Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қырғызстан қазақтары

Басты бет | Қырғызстан қазақтары | ҚР Президентінің сайлауы бүкіл қазақтың мерейін көтерген үлкен оқиға болды

     Ұлтымыздың ұлы перзенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының  Президенті болып қайта сайлануы Қырғызстан қазақтарының да мерейін көтерген үлкен оқиға болды. Қазақ қауымдастығының мәдени істерін үйлестіруші қатары республиканың қазақтар шоғырланып орналасқан ауылдарына жиі-жиі барып тұрамын. Қайсы өңірде – Ыстықкөл облысында бола ма, Талас, Ош, Чүй (Шу) облыстарындағы ауылдарда ма, отандастарымызбен кездесулерде атажұртымыз – Қазақстанның жетістіктері, әлбетте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы да әңгіме өрбиді. Нұреке жөнінде сүйіспеншілікпен айтылған жылы лебіздерді ғана есітіп келемін. Сайлаудан кейін қауымдастықтың кеңсесіне де, қол телефонға да алыстағы ауылдардан Елбасының жеңісімен құттықтаған қоңырау соғулар көп болды. Қырғызстандықтар бір-бірімізді қуана құттықтап жаттық.

    Елбасымыздың қызметке кірісуіне байланысты ұлықтау рәсімін Қырғызстанға таралатын телеарналардан көріп, бір жасап қалдық. «Бүгінгі мерейлі сәтте маған берілген сенім мандаты – мемлекеттілігімізді нығайту жолындағы қыруар істеріміздің бағасы! Қазақстанды ең қуатты елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсатқа берілген халқымның ақ батасы!», - деп айтты Нұрсұлтан Назарбаев салтанатта сөйлеген жолдауында. Шетелдің азаматы болғандықтан  дауысымызды бере алмасақ та, Қырғызстанның қазақтары, біз де Нұрсұлтан Әбішұлына ақ батамызды береміз.

     Елбасы Қазақстанның алға қарай дамуындағы 5 жаңа сыртқы сын-қатердің қауіп төндіріп отырғанын айтып, төртіншісін – тұрақсыздықтың Орталық Азияның шекараларына да тым жақын келіп тұрғанын, Орталық Азия әлемдік опырылудың жаңа желілеріне ілігуі ықтимал екендігін, сондай-ақ, Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде Қазақстан өңірдегі қауіпсіздік пен экономикалық дамудың ортақ архитектурасына қолдау көрсететінін және Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ең жақын әріптестер – Ресеймен, Беларусьпен, Қырғызстанмен және Армениямен қатынастардың айрықша болатынын қадап айтты. Қазақстанның қолдауы Қырғызстан үшін өте маңызды екенін біз жақсы білеміз.

    Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі «Қадірлі халқым! Қазақстанның жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын! Елдіктің туы биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»- деп белгілегендей, бұл лебіз –  «қадірлі халқым» дегені Қазақстаннан сыртта жүрген қазақ халқының барлық перзенттеріне қарата білдірілген тілек деп қабыл алдық. Мерейің аса берсін, Елбасы, таңың арайлы ата берсін, қазақ елім!

    Ізгі тілекпен Тілеухор БОШЫМОВА,  Қырғызстан халық ассамблеясындағы Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасының орынбасары, Қырғызстанның авиациясына еңбек сіңірген қызметкер

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті