Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қырғызстан қазақтары

Басты бет | Қырғызстан қазақтары | Қырғыз қазақтары қауымдастығының V cъезі өтті

Қырғыз қазақтары қауымдастығының V cъезі өтті

        

      Бішкектегі Қырғыз мемлекеттік тарих музейінің мәжіліс залында 20-маусым күні өткен Қырғыз қазақтары қауымдастығының V съезіне жиналушылардың көпшілігі бұл шараға екіұдай сезіммен келген болатын. Өйткені 2013 жылы Қырғыз қазақтары қауымдастығы төрағасы Серікқұл Қосақов қайтыс болғаннан кейін, оның орнына жаңа төраға сайлауда қауымдастық мүшелері бұған дейінгі алқалы жиында бір шешімге келе алмай тарқаған еді. Сондықтан Қырғыз еліндегі 34 мыңға жуық қазақ диаспорасы ұйымының төрағасы міндетін атқару уақытша Ерғали Абдиакимовке жүктелген болатын. Сол себепті бұл съезде де олардың «бір жағадан бас, бір жеңген қол шығара алмайтындығы» туралы сәуегейлік жасаушылар аз болған жоқ. Дегенмен мерейтойлық съезді ұйымдастырушылардың еңбегі өз жемісін берді. Көптен күткен бұл жиынға қатысатын делегаттардың тізімі облыстық аудандық, қалалық деңгейде өткен алқалы жиында анықталған болатын. Қауымдастықтың құрметі төрағасы Еркін Бөлекбаевтың айтуынша, ұйымдастыру органындағы тізім бойынша делегаттар саны Баткен мен Нарын облыстарынан бір-бірден, ал Ош қаласынан - 2, Ош облысынан – 3, Жалалабад облысынан - 5, Талас облысынан – 17, Ыстық көл облысынан – 40, Бішкек қаласынан – 56, Шу облысынан – 76 адам болды. Делегаттар тізіміне енбей қалған Кеңестің өзге төрт-бес мүшесі де бұл күні қауымдастық ережесі бойынша жаңа төрағаны таңдау кезінде өз дауыстарын беруге мүмкіндік алды.

        Төрағалыққа ұсынылған 5 үміткердің екеуі тіркеу барысында өз өтініштері бойынша тізімнен сызылып қалды. Дегенмен қалған үшеудің ешқайсысы 1-турда қажетті 90 дауысқа қол жеткізе алмады. Сол себепті ең көп дауыс алған екеуі 2-турда қайта сайлауға түсіп, онда басым түскен Еркін Бөлекбаев жеңімпаз деп танылып, төраға атанды. Жарғыға енгізілген жаңа өзгерістер бойынша Е.Бөлекбаев бұл қызметке 4 жыл мерзімге сайланып отыр.

           Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ.

        Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/kyirgyiz-kazaktaryi-kauyimdastyigyinyin-V-cyez-ott-70762/

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті