Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Көңіл айтамыз

Басты бет | Көңіл айтамыз | Қаза қайырлы болсын

        

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

белгілі қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым

Зардыхан Қинаятұлының

77 жасқа қараған шағында қайтыс болуына орай, отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

      Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын.

     Зақаңның бейнесі мәңгі есімізде сақталады.

     балаларына ұзақ ғұмыр тілейміз!

 

      Зардыхан Қинаятұлы  1940 жылы моңғолияның Қобда ауданында туған. Моңғолия мемлекеттік университетін, Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1975-87 жылдары Моңғолия кәсіподағы орталық комитетінің хатшысы, 1990-92 жылдары Моңғолия үкіметі басшысының орынбасары және Моңғолия Парламенті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Моңғолияның жаңа Конституциясының және сол елде жүргізілген саяси-экономикалық реформалардың құқықтық негізін жасаушылардың бірі.

      Ғылым жолында да ерен еңбегімен көзге түсіп, 1987 тарих ғылымының докторы, 1991 жылы профессор атанды.

      З.Қинаятұлы 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында қызмет етті. Ғалымның «Жылаған жылдар шежіресі», «Моңғолиядағы қазақтар», «Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түрік тайпалары», «Көшпенділік ғұмыр» және т.б кітаптары ұлттану және ұлтаралық қатынастар мәселесіне арналған. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті