2017 жылы 25 желтоқсанда түркі әлеміне кеңінен танымал дінтанушы-ғалым Алтай Халифа Ғақыпұлының туғанына 100 жыл толады. Республика Ғылым Академиясының құрылтайшыларының бірі Ақжан әл-Машанидің бағалауынша, Халифа Алтай Құранның аудармасы мен түсініктерінен басқа ешнәрсе жазбаған күннің өзінде, ол басқа көрнекті ғалымдармен қатар тұрған болар еді.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шақыруымен Халифа Алтай Түркиядан Қазақстанға көшіп келді. Ол Ұлт Көшбасшысының этникалық көші-қон саясатын қолдап қана қоймай, өз ісі арқылы Түркия және Еуропа елдері қазақтарына үлгі де бола білді. Халифа Алтай есімі мемлекеттік шекаралар арқылы бөлініп қалған қазақ халқын біріктіру үшін зор маңызға ие.
Сондықтан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы әлем қазақтарының V Құрылтайы аясында Халифа Алтайдың 100 жылдығына арналған «Халифа Алтай және қайта оралған тарих» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр.
Конференция мақсаттары:
– Қасиетті «Құран Кәрім» кітабын қазақ тіліне аударушы және алғашқы баспагері, дінтанушы-ғалым, жазушы, ақын, этнограф Алтай Халифа Ғақыпұлының санқырлы ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметін жан-жақты ашып көрсету;
– Алтай Халифа Ғақыпұлының қазақ диаспорасы арасында ислам дәстүрлерінің жаңғыруына қосқан үлесін көрсету.
Конференция бағдарламасында:
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының Бірінші орынбасары, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Асылұлы Мамашевтың құттықтау сөзі.
Казақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» сериясында «Алтай Халифа Ғақыпұлы» атты кітабінің тұсаукесері.
Баяндамашылардың сөзі:
Редакциядан өткен 6 бетке дейін баяндамалар мәтіні (14 кегль, Arial) а.ж. 25 сәуірге дейін осы электрондық адреске жіберулерініңізді сұраймыз:
kulgazira_777@mail.ru
Конференция материалдары Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының сайтында qazaq-alemi.kz орналастырылады. Конференцияның жұмыс тілі - қазақ тілі.
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ үлгісі қосымша берілген
Астана қ.,
Конференция Астана қаласында 24 маусым күні (сенбі, 15.00-16.30) мына мекенжайда өткізіледі: Астана қ., Достық көшесі, 11. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхана
Байланыс телефондар: 8(727) 390-44-99; 8 7073418398; + 77712072909
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ
Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ______________________________________________________________
Лауазымы: ______________________________________________________________
Ұйымның толық атауы: ______________________________________________________________
Байланыс телефоны: ______________________________________________________________
Автордың адресі:________________________________________________________
Факс, E-mail ______________________________________________________________
|
|||
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті |