Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қырғызстан қазақтары

Басты бет | Қырғызстан қазақтары | «Алаш балалары» Қырғыз қазақтарының әнұранына айналды

   Бішкек қаласында 13 наурызда Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында салтанатты концерт болды. Ол Қырғыз Республикасының Тарих және мәдениет жылына орай  Наурыз мерекесіне және Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасы Еркін Бөлекбаевтың 55 жылдығы мен Халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Ержан Мусиннің шығармашылық кешіне арналды.  Оған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастаған қазақстандық делегация арнайы барып қатысты.

      Қырғыз қазақтары қауымдастығы ұйымдастырған бұл шара Қырғыз Республикасының Тарих және мәдениет жылына орай өткізілген алғашқы мерекелік жиын болды. Ән әуелеп, күй күмбірлеп, мың бұрала билеген қыз-жігіттердің өнерін тамашалауға халық көп жиналып, филармония  залын лық толтырды. Онда тек Қырғызстан ғана емес, Қазақстаннан да бірқатар өнер шеберлері арнайы келіп  өз өнерлерін паш еткен болатын. Салтанатты шара соңында сөзін Қиялбек Урманбетов жазып, Назарбак Байжігітов қазақшалап, Рафаэл Сарлықов әнін шығарған «Алаш балалары» алғаш рет орындалып, ол Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы әнұраны деп жарияланды.

 Алаш балалары

Қазақпын Алатауда тұрып қалған,

Биікте асқақ көрініп.

Егіздей байқаламыз ұлттардан,

Тіліміз бірге өріліп.

 

Әуезов жалындаған жүрек болып,

Біздерге жарық шашқандай.

Айтматов рухымызға тірек болып,

Біздерге ашық аспандай.

 

Қайырма:

Қазақстан менің жүрегімде,

Тілегім ортақ екі елге.

Қырғызстан қымбат бұл өмірде,

Айналған біздің мекенге,

Алмаспан ешбір шетелге!

 

Алаштың ұрпағы боп тарадық біз,

Айырма бізден сезілмей.

Әуелден жүрегі бір қазақ-қырғыз,

Домбыраның екі шегіндей.

 

Жанасып жұлдыздарға аспан елім,

Биіктен осы түспегін!

Маңдайда жанып тұрсын қос жанарым:

Астана мен Бішкегім!  

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті