Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Көңіл айтамыз

Басты бет | Көңіл айтамыз | Қаза қайырлы болсын

     Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 78 жасқа қараған шағында бақилық болған Қытайда тұратын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі химик-ғалым Бекмұхамед Мұсаұлының қайтыс болуына орай отбасына және туыс-туғандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның топырағы торқа болып, жаны жанатта болсын.

      Бекмұхамед Мұсаұлы – 1939 жылы Қытайдағы СУАР-дың Текес ауданының Шилөзек ауылында өмірге келген. 1956 жылы туған ауылынан орта мектеп бітірген Б.Мұсаұлы сол жылы Бейжің педагогикалық университетінің химия-өнеркәсіп мамандығына қабылданады.

    Еңбек жолын 1960 жылы Іле Қазақ облысының көлік-және өнеркәсіп мекемесінде бастады. Одан кейін Іле қазақ автономиялық облысы көлік және өнеркәсіп мекемесі бастығының орынбасары, бастығы, Күйтің қаласының әкімі, СУАР химия-өнеркәсіп министрі, Іле қазақ автономиялық облысының әкімі, СУАР Саяси кеңесі төрағасының орынбасары қатарлы лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, іскерлігімен, әділдігімен, тазалығымен халықтың терең ықыласына бөленді.

         Қауырт басшылық қызметтің ара-арасында химия ғылымы саласында да жемісті еңбек етіп, көптеген монографиялары мен зерттеу еңбектерін жариялады. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы «Химия ғылымының түсіндірме сөздігі» атты 50 баспа табақтан тұратын көлемді энциклопедиялық сөздігі. Аталған «сөздік» күні бүгінге дейін ондағы жас ұрпақтарымыз бен мамандардың бірегей «ұстазы» ретінде қызмет етіп келеді.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті