Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Хабарландырулар

Басты бет | Хабарландырулар | Шетелдік және оралман қазақ жастарының арасында «БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» атты жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысы өтеді.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті 2014 жылдың қазан айында Алматы қаласында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысын өткізеді.

 ЕРЕЖЕСІ

Мүшәйра мен терме сайысының мақсаты:

- Шетелдегі жас қазақ ақындарының жырларын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық, отаншылдық сезімін,  Атажұртына деген махаббатын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, жыршы-термешілерді анықтау, жас дарын иелерін жұртшылыққа таныстыру;

- Қазақ жастары арасында отансүйгіштікті кеңінен насихаттауға, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіруге, тәуелсіздікті терең сезінуге, елдік мәселелерге сергек қарауға назар аудару.

 Мүшәйра мен терме сайысының  шарты:

    Мүшәйра мен терме сайысына 35 жасқа дейінгі шетелде тұратын және  елімізден тыс аймақтарда туып-өсіп, қазір атажұртқа оралған жас қазақ ақындары мен жыршы-термешілері қатыса алады.

Автордың шығармасы бұрын ешбір жерде жарияланбаған болу керек.

Бір ақынға үш өлеңмен қатысуға болады.

Бірінші өлеңі – атамекен, ел мен жер, елдік, патриоттық мәселелер тақырыбында болуы керек (міндетті);

Екінші өлеңі – шетелдегі қандастар тағдыры және көші-қон туралы (міндетті);

Үшінші өлең – еркін тақырыптағы өлең болуы қажет.

         Терме сайысы – еркін тақырыпқа құрылады. Термешілердің орындаушылық шеберлігіне баға беріледі.

    Термешілер Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығына алдын-ала хабарласып, тіркеуден өтуге, мүмкіндігі болса, орындайтын термелерінің үнжазбасын тапсыруға міндетті.

       Өлеңдер 2014 жылдың 15 қыркүйегіне  дейін қабылданады. Жіберілетін өлең мәтінінің астына автордың толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі шарт.

     Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласатын болады. Алдын-ала іріктеуден өтіп, конкурсқа жіберілгендердің арасынан арнайы әділқазылар алқасының қатысуымен жүлдегерлерді анықтау, оларды  марапаттау рәсімі 2014 жылдың қазан айындағы фестиваль аясында өткізіледі.

     Әділқазылар алқасының шешімімен  жеңімпаздарға бес дәреже бойынша жүлде (ақындарға – бөлек, термешілерге – бөлек) тағайындалады:

     Мүшәйра мен терме сайысының жеңімпаздары  лауреаттық  дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

    Ақындар өлеңдерін «Мүшәрайға» деген атпен мына мекенжайға жібере алады: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А.  немесе электрондық адреске: kazaktar.kz@mail.ru,  tugan_til79@mail.ru  Тел: 8(727) 273 90 25; Тел/факс: 8(727) 273 99 97

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті