Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Тәжікстан қазақтары

Тәжікстан қазақтары

Душанбе көшесіндегі адамдар. (Көрнекі сурет)

     

Душанбе көшесіндегі адамдар. (Көрнекі сурет)

       Душанбеде "Тәжікстан қазақтары" деп аталатын кітап жарыққа шықты. Кітап Тәжікстан қазақтарының әдет-ғұрпы және бүгінгі салты жайында. 500 данамен орыс тілінде жарық көрген кітаптың авторы – жергілікті профессор Әбдісаттар Нұрғалиев. Ол кісі қазақ әдебиеті және Абай туралы тәжік тілінде зерттеулер жазған. Тәжік-қазақ достық қоғамының төрағасы, қазір Душанбедегі Ресей-Тәжікстан славян университетінде дәріс оқитын Әбдісаттар Нұрғалиев Азаттыққа берген сұхбатында ол елдегі қазақтардың тарихы жайлы айтты.

        Азаттық:  Қазақтар Тәжікстанға қай кезде барған?

        Әбдісаттар Нұрғалиев: – Тәжікстан қазақтарының бұл жаққа келгеніне 400 жылдам астам екен. Басында «60-70 жыл ғана болған шығар» деп ойлаған едік. Қазақтардың Тәжікстан жеріне көшіп келу кезеңін біз бірнеше кезеңге бөлдік. Бірінші кезеңде келген қазақтар – негізінен Маңғыстау өңірінен қоныс аударған, 16-ғасырдың басында Шайбани бастаған көшпелі өзбектердің Мауераннаһр мен Ауғанстанға жасаған шабуылы кезінде өзбек-қазақ болып аталатын тайпалар құрамында бірге келген қазақтар. Екінші кезең – 1723 жылдан кейінгі жоңғар жаугершілігі кезінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталатын кезеңде бас сауғалап, үдере көшкен қазақтардың бір тобының осы жерге келіп қоныстануы. Мұны да кейбір шежіре білетін қарттар анық айта алмағанымен, жоққа да шығармайды. Үшінші кезең – совет өкіметі орнағаннан кейін бай-кулактарды қудалай бастаған кезеңде қоныс аударған қазақтар.

        Азаттық: – Қазақтардың Тәжікстан аумағына қоныс аудару кезеңін тым әріден бастап отырсыз. Деректерді қайдан алдыңыз?

"Тәжікстан қазақтары" кітабының авторы Әбдісаттар Нұрғалиев. Душанбе, 30 қаңтар 2017 жыл.

"Тәжікстан қазақтары" кітабының авторы Әбдісаттар Нұрғалиев. Душанбе, 30 қаңтар 2017 жыл.

      Әбдісаттар Нұрғалиев: – Мұрағаттардан дерек алу өте қиынға түсті. Әрине, облыстық, республикалық мұрағаттарда сақталған ескі жазбаларды пайдаландым. Бірақ негізінен ауызекі әңгімелерден, қарттардың сөзінен алдым. Одан басқа кейбір тарихи деректерді қолдандым.

          Азаттық: – Тәжікстан қазақтарының саны туралы әртүрлі мәлімет бар. Қазақтарды зерттеуші ретінде нақты бір дерек айта аласыз ба?

         Әбдісаттар Нұрғалиев: – Тәжікстанда 1990 жылы 11 мың 700 қазақ болған еді. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін басым бөлігі көшіп кетті. Ресми есеп бойынша, 2 мыңға жуық қазақ бар. Бірақ осыдан екі жыл бұрын қазақтардың тағы бір тобын таптық. Олар – өзбектеніп кеткен қазақтар. Рулары – уақ, құжат бойынша ұлты – өзбек. Яғни ұлтын өзбек деп жаздырып алған, бірақ бойларында қазақ қалыптары сақталған. Олар Соғды облысына қарасты Истаравшан ауданындағы Боратөбе ауылында тұрады. Сосын 200-дей аралас отбасылар бар. Сол себепті, мен дәл қазіргі сәтте 4 мың қазақ тұрады деп анық айта аламын.

       Азаттық: – Жергілікті қазақтар ұлттық салт-дәстүрін, тілін қаншалықты сақтап келеді?

Сол себепті орта мектеп бітірген жастар Қазақстанға кетуге, сол елде білім алуға талпынады.

         Әбдісаттар Нұрғалиев: – Тәжікстандағы аз қазақтың басын қосатын – «Бәйтерек» мәдени орталығы. Мұндағы қазақтардың кәсібі де әрқилы. Мемлекеттік қызметте де істейтіндер бар. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар да бар. Бірақ қазақ тілін білетін ақсақалдардың бәрі кетіп қалды. Қазіргі жастар ана тілін білмейді. Бұған, біріншіден, мектепте қазақ тілінің оқытылмайтыны себеп болса, екіншіден, өскен ортаның әсері көп. Себебі бұл жерде өзбек ұлтының өкілдері көп. Сондықтан да болар қазақ жастары не орысша, не өзбекше сөйлейді. «Бәйтерек» орталығы қазақ жастарын жинап, тілін-дәстүрін үйретуге барынша жұмыс жасайды. Өскен ортасына байланысты ұстанатын салт-дәстүрлері де бейімделе береді ғой. Орта мектепте қазақ жастарының алдында не өзбекше, не, орысша, не тәжікше оқуға таңдау бар. Сол себепті орта мектеп бітірген жастар Қазақстанға кетуге, сол елде білім алуға талпынады. Жыл сайын арнайы конкурстан өтіп, Қазақстаннан оқуға мүмкіндік алып жатқан жастар да жетерлік.

         Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

       http://www.azattyq.org/a/tajikistan_kazakh_people/28269359.html

толығырақ

SAM_0344

          Өткен жұма күні Душанбе қаласында Ресей-Тәжікстан университетінің профессоры Әбдусаттор Нуралиевтің Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен шыққан «Казахи Таджикистана» кітабының тұсаукесері болып өтті.

     Игі шараға Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Н.Сейтімов, Ресей-Тәжікстан уни­верситетінің ректоры У.Мансуров, Тәжікстан Президенті Әкім­шілігі және Тәжікстан Үкіметінің, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Тұсаукесер сәтінде Нұрлан Сейтімов аталған оқиғаның екі мемлекет халықтары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуда ерекше маңызға ие екендігін атап көрсетті.

     Кітапта Тәжікстандағы қазақтардың қоныс аудару тарихы (1730-1840) нақ­тыланып, олар­дың мәдениеті, этнография­сы және тәжік халқымен рухани құн­дылық­тар саласындағы байланыстары жөнін­де жан-жақты зерттеліп, жазылған. Ең­бек атажұрттан тысқары жақта өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының тарихымен шұғылданатындарға, ұлт тарихына қызы­ғушылық танытатындарға арналған.

     https://www.egemen.kz/2017/01/31/96963

толығырақ

    Тәжікстанның 2,5 мыңнан артық қазақтары, жасы да кәрісі де Қазағым деп жүректері ерекше соғады, елден келген жаңалықты, өзгерістерді көздеріне жас алып тыңдайды, ерекше мақтаныш тұтады. Кездесулерде тәжік ағайындарға және басқа ұлттан шыққан достарына Қазақстан тұралы менің елім деп, жеткен жеңістерін мақтанышпен айтады. Шет жүрсекте біздің жүрегіміз Қазақстан деп соғады.

     Міне бүгін де мәдени орталығымыз  «Бәйтеректе» жиналып қазақстандықтармен тілегіміз бен ниетімізді бөлісіп отырмыз. Сыртта жүрген ағайын Қазақстанды аяғынан тұрғызып, әлемге паш еткен  Нұрсұлтан Назарбаевты ғана танимыз. Оның Қазақстанды мәңгілік елге айналдыру идяесын толық қолдаймыз. Сол себепті Елбасыны жеткен жеңісімен құттықтап, армандаған ойына қойған мақсатына жетуіне тілектестігімізді білдіреміз. Тілейтініміз: зор денсаулық, жемісті еңбек!!!
       

    Зәуре Саминова «Бәйтерек» Қазақ мәдени өрталығының төрайымы, Душанбе қаласы 

толығырақ

el.kz

el.kz

        Орталық Азия елдері ішінде түркі халқымен мейлінше етене араласқан, «ішек-қарны араласып» кеткен халық тәжіктер десе болады. Түбіміз түркі дейтіндер де бүгінде тәжіктердің арасында аз емес. Біз осыған орай Ресей-Тәжік (Славян) университеті тарих және журналистика теориясы кафедрасының профессоры Абсаттор Нуралиевті әңгімеге тартқан едік.

         -   Тәжікстанда қазіргі таңда өзін қазақпын дейтін адамдардың жалпы саны қанша?

      - Біз өз есебімізбен 2 мыңға жуық деп айтып жүрміз. Алайда 2013 жылғы халық санағында қазақтардың саны 600 деп көрсетілген. Бірақ бұл санаққа енбей қалған қазақтар да болды. Мәселен, Жылыкөл ауданында Гарагути деген жер бар. Қазір ол «Тәжікстанның 20 жылдығы» деп аталады. Сол жерде Қызылордадан барған 60 үй наймандар бар. Ол жерде өзбектер басым тұрғандықтан 200-ден астам қазақ балалары өзбек мектептерінде оқиды. Біз онда барып қазақтармен сөйлестік. Балалары қазір қазақша мүлде білмейді. Үлкендері қазақша сөйлегенде өзбекше араластырып сөйлейді. Бала-шағаның болашағы үшін көші-қон мәселесі оң шешілсе Қазақстанға қоныс аударамыз деп жүргендер бар. 
     - Қазақтар Тәжікстан жерін тек өткен ғасырдан бері ғана емес, Қазақ хандығы құрылмай тұрған кезден бастап мекен ете бастағаны рас па?
    - Тәжікстандағы қазақтардың белгілі-белгілі 5 мазары бар. Әулие кісілер болғандықтан оны жергілікті халық Қазақ әулие деп атайды. Оған қазақтармен қатар, тәжіктер де, өзбектер де зиярат етіп жатады. 
      Қарапайым халық Тәжікстандағы қазақтардың тарихын 300 жылға апарады. Ал тарихшылар құжаттарға қарап отырып оны одан да әріге апарып жүр. Мәселен Шайбани дәуірінен есептесек ол 500 жылға дейін барады. 
     Өз заманында қалыптасқан тарихи, саяси, экономикалық жағдайға байланысты Орталық Азия аумағындағы халықтарда бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап отырғандықтан шекара деген болмаған. Қоян-қолтық араласып тіршілік кешкендіктен, бір-бірлерінің тілін, мәдениеті мен дәстүрін, әдет-ғұрпын жақсы білід. Олардың тарихы да, тағдыры да көп жағдайда ұқсас. Олар бір-бірін жатсынбады. Мұны осында мекендеген елдің халық болып қалыптасу тарихының мысалы да айғақтай түседі. Қазақ-тәжік тарихы, мәдени байланыстарының тарихы тереңде жатқанын айту парыз әрі азаматтық міндетіміз деп білемін. 
     - Тәжікстандағы қазақтардың жергілікті халықпен тілдік және мәдени ассимилициясы қалай жүріп жатыр?
      - Қолда бар материалдарға сүйеніп, біз бірнеше ғасыр бұрын осы араға келіп қоныс тепкен көптеген түркі тайпаларының, соның ішінде Лақа, Қоңырат, Құрама, Дүрмен, Қарлұқ, Марқа және тағы басқалардың қазақтармен туыстығы, рулық шежірелерінің жақындығын білдік. Сондықтан 300-400 жыл бұрын осы жерге қоныс аударған кейбір түркі тайпаларының ішінде қазақтардың Лақай, Құрамалармен араласып сіңісіп кеткен. Оның үстіне өзбек тілді тайпалардың ортасынша тіршілік еткендіктен олардың ықпалы, әсері тіл, әдет-ғұрыптарынан байқалып тұрады. Біз осы күнге дейін қаймағы онша бұзылмай қалған тайпалардың фольклорынан үзінділер алып, қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерімен салыстырдық, тілдік ұқсастықтары ғажап. 
       Жалпы қазақтар тәжіктермен аралас тұратын жерде киім киісі жағынан болмаса өзінің тілі, мәдениеті жағынан ассимиляцияға көп түспейтіні байқалады. Бірақ өзбектермен және басқа түркі тайпаларымен ассимилияциясы айқын аңғарылады. 
       - Қазақтар арасында аралас некедегілер көп пе?
      - Біреуінің әйелі тәжік, екіншісінің күйеуі тәжік. Олар сол себепті отбасын тастап кете алмайды. Жалпы мұсылмандар көп балалы ғой. Егер Тәжікстанда 500-600 қазақ отбасы бар десек, оның 300-ден астамы аралас некеде деуге болады. 
      - Тәжікстандағы қазақтардың тарихын зерттеу мәселесі қалай шешіліп жатыр?
       - ХIV ғасырдан былай қарай 10 шақты тәжік қолжазбаларында қазақтардың тұрған жерлері, тіршілігі, мәдениеті туралы туралы материалдар бар. Оны оқу үшін парсы тілін білу керек. Ал Тәжікстанның оңтүстігін жайлаған халықтардың тайпалық құрамын зерттеуді мақсат еткен орыс ғалымдарының еңбектерінде қазақтар жайлы өте аз мәлімет келтірілген. Қазақтардың тұрмыс-тіршілігі басқа халықтар сияқты тиянақты түрде талдап зерттелінбеген, тарихы да көмескі қалған. Сонымен қатар, орыс ғалымдары түркілердің бұл аймақтың байырғы тұрғындары – тәжіктермен қаншалықты аралас-құралас болғандығы туралы да мәселе қарастырылып, анықталмаған. Бұл сондықтан әрине, нақтылы зерттеуді талап ететін келешектің ісі. 
     Ең қиын нәрсе сол, қазақтар жайын баяндайтын жазба тарихи деректер сақталынбай қалған. Хатқа түспеген. Зерттеушілер болмаған. Республикада өмір сүрген шежіре білетін қарттардың көбісі дүние салып, ендігі бір тобы Қазақстанға қоныс аударған. Кейбір тарихи дереккөздерді тек архивтерден ғана іздеуге болатындығы белгілі. Бірақ, оған біріншіден уақыт керек. Екіншіден кешегі тәжіктердің өзара қақтығысы кезінде (1992-1997) облыстық және аудандық кейбір мұрағаттар өртеніп кетті. Архив құжаттарынан айырылып қалдық. 
      - Тәжікстанның дамуы мен гүлденуіне қосқан қазақтардың үлесі туралы не айтар едіңіз?
    - Қазақ диаспорасының қоғамдық жұмыстан бастап, түрлі кәсіпті жақсы меңгеріп, адал еңбегімен абырой-атаққа ие болған өкілдері туралы ресми түрде айтылып жүргенімен, тарихи еңбектерде айтыла бермейді. Өйткені насихат жұмыстары нашар жүргізілген. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында Тәжікстан топырағына Қазақ АКСР Мәдениет халық комиссары болған Темірбек Жүргенов, Әскери комиссар Абдолла Ярмұхаммедов, Елеусіз Бұйрин, Көбей Жанғазин сынды тарихта аты қалған адамдар осында біршама қызмет жасағаны мәлім. Сондай-ақ Бабай Ишан, Сағидолла молда, Әлшекей күйші сияқты саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар бұл жерді паналап келгендігі де бүгінде белгілі болып отыр. Ал өмірінің соңына дейін Тәжікстанда еңбек етіп Тәжікстан Жоғарғы Кеңесіне 2 рет депутат болып сайланған әйгілі мүсінші Жанғазиннің еңбектері арнайы әңгімеге арқау болар үлкен оқиға деуге болады. 
       Тәжікстандағы қазақтардың 1990 жылдардан кейін 11 мыңнан астамы атажұртқа қоныс аударған болатын. Олардың арасында өздерінің бұл елдегі тарихын бірщама жақсы білетін көнекөз қариялар аз емес. Сондықтан олар бақилық болмай тұрғанда Қазақстан ғалымдары арнайы іздеп барып, әңгімелерін жазып алса жөн болар еді. Тәжікстанда қазір қазақ тарихын арнайы зерттеп жүрген тек мен ғана. Сондықтан бұл мәселеге Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы да атсалысса деген ой-пікірімізді жақында Алматыда өткен «Орталық Азияның қазақ диаспорасы: тарих – мәдениет – ескерткіштер» деп аталатын халықаралық ғылыми конференцияда Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевқа жеткізге едім. Онда биылғы жылы жазылып бітетін Тәжікстан қазақтары туралы жазылған монографиялық кітапты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы арқылы жарыққа шығару мәселесі оң шешімін тапқандай болды. 
            Әңгімеңізге рахмет, еңбегіңізге жеміс тілеймін.

     Автор: Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

    Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/tajkter-arasyinda-bzdn-tubmz-turk-deytnder-az-emes-61680/

толығырақ

Накануне распада СССР казахи в Таджикистане были девятой национальностью по численности. Массовый исход казахов был спровоцирован гражданской войной 90-х годов прошлого века, политической и экономической нестабильностью Таджикистана. Казахстан, не имеющий общей границы с ним, смог в кратчайший срок организованно переселить и обустроить на исторической родине 2752 казахских семей в составе 11657 человек. 95% репатриантов отдали предпочтение Южному региону Казахстана.

Итоги первой переписи населения независимого Таджикистана 2000 года свидетельствуют о серьезных изменениях в демографической ситуации. Так, число многочисленных этниче­ских групп уменьшилось до девяти, но в их число уже не входят казахи. Здесь их осталось всего 936 человек. Из них в Согдийской области проживает 350 казахов (37,39%), Хатлонской области – 311 (33,55%), в 9-ти районах республиканского подчинения – 87 человек (9,30%), в столице г.Душанбе – 185 человек, что составляет 19,76% от общей численности казахов этой республики. В Горно-Бадахшанской области  всего 3 казаха.  Отмечена демографическая особенность казахской диаспоры – в ее гендерном неравенстве. Около 2/3 всей диаспоры – это женщины. В 2000 году 68,8% казахов Таджикистана считали родным языком казахский.

Консолидирует казахскую диаспору казахский культурный центр «Байтерек», в котором  объединены патриоты, энтузиасты, бывшие педагоги, спортсмены, тренеры, психологи, врачи, научные сотрудники со страстным стремлением приобщиться к процессам, происходящим в Казахстане. Благодаря «Байтерек» в апреле 2009 года  под эгидой Всемирной Ассоциации казахов  проведен Первый Малый курултай казахов Центральной Азии, Афганистана и Ирана, диаспора регулярно получает издания Министерства  культууры и информации РК. Среди них,  международный журнал «Алтын бесiк» («Золотая колыбель»), альманах «Туған тіл» («Родной язык») на трех графиках казахской письменности, а также книги, авторами которых являются представители зарубежной зарубежной диаспоры, СД-диски с записями песен казахов Монголии, Китая и Казахстана. По запросу  «Байтерек» в Душанбе были доставлены фильм «Трагедия Триумфатора» Александра Головинского (Казахфильм, 2009 год), роман-эпопея «Путь Абая» в переводе Анатолия Кима в четырех книгах - личный подарок  Мурата Ауэзова – президента общественного Фонда имени Мухтара Омархановича Ауэзова. Книги по фольклору, изобразительному искусству казахов, воспоминания 1964 года о первом президенте республиканской Академии наук академике К.И. Сатпаеве передала через ВАК научная библиотека Комитета науки МОН РК.

Среди многочисленных национально-культурных центров Таджикистана только казахский «Байтерек» и башкиро-татарский центр  имеют арендуемые  офисы. Так, в просторном казахском офисе размещена фотовыставка, богатая книжная библиотека с учебной и художественной литературой, полученная в дар от Посольства Казахстана и Всемирной Ассоциации казахов. На таджикском языке можно также прочитать Послания Президента Казахстана и назидания  Абая.

 Учебно-методическими пособиями, доской и СД-материалами оформлен отдельный кабинет для преподавания казахского языка. Сюда приходит  не только молодежь, которая намерена участвовать в конкурсе на получение государственных образовательных грантов на исторической родине, но и местные таджики, вовлеченные в трудовую миграцию в Казахстан. Здесь звучат казахская речь и национальные песни, посетители смотрят новости по спутниковому телеканалу «CaspioNet».

Отдельная комната отведена для работы по рукоделию, изучению национального колорита и узоров, игр, танцев. Кухня предназначена для приготовления национальных блюд. Как шутят женщины, по размерам баурсаков можно определить из каких областей Казахстана они здесь представлены.

          Казахи, навсегда покидающие Таджикистан, как правило, сбор и оформление документов репатриантов готовят при поддержке и консультации  «Байтерек». Здесь многие получают помощь и в розыске родственников в Казахстане, да и в самом Таджикистане, пережившем военные конфликты. Даже по вопросам изменения национальности в документах многие метисы, записавшиеся по разным причинам русскими, узбеками, таджиками, сначала обращаются в «Байтерек», куда приносят свои документы, в том числе архивные, доказывающие их казахские корни в дореволюционное или в советское время.

         Как отмечают местные этнические казахи,  поиски документов в архивах Казахстана отнимают много времени, к тому же услуги архивов платные и  почтовые пересылки также  обходятся дорого.

          По отзывам казахов, они уважают культуру таджикского народа, изучают или знают таджикский язык, стремятся поддерживать связи с Казахстаном. Кстати, по переписи 2002 года 21,5% казахов считают таджикский язык родным или свободно им владеют. О достаточном уровне социальной адаптации свидетельствуют ровные взаимоотношения казахов и со всеми национальными общинами. Руководитель «Байтерек» Зауре Саминова состоит членом общественного совета при Президенте Республики Таджикистан. Активисты  «Байтерек», среди них, например, известный тренер Идирисов Марат, стали делегатами IV Всемирного Курултая казахов в Астане, в 2011 году.

         Как они подчеркнули, тревожность за будущее, и особенно детей,  объединяет настрой  этнических казахов. Местные казахи отмечают, что если в Казахстане имеются таджикские школы, то в Таджикистане закрыта единственная казахская школа еще в конце 80-годов прошлого века. Сегодня дисперсное расселение казахов в мононациональной среде (80% –  таджики) мешает сохранению родного языка, национальной культуры и традиций. Эта проблема усугубляется малочисленностью диаспоры, отсутствием педагогов родного языка. Казахская диаспора подвержена активной ассимиляции вследствие межнациональных браков, близости культуры  титульной нации и религии (ислам). Казахская диаспора фокусирует в себе основные проблемы общества, в котором она представлена.                   

Кулгазира Балтабаева,

директор Аналитического центра

Всемирной Ассоциации казахов,

кандидат исторических наук

толығырақ

Не будет преувеличением, если сказать, что в ХХ в. наши государства еще более сблизили нас, способствуя все более интеграционному процессу во многих областях нашей жизни. Сегодня, в условиях независимого развития наших стран, мы размышляем о том, что было положительного и отрицательного, каким образом, процесс сближения отразится на судьбе народов и народностей, свободно перекочевавших с одного места на другое, в качестве переселенцев. Считаем важным определение их роли в становлении того или иного края, в том числе, на территории бывшей Восточной Бухары – нынешнего Южного Таджикистана.

 Как свидетельствуют исторические источники, в становлении Автономной Республики Таджикистан из многочисленных диаспор, исполнивших важную роль, была казахская. После обретения суверенитета, большая часть жителей переехали на свою историческую родину, а часть осталась жить и работать в содружестве народов Таджикистана, вкладывая свою лепту в развитии страны. Однако, до сих пор, не изучена история переселения казахов на территорию Таджикистана и их роль в развитии этого края. В данной статье мы поставили перед собой задачу, по мере возможности, изучить историю казахов. При этом мы осознаем, что для исследования темы фактический материал практически отсутствует. Поэтому мы в поиске материалов из рукописных источников прошлого, рассказов пожилых людей, знающих какие-либо факты, а также намерены изучить архивные материалы.

Исследуя эту тему, мы убедились в правильности выбранного пути. Чем глубже погружаемся в историю таджикского и казахского народов, тем четче и яснее проявляются генетическое родство и близость образа жизни, общность культур. Многими исследованиями установлено, что в культуре и быте всего центральноазиатского региона обнаруживается немало сходств. Они обусловлены единой исторической судьбой, кровным родством наших предков, многовековым соседством в данном регионе, проживанием в едином пространстве. Это ясно прослеживается в сравнительных исследованиях устного народного творчества, быта и образа мышления наших народов. На основе такого доверительного отношения друг другу, наши народы свободно перемещались из одного места в другое, в поисках лучшей жизни, перенимая культуру местного населения. Таким образом, объединяющим фактором для таджикского и казахского народов, является культура и наше историческое прошлое. Малое и великое переселение наших предков заложили основу всего того, что у нас есть сегодня.

В условиях независимого развития наших стран, таджики и казахи изучают опыт и пользуются плодами творчества. Это требует от представителей науки и культуры наших народов не только глубокого изучения истории самобытности культур, но и степени их общности, взаимного обогащения. Перспективы наших многосторонних взаимоотношений требуют на качественной основе возродить наши былые связи и интенсивно их развивать. В этом направлении важным является  изучение истории казахской диаспоры в Таджикистане и историю таджикской диаспоры в Казахстане на основе специальных программ.

В ходе исторического развития и практических взаимных связей установлено, что живое общение народов является, порой, решающим фактором развития их экономических и культурных связей. Именно через подобное общение таджики и казахи могут лучше понять и узнать, наладить выгодный обмен производственным и культурным опытом.

Как мы упомянули выше, в любых формах межгосударственных взаимоотношений, нельзя сбросить со счетов подобные факторы. Известно, что таджикский народ вызывает уважение у других народов своим богатым древним прошлым, великим культурным наследием. Казахский народ, имеющий много общего с таджикским народом в сфере культуры и религии, пользуется особым уважением у таджикского народа. Я знаю многих казахских ученых, писателей, государственных деятелей, относящихся к таджикскому культурному наследию с почтением. Ибо, они, будучи людьми просвещенными, достаточно хорошо осведомлены о наших культурных взаимосвязях, корнями уходящих вглубь веков. К сожалению, известные события 90-х годов ХХ столетия, в какой-то мере снизили международное  значение таджиков, но уникальный случай национального примирения восстановил этот престиж. Народ прислушался к голосу разума, к заветам своих великих предков.

В эти трудные годы для Таджикистана, Казахстан оказывал стабильную партнерскую поддержку во всех отношениях. Это подтверждают показатели экономического сотрудничества.

Все сказанное в полной мере относится к казахской диаспоре в Таджикистане, ибо они, проживая в нем, душой всегда были со своей исторической родиной  – Казахстаном.

По рассказам пожилых людей из казахской диаспоры в Таджикистане, история поселения казахов в этих местах, насчитывает не менее 500 лет. Они связывают это с приходом массы тюрков, узбеков и казахов после завоевания шайбанидов. Дать точное определение времени истории переселения тюркских племен на нынешнюю территорию Таджикистана чрезвычайно сложно. Проблема осложнилась и тем, что основная часть казахского населения на сегодня переехали и проживают в Казахстане, некоторые устные и письменные сведения о перекочевке остались неясными. Сегодня в Таджикистане из 12 тысяч казахов (1989) осталось всего около 2000. Кроме того, здесь проживает немало тюркских племен, родственные казахам, большинство которых зарегистрированы как этнические узбеки. Однако не все подобные «узбеки» довольны со своим нынешним положением. Потомки старинных тюркских племен, веками живших здесь и сегодня называют себя Конгратами, Найманами, Локайцами, Карлуками, Дурменами и прочими, язык которых наиболее близок к казахским наречиям. Среди них, по говору и некоторым традициям, фольклору выделяются Локайцы и Кунграты, в составе племенного разделения есть «Локай казак» и прочие. Полагаем, что изучение этногенеза этих племен выявят интересные факты родственности по отношению к казахам.

Ученые, исследовавшие этнический состав народонаселения Южного Таджикистана, затрагивали тему казахской диаспоры. Однако, история их переселения не затрагивалась. Только в некоторых источниках XIX-начала ХХ в. встречаются общие сведения о представителях казахского народа. Одним из таких источников является рукопись «Тарихи Хумоюн» («Благородная история») Мухаммада Содикходжа Гулшани, заново переписанный в 1909 году (№ 2968 фонда Института восточных рукописей АН РТ). Будучи советником Эмира, объездил всю территорию Восточной Бухары, т.е. нынешнего Таджикистана. Он писал, что «Если через Нурекский мост переходить реку Вахш, оттуда начинаются владения Балджувана и Куляба, однако, они не подчиняются Душанбе и Хисару. С давних пор (эта земля) находится в подчинении Балджувана и Хатлона, а дорога туда, только через старый (дедовский) мост. Население этой территории насчитывает 150 тысяч кибиток. Из них 10 тысяч домов туркмен и 5 тысяч кибиток казахов и 35 тысяч семей узбекских тюрков» [с.144].

Часть казахов и тюркоязычного населения, в конце XIX и начала ХХ в., переехали из Нуратинской области Бухарского Эмирата. Об этом рассказывают люди старшего поколения, и это подтверждает «Благородная история» Гулшани. «Одним из лучших и богатых базаров является рынок Гиждуванского вилоята, который имеет 15 сараев (стойбище караванов), – пишет он. Подавляющие большинство казахов Нураты все необходимые товаров закупают здесь и не едут в Бухару». [с.51].

Гулшани для Эмира собирал точные сведения о народонаселении Восточной Бухары. «В степях и кишлаках этих мест (Нуратинской области), – отмечал он, проживают очень много тюркских племен [с.70]. В подчинении этого края находится 10 тысяч кибиток казахских и каракалпакских племен, имеющих много верблюдов, табунов лошадей и отаров овец. Все население кочевников живут в юртах. Они занимаются подготовкой угля и их продажей» [с.71].

Затем, в начале XX в., часть населения этой местности переселяются в пустующие земли нынешнего Южного Таджикистана. Эти сведения Гулшани, позднее подтверждается Б.Х. Кармышевой и другими русскими исследователями народонаселения Таджикистана.

По сведениям того же Гулшани: «На побережье рек (Лаби об) Кургантюбинской области живут 10 тысяч домов туркмен и 5 тысяч кибиток казахов. Все они имеют верблюдов и занимаются провозом зерна, различных продуктов и вещей. На этом они зарабатывают себе на жизнь. Все местные тюрки имеют лошадей. Никакая другая область не может сравниться с Кургантюбе, имеющая возможности вмещать на своей территории неисчислимое количество людей и хорошие пастбища для скота. Здесь земля плодородная, много воды, и сена в достатке. Здесь имеются чуть более 500 тыс. голов  овец. Это очень мало для такого плодородного края, этот вилоят имеет возможность вместить на свою территорию до 100 тысяч кибиток населения, до одного миллиона голов овец и несколько табун лошадей» [с.149].

Эти данные свидетельствуют, что казахи, проживающие на территории Восточной Бухары, до установления советской власти, были зажиточными людьми. По подсчетам Гулшани, здесь проживали не менее 20 тысяч казахов. Свидетельством этому является пять казахских мазаров, на  сегодняшний день, некоторые из них являются местом паломничества мусульман.

К позднему периоду переселения казахов, т.е. в 20-е и 30-е годы XX в., относится перекочевка части казахского населения в годы военных действий, связанной с революцией и еще одна часть населения, спасаясь от голода, переехала в Таджикистан. По свидетельству жителя Джиликульского района Кожамкула Нурматова, большая группа казахов, принадлежащей племени Беснайман, в начале 20-х годов XX в., направились к границам Афганистана, спасаясь от преследования властей Казалинского района Кызыл-Ординской области, причисливших их к кулакам и противникам новой власти. Через пески и Нуратинский район Узбекистана, они перебрались до Джиликулского района. Так как граница с Афганистаном к этому времени  была перекрыта Красной Армией, они не смогли пересечь ее, и обосновались в пустынном месте Джиликуля, который сегодня называется село «Гаравути». Сегодня более 100 семей Казахов-Беснайман живут здесь. Несомненно, они внесли свою достойную лепту в становлении Республики Таджикистан.

Другая группа казахов, переселившихся в 29-30 годы, проживали в разных уголках Гиссарской долины. По рассказам пожилых людей, когда часть казахов приехали в Гиссар, спасаясь от голода, у таджиков тоже была нелегкая жизнь. Несмотря на все это, местное население поддержало казахов. Плодоносные горные растения и деревья, как дулана, тутовник, орехи и другие, служили людям провизией в голодные годы. С тех пор, местное население и прибывшие казахи стали близкими. Сегодня же, основная часть казахской диаспоры, прожившая здесь много поколений, переехала на свою историческую родину – Казахстан.

Сегодня, с оставшимися более чем 2000 казахами, работает культурный центр «Байтерек», организованный в 2006 году, им успешно руководит Саминова Зауре.

На сегодняшний день, общественная организация «Байтерек» – член Всемирной Ассоциации казахов, объединяет в единое целое казахов многих регионов Таджикистана, в том числе: г. Душанбе, районов республиканского подчинения (Гиссарский, Рудаки, Вахдатский), г. Кургантюбе, г. Нурек, г. Регар, г. Худжанд, районных центров  Шахритус, Джиликуль, Колхозабад, и Горно-Бадахшанской области (ГБАО). Задачей Организации является оказание содействия для сохранения казахской национальной культуры, а также обычаев, национальных традиций, родного языка.

Казахи, проживающие в Таджикистане, с уважением относятся к культуре таджикского народа. Изучают таджикский язык,  живут в дружбе и согласии со всеми национальными меньшинствами. Поддерживают постоянную связь с родственниками и друзьями в Казахстане. Организация «Байтерек» оказывает помощь казахской молодежи, желающих поступить в высшие учебные заведения Казахстана.

Таким образом, казахская диаспора ведет размеренную жизнь и успешно работает в содружестве народов Таджикистана. В настоящее время, история казахской диаспоры исследуется группой ученых.

 

А. НУРАЛИЕВ

доктор филологических наук, профессор 

Таджикистан, г. Душанбе

// Текущий архив Всемирной Ассоциации казахов,2012

толығырақ

Сонымен Тәжікстанға жол түсті. Орта Азия елдері және Иран, Ауғанстан қазақтарының кіші құрылтайы – 20-22 сәуірде Душанбе қаласына өтпек.  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бас болып 19-сәуір күні түс қайтта ұшаққа отырдық. Осы іс-шараға арнайы шақырылған түркіменстандық қандастарымыз Оңайгүл Ұшқанбаева, Айсұлу Мұхитова ханымдар да бізбен жолдас болып шықты.

Шағындау әуе кемесі мезгілімен көкке көтерілді. Әдетімен Алматыны бір айналып, оңтүстікке бағдар түзеді. Алатау алыс көкжиекке айналғанда астымыздағы шоқ-шоқ бұлттардың ар жағынан белуарынан жоғары қар сауыты сөгіле қоймаған сансыз тау сілемдері бізге қарай жайлап жылжып келе жатты. Бұл Памир, ежелгі парсы тілінде «күн құдайы» дегенді білдіретін заңғар шың, алып жоталар. Кең  аңғар, қазан шұңқырлар. Ең биік жері –7495 метркелетін тау жүйесі...

Екі сағаттан аса шырқау биікте қалқыған ұшағымыз, әнтек лекте төмендеп, төңірегі тұтас таумен қоршалған ойпаттағы қала үстінен төне кеп жерге жанасты. Ұшардағы дұғамызды және қайталап үлгергенімізше қарқыны баяулай келіп жайлы тоқтады. Бізді консул Саясат Мұрғайбекұлы елшілік атынан қарсы алып, жеңіл көлігіне әкеліп жайғастырды.

«Шираз» қонақ үйі – Кеңестер кезінде салынған маңдай алды ғимарат. Өзіміздің Маңғыстау өңірінде өндірілетін қатты жынысты ұлу таспен әшекейленген ақ сарайдың жеке-жеке бөлмелеріне жайғастық. Бас елші Әбутәліп Ибіжанұлы   Ахметов ағамыз күтіп отыр екен. Бұл кісіні  Түркияда бас елші болып тұрған кезінде көрген екенмін. Сол ақжарқын көңіл, жылы да шуақты қауышу. Біздің жанымызда оны-мұнымызды ұқыптап, бағдаршы болып жүрген сәнді киінген ұзын бойлы жігітпен амандасып тұрып Талғат ағамыз «Әкесінен аумайды екен», – деді. Сөйтсек, елшінің бірінші көмекшісі Рүстем Жаманқұлов – аты мәшһүр, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай әл-Таразидің ұлы екен. Біздер қайтқанша бірге болатынын сыпайылап жеткізген Рүстем бауырымыз дипломатиялық нөмерлі шетел көлігімен түскі асқа алып жүрді. «Ресей» деп аталатын ауданға, негізінен, өзбектер шоғырланған. Арнайы қонақ ретінде бізді сондағы мейрамханаға апарды. «Илик палау» яғни, үстіне жілік майларын салған дәмді палаудан сүйсіне жеп, көк шаймен шөлімізді бастық.

Біз көтерілген белес – Көктөбе деп аталады. Алматымыздың Көктөбесінен аласалау. Жұмыс істеп тұрған аспалы жолы ертеректе қалай пайдалануға берілсе сол қалпында, жөндеу  көрмегендіктен тозған. Төменде Душанбе – бұл баяғыдағы  Олжас ағамыз фонтандарын тамсана жырлайтын Душанбе емес, жүделеу. Төбенің батыс жақ қырында елге белгілі, беделді кісілерге арналған мазарлық көрінеді. Қауымдастықтың қызметкері Жанар Мұқашева 1997 жылғы ішкі қақтығыс кезінде бітімгершілік мақсатта келген 17 қазақ боздақтарының қайда жерленгенін сұрады. Өкінішке орай, олардың бейіті қаланың басқа бір шетінде екен. Өткен ғасырдың басында осынау ойпаң жерде дүйсенбі күні базар болады екен. Кәсібін нәсіп еткен жұрт әр тараптан ағылып келіп қоныстана берген; сөйтіп дүйсенбі атауы – Душанбе деген қалаға айналып, бүгін де әлем таныған егеменді елдің астанасына айналған.    

Күн еңкейе «Ширазға» оралдық. Жайлы сәуір. Тау арасының ауасы да жағымды. Бірнеше күн бұрын Тәжікстан үкіметінің отырысында ел Президенті сөз алып, әлемдік дағдарыстың әсерінен алыс-жақын шетелдегі, әсіресе, Ресейдегі тәжіктердің еңбек күшінің қысқаруына байланысты  экономиканың біраз төмендегінін айтқаны есімде қалыпты. Қала көшелерінде қыз-қырқын, бала-шаға, қарт адамдар болмаса, атпал азаматтар сирек ұшырасады. Дені түзден нәпақа теріп кеткен, сірә. Елшіліктегі жігіттер мұнда өте қымбатшылық екенін ескерткен-ді. Кешкісін Орталықтағы «Шайхонай»  мейрамханасына  бас сұқанда бұған анық көзіміз жетті. Нарқы аспандап тұр деген біздің қалалар бұның қасында айналайын екен.

20 сәуір күні таңғы астан кейін  Рудаки даңғылының бойындағы «Кохи Вахдат» мемлекеттік комплексінің конференция залында  кіші құрылтайдың дөңгелек үстел мәжілісі басталды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев салтанатты ашылу сөзін сөйлеп, жүргізіп отырды. Дүбірлі жиынның өтуіне мұрындық болған Тәжікстандағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Әбутәліп Ахметов, «Бәйтерек» қазақ мәдени қоғамының төрайымы Зәуреш Саминова төрден орын алды.    

Жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орынды алатын Қазақстандағы  қазақ ұлтының  саны 2009 жылғы ресми санақ бойынша 67 пайызға жеткенін тілге тие кетіп, құрылтай қонақтарынан сүйінші сұраған Талғат Асылұлы, еліміздің көші-қон саясаты, елге оралған, оралатын қандастарымыздың жәй-күйін, экономикалық-әлеуметтік жағдайын тәптіш-теп түсіндірді.

Тәжік жеріне жеті елден жиналған  қазақ өкілдерін Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ә. Ахметов, Тәжікстан Республикасы Президентінің Әлеуметтік даму және жұртшылық-пен байланыс жөніндегі Мемлекеттік кеңесшісі С. Фаттоев және Тәжікстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары М. Мухторов, «Пайванд» атты әлем тәжіктері мен парсы тілдес халықтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары И. Салохиддинов құттықтады. Ресми құттықтаулар біткеннен кейін сөз Ауғанстаннан келген Әбділзайыр Әбділқайымға берілді. Ол ауғанстандық бауырларымыздың қотарыла көшуге тас түйін дайын отырғандарын, соған орай Қазақстанға барғанда орналастыру, квота беру, жеңілдіктермен қамтамасыз ету жағы оңтайлы шешімін тапса деген тілегін жеткізді.

«Caspionet» телеарнасы арқылы атамекеннен күнделікті хабар алып отырған Иран қазақтары өз сөздерінде, негізінен, тері өңдеумен айналысатындарын, бизнестерінің ауқымын кеңейтіп, Қазақстанмен еркін сауда байланыстарын жандандыру арқылы ел экономикасына барынша көмек көрсеткісі келетіндерін айтты. Соған орай кедендік кедергілер мен салық қиыншылықтарын ретке келтіру жағын қарастырса деген өтініштерін білдірді. Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстандағы ағайындар түбі атажұртқа оралатындарын айта келіп, өтініш-ұсыныстарын да ортаға салды. Душанбедегі корей, ұйғыр қауымдастықтарының өкілдері  де сөз алып, ақ тілектерін білдірді. Басқа да сөз сөйлегендер Қазақстанның өз  қандастарын атажұртқа оралту жөнінде үлкен жұмыс атқарып отырған санаулы елдің бірі екенін, бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын әрқашан да өздеріне үлгі ететіндерін барынша тебіреніспен айтты. Соған байланысты Тәжікстан жағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шетелдегі отандастармен байланыс жасау,  көші-қон жұмыстарына ат салысу жөніндегі іс-тәжірибелері өздеріне ауадай қажет екенін, соған орай  жол-жоба көрсетіп, тәжірбие бөлісуін өтініп, келісімге отыруға даяр екенін жеткізді. Әрине, келісім-шартқа қуана қол қоятынын айтты Талғат ағамыз.

Қазақстан елшілігінің осындағы қазақ диаспорасымен байланыс жасауының жәй-жапсарын сөз еткен Әбутәліп Ахметов  ағамыздан кейін өзбек, қырғыз елінен келген ғалым-жазушылар мен мәдениет қайраткерлері ата жұртпен  әдебиет, мәдениет, өнер алмасуларын кеңінен қолға алса, қиыр жайлап шет қонып жүрген қандас қаламгерлердің шығармаларын басып тарату, еңбектеріне тиесілі бағаларын алып, марапаттарға ұсынылса екен деген емеруіндерін білдірді.  Қортынды сөз алған Талғат Асылұлы Қауымдастық жанында «Атажұрт» баспасы жұмыс істеп тұрғанын, татымды туындылардың кедергісіз жарық көруіне мүмкіндік болатынын айта келе, Еуропада жыл сайын өтуі дәстүрге айналған кіші құрылтайларды ТМД елдерінде де қолға алсақ; Тәжікстаннан бастау алған бүгінгі іс-шара жалғасын тапса деген пікірін білдірді. Барлық қонақтар мұны  қуана құптады. Қырғызстаннан  келген азаматтар келесі құрылтай  Ыстық көл жағасында  өтсе дегенді айтып, осыдан бара сала басқосуға қажетті іс-шараларды қолға алатындықтарын жеткізді. Осыдан кейін мәжіліс мәресіне жетіп, түскі астан кейін қаланы тамашалау Душанбеден тым алыс емес Гиссар қамалында жалғасты.

Шығыс үлгісі мен исламдық өркениет бедерлері көзге ұрып тұрған биік қамал мен күйдірген кірпіштен өрілген қос мұнара. Маңдайшасы доғаша иілген биік қақпаның аржағында ат шаптырым алаңқай біздің ескі Сауранды еске түсіреді. Қалыңдығы 2 метрге таяу жаубалшық қорғанның ізі түйетайлыланып көзге ұрып тұр. Биігіне көтеріліп көз тіктім. Төңірек жап-жасыл. Тау аңғарынан суырылып, бақша-баулы қыстақтарды қақ жарып өтіп, анау бір аңғарға суғынып жатқан арынды өзен. Жалпы, тәжік жері су жағынанан таршылық көрмейтіндей. Памир шоқыларындағы ықылымдық мұздықтар, қалыңдауды ғана  білетін тұтасқан қар – бұл елдің сарқылмас құты.

Қара  жолдың оң жағындағы  керуен сарайы, медресе, сауда-саттық алаңы өте жақсы сақталған. Тәжік жерінің  өткенінен жан-жақты хабар беретін тарихи өлкетану мұражайы осында орналасқан. Тамашаладық. Тәнті болдық! Көгалда бір топ жасөспірім доп қуып жүр. Тілдесіп көрдік. Орыс тілін мүлдем түсінбейді екен. Үйреншікті шүлдіріміз олардың күлкісін келтіргені соншалық тәжікше сөйлесіп, сандарын шапалақтап мәз болды.

Қамал бағдаршысынан «тәжік» атауының мәнін сұрадық. «Тәж» деген сөзден келіп шығатынын айтты ол. 11 миллиондай тәжік халқының өз жерінде 3,5 миллионы тұрса, өзгесі Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан, Ресей, Иран, Қытайда қоныстанған екен. Дені ислам дінінің сүнит тармағын ұстанады.     

Бас елші Әбутәліп Ахметовтың атынан елшілік үйінде берілген қонақасы да есте қаларлықтай болды. Әлем классикасы мен  қазақ әуен саздарын нәшіне келтіріп ойнаған квартеттің өнеріне елітіп, дәм алып тұрмыз. Енді домбыраға кезек келді. Қазақ әндері асқақтады. Нансыз болса да, әнсіз болмайтын Қазекеңнің мұндайда делебесі қозбай тұра ма!? Талғат ағамыз бастап, Әбутәліп ағамыз қостап, алуан түрлі ән шырқалды. Қырық төрт немере көріп, шүпірілген шөберлерінің алақанынан су ішіп отырған 76 жастағы Рүстем Әбдеев ағамыз әр әнге ерекше бір тебіреніп, шабыттана қосылады. Көзі жасаурап, ішкі сезімін жасыра алмай тұр. Рүстем ақсақал –Күлиябі өңірінде өсіп-өніп, сонда ауыл басқарған  кісі. Қазіргі Тәжік үкіметіндегі үлкен лауазым иелерінің біразы осы ақсақалдың тәрбиесін көріп, ақ батасын алып, билік баспалдағымен жоғарлаған жандар екен. Шын ниетпен жасалаған жақсылық ұмытылмайды ғой. Жоғарыдан келген лауазымды бір-екі азамат ағамыздың жанынан бір елі қалмай асты-үстіне түсіп қызмет етіп жүр.

Рүстем ақсақал Кеңес үкіметі ыдырап, оның құрамындағы бодан ел бұғауларын үзіп, тәуелсіздік алып жатқан өткен ғасырдың 90 жылдардың басында-ақ ел қайдасың деп оңтүстіктегі Жетісай жеріне жетіп тұрақтап, жайма шуақ тірлік кешіп жатыр екен. Самони елінің үлкенді-кішілі мерекелеріне арнайы шақырту алып, сый-сияпат көріп, көңілі өсіп қайтып тұрады. Өңіріндегі орден-медальдар соның айғағындай.  

Душанбе төңірегі жауын-шашынды. Алматыға мезгіл-мезгіл құйып кетіп тұрған сәуір нұры – мұнда да төгіп тұр.  Бүгін қаланың көрнекті жеріндегі асқақ ескерткіш Исмаил Самони мүсінінің алдына жиналдық. Тұрқы он кезге таяу мүсін айбатты бейнеленген. Үстіне ұзын шапан, басына алтын тәж киген, қыран қабақ, алмас жанар, қыр мұрын, дөңгелек сақалды, бет сүйегі шығыңқы, ат жақты... мүсіннің оң қолында қазіргі  тәжік туында бейнеленген сом алтынан құйылған сәулетті тәж жарқырайды.

Исмоил Самони – IX-X ғасырларда тәжік мемлекетін құрып, тәжік халқын қалыптастырған Самони әулетінің көсемі. 1110 жыл бойы туған елінің сөнбес алауы шам шырағы болған ұлы тұлғаның бейнесіне гүл шоқтарын қойып, шын ниетімізбен тағзым еттік. Суретке түсіп, естелік қалдырдық. Сәуір нұры – ұлт рухына және қазақ жанын іздеген біздерге мейірін төгіп тұрды.

Дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайы Астана қаласында биік деңгейде өткені баршаға мәлім. Осы дүбірлі бас қосуға арнайы қонақ болған Зәуреш ханым – тағдырдың бұйрығымен тәжік жерінен дәм-тұз бұйырған Өскеменнің қаракөз қызы. Астананың сән-салтанатына тамсанып, Есілге еміреніп, Ақорданың табалдырығынан аттап, «Бәйтерекке» көтерілгеннен кейін өрекпіген көңілін баса алмаған. Душанбеге оралған соң Қазақстан елшілігіне барып,  Әбутәліп Ахметовке қазақ мәдени орталығын құру туралы өз ойын айтқан. Қазақ мүддесі десе ішкен асын жерге қоятын елші барынша қолдау білдіріп, шаруаларын шешуге қол ұшын берген. Зәуреш ханымның тынымсыз ізденуінің арқасында Тәжікстан қазақтарының қоғамдық ұйымы «Бәйтерек» дүниеге келген.

Душанбенің Пушкин көшесіне орналасқан Қазақ мәдени орталығының алдында тұрмыз. Қол соғып, қошаметтердің ізін ала Талғат Асылұлы салтанатты түрде есікке керілген қызыл лентаны қиды. Бір бөлмесі кітаптарға арналған екен, «Атажұрт» баспасынан шыққан  ондаған томдар сөрелерге жайғасты. Басқа елдерден келген меймандар да әкелген сый-сияпаттарын, байғазыларын «Бәйтерекке» тапсырды. Ақ тілектер, жылы лебіздер айтылып жатты. Аулаға шықтық. Арнайы құттықтаулар әнге ұласты. Ел, жер, махаббат, сағыныш ән боп әуеледі. Қазақ елінін Әнұраны орындалды. Боталаған көздер! Көлдей толқыған көңілдер!.. «Көңілім әнді ұғады, жүрегім бойды жылытып», –  демей ме ұлы Абай.

Елшіліктің арнайы көлігімен Қорған-төбе ауданының орталығына келдік. Марат деген қандасымыз бір ғимараттың тұтас қабатын алып жатқан спорттық-сауықтыру жаттығу кешенінің иесі екен. Жиналған жұртпен ынта-ықыласымен сұхбаттасқан Талғат ағамыз еліміздің көші-қон жайындағы шараларды тәптештеп түсіндіруде. Көп жылдар ел басқарып, ірі қызметтер атқарған, Мәдениет министрі болған, көргені көп, түйгені мол қоғам қайраткері Талғат Асылұлы бала демей, қарт демей кез келген сұраққа тұшымды жауап беріп, көңілі күпті ағайынның көздегенін дәп басып, бар жайдан мәлімет беріп, барынша нақты тұжырымды кеңес айтады.

Біраз жол жүріп, абатты өңірге келдік.  Шымырлаған 44 тұмадан бастау алып бүлкілдеп ағып жатқан, үлкендігі білектей, ұсағы шынашақтай қара балығы жыртылып айырылған өзенше қасиетті саналады екен. Бізбен кездесуге осы өңірге ертеректе келіп орналасқан бесбала наймандардың жүз қаралы кісілері келді. Осы әулеттің сөз ұстары, тәжік тақиясын киген, әдемілеп сақал-мұрт қойған,  қара торы жүзі күлімдеген жігіт ағасы қасиетті өзен бойына ұзына дастархан жайыпты. Өрік-мейіз бен анар сусынын ішіп, жасамыс шынарлардың саясында алқа қотан отырмыз. Тандырға бітеудей қақталған қойдың астына арнайы ыдыс қойып, майлы сөлі жиналып алынады. Дәмдеуіштермен тұздықталып бабымен пісірілген қой еті тіл үйіреді. Таза сөл сорпасының өзі бойға нәр. Өзінің найман екенін білетін, бірақ Белгібай бабасынан бергіге мүдіріп қалған қонақжай ағамызға Талғат Асылұлы ел шежіресін жіліктеп түсіндіріп жатыр. Мұнда да буынып-түйініп отырған жұрт. Атажұрттан ұлтарақтай жер тисе баспанасын да, басқасын да өз қолдарымен жөнге келтіретіндеріне сенімді. Елге келген қандастарымызға мейлінше жағдай жасалып жатқанын, жасала да беретінін, әсіресе солтүстік өңірлерге қоныстануға мүмкіндіктің мол екенін айтты Талғат ағамыз.

Иран тілінің оңтүстік батыс тобына жататын тәжік тілін иран, ауған, түркімен қазақтары бөтенсінбей шүйіркелесуде. Ал қазақшаларында бізге түсініксіз сөздер араластырып, жүрген жерлерінің диалектісін қолданады. Кейде түсінісе алмай шорқақтай береміз.

***

Жондарды жонып, беткейлерді белден кертіп, құз-қияны тақымдаған тау жолы. Қар кете салсымен көтерілген көк пен түрлі-түсті ұсақ гүлдердің жұпарын жұтып, зулап келеміз. Жұрт көңілді. Осыдан 12 жыл бұрын оқтар зулап, бомбалар жарылып, қан төгіліп қиян-кескі ұрыс болған  құйқалы жер ештеңе көрмегендей сәуір нұрынан кейінгі күн шуағына шомылып, ажары кіріп, айдарланып жатыр.

Қас қарая белден асқанда алдымыздан самаладай жарқырап Душанбе көрінді. Бейнебір көктегі бар жұлдыз осынау тау шатқалына түсіп, қонақтап қалғандай. Елшілік ауласына жетіп төрт төңіректен жиналған алаш баласы бір-бірімізді қия алмай, қоштаса алмай бөгеле бердік... Ақыры «Көріскенше күн жақсы болсын!», «Қара шаңырақ – Қазақ жерінде кездесуге жазсын!» десіп аттанып бара жаттық.

Әуе айлағына кіре берісте «Жолыңыз болсын!» деген орысша жазу көзге түседі. Мән бере қарадым. Неге дейсіздер ғой? Душанбеде жүрген үш күнде орысша бірде бір жазу көзіме түспегеніне таңданып келемін.

Алмағайып заманда ауған елдің бір шоғырымен осылай кездесіп, осылай қоштастық... Әбутәліп ағамыз бастаған елшілік қызметкерлері Рүстем, Саян шығарып салды. Мезгілімен көкке көтерілдік. Төменде жасыл желекті қала... Қаланың әр жерінен шығыс солтүстікті бетке алған аққұсты қимастықпен ұзатып тұрған үміт арманға толы жанарлар...

   Көкірегімнен өлең құйылды:

     Жексенбі еді.

     Душанбеге кеп қондық тепсеңдегі.

     Жүдеулеу көрінгенмен ғимараттар,

     Көктеп кетер жер екен  ексең нені.

 

     Рудаки тағлымын.

     Исмайл Самони әмірінің,

     Бағытымен жүреді ел.

     Кеше дағы, ертең де,

     Әрі бүгін.

     Бастарында бір-бір тәж.

     Қоңыр халық,

     Жайлап отыр құшағын Памирінің.

   

     Сәуір - тәуір,

     Төгіп тұрды ақ жаңбырын.

     Жапырақтар үзіп тұрды маржан-нұрын.

     Бәйтерекпен тамырлас қамал – Гиссар,

    Атажұртпен қауымдас әр жан бүгін.

    

   

     Онжеті боздақ өткен күн кешегі,

     Бадахшан бізбен бірге мұң кешеді.

     Хан тәңірдің шыңына бірде қонып,

     Паң Памирдыің бұлтымен бір көшеді.   

     

     Бірді бөліп,

     жартыны жарып жеген

     Қайда да қазақ екен жаның-денең

     Арманымды сұрасаң Тәңір менен

     Табыстыршы бауырды бауырменен

      

      Беу, аппақ құс!

     Қанатын жазып ұшқан.

     Жүректерді жалғайды сағынысқан.

    Қиын кезде қандасым пана тапқан,

    Мың рахмет өзіңе, Тәжікстан!

 

                     Ермұрат Зейіпхан,

                                  Алматы – Душанбе – Алматы

Алтын Бесік.№3.2009.

 

толығырақ

Қауымдастығының негізгі міндеттерінің бірі  шетелдегі қазақ диаспорасының қазіргі жағдайымен танысып, бұл жөніндегі ұсыныс-тілектерді тиісті жерлерге жеткізіп, қажетті шешім қабылдауға атсалысу. Осыған орай, жақында Қауымдастық қызметкерлері Тәжікстандағы ағайындармен кездесу үшін Душанбе қаласына арнайы барып қайтып еді. Қауымдастықтың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Уатқанның осы жөніндегі әңгімесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

- Ботагөз ханым, әңгімеңізді ең алдымен Тәжікстанға барған сапарыңыздың мән-жайын таныстырудан бастасаңыз...

- Соңғы кезде елімізде шетелдегі қазақ диаспорасының жай-күйін зерттеуге айрықша назар аударыла бастады. Бұл жұмыспен бірінші кезекте біздің Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы айналысады. Мұны ойдағыдай жүргізу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы тапсырыс беріп, қаржы да бөліп отыр. Қауымдастықтың қызметкері Күлгазира Балтабаева  екеуміздің  Тәжікстанға сапарға шығуымыздың себебі, міне, осыған байланысты еді. Сөз реті келгенде, сапарымыз сәтті болды деуге толық негіз бар екенін де айта кеткеніміз жөн.

 Қыркүйектің соңғы күндеріне қарамастан  шуақты Алматыдан түс ауа ұшқан ұшақ екі сағатты артқа тастап асқақ, қарлы Памир тауларының қойнауында орналасқан Душанбе  әуежайына аман-есен  қонған кезде бізді Тәжікстандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қызметкері Қанат Жұмаханов, "Байтерек" қазақ мәдени қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Зәуре Саминова және Мариям Елбаева қарсы алып, "Авесто" қонақ үйіне орналастырды. Әуежай маңы мен қаланың орталық көшелеріне әскери күзеттің қойылғаны бірден көзге түсті; біз келерден бір күн бұрын Душанбеде жарылыс болған екен. Біз түскен қонақүй маңын да әскерлердің күзетіп тұрғанын байқадық.

Тәжікстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Әбутәліп Ахметов бізді жылы шыраймен қабылдады. Елші мырзаның айтуынша, Тәжікстанда біраз жыл азамат соғысы болған. Соның салдарынан бұл елдегі қазақтардың көбі елге кеткен. Қазір мұнда жүзге жуық ұлт өкілдері тұрады, солардың бірі – қазақтар. Діні бір мұсылман әрі бауыр болғандықтан біраз қыздарымыз осындағы тәжік пен өзбекке тұрмысқа шыққан. Сүйегіміз осы жерде қалсын дейтіндер де бар. Мұндағы қазақтардың көбі биік таулы жерлерде мал өсірумен айналысады. Тәжікстанда су байлығынан басқа алтын, күміс бар. Соңғы жылдары Тәжікстан экономикасында аздап болса да көтерілу байқалады. Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ілтипаты ерекше, соған орай ол кісі желтоқсан айында Астана қаласында өтетін ЕҚЫҰ-ның саммитіне баруды жоспарлап отыр.

- Бүгінгі таңда шетелдегі қазақтардың басым көпшілігі бастарын қосып ұлттық мәдени орталықтар құрған. Тәжікстанда бұл мәселенің жағдайы қалай екен?.

- Әрине, Тәжікстандағы ағайындар да өздерінің мәдени орталықтарын құрған. Бұл орталықтың дүниеге келуіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың тікелей ықпалы болған. Бұдан үш жыл бұрын Елбасы Тәжікстанға ресми сапармен келген кезінде осындағы қазақ мәдени қоғамдық бірлестіктің ашылуын құптап, оған "Байтерек" деген ат беруді ұсынған. Міне, содан бері "Байтерек" қоғамдық бірлестігі абыроймен еңбек етуде. Бұл бірлестікті, жоғарыда айтқанымыздай, Зәуре Саминова басқарады. Ол Тәжікстан Президентінің жанындағы Қоғамдық кеңестің белсенді әрі беделді мүшесі ретінде осындағы қазақ диаспорасының мүддесін қорғауда үлкен еңбек сіңіруде. Елшілік осы қоғаммен тығыз байланыста. Бұл қоғамның құрылғанына не бәрі үш жыл болса да, көптеген жұмыстар атқарған.  Мысалы, «Бәйтерек» өткен жылы Орта Азия елдері және Иран, Ауғанстан қазақтарының кіші құрылтайын ұйымдастырған. Құрылтайға Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев қатысқан. Қоғамға  елшілік қолдан келгенше көмек көрсетіп келеді. Тіпті, қоғамның жаңа ғимаратын да елшілік тауып берген.

Сондай-ақ, жергілікті  телеарналар "Бәйтерек» мәдени орталығының атқарып жатқан істері туралы арнайы хабарлар түсіріп, бірнеше рет көрсеткен.

- Бұл, әрине, өте қуанышты жағдай екен. Енді осы орталық туралы қысқаша айта кетсеңіз..

- «Бәйтерек» мәдени орталығы бізге өте ұнады. Айналасы биік қоршаумен қоршалған. Екі қабат ақ үйдің ауласы тап-таза, ағаш егілген, ал іші одан да көрікті; бірнеше бөлмеден тұратын ғимарат ұлттық нақыштағы қазақи ою-өрнектермен көмкерілген, қазақ тіліндегі кітаптар қойылып, Қазақстанның көрікті жерлерін көрсететін суреттермен безендірілген. Тәжік тіліндегі Абайдың қара сөздері мен Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы  да бар.

Осы жерде қандастарымыз Риза Жолдашева, Зүлфия Капутова, Қайыржан Құрбанова, Рәзия Бибосынова, Мариям Елбаева, Роман Теңізбаев, Роза Айтжанова, Нарима Оспанова, Разия Смайылова, Бағила Мухидинова, Радка Мухидинова, Зәуре Саминова және басқа да  қандастарымыз күтіп отыр екен. Бәрінің де көздерінен қуаныш байқалады. Елден арнайы  іздеп келді деп ризашылықтарын жаудыртып жатыр.

Жалпы, "Бәйтерек" ғимаратындай әдемі баспана тек татар-башқұрт қоғамында ғана бар екен. Ьасқа дамыған елдердің диаспораларының ешқайыссы да мұндай жеке үйге қол жеткізе алмаған. Әйтсе де, «Бәйтерек» қоғамы бұл үйге ай сайын 1000 АҚШ долларын төлейдіі екен. Бұл әрине, біраз  қиынға түсіп отыр. Сондықтан да қоғам жанынан балабақша ашуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- «Бәйтерек» қоғамындағы кездесуде қандай мәселелер сөз болды?..

- Кездесуге қатысқандарға Қазақстанда болып жатқан жаңалықтарды, Елбасының "Жаңа онжылдық–жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына  Жолдауын, ЕҚЫҰ-ның саммиті жөнінде, 2011 жылы өтетін Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы және 2009-2011 жылдарға арналған этникалық қазақтардың көші-қоны мен "Нұрлы көш" бағдарламасына қатысудың шарттары жөнінде ақпаратты толығынан түсіндіріп айттық. Бұдан тысқары сұрақтар да өте көп болды. Оның себебі де түсінікті. Олар Қазақстан тарапынан тек "Caspionet"  телеарнасын көреді,  басқа ешқандай мәлімет алуға мүмкіндіктері жоқ. Ал, Қазақстан Республикасының 150 азаматы Тәжікстанда оқып жүр. Бұлар да Қазақстан туралы ақпараттарды Елшілік арқылы ғана алып тұрады.

Біз кездесуге келгендерге Қауымдастық жанындағы "Атажұрт" баспа орталығынан шыққан кітаптарды, "Алтын бесік" журналын, "Туған тіл" альманағын және Моңғолия мен Қытайдағы қазақтардың  әндері мен күйлері топтастырылған СД дискісін, М. Әуезовтың "Абай жолы" романын, Қазақстанның картасын, туын және студенттерге арналған фольклор, өнер тақырыбындағы кітаптар мен Қ. Сәтбаев туралы естелікті кітабын тарту еттік.

- Тікелей шекараласып жатпағандықтан Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы барыс-келісте біраз қиындықтар бар екені белгілі. Ол жақтағы ағайындарымыздың хал-жағдайын жете біле бермейміз. Осыған орай, Тәжікстандағы қазақ диаспорасының қазіргі тұрмыс- тіршілігі, ерекшіліктері туралы не айтуға болады?

- Тәжікстандағы қазақ диаспорасының басқа елдердегіден ерекшелігі –  олардың 70 пайызын, негізінен, әйелдер құрайды. Мұның ең басты себебі – ұзаққа созылған азамат соғысында жатқан сияқты: жесір, жалғызбасты әйелдер көп. Осыған орай, Тәжікстанда қалған ат төбеліндей аз қазақтың біраз қиындықтарға душар болып отырғанын да ашып айта кеткен жөн. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте істейтіндер де өте аз; көбісі қарапайым шаруада. Тәжікстан қазақтары арасынан шыққан Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдиев ақсақал көп жылдары колхоз басшысы болып тұрған екен, бірақ  қазір ол кісі де атажұртқа қоныс аударған. Жалпы, сөз реті келгенде бұл жақта Тұрар Рысқұлов, Қаныш Сәтбаев сынды белгілі қайраткерлеріміздің қызметте болғандарын да айта кеткен жөн. Ал, қазір лауазымды қызметте жүрген қазақтар байқалмайды. Бұрын мемлекеттік қызметте болғандар қазір қысқартуға ұшыраған. Мысалы, ауыр атлетикадан халықаралық спорт шебері, Азия ойындарының қола жүлдегері Марат Ыдырысов деген бауырымыз  жаттықтырушылықпен айналысып, қырыққа жуық  түрлі медальдерге ие болған шәкірттер тәрбиелеген; өз қаржысымен спорт кешенін күрделі жөндеуден де өткізген, бірақ соған қарамастан жуықта жұмыстан қысқартылған. Ұлттық банкте қызмет істеген Гүлжан есімді қандасымыздың  да жағдайы осыған ұқсас. Сондай-ақ, бұл жақта шектеулер көп. Мысалы тойдың өзіне шектеу қойылған. Яғни, үйлену тойына 150, сүндет тойына 60 адам ғана шақыруға болады. Бұл жөнінде Тәжікстан үкіметінің арнайы қаулысы бар. Мұның бәрі тұрмыстың қиындығынан туындап отырғаны даусыз. Мысалы, «Бәйтеректегі» кездесуге, негізінен, қалада тұратын белсенді мүшелер ғана қатысты; ал алыс ауылдармен байланысуға мүмкіндік болмады. Оның үстіне, мақта жинау маусымы да қызып тұр екен. Бір қуанарлағы, «Бәйтеректің» тізгінін үстап отырған Зәуренің жағдайы біршама жақсы. Оның екі жоғары білімі бар,  балалар психологы әрі заңгер. Осындай қайсар қыздарымыз көп болсын дей отырып, бізге көмектескен Қазақстан елшілігінің қызметкерлері мен қоғамдық бірлестіктің белсенді мүшелеріне ризашылығымызды білдірдік..

-Тәжікстандағы ағайындардың атажұртқа қоныс аударуға деген ықласы қандай екен?..  Қазақстанға келіп жатқандары бар ма?..

- Әрине, олар да атамекенге қайтуға өте ынталы. Мысалы, осы биылдың өзінде Тәжікстандағы ағайындардың біразы Қазақстан Елшілігінің көмегімен Жамбыл облысының  Байзақ ауданы мен Ақмола облысының Көкшетау қаласына барып, жақсы орналасыпты. Әсіресе, Көкшетау маңындағы "Қызыл жар"  қалашығына қоныстанғанын ағайындар дән риза. Олар келе сала 2 айдың ішінде азаматтық та, үй де алған. Демек, көші-қон жұмысы елшілік арқылы жүзеге асса әрқашан да сәтті болады деп ойлаймыз. Осы орайда, Қытайда тұратын ағайындардың Үрімжідегі консулдықтан Қазақстанға виза алуының өзі мұң болып жүргенін айта кеткіміз келеді.   Бір ауылдан бір ауылға көшу оңай шаруа емес, ал бір мемлекеттен екінші мемлекетке көшу үшін қаншама күш-жігер керек? Ал көшемін деген ағайынға қол ұшын берудің орнына кедергі келтіретіндер де кездеседі. Осыларды ойлап отырып Тәжікстандағы Қазақстан Елшілігінің игі істері өзгелерге үлгі болса дейміз!

Жалпы, бүгінге дейін Тәжікстаннан атажұртқа 2752 отбасы, яғни 11657 қазақ қоныс аударған. Әлі де келуге дайын отырғандар баршылық. Бірақ түрлі қиындықтар кездесуде. Мысалы, біразының өз күштерімен қоныс аударуға қаржылық жағынан шамасы жетпейді,, кейбіреулерінің ұлты басқа болып жазылып кеткен. Тәжікстанда аралас отбасы өте көп. Олардан туған балалардың арасында Қазақстанға қайтқысы келетіндер де, Тәжікстанда қалуды қалайтындар да бар. Осыған орай, тәжікстандық ағайындарды «Аралас неке мүшелерінің мемлекеттік квотаға кіруге, Қазақстан азаматтығын алуға мүмкіндіктері бар ма?» деген сияқты сұрақтар ерекше ойландырады. Кезінде басқа ұлт өкілі болып жазылып кеткен қазақтар мұрағаттан іздетіп өз ұлтын қайта жаңғыртып алып та жатыр. Азамат соғысы уақытында кейбір облыстардағы мұрағаттар өртеніп кеткендіктен бұл мәселенің күрделі болып жатқан жайы да бар. Ал, Қазақстан мұрағатынан мәлімет алу үшін көп ақша төлеу керек. Осының дәлелі ретінде  кездесуге келген Теңізбаев Романның жағдайын атап айтуға болады.  Ол  өзі қазақ бола тұрып құжатында орыс болып жазылып кетіп, кейін әрең түзеп алыпты. Бірақ оның 28 жастағы Америкада оқитын тұңғышы әлі күнге басқа ұлт өкілі болып жүр. Роман әйтеуір сәті түсіп кенже баласын  қазақ деп жаздырғанына шүкіршілік етеді. Енді тұңғышының құжаттарын қайта қалпына келтіруге қаншама қаражаты мен уақытының кететінін ойлап, сары ұйымға салынуда...

Осыған орай, шетелдегі этникалық қазақтар үшін әлі де болса "Нұрлы көш" бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ары қарай жалғасын тапса деген ұсынысымызды айта кетуді жөн санаймыз.

-Тәжікстандағы ағайындарда тіл мәселесі қалай екен?.. Бәрі де өз ана тілін біле ме?!.

- 2000 жылғы есеп бойынша Тәжікстандағы қазақтардың 68,8% қазақ тілін ана тілім деп есептеген; бірақ кейінгі жастар көбіне өзбекше, тәжікше не орысша сөйлейді. Тәжікстандағы жалғыз қазақ мектебі 80 жылдардың ртасында жабылып қалған. Оның себебі қазақтардың аздығынан және  "Тіл туралы заңның" қабылдануынан болса керек.  Бірақ Тәжікстандағы жас жеткіншектердің көбісі Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінде, мамандық беретін училищелерінде оқып, білім алуды армандайды. Соған орай, "Бәйтерек" орталығы жанынан қазақ тілін үйрету курсы ашылып, 27 бала білім алуда. Олардың тіл үйренуге деген талпыныстары зор. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының дайындық курсына да әзірлік жүргізіледі. Бұл курсқа қазақтардан басқа тәжік ұлтының өкілдері де келіп дәріс алады. Олар да болашақта Қазақстанға барып оқығысы, жұмыс істегісі келеді. Қорғантөбедегі 38 қазақ отбасы балаларын Ресейдің әскери бөліміндегі орыс мектебінде оқытып жатыр. Олар оқуын бітіргесін Қазақстанға оралмаса орыс немесе тәжік ұлтына сіңіп кету қаупі жоқ емес. Ал Тәжікстандағы қазақтар балаларын Түркияға жіберіп оқытқысы келмейді, себебі - ол жақтағы көптеген діни ағымдардан қорқады.

- Жалпы, бүгінгі таңда Тәжікстанда қанша қазақ бар екен?..

- Бұрын Тәжікстандағы қазақтар біршама көп болған, бірақ олардың басым көпшілігі Қазақстан тәуелсіздігін алған соң  атажұртқа оралған. Олардың азаюына азамат соғысы да өз әсерін тигізді.

Қазір Тәжікстанда бір мыңдай қазақ қалған. Олар Душанбеде –185,  Соғды облысында 350 қазақ (37,39%), Хатлон облысында 311 (33,55%), республикалық дәрежедегі 9 ауданда – 87 (9,30%), ал Таулы Бадақшан облысында 3 қазақ өмір кешуде.

Тәжікстанда туып өскен Батыр есімді жас жігіт өзінің ешқашан Атамекенде болмағанын айта келе, сөзін былай деп сабақтады: "Мен өзімді екіге бөлінген сияқты сезінемін. Тәжікстанда туып өссем де, әрдайым жүрегім – атажұртым деп соғады. Есімнен үнемі Қазақстан кетпейді. Анам аурушаң, өзім оқи жүріп, жұмыс істеймін. Оқуды аяқтауға бір жыл қалды. Аллаh бұйыртса елге де жетермін.» Тәжікстандағы ағайындардың басым көпшілігінің ойы осындай болса керек.

- Бұл сапарда ерекше есте қалатындай уақиғалар болды ма?..

- Әрине, Тәжікстанда аз күн болсақ та көп әсер алып қайттық. Мұның ішінде, Тәжікстанның тәуелсіздігі үшін қаза тапқан қазақстандық сарбаздарға арналған ескерткіште болуымыз ешқашан ұмтылмайды. Осыдан біраз жыл бұрын тәжік жеріне бітімгершілік сапармен барған бір топ қазақстандық сарбаздардың қаза тапқаны башаға мәлім. Душанбенің шетіндегі саябақта осы сарбаздарға ескерткіш орнатылып "Тәжік-ауған шекарасын күзету кезінде қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың жарқын бейнелері мәңгі жадымызда" – деген жазу жазылып, 34 кісінің есімдері атап көрсетілген. Олар: аға лейтенанттар Р.З. Жақыпов, А.А.Комаров, А.М.Сәпиев, кіші лейтенант К.С.Бақбаев, старшина Р.Б. Қаймулдиев, аға сержант Н.К.Қосжанов, сержант Р.А.Батырханов, кіші сержанттар М.М.Мұсаев, А.Т.Өгізбаев, К.И.Шеховцев, Е.С.Әбдиев, қатардағы солдаттар  Е.К.Байбағысов, Е. Т. Байбабылов, Е.Т.Бекебаев, Б.Т.Далабаев, Х.К.Дюсупов, К.А.Едырышов, К.А.Есетов, А.К.Жұмабеков, И.П.Жұматов, С.Х.Жалмурзин, Ж.А.Жансүгіров, Е.О.Исабаев, М.К.Қосбергенов, В.С. Метельский, Е.Н.Мақажанов, М.В.Мартыненко, Д.Т.Нұрметов, Ж.Е.Орынбаев, А.А.Пятков, Т.М.Райымжанов, В.Д.Сафроний, К.А.Өмірзаков, Н.Е. Ходжаев. Өкінішке орай, олардың туған және қайтыс болған жылдары анық көрсетілмеген. Бұл болашақта ескерілуге тиісті деп есептейміз. Әскери борышын өтеу кезінде басқа елде жүріп, қыршын кеткен жауынгер сарбаздарымыздың есімдері Атамекенде де жаңғыртылса жастарымызға патриоттық үлгі болары сөзсіз. Душанбе қаласы әкімшілігінің қарамағындағы бұл  ескерткішке қаржы жетіспейді деген сылтаудың орынсыз екені анық. Тіпті, тәжік ағайындар қарамады екен деп біздің тастап қоюымыз елдігімізге сын емес пе?!. Тозған, ескірген ескерткішке қарап тұрып мұны күтіп-баптауға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі де көңіл болсе деген ой  келді.

- Тәжікстандағы жергілікті халықтың Қазақстан туралы көзқарастары қандай; ол жаққа біздің елдегі жақсы жаңалықтар дер кезінде жетіп тұра ма екен?.

- Арнайы барған соң бұл мәселе де назарымызда болды. Соған орай, "Тәжікстан – Қазақстан" қоғамына арнайы  ат басын бұрдық. Қоғам мүшелері Абсаттор Нуралиев, Қайыржан Құрбанова, Абдурасул Шарипов, Мурадилло Жанабилов, Саидахтам Давлятов сынды азаматтардың барлығы да кезінде Қазақстанда білім алған, ғылыми атақ-дәрежесі бар зиялы қауым өкілдері. Бұл қоғам тарих ғылымдарының докторы Қалыбек Қобландиннің көмегімен 2001 жылы құрылған екен. Оны 2007 жылдан бері Абсаттор Нуралиев басқарады. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Әбекең өзімен бірге  немесе қатар оқыған Орынкүл Тәжиева, Ақселеу Сейдімбеков, Сұлтанәлі Балғабаев, Дандай Ысқақов, Серікбай Оспанов, Орысбай Әбділдаев, Жұмат Тілепов сынды қаламгерлерді әлі күнге ілтипатпен айтып отырады. Оны 1968 жылы Қазақ ССР Орталық Партия комитетінің нұсқауымен Тәжікстанға жіберген. Қазақ тілінде керемет шешен сөйлейді. Өйткені, ол Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ мектебін бітірген. Қазір аудармамен шұғылданып, кітап жазады. Қазақ пен тәжік халқының достық ынтымақтастығын нығайтуда көптеген істер атқарып жүр. Қазақстанмен жиі байланыста. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайына делегат болып қатысқанын мақтанышпен еске алады. Бір ұлы мен келіні, немерелері Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады, Қазақстан азаматтары. Абсаттор Нуралиев жайында белгілі ғалым әрі ұстаз Рахманқұл Бердібаев "қазақтың тәжігі, тәжіктің қазағы" деп дөп басып айтса керек. Душанбеде Абай атында көше бар. Ұлты тәжік болса да Қазақстанда оқып, тәрбие алған Әбекеңнің ендігі мақсаты Қаныш Сәтбаев атындағы көше ашу екен. Қазір ол "Тарихи и Рашиди" кітабын аудару үстінде. Абсаттор ағамыз бізге өзінің "Тажикско-казахские культурно-литературные связи XIX и XX в.в.", "Мерейі биік Ғисар бұл" атты кітаптарын сыйлады. Әбекеңмен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап, "Тәжікстандағы қазақтар" атты ұжымдық жинақ дайындайтын болып келістік.

Душанбеге барған екеуміз де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектеріміз. Биылғы 22 қыркүйекте Әбекең аталмыш университеттің филиалын Душанбеде құрыпты. Сөйтіп, ол болашақта бір кезде өзі оқыған оқу орынымен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрмақшы. Сондай-ақ, екі ел Президенттерінің келісімі бойынша Қазақстандағы этникалық тәжіктер осындағы ең беделді университетте  де білім алуда.

-Бұл сапардан қандай ой түйіп, қандай әсермен қайттыңыздар?

- Душанбе сөзі қазақтың дүйсенбісі. Біз бұл қалаға Алматыдан дүйсенбі күні келіп, келесі дүйсенбіде қайттық. Саяси ахуалға байланысты Душанбеден тысқары шығуға мүмкіндік болмады, дегенмен қаладағы қазақтардың көмегімен біраз ағайындармен кездесіп олардың әлеуметтік- мәдени жағдайы, тұрмыс-тіршілігі жөнінде сауалнама жүргізіп, сухбат жазып алдық. Әрқайыссы 5 бет, 28 бөлім, 140 сұрақтан тұратын сауалнамаға барлығы 128 адам қамтылды. Оның ішінде  Душанбеден – 50, Хатлон және Соғды облыстарынан – 59, Хорог қаласынан – 3, Рудакиден – 5, Ғисардан – 3, Вахдаттан – 3, Таулы Бадақшан облысынан – 3 қазақ қатысты.

Енді сол сауалнаманы сөйлетсек, ол жақтағы қазақтар тәжік халқының мәдениетін құрмет тұтады, тәжік тілін еркін меңгерген,  Қазақстанмен байланыстарын нығайтуды көздейді. Қазақ диаспорасының 70 пайызы әйелдер, және олардың көбісінде қос азаматтық бар. Яғни, олар Ресей мен Тәжікстанның азаматтары.  Олардың арасында еңбек көші-қонымен Ресейге барып жұмысқа жалданып жүргендері де кездеседі.

Әрине, шеттегі қазақтың өмірін тек сауалнама арқылы ғана кесіп-пішуге болмайды. Оны көзбен көріп, көңілмен түйген дұрыс.  Соған орай, мұндай сапарымызды болашақта басқа елдерде де жалғастырытын боламыз.

- Әңгімеңізге рахмет!

 Сұхбатты дайындаған

С. Базарбайұлы

Алтын Бесік. №5.2010

толығырақ

Жуырда, Тәжікстанда тұратын қазақ диаспорасының бүгінгі күнгі тіршілігімен танысу мақсатында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері Күлгазира Балтабаева және мен, Ботагөз Уатқан осы елде іс сапармен болып қайттық.

«Бармасаң, келмесең жат боласың, бермесең алмасаң сарт боласың» дегендей шетелдегі қазақтардың бүгінгі жағдайымен көзбе көз танысып, олардың ұсыныс, тілектерін естіп, тыңдау оны тиісті жерлерге жеткізіп шешісуге ат салысу Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бір міндеті болмақ. Қыркүйектің соңғы күндеріне қарамастан күн шуақты Алматыдан түс ауа ұшқан ұшақ екі сағатты артқа тастап асқақ, қарлы Памир тауларының қойнауында орналасқан Душанбе  аэропортына аман есен келіп қонған кезде бізді Тәжікстандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің консулы Қанат Қалиакбарұлы Жұмаханов, "Байтерек" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Зауре Сабетқалиқызы Саминова және Мариям Елбаевалар қарсы алып, қаланың орталығындағы "Авесто" қонақ үйіне орналастырды. Бір байқағанымыз аэропорт маңындағы және қаланың орталық көше алаңдарындағы әскери күзеттің қатаңдығы. Елшілік адамдары біз келерден бір күн бұрын Душанбеде жарылыстардың болғанын, сондықтан сақ жүруімізді ескертті. Біз түскен қонақ үй маңын да әскерилер күзетіп тұрғанын байқадық.

Елшімен жүздесу

Ертеңінде бізді Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ахметов Әбутәліп Ібіжанұлы қабылдады. Елші мырзаның айтуынша: "Тәжікстанда жеті жыл азаматтық соғысы болған. Соның салдарынан Тәжікстандағы қазақтардың көбі Қазақстанға оралыпты. Бүгінгі күн жағдайымен 2752 отбасы, яғни 11657 қазақ Қазақстанға көшкен. Қазір Тәжікстанда 936 қазақ ғана қалған. Олар Душанбеде 185 қазақ,  Соғды облысында 350 қазақ (37,39%), Хатлон облысында 311 (33,55%), республикалық дәрежедегі 9 ауданда  87 қазақ (9,30%), ал Таулы Бадақшан облысында небәрі 3 қазақ ғана өмір кешуде. Олардың азаюына мұндағы азаматтық соғыс көп әсерін тигізген, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң қазақтардың көбі  атажұрт деп елге оралды.

Тәжік пен өзбекке тұрмысқа шыққан қазақ қыздары мен осында әліде отыра беруді қалайтын қазақтар баршылық. Тіптен сүйегіміз осында қалсын дейтіндер де бар. Осында қалған қазақтардың көбі биік таулы жерлерде мал өсірумен айналысады. Елдегі ішкі алауыздықтан туындаған азамат соғысы кезінде бұл жақтағы экономикалық және саяси жағдай өте төмендеп кеткен. Тәжікстанда су байлығынан басқа алтын, күмісі бар. Соңғы жылдары Тәжікстан экономикасында аздап болсын көтерілу байқалады. Тәжікстан президенті Рахмон Эмомали мырза қазақ Елбасын сыйлайды, жалпысы жергілікті қазақтарға деген көзқарасы жақсы. Ол желтоқсан айында Астана қаласында өтетін ЕҚЫҰ-ның саммитіне баруды жоспарлап отыр.

Елбасы ашқан қоғам

Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Тәжікстанға ресми сапармен келген кезінде осы елде қазақ мәдени қоғамдық бірлестіктің ашылуын құптап, "Байтерек" деген ат беруді ұсыныс еткен. Бүгінгі таңда аталмыш "Байтерек" қазақ қоғамдық бірлестігі абыроймен еңбек етіп жатыр. Бұл бірлестікті қазақ қызы Зауре Саминова басқарады, Елшілік осы қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Осы сапарымызда байқағанымыз бұл қоғамның құрылғанына не бәрі үш жыл болса да, көптеген жұмыстар атқарған. Басқа да осындай қоғамдық ұйымдар бар болғанымен, олардың атқарып жатқан істерінің көлемі Бәйтерекке жетпейді.  Мысалы: Өткен жылы Зауре Саминованың іскерлігі арқасында Душанбе қаласында Орта Азия елдері және Иран, Ауғанстан қазақтарының кіші құрылтайы өткен. Ол Президент жанындағы қоғамдық кеңестің белсенді әрі беделді мүшесі ретінде қазақтардың мүддесін қорғауда үлкен еңбек сіңіруде. Осы қоғамның жаңа ғимаратын Елшілік тауып берген. Қазақстанда тұратын алпыс мың тәжік ағайындар көрсін деген мақсатта "Сафина ТВ"-да арнайы хабар жарияланыпты. Тәжікстан қазақтары арасынан шыққан Әбдиев ақсақал көп жылдары колхоз басшысы болып тұрған, қазір атажұртта өмір кешуде. Бұл жаққа Тұрар Рысқұлов, Қаныш Сәтбаев т.б. қоғам қайраткерлерінің қызметі сіңген. Қазақстан елшісінің айтуынша, соңғы айда елдегі жағдай қиын болып, сол елдегі тұрақтылықты сақтау үшін қарапайым киінген әскерилер саны көбейген екен. Душанбенің сырты тіптен қиын.  3-4 рет терракт болыпты. Осындай жағдайға байланысты біздің қауіпсіздігімізді ескеріп, бізді "Байтерек" қазақ қоғамдық бірлестігі үйіне консул Қанат Жұмаханов жеткізіп салды.

"Бәйтерек" үйі...

Сыртқы үлкен үщ метр биік дарбазасынан ішке кіргенімізде екі қабат ақ үйдің ауласы тап таза, ағаш егілген, ал іші одан да көрікті бірнеше бөлмеден тұратын қазақ қоғамының қара шаңырағы ұлттық нақыштағы қазақи ою-өрнектермен көмкерілген көрпешелер, қазақ тіліндегі кітаптар және Қазақстанның көрікті жерлерін көрсеткен суреттермен безендіріліпті. Тәжік тілінде "Абай жолы" романы мен Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы да бар.

Осы жерде қандастарымыз Риза Жолдашева, Зүлфия Капутова қажы, Қайыржан Құрбанова, Рәзия Бибосынова, Мариям Елбаева, Роман Теңізбаев, Роза Айтжанова, Нарима Оспанова, Разия Смайылова, Бағила Мухидинова, Радка Мухидинова  және Зәуре Саминова т.б. бізді күтіп отыр екен. Бәрінің көздерінен елге деген сағынышты әрі қуанышты көрдік, Елден іздеп келді деп ризашылықтарын жаудыртып жатыр. Сол елде қалғандарының көбісі Атамекенге аяқ баспаған көрінеді. Оған себеп көп. Ең бер жағы жол машақаты, қаражат дегендей... Бұл жақтағы ағайындар – найман, қоңырат, әлім, суан т.б. рулардан екен.

Біздің ақпарат

Қауымдастық өкілдерімен кездесуге қатысқандарға Қазақстанда болып жатқан бүгінгі жаңалықтарды, Елбасының "Жаңа онжылдық–жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына  Жолдауын, ЕҚЫҰ-ның саммиті жөнінде, 2011 жылы өтетін Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы және 2009-2011 жылдарға арналған этникалық қазақтардың көші-қоны мен "Нұрлы көш" бағдарламасы туралы  толығынан түсіндіріп, айттық. Осы таныстырудан кейін олар тарапынан сұрақтар өте көп болды. Басты мәселе атжұртпен арадағы рухани байланыстың жоқтығы. Себебін айтпаса да түсінікті. Қазақстан тарапынан тек қана "Caspionet"  телеарнасын ғана көре алады,  басқа ешқандай мәлімет алуға мүмкіндіктері шектеулі, қарапайым халықта интернет жоқ, жергілікті газет пен журналға жазылмайды. Қазақстан Республикасының 40 азаматы Тәжікстанның мемлекеттік университетінде оқып жүр. Бұлар да Қазақстан туралы жөнді ақпарат ала алмайды екен. Тәжікстан қазақтарының «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Зәуре Саминова ханым өз кезегінде былай деді:

–Біздің қандай мұңымыз барын, не істеп жатқанымызды білу үшін Қазақстаннан бізді іздеп келіп отырған Қауымдастық өкілдеріне рахмет. Тәжікстандағы қазақтар Қауымдастық және Елшілікпен бірлесіп, Сіздерге арқа сүйей отырып осы шаңырақты ашқанбыз. Біздің "Бәйтерек" үйіндей үй тек Татар-башқұрт қоғамында ғана бар. Экономикасы жоғары кәріс халқында да мұндай ғимарат жоқ. Осы ғимаратты жалға алу үшін ай сайын 1000 АҚШ долларын төлейміз. Бұл өте қиынға түсіп отыр. Сондықтан да қоғам жанынан бала бақша ашуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан жәй бар. Тәжікстандағы қазақ диаспорасының басқа елдердегіден ерекшелігі сол, негізінен 70 пайызы әйелдерден құралған. Себебі айтпаса да түсінікті болар, жесірлеріміз баршылық. Тәжікстанда қалған ат төбеліндей аз қазақтың біраз қиындықтарға душар болып жатқаны жасырын емес. Сондай-ақ, мемлекеттік және жергілікті әкімшілік жұмыстарында ешкім жоқ, көбісі қарапайым шаруада. Бұған дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүргендерінің барлығы дерлік қысқартуға бірден іліккен. Қазір жоғары немесе орта лауазымды бірде бір қазақ жоқ. Ең бер жағы халықаралық спорт мастері, ауыр атлетика шебері, Азия ойындарының қола медалінің иегері Марат Ыдырысов бір жылда 28 медалист, 9 алтын алған балаларды тәрбиелеген. Осы азамат өзінен 6000 АҚШ долларын жұмсап, спорт кешенін күрделі жөндеуден өткізсе де оның еңбегі ескерусіз қалдырылып, жуықта осы жұмысынан қысқартуға енді. Ұлттық банкте қызмет атқаратын Гүлжан есімді қандасымыз да Мараттың кебін киді. Осындай мысалдар көп. Бүгін осы кездесуге қоғамның негізгі белсенді мүшелері қатысуда, ауыл жақпен байланысу қиынға түсті. Мақта жинау ісі басталды дегендей. Бұл жақта саяси жағдай да оңып тұрған жоқ. Сондықтан бір-бірімізбен телефон арқылы ғана хабарласудамыз. Осындағы ағайындар қоғамымызға шама-шарқынша көмек беріп отырады, – дейді Зәуре Саминова ханым.

Өзі – қазақ, тұңғышы – украин, кенжесі – орыс

Тәжікстан қазақтары үшін ең өзекті мәселелердің бірі – көші қон мәселесі болып отыр. Елшіліктің көмегімен Жамбыл облысы Байзақ ауданы және Ақмола облысының Көкшетау қаласына барған ағайындар жақсы орналасыпты. Тәжікстанда аралас отбасы өте көп. Бұлардың балаларының кейбірі Қазақстанға десе, кейбірі Тәжікстанда қалуды қалайды, осылай отбасылар бөлінуде. Олардың көп сұрақтарының бірі – аралас отбасы мүшелері мемлекеттік квотаға ене ала ма, олар Қазақстан азаматтығын алу мүмкін бе дейді. Кезінде басқа ұлт болып жазылып кеткен қазақтар мұрағаттан іздетіп өз ұлтын қайта жаңғыртып алып жатыр. Азаматтық соғыс уақытында Хатлон облысындағы мұрағат өртке жанып кеткен себепті бұл мәселенің күрделі болып жатқан жайы бар. Ал, Қазақстан мұрағатынан мәлімет алу үшін көптеген ақша төлеу керек. Осының дәлелі ретінде бүгінгі кездесуге келген Теңізбаев Романды атауға болады.  Ол – қазақ бола тұра құжатында украин болып жазылғанын қайта жөндетіп, дұрыстап жасатып алыпты. Бірақ оның тұңғышы украин, ал Америкада оқитын кенжесі орыс болып жазылған. Енді осы құжаттарын қайта қалпына келтіруге көптеген қаражаттың керектігін, қаншама уақытының бекерге кететінін ойлап, сары ұйымға салынуда... Шетелдегі этникалық қазақтар үшін әлі де болса "Нұрлы көш" бағдарламасында өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ары-қарай жалғасын тапса деген ұсынысымызды айта кетуді жөн санаймыз.

Отаным-жаным, Ана тілім-арым

2000 ж. есеп бойынша Тәжікстандағы қазақтардың 68,8% қазақ тілін ана тілім деп есептеген болса, бүгінгі жасөспірімдер қазақ тілін білмейді, өзбекше, тәжікше және орысша сөйлейді. "Бәйтерек" жанынан қазақ тілін үйрету курсын ашып 27 бала білім алуда. Олар әр уақытта келеді, талпыныстары зор. Қазақстанның ЖОО дайындық курсына әзірлік жүргізеді. Балаларды қазақ тіліне үйрету негізгі мақсаты екеніне көзіміз жеткендей. Талпыныстарына нұр жаусын дедік. Қазақтардан басқа тәжік ұлтының өкілдері де осы курсқа келіп дәріс алады. Себебі Қазақстанға жұмысшы күші болып келу үшін қажет екенін түсінгендік. Дегенмен де Құрған Төбедегі 38 қазақ отбасы Ресейдің әскери бөлімінде қызмет істеп, балаларын орыс мектебінде оқытып жатыр. Олар Елге оралмаса ұлтынан айырылу қаупі жоқ емес.

"Нұрлы көш" бағдарламасы

Көршілес Ресейдегі қазақтармен салыстырғанда, бұл бағдарлама жөнінде ондағы қазақтар жақсы біледі. Елге көшкісі келетіндердің түрлі себептері баршылық, кейбірінің қалтасы көтермейді, кейбірінің ұлты басқаша болып жазылып кеткен. Биылғы жылы Көкшетау маңындағы "Қызыл жар"  қалашығына қоныстанғанын ағайындар дән риза. Олар келе сала 2 айдың ішінде азаматтық та, үй де алған. Бұл жақтан кеткенде тәжіктің ұлттық киімдерін киіп, жұпыны барған кейбір ағайындар Қазақстанда жаңа ортаға тез бейімделгені байқалған. Олардың көңіл күйдері жақсарып, киім киіс, жүріс тұрыстары  еуропаша болғанын Тәжікстанда қалған қазақтар айтады. Отан – оттан да ыстық демекші, көңіл күйдің өзі адамдарға күш қуат бергені түсінікті. Демек, Елшілік арқылы жүзеге асып отырған осы істі оңға қарай жалғастыра беру түсінікті де! Осы орайда Қытайда тұратын ағайындардың "Нұрлы көшпен" келмек түгілі Қазақстанға келу визасын алуының өзі мұң болып тұрғанын айта кету артық етпейді. Яғни Қазақстан тарапынан «Нұрлы көш» секілді осындай бағдарламаның барлығын және Тәжікстандағы қазақтардың атажұртқа қарай ұмтылып отырған қәзіргі жағдайын ескеріп Тәжікстандағы Қазақстан Елшілігі қазақтарды көшірудегі  игі істерін жалғастыра беруі дұрыс болмақ. Бірақта бұлардың атажұртқа көшіп келу мәселесінде машақат өте көп. Қазақстанмен арада тікелей шекара жоқ, Өзбекстан арқылы не поезд, не автобус жүрмейді, ал тікелей ұшақпен көшіп келуге мүмкіншіліктері шектеулі. Өзбекстан шекарасында көретін азаптарын айтып, зар илейді. Олар елге оралуды мақсат етіп отыр. Балаларының болашағына алаңдайтындықтарын білдірді. Осындай мысалдар көп. Сондықтан да "Нұрлы көш" бағдарламасы әлі де болса пысықтауды қажет етеді. Елге оралуға мүмкіндіктері шектеулі қандастарымыз жағдайы ескерілсе бұл нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Оралман куәлігінің қауқары жоқ...

Тәжікстандағы жалғыз қазақ мектебі сонау 1980 жылдардың ортасында жабылыпты. Оның себебін қазақтардың аздығынан және де "тіл туралы заңның" қабылдануынан деп түсіндірген. Тәжікстандағы жас жеткіншектердің көбісі Қазақстанның жоғары оқу орындарынан тыс колледждерде, мамандық беретін училищелерде оқып, білім алса, ары-қарай сонда тұрақтап қалса деген тілектерін жеткізген ата-аналар балаларының болашағына қатты алаңдаушылық білдіруде. Балалары жасқа толып, Қазақстан азаматтығын алайын десе, жеке баланың өзіне берілмейді. Үй сатып алуға рұқсат жоқ. Қазақстан Үкіметінің 1992 жылғы №791 қаулысы өз күшіне енетін болса, жоғарыдағы күрделі мәселелердің біразы жеңілдері хақ. Сондай-ақ, осы Қаулының негізінде ұлтының қазақ екенін көрсететін куәлік ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан берілетін. Бұл куәлік те өз күшін жойғалы қиындықтар көбеймесе азаймапты. Қәзір Қазақстанда " Халықтың көші қон заңы" бойынша "Оралман" куәлігі беріледі, мұның қауқары аз болып тұр. Осы куәлікпен өз аттарына үй және жер сатып ала алмайды. Тіптен тұрақты тіркеуі болмаса, бұған да қол жеткізу қиын. Шетелден келіп, Қазақстанның оқу орындарында оқып жүрген студенттердің мақсаты, елде қалу, азаматтық алу. Сонда оларға жеңілдіктер қарастырылмаған. Этникалық қазақтар үшін жоғарыдағы №791 Қаулыны қайта жаңғыртып, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізсе, ештен кеш жақсы болары сөзсіз.

Жүрегім – атажұртым деп соғады

Тәжікстанда туып өскен Батыр есімді жас жігіт өзінің ешқашан Атамекенде болмағанын айта келе, сөзін былай деп сабақтады: "Менің денем екіге бөлінген сияқты сезінемін. Өзім осында туып өссем де, сіздер жаққа барып көрмесем де, әрдайым жүрегім – атажұртым деп соғады. "Көңілі ала, көкірегі дала" дегендей менің есімнен үнемі Қазақстан кетпейді. Анам аурушаң, өзім оқи жүріп, жұмыс істеймін. Оқуды аяқтауға бір жыл ғана уақытым қалды. Аллаh бұйыртса елге де жетермін, – дегенде сай сүйегің сырқырап, еріксіз көңілің құлазиды екен. Бұндай жағдай тек Батырдың басында ғана емес осындағы көптеген қазақтардың басындағы жағдай. Бұл ойланатын нәрсе.

Отандас сарбаздар.

Душанбенің шетіндегі саябақта орналасқан ескерткіш тақтада:" тәжік-ауған шекарасын күзету кезінде қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың жарқын бейнелері мәңгі жадымызда" – деп жазылыпты. Сол соғыста қаза тапқан 34 сарбаздың есімдері: Аға лейтенанттар – Жакупов Р.З., Комаров А.А., Сапиев А.М., кіші лейтенант Бакбаев К.С., страшина,  Каймулдиев Р.Б., аға сержант Косжанов Н.К., сержант, Батырханов Р.А., кіші сержанттар – Мусаев М.М., Огизбаев А.Т., Шеховцев К.И., Абдиев Е.С., қатардағылар – Байбагысов Е.К., Байбабылов Е.Т., Бекебаев Е.Т., Далабаев Б.Т., Дюсупов Х.К., Едырышов К.А., Есетов К.А., Жумабеков А.К., Жуматов И.П., Жалмурзин С.Х., Жансугуров Ж.А., Исабаев Е.О., Косбергенов М.К., Метельский В.С., Макажанов Е.Н., Мартыненко М.В., Нурметов Д.Т., Орынбаев Ж.Е., Пятков А.А. Раимжанов Т.М., Сафроний В.Д., Умирзаков К.А., Ходжаев Н.Е.  делінген. Өкінішке орай олардың туған жылы, айы, күні және қайтыс болған жылы мен күні көрсетілмеген. Бұл болашақта ескерілуге тиісті деп есептейміз. Әскери борышын өтеу кезінде басқа елде жүріп, қыршын кеткен жауынгер сарбаздарымыздың есімдері Атамекенде де жаңғыртылса, жастарымызға патриоттық үлгі болары сөзсіз. Ескерткіш ескірген, тазалық жоқ жерде гүл де қайдан болсын. Бұған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жауапты ма? Жоқ әлде Елшілік жауапты ма? Бұл жерде қай-қайсынан ерекше көңіл, істейін деген ынта болмай тұрғанын айту парыз.

Ерулік...

Тәжікстан қазақтары арасында болған күндерімізде олардың қоғамдық бірлестігіне Қауымдастық жанындағы "Атажұрт" баспа орталығынан шыққан кітаптар, "Алтын бесік" журналы, "Туған тіл" альманахы және Монғолия мен Қытай елдеріндегі қазақтардың айтатын әндері мен күйлерінің СД дискілерін тарту еттік. Сондай ақ  А.Кимнің аудармасымен орыс тілінде шыққан М.Әуезовтың "Абай жолы" романы және А.Головинскийдің "Триумфатор қайғысы" атты кинофильмін, Қазақстанның картасын, туын  тарту етіп, олардың кітапхана қорын байыттық.

Қазақтың тәжігі – тәжіктің қазағы

"Тәжікстан–Қазақстан" қоғамының мүшелері Абсаттор Нуралиев, Қайыржан Құрбанова, Абдурасул Шарипов, Мурадилло Жанабилов және Саидахтам Давлятовтармен кездесудің сәті түсті. Барлығы Қазақстанда білім алған, ғылыми атақ дәрежесі бар зиялы қауым өкілдері. Аталмыш қоғам тарих ғылымдарының докторы Қалыбек Қобландиннің бастамасымен 2001 жылы құрылған екен. Осы қоғамды 2007 жылдан бері Абсаттор Нуралиев басқарады. Ол кезінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі,  журналистика факультетін 30 жігіт, бір ғана қыз оқып, бітірген екен. Жігіттердің көбі әскери борышын өтеген, жұмыс істеген тәжірибелері болыпты.  Әбекеңмен бірге оқыған белгілі адамдардан – Орынкүл Тәжиева, Дандай Ысқақов, Сұлтанәлі Балғабаев, Ақселеу Сейдімбеков, Серікбай Оспанов, Орысбай Әбділдаев, Жұмат Тілековті атауға болады.  А.Нуралиевті 1968 жылы Қазақ ССР Орталық Партия комитетінің нұсқауымен Тәжікстанға жіберген. Осы ақсақал қазақ тілінде керемет сөйлейді екен. Ол Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ мектебін бітірген. Қазір аудармамен шұғылданып, кітап жазады. Қазақ пен тәжік халқының достық ынтымақтастығын нығайтуда көптеген істер атқарып жүр. Дүниежүзі қазақтарының алғашқы Құрылтайына делегат болып қатысқанын мақтанышпен еске алды. Бір ұлы мен келіні, немерелері ОҚО тұрады, Қазақстан азаматтары.  Осы ағамыз жайында белгілі ғалым әрі ұстаз, марқұм Рахманқұл Бердібаев "қазақтың тәжігі, тәжіктің қазағы" деп дөп басып айтса керек. Душанбеде Абай атында көше бар. Ұлты қазақ болмаса да, Қазақстанда оқып, тәрбие алған Әбекеңнің ендігі мақсаты Қ.Сәтбаев атында көше ашу екен. Келесі жылғы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап, "Тәжікстандағы қазақтар" атты кітапты ұжымдық жинақ ретінде жазуды ортақ жоспарға енгіздік. Қазір ол "Тарихи и Рашида" кітабын аудару үстінде. Абсаттор ағамыз бізге өзінің "Тажикско-казахские культурно-литературные связи XIX и XX в.в.", "Мерейі биік Ғисар бұл" атты кітаптарын сыйлады.

Душанбеге барған екеуіміз де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектеріміз. Әбекеңе ұсыныс жасап, осы университетті бітірушілер қаймыдастығының филиалын Тәжікстанда құрып қайттық. Филиал басшысына А.Нуралиев ағамыз сайланды. Бұдан былай тек ДДҚ Қауымдастығымен ғана емес сондай ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірушілер қауымдастығымен де тығыз қарым-қатынас жасап тұратын болып келістік.

Дүйсенбіден дүйсенбіге дейін

 Тәжікше «Душанбе» сөзі қазақша «дүйсенбі» дегенді білдіреді. Біз Тәжікстан астанасы Душанбеге  дүйсенбі күні барып бір апта болып, келесі дүйсенбіде қайттық. Саяси ахуалға байланысты Душанбеден тысқары шығуға мүмкіндік болмады, бірақта жергілікті халық өкілдерінің белсенді мүшелерінің араласуымен олардың әлеуметтік мәдени жағдайы, көзқарасы, қазақтардың өз арасындағы тілі жөнінен сауалнама жүргіздік, сұхбаттар өткіздік. Сондықтан астанадан тысқары облыстар мен қалалардан өкілдер шақырылды. Барлығы 5 бет, 28 бөлім 140 сұрақтан тұратын сауалнамаға  128 адам қамтылды. Душанбеден – 50, Хатлон және Соғды облысынан – 59, Хорог қаласынан – 3, Рудакиден – 5, Ғисардан – 3, Вахдаттан – 3, Таулы Бадақшан облысынан – 3 қазақ қатысты.

Сауалнама қортындысында көрсетілгендей ол жақтағы қазақтар тәжік халқының мәдениетін құрмет тұтатынын, тәжік тілін білетіндерін, Қазақстанмен байланыстарын нығайтуды көздейтіндерін баса айтады.  2002 жылғы санақ бойынша қазақтардың  21,5% тәжік тілін ана тілім деп атаған немесе еркін меңгергенін көрсеткен және де болашақта Қазақстанға көшетіндерін білдірген.

Сауалнама қортыныдысына қарағанда қазақ диаспорасының 70 пайызы әйелдер екен, олардың қос азаматтық алуына болатынын көреміз. Бұған дейін қазақтар арасында «гастербайтер» жоқ деп келген едік. Сауалнама қортындысында ол жақтан тәжіктермен бірге еңбек көші-қонымен Ресейге барып жұмысқа жалданып жүргендері де баршылық.  Тәжікстан қазақтары балаларын Түркияға жіберіп оқытқысы келмейді, себебі ол жақтағы көптеген діни ағымдардан қорқады. Тәжікстандағы экономикалық ахуалға байланысты үйлену тойына 150, сүндет тойына 60-қа жуық туған туыстарын ғана шақырып, тойлатуға Тәжікстан үкіметінен нұсқау шығыпты.

Тәжікстан үкіметінің осындай шектеулерінен болып сондағы қазақтардың мамандығына сай қызмет атқара алмай жүргені туралы жоғарыда айттық. Мысалы, "Бәйтерек" қазақ қоғамдық бірлестігін басқарып отырған Зәуре Саминованың 2 жоғары білімі (психолог және заңгер)  бола тұра ол  мемлекеттік қызметтен шеттетіліп ақыры  ұлты үшін, өз қаражатын жұмсап жоғарыдағы қоғамды басқарып отыр. Ұлты үшін аянбай қызмет істеп жүрген осындай қайсар қыздарымызға және Тәжікстандағы саяси қиын ахуалға қарамастан  бізге көмектескен Қазақстан Елшілігінің қызметкерлеріне сондай–ақ, қоғамдық бірлестіктің белсенді мүшелеріне ризашылығымызды білдіреміз.

Ботагөз Уатқан,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің     меңгерушісі

Алматы – Душанбе – Алматы

Әдебиет:

Туған тіл. №2. 2010. 64-72-бет (Тәжікстандағы қазақтар)

Түркістан, Жаhан. №  21 қазан, 2010  8-бет (Тәжікстандағы қазақтар: қандастарымызды төре жұмысына жолатпайды)

Алаш айнасы. № 188 (414) 29.10.2010. 5-бет (Тәжікстанда қалған жесірлеріміз атажұртқа қарап көз жасын сығып отыр)                     

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті