Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Түркі дүниесі

Басты бет | Түркі дүниесі | Мажарстан мен Торғайдың қыпшақтары мерейтойлық құрылтайда бас қосады

Мажарстан мен Торғайдың қыпшақтары мерейтойлық құрылтайда бас қосады

       Торғай өңірінде өтетін "Ұлы Дала рухы" этнофестиваліне Мажар елінен делегация келеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Берік Әбдіғалиұлының Фейсбуктегі парақшасына сілтемемен хабарлайды.
    «Мадьяр елінің ата-баба мекені Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Саға ауылында өткен алғашқы Қазақ-Мажар халықтарының құрылтайына биыл 10 жыл толды. Осыған орай, 17-18 маусымда "Ұлы Дала Рухы" этнофестивалі аясында Мажар елінің делегациясы (27 адам) Саға ауылында мерейтой өткізіп, дәстүрлі әскери және музыкалық өнерін көрсетеді», деп жазылған хабарламада.
Мажарстан мен Торғайдың қыпшақтары мерейтойлық құрылтайда бас қосады
   Бұған дейін Мажар елі «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астанада «Қыпшақтар күнін» өткізуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Шара аясында венгрлер мен қазақтың салт-дәстүрлері арасындағы байланысты жан-жақты көрсету көзделген.
     Мажар халқының ғалымдары венгрлер мен қазақтардың арасындағы туыстық қатынасқа 20-сыншы ғасырдың басында назар аудара бастаған. Бұған 1909 жылы Будапештке Әліби Жангелдиннің (ол кезде әлі студент) баруы себеп болған. Ал 1965 жылы Қазақ КСР-інің Торғай облысына мажарлық антрополог Тибор Тот келіп, қазақ халқын зерттейді. Сондай-ақ, 1977 жылы Қазақстанға венгрлік ғалым (түрколог) Коныр Иштван Мандоки келеді. Бұл ғалым кейін қазақ қызына үйленіп, осы жақтан топырақ бұйырған.
Мажарстан мен Торғайдың қыпшақтары мерейтойлық құрылтайда бас қосады

     2003 жылы венгрлік ғалым Михай Бенкенің «Торғайлық мадиярлар» атты кітабы жарық көрген. Одан бөлек бұл елдің тағы бір ғалымы Биро Андраш қазақтар мен мадиярлардың туыстығын гендік зеррттеу жүргізу арқылы дәлелдеп шыққан. 
 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті