Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Хабарландырулар

Басты бет | Хабарландырулар | Шетелдік және оралман қазақ жастарының арасында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сурет көрмесі өтеді

       Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс  комитеті  2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында  «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі»  атты  шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында сурет көрмесін өткізуді жоспарлап отыр.

 ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: шетелдегі дарынды қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.

Міндеті: бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыларын шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыз бен оралман қазақ жастарының еңбектерін көпшілікке таныту.

 Көрмеге қатысу шарттары:

1.  Суретшінің жас мөлшері 18-35 жас аралығында болуы тиіс,

2. Автордың өмірбаяны, толық мекенжайы және оқу орны, жұмысы, телефоны көрсетілуі керек,

3.  Кескіндеме шығарма көлемі 100x150 см-ден кем немесе аспауы тиіс (материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз)

4. Графикалық шығарма көлемі 40x90 см (материалдары: офорт, линогравюра, гравюра, литография т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс.

      Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны 5-7-ден аспауы керек.

    Суретшілер өздерінің толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекенжайын көрсетіп, хат жазуы керек.  Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласады.

         Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

        Суретшілер өздерінің хаттарын мына мекенжайға жібере алады:

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А немесе электрондық адрес: kazaktar.kz@mail.ru,  tugan_til79@mail.ru

Тел.: 8(727) 2739025; тел./факс: 8(727) 2739997 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті