Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Америка қазақтары

Басты бет | Америка қазақтары | Қазақ мектебі көпшілікті таң қалдырды


Қазақ мектебі көпшілікті таң қалдырды

     Техаста қазақ эмигранттары салған қазақ мектебінде болып қайтқан журналист Адиля Түгел мектеп қабырғасында алған әсерлерімен бөлісті. Бұл туралы esquire.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
     Тамыздың соңғы жексенбісінде Техастағы қазақ мектебінің ашылуында болып қайтқан журналист ондағы қарапайым қазақтарды көріп таң қалған. Мектепке жеткенде киіз үйді емес, кәдімгі америкалық стильдегі екі қабатты жекежайды көрдік. Есігін ашып, көптеген үлкен-кіші аяқ-киімдерді көргенде, үйіме топырлап қонақтар келгендегі cәт есіме түсіп кетті. Ұстай алмайсың, ұстай алмайсың деп жүгіріп жүрген қазақ балаларының дауысы құлағыма жеткенде, тап бір қазақ жерінде жүргендей сезімде болдым ,  дейді журналист.
     Журналистің алдынан Меруерт есімді әйел шығып, мектепті Моңғолиядан келген бірнеше қазақ отбасылары ашқандарын айтып берген.
     Мектептің жұмыс істеп жатқанына үш жыл болған екен. Онда оқитындардың дені ата-аналарымен Техасқа уақытша көшіп келген оқушылар. Әр жексенбі сайын балалар қазақ тілін, әдебиетін оқып, домбыра мен ұлттық билерді үйренгенше ата-аналары шай ішіп, күтіп отырады. Мектеп ақша табуды көздейді деп айта алмайсың. Ақысы бар-жоғы семестріне 100 доллар. Оның ішіне кітаптар, жекежайды жалдау, оқыту да кіреді. Мұнда қызмет ететіндердің дені өз дәстүрін өзге елде сақтауға үлесін қосуға әзір еріктілер, дейді автор.
     Мектеп басшылығының айтуынша, олар Қазақстан елшілігінен кітаптар сыйға тарту сияқты азын-аулақ көмек сұраған. Алайда жауап сол беті қайтпаған. Мұндағы қазақтар үшін отан географиялық емес, рухани деңгейдегі ұғым. Олар ата-бабадан қалған дәстүрлерді сақтап, ана тілінде сөйлегенді құрмет тұтады,  дейді Адиля.
      Мақала авторы болашақта бұл жексенбілік мектепке америкалықтар да ағылып, жұмысы жандана түсетініне тілекші екенін жазған.
           http://aikyn.kz/ru/articles/show/13249-_aza_mekteb_k_psh_l_kt_ta_aldyrdy

 

Пікір қосу

Пікірлер

23.03.2017 - Гулзихан Таскарина
Мен мақаланы оқып,қатты сүйсіндім.Осы мектепті ашқан азаматтарға таң қалдым .Сенім,шапағат,махаббат,мейірім,достық,Отаншылдық--бәрі бар бойларыңызда.Теңізге тамған тамшыдай жақсылық қашан да қапы кетпейді, оның жемісі болады.Мәуелеп,өсіп ггүлденіп Шынар мектебіне айналыңдар Мен де ұстазбын,Шын тілектес сөзім ағын судай таза, желдей екпінді болып, еңбектеріңіздің жануына себепші болар

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті