Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Хабарландырулар

Басты бет | Хабарландырулар | 2014-2015 оқу жылына Қазақстанның жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне өтініш қабылдау басталды

Дүниежүзі қазақтардың қауымдастығы төрағасының

бірінші  орынбасары  Талғат  Асылұлы Мамашевқа

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2014-2015 оқу жылына Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарды оқыту үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде 1400 орын бөлінгендігін хабарлайды.

     Шетелде тұратын қазақ ұлтының азаматтарын дайындық бөлімдерге іріктеу шетелдердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктері арқылы өтеді.

     Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін конкурсқа қатысуға үміткерлер шетелдердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктеріне келесі құжаттарды ұсынуға міндетті: тұрғылықты жері толық көрсетілген өтініш, нотариалды куәландырылған орта білім туралы құжаттың көшірмесі, нотариалды куәландырылған жеке құжаттың көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және 6 фотосурет.

     Үміткерлердің құжаттарын шетелдердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жібереді, одан соң Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беріледі.

     Қазақстанда тұратын азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдерін іріктеу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті арқылы өтеді.

       Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін конкурсқа қатысуға үміткерлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет: тұрғылықты жері толық көрсетілген өтініш, нотариалды бекітілген орта білім туралы құжаттың көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және 6 фотосурет. Үміткерлердің құжаттарын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті жинақтап,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынады.

      Дайындық бөлімдеріне қабылдау кешенді тестілеу нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында екі пән бойынша өткізіледі: математика және қазақ тілі (орыс тілі). Сондай-ақ, кешенді тестілеу басқа елге шығу арқылы да өткізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін өткізілетін кешенді тестілеу уақыты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіліп, қосымша хабарланатын болады.

    Жоғарыда айтылғандарға байланысты,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сіздерден шетелдердегі Қазақстан Республикасының  Елшіліктеріне алдағы іріктеу жөнінде хабарлауды және өз тараптарыңыздан көмек көрсетулеріңізді сұрайды.

     2014-2015  оқу жылына дайындық бөлімдеріне қабылдау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті ұсынған тізімге сәйкес жүзеге асырылатынын мәлімдейміз.

      Өтініштерді қабылдау мерзімі 1 шілдеден 20 тамызға дейін, сабақ ағымдағы жылғы 1 қазанда басталады.

       Толық ақпаратты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 74-25-26, 74-25-27 телефондары арқылы алуға болады.

 

 ҚР Білім және ғылым вице-министрі                                          Тахир Балықбаев

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті