Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Конференциялар

Басты бет | Конференциялар | Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі: бүгіні мен келешегі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті - еліміздің Батыс өңіріндегі ірі жоғары оқу орындарының бірі. Еліміздің сан-салалы экономикасына білікті маман тәрбиелеп келе жатырған оқу ордасында бүгінде 35 мамандық бойынша бакалаврлар, 2 мамандық бойынша жоғары арнайы және  24 мамандық бойынша магистрлерді, 4 мамандық бойынша докторантураға дайындау жұмысы жүргізіледі. 

  Бес мыңнан астам студенттері бар оқу ордасында шетелден келген қандас бауырларымыз да білім алуда. Елбасы тапсырмасымен шетелде тұратын отандастарымызды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанынан 2006-2007 оқу жылынан бастап жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі ашылды. Көршілес орналасқан Ресей Федерациясы, Монголия Халық Демократиялық Республикасы, Өзбекстан және Түркменстан мемлекеттерінен дайындық бөліміне тыңдаушылар қабылданды. Соңғы 3 жылда барлығы 82 тыңдаушы білім алып, 3 оқу жылы қорытындысы бойынша 82 тыңдаушы жоғары оқу орны мен арнаулы оқу орындарына студент ретінде қабылданды.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі өз жұмысын шетелдегі қазақ балаларына оқу орны туралы нақты мәлімет, кәсіптік бағдар беру арқылы бастайды. Көршілес орналасқан Ресей мемлекетінің Астрахань, Волгоград, Самара, Саратов және Орынбор облыстары мен Орск қаласы, Өзбекстан мемлекетінің Қарақалпақстан республикасының аудандары мен ауылдық елді мекендері мен Монғолияның Баян-Өлгей өлкесінде жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмыстары бүгінде өзінің оң нәтижелерін беріп отыр. Сондай-ақ, Қазақстан мемлекетіне көшіп келген оралман балаларына Көші-қон полиция басқармасымен бірлесе отырып, мәлімет беру, дайындау, оқыту мәселелері жүйеге қойылған.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің мақсаты мен міндеттері:

1. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушыларын жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындау;

2. 9 сынып оқушыларын кәсіптік даярлау  және кәсіптік бағдар беру;

3. 11 сынып оқушыларына және колледж студенттеріне арнап қысқа мерзімді дайындық курстарын ұйымдастыру;

4. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушылары арасында тәрбие жұмысын жүргізу.                       

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің мақсаты, міндеттері және кәсіптік бағдар беру мақсатындағы іссапар мәселелері университет ректоратының күн тәртібінде қаралып, тыңдаушыларға байланысты туындаған мәселелер университет ішінде шешімін табады.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанындағы дайындық бөлімі жұмысындағы тағы бір басты бағыт – Ресей, Өзбекстан және Монғолия мемлекеттеріндегі қазақ диаспорасы өкілдерімен байланыс орнатуОсы мақсатпен аталмыш жоғары оқу орны қабырғасында 2009, 2011 жылдары  халықаралық деңгейдегі конференциялар ұйымдастырылды.

Конференциялар аясында шетелдегі қандас бауырларымызға Қазақстан мемлекетінде білім беру, оларды елімізге тарту, қазақ диаспораларымен, мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнату бағытындағы мәселелер талқыланды.

Тыңдаушыларға білім беру, дайындық курсын жүргізу барысында келесідей өзекті мәселелер кездеседі:

 -  Шетелден келген тыңдаушылар құжаттарының аудармасының болмауы;

 - Арнаулы оқу орнын бітіргендігін растайтын құжатта оқытылған пәндердің  сағат мөлшерінің  көрсетілмеуі (Осыған байланысты кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау кезінде қиындықтардың орын алуы);

- Оқу үрдісінде кейбір тыңдаушылардың жекелеген пәндер бойынша, мысалы, қазақ тілінен әліпбиді білмеуі, математикадан көбейту кестесі мен арифметикалық амалдарды меңгермеуі қиындық тудырады;

 - Денсаулық жағдайлары туралы нақты мәліметтердің болмауы (Жүрек ауруы, эпилепсия ауруы бар тыңдаушылардың дәрігерлік анықтамаларының болмауы және  сәби кездерінен бастап егілгендері туралы мәлімет көрсетілген №63 формасының жоқтығы);

- Шетелдік қандастарымыздың ортаға баяу бейімделуі, менталитеттің әртүрлілігі.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанындағы дайындық бөлімі аталған мәселерді бүгінгі таңда оңтайлы шешу бағытында бірқатар шараларды қолға алды. Атап айтар болсақ:

 - Қаламыздағы «Мың бір тіл» аударма орталығымен байланыс орнату арқылы тыңдаушылар құжаттарының аудармасын жасаттық. Бүгінде негізгі құжаттарымен бірге нотариалды куәландырылған аударма нұсқасы қатар қолданылады.

-  Арнаулы оқу орнын бітіргендігін растайтын құжатта оқытылған пәндердің  сағат мөлшерінің  көрсетілмеуіне байланысты, тыңдармандар кешенді тестілеуге құжат қабылдардың алдында өз елдерінде оқыған оқу орындарынан пән сағатының мөлшерін қойдырып алып келуге университет жағдай жасайды.

- Оқу үрдісінің алғашқы айларында пән оқытушылары тыңдаушылармен деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы жұмыстанады, қосымша сабақ өткізеді.

- Тыңдаушылардың орыс тілін меңгермеуіне байланысты, орыс тілі пәнінен қосымша сабақ ұйымдастырылады.

   - Университет басшылығының тікелей қолдауымен студенттік мед.орталық ашылып, денсаулығы нашар тыңдаушыларды емдету, дәрігерлік сараптамадан өткізу жұмыстары қолға алынды.

    - ЖООДБ келген тыңдаушылармен жұмыс Университеттің Жарғысы және  ішкі тәртіп ережесімен таныстырудан басталады. Университеттің әкімшілігімен, сабақ беретін оқытушылармен, тәлімгерлермен, қауіпсіздік қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылады.

- Тыңдаушылардың ортаға тез бейімделуі үшін оларды жатақхананың, университеттің қоғамдық-мәдени шараларына тарту жолға қойылған. Университеттегі Жастар ісі жөніндегі бөліммен бірлесе отырып, сабақтан тыс уақыттарында қоғамдық шараларды ұйымдастыру, қатыстыру, қаладағы, облыстағы мәдени орталықтарды таныстыру, спорттық шараларға тарту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, шет мемлекеттен келген  тыңдаушылармен психолог маман жұмыстанады. 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі университеттің Ғылыми кеңесі бекіткен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының бағдарламасына сәйкестендірілген  оқу жұмыс жоспары бойынша жұмыс жасайды.

Университеттің материалдық-техникалық базасы мен жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы жеткілікті.  Үш кафедраның төрт оқытушысы мен қаламыздың Дарынды балаларға арналған №11 мектептің төрт мұғалімі қызмет атқарады.

Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын үнемі бақылау, оқытушылардың сабақтарына қатысып, талдау, әр пән бойынша үлгерім мониторингісін  ұйымдастыру, аралық тесттер, сынақтар  өткізу жоспарда көрсетілген мерзім  бойынша өткізіледі.

Тыңдаушылардың алаңсыз білім алуларына университетте толық жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, жатақханада жайлы бөлмелер, жуыну бөлмелері, демалыс залы, кітапхана, оқу залдары,  медициналық тексеруден өту, спорт зал қарастырылған, оқулықтармен, оқу құралдарымен толық қамтылған.

Тыңдаушыларға мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіледі, Республикамыздың, облысымыздың жоғары оқу орындары және колледждерінің мамандықтарымен таныстырылады.

Соңғы 3 оқу жылының қорытындысы бойынша дайындық бөлімін  82 тыңдаушы аяқтап, 82-і жоғары оқу орнындарының және арнаулы оқу орындарының студенттері атанды. Бұл  100 %- ды құрады.

2010-2011ж. оқу жылы дайындық бөлімін  32 тыңдаушы аяқтап,  30-ы жоғары оқу орнына қабылданды.

     2011-2012 оқу жылында тыңдаушылар қатарында болған 23 шетелдік бауырларымыздың  17-ы грант арқылы және 4-уі ақылы негізде білім алады. Тыңдаушылардың 2-і колледждің бюджет тобына қабылданды.

2012-2013 оқу жылында бітірген 18 тыңдаушының 11-і грант және 5–і жоғары оқу орнына ақылы негізде оқиды. 2 тыңдаушы колледждің бюджеттік бөлімінің студенті атанды.

Жоғарыда айтылған мәселелерді және сол бағытта жасалып жатырған жұмыстар легін ескере отырып, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жанындағы дайындық бөлімі келесідей ұсыныс жасайды:

- Өзбекстан республикасынан 9-шы класс бітіріп келушілері үшін де дайындық бөлімі ашылса;

 - Бітіруші студенттерге қолдау көрсетіліп, елімізде қалдыру мақсатында жұмыс орындары ұсынылса;

- Азаматтық алу мәселелері өз шешімін тапса.

 

ХИСЫМЕТОВА САЛТАНАТ САМИҒОЛЛАҚЫЗЫ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық

университетінің жанындағы дайындық бөлімінің жетекшісі  (Орал қ.)

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті