Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Хабарландырулар

Хабарландырулар

        2017 жылы 25 желтоқсанда  түркі әлеміне кеңінен  танымал дінтанушы-ғалым Алтай Халифа Ғақыпұлының туғанына 100 жыл толады. Республика Ғылым Академиясының құрылтайшыларының бірі Ақжан әл-Машанидің бағалауынша, Халифа Алтай Құранның аудармасы мен түсініктерінен басқа ешнәрсе жазбаған күннің өзінде, ол басқа көрнекті ғалымдармен қатар тұрған болар еді.

        Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шақыруымен Халифа Алтай Түркиядан Қазақстанға көшіп келді. Ол Ұлт Көшбасшысының этникалық көші-қон саясатын қолдап қана қоймай, өз ісі арқылы Түркия және Еуропа елдері қазақтарына үлгі де бола білді. Халифа Алтай есімі мемлекеттік шекаралар арқылы бөлініп қалған қазақ халқын  біріктіру үшін зор маңызға ие.

        Сондықтан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы  әлем қазақтарының V Құрылтайы аясында Халифа Алтайдың 100 жылдығына арналған «Халифа Алтай және қайта оралған тарих» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр.

 

        Конференция  мақсаттары:

 – Қасиетті «Құран Кәрім» кітабын қазақ тіліне аударушы және алғашқы баспагері, дінтанушы-ғалым, жазушы, ақын, этнограф Алтай Халифа Ғақыпұлының санқырлы ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметін жан-жақты ашып көрсету;

– Алтай Халифа Ғақыпұлының қазақ диаспорасы арасында ислам дәстүрлерінің жаңғыруына  қосқан үлесін көрсету.

 

Конференция  бағдарламасында:

 Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының Бірінші орынбасары,  мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Асылұлы Мамашевтың құттықтау сөзі.

     Казақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» сериясында «Алтай Халифа Ғақыпұлы» атты кітабінің тұсаукесері.

      Баяндамашылардың  сөзі:

    Редакциядан өткен 6 бетке дейін баяндамалар мәтіні (14 кегль, Arial) а.ж. 25 сәуірге дейін осы электрондық адреске жіберулерініңізді сұраймыз:

 kulgazira_777@mail.ru

Конференция материалдары Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының сайтында qazaq-alemi.kz орналастырылады. Конференцияның жұмыс тілі - қазақ тілі.

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ үлгісі қосымша берілген

 Астана қ.,

       Конференция Астана қаласында 24 маусым күні (сенбі, 15.00-16.30) мына мекенжайда өткізіледі: Астана қ., Достық көшесі, 11. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхана

   Байланыс телефондар: 8(727) 390-44-99; 8 7073418398; + 77712072909

                                                       ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ______________________________________________________________

Лауазымы: ______________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: ______________________________________________________________

Байланыс телефоны: ______________________________________________________________

Автордың адресі:________________________________________________________

Факс, E-mail ______________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:______________________________________

толығырақ

 

Публичный отчет об использовании денежных средств, выделенных в рамках благотворительной помощи КФ «Samruk-Kazyna Trust»

Администратор благотворительного проекта

Республиканское общественное объединение «Всемирная ассоциация казахов»

Наименование благотворительного проекта

Организация комплекса мероприятий для казахской диаспоры за рубежом

Средства КФ «Samruk-Kazyna Trust», выделенные на реализацию благотворительного проекта

25 000 000 тенге

Срок реализации благотворительного проекта

октябрь-декабрь 2016 года

Описание проблемы, на решение которой направлен проект

     По данным Всемирной ассоциации казахов, общая численность этнических казахов зарубежья составляет около 4-4,5 млн человек. Ассоциация создана  по инициативе Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева и работает под председательством Лидера Нации с сентября 1992 года по настоящее время. Это накладывает большую ответственность и определяет ожидания зарубежных казахов на всех мероприятиях, проводимых Ассоциацией за границей и в Казахстане.  Такие мероприятия как, широкомасштабные  Всемирные курултаи казахов  Европы и Центральной Азии, России и Узбекистана, Монголии и Кыргызстана с участием Президента Республики Казахстан, членов Правительства РК, депутатов Парламента РК; комплексные мероприятия по пропаганде и разъяснении среди казахской диаспоры ежегодных Послании, Плана нации и др.важных документов Президента Республики Н.А. Назарбаева; международные фестивали искусств и спорта молодежи казахской диаспоры; международные научно-практические конференции; международные совещания и встречи за «круглым столом» посвященные социально-экономическим, культурным, языковым проблемам казахской диаспоры, выставки традиционного и прикладного искусства, художественные, книжные, юбилейные мероприятия и др.

 

Цели и задачи благотворительного проекта

Пропаганда идеи Президента РК Н.А. Назарбаева среди казахской диаспоры проживающих зарубежом. Раскрытие сути стабильной политики Казахстана в годы Независимости. Доведение позиции Президента  Республики Казахстан, Лидера Нации, Председателя Всемирной ассоциации казахов Н.А. Назарбаева  по консолидации казахского народа и ее диаспоры, в проведении институциональных  реформ по модернизации казахстанского общества в условиях новых  вызовов и угроз.

Расширение и укрепление  деловых и творческих связей  с казахской диаспорой, Обмен опытом руководителей казахских культурных центров, индивидуальная работа Ассоциации с казахскими этнокультурными движениями.

 

Описание проекта

За отчетный период  в рамках реализации проекта были проведены Малый курултая казахов Турции; Международный фестиваль молодежи казахской диаспоры; международная научно-практическая конференция в РФ; международный круглый стол с участием представителей казахской диаспоры; издана брошюра с текстом «Мәңгілік Ел» и Пяти институциональной реформы на пяти языках; издана коллективная научная монография на казахском языке

Основные мероприятия, реализованные в рамках проекта

За отчетный период проекта были реализованы:

6-7.10 Международный фестиваль посвященный 25-летию Независимости Казахстана «Алматы – колыбель Независимости»

19-20.10 Международная научно-практическая конференция «Казахи Евразии и их вклад в укрепление межнационального согласия»

25-27.11. Малый курултай казахов Турции, Стамбул

14-15.12. Международный круглый стол на тему «Елбасы, Ел Тәуелсіздігі және шетел қазақтары» и участие в торжествах, посвященных 25-летию Независимости Республики Казахстан

октябрь – В рамках 25-летия Независимости Казахстана и в целях продвижения идеи Президента РК Н.А. Назарбаева пропаганда среди казахской диаспоры патриотического акта «Мәңгілік Ел» и Пяти институциональной реформы: изготовление брошюры и перевод текста на турецком, монгольском, русском, узбекском, арабском (төте жазу) языках

декабрь - Издание монографии: «Казахская диаспора и репатриация. 1991-2012» (на каз.яз.)

 

Достижение количественных показателей

Общее количество посетивших мероприятия – 1500 чел.

Награждены в рамках международного фестиваля денежными призами  – 27 участников.

Предстватели казахской диаспоры прибыли для участия в мероприятиях проекта из – 21  стран мира

Результаты проекта и его влияние на решение проблемы

проект позволяет сохранению преемственности в работе с зарубежными казахами по выполнению решений IV Всемирного курултая казахов,  выстраиванию системной и систематической работы с казахской диаспорой, укреплению ее связей с исторической родиной – Казахстаном.  Доведение позиции Президента  Республики Казахстан, Лидера Нации, председателя Всемирной ассоциации казахов Н.А. Назарбаева  по консолидации казахского народа и ее диаспоры, в проведении институциональных  реформ по модернизации казахстанского общества.  

 

 

толығырақ

       Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс  комитеті  2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында  «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі»  атты  шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында сурет көрмесін өткізуді жоспарлап отыр.

 ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: шетелдегі дарынды қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.

Міндеті: бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыларын шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыз бен оралман қазақ жастарының еңбектерін көпшілікке таныту.

 Көрмеге қатысу шарттары:

1.  Суретшінің жас мөлшері 18-35 жас аралығында болуы тиіс,

2. Автордың өмірбаяны, толық мекенжайы және оқу орны, жұмысы, телефоны көрсетілуі керек,

3.  Кескіндеме шығарма көлемі 100x150 см-ден кем немесе аспауы тиіс (материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз)

4. Графикалық шығарма көлемі 40x90 см (материалдары: офорт, линогравюра, гравюра, литография т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс.

      Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны 5-7-ден аспауы керек.

    Суретшілер өздерінің толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекенжайын көрсетіп, хат жазуы керек.  Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласады.

         Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

        Суретшілер өздерінің хаттарын мына мекенжайға жібере алады:

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А немесе электрондық адрес: kazaktar.kz@mail.ru,  tugan_til79@mail.ru

Тел.: 8(727) 2739025; тел./факс: 8(727) 2739997 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтардың қауымдастығы төрағасының

бірінші  орынбасары  Талғат  Асылұлы Мамашевқа

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2014-2015 оқу жылына Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарды оқыту үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде 1400 орын бөлінгендігін хабарлайды.

     Шетелде тұратын қазақ ұлтының азаматтарын дайындық бөлімдерге іріктеу шетелдердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктері арқылы өтеді.

     Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін конкурсқа қатысуға үміткерлер шетелдердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктеріне келесі құжаттарды ұсынуға міндетті: тұрғылықты жері толық көрсетілген өтініш, нотариалды куәландырылған орта білім туралы құжаттың көшірмесі, нотариалды куәландырылған жеке құжаттың көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және 6 фотосурет.

     Үміткерлердің құжаттарын шетелдердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жібереді, одан соң Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беріледі.

     Қазақстанда тұратын азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдерін іріктеу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті арқылы өтеді.

       Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін конкурсқа қатысуға үміткерлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет: тұрғылықты жері толық көрсетілген өтініш, нотариалды бекітілген орта білім туралы құжаттың көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және 6 фотосурет. Үміткерлердің құжаттарын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті жинақтап,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынады.

      Дайындық бөлімдеріне қабылдау кешенді тестілеу нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында екі пән бойынша өткізіледі: математика және қазақ тілі (орыс тілі). Сондай-ақ, кешенді тестілеу басқа елге шығу арқылы да өткізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін өткізілетін кешенді тестілеу уақыты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіліп, қосымша хабарланатын болады.

    Жоғарыда айтылғандарға байланысты,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сіздерден шетелдердегі Қазақстан Республикасының  Елшіліктеріне алдағы іріктеу жөнінде хабарлауды және өз тараптарыңыздан көмек көрсетулеріңізді сұрайды.

     2014-2015  оқу жылына дайындық бөлімдеріне қабылдау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті ұсынған тізімге сәйкес жүзеге асырылатынын мәлімдейміз.

      Өтініштерді қабылдау мерзімі 1 шілдеден 20 тамызға дейін, сабақ ағымдағы жылғы 1 қазанда басталады.

       Толық ақпаратты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 74-25-26, 74-25-27 телефондары арқылы алуға болады.

 

 ҚР Білім және ғылым вице-министрі                                          Тахир Балықбаев

толығырақ

    Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті 2014 жылдың қазан айында Алматы қаласында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысын өткізеді.

 ЕРЕЖЕСІ

Мүшәйра мен терме сайысының мақсаты:

- Шетелдегі жас қазақ ақындарының жырларын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық, отаншылдық сезімін,  Атажұртына деген махаббатын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, жыршы-термешілерді анықтау, жас дарын иелерін жұртшылыққа таныстыру;

- Қазақ жастары арасында отансүйгіштікті кеңінен насихаттауға, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіруге, тәуелсіздікті терең сезінуге, елдік мәселелерге сергек қарауға назар аудару.

 Мүшәйра мен терме сайысының  шарты:

    Мүшәйра мен терме сайысына 35 жасқа дейінгі шетелде тұратын және  елімізден тыс аймақтарда туып-өсіп, қазір атажұртқа оралған жас қазақ ақындары мен жыршы-термешілері қатыса алады.

Автордың шығармасы бұрын ешбір жерде жарияланбаған болу керек.

Бір ақынға үш өлеңмен қатысуға болады.

Бірінші өлеңі – атамекен, ел мен жер, елдік, патриоттық мәселелер тақырыбында болуы керек (міндетті);

Екінші өлеңі – шетелдегі қандастар тағдыры және көші-қон туралы (міндетті);

Үшінші өлең – еркін тақырыптағы өлең болуы қажет.

         Терме сайысы – еркін тақырыпқа құрылады. Термешілердің орындаушылық шеберлігіне баға беріледі.

    Термешілер Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығына алдын-ала хабарласып, тіркеуден өтуге, мүмкіндігі болса, орындайтын термелерінің үнжазбасын тапсыруға міндетті.

       Өлеңдер 2014 жылдың 15 қыркүйегіне  дейін қабылданады. Жіберілетін өлең мәтінінің астына автордың толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі шарт.

     Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласатын болады. Алдын-ала іріктеуден өтіп, конкурсқа жіберілгендердің арасынан арнайы әділқазылар алқасының қатысуымен жүлдегерлерді анықтау, оларды  марапаттау рәсімі 2014 жылдың қазан айындағы фестиваль аясында өткізіледі.

     Әділқазылар алқасының шешімімен  жеңімпаздарға бес дәреже бойынша жүлде (ақындарға – бөлек, термешілерге – бөлек) тағайындалады:

     Мүшәйра мен терме сайысының жеңімпаздары  лауреаттық  дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

    Ақындар өлеңдерін «Мүшәрайға» деген атпен мына мекенжайға жібере алады: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А.  немесе электрондық адреске: kazaktar.kz@mail.ru,  tugan_til79@mail.ru  Тел: 8(727) 273 90 25; Тел/факс: 8(727) 273 99 97

толығырақ

    Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті  2014 жылдың қазан айында Алматы қаласында  «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты  шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында сурет көрмесін өткізуді жоспарлап отыр.

   ЕРЕЖЕСІ

    Мақсаты: шетелдегі талантты қазақ жастарының бейнелеу өнері  түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.

     Міндеті: бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыларын шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыз бен оралман қазақ жастарының еңбектерін көпшілікке таныту.

 Көрмеге қатысу шарттары:

1. Суретшінің жас мөлшері 20-35 жас аралығында болуы тиіс;

2. Автордың өмірбаяны, толық мекен-жайы және оқу орны, жұмысы, телефоны көрсетілуі керек;

3. Кескіндеме шығарма көлемі 100*150 см.-ден кем немесе аспауы тиіс (Материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз)

4. Графикалық шығарма көлемі 40*90 см. (материалдары: офорт, линогравюра, гравюра, литография, т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс;

Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны

5-7-ден аспауы керек.

Суретшілер өздерінің толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекен-жайын көрсетіп хат жазуы керек.  Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласатын болады.

   Жеңімпаздар  лауреаттық  дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

    Суретшілер өздерінің хаттарын мына мекенжайға жібере алады: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А.  немесе электрондық адреске: kazaktar.kz@mail.ru,  tugan_til79@mail.ru

Тел: 8(727) 2739025; Тел/факс: 8(727) 273 99 97  

толығырақ

    Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 31-мамыр мен 1-маусым күндері Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан және Ресей қолөнер шеберлерінің Орталық Азиялық «Жібек жолы» көрме-жәрмеңкесі болады. Онда  қолдан жасалған  зергерлік бұйымдар, саз аспаптары, шығыс миниатюралары, киіз, жібек, тоқыма және тері бұйымдары, қыш ыдыстар, кілемдер мен үстел шамдары және түрлі кәдесыйлар жұртшылық назарына ұсынылғалы отыр.

Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00

толығырақ

    Мамырдың 22-сі күні сағат 14:00-де Қазақ ұлттық өнер университеті шабыт ғимаратының 202-жиналыс залында, Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Мимар Синан университетінің ұлағатты ұстазы, профессор Әбдіуақап Қара мырзамен кездесу өтеді.

    Әбдіуақап Қара мырза өзінің көп жылдар бойы зерттеген тақырыптары, сондай-ақ, Түркия қазақтарының тарихы жөнінде сыр-сұхбат өткізеді. Ұлттық өнерге жанашыр қауымға өзінің жақында ғана жарық көрген "Түркия қазақтарының ән-күйлері" атты еңбегімен таныстырады. Тамаша сыр-сұхбаттың куәсі болам дегендерге есік ашық.

    Kazaitys.kz

толығырақ

    Ташкентте 16-20 мамыр күндері Өзбекстан қазақтарының кіші құрылтайы аясында «Достық» фестивалі өтеді. Әйтеке би бабамыздың  370 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған бұл шара кезінде  халықаралық ақындар айтысы,  Алматының «Қайрат» пен Ташкенттің «Пахтокор» футбол клубтарының ардагерлері арасында жолдастық кездесу және тағы басқа да түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылмақ. 1,5 миллион қандастарымыз тұратын бұл елде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Самұрық-Қазына» қорының жәрдемімен ҚР Президентінің халыққа арнаған биылғы Жолдауын түсіндіру мақсатында оның қазақ және орыс тілдерінде арнайы басылып шыққан кітапшаларын таратып, арнайы дөңгелек үстел жиынын өткізуді жоспарлап отыр.

толығырақ

    Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

бірлесіп сәуірдің 30-ы Алматыда

«Қазақтың талантты ұлы Құрманхан Мұхамәдиұлы – 90 жаста»  атты

дөңгелек үстел жиынын өткізеді. 

толығырақ

Қазақ-Түрік қоры мен Астана қаласының әкімдігі жанындағы Мемлекеттік филармониясы бірлесіп, Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдық мерейтойына «Қазақстан Түркия достық кешін» өткізеді. Кеш 2014 жылғы 11 сәуір күні сағат 19.00-де Назарбаев орталығында өтеді. Келіңіздер, көріңіздер!

толығырақ

    Общество молодых профессионалов Казахстана (ОМПК) продолжает вести Курсы для профессионалов и предлагает пройти дополнительное обучение по: 1. Казахскому языку - 4 месяца 2. Компьютерной грамотности - 2 недели 3. Финансовой грамотности - зависит от уровня Курсы проходят на благотворительной основе и направлены на профессиональный рост казахстанских специалистов. Р.S.: Пока, к сожалению, только для Алматы и прилегающих районов.  С уважением к гражданам Казахстана, Общество молодых профессионалов ОМПК 3172031

толығырақ

         

     Омбыда 12-ақпанда «Мәдениет ғарыш сияқты. Киіз үй – көшпенділер ғарышы» деп аталатын көрме өтеді. Оны Ресей ғылым академиясы Археология және этнография инстититутының Омбы филиалы  мен «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдениеті орталығы Омбы аймақтық қоғамдық ұйымы бірлестіп ұйымдастырып отыр.

    Бұл шараның басты идеясы адами әлемді ұйымдастыру жолы ретінде дәстүрлі мәдениетті көрсету. Сондықтан көрменің басты  экспонаты барлық жабдықтарымен толық жарақталған қазақтың киіз үйі болмақ. Көрмеге келушілер оның ішіне кіріп тек тамашалап қоймай, ондағы атмосфераны сезінуі үшін барлық жағдай жасалған.

толығырақ

    Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында 2-ақпан күні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қырғыз еліндегі қазақ диаспорасы қауымдастығы төрағасының орынбасары  Тілеуқор Изембекқызы Бошумованың 70 жылдық  мерейтойлық кеші өтеді.  Екі халықтың білім мен мәдениет саласындағы  байланысына өлшеусіз үлес қосқан Т. Изембекқызы  1964 жылы тұңғыш рет ұшақта  жолаушыларға қажетті ақпаратты  қырғыз тілінде хабарлаған кісі. Ерен еңбегі үшін  құзырлы органдардан ғана емес мемлекет басшысы тарапынан  да алғыс хатпен марапатталған. Сондай-ақ «Қырғыз Республикасының мәдениет үздігі» төс белгісі мен «Еңбек ардагері», «Қырғыз азаматтық авиациясының 50 жылдығы»  медалдері мен Қазақстан Республикасының «Астанаға 10 жыл»,  Ресей Федерациясының Ғарышқа адамның көтерілгеніне 50 жыл толуына арналған мерейтойлық медалдерінің иегері атанған.

толығырақ

   Алматыда 3-ақпан күні «Қазақконцерт» залында 18:00-де ақын, сазгер, әнші, диктор, көркемсөз оқу шебері Серік Әбілұлының «Әжемнің иісі» атты шығармашылық кеші өтеді.  Жәнібек батырдың 300 жылдығына арналған бұл шараны Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Қазақстан жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Кешке Секен Тұрысбеков, Рамазан Стамғазиев, Қабылаш Әбікей, Сауық Жақанова, Алтынай Жорабаева, Құрменбек пен Риза, Шахизада және тағы басқа да өнер қайраткерлері қатысады. Келем деушілерге есік ашық.

толығырақ

Құрметті өнерсүйер қауым! Осы жылдың 5-ші желтоқсанында Халықаралық Қазақ творчествалық бірлестігінің "Бейбітшілік әлемі" алтын медаль иегері (2012 ж), Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушысы, белгілі опера әншісі Тілеубек Қожанұлының "Сағыныш құсы" атты шығармашылық кеші өтпек. Концерт Жамбыл атындағы филармонияның орталық концерт залында өтеді. Басталуы сағат 18:30-да

толығырақ

Сіздерді «Атамекенге» қайта қоныстануымыздың 20-жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шаралардың қадірлі қонағы болуға шақырамыз.

1929-1932 жж. Аралығында Кеңес үкіметінің жасанды ашаршылық пен кәмпескелеу саясатының салдарынан ата жұртынан Ауған еліне көшуге мәжбүр болған қазақтардың ұрпақтары Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың тікелей қолдауымен босқын күйде 1993 жылы туған жерге қайта оралды. Таукыметті жылдарды бастан өткізген Ауған елінен оралған қазақтардың тағдырына бақ қонғалы 20 жыл толды.

Мерекелі жиын Қаскелең қаласының мәдениет үйінде үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде сағат 11:00-де басталады.

Ұйымдастырушылар ДҚҚ-ның Алматы облыстық филиалы және Алматы облысы, Қаскелең аудандық әкімшілігі және ауған елінен келген қандастар.

толығырақ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Философия, саясаттану және дінтану институты, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 31 қазан 2013 жылы сағат 15.00. «Қазақ диаспорасының Қазақстан жайындағы тарихи білімі» атты «дөңгелек үстел» өткізеді.

«Дөңгелек үстел» жұмысының тілі – қазақ, орыс.

«Дөңгелек үстел»  материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

Бағдарлама жасау және жинаққа мақала беру үшін өтінім 2013 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Ұйымдастыру комитеті, мақұлданған авторлардың материалдары жиынға қатысушылар мен сайтқа кірушілерге алдын ала таныстыру үшін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының www.qazak-alemi.kz веб-сайтында жарияланады. Сонымен қатар, автордан полиграфиялық сапасы бар түсті фото жіберуін сұраймыз.

Жол жүру, қоныстану және тамақтану «дөңгелек үстел»  қатысушылардың өз есебінен.

Ұсынылған өтінімдерді қабылдау немесе қабылдамау Ұйымдастыру комитетінің құзырында. Басылымға мұқият оқылған және түзетілген мәтіндер қабылданады. Басылым – көшірме әдісінде. Мәтіндегі қателіктер мен дәлсіздіктерге автор жауапты.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Ғылым Ордасы, Шевченко көшесі, 28

Ұйымдастыру комитеті

Телефон: 8 (727) 390 44 99

Email: kulgazira_777@mail.ru

Баяндамаларды рәсімдеу міндеті

Көлемі – MS Word мәтін редакторының пішімінде сілтемелермен бірге толық 5 бетке дейін. Шрифт: өлшемі – 14; түрі – Times New Roman; жол аралығы – бір интервал, көлденеңінен түзу. Барлық қиыры – 2 см, азат жол шегіну 1,25 см. Мәтінге сурет, кесте қоюға болмайды. Параққа бет саны, көшірмелер қойылмайды. Әдебиет тізімінің сілтемелері тік жақшада берілуі тиіс.

Жоғарыдағы оң жақ бөлігінде автордың аты-жөні, мекеменің толық атауы көлбеу майлы қаріппен жазылады. Баяндама атауы майлы қаріппен мақаланың ортасына жазылады, соңында нүкте қойылмайды. Бір шегінуден кейін мәтін басталады.

Файлдың атауы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек (немесе бірінші автордың).

 

Өтінім үлгісі

Жөні

 

Аты

 

Тегі

 

Баяндама атауы

 

Мультимедиа («иә» немесе «жоқ» дегенді көрсетіңіз)

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрмет атағы

 

Қала

 

Жұмыс орны, қызметі

 

E-mail (міндетті түрде)

 

Телефондар (жұмыс және үй) қала кодымен

 

Ұялы телефоны

 

Қатысу түрі (іштей, сырттай)

 

JPEG түріндегі автордың суреті

 

Баяндама оқылған, тексерілген

Қолы

 

 

толығырақ

Қазақ диаспорасының жасампаз әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Философия, саясаттану және дінтану институты, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 31 қазан 2013 жылы «Қазақ диаспорасының жасампаз әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті»  атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізеді.

Конференция мақсаты – бүгінгі қазақ диаспорасы әлеуетінің құрылуы мен қазіргі жағдайын, Қазақстанның қазақ диаспорасымен мәдени байланысы жиналған тәжірбиесі мен тиімділігі арқылы арттыру. Мұрағаттық құжаттар және  құрылымдық саралау арқылы Қазақстан Президентінің көрнекті рөлін, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың халықты шоғырландырудағы қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыстарын қалыптастыру  мен дамуын көрсету.

Міндеті: Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын отандастырымызға мәдени-танымдық және ақпаратты-насихаттық қолдау көрсетуге бағытталған кешенді іс-шараны ұйымдастыру және өткізу.

Конференцияда төмендегідей мәселелерді талқылауды жоспарлайды:

1)      Қазақ диаспорасының қалыптасу  кезеңдері және қазіргі жағдайы;

2)      қазақ диаспорасының мәдени мұрасы;

3)      жаһандану жағдайында шетел қазақтарының әлемдің құндылығын жаңғырту;

4)      ҚР қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы мен шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайы;

5)      шетелдегі қазақ мәдени орталықтары: диаспораның ішкі әрекеттестігі мен жұмыс жүргізуі.

Конференция шеңберінде «Қазақ диаспорасының Қазақстан жайындағы тарихи білімі» атты «дөңгелек үстел» өтеді.

Конференция, «дөңгелек үстел» жұмысының тілі – қазақ, орыс.

Конференцияның материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

Бағдарлама жасау және жинаққа мақала беру үшін өтінім 2013 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Ұйымдастыру комитеті, мақұлданған авторлардың материалдарын жиынға қатысушылар мен сайтқа кірушілерге алдын ала таныстыру үшін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының www.qazak-alemi.kz веб-сайтында жариялап отырады. Сонымен қатар, автордан полиграфиялық сапасы бар түсті фото жіберуін сұраймыз.

Жол жүру, қоныстану және тамақтану конференция қатысушылардың өз есебінен.

Ұсынылған өтінімдерді қабылдау немесе қабылдамау Ұйымдастыру комитетінің құзырында. Басылымға мұқият оқылған және түзетілген мәтіндер қабылданады. Басылым – көшірме әдісінде. Мәтіндегі қателіктер мен дәлсіздіктерге автор жауапты.

Қатысушыларды тіркеу сағ. 09.00. Конференцияның бастылуы сағ. 10.00.

Мекен-жайы: Алматы қаласы,Ғылым Ордасы, Шевченко көшесі, 28, 3-қабат, Кіші конференция залы

Ұйымдастыру комитеті

Телефон: 8 (727) 390 44 99

Email: kulgazira_777@mail.ru («Конференцияға  өтінім» деген белгімен).

Баяндамаларды рәсімдеу міндеті

Көлемі – MS Word мәтін редакторының пішімінде сілтемелермен бірге толық 5 бетке дейін. Шрифт: өлшемі – 14; түрі – Times New Roman; жол аралығы – бір интервал, көлденеңінен түзу. Барлық қиыры – 2 см, азат жол шегіну 1,25 см.

Баяндама атауы конференцияның атауын қайталамауы тиіс. Мәтінге сурет, кесте қоюға болмайды. Параққа бет саны, көшірмелер қойылмайды. Әдебиет тізімінің сілтемелері тік жақшада берілуі тиіс.

Жоғарыдағы оң жақ бөлігінде автордың аты-жөні, мекеменің толық атауы көлбеу майлы қаріппен жазылады. Баяндама атауы майлы қаріппен мақаланың ортасына жазылады, соңында нүкте қойылмайды. Бір шегінуден кейін мәтін басталады.

Файлдың атауы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек (немесе бірінші автордың).


Өтінім үлгісі

Жөні

 

Аты

 

Тегі

 

Баяндама атауы

 

Мультимедиа («иә» немесе «жоқ» дегенді көрсетіңіз)

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрмет атағы

 

Қала

 

Жұмыс орны, қызметі

 

E-mail (міндетті түрде)

 

Телефондар (жұмыс және үй) қала кодымен

 

Ұялы телефоны

 

Қатысу түрі (іштей, сырттай)

 

JPEG түріндегі автордың суреті

 

Баяндама оқылған, тексерілген

Қолы

 

 

толығырақ

Қазақстанда тұратын азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдерін іріктеу  еліміздегі 8 жоғары оқу орны арқылы өтеді:

1) Алматы қаласындағы  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;

2) Семей қаласындағы  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті;

3) Қарағанды қаласындағы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;

4) Орал қаласындағы Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті;

5) Шымкент қаласындағы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;

6) Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институті;

7) Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті;

8) Тараз қаласындағы  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

 

Осы ақпаратты  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті  ауызша берді. Дайындық бөлімдеріне қабылдау мерзімі 1 шілдеден 20 тамызға дейін, тестілеу 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді және  сабақ ағымдағы жылғы 1 қазанда басталады.

 

Толық ақпаратты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің  +7 (7172) 74-25-18 телефоны  арқылы Айгүл Жұмабековадан алуға болады.

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті