Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Көңіл айтамыз

Басты бет | Көңіл айтамыз | «Қазақ» газетінің бас редакторы, жазушы Қоғабай Сәрсекеев дүниеден озды

 
       Кеше  Алматыда «Қазақ» газетінің бас редакторы, жазушы Қоғабай Сәрсекеев 75 жасында ауыр науқастан дүние салды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар Одағынан хабарлады. 

     Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 19 қараша күні Алматы қаласындағы Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік Академиялық балалар және жасөспірімдер театрында таңғы сағат 10:00-де өтеді.

     Қоғабай Сәрсекеев 1939 жылы 1 сәуірде Қостанай облысының Жанкелдин ауданы, Торғай ауылында туған. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, 1963-1967 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде әдеби қызметкер, 1967-1982 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1983-1986 жылдары «Кітап жаршысы» - «Друг читателя» газетінің редакторы, 1986-1990 жылдары «Жалын» баспасының бас редакторы, республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас редакторы, республикалық Кітап таратушылар қауымдастығының президенті, 1990-2006 жылдары «САҚ» АҚ-ның президенті қызметтерін атқарған. Күні бүгінге дейін «Қазақ» ұлт газетінің бас редакторы қызметін атқарып келді.

       Алғашқы әңгімелері 1950 жылдардың ортасынан бастап шыға бастады. «Кілт» (1967), «Қараша қаздар» (1974) деп аталатын әңгіме-повестер жинағы жарық көрді. «Қол мерген», «Кесте орамал», «Ыбырай Алтынсарин», «Мұңлық-Зарлық», «Фатима», «Ашудас», «Сарбаздар» сияқты пьесалары республикалық театрларда қойылған. Халық батыры А.Иманов туралы романының алғашқы бөлігі 1979 жылы, жалғасы саналатын «Заманақыр» кітабы 1990 жылы «Жазушы» баспасынан, орыс тілінде «Смута» деген атпен «Жалын» баспасынан жарық көрді. «1937 жыл» дейтін әңгімесі 1998 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. «Жол үстіндегі әңгіме», «Ұлы ұстаз немесе - Ахмет Байтұрсынов жайлы ой түйін», «Портреттер», «Үш арыс», «Үш таным», «Өзге емес өзім айтам өз жайымды» деп аталатын әңгіме-эсселері мен екі томдық таңдамалы жинағы (1999) жарық көрді.

      Қоғабай Сәрсекеев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Б.Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты және Францияның «SPІ» алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану академиясы алтын медалінің иегері болған. 

     ҚазАқпарат

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті