Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Көңіл айтамыз

Басты бет | Көңіл айтамыз | Қытайдағы қазақ тілі ғалымы Кәкеш Қайыржанұлы дүниеден озды

     Қытайда өмір сүрген қандасымыз, білікті тіл ғалымы, аудармашы Кәкеш Қайыржанұлы ұзақ науқастан кейін бүгін таңға жуық дүние салды.

      Саналы ғұмырын Қытайдағы қазақтардың сана бостандығы мен руханиятына арнаған атақты ғалым «Сөз сандық» деген әйгілі кітабын құрастырып, қазақ ұғымынан тыс қалып бара жатқан қаншама көне сөздерді жадымызда қайта жаңғыртқан еді. Ал, аудармашылық еңбектері өз алдына бір төбе.

     Кәкеш Қайыржанұлы 1941 жылы Шинжияң өлкесі, Іле қазақ автономиялы облысы, Тарбағатай аймағы, Толы ауданында дүниеге келген. Шинжияң өлкелік партком кеңсе істер меңгермесінің аудармашылар басқармасы, Шинжияң халық радиосының қазақ редакциясы, Шинжияң телевизиясы қазақ бөлімі секілді орындарда қызмет істеді. Шинжияң телевизиясы қазақ редакциясының алғашқы меңгерушісі болды. Аудармашы «Калила мен Демина», «Осызаманғы шетел жазушыларының әңгімелерінен», «Сакья Муни», «Құран хикаялары» (Қазақстан «Жалын» баспасы көшіріп басқан) және «Чиң әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» (Қаһарман Мұқанұлымен бірге аударған), «Қытай тарихындағы қазаққа қатысты деректер» (Әбділдабек Ақыштай, Шадыман Ақымет қатарлылармен бірлесіп аударған) сынды аудармалары жарық көрген. «Құран хикаялары» өлкелік қоғамдық ғылым саласы бойынша 3 реткі таңдаулы кітаптарды сараптауда 1 дәрежелі сыйлық алған.

      «Сөз сандық» атты қымбатты қазына 2010 жылы «Ұлттар» баспасынан қайталай басылумен қатар, 2014-жылы Қазақстанның өнер баспасынан мемлекеттік бағдарлама аясында жарық көрген.

  https://baq.kz/kk/news/kitai_kazaktari/kitaidagi_kazak_tili_galimi_kakesh_kaiirzhanuli_dunieden_ozdi20170419_093300

 

 

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті