Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Америка қазақтары

Басты бет | Америка қазақтары | Америка қазақтары қауымдастығы

     Америка қазақтары қауымдастығын (Kazakh American Association) 2007 жылы Вашингтонда осы елде тұрып жатқан бір топ қазақстандықтар құрған болатын. Ондағы мақсаттары – түрлі жағдаймен АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандықтарды біріктіріп, диаспоралар арасында қазақтардың төл мәдениетін сақтауына көмектесіп, американдықтарды Қазақстанның мәдениетімен және дәстүрімен таныстыру. Осы уақыттың ішінде АҚШ-тың сол жағалауында тұрып жатқан  қазақтардың басын бір орталыққа топтастырып, олардың батыс жағалаудағы, оңтүстік және солтүстік штаттарда тұратын өзге қазақтармен байланысын нығайтуға қол жеткізді. Олардың есебіне қарағанда осыдан 2 жыл бұрын АҚШ-та тұратын қазақтардың саны американдықтар асырап алған қазақ балаларын қосқанда 25-30 мың аралығында болған.

    Қауымдастық президенті Дархан Нұрмағамбеттің айтуынша, АҚШ-қа алғашқы қазақтар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана қоныстанған. Олар соғыс кезінде түрлі жағдаймен немістерге тұтқында түсіп, кейін АҚШ әскері азат еткен жерлерден қоныс аударғандар. Жалпы АҚШ-тағы қазақтардың басым бөлігін 1990 жылдары барғандар құрайды.

   Қауымдастық ұйтқы болып жүрген  шаралардың қатарында шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарының күйеулері арасындағы «Bazhalar Party» мен қазақ келіншектері арасындағы «бастаңғыны» мысалға келтіруге болады. Ал дәстүрлі Наурыз мерекесі кезінде олар 500-600 адамның басын қосатын көрінеді. Енді АҚШ-тағы қазақ диаспорасы туралы маусымдық журнал шығарып, Бүкіламерикандық қазақ құрылтайын ұйымдастырып, «Kazakh House USA» және қазақ тілі мен мәдениетін  ұйымдастыру орталықтарын ашуды жоспарлап отыр.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті