Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Түркі дүниесі

Басты бет | Түркі дүниесі | Моңғолияның мәдениет министрі Түркі академиясының жұмысына қолдау көрсетуге әзір

Моңғолияның мәдениет министрі Түркі академиясының жұмысына қолдау көрсетуге әзір       Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында Моңғолияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Гэлэгпил Чулуунбаатар мырзамен кездесті, деп жазды бүгін twesco.org.

    Екіжақты кездесуде Академия басшысы ұйымның жүзеге асырылып жатқан жобалары жөнінде әңгімелеп, келешектегі жоспарларымен бөлісті. Сонымен бірге, Академияның ұйымдастырумен Моңғолияда басталған «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты ІІІ халықаралық экспедицияның мақсатымен таныстырып, оның бағыты жөнінде мәлімет берді.

Моңғолияның мәдениет министрі Түркі академиясының жұмысына қолдау көрсетуге әзір

    Өз кезегінде министр Г. Чулуунбаатар Халықаралық Түркі академиясының жұмысымен етене таныс екенін айтып, жоғары баға берді.

    Академия мен Моңғолия арасында қалыптасқан қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ келешекте бірлескен жобалар жүргізіп, моңғол елінде жоспарланған ғылыми бастамаларға өз тарапынан мейлінше қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді. Сонымен бірге халықаралық экспедиция жұмысына сәттілік тіледі.

     Кездесу соңында Д.Қыдырәлі министрге көрсеткен құрметі мен ықыласы үшін алғыс білдіріп, Академия басып шығарған құнды ғылыми еңбектерді тарту етті.

Моңғолияның мәдениет министрі Түркі академиясының жұмысына қолдау көрсетуге әзір

   Айта кету керек, TWESCO Моңғолияның белді ғылыми-зерттеу ұйымдарымен меморандумға қол қойып, тығыз байланыс орнатқан. Атап айтқанда, Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясымен, Моңғолия Ұлттық музейімен, сондай-ақ Моңғолия ҰҒА жанындағы Тарих, археология институтымен бекітілген өзара ынтымақтастық құжаттары негізінде бүгінде бірнеше жоба сәтті жүзеге асырылып отыр.  

 http://www.inform.kz/kz/mongoliyanyn-madeniet-ministri-turki-akademiyasynyn-zhumysyna-koldau-korsetuge-azir_a3055153

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті