Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Иран қазақтары

Басты бет | Иран қазақтары | Оралмандар ойбайлап жатыр

      Ираннан көшіп келген 20-дан астам отбасы Маңғыстау облысы әкімшілігінен оралман мәртебесін беруін талап етуде, деп хабарлады КазТАГ тілшісі. 

     «20-дан астам отбасы тарихи отанына Ираннан көшіп келді. Олардың айтуынша, олар облыс әкімі Алик Айдарбавтың шақыртуымен көшіп келген. Алик Айдарбаев 2014 жылы наурызда Иранда сапармен болып қайтқан. Олардың айтуынша, облыс әкімі оларға баспана, жұмыс тауып беруге уәде берген», - деп хабарлады сәрсенбі күні агенттік тілшісі.  
     Олар облыс әкімшілігіне келіп оралмандарға арналған жеңілдіктер беруді талап етті. Бұл ретте олар басқа орындарға жүгінуден бас тартып, оның себебі қазақша білмейтіндігімен және өтініш жаза алмайтындығымен түсіндірді.

     Олардың кейбірлеулері 9 ай бұрын келген және осы күнге дейін бейімдеу және интеграция орталығында (БИО) тұрып жатыр. Бірақ, БИО директоры Шапай Әбіловтың айтуынша, көшіп келушілердің 90%мұнда заңсыз тұрып жатыр.

     «136 адамның 100-і заңсыз тұрып жатыр. Оларды біздер шығарып тастай алмаймыз, себебі олар дау шығарып, ереуіл ұйымдастырады. Сол себепті біз оларды қайтадан уақытша орналастыруға мәжбүрміз. Олар өз еріктерімен кеткісі келмейді және мемлекет есебінен осы БИО орталығында 6 ай ғана тұра алатынын, кейін «өздерінше өмір сүру» жолына кетуі керектігін есепке алмайды. Қазір біз заңға өзгертулер енгізіп, оларды сот арқылы шығарып тастау жолын қарастырудамыз. Сол кезде оларда ереуіл ұйымдастыруға негізі болмайды», - деді ол.

    Өз кезегінде Маңғыстау облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі нақтылап өткендей, «Алик Айдарбаев Иранда болған кездесуде қалауы барлар Қазақстанға өз еріктерімен бәріне ортақ негізде заңнамада қарастырылған процедураларды сақтай отырып оралуына болады деп айтқан». Одан басқа, сыртқы көші-қон бөлімінің бастығы Мақтымғали Сұлтанов атап кеткендей, өңірде қоныс аудару бағдарламасы тоқтатылған.

    «Қоныстанудың мемлекеттік бағдарламасы» Маңғыстау облысында бұдан екі жыл бұрын жабылған. Сондықтан біз оларға «оралман» мәртебесін бере алмаймыз. Олар Қазақстанда тұрақты қалып тұру мүмкіндігін алуы үшін құжаттарын жинап, тұрақты тіркеуден өтулері керек. Ал оны алулары үшін олардың отбасы мүшелерінің әрқайсының шотында 2 млн 500 мың теңге қаражаты болуы керек. Оларда ақшалары жоқ», - деді М. Сұлтанов.

       Оның айтуынша, қоныстанушылар өңірде шетелдік азаматтар ретінде жеке виза негізінде келген күнен бастап бір жыл тұруларына болады.

    «Біз өз тарапымыздан заңнамада қарастырылған барлық міндеттерімізді орындадық. Қалғанының барлығы біздің құзырымызда емес», - деді М. Сұлтанов.

      Сонымен қатар Ираннан келген отандастырымыздың ҚР азаматтары болып, «оралман» мәртебесін алған жағдайда көретін жеңілдіктердің барлығын көруіне мүмкіндіктері бар. 8 шілдеде «Қоныс аудару туралы» бапқа өзгерістер енгізіліп, ол бойынша Маңғыстау облысы қайтадан оралмандарды қоныстандыратын облыстар тізіміне енгізілді.

        «Бұл адамдарда оралмандар мәртебесін алу мүмкіндігі бар. Мәселе оның мерзімінде ғана. Әзірге олар шетелдік азаматтар ретінде тұра алады», - деді Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Гүлжихан Аманжан.

  "Айқын" газеті

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті