Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Түркі дүниесі

Басты бет | Түркі дүниесі | TWESCO Моңғолиядағы көне түркі кешенінде қазба жұмыстарын жүргізетін болды

TWESCO Моңғолиядағы көне түркі кешенінде қазба жұмыстарын жүргізетін болды

      Астана қаласында Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі мен Моңғолия Ұлттық музейінің директоры Дагваадоржийн Сүхбаатар бірлескен ғылыми-археологиялық зерттеу жүргізу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды академияның сайты. 
     Екі ұйым арасында 2016 жылдың тамыз айында бекітілген ынтымақтастық меморандумы негізінде жасалған бұл келісім Шығыс Моңғолиядағы Кентай (Хэнтий) аймағынан табылған көне түркі кешендеріне археологиялық экспедиция жасақтап, бірлескен қазба жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
     TWESCO Моңғолиядағы көне түркі кешенінде қазба жұмыстарын жүргізетін болды
       Сонымен қатар, «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы аясында бекітілген құжат бойынша тараптар Моңғолия Ұлттық музейіндегі түркі мұраларын зерттеп, жаңғыртуға келісті.
      Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Академия Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Тарих, археология институтымен бірлесіп Моңғолиядағы көне түркілердің «Шивээт улаан»  ғұрыптық кешенінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Ал, келісімде көрсетілген Кентай аймағындағы жаңа зерттеулер биылғы жылдың жаз айларына жоспарланып отыр.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті