Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Америка қазақтары

Басты бет | Америка қазақтары | Қазақстандық іскер әйел Нью-Йоркте арнайы марапатқа ие болды

 
         Нью-Йоркте екіжақты ынтымақтастықты нығайтып жүрген шетелдің үздік өкілдері анықталды. Қазақстан елшілігінің бастамасымен осымен бесінші мәрте өткен шарада қазақстандық іскер әйел арнайы марапатқа ие болды, деп хабарлады www.24.kz.

   Хорватиялық Неда Янг, индонезиялық продюссер Ин Пурванти, румын ханшайымы Марина Струдз, мексикалық Марсела Орвананос және өзге де 15 елдің өкілдері Нью-Йорк сыйлығының иегері атанды. Оқ бойы озық шыққандар қатарында қазақ қызы да бар. АҚШ-тағы ірі компанияның вице-президенті, Мәскеу халықаралық қатынастар институтының түлегі, іскер ханым Айя Төлемағанбетова қоғамдық шараларға белсене қатысады. Инвестициялық форумдар, гендерлік саясатты дамыту және зардап шеккендердің құқығын қорғау тақырыбындағы конференциялар мен қайырымдылық шаралары оның күнделікті жұмысына айналған. Қызмет пен отбасын қатар алып жүрген 4 баланың анасы бүгінде сүйікті әже атанып отыр.

    «Біздің елді әлемге танытып жүрген нәзікжандыларды көргенде, қатты қуанамын. Олардың қатарында жүрген дәрігерлер, инженерлер, сәулетшілер, заңгерлер, бизнесмендер «мен қазақстандықпын» деп мақтанышпен айта алады. Біз әлемнің қай қиырында жүрсек те, «Қазақстан» ұғымы біздің жүрегіміздің түкпірінде. Қандай қызмет атқарсақ та, не істесек те бізге артылған жауапкершілікті сезінеміз. Сондықтан бұл тек менің ғана емес, елімнің марапаты дер едім, деді  арнайы сыйлық иегері Айя Төлемағанбетова.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті