Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Түркі дүниесі

Басты бет | Түркі дүниесі | Қазақ өркениеті жайында

Өркениет дегеніміз - әр адамның өз отаны туралы

                            білуге   тиісті қысқаша мағлұмат. А.Дж.Тойнби

      Бұл ғылыми жаңалықты 1999 жылдан бастап Түркияда, Австралияда, Европада, Москвада, Алматыдағы конференцияларда дүние жүзi ғалымдарының қазақ өркениетiнiң бар екенiне көзiн жеткiздiк. Зертеудің алғашқы нәтижелері «Қазақ өркениетінің негізі», (Е. Омаров, 2005, 2014 ж.) деген кітаптар5а енгізілді. Соңынан Қытай мемлекетінде "Қазақ өркениеті" (Е. Омаров, 2008 ж. Пекин, Ұлттар баспасы).

         Қазақ өркениеті бар, бұл аксиома сияқты дәлелді қажет етпейді, біздің міндет оны зерттеу, ең негізгісі жас ұрпаққа және оқырманға жеткізу. Қазақстан өркениеттер бесігі – деген, американың ғалымы әрі мемлекет хатшысы Генри Кисинджердің 2005 жылы айтқан сөзін еске түсіре кетсек артық болмас. Өркениет мәдениеттен ауқымды ұғым. Қазақ өркениетi iшiнен: дала өркениетiн, көшпендiлер, әскери-демократиялық, қалалық, егiншiлiк және өзен өркениеттерiн таба аламыз.

          Қазақ өркениетi – қазақ халқының және олардың ертедегi бабалары қассақтарда, шумер, арий, скиф, сақ, ғұндардан одан берi хорезм, соғды, қазар, түрiк, қыпшақтардан көздiң қарашығындай сақталып келе жатқан, өзiне тән ұлттық генотипi, ерекшелiгi, шектелген үлкен кеңiстiгi бар, әлемде өзiнiң нық орнын алған мемлекеттiгi бар, тұрмысының, мәдениетiнiң даму тарихының нәтижесі.

         1. Көшпендiлік өркениетінің кемі 3000 жылдық тарихы бар (Л.Н.Гумилев). Көшпенділердің адамзат өркениеті алдындағы сіңірген өшпес ерлігі - жылқыны көлік ретінде қолдануы. Біздің жыл санауымыздан IV мыңыншы жылдың аяқ шенінде адамдар даланың ең жүйрік жануары – жабайы жылқыны қолға үйретті және ол қазақ жерінде Ботай даласында өтті. Салт атты адамдар - көшпенділер пайда болды. А. Тойнби аңдарды үйретіп, қол малы жасауы, үлкен өнер, өйткені ол адамның, ақыл-ойы мен ерік-күшін қажет етеді, екінші сөзбен айтқанда, бақташылар-дихандардан гөрі батылырақ, -дей келіп, “көшпенділер ат болмағанда мұншама маң даланы бағындырып, керемет қатаң табиғи жағдайда өмір сүре алмас еді, олардың сұңғыла да ұстамды, күшті де төзімді болып келуі сол ат үсті өмірінен”, дейді.  Таза көшпенді халық болмаған, ол қазаққа да қатысты.  

         2. Егiншiлiк өркениет. Өзендiк өркениет кезiнде тек балық өсiрiп, кеме жасаумен ғана емес, басқа шаруашылықтармен де айналысқан. Мысалы, суармалы егiншiлiкпен айналысып, егін еккен, біздің эрамызға дейін скиф, сақтар европаны астықпен қамтамасыз еткен. Үлкен өзендерден каналдар тартқан. Канал деген сөздiң өзi - “қан” “ел”, яғни, “қаңлылар жасаған үлкен арық” дегендi бiлдiредi, деп жазады атақты орыс ғалымы С.Толстов. Әрине, суармалы егіншілікпен айналысқан басқа халықтарда болған.  Алғаш рет қаңлылар су жүретiн арықты үлкен етiп, қабырғасына, табанына тас төсеп жасаған. Қазақтың егiншiлiк өркениетi туралы  көп айтылған.

        3. Қала өркениетi: Өркениет – цивилизация, латынның Civis – азамат, қала тұрғыны немесе қала мәдениетi деген сөз. Осы орайда Страбонның: “Өркениет болу үшiн бiр қала да жетедi” деген сөзi бар. Қазақтар тұрған жерлерде Сынташ, Арқаимнан бастасақ шамамен 300-дей қала болған. Қалалар негізінен Жібек жолы бойын жағалай орналасқандықтан, олар үлкен мәдениет, әрі ғылым мен білім орталығына айналды. Ғұлама ғалымдар білімді, ғылымды, өнерді дамытты. Жазу, сызу, әдебиет дамыды. Қағазды алғаш рет қазақтар шығарған, себебі кітап жазуға қолайлы материал керек болды. Негізінен қалаларды салғызған көшпенділер, немесе солар қаржыландырған деген пікір бар (Гумилев, Аджи, Омаров). Қала мәселесі қазақтарды ерте заманнан толғандырып келген, ол туралы Әл-Фарабидің еңбектерін атасақта жеткілікті. Москва, Вашингтон, Лондон, Париж сияқты қалалар әлі жоқ кезде Әл-Фарабиді утопиялық қалалар, оны басқаруға кім лайықты, жаман қалалар мен жаман адамдар қайдан шығады, деген мәселелер қатты толғандырған.  

      4. Дала өркениетi. Біздің жыл санауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға дейін Евразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп, бірегейлік, біртұтастық қадыр-қасиеттерін сақтаған өркениет  -Дала өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта түркі тектес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық үрдістер барысында өзара  байланысты.“Дала” деген ұғым тек  бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер өтеді - 3 теңіз, 45000 өзен,  90 мың көл бар екен. Осылар мен қалалар ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған.

       5. Өзендiк өркениет. Осы  қаптаған өзендер өзендік өркениетті туғызбағанда нені туғызады дегім келеді. А.Дж.Тойнбидің көшпенділік өркениетті тек қана өзендік өркениет туғызады деген теориясы бар. Табиғи ортаға байланысты өркениеттер iшiнде ең жоғары тұрғаны - Өзендiк өркениет. Қазақтар, сақтар, түрiктер шумерлерден тарайды, оны О. Сүлейменов, А. Аманжолов жазған. Өзен өркениетi алғаш Тигр мен Евфрат өзенiнiң ортасы–Месопотамияда, Шумерде қалыптасқан. Өзендiк өркениет Орталық Азия мен Еуразияда болған. Ол Сырдария мен Әмударияның ортасы (Мавренахр), Жетiсу және Орал мен Жайық өзенiнiң ортасында болды. Оңтүстiк Қазақстанның Шәуiлдiр ауылының тарихи мұражайында бiздiң заманымызға дейiн жасалған кеме тұр. Бұл ағаш кеменi қаңлылар жасауы мүмкiн. С.Толстов былай дейдi: “Хорезмде кеме және, кемеге қажеттi құралдар жасап, Еуропаға сатқан”. Хазарлар V-VI ғасырдан бастап Жайық пен Еділде қара уылдырық жинап балық өсiре бастаған. Балық өсiру мен кеме жасау - өзендiк өркениеттiң шыңы. Кемер сақтары –кеме жасайтын. Қазақтың екінші аты қайсақ екенін білесіздер, “қай” ертеде –су, теңіз дегенді білдірген (қайық, қайнау, қайнар), яғни қайсақтар - теңіз сақтары.

       6. Әскери демократия өркениетi: Әскери-демократия өркениетi өкілдері: спарта, Ассирия, касситтер, скиф - сақтар мен ғұндар мемлекеттерi. Бұлардың орта ғасырдағы iзбасарлары ретiнде түрiктер мен қыпшақтарды айтуға болады. Қазақ сөзінің негізгі мағнасы-әскер. Ертедегi қазақтар -ғұндар, сақтар әскери тактикалар мен қоса психологиялық әдістер қолданғанға шебер едi, соғыс стратегиясын жете меңгерген, тiптi ойнап жүрiп соғысатын. Еуропа ғалымдары жазғандай ғұндар жауларының жүйкесiн тоздырып, титықтатып барып аз күшпен жеңетін. Атты әскерлері басым болғандықтан көп мемлекеттер аса үлкен қарсылық көрсете алмайтын. Ғұндардың ең үлкен жаңалығы – қылыш, семсер, найзалар мен жебелердiң ұштарын темiрден, тiптi асыл құрыштан-болаттан жасаған. Аттиланың асыл семсерi туралы Еуропада аңызда бар. Батырдың қаруы өлгенде өзімен бiрге көмiлген.  IX ғасырда араб тарихшысы Аль-Джахиз “түрiктердiң соғыстағы ролiн, маңыздығын, тек гректердiң ғылымдағы, қытайдың өнердегi ролiмен салыстырған екен…”. Парсылар әскерін – қазақ депте  атаған, еврейлердің ескі тілінде, қазақ деген сөз – күшті, мықты деген мағнада қолданылған (В. Шнейдер). Көпке дейiн Еуропа, Ресей, Араб әскерлерiне қолбасшы ретiнде, қыпшақтардың ұлдарын шақырып тұрды емеспе! Мысалы, Египет мамлүктерi, Осман империясы.

           Омаров Еренғайып.  Қайнар университетінің ректоры, академик

 

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті