Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Көңіл айтамыз

Басты бет | Көңіл айтамыз | Қазақ әдебиетінде орны ойсырап қалды

   23 қаңтарда Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Фариза Оңғарсынова 75 жасқа  қараған шағында дүниеден өтті. Отты жырларымен оқырман жүрегін жаулап алған ол 1939 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Гурьев облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында өмірге келген еді.

1958 жылдан бастап республикалық баспасөз беттерінде өлеңдері  жарияланып, 1966 жылы «Сандуғаш» деп аталатын тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Қаламы қарымды, таланты кемел ақын ерен еңбегі үшін әр жылдары ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халыққа білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның халық ақыны, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып, Құрмет белгісі, Парасат ордендерімен және түрлі медальдармен марапатталды.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұжымы марқұмның туған-туыстары мен бүкіл оқырмандарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы болып, жаны жанатта болсын!

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті