Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қырғызстан қазақтары

Басты бет | Қырғызстан қазақтары | Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы Елбасын сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Ерғали ӘБДІҚАЙЫМОВ, Қырғызстан қазақтары қауым­дастығы төрағасының міндетін атқарушы:

      – Мерейлеріңіз үстем бола берсін! Тым жырақта болмасақ та, шетте жүрген соң атажұртымыз бізге ыстық. Тарихи Отанымызда не болып жатқанына зер салып, байқап отырамыз. Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау болады дегенде, оған біз құрметтеген Нұрсұлтан Назарбаев талапкерлігін өзі де қойса деп тілек еткенбіз. Ол тілегіміз қабыл болғанына бір қуанған едік. Енді Нұрағамыздың мерейі үстем болып, мемлекет тізгінін қолынан шығармай, ісін бұрынғыдан да жігерлі қайта жалғастырғанына тағы да қуанып отырмыз. Қырғызстанда тұрып жатқан қазақтар ғана емес, түпкілікті ел қырғыздар да Нұрсұлтан Назарбаевтың қадірін жақсы біледі. Ең бастысы, Нұрсұлтан Әбішұлы көрші елдерге мемлекеттің дамуының орта және ұзақ мерзімдік жос­парлы, эволюциялық жолмен дамуындағы игіліктің үлгісін көрсетіп берді. Қырғызстан халқы Ассамблеясының құрамындағы Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы – бүгінгі күнде республиканың барлық облыстарындағы қазақтардың басын біріктірген ұйым. Қауымдастықтың мүшелері қырғыз жерінде түтін түтеткен 33 мың 700 қазақтың атынан атажұртымыздың бұдан әрі де қарыштап өсіп-өркендеуін қалап, мәртебелі Елбасына және сайлауда дұрыс таңдау жасаған отандастарына құттықтау лебізін «Егемен Қазақстан» газеті арқылы білдіріп қоюды жөн көрді.

         Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/04/30/60113

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті