Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Көңіл айтамыз

Басты бет | Көңіл айтамыз | Қаза қайырлы болсын

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс ардагері,  жазушы

Сейдәлім Тәнекеевтің қайтыс болуына орай

отбасы мен туыс-туғандарына, қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Марқұмның жаны жанатта болсын.

    Сейдәлім Тәнекеев 1924 жылы 5 тамызда Алматы облысының Шонжы кентінде дүниеге келген.  

       1942 жылы Ұйғыр ауданының Ақсу орта мектебін бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Елге оралғаннан кейін, 1947—1949 жж. Қазақ мемлекеттік университетінде оқыды. Алматы облысы, Ұйғыр аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім бастығы, 1952–1959 жж. Алматы облысында, Жамбыл аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Іле аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Ұйғыр аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық Мәдениет басқармасының бастығы, Панфилов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1960–1978 жж. Қызылорда облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, 1978 жылы республикалық Бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы болды. 

      1963—1986 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан КП Орталық Комитетінің мүшесі, 1988 жылдан Қазақстан мүгедектер қоғамының төрағасы болған.

     Екі рет І дәрежелі Ұлы Отан соғысы, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, төрт рет Еңбек Қызыл Ту, екі рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен, МХР-дің «Құрмет» орденімен, төрт рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Халықаралық кооператив альянсінің «Құрмет белгісі» Грамотасымен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Тың игергені үшін» және басқа медальдармен марапатталған. «Парасат» орденінің иегері. КСР Ғылым академиясының Королев атындағы күміс медалінің иегері. 

     Шығармалары: Қиян асу. Повесть. 1976; Серпін. Роман. 1991; Ереуілтөбе әсерлері – 1916 ж. 1994; Бел-белестер. Екі томдық повестер мен әңгімелер жинағы. 1997; Иір-қиыр, бұраң жол. Роман-эссе. 1999; Жүрекке түскен жара. Повесть-хикая. 2001; Сказание о «винтике». А., «Мұрагер», 2006; Иір-иір, қиыр жол (немеремен сырласу). А., «Нұрлы әлем». 2006; Взгляд. А., «Санат», 2007; Шежірелер не сыр шертеді. А., «Арыс», 2008.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті