Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Түркі дүниесі

Түркі дүниесі

Өркениет дегеніміз - әр адамның өз отаны туралы

                            білуге   тиісті қысқаша мағлұмат. А.Дж.Тойнби

      Бұл ғылыми жаңалықты 1999 жылдан бастап Түркияда, Австралияда, Европада, Москвада, Алматыдағы конференцияларда дүние жүзi ғалымдарының қазақ өркениетiнiң бар екенiне көзiн жеткiздiк. Зертеудің алғашқы нәтижелері «Қазақ өркениетінің негізі», (Е. Омаров, 2005, 2014 ж.) деген кітаптар5а енгізілді. Соңынан Қытай мемлекетінде "Қазақ өркениеті" (Е. Омаров, 2008 ж. Пекин, Ұлттар баспасы).

         Қазақ өркениеті бар, бұл аксиома сияқты дәлелді қажет етпейді, біздің міндет оны зерттеу, ең негізгісі жас ұрпаққа және оқырманға жеткізу. Қазақстан өркениеттер бесігі – деген, американың ғалымы әрі мемлекет хатшысы Генри Кисинджердің 2005 жылы айтқан сөзін еске түсіре кетсек артық болмас. Өркениет мәдениеттен ауқымды ұғым. Қазақ өркениетi iшiнен: дала өркениетiн, көшпендiлер, әскери-демократиялық, қалалық, егiншiлiк және өзен өркениеттерiн таба аламыз.

          Қазақ өркениетi – қазақ халқының және олардың ертедегi бабалары қассақтарда, шумер, арий, скиф, сақ, ғұндардан одан берi хорезм, соғды, қазар, түрiк, қыпшақтардан көздiң қарашығындай сақталып келе жатқан, өзiне тән ұлттық генотипi, ерекшелiгi, шектелген үлкен кеңiстiгi бар, әлемде өзiнiң нық орнын алған мемлекеттiгi бар, тұрмысының, мәдениетiнiң даму тарихының нәтижесі.

         1. Көшпендiлік өркениетінің кемі 3000 жылдық тарихы бар (Л.Н.Гумилев). Көшпенділердің адамзат өркениеті алдындағы сіңірген өшпес ерлігі - жылқыны көлік ретінде қолдануы. Біздің жыл санауымыздан IV мыңыншы жылдың аяқ шенінде адамдар даланың ең жүйрік жануары – жабайы жылқыны қолға үйретті және ол қазақ жерінде Ботай даласында өтті. Салт атты адамдар - көшпенділер пайда болды. А. Тойнби аңдарды үйретіп, қол малы жасауы, үлкен өнер, өйткені ол адамның, ақыл-ойы мен ерік-күшін қажет етеді, екінші сөзбен айтқанда, бақташылар-дихандардан гөрі батылырақ, -дей келіп, “көшпенділер ат болмағанда мұншама маң даланы бағындырып, керемет қатаң табиғи жағдайда өмір сүре алмас еді, олардың сұңғыла да ұстамды, күшті де төзімді болып келуі сол ат үсті өмірінен”, дейді.  Таза көшпенді халық болмаған, ол қазаққа да қатысты.  

         2. Егiншiлiк өркениет. Өзендiк өркениет кезiнде тек балық өсiрiп, кеме жасаумен ғана емес, басқа шаруашылықтармен де айналысқан. Мысалы, суармалы егiншiлiкпен айналысып, егін еккен, біздің эрамызға дейін скиф, сақтар европаны астықпен қамтамасыз еткен. Үлкен өзендерден каналдар тартқан. Канал деген сөздiң өзi - “қан” “ел”, яғни, “қаңлылар жасаған үлкен арық” дегендi бiлдiредi, деп жазады атақты орыс ғалымы С.Толстов. Әрине, суармалы егіншілікпен айналысқан басқа халықтарда болған.  Алғаш рет қаңлылар су жүретiн арықты үлкен етiп, қабырғасына, табанына тас төсеп жасаған. Қазақтың егiншiлiк өркениетi туралы  көп айтылған.

        3. Қала өркениетi: Өркениет – цивилизация, латынның Civis – азамат, қала тұрғыны немесе қала мәдениетi деген сөз. Осы орайда Страбонның: “Өркениет болу үшiн бiр қала да жетедi” деген сөзi бар. Қазақтар тұрған жерлерде Сынташ, Арқаимнан бастасақ шамамен 300-дей қала болған. Қалалар негізінен Жібек жолы бойын жағалай орналасқандықтан, олар үлкен мәдениет, әрі ғылым мен білім орталығына айналды. Ғұлама ғалымдар білімді, ғылымды, өнерді дамытты. Жазу, сызу, әдебиет дамыды. Қағазды алғаш рет қазақтар шығарған, себебі кітап жазуға қолайлы материал керек болды. Негізінен қалаларды салғызған көшпенділер, немесе солар қаржыландырған деген пікір бар (Гумилев, Аджи, Омаров). Қала мәселесі қазақтарды ерте заманнан толғандырып келген, ол туралы Әл-Фарабидің еңбектерін атасақта жеткілікті. Москва, Вашингтон, Лондон, Париж сияқты қалалар әлі жоқ кезде Әл-Фарабиді утопиялық қалалар, оны басқаруға кім лайықты, жаман қалалар мен жаман адамдар қайдан шығады, деген мәселелер қатты толғандырған.  

      4. Дала өркениетi. Біздің жыл санауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға дейін Евразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп, бірегейлік, біртұтастық қадыр-қасиеттерін сақтаған өркениет  -Дала өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта түркі тектес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық үрдістер барысында өзара  байланысты.“Дала” деген ұғым тек  бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер өтеді - 3 теңіз, 45000 өзен,  90 мың көл бар екен. Осылар мен қалалар ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған.

       5. Өзендiк өркениет. Осы  қаптаған өзендер өзендік өркениетті туғызбағанда нені туғызады дегім келеді. А.Дж.Тойнбидің көшпенділік өркениетті тек қана өзендік өркениет туғызады деген теориясы бар. Табиғи ортаға байланысты өркениеттер iшiнде ең жоғары тұрғаны - Өзендiк өркениет. Қазақтар, сақтар, түрiктер шумерлерден тарайды, оны О. Сүлейменов, А. Аманжолов жазған. Өзен өркениетi алғаш Тигр мен Евфрат өзенiнiң ортасы–Месопотамияда, Шумерде қалыптасқан. Өзендiк өркениет Орталық Азия мен Еуразияда болған. Ол Сырдария мен Әмударияның ортасы (Мавренахр), Жетiсу және Орал мен Жайық өзенiнiң ортасында болды. Оңтүстiк Қазақстанның Шәуiлдiр ауылының тарихи мұражайында бiздiң заманымызға дейiн жасалған кеме тұр. Бұл ағаш кеменi қаңлылар жасауы мүмкiн. С.Толстов былай дейдi: “Хорезмде кеме және, кемеге қажеттi құралдар жасап, Еуропаға сатқан”. Хазарлар V-VI ғасырдан бастап Жайық пен Еділде қара уылдырық жинап балық өсiре бастаған. Балық өсiру мен кеме жасау - өзендiк өркениеттiң шыңы. Кемер сақтары –кеме жасайтын. Қазақтың екінші аты қайсақ екенін білесіздер, “қай” ертеде –су, теңіз дегенді білдірген (қайық, қайнау, қайнар), яғни қайсақтар - теңіз сақтары.

       6. Әскери демократия өркениетi: Әскери-демократия өркениетi өкілдері: спарта, Ассирия, касситтер, скиф - сақтар мен ғұндар мемлекеттерi. Бұлардың орта ғасырдағы iзбасарлары ретiнде түрiктер мен қыпшақтарды айтуға болады. Қазақ сөзінің негізгі мағнасы-әскер. Ертедегi қазақтар -ғұндар, сақтар әскери тактикалар мен қоса психологиялық әдістер қолданғанға шебер едi, соғыс стратегиясын жете меңгерген, тiптi ойнап жүрiп соғысатын. Еуропа ғалымдары жазғандай ғұндар жауларының жүйкесiн тоздырып, титықтатып барып аз күшпен жеңетін. Атты әскерлері басым болғандықтан көп мемлекеттер аса үлкен қарсылық көрсете алмайтын. Ғұндардың ең үлкен жаңалығы – қылыш, семсер, найзалар мен жебелердiң ұштарын темiрден, тiптi асыл құрыштан-болаттан жасаған. Аттиланың асыл семсерi туралы Еуропада аңызда бар. Батырдың қаруы өлгенде өзімен бiрге көмiлген.  IX ғасырда араб тарихшысы Аль-Джахиз “түрiктердiң соғыстағы ролiн, маңыздығын, тек гректердiң ғылымдағы, қытайдың өнердегi ролiмен салыстырған екен…”. Парсылар әскерін – қазақ депте  атаған, еврейлердің ескі тілінде, қазақ деген сөз – күшті, мықты деген мағнада қолданылған (В. Шнейдер). Көпке дейiн Еуропа, Ресей, Араб әскерлерiне қолбасшы ретiнде, қыпшақтардың ұлдарын шақырып тұрды емеспе! Мысалы, Египет мамлүктерi, Осман империясы.

           Омаров Еренғайып.  Қайнар университетінің ректоры, академик

 

 

толығырақ

       Сүбелі ғылыми жұмысын жазу тілінің шығу тарихына арнаған Олжас Сүлейменов өзінің «Жазу тілі» («Язык письма») атты монографиясында тарихи тұрғыдан, кез келген жазу, ең әуелі, діни идеологияның жаршысы, тек содан кейін ғана мемлекеттік және мәдени құндылық болып табылатынын алға тарта келіп, бүгінгі діндердің барлығы да бұл дүниеге өз жазуларымен, атап айтқанда, иудаизм ескі еврей жазуымен, христиан діні грек және латын жазуымен, буддузим ескі үнді жазуымен, зороастризм авестин жазуымен, мұсылман діні араб тілімен енгенін көлденең тартады.
      Ғұлама ғалым «Атам заманғы түркілер» атты және бір туындысында адамзат өркениетінің ғажап жазба ескерткіштерінің бірі саналатын ескі түркі жазуларына байланысты: «...Ескерткіштің алғашқысынан соңғысына дейін Тәңірлік дін туралы сөз болады. Томсен оқыған алғашқы сөздің ...tangri – «құдай», «көк» болғандығының мәні өте зор. Барлық жазудың құпиясын ашу осыдан басталады», – деген терең түйіндемесімен алдыңғы пікірін барынша тереңдете түседі. 
      Ендеше, діндер секілді, жаһандық білімнің бастау көзі де, ең алдымен, жа­зудан, яғни байырғы әліпбилерден бас­талғаны дау туғызбайтын шындық. Сосын, жазба тілдері болған байырғы өр­ке­ниеттердің қай-қайсысы да эконо­ми­калық тұрғыдан болсын, саяси-мәдени және өнер-білім тұрғысынан болсын, халықтарының саны мен сапасы жағынан болсын өзгелерден озық болғаны күмән тудырмайды. Өйткені, алғашқы бақуатты да алпауыт империялар әлемнің кез келген аймақтарында емес, керісінше, Африка мен Азия құрлықтарындағы мыңдаған шақырымдарды көктей өтетін Нил, Ганг, Янзцы секілді ұлы өзендердің бойындағы топырағы нәрлі, жасыл-желегі мол әрі егін мен мал шаруашылығына ыңғайлы алқаптарда – Египетте, Месопотамияда, Персияда, Үндістанда және Қытайда ірі-ірі империялар өркен жайып, айналасындағы алыс-жақын аймақтарды өз биліктеріне бағындырған. Сонымен қатар, жазудың алғышарттары да, әлгі империялармен бірге бүршік ата келіп, жазуға, демек, оқуға деген адамзат өркениетінің сұранысы мен құлшынысын да қатар тудырғаны даусыз.
     Бұл айтылғандардың дәйекті дәлелдерін жаһан­дық білім тарихын терең зерттеген әрі бірнеше танымдық туындылардың авторы, сондай-ақ, бүгінде АҚШ-тың Чикаго қаласындағы Философиялық зерттеулер институтының директоры Чарлз Ван Дореннің «Білім тарихы» (Charles Van Doren. «History of Knowledge», New York, 1991) атты ғылыми құндылығы зор туындысында жинақталған дереккөздерінен де кездестіреміз.
      Жоғарыда сілтеме жасалған ғылыми туындыда атап өтілгендей, алып империя­лар­дың және бір қозғаушы күші жазу тіл­де­рінің болуымен тікелей байланысты. Бұл тұрғыдан келгенде, Қытай жазуының алғашқы үлгілері б.з. бұрынғы XVIII ғасыр мен ХІІ ғасырдың арасында қалыптасқан. Сондай-ақ, б.з. бұрынғы 1400-жылдар шамасында Қытай жазуының жүйесінде 2500-ден аса иероглифтер болған. Ол таң­балар б.з. бұрынғы 221-206 жылдар арасын­да айналымға түскенімен, көпшілігі бү­гінгі таңда да дәл сол қалпында оқы­ла­­тыны белгілі болып отыр. Қытай иеро­глиф­­тері, сонымен қатар, жапон және ко­рей тілдеріне де негіз болған, бірақ олар­дың әлгі тілдердегі ауызша дыбысталуы бөлекше. 
     Тарихи тұрғыдан, Қытай жазуының тамыры терең болғанымен, әлемдік тұрғыдан қарағанда, ең тұңғыш жазу үлгісі болып саналмайды. Себебі, бастапқы жазу үлгісі б.з. бұрынғы төртінші және үшін­ші мыңжылдықтар арасында Таяу Шы­ғы­с­т­а­- ғы Тигр мен Евфрат сынды алып өзен­дердің аралығындағы Месопотамия алқа­бын б.з. бұрынғы 8000-жылдарда мекен еткен әрі адамзат өркениетінің бесігі са­нал­ған шумер өркениетінің тілінен тамыр алғаны белгілі. 
     Байырғы шумерлердің сына жазуы, ша­мамен, 12000 таңбадан тұрған. Олар, негізінен, сан есімдер, есімдер, маталар немесе үй жануарларының атауларын білдіретін таңбаларды құраған. Демек, алғашқы жазу таңбалары, көбінесе, заттың санын тіркеу қажеттілігінен туындап, келе-келе қоғам дамып, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты, сол ұғымдардың атауларын белгілеуге ұласқан.
       Шумер тілінің таңбаларын кейін Аккад, Вавилон және Ассирия мемлекеттері де қабылдаған және ол жазуды өздерінің төл таңбаларымен байыта түскен. Келе-келе халық сауаттылықтың кез келген азаматтың бақуатты болуына пайдалы екенін түсініп, білімге деген құштарлық пен құлшыныс уақыт өткен сайын еселеп арта түскен. Өйткені, жаза алу немесе жазылғанды оқи алу адамның ой-санасын дамытатын басты құрал екенін күллі адамзат түйсінген де түсінген.
       Дәл осы тұста, келмеске кеткен Шумер, Аккад, Вавилон және Ассирия ­өркен­и­ет­­­­терінің өлі тілдері бүгінде қайта ті­ріл­­гендей әсер қалдыратынын айту па­рыз. Себебі, осыдан төрт-бес жыл бұ­рын «Iternational Herald Tribune» газеті Америкадағы Чикаго университетінің бас­­пасынан, осыдан 2000 жыл бұрын қол­да­ныстан шығып, өлі тілдерге айналған байырғы Месопотамия тілдерінің 21 томдық (Chicago Assyrian Encyclopedic Dictionary) сөздігінің жарық көргендігі туралы әлемді елең еткізер ақпарат таратқан еді. Толықтай құрастырып шығаруға тоқсан жыл уақыт жұмсалған байырғы Месопотамия, Вавилон және Ассирия диалектілерінің 21 томдық бұл сөздігі байырғы замандарда қыштан жасалған таблицалар мен сол таблица беттеріне ойып салынған сына жазуларын ғалымдардың үлкен легінің соңғы екі ғасыр бойы жан-жақты зерттеп-зерделеуінің нәтижесінде дүниеге келген. Әлгі газеттегі ақпараттың авторы, Джон Уилфорд, былай дейді: «Бұл тілдер − б.з. бұрынғы XXIV ғасырда әлемдегі алғашқы империяға билік еткен Аккад патшасы, Ұлы Саргон сөйлеген тілдер. Бұл тілдерді, сонымен қатар, б.з. 1700 жыл бұрын ойластырылған заң баптарын жария еткен Хаммураби де қолданған. Әлем әдебиетінің ең шоқтығы биік туындысы Гилгамеш атты эпикалық шығарма да осы тілдерде жазылған. Туған жерін сағынып, егілген жұбайын жұбатпақ болған әрі оған Вавилонда аспалы бақтар салдырып беруге уәде берген Навуходонсор да осы тілдерде сөйлеген».
    Түйінделген осы ғылыми тұжырымдарға қарағанда, әлгі тілдердің қолданылу аясы өте кең болған. Кәсіпкерлер де, ирригациямен шұғылданатын мамандар да, өңделген астық өнімдерін кемемен тасымалдайтын саудагерлер де, тіпті, астрологтар да, қала берді, шипалы дәрі-дәрмектердің рецептерін жазып беретін дәрігерлер де осы тілдерді пайдаланғаны байқалады.
    Осы тақырыпқа бағышталған арнайы бір ғылыми конференцияға қа­тыс­қан тарихшылар мен археологтар мен байырғы Семит тілдерінің маман­дары атал­мыш энциклопедиялық сөздікке өте жоғары баға берген. Мәселен, Чикаго уни­верситетінің Шығыстану инс­ти­ту­тының директоры Гил Штайн: «Бұл сөздік Месопотамия өркениетін зерттеу­мен айналысатын әр ғалым үшін баға жетпес құрал болып табылады», − дейді. Және бір ғалым, атап айтқанда, Джонс Хопкинс университетінің Семит тілдері кафедрасының құрметті профессоры әрі өз зерттеулерін 1960 жылдардан бермен қарай, аталмыш сөздікке негіздей жүргізіп келе жатқан Джеррольд Купер бұл энциклопедиялық еңбекті таптырмайтын құндылық дей келіп: «Бұл сөздік» б.з. 5000 жыл бұрын Месопотамияны мекендеген шумерлердің сына жазуларын зерттеуге үлкен жол ашады», дейді. Демек, бұл лингвистикалық туынды байырғы замандарда Тигр мен Евфрат өзендерінің қойнауында бой көтерген қала-мемлекеттердің, яғни бүгінгі Ирак пен Сирия жерінің біраз аймағын қамтыған ұлы өркениеттердің жазу жүйесінің 2000 жылды артқа тастап, бүгінгі таңда қайта түлеуінің басы болмақ. 28000 сөзден тұратын әрі олардың сан қилы мағыналары мен астарлы бояуларын толық ашатын әлгі сөздік б.з. бұрынғы 2500-жылдар мен б.з. 100-жылдар аралығын қамтиды. Бірақ өте терең зерттеу жұмысына өзек болған бұл сөздіктің «Чикагода басылған Ассирия тілінің сөздігі» («Chicago Assyrian Dictionary») деген атауында үлкен жаңсақтық бар сыңайлы. Өйткені, бұл жобаны 1921 жылы Чикаго университетінің Шығыстану институтының негізін қалаған Джеймс Генри Брестед (James Henry Breasted) қолға алған кезде, жинақталған жазба материалдардың көпшілігі байырғы Ассирия патшаларына тән мұра деген екіұшты пікір қалыптасқан. Оның үстіне, Библияда көрсетілген кейбір сілтемелерде де «ассириялық» деген термин байырғы Семит тілдерінің синонимі секілді әсер қалдырады. Ал шындап келгенде, әңгімеге арқау болып отырған ең негізгі тіл – байыр­ғы аккад тілі. 
     Бұл ғажап туындыны құрамындағы сөздер мен олардың анықтамасын беретін жай ғана глоссарий ретінде қарастырғаннан гөрі одан әлдеқайда ауқымы кең энцикло­пе­диялық ғылыми еңбек деп бағалаған лазым. Бұлай деуге толық негіз бар. Өйткені, көп мағыналы сөздердің барлығының дерлік семантикалық астары мәдениетпен, тарихпен, әдебиетпен, заңдармен, дінмен, сауда-саттықпен және күнделікті дәстүрлі өмір салтына қатысты нақты деректермен жан-жақты ашылып отырады. Мысалы, «күн» деген ұғымды білдіретін «umu» деген сөзге 17 бет арналыпты. Немесе басқа мысал: аталмыш ақпаратта «құл» деген ұғымды білдіретін «ardu» деген сөздің мағыналық аясын ашу үшін сол байырғы заманда қалыптасқан өркениетке тән құл иеленушілік үрдісті бүге-шігесіне дейін сипаттайтын өте ауқымды материал келтірілгені байқалады. Сөздіктегі байырғы қоғам өмірінде ерекше орны болған көп мағыналы сөздердің бірі – «kalu» деген етістік. Бұл сөз әртүрлі контекстерде әртүрлі мәнге ие болып, кейде «бөгет болу» (detain), кейде «кешігу» (delay), кейде «кідіре тұру» (hold back), кейде «тұтқында ұстау» (keep in custody), кейде «сөзді бөлу» (interrupt) немесе өзгеше құбылатыны жан-жақты сипатталған. «Di nu» деген сөз тіркесіне қатысты жоғарыда аты аталған ғалым Купер былай дейді: «Кейде бұл сөз «сотта қаралатын істі» (a leagal case or lawsuit) білдірсе, кейде «вердикт» (a verdict), ал кейде «шешім» (judgement), ал енді бірде жалпы «заң» (law) деген ұғымдарды білдіреді». Ал Чикаго университетінің Гуманитарлық факультетінің деканы әрі осы жобамен 1979 жылдан бері айналысып, аталмыш сөздіктің жауапты редакторы ретінде 1996 жылдан бері қызмет істеп келе жатқан профессор Марта Т. Рот (Martha T. Roth): «Әрбір термин немесе әрбір сөз мәдениеттің терезесі іспеттес,» – дей келіп, «толыққанды сөздік болашақ ғылыми жұмыстарға баспалдақ болады, сондықтан соңғы нүктені мен қойдым деуге болмайды» деген парасатты пікір білдірген.
     Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сөздік жобасының жұмысы қайта жанданып, жаңаша ұйымдастырылады. Сөйтіп, энциклопедиялық туындының бірінші томы 1956 жылы жарық көреді. Алғашында, әлемге аты әйгілі ғалым А.Л.Опенгеймнің (A.L.Oppenheim) пәр­мен­ді басшылығының, соңыра, одан кейін бас­шылық тізгінін ұстаған Эрика Райнер (Erica Reiner) мен жоғарыда аталған профессор Рот жалғастырған ірі жұмыстар өте нәтижелі болып, бас-аяғы 55 жыл ішінде, сөздіктің 20 томы басылып шығады. Ал бүгінгі таңда ғылыми орта мен оқырман қауымның қолына энциклопедиялық туындының 21 томдық толық нұсқасы тиіп отыр.
     Бірден атап айту керек, бұл туынды семит тобына жататын, осыдан 2000 жыл бұрын айналымда болған, бірақ Месопотамия өркениетінің күйреуімен байланысты өлі тілдерге айналып кеткен Ассирия, Аккад және Вавилон тілдерін қайта тірілткендей әсер қалдырады. Бұл сөздіктің жарыққа шығуы лингвис­тика ғылымының жаңа арнасын ашаты­ны сөзсіз. Себебі, осы уақытқа дейін ба­сы ашылмай келе жатқан: «қай тіл қай тілмен тамырлас немесе туыстас?» деген жауабы әлі табылмай жүрген рито­ри­ка­лық сұрақтың түйіндерін шешуге бұл туын­дының көмегі аз болмайтыны дау ту­ғызбайды. Мәселен, аталмыш энци­- к­ло­педиялық сөздіктен бүгінгі таңда шумер тілі мен түркі тілдеріне тән ондаған параллельдерді кездестіруге болады. Олар төмендегідей:
Шумерше     Түрікше/Қазақша gadun            
hatun/қатын Gik-Anu      
Gok Ana/Көк Aна tammuzi      
temmuz/тамыз altun              
altin/алтын tengiz          
deniz/теңіз En-gur-ra      
Ankara/Анкара anu                
ana/ана davga            
damga/тамға me-en            
men/ben/мен agil                
akil/ақыл bar                
var/бар aga                
aga/аға kes-da            
kesmek /кесу et                  
et/ет sin                
sin(e)/сен karra              
kara/қара bira                
bira/сыра 
   Аталмыш энциклопедиялық сөздіктен мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Енді міне, 21 томнан тұратын сол заманауи туындыны мұқият зерттеп, сүзіп шығатын ғалымдар тобы білек сыба­на іске кіріссе, бүгінге дейін шешуі табылмай жүрген көптеген лингвистикалық құпия жұмбақтардың сырын ашуға үлкен мүмкіндіктер туатыны талас тудырмайды. Ендеше, еліміздің университеттері мен ғылыми орталықтарындағы әртүрлі сала мамандары мен ғылымға ден қойған жас талапкерлері мен ізденушілеріне үлкен ғылыми арнаның есігі айқара ашылды деуге толық негіз бар. Бұл айтылғанның түркология ғылымының өркендеуіне де тікелей қатысы бар.
    Ұлы өркениеттер туралы сөз қозғағанда, Ацтек және Инка өркениеттеріне соқпай өту мүмкін емес. Өйткені, бұлай деудің толық негізі бар. Бірден айта кету керек, алғаш рет испандық конкистадорлар, алдымен, 1519 жылы Мексика алқабына баса көктеп кіріп, соңыра, 1532 жылы әлемдегі ең ұзын Анд тауларының биік аңғарларына енген кезде, олар еуропалық қалалармен тең түспесе кем түспейтін, сәулеті мен дәулеті жарасқан Мексика мен Перудің сұлу қалаларын көріп, кереметтей таңғалғандарын жасыра алмаған болатын. Өйткені, Мексикадағы Ацтек пен Перудегі Инка империялары, шынымен-ақ, биік мәдениетті өркениеттер болатын. Алайда олардың сан жағынан келімсектерден әлдеқайда басым, бірақ садақ, найза, қалқан, балта және шоқпармен ғана жарақтанған қарулы күштері конкис­тадор Хернан Кортес пен Франсиско Писсароның зеңбірек және мылтықпен қаруланған шағын, бірақ өте азулы армия­ларына төтеп бере алмай, бас-аяғы үш жылдың ішінде жауларына тізе бүгіп, бас­тарын июге мәжбүр болған.   
    Өкінішке қарай, ацтектер өз жазуы мен озық математикасына негізделген заманауи­ күнтізбелері бола тұрып, дөңгелектен бейхабар-тын. Ал перуліктер болса, адам аспас қияндағы құз шыңның төбесіне Мачу-Пикчу секілді ғажайып қала тұрғызған. Сондай-ақ, жаяу жолаушылар үшін қия беттерді қиып өтетін әрі күллі империяның елді мекендерін бір-бірімен жалғайтын жол тораптарын да салған. Олар, сонымен қатар, Наско секілді алып тас жотаның жазық бетіне тек аспан биігінен қарағанда ғана тұтас көрінетін, адам, жабайы аңдар мен ғажайып құстардың алып бейнелерін айнытпай салған. Алайда осылардың бәрі қолдарынан келсе де, перуліктер жазудан мүлде мақұрым болатын.
     Ал ацтектердің мұрагерлері − майялар жазуды да, астрономия мен үш өлшемдік математика үлгісін де шегіне жеткізе мең­герген. Ноль, нүкте және сызықша секілді үш қана математикалық таңбаның көмегімен миллиардқа дейінгі кез келген есепті шығарған. Сәулетті пирамидалар мен обсерваториялар тұрғызуды да, 17 түрлі күнтізбелер жүйесін, оның ішінде, аспан денелерінің циклдарын дәл есептеп шығаратын ғажайып жүйелерді де шебер құрастырған. 
      Ал әліпби тарихына келетін болсақ, бастапқы әліппе Месопотамияда пайда бол­ды деген жорамал бар, бірақ алғашқы жүйелі әліппенің үлгісін финикийліктер құрастырғаны тарихтан мәлім. Сондықтан да бүгінгі әлемде қолданыста жүрген латын әліппесіндегі әріптердің көпшілігі б.з. 1100 жыл бұрын финикийліктер қолданған әліппеден алынғаны анық. Бірақ аталмыш әліппенің басты кемшілігі – оның тек дауыс­сыз дыбыстардың таңбаларынан ғана тұратындығы. Сондықтан бұл әліппе күллі үндіеуропа тілдеріне үлкен қолайсыздық тудырған болатын. Алайда бұл кемшілікті б.з. бұрынғы сегізінші ғасырдың ортасында гректер жойған-ды. Олар айналымдағы бұрынғы әліппеге дауысты дыбыстарды таңбалайтын a, e, i, о және u әріптерін енгізіп, адамзат өркениетіне баға жетпес үлес қосқан. 26 әріптен ғана тұратын бұл қолайлы әліппені бүгінде тек хрис­тиан әлемі ғана емес, Шығыс әлемінің де бірнеше мемлекеті пайдаланады. Өйткені, бұл әліппенің басты құндылығы – ондағы әріптер санының қысқалығы мен нұсқалығы. Кәдімгі миллиондаған ән шығаруға қабілетті жеті нота мен миллиард есепті шешуге жеткілікті майялардың үш таңбасын еске түсіреді. Сондықтан біздің мемлекеттің латын әліпбиіне өту туралы нақты шешім қабылдағаны − қай тұрғыдан болса да оң қадам.
     Әділ АХМЕТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
https://egemen.kz/article/oerkenietter-tarikhyndaghy-zhazu-men-alipbidinh-orny

толығырақ

Мажарстан мен Торғайдың қыпшақтары мерейтойлық құрылтайда бас қосады

       Торғай өңірінде өтетін "Ұлы Дала рухы" этнофестиваліне Мажар елінен делегация келеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Берік Әбдіғалиұлының Фейсбуктегі парақшасына сілтемемен хабарлайды.
    «Мадьяр елінің ата-баба мекені Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Саға ауылында өткен алғашқы Қазақ-Мажар халықтарының құрылтайына биыл 10 жыл толды. Осыған орай, 17-18 маусымда "Ұлы Дала Рухы" этнофестивалі аясында Мажар елінің делегациясы (27 адам) Саға ауылында мерейтой өткізіп, дәстүрлі әскери және музыкалық өнерін көрсетеді», деп жазылған хабарламада.
Мажарстан мен Торғайдың қыпшақтары мерейтойлық құрылтайда бас қосады
   Бұған дейін Мажар елі «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астанада «Қыпшақтар күнін» өткізуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Шара аясында венгрлер мен қазақтың салт-дәстүрлері арасындағы байланысты жан-жақты көрсету көзделген.
     Мажар халқының ғалымдары венгрлер мен қазақтардың арасындағы туыстық қатынасқа 20-сыншы ғасырдың басында назар аудара бастаған. Бұған 1909 жылы Будапештке Әліби Жангелдиннің (ол кезде әлі студент) баруы себеп болған. Ал 1965 жылы Қазақ КСР-інің Торғай облысына мажарлық антрополог Тибор Тот келіп, қазақ халқын зерттейді. Сондай-ақ, 1977 жылы Қазақстанға венгрлік ғалым (түрколог) Коныр Иштван Мандоки келеді. Бұл ғалым кейін қазақ қызына үйленіп, осы жақтан топырақ бұйырған.
Мажарстан мен Торғайдың қыпшақтары мерейтойлық құрылтайда бас қосады

     2003 жылы венгрлік ғалым Михай Бенкенің «Торғайлық мадиярлар» атты кітабы жарық көрген. Одан бөлек бұл елдің тағы бір ғалымы Биро Андраш қазақтар мен мадиярлардың туыстығын гендік зеррттеу жүргізу арқылы дәлелдеп шыққан. 
 

толығырақ

     Бүгін Астанада халықаралық Түркі академиясы ұйымы (TWESCO) Түркі жазуы күніне орай Түркология музейінің ашылу салтанатын өткізді. Қазіргі күні музейге мыңнан астам жәдігер қойылған.

       Түркітану саласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған экспозицияда әйгілі түркітанушы ғалымдар Әбдуәли Қайдар, Әбжан Құрышжанов, Әмір Нәжіп, Рабиға Сыздықова мен Осман Фикри Серткаяның жеке тұтынған дүниелері, бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған күнделіктері мен қолжазбалары ұсынылған.
      Атап айтсақ, академик Ә.Қайдардың шапанын, жұмыс кабинетінде қосылып тұрған радио-қабылдағышын, қаламсаптарын, профессор Ә.Құрышжановтың күнделіктері мен әріптес достарымен жазысқан хаттарын, академик Р.Сыздықованың өзі тартқан қоңыр домбырасын сол жерден көруге көруге болады. Сондай-ақ, экспозицияда профессорлар Ә.Нәжіп пен О.Серткаяның жеке күнделіктері мен құнды қолжазбалары да сөреден орын тепкен.
     Салтанатты шараға Әзербайжан, Ресей, Түркия, Өзбекстан мен Моңғолиядан келген ғалымдар, зиялы қауым және баспасөз өкілдері қатысты.    
      Музейдің ашылу салтанатында сөз алған халықаралық Түркі академиясы ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі түркі халықтары дәстүрлі мәдениетін жаңғырту мақсатындағы шараның маңызы зор екеніне тоқталды.
      – 2009 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Түркі академиясын құру туралы бастама көтерген кезде, академия жанында кітапхана және музей болуын жүктеген еді. Біз музейді құруды 2010 жылы бастадық. Биыл Түркі академиясының құрылғанына 7 жыл толып отыр. Бүгінге дейін түркі әлемінің мұралары терең зерттелгенімен, зерттеушілер туралы мәліметтер жоқтың қасы. Сондықтан біз музей ашу туралы бастаманы жүзеге асырып, жалпы түркологтардың тұтынған заттары мен қолжазбаларын қойдық. Болашақта академияның музейі үлкен ғимаратқа көшетін болса, Түркология музейі де әлемдегі алғашқы салалық музей ретінде Қазақстанның тартымды орталығының біріне айналады, – деді Д.Қыдырәлі.
     Академия басшысы түркология ғылымының дамуына жаңа серпін беру мақсатында ашылып отырған музей туыстас түркі халықтарының арасын жақындастыра түсетін болады деді. Әрине, түркология – күрделі сала. Зерттеу жұмыстары қиыншылықпен жүргізіледі. Көптеген түркологтардың тағдыры қиын болғанын білеміз. Мысалы, Бакуде өткен түркология конгресінен кейін олардың көпшілігі атылып, репрессияға ұшыраған. Біздің музейден репрессияға ұшыраған түркологтардың құжаттарын көруге болады, – деді ол.
     Сонымен бірге, академия кітапханасында әйгілі түркітанушы-шығыстанушы ғалым, башқұрт халқының ұлы перзенті Ахмет-Зәки Уәлиди Тоғанның жеке кітап қорын қабылдап алу рәсімі өтті.
      Академия басшысы Дархан Қыдырәлі башқұрт халқының көрнекті қайраткері Ахмет-Зәки Уәлиди Тоғанның қызметі мен шығармашылық мұрасының маңыздылығына тоқталды. Ғалымның кітап қорынан бөлек, құнды қолжазбаларын да Түркі кітапханасына табыстаған Ахмет-Зәки Уәлидидің қызы, бүгінде Түркияда тұратын танымал ғалым Есенбике Тоғанға алғысын білдірді.
    Шара барасында түркі әлемі ғылымына сіңірген ерен еңбегі мен бауырлас халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін танымал ғалым Тимур Кожаоглуну TWESCO күміс медалімен марапатталды. Академия басшысы Дархан Қыдырәлі TWESCO жүзеге асырған көптеген ғылыми жобаларға белсенді атсалысып жүрген көрнекті ғалымға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
     Т.Кожаоглу Бұқара Халық Республикасының басшысы Усман Қожаевтың ұлы. Көптеген түркі тілдерінде дәріс оқитын ұлағатты ұстаз бүгінде Мичиган университетінің Еуразия, Ресей және Еуропа ғылыми зерттеулер орталығы директорының орынбасары қызметін атқарады. Кеңес одағындағы мұсылман халықтар мен Орталық Азия елдерінің тілдері, әдебиеті мен мәдениеті жөнінде жазылған іргелі еңбектердің авторы.
     Кездесу барысында Түркі академиясы Моңғолия ұлттық музейімен, Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясымен, Әзербайжанның Мәдениеттану ғылыми-зерттеу орталығымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
    Тараптар ғылыми-танымдық құндылығы бар зерттеу жинақтарын, ғылыми-әдістемелік құралдар мен кітаптарды бірлесіп жариялауға, түркі мәдениетін таныстыратын ортақ жиындар мен шаралар өткізуге, түркі халықтары дәстүрлі мәдениетінің тәрбиелік әлеуетін ашуға, ортақ бағдарламалар әзірлеуге, сонымен бірге өзара ақпараттық қолдау көрсетуге келісті.
     Мемлекет және қоғам қайраткерлері, Еуропа мен Азия елдерінен келген көрнекті ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен шара соңы «Түркология және алтаистиканың бүгінгі мәселелері» атты дөңгелек үстелмен түйінделді.
     Шара Астанада өтетін «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы аясында ұйымдастырылып отыр. Форумға Америка мен Азия елдерінен 300-ге жуық ғалымдар қатысады.

толығырақ

TWESCO Моңғолиядағы көне түркі кешенінде қазба жұмыстарын жүргізетін болды

      Астана қаласында Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі мен Моңғолия Ұлттық музейінің директоры Дагваадоржийн Сүхбаатар бірлескен ғылыми-археологиялық зерттеу жүргізу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды академияның сайты. 
     Екі ұйым арасында 2016 жылдың тамыз айында бекітілген ынтымақтастық меморандумы негізінде жасалған бұл келісім Шығыс Моңғолиядағы Кентай (Хэнтий) аймағынан табылған көне түркі кешендеріне археологиялық экспедиция жасақтап, бірлескен қазба жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
     TWESCO Моңғолиядағы көне түркі кешенінде қазба жұмыстарын жүргізетін болды
       Сонымен қатар, «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы аясында бекітілген құжат бойынша тараптар Моңғолия Ұлттық музейіндегі түркі мұраларын зерттеп, жаңғыртуға келісті.
      Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Академия Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Тарих, археология институтымен бірлесіп Моңғолиядағы көне түркілердің «Шивээт улаан»  ғұрыптық кешенінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Ал, келісімде көрсетілген Кентай аймағындағы жаңа зерттеулер биылғы жылдың жаз айларына жоспарланып отыр.

толығырақ

tyurk

     

    Қаржаубай Сартқожаұлы – Л.Гуми­лев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситеті Түркітану және алтайтану орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор. Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі, Халық­аралық Кемал Ататүрік атын­дағы Түрік тарих құрылтайының (академия) мүшесі, түркітанушы ғалым, «Күлтегін» сыйлығының иегері. Жақында зерттеуші ғалыммен жүздесудің сәті түсіп, тылсымға толы көне түркілік тарихи ескерткіштер туралы әңгімелескен едік.

          ТАСТАҒЫ МӘТІН ТҮЗЕЛДІ

     Қаржаубай Сартқожаұлы, өткен жылы ғана жарық көр­ген ғылыми еңбегіңіз «Орхон ескерткіштерінің толық атласының» жалғасын жазып бітірген екенсіз. Әңгімемізді осы еңбектен бастасақ. Несімен ерекшеленіп отыр.

    – Биылғы жыл мен үшін өте өнімді болды. «Орхон ескерт­кіштерінің толық атласының» екінші және үшінші томын жазып бітірдім. Баспаға дайын тұр. Бірінші томы 2005 жылы қазақ тілінде, 2007 жылы жарық көрген еді. Екінші томында моңғол жеріндегі ұйғыр дәуіріндегі мәтіндер, байырғы түрік мәтін сөздігі, ал үшінші томында сол өңірден табылған майда жазулар туралы деректер енгізіліп отыр. Яғни, тасқа, жартасқа жазылған көне түркі бітік жазуларының мәтіндері мен транскрипциясы, түрлі-түсті фотолары мен сызба суреттері қоса беріліп отыр. Барлығы 46 аумақтан табылған 120-дан астам мәтін енгізілді.

     Бұл деректерден сол дәуірдегі адамдардың жыл белгілеуі, ойлау деңгейі мен психологиялық жағдайы, әлеуметтік көзқарасы мен философиясын ұғынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеулер барысында тастағы жазулардан Орхон және шығыс Түркістан бойындағы қалалар мен көне тайпалар туралы деректер таптық. Соның бірі – кезінде көне Бесбалық қаласының басымылдардың астанасы болғаны туралы дерек. Басымылдар дегеніміз Арғындардың арғы ата-бабалары саналады. Бұл деректер жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

     Сонымен қатар, біздің заманы­мыздың VIII ғасыры жәдігеріне жататын тоғыз-оғыз мемлекеттік одағының билеушісі Ел-Етміш Білге қағанға арналған Мойын – чор немесе ғылымда Селенга тасы деген атаумен белгілі болған атақты мәтінге қатысты тың зерттеулер енгізіліп отыр. Бұл ескерткішті 1909 жылы фин ғалымы, профессор Г.Рамстедт тапқан болатын. Кейін тастағы 53 жолдан тұратын мәтіннің оқылымы мен аудармасын, түсініктемесін жасады. Алайда ғалымның қателік жібергені анықталып отыр. Яғни, Рамстедт жазулардың бірінші бетінің 4-жолындағы сөйлемді «түрік қыпшақтары елу жыл билік жүргізді» деп оқыған болатын. Бүгінге дейін солай қабылданып келді. Алғаш ұстын бетіне мәтін қашап түсірген кезде, бәдізші (тас қашаушы) қателесіп «еліг он жыл» (елу он жыл) деген сөйлемдегі «он» сөзін ұмытып кетіп, келесі кезектегі «жыл» сөзінің «ж» әрпін ойып жазып қойған. Тасқа ойып жазылған мәтінді қайта түзеу мүмкін болмағандықтан, бәдізші «ж» әрпінен кейін «он» сөзін кіші қаріптермен ойып жазып, содан кейін ғана «ыл» таңбасын қалаған. Біз осы қателікті тауып, жөнге келтіріп, елу жыл емес, бес жүз жыл ел басқарыпты деп аудардық. Яғни, тастағы жазулардың транскрипциясын жасау барысында кеткен қателікті түзетіп, бұл жазуды «түрік қыпшақтары елу он жыл билік жүргізді» деп өзгертіп отырмыз. Яғни, бабаларымыз 50 емес, 500 жыл билік жүргізген екен. Яғни, бірінші және екінші Түрік қағанатының тізгінін толықтай қыпшақтар ұстап келді деген сөз. Бұл – түсінген адамға тың жаңалық.

      Оның сыртында ұстынның төртінші бетіндегі мәтін жолдары ауысып кеткенін анықтап, жөнге келтірдік. Мәтін жазылған тастың ұзындығы шамамен 330 см. Жоғарғы 120 сантиметрі сынып түскен. Осы бөлікті құрастыру барысында біраз бөлшектерін ауыстырып алғаны белгілі болды. Осы олқылықтың орнын толтырып, ауысып кеткен бөлігін қалпына келтіріп, шатасып кеткен 15 жолын қайтадан оқып, жөнге келтірдік.

ТӨЛ ТАРИХ ӨЗГЕГЕ ТЕЛІНДІ

       – Бәрекелді! Еңбегіңіз қашан жарық көргелі отыр?
     – Бәріне сол қаржы мәселесі қол байлау болып отыр. Әйтпесе айтып өткенімдей, басуға толықтай дайын тұр. Бірнеше мәрте Білім және ғылым министрлігіне барып көрдім. Қазіргі кезде электронды нұсқасы түрік тіліне аударылып жатыр. Бірақ Түркияның атынан шығайын деп отыр. Авторы көрсетіледі. Яғни, еңбегіміз толықтай Түркияның дүниесі болып кеткелі тұр. Қазақтар айырылады деген сөз.
      Жалпы, көп дүниеден айырылып жатқан халықпыз ғой. Барымызды әлі бағамдай алмай келеміз. Кезінде өз тарихымыз екенін біле тұра, көп дүниені өзгеге теліп келдік. Бізге дейін көк түріктің дүниелерін қазақ халқына ешкім жақындатпады. Алдымен орыс ғалымдары зерттеді. Қазақтардан дұрыс маман шығармауға тырысты. Түркі жазбаларының соңынан шам алып түсіп, ерекше қызықтаған Ғұбайдолла Айдаров, Алтай Аманжолов секілді ғалымдарды көк түріктің мұралары сақталған Моңғолияға жібермеді. Сол кездегі солақай саясат көк түріктердің билеуші тайпасы кім екенін айтқызбады. Бірақ ол таста тұр. Тілі кімдікі екені де тарихи деректе анық көрініп тұрды. Оны да айтуға болмады, айтқызбады.

     Көне түркі жазбалары мен ескерткіштерінде өте көп дүние жатыр. Онда түгелдей біздің тарихи төлтума дәстүріміз тұнып тұр. Ел басқару жүйесі жатыр. Мәселен, көк түріктердің билігі әскери-азаматтық де­мократиялық жүйеге құрылған. Біз ұлардай шулап жүрген демократия ұғымы оларда атам заманда болған екен. Түркілік дәстүрдің ең бір ерекшелігі қандай да бір елдік мәселені дуалы ауыз­дар мен абыздар, билік басындағылар ортаға алып, бірлесе шешетін болған. Бұл – азаматтық әрі демократиялы қоғамның көрінісі. Мемлекет есебінен тұрақты әскер ұстаған. Біздегі «ұлан» секілді тез әрі ілкімді қимылдайтын арнайы бөлімдер болған. Олар ондық, жүздік, мыңдық немесе түмен деп сатылай өсіп отырған. Өздеріне тән әскери атаулары мен шендері болды. Біз қазір әскери атауларды қазақшалай алмай жүрміз. Неге сол ата тегіміз қолданған атауларды енгізуге болмасқа?! Түменбасы, мыңбасы немесе жүзбасы деген атаулар, меніңше, мағынасы жоғары.
     Қыры мен сыры ашыла қой­маған ғылым болған соң, байырғы жазбаларда көп дүниелер бай­қалмай, қалып қойып жатады. Орхон атласын жасау барысында байқамаған екенбіз. Кейінгі кезде ғана байқадым. Күлтегін жырында «Ұмай текті анасы Күлтегінді 12 жасында ат болдырды» деген жолдар бар. Ат болдыру дегеніміз – кәдімгі баланы сүндеттеу емес пе? Ал біз бұған дейін сүндетті ислам дінінен алдық деп келдік.

ТӨРТ ЖҮЗДЕЙ ЖӘДІГЕР ТАБЫЛДЫ

        – Көне ескерткіштер де­мекші, осыдан бірнеше жыл бұрын сонау моңғол даласынан б.з. VІІ ғасырға тән, тең­десі жоқ Шатыртау жерасты кесенесін тауып, әлемнің назарын аударған едіңіздер. Бұл жұмыстың нәтижесі қалай болды. Толықтай қазып бітір­діңіздер ме?
       – Бұл тарихи олжа Моңғолияның астанасы – Улан-батыр қаласының батысына қарай орналасқан Шатыртау (Майхан-уул) қыратынан табылған болатын. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Моңғолия Ғылым академиясының Тарих институты біріккен экспедиция жасақтау туралы келісімшарты негізінде 2011 жылдың шілде айында моңғол жерінде қазба жұмыстары басталған еді. Негі­зінен, аталмыш нысанды біз көптен бері бақылап, көріп-біліп жүрген болатынбыз. Шатыртау қыраты – Майхан-уулдың кеуде тұсындағы топырақтан үйіліп, күмбез бейнеде жасалған жасанды дөң. Оның сыртын айналдыра арық қазып қоршаған. Бұл – б.з.д. 670-680 жылдар аралығындағы бүгінгі Моңғолия жерінде өмір сүрген ерте орта ғасыр түріктеріне тән ерекшелік. Бірақ ол жерден дәл мұндай құнды дүние жатыр деп ойламаған едік. Жантегін Қаржаубайұлы және Л.Эрдэнэболд деген маманды археологтар мен 30 студенттен құралған топ қазба жұмыстарын жүргізу барысында ерте орта ғасырға жататын аса құнды ба­йырғы түрік жерасты кесенесіне тап болғанымызды бірақ білдік.
      Кесенеден төрт жүзден астам экспонат табылды. Ол – оңай олжа емес. Бұрын-соңды жерас­ты кесенесінен осындай бай мұра табылған емес.

       – Енді осы айрықша кесене туралы толықтырып айта кетсеңіз. Қыры мен сыры құ­пияға толы жерасты мазарын ашу үшін ерекше тәсіл қол­дандық дегеніңізді естіген едік…
       – Иә, дұрыс айтып отырсың. Бұл жерде бұрын-соңды қол­да­нылмаған ерекше тәсіл қол­дандық. Жерасты нысанның төбесін тесіп кіруге болмайды. Олай кірсек, баға жетпес құндылық – күмбездің формасын бұзып аламыз. Бұрындары ғалымдар көбінесе төбесінен тесіп кіретін болған. Тізіп айтсақ, ондай мысалдар көп. Мұндай әдіс бұрынғы қалпын бұзып жібереді. Оны қайта қалпына келтіру де оңай шаруа емес. Бір сөзбен айтқанда, тамырға ине салғандай өте сақтықпен жұмыс жасадық.
Белгілеген әдістемеміз нәти­жесін беріп, нысанның мәдени қабаты табылды.

         – «Мәдени қабат» дейсіз бе? Бұл қандай қабат?
      – «Мәдени қабат» деп табиғи емес, адамның қолымен жасалған жер қыртысын айтады. Есікке барар жолдың қабырғасына шөп қосып, иін қандыра иленген балшық сылағын жүргізген екен. Осылайша жерасты мазарға апаратын дәліздің есігі табылды. Жер табалдырықтан басталған жер босаға 42 метрге созылып барып, жерасты кесенеге жетті. Дәлізде 4 арка орналасыпты. Әрбір ар­каның жалпақтығы бір жарым метрге жуық.

        Бұл – біздің археологтардың аса үлкен жеңісі. Айдаладағы аузы-мұрны жоқ белгісіз нысан­ның есігін тауып, ішіне кіру – адам денесіндегі көмескі тамырды тауып, операция жасаумен бірдей, шеберліктің жетілген шыңы. Осыдан 1300 жыл бұрын байырғы түріктер жерасты нысанын қалай қазып, оны қайтадан қалай жапты, біз де солай етіп қайта аштық. Нәтижесінде, ерте орта ғасырда түріктердің жасаған жер­асты кесенесінің архитектуралық құрылымы, бет-бейнесі толық сақталып қалды. Біз бұл кешенді «кесене» (мавзолей) деп атадық. Халық өзінің ұлы адамына, Елбасына, ұлт, халық, елі үшін ерен еңбек сіңірген қайраткерлеріне арнап кесене тұрғызған. Кесене тұрғызу арқылы сол адамға халық өзінің ерекше құрметін, махаббатын білдіреді.

«АЛТЫ АЛАШ» ДЕП АТАЛҒАН

        – Теңдессіз кесененің нақты кімге арналып жасалғаны анықталды ма?
       – Оны кесіп айту қиын. Оғыз көсемдерінің біріне арналған кешен екенін ғана айта аламыз. Кесене ішінен көсемнің тағы мен табыт жәшігін көрдік. Қағанның мүрдесі өртеліп, күлін жібек дорбаға салып, табыттың бас және аяқ жағына қойған екен. Жібек дорбадан жұрнақ та қалмапты. Бұл негізі мүрдені қорлатпау үшін жасалған болуы керек.

          – Мүрдені өртеу дәстүрі түркі әлемінде де болған ба сонда?
        – Ұлы адамдардың мәйітін өртеу дәстүрі бұрындары түркі әлемінде де болған. Бұл туралы қытай деректерінде сақталған. Оның сыртында 6 бірдей тудың тұғыры, тудың ағаш сабы, матасының қалдықтары табылып отыр. Бұл 6 дана ту байырғы түріктердің 6 тайпалық одағының (хандықтың) туы болуы мүмкін. Бұл тулар 6 тайпалық одақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, түрік қағанатын орнатуына байланысты болуы мүмкін. Кейін бұл ұғым қазақ халқының жадында «Алты алаш» деген атаумен сақталған.
      Көшпелі халықтың өмірін біз мал шаруашылығымен ғана байланыстырып келдік. Қазба жұмыстары барысында бабаларымыздың малдың сыртында, саудамен, аңшылықпен, қолөнермен айна­лысқанын көрсететін тың деректер таптық. Бір ғана мысал, кесенеден тазы иттің мүсіні табылды. Кейін сүйегін де таптық. Қабырғада суреті де тұр. Мұндай тазы иттің тұқымы Қазақстанда, сосын араб елдерінде ғана деп келген едік. Енді, міне, қазақы тазының тегі сонау көк түрік заманынан келе жатқанын біліп отырмыз. Ол – өз алдына бөлек әңгіме. Тауықтың мүсіні табылды. Бұдан бабаларымыздың тауық ұстағанын бағамдауға болады. Бір сөзбен айтқанда, отырықшылық салтты бабаларымыз қатар ұстанған.

dsc_0090


ТҮРКІЛІК ДҮНИЕТАНЫМ ҮРДІСІ

       – «Түркі әлемі Таң мәде­ние­тімен сусындап, дамыды» деп білетін қытайлар бұл баға жетпес дүниеге қатты қыз­ғаныш білдіргенге ұқсайды.
      – Жаңалықты, расында, қытай ғалымдары қызғанышпен қабыл­дады. Себебі моңғол даласында қытайдың бірнеше экспедициясы жұмыс істеп жатыр. «Бізге неге бермедіңдер?» деген реніштерін де жасырмады. Естіп, өз көзімен көру үшін жапон ғалымдары да келіп кетті. Олар басында «Таң дәуірінің дүниесі, түріктерде мұндай болуы мүмкін емес» деген оймен келіпті. Көрген соң шалқасынан түсті. «Бұл жерде қытай мәдениетінің қолтаңбасы жоқ. Жерасты кесенесін жасау, жабдықтау жұмыстары түр­кі­лердің өздеріне тән. Сырттың немесе қытай, соғды шеберлерінің ешбір қатысы жоқ» деп баға берді. Қабырға суреттерінде, әрине, шығыс өнерінің стилі сақталған. Бірақ қытай мәдениетінің әсері барын жоққа шығаруға болмайды. Мұндағы өнер туындыларының жасалуы, техникасы, ондағы зерделеу, ойлау (мышление) ерекшелігі тек қана түркілік дүниетаныммен жасалып, түркілік мәдениеттің қайталанбас үлгісін көрсеткен. Мүсіндерді жасау үшін түрік шеберлері темір каркас пайдаланып, соған мүсіндердің бейнесін отырғызған. Мүсін жасау технологиясы қытайларда мүлдем басқа. Қышты күйдіру барысында қытайлар үнемі су шашып отырады. Нәтижесінде қыш бұйым­дары берік әрі өңі көкшіл болып шығады. Мұнда ондай технология қолданылмаған.

         – Кесенеден табылған қос жолбарыстың суреті туралы не айтасыз?
      – Дәліз есігінің кіреберіс қос қабырғасына ұзындығы 9 м екі жолбарыс сызылған. Жол­барыстың бейнесі қытайдың ай­даһарларымен шендестіріле бейнеленген. Жолбарыстың жын­­дана ашуланып, айбар шегіп, алға атылған бейнесін, оның ішкі қаһарлы да сұсты психологиясын суретші соншама дәл бере білген. Жолбарыс – көк түріктердің киесі. Сондықтан да Шығыс халықтары шіркеудің немесе үкіметтік ғимараттардың, сарайлар мен ордалардың есіктерінің, дарбазаларының сыртына жолбарыс, арыстан сияқты айбарлы аңдардың мүсінін қоятын болған. Бұл дәстүр бүгінге дейін жалғасып келеді.

       Кесене дәлізінің қабырғасында, сонымен қатар ат ұстап тұрған адамдардың суреті, екі қабырғада үш-үштен 6 дана шашақты тудың, сондай-ақ тазы ит жетектеген, қылыш асынған адамдардың суреттері бар. Бұған қарап, қабырға суреттерін салу дәстүрі ертеден болған деп батыл байлам жасауға болады. Өйткені қабырға суреттері қытай мәдениетінің көрінісі деп айтылады. Алайда Қытайдағы қабырға суреттер Дун-хуаннан батысқа қарай орналасқан қалаларда ғана сақталған. Батыс Қытайдағы суреттер б.з. ІХ-ХVІІІ ғғ. тән. Дун-хуаннан батысқа қарай орналасқан Шығыс Түркістан қалаларының барлығы орта ға­сырдағы түркілердің қалалары. Ал Шатыртау мазары VІІ ғасыр­дың ортасында тұрғызылған. Олай болса, қабырға суреттер салу Ұлы дала өнімі болмақ.
      Әрине, сурет салу өнерінде Қытайдың, Шығыстың әсері бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Себебі түркілердің өзі шығыс халқы. Көрші ұлы держава мәдениетінің әсері болмай қоймайды.

КӨНЕ ЕСКЕРТКІШТЕР – ТАРИХ КУӘГЕРІ

       – Айтпақшы, батыс ғалым­дарын айран-асыр еткен тағы бір элемент – панорама туралы айта кетіңізші. Бүгінге дейін батыс мәдениетінің озық үлгісі саналып келген панорама дәс­түрін көк түріктер сонау VII ғасырда білген болды ғой?
       – Кесененің оң және сол қабырғаларын үңгіп қазып, бет жағына рама орналастырылған екі панорама жасалған. Онда түгелдей мүсіндер қойылған. Екі панораманың мөлшері бірдей. Панорама кеңістігінің ірге жағына дөңгелете ту ұстаған адамдардың мүсіні қойылған. Барлығының қолдарында ту. Тудың сабы және оған байлаған матаның қалдықтары ғана қалыпты. Олардың алдыңғы жағына үш қатар сап түзеп келе жатқан атты сарбаздардың мүсіні қойылған. Онда да жай бір картина суреттерімен емес, әрбір адамның мүсінін сала отырып, қыштан құйып отырып, кәдімгі тірі көрініс жасап қалдырыпты. Бұл құбылыс ерте орта ғасырда өмір сүрген түріктердің ойлау қабілеті, дүниетанымы, сонымен қатар тәңірлік дін тұтынған осынау халықтың өнері қаншалықты жоғары дәрежеде болғанына тәнті боласыздар.
        Бұл, расында да, әлем ғалым­дарын айран-асыр еткен жағдай болды. Өйткені мұндай ерекше ғажайып феномен – бұрын-соңды әлемнің ерте орта ғасыр, орта ғасыр мұраларында кездеспеген дүние. Энциклопедияларда ХVІІІ ғасырдың аяғында Ирландияның Эдинбург қала­сының кескіндемешісі Р. Баркер Еуропада алғаш рет картинамен панорама жасап, ХІХ ғасырдан бастап әлемде кең қанат жайып таралған деп көрсетілген. Демек, Еуразияны ен жайлаған көк түріктер б.з. VІІ ғасырдың ортасында суретпен емес, мүсіннен панорама жасай білген деген сөз. Өкініштісі сол, бұл баға жетпес ескерткіштен де айырылып қалып отырмыз.

         – Қалай сонда? Әрі қарай қазуға мүмкіндік болмады ма?
      – Болды ғой. Керек болса, ол жерге мұражай салынуы тиіс болатын. Елшілік арқылы Білім және ғылым, Мәдениет министрлігіне, Парламентке, ел Үкіметіне мәселе қылып қойылған.
      Қазір бұл мәселемен түріктер айналысып жатыр. Жақын күн­дері кесененің ішінде музей жұмыстары басталуы тиіс. Біздің қолымыздан бар келгені табылған мұраларды Қарақорым қаласындағы жапондар салған музейге қойғыздық. Енді сол жаңғыртқан жәдігерлердің көшір­месін жасатып, Орталық мұражайға қойсақ деп отырмыз. Осыған ақша бөлдіру мәселесі де асу бермес дүниеге айналып отыр. Мәдениет және спорт министрлігіне осыдан екі жыл бұрын жоба ретінде өткізіп қойғанбыз. Барлық сатыдан өттік. Тек Моңғолия Мәдениет және білім, ғылым министрлігімен шарт жасасу ғана қалды.

      Көне түркі ескерткіштерінің берері өте мол. Бір ғана мысал ретінде айта кетейін, тарихымыз тым тереңде жатқанын дәлелдеп отырмыз. Бүгінде жұмыр жерде тіршілік кешіп отырған 300 млн түркі халықтарының тым ертеден, көнеден келе жатқан, тарихы бай халық екенін әлем жұрты түйсінді.

      Ең бергісі қазақтың бір емес, бірнеше мәрте империя құрған халық екенін дәлелдей алдық. Ғұн империясын құрдық. Көк түрік болып әлемді тербеттік, кейін Жошы-қыпшақ империясының негізін қалады. Жер бетінде үш империя құрған халық аз. Соның бірі – қазақ халқы.

        Сұхбаттасқан: Бүркіт НҰРАСЫЛ

  http://www.astana-akshamy.kz/qarzhaubaj-sartqozhauly-toltuma-tarihymyz-kone-tyrki-zhazbalarynda/

толығырақ

    
    Тарлан тарихымыз бен түйсік-санамыздың терең қатпарларында қалған жұмбақтарды аша түсетін құнды еңбегінде Рашид-ад-дин жан-жағы қамал сынды заңғар таулармен қоршалған Жерұйық мекен – Ергенеқоннан түскен Бөрте-чино жайында баяндайды. Оның «Уа, қасиетті көк бөрінің оғландары, ата жұртымызды қайтарып алайық» деген сөзінен кейін жауынгер жұрт тауды балқытып, жол салып, туған жеріне оралды дейді аңыз.

        Аңыз түбі – ақиқат. Сондықтан бұл аңыздар бізді Көктүрік қағанатын құрған әйгілі Ашина әулеті туралы ақиқатты зерделеуге жетелейді. 
     Ашинаның шығу тегі мен олардың Алтай тауларына қалай келгендігі жайында қытайдың «Чжоу шу», «Вей шу», «Тан шу», «Тун дянь» сынды жылнамаларында бірнеше аңыз нұсқалары баяндалған. Мәселен, «Тун дянь» жылнамасының 197-тарауында Ашиналардың шығу тегі туралы мынадай аңыз сақталған: «Көк түрктер әуелден Пин-лиаңды мекендеген Хулардың бірі едi. Олар негізінде ғұндардың бір бұтағы болатын. Арғы тектері – Ашина. Кейiн Вей заманында Тай-ву патша Чие-чу әулетін талқандаған соң Ашина бес жүз отбасымен жужандарға қашып келіп, Алтай тауын мекен етті. Бұл таудың пішіні дулығаға ұқсас болғандықтан, оларды өздерінің тілдерінде дулыға мағынасына саятын Түчүе деп атады».
    Қытай жылнамаларынан Ашинаның «сиун-ну» - дан (ғұннан) шыққанын жақсы білеміз. Бұл дереккөздерде түрктердің шығу тегі Ху, Хунну, Со атауларымен өзгеріп отырса да, ғұндармен қатыстылығы ешбір дау туғызбайды. Аңыздар желісі түрктерді Қытайдың солтүстігінен шығарып, Алтын тауға (Алтай) келіп орналастырады.
     Ашина әулетінің түпкі тұрағы ретінде Тұрфанның солтүстік-шығысы мен Алтай тауларының оңтүстік-батысындағы таулы аймақ аталады. Кейбір дереккөздерде олардың V ғасырда Оңтүстік Сібірдегі Енисей қойнауынан Богдо тауы (Шығыс Түркістанның солтүстік-шығысы) маңайына көшіп келгендігі баяндалады. Бұған сенсек, Алтай тауларының оңтүстік етегіне көшірілген Ашина әулеті 552 жылы өз мемлекетін құрғанға дейін сол елдің қол астына қарап, темір өндіруге мәжбүр болған.
     Көктүрк қағанатын құрған рудың атауы жылнамаларда А-ши-на деп аталады. Ол көбіне Көктүрк билеушілерінің атымен бірге аталып, оларға этникалық туыстығын білдіретін болған. Мысалы, Шаболо Кехан Ашина Хо-лу (Ишбара қаған Ашина Ұлығ), Ашина Мише, Ашина Бужен, Ашина Хиен, Ашина Хуаи-дао, Ашина Син сияқты. Дегенмен, Қытай жылнамаларында Ашина этнонимі көп жазылғанына қарамастан, ол сөздің мағынасы туралы қандай да бір анықтама кездеспейді.
     Кейбір ғалымдар Ашина атауының шығу төркінін моңғолша деп топшылайды. Мысалы, П.Будберг оған моңғол тіліндегі ар чинао (чинга) «Он қасқыр/бөрі» анықтамасын береді. Бірақ бұл көзқарас өзге ғалымдар тарапынан қолдау таппады. Сол сияқты Л.Н.Гумилев те Ашинаның моңғол тіліндегі шоно, чино «бөрі/қасқыр» сөзіне Қытай тілінде мәртебелілікті білдіретін а- префиксінің қосылуы нәтижесінде пайда болғанын, сондықтан «қайырымды бөрі» мағынасын беретінін айтады.
     Араб және парсы тілді тарихи еңбектерде де Ашина дегенді білдіретін сөздер кездеседі. Айталық, ислам дереккөздерінде көне кезеңдерде Иранды жаулаған Шана/Сане атты түрк билеушісінің атын М.Гренард, О.Прицак сияқты зерттеушілер Ашина этникалық атауымен байланыстырған. Ашина атауын түрік тілінен іздеген зерттеушілер де бар. Мәселен, К.Беквиз оны Византия тарихшысы Менандростың (VІ ғ.) «Тарих» атты еңбегінде берілген «Түріктер ұлы билеушілерін Арсыла деп атайды» деген жазбасына қарап, оның шығу төркінін түрік тіліндегі Арслан сөзінен табуға тырысады. Алайда Көктүрктерде қағанат құрушы әулеттің арыстанды тотем санауына, оны атау ретінде қабылдауына байланысты өзге дерек кездеспейді.
     Ашина этнонимі туралы тағы бір көзқарастың жақтаушылары оның негізін көне үнді-еуропа тілдерінен іздеді. Синолог ғалым Я.Зуев Ашина сөзі қытай тілінде â­си­нâ<асана~асна деп айтылатынын, сондықтан Ашина мен Усун этнонимдерінің түбірі бір екенін айтып, оны көне парсы тілінің Хотан-Сака диалектісіндегі āсåнä көк (көк, аспан) сөзімен байланыстырады. Ғалымның пайымдауынша, көкті киелі санаған көне түрктер оны тайпаларының атауы ретінде алған. Алайда, бұл атауға табу ретінде қарап, оны өз тілдерінде айтуға жүрексінгендіктен, хотан-сака тіліндегі āсåнä (көк – аспан) сөзін қолданған. Бұл ретте белгілі ғалымның пікіріне уәж ретінде айта кетерлік жайт, егер көне түрктер көк (аспан) сөзін табу деп білгенде, оны жазбаларда мүлде кездестірмейтін едік. Сондықтан өздерінде бар және жиі қолданатын сөзді пайдаланбай, оны өзге тілден алған деген пікір дау туғызады.
    Ал көрнекті ғалым С.Г.Кляшторный 1964 жылы жарық көрген алғашқы зерттеулерінде Ашина сөзінің хотан-сака тілінде āсāнa «абыройлы, құрметті» дегенді білдіретінін атап өтіп, оны көне Агнилер диалектісіндегі āсāм және көне Куча қаласының тұрғындарының говорындағы асāм түріндегі баламаларынан табуға тырысады. Ғалым кейінгі зерттеулерінде оны соғды тіліндегі exšene «көк, қара», хотан-сака диалектілеріндегі aссеина­ассена «көк/көгілдір», тохар тіліндегі aснa «көк/көгілдір» сөзімен түсіндіреді. Аталған тілдер арасында хотан-сака тіліндегі «көк» мағынасындағы aссеина­aссена сөзінің әрі фонетикалық, әрі семантикалық ерекшеліктерінің толық сай келуі көңіл аудартады. С.Г.Кляшторный Орхон жазбаларындағы Көктүрк қағанатын құрушылардың этникалық атауы болған «Көк түрк» сөзіндегі «көктің» ру атауы ретінде Ашина этнонимінің баламасы екеніне тоқталады. Сондықтан көне түрк жазбаларындағы Көктүрк сөзі «Көктер мен Түрктер», яғни «Ашина және Түрктер» мағынасын білдіреді деп түсіндіреді.
     Бұл тұста С.Кляшторныйдың пайымдарымен де келісу қиын. Көне түрктерде сипат ретінде қолданылғанымен, тек түс атауынан ғана тұратын ру атауы өте сирек кездеседі. Егер Ашина руы «Көк» ретінде аталған болса, ондай рудың атауы сол кезеңнің жазбаларында аталып, қазіргі түрк рулары арасында да сақталуы мүмкін еді. Сонымен қатар, Көктүрк сөзінің алғашқы бөлігіндегі «көк» сөзін көптеген түрктанушы ғалымдар есім сөз емес, сын есім ретінде көрсетеді. Көк – аспан, Көктүрк те Көктен тараған, аспан сипатты, Тәңірі тұрпатты түрк деген мағына береді. Назар аударарлық жайт, белгілі қытай ғалымы Цэн Чжунмянның жазуына қарағанда, қытайлықтар «аспанасты елі» деп әспеттеген аспан, көк ұғымдарын өздерін ұзақ уақыт билеген солтүстік көршілерінен – түрктерден алған сыңайлы.
     Біздіңше, Орхон жазбаларындағы Көктүрктің тағы бір мағынасы бар. Түрк тайпаларында қандай да бір рудың өз ішіндегі руларды айыру үшін ақ, қара, сары, көк, қызыл сияқты түс аттарымен атау дәстүрі кездеседі. Мысалы, ақ ғұн, ақ ноғай, қара ноғай, қара қыпшақ, сары үйсін және т.б. сияқты. Бұл дәстүр Көктүрк атауына да тән. Көне түрктерде аталған түстер бағыттарды айқындау үшін де қолданылған. Ақ – батыс, көк – шығыс, қара – солтүстік, қызыл – оңтүстік бағыттарын көрсетеді. Сондықтан Көктүрк – «Шығыс түрктері», «Шығыс түрк қағанаты» дегенді білдіреді.
     Ал Ашина – түрік-моңғол тілдеріне ортақ сөз. «Қасқыр, бөрі» деген мағынаны береді. Түркияның танымал түрколог-ғалымы О.Серткаяның пікірінше, aшинa, aчинa, aсeнa сияқты формаларда кездесетін бұл сөз «көк бөрінің ұлдары» мағынасындағы Көктүрк әулетінің атауы саналады. Ғалым «Моңғол тіліндегі бөртечине сөзі бөри+ачина түрікше+қытайша бір-бірін қайталаудан тұрады. Ал қазіргі түрік тілінде асена сөзі «ұрғашы» атауын алып «ұрғашы ашиналар» түрінде де қолданылғаны байқалады» дейді.
     Жоғарыда көптеген зерттеушілердің Ашина сөзінің моңғол тілінде Чино/Чоно және одан көне формасы Чинганың «қасқырмен» байланысты екенін, түрк тілдерінде аталған сөзге ұқсас сөздің кездеспейтінін, оның орнына «бөрі», «қасқыр» сөздерін қолданатынын атап өткендері туралы жазған едік. Алайда бұл пікірмен келісуге болмайды. Мәселен, өзбек және қазақ тілдеріндегі чиябөрі / шибөрі сөздері кездеседі. Қазірде ол «қасқырдың бір түрі» мағынасында қолданылады. Аталған сөз екі бөліктен «чия» және «бөріден» тұрады. Бұдан көне формасы Шағатай тіліндегі жазба дереккөздерде чөгабөри формасында кездеседі. Біздіңше, моңғол тіліндегі чино (көне формасы шинга/чинга) мен түрк тілдеріндегі чөга/чия сөздерінің түбірі бір. Осылайша моңғол тілінде чинга/чоно, түрк тілдерінде чөга/чия формаларын алуын әбден мүмкін. Кейін көптеген түрк тілдерінде тәуелсіз сөз ретіндегі сипатын жоғалтып, «бөрі» сөзіне жалғанып қасқырдың бір түрі мағынасында қолданыла бастаған сияқты. Қырғыз тілінде «тау қасқыры, қызыл қасқыр» мағынасында чөө сөзінің кездесуі осыны бекіте түседі.
      Қазақ халқы қасқырдың атын атамай, оны «ит-құс», «қанды ауыз» деп жатады. Ал еркіндік пен ерліктің символы деп таныған көк бөріні өз атымен атайды. Мысалы, көшпелі жұрт қастерлейтін көкпар ойыны осы көк бөрі сөзінен шыққан. Бұл ретте көкбөрі, көкжал сөздерінің де көкпен, дәлірек айтқанда аспанмен, Тәңірімен сипаттас болуында. Ендеше, Бөрте-чино айтатын көк бөрі оғландарының көктүрктер болуы да әбден заңды.
      Рашид-ад-диннің әйгілі еңбегінде Шыңғыс ханның 22-ші бабасы Бөрте-чиноның Ергенеқоннан шығатыны айтылған. Бұл орайда түрк аңызындағы бөрі мен Бөрте-чино арасындағы ұқсастыққа назар аударғымыз келеді. Сонымен қатар Ашина әулеті мен көктүрктерге ұран болған бөрі мен таутеке таңбасы Шыңғыс хан шыққан Боржигин (Бөрітегін) руының Бөрте-чино мен Маралдан тарағаны жайындағы аңызға сәйкестігі де кездейсоқтық емес. Көңіл аударатын тағы бір жайт, Ергенеқонды паналағандар – түгел түркі жұртының аңызға айналған түпкі атасы Оғыз ханның ұрпағы Ел ханнан тарайды. Оның үстіне, моңғолдар барақты – итті қастерлесе, Шыңғыс хан шыққан әулет бөріні кие тұтып отыр. Ендеше, бөріден тараған Бөрте-чино ұрпағы Шыңғыс хан көктүрктердің билеуші әулеті Ашинамен туыс-тектес болып шығады. Сондықтан, Ашина әулетін көктүрк қағандары етіп сайлаған күллі түрк жұрты бәтуаға келіп, оны хан көтеріп, Ергенеқондай биік шың мен құзға теңеп, «Шыңғыс» деп атаған сияқты. Ашина әулеті сияқты батысқа бет алған Шыңғыс хан құрған мемлекетті сондықтан ғұндар мен көктүрктердің заңды жалғасы деп атауға әбден болады.
     Ашина туралы аңыздардың бәрінде түрктердің шығу тегі бөрі арқылы тарайды. Қытай жылнамаларындағы аңыздағы бөрі, әуелі түрк қағанатының символы болса, кейін барлық түрк халықтарының тотеміне айналды. Түрктер мекен еткен аймақтардан табылған археологиялық мұралар да осы аңызды қайта еске салып тұратындай әсер береді. Мысалы, Бұғыты кешеніндегі тас ескерткіште аналық қасқырдың баланы емізіп тұрғандығы; Ром мен Римді емізіп тұрған аналық қасқырдың мүсіні; сақ-ғұн дәуіріне жататын Жетісудан және Ордос маңынан екі бөрінің тау ешкіні жәукемдеп жатқаны бейнеленген бір-бірінен айнымайтын екі археологиялық олжаның табылуы; Алтай, Монғолия, Тува және Қазақстанда жартас беттерінде кездесетін бөрі бейнелері бұл мәселені кең көлемде қарастыруды талап етеді. Мысалы, көне үйсін дәуіріндегі ерлік жырға арқау болған әйгілі аңызда Бөже батыр әулеттен аман қалған сәбиді ана қасқырдың емізіп тұрғанын көріп, оны ғұндардың қағанына тапсырады. Күнби деп атын қойған, ержеткенде жұрты «көк бөрі» атаған бала даңқты әміршіге айналады.
     Күн астында күндей күркіреп жортқан ғұндардың, көктүрктер мен Ашина әулетінің қасиетті ұраны уақыт пен кеңістіктің жойқын кедергісіне қарамай, қайта жаңғырып, жарыққа шықты. Араға ғасырлар салып, алаш рухы мен ұлт жадысының абыз шырақшысы болған семсер сөзді Сүйінбай:
Бөрі басы ұраным,
Бөрілі менің байрағым,
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым! – деп жырлап, есте жоқ ықылым заманнан ұлттың кодында, түпкі тұңғиық жадында сақталған көк түріктің бөрілі байрағын, Ашинаның айбарлы ұранын қайта жаңғыртып, санасы қалғи бастаған халқына қалқан етті.
     Елбасы мақаласында айтылғандай, әр қоғамның тамыры тарихтың тереңінен бастау алатын «рухани коды» болады. Ол халықтың жадында сақталып, ұлттың ұғым-танымында өмір сүреді, болашағына бағдар береді. Біздіңше, Ашина да жауынгер жұрттың жүрегінде жатталған сондай қастерлі «кодтың» бірі. Бөрілі байрақ көтерілгенде рухымыздың жаңғырып, аруақтанып кететіні де сондықтан болса керек.
         Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Толығырақ: https://egemen.kz/article/%E2%80%8Bashina

толығырақ

        Наурыз мерекесі туралы Шығыс ғұламасы, ақын, ғалым Омар ибн Ибрагим әл-Хайямның «Наурызнама» атты бірін-бірі толықтыратын қол­­жаз­баларының бірі Гер­мания­ның Берлин мемлекеттік кітапханасында, екіншісі Лондон­дағы Британ Ұлттық музейінде сақталған.

       Ұлы Санжардың өлімі­нен кейін Селжүк сұл­таны Мәлік шахтың мұрагер­лері обсер­ваторияға материал­дық көмек беруді тоқтат­қан. Зерт­теу­шілердің пайым­дауын­ша, Омар Хайям бұл қол­жаз­баны 1157 жыл шамасында Сел­жүк сұлтандығының жаңа билеу­шілеріне обсер­ва­то­рияның ғылыми маңызын түсіндіру мақ­сатында жазған.

       «Наурызнама» − күнтізбе тарихы мен оған байланысты реформалардың жүзеге асуы, исламға дейінгі Иран жерін­де Наурыз мерекесінің қалып­тасуы, тойлануы, мерекеге қатысты аңыздар мен әңгімелер, оның атрибуттары жайында жазылған бірегей туынды.

      Бұл шығарманы алғаш иран зерттеушісі Мужтаба Минави ағылшын және парсы тілдеріне аударып, 1933 жылы ғылыми ай­на­лымға ендірген. Қазіргі таңда осы нұсқа орыс және Орта Азия халықтарының тіліне, сондай-ақ, қазақ тіліне де аударылған.

         Қолжазба тарихи деректер мен сол заманда халық арасында таралған аңыз желісіне негіз­деліп жазылған.

        Омар Хайям қолжазбасында келтірген аңыз бойынша, парсы елінің ерте дәуірлердегі тәңірі Изид күнді жаратарда оған ерекше ықылас-мейір төккен, күнге үнемі қозғалыста болуды бұйырған. Күн өзінің жылдық айналымында әрбір жұлдызды бір айда басып өтеді. Он екі жұлдыздың бірі амалға күннің бірінші кірген күні, күн мен түннің теңелуі, көктемнің басталған күні болып есептеледі. Парсы патшалары дәл осы күнді айрықша атап өту үшін баршаға мәлімдеп, мейрам деп жариялаған. Осы аңыз желісі бойынша парсы әлемінің бірінші патшасы Каюмарс таққа отырғаннан кейін жылдың әр айы мен күніне ат қоюға, адамдар біліп отырсын деп жылнама жасауға жарлық берген. Жылдың басы парсыша фарвардин (наурыз) айы аталды. Каюмарс жыл есебін жасаған соң қырық жыл өмір кешкен, одан соң таққа Хұшаң, одан соң Тахмұрас, мұнан кейін Жәмшид отырған. Жылдың басы – мейрам күніне «Наурыз» деген атты осы Жәмшид берген. Оның патшалығы тұсында Иранды аждаһа-патша Закһақ деген атпен белгілі Баюрасп басып алады, әрі халыққа қатты азар береді. Кейін Жәмшид әулетінен шыққан Афридун оны өлтіріп, таққа отырады. Ол патшалықты қабылдаған күні мейір айының 21-не (қазіргі таңда қыркүйекке) сәйкес келетін меһірган мейрамын, яғни сабантой мерекесін жария еткен. Закһақтың езгісінен құ­тыл­ған халық бұл күнді жақсы күндер хабаршысы ретін­де мерекелеген.

       Наурызды тойлау Афридун тұсында жалғасын тапқан. Кейін Афридун өз патшалығын ұл­дары Тур, Сәлім, Эражға мирас еткен. Турға – Шығыс Түркіс­тан, Моғолстан, Әмудария аңғары, Сол­түстік және Оңтүс­тік Қытай­ды, Сәлімге – Кіші Азия­ны, Эражға – Парсы елі мен өз тағын берген. Осылай­ша Нау­рыз мейрамы шығыс ел­деріне тарайды. Гүшстасп патшалығына дейін 940 жыл уақыт өткенде заратуштра діні пайда болады. Гушстасп патша саратан (жаздың басы) шаруа үшін молшылық айы, алым-салық төлеу үшін де қолай­лы ай деп, мейрамды осы күнге бел­гілеген, төрт жылда бір келе­тін кібісе жылын есепке алды. Кібісе жылын есепке алу, наурыз күнін жазда той­лау Ескендір Зұлқарнайын (Алек­сандр Македонский – б.з.д. 365-323 жж.) заманына дейін жалғасып, оның тұсында бұл дәстүр доғарылған. Ардашер Бабақан (226-251 жж.) тұсында кібісе қайта есепке алынып, Наурыз тойы қайта жанданған. Нушараван (531-579) тұсында қайта тоқтатылды да, ал Мағмұн патша (813-833) Наурызды тойлауды қайта бұйырған.

      Наурызды тойлау жалға­сын тапқанымен, парсы абыздары­ның күнтізбені дұрыс бақылап отырмағандықтарынан наурыз 21-і күні жылдың басқа кезең­деріне жылжып отырған. Бұл парсы шаруаларын күйзеліске ұшыратқан. Себебі, наурызға дейін заттай төленіп бітетін са­лық­тың уақыты келгенде егін пісіп-жетілмеген. Парсы жерін­де егіннің алғашқы науқаны наурызда пісіп, халық салықты мер­зімінде төлеген.

     Таққа Мұтауаккил отырған соң (847-861 жылдар) 847 жылы Мұхамбет ибн Әбділмәлік деген уәзірінің кеңесі бойынша Наурыз күнін саратан айынан қайтадан фарвардин айына ауыстырған. Бұдан кейін Сейі­с­тан әмірі (Иран уәлаяты) Халаф ибн Ахмет тұсында (892-902) басқа күнтізбе жарияланған.

      Омар Хайямның заманында Селжүктер мемлекеті күн мен ай күнтізбесін қатар қолданып келген. Күн қозғалысына негіз­делген күнтізбе бойынша Күн­нің Жерді айналуы 365, 2422 тәулікке, яғни 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секундқа тең; Ай күнтізбесінің негізі Айдың жер­ді айналу уақытымен 29, 5306 тәулікке, яғни 29 тәулік 12 сағат 44 минут 3 секундқа тең бо­лады да, 12 ай 354 күн 8 са­ғат 48 минут 36 секундқа тең болған.

      Ислам дініне дейін араб­тар ортағасырлық еврей, қытай халқы сияқты ай-күн күн­тізбе­сін қолданып, 24 жыл циклда 13 ай қосылып отырған. 631 жылдан бастап Мұхаммед пайғамбар 13 айды қосуға тыйым салып, ай күнтізбесін енгізген. Мұсыл­мандардың ай күнтізбесі 622 жылдың 16 шілдесінен Мұха­медтің Меккеден Мәди­наға қоныс аударуынан баста­лып, хижра жылы 12 айға бөлі­ніп, күн күнтізбесінен 10 күнге қысқа, 100 күн жылына 103 ай жылы тең болады.

        Селжүктер сұлтаны Мәлік шах билік басына (1072-1092) келгенде Исфаһанда жаңа об­серватория салдырып, күн­тізбені қайта жасауға жарлық берген. Жаңа күнтізбе жасауға Хорасанның атақты ғалымдары Омар Хайям, Абу-л-Музаффар ал-Исфазари, Маймун ибн Наджиб ал-Васити, т.б. қатыс­қан. Осылайша 1079 жылы жаңа күнтізбе жасалып, кібісе жылдың табиғи қозғалысы қайта есептеліп, Наурыз мейра­мы 21 наурызға, күн мен түн­нің теңелуі 21-нен 22-не өте­тін уақытқа белгіленді. Бұрын­ғы күн­тізбеде жаңа күнтізбеден 16 күн айырмашылық болып кел­ген. Жаңа күнтізбе жасау кезін­де обсерваторияға аспан әлемін­­дегі жұлдыздардың ор­нын, қозға­лы­сын анықтай­тын «ұстарлаб» деп аталатын астрономиялық аспап орн­а­тылған. Осылайша Наурыздың күнтізбедегі тұрақты орны анықталды.

        Омар Хайям күнтізбесінде жыл ұзақтығы 365, 2424 күн, ол нақты уақыттан 0,0002 тәу­лікке қате, 1 қате күн 5000 жыл­­да жиналады. Ал бүгінгі қол­­даныстағы Григорий күнтіз­бесін­де бір жылда 365, 2425 күн бар, ол нақты уақыттан 0, 0003 тәулікке қате, 1 қате күн 3333 жылда жиналады. Омар Хайям күнтізбесі Иранда ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданыста болған. Исфахан обсерваториясы Мәлік шах өлгенге дейін 1092 жылға дейін жұмыс жасаған. Омар Хайям күнтізбесінің екі ерекшелігі бар. Бірі оның – нақтырақ дәлдігі, екіншісі – Күн қозғалысына негізделуі.

       Омар Хайям бойынша, б.з.д. 558-529 жылдарда патшалық құрған парсы патшасы Кир (Кейқұсрау) заманынан бастап Наурыз мейрамында рухани дінбасы патшаның алды­на тарту-таралғысымен келіп халық атынан құттықтау сөз айтқан. Тарту-таралғыға жүзім шарабы толы кесе, жүзік, динар (алтын ақша) мен дирхамдар (күміс ақша), бір құшақ арпа көшеті, қылыш, қорамсалы садақ, қалам-сауытпен келген. Рухани дінбасы: «Ата-баба рухына ғұрпына құлқыңды бер, әділ, әрі Аллашыл бол, жасың арпа көшетіне ұқсасын, жұрт сенен шапағат алып, мархабат көрсін, сарайың салтанатты, өмірің ұзақ болсын», – дей оты­рып, тақтың аяқ жағына динар, дирхамдарды шашқан. Шығыс халықтарының дүние­танымында «алтын күннен, күміс айдан жаратылған тас. Күн мен ай аспанның екі көзі, наурыз бен меһірган уақыттың екі көзі» деген сенім бар. Қылыш пен садақты жаугершілікте жеңіс әкелсін деген ырыммен сыйлаған. Жоғары мәртебелі сарай қызметшілерінің халыққа назар салуы, келесі жаңа жылға дейінгі шат-шадыман өмірге деген тілекті білдіретін еді. Дін­басылар халық атынан пат­шаны, одан кейін патша халық­ты құттықтап Наурызды мере­ке­леу сарай салтанатымен жалғасқан.

         Наурыз мерекесі жайлы мына деректерге назар аударып көрейік. Омар Хайям: «…Үш жүз алпыс бес күннің (күндіз-түнінен) ширегінен тұратын ұлы дәуірді «Ұлы жыл» деп атады да, оны төрт бөлікке бөлді. Үлкен жылдың төрт бөлігі өткенде үлкен Наурыз болады. Бұл кезде дүние жаңаланады. Патшалардың бір рәсімі бар: жыл басында олар жақсылыққа бағыштап, әрі жыл есебін белгілеп алу үшін, тыныштық өмір үшін баршаға қатысты діни жиындар өткізулері ләзім. Кімде-кім Наурызды мейрамдап қүншуақ жүрсе, келесі Наурызға дейін тыныш, бейғам ғұмыр кешеді».

       Наурызда арпадан дәм пісіріп жеу бағзы заманнан қалып­тасқан. Арпаның қадір-қасиеті жайында көне парсылардан мынандай аңыз келіп жеткен: Адам Ата бидай жеп қойғаны үшін жұмақтан қуылған. Адам бидайды қанша жесе де той­маған соң, Изид тәңіріден бидайды арпамен ауыстыруды сұрайды. Ол арпадан нан пісіріп жегенде ғана өзінің тойғанын сезген. Сол күннен бастап адам баласы жаңа піскен арпаны көрсе жақ­сылыққа жорыған, құтты ас санап, Наурызда жеген арпа күш-қуат береді деген.

      Тағы бір аңыз бойынша, 579-590 жылдары патшалық құрған Һурмуз фарвардин айында арпа егістігінен өтіп бара жатқан­да егістік суы тасып жолға шы­ғып кеткен. «Арпа дәні шарапатты, сабағы болса құтты» − деп көзеге сол судан су толтырып алып ішкен. Арпа егілген жерден тасыған судан ішкен адам келесі жылы арпа егілгенше сергек әрі бақуатты жүреді делінген. Табарстанның (Каспий теңізінің оңтүстік беті) сұлтаны Шәмсұл-мүлік Қабұс Вушмагир: «Арпа – пайғамбарлар мен тектілердің, әрі шаруалардың асы. Ал, патшалық дегеніңіз осылармен байланысты», – деген екен.

       «Наурыз» парсы сөзі бол­ғанымен, көне түркілерге, қазақ­тарға ерте заманнан кірігіп, сіңіп кеткен.

      Тәттігүл ҚАРТАЕВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

    https://www.egemen.kz/2017/03/18/110570

толығырақ

      

      Ежелгі түркілердің ұғы­мында Ұлыстың ұлы күні – ең ал­ғашқы күннің көкжиектен тууы, ең алғашқы бәйшешектің гүл атып қауыз жаруы, ең тұң­ғыш төлдің шарананы жарған қа­сиетті сәті, табиғат ананың буса­нып, бүкіл ғаламды, өмірді жарат­қан ілкі мезеті болып санала­тын. Ерте, ерте, ертеде таби­ғат ана толғатып, күллі өмір-тір­шілікті жаратқанда әлем ал­ғаш қалыптаныпты, сол кезде алып бәйтерек кішкентай ғана шілік екен, түпсіз мұхит шал­шық екен, заңғар таулар бір уыс балшық екен, қара тас сәби­дің еңбегіндей балқып жатыпты, алғашқы шыққан күннің нұрын бойына сенген түйе көре алмай, ойына сенген айлакер тышқан көріпті, сол кезден бері жылқайыру пайда болыпты дейді түркі әпсанасы.

       Түркінің он екі жылдық мүшелінде бірінші жыл неге тышқан болды? Күлдір-күлдір кісі­неген жылқы, қоңыр мінез қой, алғыр барыс, сахара кемесі түйе неге алға шық­па­ды бәйгеде? Себебі, мифологиялық-ерте­гілік эстетика ұдайы әлсіз кіш­кен­тайды дәріптеп, жеңістен же­ңіске жеткізіп, зорекер алып күштіні сүріндіріп, үнемі уто­пиялық әділеттің салтанат құ­руын жақтайды. Ендеше дала­дағы ең алып хайуан түйе мен ең кішік жануар тышқан бәсекелеседі де, нәтижесінде аңқау да көмбіс Ойсылқара оңбай жеңіліп, санаттан шығады, ал денесі әлсіз болғанымен, ақылы мен айлакер қулығы үстем шыққан тышқан Жылбасы мәртебесіне ие болады. Әйткенмен, ұлық мал түйені түркі-моңғол халықтарында он екі мүшелден қалдырмайтын әпсана да бар. Ол бойынша, мүшелдегі хайуандар бәрі жиналып, түйенің мүшелерін бөлісіп алған. Шынында да түйенің құлағы тышқандікіндей, тұяғы сиырдікіндей, кеудесі барыс­тікіндей, еріні қояндікіндей, мойыны жыландікіндей, шу­да­сы жылқының жалындай, жо­ны қойдікіндей, бөксесі мешін­дікіндей, төбесі тауықтікіндей, сандары иттікіндей, құйрығы доңыздікіндей емес пе!

        Сол он екіні біріктірсек, тұтас түйе құрастырылады. Осылайша түркі күнтізбе жүйесінде түйенің бөлшектенуінен он екі мүшел пайда болған деген тұспал, сырлы астар аңғарылады.
      Ұлыстың ұлы күні түркілер кілең жаңа ақ киім киетін, ақ боз атқа мінетін, ақсақал абыздан бата алып, ағарып атқан таң нұрына маңдайын тосып тәу ететін, ақ тағамдарды ішетін. Малшылық мәдениетті тірек еткен Тұран халықтарының бұл жаңа жылы кейіннен диқаншылықты негіз ететін түстіктегі сақ жұрағатынан таралған іргелес елдермен, әсіресе Иран өркениетімен араласып-құраласып, Наурыз деген халықаралық бірегей мейрам болып бүгінге жетіп отыр.

      Түркі Жаңа жылы қыс пен жаздың, өмір мен өлімнің тартысқан түйінді сәті ретінде рәмізделеді. Махмұд Қашқаридың «Қыс пен жаздың айтысы», ел ескілігіндегі «Қар мен қоянның айтысы», қыс иесі Зымыстан мен жаз иесі Табысқанның күресі – мұның бәрі ескінің құлап, жаңаның жалғасуын тұспалдайтын бейнелер. Алай-дүлей ақ түтек бораны ақырған қаһарлы қыс дала халқы үшін өлім иесіндей көрінген, құрт-құмырсқасы қыбырлап, гүл бәйшешек өнетін, қазы қаңқылдап келетін шуақты көктем шаруалар үшін өмірдің бейнесіндей сезілетін. Мифологиялық зұлымдық иесін «Қарабасқын» десе, толассыз жауатын ақ кіреуке қарды «Ақбасқын» деп атаған. Әлбетте, малды аяқ жайылым, ауыз жайылымға қойып аспан қабағын баққан көшпелі қауым сары аяз қысқан қысты жұт, алтын күрек самал ескен ақжарылғап көктемді құт деп ұққан.

       Сол себептен де Наурызда жастар Әз мырза мен Үт бике болып қолдұзақ ойнап, жаздың тез оралуын тілеген. Қыс иесі Зымыстан, Қалтырауық қамыр кемпір, Ақ боран секілді кейіпкерлер ойында жеңіліп тұра қашатын болған. Мұндағы Қалтырауық қамыр кемпірді өзбек, тәжіктер Аямажүз, Азиз-мома, Аджуз Калтирак деп атаған. Аджуз Калти­рак қолында таяғы бар ызғар шашып қал­ты­рап-дірілдеп жүреді, таяғымен кімді нұқып қалса, ол қалтылдақ болып қалады деп қорыққан. Хамал айында өліара мезетте күн райын бұзып жел соқтыратын боран иесі – Қалтырауық кемпір, ал оның екі ұлының аты Ақпан, Дақпан деседі.

      Құрбанғали Халиди «Отамалының желсіз, борансыз өтуі сирек болатын оқиға. Қыстың шығар мезгілі, суықтың әлсіреген уақытына тура келіп, оны арабтар «аяма жуз», «барды ажуз» әлсіреген күндер, әлсіз суық деп атайды» деп түсінік берсе, Мәшһүр Жүсіп Көпей бұл күндерді қазақ «Кемпірдің желі» деп атайтынын жазады. Алып дорбасына ызғарлы жел толтырып алып Наурыздың алдында сойқан салатын кесірлі кемпірдің бораны туралы хикая біршама халықтарға ұласып таралғаны байқалады.

      Мінеки, Наурыздың келуін қасиетті Күн салтанатының жеңісі, тіршілікке нәр берген көктем иесі Табысқанның үстем түсуі, ал оған қарсы шыққан, алты ай қыстай Ақбасқынмен төпеп, «жұт шашқан» Зымыстан бастаған неше алуан кесірлі күштердің жеңіліс табуы деп ұғу – негізінен Орталық Азия халықтарының танымына тән тәмсіл.

       Жайнаған көктеммен бірге қайта түлеп жаңаруды тілеген ел «Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін» деп ырым жасап, ескі кетік ыдыс-аяғын сындырып, өртеп те жіберетін болған. «Ескі ыдыс-аяқтың, түтіні шығар будақтап» дейтіні сол. Күн менен түн теңелген жаһан жаралған қасиетті шақта адамның бәрі теңдікке ие болған. «Күң құтылар сырықтан, құл құтылар құрықтан» дегендей бұл күні құл патшаның тағына отырып, бір күн билік етуге де рұқсат берілген дейді кәріқұлақ әңгіме. Ел көріскенде «Бір жасың құтты болсын!» деседі. Себебі, бұл күн адамдардың ғана емес, бүкіл ғаламның туған күніне саналады. Мұны жыл сайын қайталанатын, қазіргі адамдар әлем жаралған атамзамандағы ежелгі уақытқа саяхат жасап, ілкі бабалар мез­гі­лі­мен тоғысып, өзіне күш-қуат алу мүм­кін­дігіне ие бола алатын мифологиялық-ғұрыптық қасиетті нөлдік уақыт десек болады. Әлбетте, түркінің мифологиялық күнтізбесі – тарихи күнтізбедей сызық бойым­ен жалғаспалы емес, шеңбер тәріздес жыл сайын қайталанатын, мәңгілікпен үндесетін ұласпалы құндылық. Ол «Ата-баба не істесе, біз соны қайталаймыз» деген ғұрыптық-салттық жосынға арқа сүйейді.

Самалық,самалық!
Самарқанның көк тасы,
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Қап тауының көк құсы,
Жүгірді ме, көрдің бе?

       Иә, бұл күні жер алғаш жарал­ған­да­ғы­дай, күн алғаш туғандағыдай өмір-тіршілік дүр­кіреп қайта түлейді. Жаһан жаралғанда қара тас та был­қыл­дап еріп, мидай балқып жатқан дейді әпсанада. Сол ілкі асыл сәт жыл сайын ұлыстың ұлы күні қайталана бермек. Ендеше заңғар Қап тауының көк құсы көзін ашып, сеңгір биіктен ұлыстың ұлы күнінің нұрын көріп, Самарқанның көк тасы да бусанған табиғат ананың мейіріне балқып еруі тиіс. Мұндай асыл сәтті «судағы балық сезіп аунап түседі, қо­ра­дағы мың қойдың бірі түйсінеді» дейді ел аңызы.

      Бүгін ескірген самалық деген сөз ізгі жаңалық, алғашқы леп, перзент, кейде ұзақ сапардан қайтқан жолаушы алдынан жүгіріп шыққан балаларға арналған сәлем-сауқат деген мағына да береді. Құр­ғақ­шылық кезде аспаннан бұлт кө­рінсе, балалар кейде «Самалық» айтып, жауын шақыратын да болған.

      Самалық жырының кейбір шумағы өзбек балалары сандуғаш тұқымдас сайрауық пайыз торғайды алғаш көргенде айтатын мына өлеңге ұқсас: «Пайыз торғай, пайыз торғай! Есен-аман келдіңіз бе, Көзіңіз ашылды ма, бөстегіңіз шешілді ме?». Мұның мәні – пайыз торғай қыстай қой терісінен жасалған жылы бөстекке оранып ұйықтап жатып, көктем келгенде ғана көзін ашады екен-мыс. Қадым заманда халықтардың көбі жыл құстары қанатымен жадыраған жазды, жылы лепті әкеледі екен деп сенгендіктен құс пен шуақты көктемді байланыстырып, осылайша неше алуан аңыз-жырлар туғызған.

       Сахарадағы қазақ көк­тем­нің шуақ тө­гіп елжіреуін «Самарқанның көк тасы еруі­­мен» бейнелесе, Самарқанның ірге­сін­­­дегі өзбектер дәл мұндай әпсана айт­па­ған. Олар болжамы мүлт кетпейтін Қо­­лыжұмық деген ғажайып есепші күн мен түн теңеліп, Наурыз келгенін сезіп май­­дай жібіген қолындағы көк тасты пы­ша­ғымен тіліп елге көрсететін болған де­седі. Екі халықтың арасында айтылатын көк тас туралы арналы аңыздардың төр­кі­нінде жұлдыздарды бақылап, салдама жа­сайтын Ұлықбек расытханасының ке­реметінің көркемделген жұрнағы бар де­генді көптеген зерттеушілер айтады.

       Түркі халықтарының ұғы­мында ха­лық­тың жадында сақталған Әз Наурыз­дың бас кейіпкерінің бірегейі Қыдыр ата деуге бо­лады. Бұл кейіпкер кейде Қызыр-Ілияс деп қосарланып айтылады. Негізінен, Ілияс теңізде, Қыдыр құрлықта сапарда жүрген жолаушыларды жебейтін рух-ие деседі.

        Қазақтың мифологиялық түсінігінде бақ пен құттың иесі – Қыдыр ата. Сол себептен де ақ батада оның есімі жиі ауызға алынады:
Асың, асың, асыңа,
Берекет берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа…
Қыдырың қияласын,
Шаңырағыңа
Бақ құсы ұяласын!

     Кейбір деректе Қыдыр ата, кейде кері­сінше Бақтың көзі жабық, соқыр кейіпкер ретінде бейнеленеді, себебі олардың қасиетті жанары оқыстан түскен пендеге таусылмас дәулет бітеді-мыс делінеді.

        Қыдыр ата халық түсінігінде ақ киім­ді, ақ сақалды қария, немесе кезбе ке­дей, дәруіш кейпінде суреттеледі. Ол адам­дар­ға өңінде кездеспесе, түсінде аян арқы­лы көрінуі мүмкін деген наным бар. Кей аңыз­да оның көзі соқыр, ол сондықтан жа­рыққа құштар, сондықтан ел Қыдырмен жо­лығу үшін Ұлыстың ұлы күнінде жұп шырақ жағып, ырым жасайтын бол­ған. Ол мәңгілік жасайды, себебі өліп қай­та тірілген, немесе Ескендірмен бірге өлмес­тің суын іздеу сапарында киелі суды тау­ып ішкендіктен ажалсыз қаһарманға ай­нал­ған деген әпсана бар.
      «Қырықтың бірі Қыдыр» дейді халық. Күніге қырық адамға кезігіп сәлемдескенде соның бірі Қыдыр болуы да ықтимал. Қыдырдың бармағы сүйексіз. Сол себепті қазақ баласы бір-біріне амандасқанда қос қолын қатты қысып, ыстық қауышып, құшақтасады. Өйткені, бармағы сүйексіз былқылдаған Қыдырдың қолын сәтін салып ұстап қаламын деп те ел ырымдайды.

       «Ертеде Бақ пен Қыдырдың тау бөк­те­рін­де келе жатқанын көрген жетім-жесір, ға­ріп-кәсір, бай-манаптар барлығы ол екеу­інің алдын орап, шапағат сұрапты» – дейді ел аңызы – «Көзін жабағы қасы жап­қан Бақ тұқырайып тұрып, қалың қа­сын жалп еткізіп, басын жоғары көтеріп қалғанда, тау басындағы кемтар қызға көзі түсіпті. Қыдыр ақ таяғын қолына алып, жылап тұрған қызға қарата бір нұсқап қалыпты да екеуі де көзден ғайып болыпты. Көп өтпей әлгі қыз сауығып, күйеуге шығып, үйлі-баранды болып, басына дәу­лет дарып, барша мұратына жетіпті. «Бақ қараса – Қыдыр дариды» деген тәмсіл осы­дан қалған екен-мыс».

       Тағы бір аңызда: «Қыдыр әр адамға өмі­рінде үш мәрте кездеседі екен.Тек сол шапағатты сәтті сезініп, тілек тілеген адам­ға бақ қонады екен» делінеді. Кейде «Қыдыр атаның қолында қамшысы бар. Ол қа­сиетті қамшысын күн мен түн теңескен Ұлыс­тың ұлы күні көкке бір мәрте ғана к­ө­­тереді. Сол сәтте күн кенет қызып, тең­ге­дей мұз, тебінгідей тоң қалмай бал­қып еріп, табиғат жадырап, бусанып кетеді» дей­ді. Кейде «Қыдырдың қамшысы жерге түскенде дариялардың мұзы шарт-шарт сы­нады» деп иланады халық.

    «Пәленнің үйіне бір жаяу мүсәпір адам қоныпты. Нашар, жаяу қонақты үй иелері жөнді елемепті. Ертең ерте елең-алаңда тұрып, әлгі қонақ үй иесі кемпірге: «Бәйбіше, не нәрсеге мұқтаж, ділгірсіз?» деп сұрапты. Бәйбіше: «Байқұс, не нәрсеге ділгір болайық, тек бір-екі күннен бері ошағымның бір бұты түсіп қалып, сол ғана ділгір болып тұр» депті. Қонақ қош айтып, шығып кетіпті. Қонақ кеткен соң қараса, ошақтың түсіп қалған бұтының орнына алтын бұт бітіп қалыпты. Үй-іші жүгірісіп, аузын ашып аңқиып, санын бір-ақ соғып қалыпты. Қонақ Қыдыр екен» деген әңгімені бала күнімізде естіп, тамсанып, нанып, көзімізді шарадай қылушы едік», – деп жазады Сәкен Сейфуллин.

      Ендеше, алтын айдарлы тауық жылы барша шаңыраққа бақ қонып, Қыдыр дарығай!

Ақеділ ТОЙШАНҰЛЫ, фольклортанушы ғалым

      https://www.egemen.kz/2017/03/18/110563

толығырақ

     

       Қазақстанда түркологиялық зерттеулер қазір негізгі екі бағыт бойынша жүргізіліп келеді, олар: ерте дәуірдегі және одан кейінгі жазба ескерткіштерді зерттеу; қазіргі түркі халықтарының тілі мен мәдениетін синхронды зерттеу.

       Жазба ескерткіштерді кеңес түр­ко­логтары біршама жақсы зерттеді. Оларды жа­ңаша тұрғыдан Батыс пен Шығыстың, ТМД-ның, оның ішінде Қазақстанның ғалымдары да саралап-сараптауда.

    Дүние жүзінде 40-тан астам түркі тілі бар. 2009 жылғы халық санағына сәй­кес, Қазақстанда 25 түркі этносы мекендейді екен. Еліміздегі түркі ха­лық­тарының тілдерін, мәдениеті мен та­ри­хын синхро­нды талдау бүгінге дейін рет­сіз жүргізіліп келді.

       Қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу та­ри­хын, олардың жіктелуін, қазақ, орыс және басқа да тілдермен байланыста дамуын, сондай-ақ, Қазақстандағы түркі этностары мәдениеттерінің бір-біріне әсе­рін зерттеу де зор қажеттілік болып та­­былады. Төл топырағынан тысқары өмір сүріп жатқан түрік этностарының тіл­­дік құрылымы, олардың тілдерінің да­муын­дағы социолингвисткалық фактор­лар­­ды талдау аса маңызды.

       Жақын туысатын түркі тілдері мен әд­е­биетін біреуінің басымдыққа ие жағ­дайда өзара әрекеттесуін зерттеу де – ауқымы кең тақырып.

         Қазақстан Халықаралық түркі акаде­мия­сы, ТҮРКСОЙ, ТүркПА сынды инсти­туттар қызметінің, «Мәдени мұра» мем­­лекеттік бағдарламасының аясында түркі халықтарының рухани және ма­териалдық мәдениетін зерттеу үшін ма­ңызды қадамдар жасап отыр.

        Білім мен ғылым саласында да көп­те­ген жұмыстар атқарылуда. «Түрко­ло­гия» мамандығы бойынша Қазақстан­ның үш жоғары оқу орнында кадр­лар дая­р­ланады. Қ.А.Ясауи атындағы Ха­лық­аралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетімен қатар, осыдан алты жыл бұ­рын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінде түркология кафедрасы ашылды.

       ЕҰУ-да «Түркология» мамандығы бойынша барлық үш сатыда (бакалавр­иат – магистратура – PhD докторантура) білім беріледі.

        Кафедра ұтқырлық бағдарламасы аясындағы әріптестік, PhD докторант­та­ры үшін шетелдік консультанттарды шақыру, ғылыми форумдар мен се­ми­нарлар өткізу, жазғы және қысқы түр­ко­­логиялық мектептер ұйымдастыру ба­­­ғыттары бойынша халықаралық байла­ныс­­тарды белсенді түрде дамытып к­е­ле­ді. Бұл жұмысқа Ресей, Түркия, Гер­ма­ния және Венгрия елдерінің танымал түр­колог ғалымдары тартылған.

       ЕҰУ-дің түркология кафедрасы Германия, Венгрия, Түркия, Армения, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан ел­дерінің түркологиялық кафедралары­мен, Санкт-Петербург пен Мәс­кеу­дің ғылыми орталықтарымен жә­не түр­­кологиялық мектептерімен, Ресей Фе­дерациясының субъектілерімен (Хакасия, Тува, Таулы Алтай, Татарстан, Баш­құртстан) тығыз ғылыми байланыс­тарды жолға қойған.

        Түркология кафедрасы үшін шетелдік түркологиялық мектептермен, мәселен, негізгі жұмыс бағыттарының бірі ежелгі түркі жазба ескерткіштері, сондай-ақ жо­ғалып бара жатқан түркі тілдері са­ла­ларындағы зерттеулер болып табылатын герман мектебімен байланыс орнату өте тиімді.

       Қазіргі таңда қазақ-герман ынты­мақ­тастығы «Бұрынғы кеңестік Қазақ­стан­дағы түрік тілдері мен мәде­ниет­­терінің өзара қатынасы» атты ха­лық­аралық жобаның арқасында ны­ғай­ып келеді. Бұл жобаны Германия­ның Берлин қаласындағы Еркін университет, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ға­лым­да­ры­ның бір тобы «Volkswagen» қо­ры­ның грант­тық қолдауымен жүзеге асыруда.

      2014 жылғы мамыр айында бас­талып, 2017 жылғы тамыз айында аяқталатын бұл жобада мына мәселелер кешені қамтылған: Қазақстан аумағын мекендейтін түрік этностарының тілдік құрылысы, олардың тілдерінің дамуына әсер ететін социолингвистикалық факторлар, өкілдері Қазақстан аумағында тұратын, жоғалып бара жатқан түрік тілдерін (қа­райым, қырымшақ, шор) құжаттау.

      Осы жоба аясында Интернет арқылы барлық түркологтарға қолжетімді болатын электронды корпус жасалады. Бұл социолингвистикалық деректердің және Қазақстандағы түркі тілдерінің, оның ішін­де жойылып бара жатқан тілдер де бар, мәтіндік корпусының алғашқы элек­­тронды базасы болатынын атап өт­кен жөн.

        Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең социолингвистикалық зерттеу жүр­гі­зуге негізделеді. Осы мақсатта мына мә­селелер қамтылған арнайы анкета жа­салды: өзін-өзі тану, төлқұжат бойын­ша этностық және ұлттық ерекшелік; халықаралық некелердегі ұлтты айқын­дау; отбасы тарихы (отбасының көші-қон тарихы); тілдік өкілеттілік, түрлі жағдайлардағы тілдік қолданыс; түрік этнос­тарына көрсетілетін мемле­кеттік қолдау (мектепте оқытылуы, бұ­қа­ра­лық ақпарат құралдары); білім деңгейі және т.б.

       Анкеталық сауалнама Қазақстанның түр­лі өңірлеріндегі 2000-нан астам адам­ды қамтыды. Сауалнамаға қатыс­у­шылардың 54 %-ын әйелдер, 45 %-ын ер адамдар құрады. Зерттеу 10-нан 98-ге дейінгі жастағы респонденттер арасында жүргізілді. Респонденттердің басым бө­лігін 20-75 жас аралығындағы топтар құ­рады. Басқа жас топтары бойынша рес­понденттердің үлесі айтарлықтай тө­мен. Ең үлкен интервьюрердің жасы 98-де, ең кішкентайы 10 жас­та. Сауал­на­­маға қатысқандардың жас ал­шақ­ты­ғы 88 жасты құрады. Бұл түркі тіл­де­рі мен мәдениеттерінің даму ба­ры­сын­дағы ғасырға жуық аралықта бол­ған өзгерістерді айқындауға мүм­кін­дік берді.

       Зерттеудің екінші кезеңі Қазақстан­дағы жойылып кету алдында тұрған түркі тілдерін құжаттандыруға арналған. 2009 жылғы халық санағына сәйкес, елімізде 493 гагауз, 218 қарайым, 35 қырымшақ, 96 шор, 37 тувалық, сонымен қатар татарлар (204.229), әзербайжандар (85.292), түріктер (97.015) сынды саны көп түрік этностары тұрады.

       2014 жылғы наурызда Жамбыл облысына алғашқы далалық экспедиция ұйым­дастырылды. Жамбыл облысы Бай­зақ ауданындағы Мерке, Ақбұлым ауыл­дарын мекендейтін түркі тілді этнос­тар өкілдерінің аудио-бейне жазбасы жасалды. Неміс ғалымдары қазақ әріп­тестерімен бірлесіп, аудио-бейне құ­жаттаудың техникалық өлшемдері, ин­форманттардан сауалнама алу мен деректердің негізгі аспектілері, сонымен қатар метадеректер жүргізу арқылы тілдерді негізгі құжаттау бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды.

       2014 жылғы қыркүйекте жобаның екінші экспедициясы ұйымдастырылып, оған Франкфурт университетінің сту­денттері мен магистранттары, Л.Н.Гу­ми­лев атындағы ЕҰУ-дің түрко­ло­гия кафедрасының, сонымен қатар М.Х.Ду­лати атындағы Тараз мемлекеттік уни­верситетінің магистранттары қатыс­ты.

       Жас зерттеушілерге құжаттаудың жа­ңа машықтарын, материалдарды ха­лы­қ­аралық стандарттарға сай дұрыс өң­деуді, социолингвистикалық зерттеу­лер материалдарын мұрағаттауды мең­ге­­руге керемет мүмкіндік жасалды. Ең бас­­тысы, түрлі этностардың өздерінің аман-есен, тілдері мен мәдениеттерін сақ­­­тап қалуға көмектескен қазақ хал­қы­­на деген алғыс сезімдерін жет­кіз­­­ді. Еліміздің түрлі өңірлеріндегі мә­­­­дени орталықтардың жетекшілері өз халықтарының өкілдерінің жас­та­­­рымен де, қарттарымен де кездесу ұйым­­­дастыруға үлкен қолдау жасады, әр этностың өкілдері бастан кеш­кен қа­сі­рет­тері туралы баяндап, Қазақ­стан­ның аза­маты екендіктерін мақтан тұ­та­тын­да­рын айтты.

       Сөз жоқ, аталған халықаралық жоба Қазақстан мен Германияның ака­де­мия­лық дәстүрлері мен ғылыми мек­теп­тері арасындағы өзара түсіністік пен же­місті ынтымақтастыққа оң ықпал ете­ді, сондай-ақ, екі елде түркологияны да­мытуға көмегін тигізеді.

      Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВЛ.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

    https://www.egemen.kz/2017/03/17/110127

толығырақ

Қазақстанда тұңғыш рет Turkvision байқауы өтеді

        Қазақстанда тұңғыш рет Turkvision байқауы өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
     «2017 жылдың айтулы оқиғаларының бірі - «Turkvision» заманауи эстрада әндері байқауы болмақ. Бұл байқау түркі халықтарының тамыры бір екендігін насихаттайды. Байқау елімізде алғаш рет өткізілмек. Бұл қазіргі уақытта келісілген дүние. Біз қонақ ретінде бұған дейінгі байқауларға жеңіске жеткендерді шақырудамыз», - деді ол.
     Turkvision - түркі тілдес мемлекеттер арасындағы эстрадалық әндер байқауы. Байқауға  түркі тілдес мемлекеттер, түркі тілдес автономдық аудандар мен түркі тілдес халқының көпшілігі бар мемлекеттер ғана қатыса алады. Қатысушы елдер мен аудандар байқауды жартылай финалдан бастайды. Әр қатысушы мемлекетінің төрешілері өз мемлекетінен басқа қатысушыларға 1-ден 10-ға дейін балл бере алады. Жартылай финалдағы үздік 12 қатысушы финалға жолдама алады.

толығырақ

      Ондаған ғасырлар бойы күллі Азияда салтанат құрған көшпенділердің тарау-тарау тарихы - біздің ел болып қалыптасуымыздағы негізгі ұстындардың түп қазығы. Олай болса, бұл жайында зерттеушілер не дейді?
 Көк түріктен Шыңғысханға дейін

       Ғұндарды барша түрік текті ұлыстардың ата-бабасы ретінде қарастырады, ал олар қалайша түрік тілді?
     Қытай жылнамаларында түріктерді ғұндардың басқа бір әулеті деп қарайды. Одан бұрын жасаған телелер түрікпен ұқсас, салты да, тілі де бір. Телелерден шыққан ұйғыр тайпасының тілі түрікше, бұны Махмұт Қашқари: «Ұйғырлардың тілі таза түрікше» деп баяндайды. Ұйғыр қағаны Мойынчордан қалған бітіктастағы тілде түркі қағаны Білге қағанның құлыптасындағы тілмен ұқсас. Ендеше, оғыздар да түрік. Онда оғыз бен ұйғырдың ата-бабасы телелер, яғни, төлестер де түрік болады. Қытай тарихнамаларында телелер мен ғұндардың салты бірдей, тілінде тек аздаған парық бар дейді. Бұған негізделсек ғұндар да телелермен ұқсас түрік тілді халық болады, бұған еш күмән келтіруге болмайды.

      Еуропадағы орыстың түрікпен өрттей өш тарихшылары үшін ғұн түрік емес, қазіргі моңғол атанған халықтың арғы атасы. Себебі, оған тілдік дәлел аз екен, сондықтан оны түрік деп тұрақтандыруға болмайды екен, ал әдет-ғұрпы да, тілдік жақтан да дәлел аз болса да ғұн моңғолдың ата-бабасы екен де түрікке келгенде құлпытасқа жазылған жазу болмаса мойындамайды екен. Ендеше, моңғолға келгенде еш дәлел болмаса да моңоұл дей салады. Сондықтан олардың ұғымында ғұн, сәнби, жужан, моғолдар моңғол екен. Әрине, дәлелі аз болса да, ана түрік, теле, ұйғыр, оғыз, қыпшақ дегендердің құлпытасы және Махмұт Қашқаридың сөздігі арқылы зорға түрік деп танып отыр, егер олар болмаса оларды да моңғол дей салар еді. Оларға Якүтиядан Анадолыға дейінгі 200 миллион түрік аспаннан түскен, ел құрмаған бйшаралар екен де, 10 миллионға толмайтын моңғол атанғандар бәрін істеп, бәрін тындырған болып көрінеді екен. Қазақ елі 80 пайыздан артығы моңғол болып, өздеріне бағынған азғантай қаңлы, қыпшақтардың тілінде сөйлеп түркіленіп кеткендер екен!.
         Осы айнымас ақиқат болып орныққан теоряны аударатын кез келген сыңайлы.

      Бір ғажап жері Шыңғысхан бастаған моғолдардың құрамында қиыр шығыста үйсін, дулат рулары болған, үйсіннен Борохол ноян шыққан, дулаттар кейін Моғолыстанның негізгі билігін ұстаған. Осы екі тайпаның тарихы тым әріде жатыр. Үйсін 2000 жыл бұрын ғұн заманында Шүлентаудан Іле, Жетісуға келіп хандық құрған. Кейін елінің саны 630 мыңға, әскері 188800-ге жеткен. Дулатты сол үйсін күнбиі Елжаудың ортаншы ұлы Дұлудың еншісіне тиген ел деп қарайды. V ғасырда үйсін елі жужандардың шапқыншылығынан жойылады. Содан тартып үйсін атауы тарихтан өшеді. Тура X ғасырға келгенде қиыр шығыста шығыс Моңғолиядан бой көрсетіп тұйғын, мүркеттермен бірге қидан ханына тарту тартып барады. Бұл туралы: «938 жылы 14 тамыз күні шүршіттен, 24 тамыз күні тұйғұн, үйсін, мүркеттен де мәмілілік кадесімен елшіліктер келді» («Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» 3 том, 168-бет).
       Қидан патшалығына қарасты елдердің тізіміндеде үйсін елі «Хан ордасы» деп аталады.
     Ал дулаттар Шыңғысхан заманында қияттардың нирун табындағы рулардың қатарынан бой көрсетеді. Әл дулұ атты ұлыс. Олар Батыс түрік қағанатының белді руларының бірі болған.

       Бұл жерде енді бір қайшылық қайдан шықты? Сонда бұлар қалайша батыста жүрген елдер бірі үйсін 5 ғасырдан соң, ал дулат 3 ғасырдан соң шығыстан бой көрсетеді? Әлгі аталмыш Еуропа мен орыс тарихшылары бұған бас қатырмаған, олардың ойында батыс түрік қағанаты жойылған соң дулаттар да жойылып, бейне жер бетінен жоқ болған да аяқ астынан Шағатай хандығы құрылғанда пайда бола кеткен, Сосын қазақтың бір руы болған. Ана шығыстағысы ол моңғол-қазақпен қатыссыз дейді. Үйсіндер де солай екен, VI ғасырда жоғалып кетіп IX ғасырда шығыста моңғол руы атымен пайда болыпты да олар моңғол империясын құрған дәрлекін қияттың бірі болыпты. Оның да қазақпен қатысы жоқ, қазақтағы үйсін ол V ғасырда жужаннан жойылған беті бишара болып жүріп Моғолстан құрылғанда барып қайта ел болыпты. Ешқандай тарихи оқиғаға араласпаған, тауда мал бағып қана жүрген, қазақтың үйсін-дулаты мен ана қияттың үйсін дулаты аты ғана ұқсас, бір ел емес екен. Ол ғана емес атағы таудай бір орыс тарихшысының айтуынша Шыңғысхан заманындағы айбынды найман тайпасы да қазақтағы найман емес. Осылайша ұлы жүздегі біткен қазақтың көбі тарихсыз болады.

       Ал кіші жүздер ше?

       Бірен-сараны болмаса олардың да тарихта аты жоқ тобыр ғана деп есептейді. Орта жүздың қыпшағы Батумен, Шыңғыс қырғынынан аман қалған бейшаралар да, ана керей, найман, қоңырат, жалайыр, меркіт дегендер Шыңғысханнан жеңіліп қашып келген қашқындар екен орыстардың ойынша.
      Қият руларының тізімінде сұнұт атты ру болса, түріктерде сонон руы болған; Марғұз бастаған зубу, яғни, Сәбек (сүбүк) кейінгі керейді құраған. Ашина тайпасының бір руы солтұ болса, қияттың бір руы солтос, Қорқыттың руы оғыз ішінде баяуыт, ал қияттың дәрлекін табының бірі тағы баяуыт, наймандар сегіз оғыз. Батыс түріктің бір руы шаныш болса, қияттың бір руы шанышқұт. Ғұнның бір руы сүбүк, ал түріктің бір руы сүбүк, керейлер сүбүк, ғұнның бір руы құян болса, Шыңғысхан қиян (қият). Қандай ғажайып ұқсастықтар?
       Ғұндар: сұбұк, чұлұн, ланди, лан, құян, сұбұй қатарлы 6 тайпаға бөлінген. Мұнда сүбүк түріктің сұбұ, яғни сәбек руымен аттас тағы чұлұн, чұмұл руымен аттас, құян Шыңғысханның қиян, яғни қият руымен аттас. Демек, әр кездегі деректер де әр түрлі хатталса да негізгі дыбысталуы өзгермеген.
Мына дерекке қарайық: «Теле тайпаларының қатарында бүркіт, тоңыра, құйғыр, байырқы, бұғыра рулары, бұлар тула өзенінің солтүстігінде тұрған.
      Мөнден, танағыр, сегет, ғұн, қоқсыр деген арыстарының соғысқа жарамды адамы 20 мыңдай Ұбырдың батысы мен Әнгенің терістігіндегі ақ тауды қапталдай қыбыт, бұлақшық, едер, сұба, нағар, оғыз, қырғұт, ядыр, иүрегірлер отырады. Бұлардың да соғысқа жарайтын адамы 20 мыңдай. Алтайдың батыс күнгейінде сыр-енда, тайнақ, зыбан, дарқыттар мекендейді. Бұларда жорыққа 10 мыңдай адам аттандыра алады. Қаңлының теріскейіндегі Еділ өзенінің бойын едіз, ғажар, барғұт, биған, қоқы, қабыш, ажасу, баяуыт, кердерілер мекендейді, Бұларда жорыққа 30 мың адам аттандыра алады. Теңіз көлінің шығыс және батыс жағалауларында салар, қият, үш сақсын, марсұқ, сақыралар отырады. Бұларда 8 мыңдай жасақ бар. Пұрұмның батысында ұңғұт, алан, печенек, құлас, барғұндар мекендейді, бұларда 20 мыңдай жан бар. Солтүстік теңіздің күнгейінде тыбалар отырады. («Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» 2 том 340 бет).

       Ал V ғасырдағы қаңғарлар арасында ғұнның құян, яғни, қият руы қайдан жүр деп таңғалуыңыз мүмкін. Бүған еш таңғалудың қажеты жоқ, бұлар ғұндар батысқа Еуропаға ауғанда Каспийдің маңында қалып қойғандар деуімізге болады.

Үйсіндер түрік пе, парсы ма?

       Орыс тарихшыларының ойынша 2000 жыл бұрын Қазақстанда жасаған сақ, қаңлы, алан бәрі түрік емес. Қытай деректерінде үйсіндердің ғұндардың бір түрі екендігі айтылған. Елжау күнбидің бөрі аңызы да түріктерге ұқсас. Бұған негізделгенде, үйсіндер даусыз түрде түрік болады. Сөзінде тұрақ жоқ орыс тарихшыларының үйсін молаларына жасаған анализінде үйсін 80 пайыз еуропалық болып шығыпты. Міне, еуропалық нәсіл болса түрік емес (тағы бір қайшылық жері сол сары нәсілді таза түрік тілінде сөйлеген түркі халықтарын әсіресе, көшпенділерді моңғолданғандар, анық түрік емес деп, ал керісінше орта шығыс еуропа шегіне барып бүкілдей еуропаланған түркиялықтарды нағыз түрік деп санайды, сонда түрік қай нәсіл?)

       Тарихи деректерде үйсіндердің алғашында 20-30 мың ғана әскері бар шағын ел екендігі айтылады. Олардың санын көбейткен сол Іле, Жетісудің тұрғылықты сақтары.

       Сақтар иран текті болсын дейік, ондай болғанда ана орыс архологтарының үйсіндер деп жүргенінің көбі сақтар болады, олар үйсіндерге бағынышты сақтардың моласына зерттеу жүргізген болады. Қытай деректеріндеде: «Үйсіндер шүңірек көк көзды, жирен шаш-сақалды, ат жақты келеді» деп айтылады. Сол 630 мың халықты қаншасы үйсін, қаншасы сақтар? Алғашында 30 мың әскері бар үйсіндерде 150 мың адам болады. Демек, 75 пайыздан артығы жергілікті адамдар деген сан шығады. Үйсіндерді таза сары нәсіл деуге болмайды, ғұндардыңда 11 пайызы еуропейд шыққан. Олардың батысында иүзілермен (тохарлар) аралас жасаған үйсіндерде еуропалық құрам онанда көп болуға тиісті. Жужандар Үйсін мемілекетін жойған кезде осы бағынышты сақтар үйсіндерден тәуелсіздік алады, үйсін одағы ыдырайды, тағы шапқыншылық соғыста да қырғынға ұшырайды, бас сауғалап бөтен елдерге телім болатын жағыдайлар көп. Сонан үйсін әлсіреп кіші елге айналады, бұндай жағыдай кейінгі түрікпен, ұйғырдың да басынан өткен, оларда мемлелеті құлаған соң азайып әлсіз елге айналған.
        Түрік қағанаты құрылғанда үйсіндер сол Батыс Түріктің құрамындағы шағын ел болса керек. Сондықтан үлкен есепке кірмеген болуы мүмкін. Ол кезде үйсіннен шыққан дулат, яғни, дулұлар белді руға айналған. 657 жылы батыс түрік жойылған соң бұлардың аты өшеді, батыс түрік одағындағы түркештер басты күшке, кейін шығыстан келген қарлықтар басты күшке айналады. Онан кейінгі қарахан дәуірінде Махмұт Қашқари дерегінде де түрік тайпаларының қатарында үйсін, дулат жоқ та онан бұрынғы “құдұд әл ғаламда" да аталмайды. Шыңғысхан жорығынан бұрын қазақ даласындағы қыпшақ руларының қатарында қаңлы бар, тағы үйсін, дулат көрінбейді, жетісуда да аталмайды. Тек Шыңғысхан жорығынан кейін Шағатай хандығындағы рулармен Алтын орда руларында атала бастайды. Демек, олар даусыз түрде Шыңғысхан жорығымен бірге қазақ даласына келген керей, найман, қоңырат, жалайыр, оңғұт, меркіт, қатаған, барлас, дүрбен, маңғыт, т.б руларымен бірге келген болады. Анық ақиқаты да солай. Олар қияттар, үйсіндер, дулаттар, баяуыттар бұрын қазақ жерінде жасап, кейін шығысқа көшкен. Арада бірнеше ғасырдан соң мекеніне қайта оралған. Бейне жоңғар соғысында қазақтардың араға 2 ғасыр салып шығысқа оралғаны іспетті.

       Қоңыраттың батыры «Алпамыс» жырында да қоңыраттардың қазіргі Өзбекстандағы Жиделі Байсынды жайлағаны айтылады. Қоңыраттар кейін шығыс Моңғолиядан көрінеді, кейін олар да қайтадан сол Жиделі Байсынға келеді…

Түрік тайпаларының шығысқа қоныс аударуы

      Неше ғасырдан бері түркі қағанаты туралы көп зерттелсе де түркі қағанатын түрік тайпасы құрғаны туралы орыс тарихшылары айтпай келді. Түрік тайпасы ол тағы ішінен ұсақ руларға бөлінеді, оның ауызға алынатыны тек ашына әулеті ғана, бұнда не сыр бар?
       Себебі өте анық, түрік руларының ішіндегі рулар моғол руларымен аттас, кейінгі Шыңғысхан шыққан тайпа да сол түріктердің шығысқа кеткен тобы болғандықтан, оны жазса бүкіл әлем алдында өтіріктері айпарадай ашылатындықтан айтпайтыны табиғи.
Түркі текті ұлыстардың қайсы бірі қағанат құрса мемлекет сол ұлыстың атымен аталатын болған. Мысалы, түрік тайпасы Түрік қағанаты, ұйғыр Ұйғыр қағанаты, оғыз Оғыз қағанаты, қарлық Қарлұқ қағанаты, түркеш Түркеш қағанаты, қараханилар әулеті, қимақ Қимақ хандығы, қыпшақ Қыпшақ хандығы. Орыстың зерделі тарихшылары сол басқасын жазса да түрік қағанатын түрік тайпасы құрғанын, түрік атымен атанған тайпа құрғанын сырт айналып кеткен. Кейін оның орнына түріктен басқа түркі тектес руларды алға тәртқан. Тіпті, түрік қағанатын оғыздар құрған деген де логика шығарған.

        Түрік қағанатын құрған түрік тайпасының рулары туралы мынадай деректер бар:
630 жылы Шығыс Түрік, 657 жылы Батыс Түрік қағанаты Таң патшалығы жағынан жойылғаннан кейін, Шығыс түріктерді Гуанней бұлығы арқылы басқарған онда 19 дуан, бес тұтық түрік, 18 дуан, 9 тұтық құйғыр болған. Одан сырт, Хыбей бұлығында 2 дуан түрік болған, одан басқа кидән шығайлар 17 дуан, ғилар 9 дуан болған. Батыс Түрік қағанаты жеріндегі Лұңю бұлығында удан, 27 тұтық түрік болған.
         Жишияң тұтығына 4 дуан қараған, олар атық дуаны, ашына тек ұлысында құрылған, шішпет дуаны шішпет ұлысында құрылды, сұнұн дуаны сұнұн ұлысында құрылды, баян дуаны. (бұлар елік қағанның қауымы еді).
          Жоғарыдағылар шияжоу тұтығына қарады.
       Иұнжұң тұтығына бес дуан қарады (оларда Елік қағанның батыс ұлысы еді). Олар шал дуаны, шал-тұл ұлысында құрылды, ашына дуаны-ашына ұлысында құрылды. Чык дуаны чік ұлысында құрылды, сәбек дуаны, бәгдең дуаны.
     Самған тұтығына торт дуан қарады. Олар үкек дуаны-үкекше ұлысында құрылды, неш дуаны тәдінеш ұлысында құрылды, беріш дуаны беріш ұлысында құрылды. чырақ дуаны.
      Қағиян тұтығына 3 дуан қарады, олар: қара дуаны-қара ұлысында құрылды, қарлық дуаны, едіз дуаны.
       Жоғарыдағыларды тәңірқұт басқақтығы басқарады. (Моңғол үстіртінің шығысындағы һинган тауының батысында, Ергүна өзеніне қарай сөлтүстікке орналасқан).
      Сенле дуаны-кермәндәнің ұлысы үшін құрылды (кермәндә адам аты). Ғұнсу дуаны (қарлұқтардың өтүкен тауын қоныстанған сол қанат ұлысы үшін құрылды, бөрілі тау дуаны (қарлықтардың оң қанат ұлысы үшін құрылған).
        Кенгүн тұтығы (қырғыздар, оны шыбара ябғұ басқарған).
       Жоғарыдағыларды әнбей басқақтығы басқарған.

Хыбей бұлығы
Түрік екі дуан
      Түріктер тыныштандырылғанда лиңжоу, иұйжоу дейтін екі дуанның жерінде түрік ұлыстары үшін шұнжоу, южоу, хуажоу, чаңжоу қатарлы 4 дуан тұтық құрылды және беикай, бейниң, бейфу, бей ән дейтін 4 дуан тұтықта құрылды… Сұнұн ұлысы бөлінгенде де өнен ауданы құрылып, билік орталығы шюрұң болды да шұнжоуға қарады, кейін бәрі қалдырылды… Рұйжоу дуаны, ол ұтұқан тарқанның ұлысына иыңжоу өңірінде құрылды…Жоғарыдағыларды баста иыңжоу тұтығы басқарды, кейін ли жинжұң иыңжоуды басып алып, шұнжоуды южоу тұтығына бөліп бергенде, түріктер сұңжоу өңіріне көшірілді.
Лұңю бұлығы
Түрік 3 дуан, 27 тұтық.
Гаулан дуаны-ашына тек ұлысында құрылған.
Шиңши тұтығы
Тыка дуаны, керлақ дуаны
Мыңчы басқақтығы, ашына қара ұлысын негіз етіп құрылған.
Күнлиң басқақтығы
      Бөкен тұтығы-шүмуген тұтығында құрылған. Орлык дуаны-түркеш саға тұтығында құрылған. Кертау тұтығы түркеш алаш тұтығында құрылған. Екы өгіз тұтығы шеп шад, тон чор ұлыстарында құрылған. Иыңса тұтығы-шаныш шопан чор ұлысында құрылған. Тұзкол дуан тұтығы-күлік чор ұлысында құрылған. Барқынтау дуан тұтығы-қарлықтың 3 ұлысы 3 тұтыққа бөлінгенде бұлақ ұлысында құрылған. Дешты құм дуан тұтығы-қарлықтың чігіл ұлысында құрылған.шуанчы тұтығы-қарлықтың ташылық ұлысында құрылған. Жиыфу дуан тұтығы.
Лұнтай дуан тұтығы
Жемсәрі дуан тұтығы-чұңұт ұлысы үшін құрылған.
       Яғыма дуан тұтығы (яғыма руы), янлу дуан тұтығы, қағай дуан тұтығы, қасо дуан тұтығы, батыс түзкөл дуан тұтығы, шығыс түзкөл дуан тұтығы, чілік дуан

      Тұтығы, кашет дуан тұтығы, иыңлақ дуан тұтығы, шада (шада түрік) дуан тұтығы, далан дуан тұтығы («Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» 2 том, 463-473 беттер).
        Енді мына деректен мынадай рулардың тізіміне ие боламыз: ашына тек (ашына руы, түріктердің қағандары осы рудан болады), шішпет, сұнұн, баян, шал-тұл, чік, сәбек, үкекше, тәдінеш, беріш, қара, қарлық, едіз, қырғыз, сегет, шүмуген, түркеш, шәніш, күлік (құйлау депте аударылады), яғыма (жәймә), қасо, шада.
       Бұның ішінде түріктен жат ру бар ма деп сұрарсыз, беріш руы қазірде кіші жүз қазағында бар, кейінгі қазар қағанатындада бершілік деген тайпа болған. Бұл бір тайпаның екі тарапқа бөлінуі ғана (ғұндардың ата мекеніндегілері мен Еуропаға кеткендері сияқты). Беріш Хазар қағанатында екі негізгі тайпаның бірі болыпты. Кейін қарлықтар ел сұрағанда қарлықтарға кірген беріштер де болған. Мысалы, «құдұд-аал-ғаламда»: «Осы екі қыстақтың арасында (құлан мен меркі) үш қарлық тайпасы бар, олар бирыш, қай, бистан» .
        Бұндағы қай әсілінде оғыздардың тайпасы. Қарлықтар бастабында 3 қарлық атанған. Олар: бұлақ, жүз, ташылық рулары болатын. Қазірге қарлықтарды түрік тайпасының бір бұтағы деп кесім айту ертерек. Сондықтан, қарлық түрікке жатпаса, оған кейін кірген беріш түрікке жатуы әбден мүмкін. Қырғыз ғұн заманында жианкүн деп қатталған ежелгі ұлыс, шадалар түрік текті чұңұттардан тарайды. Едіздер мен сегеттер ұйғыр одағындағы рулар, оны да түрік деп кесіп айта алмаймыз. Ал қасо тайпасы да 3 қарлықтың құрамында болмаған, қарлық одағына кейін кіргенін білеміз. Демек, олар түрік болуы мүмкін.
       Осылайша түрік тайпасы ретінде мына руларды тұрақтандыруға болады:
Ашына, шішпет, сұнұн, баян, шалтұл, чік, сәбек, үкекше, тәдінеш, беріш, қара, шүмуген, түркеш, шәніш, күлік (құйлау депте аударылады), яғыма (жәймә), қасо.
      Яғыма тайпасы мен қара тайпасы кейін Қарақанилар мемілекетін құрған, мемлекет атының қарахандар атануында ол қағандардың қара руынан шыққандығы болса керек. Мемлекет аты қара болғанымен билеушілері өздерін түрік атаған, оған дәлел сол қарақандар мемілекетіндегі ақсүйектерден шыққан атақты тіл ғалымы Махмұт Қашқаридың өзін түрік атағаны, «Түрік тілдер сөздігін» жасағаны.

      Егерде ол Түрік тайпасы болмаған болса, не басқа түркі текті рудан болса сөздік атын олай қоюы екіталай еді.
        Кейін Шыңғысхан заманында бұндағы сұнұн руы-сұнұт, сәбек руы тұғырылдың атасы марғұздың тұсында сәбек (зубу, 1090 жылы Марғұз сахарадағы руларды біріктіріп Зубу патшалығын құрған. Десе де 10 жыл ғана өмір сүріп, татарлардың сатқындығы салдарынан қидандар оны ұстап ағаш есекке шегелеп өлтірген. Сонымен, Зубу қағанаты құлаған). Қара руы да керейлермен байланысты, керейт кидән тілінде қаралар немесе қарғалар деген мағынада. Рашид-адин да керейлерді бір ханның сегіз ұлы өңкей қара болғандықтан керейлер атанған дейді. Ол тек өң-түсіне ғана емес киген киіміне де қаратылса керек Ол заманда, яғни, 10-12 ғасырларда сахарадағы керей сияқты руларды қара татар атаған.
         Сол тектес түрік рулары қара қаңғалылар атанған. Қойлау керейдің ителі руының арғы тегі, шумуген шимойын болуы ықтимал.
       Ал түркештер - Түркеш қағанатын құрған ру, шәніш кейін қият руларының ішінде шанышғұт (шанышқы немесе шанышқылы) атымен белгілі.
         Бұл ғана емес, ашына руының өзі мынадай руларға бөлінген: Ашінә, қали, ашашымды, шары теөлис, луад, парсиян, сұнұн, небдәл, рінгикеۈ, солто, янты. Бұлар түрікше жазу бойынша оқылу болмағандықтан парықтау қиын, бұндағы солто руы қияттың сұлтұс (бұндағы с көпше мағынада, айталық, байыс, байт) руы болып шығады.
Түріктер ғана емес, оғыздардың баяуыт руы да қияттардың дәрлекін табындағы баяуыт руы болған, меркіттің бір руы да оғыз меркіт болған. Ал жалайырды ұйғыр қағанатының хан әулеті яғылақармен байланыстырады. Чұңұт, яғни кейінгі шадалардан оңғыттар тарайды…
        Түрік тайпасы қанша адам болған?
          Түрік тайпасының адам саны қалайда 200 мыңнан кем болмаған, 550 жылдары Бумин қаған алғаш бас көтергенде 50 мың отбасы төлес тайпаларын бағындырған, соған қарағанда 50 мың түтін немесе одан да көп деп айтуға болады. 630 жылы Елік қаған жеңілгенде оған қарасты 100 мың адам ішкеріге көшірілген, кейін сахараға қайта қайтарылған. Бұл Шығыс Түріктің барлығы емес, оған тағы Батыс Түрік қағанатындағы түріктерді қосыңыз, қалайда 200 мыңнан кем емес.

Батыс түріктермен шығыс түріктердің шығысқа көшірілуі

       601 жылы 7 мамырда түріктердің ер-әйелі болып 90 мың адам келіп бағынды». («Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2 том, 764 бет).
         630 жылы Шығыс Түрік қағанаты жойылған соң Шығыс түрік жеріндегі түрік тайпасы ішкі қытайға көшіріледі.
        Қытай деректерінде: «Елік күйреген соң оның қол астындағылардың бір бөлігі Сыр-ендаға паналады, бір бөлігі батыс өңірге кетті. 100 мыңнан астам адам Сарайға бағынды. Таң патшасы уәзір Уын Янбоның ұсынысын қабыл алып, түріктерді солтүстікте Южоудан Лиңжоуға дейінгі шұнжоу, южоу, хуажоу, чаңжоу дейтін торт тұтық құрды және Еліктің байырғы жерінің сол жағынан диңшиң, оң жағынан иұңжұң тұтығын құрып бір тұтас басқарды. Ұлыс басыларынан 500 адам санғұн, нөкер, сардар болып мәртебе алды, жүз шақты адам сарай нөкері болып мәртебе алды. Сонымен Чаң-ан қаласының есебіне неше мың түтін кірді…» («Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2-том, 359-363 беттер). Осылайша Елікке қарасты түріктер ұлы қорғанның ішіне қоныстандырылып, моңғол сахарасын сыр-ендәләр сұрады.
      «…Кейін уәзірлер айтқандарынан қайтып, түрікті кіндік қағанатқа тұрғызу қауіпті деп қарап патшаға уәж айтты. Патша да қауіптеніп, Ашына Сыманы ілбіс низек сілік би қаған деп жариялады да, оған ли әулеті есімін беріп ордасын Хуаңхының солтүстігіне тіктірді, түріктерді түгелдей ата-мекеніне көшірді» («Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2 том, 359-363 беттер).
        Осылайша түріктер қайтадан сахараға қайтқан, бұдан сыр-ендәләр қауіптеніп әскер жинаған, Таң патшасы оған ақыл айтып көндірді. Түріктер 641 жылы мекеніне қайтты. 100 мыңнан аса халық, 40 мың әскер, 90 мың жылқысы болған екен.
       Ал осыдан кейін 657 жылы Батыс Түрік қағандығы күйрейді. Оған ілесе Батыс түріктер шығысқа көшіріледі.
        Бұл турасында: «Ашына бүтін өз елінде сол тұрғауыл тай санғұн еді, мышымен бірге қараны тыныштандырған соң тай санғұн, мыңшы басқағы, жалғас қаған деген лауазымдармен бес нүшбе ұлысын биледі, сонан көп өтпей өлді. Оныың ұлы Құшыра өз елінде бөрі шад атанып еді. 685 жылы оң санғұн, мыңшы басқағы деген шендер беріліп, жалғасты қаған лауазымына мүрәгерлік етіп бес нүшбе ұлысын биледі… Оның ұлы Ашына оңғарға іркес-тіркес оң тұрғауыл тай санғұн, сәнәткер уәзір деген шендер берілді. Кейін көлік уәзірі Мыңшы басқағы және он оқ қағаны болып ауысты. Онан кейін он оқ ұлысы бүг чордың (соңғы түрік қағаны) сұғанақтығына ұшырап, өлгені өліп, тозғаны тозып жоғалды. Құшыра соңынан ерген бар-жоғы 60-70 мың адамымен ішкі өңірге барып қоныстанды, Батыс Түрік әулеті осылай аяқталды» («Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2 том, 411 бет).
         «699 жылы Құшыра тоқсауыл тай санғұн, батысты тыныштандыру алайының аға төбенайы болып тағайындалып, елін орнықтыруға жіберілді. Бұл кезде Үшеліктің (түркеш қағаны) қолы көп әрі күшті еді. Құшыра еліне қайтуға жүрексініп, қол астындағы 60-70 мың адамымен ішкеріге қоныс аудардыда кейін Чаң-анда өлді.» («Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2 том, 548 бет) .
        «766-779 жылдары қарлұқтар нығайып, Сұяп өзенінің бойына қоныс аударды. Сарылар мен қаралар (сары түркеш пен қара түркештер) әлсірей келе қарлықтарға кірім болды. Құшыраның қалған ұлысы құйғырларға тізе бүкті, құйғыр жойылғанға дейінгі (745-840) аралықта құйғұр қағаны Бың тегін Әнге қаласына орын теуіп, өзін Ябғұ атады. Ұлысының қалған бөлегі Боғдаға бекінді, адамының ұзын қарасы 200 мың адам еді» («Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2 том, 557 бет).
         «712 жылы он оқ ұлысының бес түрік чорлары мен оң қанат бес нүшбенің бес іркіні және едіз тұтығы, едіз сетейлер өз ұлыстарымен келіп бірінен соң-бірі сарайға тізе бүкті, олар он мыңдаған шаңыраққа жетті, оларды сары өзеннің өңтүстігіндегі байырғы мекеніне қоныстандыруға абұс елін бастап келіп сарайға тізе бүкті» («Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2 том, 381 бет).
          «717 жылы биыңжоудың зұрғаны жаң бин хат жазып: «түріктің тоғыз ұлысынан жаңа бағынғандар тайюанның солтүстігіне бытырай қоныстаныпты. Оларды ұстап тұру үшін, бұл жерлерге көп әскер әкелуді өтініш етемін» («Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2 том, 858 бет).
         «Көп өтпей бағынған елдер арсылан, едіз сетейлердің басшылығында сарайдан бет бұрып, түрікке қосылды» («Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2 том, 382 бет) .

Соңғы түріктің жойылуы

       «…Қарлұқ сияқты бес ұлыс Озмышқа шабуыл жасады, Озмыш қашып кетті. Батыс Ябғұ абұс пен Қараша 5 мың түтінді бастап сарайға (Таң патшасына) тізе бүкті. Қарашаға шапағатқа бөленген қаған деген нәм берілді… Келесі жылы (арада ашына әулетінен шыққан Басымыл қағаны Елтеріс қаған болған, 3 жылдан соң қарлықтар мен ұйғырлар жағынан өлтірілді). Ұйғыр қағаны Бекби қағанды өлтіріп, оның басында астанаға жеткіздірді. Білге қағанның әйелі құтылық Себүк қатұн жұртын бастап келіп тізе бүкті. Көктың ұлы Хуа-ы сарайында дастарқан жайғызып топты уәзірді қабылдады. Бұл істі өлеңмен мадақтады, қатұнға бағын ел ханымы деген шен берді. Жылдық ұлпа-далабына жирма тұмен теңге босатты» («Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2 том, 527-528 беттер) .
        Бұл деректерден байқайтынымыз: Шығыс Түрік жойылғанда Шығыс Түріктерден 100 мыңнан артық адам ішкеріге көшірілгенімен, көп ұзамай оларды сахараға қайтарған, ол жерде оларды басқару дуан, тұтықтарын құрған.

          Ерзат Меллатқанұлы  

       https://baq.kz/kk/news/asil_kazina_derekter/gundar_turkiler_zhane_shingishan_bastagan_mogol_tatarlar_kimder20170117_091700

толығырақ

памир лакай

              Түркі халықтары әлем өр­ке­ни­еті­нің дамуына үлкен үлес қосып, жал­пыадамилық да­му, мәдени және рухани факторлардың дамуын да қамтамасыз етіп келгені т­арихтан жақсы белгілі. Түр­кі­лер шын мәнінде өз дара тұл­ғаларын мақтан етіп, олардың аттарын тарихи идеологияда сақтап келумен бірге, олардың қызметін паш ету сезіміне бөленгені де қуанарлық жайт.

     Лақайлар өзбек ұлты құра­мын­дағы түркі ұлысы. Олар не­гізінен қазіргі Тәжікстан Рес­публикасының орталығы мен оңтүстік бөлігінде, яғни Са­ма­ниян (бұрынғы Ленин), Кофарнихон (бұрынғы Ор­джо­никидзеабад), Хиссар ау­­дандарында, Хатлон об­лы­сындағы Қорғантөбе жә­не Колап аймақтарында қо­ныс­тан­ған. Бұл ұлысқа жататын адамдардың саны Тәжікстанда 500 мыңнан астам, ал шет елдерде 500 мыңға жуық, яғни жалпылай саны бір миллионға тая­ды. Лақайлардың бірнеше то­бы Тәжікстанмен көрші Ауғанстандағы Бағлан, Құн­дыз, Тахор провинцияларында, Пәкістандағы Карачи қаласында және оның тө­ңі­регінде, Сауд Араб­ия­сындағы Мекке, Мәдине мен Жидда қала­­ла­рында, Түркиядағы Жай­­лан­панар, Антакия, Ыстан­бұл, Шонли Урфа және Зәй­түн Мұрны аймақтарында, Ирандағы Тегеран қаласы мен елдің Шираз, Захидон, Керманшах, Ғазвин, Хурмуз­хон провинцияларында тұрғы­лықты өмір сүреді.

       Лақайлар түркі ұлыс­та­рының қалыптасуында ма­ңызды рөл ат­қар­ған сақтар, одан соң арғындар мен қып­шақ­тардың ұрпағы болып табы­лады. Жұртқа белгілі, X-XV ғасырларда бұл үш ру ірі этностық топ болып, түркі халықтарының этногенезінде ерекше рөл атқарған. Олар этноәлеуметтік және тарихи даму барысында лақайлар ретінде ерекшелігін сақтап келді.

     Лақай ұлысының қалып­та­су жолы да басқа түркі тіл­дес ұлыстардың қа­лыптасу үдері­с­теріне өте ұқсас. Ғылыми әде­биетте олардың тарихы туралы бірнеше пікірлер айтылған. Бұ­лар: 1. жоғарыда келтірілген ай­мақтарда қалыптасып да­мыған тұрақты этностық топ; 2. лақайлар – бұрынғы Түр­кі қағанатындағы (VI ға­сыр) түркілердің ұрпағы; 3. олар бұл аймақтарға қар­лұқ­тармен (VIII ғасыр) және моңғолдармен (XIII ғасыр) бірге ауып келгендер; 5. лақайлар – Мауароуннаһрға Шайбани хан әскерлерімен бірге келген Дешті қыпшақ өзбектері (XV-XVI ғасырлар).

      Осынау үдерістің нәти­же­сінде XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында Дешті қыпшақ елі, ал жаңа тарихтың соңғы кезеңдерінде басқа түркі халықтарының кейбір топтары да Орталық Азияға ауып келіп, байырғы этнос құрамына табиғи жолмен сіңісіп кеткен. Бұл жағдай XVII-XVIII ғасырларға да тән екендігін қазіргі күннің тарихи фактілері де сипаттап тұр.

      Бүгінгі күнге дейін лақай этно­нимінің шығу тегі мен оның ма­ғынасы туралы анық пікірлер жоқ еді. Өзімнің көп жыл­дық ізденістерімнің нәти­же­сі болған және лақайлар ше­жіресінде кездесетін қазақ ұл­ты­на ұқсас этнонимдер тари­хы­мыздың, сонымен қатар эт­ностық қалыптасуымыздың жал­­пылығын білдіретін фак­­торлар жаңа болжамдар айтуға негіз болды. Мен қа­зақтарда «Алақай батыр» дас­та­нының бар екенін естіп, оны іздей бастадым. Бұл та­қы­рыпты жырлаған жыраулар өмірден өткен болса да, оның ізбасарлары ел ішінде әлі де болса бар екенінен үміт­теніп, бір­неше рет Шым­кент, Сайрам, Түркіс­тан қа­ла­­ларына барып, Өмір­зақ Қал­байұлының осы дастанды жырлағанын, дүниеден өткенін, бұл шығарманы жыраудан ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қыдырәлі Саттаров жазып алғанын есіт­тім. Нәтижесінде, профессор Сайдәлі Оразалиевтің кө­ме­гі­мен Қ.Саттаровтың 2006 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақтың ерлік эпостары» шы­ғармасын тауып, «Алақай батыр» дастанымен таныс­тым. Сөйтіп, бұл ұлыстың қалыптасуы және оның этимологиясына қатысты құнды мәліметтердің барлығына көз жеткіздім. Эпос былай басталады:

       «Қыпшақ елінен Алаңқай батыр шыққан екен, бірақ ол ерте өмір­ден озады. Одан Алақай батыр деген ұл қалады. Бұл кезеңде, яғни XIV-XVI ғасырларда қыпшақтарға қызылбастардың ша­буы­лы мен басқыншылығы күшейген уақыт еді. Қызылбастардың ханы Пазылшахтың адамдары Алақай батырдың әке­сінен қалған жылқы үйірін айдап әке­теді. Бұны естіген он екі жасар жеткіншек жалғыз өзі жылқыларды қайтарып алу үшін жолға шығады. Қызылбастар Алақайды ұстап алып, Пазылшахтың алдына апарады. Ханның жарлығы бойынша, оның аяғына кісен салып, қызылбастардың малдарын суару үшін құдықтың басына байлап қояды. Жас жігіт күндіз-түні су тартып, әбден сілесі құриды. Әр күні қызылбастардың балалары келіп, оған тас лақтырып, келемеждеп күліп жүреді.

      Пазылшах 12-13 жыл бұрын қып­­шақтардан Қыр­мызы деген қыз­ды ұрлап әкел­ген екен, оны тоқал етіп алып, одан 11-12 жасар Шәмсінұр деген қыз туады. Ол да бір күні қызылбас балалармен келіп, тұтқынды, яғни Алақай батырды тамашалап, болған оқиғаны анасына айтады. Ал тұтқынның реңі сізге ұқсайды дейді. Анасы бұл қыпшақ, менің әулетімнен болар-ау деп ойлап, жасырынып, құдықтың басына келеді. Сөйтеді де Алақай батырмен сөйлесіп, тек тамақ қана жіберіп тұра аламын, басқа көмек қолымнан келмейді, өзім де қызылбастардың бақылауындамын дейді. Осылайша қызы Шәмсінұрдан лажы барынша тамақ жіберіп отырады. Біраз уақыт өтеді. Өстіп жүріп, Алақай батыр мен Шәмсінұр бір-біріне ғашық боп қалады. Бұл кезде Пазылшахтың Гузал деген жас тоқалы өз күйеуін онша жақтырмай жүретін еді. Ол да сымбатты Алақай батырды жақсы көріп қалады. Пазылшах Қырымға соғысқа кеткен кезде Гузал осы сәтті пай­­даланып, патшаның қорасындағы аттарға қарайды деген сылтаумен Алақай батырды өз ауласына ауыс­тырып, ойын айтады. Алақай батыр да тұтқындықтан құтылуды ойлап, оның шарттарына разы екенін, тек бірнеше күн өзіне келу үшін мүмкіндік беруді сұрайды. Патшаның аттарына қарап, бір ұшқыр тұлпарға көз салып қояды. Патшаның қыпшақ тоқал әйелі Қырмызының отауы да жақын маңда болғандықтан, Алақай батыр олармен жиі-жиі кездесіп, сөйлесіп отырады. Шәмсінұрды алып қашу үшін оның анасынан ақ бата алады.

      Бір күні Гузал оған қосы­лудың кезі келгенін ай­тады. Ал­ Алақай ба­тыр ол үшін ая­ғындағы кісенді ше­шуді жә­не айналадағы бар­лық сақшыларды алысырақ жө­нел­ту керек екенін, егер олар көріп қалса, екеуінің де басы кететінін айтады. Сон­да таң азанда Гузалдың үй­іне келетінін айтады. Кі­сен шешіліп, қарауылдар ай­далған соң, Алақай батыр қараңғы түскенін күтеді де күзет бөлмесіндегі қарумен құралданып, Шәмсінұрды патшаның жүйрік атына мінгізіп алып қашады. Гузал таң атқанша Алақай батырды күтіп, шыдамы таусылған соң, оның жататын жеріне келіп, Алақай батырды таба алмайды. Жүгіріп қораға барса жүйрік аты да, арнайы бөлмедегі қарулар да жоқ. Сонда ғана өзінің алданғанына, батырдың қашып кеткеніне көз жеткізеді де шашын жұлып шыңғырады. Қарауылдар жүгіріп келгенде, түнде қыпшақтар шабуыл жасап, Алақай батырды да, қару-жарақты да, жүйрік атты да алып кетті деп ақтала бастайды.

      Қызылбастың әскерлері жиналып, қыпшақтардың артынан қуады. Бірнеше сағаттан кейін жаудың қарасы көрінген соң Алақай батыр Шәмсінұрды аттан түсіріп, өзі олжа етіп алған қылыш және найзалармен қызылбастарға қарсы шауып, бірнеше сағаттық шайқаста жараланса да жеңіп шығып, Шәмсінұрды үйіне әкеледі (мүмкін, қазақтардағы қыз алып қашу дәстүрі лақайлардың атасы – Алақай батырдан басталатын шығар – авт.).

     Пазылшах Қырым соғы­сынан же­ңіліп, басы иіліп, еліне қайтып келсе, қыпшақ тұтқынның өз қызын, жүйрік атын және қос қаруын алып қашқанын естиді. Мұндай масқаралыққа шыдай алмай, әскер жинап, тағы да жо­рық­қа аттанады. Бұл хабар қыпшақ еліне жетеді. Алақай батыр қыпшақтардың ханымен кездесіп, бұл соғыстың себебі өзі екенін, сон­дық­тан қанды шайқасқа алдымен өзі шығатынын айтады. Пазылшах бірнеше күн жүріп жетеді. Бұл кезде қыпшақтың сарбаздары мен батырлары да жиналып, дайын тұрады. Алақай батыр майданға шығып, Пазылшахқа енді өзінің қайынатасы екенін, қызы оның қолында отырғанын, туысқандық байланыс орнату керектігін айтып, жаудың бүкіл әскерін үйіне қонаққа шақырады. Пазылшах бұл ұсынысты қабылдамайды. Соғысатынын айтып, ортаға өз батырын шақырады. Қыпшақтардан Алақай ортаға шы­ғып, жаудың батырын жеңеді. Нәтижеде екі арада қантөгіс шай­қас басталады да, қызылбастар қып­­шақ­­­­тардан жеңіле бастайды. Қып­шақ­тар соғысты тоқтатып, тағы да туысқан болғандарын ескертіп қо­наққа шақырады. Жеңілген Пазыл­шах ұсынысты қабылдаудан бас­қа шарасы қалмайды. Алақайдың үйіне келіп қызымен көріседі. Бір­неше күндік сый-сияпаттан кейін Ала­қайдың басшылығында қыпшақ батырлары да Пазылшахты қорғап, қызылбастардың еліне барады. Ол жерде де үлкен дастарқан жайылып, сияпат болып, екі ел тыныштықта өмір сүруге кіріседі.

       XVII-XVIII ғасырлардан бас­тап лақайлар Жиделi Байсын, яғни Оңтүстік Бұхара маңын мекендеді. Қазақ елінде бұл кезеңде жоңғарлар мен қалмақтардың басқыншылығына қарсы елді біріктірген Қараменде би деген әулие болған. Қазіргі Тәжікстанның астанасы Душанбе қа­ласынан 20 шақырым жерде ла­қайлар тұратын үлкен Қараменде, Алматы ауылдарының екі жарым ғасырдан бері бар екені лақайлардың қазақтармен этногенетикалық жа­қын­дығын айқындай түседі.

       1920 жылдың қыркүйегінде Бұхара әмірлігі құлатылды. Енді қа­зіргі Тәжікстан аума­ғының бір бө­лігі шығыс Бұхара округі деп ата­лып, оның құрамында Душанбе, Қор­ғантөбе, Кулаб және Ғарм облыстары құрылды. Сонымен қатар, Душанбе облысының құрамындағы ауылдар Лақай, Жаңабазар, Ға­зымәлік, Ябан, Хисар және Файызабат аудандары құрамына біріктірілді. 1924 жылы Кеңес өкіметінің әкім­ші­лік-аумақтық шекаралау саяса­ты нәтижесінде Өзбекстанның құ­ра­мында Тәжікстан автономиялы рес­публикасы құрылған соң, 1927 жылы бұрын өмірге келген аудандар одан сайын кеңейтіліп, қазіргі Рудаки, Ябан, Қорасан, Варзоб ау­дандарын біріктіретін лақай-тәжік ауданы құрылған болатын. Сол ауданда Қараменде ауылдық кеңесі белгіленеді де, ол құрамына Кавки, Жермешіт, Қызылқыстақ, Қорқұдық, Пахрабат, Борбұлақ, Хораз, Қышылы, Күрдексай, Мыр­зағұлабат, Түйешіабат, Еш­ме, Шар-шар, Тасбұлақ, Кішімерген, Оразбай, Ақбас, Күнтуабат, Өзденабат, Ақса­рыабат, Қараменде және Алматы сынды ондаған ауыл­дарды қамтыды. 1959 жы­лы орталықтандыру оң­түс­тік Тәжікстан, яғни Вахш аңға­ры­на көшірілді. Қараменде ауыл­дық кеңесінің тұрғындары азайған соң, оны басқа ауылдармен қосып, Даханакиік ауылдық кеңесі деп атай бастады», делінген 2007 жылы Ду­шан­беде жарық көрген Қ.Ахмедовтің ең­бегінде. Сөйтіп, Қараменде деген ат ресми шеңберлерде өшіріліп, тек халықтың тарихи жадында ға­на қалды. Қараменде бидің қа­бі­рі Қазақ­станның Қарағанды облы­сы Ақтоғай ауданында 1992 жылы қайта қал­пына келтіріліп, 2012 жылдың қыр­күйегінде Балқаш қаласында үлкен ескерткіштің орнатылғаны осы тарихи тұлғаның халқымыздың этноәлеуметтік және мәдени даму­ын­дағы орнын көрсетеді. Қазіргі Тәжікстанда жасайтын лақай елінің мақсаты – Қараменде ауылында Ақтоғайдағы атамыздың қабірінен топырақ ала барып, әулиенің қасиетті қабірін тіктеп, оған ескерткіш орнату. Бұл ондағы елдің рухани кемелденуінде өте маңызды болып тұр.

       Сонымен, лақайлардың қазақ­тар­мен туыстық, тарихи байланыстарын дәлелдей түсетін жағдай осы Қараменде би. Қараменде деген ауыл қазір Фахрабад деп өзгергенімен, лақайларда бүгінге дейін бар. Демек, бұл ауыл тұрғындары Қара­мен­де бидің ұрпақтары болып, өз ата­ла­ры­ның құрметі үшін жерді сол кісінің атымен атаған.

      Екі халықты жақындата түсетін тағы бір жағдай: лақайдың үлкен руы Есенқожа деп аталады. Шымкент маңындағы Сайрамда Есенқожа, яғни Қазы Байзабидің кесенесі бар. Оның төменгі бөлігінде Көктас деген ауыл жатыр. Лақайлардың Есенқожа руы орналасқан Душанбе қаласынан 10 шақырым қашықтықта Көктас ауылы болған. Қазір Саманиян деп аталады. Бұдан тыс Сай­рамдағы Көктастан 20 шақырым қа­шық­тық­та Сұлтанрабат ауы­лы бар екен. Душанбедегі Көктастан да дәл осын­дай қашықтықта Сұлтанабад ауылы қоныс тепкен. Біздіңше, бұлар ке­з­дейсоқ жағдай емес. Ол бір кез­дер­дегі осы халықтарға қатысты өткен тарихи оқи­ғалардың дәлелі болуы мүм­кін.

      XVIII-XIX ғасырларда аймақтағы лақайлардың абы­рой-беделі артып, ірі жайлау­лар соларға қарасты болады. Олардың асыл тұқымды жылқылары мен ғиссарлық қойлары тарихи даму барысында Мауароуннаһр өңірінің мал шаруашылығында жетек­ші орынға шыққан.

      Бүгінгі күндері таулы ауылдар­да әйелдер еркектермен қатар атқа мінеді. Бұл құбылыс, әрине, ла­қай­лардың Қамбар ата түлігіне деген қы­зы­ғушылығын байқатады. Лақайлар­да жылқы шаруа­шылығы дамыған. Жетпісінші жылдарға дейін қымыз өнді­рісі болды. Екі халық бір-бірі­мен қыз алысып, қыз берісіп, мың жылдық құдан­далы сыйластықта өмір сүрді.

       Төңкеріске дейін лақайлар түркі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде Бұхара әмірлігінің өмірінде белгілі бір орын алып, өзіндік мәртебеге жет­­к­ен. Олар негізінен мал ша­руа­шылығымен айна­лыс­қан. Көкпар тартуда даңқы шығып, лақай деп аталатын асыл тұқымды жылқыларды өсіріп, тәуелсіз де еркін өмір сүрген.

      XX ғасырдың 20-30-жылдарында лақайлар да ұлт-азаттық қоз­ға­лыс­қа ел қор­ғанышы ретінде қаты­нас­қан. Сон­дықтан да бұрынғы ке­ңес заманында, басқа этностық топ­тар сияқты, лақайлар да қуғын-сүргін саясатының бас­ты нысанына айналған.

      Лақайлардың 1921-1931 жыл­дар­дағы большевиктерге қарсы көтерілісіне басшылық жа­саған – Мұхаммед Ыбырай­ым­бек. «Ол ал­ғаш­қы­да өз айна­ласына төрт мыңға жуық адам жинаған болса, 1921 жылғы желтоқсан айына таман оған бағынышты әскер­лер­дің саны он мыңға жетті». «Ыбырайымбек қысқа уақытта 10 000-нан астам әскер жинап, Колап, Балжуан, Қаратегін, Дарбаз, Хиссар облыстарын қызыл әскерлерден босатты» деген деректер бар. 1984 жылы Ташкентте жарық көрген «Басмачество: социально-политическая сущность» деген кітапта.

        Жалпы алғанда, 1926 жыл­дың жазғы шағына дейін Ыбы­райымбек Байсын, Денау, Хиссар, Қорғантөбе, Даңғара, Қызылмазар, Жарыпкөл, Колап, Балжуан аймақтарында со­ғыстар жүргізіп, ірі жеңіс­тер­ге қол жет­­кізеді. Бірақ большевиктердің сан жағынан да, соғыс техникасы жағынан да басым болғандығынан 1926 жылы жазда Ауғанстанға ауып кетеді. 1929 жылдың көктемінде билік басына Омонулланың орнына Бачаи Сақо келген соң, Ыбыра­й­ым­бек Ауғанстанның сол­түстік бө­лігіне көшіп, әуелі Бачаи Сақоның би­лігін нығайту үшін күреске кірі­седі. Ал кейінірек сол­түстіктегі түрік­мендердің пірі – ишан Ха­лифа­мен бірлесіп, түркілердің өкімет билігін орнатуға атсалысады. Осы уақыт­қа таман ауғандар билігі Нәдір шахтың қолына өткен еді. Нәдір шах Ұлыбританиядан жәрдем алған­да, Ыбырайымбектің әскерлері Әмудария­ның Тәжікстанмен шек­тес тұсына шегіне бастайды. Нә­тижесінде, 1931 жылдың көк­те­мінде ол кеңес жерлеріне өтіп, боль­ше­вик­тер­ге тұтқынға беріледі. Со­ңыра оны Душанбеден Ташкентке алып келіп, бір жыл бойы тергеуге са­л­ған соң, 1932 жылғы тамыз айында Өзбекстан астанасында атып өлтіреді.

      Лақайлардың өзгеше бір әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Олардың қыздарының қолынан шық­қан тігін макрамесі, жүк шары­ғыш, айна-қалталар және соларға ұқсас басқа да ұлттық мәдениет үлгілері тек қана Орталық Азия, ТМД елдерінде ғана емес, тіпті Батыс Еуропадағы этно­графиялық мұражайлардың көр­кіне көрік қосып отыр. Әсіресе, ла­­қай­­лардың тігін жапқыштары мен кестелі тақиялары ұлттық мәде­ниет­тің өзгеше бір үлгілері болып көзге түседі. Лақайлардың әдет-ғұ­рыптары мен салт-дәстүрлері, бұл халық­тың қайталанбас ауыз әдебиеті мен диалектісі тұрақты ғылыми зерттеуді керек етеді.

       Нәсіреддин НАЗАРОВ, саяси ғылымдар докторы, Ташкенттегі Камалиддин Беҳзад атындағы сурет және дизайн институтының профессоры

толығырақ

         Біздің қолымызға Қытай Халық Республикасынан бір кітап келіп түсті. Оның аты "Қытай тарихындағы әйгілі жүз әйел" деп аталады.  

      Бұл еңбек 2000 жылы ҚХР-дың Гуандунь қаласындағы "Халық" баспасынан 20 мың данамен жарық көрген. Оны құрасты­рушылар Сиао-Ли, Ма-Бауджу деген қытай оқымыстылары, деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы.   Гуандунь қаласында жарыққа шыққан бұл "Қытай тарихындағы әйгілі жүз әйел" кітабын тәржімалаған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты  Дүкен Мәсімхан.

      Кітаптың аты айтып тұрғандай, мұнда сол ел тарихында ерекше орны бар  жүз әйел затының өмірі мен  еңбектері жұрт­шылыққа  өз ретіне қарай жеке-жеке таныстырылады. Ойлап қа­расақ, бес мың жылдық тарихы бар, бүгінде халқы 1,5 миллиардтан асып жығылатын алып мемлекет жүз-ақ әйелді санап, саралап кітапқа енгізіп отырса, олардың тарихтағы орнын айтпай-ақ түсінуге болатын сияқты. Бізді қызықтырып отырғаны осылардың ішіндегі 7-8-нің қазақ халқының арғы тегін құрайтын Үйсін, Қаңлы, Ғұн, Түрк тайпаларымен қатыстылығында болып отыр. Яғни, бұл ханшалардың дені сол замандағы Қытайдың осы елдерге, олардың күнбилеріне, қағандары мен бектеріне ұзатқан қыздары.

      Әрине бес мың жылдан бері қытайлардың өзге жұртқа келін етіп жіберген қыздары осы оншақты әйел заты ғана емес екені бел­гілі. Басты мәселе, сол бикештердің барған еліне бағалы келін бо­ла жүріп, өздеріне жүктелген міндетті қалай орындағандығында жа­тыр. Демек біздің тарихымызбен қатысы бар Қытай ханша­ла­рының ғұмырнамасын оқып отырып, ең кемінде, сол замандағы Қы­тай билеушілері қайсы қызын қай елге қандай мақсатпен ұзат­ты, оларға нендей міндеттер жүктеді, ал ханшалар оны қалай орын­дады деген секілді сұрақтарға жауап алуға болатын сияқты. Осы­ны ескере келіп, біз жоғарыда аты аталған кітаптағы екі мақала­ны оқырмандарымызға таныстырғымыз келді.  

1. Ши-Джун ханша

     Ши-Джун ханша әсілінде Хань патшалығының Уаң-Лиюзиянь есімді уәзірінің қызы болатын.  Кейін ол ханша салауатымен батыс өңірдегі Үйсін мемлекетіне ұзатылды. Не үшін Ши-Джун ханшаның қияндағы батыс өңірге ұзатылуы керек болды деген сұраққа жауап беру үшін әңгімені әріден қозғауға тура келеді.

       Чинь, Хань дәуірінде  (бұл б.з.б. 221- б.з. 220 жылдарына тура келеді - Д.М.) Қилан, Дахата (Дүн Хуаң) өңірінде Үйсін деп аталатын бір халық өмір сүрді. Батыс хан дәуіріне келгенде (б.з.б 206 - б.з. 25 ж.) сол маңда өмір сүріп жатқан Нәтше (Юзилер) деп аталатын тағы бір халықтың адамдары Үйсін еліне шабуыл жасап, патшасын өлтіріп кеткен болатын. Біздің заманымыздан бұрынғы  160 жылдары Үйсін патшасының баласы ғұндардың қолдауымен Күнби болып елі мен жерін қалпына келтірді. Осыдан кейін нәтшелер батысқа ауа көшеді. Оларды қалың қолымен өкшелей қуған үйсін Күнбиі Іле өзені мен Ыстықкөл аралығында қайта елдік құрып, Чикөк (Шығу, Қызылаңғар деп те аударылып жүр - Д.М.) қаласын астана етіп белгілейді.  Мал шаруашылығын негізгі кәсіп еткен, халқының саны 630 мыңнан астам үйсіндер мұнда тез көтеріліп, қуаттанады. Тіпті бірте-бірте олар батыс өңірдегі аса құдіретті империяға айналып шыға келеді.

     Ол заманда ғұндар Хан патшалығының (ежелгі Қытайдағы бектіктің аты - Д.М.) солтүстігінде өмір сүретіндіктен Хань патшалығының қауіпсіздігіне ылғи да қатер төндіріп тұрушы еді. Батыс Хань пат­шалығы жаңадан құрылып жатқан алғаш­қ­ы жылдарда елдің күш-қуаты әлі де қалпына келе қоймағандықтан олар ғұндарға тек құдандалық сый көрсету (қыз беру) немесе әрі кеткенде олардың ша­бу­ы­­лынан  қорғану шараларын қарастыру­мен шектелетін. Алайда, бұл әрекеттер де ғұн­дардың шабуылына аса өнімді тос­қау­ыл бола алған жоқ. Осылайша Хань пат­ша­лығы мен ғұндардың  шекарасында ыл­ғи да атыс-шабыс өрті қаулап, Қытай хал­қы алаңсыз өмір сүруден қалды. Тіпті ғұн­дар Хань-Вынди патшаның тұсында (б.з.б. 150 ж. - Д.М.) Чаң-ан қаласына  ша­буыл­дап кіріп, ел астанасына ойран салды.

      Тек ержүрек, ақыл-парасатты Хань-Уди  таққа отырып, ел біраз жыл ес жиып, етек жапқаннан кейін ғана Хань патшалығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы оңала бастады.  Міне, осы кезде өз елінің мейлінше нығайған күш-қуатына иек артқан Хань-Уди патша ғұндармен арадағы мәселені  түбегейлі шешіп, шекарадағы қауіптен біржола құтылудың жолын қарастырды.

      Сол кезеңде батыс Хань патшалығы мен  ғұндар арасында үш рет зор көлемді қанды шайқас болған болатын. Оның ең соңғысы б.з.б. 119 жылы болды. Бұл жолы  Хань патшалығының әйгілі санғұндары (әскери қолбасылары) Вэй-Чиң мен Хуо-Чуйбиң өздері қалың қолға басшылық етіп, ғұндарды ойсырата жеңді. Осыдан кейін ғұндар  Хань патшалығының шекарасынан  аттап баспайтын болған-ды.

     Ал сыртқы саясатта,  батыс Хань патшалығы  ылғи да "ғұндардың сол жақ қанатын кесу" саясатын жүргізіп отырды. Бұл дегеніміз  ғұндардың батыс өңірдегі  елдермен болған стратегиялық қарым-қатынасын үзіп тастап, оларды жеке-дара қалдырып, сосын соққы беру тәсілі болатын. Осы реттен келгенде үйсін елі батыс өңірдегі  аса ірі империя болғандықтан, батыс Хань үкіметінің  "қолға келтірсек" деп армандаған  маңызды объектісіне айналып қалды. Сонымен Хань-Уди патша алғаш рет б.з.б. 139 жылы  Чжаң-Чиянь есімді  елшісін батыс өңірге аттандырды. Ол сапардан қайтып оралғаннан кейін  Хань-Уди патшаға  хат жолдап, егер біз ұлы Үйсін империясын  қолға келтіре алсақ, онда  Көкарттың (Памир үстірті) батысындағы  Дадуан (Ежелгі Ферғана - Д.М.), Қаңлы, Нәтше және ұлы Бактрия қатарлы елдер  бізге өздігінен  қоғадай жапырылғалы тұр. Сондықтан біз  ең әуелі үйсіндермен саяси одақ құрып, сонымен бір уақытта батыс өңірдегі  өзге де елдермен  қарым-қатынасты бірте-бірте күшейтіп, ғұндарды жалғыз қалдыруымыз керек деген ұсынысын білдіреді.

    Чжаң-Чиянь  Үйсін еліне барғанда, Күнбиге мол тарту-таралғы ұсынып, оған өз патшасының: "Үйсіндер егер шығыстағы ежелгі мекеніне  қайта оралатын болса,  Хань  патшасы  өзінің ханшасын  Күнбиге  тоқалдыққа бергелі отыр. Ал мұндай құдандалық  өз кезегінде  біздің тізе қоса отырып ғұндармен күресуімізге септігін тигізер еді",- деген сәлемін жеткізеді.  Алайда, бір жағынан үйсіндердің бұл кезде  батысқа қоныс аударып кеткеніне  талай замандар болғандықтан олардың Хань патшалығының  жағдайынан  хабары шамалы еді. Тағы бір жағынан үйсін Күнбиі тым қартайып отырғандықтан, уәзірлерінің дені ғұндардың ықпалына баяғыда-ақ өтіп кеткен болатын. Сондықтан олардың  шығысқа қайта оралғылары келмеді. Осылайша шығыстағы мекеніне  қайта оралудан үзілді-кесілді бас тартқан Күнби  өзінің бір елшісін Чжаң-Чяньға қосып Чаңанға жіберді. Ондағы мақсаты әрі Хань патшасына жауап ретінде өз ырзалығын білдіру, әрі  Хань патшалығының  жалпы жағдайымен  танысу болатын.

    Үйсін елшісі  өз еліне қайтып оралғаннан кейін  Хань патшалығының адамы көп, байлығы мол қуатты мемлекет екендігін айтып келеді. Осыдан кейін ғана  Үйсін патшасы мен уәзірлері  Хань патшалығына  біршама мән бере бастайды. Үйсіндердің Хань патшалығымен тығыз қарым-қатынас орната бастағанын  естіген ғұндар оларды  жазалау жорығына  дайын­далады. Мұны естіп қатты сасқан Күнби Хань патшасының ханшасын тоқалдыққа алуға, сөйтіп олармен жұрат елдер болуға  келісімін береді. Күнбидің бұл талабын  Хань-Уди патша  да құп көре кетеді. Көп өтпей үйсіндер  қалыңмал ретінде  Хань патшалығына мың арғымақ айдап әкеледі.

     Хань-Уди патша  Күнбидің тілегіне  келісімін беруін бергенімен, жеме-жемге келгенде  туған қызын  ит арқасы қияндағы  Үйсін еліне  ұзатуға қимай қалады. Сонымен ордада жүрген  Лию-Зиянның қызы Лию-Шиджунді  "ханша"  деп ұзатуды ұйғарады.  Лию-Зиян Зияң-Ду ханы  Лию-Фейдің ұлы болатын. Ал Лию-Фей болса Хань-Зинди  патшаның Чың-Фей  деген  әйелінен туған  ұлы, яғни  тақ мұрагері болып отырған Хань-Уди патшаның  әкесі бір,  шешесі бөлек бауыры. Демек, Ши-Джун  Хань-Уди патшаның  немере қызы есепті еді.

    Өзін  Үйсін еліне ұзатқалы жатқанын  естіген  Лию-Шиджунді  іштей сан алуан уайым-қайғы мүжи бастады. Сөйтіп оның  көз алдына  осыдан 16 жыл бұрын  болған  қанды оқиға  елестеп өтті. Патша ордасының  ішкі қырқысында  оның әкесі  Лию-Зиян мен шешесі Чын-Гуаң екеуі бірдей қас­тан­дықпен  өлтірілген болатын. Олардың алдын­да  әкесінің тумалары Лию-Ан мен Лию-Ци  бектер де  қастандықтың құрбаны болып еді. Қысқасы қатыгез қастандық Лию әулетінің  үш отбасын түк қалдырмай жалмап кеткен. Ал Ши-Джуннің өзінің ата-анасы ғана емес,  олардың туғандары мен ақылмандары да өлтірілді. Қысқасы бұл  Хань ордасы оның туғандары мен жақын-жанашырларының  қанына  белшеден бөгіп жатқан. Ал өзі ол кезде  кішкентай қыз бала болғасын да ажалдан аман қалған шығар. Алайда, бұл жантүршігерлік оқиғаның оның жанына салып кеткен жарасы ішіне шемен боп қатып қалып еді. Өйткені, кешегі  бақытты-баяшат өмір  қас-қағым сәтте  тұлданып, оған тым ерте  кәрлене-зәрлене қарады.  Бұл кезде қорғансыз тұл жетім Ши-Джуннің патша ордасында  тұрып жатқаны болмаса, оның былайғы қара халықтан  еш айырмасы жоқ болатын.  Керісінше әке-шешесінің қасында жүрген кедей қызы бұдан әлдеқайда бақытты еді. Мінеки, 16 жылдан кейін жер түбіндегі  батыс өңірге ұзатылу тағдыры  тағы да айналып келіп бұны тауып отыр.  Бұған қуану керек пе, әлде құсалану керек пе?! Тағдырдың құйыны  бұны қайда ұшырып апара жатыр?! Оңтүстіктің  осы бір нәзік те әдемі, биязы да кінәмшіл қызы  осындай ауыр ойлардың шырмауында біраз күн  мазасыз күй кешті.

    Ши-Джунді ұзатып келе жатқан көш-керуен меңіреу шөлдер мен шексіз-шетсіз сахараларды  басып өтіп,  Үйсін елінің астанасы Чикөк  қаласына да жетіп келді. Қуаныштан есі кеткен Күнби  дүрілдетіп салтанатты той жасады. Алайда, бұл кезде  Күнбидің  сақал-шашы ағарып, әбден  шау тартып қалған кезі болатын.  Оның үстіне тұрмыс салты бөтен, тілі басқа елде  көңілі қатты құлазыған Ши-Джуннің  күн өткен сайын  ауылына деген сағынышы күшейе берді. Ол Күнбиге  өзіне арнатып Қытай үлгісіндегі  сарай салдырып алды да, күтуші қыздарымен бірге  сонда тұрып жатты. Жыл он екі айда Күнбидің өзін  бір-екі рет қана көретін Ши-Джун жападан-жалғыз жат елде  сүймеген "қонақты" күтумен күндерін өткізіп жатты. Қаңыраған сахарада  әбден іші пысқан  Ши-Джуннің  туған еліне деген  сағынышы тіптен өршіп, тағдырына нәлет жаудырды. Осындай сағыныш пен қасірет оның қолына  еріксіз қалам алдырды:

Елім мені ұзатты бір шалғайға,

Үйсін Күнби жазылыпты маңдайға.

Дөңгелек үй, керегесі киізден,

Ет пен айран тиетіні таңдайға.

Елімді ойлап, жараланды жүрегім,

Құс боп ұшып жететін бір таң қайда?!

     Хань-Уди патша  әр екі жыл сайын өзінің елшілерін жіберіп, Ши-Джуннің хал-ахуалын біліп, оған мол сәлем-сауқат  жіберіп отырғанымен,  бұл да  Ши-Джуннің туған еліне деген  сағынышын бір сәтке  бәсеңдете алмады.

     Кәрілік әбден меңдеген Күнби  өзінің  енді санаулы күндері ғана қалғанын ойлап,  үйсін салты бойынша  Ши-Джунді  болашақ Күнби, өзінің туған немересі Жөншіге қосуға шешім қабылдады.  Бұл шын мәніне келгенде  Қытай елінің салт-санасында жоқ құбылыс болғандықтан, бұндай істі  қытайлықтардың  бірден қа­был­дай қоюы  өте қиын еді. О баста Ши-Джун де бұл жағдайға аса көнің­кіремей, Хань-Уди патшаға хат жолдап, оның ара түсуін өтінді. Алайда, Ши-Джун­­ді беру арқылы  Үйсін елін шырғалауды мақсаттап отырған  Хань-Уди патша үшін  саяси мүдде бәрінен де маңызды еді. Көп ұзамай Хань-Уди патшадан: "Үйсін елінің салты бойынша Жөншіге тигенің жөн болар, өйткені бұның өзі  үйсінмен біздің одақтастығымызды нығайтып, ғұндармен ортақ күресуге септігін тигізбек", - деген жауап  хат алған Ши-Джун Жөншімен некеленді. Осыдан көп өтпей, Елжау Күнби қайтыс болды да, оның тағына Жөнші отырды. Жөнші патша Ши-Джуннен бір қыз сүйіп, оның атын Шопан қойды. Шопанды өмірге әкелгеннен кейін, ұзақтан бергі қайғы-қасірет пен сағыныштың зар-мұңы Ши-Джунді жұтып тынды...

     Әуелінде, Ши-Джунді  оң тізесін басар тоқал етіп алған Елжау Күнби, кешікпей ғұн елінің бір қызын сол тізесін басар тоқал етіп тағы алған болатын. Бұл кездегі Үйсін елінің ойлағаны  Хань патшалығын да, ғұн империясын да ренжітпей,  бейтарап саясат ұстансақ дегенге саятын. Алайда, Үйсін еліне ұзатылып барған Ши-Джун ханша Хань патшалығы діттеген саяси мүдденің жүзеге асуына  ырықсыздық танытқанымен,  бәрібір ғұндарға бірлесе шабуылдау ісіне  жақсы негіз қалап бергені анық.

      Ит арқасы қиянға ұзатылып келіп, артынан аталы-немерелі екі адамға  әйел болу - Ши-Джун үшін, әрине, зор қасірет еді. Алайда, ол Хань патшалығы мен Үйсін елінің  достық қарым-қатынасын қалыптастыру жолында  өзінің  ғұмыры мен бақытын құрбан етті. Атап айтатын болсақ, Үйсін еліне Ши-Джун ұзатылып барғаннан кейін Хань патшалығының саудагерлері мен елшілері  мұнда жиі-жиі келіп-кетіп тұрды. Олар тіпті Үйсін елі арқылы  одан да әрідегі  Дадуан, Нәтше, Парфия елдеріне  табандарын тигізді. Сол арқылы Хань патшалығының тоқыма, темір бұйымдары, темір қорыту өнері Үйсін еліне, тіпті оның ар жағындағы елдерге де жетті. Ал Орталық Азия мен Кіші Азиядан Қытай еліне  жүннен тоқылған бұйымдар, тұлпарлар мен желмаялар, анар, жүзім тағы басқа да толып жатқан нәрселер келді. Міне, осылайша Хань патшалығы мен Орталық Азия, Кіші Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың мазмұны  байып,  халықтар арасындағы байланыс нығая түсті. Бұған  Ши-Джун ханшаның аруағы  ырза шығар деп сенеміз.  

2. Джие-Ю ханша

     Джие-Ю  ханша Хань патшалығы Чу бектігі­нің билеушісі Лию-У деген адамның немере қызы еді. Ши-Джун ханша қайтыс болғаннан кейін Үйсін елімен болған одақтастықты одан әрі нығайту үшін Хань-Уди патша тағы да осы Джие-Ю деген қызды "ханша" салауатымен Үйсін патшасы Жөншіге тоқалдыққа берді.

    Джие-Юдің атасы Лию-У кезінде "У, Чу жеті бектік бүлігін тыныштандыруға" қатысып, майданда оның қолы ойсырай жеңілгендіктен, ол өзін-өзі өлтірген болатын. Соның салдарынан Джие-Юдің патша ордасындағы орны біршама төмен еді. Ол өмірге келгенде-ақ, туған шаңырағы күйреп біткендіктен, Батыс өңірге ұзатылу мәселесі оны қайғыртқан да, қуантқан да жоқ.  Яғни, ол  бәрін де бей-жай қабылдады.

    Үйсін еліне  ұзатылып бара салысымен, ол жергілікті халықтың тұрмыс-салтына үйлесуге, Үйсін жұртының тілін үйренуге, екі ел қарым-қатынасын нығайтуға бар күшін салды. Алайда бірнеше жыл өтер-өтпестен Жөнші патша қайтыс болды да, оның орнына немерелес бауыры Оңғай би таққа отырды. Сонымен Үйсін салты бойын­ша Джие-Ю ханша Оңғай бимен некеленді. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 87-жылы Хань-Уди патша дүние салды да оның патшалық тағына Хань-Джауди отырды. Тура осы кезді орайлы сәт деп білген ғұндар Хань   патшалы­ғының У-Юань, Шо-Фаң деген жерлеріне (бұл бүгінгі Ішкі моңғол, ия мен Ниң-Сия дүңген аймағындағы аудандар - Д.М.), сонымен бір уақытта үйсіндерге де шабуыл жасады.

    Біздің жыл санауымызға дейінгі 74-жылдың көктемінде ғұндар үйсіндерге елші жіберіп, Үйсін патшасына қоқан-лоққы жасап, Джие-Ю ханшаны төркініне қайтарып жіберуін талап етеді. Осыған байланысты Джие-Ю ханша  Хань-Джауди патшаға хат жолдап, оның қолұшын беруін өтінді. Тура осы кезде Хань-Джауди патша қайтыс болып, оның бұл өтініші бір сәт аяқсыз қалған болатын. Сол жылдың күзінде патшалық  таққа Хань-Шуанди отырды. Осыдан кейін Үйсін елі патшасы мен Джие-Ю  ханша Хань-Шуанди патшаға тағы да хат жолдап: "Ғұндар әлсін-әлсін Үйсін еліне әскери шабуыл жасап, қазірге дейін олар біздің Чаян, Өңеш деген жерлерімізді жаулап алды. Тіпті де қорлығы ондағы халықты тұтқындап алып, ойына келген жамандықта­рының бәрін істеуде. Бұнымен тынбай олар бізге ханшаны тез арада ғұндарға тапсырып бер деп елші жіберіп отыр. Ондағы мақсаттары Хань   патшалығы мен біздің қарым-қатынасымызды үзіп тастау. Біз елдегі жауынгер-баһадүрлерден таңдап отырып 50 мың қол аттандырып, ғұндармен кескілескен майдан ашуға әзір отырмыз. Көктің ұлы (қытайларда патшаны "көктің ұлы" яғни құдайдың баласы деп атау дәстүрі болған, һәм бұл дәстүр ХХ ғасырдың басына дейін жалғасты - Д.М.) -  хан ием, ханша үшін өтінеміз, шұғыл түрде зор  қосын аттандырып, көмекке келе көргейсіз!" - деген өтініштерін жеткізді.  Бұл өтініш хатты алғаннан кейін Хань-Шуанди патша ғұндармен соғысуға дайындалу жөніндегі бұйрыққа қол  қойды. Сөйтіп, біздің жыл санауымызға дейінгі 71-жылы 150 мың сайлауыт жасақты бес бағытқа бөліп, үйсіндерге көмектесу үшін батысқа аттандырды. Бұдан тыс Хань патшалығы жасақ басы Чаң-Хұйдың қолына елшілік асасын ұстатып, оны үйсіндермен селбесе соғыс жүргізуге жөнелтті. Үйсін патшасы уағда бойынша 50 мың атты жасақты өзі бастап, ғұндарға батыс бүйірден шабуылдады. Чаң-Хұй мен Оңғай би үйсін жасақтарын бастап, ғұн еліне ішкерілей шабуылдап кіріп, олардың тәңірқұттарынан, көкелерінен, бектерінен, бас сардарларынан, мыңбасыларынан тағы басқа толып жатқан игі жақсыларынан 40 мыңдай адамның басын алды. 70 мыңнан астам тірі мал олжалады. Осылайша ғұндар ойсырай жеңілді.

     Осы жылдың қысында ғұн тәңірқұты 10 мың қолды өзі бастап, үйсіндерден кек алу жорығына шықты. Бұл реткі соғыста ол үйсіндердің көптеген кәрі-құртаң, жарымжан кісілерін   тұтқындап алып кетті. Бірақ олар, қайтар жолында қатты қарлы боранға тап болып, жасақтарының оннан тоғызынан айрылып қалды. Үйсіндер мен маңайдағы өзге де  Деңлең, Ағуан секілді ұсақ елдер де осы сәтті пайдаланып, ғұндарға сілейте соққы берді. Бұл соққыдан кейін мүлде тұралап қалған ғұндардың Хань патшалығына қарсы келер қауқары қалмады. Сөйтіп, Хань патшалығының шекарасында ақыры соғыс өрті сейіліп, бейқұт өмір орнады. Тура осы кезде ғұндардың ішінде алауыздық туылып, берекелері қаша бастады. Яғни, ғұн билеушілерінің біразы Хань   патшалығына бет бұрып, құдандалық қарым-қатынасты бастап та жіберді. Жалпы, осы жолғы соғыс кейінгі кездегі Ғуханза тәңірқұттың Хань елінен қыз алуына, Хань патша ағзамының солтүстікке сапарлай баруына (бұл арада ұлы Қытай қорғанының сырты меңзеліп отыр - Д.М.),  Қытай-Ғұн елдерінің бейбіт қатар өмір сүруіне белгілі деңгейде игі рөл атқарды. Үйсін елімен саяси одақ құра отырып, ғұндарға селбесе шабуылдау мақсаты негізінен жүзеге асты десек, бұл ретте Джие-Ю ханшаның зор еңбек сіңіргенін ерекше атап өткен орынды.

     Джие-Ю ханша Оңғай биден үш ұл, екі қыз - бес перзент өмірге әкелді: үлкен ұлдары Ноянқұт би. Ортаншы ұлы Банен кейін Сака еліне хан болды. Үшінші ұлы Датлұқ өсе келе өз елінде сол қол сардар болды. Үлкен қызы Деш Күсен елінің ханы Күңпенге күйеуге шықты. Кіші қызы Сауғам Нохаябхуға күйеуге шықты.

      Оңғай би мен Джие-Ю ханша үлкен ұлдары Ноянқұт биді тақ мұрагері етіп белгілеп әрі оны Хань  патшалығының қызымен үйлендірмек болып шешті. Сөйтіп, олар біздің жыл санауы­мызға дейінгі 64-жылы Хань  патшалығының елшісі Чаң-Хұй арқылы Хань-Шуанди патшаға хат жолдап: "Біз Көктің ұлы - хан иемнің жиенін - өзіміздің үлкен ұлымыз Ноянқұтты тақ мұрагері болса дейміз. Көктің ұлы хан иемнен өтінеміз, сіз Ноянқұтқа бір ханшаңызды берсеңіз - біздің құдандалығымыз одан сайын күшейіп, ғұндардан іргеміз мәңгі бөлінетін еді... Қалыңмал үшін біз елдегі барлық сәйгүлікті айдап берер едік", - деген өтініштерін жолдады. Хань-Шуанди уәзірлерін жинап алып, бұл жағдайды жан-жақты талқылады. Уәзірлердің ішінен жер түбіндегі Үйсін елін меңгеруіміз қиын. Бұдан былай ханшамызды беруді тоқтатсақ дегендер де  табылды. Алайда Шуанди  патша Үйсіннің ғұндарды тал­қан­даудағы зор еңбегін ескере отырып, оларға сыйлық-марапат ретінде болса да, Оңғай би мен Джие-Ю ханшаның бұл талабын  қанағаттандыру керек деп шешті. Әрі Үйсін еліне қалың малын айдап әкеліп, ханшаны алып  қайтсын деп, елші шаптырды.  Әрине, ол заманда­ғы қалың мал төтенше мол болатын­дықтан, Хань-Үйсін елдерінің қай-қай жағы да бұған ерекше мән беретін.      Бұл жолы Шуанди патша Джие-Ю патшаның бауырының қызы Шияң-Фуды "ханшалыққа" таңдады әрі онымен ере баруға төре-қарасы болып жүзден аса адамды іріктеп алды да, олар­дың бәрін үйсін тілін үйренудің қысқа мерзімді оқуынан  өткізді. Жүрер алдында Хань-Шуанди тәжірибелі де көреген уәзір Чаң-Хұй бірге барсын деген жарлық шығарды. Сонымен қыз ұзатқан көш-керуен жолға шығып, Дахадатаға (Дунь-Хуаң) жеткен кезде, бұларға: "Үйсін пат­шасы Оңғай би өліп, оның орнына үйсін ақсүйектері Жөншінің ғұн әйелінен туған ұлы Нәй биді патша тағына отырғызып, оған Есер хан деп ат қойыпты" деген суық хабар келіп жетті. Бұл хабарды естіген Чаң-Хұй Шияң-Фуды Дахадатаға аялдата тұрып, өзі Үйсін еліне барып Ноянқұтты патша тағына отырғызудың қамына кірісу ойын Хань-Шуанди патшаға мақұлдатып алды да жүріп кетті. Үйсін елінде елеулі саяси өзгерістер болғандықтан Хань-Шуанди патша  уәзірлерімен ақылдаса келіп, Шияң-Фу ханшаны кері қайтарып алды.

      Ал, Джие-Ю  ханша болса, бұл кезде Есер ханға тиіп, одан Телби есімді бір ұл сүйген болатын. Есер хан мінезі қотиындау, кісі көңіліне қарауды білмейтін жан еді. Сол үшін де Джие-Ю ханша ретін тауып, оның көзін жоюға бел буды. Сөйтіп, Джие-Ю ханша ондағы Хань   патшалығының елшілері Вей-Хыйі және Жэнь-Чаңмен астаса отырып, тура дастархан үстінде  Есер ханға қылыш жұмсады, қырсыққанда қылыш дұрыс дарымай, жаралы  Есер хан қашып құты­лып кетті. Бұны естіген Есер ханның ұлы Шетеншоқ қол бастап келіп, Джие-Ю ханша мен Чикөк қаласындағы Хань патшалығының елшілігін қоршауға алды. Өзі қол бастап шыққан Джие-Ю ханша олармен бірнеше ай бойы берілмей қарсыласты. Соңында Хань  патшалы­ғының Батыс өңірдегі  билеушілерге елдерден қол құрап, Джие-Юге көмекке келген кезде ғана Шетеншоқ кері шегінді.

   Хань патшалығы ордасы бар жайдан хабар тапқаннан кейін үйсін елімен одақтастықты  сақтап қалу үшін бұл істе ымыраға келуге белсене әрекеттенді. Хань-Шуанди ең әуелі нөкер сардар Джаң-Зунді Үйсін еліне Есер ханның жарақатын емдеуге жіберді, сонымен бірге олар  арқылы Есер ханға 20 зинь (10 килограм) саф алтын, әлденеше бума торғын торқа жөнелтіп, оның көңілін аулады. Бұл істе өз беттерімен қадам жасаушы елшілер Вей-Хыйі мен Жэнь-Чаңды өлім жазасына кесті. Алайда әлі де болса, істің ақ-қарасын анықтап алу үшін  Хань-Шуанди патша ат көліктілер санғұнының зұрғаны Джаң-Уыңды Үйсін еліне барып, Джие-Ю ханшадан уақиғаның жалпы  барысын біліп қайтуға жіберді. Джаң-Уың ханшаны көрген жерден оны қылмыскер деп тапты. Ханша да Есер ханды өлтіруге себеп жеткілікті екенін айтып, барынша ақталып бақты. Бірақ оған иланбаған Джаң-Уың Джие-Ю ханшаны шашынан алып сабап, күштеп мойындатпақ болды.  Бәрі бір ештеңені мойнына алмаған Джие-Ю ханша Хань-Шуанди патшаға Джаң-Уыңның бейбастақтығын, Есер ханды өлтірмек болғандығының себебін айтып хат жолдады. Істің ақ-қарасына әбден көзі жеткен Хань-Шуанди патша  тек шырғалау тәсілімен ғана достық қарым-қатынас орнамайтындығын анық түсінді. Егер Есер хан секілді қатыгез патшаның көзін бү­гін құртпаса, ерте ме, кеш пе екі ел қарым-қа­ты­на­сына сызат түсері анық. Сонымен Джие-Ю ханшаға жасаған дөрекі қылығы үшін Джаң-Уың өлім жазасына кесілді. Ал, Джаң-Уыңның орын­басары Есер ханның өлтірілуге тиісті екендігін біле тұра қимылдамай, орайды жіберіп алған қыл­мысы үшін әтек ету (ақтау) жазасына өкім етілді.

     Хань-Шуанди Үйсіндерге қарсы өзінше шаралар қарастыра бастаған кезде Үйсін елі билеушілерінде өзгеріс туа қалды. Яғни, Үйсін елінің бұрынғы патшасы Оңғай бидің ғұн әйелінен туған ұлы Азоғда ғұндардың көмегімен Есер ханды өлтіріп, өзін патша деп жариялады. Осыдан кейін Үйсін елінің ғұндарға бет бұрып кету қаупі туылды. Бұл хабарды естіген Хань  патшалығы бір жағынан қияндарды талқандаған санғұн Синь-Усиянды 15 мың қолмен Дахадатаға барып бұйрық күтіп жатуға жіберді. Тағы бір жағынан Джие-Ю ханшаның нөкері Фың-Лияу арқылы ымыраласудың да жолын қарастырды.

    Жағдайға анық көзі жеткен Джие-Ю ханша  бел шеше әрекеттенді. Фың-Лияу өз кезінде Джие-Юдің елшісі ретінде Батыс өңірдегі біраз елді аралап, олардың ел басыларына тарту-таралғы беріп, шен-шекпен үлестірді, өзі де олардың сый-құрметіне бөленіп "Фың  ханым" атанып кеткен бола­тын. Кейін Джие-Ю  ханша Фың-Лияуды үйсін патшасының оң қол сардарына күйеуге берген. Сол себепті де Фың-Лияудың отбасы мен Азоғданың қарым-қатынасы өте жақсы еді. Батыс өңір басшысы Джың-Зи Фың ханымға Азоғдаға келер-кетерді, пайда-зиянды жақсы­лап түсіндіріп, талаптарын мақұлда­туды тапсырды. Хань  патшалығы­ның тең­дессіз әскери  күш-қуатын ойлаған Азоғда олардың та­лаптарын орындап, патша­лықтан өз еркімен бас тарт­ты да, кіші патша бо­луға келісімін берді. Фың ханым Хань патшалы­ғының астанасы Чаңанға барып, Хань-Шуан­ди пат­шаға болған жайды хабар­ла­ды. Патша Фың ханым­ды Хань  пат­ша­лығының Үйсін еліндегі елшісі етіп тағайындап, бұл жұмысты аяғына шығаруды тапсыр­ды. Үйсін жұртына келген­нен кейін Фың ханым елдің барлық жақсы мен жайсаңын және Азоғ­даны Чикөк қаласына жинап алып, Көктің ұлы - Хань патшасының жар­лы­ғын оқыды. Сонымен Джие-Ю ханшаның ұлы - Ноянқұт би үлкен патша болып тағайындалып, оның қол астына 60 мың түтін қарайтын болды. Ал, Азоғда кіші патша болып тағайындалды да, оның қоластында 40 мың отбасы қалды. Осылайша бұл іске нүкте қойылғандай болды. Хань әулетінен шыққан ханшадан туған ұлдың тұңғыш рет Үйсін еліне патша болуы - Джие-Ю патшаның еңбегінің жемісі, сондай-ақ, Үйсін елінің Хань патшалығының ықпалына өте бастағындығының дәлелі еді.

      Біздің заманымыздан бұрынғы 51-жылы Джие-Ю ханшаның екі ұлы - Ноянқұт би мен Телби  дүние салды... Өмірде отаннан ыстық не бар дейсің?! Жасы 70-тен асқан Джие-Ю ханшаны да туған жерге деген сағыныш меңдетіп бара жатты. Ол Хань-Шуанди патшаға: "Кәрі қой­дың жасындай жасым қалды, енді отанға қай­тып барып, туған жердің топырағын жаста­нып жатсам деймін", - деген өтінішін айтып, хат жазды.  Оның бұл тілегін құп көрген Хань-Шуан­ди патша кісі жіберіп, Джие-Ю ханшаны отан­ға қайтарып әкелді. Джие-Ю ханша қоштас­қанына  талай заман болған Чаңан қаласына қалған үш ұл-қызын ала келді. Хань    патшалы­ғы ел үшін еселі еңбек сіңірген осынау ханшаға мол  тарту таралғы және ең даңқты атақтарын берді. Осыдан соң екі жылдан кейін - біздің заманымыздан бұрынғы 49-жылы Джие-Ю ханша көз жұмды. Алайда ол отырғызып кеткен халықтар достығының шыбығы Үйсін елі топырағына терең тамыр тартып, үлкен бәйтерек болып кеткен-ді.

      Үйсін елінде жүрген кезінде Джие-Ю ханша ұл-қыздарын ылғи да Чаңан қаласына жіберіп оқытып, оларға Қытайдың өркендеген мәдениеті мен Хань елінің салт-санасын үйретіп отырған болатын. Хань-Үйсін елдері саудагерлерінің жиі барыс-келісі де екі ел экономика-мәдени қарым-қатынастарының дамуына төтенше игі-ықпал еткенін атап айтуымыз ләзім. Ал Джие-Ю ханшаның ұл-қыздарының бәрі дерлік Батыс өңірдегі Үйсін жұртынан басқа да елдердің саяси сахнасында еңбек етті.

     Джие-Ю ханша Үйсін елінде табаны күректей жарты ғасыр өмір сүріпті. Ханшаның ерен еңбе­гі­нің арқасында Үйсін мен Хань патшалығының Ғұндарға бірлесе  шабуылдауы жүзеге асып, Ғұндар қаупі түбегейлі жойылды. Сөйтіп, екі ел халқының бейқұт өмірі қамтамасыз етілді.  Сондай-ақ, бұл кезде Үйсін елі мен Хань патшалығының қарым-қатынасы тонның ішкі бауындай болып кетті десек, бұның өзін де Джие-Ю ханшаның белсенді еңбегінен бөле қарау қиянат болар еді.

     Тарихи құжаттардан мәлім болғанындай біз­дің заманымыздың 74-жылы Гың-Тиян Батыс өңірге бас жеткеуіл болып барғанда, Үйсін елінің ханынан қарасына дейін Джие-Ю ханша тұтынған дүниелерді төтенше қастерлейтіндігіне куә болған. Өлгеніне 120 жылдан асқан Джие-Ю ханшаның тұтынған заттарын үйсіндер көздерінің қарашығындай қастерлеп сақтап отырса, бұның өзі Хань-Үйсін елдері достығы­ның жарқын мысалы емес пе?!

      "Егемен Қазақстан"

      http://www.inform.kz/kz/kazak-tarihyndagy-kytay-kyzdary_a2479746

толығырақ

841fbe2fa127fc0cd9bd

           Табиғи-географиялық құрылымына  байланысты Азия құрлығы бес аймаққа бөлінеді: Алдыңғы, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс және Орталық Азия. Осылардың ішінде Орталық Азия түрік тілдес этностардың ежелгі Отаны. Бұл аймақтың орналасуына байланысты  оны Орталық Азия деп атаған. Ол Еуропа мен Азия құрлығының түйіскен жерінде орналасқан.

       Орталық Азия жеріне алғашқы адам­дардың бір миллион жылдар шамасында таралғанын археология ғылымы дәлелдеді. Осы аймақта автохтонды, яғни түрік тілдес этностардың бабалары мекендеген. Жергілікті тұрғындар адам баласының басы­нан өткерген  тас, қола, темір, орта­ғасыр және жаңа заман сияқты  тарихи кезеңдерде жасаған. Орталық Азияда осы тарихи дәуірлерге жататын археологиялық және сәулет ескерткіштері, тамаша жәдігерлер ашылды, оларды  жан-жақты зерттеп, түркі тілдес этностардың тарихына жаңалықтар енгізілді.

       Археологиялық және жазба деректерге қарағанда, қола, темір дәуірлерінде Орта­лық Азияны мекендеген этностар ру-ру, тайпа болып, өзінің өсіп-өнген отанында жайғасып, оның байлығын кешенді пайдаланған, өздерінің алғашқы қоғамын дамытып, оның жоғарғы сатыларына эволюциялық жолмен ілгерілеп бара берген. «Б.з.б  І мың жылдықта Солтүстік Үндіс­танды, Ауғанстанды, Орталық Азияны және Қазақстанның оңтүстігін  қамтитын кең байтақ  аймақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын  көптеген  тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.б. Vғ.) сияқты және басқа да  ғұламалары оларды Азия скифтері деп атаған»  (1.Б.158).

       Келтірілген сілтемеге көңіл аударсаңыз, осынша ұлан-байтақ кеңістікті мекендеген көп санды тайпалар жалпы «сақ» (скиф) деген ұғым болғанымен, олардың бастарын біріктіріп бір мемлекетке, әйтпесе, бір империяға айналдырарлық ұғым дәре­жесіне жетпеген.  Әр тайпа өз бетінше  өмір сүрген. Олардың ірілері, керек десеңіз, мемлекет пен империя құрған (ғұн және үйсін тайпалары). (І.Б.245-250).

       Сонау Қара теңіздің  солтүстік жаға­лауынан Ұлы Қытай қорғанына дейінгі  ұлан-ғайыр жерді  ғұндар (хундар) мекен­деген. Олардың батыс жағын мекендеген  тайпаларды «ғұндар»   деп атаса, шығыс бөлігін «хұндар» деу кездескен (2.Б. 31-32). «Қытайдың ең алғашқы әйгілі тарихшысы Сы Машиан бұл шындықты жақсы білетін ғұлама. Ол хұн тарихын да осы тұрғыдан қарастырған. Хұн және Хунну атауларын «Империя тайпалары-император халқы»  деген сияқты кең мағынада  ұғынатын… Осы мың жыл ішінде Хұн мемлекеті бірде үлкейіп, бірде кішірейіп отырды. Кейде бөлініп, ыдырап кетті. Быт-шыты шығып, бастарын алып қашты, шалғай алыстарға кетіп қалды» (3.Б.73. І-к).

       Осындай Ғұн (Хұн) тайпаларының өмірлерінде өзара бірлік бір қалыпта болмай, біресе күшейіп, біресе әлсіреп, бытырап, өзара бүліншілікке ұшыраған тарихи кездерді, Орталық Азия автохтон­дық этностары бастарынан өткеріп жатқан.  Өзара саяси, экономикалық  және мәдени бірліктің болмауынан Орталық Азия этностары жиі-жиі қиыншылыққа ұшыра­ған. Сондықтан халық арасынан ел бірлігін сақтауға айрықша көңіл бөлген Афрасиаб патша, Мете, ерте ортағасырдағы Бумын, Білге қаған, Шыңғысхан (Шығыстың ханы) және осылар  сияқты тарихи тұлғалар  шыққан. (2.Б.22-45)

       Орталық Азия этностарын бірлестіруші тарихи тұлғалардың атқарған қызметтеріне белгілі шығыстанушы Л.Н.Гумилев. «Этот континент (Еуразия- У.Ш.) за исторически обозримый период  объединялся три раза. Сначала его объединили тюрки, создавшие кага­нат, который охватывал земли от Жел­того моря до  Черного. На смену тюркам пришли из Сибири монголы. Затем, после периода полного распада  и дезинтерации, инициативу взяла на себя Россия: с ХVв. русские двигались на восток и вышли к Тихому океану.  Новая держава выступила, таким образом «наследницей» Тюркского каганата и Монгольского улуса» (4.Б.291).

     Ғұламаның еңбегінен алынған сілтемені сол күйінде қабылдауға болмайды. Өйт­кені, Л.Н.Гумилев Орталық  Азия этнос­тары­ның  бірігушілік тарихи процесін дұрыс көрсете алмаған. Бұл аймақтың рулары мен тайпалары, кейіннен халықтары саяси  бірліктің  қадірін ертеден  білген және оны іске асыру үшін үздіксіз күресіп келген.    Оның куәгерлері Афрасиаб, Мөте (Моде), Білге қаған және Шыңғысхан. Осы аталған тарихи  тұлғалар ел бірлігі   үшін күрескен және оның жемісін де көрген.  Олардың  ішінен Л.Н.Гумилев айтқандай, Түрік қағанаты құрылып, Орталық Азияда ұзақ жылдар бойы өмір сүрген.  «Түрік қағанаты» болғаны тарихи шындық. Шың­ғысхан құрған империя түріктердің саяси  құрамы, оның халқының 90 пайызы түрік­тер болған. Бұл империяны түрік этностары біріктіргенін естен шығаруға болмайды. Орталық Азияны ең соңғы бірлестіруші Ресей империясы  деудің өзі   шындыққа жатпайтын пікір. Көпшілікке мәлім, ХVғ. бастап Ресей Шығыс елдеріне қарсы отарлау саясатын жүргізіп, Тынық мұхитқа дейінгі жерлерді  жаулап алып, оның халық­тарын отарластырды.  Басып алған жер­лерде жүргізілген отарлау саясаты жергілікті халықты басқаруға, жерлерін бөлшектеуге мүкіндік берді. 1917 жылға дейін тек Орталық Азия жерінде Ресейдің бірнеше губерниялары пайда болды  және Бұхар әмірлігі мен Хиуа хандығы дербес өмір сүрді. Міне, осындай жағдайда бірігушілік болуы мүмкін бе?! Ресей империясында  түрік этностары бірікті деп айту шындыққа жанаспайды. Ресейдің Орталық Азия этностарын бірлестіруге күш салмағаны анық. Керісінше, «бөліп ал да, билей бер» деген тәсілмен оларды отарластыру және халықтар бірлігін бұзуға айрықша күш салғаны баршаға мәлім (2.Б.41).

       Орталық Азияның автохтондық этнос­тары  бірнеше рет бірлесіп, мемлекеттер мен империялар құрған. Солардың бірегейі – Түрік қағанаты. Бұл қағанат Шығыстағы Сары теңізден Қара теңізге дейінгі  ұлан-ғайыр жерді мекендеген халықтар бірлестігі Ұлы Түрік империясы деп аталған. Біздің негізгі мақсатымыз – осы империя атауын­дағы  «түрік» терминінің этимология­сына қатысты өз пікірімізді білдіру. Өйткені,  бұл осы күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан мәселенің бірі. «Қазақстан тарихы­ның» І томында: «Әуелде «түрік» термині шонжарлардан  немесе әскери ақсүйектер­ден шыққандарды білдірген,  яғни таза әлеуметтік мәні болған деп топшыланады; кейіннен бұл сөздің семантикасы кеңейіп, үстемдік етуші  «патшалық» тайпаның және оған бағынышты  тайпалардың сим­волы болған; көршілері бұларды да түріктер деп атап кеткен». (І.Б.341).

         Сілтемеде берілген «түрік» сөзінің этимо­логиясы туралы жалпы түсінік осы. Бұл терминнің қандай шонжарлар  мен ақсүйектерді айтатыны аталмаған.  Осы кездегі түрік тілдес халықтар тарихында ел басқарған тарихи тұлғалардың аттарына қосымша «түрік» сөзі қосылмаған. Сон­дық­тан, бұл пікірді негізге алудың қисыны келмейді.

       Л.Н.Гумилев барлық өмірін түріктердің тарихын зерттеуге жұмсаған ғұламаның бірегейі. Ол «түрік» сөзіне көңіл бөлген: «языки, ныне называемые тюркскими сложились в глубокой древности, а народ «тюркитов» возник в конце Vв. вследствии этнического смешения в условиях лесос­тепного ландшафта, характерного для Алтая и его предгорий» (5.Б.25).

        Ғалымның осы айтқан пікірі шындық. Орталық Азияны мекендеген автохтондық этностар осы аймақтың перзенттері екені барша оқырмандарға белгілі. Олар өздерінің  даму барысында бір-бірімен жақын кешенді араласып, өзара ортақ тілді, әдет-ғұрыптарды, жалпы заттай және рухани мәдениетті ежелден қалыптас­тырған. Олар бірлестікке айрықша көңіл бөліп, жергілікті этностарды біріктіруге көмектесетін бір атаумен атап, көп тайпалардан құрылған Орталық Азияның тұрғындары V ғасырда өздеріне «түрік» сөзін қабылдаған. Л.Н.Гумилевтың қоры­тындысы: «Нет никаких оснований сомне­ваться в общепринятом положении, что население Алтая в V и VІ вв. было тюр­коязычным» (5.Б.359).

       Миллиондаған этностардың  ортақ  бір атауы  «түрік»  терминінің этимологиясы әлі күнге дейін шешілмей келеді. Біршама шығыстанушы ғалымдардың пікірлеріне  негізделіп, Л.Н.Гумилев «түрік» терминінің этимологиясы туралы былай дейді:  «сле­дует также отметить, что само слово «тюрк», согласно П.Пелио и А.Н.Кононову, значит «сильный, крепкий», что опять таки подчеркивает происхождение этнонима их политического термина VІ в. А.Н.Кононов пришел к этому выводу  в результате глубокого филологического исследования. Термины «тюрк» он разъясняет как соби­рательное имя, значение которого было понятно на большой территории и которое объединяло многие племена различного расового и этнического происхождения» (5.Б.359).

         Бұл пікірді Л.Н.Гумилев өзінің бұрынғы жазған мысалы, «Древние тюрки» (1993) атты еңбегінде де  келтірген болатын. Бірақ Л.Н.Гумилевтің «түрік» сөзінің этимоло­гиясы туралы жазған бұл тұжырымының ғылыми жақтан  дәлелсіз екені байқалып тұр. Әлемді мекендеген адамдардың  жалпы саны 7 миллиардқа жақын. Олар бірнеше халықтарға, ұлттарға бөлінген. Осынша этникалық құрамалардың  ешқайсысы өздерін «әлсізбіз»  деп айтпайтыны анық. Олардың ішінен түрік халықтарын  «мықты, күшті» деудің қисыны келмейді. Бұндай екіұшты мәндегі терминді  бабаларымыздың өз халқына беруі екіталай. Керек десеңіз, олар өзінің перзенттеріне есім бергенде де, ойланып-толғанып, өздеріне ұнаған есімге тоқталған. Осынша көп санды этностарды біріктіретін «түрік» атауына да бабалары­мыз ойланып-толғанып тоқталған болар.

         Ертедегі  орта ғасырда (ХІғ.) әйгілі түрік ғұламасы Махмұд Қашқари  өзінің «Түрік сөздігі» еңбегінде «түрік» сөзіне және оның этимологиясына тоқталған «Сахара­ның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы, тіл зергері Махмұт Қашқари «Түрік тілдерінің жинағын» барлық түрік текті ұлыс, тайпаларды аралап жинап, зерттеп, талдап барып жазған. Күллі түрік елдерінің әде­биеті мен тілін  салыстырмалы түрде зерде­леп, түзіп шыққан алғашқы энциклопе­диялық кітап» (6.Б.4).

        Ғұламаның осы еңбегінде «түрік» сөзіне және оның этимологиясына төмендегіше тоқталған: «Түрік;  Тәңірі жарылқаушы Нұқтың ұлының есімі.  Бұл Тәңірдің Нұқ­тың ұлы Түрік бабаларына берілген есімі. Оның әулеті де, «түрік» деп аталады… «Түрік» сөзі Нұқ ұлының есімі болып кел­генде, жеке бір кісіні білдіреді, Нұқ әулетінің есімі болып келгенде, «бешеч – бешер» сөз сияқты жалпылық мәнді, көптеген адам тобын білдіреді. Бұл жеке де, жалпы да мағынада да қолданылады. Мәселен:  «Рум» сөзі  Тәңірі жарылқаушы Ысқақтың ұлы Иусуға және Иусу ұлы Румге есім болған­дықтан, рум әулетінің де  есімі болып келеді. «Түрік» сөзі де осындай.

        Ұлы тәңірі: «Менің бір тайпа қосыным бар, оларды «түрік» деп атадым, оларды күншығысқа орналастырдым. Бір ұлысқа ашуланып, назалансам түріктерді соларға қарсы саламын» депті.

          Бұл жай олардың (түріктердің) басқа жұртқа қарағанда үстем екендігін көрсе­теді.  Сондықтан да Тәңірдің өзі оларға ат бер­ген, жер жүзінің ең биік, ыңғайлы, ең ауасы таза шұрайлы өлкеле­ріне орналас­тырған да, оларды «өз қосыным» деп санаған. Оның үстіне түріктер көркемдік, сүйкімділік, жарқын жүзділік, әдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды құрметтеу, сөзінде тұру, мәрттік, кішіктік және тағы да сондай сансыз көп мақтаулы қасиеттерге  ие.

          Осы қасиеттер мына жырда да жырланған:

«Қашан көрсін оны түрік,

Айтар оған ел мұңы;

Соған тиер ұлылық,

Содан кейін үзілер!»

        Түрік:  уақыт мағынасын білдіретін бір сөз. Бүкіл жеміс-жидектің пісіп жетілген, уылжып толысқан маусым­ның ортасы дегенді білдіреді:

үзімнің піскен уақыты; күн ортасы; жігіт жасына толған жігіт…» (6.Б.407-410).

       Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігі»  кітабындағы «түрік» сөзі туралы жазғанын әдейі түгел келтірдік. Өйткені, ғұлама «түрік» сөзінің мағынасы мен этимологиясына  терең тоқталған. Оның сілтемеде  берілген «түрік»  сөзі туралы  жазғандарына қарағанда, Орталық Азияның автохтондық этностары өзара бірлестік үшін күресіп жатқан кезде, көп санды тайпалардың бастарын біріктіруге қолайлы есім (этникалық атау) қажет болған. Олардың талабына сәйкес келетін Нұқ пайғамбардың ұлының есімі Түрк (Түрік) терминіне тоқталған.

         «Нұқ» (Інжілде – Ной) – христиан  дінінің пайғамбары,  Інжілде топан су туралы аңыздың кейіпкері…Құдай өзіне жаққан  тақуа Нұққа қайық жасап, оған өз семьясын, әрбір хайуанат пен жәндік тұқымынан бір ұрғашы, бір еркегін алуға әмір етеді. Осы қайықпен жүзіп, олар аман қалады. Күн ашылып, су тартылған соң Нұқ қайықтағы жануарлар мен жәндіктерді жер бетіне босатып жібереді, тіршілік атаулы солардан қайтадан өсіп-өніп, көбейе бастайды» (7.Б.414). «Ной родился по еврейскому тексту в 1056 году от С.М., а по Славянской библии в 1662г» (8.Б.20-21). Міне, осындай мазмұнда Нұқ пайғамбар туралы аңыз әлемге жайылған. Солай болса да, Нұқ тарихта есімі қалған, шынайы жасаған қасиетті адам болғанға ұқсайды. Нұқтың Түрік есімді ұлының болғаны туралы М.Қашқаридан үзінді келтірдік.

       V ғасырда Орталық Азияны мекендеген этностардың арасында  бірігу процестері жүрген. Біріктіру саясатын басқарған тарихи тұлғалар өзара келісіп, осы «түрік» терминін қабылдаған.   Біріншіден, «Түрік» сөзі қасиетті Нұқ пайғамбардың ұлының есімі болғандықтан, екінші­ден, бытыраңқылықта жасап, өзара қырғи-қабақ  болып жүрген Орталық Азия этностарын  біріктіріп, құдыретті кемеліне келген Түрік қағанатын құруда бұл термин үлкен мәнге ие болған. Осы тұрғыдан қарағанда Махмұд Қаш­қаридің «түрік» сөзінің жалпы Орталық Азия  этностарына берілген ортақ атауы деген тұжырымын қолдаймыз.

         Өткен ғасырдағы қазақ халқының ғұламаларының бірегейі Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» атты кітабында «түрік» сөзінің этимо­логиясына айрықша тоқталған. Белгілі шығыстанушы М.Мырзахметов  бұл еңбектің ерекшелігіне тоқтала  келіп: «Ал Шәкәрім кітабы нақтылығымен, ғылыми негізде жүйеленуімен жалпы түркі елдерінің ата тегін, түп төркінін  қамти отырып, негізінен қазақ  халқының шежіресіне баса назар аударғанымен ерекшеленеді» деді (9. Б.5).

        Осындай құнды еңбекті жазуда Ш.Құдайбердіұлы  араб, парсы, қытай және орыс тілдеріндегі деректерді жинап, оларды ой елегінен өткізгені анық. Шәкәрім өз  еңбегінде «түрік» сөзіне тоқталып, оны Нұқ пайғамбармен байланыс­тырады: «Осы күнгі барша адам балалары сол Нұқтың үш баласы: «Сам, Хам, Яфастың нәсілі… біздің түрік  нәсілі Яфас нәсілінен…» (9.Б.7). Осылардың ең соң­ғысы Яфастың сегіз баласы болған. Олардың арасындағы тұңғышы Түрік деген атпен белгілі. Ол Нұқтың немересі. Солай болса, Орталық Азияны мекендеген  бір тілдес этностар осы түрік сөзін қабылдап, өздерінің жалпы есімі етіп алған. Ш.Құдайбердіұлының  пікірі Махмұд Қашқа­ридың айтқа­нымен үндес.  Айырмасы, тек, М.Қашқари «түрік» сөзі Нұқ пайғамбардың баласы десе, Ш.Құдайберді  оның немересі екенін айтады. Жалпы алғанда, «түрік» Нұқ пайғамбардың ұрпақтары екенінде дау жоқ.

        «Түрік»  этнонимін  алғаш рет атауы қытай жылнама­ла­рында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытай­лықтар түріктерді сюннюлердің (ғұндардың)  ұрпақтары деп санаған (І.Б.296). Бытырап кеткен Орталық Азия этностарын қайтадан бірлестіру  VІ ғасырда Бумын қаған уақытында басталып, өзінің қол астындағы этностарды түріктер  деп атаған. 603 жылы Орталық  Азия тұрғындары  екіге: Шығыс және Батыс  түрік қағанатына бөлінген. Бұл қағанаттардың шарықтап дамып, Ұлы Түрік қағанаты аталып, Шығыста Сары өзеннен Қара теңізге дейінгі жер­лерді билеп тұрған кезде Білге  қаған (683-734) басқарған. Ал Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны – Қаптаған қағанның баласы. 716 жылы ол қаған болып,  Ұлы Түрік қағанатын құрып, оны 50 жылдан астам уақыт басқарады. Білге қаған халқына сүйеніп, сеніп,  игілікті бағалай білетін  және өзінің халқына шексіз сенетіндігін төмендегідей тұжырымдаған: «Ей, Түрік! Жоғарыда аспан құламай, төмендегі жер тесілмей, сенің мемлекетіңді, әдетіңді кім жоя алады?!» (10.Б.7).

       Ежелден түріктер халықтың, елдің қадірін жақсы білген және елін бірлікте сақтау үшін тарихи тұлғалар бар күшін, ақыл-ойын аямаған. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қасиетті сезім халқымыздың сүйегіне сіңіп кеткен.  Осын­дай қастерлі ұстанымның арқасында бір тектес Орталық Азия   халықтарын  біріктіруде «түрік» терминін қабылдаған. Орта­лық Азияны сонау Қара теңізге дейінгі  ұланғайыр жерді мекендеген  бір текті этностар өздерін «түрік халқы­мыз» деп атаған. «Түрік» термині уақытты білдірген жалпы мәнге де ие: «Кемеліне келген ел» деген ұғымды білдіреді.  Бұл этностардың жалпы атауы болуымен қатар, оның даму дәре­жесін де білдірген.  Білге қаған басқарған құдыретті түрік империясы, яғни өсіп, өніп жетілген  Түрік елі екенін білдірген.

       У.ШӘЛЕКЕНОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР  Ғылым академиясының Құрметті мүшесі, соғыс және еңбек ардагері.

        http://almaty-akshamy.kz/2017/01/05/

толығырақ

akademiya

      

          Бұл туралы бүгін Түркі академиясында өткен жиында айтылды. Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астанада түркітілдес мемлекеттер Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымның соңғы жылдарда атқарған жұмыстарын қорытындылап, жиын өткізген болатын. 

         Академия кітапханасында өткен басқосуға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, елшілер, дипломаттар мен танымал ғалымдар қатысты.

         Жиынды ашқан TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі Қазақстанмен қатар биыл Әзербайжан, Қырғызстан және өзге де түркі мемлекеттері егемендіктерінің 25 жылдығын атап өткеніне тоқталып, олардың ширек ғасырдағы жетістіктері жайлы айтты.

          Сонымен қатар, Академия басшысы ұйымның соңғы жылдары атқарған іс-шаралары жөнінде кеңінен баяндады. Мысалы, биыл TWESCO жеке дара және басқа халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жалпы саны 70-ке жуық ауқымды шара өткізген. Бұл іс-шаралардың географиясы да кең: АҚШ, Әзербайжан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Түркия және Үндістан. Ғылыми жобалар аясында әзірлеп басқан Ортақ Түркі тарихы оқулығы Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің құзырлы мекемелерінде мақұлданып, жаңа оқу жылында мектеп бағдарламасына енетін болды. Бүгінде арнайы жұмыс тобы Ортақ Түркі әдебиеті мен Ортақ Түркі географиясының концепцияларын дайындап, Түркі кеңесіне мақұлдауға жіберді.

        Бұдан бөлек, Түркі академиясы биылғы жылы 56 кітап әзірлеп басты. Ал Түркі музейі 246 жаңа экспонатпен толықты. Музей қоры негізінен, биыл жазда Моңғолияға жасаған «Тәңіртаудан Өтүкенге дейін» атты халықаралық экспедиция жәдігерлерімен толыққан.

         Кездесу аясында, сонымен қатар,  мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Түркі Кеңесі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, ҚР ҰҒА академигі Болат Көмеков арнайы баяндама жасады. Олар дербес Түркі мемлекеттерін Тәуелсіздіктерінің 25 жылдығымен құттықтап, Түркі елдерінің сындарлы да маңызды кезеңнен өтіп, сенімді даму жолына түскені жөнінде пайымды пікірлерін ортаға салды.

akademiya2

         Жиын барысындағы тағы бір маңызды шараны айта кеткен жөн. Түркі академиясы Түркі интеграциясының дамуына қызмет етіп жүрген екі дипломатты арнайы медальдармен марапаттады.

       Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бағдат Әміреев Түркі әлемінің дамуына және ынтымақтастығына қосқан өлшеусіз үлесі үшін, ал Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы, Қырғыз Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сухээ Жагир Түркі әлемі және Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Академияның арнайы медальдарымен марапатталды. Сухээ Жагирдің таза қазақша сөйлеп, еліміз тәуелсіздігін құттықтауы басқосуға жиналған қонақтарды сүйсіндірді.

akademiya3

akademiya4

           Марапат иелері Академия басшысы Дархан Қыдырәлі мен ұйым ұжымына шынайы алғыстарын білдірді.

Анықтама

Бағдат Құлтайұлы Әміреев — 1959 жылы Қазақтанда дүниеге келген  Төтенше және өкілетті елші. Қазақстанның арнайы өкілі, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі. Түрлі жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы, Оман, Бахрейн, Кувейт, БАӘ елдеріндегі,   Египет Араб Республикасындағы  Төтенше және өкілетті елшісі болған. Сондай-ақ, Сирия Араб Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі, Ливиядағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарды.  2008-2010 жылдарда Қазақстанның Түркия Республикасындағы елшісі болған Бағдат Құлтайұлы 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарып келеді. «Құрмет» орденінің иегері.

Сухээ Жагир — 1959 жылы Моңғолияда дүниеге келген.  1985 жылдан бастап Моңғолияның Сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметтер атқарып келеді. Моңғолияның Азия және Америка департаментінде, БҰҰ-дағы Тұрақты өкілдігінде хатшы, атташе болған. Моңғолияның Қытайдағы, Корея Республикасындағы елшіліктерінде жауапты лауазымда қызмет еткен. 2013 жылғы шілде айынан бері Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы, Қырғыз Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

       https://egemen.kz/2016/12/21/85448

толығырақ

        Сегодня у многих известных людей России стало модным приписывать себя к потомкам ханов Золотой Орды. Многие делают это в угоду политической конъюнктуре, а многие — по праву. Попробуем разобраться, сколько же на самом деле великих русских людей произошло от тюрков.

«Быстрый», «Рябой», «Черный»…

       Знаменитый российский лингвист Александра Суперанская приводит такие факты. «Живя в непосредственном соседстве с русскими, многие представители тюркских народов «выезжали на службу» к русским царям. Одним из таких «выехавших» был далекий предок Ивана Сергеевича Тургенева. По свидетельству «Общего гербовника дворянских родов Всероссийской Империи» (СПб., 1797-1836, т. 4), «предок рода Тургеневых — мурза Лев Тургенев, по крещении названный Иоанном, выехал к великому князю Василию Иоанновичу из Золотой Орды. Потомки сего Льва Тургеневы многие Российскому престолу служили и жалованы были от государей в 1550 и других годах поместьями».

В основе фамилии Тургенев лежит имя тюркско-монгольского происхождения Турген — быстрый, вспыльчивый, горячий.

      Его имя до крещения — Лев, по-видимому, русский перевод тюркского имени Арыстан или Арслан — лев.

turgenev27072015

Иван Тургенев

      Первое в истории России регулярное войско – дворянская конница в качестве основного «языка межнационального общения», вероятно, имела кыпчакский — главный язык Золотой орды. Если из-за раны в ноге некий отпрыск варяжского рода хромал, то он получал прозвище Аксак, если был рябой (или конопатый), то получал прозвище Чубар.

      Многочисленные тюркские языки близки друг другу, по имени или фамилии не всегда можно однозначно определить, из какого языка они заимствованы. Фамилии в типичном для России понимании также появились не у всех тюрков сразу. Помимо представителей аристократии тюркского общества, сразу принятых в высшие классы российского общества и получивших фамилии по русскому образцу, лишь с нерусской основой, как Карамзин (из кара — черный + мирза — титул знатного человека), Тютчев (из туч — бронза, латунь + -чи/-джи — суффикс имени деятеля, то есть человек, работающий по бронзе или торгующий ею), одними из первых получили фамилии представители татарской интеллигенции: Уральская, Ильская с суффиксом -ский/-ская .

Многие живущие в России тюрки получили фамилии только после революции 1917 года,

V-Rostovskoy-oblasti-nashli-pismo-Kutuzova-kazachemu-atamanu

Михаил Кутузов

      при этом чаще всего они образовывались от имен отцов или дедов, именуемых: от Муca (соответствует русскому имени Моисей) — Мусаев, от Ходжа — Ходжаев. От очень распространенного имени Абдул, или Абдулла (в арабском языке это значит раб Аллаха), получилось даже несколько фамилий: Абдулов, Абдулин, Абдуллаев.

      И даже знаменитая фамилия Кутузов — от тюрков! Кутузов происходит из тюркск. слова qutuz — qutur, то есть бешеный. Любопытно, что фамилия Кутузовых по их родословной ведет свое происхождение якобы с Запада, но явно тюркское происхождение основы слова qutuz указывает на связи этой фамилии с Востоком.

Откуда пошли Казаковы?

      Помимо имен личных у тюрок есть также родо-племенные, особенно необходимые в условиях кочевого общества. Каждая структурная единица такого общества имела свое особое название: имена родов, родовых объединений, племен, племенных союзов и даже отдельных поколений, если они по каким-либо причинам выделялись из состава рода. С переходом к оседлости многие подобные имена забылись. Но и сейчас старшее поколение знает их. Выведенный А. Н. Островским в весенней сказке «Снегурочка»

народ берендеи обязан своим названием русифицированному названию средневекового тюркского народа берендеи, или берендичи , известного также как черные клобуки.

      Родо-племенное название Берен до сих пор встречается у кыргызов.

     Среди полученных мною писем о происхождении фамилий встретилось несколько, в которых люди интересовались фамилиями, образованными от тюркских родо-племенных названий. Это: Джавага — у киргизов сохраняется родо-племенное подразделение Джавагы.

     По-видимому, к родо-племенному названию восходит и фамилия Ходжаев. Подразделение Ходжа было у казахов Букеевской орды, киргизов, узбеков, туркмен. Возможно, фамилия Сугак также тюркского происхождения. Было средневековое тюркское племя сугдак. При переходе из одного языка в другой сочетание гд могло упроститься. Фамилия Тохтамышев также тюркского происхождения. Родо-племенное подразделение Тохтамыш было у закубанских ногайцев и сохраняется у кыргызов и туркмен.

1395902223-full

Дмитрий Голицын

     Если изучать и дальше сборник «Общий Гербовник Дворянских Родов Всероссийской империи», то мы увидим и другие удивительные вещи. Так, князья Куракины на Руси появились при Иване III, род сей идет от Ондрея Курака, который был отпрыском ордынского хана Булгака, признанного родоначальника великорусских князей Куракиных и Голицыных, а также дворянской фамилии Булгаковых.

     Дворяне Дашковы — тоже выходцы из Орды. И Сабуровы, Мансуровы, Тарбеевы, Годуновы (от мурзы Чета, выехавшего из Орды в 1330 году), Глинские (от Мамая), Колокольцевы, Талызины (от мурзы Кучука Тагалдызина)… О каждом роде желателен отдельный разговор — много, очень много сделали они для России. Об адмирале Ушакове слышал каждый, а о том, что он тюрок, знают лишь единицы. От ордынского хана Редега идет этот род.

   Князья Черкасские происходят от ханского рода Инала. «В знак подданства,— записано в их родословной,— отправил к государю сына своего Салтмана и дщерь княжну Марию, которая потом была в супружестве за царем Иоанном Васильевичем, а Салтман по крещению назван Михаилом и пожалован в бояре».

    Юшковы, Суворовы, Апраксины (от Салахмира), Давыдовы, Юсуповы, Аракчеевы, Голенищевы-Кутузовы, Бибиковы, Чириковы… Чириковы, например, вышли из рода хана Берке, брата Багыя. Поливановы, Кочубеи, Козаковы …

Казаков — вообще фамилия особенная. Она образована от имени или прозвища Казак, распространённого в России в разных слоях общества.

      Сравните: Казак Скрипицын, послух, XV в.; Казак Захаров, стародубский крестьянин, 1539 г.; Иванко Казак, крестьянин Лосского погоста, 1539 г.; Казак, холоп в Холмском погосте, 1495 г.

17b

Алексей Мусин-Пушкин

      Слово «казак» тюркского происхождения. Его первоначальное значение «отделившийся от своего рода». В русских грамотах слово «казак» встречается с 1395 года. Уже в то время казаки представляли собой воинское сословие, обязанное служить по вызову на своих конях, в своей одежде, со своим оружием. Впоследствии формируется Донское и Запорожское казачество, принадлежность к которому давала человеку ряд привилегий.

      Копыловы, Мусины-Пушкины, Огарковы (первым из Золотой Орды пришел в 1397 году Лев Огар, «мужчина роста великого и воин храбрый»). Барановы… В их родословной записано так: «Предок рода Барановых — мурза Ждан, по прозвищу Баран, а по крещению названный Даниилом, приехал в 1430 году из Крыма».

      Карауловы, Ахматовы, Бакаевы, Гоголь, Бердяевы, Алмазовы (от Алмазы, по крещению названного Ерифеем, приехал он из Орды в 1638 году), Урусовы, Тухачевские (их родоначальником в России был Индрис, выходец из Золотой Орды), Кожевниковы (идут от мурзы Кожая, с 1509 года на Руси), Быковы, Иевлевы, Кобяковы, Шубины, Танеевы, Шуклины, Тимирязевы (был такой Ибрагим Тимирязев, приехавший на Русь в 1408 году из Золотой Орды).

Здесь тоже тюркское начало

       А вот еще вроде русские фамилии, в которых, несомненно, присутствует тюркское нчало (Унбегаун Б. О. Русские фамилии… C. 292).

    Адашев <… ‘тезка, приятель’; Адаш может также быть уменьш. именем от крестильных имен, начинающихся на Ад-, как Адам или Адриан
Азначeев < …’муэдзин’
Аксаков < … ‘хромой’
Аракчеев < … ‘пьяница’
Арцыбашев < …’голова’
Ахматов <Ахмат < араб. … ‘достохвальный’
Байчурин, Бачурин < … ‘богатый, могущественный’
Баскаков < … ‘сборщик податей’
Бахметьев < Бахмет/Махмет < араб. Mohammed
Бахтеяров < перс, … ‘счастливый’
Беклемишев < … ‘ожидаемый’; аналогична русской фамилии Жданов
Бердиев, Бердыев, Бердяев < … ‘он дал’, перфектная форма глагола bermek ‘давать’

Бутурлин < … ‘с прыщеватым или изрытым оспой лицом’
Гиреев < Гирей, …фамилия династии крымских ханов, возможно контаминация названия тюрко-монгольского племени Karaj с греческим Г
Карамзин < … ‘чернявый’,
Каратаев <Каратай ‘отатаренный мордвин’, букв, …’черный жеребенок’
Кобяков <… ‘собака’
Кочубей, Кочубеев <… ‘маленький господин’
Кудашев < … ‘родственник, брат’ возможна контоминация с монгольск. … ‘свойственники’
Кугушев <… ‘длинный, высокий’
Куломзин < … ‘светло-пегий’
Куракин < … ‘сухой, неглубокий’, ‘жадный’
Кутузов < … ‘неистовый, безумный’
Мансуров <Мансур < араб. … ‘находящийся под защитой’
Муратов <Мурат < араб. … ‘желание, цель’
Мусин, в качестве первой части в двойных фамилиях Мусин-Пушкин и Мусин-Пешков < араб. … ‘Моисей’
Назаров : эта фамилия обычно от имени Назар, однако в отдельных случаях восходит к тюркскому nazar < араб, nazar ‘взгляд’.
Назимов < nazim < араб, … ‘устроитель, стихотворец’
Сабанеев < … ‘имеющий плуг’, возможно через *sabanlaj, затем путем ассимиляции давшее *sabannaj
Сабуров < Сабур < араб. … ‘терпеливый’, одно из имен господа
Салманов < Салман < араб. … имя друга Али.
Салтанов <Солтан<араб. sultan
Салтыков … ‘проданный’
Тиличеев … ‘молящийся’
Тимирязев < temir ‘железо’ + Rijaz < араб. Rijad/Rija
Тютчев < возможно уйгур, …’пастух’ или производное от … ‘курить’, либо …’игрок на пастушьем рожке’ (…’пастуший рожок’)
Чаадаев, Чадаев, Чегодаев < …тюркский племенной союз, названный по второму сыну Чингиз-хана < монгол, … ‘белесый’
Шарапов <Шарап < араб. …’честь, превосходство, ‘почет, слава’
Шахматов < перс. … ‘правитель’ + Ахмат; необычное ударение возможно под влиянием слова шахматы
Шереметьев, Шереметев < перс. … ‘лев’ + Ахмат
Шахматов < Sich < араб. … ‘старший’ + Ахмат.

    Продолжать придется долго. Десяткам так называемых русских родов начало положили тюрки. Надо ли удивляться, что носителями более трехсот простых русских фамилий тоже стали тюрки… Головокружительные перепады! Но это и есть история России, где все непредсказуемо.

       http://365info.kz/2015/11/pochti-vsya-russkaya-znat-potomki-tyurkov-ekspert/

толығырақ

Шивээт улаан 2

Жер жүрегінің жылнамасы

     Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы. Жеткенін ба­­ғамдап, барын бағалаған қа­шан­­да жүрісінен жаңылмайды. Сон­дықтан тағылым түйгендер ғана тарихқа бағыт бере алады.

     Қазақстан Республикасының Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың таяуда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен салтанатты жиында: «Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Да­ла­­ның ұрпақ­тары деп атаған. Біз – солардың жал­ғасы­мыз! Ұлы Да­­ла­ның мұ­­рагерлеріміз! Бұл – біздің таңдауымыз!» – деп атап көр­сеткені белгілі. Биік мінберден айтылған осы сөздің тек қазақ қоғамын ғана емес, тамыры бір, тарихы ортақ туыс халықтар мен түркі тарихына ден қойған ғалым­дарды да елең еткізгені анық.

     Әрине, бүгінге дейін Ұлы Дала туралы жазған белгілі ғалым­дар болды. Мәселен, француз зерт­теушісі Ренэ Гроссе 1938 жы­лы жарық көрген «Ұлы Дала им­­периясы. Атилла, Шыңғыс хан, Темірлан» деп аталатын әй­гілі еңбегінде Маньчжуриядан Будапештке дейінгі аралықта ғұмыр кешкен сақтар мен ғұн­дардың, көк түріктер мен Алтын Орданың тарихына талдау жасайды. Сол сияқты, түркілер та­ри­хына қатысты көптеген құнды еңбектер жазып қалдырған Л.Н.Гу­милев те өзінің «Ежелгі Русь және Ұлы Дала» деп аталатын кітабында ұлан-ғайыр аймақ­та билік жүргізген қуатты империялар туралы айтады.

       Жалпы, Лев Гумилев атап өт­кендей, Еуразия кеңістігінің тарихи қабаттары, мәдени келбеті мен мемлекеттілік дәс­тү­рін Ұлы Даладағы ғұн, көк түрік және Ал­тын Орданың қалыптастырғаны анық. Сондықтан болса керек, Ұлы Дала ұғымы кейде Еуразия Даласы деп те айтылады. Ал бұл пайымдау негізсіз де емес. Ай­­та­лық, географиялық тұрғыдан ал­ған­да, Ұлы Дала Байкалдан Балқанға, Өтүкеннен Дунайға де­йінгі аралықты алып жатқан ұлан-ғайыр аймақ. Ұлы Дала­ның түстігі Қара теңізбен, батысы Кар­пат тауларымен шектеседі. Ал өркениет-мәдениет тұрғысынан алғанда шы­ғысы Қытай, түстігі Иран, батысы Ұрым арасындағы тұтас түркілік кеңістік. Тарих қат­­­парларын ақтарсақ, сақ, ғұн, көк ­түріктер мен Алтын Орда ие­лік еткен, Еур­азияның нақ ортасына орналасқан байтақ мекен.

       Баршаға белгілі, есте жоқ ерте заманнан бері ғұндардың қара шаңырақ атақонысы, өсіп-өнген түпқазығы осы Ұлы Дала болған! Біздің дәуірімізден бұрынғы мың­жылдықтың соңында тарих сахнасына шығып, Орталық Азияда үстемдік құрған Ғұн империясы Қиыр Шығыс, Қытай мен Шығыс Еуропа, сол­түстік халықтары мен Үндістан, Иран сияқты елдердің арасында көпір қызметін атқарып, экономикалық және мәдени байланыстардың дамуына үлкен үлес қосқан. Кейіннен Еділ-Жайық жазығы, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз­дің солтүстігінен басталып, Еуро­па­ға жайылған әй­гілі Атилла бастаған Еуропа Ғұн мемлекетінің негізі де осы Ғұн империясы ке­зінде қаланған.

     Ұлы далада Ғұн мемлекетінен кейінгі ең ірі империя ретінде тарих сахнасына шыққан Көк түрік қағандығының Хангайдан Шығыс Еуропаға дейінгі аймақта созылып жатқан Ұлы Далада орасан зор ықпалын жүргізгені белгілі. Қысқа мерзімде Қиыр Шығыс­тан Қара теңіздің солтүстігіне, Оң­­­түстік-батыс Сібірден Сол­түс­тік Үндістанға дейінгі ұлан-­ғайыр жерді бағындырған Түр­кі қағандығы Еуразия кеңіс­ті­гіндегі экономикалық-мәдени байланыстардың дамуына дәне­кер болған. Қазіргі Қазақстан же­рінде құрылған Қимақ, Қарлұқ және Оғыз елдері мемлекеттік құрылымы жағынан Көк түрік қағандығының жалғасы ретін­де Алтайдан Атырауға дейінгі жер­лерге қоныстанды. Шығыс Түркістаннан Таяу Шығысқа дейін созылып жатқан Ұлы Сал­жұқ мемлекеті және Алтай мен Шығыс Еуропа арасындағы шексіз кеңістікке билік жүргізген құдіретті Алтын Орда дәуірі Еур­азия кеңістігіндегі орасан зор өз­ге­рістерге түрткі болды. Демек, Ұлы Дала ұғымын Еуразия­ның түркілік сипаты, қазақша атауы деуге болады.

      Оксфорд университетінің профессоры Хэлфорд Дж.Маккиндер 1904 жылы біз сөз етіп отырған Еу­разия­ның солтүстік-шығыс бө­­лігін «Хартленд», яғни «Жер­­дің жүрегі» деп атап көр­сетіп, жаңа термин енгізді. Геосая­сат­­­тың атасы саналатын ғалым: «Жердің жүрегіне» ие бол­ған тұтас Еуразияға иелік етеді, ал Еу­разияға сөзі өткеннің әлемге билігі жү­реді», деп пайымдады. Осы ұғымды одан әрі қаузаған аме­рикалық оқымысты Ро­берт Каплан 2012 жылы жарық көр­ген «Географияның кегі» деген еңбегінде: «Маккиндердің Хар­тленді – ол қазіргі Қазақстан. Батыс Сібірден Каспийге дейін созылып, Орталық Азияның басым бөлігін алып жатқан қазақ даласы Еур­азияның дәл ортасына орналасқан», деген тұжырымы ойға оралады. Бұл байлам қа­зақ­тың Жерұйық түсінігімен де сәйкес келеді.

    Қашанда ізгілікті мұрат еткен қазақ жұрты жаңа ғасырда егемендік алып, Жиделібайсын-Жерұйығын тауып, Арқа төсіне ордасын орнатты. Күлтегіннің мұрасы келіп, көк түріктің рухын тірілткен, алтын самұрығы аспан тіреп, Бәйтерегі көкпен таласқан елордада «Мәңгілік Ел» мұраты қайта жаңғырды. Ал­тай мен Атырау, Арқа мен Ала­таудың арасындағы алып ай­мақта дүркірей көтерілген жасампаздық рухы Ұлы Далаға серпін берді.

       Бұл орайда Ұлы Дала мен Мәң­­гілік ел – егіздің сыңарындай, бірін-бірі толықтыратын ұғымдар болса керек. Баһадүр бабаларымыз Мәңгілік ел сияқты ұлы мұрат арқылы Ұлы Даланы бағындыр­ған немесе Ұлы Даланы мекен еткені үшін мәңгілік сарынға ден қойған. Бұл туралы Күлтегін жазуында: «Өтүкенде билік құрып, Орда тігіп, Табғашқа керуен аттандырып отырсаң, халқыңда мұң болмас. Өтүкенде отырсаң, құрған елің мәңгі өмір сүреді», деп мәңгі­тасқа мұқалмастай қашап жазған.

      Қыран ұшса қанаты талатын, құлан жортса тұяғы тозатын шек­­­сіз кеңістікте ғұмыр кешкен түркілер тоқпақ жалды тарпаңды ерттеп мініп, арғымақтың тұяғы жеткен жерде «Мәңгілік Ел» ор­натуды армандағаны белгілі. Осылайша асыл арқауы қадымнан бақиға үзілмей жеткен өміршең мұраттарын ұрпақтан-ұрпаққа табыстап, Ұлы Дала өркениетін қалыптастырған. Көне Қытай, Үнді, Иран, Мысырмен иық тір­есіп, өзіндік мәдениетімен оларға балама өркениет құрған Түркі әлемі Шығыс пен Батыстың, түстік пен теріскейдің арасын жал­­­ға­ған «Ұлы Жібек жолы» ар­қылы әлемдік сауданың күре­та­мы­рына, дүниежүзілік дип­ломатияның дәнекеріне айналған.

     Көне түркілік түсінікте «Ел» кең ауқымда, ұлыс, мемлекет, өлке, халық деген мағыналарда қолданылған. Сонда Мәңгі Ел – халықтың «күн сөнгенше сөнбей» мәңгі жасауы деген ұғымға да келеді. «Мың өліп, мың тірілген» халқымыздың қадым заманнан бері қаншама рет елдігінен айырылса да, халықтық қалпы мен айнымас салтын сақтап, бүгінге жетіп отырғаны да осы Мәңгі Ел идеясының өміршеңдігін көрсетсе керек. Бұл туралы Елбасы: «Қан­дай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халықтың ізгі мұраты Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау!» деп атап көрсетті.

       Бұл жерде «Мәңгі ел орнату» ұғымына көне түркілік түсінік бойынша, аш халықты тойындыру, жалаңаш жұртты киіндіру, аз халықты көп ету, елдікті сақтап, бәріне мейіріммен, Жаратқанның шапағатымен қарау, дүниенің төрт тарапына, атқан күн мен батқан күннің арасындағы шексіз аймаққа Тәңірінің әділетін жеткізу сияқты кең ауқымда да қарауға болады. Қол астындағы тай­паларға тең қараған түркілердің ат тұяғы жеткен жерлерде ешбір халықтың өз тілі мен дінінен, дәстүрі мен салтынан бас тартпағаны, керісінше өрістеп, өркендеп отырғаны бұған дәлел бола алады. Бұл тұрғыдан алғанда, Мәңгілік ел орнату мұраты – Тәңірінің қағанға берген, несібесіне бұйырған, пешенесіне жазған қасиетті міндеті. Осыған байланысты болса керек, тамыры тереңдегі текті жұрт өз би­леушілерін «Тәңіріден тапқан, Тәңіріден үлес алған, Тәңірі кө­тер­ген, құт қонған, Тәңірқұт» деп атаған. Ендеше, мәң­гілік те, ел ету де, қағандық беру де – бә­рі Тәңірінің бұйрығымен, Көктің әмірі­мен болатын киелі іс! Олай болса, Тәңірі қаласа, Көктің жарылқауымен жи­ылған елдің, құралған мемлекеттің дү­ние тұрғанша жасай берері анық. Сон­дықтан мәңгілік сипатын Тәңіріден алған түркілер өздерін көк түріктер, яғни дәлі­рек айтқанда Көктен, Тәңіріден та­ра­ған, аспан сипатты, Тәңір тұр­патты түркілер деп атаған. Көк түс­ті киелі деп санаған, Көктің әміріне ғана бойұсынған. Осы орай­да Мәңгі ел мен көк түрік деген сөз­дердің сыңарлас ұғымдар еке­ніне, екеуінің де Тәңіріден та­рай­тынына назар аударғымыз келеді.

      Белгілі қытай ға­лымы Цэн Чжунмянь­ның жа­зуына қарағанда, тіпті қытай­лық­тар да өздерін «аспан­ас­ты елі» деп әспеттегендегі ас­пан, көк ұғым­дарын көр­ші түркілерден ал­ған сыңайлы. Бұл Елбасымыздың 14 қыркүйекте «Қа­зақ­стан» ұлттық телеарнасына берген сұхбатындағы: «Ұлы Дала ұғымына Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. …«Ұлы Дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала – біздің жеріміз. Осы жерде мемлекет құ­рып, оның шаңырағын биік етіп, көк тудың астына жиналып отырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқыраған күн бейнеленген», деген сөздерінің ғылыми тұрғыда қаншалықты дәл екенін айғақтай түседі.

      Мәңгілік ел ұғымын тек Тәңір­лік сеніммен байланыстырып қарауға болмайды. Ол Ұлы Далада әртүрлі кезеңде әрқилы атаумен өмір сүріп келеді. Көк түріктер заманында «Бенгу ил» болған бұл асқақ мұрат соңғы түрік империясы Османлы дәуірінде «Дәулет-и әбәд мүддет» яғни «Мәңгілікке өмір сүретін мемлекет» деген атауға ие болды. Сол сияқты Өтүкенге орнығу идеясы да әр кезеңде «Ергенеқон», «Жерұйық», «Жи­делібайсын», «Қызыл алма» сияқты ас­қақ армандармен ұштасып жатты. Бұл асыл мұраттардың барлығы тамырлас жұрттың бірігуіне, ел болуына, ынтымақтастығына, өрлеуіне қызмет етті. Енді осы идеялар замана желімен өшпей, дәуір доңғалағымен бірге қайта айналып келіп, түгел түркінің қара шаңырағы – Қазақ елінде қайыра «Мәңгі Ел» мұраты ре­тінде жаңғырып отыр.

     Расында көк түркінің атажұр­тында жас мемлекеттің іргесін қалаған Қазақстан Президенті тамыры бір туыс жұртты тү­ген­деп, үзіліп қалған алтын арқауды қайта жалғады. Алтай мен Анадолының арасын қосқан Н.Ә.Назарбаев түбі бір туыс елдер түгел мойындаған тегеурінді тұлғаға айналды. Түркі әлемінің ынтымақтастығына ай­рықша мән берген Елбасы іргедегі бауырлас елдермен достық байланыстарды арттыруға баса назар аударып, Орталық Азия ын­тымақтастығын құру жөнінде бас­тама көтерді. Түркі жұртының тағдыры талқыға түскен тұста келелі кездесулерге ұйытқы болған Қазақстан Президентінің Түркі Кеңесін, ТҮРКСОЙ-ды, Түркі Ақсақалдар кеңесін, ТүркПА мен Түркі ака­демиясын құру туралы бастама көтергені баршаға белгілі. Біздіңше, Ұлы Дала және Мәңгілік Ел идеялары да осы тың бастамалардың заң­ды жалғасы ретінде дер кезінде дүниеге келген асыл мұраттар. Байырғы бабаларға байлам бол­ған бұл бәтуалы сөз, киелі ұғым­ның бүкіл бауырластардың басын қосқан Түркі кеңесінің мере­келік Саммитінде, Түркі мем­лекеттерінің басшылары түгел қа­тысқан алқалы бас қосуда, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиында айтылуы да кездейсоқтық емес деп ойлаймыз.

Түркі тұтастығының таңбатасы

       Елбасының бастамасымен Ас­танада құрылған халықаралық Түркі академия­сы биыл Алтай мен Өтүкенге арнайы экспедиция ұйымдастырды. Белгілі археолог-ғалым, профессор З.Самашевтің жетекшілігімен былтыр Алтайдың Қарақаба жазығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында аса құнды жәдігерлер, соның ішінде, әсіресе түркі дәуі­ріне тиесілі қобыз табылған болатын. Сол ізбен биыл Қазақ­стан, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан ғалымдарының қаты­суымен ұйымдастырылған экспедиция барысында Берелдің жо­ғары жағына, биік таудың ортасына орналасқан бұл жазиралы алқаптың атақты аңыздағы киелі мекен «Ергенеқон» болуы әбден мүмкін екені айтылды.

     Сол экспедициядан кейін іле-шала арнайы сапармен Өт­үкенге аттан­ған академияның қызметкерлері Моңғо­лия­ның Бұлған аймағына орналасқан «Шивээт улаан» деп аталатын ғұрыптық кешеніне барып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Шұрайлы алқапқа орналасқан, төрт тарапы тас қоршаумен қа­лан­­ған, ортасында ғибадатхана орналасқан ғұрыптық кешенде 8 адам, 2 арыстан, 2 бөрі, 3 қошқар, 1 қой, 1 қозы бейнелерінде бә­діз-тасмүсіндер жағалай қо­йыл­ған. Осы тасмүсіндердің орта­сында биіктігі 2,5 метр болатын, бетіне 60-қа таяу көне тай­палардың таңбасы басылған таңбатас орналасқан. Академия қызметкерлері көк түріктерден қалған осы асыл мұраның ғылыми көшірмесін алып келді.

     Бұл «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенін 1912 жылы фин ғалымы Г.И.Рамстедт анықтап, жалпы сипаттамасын жасаған екен. Моң­ғол ғалымы Ц.Доржсүрэн 1957 жылы ескерткішті қайта зерт­теп, пікір білдіріпті. Ал бел­гі­лі орыс түрколог-ғалымы С.Г.Кляшторный ғұрыптық ке­шенді: «ІІ Түркі қағанатының негізін қалаушы Елтеріс Құтлық қағанға арнап 693 жылы тұр­ғызған», деп пайымдапты. Біз­діңше, осы болжам шындыққа сәйкес келетін сияқты.

       Күлтегін жырында айты­ла­тындай, «Ағайынның азға­ны­нан, береке-бірліктің азды­ғы­нан, бегі мен халқы даулас­қан­дықтан, ағалы-інілі жау­лас­қан­дықтан, табғаштың алдаға­нына сенгендіктен, арбауына көнгендіктен түркі хал­қы елдігінен айырылған» тұста Құт­­лық бастаған баһадүр бабалар Таң патшалығына қарсы көтеріліп, «жиырма жыл бойы соғысып, Тәңірі жарылқап, елдігін әлсіретпей ел етті, қағандықты қағансыратпай қағандық құр­ды». Осылайша 680 жылдары «жауын бейбіт еткен, тізеліні бүктірген, бастыны жүгіндірген» Құтлық Өтүкен өңіріне көшіп келді. Мәңгі­тастағы баянға сенсек, «данышпан Тұңйұқұқтың кеңесімен түркі жұрты Өтүкенге келді дегенді естіп, түстіктегі, батыс пен шығыс­тағы алыс-жақын­дағы тайпалар келіп қо­сылды». Байырғы ғұндардың құтты қонысына, бай­тақ ордасына орныққан Құтлық қаған төңірегін түгендеп, дос жинай бастайды. Түркі жұртының ішкі бірлігі мен ынтымағын арттырады. Сыртқы жауға қарсы жұ­дырықтай бір болуға үндейді. Елді теріп, ел еткені үшін Құтлық қағанға Елтеріс деген атақ беріледі. Елтеріс қаған елу жыл бодан бол­ған жұрттың еңсесін көтеріп, көк түрік қағанатын қайта құрып, оның шекарасын кеңейтіп, айбарлы елге, қуатты күшке айналады. Әуелден одақтас түрік тайпаларын қарамағына алып, төлес пен тардуш сияқты сол және оң қанатты біріктіріп, моңғол үс­тіртіндегі қарлұқ, ұйғыр, оғыз, сыр (қыпшақ) қауымдарын, оң­түстік Сібірдегі қырғыз, бұғы, аз, чик сынды әлеуетті рулар мен Байкал маңындағы Байырку, Тоңра және Қиыр Шығыстағы татар, қидан, қай сияқты іргелі тай­паларды біріктіріп, үлкен одақ құрады. Құтлық Елтеріс қағанның құтты жолын қаһарлы Қапаған, баһадүр Білге қағандар жалғап, күндей күркіреген Күлтегіннің қолбасшылығымен жорықтар жасап, жауынгер жұрт жеңімпаз елге айналады.

      Күлтегін ұстынында ол туралы былай дейді: «Ілгері Қадырхан жынысынан (Хянган жотасы) асып, ол жаққа ел қондырдық. Ба­­тыста Кеңтарбанды (Сарыарқа) басып өтіп, түркі халқын қо­ныс­тандырдық. Әрі қарай Те­мір қа­пыққа (Дербент) дейін жо­рық жасап, тыныштандырдық. Шығыста Шандұн жазығына дейін жауладық. Мұхитқа сәл жет­педік. Оңтүстікте Таңғұт, Тибетті жау­ладық. Осылайша түр­кі билігін орнық­тырып, салтанат құрдық. Аш құр­сақ­ты тоқ еттік. Шығай (кедей) халықты бай еттік. Дүйім түрік, оғыз халқы, бек­тері, тыңдаңдар! Қара жер қақ айырылып кет­песе, түрік халқы еліңді, билігіңді кім құртады?!».

      Осылайша абыройлары асып, күштері тасқан көк тү­рік­­­­­­тер Ұлы Далада Мәңгілік Ел мұратын көтереді. Бүгінгі Еур­азия кеңістігіндегі іргелі тай­палар мен мемлекет құрған ру-бірлестіктердің басын қо­сып, айырылмасқа анттасып, таңбаларын белгі-тасқа қа­шап жасады. Түркілер жазу­ды бітік, таңбаны белгі деп ата­ған. Мәңгі ел мұратын ұрпаққа жеткізген тасқа да «Бенгу тас» – мәңгі­тас деп ат қой­ған. Бұл туралы көне­ден жеткен жазбада: «Мың жыл­­­дық, түмен күндік бітік, бел­гімді ұрпағыма қалдырдым», деп ай­тыл­ған. Құтлық Елтеріс қағанға арнап: «Берік бірлігіміздің белгісі болсын», деп арнайы тас­қа таңбаларын өшпестей етіп қал­дырып, келешек ұрпаққа өсиет еткен. Міне, «Шивээт улаан» ғұ­­рып­тық кеше­ні­нен табылған мәңгітас бізге осыны ұғындырады.

      Қазір Түркі академия­сы ха­лықаралық ұйымының ға­лымдары таңбатастағы тай­па­лар­дың таң­баларын анықтады. Олардың арасында ашина, ашида, басмыл, байындыр, бұғы, едіз, еймүр, хазар, қарлұқ, қай, қыпшақ, қырғыз, қидан, құн, оғыз, ығдыр, тардұш, тоңра, түргеш, ұйғыр, иазыр, иағлақар және тағы басқа іргелі тайпалар бар. Бұлардың басым көпшілігі өз алдына мемлекет құрған, тіпті, кейін айбарлы импе­рияға айналған іргелі тайпалар. Айталық, хазарлар Хазар империя­сын құрса, оғыздар Салжұқ және Осман империясының негізін қалады. Түргештер мен Қарлұқтар Орталық Азияда үлкен күшке айналды. Сол сияқты Ұлы Дала да бір кездері Дешті Қыпшақ деп аталды. Міне, осындай ірі бірлестіктердің жиылып, саналы түрде бас қосып, ірге біріктіріп, серттесіп, одақ құруы – шын мәнінде Ұлы Далада Мәңгілік елдің бастауы болатын.

       Расында осы ізгі мұратты тұтқан түр­кілер бұдан кейін де дүркірей көтеріліп, Еуразия кеңістігінде шығыс пен батыс­ты жалғап, бүгінге үзілмей жетті. Талай тау­қы­метті көрсе де, ХХ ғасырдың соңында, мың­жылдықтардың түйіскен тұсында бірнеше іргелі ел болып, қайта шаңырақ көтерді. Біріккен Ұлттар Ұйымында бір­неше түркітілдес мемлекеттің туы желбіреді. Олар Қазақстан Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен бас қосып, Түркі кеңесін құрды. Сан ғасыр бұ­рын айы­рылмасқа анттасқан ағайын жырақтап кеткеніне қа­рамастан, қайырылып келіп, қайта қауышты. Күллі түркінің қара шаңырағы Қазақстан осы құтты қадамның бастама­­шы­сы болды. Елбасының Мәң­гілік Ел және Ұлы Дала мұрат­тары Ергенеқоннан шыққан Елтерістің ұрпақтарын бүгін­гінің Өтүкені – асқақ Астанаға қайта жинады.

    Түркілік мұраларды түген­деп жүрген Түркі академиясы осы таңбатастың ғылыми көшірмесін жасады. Таяуда оны салтанатты жағдайда ашу­ды да жоспарлап отыр. Бола­шақ­та Өтүкеннен жеткен, Ұлы Даладағы Мәңгілік Елдің белгісіндей болған бұл таңбатас Астананың ең көрікті жерінде орын алады деп сенеміз.

       Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы.

       https://egemen.kz/2015/11/24/7894

толығырақ

Будапешт қаласы

      Мажарстан астанасы Будапешт қаласында түркі халықтарының Үлкен Тұран құрылтайы болып өтті. 

       Мажар-Тұран қоры ұйымдас­тыр­ған Мажарстан парламентін­дегі алқалы басқосумен басталды. Оған өз халықтарының ұлт­тық киім­дерін киген бауырлас түркі халықтары­ның өкілдері қатысты. Шара шымыл­дығын Мажар­стан­ның мемлекет қайраткері, бұрын­ғы Парламент төрағасының орын­басары, ақын Шан­дор Лежак пен Мажар-Тұран қоры­ның басшысы Андраш Биро ашты.

      Осымен 4 рет ұйымдасты­рылып, Әзербай­жан, Қазақстан, Башқұрт­стан, Бурятия, Дағыстан, Қаза­қстан, Қырғызстан, Түр­кия секілді әлемнің 15 елінен кел­­ген қатысушылардың басын қосқан Тұран құрылтайы Мажар­стан­ның Бугац қаласында түрлі мәдени шаралармен жалғасты.

           https://egemen.kz/2016/08/16/56824

толығырақ

ERA_7572

       Өтепқали Құраловтың «Арғы түркілер және антикалық Олимпиялық ойындардың пайда болуы» («Прототюрки и зарождение античных олимпискийх игр») атты қызғылықты кітабы қолымызға тиген еді. Одан кейін барлық саналы өмірін қазақ спортының дамуы­на сарп еткен ардагер азаматпен жақынырақ танысудың сәті түскен. Өтепқали Нысанғалиұлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы және құрметті спорт қайраткері. Одан әрі тізбелесек, жүзуден халықаралық санаттағы төреші, судағы поло, байдарка мен каноэдегі есу бойынша Қазақстан Республикасының төрешісі. Халықаралық спорттық ұйымдар конфедерациясының құрметті вице-президенті, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, ТМД парламентаралық Ассам­блеясы Құрмет грамотасының иегері, Бейбітшілік елшісі, Атырау облысы Құр­манғазы ауда­нының құрметті азаматы. Осының бәріне қоса, 1998 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, бүгінде дәстүрлі жарысқа айналған ел Президентінің жүлдесі үшін Халықтық спорт ойындарын өткізу идеясының авторы әрі бастамашысы болды. Міне, осындай жан-жақты зиялы да зияткер адамның жоғарыда аталған кітабындағы ежелгі элла­далық­тар өркениетінде алғашқы Олимпиялық ойындардың өткізіле бастауында көшпелі көне түріктер бабаларының үлкен үлесі бар деген, бір қарағанда, таңғаларлық тұжырымы бізді де қызықтырып, сұхбатқа жетелеген еді.

ERA_7573         – Құрметті Өтепқали Нысанғалиұлы, өз кітабыңызда арғы түркілердің антика­лық Олимпия ойындарына қатысы барлығын қолдан келгенше кеңінен қамтып, дәлелді уәждермен баяндаған екен­сіз. Ал енді кітапты жазу идеясы қалай туды?

       – Мұны кітаптан туған кітап десе де болады. Олжас Сүлейменовтің «Тарихқа дейінгі түркілер» атты кітабы бар. Сол кітапты екінші рет оқығанымда ондағы кейбір жайттар назарымды аударды. Ең алдымен байқағаным, көне грек тілінде, әсіресе, олимпия тақырыбына қатысты саласында түркілерден алынып ауысып-түйіскен сөздер өте көп екен. Содан мен ойға қалдым: жалпы, бұл түркілердің өзі сонау қияндағы Грекияда қайдан жүр? Сондықтан, бұл сұрағыма жауапты басқа мамандардың еңбектерінен іздедім. Бұған көз майын тауыса, сарыла машақаттанған бес жылдан аса уақытым кетті. Осы ретте нешеме буын ғалым-мамандардың: тарих­шылардың, археологтардың, лингвис­тер­дің, сараптамашылардың, әдебиетшілердің еңбектерін зерделеп оқып, олардағы тұжы­рым­дарды ой елегінен өткізе талдап пайымдауға тура келді. Соның нәтижесінде біздің санамызға берік сіңген бұрынғы түсініктің тас-талқаны шықты. Сөйтсек, жер бетіндегі ең алғашқы өркениет ежелгі Грекияда, Рим империясында, Шумер мен Бабылда, Мысыр мен Қытайда, Үндістан мен Иранда емес, өзіміздің Ұлы Даламызда, сары сахарамызда, нақтырақ айтқанда, Орал-Қазақстан аймағында сомдалыпты. Ол Арқайым-Сынтасты қалалық мәдениеті немесе, ғалымдардың айтуынша, «Қалалар елі» деп аталады.

        – Бұл тұжырым қандай уәж-дерек­термен айғақталады?

     – ХХ ғасырдың соңына қарай қазақ­стандық ғалымдар бұрынғы Көкшетау облысының Ботай ауылының қасынан жүз мыңнан астам жылқы сүйегі мен қисапсыз көп ауыздық әбзелдерін тапты. Осынау жәдігер заттардың үлгілері америкалық жылқы тарихы институтына жіберілген. Институт директоры Дэвид Энтони алынған материалдарды зерттей келе, ауыздықтың әсерінен тістердің қажалуына қарай отырып, бұлардың шын мәнісінде қолға үйретілген жылқылардың сүйектері екенін анықтады. Соның негізінде өзіміздің отандық профессор Зайберт Петропавл қаласында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіп, сол мәртебелі жиында Ботайды, сонымен бірге, Сарыарқа атырабы мен бүкіл Қазақстанды қолға үйретілген үй жыл­қыларының Отаны деп таныды. Дәл сол жылы британдық ғалым Отрам қазақстандық әріптестерімен бірлесе отырып Ботай қоны­сы­нан табылған құмыраларды зерттей келе, олардың түбінен қатып қалған қымыз қалдықтарын тапты. Бір таңғаларлығы сол, оның бүгінгі қымыздан еш айырмашылығы жоқ болып шықты. Біздің дәуірімізге дейінгі 1500 жылдары өмір сүрген тарих атасы Геродот скифтердің қышқыл бие сүтін ішетінін айтқан. Енді, Ботай ашылымынан кейін қымыз ашыту құпияларын біздің көшпенді бабаларымыз ұлы тарихшы айтқаннан 4500 жыл бұрын ойлап тапқаны белгілі болды. Яғни біздің бабалар осыдан 6 мың жыл бұрын қымыз іше бастаған.

      60 мың шаршы шақырым аумақта бұған дейін белгісіз болып келген 22 көне түркі қалалары табылды. Бұл сонау ықылым замандарда оңтүстік Орал аумағында ежелгі қуатты өркениет болғандығын айғақтайды. Біздің бабалар – арғы түркілер бірінші не алғашқылардың бірі болып кенді, мысты, қоланы, темірді, шойынды, болатты, алтынды және басқа металдар мен қорытпаларды игере бастады. Олардың мемлекетінің өркендеуіне қолайлы климат жағдайы да игі әсерін тигізді. Бүгінде осы атыраптың сол кездегі климаты мал шаруашылығы үшін қолайлы болғандығы дәлелденген.

       – Осы арада бір сұрақтың қисыны келіп тұр. Олардың мәдениеті, тілі Жерор­та теңізі атырабына қалай жетіп, қалай таралған?

      – Жоғарыда айтып өткеніміздей, арғы түркілердің қисапсыз көп жылқысы болған. Бұл жайдың өзі оларға асу-асу белдерден өтіп, алыс жерлерге жету орайында толайы­м артықшылық беріп отырған. Сөйтіп, бірте-бірте арғы түркілер өркениеті қанатын кеңге жая берген сыңайлы. Алдындағы қарақұрым малына жайылым-өріс көздеген тайпалар жан-жаққа шашырай таралады, ұзақ көші-қон сапарларына шығады. Тарихта таңбаланған, ғалымдар назарына іліккен осындай алғашқы жортуыл-жорықтар біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдықта Балқанды бөктерлеп, Кіші Азияны өрлеп, Эгей теңізіне қарай, Крит пен Микенаға бет түзеген. Бұл жорықтардың аясы біртіндеп кеңейе келе Еуразия құрлығының ұлан-асыр аумағына әмбе Жерорта теңізінің атыраптарына ат басын тіреген. Осылайша олар төрт тарап төңіректе өздерінің жоғары мәдениетін: тілін, тәңіршілдік дінін, қала құрылысын, сәулетін, мифтерін, аңыздарын, заңдарын, жазуын, металл өңдеуін, өнерін, соның ішінде әлі күнге дейін теңдессіз «аң стиліндегі» зергерлік жауһарларын, жылқы шаруашылығын, доңғалақты көлікті, әскери өнер мен басқа да көп үлгілерді ала келіп таратқан.

       Жаңа аумақтарда осының ықпалымен ежелгі шумерлердің, Мысыр мен Элладаның алғашқы өркениеттері пайда болып, бой түзей бастайды. Арғы түркілер осынау мемлекеттер өмірінің бірталай мәдениет пен тұрмыс саларында өз өрнек-іздерін қалдырды. Айталық, шумерлер мен мысырлықтардың сына жазуының түркі жазуымен ұқсастығы, бір тамырға байланғандығы байқалады. Тіпті, ежелгі мысырлықтардың қос доңғалақты ұшқыр арбалары ежелгі көшпелілердің арқасында пайда болған. Өйткені, бұл көлік түрін бірінші болып пайдаланғандар да – далалықтар. Сондықтан, антикалық Олимпиялық ойындар бағдарламасына ең аз дегенде қос доңғалақты арбалар жарысы мен ат бәйгесін нақ осы арғы түркілер қосқызуы әбден мүмкін. Неге десеңіз, арғы түркілер Грекияға келіп тұрақтап тұрып жатқандықтан, олардың мұнда жылқысыз күн кешуі, өздерінің дәстүрлі ат ойындары мен ойын-сауықтарын өткізбеуі мүмкін емес-ті. Осы арада заңды сұрақ туады. Егер өңірде жылқы болмаса, онда антикалық Олимпиадалар бағдарламасында сол уақытта атақ-даңққа бөленген бәйгелер мен қос доңғалақты арбалар жарыстары қалай пайда болған? Тіпті, беделді ресейлік ғалым И.Дьяконов та: «…Кіші Азия түбегі мен Армян таулы жотасының тоғысында б.д.д. 2000 жылға дейін қолға үйретілгені тұрмақ, жабайы жылқы да болмаған» деп жазады. Әлбетте, содан кейін атқа мініп келген арғы түркілердің арқасында мұнда жылқы өсіп-өніп, көбейді. Жылқы өмір-тіршіліктің негізгі арқау-өзегіне айналды.

     – Біз әңгімемізді ежелгі гректердің қоныс аударушылардан еншілеген түркі сөздерінен бастап едік. Осы жайды таратыңқырап айтыңызшы?

       – Ежелгі элладалықтар кем дегенде 33 түркі сөзін қолданысқа алған. Мұның бәрін Олжас Сүлейменов өз кітабында келтіреді. «Тарихқа дейінгі түркілер» кітабында ол «Кіші кеңес энциклопедия­сына» сүйене отырып былай деп жазады: «Гомер заманындағы Ежелгі Грекияда «Басилей» (грекше) – ру ақсүйектерінің көсемі, бірқатар ежелгі грек мемлекеттерінде – мұрагер патша, элладалықтар кезеңінде – эллада мемлекеттерінің әміршісі, орта ғасырларда – Византия императорының ресми лауазымы». О.Сүлейменов бұл сөздің шығу төркінін былай түсіндіреді: «Бұл сөз шығу тегі жағынан гректікі де, латындікі де, үнді-еуропалық та әмбе семиттік те емес. Ол прототүркілік basili – «бас елі» деген сөзге ұқсайды. Бұл сөз түркі тілдерінде қазіргі кезге дейін сақталған. Қазақстанда «президент» сөзінің қазақ тіліндегі el-basi (елбасы) деген терминдік баламасы бар – сөзбе-сөз айтсақ, «елдің басы» деген сөз. Татарстанда президентті ilbasi (иль-басы) деп ұлықтайды, Түркияда ilbasj «губернатор» деген мағынада қолданылады».

      «Олимпия» деген сөздің өзінің шығу тегі аса қызғылықты. Қарап тұрсақ, Olimpij (олимпий) «мырзаның өлімі» дегенді білді­реді. Мұндағы olim – өлім, ал pij – мырза, түркі тілінен аударғанда кәдімгі әмірші болып шығады. Қазақ нұсқасындағы «би» сөзі баршаға белгілі.

       – Ал енді бұл арада «бидің яки мырза­ның өлімінің» біздің әңгімеге қатысы қанша?

       – Бұл арада Олимп тауы мен аруақтар мекендейтін қасиетті Өлім тауының арасында байланыс барын аңғарамыз. Би-көсемдер осы таудың басына жерленіп, мәңгілікке табысталған. Мұның мәнісі мынада. Арғы түркілер тәңір дінін ұстанған, Көкке табынған, ата-бабаларының аруағын қастерлеген. Көшпенділер жаңа қонысқа өздерінің әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін ала келген. Өз көсемдерін салтанатпен жерлеген. Жылында ұлан-асыр ас берген, түрлі ойындар, шешендер мен жыршылардың сайыстарын ұйымдастырған. Бұл, сайып келгенде, жалпыұлттық мерекеге айналған. Мұның бәрі Олимпиялық ойындардан бірнеше ғасыр бұрын басталған. Сөйтіп, осынау тәңірлік ғұрып мың жыл аясында Грекияда дәстүрге еніп, б.д.д. 766 жылы Олимпиялық ойындарға ұласқан. Басқаша айтқанда, антикалық Олимпиялық ойындар тәңірлік діннің жоралғы-ғұрыптарының арқасында, соның ықпалымен дүниеге келген. Қазақ халқында атақты адамдардың жылдық асында (мысалы, Құнанбай, Сағынай астары) балуан күрес, көкпар тарту, жамбы ату, ат бәйгесі, ақындар айтыстарын өткізу дәстүрі ХХ ғасырдың басына дейін сақталғанын тарихтан баршамыз жақсы білеміз. Байқасақ, бұл жораның да түп-тамыры арғы түркілерде жатыр екен ғой.

     – Олимпиялық ойындардың алғашқы нобай-нышандары, алғашқы нұсқалары арғы түріктерде емес, әлдебір басқа халықтардың немесе тайпалардың өркениетінде бой көрсетуі мүмкін бе еді?

      – Бұл пайым ақиқаттан алшақ жатыр. Өйткені, түркі тілінен бейхабар басқа тайпа­лар бүгінде біз іс жүзінде бетпе-бет келіп байқап отырған олимпиялық термино­логия­дағы түркі түбірлі атауларды туғызып қалды­ра алмас еді. Сондықтан, мәселеге қай қыры­нан келсек те, мұндағы алтын өзекті арқау тіл һәм терминология болып қала бермек.

      – Өзіңізді «Арғы түркілер және анти­ка­лық олимпиялық ойындардың пайда болуы» деген мына қызғылықты, таным­дық тұрғыдан аса бағалы кітапты жазып шығуға жетелеген себеп-мақсаттар қандай?

       – Еліміздегі бұқаралық спорттың дамуы­на кішкентай болса да үлес қоссам деймін. Біздің халқымыз дені сау, саламатты болуы тиіс деп есептеймін. Ал бұл игі ниет тек спортпен шұғылдану арқасында мүмкін болмақ. Қалың көпшілікті ізгілікті қозғалысқа тарту үшін халыққа саламатты өмір салтын көбірек насихаттаған абзал. Ата-бабаларымыздың Олимпиялық ойындар сияқты ғаламат та жасампаз қозғалыстың бастауында тұрып, соған мұрындық болғанын білудің өзі де жастарымыздың бойында мақтаныш алауын жағып, спортқа құштарлығын арттырады, ықыласын оятады деп санаймын. Жалпы, тарихты білуіміз де, одан тағылым алуымыз да керек. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін төрт жылда бір өтетін Халықтық спорт ойындарын өмірге келтіріп ұйымдастырғанымды еңбек жолымдағы басты өнегелерімнің бірі деп білемін. Қазірге дейін бес рет өткіздік. Тарих шеңбер бойымен айналып келіп, біз Олимпиялық ойындардан Халықтық спорт ойындарына табан тіредік. Бұл біздің өзіміздің ішкі кіші Олимпиадамыз десек те болады. Тәуелсіздік жылдарында егемен еліміздің намыскер қыз-жігіттері осызамандық Олимпиадаларда олжа салып қуантып жүргені де ғанибет. Рио-де-Жанейродағы әлемдік аламаннан да күтеріміз мол. Бұл күндерде спорт ардагері ретінде көңілім толқып, тақымымды қысып отырмын. Ал аталмыш кітабыма Мәдениет және спорт министрлігі де назар аударып, мемлекеттік тапсырыспен қайтадан бас­тырып шығарғалы жатқаны да мен үшін қуаныш, еңбегімнің еш кетпегенін, елге керектігін білдіреді.

         – Әңгімеңізге рахмет.

            Әңгімелескен Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

          https://egemen.kz/2016/08/09/55215

толығырақ

       Олимпиада ойындарын алғаш рет гректер емес, түркілердің ата-бабалары өткізген. Қазақстанның Еңбек сіңірген бапкері Өтепқали Құралов осылай дейді. Өз зерттеулерінің нәтижесінде тұтас кітап жазып шыққан автор тарихи дәйектерді де келтіреді.

       «Прототүркілер және антикалық ойындардың өмірге келуі» деп аталатын 135 беттік кітап еуразиялық көшпенділердің тарихына арналған. Басылым авторы 150-ге жуық анықтаманы, сөздіктер мен мұрағат материалдарын зерттей келе, Олимпиадалық ойындардың бастамасы болған спорттық жарыстарды алғаш рет ежелгі тәңіршіл номадтар өткізуі мүмкін деген тоқтамға келген, деп жазады khabar.kz.

        «Олимпиада ойындары алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі 776 жылы өтті. Ал тәңіршілдік ойындар мыңдаған жыл бұрын болған», - дейді ҚР Құрметті спорт қайраткері, Еңбек сіңірген бапкер Өтепқали Құралов.

         Автордың пікірінше, прототүркілер жабайы атты үйреткен соң, спорттық жарыстар өткізе бастаған. Ежелгі көшпелілерде тек ат ойындарының 39 түрі болған.  Бұған күрес, асық пен садақ атуды қосыңыз. Көне ойындардың кейбір түрлері қазіргі Олимпиада ойындарында да кездеседі. Спорт қайраткері Грекияға бұл дәстүр номадтармен бірге барды дейді.

        Өтепқали Құралов олимпиада алауы енді Афиныда емес, Астана не Алматыда жағылатынына сеніңкіремейді. Дегенмен еңбегінің елеусіз қалмайтынына үмітті.

         «Олимпиада ойындарын түркі-гректік олимпиада ойындары деп атауға болады. Сонда құда да тыныш, құдағи да тыныш болады», - дейді ол.

      Тек Халықаралық Олимпиада комитетінің шенеуніктері қазақстандық автордың еңбегімен танысып, бастаманы қолдайды деу қиын. Құраловтың кітабының таралымы небары - 3 мың дана.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2924689

толығырақ

      

       8 шілдеде «Астана» Ұлттық сурет галереясында Астана күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Ғасырлар түкпірінен» атты жеке көрменің ашылу салтанаты өтеді.

       Ұлттық музейдің қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, көрмеге ресейлік суретші-график Әлібек Қойлақаевтың туындылары қойылады, сонымен қоса суретші көрме соңында келген қонақтарға графика өнерінен арнайы шеберлік дәрісін өткізеді.

        Әлібек Қойлақаев - ноғай ұлтынан шыққан суретші. Краснодар мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің түлегі. Өзінің жылдар бойғы еңбегі мен білімінің арқасында суретші өзінің жеке әдісін жетілдірген: сурет салу кезінде Әлібек қауырсын мен тушь қолданады.

         2016 жылы Әлібек Қойлақаев Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Ескішехир қалаларында өзінің жеке көрмелерін өткізген болатын.

         Бұған дейін суретші бүкілресейлік, республикалық форумдарға, іс-шараларға қатысып, Мәскеу (2010 ж.), Махачкала (2010-2012 жж.), Санкт-Петербор (2011 ж.), Ставрополь (2012-2013 жж.), Пятигорск (2010-2013 жж.) қалаларында жеке көрмелерін өткізген.

        http://www.inform.kz/kaz/article/2922546

толығырақ

                 Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Моңғолиядағы көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінде археологиялық қазба жұмыстарын бастады. Бұл туралы халықаралық ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

       Бұл жоба Астанада өткен «Ұлы дала» форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық меморандумы шеңберінде Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Тарих, археология институтымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр.

        Моңғолия аймағындағы көне түркі дәуірі ескерткіштерінің этномәдени мәнін анықтап, ғылыми тұрғыдан зерделеу, археологиялық қазыналарын байыту мақсатын көздейтін қазба жұмыстары 2 айға созылады.

      Қазба жұмыстарына Моңғолия тарапынан белгілі археолог Д.Цэвэндорж, ал Қазақстан тарапынан түрколог-ғалым Н.Бәзілхан жетекшілік етуде.

       Зерттеулер нәтижесі бойынша Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Түркия ғалымдарының  қатысуымен  2016 жылы 20-25 тамызда «Ұлы дала көшпелілері  қазынасы: Тәңіртаудан Өтүкен өлкесіне дейін» атты халықаралық экспедиция ұйымдастырылады.  

       Айта кету керек, академия 2015 жылы Ежелгі Өтүкен алқабында орналасқан «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінен табылған түркі ру-тайпалардың таңбасы қашалған «Мәңгі тастың» дәлме-дәл ғылыми көшірмесін Астана қаласында орнатқан болатын.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2921795

толығырақ

        Көне түріктер Христофор Колумбқа дейін Американың бар екенін білген. Сонымен қатар, олар Антарктиданың шекарасын дәл белгілей алған. 1513 жылы түрік теңізшісі Хаджи Пири карта сызған. Онда осы екі континент белгіленген.

           Бұл туралы «Экспресс К» жазды.

      «Ғалымдардың пікірінше, Мексикада алып метеориттің құлауы салдарынан Антарктиданы 13 мың жыл бұрын қар басқан, - дейді зерттеуші Ерсайын Шығаев. - Ал бұған дейін бұл орманы мен жазық даласы бар материк болған».

        Ерсайын Шығаев болжап отырғандай, адамзат Африкада емес, Антарктидада пайда болған. Бұл материкте шамамен жарты миллион жылдай мекендеген. Жердің отарлануы сол жерде басталған. 40 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың сүйегінің табылмауы да осымен түсіндіріледі.  

        Планетада климат күрт өзгергенде Антарктиданың көне тұрғындарына қоныс аударуға тура келеді. Олар Үнді мұхитымен өтіп, Орталық Азияға жеткен. Түрік адмиралы Хаджа Мухиддин Пиридің 1513 жылы сызған картасы бұған дәлел. Еуропада мұны «Пири-рейс» картасы деп атайды. Онда екі Америка мен Антарктида бейнеленген. Мұзды континент қарсыз бейнеленген...

         «Көне қоныс аударушылар жаңа мекен ретінде Еуразияны таңдады, - деді Ерсайын Шығаев. - Ғарыштан көрінетін жүз метрлік жазбалар мұны айғақтайды. Бұл олардың ұрпақтарына бағытталған шифрланған  жолдаулары болды. Бұл материкті таңдауына Еуразияның табиғи апаттардан азырақ зардап шегетіні себеп болды. Түркиялық  адмирал Хаджа Пиридің картасы түрік манускрипттерінен көшіріліп жазылуы мүмкін.  Араб жылнамашыларының айтуынша, бұл пергаменттер Отырар кітапханасында сақталған. Сондықтан көне түріктер мұзды континент және екі Американың бар екенін білген».

              http://www.inform.kz/kaz/article/2921346

толығырақ

null

      Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі бастаған Академия делегациясы Ардахан университетінде бүгін басталған Халықаралық Алтаистика тұрақты конференциясының (PIAC) 59-шы форумына қатысуда, деп хабарлады академияның баспасөз қызметі.

      Алқалы жиынның ашылу салтанатында сөз алған Д.Қыдырәлі қатысушыларды құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Түркі академиясы атқарған халықаралық ғылыми шаралар мен келешек жоспарлары жөнінде айтып, PIAC-тың келесі 60-шы форумын Астанада, TWESCO аясында өткізу жөнінде ұсыныс білдірді.

       Академия басшысы, сонымен қатар, «Кавказ бен Орталық Азияның түркологиясына көзқарас» секциясында «Түркітанудың бүгінгі жай-күйі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада заманауи түркологияның негізгі мәселелеріне сараптама жасап, оларды шешу жолдарын ұсынды.

       Ардахан университеті мен Кавказ университеттері одағы ұйымдастырған биылғы 59-шы конференция «Алтай әлеміндегі мемлекеттілік» тақырыбына арналып отыр.

       Ахмет Бижан Ежиласун, Иса Габиббейли, Йонг-Сонг Ли, Кемаль Абдулла, Олег Рустемов, Осман Фикри Серткая сынды көрнекті түркітанушы ғалымдар және Академия ғылыми қызметкері Тимур Козырев қатысып отырған конференция 30 маусымға дейін жалғасады.

        Айта кету керек, PIAC (Permanent International Altaistic Conference) - Халықаралық Алтайтану тұрақты конференциясы жыл сайын әлемнің танымал түрколог-ғалымдары мен алтайтанушыларының басын қосатын іргелі халықаралық форумдардың бірі. PIAC 1957 жылы Германияда өткен ХХIV  Халықаралық шығыстанушылар конгресінде құрылған болатын. Ең алғашқы бас хатшысы профессор В.Хайссинг болса, бүгінде ұйым хатшылығына Берлин еркін университетінің профессоры Барбара Кельнер-Хенкель ханым басшылық етеді. 

        http://www.inform.kz/kaz/article/2919068

толығырақ

Біз «Түркіміз» бе, «Түрікпіз» бе?

        Өткен мың жарым жылдық тарихта – «түрік», «Түрік қағанаты», кейінгі бес ғасырда аралары ажырап, әрқайсысы өз дербестігін тапқан қауым жұрттың ортақ атауы – «түрік халық­тары». Егер Осман империя­сындағы жұртшылық өздерінің арғы бабала­рының есімін сақтап қалса (шын мәні­сінде алғашқы президент Мұстафа Кемал қалпына келтірсе), бұл – тек қана сүйінішті жағдай, ұлттық сана­ның биік көрінісі, ал «түрік халықтары» дейтін анықтама – сені Түркиямен қосақтап, Ресей сияқты басыбайлы құлға айналдырып жібер­мейді. Азып-тозудың ең сұмдық белгісі – ата-анаңнан безу десек, түп тамырын теріске шығарған, туған халқының ежелгі атауынан жеріп, арғы тарих­тағы ұлы империясының есіміне дейін өзгерткен ғаламатты қалай бағалауға болады? Тексіздік, ұлтсыздық деп қазбаламай, ең жеңіл, бергі себебін айтайық – қара таны­маған сауат­сыздық аталады.

         Автор: Мұхтар Мағауин

      http://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/38986/

толығырақ

babash

       Бабаш ӘБІЛҚАСЫМОВ,А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор

     

    Хиуа ханы Әбілғазы баһадүрдің (1603-1664) «Шежіре-и Түрки» ғылым дүниесіне XVIII ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Ресей-Швеция соғысында қолға түсіп Сібірге жер аударылған швед офицерлері Тобыл қаласынан аталған қолжазбаны кездестіріп, оны Бұхар ахунына орысша аудартып өз елдеріне жібереді. Шежіре француз, неміс, орыс тілдеріне аударылады, бірақ оның түпнұсқасы жарияланбағандықтан аса сәтті шықпаған. Тек 1825 жылы Қазанда Халпиннің көмегімен бас­па бетін көрген соң ғана ғылыми айналымға түседі. Шығарма «Шежіре» аталғанымен, ол өз заманы үшін тарихи еңбек. 
      Оның XVII ғасырдағы өзге жазба ескерткіштерінен өзіндік ерекшелігі де бар.

       Біріншіден, «Шежіре» авторы өз заманының білімді, көптеген ғылым салаларынан мол хабардар болған адам деуге болады. Сондықтан өзінен бұрын жазылған еңбектерді де пайдаланған.
      Екіншіден, араб, парсы, түрік, моңғол тілдерін жақсы білгендіктен, көптеген шет тілінің сөздерін түркі тілдеріне аударып және түсіндіріп отырған.
       Автордың басты ерекшелігі өз шығармасының тілі туралы «… бұл кітап бес жасар бала түсінетіндей етіп, түркі тілінде жаздым. Араб, парсы, шағатай тілдерінен бір де сөз қоспадым» дейді.
      Әбілғазының бұл ескертпесі түркі­танушы ғалымдар арасында әртүрлі пікір туғызып келеді. Әбілғазының «Түрік­мен шежіресінің» тілін зерттеу үстінде академик А.Н.Кононов бұл жайын­да төмендегіні айтады: «Әбіл­ға­зының екі шығармасының тілі де соншалық карапайым, бес жасар бала болмағанымен, Хиуа тұрғындарының жиынында бұл тарихи шығармаларды өте тартымды және түсінікті әңгіме тыңдағандай қабылдауына автордың сенуіне толық негіз бар еді».
      Шығарманың тілін автор класси­калық шағатай тілінің морфологиялық құрылысы сақталған, бірақ араб, иран сөздерін едәуір шектеп қолдану, халықтың сөйлеу тіліне тән лексиканы молынан кіргізу арқылы өзінің сөздік құрамын бірсыпыра өзгерткен шағатай тілінің кейінгі бір тармағы деп анықтайды.
        «Түрік шежіресінің» грамматикалық құрылысына арналған зерттеуінде про­фессор С.Н.Иванов та бұл мәсе­леге қатысты пікірін білдірді. Әбіл­ға­зының өз шығарма­сының тілі туралы ескертпесі ондағы өзге тілдік синтаксистік элементтердің жоқтығын айтқандағысы дегенге тіреледі.
         Бұл жайында профессор А.М.Щер­бак­тың да пікірі бар. Әбілғазы оны өз шығар­­масының лексикалық тазалығын көр­сету үшін айтқан, әйтпесе оның грам­­матикалық кұрылысында парсы тілінің әсері айқын байқалады дегенді айтады.
         Ғалымдардың бәрі де Әбілға­зының «Түрік шежіресін» өзбек әдеби тілінің тарихын зерттеуге қажетті тілдік нұсқа ретінде қарастырады.
        Ғалымдардың «Түркі шежіресі» классикалық шағатай тілінің жеңілде­тілген, араб, парсы тілдерінің сөздерін аз қолданған, лексикасында Хиуа тұрғындарының сөйлеу тілі сөздерін көбірек кіргізген дегендеріне келісуге болады. Бірақ олардың бұл шығарманың тілін шағатай тілінің бір тармағы дегенімен, сондай-ақ «Шежірені» ескі өзбек әдеби тілінің ескерткіші дегендерімен келісу қиын.
           Осы жерде «шағатай тілі», «ескі өзбек тілі», «Хиуа тұрғындарының тілі» дегендерге, сол сияқты Әбілғазының өз шығармасының тілі туралы ескертпесіне біз де өз пікірімізді келтіре кетуді жөн көрдік.
         Жалпы, түркітану ғылымында «шағатай тілі» деген термин көптен бері қалып­тасқан. Бұл терминді түркітанушылардың бұрынғы буыны өз еңбектерінде қолданған.
        «Шағатай тілі» дегеніміз о баста Шыңғыс ханның ұлы Шағатай билеген Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан жерінде кең тараған жазба әдеби тілдің тұспалды атауы ретінде XIV ғасырда пайда болған. Бұл тілде ІХ-ХІ ғасырлардағы ұйғыр әдеби тілі дәстүрі мен ХІ-ХІV ғасырлардағы көне қыпшақ тілі лексикасы молынан сақталған.
         1950 жылдардан бастап В.В.Решетов бастаған өзбек тілшілері «шағатай тілі» деген терминді «ескі өзбек тілі» сөзімен ауыстыра бастады. Мұны орыс түркітанушылар А.Н.Кононов, А.М.Щербак, т.б. қолдады.
       Сөйтіп, шағатай тілі дегеніміз – ескі өзбек жазба әдеби тілі болып шығады. Әбілғазының шағатай тілінен бірде сөз қоспадым дегені ескі өзбек әдеби тілін пайдаланбадым дегенге саяды.
      Ал XVII ғасырдағы Хиуа тұрғындары кімдер еді? «Шежіреде» Хиуа тұрғын­дары жөнінде айтқанда өзбек атауы көбірек ұшырайды. Бірақ ол атаумен бұрынғы дәстүр бойынша Өзбек ханның қол астында болып, Алтын Орданың ыдырауымен байланысты Орта Азияға ығысқан қазақ рулары (үйсін, найман, қаңлы, қыпшақ, т.б.) мен маңғыттар болатын. Ол рулар өздерінің сан ғасыр қолданған қыпшақ тілін ұмыта қоймағаны белгілі.
       Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша өзбек этноним ретінде тек XVI ғасырда ғана қалыптасқанын кө­реміз. Халық болып қалыптаспай тұрып оның тілін қалай әдеби, жазба тіл ретінде бүкіл түркі жұрты қолданбақшы?
       Өзбек тарихшысы Б.Ахмедов былай деп жазды: «В начале XVI в. часть выше указанных племен, сшютившихся вокруг Шайбани хана, вторглась в Среднюю Азию и обосновалась на территории современного Узбекистана. 1 этого времени узбек получил этническое значение, все тюркоязычное население приняло это имя». Ал ол тайпалардың кімдер екенін Рузбеханның жазбасынан көреміз. Ол XVI ғасырда өзбек дегенге үш халықтың (тайпа одағының) кіргенін айтады. Олар Шайбани ұлысына кірген барлық тайпалар, қазақтар және маңғыттар.
      А.М.Щербак белгісіз автор­дың «Шаджрат ал-атрак» деген қолжазбасынан мынадай дерек кел­тіреді: 1…Әулие Сейіт ата, сұлтан Мұхаммед Өзбек ханмен бірге Маурен­нахрға келген көшпенділерден «Сендер кімсіңдер?» деп сұрағанда, олар «Өзбектерміз» деп жауап берген. Сол кезден бастап Мауреннахрға келген көшпенділер жергілікті тұрғындармен араласып, өзбек атанған».
      Біздіңше, Әбілғазының «түркі тілінде жаздым» дегені сол кезге дейін таза сақталған көне қыпшақ тілі болса керек. Өйткені XVII ғасырда бірыңғай түркі мемлекеті де, тілі де жоқ еді. Сондай-ақ қыпшақ пен түркі сөзі көп уақыт бірінің орнына бірі жүре беретін синоним болған (Бейбарыстың өзін «қыпшақпын, оның ішінде берішпін» дегенін еске түсіруге болады). Неге «қыпшақ тілінде жаздым» демеген? Себебі ол кезде қыпшақтар үшке бөлініп, әр тарапқа кеткен еді. Тайпа дәрежесінен де айырылып, ру ретінде қазақ, өзбек бірлестігінің құрамында қалған болатын. Ал сол көне қыпшақ тілінің тікелей мұрагері болып қазақ тілі қалды десек «Шежіренің» қазақ оқушысына таныс, өте жақын болу себебі де сондықтан болса керек.
         Жоғарыда аталған ғалымдар «Шежі­рені» ескі өзбек тілінің ескерткіші деп қарайды. Оған себеп оның қазіргі Өзбекстан аумағында жазылғаны еске алынған болуы мүмкін. Әйтпесе, Әбілғазы өз шығармасында «шағатай немесе ескі өзбек әдеби тілінен бірде сөз алмадым» деп, одан өзі безіп отыр. Өзбек тілшілері бұны өзбек әдеби тілінің ескерткіші ретінде қарамайды және зерттеген де емес. Өйткені «Шежіре» мәтіні қазіргі өзбек оқушысына мүлдем түсініксіз.
          Шежіре тілін зерттеу үстінде қол жеткізген кейбір деректерді келтіре кетейік. Алдымен оның лексикалық құрамын сөз етер болсақ, төмендегілерді айтуға болады. «Шежіренің» сөздігін түзген араб және парсы тілдерінің мамандары Г.Мамырбекова мен А.Сейтбековалардың есептеуі бойынша, ондағы ономастикалық атаулар мен қайталауларды шығарып тастағанда, араб сөздері – 7,9 %, парсы сөздері – 7,3% екен. Қалғандары түркі сөздері де, бірен-саран моңғол, оғыз тілдерінің сөздері ұшырайды. Бірақ бұлар пайыз құрай алмайды.
         Автордың өзінің көне түркі тілінен хабардар екендігін білдіру мақсатымен болса керек, кейбір бұдын, бітік, балық сияқты көне түркі сөздерін кіргізген, бірақ оның қазіргі тілдегі халық, жазу, қала тәрізді баламалары да қолданылған.
         «Шежіредегі» түркі сөздерінің басым көпшілігі қазіргі қазақ тілінде кездеседі. Егер онда қолданылған фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді сөз етер болсақ, олардың көпшілігі қазіргі қазақ тіліне тән, мағыналық жағынан бірдей түсіп жатады. Мәселен, ант беру, өш алу, аузы ала болу, жүрегі жарылу, бас ұру, көз тігу, сүт пісірім, ат аяғы жетпес (жер) сияқты фразеологизмдермен қатар «ит семірсе иесін қабар», «арбаның екі арысы бүтін болса түзу көшер», «үйсіз өз кіндігін өзі кесер» тәрізді мақал-мәтелдер де қазіргі оқушыға да жат емес.
       «Шежіренің» грамматикалық құрылысы көне түркі, кейін ұйғыр әдеби тілінен көп өзгеріске түспей сақталып келе жатқан дәстүрлі грамматикалық жүйені пайдаланған, яғни «Шежіре» сөз тудыру, сөз өзгерту (байланыстыру) амалдары, негізінен, қазақтың XVIII-XIX ғасырлардағы көне жазбаларында, тіпті Абайдың қарасөздері мен Ыбырайдың «Шариат әл-ислам» кітабында да бұл жүйе сақталған.
      Ал «Шежіренің» синтаксистік құры­лысының қазіргі қазақ тілінің синтаксистік жүйесінен айырмашы­лығы жоқ деуге болады, тек кейде сөйлемдердің ауызша әдеби тіл үлгісінде кездесетіндігін де байқауға болады.
       Қорыта айтқанда, өз зерттеулерімізге сүйене отырып, Әбілғазы «Шежіресін» XVII ғасырдағы ескі қазақ әдеби тілінің жазба нұсқасы деген тұжырым жасауды дұрыс көреміз.

        http://anatili.kazgazeta.kz/?p=37585

толығырақ

Ақсақ Темірдің ұрпағын ағылшындар қалай құртты?

     Ақсақ Темірдің ұрпақтары Үндістанды үш ғасырдан астам уақыт, 1526 жылдан 1858 жылға дейін билеп-төстеді. Солардың ішінде Ұлы Моғол империясының атын әлемге жайған ең атақтылары үшеу: Бабыр шах, Әкбар шах және Жаһан шах.

       Әмір Темірдің шөпшегі Бабыр әлем әміршісі ұрпақтарының ішіндегі ең мықтысы саналады. Ол Темірдің үшінші ұлы Мираншахтан тарайды. Ұлы Моғол империясының негізін қалаған Бабыр – ұлы қолбасшы, сондай-ақ әлемдік әдебиетте өзіндік орны бар көрнекті ақын, жазушы. 
        Бабыр ұрпақтарының ішіндегі ең мықтысы шөбересі Әкбар саналады. 
     Мұхаммед Захиреддин Бабыр (1483-1530) қазіргі Өзбекстанның Ферғана жазығында туған. Әке жағынан Ақсақ Темірден, шеше жағынан Шыңғыс ханнан тарайды. Бабыр сөзі «Жолбарыс» деген мағынаны білдіреді. 
     Әкесі ерте қайтыс болған соң орнына Бабыр 12 жасында таққа отырып, Ферғана билеушісі болады. 1504 жылы көшпелі өзбектердің қудалауымен отанынан қашқан Бабыр Кабулға барып орналасады. 
      1526 жылы Дели сұлтанатын басып алған ол Солтүстік Үндістанда «Моғолдар» атты жаңа билеуші династияның негізін құрады. 
     Бабыр – әлемдік тарихта ғана емес, әлемдік әдебиетте де жарқын ізін қалдырған ұлы тұлға. Оның «Бабырнамасы» сол дәуірдегі әлемдік ұлы шығармалардың ең алдыңғы легінен орын алады. Осы туындысы арқылы Бабыр әлемге тарихшы, географ, этнограф, жазушы және ақын ретінде кеңінен танылды. 
    Үндіні 43 жыл билеген Әкбар (1562-1605) Үндістанның ғана емес, әлемнің ұлы патшаларының бірі саналады. Ол орыстың ұлы патшасы қаһарлы Иван Грозныймен және түріктің ұлы билеушісі Сүлеймен сұлтанмен замандас болып келеді. Әкбар ұлы бабасы Темір секілді ешбір шайқаста жеңіліп көрмеген. Ол үнділер мен мұсылмандардың басын біріктіріп, біртұтас ұлы Үндістан құрып, ұзақ жылдар саяси тұрақтылықты қамтамасыз еткен. Ол 1582 жылы ислам, индуизма, буддизм, сикхизм, джайнизм, зороастризм, христиан, иудаизм секілді әлемдік діндердің озық жақтарын синтездеп, жаңа философиялық дін ойлап тапқан. Бірақ өзі өмір бойы оқу мен жазып-сызуды үйрене алмай қойыпты. 1579 жылы император Мекке мен Мәдинаға ірі көлемде қаражат аударуға тыйым салған. 1584 жылы Хижра бойынша мұсылмандық жыл санауды тоқтатып, жыл санауды өзінің таққа отырған кезінен бастауды бұйырған. Мұсылмандар им­ператорды ақиқи исламнан ауытқыды деп санап, Ақбарға қарсы шейхтар талай рет көтеріліс бастаған.
      Қалай десек те, Әкбар өмір сүрген XVI ғасыр – бұл бүкіл адамзат үшін аса ерекше уақыт. Бұл – Еуропадағы Ренессанс дәуірі, исламдағы Мәді қозғалысы дәуірі, Қытайдағы Мин династиясының, Үндістандағы суфизм мен бхакттың өрлеу кезеңі. Сол секілді Мысырда мәмлүктер, Персияда сефевилер, Орта Азияда Шайбанилер, Үндістанда Тимуридтер династиясының дәуірлеп тұрған шағы. Англияда Елизавета, Пруссияда Фридрих, Австрияда Сигизмунд, Испанияда Филипп II, Түркияда Сүлеймен сұлтан, Персияда Исмаил шах, Русияда Қаһарлы Иван дүрілдеп тұрды. Осылардың ішінде патшалардың патшасы титулына ие болған Әкбар шахтың орны алабөтен болды. 
Ұлы Моғолдар әлемге керемет архитектура сыйлады. Әкбар шахтың немересі император Шах Жаһан (1592-1666) тұсында қайталанбас құрылыстар: Аграда Тәж Махал, Делиде Жәми мешіті мен Қызыл форт салынды. Делидегі 1572 жылы салынған император Құмайын кесенесі, император Әкбардың мовзолейі де осы қатарда. 
      Әкбардың немересі Шах Жаһан ұлы бабасы Темір секілді «әлем әміршісі» титулына ие болды. Шах Жаһан салдырған Тәж Махал Аграның інжу-маржаны әрі Үндістанның визиттік карточкасы саналады. Әлемді сұлулығымен әлі күнге таңғалдырып келе жатқан Тәж Махалды ол өзіне 14 ұл туып берген ең сүйікті жары Мұмтаз-Махал көз жұмған соң оған арнап ақ мәрмәрдан салдырған болатын. 1612 жылы Шах Жаһанның босағасын аттаған Арджуманд Бану Бегім, үйлену тойынан соң биік дәрежеге ие болып, Мұмтаз-Махал («Сарайдың тәжі») деген жаңа есім алған еді. 
     Бір күні Шах Жаһан (1627-1658) әмірші атасынан қалған атақты мұра «Темірдің лағыл тасына» «Жаһанның екінші билеушісі» деген атты өзі үшін ойып жаздыртады. Мұсылман әлемінде «жаһанның жалғыз билеушісі» деген атақ Ақсақ Темірге ғана тән болатын. Бұл лағыл тасты Темір 1398 жылы Делиді басып алғанда қолға түсіріп, Самарқанға алып кеткен еді. 
        «Темірдің лағыл тасы» Шах Жаһанның тағдырына қалай әсер етті дегенді тек қана жорамалдауға болады. Оның тағын өзінің  кіші ұлы Аурангзеб тартып алып, әкесін Аградағы Қызыл фортқа үй тұтқыны етіп қамайды. Шах Жаһан осы мұнарадан сүйікті жары Мұмтаз Махалға арнап салдырған әлемге атақты Тәж Махалға тоғыз жыл бойы телмірумен көз жұмады. 
       Шах Жаһан әйеліне арнап ақ мәрмәрдан салдырған Тәж Махалға қарама-қарсы қара мәрмәрден өзіне арнап екінші Тәж Махал да салмақ болған. Бірақ Ауренгзеб әкесіне екінші Тәж Махалды салдыруға рұқсат етпеген. Бірақ өлген соң әкесінің сүйегін әлемдік архитектураның шедеврі Тәж Махалда мәңгілікке тыныстап жатқан Мұмтаз-Махалдың қасына қойғызады.
     Бабыр ұрпақтарының ішінде ару қыз Зебунисо парсы тілінде керемет лирикалық өлеңдер жазған ақын, философ, әдебиетші болумен қатар аса сұлулығымен тамсандырған. Бірде ол өлгелі жатқан ұлын аман қалдыру үшін мойнына бұршақ салып, Аллаға жалбарынып, ұлының орнына өзін алуын тілеп жылайды. Алла тілегін орындайды. 
     Моғол империясына алғаш рет күйрете соққы беріп, Делиді басып алған Парсы билеушісі Нәдір шах болған. Осы Нәдір шах Самарқанды да басып алып, Әмір Темір құлпытасындағы нефрит тасты алып кеткен. Артынан түс көріп, ол нефрит тасты қайтадан Самарқанға қайтарып, орнына қойғызады. Бірақ Әмір Темірдің рухын ашуландырған Нәдір шахтың осыдан кейін біржола басынан бағы таяды. 
      1752 жылы Ауған шахы Ахмад моғолдардан Кашмирді тартып алады. 1756–1757 жылдары ауған билеушісі Ахмад шах Делиді екінші рет басып алады. 
       Ары қарай Үндістанды сырттан келген ағылшындардың билеп-төстеуі басталады. 1803 жылы ағылшынның бас қолбасшысы лорд Лейк Делиді төтеннен басып алады. Падишах Шах-Алам ағылшындардың қол астына қарап қалады. 1805 жылы падишах Шах Аламға ағылшындар 120 мың фунт-стерлинг тұрақты жалақы тағайындайды. Шах Аламның қарамағында тек Делидегі Қызыл форт қана қалады. Одан былайғы жердің бәрі ағылшындардың қол астына қарайды. Келесі жылы Шах Алам өліп, оның ұлы II Әкбар мен немересі II Баһадүр шахтың қолынан билік тізгіні сусып түсіп, олардың айналасында тек сарайдағы ақындар мен музыканттар ғана қалады. Солардың арасында ойын-сауықпен күн өткізуді ғана біледі. 
     1858 жылы ағылшындар Моғол империясының туын біржолата құлатып, Бахадүр шахты тұтқынға алып, жер аударады. Ол 1862 жылы айдауда өледі. Оның екі ұлы мен немересі ағылшын офицері Ходсонның қолынан өледі. 
       Ұлы Моғол империясы біржола күйреген соң 1877 жылы билікті Англия патшайымы Виктория қолына алып, «Үндістанның императрицасы» атанады. 
       Осылайша, Англия әу баста Әмір Темір, одан кейін Бабыр қалыптастырған династияға біржола нүкте қояды. 
      Бабырдың Ұлы Моғолдар империясының екінші ұлы падишахы атанған ұлы Құмайынға айтқан соңғы сөзі «қандай жағдайда да бірге туған бауырларыңды өлтірме» болыпты. Құмайын шах әке өсиетіне тақ тұрғанмен, алтын тақ үшін таласқан кейінгі Темір ұрпақтары бірге туған бауырларын қырып тастап отырған. Соның зауалы тиді ме, Шыңғыс хан ұрпақтары секілді жеті ғасырға емес, Темір ұрпақтарының билігі төрт ғасырға ғана созылған.

       Үндістанды билеген Ұлы Моғол династиясының билеушілері: 

Бабыр (1526-1530),
Құмайын (1530-1539, 1555-1556),
Әкбар (1542-1605),
Жаһангер (1605-1627),
Шах Жаһан (1627-1658),
Аурангзеб (1658-1707),
Бахадүр шах (1707-1712),
Жаһандар шах (1712-1713),
Фаррук Сийяр (1713-1719),
Мұхаммед шах (1719-1748),
Ахмед шах (1748-1754),
Аламгир II (1754-1759),
Шах Алам II (1759-1806),
Акбар II (1806-1837),
Бахадүр шах II (1837-1858).

            http://aikyn.kz/ru/news/show/25117-a_sa_tem_rd_rpa_yn_a_ylshyndar_alai_rtty_

толығырақ


       Азия халқы Солтүстік Американың осы әлемде бар екендігін саяхатшы Христофор Колумбтан бұрын білгені туралы айғақтар табылды, деп хабарлады  www.24.kz.

     АҚШ археологтары Аляскадан осы халықтар арасында сауда-саттық байланыстардың болғандығын растайтын жәдігерлерді тапты.  Пардью Университетінің қызметкері Кори Купер былай дейді: «Жалпы үндістер мен Азия халқының арасында байланыстың болғанына бұрын да көзіміз жеткен еді. Енді бұл деректер нақтылана түсті. Азия халқы Америка тұрғындарына металл сатқан. Себебі біз тапқан металл құймалары Еуразияда құйылып, артынша Сібір мен Беринг бұғазы арқылы Аляскаға жеткізіліп отырған». 

    Ғалымдардың тұжырымдарын Аляскада тұрған халықтың мекенінен табылған жәдігерлер мен еңбек құралдары растай түсті. Бұл жердің халқы отырықшы өмір салтын ұстанған. Бұған олардың қатқан мұз арасынан табылған көптеген мәдени ескерткіштері мен металл бұйымдары дәлел болады.   

      Купердің айтуынша, металдан жасалған еңбек құралдары өте сирек және ілуде бір кездесетін жәдігер саналады. Себебі сонау заманда металл аса тапшы материал болғандықтан, тұрғындар одан жасалған заттарды ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырып, әбден тозығы жеткенше пайдаланған.

          http://www.inform.kz/kaz/article/2912513

толығырақ

      Алматы қаласында 3 мамыр күні Түрік кеңесінің жанындағы диаспора мәселелері бойынша байланыс тобының III жиыны өтті. Жиынды Түркиядан келген Кеңес төрағасының орынбасары Өмер Қожаман басқарды.

     Түркі кеңесінің мақсаты – түрік тілдес халықтардың басын қосу, әлеуметтік, экономикалық, саяси алаңда бірігу, қолдау көрсету, ортақ медиа және де лидерлер академиясын қалыптастыру.

     Жиынға Әзербайжан, Түркия, Қырғыз және Қазақстанның 12 өкілі қатысып, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды: Түрік тілдес диаспоралардың 2016-2017 жылдарға арналған ортақ әрекет Жоспары, Түрік кеңесі Түркітілдес диаспоралардың аймақтық орталықтарын құру, Түрік кеңесі диаспоралардың Екінші Форумын өткізу, Министрлер/мекеме басшылары жиынының орны мен уақытын белгілеу қойылып, осыған орай, Нариман Ахмедага оглу Гурбанов (Әзербайжан), Талғат Асылұлы Мамашев (Қазақстан), Нәсіп Рысбеков (Қырғыз), Суат Бейлер, Еділ Мырзаханов, Замин Әлиев (Түркия) өз пікірлерін білдірді. Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов те қатысты.

     Түркиядағы диаспора комитеті 2013 жылдан бері 70 мемлекеттің 70 млн. адамын қамтыған 800 жобасын іске асырды. Бұл жобаның ішінде оқу, білім саласы мен оқушылардың жазғы демалыс лагерлері де бар. Биылғы жылы Қазақстаннан 250 үміткері Түркияның жоғары оқу орындарына қабылданды. Түрік кеңесі жанында Түрік академиясы, ТҮРІКСОЙ өз жұмыстарын нәтижелі атқаруда. Сондай-ақ, диаспора қалыптастыру бойынша АҚШ, Украина елдерінде Орталық құрылған, енді Германия мен Францияда құрылмақ. Бұл іс ары-қарай жалғасын таба бермек.

     Аталмыш 4 елдердің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, үстіміздегі маусым айында Әлем әзербайжандарының IV съезі Бакуде, Түркия қазақтарының кіші Құрылтайы шілде айында Ыстамбұлда, тамыз айында Түркияның Самсун демалыс орнында жазғы балалар лагерін ұйымдастыру, Шетелдерде тұратын қазақ жастарының өнер фестивалі қазан айында Алматыда, Түрік тілдес диаспоралардың II форумы қазанда Антальяда, 2017 жылы Дүниежүзі қазақтарының  V Құрылтайы Астанада өтетін болып белгіленді.

      Ботагөз Уатқан

толығырақ

Er Tugril

        Сұлтан Сүлеевтің “Ертұғрыл” фильмінде айтылатын Қайы руы туралы сұрағына жауап бере кеткенді жөн көрдім. Ондағы рудың аты “қайлы” емес – “Қайы”. Қайы – Қаңлы тайпасының бір бөлігі (Шәкәрім Құдайбердіұлы). Қайы қаңлылар 1280 жылдары бүгінгі қазақ топырағынан ауып, қазіргі Түркменстан арқылы жылжып, Фрат (Ефрат) өзенінен өткен. Өзеннен өту кезінде Қайы Қаңлылардың көсемі Сүлеймен суға кетіп, Дундар деген баласы мұны жаман ырымға жорып, 50 мың түтінді ертіп кері қайтып кеткен. Ал Ертұғрыл Хайым анасының қолдауымен 440 түтін қаңлыларды бастап жорық жолын жалғастырған. Мақсат – қаңлылардың алдыңғы легі селжүктер барып орныққан Анадолы жеріне жету болған.

      Анадолыға жеткенде қатты шайқастың үстінен түседі. “Не істесек болады? Кімге көмектесеміз?” деген сұрақ туғанда Хайым ана “Қай жақ жеңіліп жатса – соған көмектесіңдер!”, - дейді. Ертұғрылдың қолы жеңіп бара жатқан қолдың ту сыртынан тиісіп быт-шытын шығарады. Сөйтсе – қан майданға түсіп жатқан селжүктер мен монғол әскері екен. Қайы қаңлылардың арқасында селжүктер жеңіп, оған қатты риза болған патшасы Алаеддин Кейқуат Қайы қаңлыларға Доманиш деген жерді – жайлау, Сөгүт деген жерді – қыстау етіп беріпті.

     Қаңлылар ұзақ жорықтан тоқтаған жерінде қаңлы палауын жасап “Жорық мерекесін” (түрікше Иорук байрамы) той өткізіпті. Сол мереке жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Түркияның Сөгүт қаласында әлі күнге өткізіледі. (2012 жылы арнайы шақырумен барып сондай бір мерекесіне қатысқаным бар).
     Ертұғрыл халқын орналастырып, аймағына қосымша жер қосып билігін кеңейтеді. Гректермен кезекті соғыста селжүктер талқандалып Ертұғрыл бөлек падишахқа айналады. Ол дүниеден өткен соң 1299 жылы билікке оның ұлы Оспан (Осман) келеді. Осман падишах үш құрлыққа, әлемнің 57 мемлекетіне жеті ғасырдай билігі жүрген әйгілі Османлы империясының негізін қалайды. Қайы қаңлылардың қысқаша тарихы осындай!
     P.S.Толығырақ деректерді менің жеке парақшамнан өткен жылы жарияланған посттардың бірінен табуға болады.

Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды.

толығырақ

    
         Алтай тауларынан жергілікті малшы ежелгі мола тапты, табылған көмбе барлық жағынан бірегей, деп  хабарлады Vesti.ru.

    Табылған жәдігерлермен моңғол ғалымдары, Ховд аймағы мұражайының қызметкерлері жұмыс істеуде. Мұражайдың ғылыми қызметкері Б. Сүхбаатардың айтуынша,  олар Моңғолия аумағында, бәлкім күллі Орта Азияда алғашқы рет тоналмаған сол күйінде сақталған түркілерге тиесілі қабір тапты.             

8

    Бірегей жәдігерге әлемнің түрлі елінен мамандар қызығушылық таныта бастады.

      Алдын ала бағалау бойынша, бұл Алтай аумағында 1500 жыл бұрын тіршілік еткен түркі тілді тайпалардың бірінің өкілі - әйелдің сүйегі болуы мүмкін. Мүрде киізбен бірнеше қабаттап оралған. Жынысын анықтау үшін мамандар бүлдірмей, киіздің орауын жазуы керек.     

7

         «Мола қарапайым әйелге тиесілі. Бұл әйел деп ойлаймыз, себебі ер адам әдетте, жауынгер ретінде садақпен бірге жерленеді», - деді Сүхбаатар.      

4

     Сүйектің жанынан ғалымдар ат қаңқасын, жақсы сақталған ертоқым, жүген, қойдың басы, жастық, саздан жасалған ыдыс, шөміш, темір бақыраш, көшпенді әйелге қажетті зат-мүліктер және т.б. тапты.        

3

      Қабірдің 2 803 метр тау биігінде орналасуы оны тоналудан қорғап келген,  ал дененің мумияға айналып әрі жәдігерлердің бүлінбей сақталуына таулы салқын климат ықпал еткен.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2892194 

толығырақ

         Археологтар Моңғолияға қарасты Алтай тауының 2 мың 800 метр биік шыңдарының бірінен VI ғасырда жерленген мумия тапты,бұл туралы Британдық «Daily mail» басылымы хабарлады.  

       Ғалымдардың пайымдауынша мумия көне түркі тайпасына тиесілі. Мумиямен қатар жылқы, ертоқым, арқан, ағаш ыдыстар, қазан және теріден тігілген киімдер табылған, бұл жәдігерлерге негізделе отырып, мәіт иесінің өз кезінде жоғары таптың өкілі болғанын аңғару қиын емес. «Біз мумияны әйел заты деп топшыладық, себебі бұл жерден садақ таппадық» дейді археолог Сақбатыр (B.Sukhbaatar). Осыдан 1500 жыл бұрын жерленген Мумия мен жәдігерлердің ұзақ уақыт сақталуының себебін мамандар климаттың қолайлы жағдайымен байланыстырады.

       Авторы: Талап Мерей  

      Baq.kz

толығырақ

 
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы Кембридж университетінің (Ұлыбритания) Пембрук колледжінен, Түркия Республикасынан және Иран Ислам Республикасынан келген қонақтармен кездесті.

      Үш жақты келіссөз барысында «Иран-Тұран» жобасы талқыланып, адағы уақытта Кембридж университетінде Түркітану мен ҚазҰУ-дың ғылыми орталығын ашу ұйғарылды.

      Осыған орай, Түркиядан келген ғалымдар ҚазҰУ мен Кембридж университеттерінде түркітануға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсететіндіктерін білдірді. 

      «Әбу Насыр әл-Фараби кезінде Шығыс пен Батысты жақындастырған ғұлама ғалым болған. Бүгінде бұл ұлы миссияны әл-Фарабидің атын арқалаған әлемдегі жалғыз жоғары оқу орны жалғастырып келеді», - деді Түркия Премьер-Министрінің бас кеңесшісі, БҰҰ Өркениеттер альянсының Түркиядағы ұлттық үйлестіру комитетінің төрағасы Бекір Қарлыға.

      Ал Кембридж университетінің Азия және Таяу Шығыс факультетінің деканы Чарльз Мелвилл Ұлыбританияда Түркі елдерінің тарихы мен мәдениетін зерттеу осыдан екі ғасыр бұрын қолға алынғандығын, бірақ соңғы 15-20 жылда тоқтап қалғандығын айтты.

       «Кембридж университетінде түркітану мамандары тапшы.  Түркітануды дамытуды айта отырып, әсіресе тілді меңгерудің маңыздылығын атап өту керек», - деді ол өз сөзінде.

         ҚазҰУ баспасөз қызметі хабарлағанындай, іс-сапар барысында шет елдік қонақтар ҚазҰУ мұражайын аралап, университеттің жеткен жетістіктерімен, тарихымен танысты.

        «Сіздердің университеттің зор мүмкіндіктерін көріп, біз ҚазҰУ-ға осы аймақтағы Ирантану орталығын басқару құқығын тапсыруды ұсынып отырмыз», - деді осыған орай Ислам мәдениеті мен байланыс ұйымының вице-президенті Аббас Хамиар.

       Айта кетелік, Кембридж университетінде Шахнаме орталығы жұмыс жасайды және мұнда Парсы қолжазбаларының бірегей топтамасы сақталған.

         Кездесу соңында ынтымақтастық жөнінде үш жақты хаттамаға қол қойылды.

     http://www.inform.kz/kaz/article/2889707

толығырақ

толығырақ

Өмірбек БИҚҰМАРҰЛЫ 

    Бүгінгі таңда көне түркі мәдениеті, әсіресе моңғол жеріндегі көне дәуірлердегі қазақ халқының мұрасын зерделеп жүрген жас ғалымдар аз емес. Солардың қатарында Моңғолия Ғылым Академиясының Баян-Өлгий аймағындағы бөлімшесі Қоғамдық-экономикалық зерттеу орталығындағы Тарих-тіл бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымының докторы Өмірбек БИҚҰМАРҰЛЫНЫҢ зерттеулері мен бастамаларын ерекше атап өтуге болады. 2008 жылы Баян-Өлгий әкімшілігінде Биқұмар Камалашұлы атындағы Түркітану ғылыми-зерттеу орталығы ашылған еді. Орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен танысып әрі моңғол жеріндегі ата-бабаларымыздың мұрасы жайлы тереңірек білу үшін Өмірбек Биқұмарұлымен сұхбаттасудың реті келді.

       – Алдымен, Түркітану ғылыми-зерттеу орталығы жайлы айта кетсеңіз?
     – Бұл ұйымды құрудың негізі мақсаты – қазақ халқының көне тарихы, яғни көне түркілерге қатысты Моңғолия аумағындағы көне ескерткіштерді зерттеу болатын. Сонымен бірге осы жерді мекен еткен халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы жайлы да материалдарды жинастыруды қолға алып жатырмыз. Бұл әкемнің өмір бойы зерттеген, аяқталмай қалған жұмыстарын ілгері бастырып, қазақтың қажетіне жарайды-ау деген дүниелерін там-тұмдап болса да осы аймақ жұртшылығы ішінен жинастыру. Бұған алдымен қазіргі ғылыми орталықтың директоры Золбаяр Гагааұлы деген азамат көп көмек берді. Жергілікті әкім де қол ұшын беріп, жұмысымызды жолға қоюға мол мүмкіндік жасап отыр.
      – Моңғолияда, яғни Баян-Өлгий өлкесінде, түркі ата-бабалардың қандай іздері жатыр?
      – Жалпы моңғол жері адамзаттың көне дәуірлерде мекен еткен жерлерінің бірі екендігін зерттеуші ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Әсіресе Моңғол Алтай тауының бөктері қазақтардың ата-бабалары көне түріктердің, ғұндардың, сақтардың мекені. Бұған өткен ғасырдың 90-жылдарынан кейін жиі жүргізіле бастаған Моңғолияның шетелдермен бірлескен ірі халықаралық археологиялық экспедиция­лары дәлел бола алады. Көне Пазырық қорғанынан табылған сақтардың өміріне байланысты деректер осы ойымыздың айғағы. Сол қорғандардан құс бейнелі, шошақ төбелі тымақтар киген сақ жауынгерлердің тасқа қашалған бейнелері, қару-жарақтары мен сауыт-саймандары, белгілі тәртіппен жерленген мүрделері өзге елді мекендерде де көптеп табылуда. Бұл әсіресе «қобди» деп аталатын тұтас қарағайдың ортасы үңгіп ойылып жасалатын, астаушаға салып жауынгерді киімдерімен бірге, оң иығына құмыралар салып жерлейтін әдет. Көп жағдайларда үш жерден темірмен құрсауланып, кейде бетіне қақпағы жабылып жерден төрт-бес метр тереңдікке жерленеді. Иесімен бірге көшпенді халықтың қанаты болған сүйікті атын да, үзеңгі, шылбыры, ер тоқымы, ауыздық, ат әбзелдерімен бірге қоса жердің қойнауына беретін болған. Біздің ата-бабаларымыз көбінесе мал шаруашылығымен, аңшылықпен, құс аулаушылықпен айналысқан. Олар өздерінің әлемін ұжмақ деп түсінетін болған, Көк Тәңірде тек қана ұжмақ бар деп ұққан. Біздің зерттеулер барысында тек Баян-Өлгий жерінде 3000-нан 6000-ға жуық мықтың үйлер бар екендігін анықтап отырмыз.
       Баян-Өлгий аумағында 12 сұмын (аудан) бар. Осы жерлерде көне ескерткіш санатына жататын тек жерлеу үрдісіне қатысты осыншама мықтың үйлері табылды. Бұл мықтың үйлерін Хириксур – Қырғыз бейіт деп жүрміз, көне қырғыздардың атына аталғаны болмаса, негізінде қола дәуірінен бері жалғаған ескерткіш мықтың үйлерде ата-бабаларымыз жерленген. Одан кейін пазырықтар дейді, ал пазырықтардан кейін ғұндардан кейінгі жерлеу салты, одан кейін түркілердің жерлеу салты, одан кейін моңғолдар, бертін қазақтар деп жалғаса береді. Біз көбінесе түркі дәуірінен ары қарай зерттей бастадық. Сонда қола дәуіріндегі ескерткіштер, мықтың үйлері, бұғы тастар, кісі тастар, жартас сұлба суреті, тастағы қашалған таңбалар, сын тастар, сына тастарды назарға алдық.
      – Мұндағы жер-су атауларына байланысты қолданыстағы терминологияда ерекшеліктер, айырмашылықтар бар ма?
       – Қазақстандық археологтар мен біздің мамандар арасында осы терминдерді қолдануда сәйкес келе бермейтін тұстар баршылық. Мысалы, кісі тастардың: бәдіз, мүсін тас, тас мүсін, аңыр тас сияқты атаулары бар. Бірақ біз кісі тас деп атаймыз. Бұлай атайтын себебіміз өзімізбен бірге арғы тегіміз бір моңғолдар көбінесе бұны «күн чулу»(хүн чулуу) деп атаған. «Күн» дегеніміз «кісі», «чулу» дегеніміз «тас». Сондай-ақ біздің көне түркі тайпаларындағы тыбаларда (тувалықтар М.А.) «кіши таш» деген атау­лар қалыптасқан. Мұны зерттеген кезде қола дәуірінен түркі дәуіріне дейінгі кісі тастар, жалпы ғылыми тілде жүйелеген кезде: түркі дәуірінің кісі тастары, ұйғыр дәуірінің кісі тастары, моңғол дәуірінің кісі тастары деп бөледі. Ал Баян-Өлгий жерінде түркі дәуірі мен ұйғыр дәуірінің кісі тастары көп. Моңғол дәуірінің кісі тастары шығыста, моңғолдар мекен еткен өлкеде болған, қазір де бар. Бұл тек түркі дәуірімен шектелмейтін, соңғы жылғы зерттеуімізге қарай отырып бұл қола дәуірінен бастау алады деген тұжырымға тоқталып отырмыз. Қазіргі жағдайда тек қана Баян-Өлгий жерінде санаққа алынған 210 кісі тастары бар. Бұлардың 20-ға жуығы ұйғыр дәуірінікі, қалғаны көне түркілерге қатысты. Ғылыми тұрғыда терең зерттейтін болсақ, бұлардың бірен-сараны ғана қола дәуіріне тіреліп жатады. Соның сыртында 80-ге жуық бұғы тастар, 150-ге жуық таңбалы тастар, жеріміздің 52 тұсынан әлемдік дәрежедегі ірі және ұсақ тас сұлба суреттері табылған. Атап айтатын болсақ, аймақтың Ұланқұс, Саған сала, Ақ сала, Үш ойғыр деген жерлерде тас сұлба суреттер, Шібеті қайырқын, Билүті, Тасты Көлшейті деген жерлерде көне тарихи жартас суреттері бар. Бұл жартас суреттер көбінесе көне тас дәуірінен, яғни палеолит дәуірінен басталады да көне түркілердің дәуіріне жалғасады.
      – Осы мұраларды жинақтау, сақтау, зерттеу қай деңгейде?
     – 2008 жылы жалпы 12 сұмын жерінде зерттеулер жасадық та, соның нәтижесінде 2009 жылы «Баян-Өлгий жеріндегі тарихи көне ескерткіштер» деген жинақ шығардық. Бұл кітапқа бірен-саран мемлекеттік дәрежеде қорғауға алынатын, аймақтық дәрежеде қорғауға алынатын, сұмын дәрежесінде қорғауға алынатын ескерткіштерді көрсеттік. Оның сыртында бізде түркітану ғылымына қатысты деректер мол. Мұның бәрі келешекте жарыққа шығады деген ойдамыз. Жергілікті радио, телеарналарда оны қорғау, насихаттау мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралда­рында эфирге де шықтық, 10-ға тарта ғылыми-танымдық мақалалар жарияладық. Бұл жұмыс әлі де жалғасып келеді.
      – Тоныкөк, Күлтегін түрік ескерт­кіштерінің зерттелу деңгейі қандай?
     – Қазақ халқының көне тарихының зерттеулеріне сүйенсек, Моңғол үстіртімен байланысты екенін байқау қиын емес. Шыңғыс хан дәуірінен кейін, Орта Азияға барып отырықшы болып қалдық. Әйтпесе нағыз қазақ көшпенді халық болғандықтан, олар сақ дәуірінен бастап Моңғол үстіртінде, Батыс өлкедегі Алтайды мекендеген. Алтайды айналып көшіп жүрген. Қола дәуірінде біздің ата-бабаларымыз осында мекендеген. Оған қатысты тек бергі ғұндар мен сақ дәуіріндегі тарихқа сүйенетін болсақ, тек біздің Баян-Өлгийде Сақсай деген жер бар. Сақсай жерінде қазір өздеріңіз білетін пазырықтар сақтардың мықтың үйлері өте көп қазылып табылып жатыр. Сақсай сөзіне де қазір ғылыми ізденістер жүргізген едік. Кейбір ғалымдар «Сақсай» деген өсімдіктің атауы дейді. Біз оған көп келіспейміз. Өйткені «сақ» дегеніміз біздің ата-бабаларымыздың аты, тайпа атауы. «Сақ өзені» дейді, «сай» дегеніміз «өзен» дегенді білдіреді. Бұл алғаш Әбілғазы Баһадүр шежіресінде «сай» дегеніміз көне түрікте «өзен» дегенді білдіреді делінген. Қазақта «Бай байға құяды, сай сайға құяды» деген мақал да бұған дәлел. Сақтар мен сай өзені яғни, олар өзен суды жер-ана, су-ана деп қастерлегендіктен осындай атауларды қойып отырған. Ал кейін келе ғұндардың тарихын зерттедік. «Ғұн» сөзі көне тілде «күн» дегенді білдіреді. Яғни күнге табынушы тайпалар. Ал енді бертін түрік дәуірінен кейін 400-жылдан кейін моңғол шығыстан күшейіп, қазіргі Ұлан-Батыр тұсына дейін ата-бабаларымыз мекендеген Арғун өзеніне дейін келген. Керейттер, наймандар, меркіттер, ұңғыттар, татарлар бәрі біздің көне тайпалар. Шыңғыс хан дәуірінде батысқа ойысып, қазіргі Қазақстан жеріне барып тұрақтаған. Бұл қазақ тарихына қатысты негізгі мәселелер. Ал енді көне түркілер дегенде бәрі қазаққа қатысты дей алмаймыз. Өйткені олар моңғолдарға сіңген, одан кейін олардан бізге сіңген көптеген тайпалар бар. Әсіресе тыба тайпалары ұранқайлар, дөрбеттер әлгі ұйғыр тайпаларымен бізге жеткен. Бұлардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тіршілік ету ортасы, тілі бәрі бізге ұқсас. Мысалы, қазір әкемізбен бірлесіп бастаған зерттеуді, ол кісі өмірден өткеннен кейін де жалғастырып жүрмін. Қарап отырсақ, 3000-нан 5000 аралығында көне Алтай тілдеріндегі түбірлес сөздер бар. Мысалы, малды-мал, төлді-төл, күнді-күн, кекілді-көкіл дейтін осындай ұқсастық тіл, салт-дәстүр, әдебиет арқылы күні бүгінге дейін жалғасып келе жатыр. Сондықтан оны түркі қағанатының астындағы жартылай тайпалар деп санаймыз. Соның ішінде негізгі ошағын жалғастырып отырған кім дегенге ғылыми дәлелдейтін мүмкіндіктер туындайды. Сонда көпшілігі қазаққа келіп тіреліп жатады.
     –Тоныкөк, Күлтегін жазбаларын біздің тілге жақын деп жатады. Сондай жазулар басқа жерлерден табылды ма?
      – Негізі тек Моңғолия аумағында ұлылы, кішілі Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштері сияқты 100-ге тарта көне түркі бітік жазулары табылған. Бұл Арханғай, Увсы, Қобда, Баян-Өлгий сынды жерлерде бар. Тек біздің Баян-Өлгийдің өзінде 13 жерден осындай көне түрік жазуы табылды. Сонда бұл құбылыстың арғы тегін іздейтін болсақ, ғұндарда жазу болмаған деген ғалымдар деректерінде беріледі. Бірақ тарих сахнасына сақтардан кейін келетін тобаларда жазу болған. Ағаштардың кесінділерін кертіп, әр-түрлі жазу-сызуларды қалдырған. Бәзбір ғалымдардың оны түркі жазуы деп алып жүргеніне өз басым келісе бермеймін. Ол мүмкін сол Сақ, ғұндар дәуіріндегі жазу-сызудың жұрнағы болған шығар. Өйткені тарих дөңгелегі айналып Түрік қағанатына келген кезінде үлкен дәрежеде әртүрлі жүйесі қалыптасқан тасқа қашалатын жазу құрылымы пайда болған. Ал ондай жүйе қалыптасу үшін көптеген уақыттар сүзгісінен өтуі керек, оның өзіндік өр­кендеу тарихы бар. Ғалымдар көбінесе оларды көне түркітердікі деп жатады, ал оған дейінгі жазу-сызудың өркендеу сатысын зерттеуге біз әлі де болса тереңдеп бара алмай жүрміз.
     Ал кейінгі кезде бұл мәселені көне түрік руникалық жазуын, бітік жазуын зерттеп жүргендер дамытып жатыр. Бұған біз де қосыламыз, өйткені бейне әріптік жазбалар қола дәуірінен бері жалғасуда. Қол таңба, ер таңба, одан бергі арқа таңбалар деп жалғасып жатады. Арқа таңбалар қазіргі ер адамды білдіреді, бітіктегі бейнесі. Оның өркендеу тарихы одан да арыда.
       –Біз руника, латын, киррилица, төте жазу секілді таңбаларды қолдандық. Қазір солардың қайсысына көшуіміз керек? Руникалық жазудың болашағы бар деп ойлайсыз ба?
     – Ол заман өркениетіне байланысты. Бірақ менің ойымша, киррилицаны сақтап қалған дұрыс. Төте жазумен оқитын қытай қазақтары күні бүгінге дейін киррилицаны оқи алмай отыр. Меніңше, руникалық жазуларды қандай да бір зерттеулерді дәлелдеу мақсатында қолдану керек. Моңғолдар көне ұйғыр жазуын өздерінің жазуы етіп қолданады. Мұнда диплом алғанда міндетті түрде киррилицада жазылып, екінші бетіне моңғолдың ұйғыр жазуына жазылуын өткен жылдан бері Президенттің Жарлығымен біртіндеп енгізіп жатыр. Ал бізде де Қазақстанда міндетті түрде киррилицада жазып, келесі бетінде міндетті түрде оның көшірмесін ағылшынша емес, руникалық бітік жазуымен жазатын болсақ, ол ұлттық жазуымыздың нышанын білдіріп тұрады. Сонда біздің тік жазуымыз әлемге танылу үшін соны пайдалана бастады. Қазақ әлі жас мемлекет, киррилица әлемдік жазу, оның ұлт екендігін көрсететін көнені қашау керек. Сонда оны әлем таниды. Руникалық алфавиттер дайын. Бірақ оны халыққа ұқтыру үшін көп жұмыстар жасалынуы керек. Көптеген шығармалар, ғылыми зерттеу­лер киррилицада сақталып қалған. Бұл менталитетке де өз әсерін тигізеді. Сондықтан мемлекеттік рәміздерге, келісімшарттарға руникалық жазуды қолдансақ ұлттық нышанымыздың белгісін көрсетеміз.
       – Сіздердің зерттеу жұмыстарыңызға Қазақстан жағынан қолдау бар ма?
     – Жалпы бұл бір адамның қолынан келетін іс емес, әкеміз моңғолия қазақтары­дың салт-дәстүрін 30 жыл жинаған. 1995 жылы «Моңғолия қазақтарының салт- дәстүрі» деген бір том кітап шығарды. Одан кейін өмірінің соңына дейін дайындаған 1400-ге тарта материалдар қолымызда. Оның үстіне, қазір біздің қоғамның мәдениетпен көп қызыға бермейтінін айта кеткен жөн. Ғалымдардың көпшілігі де басқа дүниелермен айналысады. Біз соңғы жылдары Шығыс Қазақстандағы тарихи мұраларға жанашырлық танытып жүрген Мұхтарбек Кәрімов ағамыздың қолдауымен жұмыс атқарып жатырмыз. Ол кісі шетелдегі қазақтардың тарихы, мәдениетін зерттеуде қаржылай да көмек беріп отыр. Еларалық қатынас орнату мақсатында екіжақты тәжірибе алмасу да жасап жатырмыз.
     Бір жылдары «Мәдени мұра» бағдарла­масы бойынша Қазақстанның археологтары, этнографтары біраз жұмыс ат­қарды. Бұл бір адамның ғана қолынан келмейді. Сондықтан екі елдің ғылыми орталықтарында келісім болса, көп мәселені шешуге септігін тигізер еді. Ал біз Қазақстан хақында қаншама зерттеу материалдарды сыртқа шығара алмай отырмыз. Себебі Моңғолияның заңы бойынша бұған қатаң тыйым салынған. Қазақстаннан келген ғалымдарға да қаншама мағлұмат бергенімізбен, көптеген зерттеулерді көрсете алмаймыз. Сондықтан жүйелі түрде екі аралық министрліктермен келі­сім­шартқа отырып, тұрақты ғылыми ор­талықтар ашылса нұр үстіне нұр болар еді.
    Ауыл аралап, халықпен тілдесіп, жан-жақты зерттеген материалдарымыздың құндылығы орталық ашылса арта түсетіні анық. Біз тек салт-дәстүр ғана емес, экономикалық, ұлттық мәселелер хақын­дағы материалдарды жинақтап отырамыз.
      – Әкеңіздің біраз қолжазбалары жиналып тұр екен. Соларды халық игілігіне жаратып, жарыққа шығару ойыңызда бар ма?
       – Әкеміз көзі тірісінде 11 тармақтан тұратын еңбегін «Қазақстанның тәуелсіз­дігіне арнаймын» деген авторлық қолтаңбасымен дайындап қойған. Арманы қазақ халқының біртұтас салт-дәстүрін қалыптастыру болатын. Мен де осы жайлы мамандармен ақылдасып көріп едім, бұл салт-дәстүр Алтай қазақтарына, Алтай тауының төрт жағында төрт түрлі мемлекеттің аумағына бөліне орналасып, жайлаған қазақтарға тән екендігін айтады. Соңғы төрт жылда әкемнің осы қолжаз­баларын жинақтап, салыстырып, редакциялық жөндеуден өткіздім. Қазақстандағы баспа жұмыстарымен айналысатын мекемелер қолдау көрсетіп жарыққа шығарамыз деп жатса бізден қарсылық болмайды.
        – Ол дүниелердің авторлық құқығы өзіңізде ғой?
    – Әкеміз бастаған істі жалғастырушы, зерттеу жұмыстарын жалғастырушы ретінде және сол кісінің тікелей мұрагері ретінде авторлық құқық мәселесін өзім шеше аламын деп ойлаймын. Кітап етіп шығару қаржыға келіп тірелгендіктен алдымен осында жариялап, кейін Қазақстанда қайта шығару ойда бар. Жалпы көлемі 70 баспа табақтан тұратын еңбекте бүгінгі өміріміздің көптеген мәселелері, ұлт, руханият, салт-дәстүр, т.б. мәселелерді көтеретін келер ұрпақ үшін қажеті мол дүниелер деп білемін.
       – Алдыға қойған жоспарларыңыз қандай?
      – Тарихи отан – Қазақстаннан шеткері Тәуелсіз Моңғол ұлысында өмір кешсек те біз өзімізді байырғы бабаларымыз мекен еткен ата-баба жерінде жүрген қазақтың ұрпағы ретінде сезінеміз. Сол дәуірлерден кең байтақ дала төсінде сақталған, тау мен тасқа қашалған рухани және материалдық мұраларды көріп біле жүріп оған жанашырлық жасамау, оның көзден таса болып бара жатқан келешегіне алаң болмау мен үшін кешірілмес күнә болар еді. Осы бағытта әлі жүйеленбеген мол мұраларды хатқа түсіріп сипаттап жазу, оларды мемлекеттің қорғауына алу, сақталуына қолайлы жағдайлар жасау жолында қолдан келгенше халқыма қызмет ету.
        – Әңгімеңізге рақмет!

       Әңгімелескен Амангелді МҰҚАН, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр өнері бөлімінің меңгерушісі

          http://anatili.kazgazeta.kz/?p=36250

толығырақ

    22 наурыз күні Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дың делегациясын Бестөбе сарайында қабылдады.

     Кездесуге ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бастаған ресми делегация мен Әзербайжан, Гагаузия (Молдова), Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Македония, Монголия, Түркіменстан сынды елдерден келген өнерпаздар қатысты. Сонымен қатар Түркия Премьер-министрінің орынбасары Тұғрыл Түркеш, Түркияның Мәдениет министрі Махир Унал да кездесуде орын алды.

     Түгел түркі жұртының, ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен құттықтаған Түркияның Президенті: «Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы құрылған күннен бастап, түркітілдес халықтардың өнер мен мәдениетін дамытуға зор үлес қосып келеді. Түркі дүниесіндегі бейбіт қатар өмір сүру мәдениетінің қалыптасуында елеулі орынға ие. Бұл ұйымның әлемдік беделі орасан зор. Сондықтан ТҮРКСОЙ-дың атқарып отырған жұмыстарына мән беріп, үнемі қолдау көрсетіп отырамыз.       

    Биылғы жылы Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралардың жоғары деңгейде өтетіндігіне сенімдімін. Наурыз – көктемнің хабаршысы. Түркиядағы бұл күн – бауырларды және туған-туысты біріктіретін мереке. Түркіні ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілікке шақыратын күн. ТҮРКСОЙ ұйымдастырып отырған мерекелік іс-шаралары арқылы Наурыздың қасиетімен бірге бейбіт өмірдің сағынышын насихаттап келеді. Осылайша құрлықтар арасындағы көпірлерді салып, достық қарым-қатынасты күшейтіп отырады. 28 наурыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымында және 1 сәуірде Вашингтон қаласында өтетін мерекелік шараның сәтті өтетіндігіне сенімім мол. Осындай игі шараның басы-қасында жүрген ТҮРКСОЙ Бас хатшысына және ТҮРКСОЙ-дың жұмыстарын қолдап отырған барлық бауырларымызға алғысым шексіз,» – деп жүрекжарды тілегін жеткізді. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Түркия Президентіне алғыс білдіріп, иығына шапан жапты.

      Еске сала кетейік, Қазақстанның атынан Түркияның 20-дан астам қалаларында Наурыз мейрамына арналған мерекелі шараларға «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өнерпаздары, «Тараз» триосы, «Томирис» халық би ансамблінің бишілері, «Самрук» бишілер тобы қатысуда, - деп хабарлайды Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі М.Отарбаев.

толығырақ

888     …Башқұрт халқының тілі қыпшақ-болгар тобына жататындықтан, қазақтарға түсінікті екен. Башқұрт театрының туындысын тамашалап, осыны ұқтық.

     Патша өкіметінің езгісіне, жерін басып алып, алым-салықты шамадан тыс көбейтуімен қатар, діннен бездіруге бағыт­талған соғыстарда Ақай Қосымов басқарған көтерілісшілер 1735-1740 жылдары жерін, елін, дінін, дәстүрін қорғап қалғанынан артық не бар. Ақайдың әкесі Төлекей 1681-1684 жылдардағы патша өкіметінің езгісіне қарсы көтерілісті басқарыпты (см.МИБТ.Ү1.с.363-364). Осындай көтерілістерде Ақайдың батыр сарбаздары Қара-табын болысынан Жүсіп Артықов, Юрмалай болысынан Сұлтанмұрат Дүйсекеев, Бұляр болысынан Өмір Тоқтаровтар үлкен ерліктер көрсетеді.

      – Әділетті қатты ескертуі екен, қанын ішіне тартқан үстемдік алдында елпектемеген халық күші қаһарлы ғой қашанда, – дедім. – Мұрағат деректерінде Оңтүстік Орал бойын мекендеген башқұрттар 1219-1220 жылдары Сырдария даласына дейін көшіп барып, Алтын Орда мен қарым-қатынаста болыпты. Ерлері 13-1 әскери полкіне тіркеліпті. Үміт аз, күдік көп, ізін аңдитын жаулық бар, құтырынған зор­лық, езіп, жаншуы үдеп тұрған Ресей патшалығының басқыншылығынан байтақ даланы қорғауға ерлердің ерлігін күткен аз халықтардың мұңы ортаққа айналған-ды. Бой бермей түтеп өршіп тұрған жаугершілік, түрлі кедергілердің қыспағы халықтың есін шығарып, еркіндікке ем таппаған кезеңдер тарихтан белгілі. Ресейдің билігін амалсыз мақұлдап Алтын Орда және басқа да ұсақ мемлекеттер еркіндігін талап етсе де қақтығыс, соғыс тоқтау таппағанына тағы бір дәлел – 1736 жылдың 29 маусымында тұтқынға түскен Ақай батырды босату үшін башқұрт сарбаздары генерал А.И.Румянцевтің әскери бекінісіне тосын шабуылдап, 180 солдатын өлтіріп, 32 солдатын жаралы етеді.

      – Асқан ерліктің ұшқындары сөнбейтін сәуле қалдырып жұлдыздар жолында сайрап жатыр, ерлік кектенуден бастау алады, еркіндікті аңсау елдіктің шарты, – деді Нияз. – Адамдар жер бетіне пайда болған жылдарды айтпағанда, қаншама ғасырдың қуанышына ортақтасып, қайғысына бірге жұбанысқан қазақ-башқұрт халықтарының достығы терең тамыр тартқан. Түн түнекті де көрді, шерленіп бірге мұңданды да. Әйтеуір үмітін үзбеді, бір-біріне арқа сүйеді. Түтіні түзу шығып адал тілекпен, биік мақсатпен, зор жігермен бірлесіп көре алмаушылыққа, пайдакүнемдікке салынбай, кісілік тарихын тазалықпен сақтағандық ежелден қалыптасқан.

      Башқұрт халқының ұлы тұлғасы атан­ған Зәки Валидидің: «Түрлі соғыс, қақты­ғыстарды айтпағанда, азамат соғысының көлеңке жағындағы шындықты айқындап ашар болса түрлі елдердің түсінігі өзгеше болар еді, шындық көрініп қалар еді» деуінің астарында адам құқы, ұсақ елдердің арман-мүддесінің қорғалудан шет қалып, үс­темдіктің қорлау қалыбына құйылып, әл­сіз­дердің үрейленуі көрінетінін білдірсе керек.

      Башқұрттардың жазба дерегі ертеден бас­талса Уфаның жоғарғы, әкімшілігін басқарған Меңдияр Бекшорин (1750-1821) Сырым Датовпен кездессе, осы сапарында қазақтың «Барса келмес» ертегісін жазып алып «Санкт-Петербургские ведомостиде» жарияласа (839 №17), екі ұлттың шығармашылығы ертеден бастау алғанын көрсетеді. Башқұрттар тірлігінің ұзын-ырғасы халықтарды бөтенсу емес, түрлі тірлік қозғалысын бағалап түсіністікпен іш тартып қарау десек, ХVІІІ-ХІХ ғасыр­лардағы түрлі революциялармен қатар Па­риж коммунасының шындығына көз тас­тап, болжалмен бағалай қарап, өздерінің іс-әрекетін жетілдіріп ұлттық қасиетін дәуірге сай дамытып отырған. Оған дәлел Уфада 1838 жылы губерниялық баспахана ашылып, Хайбулла ауданында «Бақыт», «Шура» журналдары жарық көрген. Башқұрт халық қозғалысының басшысы А.А.Валидовтың мақсатты құнды ұсыныстары нәтижесіз қалса, көп кешікпей губернияларда аштық өрттей лау ете түседі. 1921 жылдың 1 қаңтарында Уфа губерниясында 13 миллион пұт астық, 2.2 мың пұт май, 12 миллион дана жұмыртқа, Кіші Башкерия бойынша 2.2 миллион пұт астық, 6.2 пұт май, шаруа­ларда 39 мың ірі қара, 82 мың қой, ешкі, ара өсіруден жиналған 2.2 пұт бал болса, мұн­ша азық халыққа бұйырмай, өкіметке тапсырылып кетсе, ол аздай 1921 жылғы қуаңшылық, азамат соғысы қалжыратқан елде аштық басталады да халық көтерілісіне ұласады. Арынды өзендердің бойымен аққан өліктер қабірін де таба алмай қалды. Ондайды көрген тас жүректінің де көкірегі шыдамас еді. Бірақ, Қызыл Армия, кеңес басшылары барынша мүмкіндіктерді қарастырды. Халықтың үмітін жоймауды біршама ойластырды. Жұрт Кеңес өкіметі жарылқайды деп асыққанда Орынбордан шыққан Дутовтың армиясы ақтар, қызылдар болып қырылысуы да башқұрт халқына оңайға соқпады. Көз сүрінетін өліктер, аш құзғындар таласы, ғажайып өлке өртке оранып жатты. Әлі күнге жерге күрек салса қарулардың шіріген қалдықтары шы­ғады, ара-тұра аштан өлгендердің бе, оққа ұшқандардың ба, адамдардың сүйегі де көрініп қалады. Оныңыз мәңгілік ұмытылмайтын зұлымдықтың естен кетпес куәсі. Расында ХVІ ғасырда Алтын Орда, Ноғай ордасы, Қазан хандығы, Сібір хандығы болып ұйысып жергілікті халық өзін өзі басқарып, тыныштықпен біраз жылдарға еркіндігін сақтады. Қала өркендеді. О да зулап өте шықпай ма?

       Жаратқан Ием башқұрттарды шыңы көк тіреген тау, қалың жыныс орман, таудан басын алатын арынды өзендері, көлдері дейсің бе, небір табиғат сұлулығымен қытымырсыз жарылқаған. Осындай құнарлы да құт өңірде ашыққан халыққа 1922 жылдың 6 қаңтарында «Винкобого» су кемесі 5.900 тонна жүгері дәні және басқа да азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізген. Өздерінің халқын сақтауға өндірген азық-түлігін өкімет сыпырып әкеткенін жоғарыда көрсеттік. Әлгі шетелдің көмегі 5250 ашыққан балаларды асыраса, 1921 жылғы желтоқсандағы дерек бойынша 75 000 баланы аштықтан қорғау керектігін мәлімдеумен қатар (ЦГИАРб ф.р.-О1О1.оп 1.д.70.л.29-30) балалар өлімі 40 пайызға, емшектегі сәбилер өлімі 75 пайызға жеткенін қамтып айтылады. Сол тұста Америка әкімшілігі ашыққандарға көмек есебінде 29 тамызда Ригадан Мәскеуге 8 вагон, 30 тамызда 14 вагон толы азық-түлік жөнелтілгенін «Правда» газетінің 1921 жылғы 3 қыркүйегіндегі санында жазған екен. Бірақ мұның бәрі аштыққа ұрынған қалың халықтың қайсысына жетті дейсің.

       – Аштық алдымен адамдардың ақыл-есін алатын, миын істен шығаратын тәрізді. Солай дегенмен, әрбір ата-ана соңғы үнемін ұрпағына беріп, өзі ажалға бейіл болатын шығар… – деді Нияз пікірін дәлелге негіздеп…

       Нияз: «Башқұртстанның кейбір елді мекендері Челябі губерниясына қараған ғой. Мысалы, Вернеуральск қаласында 1897 жылы 11103 түтін башқұрт мекендеген. Бүгінде Башқұртстан құрамында. Сол өңірдегі өлімші болған 2,5 мың баланы АҚШ азықпен асыраса, Швецияның Қызыл крест қоғамы – 100 мың жасөспірімді, Ква-кери қоғамы 350 мың ұрпақты асырапты. Ал Нидерланд мемлекеті көмек ретінде 4000 тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп отыр­ған. Осы кезде губерния бойынша 19580 тұрғын нәр сызбай өлім халінде жатса, оның 9007-сі сәби балалар екен. Адам өмірге өлу үшін келмейді, әділдікпен ба­қытты өмір сүруге келеді» – деп ойға батты.

       Мемлекеттің жауапты адамдарының қолында жан-жақты зерттелген статис­тика мәліметі болса, оған көз салып, көңіл қойса миллиондаған халық ажалдан аман қалар еді. 1921 жылы басталған аштық 1922 жылы жалғасып, Башқұртстан губернияларында 421.352 адам, 368.330 бала аштық ауыртпалығын тартып өлімші болған, ауру, сырқау меңдетіп өлім құштырған көбін (ГАЧ.оф.380.оп.1.д.18.п21.24.).

      Тау алқаптарына мұңлы көз­бен қарап тұрып халық басына түскен жой­қын нәубеттің нақты себебін айтып, данышпандық болжауын жұрт талқысына салған Алаш ойшылдары, мұсылмандардың үшінші съезінің мүшелері, саяси шешен, астроном Жәңгір Абызгелдин, белгілі философ, дін қоғамының қайраткері «Ғалия» медресесін ұйымдастырушы Зият­­дин Камалетдинов, мұғалім Мұқлиса Ғабделгалямова, «Идел» газетін шығарушы ұстаз, әрі жазушы Абдрахман Гумеров, тарихшы-ұстаз Хасан-ғата Мұхаметұлы, философ, ұстаз Муса Бигаев, жазушы Шахар Шараф және басқалары ел өмірінің шындығын айтам деп, қызыл империяның қуғын-сүргініне түсті, түрмеге де отырды, өлгені өлді, өлімші болғанына атар таң, көрер күн көрсетілмеді. Саясат қылышы жалаңдап дінге де килікті, бұзу үшін бірлікті, тобыр шүйлікті. Ұлт мүддесін, тілін, дінін, ділін қорғаған белгілі жазушылар Абзал Тагіров, Болат Иманғұлов, Ғұбай Давлетшин, Дәуіт Юлтай Абдолла Амантай, Тухфат Янаби, халық жауы есебінде атылып кетсе, 29 жазушы қуғын-сүргін зардабын шегіп, түрмеде отырып жазаланған екен…

       «Толқыны тулап, таралып қалар жырларым, қайта-қайта қағып көңіл сырларын» деп жырлаған, «Бір өмірдің тарихы» трилогиясымен Кеңес Одағында есімі құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Зайнаб Биишеваның шығармалары күреске толы башқұрт халқының шежіресі деп әлі күнге жоғары бағаланып келеді. Ырғыз өңірінен білім іздеп, бақыт таппақ болып, арып-ашып, мұң-шерге батып, қиындықпен жанын аямай арпалысып «уһ» деп Уфаға жетеді.

        Жазушы шығармасы өмір айнасы десек, суреткерлік таланты асып туған Сайфи Құдаш (1894-1993) 1913-1915 жылдары Қостанай қаласындағы қалалық мұсылман мектебінен білім алып, Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқуын жалғастырады. Сол жылдары Ш.Бабич, Х.Туфанмен бірге әдеби, музыкалық үйірмелерден білімін толықтырып талантын шыңдайды. Түрлі баспалар қолдан-қолға тигізбей Сайфидің өлеңдерін жариялай бастайды. 1919 жылдан бастап Омбыдағы «Азат сібір», «Шығыс кедейі» газеттерінде өлеңдері жарық көрсе, 1930 Уфадағы «Жаңа ауыл» газетінде қызмет атқарады. Одан кейін «Октябрь» әдеби журналында редактор қызметтерін атқарып, талай қаламгердің шығармашылық бағын ашады. 1943-1948 жылдары Башқұртстан Жазушылар одағын басқарып өмірін бірыңғай әдебиетке арнайды. Тұңғышы «Еркіндік әні» шығармасынан бастау алса, оның өлеңдер жинағы, романдары қазақ, қырғыз, тәжік, өзбек, украин және басқа ұлттар тіліне аударылады. Ұлы тұлғаның көз алдында, жадында жаңғырып Мағжан елестеп тұратындай болды ма екен, мұрағаттағы әдеби қорының алғашқы бетінде өзінің, Мағжанның фотобейнесі жарқырап тұрғанын көріп, әдебиет әлемінің терезесін ашып, тынысын кеңейтті ме екен, деген ойда қаласың. Қаламгерліктің бірін-бірі құрметтейтін қасиеті қандай шырайлы, қылығы, ойы, сөзі жаныңа қуаныш беретінін жазушыдан басқа ешкім түсінбес те, ұқпас та еді. Және Мағжанның сүгіретімен қа­тар «Ақ жол» журналының №1 санында жарияланған «Темірді жұмсартқан ана» новелласы да қорда әспеттеліп, үлгі ретінде сақталған. Мәңгі жасайтын ұлылық, шындық, келешектің болжамы, өткеннің мөлдір бейнесі өшпейтінін Мағжаннан тапқандай рахат сезімде болып, жан дүниесін кеңейтіп өзінің шығармашылығына құлаш сермеді ме екен Сайфи?

      Бүгінде Башқұртстан байлығы халықтың дәулетіне айналып отыр. Атап айтсақ, 40 өндіріс орындары Ресей, Қазақстан, Қыр­ғызстан, Тәжікстан елдерімен және Моңғолиямен байланыс жасап келеді. Башқұртстанның ауыл шаруашылығына арналған жеті миллион гектар жері бар, оның 3,7 миллион гектарына егін, көкөніс өсіреді, қалғаны жайылымдық. Мұнда 900 ауыл шаруашылығы кәсіпорны, 930 азық-түлік өңдеу кәсіпорны, 5500 шаруа қожалығының қай-қайсысы да табысты салаға айналған, ғылыми негізде дамыған. Жыл сайын 10 000 тонна астық, 6000 тонна көкөніс, 5000 тонна картоп, 1800 тонна шөп, 9000 тонна сүрлем дайындалады. Мал өсіру тиімді сала, 7000 тонна сүт, 400 тонна сапалы ет өндіріліп халыққа таратылады. Халқының біразын қырып салған баяғы аштық енді оралмасы анық. Бұрынғы үрей, өктемдік ұмытылды, тарих қойнауына біржола кетті.

        Ауыл шаруашылығының табысты салаға айналуының себебі, табиғат байлығы, мұнда 3 мың көл, 13 мың өзен бар болса, онда 300 құс түрі, балықтың 42 түрі өсіп, өнеді. Мына ақ Еділ өзенінің суына бетін жуып, биік шыңға қарап тұрып қазақ сатирасының классиктерінің бірі Жиенғали Тілепбергенов: « Шаршап тозған ойларды тазарттың, жастық ша­ғымның біразын осында өткізіп ізгілікті таптым, білім алдым, қатал тағдырды жеңуді үйрендім. Мақсатсыз күндер қалды артта. Мейірімсіз үрейден жасқана қоймаспын, таудың өрлік мінезін бойыма дарыта көр, кеудем желпініп бір сергіп қалсын. Бойымды бекіт, жолымды аш. О, табиғат құдіреті тарихтың шындығын бауырыңа басып жатырсың ба?» – деп толғанды ма екен. Рас, қазақтың талай ойшылдары, биік тұлғалары осы Уфа қаласынан білім алды. Башқұртстанның жанымызға жақын болатыны өткеніміз, бүгініміз, ертеңіміз, тарихымыз ортақ болуы Жаратқанның берген тартуы сықылды. Түсініктісін айтсақ, Уфа қаласының мемлекеттік мұрағатындағы 585. 228 құжаттың қазақтар тарихына қатысты деректері жетерлік, оны азсынсаң, ұлттық кітапханасында араб, парсы әліпбилерімен жазылған алғашқы дәуірден бергі құнды кітаптар да табылады. Міне, бабаларымыз бағыт алған жұлдыздар жолы оңғарыла беріп, жақсылығымыз ұнасым тапқай деп тілесек артық болмас, сірә. Көз тұндырған табиғат сұлулығынан тірлік шындығын тапқандай башқұрт жазушысы Нияз Алсынбаев «Еділ мен Жайық» әнін шырқай бастады. Тау жаңғырып жатты…Үн алысқа кетті… Ұлттық ашық үнге шаттана түсесің!

         Табыл ҚҰЛЫЯС, жазушы.

         Астана – Уфа – Астана.

      http://egemen.kz/2016/03/16/29445

толығырақ

Zhurynov

   
       ЮНЕСКО ұйымы биылғы жылды Қожа Ахмет Иасауи жылы деп белгіледі. Осыған орай белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынұлы Жұрыновпен кездесіп, сұхбаттасудың сәті түскен еді. 

      Сұхбатымыздың басы ұлы ойшыл, әйгілі дін қайраткерінің ел-жұртына сіңірген еңбегі туралы басталғанымен, оның барысында бүгінгі қазақ ғылымы, ұлт мүддесі, мемлекеттің көңіл бөлер жайттары да әңгіме өзегіне айналды. Академикті тек ғылым, білім жайлары ғана емес, ұлтымызға қатысты өзекті мәселелер де толғандыратынына куә болдық.

      – ЮНЕСКО-ның Қожа Ахмет Иасауи жылын қабылдауы Түркияның ұсынысымен болды. Ал, негізінен Қ.А.Иасауидің туған жері, дүние салған жері, діни мектеп құрған жері – Қазақстан. Бабамыз Түркістанда жатыр. Мұндай бастама бізден шығу керек еді.
         Иасауи ілімінің Түркияда дамуының себебін айтайын. Шыңғыс хан келіп Түркістанды алады ғой. Ол кезде Қ.А.Иасауидің қалыптастырған мектебі бар болатын. Түркістанда сол уақытта Бұқара, қала берді Мекке мойындайтын діни білімді жастар көп болған. Шыңғыс хан Түркістанға келе жатқанда жергілікті халық сол жастарды екі дүркін керуендерге қосып қашырып жібереді. Өлтіріп қояды деп қорқады. Қ.А.Иасауи ілімінің үзіліп қалмауына мүдделі болады. Сөйтіп, әлгі жастардың бір тобы Шамға (Дамаск), бір тобы Конияға (Түркия) кетеді. Сирияның сексен пайызы сүниттер. Олар Қ.А.Иасауидің сопылық жолымен жүретін сүниттер. Түркиядағы бауырларымыз толығымен сүниттер және Қожа Ахмет Иасауидің сопылық жолын құрметтейді.
Ahmed_Yasayi_m

         Жетпіс сегіз миллион түріктер Қ.А.Иасауи десе тік тұрады. Неге олай? Түркияға кеткен Қ.А.Иасауидің рухани шәкірттерінің арасынан Бекташ Уали, Жүніс Әмре деген үлкен оқымыстылар шығады. Олар үлкен мектеп құрып, бүкіл Түркияға иасауилік ағымды жаяды.
        Қ.А.Иасауидің ілімі сүниттің ішінде сопылық. Сопылық деген бұл мұсылмандық ілімнің нағыз демократиялық түрі. ­Қ.А.Иасауи былай дейді. «Сенің қасыңда басқа діннің адамы отырса, сен оған арқаңды берме. Өйткені оны да Құдай жаратты. Сен сияқты Алланың жаратқан пендесі. Бірақ оның ұғымы, ілімі, ақыл-ойының жүйесі басқа. Бұған ол айыпты емес. Оның өскен жері сондай болды. Сондықтан сен оған түсіндіріп айт. Ілімді қабылдаса қабылдайды, қабылдамаса ең аз дегенде сен оған ой саласың. Сенің сөзіңнен кейін ойланады. Бұған ешқандай дөрекілік көр­сет­пеу керек. Сыйласу керек. Ар жағын өзі біледі».
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ,
сыпайы болғын,
Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғын.
Махшар күні Тәңірге жақын болғын,
Менменсіген халайықтан қаштым, міне, – дейді ғұлама хикметтерінің бірінде.
      Иасауилік – сопылық кезінде бүкіл түркі әлеміне кең тараған философиялық ағым.
Атақты философ, зерттеуші-ғалым, профессор М.Ф.Көпрулу бастаған Түркия ғалымдары Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметін» терең зерттеген. Мен Қ.А.Иасауи атындағы қазақ-түрік университетінде ректор болып тұрғанда олар Түркістанға келді. Қ.А.Иасауидің ілімін зерттеп, докторлық (PhД) диссертация қорғағандары да бар. Олар діндар адамдар емес, кәдімгі ой-өрісі кең, зайырлы ғалымдар.
     Түркия университеттерінде Қ.А.Иасауи­дің еңбектерінен дәріс оқылады. Профессор Семави Ейидже, академик Таскопрузаде, про­фес­сор Екх­леф Хурия, Алматыдағы шет тілдері және іскерлік карьера универ­ситетінің ректоры, профессор Сабри Хизметли және т.б. Қ.А.Иасауидің өмірбаянын, еңбектерін зерттеген ғалымдар. Оларға мен оңашада мынаны айттым: «Түркістанды екінші Мекке, Қ.А.Иасауиды Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) жолын ең биікте ұс­танған хазірет әулие дейді. Осыны жергілікті жұрттың өзі шығарып алған жоқ па екен?» дедім. Сонда олар: «Жоқ. Бұл Қ.А.Иасауидің көзі тірісінде қойылған аттар. Халықтың берген аттары» деді. Ол былай болған екен.
     Қ.А.Иасауи жас кезінен зерделі болып өседі. Кітапты бір оқығаннан жаттап алады екен. Сайрамдағы, Отырардағы… кітаптарды түгел оқиды. Оқыған кітаптарын жатқа айтатын болған. Бірақ алдымен шешесі Қарашаш анасынан, жеті жасқа келгенде Ибраһим әкесінен айырылып қалған. Одан соң Иасыға (Түркістан) келіп әйгілі Арыстан бабтың қолында тәрбие алады. Шамамен он бестерге келгенде (1110 ж.) ол Бұқараға барады. Онда Хамадани деген исламның білгірі, ойшылынан дәріс алады. Екі жыл сол кісіден тәлім алады. Екі жылдан кейін Хамадани: «Балам, сенің білімің менен кем емес. Бәрін білесің. Мен саған артық білім бере алмаймын. Сен енді Меккеге бар, өзіңді көрсет. Білмейтін нәрсеңді олардан үйрен. Біліміңді кеңейт. Сол саған пайдалы» дейді.
Содан Қ.А.Иасауи Меккеге барады. Меккеде Құптан (Аль-Иша) намазы біткеннен кейін үлкендер әңгіме-дүкен құрып отырады екен. «Ана сүрені қалай түсіну керек? Ана аяттың ерекшелігі не? Мына сөз бен ана сөздің айырмашылығы қалай…» дегендей әңгімелер айтылады. Осыларды Қ.А.Иасауи тыңдап отырады. Бір уақытта «Мен айтайын оны» дейді. «Ананың мынаумен байланысы мынадай. Мынаның байланысы осындай. Сондықтан мұны былай деп айту керек» деген секілді көтеріліп отырған әңгімеге байланысты ойын білдіреді. Отырғандар таңғалады. «Сырттан келген бала. Бәрін біледі. Қайдан біледі?» деп таңырқайды.
      Содан мешітке барып жүрген жас­тар түгелдей Қ.А.Иасауидің жағына шығады. Басқалар елеусіз қалады. Қ.А.Иасауи қай мешітке барса өзгелер алдын ала біліп алып, сол мешітке барады екен. Бұл кімге ұнайды? Жергілікті имамдар оны шеттете бастайды. Екі жылға жетер-жетпес уақытта Қ.А.Иасауи ол жерден кетіп қалады. Түркістанға келіп, өзі мектеп ашады. Баяғы Меккедегі жастар Түркістанға келіп дәріс алып тұрады. Мекке мен Түркістан арасы жол болады. Сонда Түркістан екінші Мекке деген сөз халықтың арасынан шыққан. Қожа Ахмет Иасауи ұстанған Ханафи масхабындағы сопылық мектеп әлемге аты таралып, иасауилік ағым кеңіне өріс алған.
      Арабтың діни оқымыстыларының Қожа Ахмет Иасауиге салқындау қарауының тағы бір себебі мынада екен. Құран-кәрім араб тілінде. Қарапайым халыққа онша түсініксіз. Ол кездерде, әдетте ислам діні басқа елдерге тараған кезде дінмен бірге арабтардың әдет-ғұрыптары да бірге тарайды екен. Қайсысы дін, қайсысы әдет-ғұрып екенін Қожа Ахмет Иасауи әрине жақсы біледі.
      – Осы жағын түсіндіре кетсеңіз…
     – Қ.А.Иасауи әдет-ғұрыпты ысырып қойып, діннің таза өзін алып, көшпенді халық өміріне бейімдейді. Мысалы: Сен қысты күні мал айдап келе жатырсың. Боран, аяз, жел. Намаздың уақыты. Алайда намаз оқимын деп жүргенде мал ығып кетуі мүмкін. Қ.А.Иасауи айтады: «Алла мұны көріп тұр. Сенің мүмкіндігің жоқ. Сен малды жайғастырып болған соң, кешке, сол намаздың қазасына оқысаң болады». Бұл жеңілдік емес пе?
     Көш келе жатыр делік. Ана ауылдан мына ауылға дейін жиырма-отыз шақырым. Ішетін су тапшы. Сен қалай дәрет аласың? Ал Қ.А.Иасауи айтады: «Су тапшы болғанда сумен дәрет алу міндетті емес. Сен дәретті жердің бетін тазалап, алақаныңды, қолдың сыртын тазалаған жерге тигізсең болады. Бұл да дәрет алғаның болып есептеледі». Жеңілдік пе? Жеңілдік. Топырақ – сорбент. Сенің қолыңдағы микробты, басқа да зиянды нәрселерді өзіне тартып алып қалады. Осындай қасиеті бар. Осыны Қожа Ахмет Иасауи білген.
      Арабтар кей-кездерде өлген адамды қорасының бұрышына көме ­салады. Марқұмның жатқан жерін сыйлау, құрметтеу оларда жоқтың қасы. Түркілерде олай емес. Қазақ ата-бабасының жатқан жерін қадірлейді. Барып тұрады. Құран оқиды. Арабтар болса олай істемейді. Қ.А.Иасауи: «Барыңдар. Басына құран оқыңдар. Бұл дұрыс» дейді.
    Қ.А.Иасауидің бұл айтқандары көңілден шығатын. Сондықтан оның ілімі жан-жаққа кең тарады.
       Қоғамды екі нәрсе біріктіреді. Біреуі – тіл, екіншісі – дін. Басқадай біріктіретін күш жоқ. Алтын Орда құрылғанда қалай болды? Мұсылман дінін қабылдап үлгерген түркілер Алтын Ордаға жиналды. Қабылдап үлгермегендері бей-берекет кетті. Көбісі басқа діннің жетегінде жүрді. Орыстардың ішіндегі Иван Грозный, Борис Годунов, Александр Невскийлердің түбі түркі. Ресейдің атақты азаматтары Аксаков, Аракшеев, Ахматов, Бухарин, Булгаков, Карамзин, Мичурин, Бекетов, Измайлов, Черемет, Менделеев, Тургенов, Гоголь – бұлардың да түбі түркі. Міне, осылар әнебір дәуірде мұсылман дінін қабылдап үлгірмеген түркілердің ұрпағы еді.

SONY DSC

SONY DSC

     Соншама үлкен аумақтағы адамдардың мұсылман дінін қабылдағаны жаңағы жеңілдіктердің арқасы. Қ.А.Иасауи бағытында жүргендердің ішінде дінге байланысты соғыс болған емес. Қ.А.Иасауидің жаңағы сөзі бар ғой: «Аллаға сен, Алланы сүй. Ол біреу. Бірақ сен басқа діннің адамына арқаңды берме. Бәрімізді бір Алла жаратады. Бірақ әртүрлі болып жаратыламыз. Бұған бола әлдекімдерді кінәлауға болмайды» дейді. Қандай философия! Осыны түсіндіре алмай жүрміз ғой.
     Ханафи Мазһабы деген суннизмнің ізгі ағымы. Қ.А.Иасауи соны жаңғыртуға, аясын кеңейтуге ұмтылды. Бұл нағыз демократиялық ілім. Әділ жол еді.
      Қ.А.Иасауи айтады: «Құранды талқыла­маң­дар. Құран өзгермейді. Құранда айтылғандарды орындаңдар. Ал, Құранда жазылмаған нәрсені халықтың ерекшелігіне қарай жүзеге асырыңдар. Сенің істеген ісің халыққа ұнайтын, көңілінен шығатын болсын». Бұл нағыз ақылдылық емес пе? Қ.А.Иасауидің осы кереметтігі үшін ғой Әмір Темірдің оған Түркістанда кіндік Азиядағы ең биік, ең ірі кесене салдырып жүргені.
       – Иасауи еңбектерінің елімізде зерт­телуі, насихатталуы қандай деңгейде?
    – Көңілге медет болатыны Қ.А.Иасауи­дің еңбектері түгелге жуық қазақ­шаға аударылды. Бұған дейін ел ол еңбектерді орыс, өзбек тілдерінде оқитын.
    Қ.А.Иасауидің өзі біздің жерімізде дүниеге келді. Өмір бойы осы жердің халқына қызмет етті. Осы жерде дүние салды. Бірақ оны қазақ көпке дейін білмей өсті. Кеңес өкіметі кезінде ол кесененің көрмеген қорлығы жоқ. Кесененің ішінде шаруашылықтың астық қоймасы да, мал корасы да болған. Кейін Д.Қонаев Ө.Жәнібековтің ұсынысымен бабамыздың кесенесін күрделі жөндеуден өткізді. Бірақ ол қасиетті кесененің де, Қ.А.Иасауидің де, жалпы Түркістан қаласының да жаңа тарихын жасаған Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
     Нұрсұлтан Әбішұлы республика басшылығына келісімен халқымыздың көптен көксеп жүрген арманын жүзеге асыруға бел шеше кірісті. Кеңес өкіметінің көзі тірісінде-ақ Семейдегі ажал отын бүркіп тұрған полигонды жапты. Түркістан қаласын тарихи, рухани астана ретінде қомақты қаржы бөліп, жөндеуге кірісті. Ең бастысы кемеңгерлікпен болжай біліп, ескі астанадан ешкімнің ойы түгіл түсіне де кірмейтін жаңа идея – Түркістанда университет ашып, оған Қ.А.Иасауи бабамыздың атын беріп, бүкіл түркі дүниесінің назарын аудартты. Кейіннен ол университет бірінші халықаралық (мемлекетаралық) Қазақ-түрік университеті болып, қазіргі кезде ең ірі, алдыңғы қатардағы жоғары оқу орындарының біріне айналды. Онда арнайы грантпен барлық түркі тілдес елдерден студент жастар тәлім-тәрбие алуда. Осындай игі істері үшін біздің Елбасымызды бүкіл түркі әлемі өзінің Көшбасшысы деп таниды.
    Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Қ.А.Иасауидің барлық хикметтері аударылып, өмірбаяны зерттелді. Ауызша тараған деректер жинастырылды. Осының бәрі жақсы. Биыл ЮНЕСКО-ның Қ.А.Иасауи жылын өткізуі тегін емес. Түрік бауырларымыз Қ.А.Иасауидің біртуар, дана тұлға болған­дығын ЮНЕСКО басшылығына дә­лел­деді. Солар көз жеткізгеннен кейін ше­шім қабылданды. ЮНЕСКО мүше­лерінің тоқсан пайызға жуығы хрис­тиан дініндегі адамдар екенін ескерген жөн. Ал солардың мойындап, Иасауи жылын бел­гілеуі тегін бе? Тегін емес. Өйткені Қ.А.Иасауи өте бейбітшіл, ғұлама, дана адам болды. Исламды ізгілік жолымен жал­ғас­тырды. Міне, ұлы тұлғаның ерекше еңбегі.
Қ.А.Иасауидің өмірі трагедияға толы болды. Оның жолында қиындықтар көп ұшырасты. Алғашқыда ілімін түсінбегендер оны сабап кеткен жағдайлар болған. Он екі жастағы жалғыз баласын дұшпандары ұрып өлтірген. Бір қызы болған. Ұрпағы осы қызынан тарайды.
      Жаңа жолмен қоғамды басқарған адамдарға барлық уақытта қиындық туа­ды. Жаңа жолмен жүру қиын. Міндетті түрде қарсыластары кездеседі. Бұрынғы қалыптасқан жолды қорғайтындар болады. Бұл әбден зиянын тигізеді. Ол өмірдің заңы.
   Қ.А.Иасауиды біз әруақытта дәріп­теуіміз керек. Дін жолына түскен жастардың Қ.А.Иасауи ілімімен жүргені дұрыс. Жастар демекші, бүгінде айт күндері, жұма намазда мешітке бара қалсаңыз жас­тарды көп көре­сіз. Олар мешітке толып кетеді. Ішке сыймай далада тұрады. Барлық мешітте солай. Бұл біздің ұлтымыздың болашағы жарқын екенін көрсетеді. Мен өзім осылай түсінемін. Өйткені сенім деген ең бірінші кезекте тұратын нәрсе. Бұл мемлекет үшін де пайдалы. Мемлекет осыны сезіну керек.
     Мына Еуропада, Данияда, Швеция­да, Финляндияда, Норвегияда шіркеуге ешкім бара қоймайды екен. Барса кемпір-шал, жаны күйзелген бірен-саран адам баратын шығар. Жастар бармайды. Сол жерлерде бір-екі мешіт бар көрінеді. Жұма намазда адамдар ауласына сыймай кетеді екен. Мұсылмандардың бәрі барады. Сол елдерде шіркеулер жабылып, оларды мұсылмандарға беріпті. Қайта жөндеп, мешіт қылып. Сол мешіттерге адам сыймайды екен. Міне, ислам дінінің күштілігі.
    Еуропада Кеңес өкіметі кезінде әр жылы он мың адам христиан дінінен қол үзіп, ислам дініне өтетін. Қазір бұдан да көп болуы мүмкін.
    Тарихтан білетініміздей, христиан дінінің үлкен ойшылдары мұсылман дінін қабылдаған. Орыстың ұлы жазушысы, ойшылы Л.Толстойдың сүйегі Ясная Полянада жатыр. Мен ол жерде болғанмын. Ол кісіні қайтыс болғаннан кейін үйінің ауласына көмген. Бізге жол көрсетіп жүрген адамнан: «Неге бұлай? Неге қорымға апармаған?» деп сұрағанымызда жауап бере алмады. Оның себебі Толстойдың мұсылман дінін қабылдағаны еді. Сондықтан шіркеу қызметкерлері христиандар жатқан зиратқа емес, аулаға жерлеген. Орыстар «Біздің ұлы жазушы, ұлы Толстой» деп мақтаныш етеді. Оның мұсылман болғандығын айтпайды. Толстой ақылсыз емес қой. Ол ойшыл, әділ адам болған. Дінді өзі таңдады. Бұл жайдан-жай емес. Мұсылмандықты таза дін деп түсінді. Немістің ұлы ақыны Гете де, француздың ұлы саяхатшысы Жак Кусто, америкалық астронавт Л. Армстронг және т.б. мұсылман дінін қабылдаған.
   – Біздің ұлтымыздың тарихы әріде жатыр. Алайда көп теперіш көрген халықпыз. Тәуелсіздік алғанымызға енді ғана ширек ғасыр толмақ. Ұлтжанды, елжанды, азамат ретінде Сізді қандай мәселелер толғандырады?
    – Қазақстанда қазақ 67 пайызға жуық. Халықаралық декларация бойын­ша Қазақстан моноұлттық мемлекет деңгейіне келіп тұр. Егер мемлекетте бір этнос тұрғындардың үштен екісін құраса бұл моноұлттық мемлекет болады. Германияға, Түркияға, Францияға, Италияға, Англияға, Испанияға тұратын болып, «Мен қазақпын, менің төлқұжатыма қазақ деп жаз» десеңіз сізді тыңдамайды. Итальян деп жазады, түрік, неміс… деп жазады. Өйткені ол моноұлттық мемлекет. Тұрғындардың үштен екісі, одан көбі итальяндықтар, түріктер, немістер, ағылшындар, француздар… болып тұр. Бізде олай болмақ түгілі, ғылыми түрде сауатсыз сөйлейтініміз бар. Бізде өзге ұлт өкілдерін этнос дейміз. Олар этнос емес. Этнос Қазақстанда біреу. Сол жердің иесі – қазақ этносы. Ал басқа жақтан келгендерді диаспора дейді. Бұл ғылыми термин. Бүкіл дүниежүзі қолданатын термин. Біз неге қолданбаймыз? Неге бұлай? Тек қана ақиқат адамдарды біріктіреді. Көңіл жықпастық, сылап-сипау біріктірмейді. Әділдік қана біріктіреді. Шындықты айту керек. Қазақтың жері. Негізгі этнос – қазақ. Өзгелер диаспора. Диаспора екен деп қазақ оларды кемсітпейтіні анық. Бұған жанымыздағы отандастарымыздың көзі жеткен. Олар қазақтың кең пейіл, бейбітшіл халық екенін жақсы біледі. Шынайы достық орнаған елміз.
     Ел ішіндегі татулықты нығайтуда Елбасының еңбегі орасан. Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында Қазақстан халқы Ассамблеясы өмірге келді. Мұндай құрылым ешбір елде жоқ. Ассамблея мүшелері Парламент депутаттығына сайланып, ел құрметіне бөленуде. Осының бәрі қазақ халқының ешкімді алаламайтынына, бөліп-жармайтынына, керісінше достыққа, бауырластыққа адалдығына айқын дәлел.
    Қазақстан көп ұлтты мемлекет дейміз. Осыны қайталай берудің қажеті бар ма? Иранның негізгі халқы парсылар. Өз елінде қырық екі-ақ пайыз. Бірақ сол Иранның біз көп ұлтты мемлекетпіз дегенін естідіңіз бе? Ресей федеративтік республика. «Біз көп ұлтты мемлекетпіз» деп айта ма олар? Айтпайды. Ал біз кімнен жасқанамыз? Біз қазақ болып, бүкіл құқықты жинап алайық деп отырған жоқпыз. Өз басым ондайға қарсымын. Біз бейбітшіл, қонақжай, мәрт халықпыз. Қазақ досы келсе жалғыз атын мінгізіп жібереді. Өзі жаяу жүреді. Бұл қазақтың баяғыдан келе жатқан әдеті.
    – Қ.А.Иасауи бабамызға оралайық. Баба жылына дайындығымыз қалай болып отыр?
     – Мұсылмандардың дүниежүзіне көп тарап отырғаны белгілі. Африканың жартысынан көбісі мұсылман. Азиядағы анау Индонезия, Бангладеш, Пәкістан… бәрі мұсылман елдері. Қ.А.Иасауи жылы дейміз. Қазақ үн-түнсіз отырса не болады? Сондықтан ел болып Қ.А.Иасауи жылын атап өтуіміз керек. Бұл дүниежүзі мән беріп отырған оқиға. Жақсылап өткізуіміз керек. Академия еліміздің Сыртқы істер, Мәдениет министрліктеріне осы мәселе бойынша ұсыныстар дайындап жатыр. Бір хатты Елбасының өзіне жолдамақпыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Қ.А.Иасауи еңбегін жақсы біледі. Жоғарыда айтқанымыздай, Түркістандағы Қазақ-Түрік университетін ашқанда оқу орнына Иасауи атын берген Елбасы ғой.
    Қожа Ахмет Иасауи еңбектерінің ең құндылығы – дін арқылы халықты бірлікке, тазалыққа, бауырмалдыққа шақыру. Жетім-жесірге, кемтар жандарға көмектес дейді ғұлама. Хикметтері ақыл-кеңеске толы. Оларды жұрт Қ.А.Иассауи дәуірі кезінде заң талаптары секілді қабылдады.
    Кешегі кезде дінсіз мемлекет біреу-ақ болды. Ол – КСРО. Ол да құлады. Жетпіс жылға жетер-жетпесте. Өмірі қысқа болды. Міне, дінсіздік қайда апарады.
     Мемлекет тіл мен дінді қатар жүргізу керек. Біз тіл, тіл дейміз де дінді айтпаймыз. Күштің елу пайызы дінде. Бізді біріктіретін дін. Осыны насихаттап, түсіндіруіміз керек. Тіл дінге, дін тілге көмектеседі. Екеуі құстың қос қанаты секілді.
     – Әңгіме бағытын ғылым мәселесіне бұрсақ…
     – Ұлттық ғылым ­академиясы (ҰҒА) мем­­лекеттік мекеме емес. Қазір ол рес­публикалық қоғамдық бірлестік. Кезінде ғалымдардың бірқатары мұндай мәртебе берілуді мақұлдады, бірқатары келісе қойған жоқ. Негізінен қазіргі мәртебесі бойынша қабылданды.
    Академияда әмірін жүргізіп отыратын бастық деген болмайды. Кешегі Кеңес уақытында академияны демократия алаңы дейтін. Барлық мәселе жабық дауыс берумен шешіледі. Міндетті түрде пікір алысылады. Бұл жерге жиналғандар әр жақта жұмыс істейтін ғалымдар. Біреуі университет ректоры, біреуі институт директоры, біреуі депутат… олар Академия басшысына бағынышты емес. Біз пікірімізді ашық айтамыз. Сосын барып ортақ шешімге келеміз. Академия деген нағыз демократиялық құрылым. О баста осылай.
     АҚШ, Батыс Еуропа елдерінде академия мемлекеттік мекеме емес. Бірақ академия ең сыйлы орган. Бәрі сыйлайды. Мысалы: Обама президент болғанда Американың болашағы туралы баяндама жасады. Қайда жасады? Ұлттық ғылым академиясында.
     Сталинді демократ болды деп айта аламыз ба? Болған жоқ. Бірақ Академияға тиіскен жоқ. Өйткені ғылым тек бостандықта, еркіндікте дами алады. Ғылымды қысса дамымайды, тоқтап қалады. Ол ғылымды тоқтатып алмайын деді. Академиктерге ең жоғары жалақы қойды. Осыдан кейін талапты жастар ғылымға ұмтылды. Оған қолы жете алмайтындар басқа салаға кетті. 1946 жылы Кеңес Одағы атом бомбасын шығарып, Американы қуып жетті. Сутегі бомбасын Америкадан бұрын шығарды. Бірінші спутник, бірінші адам ғарышқа ұшты… Осының бәрі ғылымның арқасы. Ғылымға мықты кадрлардың жиналуының нәтижесі.
    Біз қазір ғылымға жастарды келтіре алмаймыз. Неге? Ғылыми-зерттеу инс­ти­ту­тына келген жас алдымен мына сұрақты алдыңа тосады? «Қанша айлық аламын?» дейді. Біреулер айтады «Неге жалақыны әңгіме қылады?» деп. Неге әңгіме етпейді? Ол бала-шағасын қалай асырайды?! Ол ақылды, жақсы оқыды, оқу орнын «қызыл» дип­ломмен бітірді. Ол енді отбасын ­асырауы керек қой. Сондықтан аз жала­қы­ға бола ғылым­ға келе қоймайды. Ал енді ақшаға мұқтаж емес, ауқатты адамдардың балалары келуі мүмкін. Бірақ олардың бәрі ғылымды ұнатып келеді деп айта алмаймын. Ғалым деген аты болар. Алайда олар ғылымды жүргізе алмайды. Олар ең биікке шыға алмайды. Алдына мақсат қойған, талапты, ғылымға шын берілгендер ғана биікке көтеріле алады. Біз өзіміз де Мәскеуде аспирант болдық. Таңертең тоғызда келеміз, кешкі тоғыз-онда қайтамыз. Зертхана жабылғанша жүретінбіз. Білімге құмарлығымыз осылай болатын.
     Ғылымды дамытатын – жастар. Талапты жастар ғылымға келу керек. Сонда ғылым өседі, көркейеді.
    Қазіргі ғылым былай. Кеңес өкіметінде өмір сүрген біздің қатарластарымыз, сәл алдымызда, сәл артымызда – осы топ ғылымның туын құлатпай келе жатыр. Әрине, біз дайындаған жастар бар. Оған шүкіршілік етеміз. Жақсы ізбасарларымыз бар. Бірақ олар көп емес. Ал жас буынға келсек, іркіліп қаламыз. Үлкен эстафетаны жалғастырып кететіндей тегеурінді күшке зәруміз.
    Ғылыми зертханалардың жабдықта­луына көңіл бөлінуі тиіс. Яғни олар бүгінгі заманның озық құрал-жабдықтарымен қам­тамасыз етілгені жөн. Біздің көптеген зертханаларда әлі күнге Кеңес өкіметі кезіндегі жабдықтар тұр. Онымен не істеуге болады?
     Бізде ғалымдарға арналған конкурс деген бар. Оған бәрі қатысады. Осы жерде айта кететін жайт, конкурсқа қатысатын ғылыми мекемелердің мүмкіндіктері ескерілмейді. Елімізде Кеңес өкіметінен келе жатқан, әбден қалыптасқан ғылыми институттар, ғылыми мектептер бар. Конкурс деп жүріп осыларды жоғалтып алуымыз мүмкін. Д.В.Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институтын алайық. Дүниежүзінде осындай төрт-ақ институт бар. Одан басқа химия, металлургия, геология… институттары бар. Бұлар Кеңес өкіметі кезінен келе жатқан мықты институттар. Бұларда мектеп құрылды. Оларда атақты ғалымдар жұмыс істеді. Енді осылардың дәрежесі өңірлердегі кадрлық, тәжірибелік күш-қуаты әлсіз институттармен бірдей болу керек пе? Егер конкурс мәселесін Ұлттық ғылым академиясы қолға алса әділдіктің орнығуына қол жетер еді. Өйткені талап нақты және қаталдау болады. Зертханасы, тіпті қарапайым приборлардың өзі жоқ жерлерге қалай қаржы бөлуге болады. Осындай жұмыстардың шикілігін дәлелдей алатын тек қана – ҰҒА.
    Үкіметтің бір жиынында ғалымдар үшін бес мың ғылыми жобаға тапсырыс түсіп отырғанын айтты. Бұл – жалған. Елімізде күнделікті ғылыммен шұғылданып отырған бес мың ғалым жоқ. Төрт жүз ғылыми-зерттеу институты бар екен елімізде. Бұл – жалған. Осылардың бәрі нәтижелі іс тындырып отыр деп айта алмас едім. Бізде қырық бес Академия институты бар. Олар қазір әр тарапта, әркімнің қолында. Біреуі жоғары оқу орнының құрамында, біреуі «Қазмұнайгазда»… Бірақ оларда ғылым бар. Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау министрліктеріне қарасты ғылыми-зерттеу институттары бар. Олар да ертеден келеді. Бұларда ғылым бар. Бәрін қосқанда жүзге жетер-жетпес. Қалғандары қайдан шыққан? Олар өңкей ЖШС. Бір күні ашылады, ертеңіне жабылып жатады. Ізін жоғалтады. Қаншама қаржыны қымқырып кетеді. Кім жауап береді осыған? Он-он бес жыл бойы осылай келе жатыр. Ғылыми тазалық сақталған жерде бір зертханадан бір-екі ғана грантқа ұсыныс түсуі керек. Ал қазір өзі отыратын столынан басқа ештеңесі жоқ доцент төрт-бес ұсыныс береді. Құрал-жабдығы жоқ, бірақ грант ұтып алады. Арғы жағы белгілі ғой…
     Қазақстаннан басқа ТМД-ның өзге елдерінде Ғылым академиясы мемлекеттік орган. Құқықтары министрліктермен бірдей. Оларда коррупция деген атымен жоқ. Өйткені конкурсқа түскен ғылыми жұ­мыстар ашық, жариялы түрде ҰҒА қарайды.
     Кешегі Кеңес Одағы кезінде Ғылым ака­демиясы кез келген министрліктен жоғары тұратын. Міне, ғылымға деген шынайы көзқарасты осыдан аңғаруға болады.
      – Жиі-жиі сөз болатын ҰБТ жөніндегі ойыңызды біле отырсақ…
    – Бірде Мәскеу университетінің ректоры, академик Виктор Антонович Садовничиймен осы жөнінде пікірлескенім бар. Ол мұндайға қарсымын деді. Мен де осындай пікірдемін. «Тест арқылы болашақ студенттің талабын, білімге құштарлығын аңғару қиын» деген ойын білдірді. «Менің профессорым абитуриенттен ауызша емтихан алып «Омскіден бір бала келіп тұр. Ол баладан бірдеңе шығады» десе, мен оны қабылдауым керек. Өйткені ол баладан ірі ғалым шығуы мүмкін. Ал тест болса Мәскеуде оқыған бала одан жоғары ұпай жинайды, себебі Сібірдегі мектеп төмен­деу» дегенді айтып еді ректор.
    Америкада оқытудың вальдорф жүйесі деген бар. Білім министрі болып тұрғанда Америкаға жолым түсіп, әлгі мектепте болдым. Ол мектептің ерекшелігі мынада. Бала таңертең мектепке барады, күні бойы оқиды. Сабақ біткесін сөмкесін сол жерге тастап, үйіне қайтады. Үйіне келгенде сабақ жөнінде бас қатырмайды. Демалады, ойнайды, әке-шешесімен сөйлеседі… Осының өзі даму емес пе? Азаннан кешке дейін шұқшиып отырса оның басында не қалады? Әлгі мектептің мұғалімі балаға үйде орындау үшін тапсырма бермейді екен. Шаршамасын дейді. Бойындағы күш-қуаты сақталғанын жөн көреді. Кейбіреулер оқытудың мұндай жүйесіне наразылық білдіріпті. «Баланы бос ұстайсыңдар. Басқа мектеп болса қатаң талап қойып жатады. Жөнді білім бермейсіндер» деп. Алайда кейін талдау жасағанда сол мектептің түлектері арасынан ең ірі ғалымдар, өндіріс жетекшілері, белгілі тұлғалар шыққан.
     – Қазақстан ғылымына қалай баға берер едіңіз?
    – Қазақстандағы білім мен ғылым жоғары деңгейде екендігі дау ­тудырмайды. Бірде Пәкістанда, Исламабадтағы университетте болдым. Менің өтінішім бойын­ша химия факультетінің жұмысымен таныс­тырды. Байқағаным, студенттер жаңа, бүгінгі заман талабына сай электронды құралдарды пайдаланады екен. Менің аспиранттарымның өзінде ондай жоқ. Ал істеп жатқан жұмыстары онша емес. Біздің теориялық деңгейімізден төмен. Сонда сездім, біздің ғылымымыз Азияда ең жоғары сатыларда екен. Біз осыны білуіміз керек. Өзімізді өзіміз бағалауымыз керек. Біздің ғылым – кешегі кеңес ғылымының бір бөлігі. Америкаға барған тағы бір сапар еске түсіп тұр. Сол елдің білім беру министрі маған мынандай сұрақ қойды: «Сіздердегі тұрғындардың қанша пайызының білімі бар?» деді. «Жүз пайыз» деп жауап бердім. Расында солай ғой. Сол кезде министр бір шындықты ақтарып салды. «Біздің халқымыздың сегіз пайызы хат танымайды» деді. Мұны естіп бойым­да туған еліме деген мақтаныш сезімі кернеді. КСРО Ғылым академиясының президенті Анатолий Пет­рович Александров Алматыға келген бір сапарында: «Қазақстан ғылымы Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында. Басқа республикалар Қазақстаннан кейін» дегені әлі есімде. Бұл үлкен баға. Ол кез Кеңес Одағының ғылымы Америка ғылымынан озықтау тұрған уақыт. Сол уақытта біздің деңгейіміз Еуропа елдерінің кейбірінен артық болмаса, кем емес еді. Әлі соған жақын. Осы деңгейден түсіріп алмауымыз керек.
    Ғылым инемен құдық қазғандай. Кейбіреулер ғылыми диссертациясын біреуге жаздыртып алады да сосын «ғылымыңыз оңай екен ғой» деп өзінше тон пішеді. Негізінен олай емес қой. Әлгілер нағыз ғалымның күндіз-түні еңбек етіп, тынымсыз ізденетінін, сосын барып нәтижеге қол жеткізетінін білмейді. Бірде Кеңес Одағы Ғылым академиясының президенті, атақты академик М.В.Келдышке Орталық Комитеттің жауапты қызметкері өтініш айтады: «Бізде осындай азамат бар. Ғылым академиясына мүшелікке қабылдасаңыздар» дейді ғой. Оған Келдыш былайша ­жауап қатады: «Үлкен адамдардың өтінішін орындап бір рет қабылдауға болады. Бірақ анау адам «мен өзі расында да шын ғалым екенмін» деп ойлап қалса қайтеміз? Солай ойлап қалуы мүмкін ғой. Осы қауіпті. Ертең ол ғылымды да, ғалымдарды да сыйламайтын болады».
      Ғылымсыз мемлекет дамымайды. Бұл – аксиома. Яғни дәлелдеудің керегі жоқ. Жұрт осылай қабылдау керек. Ғылымсыз қоғам да дамымайды.
    Елбасы индустрияландыру, ­инновация жөнінде жиі айтады. Инновацияны қарапайым тілде жеткізсек зауыт, фаб­рика деген сөз. Ленин Кеңес өкіметін құрған кезде ең алдымен зауыт салдыра бас­тады. Себебі Ресей аграрлық мемлекет болды да оны индустриалды мемлекет жасағысы келді. Мемлекетті байытатын тек индустрия. Әрине, ауылшаруашылығы керек. Бірақ ол елді байытпайды. Ауылшаруашылығы байы­татын болса мына Индия ең бай мемлекет болар еді. Олар бір жылда төрт рет өнім жинайды. Байығаны шамалы ғой. Себебі өндірісі көп емес, онша дамымаған.
     – Өндіріс дегеннен шығады, әлі күнге шикізат шылауынан толық арыла алмай жүрміз-ау…
     – Ең ауыр жұмыс кеннен металл алу. Миллион тонналап зиянды қалдық шығады. Өнімді шығаруын шығарамыз да металл күйінде сатып жібереміз. Осы дұрыс емес. Алюминий, мыс … шығарамыз. Сол мыстан кабель шығару қиын ба? Кабельді Ресейден, Франциядан сатып аламыз. Алюминийден жасалған кабельдерді де шетелдерден сатып аламыз. Мен енді машиналарды, басқа да техникаларды айтпай-ақ қояйын. Сым шығаруға болады ғой. Есесіне оның бағасы үш есе өседі. Бізге кешегі жылдардағы Түркияның тәжірибесін қолдануға болады. Олар қайткен? Шетелден инвестор шақырады. Сосын айтады: «Мынау жер, су, электр… Осы жерден зауыт сал. Өнімнің сексен пайызы сенікі, жиырма пайызы ғана менікі». Инвестор қарсы болмайды. Өйткені қыруар пайда. Бұл осы ұсынысты айтып отырған елге де пайда. Себебі өнім шикізат күйінде сатылмайды. Өңделіп бұйым күйінде сатылады. Ол шикізаттан гөрі үш-бес есе қымбат. Арада біршама уақыт өтеді. Енді мынандай келісім жасалады. «Сен сексен емес, алпыс пайызын ал, бізге қырық пайызын бер» дейді. Содан келе-келе елуге, қырыққа, отызға түсіреді. Аяғында зауытты сатып алады. Нарық заманында шығарған затты сату қиын. Бұл үлкен мәселе. Ақырында зауыттың беделі, танымалдылығы арқылы шетелдермен қарым-қатынас жасалады. Тауар бұрынғыша сатыла береді. Міне, көрдіңіз бе, қалай ойластырылған. Бізге де осы әдісті қолдануға болады ғой.
    Бүгінгі әңгімеміздің өзегі Қожа Ахмет Иасауи болып еді ғой. Сұхбатымызды да ұлы ғұлама жөніндегі пікірімізбен қорытайық. Қ.А.Иасауи хикметтерінің мәні, өзегі бұл – адам. Адам жоғарғы деңгейге жету үшін білімді игеру керектігі жөнінде айтады. Қ.А.Иасауи адам өзін-өзі тану арқылы Хақты таниды дейді. Ал Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталатынын ескертеді. Жалпы ұлы ойшылдың мұраларын оқып, ондағы ой-пайымдарды бойымызға сіңіре білсек адамдықтың, азаматтықтың талабынан көріне беретініміз анық. Ұлы бабамыз, ұлы дана, ойшыл Құл Қожа Ахмет Иасауи еңбектері осынысымен қымбат.
      – Әңгімеңізге рақмет.

     Әңгімелескен Нұрперзент ДОМБАЙ

       http://anatili.kazgazeta.kz/?p=35498 

толығырақ

Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы

   Уақыт өте келе, қай халық болсын өзінің тегін іздеп, төл тарихын түгендері сөзсіз. Мұны табиғаттың бұлжымас заңы деуге де болады. Соңғы жылдары ұлы дала төсінде өшпес із қалдырып, әлемдік өркениетте ойып орын алған Көк Түріктің ұрпағының бірін-бірі іздей бастауы осыған дәлел болса керек. Тағдырдың жазуымен сан тарам жолға түсіп, өзінше бағыт алған бөрілі байрақты түріктің мемлекеттік дербестігі бар бүгінгі ұрпақтары түптің-түбінде тамырлас екенін түсініп, ынтымағы ұйысқан тұтастыққа ұмтылуда.

       Былтыр ғана құрылған Түркітілдес мем­­ле­кеттердің Ақсақалдар кеңесі – ортақ әліп­би туралы бастама көтергенін білеміз. Бұл жалпы түркі халықтары бірлігінің ке­пілі – өзара ортақ әрі түсінікті жазу мен тіл екенін білдірсе керек. Алайда бұл қан­ша­лық­ты өміршең ұсыныс және оған қашан қол жеткізе аламыз? Енді аз-кем әңгіме осы төңірегінде. 

                                         Алғашқы ой Анадолы елінде айтылды

     Ортақ әліпби туралы алғашқы ой 1993 жылы Анкара қаласында түркі халықтары басшыларының үлкен саммитінде сөз болған еді. Ол жерде аса мән берілген не­гіз­гі мәселенің бірі түбі бір түркі ха­лық­та­рына ортақ тіл қалыптастыру болатын. Латын графикасына сүйене отырып, күллі түркі жұртшылығына ортақ әрі түсінікті болатын жаңа әліпби жасау жайы талқыланды. Ақыры, саммитке жиналған мемлекет басшылары ортақ тіл мәселесін бірлесіп шешеміз деп уағдаласып тарасқан еді. Алайда Анадолы елінде басталғандай бол­ған ірі мақсат белгілі себептерге бай­ла­нысты жүзеге асырылмай қалды.

        Бұл ғажайып идея 2006 жылы қайта тү­леді. Дәл осы жылы Қазақ елінің Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев Ан­та­лия­дағы саммитте бірнеше жалпытүркілік құ­рылым құру туралы, яғни Түркітілдес мем­ле­кеттер басшыларының Тұрақты ор­га­нын, Түркітілдес мемлекеттердің Пар­ламенттік Ассамблеясын және Ақсақалдар кеңесін құру туралы ұсыныстар жасады. Осы бастама бойынша 2008 жылы қа­занда Парламентаралық Ассамблея құ­рылды. 2009 жылы Әзірбайжанның Нах­чы­ван қаласында өткен түркітілдестердің саммитінде түркі халықтарының тілін, тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттейтін Түркі дүниесі академиясын құру туралы бастама көтерілді. Қазақстан басшысының осынау ойлары кейін Анкарада одан әрі өрбітіліп, нақты келісімдерге қол жеткізілді. Осылайша мәдени-рухани мұрасы мол түркі әлемінің тыңына түрен салып, зерт­тейтін Түркі академиясы құрылды. 

                                         Әзірше латын қарпінің бәсі басым...

       Бүгінгі таңда Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан сынды бірқатар мемлекеттер өз алдына жеке-жеке әліпби қабылдап үлгерді. Әрине, бұл ортақ әліпби қалып­тасып келеді дегенді білдірмесе керек. Сонымен, ортақ жазу қай қаріпке негіз­дел­мек? Ғалымдардың бір тобы көне түркі жа­зуы – руна таңбасын ұсынса, біразы латын қарпін ұсынып отыр. Бұл дауда әзір­ге латын қарпінің бәсі басым тұр. Оған се­беп те жоқ емес секілді. Біріншіден, түр­кі­тектес мемлекеттердің көш бастаушысы – Түркия мемлекеті латын қарпін пай­да­ланады. Екіншіден, кейбір тіл ма­ман­да­ры­ның пікіріне қарағанда, латын қарпінің не­­гізі түркі мәдениетімен астасып жатыр. «Ла­­тын әліпбиінің таңба ретіндегі түпкі ата­сы түркі жазуынан шыққан» деген болжам ай­тушылар да бар. Түркітанушы Се­­рік Ер­ғалидің айтуынша, латын қарпін жа­саған латындар емес. Ерғали мырзаның: «Оның (латын әліпбиінің) ежелгі гректерге де қатысы шамалы. Ежелгі гректер мен қа­зіргі гректердің өркениеті екі басқа. Ежел­гі грек­тердің мәдениетінің қалып­тасуына түркілер үлкен үлес қосты. Қазіргі латын әліп­биі – ежелгі орхон-енисей таң­ба­ла­ры­­ның негізінде жүйеленіп жасалған тү­рі», – деген пікір айтқаны бар. 

        Сондай-ақ ол «ортақ әліпбиді қазіргі ағылшын нұсқасындағы қаріп түрінде жа­саған дұрыс» деген пікірде. «Себебі бар­лық техникалық, электрондық бағдар­ла­ма­лар­ды қайта жасап, уақыт пен ақ­шаны шығындауға тура келеді. Ал ағы­л­шын әрпі әзір тұр және оның қыруар тех­ни­калық әлеуеті де дайын. Тек қана әліп­би­ді соған негіздеген дұрыс болар», – дейді ол. 

                                «Ортақ жазу» дауы қашан шешімін табады?

     Бұған әзір нақты жауап жоқ. Қалай бол­ған күнде де ортақ әліпбидің жасалуы түркілік бірліктің бастауы болатыны еш талас тудырмайды. Тек оның жүзеге асуы­на уақытша талас-тартыс қана кедергі кел­ті­ріп отыр. Енді осы ортақ әліпбидің тиімді тұс­тарын өзімізше саралап көрелік: 
      Ең бастысы, басында айтып өтке­ні­міз­дей, қатал жүйенің салдарынан алыстап кет­кен түркі-тамырлық байланысымыз нығаяды.
       Екіншіден, күллі түркі жұртшылығы бір-бірімен ортақ әрі түсінікті әліпби ар­қы­лы оп-оңай байланысады. 
         Үшінші, ортақ әліпбиді жасау ба­ры­сында қазақтан өзге кейбір халықтардың ң, қ, ө, ғ сынды жоғалып кеткен ұлттық си­паттағы ерекше әріптерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туады. Яғни әр халық өзінің төл дыбысымен қайта қауышады деген сөз. Қазіргі түріктердің өздері төл ды­быстарын беретін осындай үш-төрт әріп таңбаларынан айырылып қалғаны белгілі.
       Төртінші, бесінші... деп соза беруге болады. Түсінген адамға осының өзі жеткілікті болар деп ойлаймыз.

Жантас Жақыпов, филология ғылымының докторы, профессор: 

– Қазір латын қарпінің үстемдік етіп отырған уақыты. Бұл – бізді ұшпаққа жет­кізбейтін құбылыс. Қай қоғамда болсын дін өте маңызды фактор атқарады. Оны жоққа шығаруға болмайды. Күллі түркі жұрты ислам дінін ұстанады. Сол се­беп­ті ғалымдардың ішінде араб жазуын артық көретіндері бар. Алайда түркілік рух­ты көтеру үшін көне түркі жазуын жаңғырту керек. Әрине, оны сол күйінде емес, жаңғыртып қолдану жөн. Ортақ жазу осы негізде жасалған көне түркі әліпбиі болуы тиіс. Көне түркі жазуын зерттеу жұмыстары бізде өте жақсы жүріп жатыр. Осылай бол­ған жағдайда Қазақ елі түркі әлемінің көшбасшысына айналады. Алайда бұл мә­селе қашан шешіледі? Оны айта алмаймын. Ол үшін өте үлкен бағдарлама жа­са­луы тиіс. Ол үшін үлкен мұрат болуы керек. Ал «едел-жедел кіргізіп жібереміз» деу ке­ңес өкіметі құлаған соң, парторгтердің лезде молда болып кеткеніндей болып шы­ғады. 

Серік Ерғали, түркітанушы: 
     – Ортақ әліпби жасалу үшін күллі түркі халқы болмаса да, елдігі мен тәуелсіздігін сақтап қалған мемлекеттердің дыбыстық өзара үйлесімі болуы тиіс. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда ондай үндестік жойылып кетті. Біздегі бар кейбір дыбыстар өзгелерде жоқ. Немесе, керісінше. Өткен ғасырдың 90-жылдары 32 әріптен тұратын әліпби жасалған еді. Алайда ол жалпытүркілік лингвистикалық талаптарға сай келмеді. Сондықтан ортақ үйлесім болмайынша, ортақ әліпби болуы мүмкін емес. Бұл шаруа осыдан кемінде бір ғасыр бұрын басталуы тиіс еді.

P.S. 
 Түркі халықтарының тілін, ділін, жалпы, ортақ құндылығын жақындастыруды сонау Алаш арыстары да арман еткені белгілі. Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бакуде сөйлеген сөзінде түркі әлемін жақындастыру үшін ортақ әліпби қолдану туралы мәселе қозғағаны осының дәлелі болса керек. Бірақ бұл мәселе қашан шешімін табады, ол – болашақтың еншісіндегі шаруа. 

     18 жылға созылған идея тағы ондаған, тіпті жүздеген жылға созылып кетпесе болғаны...


Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/ortak-jazu--turk-brlgnn-bastauyi-21967/ 

толығырақ

Тұран – түркілерді біріктірер ұран

     Бүгінде бергісі түрікшілдік, арғысы тұраншылдық идеясы өлген жоқ, қайта жаңа сапаға көтеріліп келеді. Отаршылдар таң­ба басып, қаралаған тұраншылдық ұғымына жаңа көзқарас керек, соны соқпақ салу керек. Тұран әртүрлі символикалық мағы­нада қолданылып қана қоймай, түркілерге ұран болар өмір­шең идея ретінде өмір сүруі керек. Саяси лексиконда мүлде қол­да­нылмай жүрген бұл идея әлі күнге дейін біз үшін ескіліктің, арт­та қалушылықтың, жалаң ұлтшылдықтың көрінісі ретінде қабыл­данатыны өкінішті. Біздіңше, тұраншылдық пен түрікшілдік идеясы исі түркі баласын ұлы мақсаттар мен үкілі үміттерге жетелеуі тиіс.

                                 Ертеде Түркістанды Тұран дескен...

    «Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып-өскен...» – деп ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай, тур деп аталған көшпелі бабалар ен жайлаған Тұран – Түркістан өлкесінің көне атауы болған. «Авеста» мен Фирдоусидің «Шахнамасында» бұрын бір болған Иран мен Тұран елінің өзара байланысы мен тайталасы айтылады. Тұрандықтар деп сақ, массагет, кушан, оңтүстік эфталиттер, солтүстік ирандық халықтар аталған. 

     Әр алуан сипатына қарамастан, тұран­шылдық – түрікшілдікпен өзектес, бірақ одан әлдеқайда ауқымды ұғым. Сарапшылар Түркия түркі бірлігі жолында «Ұлы Тұран» жобасы шеңберінде белсенді жұмыс істеп келе жатқанын айтады. «Ұлы Тұранның» аумағы Балқаннан Тынық мұхитына дейін, Оралдан Таяу Шығысқа дейінгі алапқа созылып жатыр. Тұран кеңістігіне Албания, Косово, Босния және Герцеговина, Қырым, Поволжье, Солтүстік Кавказ республикалары, бүкіл Орталық Азия, Закавказьенің шығысы, Ирак пен Иранның солтүстігі, Ауғанстанның бір бөлігі, Қытайдың солтүстік-батысы кіреді. Тұранға түркі жұрты ғана емес, фин-угор, моңғол, тунгус-маньчжурлік ұлыстар енеді. Тұраншыл Ахмед Ағаевтың есебінше, Балқан, Кіші Азия, Қырым, Кавказ, Дағыстан, Астрахань, Поволжье, Саратов, Самара, Қазан, Уфа, Орынбор, Сібір, Моңғолияны Тұран аймағына жатқызса, Качен-заде Тұран аймағын сонау Иркут, Амурға дейін кеңейтіп қарастырады. Османлы мемлекеті мен Орта Азияда біраз жылдар өмір сүрген мажар түркологі Арминий Вамбери: «ағылшын-саксон, славян және латын ұлттары бар болғаны сынды, ұлы Тұран қауымы өркениеті де бар және ол қауымның өзегі – түріктер. Түрік­тердің болашағы көптеген ұлттарға қара­ғанда берік» деп бағалаған. Леон Каэн 1896 жылы Парижде «Азия тарихына кіріспе» (Introductional Histoire de l’Asie) еңбегінде «Батыс­қа өркениетті алып келген — Тұран ұрпағы» деп жазды. 

                                «Ұлы Тұран» – геосаяси тұғырнама

     Түркілер XVI ғасырға дейін ат тұя­ғы жетер жерлерді шарлап, Тұран аймағын ен жайлап жатты. Отаршылдық дәуірде ұлан-ғайыр Тұран кеңістігі тарылды, түркі­лердің саны азайды. ХІХ-ХХ ғасырларда тұраншылдық немесе түрік­шілдік қозға­лысы Ресей отаршылдығына ымырасыз қарсы күресті. Мұстафа Шоқай, Исмаил Гаспринский, Зия Көкалып, Мехмет Эмин Юрдакул, Юсуф Ақшора, Нихал Атсыз, Зәки Уәлиди Тоған, Әли-Мардан Топчибашев, Мирсаид Сұлтанға­лиев­тер түрікшілдіктің негізін қалап, күрескерлік ғұмырын сарп етті. М.Шоқай «Тұран дәулеті хақында» атты мақаласында: «Біз – тұрандықпыз. Біздің ортақ Отанымыз – Түркістан... Біздің бар­лығымыз осы атамекен-бесігіміздің империа­лизмнің бұғауынан босауы үшін күресіп жүрміз», — деп жазуы тұрандық геосаяси тұғырнаманың болуы қажеттігін меңзесе керек. Демек, «Ұлы Тұран» жобасы тек Түркияның ғана емес, түркі елдеріне ортақ жоба болуы қажет, әйтпесе Түркия мүддесіне қызмет етуі мүмкін. Сондықтан көп­векторлы саясатта «Тұран» жобасы басым бағыт болуы қажет сияқты. Айта кету керек, әр кездегі түркілік қозғалыстардың ошағы Түркия болғаны және болып келе жатқаны рас. Тұран идеясын Мұстафа Кемал Ататүрік іске асыруға күш салды. 1992 жылы Анкарада түркі ынтымақ­тас­тығы мен даму агенттігі (TIKA) құ­рыл­ды. Осы бағытта көптеген ұйым­дар мен қорлар белсенді жұмыс істеп келеді. Түркітілдес елдердің арнайы қыз­меттерінің үйлестіру кеңесі құрылды. Осыдан бірнеше жыл бұ­рын Әзір­байжан депутаты Низами Джафаров түркітілдес халықтарға бірыңғай түркі парламентін құруды ұсынған болатын. Бұл идея шын­дыққа айналып, 2008 жылы Түркі пар­ламенттік Ассамблеясы, кейін Елбасы Н.На­зар­­баев ұсынысымен Түркітілдес мем­лекеттердің ынты­мақтастық кеңесі, сондай-ақ Астанада Түр­кі академия­сы құрылды. Тұран аясында түркі бірлігі жолында ат­қарылар қыруар жұмыстар күтіп тұр. Тілдік, дін-кон­фессиялық айыр­ма­шы­лық­тар, шека­ралық бөліністер – түр­кі бірлігіне кедергі келтіретін факторлар. Мысалы, якуттар, долғандар, хакастар, ал­тайлықтар, тывалықтар шаманизмге ба­сымдық беріп отырса, ға­ға­уыздар және чу­ваштардың бір бө­лігі православ дінін қабыл­даған. Түркі халықтарының көбінің тәуелсіз мемлекеті жоқ.

Сен біл, сенің қалауыңмен күресте
Түріктің жаңа азат әлемін құратын,
Соң ғасырда Тұранды қайта тірілтер,
Сенің ғана ұрпағыңнан күтілер... 

(Мехмет Емин Йурдақұл, «Әй, Түрік, оян!» жинағынан, 1914 жыл)

          Ежелгі Тұран платформасын қайта жаңғырту үшін не істеу керек?

      Біріншіден, Түркітілдес елдердің ынты­мақ­тастық кеңесінің жұмысын ширатып, одақ деңгейіне дейін интеграциялау; 
      Екіншіден, ортақ ақпараттық кеңістік қа­лыптастыру (телеарналар, радио, баспасөз). Өкі­нішке қарай, кейбір түркілік басылымдарды халық білмейді және бұқаралық таралымға жеткен жоқ).
         Үшіншіден, ШЫҰ жастар ұйымдары секілді Түркі елдері жастарының одағын құру керек. Осындай ұсыныстар көтерілген, енді іске асыру қажет. 
       Төртіншіден, Түрксой-дың қызметін жандандырып, салалық іс-шараларын кеңейту керек.
       Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/turan--turklerd-brktrer-uran-25958/ 

толығырақ

© jakoblog.kz

© jakoblog.kz

      Көне түркі жазба ескерткіштерінің сырын ашып оқи бастаған ғалымдар өз деңгейіндегі білімдерін сарп етіп, жазбалардың негізгі мағынасын ашып жариялады. Алайда олардың мүмкіндігі жетпейтін, ескерткіштердің терең сырлы қатпарлары жеткілікті болатын. Ол сырлар өз құпияларын ішіне бүгіп, қазіргі кезге дейін, әлі де жабулы күйінде