Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Иран қазақтары

Басты бет | Иран қазақтары | Ираннан келген қазақтар жиыны

     Иран қазақтары Ақтауда Маңғыстауға көшіп келгендерінің 20 жылдығын атап өтті. Оған Қазақстанның басқа өңірлеріне келіп тұрақтап қалған ирандық қазақтар да жиналды. "Бұл - біздің 20 жылда ешкімге масыл болмағанымызды, жетістігіміз бар екенін көрсетіп, елге берген есебіміз" дейді шараны ұйымдастырушы Маңғыстаудағы Шахмардан  Есенов атындағы университеттің оқытушысы Нияз Тобыш. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.

1 Ираннан қоныс аударған қазақтар елге оралғандарының 20 жылдығын Мұрат Өскенбаев атындағы филармонияда  атап өтті. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.
 
2 Маңғыстауға келген Иран қазақтары облыстық филармония залында сахнадағы көріністі тамашалап отыр. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.
 
3 Жиынға қатысуға келген кейбір қазақтар әлі Иранда тұратындары, бұл бас қосуға қатысуға арнайы келгендерін айтады. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.
 
4 Иранда тұратын Ақтөреш Ескелді орыс тілін білмегендіктен Қазақстанға келуге жасқанатынын айтады. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.
 
5 Иранда тұрып жатқан Әбіш Павиз математика пәнінен 30 жыл сабақ берген. Найза, диск лақтыру, зілтемір көтерудің бұрынғы чемпионы қазір ол елде бапкерлікпен айналысады. 
 
6 Әбіш Павиз Қайыптың «Ақбөбек» әнін иран мақамымен орындап тұр. 
 
7 Профессор Ислам Жеменей (сол жақта) және мәдениет қайраткері Есен Күмісқали Иран Ислам Республикасының Ақтаудағы бас консулы Махмуд Адибке (ортада) Иран қазақтары атынан сый-сияпат көрсетті. 
 
8 Маңғыстаудағы Шахмардан Есенов атындағы университеттің ағылшын және парсы тілдерінің оқытушысы Нияз Тобыш "жиынның мақсаты - елге оралған қазақтардың 20 жылдағы жетістігін көрсету" дейді. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті