Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Еуропа қазақтары

Басты бет | Еуропа қазақтары | Рухани жаңғыруға мәдениетті дамыту арқылы жетеміз

    Елбасының Қазақ елінің рухани жаңғыруы туралы ойларын шынымен де әрбір қазақтың санасын оятатын, ұлтты мүддеге қызмет етуге шақыратын терең тұжырымдар деп қабылдадым. Ондағы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. «Ұлттық код» дегеніміздің өзі – халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келген салт-дәстүрі, тілі, ұлттық мәдениетінің өшпес белгілері. Ол үшін қазак халқының өткеніне, сонау сақтар мен ғұндардан басталатын көне тарихына үңілу қажет.
       І. XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТ­ТЫҚ САНА ТУРАЛЫ бөлім­нен «Ұлттық жаңғыру қазақстан­дықтардың санасына қандай өзгерістер әкелуі керек?» деген сұрақка да жауап таба аламыз.
    Бәсекеге қабілеттілік қазіргі бүкіл әлемде болып жатқан өзге­ріс­терден қалыс қалмау, оның сынақтарына төтеп беру, әлемдік қоғамдастықтың талаптарына сай болу дегенді білдіреді.
    Прагматизм, яғни сарабдал сана, қазақ ұлтының ешнәрседен қапы қалмай, жоғын түгендеп, барын бағалауға жұмылдыратыны сөзсіз.
     Ұлттық бірегейлікті сақтау жаһандану үдерістерінде өзіндік ерекшелігімізден айырылып қал­мау үшін де маңызды. Мен алыс шетелде қазақ тілі мен мәдениетін на­сихаттап жүргендіктен, осы мә­селеге ерекше назар аударамын.
     Ұлттық жаңғырудың басты әлеуеті – білім. Қазақтың: «Бі­лек­ті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Оқу – инемен құдық қазғандай» деген дана сөздері халқымыздың әуелден білімді шамшырақ етіп ұстағанын білдіреді. Қазіргі ғылым мен технология заманында қазақ ұлтының білімді болуы – оның табиғи міндеті. Елбасымыздың бастамасымен жасалған «Бо­ла­шақ» бағдарламасы, сон­дай-ақ елор­да­мыздағы «Назарбаев Универ­ситет» осы ба­ғыттағы үлкен істер­дің көрінісі. 
      Қазақ ұлтының дамуы үшін қантөгісті төңкеріс емес, санадағы төңкерістің қажет екені күмәнсіз. Сондықтан да революциялық емес, эволюциялық дамудың жолын таңдауымыз керек екендігі әділ айтылған.
     Елбасымыз сананың ашық­ты­ғын тек бүгін айтып отырган жоқ. Ұлт көшбасшысы әлемдегі жаңалықтарға ашық болуға, басқа елдердің озық тәжірибелерін игеріп, жаманынан жиренуге әуелден-ақ назар аудартқан. Сондыктан да Қазақстан әлемге танылды және шетелдердің жақсы жетістіктерін меңгеруге ұмтылып келеді.
     ІІ. ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР бөлімінен рухани жаңғырудың нақты істермен жүзеге асатынын көреміз. Қазақ тілінің әліпбиін ауыстыру, яғни латын графикасына көшу – қазақ ұлтын өркениетке бастайтын батыл әрі дер кезінде қабылданған шешім. Қазақ тілін шетелдіктерге оқытатын маман ретінде бұл қадамды құптаймын. Қазақ тілінің заңдылықтарын, табиғи ерекшеліктерін сақтай отырып, сәтті жасалған латын графикасы тек тіл мамандарының ғана емес, қазақ ұлтының үлкен жеңі­сі болмақ. Шетелде қазақ ті­лін оқы­татын мұғалімдерге де осы жө­нінен ақпараттар беріліп, көмек көрсетілсе деген тілегім де бар.
     Рухани жаңғыруға мәдениетті дамыту арқылы жететініміз тү­сінікті. Осы бағыттағы «Мә­де­ни-географиялық белдеу», акпараттық жобалар, ішкі және сыртқы мәдени туризм шаралары жүзеге асырылса, қазақ ұл­тының мәдени өркендеуіне үлкен үлес қосылған болар еді. Қазақ мәдени-географиялық белдеуі алыс-жақын шетелдерді де байланыстырады. Мәселен, мажарстандық қыпшақтар да осы белдеуге ене алады. 
     «100 жаңа есім» жобасы осы мақсаттарда жұмыс істеп жатқан, қазақ жерінде, сондай-ақ шетелде қазақ тілі, мәдениетін насихаттап жүрген тұлғаларды елге танытпақ.
   Мажар елінде де Қазақ­стан­дағы ұлы өзгерістерге әрқашан жағымды баға беріледі. Қазақ графикасын латынға ауыстыру туралы да қолдаған, қуаттаған пікірлер көп айтылуда. 
    Алыс шетелде – Мажарстанда жұмыс істеп жүрсем де, елім үшін, оның рухани жаңғыруы үшін қызмет ете беремін. Қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін шетелде насихаттау – мен үшін зор мақтаныш. Елбасының рухани жаңғыру туралы көзқарастары алдағы жұмыстарыма да бағыт-бағдар беретін болады.
    Раушангүл МҰҚЫШЕВА, филология ғылымдарының кандидаты, Сегед университеті Алтаистика кафедрасының казақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы СЕГЕД, Мажарстан

https://egemen.kz/article/rukhani-zhanhghyrugha-madenietti-damytu-arqyly-zhetemiz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті