Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қырғызстан қазақтары

Басты бет | Қырғызстан қазақтары | Бiшкекте қазақ әдебиетi және мәдениетi орталығы ашылды

             Қазақстанның ұлттық академиялық кiтапханасы қырғыз елiнiң астанасы Бiшкек қаласында қазақ әдебиетi және мәдениетi орталығын ашты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
       Қазақ әдебиетi және мәдениетi орталығы Алықұл Осмонов атындағы ұлттық кiтапханада ашылды.

"Бүгiн егемендi елiмiздiң тарихындағы маңызды күндердiң бiрi деп айтуға болады. Бауырлас қырғыз елiнде ұлттық кiтапхананың төрiнде бiздiң қарым-қатынасымызды нығайтатын қазақ әдебиетi мен мәдениетi орталығын ашып жатырмыз. 100-ден астам кiтап сыйға тарттық. Орталық қоры алдағы уақытта толықтырылады. Кезiнде Мұхтар Әуезов ағамыздан "Неге сонша қырғыз елiн жақсы көресiз?" деп сұрағанда, ол "Егер өмiрге қайта келетiн болсам, қырғыз елiнде туар едiм, себебi елi мен жұрты жайлы, шабыт беретiн осы елдi ерекше құрметтеймiн" деп жауап берген екен. Бiздiң тарихи қарым-қатынасымызды келер ұрпаққа аманат ету керек", - дедi орталықтың ашылу салтанатында ҚР ұлттық академиялық кiтапханасының бас директоры Үмiтхан Мұңалбаева.

        Орталықтың ашылуына Қазақстан тарапынан Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, "Қазақконцерт" директоры, жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдiмбектiң қызы Салтанат Сейдiмбек, "Есiк" тарихи-мәдени қорық-музейiнiң басшысы Гүлмира Мұхтарова, ҚР еңбек сiңiрген қайраткерi, профессор Жанғали Жүзбай, сондай-ақ Қазақстанның қырғыз елiндегi елшiлiгi, қазақ диаспорасының өкiлдерi қатысты.

    "Кiтап деген өте киелi, ал кiтапхана руханияттың бәрiн сақтап отырған жер болғандықтан, қазақ әдебиетi орталығының ашылуы заңды деп ойлаймын. Қазiр әлемде мәдениеттердiң жақындасуының он жылдығы жүрiп жатыр. Қазақстанның бастамасы бойынша осындай қарар қабылданған болатын. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы. Осы мақсатта көптеген iс-шаралар атқарылып жатыр. Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай бүгiн ашылып отырған орталық үлкен мерекелiк тарту деп айтуға болады", - деп атап өттi Дархан Мыңбай.

      Өз кезегiнде қырғыздың мәдениет, ақпарат және туризм министрiнiң орынбасары Фархад Бекманбетов қазақ елiмен ынтымақтастықтың тамыры тереңде жатқанын сөз еттi.

     "Қазақстанмен байланыс бiз үшiн барлық салада - саяси, сауда-экономикалық, рухани-мәдени жақтан аса маңызды. Бiздiң елдер арасындағы көп жақты қарым-қатынаста гуманитарлық ынтымақтастық басты бағыттардың бiрi болып табылады. Мәдени, ғылыми, бiлiм және адами байланыстың тарихи тамыры тереңде жатыр. Олар бай дәстүр мен бiздiң халықтардың тәжiрибесiне негiзделедi. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени байланыс музыка, театр, кино, бейнелеу өнерi, кiтапхана және музей iсiнде дамып келедi", - деп атап өттi ол.

       Жиынға қырғыздың белгiлi ақын-жазушылары, сыйлы ақсақалдары да келдi. Олар қазақ әдебиетi және мәдениетi орталығының бауырлас халықтарды жақындастыра түсетiнiне сенiм бiлдiрiп, зор құрметi менн алғысын жеткiздi.

      Алдағы уақытта қырғыз әдебиетi мен мәдениетi орталығы бiздiң ұлттық академиялық кiтапханада ашылатын болады. Бүгiн екi кiтапхана арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

       Сондай-ақ жиында ҚР ұлттық академиялық кiтапханасының бас директоры, педагогика ғылымдарының докторы Үмiтхан Мұңалбаеваның "Кiтапханалық педагогика. Тарих. Теория. Практика" кiтабының тұсаукесерi өттi. Кiтапханалық педагогика бойынша нақты практикалық мысалдар жазылған бұл жұмыс кiтапханашылардың қызметiнде үлкен көмек болмақ.  

 
 
 
 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті