Омбыда 12-ақпанда «Мәдениет ғарыш сияқты. Киіз үй – көшпенділер ғарышы» деп аталатын көрме өтеді. Оны Ресей ғылым академиясы Археология және этнография инстититутының Омбы филиалы мен «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдениеті орталығы Омбы аймақтық қоғамдық ұйымы бірлестіп ұйымдастырып отыр.
Бұл шараның басты идеясы адами әлемді ұйымдастыру жолы ретінде дәстүрлі мәдениетті көрсету. Сондықтан көрменің басты экспонаты барлық жабдықтарымен толық жарақталған қазақтың киіз үйі болмақ. Көрмеге келушілер оның ішіне кіріп тек тамашалап қоймай, ондағы атмосфераны сезінуі үшін барлық жағдай жасалған.
|
|||
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті |