырғызстан әзірше аталған интеграциялық бірлестіктің мүшесі емес. Сондай-ақ, дәстүрлі қырғыз экс­порт­тық тауарларының (сүт пен ет өнімдері, көкөніс пен жемістер, халық тұтынатын тауарлар және т.б.) КО елдерінің аумағына кедергісіз кіруі үшін «жасыл дәліз» ашу бойынша да белгілі бір қиыншылықтар бар. Сонымен бірге, бұл мәселелерді тү­бе­гейлі шешу – Қырғыз Республика­сының Кеден одағына кіруіне қатысты жақын болашақтың жұмысы. Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап КО Еура­зиялық экономикалық одаққа айналады. Қырғызстан Еуразиялық одақтың мүшесі болған уақыттан бастап, ҚР мен ЕАЭО арасындағы, Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамытуына қатысты барлық сауда-экономикалық қиыншы­лықтар оң шешімін табады деп күтілуде. Сонымен қатар аймақтың су-энергетика қорларын ұтымды және тең пайдалану, халықаралық транзит-көліктік дәліздерді құру, Орталық Азия елдерінің біртіндеп «Жасыл экономикаға» өтуі бойынша және т.б. өзекті мәселелері әлі күрделі қалпында қалып отыр. Олардың шешу аймақтық және көпжақты уағдаластықтарды қажет етуіне байланысты, бұл мәселелерге қа­тысты жұмыстар объективті түрде ұзақ мерзімдік сипатқа ие.

     – Өткен ғасырдағы зұлмат жылдары қазақ халқының өкілдері қырғыз жеріне келіп, осы жерден баспана тапқаны белгілі. Негізінен, сол буынның ұрпақтарынан және әр түрлі жайттарға байланысты Қырғыз­станда тұрып жатқан қазақ диаспорасының бүгінгі жағдайы туралы баяндап берсеңіз?

    – Жалпы, Қырғызстанда тұратын қазақтардың миграциясын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Оларға 1917 жыл­ғы Қазан төңкерісіне дейін, 1941 жыл­ғы Ұлы Отан соғысына дейін және еліміздің Егемендік туралы декларациясы қабыл­данғанға дейінгі аралық жатады. 2009 жылы Қырғызстанда жүргізілген ұлттық санақтың нәтижесі бойынша, осы елде тұратын қазақтар саны 33 мың шамасында. Олар негізінен, Қазақстанмен шекаралас Шу, Ыстықкөл және Талас облыстары мен мемлекет астанасы Бішкек қаласында шоғырланған. Ал Ош, Нарын, Баткен және Жалалабад облыстарында тұратын қазақтардың үлесі 2 мыңның төңірегінде. Республикадағы қазақ диаспорасын өзінің айналасына топтастырған «Отан» қоғам­дық бірлестігі ана тілі мен ұлттық ерекше­лікті сақтауда, еліміздегі этносаралық ынты­мақтастықты насихаттауда үлкен рөл атқарып келеді. Аталған бірлестік бас­шылығының Қырғызстан халықтары ассамблеясының кеңесі мен алқасының мүшелігінде болуы, оның белсенділігі мен беделінің көрсеткіші ретінде бағалауға болады. 

      – Әңгімеңізге рақмет! 

      Сұхбаттасқан Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ,                                                        http://aikyn.kz/interviews/view/60602 

толығырақ

     Өскемен қаласындағы  Жамбыл атындағы мектеп-интернат базасы мен «Нұр-Отан» зияткерлік мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Бітібаева атындағы халықаралық олимпиадада өткен болатын. Бұл білім додасы  Шығыс-Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған еді. Қырғызстан қазақтары қауымдастығы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Тілеуқор  Бошумованың айтуынша, қырғызстандық қазақ оқушылары жеңімпаздар қатарынан көрінді. Атап айтқанда Эламан Темірбеков бірінші, Сабина Самратова екінші, Амангелді Насрединов үшінші орын алды.  

толығырақ

Ерғали Абдикаимов: «Қазақстанға  арқа сүйейміз»
       Қырғыз билігі республикада биылғы жылды мемлекеттілікті шыңдау жылы деп жариялады. Құжатта бұл игі іс-шараны жүзеге асыруға өлкенің барлық азаматтарының белсенді қатысуы тиіс екендігі айтылған. Біз Бішкектегі «Дос­тық» үйінде орналасқан Қырғызстан қазақтарының қауымдастығында болып, оның төрағасының міндетін атқарушы Ерғали Абдикаимовты сөзге тартқан едік.  

    – Ерғали Дадаханұлы, оқырмандарымызға ұйымның жағдайы, Қырғызстандағы отандастарымыздың тіршілігі туралы айтып берсеңіз.

    – Бұрын Қырғызстанда қазақтардың республикалық дәрежедегі екі үлкен мәдени орталығы болған. Біріншісі – «Отан» 1992 жылы, екіншісі – «Алаш» 2003 жылы құрылған. 2010 жылдың 13 желтоқсанында екі ұйым қосылып, Қырғызстан қазақтарының қауымдастығына біріккен. Қауымдастық республикамыздың жеті облысындағы қазақ мәдени орталықтарының жұмыстарын үйлестіріп отыр. Өткен жылдың Ресми статистикалық мәліметке қарағанда,  бүгінгі таңда Қырғызстанда 33 368 қазақ бар. Қазақтардың көпшілігі осы Бішкекке жақын Шу облысында және Ыстықкөл облысында шоғырланған. Ауылдағы қазақтар мал шаруасымен және егін егумен айналысады. Күн көрістері жақсы. Қазақ зиялы қауымы – негізінен Бішкекте. Олардың ішінде қырғыз қоғамына танымал педагогтар, дәрігерлер, өнер адамдары, басқа да кәсіптің иелері баршылық. Мемлекеттік қызметтерде істеп жүрген қандастарымыз да жоқ емес. Жақында Қырғыз Республикасының Президентінің аппарат жетекшісінің орынбасары дәрежесіндегі аппараттың қаржы-экономикалық талдау және дамуға мониторинг жасау бөлімінің басшысы Нұрсұлу Ахметова Президенттің жарлығымен Қырғыз Республикасын тұрақты дамыту бойынша Ұлттық кеңестің мүшесі де болып тағайындалды. 

     Өткен жылы  қауымдастығымыз үлкен қайғыға душар болды. Ұйымның төрағасы, Қырғызстанның белгілі мемлекет қайраткері Серікұл Қосақов кенеттен келген аурудан дүниеден озды. Бүгінгі күнде қауымдастықтың жаңа төрағасын сайлауға әзірлік жасаудамыз. Ұйымның жарғысы бойынша, төрағаны сайлауға Қырғызстанның барлық облыстарындағы қазақтардың өкілдері қатысуы керек. Сондықтан, бұл мәселе кешігіңкіреп жатыр.

    – Қырғызстан көп ұлтты республика. Ұлттар аралық қатынастар бойынша мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты қандай?

     – Ең бастысы ұлттар теңдігі мәселесі Қырғызстанның Конституциясында нақты көрсетілген. Қырғыздан басқа ұлттың өкілдері  өлке халқының 27,8 пайызын, былайша айтқанда, 1 миллион 545 мың адамды құрап отыр. Былтыр, 2013 жылдың 10 сәуірінде  Президент Алмазбек Атамбаевтың жарлығымен Қырғыз Респуб­ликасында халықтың бірлігін және ұлттар аралық мәмілелерді шыңдау тұжырымдамасы қабыл алынған. Бұл құжаттың бұрынғы төрағамыз, Қырғызстан халық ассамблеясы кеңесінің мүшесі болған Серікұл Қосақов ағамыздың жетекшілігімен жазылғанын мақтан тұтамыз. 

    Тұжырымдамада азаматтардың шыққан тегіне, ұлтына қарамай тең құқығын қамсыздау бойынша  зайырлы мемлекеттерге тәндік жалпы ережелерден тысқары, азаматтың қайсы ұлтқа жататынын өзі анықтауына шарт жасау керектігі айтылған. Бұл – мысалы, қазақ бола тұрып ата-бабалары әлдебір себептермен бір кезде «қырғыз» деп төлқұжат алған азаматтар енді қаласа төлқұжатын «қазақ» деп өзгертіп алуына мүмкіндік болады деген сөз.

      Үстіміздегі жылдың қаңтар айында мемлекет басшысы Қырғызстанда 2014 жылды мемлекеттілікті бекемдеу жылы деп жариялады. Президент бұл жарлығында жоғарыда аталған тұжырымдаманы атқаруға ерекше көңіл бұрды.

    Бұдан бір жарым жыл бұрын Қырғыз Республикасының Үкіметіне қарасты жергілікті дербес басқару және этностар аралық мәмілелер бойынша мемлекеттік агенттік құрылған. Негізінен, қазіргі кезде мемлекеттің ұлттар аралық саясатын осы мекеме жүргізіп отыр.

    – Сіздердің қауымдастық сол агенттікке қарай ма? Қаржылық жақтан кімдерге арқа сүйейсіздер?

    – Қырғызстан халық ассамблеясы біздің қауымдастыққа сонау «Отан» ұлттық мәдени орталығы кезімізде үлкен бір бөлмесін еншілеп берген. Жұмысымыз – қоғамдық негізде. Ешкім айлық алмайды, қайта артылса ұйымымызға «жанұялық бюджетімізден» хал-қадерімізше үлесімізді қосып тұрамыз. Тіпті, Қырғызстан халық ассамблеясын мемлекет жеткілікті дәрежеде қаржыландырмайды. Аппаратындағы санаулы адамдарға ғана еңбекақы төленеді. Ассамблеяның құрамында біз сияқты 28 ұлттық мәдени ұйым бар. Барлығымыз, Қырғызстан халық ассамблеясы да, қоғамдық ұйым болып есептеледі, үлкен іс-шараларды атқаруға қомақтырақ қаржы талап етілсе, ондай жағдайда демеушілердің қолдауына сүйенеміз. Үкіметке қарасты мемлекеттік агенттік қазірше қол ұшын бере қойған жоқ.

   Мысалы, 21 ақпанда «Роза Отынбаеваның бастамасы» халықаралық қоғамдық қоры Қырғызстан халық ассамблеясымен бірігіп «Музыка – халықтың жаны» деген үлкен бағдарламасының кезектегі циклін Қырғызстандағы қазақ халқының мәдени құндылықтарына арнап өткерді. Әлбетте, Қырғызстан халық ассамблеясы өзіне тиесілі барлық жүкті біздің ұйымға артты. Ұйымымыздың «ұлтым» деген жанкүйерлерінің және демеушілеріміздің арқасында мерейіміз жоғары болды. 

    Көп істерімізде біз Қазақстанға арқа сүйейміз. Қадірлі елбасымыз, Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі төралқасына төраға болған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі әрқашан да жай-күйімізден хабар алып көмектесіп тұрады. Өткен жылдары «Нұр-Отан» партиясының өкілдері Қырғызстанға келген сапарларында қауымдастықтың істерімен танысып, біршама қолдау көрсеткен.

    Биылғы Наурыз мерекесі жақын қалғанда тосын қиыншылыққа тап болдық.  Бөлмеміздің төбесінен су ағып, бір қабырғасының жоғары жағы опырылып түсті. Шұғыл түрде кешенді оңдау жүргізуге тура келді. Ассамблеяда ондай қаражат жоқ, Қазақстандық «Халық Банктың»  Қырғызстандағы кіндіктес компаниясы «Халық Банк Қырғызстан» ашық акционерлік қоғамына және «Қазақмыс Голд Қырғызстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жәрдем сұрап хат жаздық. Олар дереу үн қатып, қаржы жағынан жәрдемдесті. Бөлмемізді де жөндеп алдық, басқа ұлттық ұйымдарды шақырып, Наурызды да белгіледік. Мүмкіншілікті пайдаланып, демеушілік көрсеткен екі мекеменің жетекшілеріне қазақ қауымдастығының атынан ризашылығымды білдіремін.

       Сұхбаттасқан Назарбек БАЙЖІГІТОВ,«Түркістанның» Қырғызстандағы тілшісі 

толығырақ

    Қырғызстан астанасында «Музыка - халықтың жаны: Қазақстан» деген атпен концерт өтті. Оны жергілікті қоғамдық ұйымдар ұйымдастырды. Қырғыз ұлттық филармониясының залы көрсетілім басталғанша-ақ лық толды. Әртістер сахнаға шығып, өнер көрсетпес бұрын осы елдегі қазақтардың қоғамдық ұйымдарының қызметі жайлы деректі фильм көрсетілді.

    Соңынан Қазақстаннан келген «Махаббат» ансамблінің әртістері қазақтың ұлттық билерін орындады. Айта кетер жайт, қазақ тіліндегі әндерді тек қонақтар ғана емес, сонымен бірге әуесқойлар мен жергілікті кәсіби опералық әншілер де шырқады.

  Қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптарының таныстырылуы жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Залдағы көрермендерге, сонымен бірге шараға келген шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне ұлттық сусындар мен тағамдар ұсынылды.

    Қазақтың ұлттық аспаптары - домбыра, жетіген, қобыз әуендерінен соң қазақ пен қырғыз ақындарының айтысы ұйымдастырылды. Олар халықтар арасындағы бейбітшілік пен достық тақырыбын арқау етті.

     ҚазАқпарат

 

 

 

толығырақ

КСРО-да соңғы халық санағы 1989 жылы жүргізілген болатын. Ол кезде Қазақ КСР-нан тыс жерде 1 601 202 астам қазақ, немесе одақтық мемлекеттердегі қазақтарыдың жалпы санының 19,7% өмір сүрген. Қырғызстанда 37 318 қазақ немесе КСРО-дағы қазақтардың жалпы санының 0,5% өмір сүрген. Қазақтар мен қырғыздардың тұтастығы материалды және рухани мәдениетімен көрінетіні белгілі. Екі халықта көшпенді өмір салтын ұстанған, ұқсас шаруашылықты игерген. Қазақ және қырғыз халықтарының мәдени өзара тығыз байланысы әдеби шығармаларда, сазды өнерде, тарихи жылнамаларда көрсетілген.

Кеңес заманында кейбір қазақтар ұлттық санаға онша көңіл бөлмеді, ал кейбіреулерге өздері тұрып жатқан республиканың ұлт қатарына жазыла салу тиімді болды. Уақыт өте келе ол адамдардың санасы өзгере бастады, алайда ұлтын қазақ деп көрсетуге мүмкіндік бола бермеді. Осындай айғақтар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына белгілі, айталық, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қарақалпақстан, Эстония, Ресейде. Бұндай жағдай көбіне аралас некелерге тән.

Қырғыз Республикасының алғашқы Ұлттық халық санағы 1999 жылы наурыз айында жүргізілді. 2009 жылдың наурыз-сәуір айларында жүргізілген Қырғызстанның екінші ұлттық халық санағы бойынша қазақтар санының 1999 жылғы көрсеткішке қарағанда 42,7 мың адамнан 33,2 мың адамға дейін азайғанын көрсеткен. Соған қарай, халық санағы аралығында Қырғызстандағы қазақтардың өсім саны 0,9% дан  0,6%ға дейін төмендеген.

 Егерде бұдан да ұзақ жылнамалық аралықты алатын болсақ, онда 1939 жылмен салыстырғанда тұрғындардың жалпы санынан қазақтар үлесі 60 жыл ішінде 1,6%-дан 0,9%-ға, 1999 жылдан бергі он жыл ішінде, яғни 2009 жылға қарай – 0,6%-ға дейін азайған.

Егерде 1939 жылы қазақтар саны жағынан Қырғызстанда бесінші орында тұрған болса, енд 70 жылдан соң – сегізінші орында. Оның алдына: қырғыздар, өзбектер, орыстар, дұңғандар, ұйғырлар, тәжіктер мен түріктер орналасқан.

Эмиграцияның өсуіне қарай, сондай ақ бала туу деңгейінің айырмашылығына қарай, Қырғызстандағы халықтың ұлттық құрамында айтарлықтай өзгерістер орын алды: қырғыз, өзбек, дұңған, тәжіктердің үлесі артты, татар, орыс, қазақ, кәрістердің үлесі азайған, ал – украиндар мен немістердің үлесі тіптен екі еседен астамға кеміген. ҚР халық санағы кезінде ұлты сұралғандардың сөзінен жазылып алынған, ал балалардың ұлты ата-аналарымен белгіленген.

 

Қалалық және ауылдық тұрғындар

 

ҚР жеті облыстан және республикалық дәрежедегі екі қаладан (Бішкек пен Ош) тұрады. Тұрғындардың орналасу тәртібі, олардың қалалық және ауылдық дәрежеге жіктеуі сол аймақтың урбанизациясын (қалаландыру) анықтайтыны белгілі. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда төмен. Айталық, ауылдық қазақ тұрғындары осы кезге дейін қалалықтарға қарағанда сан жағынан артық. 1999 жылы ҚР қалалық қазақтардың саны 190399 адамды, яғни жалпы қазақ тұрғындардың 44,6% құраған. Ал ауылдық жерлерде 23618 қазақ, яғни қазақтардың жалпы санының  55,4% өмір сүрген. 10 жылдан соң ауылдық қазақ тұрғындары ҚР қазақтардың жалпы санының 58,8%   құраған. Ол қазақтардың 90% Талас ауданының ауылдық жерлерінде, Ыстықкөл және Шу облыстарында – 82% тұрған.

  

Демографиялық ахуал

 

ҚР этникалық қазақтары арасында сан  жағынан әйелдер (56,64%) басым. Салыстыру үшін, Ресейде қазақ ұлтының еркектері мен әйелдері сан жағынан шамамен бірдей болып келеді. ҚР қазақ тұрғындарының орта жасы 27,6-ны құрайтын жалпыұлттық көрсеткіштен біршама жоғары. ҚР қазақтардың орта жасы 30,7 (қырғыздарда – 26,2), қалалық қазақтар арасында – 31,7 және ауылдық қазақтар арасында – 30,0 құрайды.

Қырғызстанда 1999 жылы еңбекке жарамды жастағы қазақтардың саны – 26614 адам немесе елдегі жалпы қазақтың 62,4%, оның ішінде қалада 13108 адам немесе 30,7%, ал ауылдық жерде – 135026 адам (31,7%); еңбек жасына толмағандар саны – 13208 адам немесе 31%, оның ішінде қалалық жерде – 4839 адам (11,3%), ал ауылдық жерде – 8369 адам (19,6%); еңбек жасынан асып кеткендер саны – 2835 адам немесе 6,6%, оның ішінде қалалық жерде – 1092 адам (2,6%), ауылда – 1743 адам (4,0%).

 

Тіл этносты құраушы басты компонентке жатады

 

Қырғызстанда мемлекеттік тіл  қырғыз тілі болып табылады, ал ресми – орыс тілі. Қазақ тілін ана тілі деп көрсеткен қазақтар саны 1999 жылы – 32473 адам болса (76,1%), ал 2009 жылы – 22404 адамға (67,49%) азайған. Шу облысының қазақтары қазақ тілінен ең жоғары көрсеткіш берген, ана тілі ретінде – 85% атаған. Ал бұл көрсеткіш Ыстықкөл облысы бойынша ең төмен, бар болғаны 21,5%. Қалалық қазақтар арасында қазақ тілі ана тілі ретінде, Бішкек тұрғындары арасында белгіленді (77%) көрсеткіші жоғары.

Егерде 1999 жылы қырғыз тілін ана тілі ретінде 7546 қазақ атаса (17,7%), 2009 жылы одан көбірек яғни 8779 адам көрсеткен, ҚР қазақтардың жалпы санының 26,44% құраған. Мысалы, Ыстықкөл облысында қырғыз тілін ана тілі деп көрсеткен қазақтар үлесі облыстағы жалпы қазақтар санының 76,47% құрайды. Талас облысында бұл көрсеткіш 34,77% құрайды.

Ана тілі ретінде орыс тілін көрсеткендер: 1999 жылы – 2449 адам (5,7%), өзбек тілін  – 95 адам немесе 0,2%,  басқа тілдерді 94 адам немесе 0,2% көрсеткен. 10 жылдан соң орыс тілі бойынша көрсеткіш едәуір төмендеген: 1844 қазақ (5,55%)  орыс тілін ана тілі ретінде қолданған. Осыдан, сөзсіз Қырғызстанда қазақ тілінде білім алатын мекетептердің жоқтығы байқалады.

 

Кәсіби білім алу

 2009 жылы кәсіби білім бойынша Қырғызстандағы республикалық көрсеткіш 10 жас пен одан ересек тұрғылықты халық арасында 24,67% құраған. Немістер арасында бұл көрсеткіш – 36,39%, қырғыздарда – 24,33%, ұйғырлар – 21,6%, әзірбайжандар – 18,65%, өзбектер – 13,85%, – тәжіктер 14,95%, түріктер – 14,72%, дұңғандар – 12,87%, күрдтер – 6,46%, қазақтарда көбірек – 38,08%. Алайда, қазақтар кәрістерден – 49,21%, татарлар – 44,92%, украиндар – 44,51% және орыстарға – 43,55% жол береді. 10 және одан жоғары жастағылардың арасында жоғары және аяқталмаған жоғары білім қазақтар 26,68% (11,11% қырғыздар), орта-арнаулы білім – 10% және кәсіби білім – 6,82%. Қазақ ұлтты әйелдер арасында жоғары білім олардың жалпы санының 19,27%, ал ерлер арасында аздау – 13,76%. 1999 жылы 1000 қазақ әйелге 866 ер адам келсе, 2009 жылы – 857 ер келеді.

 

Қоғамдық ұйымдар

 

Қазақ зиялылары – «Отан» және «Алаш» қоғамдық бірлестіктерін құруға бастама білдірді, олар қалалық, сондай-ақ ауылдық жерлердегі қазақ ағайындар арасында мәдени қызметтер жүргізді. Мақала авторы 2010 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан қазақтарының съезінің жұмысына Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы атынан қатысты, сол кезде «Отан» мен «Алаш» жақтастарының қызу таластары нәтижесінде Бішкекте Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы құрылған болатын. Оның басшысы болып Қырғызстанның еңбегі сіңген заңгері, заң ғылымдарының кандидаты, Қырғызстанның Ата Заңын құрастырушылардың бірі, Қырғыз КСР-нің, одан кейін ҚР-ның азаматтығы туралы Заңның дербес авторы, профессор Серікқұл Қосақов  (1945-2013 жж.) сайланды. Қазақ диаспорасының көшбасшысының бірі Еркін Бөлекбаев атап айтқандай «Қырғызстан – кішкентай ел, барлығы бірін-бірі таниды».

 

К.Н. Балтабаева,

тарих ғылымдарының кандидаты

толығырақ

Одной из научных и актуальных проблем казахстанской диаспорологии является изучение истории казахов Кыргызстана, их численность и расселение, семейный состав, уровень образования и т.д. в стране пребывания.

            Следует отметить, что казахи и киргызы с древних времен кочевали рядом, являлись соседними и братскими народами, чему способствовало схожесть обычаев, традиций, языка и образа жизни. Первые научные сведения о численности, составе, занятости казахского и кыргызского населения, было опубликовано по итогам Первой всероссийской переписи населения, в 1897 году. В то время, территория нынешнего Кыргызстана была включена в состав Туркестанской и  Семиреченской областей. По итогам переписи 1897 г. и 1913 г., на территории Кыргызстана проживало  соответственно 663 тыс. и 863,9 тыс.чел. [1].

            После образования Киргизской АССР (1 февраля 1926 г.) советская власть проводила перепись населения. Так, по данным переписи 1926 года, на территории Кыргызстана проживало 1001 тыс. населения, из них кыргызы составляли – 668 тыс. чел. (66,8% удельный вес), русские – 116 тыс. (11,7 %), узбеки – 106 тыс. (10,6%), казахи – 1749 чел (0,2%) [2].

            По итогам переписи населения 1959 года в Кыргызстане проживало 2006 тыс.чел, из них кыргызы – 836 тыс. (40,5%), русские – 623 тыс.(30,2%),  узбеки – 218 тыс. (10,6%), казахи – 20067 (1,0%). Рост численности казахов на территории Кыргызстана в это время, во многом были связаны с откочевкой  казахских аулов из Казахстана в 1930-1933 годы (голодовка) и послевоенным возрождением национальной экономики страны, куда приезжали работать казахи из соседних областей Казахстана.

            В 1979 году, по итогам переписи населения, в Кыргызстане проживало 3522 тыс. чел., из них кыргызы – 1687 тыс. (47,9%), русские – 911 тыс. (25,9%), узбеки – 426 тыс.(12,1%), казахи – 27442 (0,8%). Через 10 лет, в 1989 году численность населения Кыргызстана составляло 4257 тыс.чел., из них кыргызы – 2229 тыс. (52,4%), русские – 916 тыс.(21,5%), узбеки – 550 тыс. (12,9%), казахи – 37318 (0,9%) [3].

            После обретения независимости Кыргызстана, в 1999 году проводилась Первая национальная перепись населения, которая зафиксировала численность населения в стране – 4822 тыс., из них кыргызы – 3128 тыс. (64,9%), русские – 603 тыс. (12,5%), узбеки – 664 тыс. (13,8%), казахи – 42657 тыс. (0,9%).

            При этом численность казахов, проживавших в различных районах Кыргызстана, были разными. Так, казахи в большинстве проживали в приграничных районах с Казахстаном, в основном, в северном регионе. В Чуйской области, включая г. Бишкек, проживало более 21 тыс. казахов (Бишкеке – более 15 тыс.), Иссык-Кульской области – 10,4 тыс., в Таласской области – около 8 тыс., в южных регионах, включая Баткенской, Ошской и Джалал-Абадской области – 3,6 тыс. чел. [4]. Казахи, в основном в городах, представлены в научно-культурной сфере, здравоохранении, образовании, в сельской местности – в аграрных и строительных секторах.

            Последующие изменение численности казахов по территории Кыргызской Республики за 2004-2008 гг., можно увидеть на табл. № 1 [5].

 

 

2004

  2005

  2006

  2007

 2008

    +  -

Кыргызская Республика

 

 

41394

 

40941

 

40176

 

39356

 

38866

 

- 2528

Баткенская область

 

237

 

228

 

220

 

217

 

206

 

- 31

Джалал-Абадская область

 

1037

 

1005

 

968

 

940

 

914

 

- 123

Иссык-кульская область

 

7226

 

7245

 

7231

 

7202

 

7160

 

- 66

Нарынская область

 

279

 

279

 

275

 

271

 

271

 

- 8

Ошская

область

 

570

 

569

 

564

 

566

 

563

 

- 7

Таласская

область

 

3292

 

3199

 

3108

 

3031

 

2995

 

- 297

Чуйская

область

 

16289

 

15927

 

15400

 

14878

 

14596

 

- 1693

г.Бишкек

12091

12132

12060

11910

11835

- 256

г.Ош.

373

357

350

341

326

- 47

 

            По данным Национального статистического комитета КР за 2006 год, (промежуточный этап), из 420176 чел., численность казахов до 18 лет составляла – 13486, трудоспособных – 17438, пенсионеров – 9252 чел. Из них высшее образование имели 2662 чел. (16 докторов наук, 23 – кандидаты наук), незаконченное высшее – 2607, среднеспециальное образование – 5180, общее среднее – 20614 чел [6].

            В марте 2009 года, в Кыргызстане проводилась перепись населения, где численность жителей составила 5368,8 тыс. чел., в стране проживает более 100 национальностей. Этническая структура населения претерпела значительные изменения в течение последних десяти лет, которые в наибольшей мере обусловлены миграционными процессами, в связи с тяжелым социально-экономическим положением страны. По данным переписи 2009 г., кыргызы являются наиболее многочисленной национальностью в республике, их численность составила 3804,8 тыс. чел. (70,9%).

            По сравнению с 1999 г., наиболее значительное уменьшение численности населения отмечается среди русских – на 183,6 тыс. чел. (30,4%), украинцев – на 28,5 тыс. чел., (более 2,0%), казахов – на 9,5 тыс. чел. (22,2%). В то же время, отмечается рост численности узбеков, дунган, таджиков, которые, в основном, связаны с высоким естественным приростом.

            В 2009 году, численность казахов в Кыргызстане составила  33,2 тыс. чел. (0,6%). По численности семей (по принадлежности к одной национальности) по размеру, национальности казахи заняли – 8 место (2349 семей (9130 чел.), средний размер семьи – 3,9 чел.), после кыргызов, узбеков, русских, дунган, украинцев, уйгур и татар (6). По принадлежности семьи, где члены семьи состоят из разных национальностей, кыргызско-казахские семьи по республике занимают второе место – 9524 семей, после кыргызов-узбеков – 10935 семей) [7].

            Следует отметить, что апрельские и июньские события 2010 года в Кыргызстане, несомненно, повлияли на численность и миграцию населения страны, в том числе казахов.

            За последние 10 лет, численность казахов в Кыргызстане имеет тенденцию к уменьшению. Основными мотивами переезда казахского населения из Кыргызстана в Казахстан, являются социально-экономические, отчасти политические и духовно-культурные факторы. Кроме того, успешное социально-экономическое развитие, политическая стабильность, межэтническое согласие в стране притягивает большинство соотечественников в Казахстан. Ассоциация казахов Кыргызстана поддерживает тесную связь со Всемирной Ассоциацией казахов.

 

Список использованной литературы и источников:

 

            1 Всесоюзная перепись населения 1926 года: Киргизская АССР. Отд.1. – М.: Изд. ЦСУ СССР, 1928. – С. 197-241; Сартбаев М.К. Казахи Кыргызстана. – Бишкек, 2009.

            2 Население Кыргызстана / Национальный статистический комитет. – Бишкек, 2004, 374 с.

            3 Глава 3. Динамика численности и изменения в размещении населения Кыргызстана. /М. Шулер, Т. Абубакирова, Л. Торгашова/ /В кн. Население Кыргызстана. Национальный статистический комитет. –  Бишкек, 2004, 374 с.

            4 Там же.

            5 Статистические данные Национального статистического комитета КР за 2004-2008 гг.

            6 Там же.

            7 Национальный статистический комитет Кыргызской Республики. Перепись населения и жилищного фонда Кыргызской Республики 2009 года. Книга 1. – Бишкек, 2009. с.62-63, 90; Книга 5. – Бишкек, 2011. – С.297-307.

 

К.И. КОБЛАНДИН

// Текущий архив Всемирной Ассоциации казахов, 2012

толығырақ

В переписи населения 2009 года в Кыргызстане зарегистрировано 33 тысячи 198 человек казахской национальности. А по переписи 1999 года их было 42 тыс. 657 чел. В условиях, когда даже сотни тысяч представителей титульной нации, кыргызы, уехали из страны в поисках работы, миграция казахов – естественный процесс.

31 августа 1991 года Кыргызстан стал независимой республикой. Сегодня с  гордостью хочется отметить, что деятельность сыновей и дочерей казахского народа дала импульс для становления молодого суверенного кыргызского государства. В данное время,  четвертое поколение казахской интеллигенции бок о бок с кыргызским и другими народами работает во всех сферах экономики, образования  и культуры.

После обретения независимости, у самостоятельного государства возникла необходимость принятия новой Конституции. Очевидно, в советское время в Кыргызстане не готовили специалистов по конституционному праву. Можно было по пальцам одной руки сосчитать знатоков  Основого Закона. Одним из них был Серикул Косаков, именно его  назначили руководителем рабочей группы по разработке первой Конституции Кыргызской Республики.  Конституция независимого Кыргызстана была всенародно принята 5 мая 1993 года.

Опыт Серикула Косаковича на этом поприще очень понадобился. До этого, ученый непосредственно участвовал в написании законов «О государственном языке», «О суверенитете Кыргызстана»,  «О независимости Кыргызстана», «О гражданстве Кыргызской ССР» (1990 г.), «О гражданстве» (1993 г.).

За разработку первой Конституции Указом Президента  Кыргызской Республики 9 мая 1993 года С.Косакову присвоено почетное звание «Заслуженный юрист Кыргызской Республики», а 13 мая присвоено специальное звание «Государственный советник юстиции 3 класса» (генерал-майор юстиции). В те годы Серикул Косаков работал заместителем Министра юстиции, затем Председателем Высшего арбитражного суда Кыргызской Республики. Под руководством Серикула Косакова была написана Концепция этнической политики и консолидации общества Кыргызской Республики и план действий до 2015 года под названием «Мекеним Кыргызстан». В июне 2011 г. состоялся  VII Съезд Ассамблеи народа Кыргызстана, на котором С.Косаков был избран заместителем председателя Ассамблеи народа Кыргызстана. Ранее, в г. Бишкеке 13 декабря 2010 г. с участием представителя от Всемирной Ассоциации казахов и Посольства РК в КР состоялся съезд казахов и в жарких дебатах сторонников «Отан» и «Алаш» была учреждена Ассоциация казахов Кыргызстана.  Председателем Ассоциации казахов Кыргызстана был избран С. Косаков, который  активно сотрудничал со Всемирной Ассоциацией казахов.

Трудно представить историю кыргызской науки и сферу образования без представителей казахского народа. В этом направлении хочется отметить доктора исторических Абдыгама Абдулхаковича Чукубаева, ученого-зоотехника Азима Шайбекова (1914-1978), докторов технических наук Марию Аймухамедову (1919 г.р.) и Есенгелды Бексалова,  доктора сельскохозяйственных наук Тулегена Юсупова (1934-1995), профессора КГУСТА Кулаш Тусупбекову,   педагогов  Газиза Токтарова (1911-1998), Суйтай Уразбаеву (1920-1997), педагога-историка Шайкен Есенгараеву (1920-1997),  отличника народного образования Курмантая Искакова,  доктора географических наук Вагап (Уатай) Кадырова (1915-1993), доктора физико-математических наук Какимсеита Кожахметова, доктора химических наук Жениса Жаманбаева, ученых-геологов  Кайсара Карабалаева (1915- 1978), Рустамбека Мангельдина (1935-1993),  Билаша Камашева (1927-1990) и Нурганым Байтукенову, работника статистики Тлеу Абубакирову,  доктора юридических наук Эркина Дүйсенова, ветерана Государственного исторического музея  Марию Мусатаеву, отличника кинематографии  СССР Сапуру Сеитову, заслуженного деятеля культуры КР, ветерана архивного дела Айгуль Карымсакову, доктора исторических наук Нура Омарова.

Особо можно отметить имена людей, которые трудились в сфере здравоохранения и в медицинской науки. Среди них  доктора медицинских наук   Батырханов Шайхслам Килибаевич, Игисинов Сагынбек Иманкулович, Маралов Аспандьяр Несипчороевич (1938-2006), Бейсенбай Тулебеков,  Хамзамуллин Рафикжан Орозович (1947-2000), фармацевт Пакиза Алимбаева, главный спортивный врач Бактыгүл Алишова, директор Токмокского медицинского училища Болат Альменбаев, отличник здравоохранения Кыргызстана Гисхон Ешенкулова, директор республиканского диагностического центра Сауле Үшкемпирова и др. Мы отдаем дань уважения  заслуженному врачу республики, доктору медицинских наук, профессору, члену-корреспонденту НАН КР, лауреату Госпремии им. Исы Ахунбаева, кардиохирургу  Сейткану Жошыбаеву. Он 45 лет – в  системе здравоохранения Кыргызстана. Сделал более тысячи операций на внутренних органах человека. Возглавлял Институт  хирургии сердца и трансплантации органов при Национальном центре кардиологии и терапии КР.  Автор 140 научных исследований,  имеет семь изобретений, долгие годы преподавал в мединституте.

Многие казахы отличились своей одаренностью в искусстве и культуре. Уроженец села Курдай Аманбек Нуртазин в 1956 г. поступает в оперную студию при Кыргызском государственном театре оперы и балета. Отличившегося выпускника направляют учиться в Московскую государственную консерваторию им. П.И. Чайковского. После окончания ее Аманбек Нуртазин до выхода на заслуженную пенсию работал в родном театре оперы и балета. Исполнял более пятидесяти ролей классического характера:  Ленского в «Евгений Онегин», Касио в «Отелло», Кулчоры в  «Айчүрөке», создал образы  Сыргака, Кыргыл чала и Алманбета в опере «Манас», Сансызбая, Тологена и Чеге в казахской драме «Кыз Жибек». Заслуженный артист Кыргызской Республики, кавалер медали «Данк».  На казахском и кыргызском языках есть пословица «Сын преодолевает отца, ученик преодолевает мастера». Сын Аманбек аксакала Акан Нуртазина с детства выбрал балетное искусство и стал поистине мастером этого сложнейшего вида искусства. За заслуги  в возрасте 29 лет ему присуждено звание Заслуженного артиста, а в 38 лет – Народного артиста Кыргызской Республики. В данное время он – главный балетмейстер  Кыргызского национального театра оперы и балета им. А. Малдыбаева. Отрадно, что кыргызское балетное искусство не ограничивается его именем. Любители этого жанра хорошо знают замечательного педагога, доцента кафедры балетмейстеров Национальной консерватории, Народного артиста Кыргызской Республики Берика Алимбаева. Он воспитывал  выдающегося балетмейстера, Народного артиста СССР Чолпонбека Базарбаева.

Большой вклад внес заслуженный деятель культуры Мадвар Омаров  в развитие творчества коллективов художественной самодеятельности во всей республике. Активно участвует во всех культурных мероприятиях, которые проводят Ассамблея народа Кыргызстана и Ассоциация казахов Кыргызстана, Мусин Ержан Сейсенович. Он преподает в Кыргызском государственном институте искусств им. Б. Бейшеналиевой. Отличник культуры Кыргызстана, награжден Почетной грамотой Кыргызской Республики.

 Скоропостижно ушла из жизни талантливая акын-импровизатор республики  Майра Керимкызы (1962-2009). Она играла на казахской домбре и кыргызском комузе и пела народные песни братских народов. Стала обладателем Гран-при в кыргызско-казахском айтысе акынов в честь независимости Кыргызстана в 2008 г.

Известный певец и музыкант, преподаватель Кыргызской национальной консерватории Ержан Мусин,  Нурлан и Шарипа Абдиралиевы, Алия Бралкиева представляли в Астане со своими программами на IV Курултае казахов всего мира Кыргызскую Республику. Супружеская чета Нурлан и Шарипа Абдиралиевы неоднократно стали лауреатами международных конкурсов эстрадных песен. Они владеют редким даром играть на этих двух народных инструментах – на комузе и домбре, петь на казахском и кыргызском языках. Нурлан Абдиралиев учит  детей казахской диаспоры в Бишкеке распознать тайны волшебного национального музыкального инструмента домбры.

Ряд казахов беззаветно служили в сфере безопасности, обороны и правопорядка страны. Среди них особо отличились заслуженный деятель МВД СССР, полковник милиции Курманбай Толканчинов, полковник милиции Галиакбар Малдабеков, инженер-летчик Турарбек Юсупов (1945-2008), генерал-майор Малик Жумагулов, ветеран ДОСААФ Елдар Усманов, Болотбек Сейдалиев. А заслуженные тренеры Кыргызской Республики Нургали Раимбеков, Алшиораз Бабаев, Мейрамбек Ахметов, Малик Чакиев, тренер по горной лыже Аскар Карабалаев, вице-президент федерации по самбо Мурат Баймулдинов вкладывали свои силы для развития спорта  и физкультуры и воспитания крепкого молодого поколения. Чемпион мира и Европы по кикбоксингу Жанбулат Амантаев, именно находясь в Кыргызстане, покорил такие высокие звании.

Немало казахов, которые работали и работают в государственных управленческих органах. Галий Тугелбаев (1908-1989) руководил управлением Кыргызского промышленного совета, Министерством легкой промышленности. Участник Великой Отечественной войны Уразбаев Маджит Касымович (1920-1977) работал на ответственных должностях Фрунзенского городского и областного комитета партии. Курмантай Жаксыгулов (1904-1966) был заместителем начальника управления ударной стройки железной дороги Луговая – Пишпек, директором республиканского почтамта. Садыркулов Медет Чоканович (1953-2009) дважды был руководителем Администрации Президента Кыргызской Республики (в 1999 и 2007-2008 годах). Учкемпирова Роза Мавлетовна возглавляла Социальный фонд республики. Жумасарлык Нуржанов был директором Госагентства по антимонопольной политике и развитию конкуренции при Правительстве КР. Абдыгул Мырзакулов (1905-1988) дважды избрался депутатом Верховного Совета Кыргызской Республики, а Даулетбек Хамзаев был депутатом «легендарного» кыргызского парламента, Жолмухамедова Людмила Бибатыровна была главным редактором газеты «Свободные горы» того парламента.  Булекбаев Эркин Касымович дважды избран депутатом Жогорку Кенеша КР. Түгелов Мухтар Курманбаевич был заместителем губернатора Ыссык-Кульской области,  Мусиркул Кабылбеков - депутат Бишкекского горсовета, а доктор юридических наук Эркинбек Ракимбаев работал в аппарате Президента КР.

Предпринимательство и бизнес являются движущими силами экономики. В этом направлении раскрылась способность Рахманкула Бажанова, руководителя компании «Риха», обеспечивающей город Бишкек и его окрестности высококачественными хлебобулочными изделиями и мясо-колбасными продуктами. Также можно назвать с гордостью имена Толенбергена Телеушева – директора ОсОО «Койша и С», Аманжана Асканова – директора ОАО «Ак-Куу», Виктора Кадырова – основателя книжно-издательской сети «Раритет», Ергали Абдикаимова – директора автобазы при Бишкекской мэрии.

По инициативе Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Кыргызской Республике Бейбита Исабаева стало традицией чествовать ветеранов войны и тыла накануне праздника Победы – 9 мая. Если в прошлом году ветеранов-казахов насчитывалось 25 человек, к сожалению, в этом году их ряды поредели.  Самому старшему ветерану войны – Кабиру Шарифжанову, который отправился на фронт из Кыргызстана, в этом году исполнилось бы 100 лет. В летописи кыргызстанских казахов имя легендарного летчика, дважды Героя Советского Союза Бигельдинова  Талгата Якупбековича записано золотыми буквами. У коневода, бежавшего богача из Казахстана через Кыргызстан в Китай, Жакыпбека, по пути рождается сын. Это было  5-го августа 1922 года. На казахско-кыргызской границе, в Чуйской долине, испуганный хозяин, преследуемый красноармейцами, оставляя свой большой  табун коневоду, исчезает. Жакыпбек этих коней сдает на руки полномочному представителю председателя Совнаркома В.И. Ленина в Средней Азии командарму М.В. Фрунзе. Командарм дает расписку молодому коневоду. Кстати, эта расписка сыграла большую роль при поступлении в Саратовскую военную школу летчиков выпускнику Фрунзенского аэроклуба Талгату Бигельдинову. После окончании войны     Т. Бигельдинов заканчивает в Москве Академию военно-воздушных сил. Потом он – на военной службе. После выхода в запас возвращается на историческую родину – в Казахстан. А его памятник, воздвигнутый на бульваре Молодой гвардии, напоминает нам тяжелые годы Великой Отечественной войны и о славных героях нашей Отчизны.

Кыргызстанские казахи со своей исторической родиной – Казахстаном держат тесную связь через Всемирную Ассоциацию казахов и  Посольство Республики Казахстан в Кыргызской Республике в Бишкеке. По инициативе Президента Республики Казахстан, Председателя Всемирной Ассоциации казахов Нурсултана Абишевича Назарбаева состоялся в г. Алма-Ата I Всемирный Курултай казахов, затем II (Туркестан),  III (Астана)  и IV (Астана)   съезды казахов всего мира. До сих пор за рубежом проживает более 5 миллионов казахов. Эта немалая доля, поэтому Глава Казахстана всегда уделяет большое внимание жизни соотечественников вне республики.

 Примечателен тот факт, что в 20 июня 2011 года между Ассамблей народа Казахстана и Ассамблей народа Кыргызстана подписано Коммюнике о взаимовыгодном сотрудничестве. Документ подписывали со стороны Казахстана – заместитель председателя АНК Казахстана Ералы Тугжанов, со стороны Кыргызстана – Председатель АНК Кыргызстана Бектемир Мурзубраимов.

В развитии национальной культуры, сохранении традиций и языка казахов большую роль играли национально-культурный центр «Отан», созданный в  1992 году, и республиканское общественное объединение  «Алаш», созданное в 2003 году. В конце 2010 года они объединились и сейчас под эгидой Ассамблеи народа Кыргызстана функционирует Ассоциация казахов Кыргызстана. Все казахские общества, работающие в областях и городах республики, сотрудничают с Ассоциацией. Руководитель токмакского общества казахов «Елим-ай» – Жаныбек Алыбаев,  в Иссык-Куле – Акмаалы Иренчиев, в Кара-Балте  – Толеген Смайылов, в Таласе  – Алия Сманалиева, в Оше – Баян Тулешова, в Джалал-Абаде – Акым Пернеев, активно содействуют возрождению национальных традиций казахского народа.

Особо надо отметить труд Тлеухор Бошумовой, заместителя Ассоциации казахов Кыргызстана, бывшего зам. председателя общества «Алаш». Ветеран авиации, одна из первых представителей кыргызских стюардесс,  заведующая Музеем истории кыргызской авиации при аэропорте «Манас», Тлеухор Бошумова всю свою жизнь вне основной работы посвятила и посвящает казахской диаспоре. Уже много лет она каждый год организует и готовит казахских детей на конкурс казахского языка, который проводится в Казахстане, а также на конкурс народных песен имени Шамшы Калдаякова Министерства культуры и информации РК.  Два года тому назад под ее руководством были подготовлены изделия народного прикладного искусства для смотра-конкурса. В результате кыргызстанский казахский художник Алижан Амантаев завоевал в конкурсе казахских мастеров всего мира высший приз – Гран-при.

За 20 лет тесного сотрудничества со Всемирной Ассоциацией казахов казахские культурные общества Кыргызстана накопили опыт, обрели единомышленников на исторической Родине.

Список использованной литературы:

 1 Сартбаев М.К. Казахи Кыргызстана: Прошлое и настоящее. – Бишкек:Илим, 2009. – 172 с.

 НАЗАРБЕК БАЙЖИГИТОВ,  Кыргызстан,  г. Бишкек                                                 

// Текущий архив Всемирной Ассоциации казахов

 

толығырақ

«Айқын» газетінде жарық көрген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың  «Сырттағы қандастарға деген көзқарасты мемлекеттік деңгейде өзгертетін уақыт жетті» деп аталған сұхбаты Қырғызстанда тұрып жатқан қазақтардың да көкейіндегі ойларға қозғау салды.

Әлбетте, Қырғызстандағы қазақтардың тұрмысын Қытайда, Монғолияда немесе Европада, тіпті жанымыздағы Өзбекстанда тұрып жатқан қандастарымыздың жағдайымен салыстыруға болмас. Ең негізгі өзгешелік – қырғызстандық қазақтар кез-келген уақытта Қазақстанға емін-еркін келіп кете алады, қаласа өз бастамасымен қоныс аударуына да ешқандай бөгет жоқ. Бірақ, қазақтардың қырғыз жеріне жаппай келген заманынан – өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарынан бері үш ұрпақ ауысты. Сондықтан, «Дарақ бір жерде көгереді» дегендей, осында өсіп-өніп, тамырлап қалған бауырларымыз Қырғызстанды өз ата мекеніндей сезініп қалғандай. Әйтсе де, Қазақстанның экономикасының қарыштап алға дамуы, атажұрттың мәдени-рухани тұрмысындағы жетістіктер мұндағы қандастарымыздың көңілін өзіне бұрып, тарихи отанына аңсарын аударып отыр.

 Бүгінгі күні Қырғызстан қазақтары тарихи отанымен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы арқылы ғана байланысып отыр. Бұл –  үлкен демеу. Дегенмен, қоғамдық тұрғыдағы байланыс. Қырғызстан қазақтары қауымдастығы  Қырғызстан халық ассамблеясының құрамына кірген заңдастырылған қоғамдық ұйым болғанымен  қырғыз мемлекеті тарабынан ешқандай қаражат қаралған емес. Диаспора «Достық үйінен» берілген бір бөлмеге риза.

 

Талғат Асылұлы сұхбатында шет елдерде Қазақстанның меншігіне жататын Мәдени орталықтарды ашу қажеттілігі жөнінде орынды мәселе көтерген. Біздіңше, бұл әбден пісіп, жетілген нәрсе. Мұндай орталықты Бішкекте де ашу керек.Оған бірнеше себептер бар. Ең бастысы – Қазақстанмен тығыз байланыс орнату. Екіншісі, Қырғызстандағы қазақтардың жас буыны қазіргі таңда қазақ тілінде сөйлеуден мүлде мақрұм қалды десек болады. Шала-пұла сөйлегендерінің өзі қазақша оқи да, жаза да алмайды. Өйткені, қазақ тіліндегі мектептің болмағандығынан және қазақ тілі мен қырғыз тілінің  өте жақындығынан жергілікті қазақтар қырғыз тілін өз тіліндей көріп қалған. Сондықтан орталық қазақ тілін қайта жандандыруға үлкен септігін тигізер еді. Үшіншіден, Қазақстанның Президенті, біз құрметтеген елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында Қазақстанның дамуының 2050-ші жылға дейінгі Стратегиясын ұсыныстады. Қырғызстан қазақтары бұл құжатқа үлкен қызығу танытуда. Мәдени орталық ашылса, мұнда бұл бағытта да жұмыс жүргізуге мүмкіндік туар еді.

 

Сұхбаттағы біздің көңілімізді бұрған екінші мәселе – Моңғолияның Баян Өлгей ауданында  Өскемен университетінің филиалы бар екендігі туралы мәлімет болды. Тура осы сияқты Алматының не Тараздың университетінің Бішкекте оқуды негізінен қазақ тілінде жүргізетін филиалы ашылса, бұл қазіргі заманның талаптарына дөп келеді деп ойлаймыз.

 

Мысалы, Бішкекте Борис Ельцин атындағы Қырғыз-Орыс Славян университеті бар. Анығында, бұл жоғарғы оқу орны арқылы Ресей Қырғызстанға өз ықпалын тигізіп отыр. Бұл ешкімге жасырын да емес. Қырғызстан мен Ресейдің премьер-министрлерінің биылғы Мәскеудегі кездесуінде Ресейдің үкімет басшысы университетке жыл сайын «мыншама» миллион қаржы беріп тұрамыз деп уәде етті. Университет қазіргі кезде орыс мәдениетін сақтаудың, өркендетудің және орыс-қырғыз қарым-қатынасын нығайтудың орталығы болып отыр.

 

Бішкекте Орталық Азиядағы Америка университетінің ашылып, түлектерін ұшыра бастағанына да біраз жыл болып қалды. Мұнда оқып жүргендердің, білім алғандардың АҚШ-қа деген сүйіспеншілігін ауызбен айтып жеткізе алмайсың. Университет жыл сайын ағылшын тілін өте үздік меңгерген орта мектептің 100 оқушысын конкурс арқылы таңдап алып, АҚШ-та бір жыл тұрғанға алып кетіп жатыр. Олар америкалық отбасылардың үйінде бірге тұратын болады. Әлбетте, қайдағы бір жанұяға жібере салмайды.

 

Бішкекте түрік бауырларымыздың  екі үлкен жоғарғы оқу орны, «Себат» деп аталған республиканың барлық аймақтарын қамтыған орта білім берген мектептері бар. «Себат» өте жақсы оқыған қырғыз жасөспірімдерін таңдап алып, жоғарғы сыныптарды төрт: түрік, қырғыз, ағылшын, орыс  тілдерінде оқытады. Түрік тіліне басым жасалатыны айтпаса да түсінікті. Бұл мектепті бітіргендер Бішкектегі Ататүрік атындағы Қырғыз-Түрік университетіне және Қырғыз-Түрік «Манас» университетіне оңай түсе алады. Аталған университеттердің біріншісінде оқу ақылы, бірақ жақсы оқығандарға жеңілдіктер қаралған, екіншісінде оқу толық тегін, Түркия қаржылайды.

 

Қырғызстанның шығыс шалғайының таулы өңіріндегі Нарын қаласынан  Аға Хан қоры көлемді жер алып, Орталық Азия Университетін құруды аяқтап қалды. Қазір оның кәсіптік білім берген курстары істеп жатыр. Көрші Қытайдың Қырғыз Ұлттық университетінде және Бишкек гуманитарлық университетінің жанында Конфуций орталықтары бар, биыл Ош мемлекеттің университетінде Конфуций институты ашылды. Бішкекте неміс тілінде оқытатын Гете атындағы орта мектеп, бірнеше жапон және корей орталықтары бар. Бұлардың бәрі тиісті шет мемлекеттерден қаржыланып жатыр.

 

Белгілеп қойсақ, Ресейді қоспағанда, Америка мен Түркия және принц Аға Хан қоры және басқалар қандастары үшін қам көріп отырған жоқ, болашақтағы ықпалдастықты ойлап отыр.

 

Ал енді, Қырғызстандағы қазақтар үшін ғана емес, бауырлас қырғыз-қазақ елінің бірлігін бекемдеуге негіз болатын Қазақ-Қырғыз оқу орнын немесе бір қазақстандық университеттің филиалын Бішкекте ашуға неге болмасын. Мұндай оқу орны бірнеше сатылық үлгіде болса дейміз. 10-11-ші сыныптарда қазақ тіліне басым жасалып, кәсіптік білімді қоса игерсе, орта білім алғандығы туралы аттестатқа ие болса, сосын қалауы бойынша жоғары білім алуды осында не Қазақстанда одан әрі жалғастырса. Бұл оқу орнында оқуға Қырғызстандағы қазақтар ғана емес, қырғыздар да ұмтылатынына кәміл сенімдеміз.

 

Назарбек БАЙЖІГІТОВ, Қырғызстан, IV ДҚҚ құрылтайының делегаты, журналист.

толығырақ

Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 68 жылдық мерекесіне арнап бауырлас қырғыз елінде тұрып жатқан соғыстың және тылдың ардагерлеріне сый-құрмет көрсетті.        8 мамырда болған бұл іс-шара елшіліктің аумағындағы Ардагерлердің Даңқ аллеясында ағаш отырғызумен басталды.

«Бірнеше жылдан бері Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ардагерлердің бақ тігуін дәстүрге айналдырдық. Аяулы аталарымыз бен апаларымыздың өз қолымен тіккен аршаларын біз жақсы күтімге алып, өсіреміз. Асқақтаған жасыл аршалар олардың кейінгі ұрпаққа қалдырған ескерткіші болып қала береді. Қырғызстандағы ардагерлеріміз де жыл сайын азайып келеді, өмірдің заңы осындай екен, енді олардың ең ақырғысы қалғанша бұл салтымыз жалғаса бермек», - деді Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев.

Содан кейін ардагерлер арнайы әзірленген «жауынгер ботқасынан» дәм татып, дастархан үстінде Қырғызстандағы қазақ диаспорасының өнерпаздары қойған концертті тамашалады.

Мерекелік іс-шараға шақырылған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының үлкені бішкектік Насыр Алишев биыл 98 жасқа келсе, кішісі ыстықкөлдік Қожақұл Сатыбалдиев 88-ге келген. 89 жастағы Несіпбай Оспанқұловтың Берлиндегі жеңістен кейінгі жауынгерлік сапары одан әрі жапон жерінде ұласқан. Қазір 91 жасқа шыққан Әнікүл Айтжанова соғыс басталғанда отағасы Бұлдырық Айтжановты майданға ұзатып, өзі Қырғызстанның Үлкен Шу каналының құрылысында еңбектенген.

Қырғызға тұрмысқа шыққан қызы Айгүл Қарымшақованың қолына келіп, жеті-сегіз айдан бері Бішкекте тұрып жатқан шымкенттік Айша Абдуллина биыл 97-ге шығады екен. Айша апай өткен ғасырдың сонау отызыншы жылдарында  18 жасында «Еңлік-Кебекте» Еңліктің бейнесін сомдап театрда өнер жолын бастаған, Уильям Шекспирдің «Отеллосындағы» Дездемонаның рөлін қазақ сахнасына алғаш алып шыққан, 1943 жылы 26 жасынан жаңа асқанда Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, 42 жасында Қазақ ССР-інің ел артисі атақтарына ие болған. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының, «Парасат» орденінің иесі.1944 жылы майданға барған концерттік бригаданың құрамында оқ пен оттың ортасында жауынгерлерге арнап ән шырқаған. Апай әлі де басығынан жазбапты. Күләш Байсейітованың тәлімін алған апайымыз бұдан жетпіс жыл бұрын репертуарында орындап жүрген әндерінен үшеуін тамылжыта орындап жиналған жұртты таң қалдырды.

«Жүзге жақындаған әпкеміз ән салып жатқанда, мен неге тартынайын» деді ме, елші Бейбіт мырза да домбыраны қолға алып, ардагерлерге арнап қазақтың халық әндерін орындап берді. Мереке ардагерлерге бағалы сыйлықтар тапсырумен аяқталды.

9-мамыр күні Қырғызстандағы қазақ диаспорасының мүшелері Бішкектің Жас Гвардия бульварындағы екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдиновтың ескерткішінің алдында бас қосып, халқымыздың даңқты перзентінің постаментіне мерекелік гүл шоқтарын қойды.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Үшіншіден, біз шеттегі қандастардың Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына көмектесеміз. Байланыс және Ақпарат министрлігі «Каспионет» арнасының қазақтар тұратын елдерге таралуын қамтамасыз етуі керек. Сонымен бірге, ұлттық дәстүріміз бен тарихымыз туралы хабарларды арттыру жолдарын қарастыруды тапсырамын. Бұған қоса, министрлік дүниежүзіндегі қазақ жастарының байланысын нығайту үшін арнайы веб-портал ашқаны жөн. Төртіншіден, қандастар тұрып жатқан елдерде ұлттық өнерді кеңінен таратуына жағдай жасауымыз керек. Біз қазақтың қаймағы бұзылмаған көрші елдерде ұлтымыздың аса құнды рухани мұралары сақталғанын жақсы білеміз. Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет министрлігіне экспедициялар ұйымдастырып, осындай құнды мұраларды жинақтауды тапсырамын. Бесіншіден, біз шет елдерде кіші құрылтайлардың тұрақты өткізілуін құптаймыз. Осыған байланысты, бұл құрылтайларға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры қолдау көрсететін болады» деген еді. Шеттегі қандастарымыз арасынан шетте жүрсе де қазақ деген ұлы есімге кір жуытпай, әрдайым биік ұстап, ұлағатты ісімен өнеге болған қазақтар жеткілікті. Төменде назарларыңызға ұсынылып отырған мақала осы сөзімізді дәлелдей түседі.

Мәлік Мұқайұлының Қырғызстанға келгеніне осы қарашада ширек ғасыр болды. Кеңес әскерінің Семейдегі №32 армиясының штабындағы барлау бөлімінің аға офицері, подполковник Мәлік Мұқайұлы 1987 жылы қарашаның бас кезінде Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласындағы 40-шы армиялық корпусқа жіберіліп, корпустың барлау бастығы болып тағайындалады. 1991 жылы одақтас республикалар тәуелсіздігін жариялағанда ол бауыр басып қалған қырғыз жерінде қалып қойды. Мүмкін, бұл оның әрқашан ашық-жарқын жүріп, жаңа ортаға сіңісіп, оны қия алмағанынан, көп дос-жаран тапқан жайсаң мінезінен және жұмысын абыройлы атқарып, беделінің биік болғандығынан да шығар. 
Екі жыл ілгері болатын, азаматтық киім киген Мәлік Мұқайұлымен алғашқы танысқанымда оның әскер генералы екенін білген емеспін. 2007 жылы әскерден запасқа шығып, Бішкектегі «Крокус Секьюрти» күзет - детектив агенттігінің директоры болып істеп жүр екен. 
Бұл агенттік мыңнан астам қауіпсіздік қызметкерлері бар ірі мекеме. Мұндай мекемелер өлкеде төтенше жағдай түзілген жағдайда ресми әлеуеттік күштерге жәрдем береді. 2010 жылы мамыр-маусым айларында республиканың оңтүстігінде болған ұлтаралық қақтығыста Мәлік Мұқайұлы жанжал шыққан жерге өзі бастап барып, қарамағындағы «Крокус Секьюрти» агенттігінің сарбаздары Ош және Жалалабад облыстарында тыныштық орнатуға белсене қатысқан. 
Қырғызстанның қарулы күштерінің әрекет­тегі құрамында қазіргі күнде екі ғана генерал болғанымен, запаста жүрген біраз әскер генералдары бар. Қорғаныс министрінің, ішкі істер министрінің, төтенше жағдайлар министрінің, қаржы полициясының және шекара әскербасыларының, осы мекемелердегі жоғарғы лауазымды басшыларының жиі-жиі ауысып тұруы да генералдардың үздіксіз көбеюіне септігін тигізді. Ал енді юстиция, кеден, салық және басқа қызметтер, мемлекеттік класстық шендері арқылы генералдық атаққа (әскерлік емес) ие болғандарды айтып тауыса алмайсың. Биыл күзде республиканың парламенті 80 депутатқа жоғарғы мемлекеттік класстық шен беруді ұсынып, көпшіліктің наразылығын туғызды. Өйткені бұл шенге ие болғандар генерал дәрежесіне де ие болады. Тіпті Қырғызстанның екінші президенті бірнеше депутатты еш себепсіз милицияның генерал-майоры деген дәрежемен марапаттап та жіберген. Мұны айтып жатқанымыз, мемлекет басшысы әлдекімдерге генерал атағын бергенде, бұқаралық ақпарат құралдарының біреуі болмаса, біреуі атақ алушы оған татымайтын болса, сөзсіз түрде сынап шығатыны бар. 2006 жылдың 7 ақпанында Қырғыз Республикасының Президентінің жарлығымен Жұмағұлов Мәлік Мұқайұлына генерал-майор деген кезектегі әскери атақ берілгенде, қырғыз баспасөз және электрондық ақпарат құралдары тегіс «генералдық әскери атақ шынайы иесін тапты, Қырғызстандағы нағыз генералдың бірі осы кісі» деп жазыпты. Мұның жаны бар. 
1999 жылы тамыз айында Қырғызстанға шетелдік діни экстремистер басып кіргенде Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының бірінші орынбасары, полковник Мәлік Мұқайұлы оқиға болып жатқан Ош облысының Бәткен ауданындағы әскер шебіне жіберілген. 
Шетелдік діни лаңкестердің әскер тобы – 17 адам алғаш рет 1999 жылдың 30 шілдесінде Тәжікстанның Жергетал ауданымен шекаралас Қырғызстанның Бәткен ауданының тау қойнауындағы «Жылысу» емдеу орынының жанында байқалған. Бұлар базалары Ауғанстанда жайғасқан Тахир Юлдашев пен Жума Намангани жетекшілік еткен Өзбекстан ислам қозғалысының барлаушы отрядтары болатын. Олар күн өткен сайын көбейіп, қырғыз азаматтарын, жергілікті биліктің басшыларын, шекарадағы әскер адамдарын барымтаға алып, қырғыз билігінен Өзбекстанға өтуге дәліз беруді талап еткен. Олардың негізгі мақсаты Өзбекстан аймағына кіру болса да, өздерінің күш-қуатын көрсету үшін Қырғызстанның қарулы күштерімен жиі-жиі қақтығыстарға барған. 18 тамызда қырғыз қарулы (қорғаныс, шекара, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік) күштерінің әскери операцияларының нәтижесінде лаңкестер Бәткен және Шоң Алай аудандарынан тықсырылып шығарылған. 
Бірақ 22 тамызға қараған түні шетелдік қарулы топтар Қырғызстанның «Алтын жылға» деген тау қырқасына баса көктеп кіріп, ол жерде жұмыс істеп жатқан жапон геологтары жайғасқан қыстаққа шабуыл жасайды. Жапон геологтарының космос арқылы байланысқа шығатын телефонын пайдалануды көздеп, азғана адамдарымен мұнда келген Қырғыз Республикасы ІІМ-інің ішкі әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Анарбек Шәмкеев лаңкестермен түні бойы атысып, үш әскері қаза болып, қалғандары жараланып, өзі қолға түсіп қалады. Лаңкестер генералға қоса төрт жапон геологын, аудармашы Өмірбек Жанакеевті тұтқынға алады. Қырғыз генералының барымтаға алынуы лаңкестер үшін өте үлкен «жеңіс», қырғыз билігі үшін өте ауыр сын болды. 
Бұл оқиға Жапон үкіметін де мазасыздандырып, Жапонияның премьер-министрі Асқар Ақаевке телефон шалған, азаматтарын аман-есен тұтқыннан босатып алудың амалын жасады. 
Сол күндерден бастап Бәткен және Шоң Алай аудандарының таулы қойнаулары ұрыс нысанына айналды. 5 мыңға жақын жергілікті халық үй-жайларын тастап, облыстың ішкі жақтарына қашты. 
Өзбекстан тарап та тиісті шаралар жасап, лаңкестер шабуыл жасағандай болса, оларды тойтаруға әзірлік жасады. 26 тамызда Өзбекстанның әскери-әуе күштерінің екі ұшағы қырғыз-тәжік шекара белдеуінің Абрамов мұзтауынадағы өзбек гидрометеорологиялық станциясын басып алған лаңкестерді бомба астына алды. 
Осындай шиеленіскен жағдайларға байланысты сол кездегі Қырғыз Республикасының Президенті Асқар Ақаев 1999 жылдың 27 тамызында «Ош облысының Бәткен ауданындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар жөнінде» жарлық шығаруға мәжбүр болды. Осы жарлықпен Қырғызстан аймағына заңсыз кірген шетелдік бандалық түзілістерді жою үшін әскерге міндетті азаматтарды әскер қатарына шақыруға қаулы шығарылды. Республиканың аумақтарынан Бәткен ауданына екі мың әскер десант түсіріліп, бірінші кезекте ауған соғысына қатысқан запастағы жауынгерлер әскер қатарына жұмылдырылды. Жалпы алғанда, топ-топқа бөлінген лаңкестер әскерлерінің саны шамамен мың адамға дейін жеткен. 
29 тамызда Өзбекстанның әскери-әуе күштерінің ұшақтары жаңылысып, Ош облысының Шоң Алай ауданындағы Қара Тейіт ауылын бомбалап тастайды. Одан қырғыздың үш азаматы, бір милиция инспекторы қаза тауып, 10 үй жермен-жексен болған, көптеген ғимараттар жарым-жартылай қираған. 
Бәткен соғысы үш айға созылды.­ Қыр­ғыз­станның қарулы күштерінің тегеурінімен лаңкестер қолға түскен қырғыз генералын қазан айының ортасында және жапондықтарды қазанның аяғында ғана тұтқыннан босатып, сол уақыттағы «Тәжікстанның мұсылмандық қайта өрлеу» партиясының лидері Саид Абдулло Нуридің араласуымен қырғыз аймағынан Тәжікстанға өтті. Тұтқындағыларды босату үшін ірі сомадағы өтем берілген деген сөз әлі күнге дейін айтылып келеді, дегенмен осылайша 1999 жылдың Бәткен соғысы. Соғыста 32 қырғыз азаматы қаза тапты, оның 17-ісі соғысып жүріп, оққа ұшты. 
Қарашаның аяғында Қырғыз Респуб­ли­касының Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, пре­зидент Асқар Ақаев бүкілармиялық кеңес өткізіп, Бәткен оқиғасының қоры­тын­дысын шығарады және соғыс операцияларында ерлік көрсеткен 300-ден астам сарбаз және офицерлерді мемлекеттік сыйлықтармен – ордендер, медалдар және Қырғыз Республикасының Құрмет Грамотасымен марапаттайды. Құрмет грамотасымен марапатталғандардың ішінде Мәлік Жұмағұлов та бар болатын. 
2000 жылдың жазында Бәткен ауданына 700-ге жақын «баяғы» қарулы әскерлер басып кіріп, соғыс қайта басталды. Мәлік Жұмағұлов тамыз айында Қырғызстанның Оңтүстік әскер тобы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы болып тағайындалып, шетелдік бандалық түзілістерді жоюға және оларды республика аймағынан шығарып тастауға тікелей қатысады. Қарулы қақтығыстарда қырғыз жақтан 30 әскер адамы құрбан болып, 23-і әртүрлі дәрежедегі жарақат алған. 
Соғыс аяқталғанымен республиканың оңтүстік шекарасы қауіптен арылған жоқ еді. Мәлік Жұмағұлов 2001 жылдың 24 ақпанында Қырғыз Республикасы Қарулы күштері бас штабының орынбасары – бас барлау басқармасының бастығы болып тағайындалады. Қарулы күштердегі мінсіз қызметі үшін сол жылдың қазан айында ол Президенттің жарлығымен I дәрежедегі «Жауынгерлік қызметі үшін» медалімен марапатталды.

 
Мәлік Жұмағұлов 2005-2006 жылдары Қырғызстанның Солтүстіктік әскер тобының қолбасшысы қызметінде жүргенде генерал-майор дәрежесіне ие болды, 2006 жылдың 18 сәуірінде Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрінің бұйрығымен Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Дайыр Асанов атындағы Қырғыз мемлекеттік әскер лицейінің бастығы болып тағайындалған. 
«1999-2000 жылдардағы Бәткен соғысы оңтүстікте Бәткен облысын ашып, аймақтың экономикалық жағдайын, шекарада қорғаныс қабілетін арттыру мәселесін күн тәртібіне қойды. Облысты ашудың тұжырымдамасын жасауға қатыстым. Облыстың ашылуында менің де үлесім бар», – деді Мәлік Мұқайұлы бізбен әңгімелесуде. 
Мәлік Мұқайұлы 1953 жылы 1 шілдеде Орал қаласында зауыт жұмысшысының отбасында туған. Ол кішкене кезінен офицер болуды армандаған. Әкесінің Ұлы Отан соғысына қатысқан туысқандары мектептің жоғарғы сыныптарында оқып жүргенде, оған «Советтік Қарулы күштерге – 50 жыл» деген үлкен фотоальбомды сыйлап, «офицер болуыңды қалаймыз» деп жазып қойыпты. Соны осы күнге дейін сақтап жүрген генерал «ағаларымның үмітін ақтадым ғой» деп бозбала шағын мейірлене еске алды. Мәлік 8-сыныпты бітірген соң Орал облыстық әскер комиссары, Кеңес Одағының батыры полковник И.Коняхинге барып, «Болашақ офицерлер клубын» құру пікірін айтқан және қолдау тапқан, онжылдықты бітіргенше соның старшинасы болып қалады. Қаладағы мектептерден 50 бала екі жыл әскери оқуға түсуге әзірленеді. Дайындық еш кеткен жоқ, 1970 жылы Алматыдағы Кеңес Одағының маршалы И. С. Конев атындағы жоғарғы жалпы әскерлік командалық училищеге оқуға қабылданады. Оны тәмамдаған соң Германиядағы кеңес әскерлерінің қосынында барлау взводының командирі болып қызмет атқарады. Содан бастап ол, негізінен, әскер қызметтерінің барлау саласында істеп келді.1982 жылы Мәскеудегі жоғарғы офицерлер курсын, 1986 жылы Кеңес Одағының маршалы Р. Я. Малиновский атындағы Әскер академиясын, 2000 жылы Қырғызстанның жолдамасымен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штабы Әскери академиясын бітірген. 
Мәлік Мұқайұлы жұбайы Надежда Құсайыновамен бір ұл, бір қызды тәрбиелеп, олардан немере сүйіп отыр. Ұлы да, қызы да әке жолын таңдаған. Олар тарихи Отаны – Қазақстанның Қарулы күштерінде офицерлік қызметте. Генерал қазір Қырғызстан халық ассамблеясына қарасты Қырғызстан қазақтары қауымдастығында төрағаның қоғамдық негіздегі орынбасары ретінде республиканың оңтүстік облыстарындағы қазақ диаспораларының істерін үйлестіру бағытында белсенді әрекет етіп, қазақтың ұлттық дәстүрін, тілін сақтап, дамытуға айтарлықтай үлесін қосып жүр.

 


Назарбек БАЙЖІГІТОВ, «Түркістанның» Қырғызстандағы тілшісі,

                                                 Қырғызстан қазақтарының қауымдастығының баспасөз хатшысы

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті