Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Еуропа қазақтары

Басты бет | Еуропа қазақтары | «Жастарымыздың көбі Қазақстандағы оқиғалардан хабарсыз»


Норвегияның Осло қаласында тұратын этникалық қазақ Махмұт Бастас. Фото Facebook парақшасынан алынды.

Норвегияның Осло қаласында тұратын этникалық қазақ Махмұт Бастас. Фото Facebook парақшасынан алынды.

      Ослода тұратын этникалық қазақ сол елдегі қандастарының тұрмысы жайлы, жастарының ғылым-білімге құмарлығы туралы айтты.

           Шеттегі қазақтардың бірі Махмұт Бастас Норвегияның Осло қаласында тұрып жатыр. Кәсіпкерліктен айналысатын ол кісі сол елдегі қазақтардың қазір мемлекеттік қызметтерге де араласа бастағанын айтады.

       – Ослоға қалай бардыңыз?

         – 1978 жылы әскери міндетімді өтеп келгеннен кейін Түркиядан Норвегияға оқу іздеп келдім. Ол кезде Осло қаласында жездем мен Түркиядан көшіп келген тағы бір отбасы тұратын. Бірақ тіл білмегеннің салдарынан үлкен оқу оқи алмадым. Осло қаласындағы гимназияда бір жыл ғана сабақ алдым. Ары қарай ізденуге жасым ұлғайып кетті де, еріксіз өзге кәсіппен айналыса бастадым.

       – Қандай кәсіппен айналыстыңыз?

      – Сауда саласымен. Ұзақ жылдар бойы Түркиядан, Германиядан тамақ тасып, өзіміздің дүкендер желісінде сатып тұрдық. 2016 жылдың желтоқсан айнынан бастап сырттан тауар тасуды тоқтаттық. Қазір қасымда екі балам бар – үшеуіміз өзгелер секілді тапсырыс беріп жұмыс істеп жатырмыз. Үш ұлым бар, үшеуі де үйлі-баранды.

          Қазір Норвегияда қанша қазақ бар?

     – Қазір бұл жерде тек Түркиядан көшіп келгендер ғана емес, Қытай мен Қазақстаннан қоныс аударған қазақ отбасылары да тұрады. Жұмыстың ыңғайына байланысты жиі бас қоса алмаймыз. Әрине, жастар бір-бірімен араласып жатады. Ал үлкендер жағы жиын-тойларда болмаса, басқа уақытта көп кезіге бермейді. Сол себепті нақты қанша үй бар екенін айта алмаймын. Бірақ осыдан бір жыл бұрын Норвегиядағы Қазақстан елшілігінен сұрағанымда, 100 шамалы отбасы бар екенін айтқан.

      – Сіз қазақ ақындарының өлеңдерін латын әрпіне көшіріп, Facebook әлеуметтік желісінде жариялап отырасыз. Ондағы мақсатыңыз қандай?

Махмұт Бастастың Қазақстанға келген кезінде түскен суреті. Фото Facebook желісінен алынды.

Махмұт Бастастың Қазақстанға келген кезінде түскен суреті. Фото Facebook желісінен алынды.

          – Норвегиядағы қазақ жастары қазақ тілін білгенімен, кирилл қарпіндегі жазбаларды оқи алмайды. Шындығында қазір Қазақстанда қандай оқиғалар болып жатыр, қандай ақын-жазушылар бар – ол жағынан көп жастар хабарсыз. Мен өз бетімше сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында Facebook-те жарияланған жазбаларды алып, барынша аударып, қайта жариялап отырамын. Жариялағандарымды Еуропадағы қазақ жастары жиі оқиды. Кирилл қарпінен латыншаға аударуда көп жағдайда интернеттегі арнайы программаларды пайдаланамын.

        Норвегиядағы қазақ жастары негізінен қандай кәсіппен айналысады?

      – Әр салада қызмет істеп жүрген жастарды бұл жерден де кездестіруге болады. Қазіргі қазақ жастарының барлығы оқу-білімге құмар. Мәселен, осында тұратын бір қызымыз заңгерлік мамандығы бойынша жоғары білім алып, қазір Норвегияның сыртқы істер министрлігінде қызмет етіп жүр. Осы секілді әлеуметтік салада да үлкен қызмет атқарып жүрген жастар бар. Бірақ сол жастардың басын біріктіріп, Қазақстанға жіберу мәселесі іске аспай тұр. Әрине, Еуропадағы әрбір елде қазақ мәдени орталығы бар. Бірақ солардың басым бөлігі, нақтылап айтсам, Франциядағы қазақ-мәдени орталығынан басқасы өз деңгейінде жұмыс істей алып жатқан жоқ.

        – Сіз туғаннан Қазақстаннан тысқары жерде өмір сүріп келесіз. Бірақ қазақ тілінде жатық сөйлейді екенсіз. Бұл бала күнгі қалып па әлде қазақшаңызды кейін жетілдірдіңіз бе?

Бала күнімізде ақсақалдардың тәрбиесін алып өстік. Ол кезде ана тіліне деген құрмет ерекше еді. Біздің өзге тілде сөйлеп кетпеуімізді қадағалап отыратын.

      – Бала күнімізде ақсақалдардың тәрбиесін алып өстік. Ол кезде ана тіліне деген құрмет ерекше еді. Біздің өзге тілде сөйлеп кетпеуімізді қадағалап отыратын. Бірақ ер жетіп, өз бетімізбен кеткеннен кейін өмір сүрген ортамызға байланысты сөйлеу мәнерінен шығып қалдық. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше рет барып қайттым. Әлеуметтік желіде жиі отырғаным да ана тілімді қалпына келтіруіме көп септігін тигізді. Кейбір ұмытып қалған сөздерді есіме түсірді.

        Сұхбатыңызға рахмет.

   http://www.azattyq.org/a/kazakhstan_kazakhs_in_norway/28321718.html

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті