Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қырғызстан қазақтары

Басты бет | Қырғызстан қазақтары | Бішкектегі мереке

     Жақында Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы Қырғызстан халық Ассамблеясында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Мерекелік іс-шараға мемлекеттік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, Ассамблеяның құрамындағы ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілері қатысып, өздерінің құттықтауларын, Қазақстанның жетістіктері туралы пікірлерін білдірді.

       Дөңгелек үстелдің ашылуында Қырғызстан қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Тілеуқор Бошымова Қазақстанның ширек ғасыр ішіндегі өткен жолы туралы кеңінен баяндап берді. Ал Қырғызстан халық Ассамблеясы кеңесінің төрағасы Тоқан Мамытовтың құттықтаумен бас­талған сөзін жұрт ұйып тыңдады. Мемлекеттік үлкен қызметтерде болған елге сөзі өтімді тұлғалардың бірі Т.Мамытов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еге­мен­­діктің алғашқы жылдарында Қазақстанның ядролық қарудан өз еркі­м­ен бас тартқанын, мұның тіпті әлем­дік қоғамдастықта мәні аса зор оқиға болғанын атап көрсетті. Екін­ші­ден, деді ол, Н.Назарбаев сарабдал саясаткер, кемеңгер Көшбасшы екенін айқын танытты. Бұлай деп отырған себебім, Қазақстан дер кезін­де жүргізілген экономикалық, саяси, мәдени-рухани реформаларының арқасында үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстанның өсіп-өркендегені қазақстандықтар үшін ғана емес, ай­мақ елдері үшін, оның ішінде біздің Қырғызстан үшін де аса маңызды. Қырғыз бен қазақ ділі де, тілі де, діні де бір, бір өзеннен су ішкен халық, барсақ – базарымыз, көмілсек мазарымыз да ортақ.

        Дөңгелек үстел басында сөз сөй­леген басқа да адамдар, қазақ диас­порасының өкілдері өздерінің Қазақ еліне деген тілеулестігін білдірді. Жиынға Бішкек қаласынан отыз шақырым жердегі «Озерное» ауылынан арнайы келген 92 жастағы Қани Алтынбеков Қазақстанның толағай табыстары өзін әрқашан да қуанышқа бөлейтінін жеткізді. Өмір бойы диқаншылықпен айналысқан ақсақалдың ата-анасы Қырғызстанға 1932 жылы қоныс аударыпты. Қария Қазақстанды әрдайым алға тартып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің аталық ақ батасын беріп, Қазақстанды өсіп-өркендету жолындағы еңбегіне жеміс тіледі.

         Назарбек БАЙЖІГІТОВ, республикалық «Қырғыз Туы» газетінің жауапты хатшысы

        https://www.egemen.kz/2016/12/24/86485

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті