Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Хабарландырулар

Басты бет | Хабарландырулар | Шетелдік және оралман қазақ жастарының арасында «БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» атты сурет көрмесі өтеді

    Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті  2014 жылдың қазан айында Алматы қаласында  «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты  шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында сурет көрмесін өткізуді жоспарлап отыр.

   ЕРЕЖЕСІ

    Мақсаты: шетелдегі талантты қазақ жастарының бейнелеу өнері  түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.

     Міндеті: бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыларын шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыз бен оралман қазақ жастарының еңбектерін көпшілікке таныту.

 Көрмеге қатысу шарттары:

1. Суретшінің жас мөлшері 20-35 жас аралығында болуы тиіс;

2. Автордың өмірбаяны, толық мекен-жайы және оқу орны, жұмысы, телефоны көрсетілуі керек;

3. Кескіндеме шығарма көлемі 100*150 см.-ден кем немесе аспауы тиіс (Материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз)

4. Графикалық шығарма көлемі 40*90 см. (материалдары: офорт, линогравюра, гравюра, литография, т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс;

Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны

5-7-ден аспауы керек.

Суретшілер өздерінің толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекен-жайын көрсетіп хат жазуы керек.  Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласатын болады.

   Жеңімпаздар  лауреаттық  дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

    Суретшілер өздерінің хаттарын мына мекенжайға жібере алады: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А.  немесе электрондық адреске: kazaktar.kz@mail.ru,  tugan_til79@mail.ru

Тел: 8(727) 2739025; Тел/факс: 8(727) 273 99 97  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті