Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қырғызстан қазақтары

Басты бет | Қырғызстан қазақтары | Елбасы бейнесі – қырғыз сахнасында

   Бішкектегі Тоқтоболот Абдымомунов атындағы Қырғыз ұлттық драма театрында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына арналған  спектакльдің тұсауы кесілді. Драмалық шығарма «Ер достығы  – егіз, ел достығы – теңіз» деп аталады.

      Спектакльде Нұрсұлтан Назарбаевтың және оның қырғыз досы Марат Ақматаевтың Үшқоңыр жайлауында, шекаралас қырғыз ауылдарында өткен балалық шағы, кейін Украинаның Днепродзержинск қаласында екі достың басқа да құрбыларымен бірге кәсіптік білім алғаны шебер суреттеліп, болашақ елбасының жас кезіндегі ерекше бейнесі ашып көрсетілген. Екі достың ата-аналарының қарым-қатынастары, жайлаудағы жылқышылардың тұрмысы, кейіпкерлердің сөз саптауы арқылы драмада өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ-қырғыз халқының этнографиялық болмысы сәтті көрініс тапқан. Пьесаның авторы және режиссері Қыр­ғызстанның белгілі журналистерінің бірі, кейінгі жылдары драматургия саласында істеп, Қырғыз-Түрік Манас университетінде студенттерге драма жанры бойынша тәлім-тәрбие беріп жүрген – Аманбек Жапаров. «2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың қырғыз досы Марат Ақматаевпен жолығып, көп естеліктерді жазып алғанмын. Соның негізінде Елбасының 70 жылдығына арнап пьеса жазып, оны сахнаға алып шықпақ болғанбыз. Пьеса жазылды, бірақ «ойлаған ойды қыстаған тұрмыс жеңіп», оны сол кезде сахнаға шығара алмадық. Ештен кеш жақсы, енді Нұрекенің 75 жылдығына үлгердік. Осы арада Марат Ақматаевтың өзі өмірден өтіп кетті. Өзі өтсе де сөзі, жазылған хаты (естеліктері) осы шығармада қамтылды. Қазақ-қырғыз достығын нығайтуға қомақты салымын қосып отырған Нұрсұлтан Әбішұлына қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Дегенмен, негізгі мақсатымыз – екі елдің ежелден жалғасып келе жатқан бірлігін шыңдау, жас буын өкілдеріне үлкен адамдардың достығын үлгі ету», – деп ой бөлісті Аманбек Ділденбайұлы. Пьесаны сахнаға қойған режиссер – Қыр­ғызстанға еңбегі сіңген әртіс Марат Қозы­кеев. Пьесаны қоюға 30-дан аса әртіс қатыс­ты. Нұрсұлтанның әкесі Әбіштің рөлін Қырғыз­станның халық әртісі Дүйшөн Байдөбөтов, Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесін театрдың жас әртісі Эржан Осмонов сомдаған. Бішкекте Аманбек Жапаровтың «Ер достығы – егіз, ел достығы – теңіз» деп аталған кітабы қырғыз, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Елбасының замандастарының әңгімелерімен бірге мұнда пьесаның мәтіні де кіргізілген.

      Назарбек БАЙЖІГІТОВ.

      Қырғыз Республикасы. Бішкек қаласы.

      Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/07/07/69177 
 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті