Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қырғызстан қазақтары

Басты бет | Қырғызстан қазақтары | Қырғызстан қазақтары Наурыз мерекесін атап өтті

    Қырғыз қазақтары 13 наурызда Бішкек қаласындағы Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында Наурыз тойына арналған мерекелік шара өткізді. Ол Қырғыз Республикасының Тарих және мәдениет жылына орай  Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасы Еркін Бөлекбаевтың 55 жылдығы мен Қырғыз Республикасы мәдениетінің үздігі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Ержан Мусиннің шығармашылық кешіне арналды.    

    «Биылғы жыл ерекше  мерекелік шараларға толы. Қырғыз және Қазақстан Республикаларының тәуелсіздігіне  25 жыл толады. Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұнға 1000 жыл, Тайлақ батырға 210 жыл, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерлісіне 100 жыл. Қырғыз автономиялы республикасына 90 жыл, Қырғыз КСР-іне 80 жыл болады. Сондықтан Тарих және мәдениет жылына орай Наурыз мерекесі қарсаңында әдебиет, өнер лауреаттарын анықтауды ұсынамын», – деген Е.Бөлекбаев Наурыз мерекесінің бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтаудағы маңызы мен рөліне ерекше тоқталды.      

   «Наурыз – шығыс халықтарының жыл бойы сағына күтетін ерекше мейрамы. Біздің Қазақстанның батыс өңірінде Наурызды тойлау басталып кетті. Оны – Көрісу   деп айтады. Баяғыда  көшіп-қонып, алты ай қыс бірін-бірі көрмеген бабаларымыз малдың аузы көкке, бала-шағаның аузы аққа енді жеткен кезде наурызда бірімен-бірі көрісіп, құшақтасып, сағыныштарын басып, тойлап жатады екен. Бұл содан қалған дәстүр. Биыл Қазақстанда халық бұл мерекеде 5 күн демалады»,  – деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев       

    Ал Қырғызстандағы Қазақстан Елшісінің кеңесшісі Ербол Ахметов: «Наурыз айының аяғында Қырғызстан театрлары, өнерпаздары қазақ театрының қара шаңырағы саналатын Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өзінің қойылымдарын бастайды. Ол да екі бауырлас халықтардың арасындағы туысқандықтың белгісі деп санаймын» дегенді айтты.

        Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті