Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Конференциялар

Конференциялар

Қазақ  халқының елеулі бір бөлігі отанымыздан тысқары өзге елдерінде тұрып жатқаны анық. Қазақ диаспорасының бір қатары бүгінде Батыс Еуропаның бірнеше елдерінде де түтін түтетіп отыр. Бұл қазақтардың басым көпшілігі Қытайдың Шыңжан аймағынан 1950 жылдары Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға көшкендер. Ол жерден жұмыс бабымен Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ отбасыларының ұрпақтары. Басқа көршілес елдерде қандастарымыздың жастары туралы айтпағанда еуропадағы қазақ қандастарымыздың арасында қазақ тілінің жағдайының жыл өткен сайын нашарлап бара жатқаны байқалуда.

Осы сынды олқылықтардың алдын алу мақсатында еліміздің еңселі оқу орындарының бірі 80 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдердегі замандас қандастарымызға арнап дайындық бөлімін ашқан болатын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультеті  2001 жылдан бері Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеуге дайындау мақсатында қазақ диаспора өкілдерін оқытып келеді. Ең алғашқы жылдары тек Қытай, Моңғолия республикаларынан келген болса, кейін еуропадан да келе бастады.

Атап айтар болсақ, Түркия, Германия, Сауд Арабия, Франция, Швеция, Иран, Ұлыбританиядан келсе, кейінгі жылдары Ресей, Латвия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан елдерінен келуде. Биыл  факультетке Австрия, Иордания  елдерінен де қазақ диаспора өкілдері де келіп білім алуда.

Бүгінде әлемнің әр қиырындағы бірнеше елдерінде 5 миллионға жуық қазақтар тұрады. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шетелдегі қандастарымызға есік кеңінен ашылған болатын. Сол кезден бастап сырттағы қандастарымыздың тарихи Отанына қайтуға, ата-бабаларының кіндік қаны тамған жерге келуге деген ынталары жылдан- жылға артты. Дәл алғашқы жылдары дайындық факультетіне келгендер саны біртіндеп көбейді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2006 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін оқуға түсуге келген қазақ диаспорасы өкілдерінен құжаттар қабылдап келуде. 2006 жылы - 1040 тыңдаушы, 2007 жылы – 800 тыңдаушы, 2008 жылы - 405 тыңдаушы, 2009 жылы - 257 тыңдаушы, 2010 жылы – 240 тыңдаушы құжат өткізген. Ал 2011 жылы -156 тыңдаушы,     2012 жылы – 117 тыңдаушы, 2013 жылы – 160 тыңдаушыдан құжат қабылданды.

Дайындық бөлімінің қабылдау комиссиясына көбінесе көрші Қытай Халық Республикасынан, Моңғолиядан келетін қазақ диаспора өкілдері құжаттар өткізуде. Ал соңғы жылдары дайындық бөліміне Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан елдерінен де көптеп келуде. Алғашқы жылдары дайындық бөлімдеріне оқуға келген қазақ диаспора өкілдері көп мәртелі визамен келсе. Соңғы екі жылда жоғары оқу орнына оқуға түскен тыңдаушыларға бір жылға үш мәртелі оқу визасын беруде. Ал қазіргі таңда көрші ҚХР-да виза алу мәселесінен қиындықтар тууда.

Біріншіден - алыс-жақын шетелдерден келетін қазақ диаспора өкілдеріне дайындық бөлімдеріне құжаттар тапсыру мерзімі мен емтихан уақыты нақты көрсетіліп тиісті жерлерге жеткізілсе деген ұсыныстар бар.

Екіншіден - дайындық бөлімдерінің қабылдау комиссиясына оқуға түсу үшін құжат тапсырған қандастарымызға виза мәселесі көп қиындықтар туғызуда. Көптеген шетелден келетін қазақ жастары құжаттар қабылдау кезінде ол жақтан виза мәселесіне байланысты құжаттар өткізе алмауы және емтихандарға үлгермеуі. Себебі олар  туристік  немесе туыстарының шақыртуымен келеді. Осы мәселені мемлекеттік деңгейде шешуге болатын шығар? Қандастарымыз Қазақстанға оқуға келу үшін басқа жол қарастыру керек шығар? – деп ойлаймын.

Үшіншіден - соңғы уақытта Қытай Халық Республикасынан дайындық бөліміне емтихан тапсырып оқуға түскен қазақ диаспора өкілдеріне виза – ең өзекті мәселе болып отырғаны бәрімізге мәлім. Қазақстанның жоғары оқу орнының дайындық бөліміне түскен диаспора өкілдерінен жатақханаға орналасу үшін оқу визасы қажет.

Төртіншіден - Қазіргі таңда виза алу ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы екі апта дайындалады. Бірақ та соңғы жылдары визаның кешігіп берілуіне байланысты дайындық бөліміне оқуға түскен тыңдаушылар уақытында оқу орнына жете алмауда. Сол себепті көптеген тыңдаушыларымызды оқудан қол үзгендігі үшін шығарылуда.

Бесіншіден - жылдан-жылға шетелден келетін тыңдаушылардың ол жақта орта мектептегі білімдерінің төмендігінен, және қытай мектептерінде қытай тілінде оқығандықтарынан дайындық факультетіне түсу үшін тапсыратын тест нәтижесі орташа көлемде. 

Оралмандар тестің нәтижесі шыққаннан кейін дайындық факультеттеріне бөлінетіні анық. Соңғы жылдары барлық тест тапсырған тыңдаушылар оқуға қабылдануда.

Қазіргі уақытта факультетіміз шетелдік қазақ жастары оқу мәселесін шешуге жағдай жасау керек.  Бұл-мемлекет тарапынан шешілетін мәселе. Тыңдаушылардың Қазақстанға кіру визасы және үгіт насихат жұмыстары жасалса, барлық елдерден келетіні мәлім. Дәлірек айтсақ, кейінгі жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  оқуға барлығы өтініш білдіреді. Осы университетте қалып терең білім алғылары келетін жастар саны көбейуде. Осы мәселені алдағы уақытта жақсылап қолға алса шетелдегі қазақ жастары өз отанына оқуға көптеп келеді деген ойдамыз.

Елбасымыздың тікелей қамқорлығы арқасында осы уақытқа дейін шет елдерден қоныс аударған 1 миллионға жуық отандастарымыз, оның ішінде әсіресе, жастар жағы жоғары оқу орындарына түсіп, кейін оны аяқтап, әртүрлі салаларда қызмет етуде. Атап айтар болсақ, алғашқы шәкірттеріміз             Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультетінде оқытушы. Сондай-ақ, радио-телеарналарда, баспасөз орталықтарында, кішігірім мекемелерде қызмет етуде. Бұл қол жеткізген   нәтижелерімізді мақтанышпен айтуға болады.

ӘМІРХАНОВ МАРАТ БОЛЫСБЕКҰЛЫ

 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық

білім беру департаменті директорының орынбасары  (Алматы қ.)


толығырақ

Тағдыр тәлкегімен туған топырағынан көз жазып, әлемнің қырықтан астам еліне тарыдай шашылған бауырларымыз бен олардың ұрпақтары, егемен ел болып, көк байрағы желбіреген қазақ жеріне орала бастады. 1990 жылдары бастау алған ұлы көш туған елдің топырағына, атажұртына деген сарғайған сағынышын арқалап, «елім», «ұлтым» деп ағылуда. Оларды ұрпағым ұлттық тілмен сусындасын, ата-баба салты мен әдет-ғұрпынан нәр алсын, атажұрттың бір уыс топырағы бұйырсын деген тілек жетелейді.

«Елге ел қосылса - құт» демекші, қатарымызды толықтырып, халық өсімін көбейтіп жатқан оралман қауымының тілінен, салтынан өздері туып-өскен бөтен жұрттың әсер-ықпалын жиі байқаймыз. Бұл әсер-ықпалдың болуы – заңды құбылыс. Сондықтан, еліне оралған қандастарымыздың бүгінгі қазақ қоғамына сіңісе алмай жатқан себебінің бір ұштығы осында.

Екінші себеп тікелей тілмен байланысты, яғни алыс-жақын шетелдерден көшіп келуші бауырларымыздың көбі орысша білмейді. Иран, Түркия, Қытай секілді елдерден келген жастар біздегі әліпбиді танымағандықтан, жазу, оқу қиындық тудыратыны рас.

Қытайда қазақша оқыған бала ана тіліне жетік, сөздік қорлары бай, шынын айтқанда, жергілікті, өз елінде жүріп өз тілінен жеріген кей қазақтан артық сөйлемесе, кем түспейді. Сауатын өзге әліпбимен ашқан балаға мұнда келген соң, бірден орыс, қазақ тілдерінде дәріс тыңдап, құрбыларынан қалыспай жазып кету оңай шаруа емес. Тек айтуға оңай... Жазуға машықтандыру үшін уақыт қажет. Шет елде дүниеге келіп, есейіп, ер жеткенге дейін өздері мекен еткен елдің салт-санасын, дәстүрін, басқа да ұстанымдарын қабылдауға мәжбүр болған жасқа тарихи Отанына келгеннен кейін психологиялық кедергілер, қиындықтар кездеседі. Оның себебін түсіну де қиын емес.

Жиырма жыл бойы, яғни, есейген шағына дейінгі қалыптасқан болмысын жаңа ортаға келген сәтте бірден ысырып тастап, бейімделе кетуі оңай шаруа емес.

Сөз басында айтқанымдай, атажұртын аңсаған жастар легі жаз айларында білім іздеп, еліне, жеріне деген сағыныштарын арқалап, ағылып келіп жатады. Олар – бүгінгі таңда ұмытыла бастаған, тіпті, сирек көрінетін қос бұрымды, қолаң шашты қаракөз қыздар мен қазақы қалпын сақтаған өр мінезді, қазағым десе қамал бұзар өрімдей жас жігіттер.

Осы жастардың көбі Қытай Халық Республикасынан келгендер және басым бөлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультетіне қабылданады.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып-біліп отырғанымыздай, ҚХР-дағы қазақ диаспорасы тіл мәселесінен қағажу көріп отырған жоқ сияқты (қазақ тілінде радио, теледидар, баспасөз бар).

Дегенмен, жастарды толғандыратын, ойландыратын мәселелер де жоқ емес. Ол – әліпби, жазу мәселесі. Студент атанудан бұрын сегіз-тоғыз ай көлемінде жергілікті тыңдаушы-жастармен етене араласып оқып шығады. Оралман бала алдында білім алудан бұрын тұрған мәселе – атамекендегі тыныс-тіршілікке араласып, үйреніп қалыптасуы. Сондықтан, дайындық бөлімінен өтудің өзіндік ықпал-әсері болары даусыз.

Осы ретте дәріс беретін ұстаздарға жүктелетін жауапкершілік те, қойылатын талаптар да аз емес. Әрбір ұстаз болмысы басқа оралман баланың жүрегіне жол таба отырып, бойындағы жақсы, ұнамды қасиеттерінің ашыла түсуіне ықпал етіп, ұстаздық шеберліктерін танытуда.

Ұлт тағдыры білімге де байланысты. Мақсатымыз – білім мен тәрбиені ұштастыру болса, әр баланың болмысын ескере отырып, оның тағдырына бей-жай қарамағанымыз абзал. Бала өз ұлтының рухани уызына қанбаса, салт-дәстүрін толық игермесе болашақта ол жастан қандай азамат, қандай ұлтын сүйер қайраткердің тұлғасы қалыптасатынын ойлаңыз. Қазіргі кей жастарымыздың (бәрі емес, әрине) ойынан да, бойынан да қазақы болмыстан гөрі, европаланған, батыстың «мәдениетіне» еліктеушіліктің басым екенін көреміз. Өзіміздің төл мәдени мұрамыз солғындап, ұлттық тәрбиенің діңгегін босаңсытып алғандаймыз. Ащы да болса, бұл – ақиқат!

Бірнеше жылдар бойғы ұстаздық тәжірибеміз бойынша оралман шәкірттеріміздің бойынан көргеніміз бен түйгенімізді ортаға салып, орайы келгенде ой тастағанымыз жөн болар. «Ырыс жұғысады, ақыл ауысады» демекші, бұл ауқымды мәселені көрмеске, ескермеске болмайды.

Оралман жастардың бойынан еңбексүйгіштігін, ізденімпаздығын, төзімділігін, бір кәсіпке бейімділігін де аңғаруға болады. Мысалы, ҚХР-дан  келген жастар техникаға әуес, темірден ою ойып, түйін түйсе, қыздар жағы кесте тігу, сырмақ, текемет басу мен іс тігуді жақсы меңгерген. Оралман жастардан алынған сұхбаттардан үзінді келтіре кетсек.

ҚХР-дан келген шәкіртіміз Қанатхан Шәкерхан: «Қытайда орталау қостілді мектепте оқыдым. Орташа көпбалалы отбасында өстім. Отбасымызбен жылқы бағумен айналыстық. Жылқы малының қыр-сырын жақсы білемін. Атажұртқа келуді армандадым. Ендігі мақсатым – тиянақты білім алу. Қазіргі заманда энергия тапшы ғой, соған байланысты төрт адамдық автокөлікті: 1. күн нұрымен;  2. ауырлық күшімен;  3. жел энергиясы арқылы жүргізуді ойлап таптым. Қытай елінде бұл тәжірибемді қуаттады. Бұл жобаның ұтымды жағы: 1. майды үнемдеу; 2. ауа, қоршаған ортаны ластамау.

Екінші жаңалығым – құрылыста пульт арқылы терезені жерде тұрып тазалау құрылғысын ойлап таптым», - дейді үлкен мақтаныш сезіммен болашағынан үміт күттірген жас құрастырушы.

Иран Ислам Республикасынан келген Фатима Ескелді: «Менің туып-өскен жерімде мүлдем қазақ мектебі болған жоқ, парсы тілінде оқыдым. Үйде отбасында ғана қазақша сөйлейміз. Қазақстанға келуді көп жылдар бойы армандадым. Алғашында анам рұқсат бермеді. Кейін анам да, туған-туыстарым да ризашылығымен ақ батасын беріп, шығарып салды. Өз ана тілімде таза сөйлегім келеді. Арманым – сәулет өнерін меңгеріп, Қазақстаныма, халқыма қызмет ету. Иранда қазақша кітап, газет-журнал дегенді көрмедік, үйренетін тілдік материалдар да болған жоқ. Ана тілімізді ұмытпауға тырыстым. Елге келгелі қазақша таза сөйлеу үшін әрекеттеніп жатырмын, қиыншылық та, кедергілер де жоқ емес, бірақ, үлкен мақсатпен келген соң шыдауым керек», - дейді ұзын қара шашы ақсары өңіне жарасқан қазақ қызы.

Атажұртынан жырақта өсіп, тәрбиеленген жастар елге, жеріне, тіліне деген сағыныштарын осылайша үлкен тебіреніспен толғайды. Бүгінгі таңда есімі аталған шәкірттеріміз өздері қалаған жоғары оқу орындарының студенттері.

Өзге елдің тәлімін, әдетін қабылдаған жастың бойында алғашында психологиялық кедергілердің болуы заңды құбылыс. Бөтен елде өскен жаста жаңа ортаға келген соң жасқаншақтық, ұялу сезімдері болады. Осындай сәттерде адам қоршаған ортасынан мейірім, қамқорлық, жылы сөз, көмек күтеді. Оралман жастар білімге құштар, ұлтына деген сүйіспеншіліктері зор. Осы құштарлықтары мен қайсарлықтарының арқасында қиыннан қияға өрмелеп, әлеуметтік ортаға, атажұртының тыныс-тіршілігіне біртіндеп үйреніп, қайнаған қызу тірліктің ортасына бейімделіп те кетіп жатыр (әсіресе, ҚХР-дан келген жастар).

Сондықтан, оралман жастар дәстүрімізді, ата-салтымызды ұмытпай, тілімізге сызат түсірмей сақтай білгендіктен, ұлттық жадымызды жаңғыртып, жандандырып, қазақ елінің гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Бұған дәлел, жоғарыда есімдері аталған шәкірттеріміздің жүлделі оындарды иеленуі, әнші-күйші, жас ақындарымыздың ауқымды іс-шараларда марапаттар мен алғыстарға ие болуы. Халқымыз айтпақшы, қазақ деген құт қонып, бақ дарыған халық. Қазақтың қатары көбейіп, егемен ел болды. Егемен елдің ерке қызы, еркін ұлдары болған жастарымыздың өзара ынтымақтары жарасып, бірінің білмегенін бірі толықтырып, ұлттық тәрбиені бойларына сіңірген саналы ұлтжанды азаматтар болатынына, биік адамгершілік деңгейінен көрінетініне сеніміміз мол.

Ендеше, Отанын аңсап, «ұлтым - қазақ» деп соққан жүректерінің лүпілін түсініп, алдымызда отырған жастарымыздың еңбексүйгіштігін, ізденімпаздығын, білімқұмарлығын, кәсіби бейімділіктерін ескеріп, қанаттарының қатаюына ықпал етіп, болашақтағы бастамаларына қолдау көрсетсек нұр үстіне нұр болар еді.

 

АБИШЕВА РЫСКЕН РАХЫМҚЫЗЫ

филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби

атындағы Қазақ ұлттық универсиететі   жоғары оқу

орнына дейінгі дайындық кафедрасының доцент

міндетін атқарушы (Алматы қ.)

толығырақ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті - еліміздің Батыс өңіріндегі ірі жоғары оқу орындарының бірі. Еліміздің сан-салалы экономикасына білікті маман тәрбиелеп келе жатырған оқу ордасында бүгінде 35 мамандық бойынша бакалаврлар, 2 мамандық бойынша жоғары арнайы және  24 мамандық бойынша магистрлерді, 4 мамандық бойынша докторантураға дайындау жұмысы жүргізіледі. 

  Бес мыңнан астам студенттері бар оқу ордасында шетелден келген қандас бауырларымыз да білім алуда. Елбасы тапсырмасымен шетелде тұратын отандастарымызды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанынан 2006-2007 оқу жылынан бастап жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі ашылды. Көршілес орналасқан Ресей Федерациясы, Монголия Халық Демократиялық Республикасы, Өзбекстан және Түркменстан мемлекеттерінен дайындық бөліміне тыңдаушылар қабылданды. Соңғы 3 жылда барлығы 82 тыңдаушы білім алып, 3 оқу жылы қорытындысы бойынша 82 тыңдаушы жоғары оқу орны мен арнаулы оқу орындарына студент ретінде қабылданды.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі өз жұмысын шетелдегі қазақ балаларына оқу орны туралы нақты мәлімет, кәсіптік бағдар беру арқылы бастайды. Көршілес орналасқан Ресей мемлекетінің Астрахань, Волгоград, Самара, Саратов және Орынбор облыстары мен Орск қаласы, Өзбекстан мемлекетінің Қарақалпақстан республикасының аудандары мен ауылдық елді мекендері мен Монғолияның Баян-Өлгей өлкесінде жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмыстары бүгінде өзінің оң нәтижелерін беріп отыр. Сондай-ақ, Қазақстан мемлекетіне көшіп келген оралман балаларына Көші-қон полиция басқармасымен бірлесе отырып, мәлімет беру, дайындау, оқыту мәселелері жүйеге қойылған.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің мақсаты мен міндеттері:

1. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушыларын жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындау;

2. 9 сынып оқушыларын кәсіптік даярлау  және кәсіптік бағдар беру;

3. 11 сынып оқушыларына және колледж студенттеріне арнап қысқа мерзімді дайындық курстарын ұйымдастыру;

4. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушылары арасында тәрбие жұмысын жүргізу.                       

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің мақсаты, міндеттері және кәсіптік бағдар беру мақсатындағы іссапар мәселелері университет ректоратының күн тәртібінде қаралып, тыңдаушыларға байланысты туындаған мәселелер университет ішінде шешімін табады.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанындағы дайындық бөлімі жұмысындағы тағы бір басты бағыт – Ресей, Өзбекстан және Монғолия мемлекеттеріндегі қазақ диаспорасы өкілдерімен байланыс орнатуОсы мақсатпен аталмыш жоғары оқу орны қабырғасында 2009, 2011 жылдары  халықаралық деңгейдегі конференциялар ұйымдастырылды.

Конференциялар аясында шетелдегі қандас бауырларымызға Қазақстан мемлекетінде білім беру, оларды елімізге тарту, қазақ диаспораларымен, мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнату бағытындағы мәселелер талқыланды.

Тыңдаушыларға білім беру, дайындық курсын жүргізу барысында келесідей өзекті мәселелер кездеседі:

 -  Шетелден келген тыңдаушылар құжаттарының аудармасының болмауы;

 - Арнаулы оқу орнын бітіргендігін растайтын құжатта оқытылған пәндердің  сағат мөлшерінің  көрсетілмеуі (Осыған байланысты кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау кезінде қиындықтардың орын алуы);

- Оқу үрдісінде кейбір тыңдаушылардың жекелеген пәндер бойынша, мысалы, қазақ тілінен әліпбиді білмеуі, математикадан көбейту кестесі мен арифметикалық амалдарды меңгермеуі қиындық тудырады;

 - Денсаулық жағдайлары туралы нақты мәліметтердің болмауы (Жүрек ауруы, эпилепсия ауруы бар тыңдаушылардың дәрігерлік анықтамаларының болмауы және  сәби кездерінен бастап егілгендері туралы мәлімет көрсетілген №63 формасының жоқтығы);

- Шетелдік қандастарымыздың ортаға баяу бейімделуі, менталитеттің әртүрлілігі.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанындағы дайындық бөлімі аталған мәселерді бүгінгі таңда оңтайлы шешу бағытында бірқатар шараларды қолға алды. Атап айтар болсақ:

 - Қаламыздағы «Мың бір тіл» аударма орталығымен байланыс орнату арқылы тыңдаушылар құжаттарының аудармасын жасаттық. Бүгінде негізгі құжаттарымен бірге нотариалды куәландырылған аударма нұсқасы қатар қолданылады.

-  Арнаулы оқу орнын бітіргендігін растайтын құжатта оқытылған пәндердің  сағат мөлшерінің  көрсетілмеуіне байланысты, тыңдармандар кешенді тестілеуге құжат қабылдардың алдында өз елдерінде оқыған оқу орындарынан пән сағатының мөлшерін қойдырып алып келуге университет жағдай жасайды.

- Оқу үрдісінің алғашқы айларында пән оқытушылары тыңдаушылармен деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы жұмыстанады, қосымша сабақ өткізеді.

- Тыңдаушылардың орыс тілін меңгермеуіне байланысты, орыс тілі пәнінен қосымша сабақ ұйымдастырылады.

   - Университет басшылығының тікелей қолдауымен студенттік мед.орталық ашылып, денсаулығы нашар тыңдаушыларды емдету, дәрігерлік сараптамадан өткізу жұмыстары қолға алынды.

    - ЖООДБ келген тыңдаушылармен жұмыс Университеттің Жарғысы және  ішкі тәртіп ережесімен таныстырудан басталады. Университеттің әкімшілігімен, сабақ беретін оқытушылармен, тәлімгерлермен, қауіпсіздік қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылады.

- Тыңдаушылардың ортаға тез бейімделуі үшін оларды жатақхананың, университеттің қоғамдық-мәдени шараларына тарту жолға қойылған. Университеттегі Жастар ісі жөніндегі бөліммен бірлесе отырып, сабақтан тыс уақыттарында қоғамдық шараларды ұйымдастыру, қатыстыру, қаладағы, облыстағы мәдени орталықтарды таныстыру, спорттық шараларға тарту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, шет мемлекеттен келген  тыңдаушылармен психолог маман жұмыстанады. 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі университеттің Ғылыми кеңесі бекіткен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының бағдарламасына сәйкестендірілген  оқу жұмыс жоспары бойынша жұмыс жасайды.

Университеттің материалдық-техникалық базасы мен жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы жеткілікті.  Үш кафедраның төрт оқытушысы мен қаламыздың Дарынды балаларға арналған №11 мектептің төрт мұғалімі қызмет атқарады.

Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын үнемі бақылау, оқытушылардың сабақтарына қатысып, талдау, әр пән бойынша үлгерім мониторингісін  ұйымдастыру, аралық тесттер, сынақтар  өткізу жоспарда көрсетілген мерзім  бойынша өткізіледі.

Тыңдаушылардың алаңсыз білім алуларына университетте толық жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, жатақханада жайлы бөлмелер, жуыну бөлмелері, демалыс залы, кітапхана, оқу залдары,  медициналық тексеруден өту, спорт зал қарастырылған, оқулықтармен, оқу құралдарымен толық қамтылған.

Тыңдаушыларға мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіледі, Республикамыздың, облысымыздың жоғары оқу орындары және колледждерінің мамандықтарымен таныстырылады.

Соңғы 3 оқу жылының қорытындысы бойынша дайындық бөлімін  82 тыңдаушы аяқтап, 82-і жоғары оқу орнындарының және арнаулы оқу орындарының студенттері атанды. Бұл  100 %- ды құрады.

2010-2011ж. оқу жылы дайындық бөлімін  32 тыңдаушы аяқтап,  30-ы жоғары оқу орнына қабылданды.

     2011-2012 оқу жылында тыңдаушылар қатарында болған 23 шетелдік бауырларымыздың  17-ы грант арқылы және 4-уі ақылы негізде білім алады. Тыңдаушылардың 2-і колледждің бюджет тобына қабылданды.

2012-2013 оқу жылында бітірген 18 тыңдаушының 11-і грант және 5–і жоғары оқу орнына ақылы негізде оқиды. 2 тыңдаушы колледждің бюджеттік бөлімінің студенті атанды.

Жоғарыда айтылған мәселелерді және сол бағытта жасалып жатырған жұмыстар легін ескере отырып, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанындағы дайындық бөлімі келесідей ұсыныс жасайды:

- Өзбекстан республикасынан 9-шы класс бітіріп келушілері үшін де дайындық бөлімі ашылса;

 - Бітіруші студенттерге қолдау көрсетіліп, елімізде қалдыру мақсатында жұмыс орындары ұсынылса;

- Азаматтық алу мәселелері өз шешімін тапса.

 

ХИСЫМЕТОВА САЛТАНАТ САМИҒОЛЛАҚЫЗЫ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық

университетінің жанындағы дайындық бөлімінің жетекшісі  (Орал қ.)

толығырақ

1. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі туралы

Тарихтың түкпірінен сөз қозғар болсақ, халқымыздың ұзақ жылғы тарихында ұтқанынан ұтылғаны, тапқанынан жоғалтқаны көп. Еліміздің егемендік алып, ата-жұртын аңсаған, елін емірене сүйген, шеттегі қандастырымыз тәуелсіздік таңымен тарихи отанына ат басын тіреді. Сонау қиын қыстау зұлмат замандарда ұрпағын аман сақтап қалу үшін бас сауғалап қыр асқан атаның ұрпақтары шет жерде жүрсе де, ұрпағына тегінің текті екенін, ұлтының батыр екенін дәріптеумен келеді. Ата-жұрттан шет кетсе де,  ұрпағын ұлттың уызына жарытқаны, тағылымның тал-бесігін санасына сіңіруі, атадан қалған дәстүрді көздің қарашығындай сақтап, ұрпағына дұрыс бағыт-бағдар беруі, ұлттығымыздың ұлылығы, даралығы деп білуіміз керек.

 Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы  № 3308  «Шет елде тұратын Отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақ диаспорасы мен репатрианттар өкілдері» ішіндегі дайындық бөлімі тыңдаушыларының оқу және тәрбиелік жүйесінің ұйымдастырылуы туралы 2002 жылғы 27 желтоқсандағы №899   бұйрығының  негізінде 2003 жылдың  3 қаңтарында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі ашылды. Дайындық бөлімінде ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын алыс-жақын шет елдерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдері мен репатрианттары оқытылады.

Дайындық бөлімінде барлық оқытылатын пәндер бойынша дәрісханалар талапқа сай жабдықталған және де компьютерлік класпен қамтамасыз етілген. Бөлімде штаттық кесте бойынша дайындық бөлімінің басшысы, сектор жетекшісі, аға тәрбиеші, тәрбиеші, әдіскер, оператор жұмыс істейді. Тыңдаушыларға университеттің доценттері, магистр оқытушылары сабақ береді.

Тыңдаушылар университетіміздің №3 жатақханасына  орналастырылады. Олар күнделікті тұрмыс жағдайларына қажетті жабдықтармен толық қамтылған. Жатақхана бөлмелері санитарлық нормаға толық сәйкес келеді. Сонымен қатар демалыс бөлмесі, спорт зал, тұрмыстық бөлме, жуынатын жер, буфет жұмыс істейді.

Жатақханада 50 орынға арналған оқу залы бар. Оқу залы мектеп оқулықтарымен, көркем әдебиеттермен және қызықты газет-журналдармен қамтамасыз етілген. Тыңдаушылар бос уақытын оқу залында өткізеді. Бір сөзбен айтқанда, тыңдаушылардың қоғамдық ортаға бейімделуіне, білім-білік дағдыларын қалыптастыруына  барлық жағдай жасалған.

2. Талапкерлерді оқуға қабылдау жұмыстары

Дайындық бөліміне талапкерлерді қабылдау жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Қазақ диаспорасы өкілдерін оқуға тарту барысында шетелден көшіп келген  қазақ отбасылары  жиі қоныстанған елді-мекендерде кәсіби бағдар беру жұмыстары атқарылуда. Осы мақсатта оралмандар  қауымдастығы ұйымдарының  басшыларымен байланыс орнатылған. Облыстық көші-қон полициясымен бірлесе отырып Тараз мемлекеттік университеті базасында Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ азаматтарды жоғары оқу орнына даярлайтын дайындық бөлімінің  жұмыс істейтіні туралы ақпарат таратылды. Дайындық бөлімінің жұмысы туралы  есебі және талапкерлерді оқуға тарту туралы мәселелері ректораттың отырысында қаралып, ректорат шешімі бойынша  Қырғызстан Республикасындағы қазақ диаспорасы орталығымен, Өзбекстан Республикасындағы қазақ-мәдени орталығымен байланыс орнатылған. Аталған ұйым өкілдерінің көмегімен бірлесе отырып,  ұлты қазақ азаматтарды оқуға тарту жұмыстары жүргізіліп келеді және де алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз нәтижесін беретінене сенімімз мол.

Университетімізде дайындық бөлімі ашылған уақыттан бастап Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстаннан ұлты қазақ шетел азаматтары келіп дәріс алуда.

3. Қазақ диаспорасы өкілдерін оқуға бейімдеу үрдісі

 Оқу жылының басында оқу бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарлары, тәрбие жұмыс жоспарлары оқу-әдістемелік бөлімде қаралып, бекітіледі. Тыңдаушылармен жүргізілетін жұмыс осы жоспар негізінде ұйымдастырылады.

Шетелден келген қазақ диаспорасына ұлттық тіліміз бен тарихымызды тереңдете ұғындыру мақсатында қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерін оқыту үрдісі басты назарға алынған. Аталған пәндермен бірге математика пәні де негізгі пән ретінде оқытылады.

  Қазақ тілі пәнінен ұсынылатын бағдарлама тыңдаушылардың тіл тазалығын сақтай отырып, өз ана тілінде сөйлеу тілін дамыту, ана тілінің қолданылу аясын кеңейту, сонымен қатар қазақ әліпбиінен бастап қазақ тілінің тілдік жүйесін толық меңгертіп, қазақ тілін ресми қарым-қатынас тілі ретінде үйренуіне ықпал етеді. Соның нәтижесінде, тыңдаушылар қазақ тілі пәні арқылы өз ойларын сауатты жазып, дұрыс  айтуға, қазақ тілінің тілдік жүйесін лексикалық, грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік меңгеруге үйренеді.

Қазақстан тарихы пәні бойынша тыңдаушыларды  халқымыздың салт-дәстүріне, мәдениетіне, ұлтжандылыққа, өз ұлты алдындағы жауапкершілігін сезінетін  азаматтық ұстанымын қалыптастыруға баули отырып, еліміздің көне тарихынан бастап қазіргі кезең аралығына дейін жан-жақты, терең мағлұмат береді.

           «Математика» курсында тыңдаушылардың қабілетіне қарай, білім деңгейлерін ескере отырып,  әр түрлі амал-тәсілдерді қолдану арқылы қарапайым арифметикалық амалдардан бастап күрделі математикалық есептерді шешуді меңгертеді. Геометриялық есептер мен мәтіндік есептерді шешуде айтарлықтай қиындықтар туындайды. Өйткені бұл есептердің мағынасын түсіну өзге тілде оқып келген тыңдаушыларға ауыр тиеді. Сондықтан да қазақ тілін оқыту басты назарға алынған.

Осы негізгі  пәндермен бірге Дайындық бөліміне қабылданған тыңдаушыларға қалаған мамандықтары туралы әңгіме-сұхбат жүргізе отырып өз таңдаулары бойынша гуманитарлық, техника-технологиялық, жаратылыстану бағыттарында жеке топтарға бөлінеді. Гуманитарлық бағытын таңдаған тыңдаушыларға қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, дүние жүзі тарихы, география пәндері; техника-технологиялық бағытында физика; жаратылыстану бағытында химия, биология сынды таңдау пәндері бойынша дәрістер оқытылады.

Дизайн, архитектура,  журналистика, дене шынықтыру мамандықтары бойынша таңдау жасаған тыңдаушыларға, аталған  мамандықтардан университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы қосымша сабақтар өткізеді. 

Оқу сапасын арттыру мақсатында тыңдаушылардың білім деңгейін сараптап, анықталған нәтижесіне қарай қосымша сабақтар өтіледі және бақылау тесті алынып отырады.

Оқытушылар құрамы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушыларына   жаратылыстану, техника-технологиялық және гуманитарлық  бағытындағы пәндерден әдістемелік нұсқау, көмекші оқу құралдарын дайындайды.

Тыңдаушыларды жоғары оқу орнындарында білім алуға бейімдеу мақсатында университетіміздің факультеттерімен  кездесулер өткізу жоспарға енгізілген. Кездесу барысында аталған бағытты таңдаған тыңдаушыларға мамандықтар туралы кеңінен мәлімет беріледі. Әр оқу жылында қабылдау комиссиясымен бірлесе отырып тыңдаушылар мамандық таңдауда қателеспеуі үшін, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу жүйелі түрде қолға алынған.

Университетіміздің жанында А.С.Ахметов атындағы Наноинженерлік ғылыми-зерттеу лабораториясы бар. Лаборатория  құрылыс, технологиялық, өндірістік, тамақ өнеркәсібі бағыттарында жұмыс істейді. Топ жетекшілері өз бағытындағы тыңдаушыларды лабораторияға апарып, ондағы құрал-жабдықтардың құрылысымен, лабораториялық жұмыстармен таныстырады. Бұл – тыңдаушыларымызға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беруіне мейлінше ықпал етеді.

   Тыңдаушылар жатақханадағы кітапханадан, университетіміздегі ғылыми-зерттеу кітапханасынан, кешкі оқу залынан оқулықтар  алып дайындалады.  Сонымен қатар, тыңдаушыларға көмекші оқу құралдары мен мектеп оқулықтары, түрлі тест тапсырмалар жинағы, дидактикалық материалдар  және электронды оқулықтар пайдалануына жағдай жасалынған.

Оқу үрдісінде  атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Атап айтқанда, 2008-2009 оқу жылында тыңдаушылардың мемлекеттік білім грантын жеңіп алуы 32,9 пайыз болса,  2012-2013 оқу жылында 74 пайызға дейін өсті.

4. Қоғамдық өмрге бейімдеу бағытындағы тәрбие жұмысы

 Оқу жылының басында дайындық бөлімінде оқитын барлық тыңдаушылар университет Жарғысымен, ішкі ережелерімен, сондай-ақ, жатақхананың ішкі ережелерімен таныстырылады және медициналық тексеруден қайтадан өткізіледі. Жатақханада оқытушылардың кезекшілік кестесі ұйымдастырылып, тыңдаушылардың жатақханадағы тазалығы, тәртібі, оқу залына барып өз беттерінше ізденуі қадағаланып отырады.

Тыңдаушыларға  Жамбыл облыстық құқық қорғау органдарының, көші-қон полициясының  қызметкерлерімен, медицина қызметкерлерімен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп тұрады. Кездесу барысында ҚР-ның Конституциясы мен заңдары,  азаматтардың құқығы мен міндеттері,   ықтияр хат пен Қазақстан азаматтығын алу туралы, нострификация (құжатты растату), тіркеуге тұрғызу,  оқу визасын аштыру,  жеке бас гигиенасын сақтау,  алғашқы медициналық жәрдем көрсету, аурудың алдын алу туралы, т.б. мәселелер төңірегінде мәліметтер беріледі.

Тыңдаушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жоспары саяси-идеялық, эстетикалық, құқықтық, еңбексүйгіштік бағыттарына негізделген.

           Біз, қазақ, жазира даланың самал желіне бетін тосып, жусанын иіскеп, топырағына бас ұрған, аманатына бас иген халықтың ұрпағымыз. Сол туған жердің қадір-қасиетін, ата жұрттан алыстап кеткен ағайын жақсы біледі. Тарыдай шашылған ат төбеліндей аз қазақтың ұрпағы ата алдындағы аманатына адал екендіктерін көрсетуде. Жас та болса жасампаз тыңдаушылар ыстық құшақ, сағыныш сезімдерін кеудеден соққан кішкене ғана жұдырықтай ақ   жүректерімен білдіреді. Тарихи отанына келген тыңдаушылар топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен  «Атамекен – алтын ұям», «Армысың, ата-жұрт!» атты сағынышқа толы сазды мерекелік  кештер өткізеді. 

Сонымен қатар, Дайындық бөлімінің ұжымы мен тыңдаушыларының ұйымдастыруымен  түркі халықтары үшін  қасиетті саналатын Жыл басы Наурыз  мерекесі аталып өтіледі.  Аталған мерекеге байланысты тыңдаушылар арасында концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, пікір-сайыстар өткізіледі. Сонымен қатар ұлтжандылық, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, достық қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында  «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні», «1 мамыр – Халықтар бірлігі» «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні», «31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын   еске   алу»   күні мемлекеттік мерекелерінде  тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Оқытушылар  қауымы білім қуған қандас шәкірттерімізді  тарих толқынынан тағылым алуы мақсатында киелі Тараз шаһарының қасиетті жерлері Айша Бибі, Қарахан баба, Тектұрмас, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыстан Баб, Қожа Ахмет Яссауи, Отырар сынды тарихи орындарымен таныстыра отырып, олардың тарихи танымын кеңінен түсіндіруді дәстүрге айналдырған. 2000 мың жылдық тарихы бар көне шаһардың ішіне бүккен талайғы тылсым дүниелерінің кілтін ашып, сырына қанығу кімді де болса қызықтыратыны шындық. Осы мақсатта  тыңдаушыларымызды Тараздың тарихын шертетін  орталық мұражайға да  аралатып отыруды да ұмыт қалдырмаймыз.

Елбасымыздың өзі бас болып салауатты өмір салтын насихаттауға, ұлттың саулығына, тұтқа болар тұлғаны тәрбиелеуге үндеп келеді.  Осыған сәйкес, жатақханада тыңдаушылардың спортпен шұғылдануына қажетінше жағдай жасалынған. Тыңдаушылардың университетте спорттық үйірмелерге қатысуына толық мүмкіндігі бар. Тыңдаушылар қаламыздың жоғары оқу орындары арасында өтетін универсиада ойындарына, факультетаралық спартакиадаларға,  облысаралық жарыстарға  қатысып, жүлделі орындарға да ие болып отыр. Мәселен,  тыңдаушы Жандос Тұрғанов   шахматтан облыс біріншілігіне қатысып,  ІІ орынды  алса, Хонай Нұрсәуле қыздар арсындағы күрестен І орынды иеленді.

Қорыта келгенде, университетіміздің дайындық бөлімі  жүйелі түрде жұмыс  жүргізуінің нәтижесінде, тыңдаушыларымыз еліміздің Жоғары оқу орындарының грант иегерлері атануда. Елбасымыздың 2011 жылғы халыққа Жолдауында 2020 жылы адам саны 18 миллионға жуықтайды деген болжамын айтып өтті. Осы орайда, дайындық бөлімінің ұжымы қаны бір қандастарымыздың тарихи отанына көптеп келуіне қолдау білдіріп өз үлестерін қосуда.

Осындай атқарылған жұмыстармен қатар, шешілуі қиын мәселелер де жоқ емес. Соның бірі – тыңдаушыларға рұқсат құжатты (виза) алу мәселесі. Мәселен, Монғолиядан келіп құжат тапсырған талапкер 3 айдан кейін Қазақстаннан шығып, Монғолияға қайтуы керек. Оқуға түскен университеттің өтініші бойынша сыртқы істер министрлігінің консульдік қызмет департаментінен шақырту қағазын алып, Монғолиядағы Қазақстан елшілігінен оқушылық визаны аштырып қайтып Қазақстанға оралады. Бұл өте көп уақытты алады және кейбір тыңдаушылардың жағдайы көтермейді. Осы мәселелерді назарға ала отырып, дайындық бөліміне түскен тыңдаушыларға оқушылық визаны ашу барынша жеңілдетілсе және Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде оқушылық визаны сыртқы істер министрлігінің консульдік қызметі департаментінде  рәсімделсе.

 

ТАУБАЕВ МЕДЕТ ТАЙБАЙҰЛЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің бастығы (Тараз қ.)

 

толығырақ

Жоба

 «Қазақстан Республикасы  жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде қазақ диаспорасы өкілдерінің оқу және азаматттық (әлеуметтік) бейімделуі»

атты аймақтық «дөнгелек үстел» мәжілісінің

 

Ұсыныстары

 

     2013 жылдың 29 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде «Қазақстан Республикасы  жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде қазақ диаспорасы өкілдерінің оқу  және азаматтық (әлеуметтік) жағынан бейімделуі» атты тақырыптағы аймақтық «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.

        Бұл іс-шараларды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і ұйымдастырды.

     «Дөңгелек үстелде» қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізуге маманданған педагогтер, оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, М.О.  Әуэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік университеті , Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті , Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік  университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жетісайдағы «Сырдария» университеті, сондай-ақ, Моңғолиядағы  ШҚМУ-нің Баян-Өлгей филиалы тәрізді оқу орындарының оқытушылары баяндама жасады.

        Қатысушылар төмендегідей ұсыныстар қабылдады.

1. ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс жасалынсын:

1) бүгінгі талаптарға сәйкес келмейтіндіктен математика мен қазақ (орыс) тілі пәндерінен тестілеу тоқтатылып, ол ауызша әңгімелесумен ауыстырылса;

2)дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары болып табылатын шетелдік қазақ жастарына тегін жатақханалар беру және шәкіртақыларының көлемін қазақстандық студенттермен теңестіру мәселелерін шешу;

3) шетелдік қазақ диаспорасының өкілі саналатын дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары арасынан Қазақстан ЖОО мен колледждеріне түсе алмай қалғандарды, әлеуметтік жағдайы төмен топ ретінде,  мектептен кейінгі біліммен қамтылмаған қазақстандық оқушылармен теңестіріп, солармен бірге жол картасына енгізілсін;

4) еліміздің ЖОО-ын қазақ диаспорасы шоғырланып орналасқан (алғашқы кезекте Моңғолия, Өзбекстан, Ресей) аймақтарға бекітіп, ҚР БҒМ-ның көшпелі комиссиясын ұйымдастыра отырып, шетелдік қазақ жастарын дайындық бөліміне қабылдау жүзеге асырылса;

5) мемлекеттік тапсырысты ЖОО-ның қазақ диаспоралары шоғырланып орналасқан өңірлерге барып өз күштерімен тыңдаушылар қабылдау жөніндегі нақты жұмыс нәтижелеріне қарап бөлу;

6) С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Баян-Өлгейдегі филиалына қазақ диаспорасы үшін кадрлар дайындау жөніндегі  шетелдегі жалғыз орталық ретінде оның материалдық-техникалық базасын кеңейту (жаңа оқу ғимаратын, спорт залын, жатақханалар салу, компьютер алу, оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен, электрондық кітапханамен қамтамасыз ету), сондай-ақ, оқытушылар құрамының санын және филиалда берілетін мамандықтар түрін арттыру бағытындағы істерге қаржылық қолдау көрсету;

7) Моңғолиядағы қазақ мектептерін жыл сайын 1000 оқушы бітіретінін ескере отырып, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан атындағы мемлекеттік университетінің Баян-Өлгейдегі филиалында дайындық бөлімі ашылса.

       2. ҚР СІМ-не ҚР БҒМ-мен бірлесе отырып, бүгінгі күннің шындығын, қазақ диаспорасының жағдайын ескеріп,  қазақ диаспорасы өкілдеріне, бірінші кезекте Қытайдан келгендерге оқу визасын беру, оны создыру тәртібінің жаңа редакциясын бекіту ұсынылсын.

        3. ҚР ІІМ-не, ҚР СІМ-нің Консулдық қызметіне, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетіне ҚР ЖОО-дарымен және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен біріге отырып, шетелдік студенттермен, оның ішінде қазақ диаспоралары өкілдерімен де кездесулер өткізіп, олардың Қазақстан Республикасы территориясында жүрген кездеріндегі құқықтары мен міндеттері туралы түсінік жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

       4. Құрамында дайындық бөлімдері (факультетттері) жұмыс істейтін ЖОО-ларда төмендегідей шаралар жүргізу ұсынылсын:

1) қазақ диаспоралары шоғырланған өңірлерден тыңдаушыларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жыл сайын орындау, тыңдаушылар арасынан Қазақстан жоғары оқу орындарына түсушілер құрамын арттыру және сол көрсеткішті сақтау;

2) қазақ диаспорасы өкілдерінің оқу және әлеуметтік жағынан бейімдеу;

3) қазақ диаспорасы өкілдері саналатын студенттердің оқудан шығуын болдырмау үшін кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жақсарту, олардың оқу материалдарын игеруіне әдістемелік көмек беру, оларды оқытушылар мен үздік студенттердің қамқорлыққа алуын бекіту;

4) Қазақстан Республикасының оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу жоспарларын жинақтап және іріктеуден өткізіп бірыңғай оқу жоспарын 2014 жылдың 20 ақпанына дейін құрастыру және Қазақстан Республикасы Білім ғылым министрлігіне жолдау әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жүктелсін.

5. Осындай «Дөңгелек үстелдерді» құрамында шетелдік қазақ диаспорасы өкілдері үшін дайындық бөлімі жұмыс істейтін ЖОО-лардың бірінің базасы негізінде жыл сайын

өткізіліп тұрсын.

            «Дөңгелек үстелге» қатысушылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын отандастарға  мәдени-танымдық және ақпараттық-насихаттық жағынан қолдау көрсетуді қамтамасыз етуді жақтайды.

 

«Дөңгелек үстел» мәжілісіне қатысушылар

Алматы қаласы, 29 қараша 2013 ж.

 

Проект

 

Рекомендации

 

Регионального «круглого стола»

«Учебная и гражданская (социальная) адаптация представителей казахской диаспоры на подготовительных отделениях вузов  Республики Казахстан»

 

29 ноября 2013 года  в  Алматы на базе КазНУ им. аль-Фараби состоялся  региональный круглый стол  на тему: «Учебная и гражданская (социальная) адаптация представителей казахской диаспоры на подготовительных отделениях вузов  Республики Казахстан».

            Организаторами мероприятия выступили Всемирная Ассоциация казахов и КазНУ им.аль-Фараби.

На «круглом столе» с докладами выступили педагоги, специализирующиеся по работе с казахской диаспорой, в том числе  КазНУ им. аль-Фараби, КарГУ им. Е.Букетова, Госуниверситета им. Шакарима города Семей,  Западно-Казахстанского аграрно-технического университета, Южно-Казахстанского госуниверситета им. М.Ауэзова, Южно-Казахстанского государственного педагогического института Международного Казахско-Турецкого университета им. Х.Яссави,  Таразского госуниверситета им. М.Дулати, Восточно-Казахстанского госуниверситета им. С.Аманжолова, Университета Сырдария, а также Баян-Ульгейского филиала ВКГУ (Монголия).

        Участники принимают следующие рекомендации.

  1. Рекомендовать Министерству образования и науки РК:

1) отменить вступительные экзамены в виде тестирования по математике и казахскому (русскому) языках как не отвечающие требованиям дня и заменить собеседованием;

2) решить вопрос о бесплатном предоставлении общежития и повышения стипендии слушателям подкурсов из числа казахской зарубежной молодежи до уровня стипендии студентам-казахстанцам;

3) внести  в дорожную карту наряду с казахстанскими школьниками

оставшимися вне сферы послешкольного образования финансирование обучения слушателей подготовительных отделений из числа представителей зарубежной казахской диаспоры как наиболее социально уязвимую категорию, которая не смогла поступить в вузы и колледжи Казахстана;

      4) прием зарубежной казахской молодежи на подготовительные отделения организовывать  с выездом комиссий МОН РК, закрепив за вузами страны компактного проживания казахской диаспоры (в первую очередь, Монголия, Узбекистан, Россия);

      5) государственный заказ распределять по реальным  итогам работы вузов по организации их  самостоятельного набора слушателей с выездом в районы компактного проживания казахской диаспоры;

      6) оказать финансовую поддержку Баян-Ульгейскому филиалу

Восточно-Казахстанского государственного университета имени С. Аманжолова в расширении материально-технической базы как  единственного за рубежом центра по подготовке кадров для казахской диаспоры (строительство нового учебного здания, спортивного зала, библиотеки, общежитий, приобретение компьютеров, снабжение учебниками и учебно-методическими комплексами, электронной библиотекой), а также  в увеличении педагогического состава и числа специальностей филиала;

     7) с учетом ежегодного выпуска более 1000 выпускников казахских школ в Монголии открыть подготовительный факультет в Баян-Ульгейском филиале Восточно-Казахстанского государственного университета имени С. Аманжолова.

      2. Рекомендовать МИД РК совместно с МОН РК утвердить новую редакцию о порядке выдачи, продления учебной визы, в том числе  для представителей  казахской диаспоры, с учетом реалий сегодняшнего дня, положения казахской диаспоры, и в первую очередь в Китае.

     3. Рекомендовать Министерству внутренних дел РК, Консульской службе МИД РК, Комитету по миграции Минтруда и социальной защиты населения РК проводить совместно в вузами РК и Всемирной Ассоциацией казахов встречи со студентами зарубежных стран, в том числе с представителями казахской диаспоры, на предмет разъяснения их прав и обязанностей в период пребывания на территории Республики Казахстан.

      4. Рекомендовать вузам, в структуре которых функционируют подготовительные отделения (факультеты), принять меры по:

1) ежегодному  выполнению государственного заказа по набору  слушателей в районах компактного проживания зарубежной казахской диаспоры, сохранению и доведению  контингента обучающихся до поступления в учебные заведения Казахстана;

2) учебной и социальной адаптации представителей казахской диаспоры;

3) проведению  профориентационной работы и  недопущению фактов исключения из списка студентов - представителей казахской диаспоры, оказывая им методическую помощь в усвоении учебного материала, закрепив шефство лучших педагогов и студентов;

4) разработке единого учебного плана для подготовительных отделений вузов Республики Казахстан (свод – КазНУ им. аль-Фараби) к 20 февраля 2014 года с последующим представлением для утверждения Министерством образования и науки Республики Казахстан.

    5. Проводить аналогичный «круглый стол» ежегодно, на базе одного из вузов, в структуре которого функционирует подготовительное отделение для представителей зарубежной казахской диаспоры.

Участники «круглого стола» выступают за обеспечение  культурно-познавательной и информационно-пропагандирующей поддержки соотечественников, проживающих за пределами Республики Казахстан.

 

Участники «круглого стола»

город Алматы, 29 ноября 2013 года

толығырақ

Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар!

Қазақ диаспорасы өкілдерін, оралман жастарды жоғары оқу орындарында, оқуға бейімдеу орталықтарында дайындау мәселелеріне арналған республикалық кеңес өткізу туралы біздің Қауымдастық пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің біріккен бастамасы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайында жасаған баяндамасындағы міндеттерге сәйкес туындады.

Біздің кездесуіміз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізіліп отыруы кездейсоқтық емес, бұл оқу орны отандық білім беру саласында алғашқы ұлттық тіркеуге ие болды, осыдан оншақты жыл бұрын шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерін оқуға қабылдап, Қытай, Швеция, Моңғолия, Тәжікстаннан келген тыңдаушыларға «КазҰУ қалашығынан» тұрмысқа, оқуға қолайлы жағдай жасай бастаған болатын.

Оқу барысында Қазақстан азаматтығын әлі алып үлгермеген қазақ диаспорасы өкілдерімен және оралмандармен жұмыс істеу жөнінен біздің жоғары оқу орындарымыз едәуір тәжірибе жинақтап үлгергені даусыз. Мәселен, Алматыдағы Ұлттық аграрлық университет шетелдік жас отандастарымыздың өз елімізде әлеуметтік жағынан бейімделуіне байланысты жан-жақты жұмыстар жүргізуде. 2008 жылы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті  Моңғолия қазақтарының 90 пайызы өмір сүретін Баян-Өлгий аймағында өз филиалын ашу жөнінде отандық білім беру саласында алғаш рет үкіметаралық деңгейдегі шешім қабылдады. 2009 жылдан бері Қазақстан үкіметінің шешімімен Моңғолиядағы қазақ жастарына жыл сайын 25 мемлекеттік грант бөлініп келеді.

Өкінішке орай, 1999 жылы профессор Қансейіт Әбдезұлының жетекшілігімен құрылған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дайындық бөлімі өзінің бұрынғы кең көлемді жұмысын тоқтатты. Бір кездері мұнда Қытай мен Моңғолиядан келген 200-ге жуық (қыз бен жігіт бірге оқып) жастар емтихан қорытындысы бойынша түгелдей (100 пайыз) әрқилы жоғары оқу орындарына түсетін. Бұл мысалдардан қазақ диаспорасына білім беру ісінің саяси маңыздылығын жақсы түсінетін жергілікті басшыларға, ректорлар құрамына көп нәрсе байланысты екендігін көруге болады.

Жалпы, дайындық бөлімдеріне қатысты тарихтың бәрі де Қазақстан Тәуелсіздігі нәтижесінде шетел қазақтарына деген жаңаша көзқарас қалыптаса бастауының жарқын көрінісі саналады. Өз алдына дербес дайындық бөлімдері ашылғанға дейін Қытай мен Моңғолия жастарынан құжат қабылдау жұмысын біздің Қауымдастық жүзеге асырып келген болатын, кейіннен бұл шараға алғашқылардың бірі – Түркістандағы Қазақ-Түрік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ат салыса бастады. Бұдан басқа да ондаған оқу орындары дайындық бөлімдерін ашты.

Дайындық бөлімдерін бітірушілердің көпшілігі жоғары кәсіптік білім алу үшін екі пайыздық квотаға енгізілді. 2001-2002 оқу жылында шетелдерден келген 306 этникалық қазақ грантқа ие болды, келесі екі жыл ішінде олардың саны екі есеге өсіп, 680 және 775-ке жетті. Алайда, 2005 және 2006 жылдары бұл көрсеткіш төмендеп, квота бойынша 470 және 567, ал үстіміздегі жылы 1101  шетелдік қазақ жастары оқуға түсті. 

Жекелеген жоғары оқу орындарының өзара үйлесімсіз әрекеттері шетелдік қазақ жастарын Қазақстанға оқуға тартудың пәрменді тұтқасын жасауға, талантты жастарды арнайы мектеп-интернаттарда, колледждерде, университеттерде  іріктеп оқытуға жол аша алмады. Қазақ диаспораларына арналған дайындық бөлімдері бар жоғары оқу орындарының сайттары материалдарына қарай отырып, тыңдаушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары дұрыс жүргізілмегенін байқауға болады.

«Білім туралы» ҚР Заңы 62 бабының 5 тармағына сәйкес дайындық бөлімдеріндегі шетелдіктер мен азаматтығы жоқтарды тек жоғары оқу орындарында ғана оқыту қарастырылған. Біздің диаспора өкілдері тұратын кейбір елдердегі (Өзбекстан, Түркіменстан) жағдайларға байланысты шетелдік қазақ жастарының 9-ыншы сыныптан соң оқуын жалғастыруға мүмкіндік жасайтындай колледждер мен соған сай дайындық бөлімдері жоқ.

Мәселен, Қытайда қытай тіліндегі мектептердің соңғы сыныптарында оқитын ұлты қазақ балаларды іріктеу арқылы ішкі өңірлердегі жоғары оқу орындарына жолдау тәжірибесі бірнеше жылдардан бері жалғасып келеді. Бұл әлгі жастардың қазақы отбасының ықпалынан, ұлттық мәдениет пен ана  тілінен алыстай түсуіне әсер етуде. Шетелдегі барлық қазақтарды Қазақстанда өз құжаттарын нострификациялау жөніндегі ұзын-сонар  шаруа күтіп тұрады.

Осынау маңызды мәселелердің бәрі диаспораларды зерттеу және шетелдегі қазақ мәдени орталықтары жетекшілерімен жеке кездесулер нәтижесінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында жинақталады. Біздің бүгінгі кеңесімізге ҚХР, Моңғолия, Қарақалпақстан, Ресей, Тәжікстаннан келген әріптестеріміз қатысып отыр. Олар да бүгін өз ойларын айтып, ұсыныстарын береді деген ойдамыз.

Бірер жыл бұрын Иранға сапарымыз кезінде мынадай жайтқа көз жеткіздік: бұл елдегі қазақ жастары 1-сыныптан бастап парсы тілінде оқиды және олардың ішінен ең таңдаулылары ғана жоғарғы оқу орындарына  түсіп, бітіріп шығады екен. Жастардың білімге деген құштарлығы өте жоғары тәрізді көрінді бізге. Олар өздерінің тарихи Отаны – Қазақстанда білім алу мүмкіндігіне байланысты қызығушылық танытты. Егер Ирандағы қазақ жастарынан арнайы топ құрып, оларды ҚазҰУ-дың шығыстану немесе парсы тілі мамандығы факультеттерінде оқытсақ, жастардың бетін тарихи отанына нақты түрде бұрғандығымыз болып саналар еді. Әдетте, студентердің басым көпшілігі оқуда жүрген кезінде Қазақстан азаматтығын алып үлгереді емес пе?! Бірте-бірте атажұртына тамыр жіберіп, елге бейімделмей ме?

Ал, Еуропаның 10 елі мен Түркияда тұрып жатқан қазақ жастарының жайына келсек, олар өздері тұратын елдердің мемлекеттік тілін (неміс, ағылшын, француз, түрік) еркін меңгеруімен ерекшеленетінін байқаймыз. Олардың ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді, ана тілін нашар білетіндігі жасырын емес. Сондықтан, бізді қазақ тілін білмейтін тыңдаушылардан құралған дайындық бөлімдерінің іс-тәжірбиелері қызықтырады.  Осында жиналысқа қатысып отырғандардың қайсысы әлгіндей іс-тәжірбиелерін көпшілікпен бөлісе алады?  Еуропадағы қазақ жастарын қай оқу орны базасы негізінде оқытқан жөн? ҚазҰУ-да Швеция мен Түркия елдерінен келген қазақ қыздары оқығанын білеміз.

Соңғы бес жыл бойы қазақ диаспорасы өкілдері мен оралмандарды дайындық бөлімдеріне қабылдау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс орындалмай келе жатқандығы белгілі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ диаспоралары шоғырланып тұратын шет өңірлерде (Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан) қабылдау емтиханын (кешенді  тестілеу) өткізу іс-тәжірбиесі жылдан-жылға азая  түсуде. Министрліктің мәліметі бойынша,  үстіміздегі жылы мұндай жұмыс тек Моңғолиядағы қазақ жастары арасында ғана жүргізілген.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдерде орналасқан мекемелері  тарапынан жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жеткіліксіз дәрежеде.  Білім және ғылым  министрлігі мен оқу орындарының сайттарында ары кеткенде тек шетел азаматтары үшін ашылған дайындық факультеттері  бар екендігі жөнінде жалпылама мәліметтер ғана беріледі.

Біздің пікірімізше, қазақ тілі мен математикадан кешенді тестілеуді ұйымдастыру барысында шетелдегі этникалық қазақтардың нақтылы тұрмыс жағдайы жеткілікті түрде ескеріле бермейді. Қазақ мектептері бар елдер саны саусақпен санарлықтай. Бұл - Өзбекстан, Моңғолия, ҚХР. Ал, Ресейге келсек, әлем құрлығындағы ең ұзын – 7500 шақырымға созылатын қазақ-орыс шекаралас өңірлерінде 1 млн.-нан астам қазақ диаспорасы өкілдері  тұратынына қарамастан, қазақ мектептері Ресейдің тек Алтай өлкесі мен Алтай Республикасында ғана сақталған.

Құлынды ауданында небары 60 оқушы ғана оқыса, Қосағаш ауданында 2000-нан астам оқушы қазақ тілі мен әдебиеті пән ретінде 8 орта, 2 негізгі, 2 бастауыш мектептерінде  жүргізіледі. Осыған қарамастан Ресейдің білім министрлігі ҚР Білім және ғылым министрлігі жолдаған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды пайдалануға тыйым салып отыр. Бұл жөнінде біз өзіміздің министрлікті құлағдар еттік. Шетелдегі қазақ жастары арасында ана тілін оқып үйренуге деген зәрулік мол.

Соңғы кезде шетелдегі қазақ диаспорасының ұлттық-рухани, мәдени жағдайына байланысты көптеген күрделі мәселелер туындай бастады. Мұның ең батысы – шетелдегі қазақтардың болашақта өздері тұратын елдердің этникалық ортасына сіңіп, өз ана тілінен, мәдениетінен, салт-дәстүрінен, менталитетінен айрылып ассимиляцияға ұшырап кетуі қауіпі бар. Бұл қауіп әсіресе Кеңес Одағы тарағаннан кейін айрықша белең ала бастады. 90-жылдардың басына дейін ТМД елдерінде тұратын қазақтардың мектептерінде білім беру тұтас бір бағдарламамен жүріліп келген болса, қазір бұл жөнінен әр ел өзінше бағыт ұстануда. Бүгінде қазақтар үш түрлі – кириллица, латын, араб әліпбиін пайдаланады. Ана тілінде таза, жақсы сөйлейтін Қытай қазағы Қазақстандағы кириллицаны  оқи алмайды. Моңғолия қазақтары бұрын Қазақстанның оқу бағдарламасымен оқып келсе, соңғы оншақты жылдан бері тек моңғол тіліндегі оқулықтарды қазақ тіліне аударма жасап, оқитын болды. Ал, моңғол мектептерінде оқитын қазақтар үшін қазақ тілінің кейбір харібін тани алмауының себебі моңғол алфабитінде біздің 6 әрібіміз (ә, е, і, ғ, ұ, қ,) кем. Соның салдарынан жазу барысында қателіктер жібереді.

Аты қазақ мектебі болғанымен әр елдегі оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Сондықтан да бір елдегі қазақ екінші елдегі қазақтардың ауызша айтқан сөзін ұққанмен жазған жазуын түсінбейтін жағдайда. Тіпті, қазақ тілінің грамматикасы да, қазақ әдебиетінің тарихи да түрлі-түрлі оқытылуда. Соған орай, бүгінгі таңда шетелдегі қазақ мектептерін бітіріп келген жастар Қазақстанның оқу орындарына түсе алмайтын болып отыр. Тіпті, олардың өздері тұратын елдердегі оқу орындарына түсуі де қиын. Соған байланысты кейінгі кезде шетелдегі қазақ жастарының қазақша мектептерге баруға деген ынта-ықыласы күрт төмендеді десек артық айтқандық болмас. Қазақ мектептері де жыл сайын азаюда. Бұрын Қазақстаннан шыққан қазақша оқулық, көркем әдебиет, газет-журналдар шетелдегі қазақтарға, әсіресе ТМД елдері мен Моңғолияға кедергісіз барып тұратын. Соңғы уақытта мұның бәрі тоқтады. Сырт жерлердегі қазақтар Қазақстанның радио-теледидар хабарын көруге мұқтаж. Қазақстанның концерттік топтарының шетелдегі қазақтарға баруы да азайды.

Кешенді тестілеу қорытындылары соңғы жылдары талапкерлердің мектепте алған білім деңгейі айтарлықтай төмендеп кеткендігін көрсетуде. Қауымдастыққа соңғы кезде мынадай мәлімет келіп түсті: Моңғолиядағы қазақ  мектептеріндегі оқу сапасын жақсарту керек деген желеумен бөлек, жеке Үкіметтік қаулы қабылданған.   Мұндай мектептерді бітірушілер Моңғол елінің орта-арнаулы және жоғарғы білім жөніндегі дипломын көп жағдайда ала алмайды.

Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстандағы дайындық бөлімдеріне түсу үшін қажетті орташа балл 20-дан ең соңғы шегіне дейін төмендеді. Егер 2006 жылы бұл көрсеткіш 10 баллды құраса, төрт жылдан соң 8 баллға дейін төмендеді, ал, үстіміздегі жылы нөлдік кедергіден өткендердің бәрі оқуға қабылданды. Әлбетте, келешек тыңдаушылардың арасында бәсекелестіктің болмауы бізді қуанта қоймайды. Оның алуан түрлі себептері бар. Десек те, шетелдегі қазақ жастарын атажұртқа тартудың жалғыз тиімді жолы – оқуға қабылдау. Әсіпесе, Қытайдан шығудың бір жолы осы. Бұл мемлекеттік саясат. Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері мұны дұрыс түсінуі керек! 

Қазақстан жоғары оқу орындарына түсу үшін келетін қазақ диаспорасы өкілдерінің саны әр жыл сайын төмендегідей мөлшерде қысқарып отырды. 2008 жылы – 2040, 2009 жылы – 1678, 2010 жылы – 1430, 2011 жылы – 1287, 2013 жылы – 1101 адам болды деген сөз жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері қызметінің тиімділігі деңгейі төмен екендігін көрсетеді. 

Мемлекеттік білім грантына ие бола алмаған немесе қаржылық  жағдайының қиындығына байланысты жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсе алмаған дайындық факультетінің тыңдаушылары   колледждерде, кәсіптік лицейлерде неге оқи алмайды. Ол үшін  оларды дайындап, бейімдеу керек. Бұл істе Министрлік қатаң талап қоюы керек жоғары оқу орындарының басшыларына!

Біздің көзқарасымыз бойынша, дайындық бөлімдерінің міндеті – шетелдік қазақ жастарын ана тілінде кириллицамен оқып жаза білуге үйрету, Қазақстан тарихының негіздерін түсіндіру, қазақ тілін терең білуге баулу, олардың жалпы білім төңірегіндегі дайындық деңгейін көтеру, тек жоғары оқу орындарында ғана емес, колледждерде, кәсіптік лицейлерде оқуын жалғастыруы, әлеуметтік жағынан бейімделуі  үшін жағдай жасау, техникалық, медициналық, ауылшарушылығы, педагогтық, және т.б. мамандықтар жөнінде мектептен кейінгі білім беру. Сондықтан, жоғары оқу орындары өз дайындық бөлімдері тыңдаушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу қажет.

Қазақ диаспораларын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешенді құралдармен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспейді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарлау Департаментінің ақпараты бойынша, 2011-2012 жылы әлемнің 13 еліндегі қазақ диаспораларына 41325 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кешенін жөнелту белгіленіп отыр. Бұл жөніндегі сұраныстар мөлшері қалай жинақталды, кітаптарды жеткізу-жөнелту жұмыстары қалай қадағаланбақ? Бұл басылымдарды дайындау барысында қазақ жазбасында үш түрлі әліпбидің болуы қаншалық ескерілген?  Біз бұл сауалдарға жауап ала алмадық.

Қауымдастық әлемнің 40 еліндегі қазақ диаспораларымен 1992 жылдан бері тығыз байланыс жасасып келе жатқандықтан, диаспора ерекшеліктері мен мұқтаждықтарын жақсы білетіндіктен, біздің ұйымның іс-тәжірибесін пайдаланған тиімді болар еді. Өкінішке орай соңғы жылдары министрлік бұл басылымдарға байланысты тапсырыстарды қазақ диаспораларына, олардың проблемаларына еш қатысы жоқ мекемелерге беруді әдетке айналдырды.

Дайындық бөлімдерінің жұмысын жаңаша түрде  ұйымдастыру қажеттігі туындауда. Бұл үшін 2010 жылдың 2 қазаны күні ҚР Білім және ғылым министрінің №442 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында дайындық бөлімдері қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік кепілдемелерге» өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет.

Біз ҚР Білім және ғылым министрлігіне қазақ диаспоралары жастары үшін қазақ тілінен өткізілетін жазбаша емтиханды ауызша әңгімелесуге ауыстыруды, дайындық бөлімдерінің жұмыс жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгертуді, қайта бекітуді ұсындық.

Жоғарыда айтылғандай, тыңдаушылар дайындау мәселелерімен әртүрлі аймақтардағы 14 жоғары оқу орны айналысатыны белгілі. Барлығы дерлік сын көтереді деу қисынға келмейді. Біздің ойымызша, республика көлемінде  түрлі елдерден келетін тыңдаушыларды топтастырып бір ғана жоғары оқу орны базасы негізінде дайындаған жөн. Кадрлар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, материалдық-техникалық база көп шашырамайды. Ол – әл-Фараби атындағы КазҰУ бола ма, әлде Ясауи ат. Қазақ-Түрік университеті бола ма, бұл мәселені ақылдасып шешсе деп есептейміз. Мыс: ҚазҰУ қалашығында барлық мүмкіндік бар, тәжірибесі де молОның үстіне жастардың әлеуметтік жағынан бейімделуі  үлкен ортада жүргізілгені дұрыс сияқты.

Тиісті материалдық-техникалық базасы, тұрмысқа қолайлы жатақханалары жоқ, кадрлары тапшы жекеменшік оқу орындарында қазақ диаспорасы жастарын дайындық бөліміне қабылдау тәжірибесін тоқтататын кез келді. Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ диаспорасы өкілдерін студенттер қатарынан  шығаруға жол бермеу жайын қатаң бақылауға алғаны дұрыс. Олардың оқуға бейімделуі үшін арнайы көмек жасау, бұл іске  шетелден оқу бітіріп келген мамандарды тарту керек.

Әр жыл сайын мектеп бітірушілерден 10 000 бала Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсе алмай, жұмыссыз қалады екен. Осы санға қазақ диаспорасының дайындық бөлімдерін бітіріп, оқуға түсе алмағандарды қосыңыз. Міне, осындай балаларды белгілі бір кәсіпке баулитын кәсіптік техникалық училищеге, колледжерге қабылдап, кәсіптік білім беру қажет.

Қазақстанмен шекаралас аймақ жастарын оқытатын филиалдар ашу жөніндегі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәжірибесі көңіл аударарлықтай. Университеттің Моңғолия жастарымен жұмыс істеу жөніндегі жақсы тәжірибесін ескере отырып, осы оқу орнының Баян-Өлгийдегі филиалына бөлінетін мемлекеттік гранттарды көбейткен жөн деп санаймыз. Осы филиалдың өзінде-ақ мамандық беретін топтар ашуға болады деп ойлаймын.

Шекаралас аймақтардағы колледждер жанынан қазақ диаспорасы өкілдері мен оралмандарға арналған арнайы бөлімдер ашудың маңызы зор. Бұл ретте қалалық, облыстық әкімшіліктердің  мүмкіндіктерін пайдаланған артық емес.

Биыл дайындық бөліміне оқуға түскен  13 баланың оқу визасы болмауына байланысты ҚХР-ға кеткен, ол жақтан әлі виза ала алмауда. Кейбірі осы жақта жүргенде тіркеу уақытын өткізіп алып, әкімшілік айыппұл төлеген екен. Ол адам да ҚХР-ға барып Қазақстанға қайта кіретін виза аштырайын десе, «әкімшілік айыппұл төлеген екенсіз, Сізге бір жылға дейін виза берілмейді» депті.

Тұрақты тіркеуі бар немесе «ықтиярхат» алған балалар жатақханаға тұра алмайтын жағдайда. Міне, бұл мәселені Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон комитеті бірлесіп, мәселені жоғары жаққа түсінікті етіп, қандай қиыншылықтар жыл сайын кездесіп отырғандықтарын дәлелмен келтіріп, шешулері керек.

Біздің ойымызша, қазақ диаспорасы  жастары мен оралмандар қатарынан колледждерде дайындалатын мамандарға байланысты мемлекеттік тапсырысты бөліп көрсеткен жөн. Министрлік өз бұйрығымен, немесе Үкімет қаулысымен бұл мәселені шешу керек.

Білім және ғылым министрлігінің қазақтар шоғырланып тұратын аймақтарда құжаттар және емтихан қабылдау жөніндегі көшпелі комиссиялар ұйымдастыру тәжірибесі өзін-өзі ақтады. Бұл іске Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының атсалысуы оң нәтиже берер еді. Көшпелі комиссияны Өзбекстан, Түркіменстан, Моңғолия, Иран елдерінде де ұйымдастыру қажет, мұның өзі қазақ жастарының елге келуін, жоғары оқу орындары мен колледждерге, дайындық бөлімдеріне түсуін айтарлықтай жеңілдетері даусыз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайында сөйлеген сөзінде айтылған білім беру саласына қатысты тікелей маңызды жайтты еске ала кеткім келеді. Ол ең алдымен жастарға қатысты. Президент жастарды оқуға шақыруды олардың тарихи Отанға бет бұруына жол ашатын маңызды шара деп біледі. Елбасы: «Біз әлемдегі барша қазақ жастарының сапалы білім алуына тиісті жағдай жасауымыз қажет»,  деді. Осыған байланысты жастармен жүйелі түрде жұмыс істеу – бүгінгі күн талабы екенін естен шығармауымыз керек.

Дайындық бөлімдері проблемаларына арналған дөңгелек үстел өткізу әбден толғағы жеткен мәселе. Қазіргі кезең түбегейлі өзгерістер жасауды қажет етеді. Өз тарапымнан аталмыш дөңгелек үстел материалдарының жинағын кітапша етіп шығарып, таратуға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы әзір екендігін айтқым келеді.

Біздің қауымдастық осы дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың бірі ретінде оның қорытындылары Республика Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың шетелдік қандастарымыздың елімізде сапалы білім алуына қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруға ықпал ететіндігіне сенеді. Диаспора өкілдерінің қазақы менталитетті, тілді сақтауға келгенде Қазақстан Республикасынан өзге орталығы, өзге сүйенері жоқ. Қазақстандық министрліктер мен ведомстволардан нақты көмек күтіп отырған диаспора өкілдерінің тағдырына деген алаңдаушылық сезімі біздің әрқайсымыздың да бойымызда өшпейді, қайта жанданып,үлес қосуына қолдан келген көмектерін береді деп сенім білдіреміз.

Жалпы, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен орта мектептеріне оқуға келген, оқып жүрген қазақ диаспорасы өкілдерінің, оралмандардың мәселелерімен ҚР Білім және ғылым, Сыртқы істер, Мәдениет, Ақпарат және байланыс,  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрліктері, Көші-қон полициясы комитеті мен басқа да ведомстволар ұдайы айналасуға, өздеріне қатысты проблемаларды уақытылы шешіп отыруға тиіс деп есептеймін.

Бүгінгі дөңгелек үстелде баяндамашылар түрлі ұсыныстар айтып, шешілмей жатқан проблемаларды көтереді деп ойлаймын.

Осы жиынға қатысып отырған министрлік өкілдері бүгінгі көтерілген мәселелерге нақты жауап беретін шығар, айтылатын ұсыныстар министрліктерге, Үкіметке, Президент әкімшілігіне жіберілетін болады.

Мамашев Талғат Асылұлы

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Төрағасының бірінші орынбасары,

«Туған тіл» еларалық қоғамдық-саяси,

әдеби-ғылыми альманағының бас редакторы (Алматы қ.)


толығырақ

Алтайдан Алатауға созылып жатқан ұлан байтақ даланың иесі болған қазақ халқы өзінің басынан өткен қилы тағдырында қаншама тауқыметті басынан кешіргенін білесіздер. Тамыр тарихы әріге кететін осынау сайын даланың сәйгүліктері өз еліне ғасырлар бойы көз алартқан көршілерімен жағаласа жүріп бүгінгі ХХІ ғасырға да табан тіреді. Бүгінге дейін жеткені көп болғанымен, жоғалтқаны да аз емес. Соның ішінде жаныңды ауыртып, жүрегіңді сыздататыны – шетелдегі қазақтар тағдыры. Ұзын саны 5 миллионнан асатын қарагөз бауырларымыздың жер бетіндегі көптеген мемлекеттерде тарыдай шашылып жүргені ақиқат.

Алайда, тағдыр тәлкегімен аласапыранда адасып кеткен қандастарымыз сол жақта өзінше өркен жайып, тамырын тереңге тарта бастағаны да көңіл қуантады. Алды бірнеше ғасырдан бері өзге елді мекендейтін ағайындарымыз әлі де өзінің тілі мен дәстүрін, салты мен санасын қаймағын бұзбастан сақтап отыр. Ендігі олардың жалғыз арманы – Атажұрт. Қазына кеуделі қарттар мен ақжаулықты әжелер «атажұрттың топырағы бұйыртса екен» десе, ал кейінгі буын жас ұрпақтар атажұртқа барып білім алуды, ата жұртта өмір кешуді армандауда.

Егемендігімізді алғаннан бергі Елбасымыздың салиқалы саясаттарының бірі және бірегейі – осы шет елдегі қандастарымызды өз отанына шоғырландыру болатын-ды. Бұл мақсаттың төңірегінде өткен жиырма екі жылдың ішінде атқарылған қыруар жұмыстардың өздеріңіз куәгері болдыңыздар. Оның барлығын атап айтып жатуға уақытымыз да жетпес.

Біздің бүгінгі қарастырып отырған өзекті тақырыбымыз, әрине, асқақ арманның жетегінде атажұртқа келіп білім алып, ғұмырын жалғап жүрген жастарымыздың толғандырар мәселесі.

Шетелдегі қандас бауырларымыздың елде оқып білім алуына ерекше ықпал етіп, жоғарғы және арнайы оқу орындарына түсуіне үлкен септігін тигізуші бірден-бір күш – Елбасының тапсырмасымен ­­Қазақстанның әр қалаларында ашылған «Дайындық бөлімдері» екендігін атап айтқымыз келеді.

Солардың ішінде 80 жылдық тарихы бар, бұрынғы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында шет елдегі қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандарды кешенді тестілеуге даярлау үшін дайындық бөлімі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 54, 2009 жылдың 11 наурыз рұқсат беру шешімі бойынша ашылды. Биылғы жылы Үкімет шешімімен институт ұжымы оңтайландыру нәтижесінде Республикадағы іргелі оқу орындардың бірі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің құрамына енді.

Қазақстанның рухани астанасы, Алаш ордасы, Ұлылар мекені – Семейде дайындық бөлімінің ашылуы шет елдегі қазақ диаспорасы тарапынан үлкен қолдау тапты. Ашылған жылдардан бері Семейдегі дайындық бөлімімен Ресей, Қытай Халық Республикасы, Монғолиядағы қандастарымызбен тығыз байланыс орнатылды. Себебі географиялық жағынан алсақ, Шығыс өңірі осы мемлекеттердің шекарасына жақын орналасуы осы қарым-қатынастардың жандануына әсерін тигізбеуі мүмкін емес еді. Екінші бір қыры, Семей өңіріндегі қазақ диаспорасының мол шоғырлануынан ба дейміз. Қысқасы, қаламыздағы дайындық бөлімімен Ресейдің Қосағаш, Қытайдың Үрімжі, Алтай, Тарбағатай, Шәуешек, Монғолияның Баян-Өлгей аймақтарының әкімшілік басшылары, оқу бөлімдерімен тығыз байланыстар орнатылып, жыл сайын бөлінетін мемлекеттік грант бойынша тыңдаушылар қабылдануда.

Тыңдаушыларының жыл сайынғы оқуға түсу көрсеткіші 80-85 пайызды құрайды. Олар Семейдегі және ҚР жоғары және арнайы оқу орындарында оқып, білім алуда.

Тыңдаушыларға білікті маман-ұстаздар мен университеттің оқытушы-ғалымдары дәріс оқиды.

Сондай-ақ, университет ұжымы тарапынан тыңдаушыларға қосымша курстар жүргізіліп, өнерге, спортқа, ақындыққа, әдебиетке бейім жастарға үлкен қолдау көрсетілуде.

Ашылғанына небәрі 4 жылдан асса да бұл жердің де өзіндік ерекшеліктері толып жатыр. Елім деп еңселері көтеріле шекарадан өткен қарагөз қандастарымыз Семей өңірі, Ұлы бабаларымыздың топырағына келгеніне дән риза. Есігінен енсе қазақ иісі бұрқырап тұратын бұл бөлімге келгендер де үлкен әсермен қайтады. Сабақ беретін ұстаздар да өзінің туғандарындай құшақ айқастыра араласып кеткені көңілге қуаныш ұялатады. Бабаларымыз бейне бір-біріне деген сан жылдар бойғы сағынышын осы балалар арқылы жалғап жатқандай.   

Университет басшылығы Дайындық бөліміне ерекше көңіл бөліп, барынша жағдай жасауда. Бұл жайды естіп-біліп, құлақ қағыс болған шетелдегі ағайын-туыстарымыз да осы ақ жол арқылы атажұртқа табан тіреуге асық. Бұл бағытымыздан ажырамасақ – жер бетіндегі иісі қазақтың  ұрпақтары әлі-ақ көк тудың астына жиналатын күніміз алыс емес екені айдан анық.

           Т.М. Иманжапар

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік

 Университеті дайындық бөлімінің

меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент

толығырақ

     Білім адамзаттың басты құндылығы. Әсіресе, ХХІ ғасырда тиісті білім мен кәсіби біліктілік болмаса, қай істе де жетістікке жету мүмкін емес. Сондықтан елімізде білім саласын жетілдіруге бағытталған реформалар жүйелі әрі қарқынды түрде жүргізілуде. Басқа салалар секілді педагогикалық мамандықтар бойынша кадр даярлау ісіне де ерекше назар аударылып келеді. Соның бір айғағы ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының қайта құрылғанын атауға болады. Тарихы сонау 1937 жылдан басталатын бұл оқу ордасы өңірдегі жоғары білім беру ісінің қарашаңырағы болып есептеледі. Тәуелсіздік жылдарында әртүлі кезеңдерді бастан өткізген институттың қайта қалпына келуі үлкен оқиға деп есептеймін. Өйткені, Оңтүстік өңірде жыл сайын шамамен 75-80 мың сәби дүниеге келеді. Яғни, республикадағы әрбір бесінші бала осы облыста туылады деген сөз. Осыған байланысты облыста мыңнан астам орта мектеп жұмыс істейді. Бұл көрсеткіштер жылдан жылға артып келеді. Осының бәрін есепке алсақ, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, ата дәстүріміз бен асыл дініміздің мәйегі сақталған Оңтүстік өңірдегі жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу ісі үлкен маңызға ие. Сондықтан облыс білікті мұғалімдерге қашанда зәру. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты осы қажеттілікті қанағаттандырып отыратын бірден-бір білім ордасы десек қателеспейміз. Дегенмен, ОҚМПИ тек облыс жастарын оқытумен шектеліп қалмақ емес. Институтта «Жоғары оқу орны алды дайындық» бөлімінің ашылуы сөзіміздің дәлелі. Бөлім шетелдегі қазақ балаларының елімізде оқуына жағдай жасауды көздейді. Енді осы тұста шетелдердегі қазақ балаларын елімізге шақырып, оқытудың қаншалықты маңызды екеніне тоқталып өтсек. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен салиқалы саясатының арқасында тағдырдың айдауымен шекара асып, жат жерге қоныс аударуға мәжбүр болған қандастарымыз тарихи Отанына, атажұртына келуге зор мүмкінік алды. Ата-бабасының туған топырағына оралу шетте жүрген әрбір қазақ баласы үшін зор қуаныш, үлкен бақыт екені анық. Елбасы саясатының жемісі ретінде Тәуелсіздіктің алғашқы жиырма жылында елімізге 1 миллион қаракөз қандастарымыздың оралуын айтуға болады. Атажұртқа оралғандардың жаңа қоғамға бейімделуінде кейбір кедергілер мен қиындықтар болғанымен, олар да жас әрі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосуда. Ел арасында ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғыртып, ұлттық мәдениет пен өнеріміздің қайта түлеуіне, руханиятымыздың кемелденуіне, экономиканың дамуына үлкен үлес қосты. Ең бастысы шетелден оралған қазақтар елдегі демографиялық ахуалға қатты әсер етті. ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында елдегі қазақтардың үлесі 40 пайыздан сәл ғана асса, бүгінде бұл көрсеткіш 65 пайызды құрап отыр. Мемлекет құраушы ұлттың елде көпшілікке айналуы мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне, жалпы ұлттық мүддеміздің ұшпаққа шығуына жол ашты.

     Дегенмен, өкінішке қарай, соңғы жылдары сол бір ұлы көштің, нұрлы көштің саябырсып қалғаны көзге көрініп-ақ тұр. Ал шет елдерде әлі де 5миллионға тарта қазақ өмір сүріп жатқаны туралы деректер бар. Бұл мына жаһандану заманында мемлекетіміз бен ұлтымыздың зор әлеуеті. Халықаралық қарым-қатынастардағы кедергілер мен мәселенің экономикалық аспектілері шет елдердегі қазақ отбасыларын жаппай көшіріп алуға мүмкіндік бермейтіні түсінікті. Осы орайда шет елдердегі қандастарымызды елге тартудың бірден-бір тиімді жолы шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанда жоғары білім алуға шақыру.

    Қазір әр мемлекеттегі білім беру стандарттары әр түрлі екені белгілі. Сол себепті өзге елде орта білім алған талапкерлер бірден біздегі жоғары оқу орындарына түсіп кете алмайды. Міне, осы тұста біздің жоғарғы оқу орны алды дайындық бөлімінің көмегі керек болады. Институт қабырғасында ашылған бұл бөлім шәкірттерді жоғары оқуға дайындап қана қоймай, жаңа қоғамға бейімдеуге ықпал етеді. Бұл жастар күні ертең білікті де білімді мамандарға, ең бастысы отансүйгіш азаматтарға айналып Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосып жатса мақсатымыздың орындалғаны.

САДЫҚОВ ТӨЛЕП ҚҰРБАНБАЙҰЛЫ 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

Жоғары оқу орнына алды дайындық бөлімінің бастығы (Шымкент қ.)


 

толығырақ

«Мы должны создать условия для получения качественного образования  в Казахстане казахской молодежью, проживающей в разных странах мира», – так обозначил свою позицию перед делегатами IV Всемирного Курултая казахов Президент РК, Председатель Всемирной Ассоциации казахов Н.А. Назарбаев. В новом Законе РК «О миграции населения» 2011 года впервые отдельно выделена глава «Иммиграция с целью получения образования», которая имеет прямое отношение к казахской диаспоре.

   В 2013 г. Государственный секретарь РК М.М. Тажин принял Первого заместителя Председателя Всемирной Ассоциации казахов Т.А. Мамашева. Состоялся обстоятельный обмен мнениями по актуальным вопросам жизнедеятельности казахской диаспоры и при поддержке Государственного секретаря РК был создан Совет по проблемам развития связей с казахской диаспорой, в состав которого вошли руководители министерств и ведомств, имеющих отношение к государственной политике в области миграции населения. Первое заседание Совета по проблемам развития связей с казахской диаспорой состоялось 11 июня 2013 г. под председательством заместителя Руководителя Администрации Президента РК Б.А. Майлыбаева, на котором были озвучены многие острые проблемы казахской диаспоры, но большой блок проблем замыкался именно в образовательную сферу.

Действительно, проблема образования затрагивает интересы и судьбы казахской молодежи, а значит и всецело казахского народа, разделенного государственными границами и разными системами образования, в которых не всегда находится достойное место для казахского языка. На наш взгляд, уполномоченные государственные органы в своей работе недостаточно четко  ориентируются в ситуации и  не учитывают объективные условия жизнедеятельности этнических казахов за рубежом, и в первую очередь, касательно образования, наличие или отсутствие  казахских школ в местах компактного проживания казахов.

   Достаточно сказать, что в Российской Федерации функционируют всего две школы с казахским языком обучения по всем предметам, но с  небольшой численностью учащихся, порядка  60-70 человек. Это в аулах Керей и Байгамут Алтайского края, который граничит с Павлодарской областью РК.  Однако выпускники этих школ сдают итоговые экзамены  в России на русском языке, а обладатели серебряной медали (золотая медаль им не положена) не имеют льгот в Казахстане при поступлении в учебные заведения. Казахский язык и литература изучаются также в восьми средних, двух общих и двух начальных школах Кош-Агачского района Республики Алтай РФ. Из 3405 учащихся здесь, 2000 – казахи. В школах работают 33 педагога с казахстанскими дипломами. В остальных  приграничных областях РФ в лучшем случае на общественных началах открыты факультативы казахского языка. Так, по состоянию на 31 октября 2013 года преподавание казахского языка в качестве этнокультурного компонента (предмета) осуществляется в 18 школах Омской области и трех школах города Омска  с общим числом учащихся  всего около 1,5 тыс. человек.

В Китае, Узбекистане, Монголии, где также  компактно проживают казахи, четко проявляется тенденция внедрения языка титульной нации и перевода основных предметов старших классов с казахского языка. Например, в Китае объединение казахских аулов привело к сокращению национальных школ (осталось более 600) и их педагогического коллектива. К тому же последствия политики контроля за рождаемостью отрицательно сказались на  общей численности казахов и переводе полноценных ранее  школ в разряд малокомплектных. До реформы  образования преподавание китайского языка в казахских школах осуществлялось с 7-го класса, сейчас – с 3-го класса. На казахском языке написаны авторами только учебники по казахскому языку и казахской литературе, остальные учебники переведены с китайского на казахский язык. Фрагменты истории казахского народа, как и впрочем истории всех 55 национальных меньшинств Китая, в учебниках  по истории Китая отсутствуют. Селективный отбор детей казахов в завершающие классы школ с китайским языком обучения  и вузы внутренних провинций практикуется уже несколько лет, что отрывает подрастающее поколение от благотворного влияния семьи, национальной культуры и родного языка. Поэтому письменность, язык и формирование мировоззрения казахской молодежи Китая базируются на китайском языке и родители бьют тревогу по поводу языковой ассимиляции. Информационный голод на казахском языке для казахской молодежи чувствуется здесь во всем.

Если в Узбекистане еще функционируют более 300 казахских школ, численность которых  постепенно сокращается (2011 году было более 500),  то в Туркменистане все казахские школы закрыты еще в конце 80-х годов прошлого века и дети казахов, в зависимости от городской или сельской прописки, посещают школы с русским или туркменским языком обучения.

Казахи внутренних районов Монголии имеют возможность обучаться  только на монгольском языке, поэтому выпускники этих школ не владеют устным и письменным казахским языком. Аналогичная ситуация с казахским языком среди казахов Кыргызстана, Таджикистана, России, Ирана, Турции и европейских стран. Если казахи стран СНГ еще понимают русский язык, то казахи Китая, Монголии, Ирана, Турции и  европейских стран этот язык не изучали. В тоже время предлагаемые в Казахстане на экзаменах  билеты на казахском языке на основе кириллице им также не доступны. Сдача экзаменов по математике и казахскому языку на подготовительное отделение идет в присутствии переводчика, что подвергает экзаменуемого стрессу, неэффективно тратится время, отведенное на экзамен. В виду этого наша Ассоциация предлагала Министерству образования и науки РК  отменить экзамены, тем более, что за последние три года идет недобор и по существу срывается государственный заказ, не осваиваются бюджетные средства, выделенные правительством РК.

   Особо следует подчеркнуть, что в  зависимости от страны проживания казахи мира различаются и по алфавиту родного языка. Казахи Турции, Европы, и Туркменистана пользуются латиницей, а казахи Китая – арабской вязью. Хотя в казахских школах Узбекистана до сих пор используются учебники на кириллице, но в обществе осуществлен перевод узбекского языка на латиницу, поэтому двери вузов и колледжей для детей казахов по существу закрыты, ибо вступительные экзамены и обучение осуществляется только на узбекском языке.

 Кроме того, следует учитывать и то обстоятельство, что в разных странах отличается школьная программа, особенно по математике, то есть более сложная  казахстанская программа, поэтому на вступительных экзаменах в Казахстане представители диаспоры получают низкие баллы. Анализ зарубежных учебников для казахской диаспоры, по моим сведениям, произвела лишь С.А. Нургалиева из Восточно-Казахстанского государственного университета имени С. Аманжолова при подготовке кандидасткой диссертации  на тему «Педагогические условия подготовки оралманов к успешной адаптации для обучения в Казахстане» [1]

До распада СССР казахские  школы России, Узбекистана, Монголии, Туркменистана  работали по учебной программе, которая разрабатывалась  казахстанскими педагогами и утверждалась  Министерством образования Казахской ССР. За рубеж  централизованно направлялись учебники, учебно-методические пособия, художественная и научно-познавательная литература. Сейчас ситуация коренным образом изменилась.

С 1993 года открыты подготовительные отделения при вузах Казахстана, инициатором создания которых выступила тогда Всемирная Ассоциация казахов. На наш взгляд, задача и назначение  подготовительных отделений: научить читать и писать зарубежных казахов на родном языке, дать азы знаний по истории Казахстана, углубить знание казахского языка, повысить их уровень общеобразовательной подготовки,  создать условия для социальной адаптации и продолжения образования. Поэтому так важна со стороны казахстанского вуза профориентационная работа среди слушателей подготовительного отделения.

В 2012 г. были зачислены 1237 казахов из Узбекистана, Монголии, Китая, Великобритании, Ирана, Кыргызстана, России, Таджикистана на подготовительные отделения вузов РК. 14 сентября 2013 г. зарубежная казахская молодежь и  оралманы, не получившие  гражданство Казахстана, сдавали экзамены на подготовительные отделения вузов РК, для которых правительство РК выделило 1400 мест по госзаказу. На государственный грант зачислен 1101 человек из девяти стран ближнего и дальнего зарубежья, в том числе 557 - из Узбекистана, 282 - из КНР, 186 - из Монголии, 17 - из Туркменистана, 10 - из Кыргызстана, два - из России, а также 42 оралмана из Китая, не получившие еще гражданства РК. Среди слушателей есть также казахи из Австрии, Турции и впервые - из Иордании.

Учеба казахской молодежи на подготовительных отделениях вузов РК - это еще одно проявление политики поддержки казахской диаспоры, провозглашенной Главой государства еще на заре становления независимости нашей страны.

Право обучать иностранных граждан по государственному заказу получили в 2013 г. КазНУ им. аль-Фараби (г. Алматы), Международный казахско-турецкий университет им. Х.А. Яссави (г. Туркестан), Восточно-Казахстанский государственный университет им. С. Аманжолова (г. Усть-Каменогорск), Семипалатинский госуниверситет им. Шакарима (г. Семей), Карагандинский государственный университет им. Е.А. Букетова, Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати, Южно-Казахстанский государственный университет им. М.О. Ауэзова (г. Шымкент), Западно-Казахстанский аграрно-технический университет им. Жангир хана (г. Уральск), Южно-Казахстанский государственный педагогический институт (г. Шымкент) и Университет Сырдария (г. Жетысай).

Автор статьи на протяжении последних трех лет участвует в работе Республиканской комиссии Министерства образования и науки РК по приему представителей казахской диаспоры и оралманов на подготовительные отделения. Два года подряд нет явки на заседание комиссии представителя Министерства иностранных дел Республики Казахстан, хотя возникают вопросы по учебным визам и передачи документов зарубежных казахов в МОН, несвоевременного открытия въездных виз в Казахстан для казахской молодежи Китая и европейских стран, что, по существу сорвало в 2012 году зачисление 7 слушателей. Лишь личное вмешательство Министра образования и науки РК через шесть месяцев после начала занятий позволило решить вопрос об  учебе двух  юношей из Лондона.

Есть факты 2013 года, когда поступившие слушатели обратились в нашу Ассоциацию, что  вынуждены отказаться от гранта в связи с наличием у них постоянной прописки и вида на жительство иностранца в Казахстане, что не позволяет им получить место в обжежитии. Нередко, когда миграционные службы наказывают вузы  и абитуриентов непосильными штрафами. Некоторые абитуриенты из Китая предприняли меры по самостоятельной сдаче вступительных экзаменов напрямую в вузы. Например, Ж.Б. сдавала экзамены  21 июля т.г. в ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, но ее   виза закончилась на следующий день, 22 июля и до Урумчи из Астаны за сутки можно долететь только самолетом, если есть рейс по расписанию. Приемная комиссия КазНУ не обратила внимание на дату окончания визы Ж.Б. и допустила ее в сентябре т.г. к сдаче вступительных экзаменов на подготовительное отделение. В итоге незнание Закона РК, кириллицы обратилось для абитуриента из Китая судом г. Талгара. В этот же день, 16 октября т.г. к суду по административной части, с арестом на сутки, были привлечены еще 2 девушки из Китая. У некоторых абитуриентов из Китая, ожидавших зачисление на подкурсы, визы были действительны до 30 сентября т.г. И в отличие от казахов европейских (визовых)  стран, которые могут выехать в Кыргызстан и продлить там визу через Посольство РК в КР, такой возможностью вновь не обладают казахи из Китая.

На сегодняшний день  сложилась критическая ситуация: 14 слушателей подготовительных отделений, поступивших по приказу МОН РК, не могут получить визы из Китая и приступить к занятиям, ибо вторично, по информации сотрудников паспортно-визовой службы в Урумчи, виза открывается в Казахстан в течение шести месяцев, а если наложен штраф в РК, имеется решение суда о допущенном административном нарушении, соответствующая отметка в паспорте, то виза вообще не полагается. Только за последнюю неделю в Ассоциацию с такими документами обратились родители и родственники детей, ожидающих визы в Урумчи.  На сайте МИД РК невозможно найти информацию о порядке выдачи, продления виз иностранным гражданам, в том числе представителям зарубежной казахской диаспоры. Отсутствие визы между Казахстаном и Монголией также не решает проблемы слушателей подготовительных отделений, ибо таким обучающимся, по информации вузов, надо выезжать из Казахстана через три месяца.

Из года в год прерывается практика проведения вступительных экзаменов за рубежом в районах компактного проживания казахской диаспоры со стороны Министерства образования и науки РК. По настоянию Ассоциации в 2012 и 2013 годах  лишь в Монголии проведена министерством такая работа. Возможно, следует закрепить за вузами страны компактного проживания казахской диаспоры (в первую очередь, Монголия, Узбекистан, Россия)?

В течение 20-ти лет функционирования  подготовительных отделений  молодежь казахской диаспоры ориентируют на получение высшего профессионального образования. Однако практика показывает недостаточную эффективность подготовительных курсов, функционирующих девять месяцев. Если в 2004/2005 учебном году слушатели подготовительного факультета КазНУ имени аль-Фараби демонстрировали высокую поступаемость (82,5 процента), то в последние три года уровень поступаемости в вузы Казахстана снизился. В целом, по республике в среднем 50 процентов претендентов из числа зарубежной казахской диаспоры получают государственный образовательный грант:

в 2008 году – 1973 человека (по общему конкурсу – 1364, по 2%-ной квоте – 609);

 в 2009 году – 1413 (787 – по общему конкурсу, 626  – по 2%-ной квоте;

в 2010 году – 1355 (725 – по общему конкурсу, 630 – по 2%-ной квоте.

По данным на май 2011 года в отечественных вузах обучались 3103 студента из числа казахской диаспоры. Следует отметить, что среди них наибольшее количество обладателей грантов приходится на Китай, Узбекистан и Монголию.  Именно на эти страны необходимо обратить внимание МОН и вузам при наборе слушателей.

Слушатели подготовительных отделений за свой счет  оплачивают общежития, что по наблюдениям Ассоциации накладно для многих казахских семей из Монголии, Узбекистана и других стран. К тому же размер стипендии меньше, чем у казахстанского студента, или слушателя неказахской национальности из Афганистана. Надо поставить  перед МОН и вузами вопрос бесплатного предоставления общежития и повышения стипендии слушателям подкурсов из числа казахской зарубежной молодежи до уровня стипендии казахстанских студентов.

Слушатели подготовительных факультетов, не получившие государственный образовательный грант и не поступившие на платное отделение вуза из-за финансовой несостоятельности, как правило, не продолжают образование в колледжах, профессиональных лицеях. Одна из причин, отсутствие  профориентационной работы среди них во время обучения на подготовительном факультете вуза. Всемирная Ассоциация казахов считает целесообразным внести  в дорожную карту эту уязвимую категорию слушателей, как врочем и 10 тысяч казахстанских школьников, которые ежегодно остаются за бортом послешкольного образования, то есть необходимо добиться  выделения финансирования на продолжение их обучения.

Недостаточно информационной и разъяснительной работы и со стороны заграничных учреждений Министерства иностранных дел РК. Информационные письма МОН РК и приказы МОН РК в 2012 году затерялись в канцелярской переписке, пришлось нашей Ассоциации неоднократно звонить  сотрудникам загранучреждений и даже перенаправить в августе (уже на завершающей стадии приема)  материалы МОН, в том числе и Комитету миграционной полиции тогда еще при МВД РК. По существу МИД РК в 2012 году сорвал выдачу виз из Китая и Англии, дети приехали позже экзаменов. Из Китая опоздали на 3 дня и эти потенциальные абитуриенты не были зачислены по формальным признакам, хотя можно было бы со стороны МОН РК организовать дополнительный прием, тем более, что время до 1 октября было  порядка семи  дней.

Сайты Министерства образования и науки Республики Казахстан и вузов, имеющих в своей структуре подготовительные отделения, дают в лучшем случае лишь  общую информацию о наличии подготовительного факультета для иностранных граждан.

Наша Ассоциация предлагала внести изменения и дополнения в «Методические рекомендации об организации деятельности подготовительных отделений высших учебных заведений Республики Казахстан», утвержденные приказом и.о. Министра образования и науки РК  № 442 от 2 октября 2010 года, однако  согласия или аргументированного отказа от МОН не получено.

Необходимо поддержать и распространить среди вузов Казахстана  опыт Восточно-Казахстанского государственного университета имени С. Аманжолова  по открытию филиалов вузов в пограничных с Казахстаном районах для подготовки кадров из числа зарубежной казахской молодежи, в том числе за счет грантов самих вузов (в вузах любят ссылаться, что гранты такие не положены. Но такие гранты никто и не запрещал!). Учитывая, что ежегодно более 1000 детей казахов оканчивают школы в Монголии, следует открыть в Баян-Ульгейском аймаке подфак при ВКГУ имени С. Аманжолова с целевым финансированием от МОН РК.

Следует, на наш взгляд, контролировать не допущения государственными и частными вузами, колледжами фактов исключения из списка студентов - представителей казахской диаспоры, оказывая им методическую помощь в усвоении учебного материала, закрепив шефство лучших педагогов и студентов.

Именно иммиграция с целью получения образования  молодежью казахской диаспоры рассматривалась на IV Всемирном курултае казахов Президентом Казахстана как уникальная возможность воссоединения этнических казахов с исторической родиной. Именно молодежь должна открыть дорогу старшему поколению диаспоры в Казахстан. Однако общее количество представителей казахской диаспоры, приезжающих в Казахстан для поступления в вузы, из года в год снижается: в 2008 г. – 2040 человек, в 2009 г. – 1678, в 2010 г. – 1430, в 2011 г. – 1287 человек, что подтверждает целесообразность проведения организационной работы с выездом в районы компактного проживания этнических казахов зарубежья. Нужен отдельный финансируемый Министерством образования и науки РК  конкурсный проект по набору слушателей на подготовительное отделение. При распределении государственного заказа со стороны МОН нужна поддержка только тем вузам, которые приняли конкретные меры по самостоятельному набору слушателей, а не перераспределять, как это было в 2012 году, слушателей в другие вузы, которые бездействовали в период набора.

В 2013 г. Всемирная Ассоциация казахов инициировала, как и в 2011 году, проведение регионального «круглого стола» по проблемам учебной и гражданской (социальной) адаптации представителей казахской диаспоры на подготовительных отделениях. Предварительно 27 сентября т.г. автор статьи составила вопросник, который был направлен вузам, в структуре которых функционируют подготовительные отделения. Так, первый раздел доклада «Учебная адаптация представителей казахской диаспоры» включал следующий блок вопросов: с какого года в Вашем вузе функционирует подготовительное отделение для представителей казахской диаспоры? С каких стран обучались представители казахской диаспоры? Как проходит набор слушателей (самотеком, организованно с выездом в районы проживания зарубежных казахов)? Задача и назначение подготовительных отделений. Заслушивает ли ректорат, Ученый Совет вуза (факультета) о деятельности подготовительного отделения? Какие решения были приняты? По каким вопросам деятельности подготовительных отделений Ваш вуз обращался в МОН РК, во Всемирную Ассоциацию казахов? Какой орган  и в какие сроки утверждает учебные программы и рабочие планы  подготовительных отделений? Эти планы – общереспубликанские или каждый вуз имеет собственный вариант? Как в учебном процессе учитываются особенности школьного образования за рубежом (в частности, незнание или слабое знание  зарубежными казахами родного языка, три письменности казахского языка, несовпадение программы по математике, незнание истории, географии, литературы  Казахстана)?   Примеры передового педагогического опыта; в чем особенности преподавания и изучения русского языка, английского языка? Какова  обеспеченность слушателей  учебниками (учебно-методическими комплексами)? Текущие задачи в профориентационной работе среди слушателей подготовительного отделения. Нацеливаете слушателей на получение только  высшего образования? Какова эффективность подготовительных отделений ( в динамике и выпуск  2013 года)? Сколько слушателей поступили в вузы РК (чел./% от общего числа слушателей данного вуза), в колледжи (чел./% от общего числа слушателей данного вуза). Имеете  ли сведения о слушателях, не поступивших в вузы и колледжи? Сколько слушателей выбрали ваш вуз для получения специальности?

   Во второй раздел доклада «Гражданская (социальная) адаптация представителей казахской диаспоры» были рекомендованы вопросы: какие меры  принимаются в вузе  для скорейшей гражданской (социальной) адаптации иностранных граждан казахской национальности? Есть ли примеры совместной работы вуза с органами миграционной службы, подачи документов на гражданство  Казахстана или вида на жительство в РК в период обучения в  вузе? Получают ли слушатели информацию о законах РК, в частности,  касательно гражданства РК, о миграции населения, об образовании и т.п. Если «да», то каким образом? Обеспечены ли общежития, в которых проживают  слушатели,  телевидением, радио, газетами, журналами, художественной литературой на казахском языке? Привлекаются ли слушатели в проведение республиканских праздников, акций по формированию казахстанского патриотизма, консолидации казахского народа? Какие мероприятия во внеурочное время воспитательного характера были инициированы  педагогами, самими слушателями? Какие факторы определяют эффективность гражданской (социальной) адаптации иностранных граждан казахской национальности?

Казахская диаспора ставит вопросы получения высшего и среднего профессионального образования молодежью за счет государственных грантов Казахстана, прохождения практики студентами, привлечения одаренной зарубежной молодежи в программу «Болашак», организации преподавания казахского языка, выделение квот для казахской молодежи на обучение в аспирантуре и докторантуре  (PhD) в университетах РК и зарубежных cтран, справедливо полагая, что образование является общим капиталом единой казахской нации, разделенной государственными границами. О том, что европейская казахская молодежь, ранее ориентированная на Турцию, благодаря целенаправленной работе Федерации   казахских культурных центров Европы  и нашей Ассоциации повернулась в сторону исторической Родины, свидетельствует, например,  факт приезда в Казахстан для изучения казахского языка, истории Казахстана только за последние два года 4 казахов из Англии и Австрии. 

    Наша страна является участником семи основных международных правозащитных договоров ООН, в том числе Международного пакта об экономических, социальных и культурных правах. И в своей практике государственные органы должны исходить из объективной ситуации: у 5-ти миллионной казахской диаспоры нет другого центра, опоры и надежды на сохранение казахского менталитета, родного языка, культуры, обычаев и традиций, кроме Республики Казахстан. Нас не покидает  тревога за судьбу нашей диаспоры, которая ждет качественного изменения государственного подхода к ее проблемам, системного решения, скоординированных действий министерств и ведомств РК,  учебных учреждений, реальной помощи от исторической Родины.

Литература

1 Нургалиева С.А. Педагогические условия подготовки оралманов к успешной адаптации для обучения в Казахстане : дис. … к. пед. н.: 13.00.01 / Восточно-Казахстанский государственный университет им. С. Аманжолова– Астана, 2008. –  147 с. – Инв. № 18280.

 

Балтабаева Кулгазира Нурановна,

кандидат исторических наук,

директор Аналитического центра

Всемирной Ассоциации казахов (г. Алматы)

толығырақ

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби, на подготовительном факультете для иностранных граждан, который ныне переименован в факультет довузовского образования, обучались и обучаются слушатели казахской диаспоры из разных стран, таких как Китай, Монголия, Турция, Саудовская Аравия, Франция, Латвия и др.

   Особенностью казахской диаспоры является то, что благодаря генам кочевой цивилизации казахи успешно адаптируются в любой стране мира. Это касается и слушателей нашего факультета, для которых характерно состояние внутренней мобилизации, что помогает адаптироваться к новым условиям жизни.

   Казахским национальным университетом регулярно проводятся исследования для выработки концептуальной модели обучения иностранных студентов, которые на определенное время становятся частью казахстанского социума. В этой связи вопросы, связанные с социальной адаптацией данной группы населения, являются значительными как для самих иностранных студентов, так и для вуза, в котором они обучаются.

   Студенческая жизнь для слушателей казахской диаспоры становится серьезным жизненным испытанием, поскольку они вынуждены не только осваивать новый вид деятельности – учебу в вузе, но и адаптироваться к новой культуре, климату, социально-бытовым условиям. Барьерами адаптационного процесса могут выступать такие факторы, как языковой барьер, мировоззрение, психологическое состояние, ограниченность информации, незнание культуры и традиций и др. Главным из них является языковой барьер. Незнание русского языка – основное препятствие в социальной адаптации. Разумеется, у слушателей казахской диаспоры есть основной язык общения – казахский, но следует учитывать то обстоятельство, что Казахстан – многонациональное государство, в котором наряду с государственным казахским языком параллельно используется русский язык для межнационального общения. Для представителей казахской диаспоры, владеющих также языком того государства, откуда они прибыли, проблемы изучения русского языка связаны со сложностью языка, не являющимся родственным родному языку. Большинство иностранных студентов приезжают на учебу в Казахстан с очень низким уровнем владения казахским языком, в связи с этим у них достаточно долго происходит формирование фонематического слуха и произносительных навыков.

   В процессе социальной адаптации студенты сталкиваются и с бытовыми трудностями: телевизоры и холодильники общего пользования, душ один на всех, часто нет холодной и горячей воды,  нет интернета, не лучшего качества постель. Нет хороших условий для приготовления пищи, а в точках общественного питания качество продукции оставляет желать лучшего и, что немаловажно, для слушателей казахской диаспоры, проживающих на стипендию, такое питание обходится достаточно дорого. У студентов отсутствуют навыки самостоятельного проживания, самообслуживания, распределения бюджета.

   В процессе социальной адаптации иностранных студентов существует и климатический барьер. Во многом это зависит от  сложных климатических условий в Казахстане: резкие перепады температуры, загазованность, высокая влажность в теплое время года, холодная зима, иногда с достаточно низкими температурами – выпускники нашего подготовительного факультета направляются для дальнейшего обучения в Астану, Караганду и другие регионы. Отрицательно сказывается на самочувствии смена часовых поясов. Все это влечет за собой ухудшение психологического состояния студентов, непреходящее чувство усталости, что в целом отражается на успеваемости.

   Высокая степень межэтнической толерантности, присущая Казахстану,  является положительным фактором, влияющим на успешность адаптации иностранных студентов. Однако есть проблемы личной безопасности, так как в нашем современном обществе существует достаточно высокий уровень преступности. Представители казахской диаспоры сталкиваются и с такими нелицеприятными фактами, как высокомерие, недоброжелательное отношение к ним населения, казахстанских властей в лице представителей миграционной полиции, таможенных служб и т.д.

Одним из этапов адаптации может быть занятость мигрантов. В анализе адаптационных процессов было важно уяснить факторы, способствующие или мешающие успешному приспособлению человека. Речь идет о том, что если человек успешно справляется с такими задачами, как поиск жилья, работы, решение таких проблем, как досуг, общение, то в итоге он способен разрешать и другие проблемы.

В современной науке существуют различные интерпретации термина «мобильность», наиболее адекватной представляется следующая:  мобильность как потенциальная готовность населения к изменению своего территориального статуса, поскольку в этой интерпретации разграничивается психологическая готовность к перемещению на другую территорию. Переселенцы последних десятилетий делятся примерно на две равные группы. Одна группа состоит из казахов, переехавших из стран дальнего зарубежья (Монголия, Ирана, Афганистана, Турции, Китая), вторая группа прибыла в Казахстан из республик бывшего СССР. Причем самая многочисленная группа – из Российской Федерации. Переселенцы из России наиболее легко адаптируются к жизни в современном обществе Казахстана. Это понятно: они являются носителями ментальности того казахского общества, которое сформировалось в последние 70 лет на территории бывшего СССР.

Такой же многочисленной группой являются представители казахской диаспоры из Китая. Не очень просто идет процесс взаимной адаптации переселенцев и местного населения. И в настоящее время не только их, но и их потомков называют «китайцами». Волей-неволей переселенцы создают собственные анклавы внутри казахского социума, основанные на обычаях и традициях, во многом воспринятых в стране пребывания.

В вузах и средних специальных учебных заведениях, на всевозможных курсах  обучаются более миллиона человек. Согласно перспективным планам были организованы курсы по освоению букв кириллицы и русского языка. Переехавшим в Казахстан на постоянное место жительство казахам предоставляются курсы по изучению русского языка, льготы при поступлении в ВУЗы страны и другие преимущества. Особо нужно отметить, что некоторые казахи, живущие в Китае, сохранили традиции, культуру, а главное –  богатый язык, которые в Казахстане, к сожалению, утеряны. До сих пор казахи из других стран чувствуют себя «чужими» на своей исторической родине, хотя для устранения этого  правительством Казахстана делается все возможное. Разница между казахстанцами и оралманами по существу огромна. На сегодняшний день большинство переселенцев в силу указанных причин неспособно обеспечить будущее своих детей на равных стартовых началах. Их традиционная многодетность, вселяющая надежду на увеличение численности населения страны, имеет и обратную сторону медали. Родителям сложно дать детям  хорошее образование или какую-либо специальность. Их слабый семейный бюджет не достаточен для самостоятельной организации этих процессов, а незнание русского языка само по себе является серьезным тормозом в достижении этих целей.

Сегодня во многих вузах страны работают подготовительные отделения для казахов, приехавших из других стран, чтобы учиться на исторической родине. В числе этих учебных заведений Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева. Подготовка к поступлению в вузы на этих курсах показывает неплохие результаты. Более 60% слушателей поступают в университеты. Но есть и проблемы. Приехавшие в чужую страну дети находятся по 1-3 человека в незнакомой среде.  Многие, не справившись с трудностями адаптации, разочаровываются в своих планах, бросают учебу. Поэтому необходимо  составлять из этих ребят более крупные группы, в которых они смогли бы поддерживать друг друга. Задачи по разработке системы обучения этнических казахов из-за рубежа в Казахстане были поставлены Президентом РК, председателем Всемирной ассоциации казахов Нурсултаном Назарбаевым на четвертом Курултае казахов 25 мая 2011 года.

Политика президента Республики Казахстан приносит свои плоды. Многие студенты наших вузов, приехавшие из Китая и других стран, добились больших успехов:  Набижан Мухамматхан – доцент КазНУ им. аль-Фараби, кандидат исторических наук, был приглащен в Казахстан НАН РК, защитил кандидатскую диссертацию, опубликовал несколько книг, подготовил к защите докторскую диссертацию, Дукен Масымкан – кандидат филологических наук, был  заведующим кафедрой китайского и японского языков факультета востоковедения КазНУ им. аль-Фараби, Бакытжан Зиядаулы – кандидат филологических наук, старший преподаватель китайского языка Казахского государственного университета международных отношений и мировых языков, Кайрат Габиткан – кандидат филологических наук, научный сотрудник Института языкознания имени Ахмета Байтурсынова, Уатхан Сефул – доктор медицинских наук, профессор Алматинского государственного медицинского университета.

По сравнению с другими иностранными студентами, представители казахской диаспоры стремятся к полной адаптации, подсознательно желая воссоединиться с окружающей средой, так как в перспективе хотят проживать на исторической родине.

КАКИШЕВА ГУЛЬНАРА ЖАКИЯНОВНА

старший преподаватель  факультета довузовского образования

Казахского национального университета имени  аль-Фараби

(г. Алматы)


толығырақ

Процесс успешной интеграции репатриантов (оралманов) в казахстанское общество зависит, несомненно, от множества факторов, среди которых, в первую очередь, следует назвать сложившуюся в стране языковую ситуацию.

Языковая ситуация Казахстана исторически складывалась за счет функционирования казахско-русского, национально-казахского, национально-русского билингвизма, русско-казахско-национального триязычия и доминирующего русскоязычия.

Так, русский язык в казахстанском обществе занимает довольно сильные позиции, которые обусловлены не только соответствующим этническим составом населения страны, но и историческими реалиями, в частности, языковой политикой, проводившейся длительное время, в том числе в образовательной сфере. Это вызвало усиление коммуникативных взаимодействий, в том числе межкультурных, и привело к общности базовых знаний о мире.

Интеграция этнических казахов в новое общество неизбежно приводит к контакту двух языков: казахского и русского. Новые условия жизни актуализируют вопрос изучения второго языка, степень овладения которым напрямую зависит от различных экстралингвистических факторов. Поэтому для многих оралманов важной частью адаптационного и интеграционного процессов в казахстанском обществе является владение русским языком.

Необходимость изучения русского языка осознается по-разному: негативно к этому отнеслись 22,4 % оралманов из Китая, 17,7 % из Монголии, по сравнению с выходцами из бывших советских республик, где русский язык был нормой общения. Вместе с тем респондентами высоко отмечаются такие важные черты русского языка, как развитость, современность и распространенность.

Материалы опроса свидетельствуют о том, что оралманы ощущают необходимость владеть русским языком. Несмотря на то, что для большей части респондентов вся коммуникация внутри семьи осуществляется по-казахски, русский становится языком взаимодействия с государственными институтами. По результатам проведенного ведущими учеными страны исследования опрошенные считают, что незнание этого языка создает трудности при их трудоустройстве (56 %), при получении достоверной и актуальной информации (34%), соответствующих льгот (32%), образования (23%) и др.

Процесс успешной интеграции репатриантов в казахстанское общество зависит, несомненно, от множества факторов, среди которых следует назвать проводимую в РК языковую политику, деятельность государственных органов по отношению к этническим казахам в ближнем и дальнем зарубежье, масс-медиа и образование [1].

Как известно, каждое занятие имеет свой содержательный, методический и психологический аспекты. Содержание занятия определяется изучаемым языковым материалом, а выбранный способ подачи реализуется с помощью методических приемов, которые в значительной мере связаны с психологическим аспектом. Традиционно под психологическим аспектом урока понимается функционирование психологических процессов (восприятие, запоминание, мышление) в речевой деятельности учащихся [2].

Преподавателю может показаться, что ведущим аспектом занятий является методический аспект.  Поэтому он стремится овладеть методикой преподавания предмета, познать все «секреты» мастерства, усвоив в определенной мере технологию преподавания языка, продолжая совершенствовать приемы обучения, преподаватель сталкивается с не менее важной стороной урока – его психологическим компонентом. Именно этот компонент является ведущим, и эмоциональный тон урока определяет результат обучения. Даже если урок подготовлен методически правильно, оптимальный результат не достигается, если не учтены взаимоотношения между слушателями в группе, между слушателями и преподавателем, а также объективные условия, в которых проходит урок.

Коммуникативная обстановка на занятиях подразумевает создание установки на общение с самого начала урока, включение всех слушателей в общение, психологический комфорт, доступность предмета речи и интерес к нему. И  в этом первостепенна роль преподавателя, который своим доброжелательным отношением, заинтересованностью стимулирует активность слушателей.

В психологическом плане преподавателю необходимо проявлять твердость и выдержку, требовательность и тактичность. Преодолевая пассивность некоторых слушателей, преподаватель вовлекает их в работу. И при этом слушатель должен преодолеть себя, а преподаватель помогает ему в этом. Наконец, возникает рабочая обстановка, наступает перелом и урок входит в нужное русло.

Разумная требовательность, рабочая атмосфера и благоприятные условия для общения и есть оптимальная основа урока, которая вырабатывает у слушателей устойчивую положительную мотивацию к занятиям русского языка.

Сегодня все развитые страны поддерживают идею реформирования образования с тем, чтобы учащийся (слушатель) действительно стал центральной фигурой учебного процесса, чтобы его познавательная деятельность находилась в центре внимания педагогов. В настоящее время с применением различных методов обучения можно повысить способность мышления обучающихся, развивать и формировать их любознательность и компетентность.

В методике преподавания русского языка как неродного (иностранного) рассматриваются такие понятия, как компетенции и компетентность. Компетенции – эта сумма знаний, умений и личностных качеств, с помощью которых человек может совершать различные действия. Компетентность – эта совокупность компетенций, наличие знаний и опыта, необходимые для будущей деятельности. 

Использование понятия компетенции в методике преподавания русского языка связано с определением целей обучения, с выявлением уровня владения языком.

В науке выделяют различные виды компетенций: общепрофессиональные и предметные. В методике преподавания русского языка как неродного (иностранного) важными являются предметные компетенции. Именно эти компетенции относятся к определенному кругу учебных предметов и образовательных областей. Среди предметных компетенций выделяют следующие: коммуникативные, языковые и другие. Что представляет собой языковая компетенция? Языковая компетенция – это освоение новой для учащихся семиотической, знаковой системы. Слушатели- оралманы усваивают звуковую и лексическую систему русского языка, его грамматические категории, учатся понимать русскую речь и строить собственные высказывания. Коммуникативная компетенция – это владение языком. Чтобы хорошо овладеть языком, нужно развивать умения и навыки употребления тех или иных слов, грамматических конструкций в общении.

На практических занятиях по русскому языку со слушателями-оралманами мы используем такие активные методы обучения, как диалоги на определенные темы, беседы на различные темы, выполнение заданий разного типа и др [3].

Наши слушатели-оралманы изучают русский язык как иностранный на начальном этапе. И в ходе изучения мы стараемся развивать и языковую, и коммуникативную компетенции. В качестве примера предлагаем следующие виды работ:

І. Поставьте глаголы в нужную форму:

Сейчас Марат (учить) в Казахстане.

Вы знаете, где он (учить)?

Я не знаю, где вы (учить)?

Мы все (учить) в университете.

Сакен (учить) на факультете журналистики.

Вставьте пропущенные слова и окончания:

Это дом. Это дом …. брата. ….зовут Болат. ….. преподаватель. Он очень требовательный ……

Это вы. Это…..друг. Я зна…, что……зовут Олжас. Он умн…. юноша.

ІІ. Составьте диалоги в устной и письменной форме на темы:

На уроке

В библиотеке

В университете

В музее

Посещение театра

Встреча с другом

ІІІ. Примите участие в беседах на различные темы:

Расскажите о себе:

Как вас зовут? Кто вы?

Откуда вы приехали?

Где вы живете?

Где вы учитесь?

Какой язык вы знаете?

Какой язык вы учите?

Как вы думаете, русский язык трудный?

Как вы учите русский язык? Что вы делаете?

 

Расскажите о своей семье.

Как вас зовут? Кто вы?

Где вы учитесь?

Где живет ваша семья?

Как зовут отца?

Кто он?

Как зовут маму?

Кто она?

Есть ли у вас братья и сестры?

Как их зовут?

 Кто они?

В заключении можно отметить, что успешное использование активных методов обучения русскому языку способствует развитию языковой и коммуникативной интеграции оралманов в социальную среду. Обучение русскому языку дает возможность повысить не только образовательный уровень слушателя-оралмана, но и создает платформу для становления его личностных качеств как полноценного члена общества.

 

Литература:

Бокаев Б.Н., Жаркынбекова Ш.К. Репатрианты Казахстана: этноязыковая идентификация и интеграция в общество // СОЦИС. – 2011. – № 11.

Беляев Б.В. Очерки по психологии обучения иностранным языкам. – М., 1965.

Абдуллаева Ж.Т, Сулейменова С.С. Интерактивные методы обучения как способ формирования языковой и коммуникативной компетенции // Дайджест педагогических новаций. – Алматы. – 2013. –  № 1.

Сүлейменова Сәуле Сейілханқызы

старший преподаватель Казахский национальный

университет имени аль-Фараби (Алматы қ.)


толығырақ

Шетелден келген азаматтарымызға Қазақстан тарихының алатын орны айрықша. Оны оқыту сапасын жақсартуға Елбасының үнемі баса назар аударуы тектен-тек емес. Үстіміздегі жылғы «Инновация мен оқу – білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты ҚР халқына  жолдауында баса көрсеткендей, білім берудің нақты әрі тиімді жолдарының бірі білім сапасын арттыру керек екенін атап кеткен еді. Тарих пәні  қандастарымызды - отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, халқын, елін сүюге және Қазақстанның келешегі мен бүгінгі өмірін оқып білуге баулыйтын ғылым.

Дайындық факультетінің Отан тарихын оқытудағы негізгі мақсат шетелден келген қазақ жастарын жоғары оқу орнына түсуге дайындау, сонымен қатар оралман студенттерге адамзат дамуының ежелгі заманнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін меңгерту.  Шетелден келген қазақ диаспорасына Қазақстан тарапынан көмек көрсетудің нақты үлкен шарасының бірі, оларды еліміздегі жоғары оқу орындарына оқуға шақыру болатын. Ол шара 1996 жылғы 31желтоқсандағы «Шетелдегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы», сондай ақ 2005 жылғы 21 қарашадағы Президенттің «Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005 - 2007 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.

Шетелден келген қазақ жастары өз халқының шығу тегін, даңқты тарихын, бабаларымыздың адамзат тарихына қосқан үлесін  танымаcада оларда жалпы қазаққа тән ұлттық сана сезім мен ортақ құндылықтар және арман тілектер бар. Бұл қандастарымыз жергілікті елдің тілін қабылдап, әрі өз тілі мен мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салтын сақтап қалғандар. Олар шетелдерде, жат елдің билігінде өмір сүргендіктен ұлттық тәуелсіздіктің қадірін өте жақсы түсінеді. Сонымен қатар олар өз еліне үлкен арманмен келеді, атамекенін аңсап келеді. Әсіресе қандастарымыздың қазақтың ежелгі қасиеті үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақсақалды, ақжаулықты ата-аналарды пір тұту олар үшін шабыттылық, қайырымдылық дәстүрін толығымен сақтап қалғандығы қуантады. Шетелден келген қазақ жастары ерте заманнан басталатын қазақтың ұшан-теңіз ауыз әдебиетін естіп, тыңдап өскендер. Қазақ диаспорасының ең көбі Қытайда тұратыны белгілі. Осы жерден келген қандастарымыздың басынан сан алуан тарихи оқиғалар, саяси және әлеуметтік экономикалық жағдайлары біздің менталитетімізден тіптен бөлекше. 

Дегенмен туындап жататын қиыншылықтар да жоқ емес. Алғашқы тудыратын қиыншылық  олардың жазу графикасының арабша немесе қытай иероглифімен болуы, Қазақстанда қолданылатын кириллицаның емлесін білмеуі және осы таңбамен жаза білмеуі, ежектеп оқи алмауы.

Екінші туындайтын қиыншылық Қытай еліндегі қазақ мектерінде Қазақстан тарихы мүлде оқытылмайды. Олар Қазақстанның жаңа тарихын ата аналарының ауызша баяндауы мен соңғы шыққан газет - журналдардан ғана оқып білген. Сондықтан оларға Қазақстан тарихымен таныстыруды оның географиялық жағдайынан бастаған жөн. 

Оралман студенттердің аса қиналатын  тағы бір тұсы біздің тарихи терминдеріміздің көбісі орыс тілінен енгендігі. Әсіресе Қазақ тарихының патшалы Ресейдің қарамағына енгеннен кейінгі кезеңін жеткізуде көптеген адам аттары мен мемлекет құрылысындағы өзгерістердің орысша атауға көшуіне байланысты оралман студенттердің қабылдауы нашарлайды. Мысалы: 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Жарғысынан» кейінгі қабылданғаннан мемлекет құрылысындағы Генерал – губернаторлық басқару жүйенің енуінен кейінгі орысша атаулар көп қиыншылықтар туғызады. Атап айтқанда шетелден келген қандастарымыз «генерал губернатор» сөзінің мағынасын  адам аты екен деп немесе бір затты білдіреді деп ұғады. Ал «дворяндық атақты» шендік қызметпен шатастырады. Бұл жағдайда  тақтаны көп пайдалануға, бірнеше рет орысшадан енген терминдерді қайталауға,   қосымша уақыт бөлуге мәжбүр боламыз. Сонымен қатар «патриархат», «матриархат», «полихромдық стиль», «рельеф», «хронология», «революция»,  «экспедиция», «Съезд», «уезд»,  «идея», «старшин»,  «помещик», «генерал губернатор», «полковник», «реформа», «комиссия», «коллегия», «дипломат», «топография», «округтік приказ», «ковалериялық полк», «дворян», «селолық староста», «континенттік блокада», «манифест», «хорунжий», «орден ковалері», «авангард», «комендант», «каторга» ж.т.б. сияқты орысша атаулар оларға қиындық туғызады. Сондықтан Қазақстан тарихы оқулықтарында қолданылатын орысша терминдердің  сөздігін жасатып отыру керек.

Тағы бір қиындық тудыратын жағдай оралмандардың картамен жұмыс істеуінде кездеседі. Тарих сабағында негізінен саяси, әкімшілік карталарды жиі қолданамыз. Ал картадағы атаулардың түгелдерлігі әлі орысша, жер – су атаулары қазақша жазылған карталардың жоқтығы да қиындықтарды туғызады. Оралман студенттер мектеп жасында Қытай мемелекетінің картасын қолданған. Ол елдің саяси картасында Қытай мемлекетінің территориясы барлық карталарда ортада орналасқан, былайша айтқанда карта атаулының бастамасы Қытайдан алынады. Басқа мемелекеттердің орналасу тәртібі екінші орынға ысырылған. Сондықтан оқытушыға шетел азаматтарына  саяси картаны меңгеруі үшін  Атлас пен контур карталармен жиі жұмыс жасатуына тура келеді. 

Тест тапсырмаларын орындау кезінде оралман студенттерге түсініксіз (қысқартылған атаулар) терминедер де кездесіп жатады Мысалы: тесте кездесетін ҚазАКСР, ҚКСР, МТС, ТЖМК сияқты қысқартуларды түсінбеуі себепті қойылған сұрақтың мағынасына жете бермейді. Әрине біз қысқартуларды алдын ала жаздырамыз дегенмен тест сұрақтарында барлық қысқартулардың бірден еске түсе бермейтіндігі себепті олардың қате талдауына жиі себеп болады.

Шетелден келген қазақ жастары Отанына келгеннен кейінгі көп білгісі келетін сұрақтардың бірі қазақтардың қалай және қашан халық болып құралғанын білгісі келеді. Мысалы: Қазақстан - менің Отаным деген тақырыпта Қазақстан мемлекетінің жер көлемі, табиғат жағдайлары, климаты, рельефі, пайдалы қазбалары, халқы туралы түсініктеме беріледі.    Сонау тас сақ дәуірінен Ресей отаршылдығына дейінгі кезеңде тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына кең байтақ жерімізді, бай рухани қазынамызды мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында хатқа «патриотизм» деп жазылмаса да жорық жырлары, тарихи аңыз – әңгімелер және шешендік сөздер арқылы бізге жеткен. Студенттің көңілін өсіріп, отаншылдық сезімін қозғайтын оқиғалар да осы аралықта болып жатуы шарт.

Біз әлемде азаматтар бойына патриоттық сезімді нысаналы түрде ұялата білген, оларда патриоттық мінез – құлық үлгілерінен, өнерінен байқауға болатын ұлттық нышандар – Туына, Елтаңбасына, Әнұранына, ұлттық мерекелеріне құрметпен қарау орын алған өркениетті елдерден үйренуіміз керек.

Қорыта келе айтарымыз  біз қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын, ең бастысы өз Отанын сүйетін және қастерлейтін жастар тәрбиелеуіміз керек.  Бұл жолда ең алдымен, тарихшылар қауымы талмай ізденіп отыруы қажет. Сонда ғана біз өз Отанын сүйетін, мақтаныш ететін, елін, жерін қастерлейтін ұрпақты үлкен өмірге сеніммен аттандыра аламыз.

Мұсағұлова Айгүл Болатқызы

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

оқытушысы (Алматы қ.)


толығырақ

Қазіргі өмірдің талабы – оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Әрбір оқытушының негізігі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру саналы, әдепті ұрпақты тәрбиелеу.

Шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде қазақ тілін оқытуға байланысты жүргізілетін практикалық жұмыстар – студенттердің сөздік қорын байытуға сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға шығармашылық ой-қабілетін дамытуға арналған.

Еңдеше, қазақ тілі сабағы тіл үйрету ғана емес, студенттерді жан-жақты тәрбиелеу сабағы. Бұл ретте дағдылы сабақтан тыс оқу материалы қазақ тілін оқытуда практикалық ғана емес, сонымен қатар білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру болып табылады, сабақ барысында оқу бағдарламасына байланысты грамматикалық тақыраптарды қайталау, бекіту мақсатында мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды пайдалану тиімді.

Ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар үшін заман ағымына қарай оқыту әдістері де өзгертіліп отыруы тиіс. Дәстүр салтымызды, ұлттық сана-сезімімізді жаңғырту әдептілікке үйрету мақсатында әрбір тақырыпты халық даналығымен байланыстыра жүргізу жолдарын іздестіреміз. Сабаққа дайындық кезінде физика мамандығына қатысты тақырыптарға мақал-мәтелдерді пайдаланып, грамматикалық тақырыптарды қайталатамыз.

І. Мақал-мәтелдер адам баласының тұрмыс-тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірі-еңбек әрекетін, оның құбылыстары мен қарым-қатынасын шынайы көрсетіп отырады. Мақал-мәтелдердің ескірмес, тот баспас қасиеті оның бейнелеу, теңеу, суреттеу ерекшеліктеріне жете көңіл бөлгендігіне. Сондықтан олардың дидактикалық және тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар кейбір мақал-мәтелдерде табиғат құбылыстары, құбылыстар аралығында өзара байланыс өте айқын берілген. Бұл қазақ халқының өзін қоршаған ортаға немқұрайлы қарамай аса бір зерделі түрде байқампаз болғандығын аңғартады. Міне, осындай мазмұнды мақал-мәтелдерді физика мамандығын таңдаған студенттерге қазақ тілі сабағында қолданып грамматикалық тақырыптарды бекітеміз.

1. Дауысты дыбыстардың әріпінің емлесін қайталау. Жіңішке дауысты дыбыстардың емлесіне талдау жасаңыз.

“Саусақ бірікпей – ине ілікпейді” деген мақалдың тәрбиелік мәні алға қойылған іс-әрекеттің ойдағыдай табысты орындалуы үшін бірліктің, ынтымақтастықтың қажеттілігі туралы болса, ал физикалық тұрғыдан “ине қолға ілігу үшін саусақ пен ине арасындағы үйкеліс біршама болуы керек, ал ол үшін біз саусақтарды біріктіру арқылы инемен тиісу ауданын арттырамыз”.

2. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесін қайталау. Олардың емлесіне талдау жасау.

“Найза – салу ерліктен, ат жауыры терліктен”. Тәрбиелік мәні-елді қорғау, жауға тойтарыс беру, нар тәуекел жасау, біреуге шынайы жақсылық жасау, тек нағыз ердің ісі, ерліктің белгісі екендігі. Ал, физикалық мәнін былай түсіндіруге болады: ат жауырының пайда болуы, ол аттың арқасына ердің қапталы батып, үйкелуінен. Осы үйкелісті болдырмау үшін және де терді сіңіру үшін қойдың жабағы жүнінен жасалып, тоқымның астына терлік жасалады. Егер терлік дұрыс салынбаса, ат жауыры осыдан болады, демек терлікті дайындау да, оны атқа дұрыс жабу да үлкен өнер болып табылады.

3.  Сөздерді буынға бөліп жасаңыздар, буын түрлерін ажыратыңыздар.

"Аузы бетінен, көже түбінен суиды", “Күн шыққан соң суарған суды жер жұтады”, “Дән себілмей, астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді”мақалдарының тәрбиелік мәні барлық құбылыстар өзара себеп-салдарлы байланыста болатындағы туралы болса, физикалық тұрғыдан шықтың түсуі дұрыс бейнеленген. Жер бетіндегі судың температурасының артуынан ол буланып (кебу) ал тепмература төмендегенде су тамшылары суынып, конденсацияланады (ішкі энергия кемуінен шық пайда болатындығын физикадан оқыпүйренеді). Осындай физикалық құбылыстарға сай физика мамандығына қатысты төмендегі берілген тақырыптарға байлансты мақал-мәтелдерді қолданып грамматикалық тақырыптарды қайталауға тиімді.

 

Физикалық тақырыптар

Грамматикалық тақырыптар

Мақал-мәтелдер

Физикалық шамалар

Септік жалғауларды табыңыз

“Қарыстан сүйем жуқ”

Заттың құрылысы

 

“Сынған көсеуді жамауға болмайды”

Жылдамдық

Болымсыз етістіктің жұрнақтарын табыңыз

“Ит жүгіріп тазы болмас”,  “Аттыға жаяу жолдас болмас”

Жылу өткізгіштік

 

“Тонның жылуы терісінен емес жүнінен”

Отын энергиясы

Есімшені табыңыз

“Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады”

Инерция

Шартты рай формалы етістіктерді табыңыз, қызметін, мағынасын анықтаңыз.

“Аяқ сүрінсе, басқа салмақ түсер”

Механикалық қозғалыс

Болжалды келер шақты табыңыз

“Шапқан озар, жатқан қалар”, “Қимылдаған қыр асар”

Дене температурасы

Сан есімдерді табыңыз

“Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді”

Физикалық шамалар

Зат есімді табыңыз

“Жеті рет өлшеп, бір рет кес”, “Гауһарды мысқалдап өлшейді”

Меншікті жылу сыйымдылығы

Ауыспалы осы шақты табыңыз

“Нан піскенше, күлше күйеді”

ІІ. Халқымыздың жақсы дәстүрінің бірі-жұмбақ жасыру және оны шешу. Ата-бабаларымыз табиғат құбылыстары, төрт түлік, күнделікті қолданылатын еңбек құралдары туралы жұмбақтар құрастырып, оны шешуге балаларын ынталандырып отырған, терең ойлауға, тез шешім табуға баулыған.

Жұмбақтар көбінесе бәр ауыз өлең түрінде болып келеді де, оны жаттап алу, есте сақтау студенттің тілін дамытады, ойын ұштайды. Қазақ тілі сабағында жаңа физикалық құбылыс өтілген кезде студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында өлең-шумақтарын қолданып грамматикалық тақырыптарды меңгерту өте тиімді.

1. Мысалы: зат есімдерді табыңыз

Пайдаланады мені жұрт,

Отын және жарыққа,

Қызмет етемін әрқашан,

Түсіне білген қалыққа.

2.Физикалықтерминдерді табыңыз

Ток бар жерде біреу бар,

Өлшемі вольт, киловольт,

Ұмытып кетпе тағы бір,

Гектоват және меговат.

 

3.Етістіктерді табыңыз

Әуеден күбі түсті                                                                   Бар жоғын білмейсің

Күбінің түбі түсті                                                                   Онсыз өмір сүрмейсің

 

4.Тәуелдік жалғауларды табыңыз

Сұлудың сұлуы,

Бойында жоқ жылуы.

Осы сияқты физикалық сөзжұмбақтардың және мақал-мәтелдердің студенттер үшін тартымды да қызықты болуы бір сарындылықты қуаламай пәңаралық байланысты, көрнектілікті басқа да тәсілдерді қолдану арқылы сабақты ізденімпаздықпен өткізуге негізделеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Оралбаева Практикалық қазақ тілі. Алматы, «Ана тілі», 1993.

2. «Физика» журналы, 1910, №3.

3. Қазақтың мақал-мәтелдері, «Көшпенділер» баспасы. Алматы, 2007.

 

Мұсағұлова Айгүл Болатқызы–  тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы (Алматы қ.)

Отан тарихын оралмандарға жеткізудің кейбір қиыншылықтары

 

Шетелден келген азаматтарымызға Қазақстан тарихының алатын орны айрықша. Оны оқыту сапасын жақсартуға Елбасының үнемі баса назар аударуы тектен-тек емес. Үстіміздегі жылғы «Инновация мен оқу – білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты ҚР халқына  жолдауында баса көрсеткендей, білім берудің нақты әрі тиімді жолдарының бірі білім сапасын арттыру керек екенін атап кеткен еді. Тарих пәні  қандастарымызды - отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, халқын, елін сүюге және Қазақстанның келешегі мен бүгінгі өмірін оқып білуге баулыйтын ғылым.

Дайындық факультетінің Отан тарихын оқытудағы негізгі мақсат шетелден келген қазақ жастарын жоғары оқу орнына түсуге дайындау, сонымен қатар оралман студенттерге адамзат дамуының ежелгі заманнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін меңгерту.  Шетелден келген қазақ диаспорасына Қазақстан тарапынан көмек көрсетудің нақты үлкен шарасының бірі, оларды еліміздегі жоғары оқу орындарына оқуға шақыру болатын. Ол шара 1996 жылғы 31желтоқсандағы «Шетелдегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы», сондай ақ 2005 жылғы 21 қарашадағы Президенттің «Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005 - 2007 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.

Шетелден келген қазақ жастары өз халқының шығу тегін, даңқты тарихын, бабаларымыздың адамзат тарихына қосқан үлесін  танымаcада оларда жалпы қазаққа тән ұлттық сана сезім мен ортақ құндылықтар және арман тілектер бар. Бұл қандастарымыз жергілікті елдің тілін қабылдап, әрі өз тілі мен мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салтын сақтап қалғандар. Олар шетелдерде, жат елдің билігінде өмір сүргендіктен ұлттық тәуелсіздіктің қадірін өте жақсы түсінеді. Сонымен қатар олар өз еліне үлкен арманмен келеді, атамекенін аңсап келеді. Әсіресе қандастарымыздың қазақтың ежелгі қасиеті үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақсақалды, ақжаулықты ата-аналарды пір тұту олар үшін шабыттылық, қайырымдылық дәстүрін толығымен сақтап қалғандығы қуантады. Шетелден келген қазақ жастары ерте заманнан басталатын қазақтың ұшан-теңіз ауыз әдебиетін естіп, тыңдап өскендер. Қазақ диаспорасының ең көбі Қытайда тұратыны белгілі. Осы жерден келген қандастарымыздың басынан сан алуан тарихи оқиғалар, саяси және әлеуметтік экономикалық жағдайлары біздің менталитетімізден тіптен бөлекше. 

Дегенмен туындап жататын қиыншылықтар да жоқ емес. Алғашқы тудыратын қиыншылық  олардың жазу графикасының арабша немесе қытай иероглифімен болуы, Қазақстанда қолданылатын кириллицаның емлесін білмеуі және осы таңбамен жаза білмеуі, ежектеп оқи алмауы.

Екінші туындайтын қиыншылық Қытай еліндегі қазақ мектерінде Қазақстан тарихы мүлде оқытылмайды. Олар Қазақстанның жаңа тарихын ата аналарының ауызша баяндауы мен соңғы шыққан газет - журналдардан ғана оқып білген. Сондықтан оларға Қазақстан тарихымен таныстыруды оның географиялық жағдайынан бастаған жөн. 

Оралман студенттердің аса қиналатын  тағы бір тұсы біздің тарихи терминдеріміздің көбісі орыс тілінен енгендігі. Әсіресе Қазақ тарихының патшалы Ресейдің қарамағына енгеннен кейінгі кезеңін жеткізуде көптеген адам аттары мен мемлекет құрылысындағы өзгерістердің орысша атауға көшуіне байланысты оралман студенттердің қабылдауы нашарлайды. Мысалы: 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Жарғысынан» кейінгі қабылданғаннан мемлекет құрылысындағы Генерал – губернаторлық басқару жүйенің енуінен кейінгі орысша атаулар көп қиыншылықтар туғызады. Атап айтқанда шетелден келген қандастарымыз «генерал губернатор» сөзінің мағынасын  адам аты екен деп немесе бір затты білдіреді деп ұғады. Ал «дворяндық атақты» шендік қызметпен шатастырады. Бұл жағдайда  тақтаны көп пайдалануға, бірнеше рет орысшадан енген терминдерді қайталауға,   қосымша уақыт бөлуге мәжбүр боламыз. Сонымен қатар «патриархат», «матриархат», «полихромдық стиль», «рельеф», «хронология», «революция»,  «экспедиция», «Съезд», «уезд»,  «идея», «старшин»,  «помещик», «генерал губернатор», «полковник», «реформа», «комиссия», «коллегия», «дипломат», «топография», «округтік приказ», «ковалериялық полк», «дворян», «селолық староста», «континенттік блокада», «манифест», «хорунжий», «орден ковалері», «авангард», «комендант», «каторга» ж.т.б. сияқты орысша атаулар оларға қиындық туғызады. Сондықтан Қазақстан тарихы оқулықтарында қолданылатын орысша терминдердің  сөздігін жасатып отыру керек.

Тағы бір қиындық тудыратын жағдай оралмандардың картамен жұмыс істеуінде кездеседі. Тарих сабағында негізінен саяси, әкімшілік карталарды жиі қолданамыз. Ал картадағы атаулардың түгелдерлігі әлі орысша, жер – су атаулары қазақша жазылған карталардың жоқтығы да қиындықтарды туғызады. Оралман студенттер мектеп жасында Қытай мемелекетінің картасын қолданған. Ол елдің саяси картасында Қытай мемлекетінің территориясы барлық карталарда ортада орналасқан, былайша айтқанда карта атаулының бастамасы Қытайдан алынады. Басқа мемелекеттердің орналасу тәртібі екінші орынға ысырылған. Сондықтан оқытушыға шетел азаматтарына  саяси картаны меңгеруі үшін  Атлас пен контур карталармен жиі жұмыс жасатуына тура келеді. 

Тест тапсырмаларын орындау кезінде оралман студенттерге түсініксіз (қысқартылған атаулар) терминедер де кездесіп жатады Мысалы: тесте кездесетін ҚазАКСР, ҚКСР, МТС, ТЖМК сияқты қысқартуларды түсінбеуі себепті қойылған сұрақтың мағынасына жете бермейді. Әрине біз қысқартуларды алдын ала жаздырамыз дегенмен тест сұрақтарында барлық қысқартулардың бірден еске түсе бермейтіндігі себепті олардың қате талдауына жиі себеп болады.

Шетелден келген қазақ жастары Отанына келгеннен кейінгі көп білгісі келетін сұрақтардың бірі қазақтардың қалай және қашан халық болып құралғанын білгісі келеді. Мысалы: Қазақстан - менің Отаным деген тақырыпта Қазақстан мемлекетінің жер көлемі, табиғат жағдайлары, климаты, рельефі, пайдалы қазбалары, халқы туралы түсініктеме беріледі.    Сонау тас сақ дәуірінен Ресей отаршылдығына дейінгі кезеңде тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына кең байтақ жерімізді, бай рухани қазынамызды мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында хатқа «патриотизм» деп жазылмаса да жорық жырлары, тарихи аңыз – әңгімелер және шешендік сөздер арқылы бізге жеткен. Студенттің көңілін өсіріп, отаншылдық сезімін қозғайтын оқиғалар да осы аралықта болып жатуы шарт.

Біз әлемде азаматтар бойына патриоттық сезімді нысаналы түрде ұялата білген, оларда патриоттық мінез – құлық үлгілерінен, өнерінен байқауға болатын ұлттық нышандар – Туына, Елтаңбасына, Әнұранына, ұлттық мерекелеріне құрметпен қарау орын алған өркениетті елдерден үйренуіміз керек.

Қорыта келе айтарымыз  біз қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын, ең бастысы өз Отанын сүйетін және қастерлейтін жастар тәрбиелеуіміз керек.  Бұл жолда ең алдымен, тарихшылар қауымы талмай ізденіп отыруы қажет. Сонда ғана біз өз Отанын сүйетін, мақтаныш ететін, елін, жерін қастерлейтін ұрпақты үлкен өмірге сеніммен аттандыра аламыз.

Молдағалиева Гүлжан Айдынғалиқызы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

аға оқытушысы (Алматы қ.).



толығырақ

Қазақ  халқының елеулі бір бөлігі отанымыздан тысқары өзге елдерінде тұрып жатқаны анық. Қазақ диаспорасының бір қатары бүгінде Батыс Еуропаның бірнеше елдерінде де түтін түтетіп отыр. Бұл қазақтардың басым көпшілігі Қытайдың Шыңжан аймағынан 1950 жылдары Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға көшкендер. Ол жерден жұмыс бабымен Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ отбасыларының ұрпақтары. Басқа көршілес елдерде қандастарымыздың жастары туралы айтпағанда еуропадағы қазақ қандастарымыздың арасында қазақ тілінің жағдайының жыл өткен сайын нашарлап бара жатқаны байқалуда.

Осы сынды олқылықтардың алдын алу мақсатында еліміздің еңселі оқу орындарының бірі 80 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдердегі замандас қандастарымызға арнап дайындық бөлімін ашқан болатын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультеті  2001 жылдан бері Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеуге дайындау мақсатында қазақ диаспора өкілдерін оқытып келеді. Ең алғашқы жылдары тек Қытай, Моңғолия республикаларынан келген болса, кейін еуропадан да келе бастады.

Атап айтар болсақ, Түркия, Германия, Сауд Арабия, Франция, Швеция, Иран, Ұлыбританиядан келсе, кейінгі жылдары Ресей, Латвия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан елдерінен келуде. Биыл  факультетке Австрия, Иордания  елдерінен де қазақ диаспора өкілдері де келіп білім алуда.

Бүгінде әлемнің әр қиырындағы бірнеше елдерінде 5 миллионға жуық қазақтар тұрады. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шетелдегі қандастарымызға есік кеңінен ашылған болатын. Сол кезден бастап сырттағы қандастарымыздың тарихи Отанына қайтуға, ата-бабаларының кіндік қаны тамған жерге келуге деген ынталары жылдан- жылға артты. Дәл алғашқы жылдары дайындық факультетіне келгендер саны біртіндеп көбейді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2006 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін оқуға түсуге келген қазақ диаспорасы өкілдерінен құжаттар қабылдап келуде. 2006 жылы - 1040 тыңдаушы, 2007 жылы – 800 тыңдаушы, 2008 жылы - 405 тыңдаушы, 2009 жылы - 257 тыңдаушы, 2010 жылы – 240 тыңдаушы құжат өткізген. Ал 2011 жылы -156 тыңдаушы,     2012 жылы – 117 тыңдаушы, 2013 жылы – 160 тыңдаушыдан құжат қабылданды.

 

 Дайындық бөлімінің қабылдау комиссиясына көбінесе көрші Қытай Халық Республикасынан, Моңғолиядан келетін қазақ диаспора өкілдері құжаттар өткізуде. Ал соңғы жылдары дайындық бөліміне Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан елдерінен де көптеп келуде. Алғашқы жылдары дайындық бөлімдеріне оқуға келген қазақ диаспора өкілдері көп мәртелі визамен келсе. Соңғы екі жылда жоғары оқу орнына оқуға түскен тыңдаушыларға бір жылға үш мәртелі оқу визасын беруде. Ал қазіргі таңда көрші ҚХР-да виза алу мәселесінен қиындықтар тууда.

Біріншіден - алыс-жақын шетелдерден келетін қазақ диаспора өкілдеріне дайындық бөлімдеріне құжаттар тапсыру мерзімі мен емтихан уақыты нақты көрсетіліп тиісті жерлерге жеткізілсе деген ұсыныстар бар.

Екіншіден - дайындық бөлімдерінің қабылдау комиссиясына оқуға түсу үшін құжат тапсырған қандастарымызға виза мәселесі көп қиындықтар туғызуда. Көптеген шетелден келетін қазақ жастары құжаттар қабылдау кезінде ол жақтан виза мәселесіне байланысты құжаттар өткізе алмауы және емтихандарға үлгермеуі. Себебі олар  туристік  немесе туыстарының шақыртуымен келеді. Осы мәселені мемлекеттік деңгейде шешуге болатын шығар? Қандастарымыз Қазақстанға оқуға келу үшін басқа жол қарастыру керек шығар? – деп ойлаймын.

Үшіншіден - соңғы уақытта Қытай Халық Республикасынан дайындық бөліміне емтихан тапсырып оқуға түскен қазақ диаспора өкілдеріне виза – ең өзекті мәселе болып отырғаны бәрімізге мәлім. Қазақстанның жоғары оқу орнының дайындық бөліміне түскен диаспора өкілдерінен жатақханаға орналасу үшін оқу визасы қажет.

Төртіншіден - Қазіргі таңда виза алу ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы екі апта дайындалады. Бірақ та соңғы жылдары визаның кешігіп берілуіне байланысты дайындық бөліміне оқуға түскен тыңдаушылар уақытында оқу орнына жете алмауда. Сол себепті көптеген тыңдаушыларымызды оқудан қол үзгендігі үшін шығарылуда.

Бесіншіден - жылдан-жылға шетелден келетін тыңдаушылардың ол жақта орта мектептегі білімдерінің төмендігінен, және қытай мектептерінде қытай тілінде оқығандықтарынан дайындық факультетіне түсу үшін тапсыратын тест нәтижесі орташа көлемде. 

Оралмандар тестің нәтижесі шыққаннан кейін дайындық факультеттеріне бөлінетіні анық. Соңғы жылдары барлық тест тапсырған тыңдаушылар оқуға қабылдануда.

Қазіргі уақытта факультетіміз шетелдік қазақ жастары оқу мәселесін шешуге жағдай жасау керек.  Бұл-мемлекет тарапынан шешілетін мәселе. Тыңдаушылардың Қазақстанға кіру визасы және үгіт насихат жұмыстары жасалса, барлық елдерден келетіні мәлім. Дәлірек айтсақ, кейінгі жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  оқуға барлығы өтініш білдіреді. Осы университетте қалып терең білім алғылары келетін жастар саны көбейуде. Осы мәселені алдағы уақытта жақсылап қолға алса шетелдегі қазақ жастары өз отанына оқуға көптеп келеді деген ойдамыз.

Елбасымыздың тікелей қамқорлығы арқасында осы уақытқа дейін шет елдерден қоныс аударған 1 миллионға жуық отандастарымыз, оның ішінде әсіресе, жастар жағы жоғары оқу орындарына түсіп, кейін оны аяқтап, әртүрлі салаларда қызмет етуде. Атап айтар болсақ, алғашқы шәкірттеріміз             Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультетінде оқытушы. Сондай-ақ, радио-телеарналарда, баспасөз орталықтарында, кішігірім мекемелерде қызмет етуде. Бұл қол жеткізген   нәтижелерімізді мақтанышпен айтуға болады.

ӘМІРХАНОВ МАРАТ БОЛЫСБЕКҰЛЫ

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Халықаралық білім беру департаменті

директорының орынбасары  (Алматы қ.)


толығырақ

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» жобасына қазақ тілінің мәртебесін жоғары деңгейге көтеретін мәселелер қамтылуы тиіс. Бұған біріншіден, «Мемлекеттік тіл» Заңы қабылданып, толыққанды жұмыс жасауы, ол Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдамасымен үндес келуі, яғни Қазақстан халқының болашық өмірінің кепілі болуы. Екіншіден, қазақ тілі коммуникативтік қарым-қатынас,ресми   қатынас тілі ретінде жұмыс жасауы.

Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру.

Елбасының «…Халықаралық тәжірибеге сүйеніп, жақсы технологияларды әкелу» [1] деген ұстанымы мемлекеттік тілді дамыту бағытында бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тіл саясатының белгілі бір жүйемен істеліп жатқан іс-шаралары қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға бағытталып және тәжірибе жүзінде қолданыс қызметін кеңейтуге қызмет етеді. Жаңа заманның талаптарына орай, интеллектуалдық қабілеті мол мамандарды даярлау міндеті бүгінгі білім жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз. Осы мақсатты іске асыруда студенттерге іскерлік қарым-қатынасты дұрыс оқыту қажеттігі күннен-күнге айқын сезілуде. ЖОО-да оқыту үдерісінде Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті тілдік тұлғаны қалыптастыруда тиімді әдістерді қолдану. Сол себепті оқыту әдістемесінде және тіл үйретуде, оқытуда  ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын,  сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және өмірде, тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда оның ғылымда, өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен де байланысты екендігін көрсетеді. Кәсіптік-техникалық лицейлер мен ЖОО бітірген жас буын – әрі болашақ маман, әрі ҚР өндірісін ілгері дамытатын кәсіпкер. Оның алдыңғы қатарлы маман болуы өз елінің тілін жоғары деңгейде білуімен де терең сабақтасады. Соңғы жылдары әдіскер-ғалымдар қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен қатар, студенттердің кәсіптік мамандығын ескере отырып игертудің тиімді жақтарын қарастыруда.

Оқу үрдісінде жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін алғышарттар қажет: ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, оқу-әдістемелік кешендерді үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа оқулықтардың мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен танысу, білімді деңгейлеп, кәсіби бағытта беру технологиясын игеру арқылы студенттерге білімді стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқу үрдісін ізгілендіру  т.б.

Тілді мамандыққа қатысты оқытудың тиімді жақтары:

- тіл үйренушілер қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алады;

- кәсібіне байланысты жинаған сөздік қорды жұмыс орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дағдысы қалыптасады;

- қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түседі;

- қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл үйренушілер Қазақстан тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысып, білімдерін молайтады;

- күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлесуге тән тұлғаларды меңгеріп, мамандыққа қатысты ісқағаздарды жазуды үйренеді;

- болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне және дамуына, өз мамандығын саналы сезінуіне мүмкіндік туады.

Ал, әдіскер-ғалым  Б.Қасым мамандыққа қатысты тілді меңгертуде мынандай талаптар қою керек деп есептейді:

студенттерді кәсіби мамандығы бойынша тілдесуге үйрету;

мамандыққа байланысты тілдік қатынасқа түсу үшін әр түрлі жағдаяттар құру арқылы тілдік қатынастың қажеттілігін түсіндіру;

дұрыс сөйлеу қатысымның түрлерін үйрету. Сонымен қатар мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту арқылы студентті болашақ мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады [2, 17].

Қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан үйретуде сөйлесім әрекеті мен оның түрлерін меңгертудің маңыздылығы ғылыми жұмыстардың зерттеу нысаны бола бастады. Осы ретте Ф. Абдразахованың шетел студенттеріне қазақ тілін жазылым әрекеті арқылы үйрету әдістемесін қарастырған зерттеу еңбегінің маңыздылығын атап өткен жөн. Ф. Абдразахова зерттеу жұмысында сөйлесім әрекетінің бір түрі – жазылым әрекетінің анықтамасын, ерекшеліктерін және түрлерін анықтай отырып, жазылым әрекетін шетелдік студенттерге меңгертудің тиімді жолдарын көрсетті. Зерттеу жұмысында жазылым әрекеті бірнеше түрге бөлініп қарастырылды. Мәселен, жазылу үлгісіне қарай жазылымның мынадай түрлері берілген : дыбыстық жазылым; көшіру жазылымы; жатқа жазу жазылымы; көркемдік жазылым; танымдық жазылым [6,15].

Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы.

Қазіргі уақытта тілді мамандыққа сай үйретуге арналған әдістемелік оқулықтар мен оқу құралдары баршылық. Бұл оқулықтар студенттердің ғылыми тілді, мамандыққа қатысты кәсіби тілді, ресми-іскерлік тілін жеткілікті түрде меңгеруіне көп көмегін тигізуде.

Қазақ тілінің кәсіби  мамандыққа бағытталған лексикасы мен терминологиясын оқыту әдістемесі сала мамандықтарына байланысты таңдап алынған лексиканы үйрету үшін, біріншіден, тіл үйренушіге жаңа сөзді қолдануға жағдай туғызу; екіншіден, сөздің мағынасын айқындап, дұрыс қолдан амал-тәсілдерін игерту (сөз→сөз тіркестері→сөйлем→мәтін); үшіншіден, сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты грамматикалық тұлғаларды функционалды мақсатта байланыстыра үйрету; төртіншіден, сөздердің қатысым-прагматикалық мақсатын ескеру қажет.

Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Осыған орай қазақ тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі студент ертеңгі маман, іскерлік қарым-қатынас жағдайында жол таба білуге үйрету маңызды болып саналады. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір-бірімен байланыстыру мақсаты басым. Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар, соның ішінде ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс.

Қ.Қадашева “Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері: өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі” деген докторлық диссертациясында мамандық тіліне бейімдеп оқытуда жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалануға болатындығын, тіл үйренушілердің өз саласында тілді қолдану қызметінде лексикалық минимумды анықтау қатысымдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ерекшелік екендігін көрсетті. Сонымен қатар өзгетілді дәрісханалардағы үйренушілерге мамандығы бойынша тілдік база жасау мәселесіне тоқтала отырып, оның мақсаттарын ашып көрсетеді [4,103]. Бұл ғылыми еңбектегі тиімді әдістердің үлгілерін күнделікті сабақ барысында түрлендіріп қолдануға болады.

Ол үшін сөздік-минимумды таңдауда басшылыққа алынатын ұстанымдар:

 • Сөздің сөзжасамдық қабілеті;

 • Сөздің көпмағыналық, омонимділігі, синонимділігі;

 • Сөздің мамандыққа байланысты қатысым-прагматикалық мақсатын ескеруі.            Студенттер өз  білімдеріні лексикалық және терминологиялық түсіндірме  және  фразеологиялық сөздіктер арқылы жүзеге асырады. Шағын хабарлама жасау, жоспар құру, белгілі бір тақырыпқа шығарма, баяндама, тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың жазбаша тілін дамытуда, сауаттылығын арттыруда, өз ойын, пікірін жеткізуде басты орын алады. Студенттердің өз бетімен ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіруі мақсатында лексикалық минимумы мен терминдерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі арқылы жүзеге асады.

Тіл дамытудағы ең тиімді әдістердің бірі – мәтін бойынша жұмыс істеу. Сондықтан мәтіндер күнделікті тұрмыста қолданылатын, мамандық бойынша, төменгі және орта топ студенттеріне арналған мәтіндер болып топтастырылады. Сонымен қатар грамматикалық ережелерді түсіндіруге түрлі кестелер, студенттердің өздік жұмысына байланысты тапсырмалар, ік қазақша-орысша сөздік берілген.

Сонымен қорыта айтқанда, қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, оны меңгертудің әдіс-тәсілдерінің кәсіби қатынаста атқаратын маңызы зор екендігін айтқанды жөн санадым.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н. Бәсекелестікке қабілетті Қазақстан үшін. Бәсекелестікке қабілетті экономика үшін. Бәсекелестікке қабілетті халық үшін. Қазақстан халқына жолдауы.– Астана: Ақорда KZ 62012.

2.  Қасым Б., Османова З. т.б. Кәсіби қазақ тілі. –Алматы, 2010. –112 б.

3.  Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдiстемелiк негiздерi: өзгетiлдi дәрiсханалардағы қазақ тiлi: пед. ғыл. док. … дисс. – Алматы, 2001. – 301 б.

ӘМІРОВА МЕЙІЗ ЖОЛДЫБАЙҚЫЗЫ

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиететінің  

жоғары оқу орнына дейінгі дайындық

кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ.)


толығырақ

       Шетелдегі  қазақ жастарын ата жұртқа шақырып,білім игертіп, өнерін ұштап, кәсіпке баулу мәселесі  еліміздегі атқарылып жатқан маңызды шаралардың бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен елге оралып, қазақ қоғамынан өз орындарын еншілеп алып жатқан бауырларымыз қаншама. Әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан қандастарымыз ең алдымен білімнің қара шаңырағы  әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетіне табан тіреп, сынақтан өтіп, онан кейін еліміздегі  ЖОО-на бөлінеді. Он жылдан аса уақыт бойы білім алып, қанаттарын қатайтып, кәсіби маман болып аттанып жатқан шәкіртер  бұл күнде елімізге өз үлестерін қосып, белсенді араласып кетті. Ол үшін әрине, білім жолы –маңызды жол. Келген жастар әр түрлі ортада, әр түрлі тәрбие  мен білім деңгейі де түрліше болып келген оларды бір дәрісханаға жинап, бір бағытта білім беру, оқу бағдарламасын игерту - айтуға ғана оңай. Осы ретте университеттің ЖОО дейінгі білім беру факультеті, ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының оқытушы-профессорлары  ауқымды еңбектер атқарып келеді. Білім игерту- талмай ізденіс пен жаңалықтарға толы бағдарламаларды  меңгерту. Әр саланың өзіндік қиындығы бар. Сондай дәрістің бірі -әдебиет сабағы. Тілді меңгерту белгілі бір заңдылықтарға сүйенсе, әдебиет рухани азық беретін, ұлттық қазынамыз екенін жете түсіндіру- әр түкпірден келген жастарға оңай емес. Әрине, әдебиетті таңдау пәні ретінде қарастыратын болған соң, сөзді түсінетін, әдебиетті сүйетін, өнерге қабілетті жастар таңдайды. Дегенмен, әдебиет, көркем сөздің құдіретін ұғыну болса, әріп танымайтын жастарға кітап оқу, оның тереңіне үңілу –қиынның қиыны. Сондықтан сабақтарда соңғы технологиялық жетістіктердің көмегіне жүгіну-аса тиімді екенін баса айтқымыз келеді. Төменде өзсабағымыздың бір электоронды нұсқасын ұсынып отырмын. !Әдебиет-әлеміне саяхат” деп аталатын бұл сабақта негізгі тақырыптар қамтылған қажетті деректер,сауалдар, тапсырмалар  қамтылған. Мұндағы мақсат- кестелер, сызбалар, қызықты кескіндер арқылы тыңдаушылардың зейінін ашу, материалды еске сақтаудың жолын көрсету. Қызықты ойын үлгілері арқылы авторларды, олардың шығармаларын, маңызды мәліметтерді осындай үлгіде беруге болады. Бұл сабақ- өте қызықты, әрі есте қаларлықтай өткені- ьжыраулардың шығармаларын, Абай шығармаларын алдын-ала беріп, ұяшықтар ашылғанда тыңдаушылар өздері орындайды. Әсіресе, жыраулар толғауларын дарынды балалар нақышына келтіріп орындап, әдебиет  пен  өнердің егіз ұғым екенін дәлелдей түскендей болды.  Білім берудегі осы қызықты да, тартымды сабақ үлгісін көпшілікке  ұсынып отырмын.
Шетелдегі жастармен бірге елімізге қаймағы бұзылмаған төл өнеріміз, ән-жырымыз, би  мен күй өнері де келіп жатыр. Ол жастарға бағыт бере білсек, болашаққа нақты тапсырмалар бере білсек, нәтижесі ел игілігіне жарайтынына біз кепілміз.

Әдебиет сабағында слайдтарды қолдану өте тиімді:уақытты ұту, көркемдікті сезіну, есте сақтауға қолайлы. Назар салайық:

Бұл жерде студент әр ұяшықты таңдайды, таңдаған ұяшықтан сұрақ шығады. Мәселен, «Тұрмыс-салт-20» ұяшығында мынандай сұрақ жасырынған.

Әр тақырыпта, әр түрлі сұрақтар.

 

Келесі кезең-«Жыраулар поэзиясы»

Мәселен, Сіз 15 санын таңдасаңыз:

 

Ақтамберді жырау туралы толық мәлімет беріп, бір толғауын жатқа айтуыңыз керек. Біз дәрісте әнші балаларға осы жыраулардың толғауларын толық жаттатып, домбырамен орындауын сұрадық. (Аудио-нұсқасы бар.)Осылайша бірнеше шәкірттер бұл кезең туралы мәлімет береді.

 

Келесі кезеңге өттік. Мұнда да тапсырмалар орындайды.

 

 

 

 

 


 

«Сыр-сандықта» Абайдың өлеңдерінен үзінділер жасырылған. Ол өлеңді оқып, оған теориялық талдау жасау тапсырылған. Мәселен, ««Қыс» өлеңінде  троптың қай түрі қолданылған ?» деген сауал болуы мүмкін.

 

Сабақты осылайша қорытындылап, үйге тапсырмалар беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалық.А.»Аруана» баспасы,2005.
  2. Интернет  материалдары.

 

ӘДІЛХАНОВА ЖАННА САЙЫНҚЫЗЫ 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі

білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі

дайындық кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ.)





толығырақ

     Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : «Мен әлемнің әр қиырындағы қазақ жастарын атамекенінде оқуға және қазақ еліне қызмет етуге шақырамын. Қазір жаңа дәуірге қадам басқан Қазақстанға отаншыл, білімді жас мамандар аса қажет»-деді. Елбасы таяу және алыс шетелдердегі  қазақ жастарының өз Отанына оралып, білім алуы үшін барлық жағдайды жасау керектігін баса айтып, тиісті орындарға нақты тапсырмалар жүктеген болатын.

      Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне биылғы жылы 200-ге жуық тыңдаушылар қабылданды. Олардың басым бөлігі Қытай Халық Республикасы, Моңғолия мемлекеттерінен келген. Соңғы жылдары ТМД елдерінен, атап айтқанда Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан және Қарақалпақстан Автономиялық Республикасынан келген тыңдаушылардың саны көбейе түскендігі байқалады. Осы орайда биылғы дайындық бөлімінде оқитын тыңдаушылардың  тізімін  Еуропадағы қазақ жастары толықтыра түскендігін де баса айта кеткен жөн.

      Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріндегі қазақ диаспорасы өкілдері  санының артуы әлбетте қуантарлық жағдай. Дегенмен осы арада оларға тиісінше сапалы білім берумен қатар, әлеуметтік және тілдік ортаға бейімдеуге байланысты жұмыстардың деңгейіне  байланысты сауалдар туындайтыны сөзсіз.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, дайындық бөлімдерінде білім алып жатқандар  негізінен үш түрлі әлеуметтік ортадан келген тыңдаушылар.

  1. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларынан келген тыңдаушылар. Бұл

топтағы тыңдаушылар-   кешегі кеңестік саяси, экономикалық және мәдени ортада қалыптасқан отбасында туылып, тәрбиеленгендер. Олардың көпшілігі кириллицамен білім алып, орысша сауат ашқандар. Сәйкесінше оларға тіл үйрету аса қиындық тудыра қоймайды. Алайда олар қазақтың бай дәстүрімен, тарихымен аса таныс емес. Сөйлеу ерекшеліктерінде айырмашылықтар бар. Олар әлеуметтік ортаға да тез бейімделеді.Бұл қатарға Моңғолия Халық  Республикасынан келген тыңдаушыларды қосуға болады. Себебі  Моңғолияда  кириллица жазуын қолданады. Халқының 4 пайыздан астам санын қазақтар құрайды. Сонымен қатар қазақтар ең көп орналасқан Баян-Өлгей аймағында қазақ тілі оқытылады.

  1. Түркия, Иран, Пәкістан т.б мемлекеттерден келген оралмандар. Бұл

топтағылар кириллицаны мүлдем білмейді деуге болады. Олар негізінен араб әліпбиін қолданады.Әлеуметтік ортаға бейімделуі де ұзақ уақыттағы үдерісті қажет етеді.Әсіресе Түркия, Иран, Ауғанстан т.б мемлекеттерден келген тыңдаушылардың  қазақтың тарихы, мәдениеті, қазіргі дамуы туралы хабары аз. Сондықтан да оралман тыңдаушыларға ең бірінші кезекте Қазақстан тарихы пәнін тереңдете оқыту аса маңызды деп санаймыз. Бұған қоса оларға еліміздің әлеуметтік жағдайы және құқықтық жүйесі туралы дәрістердің ұдайы жүргізілуін қамтамасыз ету қажет.

  1. Қытай Халық Республикасынан келген оралмандар. Біздің университетке

дайындыққа келетіндердің басым бөлігін осы Қытайдан келген оралман  тыңдаушылар құрайды. Қытайдан келген қазақ жастары еңбексүйгіштігімен, ізденімпаздығымен, өнерге жақындығымен ерекшеленетіндігін айта кеткен жөн. Қытай Халық Республикасында қазақтар жиі орналасқан үш аймақта (Іле аймағы, Алтай аймағы, Үрімжі аймағы) саны жағынан аз болса да қазақ мектептері бар. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде негізінен осы үш аймақтан келген тыңдаушылар білім алады. Қытайдың орталық қалаларынан келген қазақ жастары мен осы үш аймақтағы тыңдаушылардың  қазақша сөйлеу тілі, жазуы жағынан айтарлықтай айырмашылық бар. Бұл айырмашылық әрине ұлттық,  тілдік ортаға байланысты болатыны түсінікті. Қытай секілді алып мемлекеттің шеткі аймақтарындағы қазақтар ұлттық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін, тілін жақсы сақтаған. Тілдің, мәдениет  тағы басқа рухани құндылықтардың дамуына жергілікті газет-журналдар, радио секілді ақпараттық құралдардың ықпалы зор. Бейжін секілді орталық қалаларындағы қазақ отбасылары ұлттық салт-дәстүрін ұстанғанымен, өз тілдерінде тек үйде, отбасында ғана сөйлесуге мәжбүр.

Басқа әлеуметтік  ортадан  келген тыңдаушылардың келесі қатарына Еуропа мемлекеттерінен, айталық Йордания, Швейцария, Австрия мемлекеттерінен келген жастарды қосуға болады.

Шетелдерден білім алуға келген қазақ жастарын әлеуметтік және тілдік ортаға бейімдеу - уақыт күттірмейтін бүгінгі күннің негізгі мәселесі болуы керек.Әрине бұл бір күннің немесе бір ғана дөңгелек үстел аясында шешіле салатын шаруа емес.Десек те бүгінгі бас қосудың, пікір, тәжірибе алмасудың маңызы зор деп санаймыз.

     Қазіргі кезде алыс және таяу шетелдердегі қазақ жастарын өз Отанына шақырып, жоғары оқу орындарында білім алуға тарту, оларға кәсіптік бағыт-бағдар беру жағынан әлсіздік танытып отырғанымызды мойындауымыз керек. Бұл ретте  ең алдымен  республикамыздағы  жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің арасындағы өзара байланыстың жоқтығы да себеп бола алады. Шетелдік жастарды жоғары оқу орындарына дайындайтын, сәйкесінше оларды әлеуметтік ортаға бейімдейтін озық технологиялармен танысып, тәжірибе алмасу үшін семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, шеберлік сыныптарын ұйымдастырып өткізу қолға алынса, сонымен қоса республикамыздағы ЖОО-ның дайындық бөлімдері туралы ақпарат кеңінен насихатталынса деген ұсыныс, тілек бар.

     Екі жылдан бері факультет ішінен ақылы бөлім ашылды. Былтырғы жылы олардың саны 25 болған болса, биылғы жылға қабылданғандардың саны 59 ға жетті.Әрі биылғы жылы қабылданғандардың дені-қазақ диаспорасы өкілдері.Мұнымен олар ашылған бөлімнің  ақылы болғанына қарамастан   білім алуға ықыласты екендіктерін көрсетеді. Ендеше бұл бағытта да бізді қыруар шаруалар күтіп тұр.

     Қазақ диаспорасы өкілдерін  тілдік ортаға бейімдеудің өз ерекшеліктері мен қиындықтары бар. Дайындық факультетінде қазақ тілі сабағы әліпбиді танытудан басталады. Әрине  олар қазақша сөйлеп, жаза алғанымен, тілдерінде әр аймаққа тән диалектілердің айқын көрінетіндігін жасыруға болмайды. Міне, осы арада тіл үйретуші оқытушының жұмысы еселене түседі. Дәлірек айтқанда, мұғалім студентке жалаң грамматиканы, тілдің ережелерін ғана үйретіп қоймай, сөйлеу мәдениетіне, жалпыға ортақ тілде сөйлесуіне баса назар аударғаны жөн. Сөйлесім әрекетін, қазақ тілінде таза, түсінікті сауатты сөйлеу және жазу дағдысын қалыптастыру, дамыту үшін дәрістерде неғұрлым тиімді, инновациялық әдіс-амалдарды қолдануымыз қажет.

   Тіл - ұлттық ерекшелік, ұлттық бедер. Тәрбие мен мәдениеттің де тіл арқылы көрініс табатыны айқын. Ұлттық мәдениетіміздің ең әсерлі, ұлттық сезімді тәрбиелейтін, ұлт пен Отанға деген сүйіспеншілікті тудыратын мысалдарын ұлттық тілде жазылған туындылардан аламыз. Сондықтан студентке берілетін ұлттық тәрбие, қазақ тілі пәндері арқылы жүзеге асатыны сөзсіз.

    Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиетін жаңа әдіспен оқытудағы негізгі мақсаттардың бірі -  ұлттық білім беру заңдарына сәйкес ұлттық және рухани мәнге ие, мемлекеттік және әлемдік мәселелер төңірегінде ой-пікірін ашық айта алатын, өз пікірін білдіре алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады (тек оралман тыңдаушыларға ғана емес). Тілді меңгертуде пәнаралық байланыстың мәні зор. Демек қазақ тілі сабағында тарихқа, философияға т.б пәндерге қатысты мәтіндермен таныстыру, реферат, баяндама, эссе  секілді тапсырмалармен жұмыстар орындату қажет. 

    Аталмыш жұмыстар оралмандардың сөздік қорының көбеюіне, сөйлеу мәнеріне әсер етеді. Сонымен қатар жазу стилінің қалыптасуына, танымын дамытуға, өзіндік пікірінің қалыптасуына да ықпал жасайды. Әрине аз ғана уақыт ішінде ұлттық мәдени, әдеби мұраларымызды түгел таныстырып шығу мүмкін емес. Дегенмен де ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетіміздің белгілі өкілдері жайлы, олардың халыққа кеңінен таныс туындыларынан, ең болмаса үзінділерді оқытудың, соған байланысты студенттің пікірін тыңдаудың еш артықшылығы жоқ.

  Сонымен қатар, университетте оралман тыңдаушылармен кездесулер ұйымдастырылып, олардың өтініш-тілектерін қанағаттандыруға басшылық тарапынан көңіл бөлінген. Олардың оқу визасын алуына, жатақханаға тіркелуіне, кітапханадан қажетті оқулықтарын алуына жағдай жасалған. Әрбір тыңдаушының әлеуметтік жағдайына да ерекше мән беріліп, ата-анасы жоқ, тұрмыс жағдайы төмен тыңдаушыларға университет тарапынан қосымша жылына бір рет қаржылай көмек беру жағы да ескерілген. Талантты да дарынды тыңдаушылар түрлі үйірмелер мен секцияларға қатыса алады.

     Осы ретте әрбір тыңдаушының білім алуы мен әлеуметтік ортаға бейімделуінде оқытушы-эдвайзердің атқарар еңбегі ересен. Әрбір эдвайзер тыңдаушы топтарда эдвайзер сағаттарын өткізіп, онда оқу жүйесімен, жатақхананың ішкі ережелерімен тыныстырады, түрлі ортада өзін қалай ұстау керектігі жайлы, жеке бас тазалығы мен денсаулық күтімі, жол жүру ережелері туралы және т.б. тақырыптарда әңгіме-сұқбат өткізеді. Әрбір тыңдаушының емханаға, құжаттамалары бойынша басқа да құзырлы органдарға баруы кезінде де көмектесіп отырады.

    Аудиториядан тыс мәдени шаралардың (айтыс, кино және драма театрларындағы қойылымдар, жыр мүшәйралары, түрлі қоғам, өнер қайраткерлерімен кездесулер, қазақша концерттер, ғаламтордағы қазақша сайттарт.б) барлығы да тілдік ортаға бейімделуге әсер етеді.

    Түйіндеп айтқанда, қазақ диаспорасы өкілдеріне білім беріп қана қоймай, олардың қоғамдық-әлеуметтік белсенділігін арттыруға, әлеуметтік және тілдік ортада өзін еркін ұстай білуіне баса назар аудару білім беру орындарының негізгі айқын мақсаттарының бірі болуы керек.

       

Пайдаланатын әдебиеттер

   1 Қасымова Р.С. Жоғары оқу орнында оралман студенттерді әлеуметтік бейімдеу. Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 36 б.

   2. Нәбижан М. Шетелден келген тыңдаушыларды Қазақстанның білім беру ортасына бейімдеу мәселелері // Шетелден келген қазақ азаматтарының әлеуметтік-ақпараттық кеңістікті игеру мәселелері // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы. 2007.

АЛДАБЕК НҰРГҮЛ ӘБДІРАЗАҚҚЫЗЫ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу

орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу

орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі, доцент  (Алматы қ.)

АБДУЛЛАЕВА ЖІБЕК ТҰРАРҚЫЗЫ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына

дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына

дейінгі дайындық кафедрасының доценті (Алматы қ.)

толығырақ

Тағдыр тәлкегімен туған топырағынан көз жазып, әлемнің қырықтан астам еліне тарыдай шашылған бауырларымыз бен олардың ұрпақтары, егемен ел болып, көк байрағы желбіреген қазақ жеріне орала бастады. 1990 жылдары бастау алған ұлы көш туған елдің топырағына, атажұртына деген сарғайған сағынышын арқалап, «елім», «ұлтым» деп ағылуда. Оларды ұрпағым ұлттық тілмен сусындасын, ата-баба салты мен әдет-ғұрпынан нәр алсын, атажұрттың бір уыс топырағы бұйырсын деген тілек жетелейді.

«Елге ел қосылса - құт» демекші, қатарымызды толықтырып, халық өсімін көбейтіп жатқан оралман қауымының тілінен, салтынан өздері туып-өскен бөтен жұрттың әсер-ықпалын жиі байқаймыз. Бұл әсер-ықпалдың болуы – заңды құбылыс. Сондықтан, еліне оралған қандастарымыздың бүгінгі қазақ қоғамына сіңісе алмай жатқан себебінің бір ұштығы осында.

Екінші себеп тікелей тілмен байланысты, яғни алыс-жақын шетелдерден көшіп келуші бауырларымыздың көбі орысша білмейді. Иран, Түркия, Қытай секілді елдерден келген жастар біздегі әліпбиді танымағандықтан, жазу, оқу қиындық тудыратыны рас.

Қытайда қазақша оқыған бала ана тіліне жетік, сөздік қорлары бай, шынын айтқанда, жергілікті, өз елінде жүріп өз тілінен жеріген кей қазақтан артық сөйлемесе, кем түспейді. Сауатын өзге әліпбимен ашқан балаға мұнда келген соң, бірден орыс, қазақ тілдерінде дәріс тыңдап, құрбыларынан қалыспай жазып кету оңай шаруа емес. Тек айтуға оңай... Жазуға машықтандыру үшін уақыт қажет. Шет елде дүниеге келіп, есейіп, ер жеткенге дейін өздері мекен еткен елдің салт-санасын, дәстүрін, басқа да ұстанымдарын қабылдауға мәжбүр болған жасқа тарихи Отанына келгеннен кейін психологиялық кедергілер, қиындықтар кездеседі. Оның себебін түсіну де қиын емес.

Жиырма жыл бойы, яғни, есейген шағына дейінгі қалыптасқан болмысын жаңа ортаға келген сәтте бірден ысырып тастап, бейімделе кетуі оңай шаруа емес.

Сөз басында айтқанымдай, атажұртын аңсаған жастар легі жаз айларында білім іздеп, еліне, жеріне деген сағыныштарын арқалап, ағылып келіп жатады. Олар – бүгінгі таңда ұмытыла бастаған, тіпті, сирек көрінетін қос бұрымды, қолаң шашты қаракөз қыздар мен қазақы қалпын сақтаған өр мінезді, қазағым десе қамал бұзар өрімдей жас жігіттер.

Осы жастардың көбі Қытай Халық Республикасынан келгендер және басым бөлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультетіне қабылданады.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып-біліп отырғанымыздай, ҚХР-дағы қазақ диаспорасы тіл мәселесінен қағажу көріп отырған жоқ сияқты (қазақ тілінде радио, теледидар, баспасөз бар).

Дегенмен, жастарды толғандыратын, ойландыратын мәселелер де жоқ емес. Ол – әліпби, жазу мәселесі. Студент атанудан бұрын сегіз-тоғыз ай көлемінде жергілікті тыңдаушы-жастармен етене араласып оқып шығады. Оралман бала алдында білім алудан бұрын тұрған мәселе – атамекендегі тыныс-тіршілікке араласып, үйреніп қалыптасуы. Сондықтан, дайындық бөлімінен өтудің өзіндік ықпал-әсері болары даусыз.

Осы ретте дәріс беретін ұстаздарға жүктелетін жауапкершілік те, қойылатын талаптар да аз емес. Әрбір ұстаз болмысы басқа оралман баланың жүрегіне жол таба отырып, бойындағы жақсы, ұнамды қасиеттерінің ашыла түсуіне ықпал етіп, ұстаздық шеберліктерін танытуда.

Ұлт тағдыры білімге де байланысты. Мақсатымыз – білім мен тәрбиені ұштастыру болса, әр баланың болмысын ескере отырып, оның тағдырына бей-жай қарамағанымыз абзал. Бала өз ұлтының рухани уызына қанбаса, салт-дәстүрін толық игермесе болашақта ол жастан қандай азамат, қандай ұлтын сүйер қайраткердің тұлғасы қалыптасатынын ойлаңыз. Қазіргі кей жастарымыздың (бәрі емес, әрине) ойынан да, бойынан да қазақы болмыстан гөрі, европаланған, батыстың «мәдениетіне» еліктеушіліктің басым екенін көреміз. Өзіміздің төл мәдени мұрамыз солғындап, ұлттық тәрбиенің діңгегін босаңсытып алғандаймыз. Ащы да болса, бұл – ақиқат!

Бірнеше жылдар бойғы ұстаздық тәжірибеміз бойынша оралман шәкірттеріміздің бойынан көргеніміз бен түйгенімізді ортаға салып, орайы келгенде ой тастағанымыз жөн болар. «Ырыс жұғысады, ақыл ауысады» демекші, бұл ауқымды мәселені көрмеске, ескермеске болмайды.

Оралман жастардың бойынан еңбексүйгіштігін, ізденімпаздығын, төзімділігін, бір кәсіпке бейімділігін де аңғаруға болады. Мысалы, ҚХР-дан  келген жастар техникаға әуес, темірден ою ойып, түйін түйсе, қыздар жағы кесте тігу, сырмақ, текемет басу мен іс тігуді жақсы меңгерген. Оралман жастардан алынған сұхбаттардан үзінді келтіре кетсек.

ҚХР-дан келген шәкіртіміз Қанатхан Шәкерхан: «Қытайда орталау қостілді мектепте оқыдым. Орташа көпбалалы отбасында өстім. Отбасымызбен жылқы бағумен айналыстық. Жылқы малының қыр-сырын жақсы білемін. Атажұртқа келуді армандадым. Ендігі мақсатым – тиянақты білім алу. Қазіргі заманда энергия тапшы ғой, соған байланысты төрт адамдық автокөлікті: 1. күн нұрымен;  2. ауырлық күшімен;  3. жел энергиясы арқылы жүргізуді ойлап таптым. Қытай елінде бұл тәжірибемді қуаттады. Бұл жобаның ұтымды жағы: 1. майды үнемдеу; 2. ауа, қоршаған ортаны ластамау.

Екінші жаңалығым – құрылыста пульт арқылы терезені жерде тұрып тазалау құрылғысын ойлап таптым», - дейді үлкен мақтаныш сезіммен болашағынан үміт күттірген жас құрастырушы.

Иран Ислам Республикасынан келген Фатима Ескелді: «Менің туып-өскен жерімде мүлдем қазақ мектебі болған жоқ, парсы тілінде оқыдым. Үйде отбасында ғана қазақша сөйлейміз. Қазақстанға келуді көп жылдар бойы армандадым. Алғашында анам рұқсат бермеді. Кейін анам да, туған-туыстарым да ризашылығымен ақ батасын беріп, шығарып салды. Өз ана тілімде таза сөйлегім келеді. Арманым – сәулет өнерін меңгеріп, Қазақстаныма, халқыма қызмет ету. Иранда қазақша кітап, газет-журнал дегенді көрмедік, үйренетін тілдік материалдар да болған жоқ. Ана тілімізді ұмытпауға тырыстым. Елге келгелі қазақша таза сөйлеу үшін әрекеттеніп жатырмын, қиыншылық та, кедергілер де жоқ емес, бірақ, үлкен мақсатпен келген соң шыдауым керек», - дейді ұзын қара шашы ақсары өңіне жарасқан қазақ қызы.

Атажұртынан жырақта өсіп, тәрбиеленген жастар елге, жеріне, тіліне деген сағыныштарын осылайша үлкен тебіреніспен толғайды. Бүгінгі таңда есімі аталған шәкірттеріміз өздері қалаған жоғары оқу орындарының студенттері.

Өзге елдің тәлімін, әдетін қабылдаған жастың бойында алғашында психологиялық кедергілердің болуы заңды құбылыс. Бөтен елде өскен жаста жаңа ортаға келген соң жасқаншақтық, ұялу сезімдері болады. Осындай сәттерде адам қоршаған ортасынан мейірім, қамқорлық, жылы сөз, көмек күтеді. Оралман жастар білімге құштар, ұлтына деген сүйіспеншіліктері зор. Осы құштарлықтары мен қайсарлықтарының арқасында қиыннан қияға өрмелеп, әлеуметтік ортаға, атажұртының тыныс-тіршілігіне біртіндеп үйреніп, қайнаған қызу тірліктің ортасына бейімделіп те кетіп жатыр (әсіресе, ҚХР-дан келген жастар).

Сондықтан, оралман жастар дәстүрімізді, ата-салтымызды ұмытпай, тілімізге сызат түсірмей сақтай білгендіктен, ұлттық жадымызды жаңғыртып, жандандырып, қазақ елінің гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Бұған дәлел, жоғарыда есімдері аталған шәкірттеріміздің жүлделі оындарды иеленуі, әнші-күйші, жас ақындарымыздың ауқымды іс-шараларда марапаттар мен алғыстарға ие болуы. Халқымыз айтпақшы, қазақ деген құт қонып, бақ дарыған халық. Қазақтың қатары көбейіп, егемен ел болды. Егемен елдің ерке қызы, еркін ұлдары болған жастарымыздың өзара ынтымақтары жарасып, бірінің білмегенін бірі толықтырып, ұлттық тәрбиені бойларына сіңірген саналы ұлтжанды азаматтар болатынына, биік адамгершілік деңгейінен көрінетініне сеніміміз мол.

Ендеше, Отанын аңсап, «ұлтым - қазақ» деп соққан жүректерінің лүпілін түсініп, алдымызда отырған жастарымыздың еңбексүйгіштігін, ізденімпаздығын, білімқұмарлығын, кәсіби бейімділіктерін ескеріп, қанаттарының қатаюына ықпал етіп, болашақтағы бастамаларына қолдау көрсетсек нұр үстіне нұр болар еді.

АБИШЕВА РЫСКЕН РАХЫМҚЫЗЫ

филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби

атындағы Қазақ ұлттық универсиететі жоғары оқу орнына

дейінгі дайындық кафедрасының доцент міндетін атқарушы (Алматы қ.)


толығырақ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті - еліміздің Батыс өңіріндегі ірі жоғары оқу орындарының бірі. Еліміздің сан-салалы экономикасына білікті маман тәрбиелеп келе жатырған оқу ордасында бүгінде 35 мамандық бойынша бакалаврлар, 2 мамандық бойынша жоғары арнайы және  24 мамандық бойынша магистрлерді, 4 мамандық бойынша докторантураға дайындау жұмысы жүргізіледі. 

     Бес мыңнан астам студенттері бар оқу ордасында шетелден келген қандас бауырларымыз да білім алуда. Елбасы тапсырмасымен шетелде тұратын отандастарымызды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанынан 2006-2007 оқу жылынан бастап жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі ашылды. Көршілес орналасқан Ресей Федерациясы, Монголия Халық Демократиялық республикасы, Өзбекстан және Түркменстан мемлекеттерінен дайындық бөліміне тыңдаушылар қабылданды. Соңғы 3 жылда барлығы 82 тыңдаушы білім алып, 3 оқу жылы қорытындысы бойынша 82 тыңдаушы жоғары оқу орны мен арнаулы оқу орындарына студент ретінде қабылданды.

Тыңдаушылар санының пайыздық көрсеткіші келесі диаграммада көрсетілген.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да оқитын (дайындық бөлімі арқылы түскен) шетел студенттері туралы мәлімет

 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі өз жұмысын шетелдегі қазақ балаларына оқу орны туралы нақты мәлімет, кәсіптік бағдар беру арқылы бастайды. Көршілес орналасқан Ресей мемлекетінің Астрахань, Волгоград, Самара, Саратов және Орынбор облыстары мен Орск қаласы, Өзбекстан мемлекетінің Қарақалпақстан республикасының аудандары мен ауылдық елді мекендері мен Монғолияның Баян-Өлгей өлкесінде жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмыстары бүгінде өзінің оң нәтижелерін беріп отыр. Сондай-ақ, Қазақстан мемлекетіне көшіп келген оралман балаларына Көші-қон полиция басқармасымен бірлесе отырып, мәлімет беру, дайындау, оқыту мәселелері жүйеге қойылған.

 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің мақсаты мен міндеттері:

 

1. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушыларын жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындау;

 

2. 9 сынып оқушыларын кәсіптік даярлау  және кәсіптік бағдар беру;

 

3. 11 сынып оқушыларына және колледж студенттеріне арнап қысқа мерзімді дайындық курстарын ұйымдастыру;

 

4. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушылары арасында тәрбие жұмысын жүргізу.                       

 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің мақсаты, міндеттері және кәсіптік бағдар беру мақсатындағы іссапар мәселелері университет ректоратының күн тәртібінде қаралып, тыңдаушыларға байланысты туындаған мәселелер университет ішінде шешімін табады.

 

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанындағы дайындық бөлімі жұмысындағы тағы бір басты бағыт – Ресей, Өзбекстан және Монғолия мемлекеттеріндегі қазақ диаспорасы өкілдерімен байланыс орнатуОсы мақсатпен аталмыш жоғары оқу орны қабырғасында 2009, 2011 жылдары  халықаралық деңгейдегі конференциялар ұйымдастырылды.

 

Конференциялар аясында шетелдегі қандас бауырларымызға Қазақстан мемлекетінде білім беру, оларды елімізге тарту, қазақ диаспораларымен, мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнату бағытындағы мәселелер талқыланды.

 

Тыңдаушыларға білім беру, дайындық курсын жүргізу барысында келесідей өзекті мәселелер кездеседі:

 

 -  Шетелден келген тыңдаушылар құжаттарының аудармасының болмауы;

 

 - Арнаулы оқу орнын бітіргендігін растайтын құжатта оқытылған пәндердің  сағат мөлшерінің  көрсетілмеуі (Осыған байланысты кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау кезінде қиындықтардың орын алуы);

 

- Оқу үрдісінде кейбір тыңдаушылардың жекелеген пәндер бойынша, мысалы, қазақ тілінен әліпбиді білмеуі, математикадан көбейту кестесі мен арифметикалық амалдарды меңгермеуі қиындық тудырады;

 

 - Денсаулық жағдайлары туралы нақты мәліметтердің болмауы (Жүрек ауруы, эпилепсия ауруы бар тыңдаушылардың дәрігерлік анықтамаларының болмауы және  сәби кездерінен бастап егілгендері туралы мәлімет көрсетілген №63 формасының жоқтығы);

 

- Шетелдік қандастарымыздың ортаға баяу бейімделуі, менталитеттің әртүрлілігі.

 

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанындағы дайындық бөлімі аталған мәселерді бүгінгі таңда оңтайлы шешу бағытында бірқатар шараларды қолға алды. Атап айтар болсақ:

 

 - Қаламыздағы «Мың бір тіл» аударма орталығымен байланыс орнату арқылы тыңдаушылар құжаттарының аудармасын жасаттық. Бүгінде негізгі құжаттарымен бірге нотариалды куәландырылған аударма нұсқасы қатар қолданылады.

 

-  Арнаулы оқу орнын бітіргендігін растайтын құжатта оқытылған пәндердің  сағат мөлшерінің  көрсетілмеуіне байланысты, тыңдармандар кешенді тестілеуге құжат қабылдардың алдында өз елдерінде оқыған оқу орындарынан пән сағатының мөлшерін қойдырып алып келуге университет жағдай жасайды.

 

- Оқу үрдісінің алғашқы айларында пән оқытушылары тыңдаушылармен деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы жұмыстанады, қосымша сабақ өткізеді.

 

- Тыңдаушылардың орыс тілін меңгермеуіне байланысты, орыс тілі пәнінен қосымша сабақ ұйымдастырылады.

 

   - Университет басшылығының тікелей қолдауымен студенттік мед.орталық ашылып, денсаулығы нашар тыңдаушыларды емдету, дәрігерлік сараптамадан өткізу жұмыстары қолға алынды.

 

   - ЖООДБ келген тыңдаушылармен жұмыс Университеттің Жарғысы және  ішкі тәртіп ережесімен таныстырудан басталады. Университеттің әкімшілігімен, сабақ беретін оқытушылармен, тәлімгерлермен, қауіпсіздік қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылады.

 

- Тыңдаушылардың ортаға тез бейімделуі үшін оларды жатақхананың, университеттің қоғамдық-мәдени шараларына тарту жолға қойылған. Университеттегі Жастар ісі жөніндегі бөліммен бірлесе отырып, сабақтан тыс уақыттарында қоғамдық шараларды ұйымдастыру, қатыстыру, қаладағы, облыстағы мәдени орталықтарды таныстыру, спорттық шараларға тарту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, шет мемлекеттен келген  тыңдаушылармен психолог маман жұмыстанады. 

 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі университеттің Ғылыми кеңесі бекіткен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының бағдарламасына сәйкестендірілген  оқу жұмыс жоспары бойынша жұмыс жасайды.

 

Университеттің материалдық-техникалық базасы мен жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы жеткілікті.  Үш кафедраның төрт оқытушысы мен қаламыздың Дарынды балаларға арналған №11 мектептің төрт мұғалімі қызмет атқарады.

Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын үнемі бақылау, оқытушылардың сабақтарына қатысып, талдау, әр пән бойынша үлгерім мониторингісін  ұйымдастыру, аралық тесттер, сынақтар  өткізу жоспарда көрсетілген мерзім  бойынша өткізіледі.

 

Тыңдаушылардың алаңсыз білім алуларына университетте толық жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, жатақханада жайлы бөлмелер, жуыну бөлмелері, демалыс залы, кітапхана, оқу залдары,  медициналық тексеруден өту, спорт зал қарастырылған, оқулықтармен, оқу құралдарымен толық қамтылған.

 

Тыңдаушыларға мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіледі, Республикамыздың, облысымыздың жоғары оқу орындары және колледждерінің мамандықтарымен таныстырылады.

 

Соңғы 3 оқу жылының қорытындысы бойынша дайындық бөлімін  82 тыңдаушы аяқтап, 82-і жоғары оқу орнындарының және арнаулы оқу орындарының студенттері атанды. Бұл  100 %- ды құрады.

 

2010-2011ж. оқу жылы дайындық бөлімін  32 тыңдаушы аяқтап,  30-ы жоғары оқу орнына қабылданды.

 

   2011-2012 оқу жылында тыңдаушылар қатарында болған 23 шетелдік бауырларымыздың  17-ы грант арқылы және 4-уі ақылы негізде білім алады. Тыңдаушылардың 2-і колледждің бюджет тобына қабылданды.

 

2012-2013 оқу жылында бітірген 18 тыңдаушының 11-і грант және 5–і жоғары оқу орнына ақылы негізде оқиды. 2 тыңдаушы колледждің бюджеттік бөлімінің студенті атанды.

 

 Тыңдаушылардың соңғы үш жыл бойынша оқуға түсу көрсеткіштері

Жоғарыда айтылған мәселелерді және сол бағытта жасалып жатырған жұмыстар легін ескере отырып, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанындағы дайындық бөлімі келесідей ұсыныс жасайды:

 - Өзбекстан республикасынан 9-шы класс бітіріп келушілері үшін де дайындық бөлімі ашылса;

 - Бітіруші студенттерге қолдау көрсетіліп, елімізде қалдыру мақсатында жұмыс орындары ұсынылса.

- Азаматтық алу мәселелері өз шешімін тапса.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің алдағы жоспары:

ҚР жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерімен байланыс жасау, тәжірибе алмасу;

Қазақстанда ақылы білім алуға ниет білдірген шетелдік азаматтарға ақылы дайындық курстарын ұйымдастыру;

Университеттегі «Кәсіптік практика және студенттік мансап» орталығымен, Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесе отырып,  шетелден келген университетіміздің түлектерін   жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыру, шешу;

Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасының көші-қон полициясымен шетелдік азаматтарға Қазақстан азаматтығын алып беру бағытында жұмыстану. 

 

ХИСЫМЕТОВА САЛТАНАТ САМИҒОЛЛАҚЫЗЫ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық

университетінің жанындағы дайындық бөлімінің жетекшісі  (Орал қ.)


толығырақ

1. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі туралы

     Тарихтың түкпірінен сөз қозғар болсақ, халқымыздың ұзақ жылғы тарихында ұтқанынан ұтылғаны, тапқанынан жоғалтқаны көп. Еліміздің егемендік алып, ата-жұртын аңсаған, елін емірене сүйген, шеттегі қандастырымыз тәуелсіздік таңымен тарихи отанына ат басын тіреді. Сонау қиын қыстау зұлмат замандарда ұрпағын аман сақтап қалу үшін бас сауғалап қыр асқан атаның ұрпақтары шет жерде жүрсе де, ұрпағына тегінің текті екенін, ұлтының батыр екенін дәріптеумен келеді. Ата-жұрттан шет кетсе де,  ұрпағын ұлттың уызына жарытқаны, тағылымның тал-бесігін санасына сіңіруі, атадан қалған дәстүрді көздің қарашығындай сақтап, ұрпағына дұрыс бағыт-бағдар беруі, ұлттығымыздың ұлылығы, даралығы деп білуіміз керек.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы  № 3308  «Шет елде тұратын Отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақ диаспорасы мен репатрианттар өкілдері» ішіндегі дайындық бөлімі тыңдаушыларының оқу және тәрбиелік жүйесінің ұйымдастырылуы туралы 2002 жылғы 27 желтоқсандағы №899   бұйрығының  негізінде 2003 жылдың  3 қаңтарында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі ашылды. Дайындық бөлімінде ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын алыс-жақын шет елдерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдері мен репатрианттары оқытылады.

    Дайындық бөлімінде барлық оқытылатын пәндер бойынша дәрісханалар талапқа сай жабдықталған және де компьютерлік класпен қамтамасыз етілген. Бөлімде штаттық кесте бойынша дайындық бөлімінің басшысы, сектор жетекшісі, аға тәрбиеші, тәрбиеші, әдіскер, оператор жұмыс істейді. Тыңдаушыларға университеттің доценттері, магистр оқытушылары сабақ береді.

    Тыңдаушылар университетіміздің №3 жатақханасына  орналастырылады. Олар күнделікті тұрмыс жағдайларына қажетті жабдықтармен толық қамтылған. Жатақхана бөлмелері санитарлық нормаға толық сәйкес келеді. Сонымен қатар демалыс бөлмесі, спорт зал, тұрмыстық бөлме, жуынатын жер, буфет жұмыс істейді.

    Жатақханада 50 орынға арналған оқу залы бар. Оқу залы мектеп оқулықтарымен, көркем әдебиеттермен және қызықты газет-журналдармен қамтамасыз етілген. Тыңдаушылар бос уақытын оқу залында өткізеді. Бір сөзбен айтқанда, тыңдаушылардың қоғамдық ортаға бейімделуіне, білім-білік дағдыларын қалыптастыруына  барлық жағдай жасалған.

2. Талапкерлерді оқуға қабылдау жұмыстары

   Дайындық бөліміне талапкерлерді қабылдау жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Қазақ диаспорасы өкілдерін оқуға тарту барысында шетелден көшіп келген  қазақ отбасылары  жиі қоныстанған елді-мекендерде кәсіби бағдар беру жұмыстары атқарылуда. Осы мақсатта оралмандар  қауымдастығы ұйымдарының  басшыларымен байланыс орнатылған. Облыстық көші-қон полициясымен бірлесе отырып Тараз мемлекеттік университеті базасында Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ азаматтарды жоғары оқу орнына даярлайтын дайындық бөлімінің  жұмыс істейтіні туралы ақпарат таратылды. Дайындық бөлімінің жұмысы туралы  есебі және талапкерлерді оқуға тарту туралы мәселелері ректораттың отырысында қаралып, ректорат шешімі бойынша  Қырғызстан Республикасындағы қазақ диаспорасы орталығымен, Өзбекстан Республикасындағы қазақ-мәдени орталығымен байланыс орнатылған. Аталған ұйым өкілдерінің көмегімен бірлесе отырып,  ұлты қазақ азаматтарды оқуға тарту жұмыстары жүргізіліп келеді және де алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз нәтижесін беретінене сенімімз мол.

    Университетімізде дайындық бөлімі ашылған уақыттан бастап Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстаннан ұлты қазақ шетел азаматтары келіп дәріс алуда. Соңғы бес жылдағы дәріс алған тыңдаушылар туралы мәлімет төмендегідей:

 

барлығы

Өзбек-стан

Монголия

Қырғыз-стан

Түркмения

Қытай

Тәжік-стан

2008

91

26

1

11

 

52

1

2009

80

6

12

3

 

59

 

2010

85

10

64

8

 

3

 

2011

87

50

28

3

4

2

 

2012

103

69

7

3

8

13

3

2013

80

54

8

4

12

2

 

 

 3. Қазақ диаспорасы өкілдерін оқуға бейімдеу үрдісі

     Оқу жылының басында оқу бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарлары, тәрбие жұмыс жоспарлары оқу-әдістемелік бөлімде қаралып, бекітіледі. Тыңдаушылармен жүргізілетін жұмыс осы жоспар негізінде ұйымдастырылады.

Шетелден келген қазақ диаспорасына ұлттық тіліміз бен тарихымызды тереңдете ұғындыру мақсатында қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерін оқыту үрдісі басты назарға алынған. Аталған пәндермен бірге математика пәні де негізгі пән ретінде оқытылады.

     Қазақ тілі пәнінен ұсынылатын бағдарлама тыңдаушылардың тіл тазалығын сақтай отырып, өз ана тілінде сөйлеу тілін дамыту, ана тілінің қолданылу аясын кеңейту, сонымен қатар қазақ әліпбиінен бастап қазақ тілінің тілдік жүйесін толық меңгертіп, қазақ тілін ресми қарым-қатынас тілі ретінде үйренуіне ықпал етеді. Соның нәтижесінде, тыңдаушылар қазақ тілі пәні арқылы өз ойларын сауатты жазып, дұрыс  айтуға, қазақ тілінің тілдік жүйесін лексикалық, грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік меңгеруге үйренеді.

   Қазақстан тарихы пәні бойынша тыңдаушыларды  халқымыздың салт-дәстүріне, мәдениетіне, ұлтжандылыққа, өз ұлты алдындағы жауапкершілігін сезінетін  азаматтық ұстанымын қалыптастыруға баули отырып, еліміздің көне тарихынан бастап қазіргі кезең аралығына дейін жан-жақты, терең мағлұмат береді.

   «Математика» курсында тыңдаушылардың қабілетіне қарай, білім деңгейлерін ескере отырып,  әр түрлі амал-тәсілдерді қолдану арқылы қарапайым арифметикалық амалдардан бастап күрделі математикалық есептерді шешуді меңгертеді. Геометриялық есептер мен мәтіндік есептерді шешуде айтарлықтай қиындықтар туындайды. Өйткені бұл есептердің мағынасын түсіну өзге тілде оқып келген тыңдаушыларға ауыр тиеді. Сондықтан да қазақ тілін оқыту басты назарға алынған.

    Осы негізгі  пәндермен бірге Дайындық бөліміне қабылданған тыңдаушыларға қалаған мамандықтары туралы әңгіме-сұхбат жүргізе отырып өз таңдаулары бойынша гуманитарлық, техника-технологиялық, жаратылыстану бағыттарында жеке топтарға бөлінеді. Гуманитарлық бағытын таңдаған тыңдаушыларға қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, дүние жүзі тарихы, география пәндері; техника-технологиялық бағытында физика; жаратылыстану бағытында химия, биология сынды таңдау пәндері бойынша дәрістер оқытылады.

     Дизайн, архитектура,  журналистика, дене шынықтыру мамандықтары бойынша таңдау жасаған тыңдаушыларға, аталған  мамандықтардан университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы қосымша сабақтар өткізеді. 

     Оқу сапасын арттыру мақсатында тыңдаушылардың білім деңгейін сараптап, анықталған нәтижесіне қарай қосымша сабақтар өтіледі және бақылау тесті алынып отырады.

   Оқытушылар құрамы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушыларына   жаратылыстану, техника-технологиялық және гуманитарлық  бағытындағы пәндерден әдістемелік нұсқау, көмекші оқу құралдарын дайындайды.

    Тыңдаушыларды жоғары оқу орнындарында білім алуға бейімдеу мақсатында университетіміздің факультеттерімен  кездесулер өткізу жоспарға енгізілген. Кездесу барысында аталған бағытты таңдаған тыңдаушыларға мамандықтар туралы кеңінен мәлімет беріледі. Әр оқу жылында қабылдау комиссиясымен бірлесе отырып тыңдаушылар мамандық таңдауда қателеспеуі үшін, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу жүйелі түрде қолға алынған.

    Университетіміздің жанында А.С.Ахметов атындағы Наноинженерлік ғылыми-зерттеу лабораториясы бар. Лаборатория  құрылыс, технологиялық, өндірістік, тамақ өнеркәсібі бағыттарында жұмыс істейді. Топ жетекшілері өз бағытындағы тыңдаушыларды лабораторияға апарып, ондағы құрал-жабдықтардың құрылысымен, лабораториялық жұмыстармен таныстырады. Бұл – тыңдаушыларымызға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беруіне мейлінше ықпал етеді.

   Тыңдаушылар жатақханадағы кітапханадан, университетіміздегі ғылыми-зерттеу кітапханасынан, кешкі оқу залынан оқулықтар  алып дайындалады.  Сонымен қатар, тыңдаушыларға көмекші оқу құралдары мен мектеп оқулықтары, түрлі тест тапсырмалар жинағы, дидактикалық материалдар  және электронды оқулықтар пайдалануына жағдай жасалынған.

Оқу үрдісінде  атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Атап айтқанда, 2008-2009 оқу жылында тыңдаушылардың мемлекеттік білім грантын жеңіп алуы 32,9 пайыз болса,  2012-2013 оқу жылында 74 пайызға дейін өсті.

 

 

бөлінгені

қабылданғаны

шығарылғаны

бітіргені

Тест-тен өт-кендер

грант иегерлері

грант иегерлері %

Оқуға қабылданғандары

 ақылы оқу

колле джге

ТарМУ

ЖОО

2008-2009

150

90

4

86

82

27

32,9

1

 

5

28

2009-2010

100

79

3

76

74

29

39,2

5

 

6

34

2010-2011

110

86

2

84

80

37

46,3

 

2

12

37

2011-2012

120

89

2

87

86

50

58,1

1

2

7

51

2012-2013

126

104

1

103

100

74

74,0

2

 

11

77

 

4. Қоғамдық өмрге бейімдеу бағытындағы тәрбие жұмысы

   Оқу жылының басында дайындық бөлімінде оқитын барлық тыңдаушылар университет Жарғысымен, ішкі ережелерімен, сондай-ақ, жатақхананың ішкі ережелерімен таныстырылады және медициналық тексеруден қайтадан өткізіледі. Жатақханада оқытушылардың кезекшілік кестесі ұйымдастырылып, тыңдаушылардың жатақханадағы тазалығы, тәртібі, оқу залына барып өз беттерінше ізденуі қадағаланып отырады.

   Тыңдаушыларға  Жамбыл облыстық құқық қорғау органдарының, көші-қон полициясының  қызметкерлерімен, медицина қызметкерлерімен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп тұрады. Кездесу барысында ҚР-ның Конституциясы мен заңдары,  азаматтардың құқығы мен міндеттері,   ықтияр хат пен Қазақстан азаматтығын алу туралы, нострификация (құжатты растату), тіркеуге тұрғызу,  оқу визасын аштыру,  жеке бас гигиенасын сақтау,  алғашқы медициналық жәрдем көрсету, аурудың алдын алу туралы, т.б. мәселелер төңірегінде мәліметтер беріледі.

   Тыңдаушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жоспары саяси-идеялық, эстетикалық, құқықтық, еңбексүйгіштік бағыттарына негізделген.

     Біз, қазақ, жазира даланың самал желіне бетін тосып, жусанын иіскеп, топырағына бас ұрған, аманатына бас иген халықтың ұрпағымыз. Сол туған жердің қадір-қасиетін, ата жұрттан алыстап кеткен ағайын жақсы біледі. Тарыдай шашылған ат төбеліндей аз қазақтың ұрпағы ата алдындағы аманатына адал екендіктерін көрсетуде. Жас та болса жасампаз тыңдаушылар ыстық құшақ, сағыныш сезімдерін кеудеден соққан кішкене ғана жұдырықтай ақ   жүректерімен білдіреді. Тарихи отанына келген тыңдаушылар топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен  «Атамекен – алтын ұям», «Армысың, ата-жұрт!» атты сағынышқа толы сазды мерекелік  кештер өткізеді. 

   Сонымен қатар, Дайындық бөлімінің ұжымы мен тыңдаушыларының ұйымдастыруымен  түркі халықтары үшін  қасиетті саналатын Жыл басы Наурыз  мерекесі аталып өтіледі.  Аталған мерекеге байланысты тыңдаушылар арасында концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, пікір-сайыстар өткізіледі. Сонымен қатар ұлтжандылық, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, достық қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында  «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні», «1 мамыр – Халықтар бірлігі» «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні», «31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын   еске   алу»   күні мемлекеттік мерекелерінде  тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізіліп тұрады.

    Оқытушылар  қауымы білім қуған қандас шәкірттерімізді  тарих толқынынан тағылым алуы мақсатында киелі Тараз шаһарының қасиетті жерлері Айша Бибі, Қарахан баба, Тектұрмас, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыстан Баб, Қожа Ахмет Яссауи, Отырар сынды тарихи орындарымен таныстыра отырып, олардың тарихи танымын кеңінен түсіндіруді дәстүрге айналдырған. 2000 мың жылдық тарихы бар көне шаһардың ішіне бүккен талайғы тылсым дүниелерінің кілтін ашып, сырына қанығу кімді де болса қызықтыратыны шындық. Осы мақсатта  тыңдаушыларымызды Тараздың тарихын шертетін  орталық мұражайға да  аралатып отыруды да ұмыт қалдырмаймыз.

     Елбасымыздың өзі бас болып салауатты өмір салтын насихаттауға, ұлттың саулығына, тұтқа болар тұлғаны тәрбиелеуге үндеп келеді.  Осыған сәйкес, жатақханада тыңдаушылардың спортпен шұғылдануына қажетінше жағдай жасалынған. Тыңдаушылардың университетте спорттық үйірмелерге қатысуына толық мүмкіндігі бар. Тыңдаушылар қаламыздың жоғары оқу орындары арасында өтетін универсиада ойындарына, факультетаралық спартакиадаларға,  облысаралық жарыстарға  қатысып, жүлделі орындарға да ие болып отыр. Мәселен,  тыңдаушы Жандос Тұрғанов   шахматтан облыс біріншілігіне қатысып,  ІІ орынды  алса, Хонай Нұрсәуле қыздар арсындағы күрестен І орынды иеленді.

   Қорыта келгенде, университетіміздің дайындық бөлімі  жүйелі түрде жұмыс  жүргізуінің нәтижесінде, тыңдаушыларымыз еліміздің Жоғары оқу орындарының грант иегерлері атануда. Елбасымыздың 2011 жылғы халыққа Жолдауында 2020 жылы адам саны 18 миллионға жуықтайды деген болжамын айтып өтті. Осы орайда, дайындық бөлімінің ұжымы қаны бір қандастарымыздың тарихи отанына көптеп келуіне қолдау білдіріп өз үлестерін қосуда.

    Осындай атқарылған жұмыстармен қатар, шешілуі қиын мәселелер де жоқ емес. Соның бірі – тыңдаушыларға рұқсат құжатты (виза) алу мәселесі. Мәселен, Монғолиядан келіп құжат тапсырған талапкер 3 айдан кейін Қазақстаннан шығып, Монғолияға қайтуы керек. Оқуға түскен университеттің өтініші бойынша сыртқы істер министрлігінің консульдік қызмет департаментінен шақырту қағазын алып, Монғолиядағы Қазақстан елшілігінен оқушылық визаны аштырып қайтып Қазақстанға оралады. Бұл өте көп уақытты алады және кейбір тыңдаушылардың жағдайы көтермейді. Осы мәселелерді назарға ала отырып, дайындық бөліміне түскен тыңдаушыларға оқушылық визаны ашу барынша жеңілдетілсе және Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде оқушылық визаны сыртқы істер министрлігінің консульдік қызметі департаментінде  рәсімделсе

ТАУБАЕВ МЕДЕТ ТАЙБАЙҰЛЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің бастығы (Тараз қ.)

.



толығырақ

«Сырдария» университеті - еліміздің қиыр оңтүстігіндегі  Мырзашөл өңіріндегі Мақтарал ауданында орналасқан. Ауданымыздың географиялық орналасуына қарасақ, ол жан-жағынан (батыс, солтүстік батыс, шығыс және оңтүстік) Өзбекстан  Республикасымен шекараласып, оған түбек тәрізді сұғына еніп жатқан аймақ. Жер көлемі жағынан – 1,8 мың шаршы шақырым. Аудан облыс орталығынан қашықта орналасқан.

Мақтарал ауданында 300 мыңнан астам халық тұрады. Тұрғындары тығыз орналасқан: егер Республика бойынша 1 шаршы шақырымға 6 адамнан, Оңтүстік Қазақстан облысында ол 18 адамнан келсе, ал Мақтарал ауданында бұл көрсеткіш 163 адамды құрайды. Оның үстіне көршілес Өзбекстан Республикасында 2,5 миллиондай қандастарымыз тұрады. Осы ерекшеліктерді ескере келгенде, бұл өңірде «Сырдария» университетінің базасында дайындық бөлімінің қажеттілігі айдан анық. 

 Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 31- желтоқсандағы № 3303 жарлығына сәйкес “Шетелде тұратын қандастарымызды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес”  “Сырдария” университетінің базасында 2002-2003 оқу жылынан бастап Дайындық бөлімінің  жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді [1,2- слайд].

2002-2003, 2003-2004 оқу жылдары Қытайдан, 2004-2005 оқу жылдары Монғолиядан және Өзбекстаннан, 2005-2006, 2006-2007, 2007-2008 оқу жылдары Түркменстан мен Өзбекстаннан, 2010-2012 оқу жылынан бері Өзбекстан және  Қарақалпақстан автономиялық республикасынан, Ташкент, Сырдария және Навоий облыстарынан  келіп  білім алуда [3-слайд].

«Сырдария» университетінде  тыңдаушыларды қабылдау екі тәртіппен жүргізілуде: біріншіден, көбіне тыңдаушылардың өздері келіп жатса, екіншіден: көрші республикадағы қазақтар тұратын аудандарға барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру арқылы.

Университетіміздің дайындық бөлімінің  негізгі міндеті – қазақ диаспораларының жоғары оқу орнына түсу үшін  білімдік жүйеде тыңдаушыларға пәндердің  ғылыми негіздері бойынша олардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтастық ұстанымын басшылыққа алып, оларға сапалы білім беру болып табылады [4-слайд].

Дайындық бөлімінің міндеттері мен атқарып жатқан қызметі туралы мәселе  2009-2010 оқу жылында, оқу орнының Ғылыми Кеңес мәжілісінде    (26.11.2009 ж.№ 4 хаттама)  дайындық бөліміндегі оқу-тәрбие жұмыстарының барысы жайлы талқыланған және 2010-2011 оқу жылының  Ғылыми Кеңес мәжілісінің  (27.12.2010ж. № 5 хаттама) күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша дайындық бөліміндегі тыңдаушыларға білім беру сапасы туралы (Комиссия төрайымы Л.Әбенова) қаралған.

Қазақ диаспорасы аудиториясында білім деңгейін жетілдіру үшін, дайындық бөлімі тыңдаушыларын кешенді оқытуға арнайы әр пәннен типтік бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдарын және бөлімнің жұмыс жоспарын, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының оқу әдістемелік кеңесі ұсынған типтік бағдарлама (Дайындық бөлімдеріне арналған гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша, Алматы 2003ж) бойынша жасалынып, оқу орнының жеке нұсқамасымен қыркүйек айының соңғы аптасында оқу ісі  жөніндегі проректор бекітеді.   

Университетіміздің дайындық бөлімінде өтілетін сабақтарда шет елдердегі, нақтырақ айтсақ, біздің елге келген Өзбекстандық түлектердің сол елдегі мектептеріндегі білім беру ерекшеліктері ескеріледі. Олар біріншіден:  өз қандастарымыз болса да, әдеби тілде сөйлеуі төмен. Сөздік қарым-қатынаста, сабақта диалектілік көріністер көбірек байқалады. Қазақстан тарихының географиясы мүлдем оқытылмайды.  Сол себепті қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихын, Қазақстан географиясы секілді пәндерді негіздеп тереңдете оқытуға баса назар аударылады. Жоғары санатты ұстаздардың тәжірибелері бұл бағытта пайдаланады. Соның арқасында дайындық бөлімінде дәріс алушылар белгіленген мерзім ішінде бағдарлама бойынша қажетті білімді игереді.

Қазақ диаспораларының орыс және ағылшын тілдерін оқу және оқыту барысындағы ерекшеліктеріне тоқтала кетсек, университетіміздің дайындық бөлімінде оқитын қыз-жігіттердің басым бөлігінің орыс тілінде сөйлеу деңгейі өте төмен дәрежеде.

Сондықтан орыс және ағылшын тілдерін оқу және оқыту барысында олардың фонетикалық тұрғыда білім алу деңгейін арттыруға елеулі көңіл бөлінеді. Лингофондық кабинеттерді, бейне, аудио таспалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану мүмкіндіктері тиімділікпен жүзеге асырылады [5-слайд].

Жүктеме  бойынша  бөлінген сағаттардың пәндер бойынша  ҚР БҒМ  2003 жылда Дайындық бөлімдері (қазақ диаспорасына) арналған гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша ұсынылған типтік бағдарламаға  сәйкес  жұмыс бағдарламалары, күнтізбелік  жоспарлары, жаратылыстану және гуманитарлық  пәндерінен  лекция мәтіндері,   әдістемелік  нұсқаулары,  аудиториядан тыс  өтілетін  тест тапсырмалардың  бақылау материалдары толық  әзірленеді.

Жоғарыда аталған пәндердің типтік және оқу бағдарламалары бар және барлығына күнтізбелік-тақырыптық жоспар дайындалып, жұмыс бағдарламасы  жасалынады. Сабақ кестесіне сәйкес әр сабақ жүйелі түрде өтіледі. Әр пәннің мақсатына орай қосымша оқу әдебиеттері, оқу құралдары мен материалдар  дайындалып, сабақ барысында қолданылады [6-слайд].

Қазақ диаспорасы аудиториясында білім деңгейін жетілдіру мақсатында дайындық бөлімі тыңдаушыларын  кешенді оқытуға арнайы әр пәннен типтік бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар және тест тапсырмалары дайындалуда. Тест тапсырмалары тақырып бойынша әр аптаға арнап жасалынады. Осы бағытта оқу процесін жақсартуды, білім сапасын арттыруды негіз етіп, университетіміздің жалпы білім беру жүйесі негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың ағымдағы міндеттері тыңдаушыларды тек жоғары білім алуға бағыттап міндеттендіреміз.

Дайындық бөлімінің жұмыс тиімділігінің (қорытындысы)  нәтижесі бойынша төмендегі кестеде көрсетілген [7-слайд].

Жоғары оқу орнында ұлты қазақ шетел азаматтарының тез бейімделуі үшін бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады.

Біріншіден, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігі өз бойларында анық сезіледі. Оқу орнында, қалада төл тілімізде сөйлейтін адамдардың көптігін ерекше сезіммен айтады. Бұның өзі олардың сабаққа, жүріп-тұруына байланысты іс-әрекеттерінің тез бейімделуіне игі әсерін тигізеді.

Екіншіден, жоғары оқу орнында ұлттық тәрбиеге негізделген тақырыптық, мемлекеттік, танымдық іс-шаралардың жүйелі өткізілуі тыңдаушыларға еліміздің жүйесі тез үйренуіне оң әсерін тигізеді. Оқу залдары, кітапханалар, Студенттер сарайы, спорт залдары мен алаңдарындағы іс-шаралар шетелдік қандастардың бейімделуіне септігін тигізуде.

Сонымен бірге тыңдаушыларға жатақханадан тегін орындар бөлініп, асхана, тұрмыстық және демалыс бөлмелері төменде көрсетілгендей қазіргі заман  талаптарына сай сәйкестірілген [8,9-слайд].

 «Сырдария» университетінің негізгі міндеттері тыңдаушыларға сапалы білім берумен қатар, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, баспанамен қамтамасыз ету болғандықтан дайындық бөлімінің барлық тыңдаушылары алдымен баспанамен қамтамасыз етіледі және  сапалы білім алуына толық мүмкіндіктер бар. Оған тоқталатын болсақ, барлық тыңдаушылар «Сырдария» университетінің Жетісай қаласындағы бүгінгі талаптарға сай жауап беретін «Студенттер үйі» ғимаратына орналастырылады. Онда оқу залы, кітапхана, асхана, спорт кешені тұрақты  жұмыс жасайды [10,11-слайд].

Халықтың көші-қон туралы Заңының талаптарын сақтау мақсатында аудандық ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы қызметімен тиісті іс-шаралар атқарылып келеді. Яғни тыңдаушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде көші-қон полициясы арқылы тiркеуге қойылады.  Оларға көші-қон полициясы қызметкерлері «Халықтың көші-қон туралы» заңының негізгі міндеттері мен принциптерін түсіндіруге байланысты жеке әңгімелесулер жүргізіп және ай сайын семинар сабақтарын өткізіп отырады.

Тыңдаушыларға университеттің құқық пәнінінің оқытушылары тәрбие сабағында Қазақстан Республикасының заңдары туралы сабақтарын өткізіп отырады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы», «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңдары бойынша аудандық ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы қызметкерлері, ал, «Қазақстан Республикасының білім туралы» заңы бойынша аудандық білім бөлімі мекемесінің қызметкерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Тыңдаушылар оқу мерзімінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құжаттарын тиісті мекемеге тапсыруға мүмкіндіктер бар. 2012-2013 оқу жылының барысында 12 тыңдаушы атап айтқанда Ф.Турабекова, Ш.Турабеков, Г.Мукумова, Д.Акходжаева, В.Ишпекова,  Ж.Косаева, А.Оразова, Д.Абдураимова, Г.Кантөреева, А.Хаданбаева, А.Талипова, У.Кемелбековалар  Қазақстан Республикасының азаматтығын алды.

Университеттің материалдық-техникалық базасы дайындық бөлімінің тыңдаушыларына жоғары деңгейде сапалы білім беруге толық мүмкіндік береді [12-слайд].

Дайындық бөлімі университеттің  «Студенттер үйі»   ғимаратының                 3-ші қабатында орналасқан. Қабаттың дәліздерімен фойесі тыңдаушыларға арналған оқу залы, тәрбиелік    мәні   бар  көрнекіліктермен     жабдықталған.

Тыңдаушылар үшін тест кітапшалары және барлық  пәндер бойынша  жоғары оқу орындарына түсуге арналған «ШЫҢ-КІТАП» баспасының кітаптарымен, Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, Математика, Химия, Қазақстанның физикалық географиясы және Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы, Биология секілді мектеп оқулықтары толық қамтамасыз етілген.    Заман   талабына   сай   безендірілген  6  аудитория,           1 лингофон  кабинеті, бөлімде  2 бірлікті компьютер сыныбы жұмыс істейді.

Бөлімнің тәрбие жоспарында бекітілген оқытушылар құрамы мен тыңдаушылар арасындағы патриоттық тәрбие жөніндегі іс-шаралар (оның ішінде Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін танымал етуі) тыңдаушылардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, оларды білімге, денсаулығын сақтауға қол жетімділікті қамтамасыз ету және тыңдаушыларды Қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру негізінде            іс-шаралар жүргізіледі.

Дайындық бөлімінің  және  университет  шеңберінде   ұйымдастырылған   барлық  іс- шараларға  тыңдаушылардың  белсенді қатысуына,  студенттер  орталығындағы университетіміздің «Студенттер сарайы» кинотеатрында  тәрбиелік мазмұны  бар  фильмдерді  көруге   тыңдаушыларды  ұйымдастыруға көңіл бөлінеді.

Әр оқу  жылында   дайындық бөлімі   университет  көлемінде  өтетін ұстаздар күніне арналған “Ұстаздық еткен жалықпас” атты кеш, 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларына қарсы тәрбие жұмыстары жүргізіледі және  Жаңа жыл мерекесіне орай салтанатты кештер өткізіледі. 

Бөлім  мүшелері әр  оқу  жылында  бекітілген топ тәлімгерлерінің  басшылығымен апта сайын тәрбие сағаттарын өткізіледі,  бекітілген жоспарларға сәйкес тәрбие сағаттары өтіледі.

 Бөлімнің  тәрбие  жұмысының  күнтізбелік  жоспары:

● Таныстыру және үйымдастыру мәселері.

●Қоғамдық саяси және құқықтық мәселері.

●Рухани адамгершілік тәрбиесі.

●Патриоттық және интернационалдық сезімді қалыптастыру.

●Мәдени эстетикалық және этномәдени тәрбие.

●Кәсіби тәрбие.

●Парасаттылық және интеллектуалдык белсенділікті арттыру.

●Үнемділік және табиғатты қорғау тәрбиесі.

●Дене тәрбиесі.

 Мақсаты:

●Тыңдаушының өзін-өзі тәрбиелеу жағдайын қалыптастыру.

 Іс-шаралар формасы:

●Таныстыру, ұйымдастыру мәселелері.

●Практикалық курстар.

●Мәдени шаралар.

●Лингвистикалық үйірмелер.

●Мақалалар  және плакаттар конкурсы.

●Апталықтар.

●Қоғамдық үйірмелер /дебаттар/.

●Экскурсиялар.

●Кештер.   

Тыңдаушы қандастарымыздың төл ортаға бейімделіп, сіңісіп кетуінің негізгі факторының бірі, қазақ әліпбиін білмегендіктен болып отыр. Олардың ауызекі сөйлеуінде айырмашылықтар көптеп кездеседі.

Тыңдаушылардың осы кезге дейінгі басқа этникалық ортада өмір сүргендіктен олардың тұрмысында, әдет-ғұрпында, салт-дәстүрінде, кәсібінде, сана-сезімінде, тілінде сол ортаның өсерімен болған өзгешеліктер де бар, бұл заңдылық та.

Сондықтан, шет елден келген қандастарымызды бауырмалдықпен қарсы алып, олардың өз елінде өгейсімей, ортамыздан орын тауып, елге сіңісті болып кетуіне жағдай жасау, әсіресе, іс басында жүрген азаматтардың, қала берді баршамыздың борышымыз.

САПАРМҰРАТОВА ГҮЛМИРА ТЕМІРҚЫЗЫ 

ғылым магистрі, «Сырдария»  университеті

дайындық бөлімінің меңгерушісі (Жетісай қ.)


толығырақ

Жоғары оқу орындарындағы қазақ диаспорасы өкілдері мен оралмандар үшін дайындық бөлімдері «Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы жөніндегі» ҚР Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы №3308 Жарлығының, «ҚР Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы №1371 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында қазақ диаспорасы өкілдері мен оралмандар ішінде жалпы білімдік дайындық деңгейін арттыру мақсатында және оларға жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына түсуге қажетті жағдайлар жасату мақсатында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Дайындық бөлімі ұйымдастырылып келеді.

2006-2007 оқу жылынан бастап Кентау қаласында шетелден келген қазақ диаспорасы өкілдері мен оралман тыңдаушыларды оқытатын Дайындық бөлімі Біліктілік жетілдіру факультетінің құрамына енгізіліп, оқытылып келеді. Дайындық бөлімінің құрамында екі кафедра бар: Жалпы пәндер және Бейіндік пәндер кафедралары.

Дайындық бөлімінде оқуға жылда тыңдаушылар әр түрлі елдерден келіп оқуда, атап айтқанда: Түркия, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан т.б.

2006-2013 оқу жылдарының арлығында Дайындық бөлімінде 1811 шетелден келген қазақ диаспорасы өкілдері мен оралман тыңдаушылар оқуға қабылданып, білім алды. Осы тыңдаушылардың барлығы кешенді тестке қатысып, жеткілікті балл жинап, 70%-дан астамы ҚР ЖОО-на оқуға түсіп мамандық иесі атануда. Қазақ диаспорасы өкілдері мен оралман тыңдаушылар үшін дайындық бөлімінің бітіру емтихандары бір уақытта ҚР жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау емтихандары болып табылады.

 

Оқу жылы

Келген мемлекеті

Тыңдаушылар саны

ЖОО-на және орта арнаулы оқу орындарына қабылданғаны, %

 
 

1

2006-2007

ҚХР-251

Моңғолия-33

Өзбекстан-16

300

79,04%

 

2

2007-2008

ҚХР-343

Моңғолия-42

Өзбекстан-14

Түркменстан-1

400

70,89%

 

3

2008-2009

ҚХР-190

Моңғолия-2

Өзбекстан-4

Түркменстан-2

Түркия-2

Тәжікстан-3

203

58,08%

 

4

2009-2010

ҚХР-200

200

63,03%

 

5

2010-2011

ҚХР-84

Моңғолия-104

Өзбекстан-3

Түркменстан-2

Түркия – 2

Тәжікстан-1

196

66,45%

 

6

2011-2012

ҚХР- 103

Моңғолия- 11

Өзбекстан-125

Қырғызстан - 1

240

70%

 

7

2012-2013

ҚХР- 69

Моңғолия- 4

Өзбекстан- 34

Түркия – 2

Иран – 1

110

85,7%

 

8

2012-2013

ҚХР-90

Моңғолия-38

Өзбекстан-31

Түркия-2

Қырғызстан-1

162

 

 

 

Жалпы:

 

1811

 

 

 

2008-2009 оқу жылынан бастап Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің бұйрығы негізінде дайындық бөлімдеріне талапкерлерді қабылдау, тестке қатыстыруды әр ЖОО-ғы Дайындық бөлімдері өздері ұйымдастырып келеді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің басшылығы шетелден келген қазақ диаспора өкілдері мен оралман тыңдаушыларға мүмкіндігінше барлық қолдауды жасап келеді. Атап айтсақ қала, университет көлемінде ұйымдастырылатын пәндік олимпиадалар мен сайыстарға қатыстырылып жүлделі орындарды иеленіп келеді. Университетте қалып оқығысы келетін жастарға әр оқу жылының соңында гранттар бөлініп қабылдануда. (2010 жылы 7, 2011 жылы 11, 2012 жылы 12, 2013 жылы 19 тыңдаушы студент қатарына қабылданды)

 2011-2012 оқу жылында дайындық бөлімін аяқтап 1 курс студент қатарына қабылданған өнер тапқыш Қытай Халық Республикасынан келген Еркін Қайсар деген студентке жетекші тағайындалып жобасына университеттен арнайы зертхана ұйымдастырып шәкіртақыдан бөлек жалақы тағайындап берді. Бұл студентіміз бүгінгі таңда университет мақтанышы. Осындай дарынды, білімді тыңдаушыларды қолдау аясында жылдан-жылға университетіміздегі мамандықтарды таңдап, оқуға қалуға өтініш білдірген тыңдаушыларымыздың саны артуда. Бұл университет басшылығының шетелден келген қазақ диаспора өкілдері мен оралман тыңдаушыларды қолдауы.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне 2007 жылы шетелден келген қазақ диаспора өкілдері мен оралман тыңдаушыларға арналған типтік оқу бағдарламасы дайындалып ұсынылған болатын, бірақ бекітілмеді.

2008 жылы қазақ диаспорасы мен оралмандарды іріктеуді бір орталықта ұйымдастыруға және Базалық оқу орны ретінде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін белгілеуге және әр оқу жылында оқуға оралман тыңдаушыларды қабылдау мерзімінде хабарландыру беруге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына университет президенті атынан хаттармен шығып байланыста жұмыс жасаудамыз.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық бөліміне әр оқу жылында қабылданған тыңдаушылар үшін жасалатын оқу жоспарымыз факультет кеңесінде қаралып университет президентімен бекітіледі. Дайындық бөлімі тыңдаушыларына міндетті пән ретінде ендірілетін қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдау пән ретінде физика, химия, биология, география, ағылшын тілі, қазақ әдебиеті пәндері бір оқу жылында 5-11 сынып бағдарламасының негізінде пәннің жұмыс бағдарламасы дайындалады.(слайд-1)

Дайындық бөліміне қабылданған тыңдаушылар толық оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Әр оқу жылында оқулықтар, электронды оқулықтар мен әртүрлі деңгейдегі тест кітапшалары алынып жаңартылып отырады. Компьютер сыныбына 2008, 2009, 2010, 2011, 2012 оқу жылдарының тест бағдарламалары ендіріліп аптасына 2 күн тест тапсырылып келеді.

 

 

 

Пән аты

дана

Электронды

 түрі

Сынып оқулығы

1

Биология

351

6

6-11

2

Химия

106

4

8-10

3

математика

146

-

-

4

геометрия

51

1

7

5

физика

106

5

7-11

6

Қазақстан тарихы

495

7

5-11

7

география

85

6

6-11

8

Қазақ әдебиеті

106

7

5-11

9

Қазақ тілі

1100

-

 

10

Ағылшын тілі

485

10

5-11 кл.

 

 

3031

46

 

 

Дайындық бөлімінде сабақ беретін пән оқытушылары жүргізетін пәндері бойынша тыңдаушы үшін көмекші оқу-әдістемелік құрал даярлап қолданып келеді. (слайд 2)

Дайындық бөліміндегі тыңдаушыларға әр оқу жылында дұрыс кәсіп, дұрыс мамандық таңдау үшін кәсіби бағдар жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. ЖОО-ғы мамандықтар, бөлінген білім гранттары саны бойынша, сонымен қатар орта кәсіптік оқу орындарындағы мамандықтармен де таныстырылады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық бөлімінде оқыған тыңдаушылардың оқуға түсу көрсеткіші:

 

Оқу жылы

Грантқа түсу,

% көрсеткіш

Колледжге түсу саны

 

Қ.А.Ясауи атындағы Халық- аралық қазақ-түрік университе- тінің студенті

1

2008-2009

58,08%  (79)

13

13

2

2009-2010

63,03% (104)

19

18

3

2010-2011

66,45% (105)

15

27

4

2011-2012

70% (112)

-

37

5

2012-2013

85,7% (72)

8

32

 

Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімін бітірушілер кешенді тестілеу қорытындыларының негізінде белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификат алады, олардың иелеріне мемлекеттік білім грантын тағайындау немесе мемлекеттік білім несиесін беруге арналған бүкіл Республикалық конкурсқа қазақ диаспорасы өкілдері және оралмандарға жоғары оқу орындарына түсуге белгіленген квота шегінде қатысуға мүмкіндік береді.

Шетелден келген қазақ диаспорасы өкілдері мен оралман тыңдаушылар оқуға қабылданғаннан соң университеттегі шетелдік студенттер үшін жұмыс жасайтын Халықаралық қатынастар бөлімінің басшылығы мен көші-қон басқармасының өкілдері құжаттық тіркеу, ВИЗА-ға қатысты жұмыстар мен түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің басшылығы тыңдаушыларға сапалы білім алуына жағдайлар жасаған. Дайындық бөлімі тыңдаушыларын оқытатын арнайы 3 қабатты оқу ғимараты қазіргі заманауи талаптарына сай пәндік дәрісханалармен жабдықталған, 2 дәрісхана тест бағдарламалары ендірілген компьютерлермен жабдықталған, мультимедиа сыныбы және интерактивті тақта орнатылған дәрісхана бар. 5 қабатты жатақханасы (қыз балалар бір бөлек, ер балалар бір бөлек орналастырылады), дәмді тағамдар ұсынатын асханасы, жылы, әрі пайдалануға қолайлы кітапхана, түрлі шаралар мен сайыстар жүргізетін спорт алаңы, акт залы бар.

Факультетте мультимедиа сыныбы мен интерактивті тақта орнатылған дәрісханада практикалық сабақтар ұйымдастырылады.

  Дайындық бөлімі тыңдаушылары сабақтан тыс уақыттарында спортпен шұғылданады.

   Қала және университет көлемінде ұйымдастырылатын пәндік олимпиадалар мен спорттық жарыстарға және өнер сайыстары мен түрлі байқауларға қатысып танылып, қалыптасты. Атап айтар болсақ 2012 оқу жылында  Кентау трансформатор зауытының ұйымдастыруымен өткізілген «Біліммен болашаққа» атты пәндік олимпиадасында физика пәнінен бас жүлде мен 3 орынды, биология пәнінен 3 орынды иеленді. Кентау қаласының мәдениет орталығында өткізілген жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, қала тұрғындары арасынан талантты, өнерлі жастарды табу мақсатында өткен «Елім менің» патриоттық әндер байқауына қатысып, лауреат атағымен І орынды, сондай-ақ қалалық жас әншілерді іріктеу және Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Сағындырған Шәмші әндері-ай» атты қалалық ән байқауына қатысып бас жүлдені  жеңіп алды.

Әр оқу жылында оқуға қабылданған тыңдаушыларға сапалы біліммен қатар тәрбие беру үшін тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіледі. Тәрбиелік іс-шараларға тыңдаушыларымыз белсене ат салысып өздерін таныта біледі. Нәтижесінде қала және университет көлемінде ұйымдастырылып келе жатқан байқауларға, сайыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленуде. Қалалық «Наурыз Аруы - 2013» байқауға қатысып ІІ орынды иеленді, қалалық шағын кәсіпкерлікті насихаттау үшін өткізілген «Кәсіпкер» атты мүшайрада І орынды, 22 наурыз күні орталық алаңда ұйымдастырылған «Алтыбақан 2013» сайысында «Елтірек» топтық атауымен бас жүлдені иеленді. Қалалық 15-сәуір «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне орай ұйымдастырлған «Ең көрікті жұп» байқауына І орынды иеленді. Университет көлемінде ұйымдастырылған 22 наурыз мерекесіне орай студенттер мен тыңдаушылар арасындағы спартакиадада тыңдаушылар ІІІ орынды иеленді. Әр оқу жылында дайындық бөліміне қабылданған тыңдаушыларға оңтүстік өңірдегі тарихи орындарды таныстырып саяхат жасау үрдіске айналған.

 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық бөліміне әр оқу жылында келетін шетелден келген қандас бауырларымызға саналы білім ғана беріп қоймай, тәрбие мен бауырмашылдықты да бойларына сіңіріп келе жатқан университет құрамы  шәкірттерін биіктерден көрінулеріне тілекші және жанашыр бола білетіндерін көрсетіп келеді. 1 жыл ғана Дайындық бөлімінде оқып қазақ жеріне деген, Отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты бойына сіңірген әр бір қандастар болашаққа мықты қанаттарымен осы оқу ордасынан жол тауып келеді. 

 Ұсыныс:

1. Дайындық бөлімдеріне оқуға қабылдау құжаттарының нақты басталу, аяқталу уақыты белгіленсе;

2. Орталықтандырылған қабылдау бөлімі ұйымдастырылса;

3. Дайындық бөліміне қабылданған тыңдаушылар үшін төлқұжаттың тіркеуі мен ВИЗА-лық қолдау жұмыстары оңтайландырылса;

5. Дайындық бөлімін аяқтап, кешенді тесттен өтіп басқа ЖОО-на өткен тыңдаушыға қайта шығу ВИЗА-сы мен  шақырту рәсімделудің тиімді жолы қарастырылса.

САДУОВА ЖАНАТ НҰРӘЛІҚЫЗЫ 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралақ қазақ-түрік

университетінің біліктілік жетілдіру факультеті,

дайындық бөлім деканының орынбасары (Түркістан қ.)


толығырақ

Қазақ диаспорасы өкілдерінің жалпы білім деңгейін арттыру мен олардың орта кәсіптік және жоғары оқу орындарына түсулері үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дегі дайындық бөлімі біліктілікті жетілдіру факультеті жанында құрылған. Бұл бөлім «Шет елдерде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 3308 Жарлығы мен «Қазақстан Республикасы ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде оқыту үшін қазақ диаспорасы өкілдеріне кешендік тестілеу өткізу туралы» Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі бұйрығы негізінде ұйымдастырылды.

№ 2 слайд. 2010 жылғы 2 қыркүйектегі №442 Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары дайындық бөлімдерінің қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасы оқу орындарына таңдауды және қабылдауды реттейтін негізгі құжат болып табылады.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ дайындық бөлімі қабылдау комиссиясының жұмысы жыл сайын ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары дайындық бөлімдерінің қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген тәртіпте құжаттар тізбесі қабылдау комиссиясына тапсырылған жағдайда тыңдаушыны қабылдау жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясында әрбір талапкерге оқуға түсу үшін қажетті құжаттардың дұрыс толтырылуы түсіндіріледі.

ҚР БҒМ-нің бұйрығы негізінде кешендік тестілеу өткізіледі және тестілеу нәтижесіне орай тыңдармандар оқуға қабылданады.

ҚарМУ-дің дайындық бөліміне тыңдаушы қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі, себебі мұнда оқуға түсуге талап білдірушілер жоспардан  артық болады, бірақ соңғы екі жылдың нәтижесі бойынша тыңдаушылар санының күрт төмендегенін байқауға болады. Былтырғы 2012-2013 оқу жылында 45 тыңдаушы қабылданса, биылғы 2013-2014 оқу жылында бұл көрсеткішті 55-ке дейін көтеруге мүмкіндік болды. 

Мысалы, академик А.Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ дайындық бөлімінің қызметін қарастыралық. Жыл сайын университеттің дайындық бөліміне жоспарланған тәртіп бойынша тыңдаушылар қабылданады. Әр оқу жылының аяғында университеттің Ғылыми кеңесінде келесі оқу жылына арналған дайындық бөлімінің оқу жоспары мен оқу кестесі бекітіледі. Оқу жоспарын оқытушылар талқылап, оқу істері жөніндегі проректор бекітеді. Яғни университеттің дайындық бөлімі оқу жылының аяғында келесі оқу жылына дайын отырады.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың дайындық бөлімінде оқитын  тыңдаушыларға университет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп,  жеңілдіктер жасалынған.  Тыңдаушылар 100 % жатақанамен қамтамасыз етіліп және  оларға әлеуметтік көмек ретінде  жатақанда тұру төлемақысы 50%-ға төмендетілген. Дайындық бөлімінде өзіндік материалдық база жасалған (лингофондық кабинет, интерактивті тақталы мультимедиалық кабинет). Бұдан өзге тыңдаушылар жаратылыстану факультеттерінің зертханалық базаларын пайдаланады. Слайдта  ҚарМУ дайындық бөлімінің оқу әдістемелік және материалдық-техникалық базасының қамтамасыз етілуі көрсетілген. №3 слайд.

Дайындық бөлімінің оқу үдерісін ұйымдастыру негізіне оқу-тәрбие жұмыстарын реттейтін келесі құжаттар жатады:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім» стандарты;

- типтік оқу жоспары;

- жұмыстық оқу жоспары;

- жұмыстық оқу бағдарламалар. №4 слайд.

Келесі слайдта Дайындық бөліміне түсушілер мен оқушылардың салыстырмалы түрдегі үлгерімдері көрсетілген. №5 слайд.

2011-12 оқу жылының мәліметтеріне сүйенсек, 70 тыңдаушының 40 ЖОО-на , 15 тыңдаушы арнайы орта оқу орындарына, 3 ҚарМУ-дің ақылы бөліміне (тарих, биология-география және экономика факультеттеріне) түскен. №6 слайд. Ал  2012-13 оқу жылында 45 тыңдаушының 42-сі кешенді тестілеуден өтіп, 28-і мемлекеттік грант бойынша , ал екеуі ақылы негізде  ЖОО-на оқуға түсті.

Келесі слайдта ҚарМУ дайындық бөлімінің тыңдаушылары түскен бірқатар жоғары оқу орындары көрсетілген. №7 слайд.

Дайындық бөлімінде оқытушылардың жаңа технологияларды, яғни компьютер кластарын, мультимедиалық кабинеттерді, лингофондық кабинеттер мен зертханаларды пайдалана отырып сабақтар өткізуге мүмкіндіктері бар.

Сабақтар жоғары оқу орындарына түсуге қажетті пәндер бойынша жүргізіледі. Дайындық бөлімінде оқу жоспарына сәйкес барлық тыңдаушылар үшін міндетті пән ретінде Қазақстан тарихы, қазақ тілі, математика және орыс тілі мен дене шынықтырудан факультативтік сабақтар, яғни барлығы 5 пәннен жүргізіледі.Тыңдаушы түсуге жоспарлаған  мамандығына сәйкес негізгі пәнді таңдап алады.

Оқу түрлері: дәрістер, семинарлар, практикалық және зертханалық. Жылына екі мәрте бірінші және екінші семестрлерден кейін аралық бақылау алынады.

Барлық пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламалары жасалған. Дайындық бөлімінде оқу жүктемесін 26 оқытушы орындайды. Дайындық бөліміндегі оқытушылар жүктемесін кафедрадағы негізгі жұмыстарымен қатар атқарады. ДБ әр оқытушының жүктемесі 0,25-тен 1,0-ге дейін. 26 оқытушының 2-і профессор, 6-ы доцент, 8-і аға оқытушы және 10-ы оқытушы.

Шет ел (Монғолия, Қытай) мектептерінде оқытылу материалдары көлемінің аздығы аздаған мәселе тудырады. Айталық Қытай, Монғолия мектептерінде «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «География» пәндері оқытылмайды. Өз елдерінің ғана географиясы мен тарихы оқытылады.

Барлық ұйымдастыру, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстары, көпшілік мәдени шаралар мәселесі дайындық бөлімінің мұғалімдер Кеңесінде қарастырылады.

Кеңес төрағасы дайындық бөлімінің меңгерушісі  болса, кеңес мүшелері барлық оқытушылар болып табылады. Кеңес мәжілісі айына бір мәрте өтеді. Отырыста дайындық бөліміне тыңдаушыларды қабылдау, оқу жұмыстарының ұйымдық шаралары, тыңдаушылар үлгерімі, жекелеген пәндер бойынша сабақ өткізудің сапасы, тәрбиелік жұмыстар мен тыңдаушының жатаханадағы тұрмыстық  ахуалы, оқу барысында интерактивті құралдарды пайдалану сияқты мәселелер қарастырылады.

ҚарМУ дайындық бөлімі тыңдаушылары 65 орындық математика және физика факультеттерінің оқу кітапханасына бекітілген.(№8 слайд). Онда әдебиетті үйге беру абонементі, электрондық каталогтар жұмыс істейді. ҚарМУ дайындық бөлімі тыңдаушыларының кітап қоры 9800 дананы құрайды, мұнда жалпы ортабілімдік  пәндер бойынша барлық әдебиет бар. Әрбір тыңдаушыға 140 экземплярдан келеді. Барлық оқу залдары мен электрондық ресурс залдарына кіруге құқық беретін бірыңғай оқырман билеті әрбір тыңдаушыға берілген.(№ 9 слайд). Бұл билетпен жексенбі күні де жұмыс істейтін бас ғимараттағы кітапхананы да пайдалануға болады. Сондай-ақ жатаханаларда да оқу залдары мен компьютер кластары бар. Дайындық бөлімінің кітап қоры барлық пәндер бойынша орта мектепке арналған жаңа оқулықтармен, оқуға түсушілерге арналған анықтамалармен, тапсырмалармен, тілдік және терминологиялық сөздіктермен, энциклопедиялармен, көркем әдебиетпен, газет-журналдармен қамтамасыз етілген. Республикалық ақпараттандыру орталығы жасаған электрондық оқулықтар, университет программашылары жасаған СД-дискідегі көмекші құралдар сынды электрондық ресурстар бар.(№10 слайд). Интернетті пайдалану тегін. Жаңа ақпараттық ортаға икемдеу мақсатында дайындық бөлімі тыңдаушылары үшін кітапханаларға экскурссиялар жасалып, кітапханалардан ақпараттарды табу мен алу жөнінде ақыл-кеңестер беріледі.(№11 слайд). Айтулы мерекелерге орай Ақпарат күні, әдебиетке шолу өткізіліп, кітап көрмесі мен әдебиетті шолу сынды танымдық істер атқарылады.(№ 12слайд).

Дайындық бөлімінде тәрбие жұмысы университеттің тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес атқарылады.(№13,14 слайд).

Қоғамдық саяси, патриоттық, имандылық және этномәдени тәрбиелеу шаралары төмендегідей жолдармен іске асады: а) облыстық, қалалық және жалпыуниверситеттік шараларға қатысу және атсалысу; б) факультетте іс шаралар өткізу және ұйымдастыру. Факультетте өтетін іс-шараларға айтулы даталарға орай тарихи анықтама беретін баяндамалар жасалады, олардың қоғамдағы маңызы көрсетіледі, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулер өткізіледі және т.б. (№15 слайд). «ҚарМУ тарихы», «Академик Е.А.Бөкетовтің өмірі мен қызметі», «Археология және этнография», «Қазақстан табиғаты» мұражайлары мен оқу-зертханалық бөлімдерге экскурсиялар, ҚарМУ Мәдениет сарайы, университет кітапханалары, Қарағанды облысының өлкетану мұражайы, спорттық кешендер сынды орындармен таныстыру тыңдаушылардың білім мен өнерге құштарлығын арттырып отырады. (№16 слайд). С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театры мен «Шалқыма» концерт залы - тыңдаушылардың ұжымдық түрде жиі баратын мәдениет ошақтары. (№17 слайд).

Дайындық бөлімі тыңдаушылары университеттің Мәдениет сарайында өтетін барлық концерттерге, қойылымдар мен фестивальдерге қатысады. Көптеген тыңдаушылар ҚарМУ-дің мәдениет сарайында, спорттық секция  үйірмелерінің мүшелері болып, дайындық бөлімінің көркемөнерпаздар концерттерінің, Ректор кубогына арналған спорт жарыстарының, сондай-ақ облыстық спорт жарыстарының қатысушылары болуда. (№18 слайд).

Өткен жылғы түлегіміз Көке Ғалымбек бокстан жарыс жеңімпазы болса, биылғы жылы тыңдаушымыз Құсман облыстық айтыста үшінші орын алып, «Түркістанды аңсау» фестиваліне қатысты.(№19 слайд).

Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыру барысында (№20 слайд). «Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері», «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы», «Әлемдегі бар қазақтың Отаны - Қазақстан», «Қазақтарды тарихи отанына қайтару жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты туралы», «ЖОО жанында дайындық бөлімін ұйымдастыру - шет елдерде тұратын жастарды мемлекеттік қолдау» сынды кураторлық сағаттар өткізіледі. (№21 слайд). Айтулы мерекелерде белсенді тыңдаушылар мен оқытушылар факультет деканы тарапынан марапатталып отырады. (№22 слайд). Кураторлық сағаттар мен жалпыуниверситтетік шаралар ауқымында діни экстремизмнің, құқық бұзу мен парақорлықтың алдын алу жөнінде жұмыстар атқарылады.(№ 23слайд). Дайындық бөлімі үнемі Студенттер кеңесі мен ректораттың назары мен қолдауында болады.(№24 слайд). (№25 слайд).

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ дайындық бөліміндегі оқу-тәрбие үдерісіндегі қысқаша мәлімет осындай. Дегенмен, оқу-тәрбие үдерісінде, сондай-ақ тыңлаушыларды қабылдау мәселесінде шешілмеген кезеңдері бар. Жыл сайын қайталанып келе жатқан бір мәселе - дайындық бөліміне білім деңгейі төмен тыңдаушылардың келіп түсуі. Тыңдаушылар дайындығының сапасын арттыру мен дайындық бөлімінің жұмыс тиімділігін көтеру үшін түсушілерге арналған өту балдары бекітілсе екен. Дайындық бөлімінде оқу нәтижесі бойынша тыңдаушы бір құжат, айталық сертификат алуы қажет деп ойлаймыз. Дайындық бөлімін үздік аяқтаған және ішкі аттестация нәтижесі бойынша сертификат алған тыңдаушы арнайы орта оқу орындарына емтихансыз қабылданса олрадың оқуға деген жауапкершілігін және қызығушылығын  көтерер еді. Тағы бір мәселе, кешендік тестілеуден соң тыңдаушыларды жан-жаққа бөлу кезінде сол өңірде туысқанының барлығы, оқу орнын таңдау құқығы есепке алынса орынды болар еді.

Сөз соңында айтарым, сырттан келген ағайынға елімізде қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетілуде, дегенмен жоғарыдағыдай шешімін күтіп отырған жайттар да бар.  Елбасы айтқандай, ТМД елдері арасында және алыс шетелдерде  тарыдай шашылған ағайынды жүйелі түрде елге жинап, бұл үшін бюджеттен қомақты қаржы бөліп отырған жалғыз мемлекет бұл – Қазақстан.  Яғни,  «елім, жерім» деп келіп отырған қандастарымызға мүмкіндігінше  рухани және әлеуметтік қолдау көрсетіп, олардың демографияны көтеруге, ұлттық болмысты сақтап, елдің мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосып жатқандығын да ескере отырып, осы мәселелерді шешуге әркім өз тарапынан  ат салысса нұр үстіне нұр болар еді.

МҰРАТБЕКОВА АЙГҮЛ АҚЫЖАНҚЫЗЫ

химия ғылымдарының  кандидаты, 

дайындық бөлімінің меңгерушісі (Қарағанды қ.)


толығырақ

Атамекеніміздің  барлық ЖОО –да оралмандар мен шетел азаматтарына арналған  дайындық бөлімінде, жас ұрпаққа білім беру ісі  өз дәрежесінде жүргізіліп келеді.Онда шетел қазақ диаспорасы өкілдері таңдаған мамандықтары бойынша қалаған ЖОО –на түсіп кетуіне зор ықпалын тигізіп отыр. 1992 жылдан бастап қазақ еліне ұлы көш басталуына байланысты қазақ жастарын қазақ елінің ЖОО ілестіру жұмысы да қолға алынды. Бұл процесс өте қарқынды жүріліп, 1992 ж -450, 1993ж- 500,1994ж -550, 1995ж- 600, 1996ж-750 студентті ілестіріп   емтихан жергілікті диаспора өкілдерінің қатысумен жүрілді. Мектеп бітіруші түлектерді ұлттық бірыңғай тестілеу принципіне сай қабылдау жүргізіліп, Қарағанды,Алматы, Өскемен, Семей, Павлодар, Тараз, Атырау, Ақтау қалаларына бөлінді. Қазақстанның  Монғолиядағы Толық Өкілетті Елшілігінің ашылуына байланысты елшілік тарапынан жергілікті жерде емтихан сынағы ұйымдастырылып, әр жылы төмендегідей студент қабылданды :

 

реті

Жылы

Студенттер саны

1

1997

350

 

2

1998

360

3

1999

400

4

2000

450

5

2001

500

6

2002

520

7

2003

530

8

2004

535

9

2005

340

10

2006

240

11

2007

232

12

2008

240

13

2009

250

14

2010

335

15

2011

225

16

2012

220

17

2013

110

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарыдағы кестеге қарағанда соңғы жылдары дайындық бөліміне түсушілер күрт азайғандығы көрініп отыр. Бұл да ойландырарлық қомақты мәселе.

    Университеттердегі дайындық бөлімдері қазақ  диаспора өкілдерінің жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамуына өзіндік ықпалын тигізуде. Атап айтар болсақ:

-Атажұрт елінің қамқорлығында өз ана тілінде білім алуына;

-Таза қазақи ортада ұлт азаматы ретінде қалыптасуына;

-Білім стандартының негізгі шарттарын игеру, білікті маман болуына;

-Барлық білім саласында білікті мамандар даярлауға;

-Рухани ұлттық мақтаныш, патриоттық сана –сезімінің  қалыптасуына;

-Ауылдық жерлердегі білім ошақтарының мамандарын даярлауға;

-Ақпарат саласында білікті кадрлардың қалыптасуына;

-Атажұртта қалып еңбек жолын бастап, сонда қоныс аударуына т.б атап айтуға болады.

   Осындай дайындық бөлімінің бірі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2001 жылыдың 17-қыркүйегі №732 бұйрығының негізінде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де ашылып жемісті еңбек етіп келеді. Онда Қытай, Монголия, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген қазақ жастары Қазақстанның орта білім жүйесі бойынша білім алып, кешенді тестілеуге дайындалады. Дайындық бөліміне тыңдаушыларды жинақтау ісі Монголиядағы Баян-Өлгей аймағындағы университет филиалы арқылы хабардар етіледі. Дайындық бөлімінің мақсаты қазақ диаспора өкілдерінің оқуға түсіп кетуі үшін жалпы білім беру, дайындық білім беру деңгейін көтеру, қажетті жағдайларды жасау бағытында оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып қызмет атқарып келеді. Тыңдаушыларға саралаланып алынған тәжірибелі оқытушылыр құрамы дәріс бере отырып жыл көлемінде олардың жоғарғы көрсеткіш көрсетуіне күш отыр.

      Жалпы Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындары мен дайындық бөлімдеріне емтихан тапсыруда, қазақ диаспора өкілдері талапкерлеріне қиындық тудыратын мәселелер де жоқ емес. Тілге тиек етер болсақ:

-Ең әуелі, орта  сыныптарға арналған қазақша оқу құралдарының жоқтығы (монғолша оқығандықтан қазақ терминдерді түсіне бермейді).

-Қазақ балаларының монғолша оқып білім алуы;

-Қазақстан тарихы пәнінің оқытылмауы;

-Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сағат санының қысқартылуы;

-Әлеуметтік аз қамтылған отбасылары санының көптігі;

 Осы мәселелерге байланысты мынадай ұсыныстарды ортаға салмақпын:

-  Әр пән бойынша орта мектепке арналған  қазақ тіліндегі оқулықтар қазақ диаспорасы тарапынан шешімін тауып келтірілсе:

-Қоғамдық нәзік (Жарым жан, тұлдыр жетім, аса кедей) топтарға көмек, жеңілдік жасау;

-әр пән бойнша онлайн тест жүйесімен дайындалуға мүмкіндік жасалсу,

-Шет ел  талапкерлеріне арналған әдістемелік оқулықтардың шығарылуы;

-Монголиямен шекаралас облыстарға дайындық бөліміне ілескен студенттерді көптеп бөлу(өйткені ауа райының ұқсастығы, көлік қатынасының молдығы т.б)

    Сонымен қатар Монғолиядағы қазақша оқытатын жалғыз бірден-бір жоғарғы оқу орны- С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің Монгол елі Баян- Өлгей аймағындағы бөлімшесіне тоқтала кетер болсақ. Бұл филиал Монғолия елі Баян-Өлгей аймағындағы – Баян-Өлгей аймағындағы мұғалімдер колледжінің материалдық базасы негізінде, 2001 жылы 15-шілдеде Монғолия Білім және мәдениет министрінің №155 бұйрығы және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры Е.Ә. Мәмбетқазиевтің №188к бұйрығымен ашылған.
            Филиал алғаш жұмыс бастағанда, құрамында 6 оқытушы, 4 қызметкер, 75 студент болса, бүгінде 15 оқытушы, 11 қызметкер, 108 студент бар.  
Филиалдың оқыту жұмысы 2005 жылға дейін жоғарда аталған бұйрық бойынша жүргізіліп келеді.

   2008 жылы 6-шы тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Моңғолияға барған іссапарында филиал жөнінде екі ел аралық ынтымақтастық шартқа қол қойылды. Атап айтқанда Қазақстан тарапынан сол кездегі сыртқы істер министрі М.Тажин және Моңғолия жақтан білім министрі Болормаа ханым қол қойғаннан бастап ресіми күшке ие болды.

    Филиал қабырғасында «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Инфоматика», «Есеп және аудит» және «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша студенттер білім алуда.

   Филиал ашылғаннан бері 1055 талапкер 4 мамандық бойынша оқуға түсіп, Өскемен қаласындағы негізгі университет қабырғасында оқуларын жалғастыруға жіберіліп отырады. Олардың ішінен 740 бітіруші мамандығы бойынша Қазақстан және Моңғолия елінде қызмет етіп жатса, қалған 315 студент оқуларын жалғастыру үстінде. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан жыл сайын  25 грант бөлініп отыр. Мүмкіндігінше осы грант саныны молайтылып белгілі мөлшердегі пайызы филиалға бөлінсе, нұр үстіне нұр болар еді.

        Осы филиал Қазақ елі мен Монғол мемлекетінің ынтымақтастыған нығайтушы бірден- бір жоғарғы оқу орны болып отыр. Сол себепті Атажұртттан филиалдың болашақ дамуыны, кеңеюіне көңіл бөлінсе деймін. Атап айтар болсақ:

-Филиалдың болашақ стратегиялық дамуына сай жаңа ғимарат,спорт залы, кітапхана, жатақхана,  сынды базасын кеңейту;

- Филиалдың аясын кеңейтіп талапкерлерді молдап тарту үшін қосымша мамандықтар ашу қажет;

- Қазақ диаспорасы арқылы филиалға қажетті жаңа заман талабы мен оқу бағдарламасына сай кітаптар, электронды оқулықтар және компьютермен қамтамасыз ету;

-Филиалға дайындық бөлімін ашу.

ӘБДІЛҰЛЫ ХАДИСХАН 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан

мемлекеттік университеті  Баян-Өлгий филиалының

директоры (Моңғолия, Баян-Өлгий

толығырақ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  негізінде ашылып отырған шетел қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтарына арналған дайындық бөлімінде жас ұрпаққа білім беру ісі, жоғарғы оқу орнына дайындау өз дәрежесінде жүргізіліп келеді. Қазақстанның Шығыс өлкесіне көршілес Қытай Халық Республикасынан, Моңғолиядан көптеп қоныс аударған отандастарымыздың сол елден мектеп бітіріп келген балалары бірден жоғары оқу орындарына оқуға түсулеріне туындаған қиындықтарға және де университет басшыларының тарапынан түскен ұсыныстарына байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігінің 2001 жылдың 17 қыркүйегіндегі №732 бұйрығының негізінде университетімізде дайындық бөлімі 2001 жылы ашылып, жемісті қызмет етіп келеді. 12 жыл ішінде дайындық бөлімінде Қытай, Моңғолия, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген қазақ жастары Қазақстанның орта білім жүйесі бойынша білім алып, кешенді тестілеуге дайындалды. Дайындық бөліміне тыңдаушыларды жинақтау үшін облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар арқылы хабарландыру таратамыз. Дайындық бөлімінде сабақ беретін ұстаздар жаз айларында аудандарға шығып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, дайындық бөліміне талапкерлер жинайды. Моңғолиядағы Баян-Өлгей аймағында университетіміздің филиалы арқылы сол өңірдегі қазақ жастарын да хабардар етеміз.  

Дайындық бөлімінің мақсаты мен міндетіне келетін болсақ,  Қазақстан Республикасының жоғары және кәсіби орта оқу орындарына тыңдаушылардың оқуға түсуі үшін жалпы білім беру дайындық деңгейін көтеру және соған қажетті жағдайлар жасау, Қазақстан халқының тарихымен және мәдениетімен, университеттің ішкі тәртібімен, Қазақстанға келген шетел азаматтарының құқымен, тыңдаушылардың құқы мен міндетіне қатысты басқа да заңнамалармен таныстыруға бағытталған оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

Жыл сайын Ғылыми Кеңесте дайындық бөлімінің оқытушылар кеңесіне дайындық бөліміне тыңдаушыларды қабылдау, дайындық бөлімінің оқу жұмыс жоспарын бекіту, дайындық бөлімінің  оқу жылындағы жүргізген жұмысы туралы жиналыс өткізіледі. Дайындық бөлімінен университетке, кәсіби техникалық колледждерге мемлекеттік білім грантымен, ақылы негізде оқуға түскен тыңдаушылар туралы, олардың кешенді тестілеу кезінде әр пәннен жинаған ұпайлары бойынша мониторинг жасалып отырады.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі дайындық бөлімі алғаш ашылған бөлімдердің бірі болғандықтан,  Семей  мемлекеттік педагогикалық университеті бізден нұсқау көмек алып, 2010 жылы тәжірибемен алмасты.

Қазан айында дайындық бөліміне тыңдаушылардың қабылдануы туралы ҚР БҒМ бұйрығы шыға салысымен, университеттің Ғылыми Кеңесте қаралған дайындық бөлімінің оқу бағдарламасымен оқу жұмыс жоспары оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректормен бекітіледі. Және де дайындық бөлім оқу жылы басында қабылданған тәрбие жұмысының, әдістемелік кеңестің жылдық жоспарына бөлім оқытушылар кеңесімен бекітіледі.

Оқу жұмыс жоспарына сәйкес дайындық бөлімінде оқу жұмысы 9 ай, яғни 36 апта мерзімінде өткізіледі. Оқу сағат саны 8590. Бір аптада тыңдаушылар 36 сағат оқуға тиісті және сабақтардың барлығы нормативтік талаптар бойынша мемлекеттік тілде өткізіледі. Университет тарапынан өткізілетін бақылаулардың бір түрі – тыңдаушыларға арналған байқау тесті. Аптаның әр сенбісінде байқау тестілеуі өткізіліп тұрды. Оқу жылы көлемінде Тест қорытындысы мен тыңдаушылардың сабақтағы үлгеріміне байланысты әр оқытушы үшін мониторинг жасалып, жұмыс нәтижесі хабарланып отырады.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ–дың  негізінде ашылып отырған жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің шетел қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтарына арналған дайындық бөлімінде жас ұрпаққа білім беру ісі, жоғарғы оқу орнына дайындау өз дәрежесінде жүргізіліп келеді. Тыңдаушыларға сараланып алынған тәжірибелі оқытушылар құрамы  дәріс бере отырып, жыл көлемінде олардың жоғары көрсеткіш көрсетуіне күш салды. Тыңдаушылар Қазақстан Республикасының мектеп бағдарламасына сәйкес білім алуда, сонымен қатар 8 пәннен (Математика, Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, Физика, Химия, Биология, Ағылшын тілі, Қазақ әдебиеті) кешенді тестілеуге дайындалады. Университет өз тарапынан тыңдаушыларға: ағылшын тілі, орыс тілі,  бейімделу тренингі сабақтарын элективті курс түрінде оқу бағдарламасына енгізді. Тыңдаушылардың қызығушылығы бойынша баскетбол, волейбол секциялары, музыка үйірмесі қосымша жүргізіледі.

Тыңдаушылар 2-3 шетелден келгендіктен, жазу ерекшеліктеріне байланысты қазақ тілі пәнінің оқытушылары оқуды әліппеден бастауға мәжбүр болады және балалардың жазуға жылдам  үйренуі үшін қосымша сабақтар өткізеді. Сондықтанда, біздің университеттегі дайындық бөліміне оқытушылар құрамын қаламыздағы гимназия, лицей-мектептерінің жоғары, бірінші санатты мұғалімдерінен жасақтаймыз. Бұл ұстаздардың еңбек тәжірибелерімен қатар, балаға деген ұстаздық мейірімі  өте көп.

Қалыптасқан дәстүр бойынша дайындық бөлімінде 2013 жылдың 25 ақпаннан бастап 5 наурызға дейін әдістемелік он күндік өтті. Әдістемелік он күндікті Маркетинг және жоо дейінгі дайындық орталығының жетекшісі Л. Гейцман  ашып, оқу-әдістемелік көрмеге қойылған оқытушылардың жұмыстарымен танысты. Дайындық бөлімінің әдіскері Б. К. Сыдыкжанов «ТКТ қатысуға дайындық бойынша тәжірибемен алмасу» атты әдістемелік кеңес өткізді, оған Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернаттың оқу ісінің меңгерушісі, жоғары санатты мұғалім Б. С. Құсайынова мен жоғары санатты мұғалім Г. К. Көкенова тәжірибелерімен алмасты. Педагогтар ұжымының кәсіби деңгейін арттыру мақсатында дайындық бөлімінің оқытушылары ашық сабақтар өткізді. Атап айтқанда, физика сабағынан жоғары санатты мұғалім Қ. А. Болатов «Магнит өрісі» тарауын (модульдік технология бойынша), жоғары санатты мұғалім К. Қ. Құдайбергенова «Иррационал сандар» тақырыбында логикалық және сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды көрсетсе, қазақ тілінен Қ. Е. Масалимова мультимедиялық технологиялрды пайдалана отырып «Сөз таптары» тарауын қорытындылады. Б. К. Сыдыкжанов таңдау пәні биология топтарында оқитын тыңдаушылармен «Кім? Қайда? Қашан?» Қазақстан тарихынан дәстүрлі емес ашық сабақ өткізді.

Орыс тілі дайындық бөлімінде элективті курс ретінде өтеді. Әрине, дайындық бөліміне келген әрбір қазақ баласы ертеңгі болашағын жоғары білім алумен байланыстырады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұстанған ұш тұғырлы тіл саясаты бойынша орыс тілі дайындық бөлімінде тыңдаушыларда орыс тілі қызығушылықпен өтеді. Мысалы, орыс тілінің оқытушысы С. Нұрғалиева топ тыңдаушыларын практикалық сабақта қоғамдық орындарға, дүкенге, саябаққа, театрға апарып, алған білімдерін  шыңдауға ықпал етеді.

Дайындық бөлімі ашылғаннан бері университет кітапханасы 5-11 сыныптарға арналған Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, математика, физика, биология, химия, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі сияқты оқулықтармен тыңдаушыларды қамтамасыз етеді. Тыңдаушылар оқу басталған күні кітапханадан оқырман билетін алып, кітапхана қорын, интернетті, периодика залындағы материалдарды еркін қолданады. Оқытушылардың өздері дайындап баспадан шығарған әдістемелік оқулықтарын да балалардың сұранысына ие. Ал жылдар бойы жинақталған байқау тест кітаптарын тыңдаушылар оқуда алған білімдерін тексеруге күнделікті пайдаланып отырады.

Мамандықтар туралы «Кел, танысайық!» айдарымен университет факультеттерінің  декандары,  кафедра меңгерушілері, аға оқытушылар өз факультеттерінде жабдықталған дәрісханаларға, зертханаларға саяхат жасатып, мамандықтың қыр-сырымен таныстырады. Тыңдаушыларды қалада орналасқан «Азия Авто» машина жасау зауытына саяхатқа барып, машина жасау мамандығына шолу жасайды. Сонымен қатар кәсіптік техникалық колледждерде дайындайтын кәсіптік мамандықтармен таныстырып өтеді. Ал қараша айында бұрын дайындық бөлімін бітіріп, қазір әр салада қызмет етіп жүрген, сонымен бірге университет, колледж қабырғасында білім алып жүрген жастармен кездесу өткізіледі. Оларда білім алу жолындағы аянбай еңбек етудің нәтижесі – маман болудың өзі бір жетістік екенін түсіндіреді.

2012-2013 оқу жылында дайындық бөліміне қабылданған 100 тыңдаушының 9-ы дайындық бөлімімен байланысын үзгені үшін оқудан шығарылды. Денсаулығына   байланысты Моңғолиядан келген 1 тыңдаушы оқудан шығарылды  (диагнозы: туа біткен жүрек ақауы: жүрек қарыншасының  арасындағы қақпақшалардың ақауы, оң жақ қарынша, оң жақ құлақшаның дилатациясы және гипертрофиясы. Жедел ота қолдану).  Бітірушілер саны – 90. Олардың 58-сі жоғары оқу орындарына (52,2%), 20-сы (18%) колледжге түсті,  Ал қалған 12 тыңдаушы ақылы негізде оқудан бас тартып, елдеріне қайтты. Мемлекеттік білім грантын иелену байқауына қатысуға өтініш білдірген талапкер тыңдаушыларымыздың көпшілігі біздің университетімізді таңдады, қазіргі таңда 16-сы университетіміздің студенті атанды.

Университет қабырғасында оқудың алғашқы сәті әрбір тыңдаушы үшін тұлға ретінде әрі қарай дамудың күрделі кезеңі болып табылады. Шетелден келген жастарымыздың барлығы бірден оқу үрдісіне кірісіп кете алмайды. Сондықтан олардың оқуға бейімделуінің маңызы өседі, ол қысқа мерзім ішінде бейімделудің неғұрлым тиімді де ұтымды әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, эмоциялық, ақпараттық-танымдық, коммуникативтік, мінез-құлық деңгейінде психологиялық тепе-теңдікте болуға қамтамасыз етеді. Осыған байланысты дайындық бөлімінің тыңдаушалырына оқу үрдісінің алғашқы 3 айында бейімделу тренингі өткізіледі.

Дайындық бөлімінде оқитын тыңдаушылардың бейімделуін екі деңгейде қарастыруға болады. Біріншісі, ұйымдастыру деңгейі. Бұл деңгейде дайындық бөлімінің жағдайындағы оқу-тәрбиелік деңгейде іске қосылатын оқытудағы тыңдаушылардың сыртқы қажеттіліктері жүзеге асады.  Екіншісі тұлғалық деңгей. Мұнда оқытушылардың тыңдаушылардың тұлға ерекшеліктерін есепке ала отырып, мақсатты бағытталған жүйелі ықпалы жүреді. Бұл тұлғалық қатынастар мен құндылықтардың дамуының бір кезеңінен екінші кезеңіне өтуін қамтамасыз етеді. Дайындық бөлімінде тыңдаушылардың жақсы бейімделуінің бір шарты оқытудың бастапқы кезеңінде оқытушыларды мақсатты түрде дайындау болып табылады. Оларға арнайы курс жүргізіліп, семинар өткізіледі. Бұл тәжірибе өз жемісін беріп келеді.

Тыңдаушы жастар үшін дайындық бөлімінде оқудың алғашқы айларында күрделі болады, себебі жаңа ортаға, жаңа ұжымғаүйренісу, қазақстандық білім алу жүйесімен танысу басталады. Көптеген балалар үшін бейімделу кезеңі күйзелісті өтеді. Осындай мәселелердің алдын алу мақсатында «Бейімделу аптасы» атты бейімделу бағдарламасы жасалды. «бейімделу аптасында»:

Топтардағы қолайлы жағдай жасауға арналған жұмыс;

«оқытушы – тыңдаушы» оңды өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін топ кураторларының жұмысын  ұйымдастыру;

Оқу нәтижесі үшін тыңдаушы баланың жеке жауапкершілігін қалыптастыру;

Универстеттің тарихымен және дәстүрімен таныстыру;

Университеттің ішкі ережелерімен, тәртібімен, студенттер үйінің қағидаларымен таныстыру;

Топ белсенділерін құру;

Жастардың шығармашылық белсенділігін дамыту;

Тыңдаушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу;

Тыңдаушылар арасында әлеуметтік зерттеу және қолданылатын бағдарламаның мониторингін жасау қарастырылады.

Осы бағдарламаның аясында келесі міндеттер шешіледі:

Алаңдаушылық деңгейі төмендейді;

Бір-бірімен танысу жүзеге асады;

Топтық ұжымды дамытуға ықпал етеді;

Оқу ісіне тыңдаушылардың  бейімделуіне әсер етеді.

«Бейімделу аптасы» пікір-талас әдістемесін, сауалнама жүргізу, университет, бөлім басшылығымен және жетекшісімен кездесулерді, оқытушылар құрамымен танысуды, топтағы қатынастың диагностикасын қамтиды.

Мысалы, жұмыстың бірінші кезеңінде тыңдаушы жазбаша сұрақтарға жаауап береді, жастардың топтық ұжымын, өз пікірін білу үшін топ кураторы келесі ойлардың аяталуын сұрайды:

Мен сізден көмек сұрай аламын, егер ...

Мен сізге ештеңе айта алмаймын, себебі...

Осы сияқты ой аяқтату тыңдаушының қандай деңгейге жаңа ортаға үйренгенін білуге болады. «Бейімделу аптасының» соңында балалардың қызығушылығына, таңдаған мамандықтарына байланысты топтар жасалады.

Кураторлар жергілікті мұражайлардағы көрмелерге, көрнекі орындарға, театрға, табиғат аясына серуендеуге апарады. Әр түрлі айтулы күндерге байланысты  мерекелік кештер мен тәрбие сағаттарын дайындық бөлімінің тыңдаушыларын бірлестіріп өткізеді, студенттердің қоғамдық өміріне тыңдаушылардың белсене қатысуына ат салысады.  Топ кураторлары жыл көлемінде тыңдаушыларға куратор сағаттарын өткізе отырып, оқу-тәрбиелік үрдістің қорытындысы бойынша есеп беріп отырады.

Дайындық бөлімінде тыңдаушылардың виза тәртібіне көп көңіл бөлінеді, сол үшін облыстық және қалалық көші–қон комитеті қызметкерлерімен тікелей жұмыс атқарылады. Виза тәртібі жөнінде тыңдаушыларға кеңес беру үшін облыстық, қалалық көші-қон полициясының қызметкерлері, университеттің халықаралық қатынастар бөлімінің инспекторы кездесуге келіп, шетел азаматтарының құқымен таныстырады.

Жоғарыда аталып кеткен куратор сағатының екеуі білім туралы заңға қатысты өтеді. Дайындық бөлімі Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының жетекшісі л. Гейцман тыңдаушылармен кездесу өткізіп, кешенді тестілеу бойынша білім заңнамаларымен таныстырып отырады.

Тыңдаушылар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ–дың №1 Студенттер үйінде тұрады. №1 Студенттер үйінде жеке ас әзірлеу бөлмесі, жуынатын бөлме, демалыс бөлмесі, қыздар бөлмесі, теннис залы жұмыс істейді, оның барлығы санитарлық нормаға сәйкес келеді. Бір бөлмеде 2 немесе 3 баладан тұрады, олар төсек-орын жабдықтарымен қамтылған. Демалыс бөлмесінде республикалық «Егемен Қазақстан», «Дала мен қала», облыстық «Дидар», қалалық «Өскемен» газеттерінің тікпелері жинақталған, қазақ және орыс тілдерінде «Жұлдыздар отбасы», «Өзін өзі тану», «1000 советов», «Өркениет» журналдарын тыңдаушылар қызығушылықпен оқиды. Демалыс күндері демалыс бөлмесінде проектор арқылы өздері таңдаған қызықты фильмді тамашалайды.

2013 жылдың 20-23 мамыр аралығында Өскемен қаласында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының клуб мүшесі, академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атына қазақ тілі мен әдебиетінен халықаралық олимпиадаға тыңдаушылар қатысып бақ сынасты. Олимпиада қорытындысында Ханат Бөтакөз 1 дәрежелі диплом, Расол Өмиргул мен Берік Қастер 2 дәрежелі диплом иегері болса, Манап Айгүл «Жас әдебиетші» номинациясын жеңіп алды. Аталған тыңдаушыларды қазақ тілі мен әдебиетке дайындаған мұғалімдері – Ж. Б. Ускембаева мен М. Е. Масалимова.

Қалада өтетін мәдени шаралардың барлығына дерлік дайындық бөлімінің балалары бір адамдай қатысып отырады. Мысалы 2011 жылы Өскемен қаласында «нұрлы көш» бағдарламасымен көтерілген Жаңа Шығыс ауылына ел басы Н. Ә. Назарбаевтың келуіне дайындық бөлімінің тыңдаушыларды қуана-қуана барды, сол жылы өткен «Қара жорға» акциясына қатысты. Атаулы мереке күндері қала орталығында өтетін шараларда тыңдаушыларымыз дәстүрлі, эстрадалық жанрда тамылжыта ән айтып, тамаша билерімен көрермендерді тәнті етеді.

Мемлекеттік мерекелер қарсаңында, айтулы күндерде, қазақтың ұлы ғұламаларының мерейтойлы күндерінде топ тыңдаушылары кураторларымен мерекелік шаралар, концерттік бағдарламалар, шағын қойылымдар көрсетеді. Атап айтқанда, Тәуелсіздік күні, Наурыз, ҚР бірінші Президент күні, ҚР әскери қорғаныс күші күндерін, бітіру кеші үлкен дастархан басында тамаша мерекелік концертпен өткізу жалғасын тауып келеді.

Бейімделу кезеңінен кейін төртінші жыл жалғасын тауып келе жатқан тыңдаушылардың өзін өзі басқару жүйесі жұмысын бастады. Оның жұмыс жоспары жасалады.  Басқару бойынша оқу, мәдениет, спорт, PR-секторларының жауапты тыңдаушылары өз алдарына қойылған міндеттерін жақсы деңгейде орындауға тырысады. Бұл ұйым арқылы шетелден келген қазақ жастарының жаңа ортаға, студенттік ортаға бейімделуінің жақсы бір қыры болып табылады.

Шетел қазақтарының азаматтық бейімделуінің тиімділігін экономикалық, әлеуметтік факторлар анықтайды. Экономикалық факторларға шетелден келіп, Қазақстанда маман болып, еңбек етуге мақсатты бағдармен мамандық таңдауы жатады. Ол әрі қарай ата-анасының Қазақстанға қоныс аударуына үлкен ықпал етеді. Ал әлеуметтік факторларға келетін болсақ, мемлекеттік білім грантын иелену байқауына қатысу кезінде берілетін квота да шетел қазақ жастары үшін үлкен қолдаудың бірі.  Жоғары оқу орнына түскен бала Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға ниет білдіруі де бейімделу тиімділігінің көрсеткіші болып табылады.

Қорытындылай келе, Қазақстанда оқу үшін сәтті бейімделуге шетел қазақ жастарын дайындауды қамтамасыз ететін педагогикалық шарттардың жинағы болып тұлғалық ерекшеліктер мен білімділік деңгейін диагностау, бейімделу үрдісін ұйымдастыру мен басқаруға оқытушыларды дайындау, тыңдаушылардың танымдылығын, қарым-қатынас дағдасын, шығармашылық  потенциалын дамытуға бағытталған инновациялық технологиялар енгізу табылады.

Дайындық бөлімінің жұмысы бойынша келесі ұсыныстарды алға тартамыз:

1) Дайындық бөліміне тыңдаушылар қабылдау туралы нұсқау хат Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында 20 маусымнан  қабылдау комиссиясы жұмысын бастаған кезде жіберілсе. Себебі дайындық бөліміне қабылдау мерзімі, тестілеу өткізу мерзімі бір жүйеге келтірілмегендіктен, шетелден қазақ жастары көп жағдайда құжат тапсыруға, тестілеуге кешігіп келеді;

2) Дайындық бөліміне өз елдерінің дәрігерлерінен созылмалы науқасы бар-жоғы туралы қосымша анықтама әкелсе. Себебі жоғарыда айтылған жағдайлардың алдын алу мақсатында тыңдаушының толық денсаулық жағдайы туралы мәліметтің болғаны дұрыс;   

3) ҚР БҒМ тарапынан бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасы болса;

4) Бейімделу кезеңі бойынша арнайы әдістемелік құралдар шығарылса.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетдегі шетел қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтарына арналған дайындық бөлімі - өз дәстүрі мен тарихы қалыптасқан, алғаш ашылған, тәжірибесі мол Қазақстандағы алдыңғы қатардағы дайындық бөлімі.

Назарларыңызға рахмет!

ДАУЫЛБАЕВА ӘСЕЛ СОВЕТБЕКҚЫЗЫ

С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

   маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық

орталығының маманы (Өскемен қ.)


толығырақ

Ашылғанына биыл 70 жыл толған М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті еліміздегі көп салалы ірі де іргелі оқу орындарының бірі. 2002 жылдың 14 қазанында университет жанынан Жоғары оқу орнына дайындау орталығы ұйымдастырылды. Университет ғылыми кеңесінің 27.10.2004 жылғы шешімімен Орталыққа шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері мен репатрианттарына (оралмандарға) және шетел азаматтарына арналған дайындық курстары мен шетелдік студенттер контингенті біріктіріліп, соның негізінде Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультет құрылды.

Факультет университеттің № 13 ғимаратына орналасқан. Аудиториялар қоры жеткілікті. Дәрісханалар компьютерлермен және интерактивті тақталармен жабдықталып, оқу процесінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдануға жағдай жасалған.

Факультетте оқитын студенттер мен тыңдаушыларға №6 жатақхана бөлінген. Жатақханада қажетті нәрсенің бәрі де бар. Жатақханада орналасқан кітапхананың оқу залында қажетті оқулықтар жеткілікті, интернет қызметі тегін.

Шетел студенттері мен тыңдаушылардың көші-қон полициясына тіркелуі, визалық мәселелер толығымен шешілген.

Университеттің күндізгі бөлімінде және дайындық курсында Өзбекстан, Қытай, Монғолия, Тәжікстан, Түркия және Түркіменстан елдерінен келген қазақ диаспорасының өкілдері оқып білім алуда. Олардың басым көпшілігі көршілес Өзбекстан Республикасынан.

Жоғарыда аталған елдерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерін оқуға тарту ісіне университетіміз үлкен көңіл бөле отырып, жан-жақты кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Кәсіби бағдар жұмыстары мынадай бағыттар бойынша атқарылады:

университет сайтында университет, факультет және дайындық бөлімі туралы мәліметтер орналастырылып, жаңартылып тұрады;

облыстық және аудандық газеттер беттерінде мақалалар жарияланып, теледидар хабарлары беріледі;

Өзбекстанның ақпарат құралдарында мұндай материалдарды жариялау мүмкін болмағандықтан, факультет оқытушылары мен деканы, аталған елдің қазақ диаспорасы көп шоғырланған аудандарына барып, әрбір ауылда, мектептер мен колледждерде жұмыс жүргізеді;

қазақ диаспорасы тұратын Өзбекстан, Қытай, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Ресей елдеріндегі Қазақстан елшіліктерімен бұл мәселе жөнінде байланыстар орнатылған;

аталған елдердегі қазақ мәдени орталықтарымен, қауымдастықтарымен байланыс орнатылған.

Қазақстардың дүниежүзілік қауымдастығымен байланыс орнатылып, әрдайым қолдау тауып келеміз.

Дайындық бөлімінің негізгі міндеті шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге даярлау. Дүниежүзі қазақтарының төртінші құрылтайында Елбасы, қауымдастық төрағасы Н.Ә.Назарбаев осы жағына баса назар аударған болатын. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың басшылығы бұл мәселені үнемі назарда ұстап, қолдау көрсетіп отырады. Ректорат өзінің 2009 жылдың 24 желтоқсанында өткен мәжілісінде факультет деканы С.Н.Әлібектің «Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу факультетінің жұмысы» хабарламасын тыңдап кәсіби-бағдар жұмысының белсенділігін арттыру туралы шешім қабылдады.

Университет басшылығы факультет жұмысын үнемі назарда ұстап, көмектесіп отырады. 2011 жылдың 29 қарашасында университеттің Ғылыми кеңесі «Шетелдік студенттермен жұмыс жүргізу факультетінің жағдайы мен даму перспективасы туралы» мәселені талқылап, дайындық бөліміндегі оқу процесін жетілдіру, қазіргі заманғы оқыту технологияларын қамтамасыз ету, университеттің академиялық мобильділік және халықаралық рейтинг орталығымен және халықаралық ынтымақтастық бөлімімен бірлескен жұмыстар жүргізуді міндеттеді.

2012 жылдың 3 желтоқсанында өткен Ғылыми кеңесте факультетті «Шетел студенттерімен жұмыс және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті» деп атау және университеттің халықаралық серіктестік Орталығымен бірлесе отырып, алыс және жақын шетелдерде ақпараттандыру жұмысын күшейту жөнінде шешім қабылданды.

Университет ұжымының қажырлы кәсіби бағдар жұмысының нәтижесінде шетелде тұратын қазақ жастарына арналған дайындық бөлімінде оқитын тыңдаушылардың саны жылдан-жылға арта түсуде. Оны төмендегі кестедан көруге болады.

 

Оқу жылдары

ОҚМУ-ға құжат тапсырғандар

ОҚМУ-ға қалдырылғандар

Басқа ЖОО-ға жіберілгендер

ОҚМУ-дың дайындық бөлімін бітіргендер

Грантқа ие болғандар

ОҚМУ-ды таңдағандар

абс

%

Абс

%

абс

%

абс

%

2009-2010

100

100

100

-

100

97

83

85,6

62

74,7

2010-2011

250

164

65,6

86

34,5

161

139

86,3

92

66,2

2011-2012

320

200

62,5

120

37,5

198

170

89,5

90

52,9

2012-2013

400

290

72,5

110

27,5

268

247

92,2

116

47,0

Барлығы

1070

734

70,0

316

30,0

724

639

88,0

360

56,3

2013-2014

600

384

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алайда соңғы жылдары үлкен еңбекпен жиналған тыңдаушылардың бір бөлігі ғана біздің университетімізде қалдырылып, біразы басқа жоғары оқу орындарына бөлініп кетіп отырды. Бұл жағдай тыңдаушылар мен олардың ата-аналары тарапынан реніш туындауына алып келді. Университет басшылығы ҚР Білім және ғылым министрлігіне біздің университетті таңдаған тыңдаушыларды өзімізде қалдыру туралы мәселе көтергенімен нәтижесіз қалып келді. Тек биылғы оқу жылында ғана бұл түйін оңды шешілді. Тыңдаушылар мен олардың ата-аналары министр А.Сәрінжіпов мырзаға өздерінің ризашылықтарын білдіруде. Мәселенің осылай шешілуінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Мамашевтың да қолдау көрсеткенін атап айту орынды.

Алдағы уақытта да әрбір тыңдаушыға өздері таңдаған жоғары оқу орнының дайындық бөлімінде оқуға мүмкіндік берілуі тиіс деген пікірдеміз.

Дайындық бөлімінің оқу бағдарламалары мен жұмыс жоспарлары әр жылы қыркүйек айында жасалып, факультет кеңесінде бекітіледі. Жалпы республикалық бірыңғай типтік оқу бағдарламалары жасалмаған. Сондықтан орта мектеп бағдарламасын негізге ала отырып оқу жұмыс бағдарламаларын өзіміз жасап, ол университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген.

Дайындық бөлімінің тыңдаушылары әртүрлі елдерден келгендіктен, мұндағы оқу процесі олардың ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған. Қытайдан келгендер арабша төте жазумен оқыған, ал біздегі кириллицаға алғашқы кезде қиналады. Өзбекстанның қазақ мектептерінде кириллица қолданылатындықтан, бұл мәселеде қиындық жоқ. Бірақ бұл елден келген қазақ жастарының бір бөлігінің қазақ тіліне шорқақтығы анық байқалады. Олардың өз ана тілін ұмытып, өзбек тіліне ойысып бара жатқаны, қазақ тілінде өз ойын жеткізе алмауы жылдан-жылға арта түсуде. Өзбекстанда 9-сыныптан кейін оқуын колледждерде жалғастырады. Қазақ мектептерінің қысқаруынан 9-сыныптан кейін көптеген қазақ балалары колледжге баруға мәжбүр. Колледждерде латын әрпі қолданылады, оқу тек өзбек тілінде жүргізіледі. Жалпы алғанда шет елдерде Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы сияқты пәндер оқытылмайды. Сондықтан біздің факультетіміздің дайындық бөлімінде аталған қиындықтардан шығудың негізгі жолы ретінде қосымша сабақтарға үлкен көңіл бөлініп отыр. Қосымша сабақтар әрбір оқушымен жеке түрде немесе топтық негізде өткізіледі. Қосымша сабақтар жоғарыда аталған ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастырылған.

Оқу ғимаратындағы және жатақханадағы кітапханалар кешенді тестілеуге дайындалуға қажетті мектеп оқулықтарымен толық қамтамасыз етілген. Тыңдаушылардың оқулықтармен жұмыс істеуіне, дайындалуына толық жағдай жасалған.

Оқыту барысында тыңдаушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіледі. Оларға Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы туралы мәліметтер, оған қажетті мамандар даярлайтын оқу орындары туралы мәліметтер беріледі. Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаты мен маңызы түсіндіріліп, Отанымыздың жарқын келешегі туралы сөз қозғалады. Бұл елімізің жоғары оқу орындарына түсіп білім алған қазақ жастарының оқуды бітіргеннен кейін атажұртта қалып, елге қызмет етуге ниет еткендердің жыл санап арта түсуіне ықпал етуде.

Университетіміздегі дайындық бөлімінің тиімділігі де жоғары. Оны кешенді тестілеу нәтижесінде грантқа ие болғандардың жылдан-жылға артып отырғанын көруге болады.

2009-2010 оқу жылында 97 бітірушінің 85,6%-ы

2010-2011 оқу жылында 164 бітірушінің 86,3%-ы

2011-2012 оқу жылында 198 бітірушінің 89,5%-ы

2012-2013 оқу жылында 268 бітірушінің 92,2%-ы білім грантына ие болды.

Олардың 56,3%-ы ОҚМУ-ды таңдады.

   Атажұртқа  білім алу мақсатымен келген қазақ жастарын азаматтық-әлеуметтік бейімдеу жұмысы қазан-маусым аралығында үздіксіз жүргізіледі. Оқу басталысымен тыңдаушылармен кездесуге ішкі істер департаменті көші-қон бөлімінің қызметкерлері шақыртылып, олар Қазақстан Республикасының Конституциясы, шетел азаматтарының біздің елімізде қалай жүріп-тұру, өздерін қалай ұстау, олардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгімелер өткізеді.

   Тыңдаушылар қала, университет, факультет көлемінде өткізілетін әртүрлі мерекелік және басқа да тәрбиелік мәні бар іс-шараларға қатыстырылып, олардың өзі де осыларды өткізуге кеңінен қатыстырылады. Осылардың кейбірін атап өтсек: «Студенттікке қабылдау», «Қала күні», «Тұңғыш Президент күні, «Тәуелсіздік күні», «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы», «22 наурыз – жыл басы», «Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күні», «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні» т.б. Университет мұражайына, облыстық қуғын-сүргін мұражайына, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барып, өлке тарихынан мағлұматтар алады. Түркістан, Арыстанбаб, Қазығұрт сияқты өңіріміздің киелі орындарымен танысады. Әр апта сайын өтетін тәрбие сағаттарында тыңдаушыларға тәрбиелік мәні бар тақырыптарға әңгімелер өткізіледі және оларды өткізуге тыңдаушылардың өздері белсене атсалысады.

   2012-2013 оқу жылында өткізілген тәлімгерлік сағаттардың кейбірінің тақырыптарын келтіре кетуді жөн көріп отырмыз: «Оңтүстік Қазақстан облысына 80 жыл», М.Әуезовтың 115 жылдығына арналған «Тұғыры биік тұлға», «Сүйікті елім – Қазақстаным», «Бәріміз біргеміз – сондықтан берік іргеміз», «Дін және жастар», «Діні де, тілі де басқа – тілегі бір», «Қазақстан – 2050» стратегиясы т.б.

   Қазақ тілі, қазақ әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндерін оқыту барысында, тыңдаушыларды патриотизмге баулу, тарихи отаны Қазақстанға деген сүйіспеншілікке баулу мәселесіне үлкен мән беріледі.

   Жоғарыда атап өтілгендей, жатақханада тұратын тыңдаушылар қазақ тіліндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен қамтамасыз етілген, олар күнделікті теледидар арқылы елде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып, республикамыздың күнделікті тыныс-тіршілігімен таныс болып отырады.

Ұсыныстар

   1. Өткен жылдарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ұжымының қажырлы еңбегімен жинақталған тыңдаушылардың үлкен бөлігі басқа жоғары оқу орындарына бөлініп кетіп жүрді. Бұл жағдай тыңдаушылар мен олардың ата-аналары тарапынан реніш пен наразылық туындатты.

   Тек биылғы оқу жылынан бастап қана бұл жағдай өзгерді. ОҚМУ-дың жинаған 384 тыңдаушы өзінде қалдырылды. Алдағы уақытта да тыңдаушының оқу орнын таңдау құқығы бұзылмағаны маңызды.

   2. Қазақ этносының үштен бірін құрап отырған шетелдегі қазақ диаспорасының қазіргі жай-күйін жан-жақты кешенді түрде зерттеп келешегін болжайтын ғылыми орталық ашылса жөн болар еді деген пікірдеміз.

Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы

тарих ғылымдарының докторы, профессор,

М.О. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

университеті шетел студенттерімен жұмыс

жүргізу және дайындық факультетінің деканы

(Шымкент қ.)


толығырақ

Қазақстан тәуелсіз ел болғалы бері тарих толқынына  бағынып, дүниенің түкпір-түкпіріне шашырап кеткен елін өз отанына жинап алу үшін Республикамыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қолынан келген қамқорлығын көрсетіп келе жатыр.

1996 жылғы 31 желтоқсандағы Н.Ә. Назарбаевтың «Шетелдерде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Білім және Ғылым министрлігінің басшылығымен өз шешімін тауып, шетелде тұратын қазақ жастарының отанына оралып, білім алуына жол ашылды.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев дүниежүзі қазақтарының құрылтайында: «Біз алыстан келген жас ұрпағымыздың бетінен қақпай, олардың атамекенінде қалып, білім алуының мүмкіндіктерін қарастыруымыз керек,» – деп атап көрсеткен болатын.

Қазақ елін, жерін аңсап жүрген, алыстан отанын: кең байтақ солтүстік өлкелерін, Алатаудың  нұрға бөленген шыңдарын, Өскемен өзендерін, Каспий теңізінің толқындарын сағынған қандастарымыз: ұйықтаса түсінде, ояу жүрсе жүрегінде сақтап, ойынан шығармай, туған елінің нанынан дәм татып, суын ішсек, осы елімізде отау тігіп, шаңырақ көтеріп, үйлеріміздің ошағын түтіндетсек деген қазақтардың көңілінен шыққан елбасының қазақ еліне қамқор көрсету бағдарламасы қазіргі күні жүзеге асырылуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет елбасы бастаған бағдарламаны жүзеге асырудағы бағытқа бел буып кіріскеніне 13 жыл болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел азаматтарына арналған дайындық факультетіне 2001 жылдан бастап оралман тыңдаушылар қабылдана бастады. Шетелдік  жастармен  жұмыс істеудегі он үш жылдық тәжірибені есепке ала отырып,  қол жеткізген   нәтижелерімізді мақтанышпен айтуға болады. 2001 жылдан бастап жыл сайын факультетімізде дүние жүзінің  әртүрлі мемлекетінен 150 тыңдаушы білім алады. Осы уақыт аралығында әлемнің 15 елінен елген 1700 жуық студентті  ЖОО-ға түсуге дайындадық.

Біздің  университетіміз  қашанда тыңдаушылардың үлкен  сұранысына ие. Бұл  профессор оқытушылар  құрамының кәсіби шеберлігі мен мол тәжірибесіне байланысты дайындаудың  жоғары деңгейде екені мәлім. Соңғы 3 жылда факультетімізде тағы да бір білім беру саласындағы  президенттік бағдарлама, Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарына арналған гумманитарлық  көмек беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.  Мемлекеттік тапсырыстың 150 гранты ауғанстан азаматтары мен қазақ диаспорасы  өкілдері арасында бөлінуде.

Биылғы оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігі университет басшылығының шетелдік қазақ диаспорасы өкілдерінің санын арттыру жайлы ұсынысын қанағаттандырды. Бұл бастаманы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы да қызу қолдады. Егер ҚазҰУ тыңдаушыларды -шетелдік қазақ жастары өкілдерін қабылдайтын базалық университет болса, тыңдаушы қазақтардың саны бұрынғы деңгейге жетеді және бірнеше есе аса түседі деп үміттенеміз. ҚазҰУ-дың  жағдайы мен  оқытушылардың кәсіби шеберліктері біздің түлектеріміздің Қазақстанның  болашағына зор үлес  қосатын азаматтар қатарын толықтыруға   мүмкіндік береді.

Алғашқы жылы тек Монғолия, Қытай Халық Республикасынан ғана келген болса, ал 2002 жылы бұл мемлекеттермен қатар Түрікменстаннан мектеп бітірген 10 тыңдаушы білім алды. 2003 жылдан бастап басқа көптеген мемлекеттерден де тыңдаушылар келе бастады. Мысалы ҚХР,МХР, Сауд Арабия, Иран, Түркия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Иордания, Латвия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстаннан келіп оқыды. 2005-2006 оқу жылында алғаш рет Швециядан Нилай Сарыбас атты қыз бала келді. 

Дайындық факультетін тамамдағаннан кейін университеттің халықаралық қатынастар факультетін бітіріп, еліне дипломмен оралды.  Келесі оқу жылында Германиядан-2, Түркиядан -18 тыңдаушы келіп оқыды. Ал 2009-2010 оқу жылында Франциядан Толға Түркөз, Фатих Шетінкая, Сауд Арабиясынан Мухамед, Хабиб, Харун атты тыңдаушылар келіп білім алды. Толға Түркөздің факультетімізде қазақ тілін жетік меңгеріп, ұмыт болған  ата-дәстүрін  үйреніп, Қазақстан туралы тереңірек мағлұмат алып еліне мақтанышпен оралғандығының арқасында келесі оқу жылында Мадина Уайсал атты тағы да бір тыңдаушымыз елге оралды. Биылғы жылы Иорданиядан келген Дәурен, Австриядан жеткен Сельчук пен Эртугруль топпен бірге білім алуда.

Өз Отанында жүйелі түрде білім нәрімен сусындап, еліне деген патриоттық сезімдері мен білімге деген қызығушылықтарының артуына Қазақ ұлттық университеті ұжымы ерекше мән беріп отырады. Осы заманға сай  күрделі жөндеуден өткізілген жатақхана беріліп, жатақхана арнайы оқу залымен және дәрігерлік пунктпен қамтамасыз етілген.

Университет басшылығы оралман-тыңдаушылармен кездесу өткізіп, олардың өтініш-тілектеріне мән беріп, мүмкіндігінше қанағаттандырып отыруға тырысады. Сонымен қатар оқу визасын алуына, жатақханаға тіркелулеріне, кітапханадан қажетті әдебиеттерін, шәкіртақыларын уақытында алуларына тағы басқа мәселелерін ойдағыдай толық шешулеріне көмектеседі. Сондай-ақ, әрбір тыңдаушының әлеуметтік жағдайына да ерекше мән берілген. Мәселен, ата-анасы жоқ, тұрмыс жағдайы төмен балаларға университет тарапынан жылына бір рет қосымша қаржы бөлінеді. Ал талантты, дарынды тыңдаушыларға түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысуларына барлық жағдайлар жасалынып отыр. Факультет тыңдаушылары домбыра, би үйірмелеріне қоса университет оркестріне және түрлі спорттық секцияларға да тегін қатыса алады.

Сонымен қатар оралман-тыңдаушылар университеттің барлық факультеттерінің де назарынан тыс қалып отырған жоқ. Оралман-тыңдаушыларға таңдаған мамандықтары жайлы тереңірек мағлұмат алуларына көңіл бөліп отырады. Қазіргі таңда техниканың дамыған заманы. Сондықтан болар тыңдаушыларымыздың көбі физика, химия, биология мамандықтарын таңдайды. Осы мақсатта университеттің филология, физика, химия, тарих, биология, география факультеттерінде жыл сайын «Ашық есік» күндерін өткізу дәстүрге айналған.Осы жүмыстардың бәрі қазақ балаларының әлеуметтік-оқу ортасына бейімделуге зор әсерін береді.

Факультетке қабылданған тыңдаушылар мектеп бағдарламасына сәйкес үш негізгі пәннен (қазақ тілі, математика, қазақстан тарихы) және таңдаған мамандықтарына сәйкес қосымша (физика, химия, биология, география, жалпы тарих, қазақ әдебиеті, орыс тілі) пәндер бойынша дәріс тыңдайды.

Осы негізгі пәндердің ішінде қазақ тілі пәнінің көтерер жүгі де, атқарар қызметі де өте маңызды. Жалпы қазақ тілінде сөйлеп, жазуды үйрету – қоғамда қазақ тілінің мәртебесін жоғары дәрежеге көтерудің алғы шарты. Оралман қазақ жастары, оның ішінде көршілес жатқан Қытай елінен келген тыңдаушылар диаспорасы онда білімді қазақ тіліне лайықтап негізделген араб төте жазуымен немесе қытай иероглифімен оқып, білім алып келеді. Ал бізде оқу жүйесі кириллицамен жүргізіледі. Кириллицаны еркін меңгермеген тыңдаушыларға өзге пәнді игеріп кету оңай болмайды. Сонымен қатар Қытайдағы қазақ мектептерінің өзінде қазақ халқының тарихы, географиясы, мәдениеті мен әдебиеті тиісті дәрежесінде оқытылмайды.

Тереңдетіп оқытылуға қытай халқын, қытай елін ғана дәріптеуге арналған мәдени көзқарастар жол бермейді. Сол себептен дайындық факультетіндегі оралман дәрісханасындағы Қазақстан тарихы пәні мектеп бағдарламасымен шектеліп қана қоймай, тыңдаушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында студенттердің ғылыми конференцияларын өткізу факультетте үрдіске айналған. Мәселен өткен жылы «Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік жағдайы» атты тыңдаушылардың ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияға тарих факультетінің профессорлары мен оқытушылары қатысты және Қазақстан тарихының сағат санын  500 дейін ұлғайту  шешімінің нәтижесінде оқуға түскен балалардың саны өсті. Мысалы өткен жылы 84,5% тыңдаушыларымыз ЖОО-да білім алып  жүр. Бұндай жоғары нәтижеге  жыл бойы оқу үрдісі барысында тыңдаушыларды бірнеше рет тестілеу орталықтарының бақылау сынақтарына апарып, білімдері қадағаланып отырудың қорытындысы.

Шетелден келген тыңдаушыларға әлеуметтік ортаға бейімделу үшін патриоттық сезімді қалыптастыру қажет екендігі айдай анық.

Сондықтан, ұстаздар тарапынан оралман-тыңдаушы жастар бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыру жолында білім берудің теориялық және әдістемелік жаңа үлгілері ұсынылуда.

Осы кезеңде әрбір тыңдаушының білім алуына оқытушылардың атқарар жұмысының рөлі ерекше. Атап айтқанда:

Оқу жүйесімен, жатақхананың ішкі ережелерімен таныстыру;

Түрлі ортада өзін қалай ұстау керектігі жайлы әңгіме өткізу;

Жеке бас тазалығы мен денсаулық күтімі;

Жол жүру ережелерімен таныстыру;

Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау сияқты тақырыптарда әңгіме сағаттарын өткізу.

Бұл жұмыстармен қатар факультетте тыңдаушыларды қала өмірімен, республиканың өткені мен бүгінгі күнгі тарихымен кең ауқымды таныстыру істері жүргізіледі. Осы орайда оларды қаланың көрікті жерлерін аралатумен қатар ел тарихынан мол мағлұматтар беретін мұражайларға, тарихи орындар мен театр қойылымдарына апарып отыру қарастырылған. Сонымен қатар, орал-тыңдаушыларымызды Қазақстанның киелі жері Арыстанбаб, Түркістан, Қазығұртқа да апарып саяхат атамекеннің өткенімен бүгінгі тарихымен таныстырып қайттық.

Факультет тыңдаушылары арасында айына бір рет кең көлемдегі тәрбиелік мәдени шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, дәстүрлі «Атамекенге қош келдің, бауырым!» атты тыңдаушыларды факультетке қабылдау рәсімі өтеді. Ал жыл сайын қараша айында университеттің дәрігерлік бөлімшесімен бірлесе отырып «Тазалық – денсаулық кепілі» атты әңгіме сағаты (туберкулез, спид, сарыауыру тағы басқа жұқпалы аурулар туралы пікір таластар) өткізіліп тұрады.

Республикадағы айтулы мерекелік күндер де факультет ұжымының тарапынан тыс қалмайды. («Тәуелсіз елім – тірегім, туған жерім – жүрегім», «Желтоқсан жаңғырықтары», «Атамекендегі алғашқы жаңа жыл», «Ана – өмір гүлі», «Наурыз мейрамы», Қозы Көрпеш Баян Сұлу күніне арналған «Адалдық, достық, махаббат»).

Республика өмірімен біршама таныс болған оралман-тыңдаушы жастарды еліміздің қоғам қайраткерлерімен, көрнекті ақын-жазушыларымен таныстырып, олармен кездесулер ұйымдастырудың маңызы зор. Осындай кездесулердің арқасында шетелден келген қазақ балаларының өз халқына деген сүйіспеншіліктері арта түседі. Өз елінің тарихын, тілін, әдебиетін, мәдениетін терең білуге құштарланады. Факультетте алғашқы жылдары білім алған тыңдаушыларымызға қазақтың маңдай алды көрнекті тұлғаларымен кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтсақ,  С.Жиенбаев, Б.Соқпақбаевтарды еске алу кеші өткізілді, Майдангер жазушы Ә. Нұшайықовпен, халық жазушысы, ақын Т.Молдағалиевпен, халық жасушысы Қадыр Мырзалиевпен, М.Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы С. Досановпен кездесулер өтті.

Аталған іс-шаралармен қатар оралман-тыңдаушылар арасында олардың дүние танымын кеңейтетін түрлі дидактикалық пікір-талас сағаттары және әдеби кештер жиі өткізіліп тұрады. Мәселен, «Бүгінгі талапкер-ертеңгі студент», «Қызықты физика кеші», «Бүгінгі бойжеткен», «Армысың Атамекенім» т.б. Осындай өткізіліп тұратын жұмыстардың нәтижесінде факультет тыңдаушылары жоғары табыстарға қол жеткізіп жүр. Университеттің 75-жылдық мерейтойында жас ақындар номинациясы бойынша Жақсылық Қазмұрат жүлделі бірінші орынды иеленді. Факультетіміздің талантты тыңдаушысы Шәкерхан Қанатхан жас ғалымдардың байқауында бірінші орынды иеленді.

Факультет ұжымы оралман-тыңдаушы жастарды оқытуды үлкен жауапкершілікпен сезініп, тыңғылықты дайындалғанын оқыту процестері барысында толық дәлелдеп отырады. Соның айғағы ретінде айтар болсақ, факультет оқытушылары оралман-тыңдаушылардың оқу жағдайына сәйкес келетін оқулықтар мен оқу құралдарын жазды.

Дайындық факультеті оқытудың тек саны жағынан емес, сапасы жағынан да жақсы нәтижелерге жетуде. Оралман-тыңдаушылардың оқу сапасының артуына университет басшыларының тарапынан көп көңіл бөлініп жатыр. Соның бірі - оралман топтарына ұстаздардың өткен жылғыдан екі есе көп бөлінуі. Бұл шара оралман тыңдаушылардың топтағы санын 8-9 тыңдаушыға дейін азайтуға мүмкіншілік берді. Сондықтар әр тыңдаушыға оқытушы көбірек уақыт бөлсе, білім сапасы да артары сөзсіз. Алғашқы жылдары бір топта 25-30 оралман-тыңдаушыдан болса, 2004 жылдан бастап әр топқа 8-9 оралман-тыңдаушыдан бөлінген. Соның нәтижесінде 2005 жылы 117 оралман-тыңдаушы грантқа ие болды.

Қазіргі таңда осы бағыт бойынша жұмыс атқарып келе жатқан университет үлкен нәтижеге ие болды. Біз бүгінде жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларымызбен мақтана аламыз. Атап айтсақ, жас ғалым, биология факультетінің  түлегі, жақында ғана ағылшын тілінде PhD докторлық диссертациясын қорғаған Гүлжан, «Қамшы» журналын басқарып отырған журналист  Біләл Қуаныш,   студенттік жылдарының өзінде  2 жыр жинағы жарыққа шыққан  Жақсылық Қазымұрат. Түлегіміз, химия факультетінің магистранты Нұргелді Әбеу факультетімізде табысты еңбек етуде. Осындай мақтан тұтатын түлектеріміз аз емес. Болашақ Қазақстанның дамуына, өркендеуіне бұлар да қолынан келгенін аямайтынына сенімдіміз.

Біздің түлектеріміз олар самғауға қанаттары қатайған жас қырандар тәрізді. Және де оларды қанаттандырған, қанатын қатайтқан біздің университет, біздің факультет. Оларды кішкентай бұғанасы қатпаған балапан кезінде оқуға қабылдап, сол оқу арқылы дұрыс бағыт, буындарын қатайтып, рухани күш беріп, алдындағы асқар таудай армандарына ұмтылуға демеу көрсетті.

ЖАППАСОВ ЖАРЫЛҚАСЫН ЕРКІНҰЛЫ 

тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби ат.

Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі

білім беру факультетінің деканы  (Алматы қ.)

МОЛДАҒАЛИЕВА ЖАЗИРА ТҰМАНБАЙҚЫЗЫ

филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби ат.

Қазақ ұлттық университеті Халықаралық білім беру

департаментінің директоры  (Алматы қ.)


толығырақ

«Қазақстан Республикасы  жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде қазақ диаспорасы өкілдерінің оқу және азаматттық (әлеуметтік) бейімделуі»

атты аймақтық «дөнгелек үстел» мәжілісінің

баспа сөз баяны

 

      2013 жылдың 29 қарашасында, сағат 10.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің негізінде (журналистика факультеті, Т.Қожакеев атындағы №230 аудитория) «Қазақстан Республикасы  жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде қазақ диаспорасы өкілдерінің оқу  және азаматтық (әлеуметтік) жағынан бейімделуі» атты тақырыптағы аймақтық «Дөңгелек үстелдің»  ашылуы болады. Бұл іс-шараларды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і ұйымдастырып отыр.

     «Дөңгелек үстелді» өткізудің мақсаты мен міндеті тәжірибе алмасу, шетел азаматтары болып табылатын қазақ диаспорасының өкілдеріне  білім беру қызметінің сапасын арттыруға, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын отандастарды мәдени-танымдық және ақпараттық-насихаттық жағынан қолдау көрсетуге бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шешімдер қабылдау болып табылады.

     «Біз әлемнің түрлі елдерінде тұратын қазақ жастарының Қазақстанда сапалы білім алуы үшін  жағдай жасауға тиіспіз», - Дүниежүзі қазақтарының ІҮ Құрылтайында Қазақстан Республикасының  Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев өзінің ұстанымын осылай білдірді. 2011 жылғы «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа Заңында «Білім алу мақсатындағы көші-қон» деп аталатын қазақ диаспорасына тікелей қатысты арнаулы тарау енгізілді.

     «Дөңгелек үстелде» қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізуге маманданған педагогтер, оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті , Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті , М.О.  Әуэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік университеті , Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті , Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік  университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жетісайдағы «Сырдария» университеті, сондай-ақ, Моңғолиядағы  ШҚМУ

-нің Баян-Өлгей филиалы тәрізді оқу орындарының оқытушылары баяндама жасайды.

     Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары болып табылатын шетелдік  қазақ жастарының визалық, азаматтық алу мәелелерін, жаңа ортаға бейімделу жағдайын,  қазақ диаспорасының сұраныстарын қанағаттандыру жай-күйін талқылау үшін «Дөңгелек үстелге» ҚР Білім және ғылым, ҚР Мәдениет және ақпарат, ҚР Ішкі істер министрліктерінің, ҚР СІМ Консулдық қызмет комитетінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің өкілдері шақырылды.

     Аталған іс-шара басталғанға дейін «Дөңгелек үстел» қатысушылары  әл-Фарабидің және академик Ө.А. Жолдасбековтың ескертіштеріне гүл шоқтарын қояды, ҚазҰУ-дің мұражайын аралайды, кітап көрмесінде университет оқытушыларының қазақ диаспорасы жөніндегі еңбектерімен танысады.

     Авторлардың материалдары Дүние жүзі қазақтары Қауымдастығының www. qazaq-aIemi.kz. веб-сайтында орналастырылды.

 

     Байланыс телефондары: 8 -727 273 99 97; 390 44 99 (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы), 8727 377 31 29 (әл-Фараби атын. ҚазҰУ)

 

Пресс-релиз

Регионального «круглого стола»

«Учебная и гражданская (социальная) адаптация представителей казахской диаспоры на подготовительных отделениях вузов  Республики Казахстан»

 

29 ноября 2013 года  в  10:00 ч. в Алматы на базе КазНУ им. аль-Фараби  (факультет журналистики, ауд.  им. Т.Кожакеева,  №230) состоится открытие регионального круглого стола  на тему: «Учебная и гражданская (социальная) адаптация представителей казахской диаспоры на подготовительных отделениях вузов  Республики Казахстан». Организаторами мероприятия выступили Всемирная Ассоциация казахов и КазНУ им.аль-Фараби.

Целью и задачами проведения круглого стола является обмен опытом, принятие рекомендаций для повышения качества предоставления образовательных услуг иностранным гражданам – представителям зарубежной казахской диаспоры, организация и проведение комплекса мероприятий, направленных на оказание культурно-познавательной и информационно-пропагандирующей поддержки соотечественников, проживающих за пределами Республики Казахстан.

«Мы должны создать условия для получения качественного образования  в Казахстане казахской молодежью, проживающей в разных странах мира», – так обозначил свою позицию перед делегатами IV Всемирного Курултая казахов Президент РК, Председатель Всемирной Ассоциации казахов Н.А.Назарбаев. В новом Законе РК «О миграции населения» 2011 года впервые отдельно выделена глава «Иммиграция с целью получения образования», которая имеет прямое отношение к казахской диаспоре.

На круглом столе с докладами выступят педагоги, специализирующиеся по работе с казахской диаспорой, в том числе  КазНУ им. аль-Фараби, КарГУ им. Е.Букетова, Госуниверситета им. Шакарима города Семей,  Западно-Казахстанского аграрно-технического университета, Южно-Казахстанского госуниверситета им. М.Ауэзова, Южно-Казахстанского государственного педагогического института Международного Казахско-Турецкого университета им. Х.Яссави,  Таразского госуниверситета им. М.Дулати, Восточно-Казахстанского госуниверситета им. С.Аманжолова, Университета Сырдария, а также Баян-Ульгейского филиала ВКГУ (Монголия).

Также на круглый стол приглашены представители министерств образования и науки, культуры и информации, внутренних дел, Консульской службы МИД РК, Комитета по миграции Минтруда и социальной защиты населения РК для обсуждения вопросов по визовой поддержке слушателей подготовительных отделений из числа зарубежной казахской молодежи, получения гражданства Республики Казахстан, их адаптации, удовлетворению запросов казахской диаспоры. 

До начала мероприятия участники круглого стола возложат цветы к памятникам аль-Фараби и академика У.А.Джолдасбекова, посетят музей КазНУ, ознакомятся с  трудами преподавателей университета по работе  с казахской диаспорой, представленными на книжной выставке.

Материалы авторов  размещены на веб-сайте Всемирной Ассоциации казахов www.qazaq-alеmi.kz.

Для контактов: тел.: 8727 273 99 97; 390 44 99 (Всемирная Ассоциация казахов), 8727 377 3149 (КазНУ им. аль-Фараби).

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті