Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Тәжікстан қазақтары

Басты бет | Тәжікстан қазақтары | Тәжікстан қазақтары туралы кітап шықты

SAM_0344

          Өткен жұма күні Душанбе қаласында Ресей-Тәжікстан университетінің профессоры Әбдусаттор Нуралиевтің Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен шыққан «Казахи Таджикистана» кітабының тұсаукесері болып өтті.

     Игі шараға Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Н.Сейтімов, Ресей-Тәжікстан уни­верситетінің ректоры У.Мансуров, Тәжікстан Президенті Әкім­шілігі және Тәжікстан Үкіметінің, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Тұсаукесер сәтінде Нұрлан Сейтімов аталған оқиғаның екі мемлекет халықтары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуда ерекше маңызға ие екендігін атап көрсетті.

     Кітапта Тәжікстандағы қазақтардың қоныс аудару тарихы (1730-1840) нақ­тыланып, олар­дың мәдениеті, этнография­сы және тәжік халқымен рухани құн­дылық­тар саласындағы байланыстары жөнін­де жан-жақты зерттеліп, жазылған. Ең­бек атажұрттан тысқары жақта өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының тарихымен шұғылданатындарға, ұлт тарихына қызы­ғушылық танытатындарға арналған.

     https://www.egemen.kz/2017/01/31/96963

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті