Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Еуропа қазақтары

Басты бет | Еуропа қазақтары | Париж тұрғындары қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты

      2016 жылы 23-25 қыркүйекте Париж қаласында Франциядағы Қазақстан Елшілігінде «Эйр Астана» әуе компаниясының қолдауымен қазақ диаспорасы мен «JAAK» жастар қауымдастығының (Қазақстан Достарының Жастар Альянсы) өкілдері «Халықаралық гастрономия ауылы» мерекесіне қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 


       Мерекедегі еліміздің шатыры киіз үй элементтерін пайдалана отырып, ұлттық киім, ыдыс-аяқ, кәде сыйлар, музыкалық аспаптар, туристік буклеттер, кітаптар және фотоальбомдар, қазақстандық музейлердің көркемөнер картиналары арқылы безендірілді. 

    Мереке қонақтары ұлттық тағамнан дәм татып, қазақ дастарханындағы әралуандылықты атап өтті.

          Қазақстандық дипломаттар шараға қатысушыларға Қазақстанның 25 жылда жеткізген жетістіктері, елдің мәдени сан түрлілігі, сонымен қатар алдағы уақытта болатын  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі жайында баяндады. 

      Студенттер арасындағы қазақ жастарының өкілдері мен диаспора өкілдері қазақтың ұлттық биін биледі. 

           http://www.inform.kz/kz/parizh-turgyndary-kazaktyn-ulttyk-tagamdarynan-dam-tatty_a2953200

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті