Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Көңіл айтамыз

Көңіл айтамыз

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайының делегаты болған

Тайвандағы Фатих Учардың

қайтыс болуына байланысты оның отбасына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

РФ Суретшілер одағының мүшесі, «Комсомольская правда» газетінің Түмендегі өкілі, жазушы Калиль Кабдулвахитовке

әкесі Балкеннің қайтыс болуына орай

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

 Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.  

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс ардагері,  жазушы

Сейдәлім Тәнекеевтің қайтыс болуына орай

отбасы мен туыс-туғандарына, қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Марқұмның жаны жанатта болсын.

    Сейдәлім Тәнекеев 1924 жылы 5 тамызда Алматы облысының Шонжы кентінде дүниеге келген.  

       1942 жылы Ұйғыр ауданының Ақсу орта мектебін бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Елге оралғаннан кейін, 1947—1949 жж. Қазақ мемлекеттік университетінде оқыды. Алматы облысы, Ұйғыр аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім бастығы, 1952–1959 жж. Алматы облысында, Жамбыл аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Іле аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Ұйғыр аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық Мәдениет басқармасының бастығы, Панфилов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1960–1978 жж. Қызылорда облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, 1978 жылы республикалық Бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы болды. 

      1963—1986 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан КП Орталық Комитетінің мүшесі, 1988 жылдан Қазақстан мүгедектер қоғамының төрағасы болған.

     Екі рет І дәрежелі Ұлы Отан соғысы, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, төрт рет Еңбек Қызыл Ту, екі рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен, МХР-дің «Құрмет» орденімен, төрт рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Халықаралық кооператив альянсінің «Құрмет белгісі» Грамотасымен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Тың игергені үшін» және басқа медальдармен марапатталған. «Парасат» орденінің иегері. КСР Ғылым академиясының Королев атындағы күміс медалінің иегері. 

     Шығармалары: Қиян асу. Повесть. 1976; Серпін. Роман. 1991; Ереуілтөбе әсерлері – 1916 ж. 1994; Бел-белестер. Екі томдық повестер мен әңгімелер жинағы. 1997; Иір-қиыр, бұраң жол. Роман-эссе. 1999; Жүрекке түскен жара. Повесть-хикая. 2001; Сказание о «винтике». А., «Мұрагер», 2006; Иір-иір, қиыр жол (немеремен сырласу). А., «Нұрлы әлем». 2006; Взгляд. А., «Санат», 2007; Шежірелер не сыр шертеді. А., «Арыс», 2008.

толығырақ

     Қытайда өмір сүрген қандасымыз, білікті тіл ғалымы, аудармашы Кәкеш Қайыржанұлы ұзақ науқастан кейін бүгін таңға жуық дүние салды.

      Саналы ғұмырын Қытайдағы қазақтардың сана бостандығы мен руханиятына арнаған атақты ғалым «Сөз сандық» деген әйгілі кітабын құрастырып, қазақ ұғымынан тыс қалып бара жатқан қаншама көне сөздерді жадымызда қайта жаңғыртқан еді. Ал, аудармашылық еңбектері өз алдына бір төбе.

     Кәкеш Қайыржанұлы 1941 жылы Шинжияң өлкесі, Іле қазақ автономиялы облысы, Тарбағатай аймағы, Толы ауданында дүниеге келген. Шинжияң өлкелік партком кеңсе істер меңгермесінің аудармашылар басқармасы, Шинжияң халық радиосының қазақ редакциясы, Шинжияң телевизиясы қазақ бөлімі секілді орындарда қызмет істеді. Шинжияң телевизиясы қазақ редакциясының алғашқы меңгерушісі болды. Аудармашы «Калила мен Демина», «Осызаманғы шетел жазушыларының әңгімелерінен», «Сакья Муни», «Құран хикаялары» (Қазақстан «Жалын» баспасы көшіріп басқан) және «Чиң әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» (Қаһарман Мұқанұлымен бірге аударған), «Қытай тарихындағы қазаққа қатысты деректер» (Әбділдабек Ақыштай, Шадыман Ақымет қатарлылармен бірлесіп аударған) сынды аудармалары жарық көрген. «Құран хикаялары» өлкелік қоғамдық ғылым саласы бойынша 3 реткі таңдаулы кітаптарды сараптауда 1 дәрежелі сыйлық алған.

      «Сөз сандық» атты қымбатты қазына 2010 жылы «Ұлттар» баспасынан қайталай басылумен қатар, 2014-жылы Қазақстанның өнер баспасынан мемлекеттік бағдарлама аясында жарық көрген.

  https://baq.kz/kk/news/kitai_kazaktari/kitaidagi_kazak_tili_galimi_kakesh_kaiirzhanuli_dunieden_ozdi20170419_093300

 

 

 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Алиға (Тынышбаев)

әйелі Ренара Абдулловнаның

қайтыс болуына байланысты қазасына қайғырып, көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жанатта болсын. 

толығырақ

     Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 78 жасқа қараған шағында бақилық болған Қытайда тұратын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі химик-ғалым Бекмұхамед Мұсаұлының қайтыс болуына орай отбасына және туыс-туғандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның топырағы торқа болып, жаны жанатта болсын.

      Бекмұхамед Мұсаұлы – 1939 жылы Қытайдағы СУАР-дың Текес ауданының Шилөзек ауылында өмірге келген. 1956 жылы туған ауылынан орта мектеп бітірген Б.Мұсаұлы сол жылы Бейжің педагогикалық университетінің химия-өнеркәсіп мамандығына қабылданады.

    Еңбек жолын 1960 жылы Іле Қазақ облысының көлік-және өнеркәсіп мекемесінде бастады. Одан кейін Іле қазақ автономиялық облысы көлік және өнеркәсіп мекемесі бастығының орынбасары, бастығы, Күйтің қаласының әкімі, СУАР химия-өнеркәсіп министрі, Іле қазақ автономиялық облысының әкімі, СУАР Саяси кеңесі төрағасының орынбасары қатарлы лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, іскерлігімен, әділдігімен, тазалығымен халықтың терең ықыласына бөленді.

         Қауырт басшылық қызметтің ара-арасында химия ғылымы саласында да жемісті еңбек етіп, көптеген монографиялары мен зерттеу еңбектерін жариялады. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы «Химия ғылымының түсіндірме сөздігі» атты 50 баспа табақтан тұратын көлемді энциклопедиялық сөздігі. Аталған «сөздік» күні бүгінге дейін ондағы жас ұрпақтарымыз бен мамандардың бірегей «ұстазы» ретінде қызмет етіп келеді.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Астрахан аймақтық «Жолдастық» қазақ мәдениеті

қоғамдық ұйымы Кеңесінің бұрынғы төрағасы

Никита Ысқақовтың

қайтыс болуына орай отбасына қазаларына қайғыра отырып, көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

 

    Ресейдің еңбек сіңірген экономисі Н.Ысқақов КСРО балық шаруашылығы министрлігінің Теңіз қатынасы мектебін, КСРО мемлекеттік банкінің Есеп-несие техникумын ақша айналымы және несие мамандығы бойынша, Бүкілодақтық қаржы экономикалық институтын кең профилді экономист мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмамдаған. 1955-1957 жылдары «Каспрыбхолодфлот» басқармасы радиостанциясының бастығы, 1961-1966 жылдары КСРО мемлекеттік банкінің Камызяк бөлімінің аға несие инспекторы және 1974 жылға дейін КСРО мемлекеттік банкінің Черноярск бөлімінің басқарушысы болды. Сондай-ақ әр жылдары «Главастраханрисстрой» басқармасының «Черноярводстрой» тресінің басқарушысы, КСРО Милиорация және су шаруашылығы министрлігі «Главастраханрисстрой» бастығының орынбасары, «Агроинкомбанк» ААҚ президенті қызметтерін атқарды. Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, «Достық» орденімен марапатталған.  

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Германияда тұратын қазақ диаспорасының өкілі, ІІІ Дүниежүзі қазақтары құрылтайының делегаты болған  

Смайыл Пынарға

жұбайы Нұрикамал Хасенқызының

 қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының

белсенді мүшесі, белгілі кәсіпкер

Төлеубай Нығарбайұлына

әпкесі Бәтияның

қайтыс болуына байланысты

қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Марқұмның жатқан жері жаннат, жатқан жері жайлы болсын. 

толығырақ

        

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

белгілі қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым

Зардыхан Қинаятұлының

77 жасқа қараған шағында қайтыс болуына орай, отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

      Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын.

     Зақаңның бейнесі мәңгі есімізде сақталады.

     балаларына ұзақ ғұмыр тілейміз!

 

      Зардыхан Қинаятұлы  1940 жылы моңғолияның Қобда ауданында туған. Моңғолия мемлекеттік университетін, Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1975-87 жылдары Моңғолия кәсіподағы орталық комитетінің хатшысы, 1990-92 жылдары Моңғолия үкіметі басшысының орынбасары және Моңғолия Парламенті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Моңғолияның жаңа Конституциясының және сол елде жүргізілген саяси-экономикалық реформалардың құқықтық негізін жасаушылардың бірі.

      Ғылым жолында да ерен еңбегімен көзге түсіп, 1987 тарих ғылымының докторы, 1991 жылы профессор атанды.

      З.Қинаятұлы 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында қызмет етті. Ғалымның «Жылаған жылдар шежіресі», «Моңғолиядағы қазақтар», «Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түрік тайпалары», «Көшпенділік ғұмыр» және т.б кітаптары ұлттану және ұлтаралық қатынастар мәселесіне арналған. 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұжымы

Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары

Талғат Мамашевқа балдызы Баянның

қайтыс болуына орай қазаларына қайғырып көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топыраығ торқа болсын. 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қазақстан халық Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

Ералы Тоғжановқа анасы

Қалила Рысқалиқызының қайтыс болуына орай

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын.

Бекем болыңыз!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

ұлттық сахна өнерінің саңлағы

ҚР Еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекованың

дүниеден озуына байланысты

оның отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айттады.

Марқұмның жатқан жері жайлы болып, топырағы торқа болсын. 


толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы

Дүйсен Қорбайұлы  Қасейіновке

зайыбы Александа Александровна Қасейінованың

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Түркиядағы белгілі кәсіпкер 

 Дербіш Қылышқа

анасы Мұқайдың қайтыс болуына орай 

қазасына ортақтасып  көңіл айтады. Марқұмның топырағы торқа, жаны жаннатта болып, иманы жолдас болсын! 

толығырақ

                         

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы белгілі демограф-ғалым, саяси ғылымдардың докторы, академик Мақаш Байғалиұлы Тәтімовтің

 

қайтыс болуына орай  

 

отбасы мен туыс-туған, жақын-жуықтарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жаны жанатта болсын.

 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұжымы

Қауымдастықтың Төралқа төрағасының бірінші орынбасары

Талғат Мамашовқа

анасы Қапипаның

қайтыс болуына орай, қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

  Марқұмның жаны жанаттан орын тауып, иманы жолдас болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
Омбыда тұратын қазақ диаспорасының өкілі, белгілі ақын
Аманкелді Жүнісовтың
мезгілсіз қайтыс болуына орай  отбасына және туған туыстарына көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын дейміз.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

белгілі кәсіпкер Асқар Жакулиннің

ауыр науқастан қайтыс болуына байланысты

марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны иманды болсын.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

             Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

                 ҚХР-да тұратын белгілі ақын, сазгер-әнші Әбіл Серіктің                                              ағасы Әбілұлы Бақыттың 

мезгілсіз қайтыс болуына орай қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,  Мемлекеттік сыйлықтың  иегері

Әбіш Кекілбайұлының

қайтыс болуына орай

отбасы мен туыс-туғандарына және бүкіл оқырмандарына көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жанатта болсын! 

толығырақ

            Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы  

             белгілі кәсіпкер Төлеубай Нығарбайұлына жеңгесі

                          Шөкеқызы Күлданның          

                        қайтыс болуына орай көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын, артында         қалған бала-шағасына ұзақ жас тілейді.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

         Ақтөбе облысындағы филиал басшысы Иманов Базарбай Нұрғалиұлына

  апайы Сәнтайдың

қайтыс болуына орай көңіл айтады. Марқұмның топырағы торқа, жаны жаннатта, иманы жолдас болсын! Қайғыңызға ортақпыз. Бекем болыңыз!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Тұрсынбек Кәкішевтің қайтыс болуына орай

туған-туыстары мен жақындарына

қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

«Өнер» орталығының белсені мүшесі, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Захан Уатқанға

анасы Төлеген Қозыбайқызының

мезгілсіз қайтыс болуына орай оның  отбасына, туған-туыстарына  қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннатта, иманы жолдас болсын!

 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

 белгілі жазушы,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дидахмет Әшімханның

қайтыс болуына орай 

отбасына, туыс-туғандарына және күллі оқырман қауымға

қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. 

Марқұмның жатқан жері жайлы болып, жаны жанатта болсын.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Мәскеу қаласында тұратын қандасымыз,

«Қазақ тілі» ұлттық қазақ автономиясының президенті болған, талантты ақын, сазгер

Оразбаева Тұрсынайдың

ұзақ уақыттағы науқастан қайтыс болуына орай оның отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

толығырақ

Қазақ-Түрік қорының директоры Фазыл Топлыға көңіл айту

                                              Құрметті Фазыл!

             Сіздің отбасыңызға түскен қайғыңыз туралы естідік, марқұм Мериемнің топырағы торқа, жаны жаннатта, иманы жолдас болсын! Қайғыңызға ортақпыз. Болаттай берік болыңыз, марқұмның артында қалған бала-шағаңызға, Сізге ұзақ ғұмыр жас берсін! Бекем болыңыз!

             Құрметпен,

            Төрағаның бірінші орынбасары                    Талғат МАМАШЕВ

            Төрағаның орынбасары                         Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ

             Бөлім меңгерушісі                                         Ботагөз УАТҚАН

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Австрияда тұратын қазақ диаспорасының өкілі,

Австриядағы қазақ қоғамының бұрынғы төрағасы

Осман Қосжігіттің

ұзақ науқастан соң қайтыс болуына орай

 отбасына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын! 

 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Түркияда тұратын

қазақ диаспорасының белсенді өкілі,

құрметті ақсақал Зияжан Ұналанның

қайтыс болуына орай

оның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

«Нұрқоныс» оралман әйелдер қоғамының төрайымы

 Зибира Аллабергенованың

қайтыс болуына орай

отбасына қайғырып көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын. 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

белгілі ғалым, журналист Баймолда Досан мен Қауымдастық қызметкері Ботагөзге

     аналары Тотығұсқызы Шомайдың

қайтыс болуына орай көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын, бала-шағасына жасын берсін!

толығырақ


      Қазақстандық қоғам белгілі қаламгер Герольд Белгермен бақұлдасуда.

     Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі жазушы Герольд Бельгердің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда Мемлекет басшысы көңіл айта отырып, жазушының дүние салғаны туралы хабарды күйзеле қабылдағанын, бүкіл Қазақстан мәдениетінің ауыр қазаға душар болғанын атап өтті.

    «Герольд Карловичтің Қазақстанға деген шексіз сүйіспеншілікпен өрілген өмірі шынайы патриотизмнің үлгісі болып саналады. Оның шығармашылық мұрасы біздің мәдениетіміздің баға жетпес игілігіне, ал өмір жолындағы рухани ар-намыс қағидаттары әр кезеңнің ұрпақтарына жігер беретін бағыт-бағдарға айналды», - деп атап өткен Қазақстан Президенті.

   Қазақстан қоғамы да Г.Бельгердің қазасына қабырғалары қайыса отырып, ғаламтор арқылы онымен бақұлдасып, қаламгердің қазақ халқына деген зор махаббатын, Отанға деген сүйіспеншілігін жылы лебіздерімен еске алуда.

      Әмірова Гүлбану: «Орны толмас қаза. Тағы бір жақсы адам өмірден озды. Алдынан жарылқасын...».

      Амангелді Кеңшілікұлы: «Герағам (Герольд Бельгер) дүниеден өтті. Үлкен азамат еді. Ол кісінің үйінде болып, талай сырласқан кездерім есіме түсіп отыр. Енді Герағаңдай азамат тумайды».

       Мұхиден: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ Гераға! Иманды болсын!».

    Ерлан Әмірбеков: «Ұлты неміс болса да, жүрегі қазақ болған, қазақ тілінің болашағына қазақтан бетер алаңдаған ағамыздың жаны жәннатта болсын!».

     Жансая Байболова: «Иманы серік болсын! Күнделіктегі жазбаларынан шыншыл, батылдығын танып, үлгі тұтушы едім. Жаны жаннатта болсын!».

      Бақытбол Берімбай: «Иманды болсын асыл Герағамыз! Шынында біртуар адамдар болады! Мысалы Абай Құнанбайұлындай дана, Мағжандай ақын, Шәмшідей сазгер, қайтіп тумайды. Мұхтар Әуезов қайтыс болғанда Ғабит Мүсірепов ағамыз былай депті:"Ат тұяғын тай басар» деген мақалдың еш мәні қалмады. Әуезовтай тұлпардың тұяғын еш тайың баса алмайды" деп күңіреніпті... Бірақ үміт те үзуге болмайды."Үмітсіз шайтан", Мағжандай "Мен жастарға сенемін" дегеніміз де жөн шығар».

     Шаркүл Әзімбаева: «Ех, жалған дүние-ай! Ол кiсiнiң де кезегi келiп калған екен гой! Амалың бар ма, асылдар шетiнен кетiп жатыр, келмеске! Бақұл болғай!».

      Ерболат Қошқарбаев: «Бақұл бол, Гераға! "Қазақстандық ұлт дегенді білмеймін - қазақ ұлтын ғана мойындаймын" деген Герольд Бельгер де өмірден озды...».

      Есбол Махисов: «Бәрiмiз де ажалды пендемiз ғой, бiрақ қазақ халқын осы Герағамыздай қорғаған өзге ұлт өкiлi жоқ шығар? Отанына, сол Отанының ауасы мен топырағына, дәм-тұзы мен нан-суына, тұрғылықты халықтың кең пейiл жүрегi мен дархан көңiлiне, бiр сөзбен айтсақ Қазақ рухына адал болған, немiс ұлтынан шықса да, жаны нағыз қазақ адам еді. Жаның жәннатта болсын аға!».

      Әбдірайым Омаров: «Қазақ әсте арда ұлынан айрылды. Мұны түсінуге қазақтың жүрегі жетер ме екен? Ұлдарын өгейсіте алатын ұлт, ұлыларын ұлықтап тұра алмайды, дегенім ғой. Қайғыға ортақпын. Герольд ағамызды бақиға жіберіп, тек уақытты еншімізде қалдырдық. Бір жетімге санымызды арттырып. Бір кем дүние».

      Кенжебай Ахметов: «Гер-аға Ұлы қазаққа айналған тұлға ғой! Жаны жәннатта болғай!».

     Естеріңізге сала кетейік, белгілі жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы Герольд Бельгер 81 жасына қараған шағында 7-ақпанда күндізгі сағат 13:00 шамасында Орталық клиникалық ауруханада қайтыс болды.

     Жазушы Ресейдің Саратов облысында 1934 жылы 28 қазанда дүниеге келген.

  1941 жылы Сталиннің жарлығымен КССР-дағы барлық немістермен бірге Қазақстанға, қазақ ауылына (СҚО-дағы Ысқақ Ыбыраев ауылы) жер аударылды. Бұл жерде жас Герольд қазақ тілін үйренеді.

     Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауылында қазақ орта мектебінде оқыды. Мектепті алтын медальмен бітірген. 

      Абай атындағы Қазақ педагогика институтын және аспирантурасын тәмамдады. Шығармаларын неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазған.

    1958-1960 жылдары - Жамбыл облысы Байқадам кеңшарының орта мектеп мұғалімі. 1963-1964 жылдары - «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері. 1964 жылдан шығармашылық жұмыста болған. 1992 жылдары неміс тілінде шығатын «Феникс» альманахы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 

        http://www.inform.kz/kaz/article/2744299

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Қазақтың тұңғыш мультипликаторы

Әмен Қайдаровтың

қайтыс болуына орай

отбасына және бүкіл туыс-туғандарына

қазаларына ортақтасып, көңіл айтады.

Марқұмның жаны жұмақта болсын. 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы  

белгілі кәсіпкер  Асқар Жакулинге

анасы Фатима  Жакулинаның

қайтыс болуына орай қазасына қайғырып, көңіл айтады.

     89 жасқа қараған шағында Үрімжідегі үйінде қайтыс болған Фатима Нұрмұхаметқызы қазақтың әйгілі билердің бірі Ақтайлақтың ұрпағы, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Саяси Кеңесінің 2 дүркін мүшесі, ШҰАР Әйелдер бірлестігінің төрайымына орынбасар болған қайраткер, жазушы, ақын, ШҰАР Парткомының тұрақты жорасы болып жүргенінде «Мәдениет төнкерісінің» соққысынан түрмеде опат болған Әнуар Жакулиннің жұбайы.

     Алла алдынан жарылқап, артын қайырлы етсін! Артында қалған ұрпағы мен туыстарына қайрат тілеп, ізгі тілектер арнаймыз!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

әнші Бөкейхан Гүлзираға күйеу баласы

Жарқын Әуелханұлының

мезгілсіз қайтыс болуына орай көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қырғыз Республикасындағы «Отан» қазақ диаспорасы қоғамының 2006-2009 жылдардағы төрағасы Бауыржан  Ермекбаевтың қайтыс болуына байланысты отбасына және бүкіл туыс-туғандарына қазаларына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның жаны жанатта болсын. 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

   «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы Серік Рәпіловке

анасының

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қазасына қайғырып көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы жолдас болып, жаны  жұмақтың төрінен  орын тапсын.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

ҚР ҰҒА  Академигі, медицина ғылымдарының докторы

Мұхтар Әлиевтің

қайтыс болуына болуына байланысты

отбасына және бүкіл жанашыр ағайынға көңіл айтады.

Марқұмның жаны пейіштің төрінен орын алсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа

 анасы Заря Малгаждарқызы Нұржанованың

 дүниеден өтуіне орай қазасына ортақтасып көңіл айтады. 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, театртанушы Әшірбек Төребайұлы Сығайдың қайтыс болғанына орай

отбасына

қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

 



толығырақ

 
       Кеше  Алматыда «Қазақ» газетінің бас редакторы, жазушы Қоғабай Сәрсекеев 75 жасында ауыр науқастан дүние салды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар Одағынан хабарлады. 

     Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 19 қараша күні Алматы қаласындағы Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік Академиялық балалар және жасөспірімдер театрында таңғы сағат 10:00-де өтеді.

     Қоғабай Сәрсекеев 1939 жылы 1 сәуірде Қостанай облысының Жанкелдин ауданы, Торғай ауылында туған. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, 1963-1967 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде әдеби қызметкер, 1967-1982 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1983-1986 жылдары «Кітап жаршысы» - «Друг читателя» газетінің редакторы, 1986-1990 жылдары «Жалын» баспасының бас редакторы, республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас редакторы, республикалық Кітап таратушылар қауымдастығының президенті, 1990-2006 жылдары «САҚ» АҚ-ның президенті қызметтерін атқарған. Күні бүгінге дейін «Қазақ» ұлт газетінің бас редакторы қызметін атқарып келді.

       Алғашқы әңгімелері 1950 жылдардың ортасынан бастап шыға бастады. «Кілт» (1967), «Қараша қаздар» (1974) деп аталатын әңгіме-повестер жинағы жарық көрді. «Қол мерген», «Кесте орамал», «Ыбырай Алтынсарин», «Мұңлық-Зарлық», «Фатима», «Ашудас», «Сарбаздар» сияқты пьесалары республикалық театрларда қойылған. Халық батыры А.Иманов туралы романының алғашқы бөлігі 1979 жылы, жалғасы саналатын «Заманақыр» кітабы 1990 жылы «Жазушы» баспасынан, орыс тілінде «Смута» деген атпен «Жалын» баспасынан жарық көрді. «1937 жыл» дейтін әңгімесі 1998 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. «Жол үстіндегі әңгіме», «Ұлы ұстаз немесе - Ахмет Байтұрсынов жайлы ой түйін», «Портреттер», «Үш арыс», «Үш таным», «Өзге емес өзім айтам өз жайымды» деп аталатын әңгіме-эсселері мен екі томдық таңдамалы жинағы (1999) жарық көрді.

      Қоғабай Сәрсекеев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Б.Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты және Францияның «SPІ» алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану академиясы алтын медалінің иегері болған. 

     ҚазАқпарат

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Мемлекеттік орталық музейдің этнология және антропология орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының  кандидаты Досымбек Қатыранұлына

әкесі, Моңғолияның еңбек сіңірген зоотехнигі

Қатыран Орынбайұлының

қайтыс болуына байланысты оның отбасына  көңіл айтады.  Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайының делегаты

    Камалидинқызы Айман мен тарих ғылымдарының кандидаты Шолпанға

                                           аналарының

қайтыс болуына орай көңіл айтамыз. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

 Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары
    Жаннат Мұрыноваға
ұлы Мәдидің
мезгілсіз қайтыс болуына орай қайғырып көңіл айтады.
Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Үрімжі қаласындағы Қазақстанның төлқұжат,  виза-қызметінің басшысы   Ерлан  Ибрагимовке әкесі Жеңістің  қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы
Марат  Үкібаевқа
ағасы Артықбай Қынабекұлының
қайтыс болуына орай көңіл айтады. 
Марқұмның жатқан жері жаннат болып, иманы жанына жолдас болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Қазақ диаспорасының өкілі, белгілі суретші, 

Ресей мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері,

Омбы мемлекеттік педагогика университетінің профессоры 

 Амангелді Шәкеновке

әйелі Хайыргелдінің

 қайтыс болуына орай қайғырып көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын. 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Қауымдастық қызметкері  Мәдина Ертайға

әкесі Есенбайдың

қаза болуына орай отбасына, туыс-туғандарына қайғыларына ортақтасып,   көңіл айтады. Марқұмның жаны жанатта болып,  иманы жолдас болсын.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Қауымдастық қызметкері  Жанар Жанапияноваға

інісі Ғалымжанның

мезгілсіз қайтыс  болуына орай қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта болып, иманы жолдас болсын.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Қауымдастықтың белсенді мүшесі,

суретші Сейфуллин Рыстанға

ұлы Сәкеннің

қайтыс болғанына орай отбасына,

туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

белгілі тілші Саясат Бейісбайға

әкесі Жақыпжанның

қайтыс болғанына орай отбасына,

туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының

Моңғолиядағы бөлімше бастығы Хабсаттар Омарұлына

Құрметті Хаба!

    Бауырыңыз Шәмшидің қайтыс болуына байланысты қайғыңызға ортақтасып көңіл айтамыз.

    Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!


Төрағаның бірінші орынбасары                     Т. Мамашев

Төрағаның орынбасары                                С.Балғабаев

Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі               Б.Уатқан

толығырақ

   Алтай аймақтық «Атамұра» қазақ мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы ДОСЫМБЕКОВ ҚАЙЫРЖАН СӘБИТҰЛЫНА және оның отбасына, туыстарына жолапатынан қайтыс болған ҰЛЫ мен БАЛДЫЗЫНЫҢ қайғысына ортақтасып, қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмдардың иманы жолдас, жатқан жерлері жаннат болсын.

   Бекем болыңыздар, Қайыржан және Бағлан!

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

толығырақ

   23 қаңтарда Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Фариза Оңғарсынова 75 жасқа  қараған шағында дүниеден өтті. Отты жырларымен оқырман жүрегін жаулап алған ол 1939 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Гурьев облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында өмірге келген еді.

1958 жылдан бастап республикалық баспасөз беттерінде өлеңдері  жарияланып, 1966 жылы «Сандуғаш» деп аталатын тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Қаламы қарымды, таланты кемел ақын ерен еңбегі үшін әр жылдары ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халыққа білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның халық ақыны, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып, Құрмет белгісі, Парасат ордендерімен және түрлі медальдармен марапатталды.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұжымы марқұмның туған-туыстары мен бүкіл оқырмандарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы болып, жаны жанатта болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Моңғолияның халық ұстазы, академик

Мекей Әбішұлының

қайтыс болуына байланысты  қайғысына ортақтаса отырып, балаларына, туған туыстарына көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!


Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Ресейдегі қазақтардың белді өкілі, Омбы облыстық Қоғамдық палатасының мүшесі,  Ресей мұсылмандар Діни басқармасы Жоғарғы мүфтиінің Азия  бөлігі бойынша орынбасары, аймақтық қазақ-мәдени орталығының төрағасы

Жүнісов Анарбек Бейскенұлының

дүниеден өткеніне орай оның бала-шағасына, туыстарына қайғырып,  көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

 

                                                                   Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қытай Халық Республикасынан

келген белгілі жазушы

Зейнолла Сәніктің

Қайтыс болуына орай отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

 

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Дүкенбай Досжанның

дүниеден өткеніне орай оның бала-шағасына, туыстарына қайғырып,  көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

 

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

діни ғұлама ғалым, марқұм Халифа Алтайдың тұңғыш баласы

Абсаттар Алтанның

қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып, оның отбасына және туыстарына көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

 

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Германияда тұратын абыз ақсақал, Қауымдастықтың жанашыры 

Шәріп Найманның

дүниеден өткеніне орай оның бала-шағасына, туыстарына қайғырып,  көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

 

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

толығырақ

Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлына

                  інісі Түймебаев Бақкелдінің

қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

                              Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

толығырақ

Иран Ислам Республикасында тұратын қазақ диаспорасының көрнекті өкілі, парсы тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы болған Тойжан Бабық қандасымыздың  23 шілдеде қайтыс болғанына орай оның отбасына, туған туыстарына Дүниежүзі қазақтары қауымдасығының атынан көңіл айта отырып, марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын, дейміз!

 

толығырақ

Шілденің 15-інде Қырғызстан Қазақтарының қауымдастығының төрағасы, білікті заңгер, профессор Серікқұл Қосақов қайтыс болды. Марқұм Серікқұл Қосақұлы Қырғызстан халқы Ассамблеясының құрамында Қазақ мәдениетінің «Отан» орталығын түзуде біраз еңбек жасады. Кейін Қырғызстан Қазақтарының ассосациясын басқарған. Қырғыз Республикасы Конституциясын жазған авторлардың бірі еді. Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, құқық факультетінің деканы, профессор, генерал-майор болған.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұжымы Қырғызстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы

Қосақов Серікқұл Қосақұлының

қайтыс болуына байланысты отбасына, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жәннат, иманы жолдас болсын.

 

толығырақ

Моңғолия қазақтарының белсендісі, ақыл айтып, жол көрсетер ақсақалы Жарқынбайұлы Уатқанға інісі Моңғолияның еңбек сіңірген мұғалімі

                                       ДӘУІТБАЙҰЛЫ БҰҚАБАЙДЫҢ

қайтыс болуына байланысты көңіл айтамыз. Қазаның арты қайырлы, марқұмның алды пейіш, арты кеніш болғай.

толығырақ

Белгілі жазушы, драматург, публицист, аудармашы және киноактер, қаламгер Сәтімжан Санбаев жасы 74-ке қараған шағында қайтыс болды. 1939 жылғы 16 қыркүйекте Атырау облысының Мақат кентінде туған С.Санбаев Орынбор ауыл шаруашылығы институтын, сондай-ақ КСРО Жазушылар одағы жанындағы әдебиет курсын бітірген. Республикалық «Жазушы» баспасы редакциясын, Қазақстан Жазушылар  одағының өзара байланыс бөлімін басқарған С.Санбаев Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қызмет істеді. Абайдың қара сөздерін, «Алпамыс» эпосының прозалық нұсқасын, М.Әуезовтің әңгімелері мен хикаяттарын, С.Бегалин мен Ә.Сәрсенбаевтың, тағы басқа көптеген қазақ жазушыларының туындыларын орыс тіліне аударған.Әлемнің 30-дан астам елінде басылған еңбектерінің бірі /«Белая Аруана»/ «Ақ Аруана» атты әңгімелер мен хикаяттар жинағы болатын. «Той боларда», «Батыр Баян» «Ұшы-қиырсыз жол», «Шоқан Уәлиханов», көркем фильмдерінде басты рольдерді сомдап, актерлық шеберлігін танытса,  «Қыз Жібек», «Ыстықкөл қызғалдақтары» кинофильмдерін қазақшалауға көп еңбегін сіңірді. Көзі тірісінде «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған С.Санбаевтың артындағы ұрпағына өнегелі өмірі мен мол еңбегі үлгі боп қалды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыс, дос-жарандарына қайғырып көңіл айтады.Марқұмның арты кеніш, алды пейіш болғай!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы белгілі ғалым Зардыхан Қинаятұлына  жиені,  журналист-жазушы

                             Ақын Аманжолдың

қайтыс болуына орай қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Іле қазақ облысының ән-би үйірмесінің  қарт-актері, мемлекеттік  1 дәрежелі әртісі

           Мүтәліп Әбдірахманұлының

   қайтыс болуына орай оның отбасына көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

 

 

 

толығырақ

Алматы қаласында қайтыс болған қазақ диаспорасының  белгілі азаматтарының бірі Насиболла (Яшар) Түркелдің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Марқұмның жатқан жері жарық болып, Алла алдынан жарылқап, нұрлы жаны бейіште шалқысын, иманы серік, алды жарық болсын

              Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұжымы

толығырақ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұжымы марқұм Қалдарбек Найманбаевтың ұлы Заурдың қайтыс болуына байланысты отбасына, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын.

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті